Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 қыркүйектегi № 1198 қаулысына Баспасөз релизі
Қаулыны қабылдау мақсаты телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидалары бекiту болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген қаулы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.
Қағидаларда конкурсты өткізу процедурасы, өтінімдерді қарастыру, үміткерлердің конкурсқа қатысу ұсыныстарына талаптар, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу конкурсына қатысу бойынша өтінімінің нұсқасы бекітілді.
Үміткерлердің өтінімдерін қарау, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу, конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген телерадио хабарларын тарату мақсатына арналған жиіліктің, радиожиіліктің, (радиожиіліктегі арналардың) әрбір жолағы бойынша жүзеге асырылады.
Қаулымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында («Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департамент» айдары) танысуға болады.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі