Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау және "Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 721 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 795 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 559 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 559 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы;

      2) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.

      2. "Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 721 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады