«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 876 қаулысына пресс-релиз
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге 2012 жылғы 2 шілдеде Астанада Македония Республикасының Президенті Г. Ивановтың Астанаға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев қол қойды (бұдан әрі – Келісім).
Осы Келісім Македониядағы қазақстандық инвесторлардың, Қазақстандағы македондық инвесторлардың қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді, сондай-ақ елдер арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Келісімде Қазақстан Республикасының қолданыстағы инвестициялық заңнамасында көзделгендегіден өзге инвесторлар құқығын қорғауды қамтамасыз ету, экспроприация мен мемлекет меншігіне алу кезінде инвесторларға қосымша кепілдіктер беру бөлігіндегі басқа ережелерді бекітетін бірқатар ережелер қамтылған.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі