Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 884 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 884 қаулысымен   
бекітілген     

Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме
саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес және 2010 жылғы 9 желтоқсанда қол қойылған Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидалары туралы келісімді іске асыру мақсатында әзірленді және ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) көтерме саудада өткізу – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды одан әрі өткізу мақсатында ішкі нарықта не Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
      2) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) жер қойнауын пайдаланушы – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.02.2014 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын
айқындау тәртібі

      3. Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары әрбір облыс, республикалық қала, астана үшін жеке жартыжылдыққа белгіленеді.
      Тауарлық газбен жабдықтауы жоқ өңірлер үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізу шекті бағасының деңгейі есептелмейді.
      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегіндегі барлық газ тарату жүйелері үшін көтерме саудада өткізудің бірыңғай шекті бағасы белгіленеді.
      5. Егер тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын есептеу үшін пайдаланылатын тауарлық газдың бағалары жөніндегі деректер АҚШ долларымен берілген болса, стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсыныстар берілген сәтке Ұлттық банк белгілеген теңгенің АҚШ долларына ресми бағамы қолданылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2014 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің алдағы жартыжылдыққа арналған шекті бағаларының деңгейі жөніндегі ұсыныстарды облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін уәкілетті орган мынадай сомаларды негізге ала отырып әзірлейді:
      1) мыналардың орташа өлшемді мәндерінің жиынтығы:
      жоспарланған кезеңде облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға жеткізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардан ұлттық оператор сатып алуды жоспарлап отырған тауарлық газ бағасы;
      жоспарланған кезеңге арналған қазақстандық тауарлық газға ортаазиялық және (немесе) ресейлік газды қарсы беру жөніндегі мәмілелердің шеңберінде сатып алу жоспарланып отырған тауарлық газ бағасы;
      жоспарланған кезеңге импорттық жеткізулер жөніндегі мәмілелердің шеңберінде Қазақстан Республикасының шекарасында сатып алуға жоспарланатын тауарлық газ бағасы;
      2) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды магистральдық газ сатып алынатын жерден оны құбырлармен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың газ тарату жүйелеріне дейін тасымалдау және жерасты газ қоймаларында сақтау жөніндегі орташа өлшемді шығыстар;
      3) стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган айқындайтын және белгіленген тиісті кезең басталғанға дейін күнтізбелік бір жүз жиырма күнге дейінгі мерзімге белгіленетін әрбір облыс, республикалық қала, астана үшін жеке жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормасы.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2014 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.02.2014 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес әзірленген облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін тауарлық газдың жоспарланған кезеңге арналған шекті бағасының деңгейі жөніндегі ұсыныстарда тауарлық газдың шекті бағасының деңгейін ағымдағы деңгеймен салыстырғанда күнтізбелік бір жылдың ішінде он бес пайыздан астамға ұлғайтуды көздеуге болмайды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2014 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті
бағаларын айқындау тәртібі

      9. Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағалары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мыналар:
      1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;
      2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өздеріне тиесілі көмірсутек шикізатын өңдеу процесінде шығарылған сұйытылған мұнай газының меншік иелері;
      3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына тұтыну үшін әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін тоқсан сайын белгіленеді және қолданылады.
      10. Газ желісі ұйымдарының сұйытылған мұнай газын газ толтырушы пункттерге және (немесе) автогаз құю станцияларының иелеріне көтерме саудада өткізуінің бағасын мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасы мыналар:
      1) сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі объектілерде – сұйытылған мұнай газын өндірушілер, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өздеріне тиесілі көмірсутек шикізатын өңдеу процесінде шығарылған сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін;
      2) Қазақстан Республикасының шекарасында – Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына тұтыну үшін әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін белгіленеді.
      12. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген адамдар ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан асырмай сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің бағасын дербес төмендетуге және арттыруға құқылы.
      13. Егер сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын есептеу үшін пайдаланылатын сұйытылған мұнай газының бағалары жөніндегі деректер шетел валютасында берілген болса, өткен тоқсан үшін теңгенің осындай шетел валютасына шаққандағы орташа арифметикалық бағамы қолданылады.
      14. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларының деңгейі жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті орган алдағы тоқсанға мына формула бойынша әзірлейді:

P = (Pw – TRexp) x К

      мұнда,
      P – көтерме саудада өткізудің бірінші буыны үшін ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, бір тоннасы үшін теңге;
      Pw – өткен тоқсан үшін жыл сайынғы баға белгілеудің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалатын сұйытылған мұнай газына әлемдік баға, бір тоннасы үшін теңге. Осы тармақтың мақсаттары үшін баға кесу «Argus Media (Russia) Ltd. (Petroleumargus)» компаниясының «Аргус сұйытылған газ және конденсат» ақпарат көзінде жарияланатын ақпараттың негізінде шетел валютасында белорусь-поляк шекарасындағы (СПБТ daf Брест), ал жоғарыда көрсетілген ақпарат көзінде сұйытылған мұнай газына арналған баға туралы ақпарат болмаған кезде – Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа көздердің деректері бойынша сұйытылған мұнай газының бағасын белгілеуді білдіреді;
      TRexp – Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге сұйытылған мұнай газын өткізу жөніндегі мәмілелердің мониторингі негізінде уәкілетті орган айқындайтын өткен тоқсан үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі объектілерден Белорусь-Польша шекарасына дейін сұйытылған мұнай газын тасымалдау жөніндегі орташа арифметикалық шығыстар, бір тоннасы үшін теңге;
      К – Қазақстан Республикасындағы халықтың жан басына шаққандағы ақшалай кірісі деңгейінің Ресей Федерациясындағы халықтың жан басына шаққандағы өткен күнтізбелік жылғы ақшалай кірісінің деңгейіне арақатынасты көрсететін, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және Ресей Федерациясы Мемлекеттік статистика федералдық қызметінің деректері негізінде есептелетін түзету коэффициенті.
      15. Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес әзірленген сұйытылған мұнай газының жоспарланатын кезеңге арналған шекті бағасының деңгейі жөніндегі ұсыныстарда сұйытылған мұнай газының шекті бағасының деңгейін ағымдағы деңгеймен салыстырғанда күнтізбелік бір жылдың ішінде он бес пайыздан астамға ұлғайтуды көздеуге болмайды.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2014 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада
өткізудің шекті бағаларын келісу және бекіту

      16. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының деңгейі жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті орган тиісті кезең басталғанға дейін күнтізбелік алпыс бес күннен кешіктірмей әзірлейді және әзірлеу кезінде пайдаланылған деректерді қоса бере отырып, стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге енгізеді.
      Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының деңгейі жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті орган тиісті кезең басталғанға дейін күнтізбелік бір жүз жиырма күннен кешіктірмей әзірлейді және әзірлеу кезінде пайдаланылған деректерді қоса бере отырып, стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге енгізеді.
      Ұсыныстарды келісу мерзімі күнтізбелік отыз бес күннен аспауға тиіс.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2014 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган уәкілетті органда тауарлық, сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының деңгейі жөніндегі ұсынылған ұсыныстарды келісу үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға құқылы, ол осындай сұрау салу алынған күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылуға тиіс.
      18. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган тауарлық, сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының деңгейі жөніндегі ұсыныстарды келісуден бас тартуға құқылы.
      Бұл ретте тауарлық, сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағалары ағымдағы кезеңнің деңгейінде сақталады.
      19. Стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген тауарлық, сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының деңгейі жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарға қарауға жібереді.
      20. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының деңгейі жөніндегі ұсыныстарды мүдделі органдардың келісу мерзімі күнтізбелік он күннен аспауға тиіс.
      21. Мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген тауарлық, сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының деңгейі жөніндегі ұсыныстар жоспарланатын кезең басталғанға дейін бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберіледі.
      22. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген ұсыныстардың негізінде жоспарланатын кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітеді.
      23. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің бекітілген шекті бағалары сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын және реттелетін нарық субъектілері болып табылатын тұлғалар үшін белгіленетін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау кезінде пайдаланылады.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2014 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      24. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын және реттелетін нарық субъектілері болып табылатын тұлғалар үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган тұтынушылардың топтары бойынша айқындауы мүмкін.
      Ескерту. Қағидалар 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 11.02.2014 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об утверждении Правил определения предельных цен оптовой реализации товарного и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июня 2012 года № 884. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 196

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.04.2015 № 196 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О газе и газоснабжении» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила определения предельных цен оптовой реализации товарного и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке.
      2. Настоящее постановление вводится в действие после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 29 июня 2012 года № 884

Правила
определения предельных цен оптовой реализации товарного
и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О газе и газоснабжении» (далее - Закон) и в целях реализации Соглашения между Республикой Беларусь, Республикой Казахстан и Российской Федерацией о правилах доступа к услугам субъектов естественных монополий в сфере транспортировки газа по газотранспортным системам, включая основы ценообразования и тарифной политики, подписанного 9 декабря 2010 года, и устанавливают порядок определения предельных цен оптовой реализации товарного и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) оптовая реализация - предпринимательская деятельность по реализации товарного, сжиженного нефтяного и (или) сжиженного природного газа на внутреннем рынке для целей дальнейшей реализации либо за пределы территории Республики Казахстан;
      2) уполномоченный орган - центральный исполнительный орган, осуществляющий государственное регулирование производства, транспортировки (перевозки), хранения и оптовой реализации газа, а также розничной реализации и потребления товарного и сжиженного нефтяного газа вне пределов границ населенных пунктов;
      3) недропользователь – физическое или юридическое лицо, обладающее правом на проведение операций по недропользованию.
      Иные термины и определения, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с Законом.
      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Правительства Республики Казахстан от 11.02.2014 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок определения предельных цен оптовой
реализации товарного газа

      3. Предельные цены оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке устанавливаются на полугодие отдельно для каждой области, города республиканского значения, столицы.
      Для регионов, в которых отсутствует снабжение товарным газом, уровень предельной цены оптовой реализации товарного газа не рассчитывается.
      4. Для всех газораспределительных систем, находящихся в пределах области, города республиканского значения, столицы, устанавливается единая предельная цена оптовой реализации товарного газа.
      5. В случае если данные по ценам товарного газа, используемые для расчета предельных цен оптовой реализации товарного газа, представлены в долларах США, применяется официальный курс тенге к доллару США, установленный Национальным банком на момент представления предложений в уполномоченный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области стратегического и экономического планирования, выработки и формирования бюджетной политики.
      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правительства РК от 11.02.2014 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6. Предложения по уровню предельных цен оптовой реализации товарного газа на предстоящее полугодие для области, города республиканского значения, столицы разрабатываются уполномоченным органом исходя из суммы:
      1) совокупности средневзвешенных значений:
      цен товарного газа, планируемого к приобретению национальным оператором у недропользователей в целях поставки в область, город республиканского значения, столицу в планируемом периоде;
      цен товарного газа, планируемого к приобретению в рамках сделок по встречным поставкам среднеазиатского и (или) российского газа на казахстанский товарный газ на планируемый период;
      цен товарного газа, планируемого к приобретению на границе Республики Казахстан, в рамках сделок по импортным поставкам на планируемый период;
      2) средневзвешенных расходов по транспортировке товарного газа по магистральным газопроводам от места его приобретения до газораспределительных систем области, города республиканского значения, столицы и хранению товарного газа в подземных хранилищах газа, определяемых на основании тарифов, утвержденных государственным органом, осуществляющим регулирование в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках;
      3) норм рентабельности на планируемый период отдельно для каждой области, города республиканского значения, столицы, определяемых уполномоченым органом по согласованию с государственным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в области стратегического и экономического планирования, выработке и формирования бюджетной политики, и устанавливаемых в срок до ста двадцати календарных дней до начала соответствующего периода.
      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правительства РК от 11.02.2014 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      7. Исключен постановлением Правительства РК от 11.02.2014  № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования). 
      8. Предложения по уровню предельной цены товарного газа на планируемый период для области, города республиканского значения, столицы, разработанные в соответствии с пунктом 6 настоящих Правил, не могут предусматривать увеличение уровня предельной цены товарного газа по сравнению с текущим уровнем более чем на пятнадцать процентов в течение одного календарного года.
      Сноска. Пункт 8 в редакции постановления Правительства РК от 11.02.2014 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      

3. Порядок определения предельных цен оптовой реализации
сжиженного нефтяного газа

      9. Предельные цены оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке устанавливаются ежеквартально и действуют на всей территории Республики Казахстан для:
      1) производителей сжиженного нефтяного газа;
      2) собственников сжиженного нефтяного газа, произведенного в процессе переработки принадлежащего им на праве собственности или иных законных основаниях углеводородного сырья;
      3) собственников сжиженного нефтяного газа, произведенного за пределами территории Республики Казахстан и ввезенного для потребления на территорию Республики Казахстан.
      10. Государственное регулирование цен оптовой реализации сжиженного нефтяного газа газосетевыми организациями владельцам газонаполнительных пунктов и (или) автогазозаправочных станций осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о естественных монополиях и регулируемых рынках.
      11. Предельная цена оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке устанавливается:
      1) для производителей сжиженного нефтяного газа, собственников сжиженного нефтяного газа, произведенного в процессе переработки принадлежащего им на праве собственности или иных законных основаниях углеводородного сырья – на объектах по производству сжиженного нефтяного газа;
      2) для собственников сжиженного нефтяного газа, произведенного за пределами территории Республики Казахстан и ввезенного для потребления на территорию Республики Казахстан – на границе Республики Казахстан.
      12. Лица, указанные в пункте 9 настоящих Правил, не превышая предельной цены оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке, вправе самостоятельно снижать и повышать цены оптовой реализации сжиженного нефтяного газа.
      13. В случае если данные по ценам сжиженного нефтяного газа, используемые для расчета предельных цен оптовой реализации сжиженного нефтяного газа, представлены в иностранной валюте, применяется среднеарифметический курс тенге к такой иностранной валюте за предыдущий квартал.
      14. Предложения по уровню предельных цен оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке разрабатываются уполномоченным органом на предстоящий квартал по следующей формуле:
       P = (Pw – TRexp) x К
      где,
      P – предельная цена оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке, тенге за тонну;
      Pw – Мировая цена на сжиженный нефтяной газ, определяемая как среднеарифметическое значение ежедневных котировок цен за предыдущий квартал, тенге за тонну. Для целей настоящего пункта котировка цены означает котировку цены сжиженного нефтяного газа на белорусско-польской границе (СПБТ daf Брест) в иностранной валюте на основании информации, публикуемой в источнике «Аргус Сжиженный газ и конденсат» компании «Argus Media (Russia) Ltd. (Petroleumargus)», а при отсутствии информации о ценах на сжиженный нефтяной газ в вышеуказанном источнике - по данным других источников, определяемых законодательством Республики Казахстан о трансфертном ценообразовании;
      TRexp – средневзвешенные расходы по перевозке сжиженного нефтяного газа от объектов по производству сжиженного нефтяного газа, расположенных на территории Республики Казахстан, до белорусско-польской границы за предыдущий квартал, определяемые уполномоченным органом на основе мониторинга сделок по реализации сжиженного нефтяного газа за пределы территории Республики Казахстан, тенге за тонну;
      К – поправочный коэффициент, отражающий соотношение уровня денежного дохода на душу населения в Республике Казахстан к уровню денежного дохода на душу населения в Российской Федерации за последний предыдущий календарный год, данные по которому опубликованы Агентством Республики Казахстан по статистике и Федеральной службой государственной статистики Российской Федерации на момент расчета такого коэффициента.
      15. Предложения по уровню предельной цены сжиженного нефтяного газа на планируемый период, разработанные в соответствии с пунктом 14 настоящих Правил, не могут предусматривать увеличение уровня предельной цены сжиженного нефтяного газа по сравнению с текущим уровнем более чем на пятнадцать процентов в течение одного календарного года.
      Сноска. Пункт 15 в редакции постановления Правительства РК от 11.02.2014 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      

4. Согласование и утверждение предельных цен оптовой реализации
товарного газа и сжиженного нефтяного газа

      16. Предложения по уровню предельных цен оптовой реализации сжиженного нефтяного газа разрабатываются уполномоченным органом не позднее шестидесяти пяти календарных дней до начала соответствующего периода и вносятся с приложением данных, использованных при разработке, на согласование в уполномоченный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области стратегического и экономического планирования, выработки и формирования бюджетной политики.
      Предложения по уровню предельных цен оптовой реализации товарного газа разрабатываются уполномоченным органом не позднее ста двадцати календарных дней до начала соответствующего периода и вносятся с приложением данных, использованных при разработке, на согласование в уполномоченный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области стратегического и экономического планирования, выработки и формирования бюджетной политики.
      Срок согласования предложений не должен превышать тридцати пяти календарных дней.
      Сноска. Пункт 16 в редакции постановления Правительства РК от 11.02.2014 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      17. Уполномоченный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области стратегического и экономического планирования, выработки и формирования бюджетной политики, вправе запросить в уполномоченном органе дополнительную информацию, необходимую для согласования представленных предложений по уровню предельных цен оптовой реализации товарного, сжиженного нефтяного газа, которая должна быть предоставлена в срок не позднее пяти календарных дней с даты получения такого запроса.
      18. В случае непредоставления уполномоченным органом в установленные сроки информации, указанной в пункте 16 настоящих Правил, уполномоченный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области стратегического и экономического планирования, выработки и формирования бюджетной политики, вправе отказать в согласовании предложений по уровню предельных цен оптовой реализации товарного, сжиженного нефтяного газа.
      При этом предельные цены оптовой реализации товарного, сжиженного нефтяного газа сохраняются на уровне текущего периода.
      19. Предложения по уровню предельных цен оптовой реализации товарного, сжиженного нефтяного газа, согласованные с уполномоченным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в области стратегического и экономического планирования, направляются уполномоченным органом на рассмотрение в заинтересованные государственные органы.
      20. Срок согласования заинтересованными государственными органами предложений по уровню предельных цен оптовой реализации товарного, сжиженного нефтяного газа не должен превышать десять календарных дней.
      21. Предложения по уровню предельных цен оптовой реализации товарного, сжиженного нефтяного газа, согласованные с заинтересованными государственными органами, в срок не позднее чем за месяц до начала планируемого периода направляются в Правительство Республики Казахстан.
      22. Правительство Республики Казахстан на основании предложений, указанных в пункте 21 настоящих Правил, в срок не позднее чем за пятнадцать календарных дней до начала планируемого периода утверждает предельные цены оптовой реализации товарного и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке.
      23. Утвержденные предельные цены оптовой реализации сжиженного нефтяного газа используются при определении предельных цен розничной реализации, устанавливаемых для лиц, осуществляющих розничную реализацию сжиженного нефтяного газа и являющихся субъектами регулируемого рынка.
      Сноска. Пункт 23 в редакции постановления Правительства РК от 11.02.2014 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      24. Предельные цены розничной реализации товарного газа, устанавливаемые для лиц, осуществляющих розничную реализацию товарного газа и являющихся субъектами регулируемого рынка, могут определяться по группам потребителей уполномоченным органом, осуществляющим руководство в сфере естественных монополий и на регулируемых рынках в соответствии с законодательством Республики Казахстан о естественных монополиях и регулируемых рынках.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 24 в соответствии с постановлением Правительства РК от 11.02.2014 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).