Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығы арасындағы Қасиетті Тақтың дипломаттық паспорттардың иелерін Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босату туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1651 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығы арасындағы Қасиетті Тақтың дипломаттық паспорттардың иелерін Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босату туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығы арасындағы Қасиетті Тақтың дипломаттық паспорттардың иелерін Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босату туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                С. Ахметов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2012 жылғы 21 желтоқсандағы 
№ 1651 қаулысымен     
мақұлданған        

Жоба

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығына өзінің ілтипатын білдіреді және Қазақстандағы Апостол нунциатурасының 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 1491/7.2 нотасына жауап ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығы арасындағы Қасиетті Тақтың дипломаттық паспорттардың иелерін Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босату туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім жасасуды ұсынуды өзіне мәртебе санайды:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қасиетті Тақтың жарамды дипломаттық паспорттардың иелерін алғашқы келген сәтінен бастап 6 (алты) ай ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және транзитпен өту мақсатында виза алу қажеттілігінен босатады.
      2. Аккредиттелетін мемлекеттің дипломаттық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің жазбаша сұратуы негізінде қабылдаушы мемлекеттің құзыретті органдары болу мерзімін ұзартуға рұқсат беруі мүмкін.

Қасиетті тақтың Мемлекеттік хатшылығы Ватикан қаласы

      3. Қазақстан Республикасында дипломаттық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкерлері ретінде қызметтік іссапарда жүрген Қасиетті Тақтың жарамды дипломаттық паспорттардың иелері оларды аккредиттеу кезеңінде виза ресімдемей Қазақстан Республикасының аумағына келе алады, бола алады және кете алады.
      4. Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығы осы Келісім күшіне енгеннен кейін кем дегенде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жарамды дипломаттық паспорттың үлгісін дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
      Дипломаттық паспорттарға қандай да бір өзгерістер енгізілген жағдайда, Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығы оларды қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын дипломаттық паспорттың жаңа үлгісін дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында болуы қолайсыз деп танылған Қасиетті Тақтың дипломаттық паспорт иесінің келуінен бас тарту, болу мерзімін қысқарту немесе тоқтату құқығын, сондай-ақ осы Келісімнің қолданысын ішінара немесе толық уақытша тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады.
      Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығы осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру туралы, мұндай шешім қабылданғанға дейін кемінде 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы хабардар етіледі.
      Мұндай тоқтата тұру Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, осы Келісімнің 1 және 3-тармақтарында көрсетілген Қасиетті Тақтың жарамды дипломаттық паспорттар иелерінің құқықтық жағдайына әсер етпейді.
      6. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге қосымша хаттамалармен, оның ішінде дипломаттық ноталар алмасу жолымен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      7. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап 3 (үш) ай өткен соң өзінің қолданысын тоқтатады.
      Министрлік Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығы жоғарыда баяндалғандарға келіскен жағдайда, осы нота және Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығының жауап нотасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығы арасындағы Қасиетті Тақтың дипломаттық паспорттардың иелерін Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босату туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын және Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығы дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Тарапының оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен кейінгі күні күшіне енетінін негізге алады.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мүмкіндікті пайдалана отырып, Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығына өзінің зор құрмет сезімін білдіретіндігін тағы да растайды.

Астана, 2012 жылғы « » __________

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады