Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу жөніндегі істерді қараудың сот практикасы туралы

2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы және деректемелері жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің", "АІЖК-інде" деген сөздер тиісінше "АПК-нің", "АПК-де" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "кетіру", "кетірудің", "кетіруге", "өтініш", "өтініші", "өтінішті", "өтініште", "өтінішке" деген сөздер тиісінше "шығарып жіберу", "шығарып жіберудің", "шығарып жіберуге" "арыз", "арызы", "арызды", "арызда", "арызға" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Сот практикасын қорыту нәтижелері бойынша шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы құқық нормаларын біркелкі түсіндіру және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      1. Соттар көрсетілген санаттағы істерді қараған кезде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделгенін және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК), "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК), "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Заңының (бұдан әрі - Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заң), басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларын қамтитынын ескергені жөн.

      Сонымен қатар соттар Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні (Нью-Йорк, 1966 жылғы 16 желтоқсан), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны (Кишинев, 2008 жылғы 14 қараша), Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы шартты (Мәскеу, 1998 жылғы 28 сәуір) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған басқа да халықаралық шарттарды басшылыққа алуы қажет.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      2. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адам шетелдік болып танылады. Қазақстан Республикасының азаматы емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адам азаматтығы жоқ адам болып танылады (2-бап).

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      3. "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңының 10-бабының 3-тармағында төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс деп белгіленген. Аталған Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      4. Әкімшілік жолмен шығарып жіберу және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберу мазмұны бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны немесе заңнаманы бұзғаны үшін сот қаулысының (шешімінің) негізінде жүзеге асырылатын, шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберуді немесе уәкілетті органдардың бақылау жасай отырып, олардың өздерінің шығуын білдіреді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      5. Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы істерді қараған кезде ӘҚБтК-нің нормаларын іске асыру тәртібімен қолданылатын әкімшілік жолмен шығарып жіберудің және АПК-де көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын шығарып жіберудің аражігін ажыратуы қажет.

      6. Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша қолданылатын негізгі немесе қосымша әкімшілік жазалар ретінде Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.

      Шығарып жіберуді қолдану үшін:

      шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететін қызметтi жүзеге асыруы (ӘҚБтК-нің 109-бабы);

      қоғамдық орындарда тиісу (ӘҚБтК-нің 449-бабының үшінші бөлігі);

      діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу (ӘҚБтК-нің 490-бабының үшінші бөлігі;

      жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы арыз берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну (ӘҚБтК-нің 495-бабының екінші бөлігі);

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерінде режимдi бұзу (ӘҚБтК-нің 513-бабының екінші бөлігі);

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу (ӘҚБтК-нің 514-бабының екінші бөлігі);

      шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы (ӘҚБтК-нің 517-бабы);

      Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқаруына байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау (ӘҚБтК-нің 516-бабының екінші бөлігі) негіз болып табылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын алған күні қаралады.

      ӘҚБтК-нің 51-бабының екінші бөлігіне сәйкес егер әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында өзіне қатысты әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу қолданылуы мүмкiн адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (бұдан әрі - ҚК) сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын іс-әрекеттің өзiне қатысты жасалғаны туралы хабарласа, онда iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнде белгіленген тәртiппен шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      8. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуге әкеп соқтыратын істі қарау кезінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адам міндетті түрде қатысуы тиіс.

      9. Әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешімде мерзім көрсетіледі, сол уақыт ішінде аталған адамдар Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс (ӘҚБтК-нің 829-14-бабының екінші бөлігі).

      Соттар осы мерзім деп шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өзіне қатысты қабылданған шығарып жіберу туралы шешімді орындамағаны үшін белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты ескере отырып, қаулыны орындау үшін жеткілікті мерзімді түсінуі керек.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      10. ӘҚБтК-нің 51-бабының бірінші бөлігі, оның ережелері Қазақстан Республикасының азаматтық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен қолданылатын шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу жағдайларына қолданылмайтынын айқындайды.

      ӘҚБтК-нің 8-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік жаза шаралары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары ӘҚБтК-де ғана айқындалады. ӘҚБтК-де белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайда әкiмшiлiк жазаға, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына тартыла алмайды.

      Көрсетілген құқықтық нормалардан шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның санкциялар ретінде әкімшілік жолмен шығарып жіберуді көздейтін әкімшілік құқық бұзушылық жасауында көрсетілген заңнаманы бұзу адамды азаматтық процестік тәртіппен шығарып жіберу негіздерінің алып тасталатыны туындайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы ішкі істер органдарының арызы бойынша істерді қарау ерекше іс жүргізу тәртібінде жүзеге асырылады (АПК-нің 49-тарауы).

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      12. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы арызды ішкі істер органдары шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың болған (нақты болған) және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа береді (АПК-нің 382-бабы).

      АПК-нің 54-бабының үшінші бөлігінің сәйкес аталған адамдарды шығарып жіберу туралы арызды прокурор да беруі мүмкін.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      13. АПК-нің 383-бабының талаптарына байланысты шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы арызда Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын куәландыратын мән-жайлар жазылуы тиіс.

      Шығарып жіберу туралы арызға аталған адамдардың заңнаманы бұзу фактілерін жасағанын растайтын құжаттар қоса беріледі, оған мемлекеттік органдардың құқықтық актілері, соның ішінде сот шешімдері, қаулылары, үкімдері жатады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      14. Азаматтық процестік тәртіппен шығарып жіберу туралы шешім шығару кезінде соттар шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жасаған құқық бұзушылығын ескеруі қажет.

      Соттар ӘҚБтК-нің және ҚК-нің әкімшілік жазаны алып тастау мерзімі, соттылықты жою және алу салдарлары туралы тиісті нормаларын басшылыққа алуы керек. Адам сот қаулысын орындау аяқталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелмейдi (ӘҚБтК-нің 61-бабы). Соттылықты жою немесе алу соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшiн жояды (ҚК-нің 79-бабының 9-бөлігі).

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      15. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы арызды сот іс қозғалған сәттен бастап он күн ішінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның міндетті түрде қатысуымен қарайды. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сот отырысына келмеуі, оған қатысты хабарланғаны жөнінде мәліметтер болмаса, істі қарауды кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады (АПК-нің 196-бабының екінші бөлігі).

      Осы адамдардың нақты болған жері белгісіз болса және оларды шығарып жіберу туралы арызды заңда белгіленген мерзімде қарау мүмкін болмаса, сот іздестіру жариялауға міндетті (АПК-нің 133-бабының екінші бөлігі), сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға құқылы (АПК-нің 273-бабының 8) тармақшасы).

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      16. Шығарып жіберу үшін соттың белгілейтін мерзімдері ақылға қонымды болуы тиіс.

      Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс мерзімді анықтаған кезде шығарып жіберу рәсімдерін қаржыландыру ерекшеліктері ескерілуі қажет.

      АПК-нің 384-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сот шығындарын, сондай-ақ шығарып жіберу бойынша шығындарды шығарып жіберілетін шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар не Қазақстан Республикасына оларды шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар көтереді. Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды өтеуге қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      17. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі оны қабылдаған күннен бастап заңды күшіне енеді және шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу үшін негіз болады (АПК-нің 385-бабы).

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      18. АПК-нің 401-бабының талаптарына байланысты шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы соттың шешіміне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы тиіс емес, бірақ кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.

      Шағым жасаудың апелляциялық тәртібін сақтамай қайта қарау мүмкіндігі Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (Нью-Йорк, 1966 жылғы 16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы № 91-III Заңымен ратификацияланған, Қазақстан Республикасы үшін 2006 жылғы 24 сәуірде күшіне енген) 13-бабының ережелеріне байланысты.

      Соттарға шығарып жіберу туралы шешімді шығарған кезде шешімнің қарар бөлігінде сот актісіне кассациялық тәртіппен шағым жасау құқығын көрсету қажеттілігі түсіндірілсін.

      Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызды қанағаттандырудан бас тартқан шешім АПК-нің 240-бабының қағидалары бойынша заңды күшіне енеді және оған АПК-нің 403-бабының қағидаларында көзделген тәртіп бойынша апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Шығарып жіберу үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей шағым немесе наразылық түскен жағдайда, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы соттың шешімі кассациялық саты шешім шығарғанға дейін тоқтатыла тұруға тиіс (АПК-нің 386-бабы). Мұндай жағдайда жеке сот актісін шығару талап етілмейді. Соттың шығарып жіберу туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылған кезде кассациялық сатының қаулысында шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға тиіс жаңа мерзім көрсетіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      19. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы Д. Нұралин

О судебной практике рассмотрения дел о выдворении иностранцев или лиц без гражданства за пределы Республики Казахстан

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 13 декабря 2013 года № 4.

      По результатам обобщения судебной практики, в целях единообразного толкования и применения норм права о выдворении иностранцев или лиц без гражданства за пределы Республики Казахстан пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан

      постановляет:

      1. При рассмотрении дел указанной категории судам следует учитывать, что законодательство Республики Казахстан, регулирующее вопросы выдворения иностранцев или лиц без гражданства за пределы Республики Казахстан, основано на Конституции Республики Казахстан и включает в себя нормы Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – ГПК), Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" (далее – КоАП), Закона Республики Казахстан от 19 июня 1995 года № 2337 "О правовом положении иностранцев" (далее – Закон "О правовом положении иностранцев"), другие нормативные правовые акты.

      Судам также необходимо руководствоваться Международным пактом о гражданских и политических правах (Нью-Йорк, 16 декабря 1966 года), Конвенцией о правовом статусе трудящихся-мигрантов и членов их семей государств – участников Содружества Независимых Государств (Кишинев, 14 ноября 2008 года), Договором о правовом статусе граждан одного государства, постоянно проживающих на территории другого государства (Москва, 28 апреля 1998 года), и другими международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2. В соответствии с Законом "О правовом положении иностранцев" иностранцами признаются лица, не являющиеся гражданами Республики Казахстан и имеющие доказательства своей принадлежности к гражданству иного государства. Лицами без гражданства признаются лица, не являющиеся гражданами Республики Казахстан и не имеющие доказательства своей принадлежности к гражданству иного государства (статья 2).

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      3. Пункт 3 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года № 480-V "О правовых актах" устанавливает, что каждый из нормативных правовых актов нижестоящего уровня не должен противоречить нормативным правовым актам вышестоящих уровней. В соответствии с пунктом 1 статьи 12 данного Закона при наличии противоречий в нормах нормативных актов разного уровня действуют нормы акта более высокого уровня.

      Сноска. Пункт 3 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      4. По содержанию административное выдворение и выдворение в порядке гражданского судопроизводства представляют собой принудительное или контролируемое уполномоченными органами самостоятельное перемещение иностранцев или лиц без гражданства за пределы Республики Казахстан, осуществляемое на основании постановления (решения) суда за совершение административного правонарушения либо нарушения законодательства.

      5. При рассмотрении дел о выдворении иностранцев и лиц без гражданства необходимо разграничивать административное выдворение, применяемое в порядке реализации норм КоАП, и выдворение, осуществляемое в порядке особого производства, предусмотренного ГПК.

      6. Административное выдворение за пределы Республики Казахстан иностранцев или лиц без гражданства может применяться в качестве основного или дополнительного административного взыскания, налагаемого в порядке и по основаниям, установленным особенной частью КоАП.

      Основаниями применения выдворения являются:

      осуществление иностранцами, лицами без гражданства, иностранными юридическими лицами и международными организациями деятельности, препятствующей и (или) способствующей выдвижению и избранию кандидатов, политических партий, выдвинувших партийный список, достижению определенного результата на выборах (статья 109 КоАП);

      приставание в общественных местах (часть третья статьи 449 КоАП);

      нарушение законодательства о религиозной деятельности и религиозных объединениях (часть третья статьи 490 КоАП);

      представление заведомо ложных сведений в государственные органы Республики Казахстан при получении документов, удостоверяющих личность, либо при подаче заявления для получения разрешения на постоянное проживание в Республике Казахстан или о приеме в гражданство Республики Казахстан либо восстановлении в гражданстве Республики Казахстан (часть вторая статьи 495 КоАП);

      нарушение режима в пунктах пропуска через Государственную границу Республики Казахстан (часть вторая статьи 513 КоАП);

      нарушение режима Государственной границы Республики Казахстан (часть вторая статьи 514 КоАП);

      нарушение иностранцем или лицом без гражданства законодательства Республики Казахстан в области миграции населения (статья 517 КоАП);

      неповиновение законному распоряжению или требованию военнослужащего в связи с исполнением им обязанностей по охране Государственной границы Республики Казахстан (часть вторая статьи 516 КоАП).

      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 28.11.2024 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      7. Дело об административном выдворении за пределы Республики Казахстан рассматривается в день получения протокола об административном правонарушении и других материалов дела.

      Согласно части второй статьи 51 КоАП, если в ходе административного производства лицо, в отношении которого может быть применено административное выдворение, сообщит о совершенном в отношении него деянии, признаваемом в соответствии с Уголовным кодексом Республики Казахстан (далее – УК) тяжким или особо тяжким преступлением, то рассмотрение дела откладывается до принятия решения в порядке, установленном Уголовно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      8. При рассмотрении дела об административном правонарушении, совершение которого влечет выдворение за пределы Республики Казахстан иностранца либо лица без гражданства, присутствие лица, привлекаемого к административной ответственности, обязательно.

      9. В решении об административном выдворении указывается срок, в течение которого названные лица должны покинуть территорию Республики Казахстан (часть 2 статьи 829-14 КоАП).

      Под этим сроком судам надлежит понимать срок достаточный для исполнения постановления, с учетом установленной административной и уголовной ответственности за невыполнение иностранцем или лицом без гражданства принятого в отношении него решения о выдворении.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 28.11.2024 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      10. Часть 1 статьи 51 КоАП определяет, что ее положения не распространяются на случаи выдворения иностранцев или лиц без гражданства, применяемого в порядке, предусмотренном гражданским процессуальным законодательством Республики Казахстан.

      В соответствии с частью 1 статьи 8 КоАП административные правонарушения, меры административного взыскания, меры обеспечения производства по делу об административном правонарушении и меры административно-правового воздействия определяются только КоАП. Никто не может быть подвергнут административному взысканию, мерам административно-правового воздействия или мерам обеспечения производства по делу об административном правонарушении иначе, как на основаниях и в порядке, установленных КоАП.

      Из указанных правовых норм следует, что нарушение законодательства, выразившееся в совершении иностранцем или лицом без гражданства административного правонарушения, предусматривающего в качестве санкций административное выдворение, исключается из оснований выдворения лица в гражданском процессуальном порядке.

      Сноска. Пункт 10 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      11. Рассмотрение дел по заявлению органов внутренних дел о выдворении иностранцев или лиц без гражданства за пределы Республики Казахстан за нарушение законодательства Республики Казахстан осуществляется в порядке особого производства (глава 49 ГПК).

      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      12. Заявление о выдворении иностранца или лица без гражданства за пределы Республики Казахстан за нарушение законодательства Республики Казахстан подается органами внутренних дел в суд по месту пребывания (фактического нахождения) иностранцев или лиц без гражданства и (или) по месту их регистрации (статья 382 ГПК).

      Заявление о выдворении указанных лиц в соответствии с частью третьей статьи 54 ГПК может быть подано прокурором.

      Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      13. В силу требований статьи 383 ГПК в заявлении о выдворении иностранцев или лиц без гражданства должны быть изложены обстоятельства, свидетельствующие о нарушениях законодательства Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      К заявлению о выдворении прилагаются документы, подтверждающие совершение указанными лицами нарушений законодательства, к которым относятся правовые акты уполномоченных государственных органов и решения, постановления, приговоры суда.

      14. При вынесении решения о выдворении в гражданском процессуальном порядке судам необходимо учитывать совершенные иностранцем или лицом без гражданства правонарушения.

      Судам надлежит руководствоваться соответствующими нормами КоАП и УК о сроке снятия административного взыскания, последствиях погашения и снятия судимости. Лицо не считается подвергнутым административному взысканию по истечении одного года со дня окончания исполнения постановления суда (статья 61 КоАП). Погашение или снятие судимости аннулирует все правовые последствия, связанные с судимостью (часть 9 статьи 79 УК).

      Сноска. Пункт 14 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 28.11.2024 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      15. Заявление о выдворении иностранца или лица без гражданства за пределы Республики Казахстан суд рассматривает в течение десяти дней с момента возбуждения дела с обязательным участием иностранца или лица без гражданства.

      Неявка в судебное заседание иностранца или лица без гражданства, в отношении которого отсутствуют сведения об извещении, является основанием для отложения разбирательства дела (часть вторая статьи 196 ГПК).

      В случае неизвестности фактического места пребывания и невозможности рассмотрения заявления о выдворении указанных лиц в установленные законом сроки суд обязан объявить розыск (часть вторая статьи 133 ГПК), а также вправе приостановить производство по делу подпункт 8) статьи 273 ГПК).

      Сноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 28.11.2024 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      16. Сроки, устанавливаемые судом для выдворения, должны быть разумными.

      При определении срока, в течение которого иностранец или лицо без гражданства должно покинуть территорию Республики Казахстан, необходимо учитывать особенности финансирования процедур выдворения.

      Согласно части третьей статьи 384 ГПК, судебные расходы, а также расходы по выдворению несут выдворяемые иностранцы или лица без гражданства либо организации или физические лица, пригласившие их в Республику Казахстан. В случаях отсутствия либо недостаточности средств у названных лиц для покрытия расходов по выдворению финансирование соответствующих мероприятий производится за счет бюджетных средств.

      Сноска. Пункт 16 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      17. Решение суда о выдворении иностранца или лица без гражданства за пределы Республики Казахстан вступает в законную силу со дня его принятия и служит основанием для выдворения иностранца или лица без гражданства за пределы Республики Казахстан (статья 385 ГПК).

      Сноска. Пункт 17 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      18. В силу требований статьи 401 ГПК решение суда о выдворении иностранца или лица без гражданства за пределы Республики Казахстан обжалованию и пересмотру по ходатайству прокурора в апелляционном порядке не подлежит, но может быть пересмотрено в кассационном порядке.

      Возможность такого пересмотра без соблюдения апелляционного порядка обжалования связана с положениями статьи 13 Международного пакта о гражданских и политических правах (Нью-Йорк, 16 декабря 1966 года, ратифицирован Законом Республики Казахстан от 28 ноября 2005 года № 91-III, вступил в силу для Республики Казахстан 24 апреля 2006 года).

      Разъяснить судам, что при вынесении решения о выдворении в резолютивной части решения необходимо указать право на обжалование судебного акта в кассационном порядке.

      Решение, которым в удовлетворении заявления о выдворении иностранца или лица без гражданства за пределы Республики Казахстан отказано, вступает в законную силу по правилам статьи 240 ГПК и может быть обжаловано в апелляционном порядке в порядке, предусмотренном статьей 403 ГПК.

      В случае поступления жалобы или протеста не позднее срока, установленного для выдворения, решение суда о выдворении иностранца или лица без гражданства за пределы Республики Казахстан должно быть приостановлено до принятия решения кассационной инстанцией (статья 386 ГПК). Вынесение отдельного судебного акта в этом случае не требуется. При оставлении без изменения решения суда о выдворении в постановлении кассационной инстанции указывается новый срок, в течение которого иностранец или лицо без гражданства должно покинуть территорию Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 18 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного суда РК от 20.04.2018 № 7 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      19. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, является общеобязательным и вводится в действие со дня официального опубликования.

Председатель Верховного Суда


Республики Казахстан

К.МАМИ

Судья Верховного Суда


Республики Казахстан,


секретарь пленарного заседания

Д.Нуралин