Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 137-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерінде:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.".
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |