Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасында Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темiр жол учаскелерi бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темiр жол учаскелерi бойынша тасымалдау төлемдерiн төлеу және жүк тасымалдарын ресiмдеу тәртiбi туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Ғаббасұлы Бектұровқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан 2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасында Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темiр жол учаскелерi бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темiр жол учаскелерi бойынша тасымалдау төлемдерiн төлеу және жүк тасымалдарын ресiмдеу тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 30 маусымдағы
№ 899 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Ресей Федерациясының
аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темiр жол
учаскелерi бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан Ресей Федерациясының темiр жол учаскелерi бойынша
тасымалдау төлемдерiн төлеу және жүк тасымалдарын ресiмдеу
тәртiбi туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi
2009 жылғы 21 мамырдағы Хаттамамен өзгерген 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің ережелерін ескере отырып,
2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темiр жол учаскелерi бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темiр жол учаскелерi бойынша тасымалдау төлемдерiн төлеу және жүк тасымалдарын ресiмдеу тәртiбi туралы келiсiмнің 24-бабының ережелерін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 12 және 14-баптары алып тасталсын.
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
20__ жылы « » қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкімет үшін Үкіметі үшін