Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 489 бұйрығын қараңыз.
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1198 қаулысымен
бекiтiлген
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң
белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу тәртібін айқындайды.
2. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – үміткер) арасында жүзеге асырылады.
2. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу тәртібі
3. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу арқылы жүзеге асырылады.
4. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарауды және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған Қазақстан Республикасында Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) жүзеге асырады.
5. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті конкурсты өткізуді ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) ретінде әрекет етеді.
6. Конкурсты өткізу туралы шешімді ұйымдастырушы қабылдайды.
7. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама оның өткізілуіне кемінде отыз жұмыс күні қалғанда бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсына жарияланады.
Ақпараттық хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) конкурсты өткізу уақыты, күні мен орны;
2) елді мекеннің (аумақтың) атауын көрсете отырып, телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) және оларды пайдалану шарттары туралы мәліметтер;
3) өтінімдерді қабылдау және құжаттарды алу орны, жиіліктің нақты номиналын пайдалану бойынша техникалық, қаржылық және өзге де талаптар және конкурс туралы басқа да қосымша ақпарат, өтінімдерді қабылдауды бастау мен аяқтау мерзімдерін және конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі.
8. Конкурсқа қатысуға уақытында өтінім берген және осы Қағидаларға сәйкес ресімделген құжаттарды тиісінше түрде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
9. Үміткердің конкурсқа қатысуға берген өтінімі оның осы Қағидаларда белгіленген және конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада жарияланған шарттарда конкурсқа қатысуға ниетін білдіреді.
10. Конкурсқа қатысуға үміткерлер осы Қағидалардың кез келген тармағы бойынша ұйымдастырушыға қажетті түсініктеме үшін жүгіне алады.
11. Тіркелген өтінім кері қайтарылып алынған жағдайда, үміткер ұйымдастырушыға жазбаша түрде хабарлама жолдайды.
12. Конкурсқа қатысуға тапсырыс беруді үміткердің атынан қатысуға құқық беруді растайтын тиісті тұрғыда ресімделген сенімхатты көрсету арқылы үміткердің өкілі жүзеге асырады.
13. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінім қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін қосымша құжаттарымен бірге келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
Себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы белгіні құжат қабылдауды жүзеге асырған тұлға ұсынылған құжаттарға қояды.
14. Ұйымдастырушы үміткерлердің конкурсқа қатысуға ұсынған өтінімдері мен оларға қоса тіркелген құжаттардың, сондай-ақ өтінім берген тұлғалар мен олар ұсынған құжаттардың мазмұны туралы құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
15. Үміткер конкурсқа қатысу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтінім береді.
16. Өтінімге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес құжаттар қоса беріледі.
17. Осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген құжаттар тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер болса) куәландырылған күйінде жапсырылған конвертте ұйымдастырушының мекенжайына жібереді.
18. Комиссия Конкурсты өткізу туралы ақпараттық бағдарламада көрсетілген мерзімде және орында, үміткерлер мен олардың өкілдерінің қатысуымен өтінімдер мен басқа құжаттар салынған конверттерді ашады.
19. Егер ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптарға сай келмеген жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
20. Ұйымдастырушы конверттерді ашу хаттамасын екі жұмыс күні ішінде жасайды.
Конверттерді ашу хаттамасына Комиссия төрағасы, комиссияның қатысып отырған мүшелері және Комиссия хатшысы қол қояды.
21. Комиссия ұсынылған өтінімдер мен басқа да құжаттарды қарап, конверт ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурс қорытындысын шығарады.
22. Үміткерлердің өтінімдерін қарау, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу, конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген телерадио хабарларын тарату мақсатына арналған жиіліктің, радиожиіліктің, (радиожиіліктегі арналардың) әрбір жолағы бойынша жүзеге асырылады.
23. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктің, радиожиіліктің (радиожиілік арналарының) әрбір жеке жолағына қатысты конкурсқа қатысуға тек бір үміткер жіберілетін болса, ол өткізілмеді деп саналады.
Үміткердің және (немесе) оның уәкілетті өкілінің Комиссия отырыстарына қатыспауы себебінен конкурстық өтініштен бас тартуға жол берілмейді.
24. Конкурс бойынша шешiмдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып саналады.
Конкурс бойынша шешім қабылдау кезінде Комиссия мынадай өлшемдерді басшылыққа алады:
қаржылық ұсыныстар (болжамды қаржыландыру көздерінің болуы, жоспарланған шығындар мен кірістердің оң теңгерімі);
техникалық ұсыныстар (халықтың басым бөлігін қамтуға мүмкіндік беретін ақпараттық хабарламада көрсетілген нақты жиілік номиналын қолдану жөніндегі техникалық талаптарға сәйкес келетін жабдықтың болуы);
шығармашылық ұсыныстар (ретрансляцияланатын теле-, радиоарналардың саны, олардың тақырыптық бағытының әр алуандығы).
25. Конкурс қорытындылары Комиссия конкурс бойынша шешім қабылдағанкүні отырыста жарияланады, Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді және екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады.
Телерадио хабарларын тарату
мақсаты үшiн жиiлiктердiң
белдеулерiн, радиожиiлiктердi
(радиожиiлiк арналарын) бөлу
қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Телерадио хабарларын таратуды
дамыту мәселелері
жөніндегі комиссия төрағасына
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу бойынша конкурсқа қатысуға өтінім
Жалпы мәліметтер:
1. Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
2. Заңды мекенжайы:__________________________________________________
3. Телефондардың, факстердің нөмірлері:
_____________________________________________________________________4. Конкурстық хабарландыруға сәйкес пайдалану жоспарланған жиілік номиналы:
_____________________________________________________________________
5. Конкурстық хабарландыруға сәйкес таратушы станцияның қуаты, Вт:
_____________________________________________________________________
6. Таратушы станцияның орнатылу пункті _____________________________________________________________________
7. Жоспарланған ретрансляцияланатын телеарналар тізбесінің атауы
_____________________________________________________________________
8. Хабар таратуға құқық алуынан бастап, қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі:
_____________________________________________________________________
9. Теле-,радиоарналармен халықты қамтудың жоспарланған көлемі:
_____________________________________________________________________
Қоса берілген құжаттар
1.______________________________________
2.______________________________________
3.______________________________________
Бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы
М.О. 201 ___ ж. «___» _________
Телерадио хабарларын тарату
мақсаты үшiн жиiлiктердiң
белдеулерiн, радиожиiлiктердi
(радиожиiлiк арналарын) бөлу
қағидаларына
2-қосымша
Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2013 № 387 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері:
заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты растайтын құжаттар;
2) теле-, радиоарналардың қамту аймағының шекаралары түсірілген және радиотарату жабдығының орнатылған орны көрсетілген болжамды қызмет көрсету аумағының жергілікті жерінің картасы;
3) мынадай мәліметтер көрсетілетін түсіндірме жазба:
телевизиялық сигналдың (бір сөйлеу, көп сөйлеу) дыбыстық сүйемелдеу түрі;
теле-, радиоарналарды тарату үшін жоспарланатын жабдықтардың болуы, оның сипаттамалары, жай-күйі және түрі туралы ақпарат;
білікті техникалық персоналдың болуы (дипломдар мен еңбек кітапшаларының көшірмелерін қоса беріп);
болжамды қаржыландыру көздері, жоспарланатын шығындар мен кірістер, жобаның өтелу мерзімі;
4) теле-, радиоарналарды тарату стандартының орындалуы туралы міндеттемелер;
5) арнаның орташа ақпараттық жылдамдығын және жоспарланатын хабар тарату сапасының стандарттарын ұстап тұру туралы міндеттемелер;
6) телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру немесе бір бағдарламалық хабар тарату схемасы;
7) спутниктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда қосымша:
пайдаланылатын жердің жасанды спутниктерінің атауы, орналасқан жері және тиесілігі (спутниктік оператор), олардың орналасу нүктесі, қызмет көрсету аймағы;
спутниктік операторға берілген желіде пайдаланылатын қабылдағыш-таратқыш спутниктік станцияларының трансмиссиялық жоспарларының көшірмесі;
жиіліктердің алатын белдеулері (пайдаланылатын спутниктік ресурс мөлшері);
8) радиостанциялар үшін қосымша шығармашылық ұсыныстар:
радиоарнаның хабар тарату кестесі (кейінгі айға);
мынадай мәліметтерді қамтитын ақпарат:
радиоарнаның тақырыптық бағытталуы;
хабар таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі радиобағдармаларды тарату уақыты;
меншіктік радиобағдарламалардың, сатып алынатын радиобағдарламалар мен ретрансляциялардың арақатынасы.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.