1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 15 мамырдағы № 5; 2004 жылғы 18 маусымдағы № 10; 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 4; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот практикасында жеке және заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және iскерлiк беделін қорғау жөніндегі заңнаманы қолдану туралы";
2) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";
3) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке және заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін кемітетін, шындыққа сай келмейтiн мәліметтердің таралуына жол бермеуге бағытталған заңнамада көзделген шаралар жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді қорғаудың тиімді құралы болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңнаманың біркелкі қолданылуы мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";
4) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына және қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату деп баспада жарияланған, радио, телевизия арқылы, басқа да масс-медианы пайдаланып хабарланған, мінездемелерде, көпшілік алдында сөз сөйлеуде, әртүрлі ұйымдарға, лауазымды адамдарға жолданған арыздарда көрсетілген немесе басқа, оның ішінде бірнеше немесе ең болмағанда бір адамға ауызша хабарланған мәліметтер танылатынын соттардың ескергені жөн. Бір адамға қатысты мұндай мәліметтер оған ғана хабарланған кезде оларды тарату деп танылуы мүмкін емес.
Заңдарды, қоғамның моральдық қағидаттарын сақтау тұрғысынан қоғамдық пікірде немесе жеке азаматтардың пікірінде азаматтың немесе ұйымның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемітетін, шындыққа сай келмейтiн мәліметтер (мысалы, еңбек ұжымында, отбасыда опасыз әрекеттің, лайықсыз қылықтардың жасалғаны туралы мәліметтер; өндірістік-шаруашылық қызметке, беделге нұқсан келтіретін мәліметтер және т.б.) нұқсан келтіретін мәліметтер болып табылады. Сонымен қатар жұмыстағы, қоғамдық орындағы, ұжымдағы, тұрмыстағы кемшіліктерге айтылған, шындыққа сай келетiн сынды қамтитын мәліметтерді теріске шығару туралы талаптар негізді деп танылуы мүмкін емес.
Ар-намыс - адамға берілген қоғамдық баға, оның рухани және әлеуметтік қасиеттерінің өлшемі.
Қадір-қасиет - адамның өзінің жеке қасиеттерін, қабілеттерін, дүниетанымын, қоғамдағы маңыздылығын өзін-өзі бағалауы.
Іскерлік бедел - адамның іскерлік (өндірістік, кәсіптік) қасиеттеріне қоғамның қалыпты оң баға беруі.
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 141, 143-баптарында, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 23 және 150-баптарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша қозғалған азаматтық істерді қараған кезде соттарға: теріске шығару туралы талап қойылған мәліметтердің таратылған-таратылмағанын, олар азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, ұйымның беделіне нұқсан келтіретін-келтірмейтінін және осы мәліметтердің шындыққа сай келетiнiн түбегейлі толық анықтау қажет.
Ар-намысқа және қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтер шындыққа сай келмейтiнi анықталған жағдайда, жауапкердің осы мәліметтерді таратуда кінәсінің болуы-болмауына қарамастан, оларды теріске шығару міндеті жауапкерге жүктеледі.
3. Соттың шешімдері мен үкімдерінде, құқық қорғау органдарының қаулыларында және басқа да ресми құжаттарда қамтылған мәліметтерді теріске шығару туралы талаптар АПК-нің 23-бабында және АК-нің 143-бабында көзделген тәртіппен қаралуы мүмкін емес, оларға шағым жасау үшін заңда өзге тәртіп көзделген.
4. Егер жарияланымда нақты адамдардың тектері көрсетілмесе, алайда мәтіннен кім туралы айтылғаны анық көрініп тұрса, сонымен қатар нұқсан келтіретін мәліметтер оның отбасының қайтыс болған мүшесіне немесе заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін басқа жақын туысына қатысты таратылған жағдайда, мүдделі тұлға АПК-нің 8-бабына сәйкес ар-намысы мен қадір-қасиетін сотта қорғауға құқығы бар.
5. Егер нұқсан келтіретін мәліметтер кәмелетке толмағанға немесе белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қатысты таратылған болса, АПК-нің 54-бабының үшінші бөлігінде, 55-бабында, 148-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен заңды өкілдері немесе прокурор оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талап қоюға құқылы.
6. АК-нің 9 және 143-баптарының мағынасы бойынша, егер басқа адамға нұқсан келтіретін қауесеттер таратқан адамның әрекетінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабында көзделген қылмыс белгілері болса, жәбірленуші қылмыстық іс жүргізу тәртібі бойынша кінәлі адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызбен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнің 408-бабы) және азаматтық іс жүргізу тәртібімен ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
Нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқан адамға қатысты қылмыстық іс қозғаудан соттың бас тартуы, айыптау немесе ақтау үкімінің шығарылуы немесе қылмыстық істің тоқтатылуы азаматтық істі қозғауға кедергі келтірмейді. Басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқан адамның әрекеттерiнде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-3-бабында көзделген құқық бұзушылық белгiлерi болған жағдайда жәбірленуші кінәлі адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот ісін жүргізу тәртібі бойынша арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
7. Егер талап қоюда баспада, басқа да масс-медиада (радио, телевизия және т.б. арқылы хабарлау) таратылған мәліметтерді теріске шығару туралы талап қамтылса, жауапкер ретінде автор және тиісті хабарлау органы (редакция, баспа және т.б.) тартылады, оларға сот АК-нің 143-бабының 2-тармағына сәйкес талап қоюшыға нұқсан келтіретін, шындыққа сай келмейтiн мәліметтерді теріске шығару міндетін жүктеуге құқылы. Мұндай мәліметтерді автордың атын көрсетпей (мысалы, редакцияның мақаласында) жариялаған немесе өзгеше таратқан кезде іс бойынша жауапкер тиісті бұқаралық ақпарат органы болып табылады.
Қызметтік, тұрмыстық және басқа да мінездемелерде нұқсан келтіріліп жазылған мәліметтерді теріске шығару туралы талап қоюлар бойынша мінездемелерге қол қойған адамдар және мінездемені өзінің атынан берген кәсіпорын, мекеме, ұйым жауапкер болып танылады.
8. АК-нің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес таратылған мәліметтердің шындыққа сай келетiнін дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі. Талап қоюшы талап қоюында көрсетілген адамның ол жөнінде нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату фактісін ғана дәлелдеуге міндетті, сонымен қатар ол ар-намысына және қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтердің шындыққа сай келмейтiні жөнінде дәлелдемелерді де ұсынуға құқылы. Егер дәлелдемелер жеткіліксіз болса, сот тараптарға қосымша дәлелдемелер беру жөнінде ұсыныс жасауға немесе өз бастамасымен оларды талап етіп алдыртуға құқылы.
9. Егер талап қоюшы дау айтқан мәліметтерді масс-медиа ресми хабарламалардан, эфирге шығарылған жиналыстағы сөз сөйлеулерден не авторлық сөз сөйлеулерден, немесе ақпараттық агенттіктерден алған болса, онда соттар АПК-нің 49 және 50-баптарына сәйкес іске жауапкер ретінде масс-медиа редакциясымен қатар, осы мәліметтің шыққан көзі болған органды немесе адамды тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда таратылған мәліметтің шындыққа сай келетiнін дәлелдеу міндеті аталған органға және адамға жүктеледі.
АК-нің-143-бабына сәйкес таратылған мәліметтерді ар-намысқа және қадір-қасиетке нұқсан келтіреді және шындыққа сай келмейді деп таныған сот шешімін баспада жариялауды немесе өзгеше хабарлауды (радиода, телевизияда және т.б.) осы мәліметтерді таратқан сол масс-медиа жүзеге асырады. Іс бойынша жауапкер - масс-медианың соттың түйініне қайшы келетін түсіндірмелер беруіне жол берілмейді. Егер мұндай түсіндірмелерге жол берілсе, онда соттың шешімі орындалмаған болып есептеледі.
Азамат немесе ұйым сотқа оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген және шындыққа сай келмейтiн мәліметтер таратқан бірнеше масс-медиаға және басқа да органдар мен адамдарға бірден талап қоюға құқылы (АПК-нің 49-бабы).
10. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, талап қоюшының ар-намысына және қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығару туралы талаптарына АК-нің 187-бабына орай талап қоюдың ескіру мерзімі қолданылмайды.
11. Егер талап қоюшыға нұқсан келтіретін мәліметтерді сот шындыққа сай келеді деп таныса, сондай-ақ таратылған мәліметтер оған нұқсан келтірмейтін болса, оларды теріске шығару туралы талаптар қанағаттандырылуға жатпайды.
12. Талап қоюды қанағаттандырған кезде сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде нақты қандай нұқсан келтiретiн мәлiметтердің шындыққа сай келмейдi деп танылғанын және олар қандай тәсiлмен терiске шығарылуы тиіс екендігін көрсетуге міндетті.
Терiске шығару деп азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және iскерлiк беделiне нұқсан келтіріп таратылған мәліметтердің шындыққа сай келмейтiні жөнінде жария хабарлау түсiніледі.
Масс-медиада таратылған және ұйымдардың шығыс құжаттарындағы нұқсан келтiретiн мәлiметтердi терiске шығару тәртiбi АК-нің 143-бабының 2-тармағында айқындалған.
Басқа жағдайларда терiске шығару тәртібін сот анықтайды.
Терiске шығару тәртiбiн анықтай отырып, сот барлық жағдайларда нұқсан келтіретін мәліметтердің шындыққа сай келмейтiнін жария түрде хабарлауды қамтамасыз етуге мiндеттi (шығарылған шешiм туралы баспада, радио, телевизия арқылы хабарлау және т.б.).
13. Талап қоюшының ар-намысты және қадір-қасиетті қорғау туралы талап қоюмен бір мезгілде нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату арқылы келтірілген материалдық залалды өтеу туралы талап қоюға құқығы бар.
Сот ар-намысты және қадір-қасиетті қорғау туралы талап қоюды, сонымен қатар азаматтың ар-намысқа және қадір-қасиетке нұқсан келтірген мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық (мүліктік емес) зиянды не басқа да мүліктік емес зиянды өтеу туралы талабын қарауға құқылы. Моральдық (мүліктік емес) зиянды өтеу мөлшері шешім шығарылған кезде мәліметтің сипатына (қылмыстық іс-әрекет, әкімшілік-құқықтық және азаматтық-құқықтық құқық бұзушылықтар, моральға қайшы қылықтар және т.б. жасағаны үшін айыптау), оларды тарату шегіне, жауапкер кінәсінің нысанына, оның материалдық жағдайына және басқа да назарға алынуы тиіс мән-жайларға қарай ақшалай мәнде айқындалады.
Моральдық (мүліктік емес) зиянды өтеу туралы талапқа талап қоюдың ескіру мерзімі қолданылмайды (АК-нің 187-бабы).
14. Азаматтар мен ұйымдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау фактілерін жою және алдын алу мақсатында соттар шындыққа сай келмейтiн, нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқан адамдарға немесе ұйымдарға қатысты жекеше ұйғарымдар шығару туралы мәселені талқылауы қажет.
15. Жеке немесе заңды тұлғаның қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығару туралы шешім белгіленген мерзімде орындалмаса немесе тиісінше орындалмаса, жауапкер заңнамалық актілерде көзделген тәртіппен әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Тәртіп бұзушының айыппұл төлеуі, оны талап қоюшыға нұқсан келтірген мәліметтерді теріске шығару туралы сот шешімін орындау міндетінен босатпайды.
16. Осы қаулыны қабылдауға байланысты Қазақстан Республикасында кейінгі өзгерістермен және толықтыруларымен "Ар-намысты және абыройды қорғау жөнінде Советтік Социалистік Республикалар Одағының және Одақтас Республикалардың азаматтық заңдар негізінің 7 бабын сот тәжірибесінде қолдану туралы" 1989 жылғы 2 наурыздағы № 2 КСРО Жоғарғы Сотының Пленумының қаулысы қолданылмайды деп танылсын.
17. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
2. "Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы" 1997 жылғы 18 шілдедегі № 9 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 8, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 2, 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолданудың сот практикасы туралы";
2) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"1997 жылғы 18 шiлдедегi № 9 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы.";
3) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жекешелендiруге қатысты дауларды шешу кезiнде заңнаманы қолдану практикасында туындайтын кейбір мәселелердiң айқын еместігін атай отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы соттарға мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етедi:";
4) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 14-1, 15, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі - Конституция), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК), "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң)", "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік мүлік туралы заң)" тұрғын үйді жекешелендіру тәртібін регламенттейтін негізгі заңнамалық актілер болып табылады.
Жалдаушылардың заңнамада белгіленген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқықтары мемлекеттік басқару органдары мен жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың актілерімен шектелуі мүмкін емес. Мұндай актілер қабылданған кезден бастап жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс (АК-нің 3-бабының 6-тармағы).
2. Заңнаманы қолдану кезiнде тұрғын үй-жайды мемлекеттік тұрғын үй қорынан Заңды қабылдағанға дейiн алған азаматтардың тұрып жатқан үй-жайды Қазақстан Республикасы Тұрғын үй кодексiнде және басқа да заңнамалық актілерде көзделген қағидалар бойынша жекешелендiруге құқығы бар екенiн ескерген жөн.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғынжайды ғана жекешелендіруге құқылы. Тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруге қатысу және негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы, кейіннен оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асыруына кедергі болмайды.
Азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй-жай Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін онда көзделген тәртіппен және шарттар бойынша жекешелендiруге жатады.
3. Мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар өзге меншік нысанына ауысқан кезде немесе оларды таратқан кезде кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе мекемелердің жедел басқаруындағы тұрғын үй қоры осы кәсіпорындар мен мекемелердің, өзге де заңды тұлғалардың құқық мирасқорларының шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына не жергілікті атқарушы органның қарамағына азаматтардың барлық тұрғын үй, соның ішінде тұрғынжайды жекешелендіру құқықтарын сақтай отырып, белгіленген тәртіппен берілуге тиіс. Сонымен бірге, егер меншік нысанын өзгерткен мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің құқық мирасқорлары өз қаражатының есебінен тұрғын үй-жайлар салса немесе сатып алса, онда мұндай үй-жайларды жалдау шарты бойынша онда тұратын адамдар тек меншік иесінің келісімімен жекешелендіре алады.
4. Жалдаушы тұратын тұрғын үй-жайды жекешелендіруден бас тартуы ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт болып табылатынын ескере отырып, мұндай адамдардың талап қоюлары әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.
Осындай талап қоюлар берілген кезде мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 610-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мөлшерде алынуы тиіс (бұдан әрі – Салық кодексі).
Ортақ бірлескен меншіктен үлесін бөлу туралы талап қойған, тұрғын үй-жайдың мұра қалдырушыға тиесілігі жөнінде уәж келтірген, жекешелендірілген тұрғын үй-жайға үміткер адамдардың талап қоюынан, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде жекешелендiру тиiсiнше ресімделмеген жағдайда, адамдардың талап қоюлары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.
Мұндай талап қоюлар бойынша мемлекеттік баж Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мүліктік сипаттағы талап қою сияқты төленеді.
5. Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес жекешелендiрiлген тұрғынжай жалдаушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, оның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ортақ бiрлескен меншiгiне өтедi.
Осыған орай, нақты iстердi қарау кезiнде жекешелендірілетін пәтерде немесе үйде тұруға құқығы бар барлық адамдар, олардың жекешелендiру шартына қатыстылығы анықталуы қажет. Сонымен қатар заң талаптарына сай өздері тұрып жатқан тұрғын үй-жайды Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтар кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерiнiң келісімiмен бiр-ақ рет меншігіне сатып алуға құқығы бар екенін ескерген жөн. Бұл ретте, меншiк иесiнiң отбасы мүшелерi болып табылмайтын және оның тұрғынжайында жалға алу құқығымен тұрып жатқан азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен және шарттар бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан кейіннен алған басқа тұрғынжайды меншiгiне жекешелендiру тәртібімен алуға құқығы бар.
6. Тұрғын үй-жайды оны пайдаланушының бiрiнiң меншiгiне беру шартының заңдылығы туралы дау туындаған жағдайда мүдделi адамдардың талаптары бойынша мұндай үй-жайға құқық белгілейтін құжаттарды сот мәмiленiң жарамсыздығын тану үшiн азаматтық заңнамада белгiленген негiздер бойынша толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкiн (АК-нiң 4 тарауы).
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларының (бұдан әрі - Жекешелендіру қағидалары)" 7-тармағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды меншігіне өтеусіз алатын тұрғын үй құқықтық қатынастарының субъектілері санамаланған. Жекешелендіру туралы шарт осындай жеңілдіктері бар адамға ғана ресімделеді. Мұндай жағдайларда жекешелендірілетін үй-жай кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен аталған жеңілдікті пайдаланатын адамның және оның отбасы мүшелерінің ортақ бірлескен меншігіне өтеді. Жекешелендірілген үй-жайдың иесі жекешелендіру туралы шартқа енгізілмеген адамдарды өз қалауы бойынша тұрғын үйден шығара алмайды.
Мұндай дауларды шешу кезiнде шығаруға қарсы адамдардың дәлелдері мен қарсылықтарын анықтай отырып, соттар жеңiлдiктерді пайдаланатын отбасы мүшесінің атына меншік құқығын ресімдеуге олар келісім берген мән-жайларды және шарттарды тексеруге тиіс.
Қажет болған жағдайларда жекешелендiруден бас тарту кезiнде азаматты жаңылыстырған не оның өз әрекетiнiң мәнiн түсiнуге қабілеті болмаса немесе меншiк иесi мұндай бас тартудың шарты жөнiндегi уағдаластықты бұзса, азаматтарға тұрғын үй-жайды жекешелендiру жөнiнде бекiтiлген шартты жарамсыз деп тану бойынша қарсы талап қою құқығын түсiндiру қажет.
8. Жалдаушымен бiрге тұратын және оның отбасы мүшелерi болып табылатын кәмелетке толмаған адамдар Заңның 22-бабына сәйкес тұрғын үй-жайды жалға алу шартынан туындайтын тең құқыққа ие болғандықтан, олар тұрып жатқан үй-жайды жекешелендiрген жағдайда кәмелетке толған адамдармен (пайдаланушылармен) бiрдей осы тұрғын үй-жайға ортақ бiрлескен меншiктiң қатысушылары болады.
Жекешелендiру шартына отбасының кәмелетке толмаған мүшесiн енгізбеу салдарынан оның меншікке құқығы бұзылған жағдайда, кәмелетке толмағанның ата-анасы немесе оның мүддесiн бiлдiретiн басқа адамдар тұрғын үй-жайдың басқа меншік иелерінің келісімімен отбасының кәмелетке толмаған мүшесiн жекешелендіру шартына енгізу туралы арызбен тұрғын үйді жекешелендіру органдарына жүгінуге құқылы.
9. Жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайдың меншiк иесi болған азаматтар АК-нің 188-бабына сәйкес басқа тұлғалар мен мемлекет құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбастан, оны өз қалауымен иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Осыған орай жекешелендiру тәртібімен сатып алынған тұрғын үй-жай осы үй-жайда тұрып жатқан азаматтардың ортақ меншiгiне өтетiндiктен, меншікке қатысушының жеке біреуі мұндай меншiктiң бiр бөлiгiн үлестік меншігі белгіленгеннен кейін ғана иеліктен шығара алатынын ескерген жөн. Жекешелендiрiлген пәтердiң үлестiк меншiгiне қатысушының бірі өзінің үлесін бөтен адамға сатуы, егер қалған меншік иелері өздерінің басымдықпен сатып алу құқығынан бас тартқан немесе осы құқықты АК-нің 216-бабында көзделген мерзімнің ішінде жүзеге асырмаған жағдайда ғана мүмкін болады.
10. Азаматтардың ортақ меншiгiне жекешелендiру тәртібімен берiлген тұрғын үй-жайды айырбастау (алмастыру) барлық ортақ меншiкке қатысушылардың келісімiмен ғана мүмкiн болады.
11. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда және тәртiппен меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiмен бiрге тұрғынжайға өндіріп алуды қолдануды, үй орналасқан жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп алуды (сатып алу), реквизициялауды және тәркiлеуді, сондай-ақ АК-де көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, Заңның 29-бабына орай тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп (меншiк иесiнiң еркiнен тыс) тоқтатуға жол берілмейді.
Басқа меншiк иелерiнiң меншiкке қатысушыға оның заттай үлесi орнына ақшалай сомамен немесе өзгеше өтемақы төлеу арқылы тұрғын үй-жайға ортақ бiрлескен меншiктiң тоқтатылуына байланысты нақты iстердi қарау кезiнде соттар мұндай төлемнiң меншiк иесiнiң келiсiмiмен ғана жол берілетінін ескеру қажет.
АК-де (218-бап) меншiк иесiнің үлесi ақшалай сомамен немесе өзгеше түрде және меншiк иесiнiң келісімiнсiз өтелу мүмкiндiгi, не соттың шешiмi бойынша ортақ мүлiктің жария сауда-саттықта сатылатыны, одан түскен соманы кейін ортақ меншiкке қатысушылардың арасында олардың үлестеріне мөлшерлес бөліп беру мүмкіндігі көзделген.
Соттар жекешелендiрiлген пәтердi (үйдi) бөлу жөнiндегi дауларды қарай отырып, егер тиiстi меншiк иесiнiң үлесi болмашы және нақты бөлуге келмейтін болса, немесе үлесi бөлiнетiн меншiк иесi ортақ мүлiктi пайдалануға айтарлықтай мүдделi болмаса және ол даулы тұрғын үй-жайда тұрмаса, басқа тұрғын алаңымен қамтамасыз етiлген болса, сондай-ақ ортақ мүлiктi бөлу мақсатқа сай келмесе, меншiк иесiнiң үлесiн ақша түрiнде бөлiп бере алады және соңғысы келiспеген кезде жария сауда-саттықта сату жөнiнде шешiм шығара алады.
Меншік иесі өтемақы алғаннан кейін жекешелендірілген тұрғынжайдағы үлесі құқығынан айырылады.
13. Заңның 13-бабы 6-тармағына сәйкес бiрнеше жалдаушы тұратын тұрғынжайды (пәтер) барлық жалдаушылардың және олардың кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жекешелендiруге болады. Бұл жағдайда тұрғынжай (пәтер) барлық жалдаушылардың ортақ үлестiк меншiгiне өтедi. Тұрғынжайды (пәтерді) Заңның аталған талаптарын бұза отырып жекешелендiру АК-нің 157-бабында көрсетiлген салдарға орай шартты жарамсыз деп тануға әкеп соғады. Мұндай дауларды шешу кезiнде жекешелендiру шартына өзгерістерді АК-нің 401, 402-баптарында көрсетiлген шарттар мен тәртіп сақталған кезде, тараптардың келісімi немесе олардың кейбірiнiң талап етуi бойынша, шарттың заңдылығына дау айтылмаған жағдайда ғана енгізуге болатынын ескерген жөн.
14. Жекешелендiру қағидаларының 12-тармағына сәйкес тұрғынжайды жекешелендіру туралы шешімді:
коммуналдық тұрғын үй қорынан – жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй комиссиялары;
мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан – мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй комиссиялары;
мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан – мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары қабылдайды.
Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгілік ережені тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Жекешелендіру тәртібімен тұрғынжайды меншікке сатып алу үшін тұрғын үй комиссиясының қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі Жекешелендiру қағидаларының 14-тармағында айқындалған, онда тұрғын үй комиссияларына Жекешелендіру қағидаларында көзделмеген қосымша құжаттарды талап етуге тыйым салынған.
Тұрғын үй комиссиясының тұрғынжайды жекешелендіруден бас тартуына негіз болған Жекешелендіру қағидаларының 16-тармағында көзделген талаптар толық болып табылады.
Егер азаматтар:
олардың Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайдағы үлесі елу пайыздан кем болса есепке алынбайды;
Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарыз шарты бойынша міндеттемесі болса;
жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жылдың ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.
Соттар азаматтың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды жекешелендіру құқығы болған жағдайда және ол уәкілетті мемлекеттік органға арыз беріп, мұра қалдырушы ретінде шарт жасасуға өз еркін білдірсе, арызын кері қайтарып алмаса және өзіне байланысты емес себептер бойынша шартқа қол қоймаса және шартты тіркемесе, ол қайтыс болған жағдайда сот мұрагерлердің талап қоюы бойынша олардың жекешелендіру құқығын танитынын түсіндіруі тиіс. Талап қоюды қанағаттандыру туралы сот шешімі мемлекеттік органның мұрагерлермен заңнамада көзделген тәртіппен жекешелендіру туралы шарт жасасуына негіз болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген сот шешімі тұрғынжай мұрагерлерінің қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжайды жекешелендіру құқығына нұқсан келтірмейді, өйткені осы тұрғынжайды жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне ауысады.
Иесіз қалған мүлік ретінде мемлекетке тиесілі тұрғынжайдың бөлігін жекешелендіруге басым құқығы бар осы тұрғынжайдың басқа бөлігінің меншік иесі заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен жекешелендіре алады.
14-1. Мемлекеттік мүлік туралы заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беруге жол беріледі.
Аталған мүлікті беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасымен айқындалады.
15. Заңға сәйкес қызметтік тұрғынжай - мемлекеттік мекеменің тұрғынжай қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде Қазақстан Республикасы азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғынжай.
Қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжайлардан басқа қызметтік тұрғынжай қатарына енгізілген тұрғын үй-жайлар жекешелендіруге жатпайды.
Қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжайдың құқықтық режимі коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін қызметтік тұрғын үйдің құқықтық режимінен өзгеше болады. Сондықтан қызметтік тұрғын үй-жайларды жекешелендіруден туындайтын дауларды қарау кезінде соттар тұрғынжайдың құқықтық мәртебесін анықтауға тиіс.
Бұл ретте қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғынжайды жалдаушылар, өздері тұратын үй-жайларды меншік иесінің келісімімен белгілі бір жағдайларда жекешелендіруге құқылы екенін ескеру қажет (Заңның 101-бабы және Жекешелендіру қағидаларының 3, 4, 5-тармақтары).";
"17. Ортақ бiрлескен меншік қатысушысына жеке пәтер түріндегі жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайдан оған тиесілі үлесті бөлiп беру, қосалқы үй-жайларды бiрлесе пайдалану құқығымен жеке оқшауланған тұрғын бөлме түрiнде оның үлесі бөлінетін жағдайда мүмкiн болады.";
5) мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
"18. Конституцияның 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
3. "Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 ( Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 12, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 11, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шарттық және басқа да міндеттемелерді орындау кезінде азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге байланысты даулар, егер заңнамалық актілерде немесе шартта зиян келтірген адамның аса жоғары жауаптылығы көзделмесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 47-тарауында көзделген нормаларға сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
Шарттық міндеттемелер деп шарттан туындайтын міндеттемелерді түсінген жөн. Мұндай шарттарға еңбек шартын (келісімшарт), тапсырма шартын және т.б. жатқызуға болады.
Жәбірленушімен шарттық қатынастарда болмаған адам, мысалы, қызметі айналасындағыларға жоғары қауіптілікті (жоғары қауіптілік көзі) туындататын адам келтірген зиянды өтеу бойынша міндеттемелерді және басқаларды өзге де міндеттемелер деп түсінген жөн.";
3) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шарттық және өзге де міндеттемелерді орындау кезінде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою нысаны мен мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 148, 149-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Талап қою талаптарының сипатына қарай талап қоюға жәбірленушіге зиян келтірілгені туралы куәландыратын дәлелдемелер, атап айтқанда: ұйым әкімшілігінің жәбірленуші қызметкерге жұмыста мертігуден келтірілген зиянды өтеу туралы шешімі (бұйрығы, өкімі); қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға немесе денсаулығына өзге де зақым келуі туралы акт; жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі; еңбек міндеттерін орындауға байланысты мертіккен немесе денсаулығына өзге зақым алған қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін (пайызбен алғанда) белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының (МӘСК) қорытындысы; денсаулыққа зақым келген басқа да жағдайларда сот-медициналық сараптама комиссиясының қорытындысы; жәбірленушінің бөгде адамның күтіміне және басқа да қосымша шығыс түрлеріне мұқтаждығы туралы қорытынды; АК-нің 938-бабына сәйкес есептелген орташа айлық есептік көрсеткіштің (кірістің) мөлшері туралы мәліметтер, тараптың (тараптардың) татуласуға бағытталған әрекеттерді жасағанын растайтын құжаттар, егер мұндай әрекеттер жасалған болса; сондай-ақ басқа да қажетті құжаттар қоса тіркелуге тиіс. Өкіл ұсынған және қол қойған талап қоюда, АПК-нің 148-бабы екінші бөлігі 1) – 8) тармақшаларында көрсетілген талаптардан басқа, талаптар негізделетін заң нормасына сілтеме болуға тиіс.
Талап қоюды дұрыс қарау үшін тараптардың қажетті дәлелдемелерді ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда, АПК-нің 15-бабы төртінші бөлігіне сәйкес судья оларға уәжді өтінішхат бойынша ұйым немесе мүдделі адамдардан осындай дәлелдемелерді талап етіп алдыртуға жәрдемдесуге міндетті.
3. Өндірістегі жазатайым оқиға немесе қызметкердің денсаулығына өзге де зақым келтірілгені туралы белгіленген нысандағы актіге еңбек қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары қол қояды, оны жұмыс беруші бекітеді және ұйымның мөрімен куәландырылады. Кәсіптік ауруға шалдыққан (уланған) жағдайда тиісті актіге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды.
Егер жұмыс беруші заңды тұлға құрмай-ақ тұлға болып табылса, онда жұмыс беруші белгіленген нысандағы актіні толтырып, қол қояды және нотариат арқылы куәландырады.
4. Толық не iшiнара кәсіби еңбекке жарамдылығын, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке жарамдылығын жоғалтқан жәбірленушілердің денсаулыққа зақым келтiрген зиянды өтеткізуге құқығы бар. Егер он төрт жасқа дейiнгi және табысы жоқ кәмелетке толмаған бала (жас бала) мертіккен немесе оның денсаулығына өзге де зақым келтірілсе, онда денсаулықтың зақымдануына байланысты шығыстар өтелуге жатады.
Жәбірленуші (асыраушы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдар, сондай-ақ қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласы, сондай-ақ АК-нің 940-бабының 1-тармағында көрсетілген басқа да адамдар зиянды өтету құқығына ие болады.
Өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін, шарттық мiндеттемелерден туындайтын ұқсас міндеттерін, әскери қызметтегі міндеттерiн орындауға байланысты жұмысшының денсаулығына келтірілген зиянды, егер ұйымның немесе жұмыс берушi-жеке тұлғаның кiнәсi анықталған жағдайда ғана олар өтейді.
Егер шарттық мiндеттемелердi, еңбек (қызметтік) мiндеттерiн, әскери қызметтегі мiндеттерiн орындау кезінде жұмысшының денсаулығына жоғары қауiптiлiк көзі арқылы зақым келтірілсе, онда мұндай зиян келтiргенi үшiн жоғары қауiптiлiк көзінің иесi жауапты болады.
Алайда, егер ұйымның немесе жұмыс берушi-жеке тұлға ұсынған көлік құралымен жұмыс орнына бара жатқанда немесе жұмыс орнынан қайтар жолда жұмысшының өмiрiне және денсаулығына зиян келтірілсе, онда ұйым мен жұмыс беруші-жеке тұлға жәбірленушінің алдында жауапты болады.
5. Қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін күштің немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптiлiк көзi арқылы келтiрілген зиянды өтеуге мiндеттi.
Жоғары қауiптiлiк көзінің иесi келтiрiлген зиян үшiн қолданыстағы заңнаманың негiзiнде белгiленетiн мөлшерде жауап бередi.
Адам тарапынан зиян келтірушіні толық бақылау мүмкіндігі болмауынан зиян келтірушінің жоғары қауіптілікті туындататын кез келген қызметі, сондай-ақ осындай сипаты бар өндiрiстiк, шаруашылық және өзге де мақсаттағы заттар мен өзге объектілердi пайдалану, тасымалдау, сақтау жөніндегі қызмет жоғары қауіптілік көзі болып танылады.
Сонымен қатар соттар заңды тұлғалар мен азаматтардың үй (оның iшiнде қызметтік және қарауылдық иттерінің) және жабайы жануарларының зиян келтіруін және бақылаусыз қимылдарын белгілі бір мән-жайларда жоғары қауіптілік көздеріне жатқызуға болатындығын ескеруi тиiс.
6. Жоғары қауіптілік көздерінің іс-қимылымен келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық оларды арнайы мақсатта пайдалану кезiнде де, олардың зиян келтіретін сипаттары өздігінен пайда болған кезде де (мысалы, автокөлiктiң өзiнен-өзi жүрiп кетуi салдарынан зиян келтірілген жағдайда) туындайды.
7. Меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен, жедел басқару құқығымен немесе басқа да негiздермен (жалға алу шарты бойынша, көлiк құралын басқаруға берілген сенімхат бойынша, құзыреттi органның жоғарғы қауіптілік көзін беру туралы өкіміне орай және т.б.) тиесілі жоғары қауіптілік көзін пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе азаматты жоғары қауіптілік көзінің иесi деп тану керек.
Жоғары қауіптілік көзінің иесiмен еңбек қатынастарына байланысты осы көзді басқарып отырған адам (жүргiзушi, машинист, оператор және т.б.) жоғары қауіптілік көзінің иесi болып танылмайды және зардап шеккен жәбiрленушi адамның алдында жауапты болмайды.
Егер автокөлiк кәсiпорындары және басқа да кәсiпорындар автокөліктерін өзiнiң жұмысшыларына, яғни кәсiпорынмен еңбек қатынастарында тұратын, кәсiпорын мүддесiне әрекет ететін адамдарға жалға беру шарты бойынша тапсырса және көлiк құралы кәсiпорынның иелiгiнен іс жүзінде шықпаса, онда келтiрiлген зиян үшiн жоғары қауіптілік көзінің иесi (меншік иесі) ретiнде кәсiпорын жауапты болады.
8. Жоғары қауіптілік көздерінің өзара іс-қимылы салдарынан олардың иелерiнiң денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда, соттар келтiрiлген зиян үшін жауаптылық жалпы негiздер бойынша туындайтынын ескеруi тиіс. Бұл ретте:
бiр иегердiң кiнәсi бойынша екiншi иегерге келтiрiлген зиянды кiнәлi тарап өтейтiнiн;
иегердің ғана кінәсі болған кезде, оған келтірілген зиян өтелмейтінін;
иелердің екеуі де кiнәлi болған жағдайда өтеу мөлшерi әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiне сай мөлшерлес анықталатынын;
жоғары қауіптілік көзінің иелерi бір-біріне өзара зиян келтіргені үшін кiнәлі болмаған жағдайда (оның мөлшерiне қарамастан) олардың ешқайсысының өтемақы алуға құқығы болмайтынын ескерген жөн. Жоғары қауіптілік көздерінің өзара іс-қимылының салдарынан үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда жоғары қауіптілік көздерінің иелері ортақ жауаптылықта болады.
9. Жоғары қауiптiлiк көзiнiң иесi, егер қауiптiлiк көзi оның кінәсінен емес, басқа адамдардың заңға қарсы әрекеттерi салдарынан иесінің иелiгiнен шыққанын дәлелдесе, келтiрілген зиян үшiн жауап бермейдi. Мұндай жағдайларда жоғары қауіптілік көзін нақты иеленген адамдардың жауаптылығы жалпы негiздер бойынша анықталады.
Басқа адамдардың заңсыз әрекеттерiнің салдарынан иесінің иелiгiнен шыққан жоғары қауіптілік көзі зиян келтірген жағдайда, сонымен қатар жоғары қауіптілік көзі иесінің кінәсі де болған (мысалы, жоғары қауіптілік көзі иесінің оның тиiстi түрде сақталуын қамтамасыз етпеген) кезде келтірілген зиян үшін жауаптылық жоғары қауіптілік көзін тiкелей пайдаланып отырған адамға да, оның иесiне де жүктелуі мүмкін. Мұндай мән-жайлар кезінде жауаптылық үлестік тәртіппен жүктеледi.
10. Жәбірленуші мертіккен немесе оның денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болуы мүмкін не анық иелене алатын табыс (кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығыстар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмек сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге және басқалар), егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтелуге жатады.
Бұл ретте соттар жоғалтқан табысты (кiрiстi) анықтау кезiнде мертігуіне немесе денсаулығына өзге де зақым келтiрiлуiне байланысты жәбiрленушiге тағайындалған мүгедектiк бойынша жәрдемақы, денсаулығына зиян келтiрілгенге дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жәрдемақы түрлерi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерi өтеу есебiне қосылмайды. Сондай-ақ жәбiрленушiнiң денсаулығы зақымданғаннан кейiн алатын табысы да есептелуге жатпайды.";
4) 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Соттар өтелуге тиiс жерлеу шығыстарына жерлеуге тiкелей қатысы бар қажеттi шығыстар (табыт жасауға, қайтыс болған адам үшiн киім, гүл шоқтарын сатып алуға, қабір қазуға, марқұмды жерлеу орнына жеткiзуге арналған шығындар және т.б.) ғана жататынын ескеруi қажет. Ескерткiштер мен қоршауларды орнатуға арналған шығыстар да оларды дайындаудың нақты құнының негізінде, бірақ сол жерде орнатылған стандартты ескерткiштер мен қоршаулардың шектi құнынан жоғары емес бағада өтелуге жатады.
Ас беруге байланысты шығыстарды өтеу кезінде спирттік ішімдіктерді сатып алу шығыстары өтелуге жатпайды.
13. Егер мертігуі немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке қабілеттілігінен ішiнара айырылуға әкеп соқтырса, алайда мүгедектiк тобын анықтауға жеткiлiксiз болған жағдайда, залалды өтеу оның еңбек қабiлеттiлiгiнен айырылу деңгейiне сәйкес келетін орташа айлық жалақысының пайызымен жүргізілуге тиiс.
14. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, түзеу мекемесі әкiмшiлiгiнің тапсырмасы бойынша жұмыс iстеген кезде сотталған адамға келтiрiлген зиянды өтеу жалпы негiздер бойынша жүзеге асырылады.
15. Талап қоюды қанағаттандыру кезінде сот шешiмiнде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтiруде немесе асыраушының қайтыс болуына ұйымның, жұмыс берушi-жеке тұлғаның нақты қандай кiнәсi барын көрсетуге тиiс.
Талап қоюды қанағаттандырмаған кезде ұйымның немесе жұмыс берушi-жеке тұлғаның денсаулыққа зиян келтiруде кiнәсiнің жоқ екенiн негiздеу қажет.
16. Зиянды өтеуге ақшалай сомалар жәбірленушіге денсаулығына зақым келтіру салдарынан табысынан (кірісінен) айырылған кезден бастап, ал қайтыс болған адамның асырауындағы адамдарға ол қайтыс болған күнінен бастап, бiрақ сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетiлген мерзiмге зиянды өтеу үшiн берiлген ақшалай сомаларды алу құқығын алған күннен кейін немесе өмiр бойы берiлуге тиiс. Бұл ретте соттар АК-нің 187-бабы 3) тармақшасының ережелеріне сәйкес осындай өтеу құқығы туындаған кезден үш жыл өткеннен кейiн қойылған талаптар - талап қоюды беру алдында үш жылдан асырмай қанағаттандырылатынын ескеруi керек. Сот шешiмiнде берiлген сомалардың нақты есебi, оларды төлеу мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.
17. Жұмыскерге еңбек міндеттерін, әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөнiнде тағайындалған ақшалай сомаларының мөлшерi мына жағдайларда: қайтыс болған адамның отбасы мүшелерi құрамының өзгеруi, жәбірленушінің кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесінің өзгеруі, сондай-ақ күнкөрiс құнының артуына байланысты қайта қаралады. Денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы алатын кәмелетке толмаған жәбірленуші еңбек қызметі басталған жағдайда оның мөлшерін ұлғайту туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.
АК-нің 283-бабының азаматты тiкелей асырап-бағуға ақшалай мiндеттеме бойынша төленетiн сома (өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өмiр бойы асырап-бағу шарты бойынша өтеу және басқалары) инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылатыны туралы талаптарының негізінде залалды өтеу мөлшерін азайту жағына қарай қайта қарауға жол берілмейді.
18. Егер жұмыста мертiгуі ұйымның және жұмыс берушi-жеке тұлғаның кiнәсiнен ғана емес, жұмысшының өрескел абайсыздығынан туындағаны туралы мәлiметтер болған жағдайда, сот сол жазатайым оқиғаны Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 189,190-баптарында айқындалған тәртiппен тергеп-тексеретін комиссияның шешiмiн сұратуға мiндеттi.
Комиссияның жәбірленуші кінәсінің дәрежесі туралы шешімі дәлелдемелердің бірі болып табылады, ол істің барлық материалдарымен бірге АПК-нің 68-бабына сәйкес бағалануға жатады.
Сот жәбірленушінің әрекетінде өрескел абайсыздықты анықтап, зиянды өтеу мөлшерiн оның кiнәсiнің дәрежесіне қарай азайтуға тиiс. Бұл ретте қосымша шығыстарды өтеу кезінде (АК-нің 937-бабы), азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу кезінде (АК-нің 940-бабы), сондай-ақ жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу кезінде жәбірленушінің кінәсі ескерілмейтiнiн соттар назарда ұстағаны жөн.
19. Жоғары қауіптілік көзі арқылы денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қоюды қарау кезінде сондай зиянды өндіруден басқа зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан, моральдық зиян да өтелуге жататыны соттарға түсіндiрiлсiн.
20. Жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмаған бала зардап шегушiнің денсаулығына келтiрген зиянды, кiнәлi болған жағдайда олардың ата-анасы, асыраушылары, қамқоршылары өтейдi.
Атап айтқанда, кәмелетке толмаған балаға тиiстi тәрбие бермеген немесе ол қараусыз қалған жағдайда, оның заңсыз әрекеттерiн құптау кезінде осындай мiндет жүктелуi мүмкiн.
Егер қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заң бойынша өзiнiң қорғаншысы болып табылатын басқа ұқсас мекемеде болған кезде, онда сол мекеме жас баланы тиісінше тәрбиелемеуінен және оны тиісті түрде қадағаламауынан туындаған зиянның оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жас бала келтiрген зиянды сол мекеме өтеуге мiндеттi.
Ата-аналардың, бала асырап алушылардың, қамқоршылардың, оқу орындарының, тәрбиелеу, емдеу және өзге де мекемелердiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi жас баланың кәмелетке толуымен немесе оның зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлiк алуымен тоқтатылмайды.
21. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған бала келтiрген зиянды өтеу туралы iстердi қарау кезінде соттар АК-нiң 22-бабының 4-тармағына сәйкес олар өздерiнiң әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиян үшiн АК-нің ережелерi бойынша жауапты болатынын ескеруi керек. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған баланың зиянды өтеу үшiн жеткілiктi мүлкi немесе өзге кіріс көзi болмаған жағдайда зиянды толық немесе оның жетiспейтiн бөлiгiн өтеу мiндетi кәмелетке толмаған баланың ата-аналарына, оны асырап алушыларына немесе қамқоршыларына, егер зиянның пайда болуына олардың кiнәлi мінез-құлықтары себеп болған жағдайда жүктеледi. Ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының бұл мiндеті зиян келтiрген адам кәмелетке толғаннан кейiн немесе онда зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлiк немесе өзге де кіріс көзi пайда болғаннан кейiн тоқтатылады.";
5) 24, 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Осы қаулының қабылдануына байланысты "Республика соттарының денсаулыққа тиген зиянды өтеу жөніндегі заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1988 жылғы 16 желтоқсандағы № 9 Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының күші жойылды, "Денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" 1986 жылғы 5 қыркүйектегі № 13 КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп танылсын.
25. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
4. "Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 1, 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 5, 2018 жылғы 19 қаңтардағы нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";
2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер құқығы қатынастарын реттейтін мәселелер бойынша заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Жер кодексінен (бұдан әрі - Жер кодексі) және оған сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасының жер, экология, орман, су заңнамасында, жер қойнауы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету, сондай-ақ олармен мәмiлелер жасасу бойынша мүлiктiк қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
Жер кoдексі қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қабылданған, жер қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер Кодекске қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
2. Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады.
Жер құқығы қатынастары деп жер ресурстарын басқаруға, жер учаскелерiн жекелеген субъектiлерге бекітіп беруге, жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыруға байланысты жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастарды түсінген жөн.
Жер құқығы қатынастарынан туындайтын талап қоюға, атап айтқанда: жер учаскелерін беру және оларды алып қою (Жер кодексінің 2, 3, 4, 5, 9-тараулары) жөніндегі мемлекеттік органдар актілерінің заңдылығына дау айту туралы; жер учаскелерін алып қоюға байланысты шығындарды өтеу туралы (Жер кодексінің 2 және 20-тараулары); меншік құқығына және жер пайдалануға дау айту туралы (Жер кодексінің 3 және 4-тараулары); әкімдердің жер учаскелерін беру тәртібіне шағым жасау туралы (Жер кодексінің 43, 44, 44-1, 44-2, 46, 47-баптары); кепіл шартына шағым жасау туралы (Жер кодексінің 8-тарауы); Жер кодексінің 92, 93, 94-баптарына сәйкес жер учаскелерін алып қою туралы; сервитут белгілеу немесе тоқтату туралы (Жер кодексінің 7-тарауы); жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын мемлекеттік актілерді тіркеуден және беруден бас тарту және тағы басқалары туралы талаптар жатқызылады.
3. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 117-бабының 1-тармағына сәйкес жер учаскелері жылжымайтын мүлікке жатады. Осыған байланысты жер учаскелеріне құқық туралы талап қоюлар Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 31-бабының бірінші бөлігіне сәйкес олардың орналасқан жері бойынша сотқа берілуге тиіс.
Тараптары дара кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылатын жер учаскелеріне құқықтар туралы талап қоюды жер учаскесі орналасқан жердегі мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар қарайды.
4. Соттар істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптардың өзара қатынастарының сипатын, даулы құқықтық қатынастардың туындау себебі мен уақытын анықтау, тараптарға жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын беруге ұсыныс жасау қажет.
жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат - осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы, жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтардың (аукциондардың) қорытындылары бойынша хаттама.
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатына қажет жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат.
Сәйкестендіру құжаттарына жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісі, тұрақты жер пайдалану құқығы актісі және уақытша жер пайдалану (өтеулі, өтеусіз) жер пайдалану құқығы актісі жатады.
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы дайындайды және береді.
Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерiстер болмаған жағдайда мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, тек жер-кадастр кітабына және жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтерді енгізеді.
Жер учаскесіне құқықтардың ауысқаны туралы мәліметтерді енгізу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдардың негізінде жүргізіледі.
Жер кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген жер учаскелеріне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жер учаскелеріне құқықтардың өзгерістері ескеріле отырып, заңды күшін сақтайды.
Мұндай құжаттарды Жер кодексіне сәйкес жер учаскелеріне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға ауыстыру құқық иеленушілердің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
5. Соттар жер учаскесін жеке меншікке немесе пайдалануға беру туралы, сондай-ақ оны алып қою туралы Жер кодексінің 16, 17, 18, 19-баптарының талаптарына сәйкес шешім қабылдаған жергілікті атқарушы органның өкілеттігін тексеруге тиіс. Әкім жер учаскесін беру кезінде өз өкілеттігін асыра пайдаланған жағдайда, сот оның шешімін заңда көзделген негіздер бойынша және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі - ӘРПК) белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тануы мүмкін.
Осы мақсатта сот жер учаскесінің орналасқан жері мен шекараларын анықтайды, нақты кенттің, қаланың, ауданның немесе облыстың аумағына кіретін жерге құқық белгілейтін құжаттарды тексереді.
6. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 26, 29, 30, 33-баптарына сәйкес әкім азаматтармен, заңды тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің мүдделерiн бiлдiредi. Демек жер учаскелерін беру немесе оларды алып қою жөніндегі шешімдер мен әрекеттерге дау айтылған кезде іс бойынша тиісті аумақтық бірліктің әкімі тарап болып табылады. Егер дау қоғамдық құқық қатынастарынан туындаған жағдайларда, онда ол мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың соттылығына жатады; егер дау жеке құқық қатынастарынан туындаса, ал екінші тарап - жеке тұлға, оның ішінде заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға болса, онда мұндай талап қоюлар мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың соттылығына жатады, егер екінші тарап - жеке тұлға болып табылса, онда талап қоюлар жалпы юрисдикциядағы соттардың соттылығына жатады.
7. АК-нің 118-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы АК-де және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы заң) көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркелуге жатады.
АК-нің 195-бабының 1-тармағына сәйкес меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға жердi пайдалану құқығы; шаруашылық жүргiзу құқығы; жедел басқару құқығы; бөтен жылжымайтын мүлікті шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут); АК-де немесе өзге заңнамалық актiлерде көзделген басқа да заттық құқықтар жатады.
Егер АК-де және Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы заңда өзгеше белгіленбесе, жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқық ауыртпалықтары) мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап туындайды, өзгереді және тоқтатылады.
Жер учаскесiне, тұрақты және ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығына өндiрiп алуды қолдану кезінде тiркеу объектiлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады (АК-нің 320-бабы, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы, "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы және т.б.).
8. Сол бір жер учаскесіне екі және одан да көп меншік иелерінің (жер пайдаланушыларының) меншік құқығының туындағаны, сондай-ақ аралас жер учаскелері шекарасының бұзылғаны туралы дауды шешкен кезде соттар Жер кодексінің 43-бабында белгіленген талаптарды назарға алу керек. Жерді бөліп беру тәртібін сақтау қажет болған жағдайда тараптардың әрқайсысында жерге құқықтардың туындау негіздерін, сонымен қатар құқық белгілейтін құжаттарды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу хронологиясын тексеру керек.
Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағына сәйкес жер учаскесін пайдалану және оған билік ету үшін оның нақтылы (белгілі бір жердегi) шекарасын белгілеу және құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу қажет.
Соттар атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы өз шешімін онда көрсетілген талаптар орындалғанға дейін, мәселен, тұлға жер учаскесіне мемлекеттік акті алғанға дейін, өзгертуі немесе оның күшін жоюы мүмкін екенін назарға алуы керек. Аталған құжаттарды алған кезден бастап жер пайдаланушы жеке меншік, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану түрінде жер пайдалану құқығына ие болады, сондықтан, құқық туралы туындаған дау сот тәртібімен ғана шешілуі мүмкін.
Сол бір жер учаскесіне немесе учаскенің бір бөлігіне мәні тең құқықтар болған жағдайда соттар азаматтық заңнамаға сәйкес құқықтың туындау күні бойынша белгіленетін жылжымайтын мүлікке бұрын туындаған құқықтардың басымдығын негізге алуға тиіс.
Учаскелердің алғашқы иелері болып табылмайтын көршілес учаскелер иелерінің арасындағы дауда жер учаскелерінің шекаралары бір-біріне қабаттастырып орналасқаны анықталса, соттар учаскелердің тарихи қалыптасқан шекарасын негізге алуға тиіс. Екі жер учаскесінің меншік иелерінің арасындағы дау басқа адамдар құқықтарының бұзылуына алып келмеуге тиіс. Сот шешімдері өзге жер учаскелері меншік иелерінің арасында жаңа сот дауларының туындауына ықпал етпеуі керек.
Егер сот жер учаскесіне құқық туралы даудың Жер кодексінің 43-бабында жазылған жер учаскесі шекарасының бір-біріне қабаттастырып орналасуына алып келген, белгілі бір жердегі жер учаскесінің шекараларын дұрыс белгілемеу немесе жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын тиісінше ресімдемеу салдарынан жер учаскелеріне құқық беру тәртібін бұзу нәтижесінде туындағанын анықтаса, онда мұндай дау ӘРПК-де белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органның шешіміне дау айту тәртібімен қаралуға тиіс.
9. Ғимаратқа (құрылысқа, құрылысжайға) меншiк құқығы не шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы, Жер кодексінде көзделген жағдайларды (Жер кодексінің 52-бабы) қоспағанда, аталған ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) орналасқан жер учаскесiне заңнамада белгiленген тәртiппен тиiсiнше меншiк құқығына не тұрақты жер пайдалану құқығына немесе уақытша ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығына алып келеді. Жер учаскесіне аталған құқықтар Жер кодексінің 23, 34, 37-баптары талаптарының тәртібімен әкімнің шешімі негізінде жер учаскесінің иесіне жерге және оны тіркеуге мемлекеттік акт берген кезде туындайды. Жер учаскесі және оған тұрғызылған ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) бір-бірімен тығыз байланысты. Осыған байланысты жылжымайтын мүлік тиісінше иеліктен шығарылмай, ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) орналасқан, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған жер учаскесiн иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.
10. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негiздерi Жер кодексінің 81-бабында көзделген.
Жоғарыда көрсетілген баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, меншiк иесiнен жер учаскесiн және жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын олардың келісімінсіз алып қоюға жол берілмейді.
Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын және игерілмеген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып пайдаланылған жер учаскелерін Жер кодексінің 92, 93-баптарының негізінде және аталған нормативтік құқықтық актінің 94-бабында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жол беріледі.
Соттар меншік иесінің немесе жер пайдаланушының нақты қандай бұзушылықтарға жол бергенін, оларды қашан және кім анықтағанын, олар жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою үшін негіз болатын-болмайтынын, жол берілген бұзушылықтардың салдарларын жою үшін қандай шаралар қабылданғанын анықтағаны жөн.
Соттар әкімшілік жазалау шаралары көзделмеген бұзушылықтар бойынша Жер кодексінің 92 және 93-баптарында көзделген жағдайда, жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап қою жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға берілген Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқаманың мерзiмi өткеннен кейiн қойылатынын ескеруі қажет.
Жер кодексінің 92-бабы 2-тармағының күші уәкілетті орган жер учаскелерін алғашқы берген кезден бастап, сондай-ақ одан кейін азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша иеліктен шығару нысанасы болған жер учаскелеріне қолданылады. Соттар осы санаттағы істерді қарау барысында алғашқы және кейінгі меншік иелерінің жер, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген-жүргізбегенін, құрылыс жұмыстарын жүргізуге, эскиз жобасына уәкілетті органдардың рұқсаты алынған-алынбағанын тексеруге, жер учаскелерін уақтылы игермеу себептерін тексеруге тиіс.
11. АК-нің 267-бабына сәйкес, егер мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңнамаға сәйкес келмейтiн нормативтік немесе жеке акті шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа тұлғалардың мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi құқықтары бұзылса, мұндай акт сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады. Аталған актілерді шығару салдарынан меншiк иесiне келтiрiлген шығынды тиiстi мемлекеттік орган тиiстi бюджет қаражатынан толық көлемде өтеуге тиiс. Осындай негіздер бойынша меншік иесіне және жер пайдаланушыға келтірілген шығын (Жер кодексінің 165-бабы) толық көлемде өтелуге тиіс. Бұл ретте, жер заңнамасында меншік иесіне және жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеу ерекшеліктері белгіленгенін ескеру қажет. Сондықтан, соттар жер құқықтық қатынасын назарға алып және келтірілген зияндарды өтеу тәртібін айқындай отырып, Жер кодексінің 166-бабының ережелерін және азаматтық заңнаманың жалпы ережелерін басшылыққа алу керек.
12. Жер кодексінің 53-бабына сәйкес жер учаскесі екі немесе бірнеше тұлғаның ортақ меншігінде немесе ортақ жер пайдалануында болуы мүмкін. Өз кезегінде жер учаскесіне ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану әрбір меншік иесінің және жер пайдаланушының үлестері анықталып, үлестік меншік немесе үлестік жер пайдалану нысанында немесе үлестері анықталмай, ортақ бірлескен меншікте, бірлескен жер пайдалануда болады.
Осы ережені ескере отырып, соттар жер учаскесін бөлу немесе пайдалану тәртібін айқындау туралы талап қоюларды қараған кезде Жер кодексінің 54-60-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескеруі қажет.
Соттар шаруа қожалығының мүшесі оның құрамынан шыққанда жер учаскесін бөліп шығаруға байланысты талап қоюларды қараған кезде шаруа қожалығына берілген жер учаскесі, егер шартта өзгеше көзделмесе, ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік жер пайдалану құқығында не ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік меншік құқығында болатындығын назарға алуы керек. Осыған байланысты соттар Жер кодексінің 54-59-баптарының талаптарына сәйкес жер учаскесіне меншік немесе жер пайдалану нысанын, шаруа қожалығы мүшелері арасындағы шарт талаптарын және жер учаскесін бөліп шығару туралы мәселені шешу үшін өзге де мән-жайларды анықтау керек.
Соттар шаруа қожалығының мүшесі оның құрамынан шыққан кезде жер учаскесін бөліп шығаруға байланысты талап қоюларды қараған кезде шаруа қожалығына берілген жер учаскесі, егер шартта өзгеше көзделмесе, ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік жер пайдалану құқығында не ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік меншік құқығында болатынын назарға алуы керек.
13. Соттар бірлесіп иеленушілердің арасындағы ортақ учаскені пайдалану тәртібі бұрын анықталғаннан кейін туындаған ортақ бірлескен меншік құқығындағы немесе ортақ бірлескен жер пайдалану құқығындағы жер учаскесін пайдалану тәртібі туралы дауларды қарау кезінде бірлесіп иеленушілердің біреуінің ортақ меншіктегі өзінің үлесін үйге жапсарлас салу, үстіне салу және қайта салу жолымен көбейту жер учаскесінің мөлшерін өзгертуге негіз болып табылмайтынын ескеру керек. Меншік иесінің біреуі тұрғын үйдің бір бөлігін басқа біреуге иеліктен шығарған жағдайда соның ішінде оның бір бөлігі мұраға қалдыру, сыйға тарту немесе өзгеше түрде өткенде, егер үйдің басқа иелерінің құқықтарына нұқсан келтірілмесе, пайдалану тәртібі жаңадан айқындалуы мүмкін. Егер үй иелерінің біреуі құрылыстың өзіне тиесілі бөлігін үшінші тұлғаның пайдасына иеліктен шығарса, онда бұрын белгіленген жер учаскесін пайдалану тәртібі жаңа меншік иесі үшін де міндетті болады ("Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94-І Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы (бұдан әрі – Тұрғын үй қатынастары туралы заң).
14. Жеке тұрғын үй құрылысының ортақ жер учаскесін пайдалану тәртібін айқындау туралы дау бойынша шешім шығарылған кезде шешімнің қарар бөлігінде: тараптардың әрқайсысына берілетін учаскелердің мөлшері және шекаралары; ортақ пайдаланылатын жер учаскелерінің мөлшері және шекаралары, үйге, қора-жайларға, ғимараттарға учаскелер арқылы өтетін өтпелердің мөлшері мен шекаралары және назар аударуға тұратын басқа да мән-жайлар көрсетілуге тиіс.
15. Соттар кондоминиумнің жеке мүшесіне жер учаскесін нақтылы бөліп беру мүмкін еместігін, өйткені Жер кодексінің 62-бабына, Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 31-бабына сәйкес, кондоминиумнің құрамына кіретін жер учаскесі қатысушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі екенін назарға алуы тиіс. Бұл ретте, үй-жайдың әрбір меншік иесі немесе тұрақты пайдаланушысы (жалдаушысы) жер учаскесін тұрмыстық қажеттіктерді қанағаттандыру үшін ғана пайдалануға құқылы.
16. Соттар өз бетінше басып алынған жерлерді қайтару және өз бетінше салынған құрылыстарды бұзу туралы талап қоюларды қарау кезінде АК-нің 244-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер заңнамасының, ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманың және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының талаптарын ескеруге тиіс.";
3) 17-тармақтағы "заттық" деген сөз "заттай" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 17-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17-1. Жер кодексінің 43 және 48-баптарының ережелеріне қатысты соттар сауда-саттықтарды (конкурстар, аукциондар) өткізбестен, мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқық беру Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылатынын назарға алуы тиіс.";
5) 17-2 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Соттар жалға алушы немесе меншік иесі келіспеген жағдайда мақсаты бойынша пайдаланылмауына не заңнаманы бұзып пайдалануына байланысты жер учаскесін жалдау және сатып алу-сату шартын бұзу сот тәртібімен жүргізілуі мүмкін емес екенін ескеруге тиіс, өйткені Жер кодексінің 92 және 93-баптарында жер учаскесін мәжбүрлеп алып қоюдың арнайы рәсімі айқындалған.";
6) 18, 19, 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Шартты жер үлесі құқығына байланысты даулардың барлығы сот тәртібімен қаралуға жатады. Бұл ретте, егер иеленуші шартты жер үлесіне құқығын 2011 жылғы 20 шілдеге дейін қолданыста болған Жер кодексінің 170-бабының 4-тармағында белгіленген мерзім ішінде – 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырмаса, онда оның шартты жер үлесіне құқығының күші жойылады, ал жер учаскесі аудандық (қалалық) атқарушы органның шешімімен іске асырылмаған шартты жер үлестерінің есебінен арнайы жер қорына есепке жатқызылуға тиіс екенін ескеру қажет.
Шартты жер үлесіне құқығы бар жеке тұлғалар өз құқығын: жер учаскесін жеке меншікке сатып алу; шаруа немесе фермер қожалықтарын немесе тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін дербес жүргізу үшін жер учаскесін уақытша ортақ немесе бөлек жер пайдалануға алу; шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру жолымен өз құқықтарын заңдастыруға міндетті болғаны түсіндірілсін.
Шартты жер үлесiнiң иесі шаруа немесе фермер қожалығын құру үшiн шаруашылық серіктестікке қатысушылар құрамынан шыққан кезде, үлестi немесе пайды, жер учаскесiн қоса алғанда, үлесті нақтылы бөлiп шығаруға (бөлуге) не үлестің немесе пайдың құнын төлеуге құқығы бар. Бұл ретте нақтылы бөлiнетiн жер учаскесiнiң орналасқан жерi Жер кодексінің 54-бабында, 101-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген тәртiппен айқындалады.
19. Азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар Жер кодексінің 20-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектілері бола алады.
Бұл ретте, соттар жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде оның меншік құқығын тоқтату Жер кодексінде көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырылатынын назарға алуы тиіс.
Шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды (мемлекеттік емес) тұлғаларға жер учаскелерін жеке меншікке беру туралы мәселені шешкен кезде соттар Жер кодексінің 23-бабының 4-тармағын басшылыққа алу керек. Жер кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.
20. Бөтен жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану, оның iшiнде жаяу өту, көлiкпен өту, қажеттi коммуникацияларды тарту және пайдалану, аңшылық және балық шаруашылықтары және өзге де мұқтаждар үшiн пайдалану құқығы сервитут болып табылады.
Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы тек Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана мүдделі жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығын беруге міндетті.
Бөтен жер учаскесін шектеулi мақсатта пайдалану құқығы (сервитут) тікелей нормативтік құқықтық актіден, мүдделі адамның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен жасаған шартының негізінде, жергілікті атқарушы органның актісінің негізінде, мүдделі адам тарапынан сервитутты белгілеу туралы талап берілген жағдайда шығарылатын сот шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда туындауы мүмкін.
Сервитутты мемлекеттік тіркеу негіздері мен тәртібі Жер кодексінің 75-бабында көзделген.
Жеке сервитуттың негізінде жасалуы міндетті болып табылатын шарт болады, сондықтан осы құқықтық қатынастарға АК-нің 399-бабының ережелері қолданылуға тиіс.
Соттарға сервитутты белгілеу туралы істерді қарау кезінде талап қоюшының талабы нақты қандай мұқтаждарды қанағаттандыруға бағытталғаны және олардың сервитутты, оның ерекше сипатын ескере отырып, белгілеу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін қажеттіліктерге қатысы бар-жоғы туралы мәселені зерттеуі тиіс екендігі түсіндірілсін.
Сот мүдделері үшін сервитут белгіленген тұлғалардың ақы төлеу мөлшерін айқындау кезінде маманды тартуға, жер учаскесін пайдалануға қатысты тараптардың қалыптасқан белгілі бір өзара қарым-қатынастарын (сервитут белгіленгенге дейін), iскерлiк айналым әдет-ғұрпын назарға алуға, дауларды әділдік пен парасаттылық өлшемшарттарының негізінде шешуге құқылы.
Ақы төлеу мөлшері тараптардың келісімі бойынша, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда соттың шешімімен өзгеруі мүмкін.";
7) 22, 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"22. "Соттардың жер туралы заңдарды қолдану тәжірибесінің кейбір мәселелері туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы № 2 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулысының күші жойылды деп танылсын.
23. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
5. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер жөніндегі заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2008 жылғы 10 шілдедегі № 2 (2010 жылғы 25 маусымдағы № 3, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2, 2018 жылғы 29 маусымдағы № 11 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"2008 жылғы 10 шілдедегі № 2 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы.";
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерге қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы біркелкі қолдану және қатысушылардың үлестеріне қатысты дауларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";
3) 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I" деген сөздер "1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 1-1-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлға ретінде, оның атынан органы шешім қабылдайтын серіктестік;";
төртінші абзацтағы "байқау кеңесінің" деген сөздер "байқаушы кеңестің" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"АПК-нің 27-бабы бірінші бөлігінің 1) – 10) тармақшаларында санамаланған корпоративтік дауға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәсілдері толық болып табылмайды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде құқықтарды қорғаудың өзге де тәсілдері көзделуі мүмкін.";
тоғызыншы абзацтағы "Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V" деген сөздер "2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 2 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы серіктестік құрылтайшыларының (қатысушыларының) АК-нің 115-бабының 2-тармағында, 117-бабында және Заңның 23-бабының 3-тармағында санамаланған мүлкінен және мүліктік құқықтарынан, оның ішінде жеке тұлғаның шартты жер үлесіне құқығын енгізуден қалыптасады. Шартты жер үлесiне құқық Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 103-бабының 5-тармағында белгіленген тәртіппен берілген куәлікпен расталуға тиіс.
Шартты жер үлесіне құқық деп жекешелендірілген ауыл шаруашылығы ұйымы қызметкерінің және өзге де тұлғалардың жекешелендіру туралы заңнамалық актілерде көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жекешелендірілген ауыл шаруашылығы ұйымының жер пайдалану құрамында бұрын болған жер учаскесін нақтылы алу құқығы түсініледі.
Мыналарды:
1) жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері нөлдік деңгеймен айқындалатын шағын кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын;
2) жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалатын микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды;
3) жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында айқындалатын төлем ұйымы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қоспағанда, жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынылған күнге республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне баламалы сомадан кем болмайды.
Өз үлесін мерзімінде енгізбеген қатысушы үлесін енгізбеумен серіктестікке келтірген залалды өтеуге, сондай-ақ егер серіктестіктің құрылтай шартында немесе жарғысында өзгеше көзделмесе, серіктестікке АК-нің 353-бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
ЖШС-ның жарғылық капиталына өзінің капиталы есебінен енгізілген үлес немесе оның бөлігі Заңның 31-бабында көзделген тәртіппен қалған қатысушылар арасында бөлінуі немесе үшінші тұлғалардың сатып алуына ұсынылуы мүмкін (Заңның 24-бабының 3, 4-тармақтары).
Егер Заңның 24-бабының 2-тармағымен бекітілген мерзімде салымның енгізілмеген бөлігі сатылмаса, серіктестіктің жарғылық капиталы осы сомаға азайтылуға жатады және қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері соған сәйкес өзгереді. Осы жағдайда, егер жарғылық капиталдың мөлшері жүз еселенген айлық көрсеткіштен кем соманы құраса, онда қатысушылар бір жылдың ішінде жарғылық капиталға тиісті қосымша салымдарды енгізуге тиіс. Өзге жағдайда серіктестік уәкілетті мемлекеттік органның не ЖШС-ға қатысушының арызы бойынша соттың шешімі негізінде таратылуға жатады.
Аталған қағида жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері нөлдік деңгеймен айқындалатын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына қолданылмайды.
2-1. Серіктестіктің жарғылық капиталына қатысушының үлесі ретінде енгізілетін жылжымайтын немесе жылжымалы заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде шартты жер үлесіне құқық серіктестіктің барлық құрылтайшыларының келісімі немесе серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша міндетті түрде ақшалай бағалануға тиіс. Салым құны жиырма мың айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне балама сомадан асқан жағдайда бағалаушы қатысушының үлесін растауға тиіс.
Бағалаушының қорытындысы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 133-VI Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Салымды бағалау жөніндегі шығыстарды салымды ақшалай бағалауға мүдделі серіктестік құрылтайшысы (қатысушысы) өтейді.";
6) 2-2-тармақтағы "тиіс" деген сөз "жатады" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 2-3 және 3, 4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2-3. Егер тұлғаға меншік құқығымен тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері тұрғызылған жер учаскесі серіктестіктің жарғылық капиталына үлес ретінде енгізілсе, онда жер учаскесі де, сондай-ақ сол жерде тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектілері де ақшалай бағалануға тиіс.
Егер жер пайдалану құқығы серіктестіктің жарғылық капиталына үлес ретінде енгізілсе, ал сол жер учаскесінде серіктестік шаруашылық қызметінде пайдаланатын жылжымайтын мүлік объектілері тұрғызылған болса, онда жер пайдалану құқығы да, сондай-ақ көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты жалдау ақысының мөлшері де ақшалай бағалануға жатады.
3. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, әрбір қатысушы салымының жарғылық капиталдың жалпы сомасына арақатынасы оның жарғылық капиталдағы үлесі (бүтіннің бөлігі түрінде немесе пайызбен) болып табылады. Серіктестікке жаңа қатысушылардың қабылдануына немесе бұрынғы қатысушылардың қайсібірінің шығуына байланысты жарғылық капиталдың мөлшерінің қандай да бір өзгеруі қатысушылардың қабылдануы немесе шығуы сәтіндегі жарғылық капиталдағы үлестерін тиісінше қайта есептеуге әкеп соғады.
Барлық қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері және тиісінше олардың шаруашылық серіктестік мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлес), егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың жарғылық капиталдағы салымдарына пропорционалды болады. Бұл ретте, қатысушылардың мүліктегі үлестері заттық емес, міндеттемелік сипатта болады. Бұл:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдалану құқығы немесе шартты жер үлесіне құқық жарғылық капиталға үлес ретінде енгізілген жағдайларды қоспағанда, серіктестіктің мүлкі қатысушылардың меншік құқығына тиесілі болмайтынын;
АК-нің 80-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, қатысушылар ЖШС-ның мүлкіндегі үлесін заттай бөліп беруді талап етуге құқылы еместігін білдіреді.
Қатысушының ЖШС-ның жарғылық капиталындағы үлесі оның серіктестікпен қатынасындағы құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын және оның ЖШС-ның мүлкіндегі үлестерін білдіреді, ол:
ЖШС-ның кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін материалдық база қалыптастыруға;
ЖШС-ның кредиторлардың алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуге;
үлес иесінің ЖШС-ның таза кірісінен тиісті үлесін алуын қамтамасыз етуге;
қатысушының (үлес иесінің) ЖШС-ның іс басқаруына қатысуына құқық беруге;
қажет болған жағдайда үлес иесінің өз үлесін іскерлік әріптестерімен есеп айырысу кезінде төлем құралы ретінде пайдалануына (сату, сенімгерлік басқаруға, кепілге беру және т.с.с);
оның иесінің ЖШС таратылған жағдайда өз үлесінің тиісті құнын және кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлік бөлігінің құнын алуға немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бөлігін заттай алуға құқығы болуына негізделеді.
4. Жарғылық капиталға өз салымын салмаған ЖШС-ға қатысушының үлесін серіктестік жарғылық капиталға өз капиталының есебінен енгізгеннен (Заңның 24-бабының 3-тармағы), басқа қатысушылардың арасында бөлінгеннен немесе үшінші тұлғалар сатып алғаннан не ЖШС жарғылық капиталды азайтқаннан кейін ғана серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы шешімінің негізінде ол үлеске құқығын жоғалтуы мүмкін. Қатысушының жарғылық капиталға салым салмау фактісінің өзі құрылтайшыны қатысушылар қатарынан сот тәртібімен шығаруға негіз болып табылмайды.
Өз салымын салған ЖШС-ға қатысушы үлеске құқығын мәжбүрлеп сатып алу жолымен ғана жоғалтуы мүмкін.
Кез келген негіздер бойынша үлеске құқығын жоғалту қатысушының ЖШС-дан шығуына әкеп соғады.
5. Серіктестік жалпы жиналыстың шешіміне сәйкес мынадай жағдайларда:
ол серіктестікке немесе оған қатысушыларға елеулі зиян келтірсе (Заңның 34-бабының 2, 3-тармақтары, 43-бабы 2-тармағының 9) тармақшасы);
қатысушы заңнамалық актілерде немесе құрылтай құжаттарында белгіленген (АК-нің 82-бабы) серіктестіктің алдындағы өз міндеттерін бұзса, қатысушының үлесін сот тәртібімен мәжбүрлеп сатып алуды талап етуге құқылы.
Серіктестікке немесе оның қатысушыларына келтірілген елеулі зиян деп ЖШС немесе оның қатысушылары үшін салдарын жою қиынға түсетін немесе мүмкін болмайтын зиянды түсінген жөн.
Соттар ЖШС-ға немесе оған қатысушыларға келтірілген зиян елеулі болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселені шешкен кезде әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларын, оның ішінде зиян келтіруден туындаған салдарды, зиян келтірілгенге дейінгі немесе одан кейінгі ЖШС-ның мүліктік жағдайын, оның салдарын жоюға қажет болған уақытты ескеруге тиіс. Соттың осы мәселе бойынша түйіндері уәжді болуға тиіс.
Үлесі мәжбүрлеп сатып алынатын серіктестікке қатысушы осы мәселе бойынша жалпы жиналыстың жұмысына қатысуға және Заңның 42-бабының 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес өз пікірін білдіруге құқылы, бірақ дауыс беруге қатыспайды және есептеу кезінде оған тиесілі дауыс саны ескерілмейді (Заңның 48-бабының 2-тармағы). Үлесі мәжбүрлеп сатып алынатын серіктестікке қатысушы жалпы жиналыстың осындай шешіміне шақыру рәсімінің және жалпы жиналысты өткізу тәртібінің бұзылу негіздері бойынша ғана дау айтуға құқылы. Серіктестікке қатысушының үлесті сатып алу негіздерімен келіспейтіндігі туралы дәлелдері серіктестіктің үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы талап қоюын қарау кезінде бағалануға жатады.
Заңның 11, 12, 42-баптарының ережелеріне сәйкес қатысушы Заңда және серіктестіктің жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің істерін басқаруға қатысуға құқылы. Егер заңнамалық актілерде, құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, онда серіктестікке қатысушының жалпы жиналыстың жұмысына қатысуын қамтамасыз етпеуі ғана оның үлесін мәжбүрлеп сатып алу үшін жеткілікті негіз бола алмайды.
Сонымен қатар, егер құрылтай құжаттарында қатысушыға серіктестіктің ісіне қатысу міндеті жүктелген болса (Заңның 12-бабының 2-тармағы) және қатысушының осы міндетті бұзуы (серіктестіктің қызметіне және оның тиісті жұмыс істеуі үшін қажетті шешімдер қабылдауына кедергі келтіретін, Заңның 47-бабының 4-тармағына сәйкес жалпы жиналыстың шешімдер қабылдау заңдылығына әсер ететін оның үлесінің мөлшеріне байланысты) серіктестікке елеулі зиян келтірсе немесе оны өзге де жағымсыз салдарға алып келсе, онда серіктестік мұндай қатысушының үлесін "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп сатып алуды сот тәртібімен талап етуге құқылы. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда мәжбүрлеп сатып алынатын үлестің бағасын сот халықаралық стандарттардың негізінде тәуелсіз бағалаушы анықтаған нарық құны бойынша белгілейді (Заңның 34-бабының 3-тармағымен ұқсастығы бойынша).";
8) 6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңның 22-бабының 1-1-тармағы, АК-нің 42-бабының 6-тармағы талаптарының негізінде серіктестікке қатысушылар тiзiлiмiне жазба енгiзілмей (оны жүргiзуді орталық депозитарий жүзеге асырады) не тиісінше заңды тұлға қайта тіркелмей, жаңа қатысушыны қабылдау және қатысушылар құрамындағы өзгерістер жарамсыз болып табылады.";
9) 7, 8, 9, 10 және 10-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. ЖШС-ға қатысушы серіктестіктің мүлкіндегі өз үлесіне (оның бөлігіне) Заңда белгіленген тәртіппен билік етуге құқылы.
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының өз үлесін (оның бір бөлігін) иеліктен айырып, үшінші тұлғаға беруіне, қатысушының басқа қатысушы немесе үшінші тұлға алдындағы міндеттемесін қамтамасыз ету үшін үлесті (үлестің бір бөлігін) кепілге беруіне жол беріледі. Жарғылық капиталға салым толық төленгенге дейін мұндай иеліктен шығаруға салым төленіп қойылған бөлігінде ғана жол беріледі. Құрылтай құжаттарында үлесті үшінші тұлғаға сатуға тек белгілі бір шарттар сақталғанда ғана жол берілетіндігі көзделуі мүмкін (Заңның 29-30-баптары).
8. Егер ЖШС-ға қатысушы ұсынған шарттар бойынша басқа қатысушылар және ЖШС оның үлесін сатып алудан бас тартса, ол үлесін сатуға немесе өзге жолмен үшінші тұлғаға беруге құқылы. Үшінші тұлға деп қатысушы өз үлесін сатқан кезде серіктестіктің қатысушысы болып табылмайтын кез келген тұлғаны түсінген жөн.
Қатысушы өз үлесін сатқан кезде серіктестікке қатысушы болып табылмайтын кез келген адамды үшінші тұлға деп түсінген жөн. Егер ЖШС-ға қатысушы үлесін үшінші тұлғаларға беру үшін иеліктен шығармаса, онда иеліктен шығарудың шарттары өзгерген жағдайда ол басқа қатысушыларға немесе ЖШС-ға үлесін сатып алуға қайтадан ұсынуға міндетті (үлесті сатып алудың басым құқығы). Басқа қатысушылар мен ЖШС жаңа шарттар бойынша үлесті сатып алудан бас тартқаннан кейін ғана қатысушы оны үшінші тұлғаға қайтадан ұсына алады. Бұл тәртіпті сақтамау мүдделі тұлғаның талап қоюы бойынша мәмілені заңсыз деп тануға әкеп соқтыруы мүмкін.
Үлесті (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға басым құқықты бұза отырып сатқан кезде жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң кез келген қатысушысы сатылған күннен бастап үш ай iшiнде өзiне сатып алушының құқықтары мен мiндеттерiн аударуды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы (АК-нің 80-бабының 2-тармағы, 180-бабының 1-тармағы). Осы негіз бойынша мәмілені жарамсыз деп тану туралы қойылған талап қою қанағаттандырылуға жатпайды.
Қатысушының үлесін сатып алу міндеті ЖШС-ға жүктелуі мүмкін емес.
Сонымен бірге, егер ЖШС-ның құрылтай құжаттарына сәйкес қатысушының үлесiн (оның бiр бөлiгiн) үшiншi тұлғаларға иеліктен шығару мүмкiн болмаса, ал серiктестiктiң басқа қатысушылары оны сатып алудан бас тартса, онда АК-нің 80-бабының 3-тармағына сәйкес қатысушыға оның нақты құнын төлеуге не оған сондай құнға сәйкес заттай мүлiк беру мiндетi ЖШС-ға жүктелуі мүмкін.
Егер серіктестіктен шығатын қатысушының үлесін ЖШС өзі сатып алған жағдайда үлес бағасын тараптардың келісімі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда сот белгілейді (Заңның 32-бабының 3-тармағы). Сот үлестің бағасын анықтау кезінде бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган халықаралық стандарттар негізінде белгіленген талаптарға сай келетін бағалаушы айқындаған нарықтық бағасын ескереді (Заңның 34-бабының 3-тармағымен ұқсастығы бойынша).
9. ЖШС-ның қатысушылары өтеусіз мәмілелер (сыйға тарту, өсиет) бойынша қатысушының үлесін сатып алудың басым құқығын иеленбейді.
10. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы өз қалауы бойынша сол серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына серіктестік мүлкіндегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін сатуға немесе өзге де жолмен беруге құқылы. Бұл ретте, Заңның 28-бабының 3-тармағында көзделген жағдайдан басқа, мұндай мәміле жасауға қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі, ЖШС-ның немесе басқа қатысушылардың келісімі талап етілмейді.
10-1. Жерді пайдалану құқығының серіктестікке қатысушыға берілген мерзімі аяқталуына байланысты тоқтатылуы, сондай-ақ шартты жер үлесіне құқықты серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде енгізген қатысушының серіктестіктен шығуы серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерінің азаюына әкеп соғады. Мұндай жағдайда серіктестіктің қалған қатысушылары Заңның 27-бабында көрсетілген шешімдерді қабылдауға және әрекеттерді жасауға міндетті.";
10) 10-2-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңның 48-бабында белгіленген тәртіппен серіктестікке қатысушылардың келісімімен бөліп беру жағдайларын қоспағанда, ауыл шаруашылығының егістік жұмыстарын жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі нақтылы бөліп берілмейді (қайтарылмайды).";
төртінші абзацтағы "оқшаулап" деген сөз "иеліктен шығарып" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 10-3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Серіктестіктің жарғылық капиталына шартты жер үлесіне құқықты енгізген серіктестікке бірнеше қатысушылар серіктестіктің құрамынан шығуға және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жаңа серіктестік, өндірістік кооператив немесе өзге де ұйым құруға құқылы. Мұндай жағдайда серіктестіктің жерінен бөліп шығарылуға жататын жер учаскесі мөлшері бойынша осындай қатысушылардың шартты жер үлесіне құқығының жиынтық мөлшеріне сәйкес келуге тиіс.";
12) 10-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10-4. Қатысушының серіктестіктің құрамынан шығу және шаруа (фермер) қожалығын құру немесе өзге де ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін нақтылы жер учаскесін бөліп шығару (бөлу) туралы арызы құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында қаралуға жатады. Арызда бөлінуі сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан жергілікті жері көрсетілуі тиіс.
Жер учаскесінің орналасқан жері деп серіктестіктің жер пайдалану құрамындағы бөліп шығаруға сұратылып отырған учаскенің сәйкестендіру құжаттарына сәйкес орналасқан жерін түсіну керек. Үлес есебіне бөлінетін нақтылы жер учаскесінің орналасқан жері, сонымен қатар серіктестіктен шығатын қатысушының бөлінетін жер учаскесінде шыққан шығындарды серіктестікке өтеуі серіктестіктің құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімінде көзделген тәртіппен серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында анықталады.
Құрылтай құжаттарында жер учаскесін бөліп шығару (бөлу) тәртібі көрсетілмеген жағдайда Жер кодексінің 101-бабы 4-тармағының нормалары қолданылады (Жер кодексінің 101-бабының 3-тармағы). Осы құқық нормасында белгіленген жер учаскесін бөлу тәртібі серіктестікке қатысушылардың жер учаскесін бөліп беру туралы шешімді қабылдау жөніндегі айрықша құзыретіне әсер етпейді.";
13) 10-5-тармақта:
бірінші абзацтағы "шағымдануға" деген сөз "шағым жасауға" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Аталған дау бойынша істі сотта қарауға дайындау барысында сот сұратылып отырған жерден жер учаскесін нақтылы бөліп шығару мүмкіндігі туралы жер қатынастары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган маманының қорытындысын алуға тиіс. Бұл ретте, жер сервитутын белгілеуді мүмкіндігінше болдырмайтын жерді пайдаланудың технологиялық схемасын, серіктестіктің құрамынан шығатын қатысушының тұратын орнын, тараптардың басқа да назар аударуға тұрарлық дәлелдерін ескеру қажет.";
14) 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. ЖШС-ға қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру және өткізу тәртібі Заңның 46, 47-баптарында белгіленген. Жалпы жиналыстың шешімі жиналысты шақыру тәртібі бұзылған кезде жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Жалпы жиналысты шақыру мен өткізу тәртібін бұзу деп жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерге қатысушылардың (қатысушының) құқығын бұзуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін заңнамада белгіленген императивтік нормалардың бұзылуын түсіну керек (мысалы, қатысушыларды хабардар ету мерзімін сақтамау, хабарламаларда жалпы жиналыс өтетін уақыты мен орны туралы мәліметтер болмауы (Заңның 46-бабының 1-тармағы), күн тәртібіне қойылған ұсыныстарды қараудың нәтижелері туралы серіктестікке қатысушыға хабарламау (Заңның 46-бабының 3-тармағы), жалпы жиналысты шақыруға өкілеттігі жоқ адамдардың осындай әрекеттерді жасауы және т.б.).
12. Жалпы жиналыс өткізу және шешім қабылдаудың Заңда, серіктестік жарғысында немесе серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ережелерде және өзге де құжаттарда белгіленген тәртібі бұзыла отырып қабылданған (мысалы, егер күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау басталғанша жалпы жиналыс кворумды белгілемесе) қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін, сондай-ақ жалпы жиналыстың заңға не жарғыға қайшы шешімін, оның ішінде серіктестікке қатысушының құқығын бұзатын шешімін дауыс беруге қатыспаған немесе дау туғызған шешімге қарсы дауыс берген серіктестікке қатысушының арызы бойынша, сот толық немесе ішінара заңсыз деп тануы мүмкін (Заңның 50-бабы). Серіктестікке қатысушы қабылданған шешім туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен кейін алты айдың ішінде, ал егер ол шешім қабылданған жалпы жиналысқа қатысқан болса, шешім қабылданған күннен кейін алты айдың ішінде талап қою берілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның басқару органдарының шешімін даулаған кезде оның органы атынан шешім қабылдаған серіктестік заңды тұлға ретінде тиісті жауапкер болады. Серіктестікке қатысушылар даудың нысанасына дербес талаптар мәлімдемейтін үшінші тұлғалар ретінде іске қатысуға тартылады.
13. Егер:
Заңға немесе құрылтай құжаттарына сәйкес айқын басым көпшілік дауысты не бірауыздан дауыс беруді талап ететін мәселелер бойынша шешім осы қағида бұзылып қабылданса (Заңның 48-бабының 2-тармағы);
серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіне Заңда және құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен енгізілмеген мәселе бойынша шешім қабылданса (Заңның 48-бабының 1-тармағы);
серіктестікке қатысушы заңда және құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар етілмесе (Заңның 46-бабының 1-тармағы), серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі сөзсіз жарамсыз деп танылуға жатады.";
15) 13-1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұндай жағдайларда Заңның 47-бабының 4-тармағында белгіленген жиынтығында жалпы дауыс санының үштен екісінен астамын иеленетін серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімдер қабылдауға құқығы туралы жалпы қағида қолданылмайды.";
16) 14-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЖШС-ға қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасына жалпы жиналыс қабылдаған шешімнен бөлек сот тәртібімен шағым жасалуға жатпайды. Алайда хаттамада шындыққа сай келмейтін және қатысушының құқықтарын бұзуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін мәліметтер бар деп есептеген ЖШС-ға кез келген қатысушы хаттама жүргізуге жауапты адамдардың әрекеттеріне Заңның 50-бабында көзделген тәртіппен шағым жасай алады.";
17) 14-1-тармақтың екінші абзацындағы екінші, үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте, сот өз шешімімен жалпы жиналысқа қатысушылардың көпшілік даусымен шешілмеген мәселелерді олар соттың ведомстволығына жатпайтындықтан, шешуге құқылы емес. Мұндай мүдделер қақтығысын қатысушылардың өздері Заңның және серіктестіктің құрылтай құжаттарының ережелеріне сәйкес шешуі тиіс.";
18) 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Заңның 43-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының, 51-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысында алқалы атқарушы орган мүшелері және жеке-дара атқарушы орган белгіленген, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге сайланады.
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен еңбек шарты заңды тұлғаның мүлкінің меншік иесімен немесе ол уәкілеттік берген тұлғамен (органмен) не заңды тұлғаның уәкілетті органымен не ол уәкілеттік берген тұлғамен Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімінде белгіленген мерзімде және тәртіппен жасалады.
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен жасалған еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда, егер тараптардың ешқайсысы еңбек шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей, еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар етпесе, егер заңды тұлға құрылтайшылары, мүлкінің меншік иесі не заңды тұлғаның уәкілетті құрылтайшылары, меншік иесі, уәкілеттік берген тұлғасы (орган) немесе уәкілетті органы бекітетін құжаттарда ұзартудың өзге мерзімі айқындалмаған болса, еңбек шарты бір жылға ұзартылады.
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабарламаға жұмыс беруші – заңды тұлғаның атынан заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
Заңның 50-бабы және АПК-нің 27-бабының бірінші бөлігі талаптарының негізінде атқарушы органның мүшелерін (алқалы немесе жеке дара) сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелері бойынша жалпы жиналыстың шешімдеріне дау айту туралы серіктестікке қатысушылардың талаптары АК-нің және Заңның ережелеріне, сонымен қатар еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес, егер бір мезгілде атқарушы органның мүшесі болып табылатын қатысушымен еңбек шарты жасалса, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда қаралуға жатады.
Серіктестіктің атқарушы органы (оған қатысушы болып табылмайтын, еңбек шарты бойынша серіктестіктің істерін жүргізуді жүзеге асыратын) мүшесінің өзінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелеріне қатысты талабы бойынша дау АПК-нің 26-бабында белгіленген соттылыққа байланысты Заң ережелерінің және еңбек заңнамасы нормаларының негізінде аудандық (қалалық) соттарда қаралуға жатады.";
19) 15-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын қолданған кезде соттар қатысушылардың арасында таза кірісті бөлу жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатқызылғанын ескерген жөн, сондықтан, мұндай шешім қабылданбаса, сот таза кірістің бөлігін өндіріп алмайды (Заңның 40-бабы, 43-бабының 2-тармағы).";
20) 16-тармақтың төртінші абзацындағы "Ортақ" деген сөз "Бірлесіп жиналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. ЖШС-ға қатысушылардың саны немесе олардың үлес мөлшерінің өзгеруі қайта ұйымдастыру болып табылмайды (Заңның 61-бабының 1-тармағы).
ЖШС-ны тарату қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жалпы жиналыстың ЖШС-ны тарату туралы бірауыздан қабылданған шешімі талап етілмейді.
19. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
6. "Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңнаманы қолдану туралы" 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2; 2018 жылғы 29 маусымдағы № 12 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 8 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы.
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Соттардың Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";
3) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Соттар акционерлік қоғамды құру, қайта ұйымдастыру, тарату және қызмет тәртібін сақтау; акционерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар; акционерлік қоғам органдарының құзыреті, оларды құру және жұмыс істеу тәртібі; оның лауазымды адамдарын сайлау тәртібі және өкілеттіктері мен жауаптылығы туралы дауларды, сондай-ақ аталған қатынастардан туындайтын басқа да дауларды шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК), "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларын басшылыққа алуға тиіс, олардың ережелерін дау туындаған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің ерекшеліктерін ескеріп қолданғаны жөн.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Заңда көрсетілгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың нормалары тікелей қолданылады.";
4) 2-тармақта:
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Соттар мүліктік жауаптылық туралы мәселені шешу кезінде қоғам өз меншігіндегі мүлік шегінде жауап беретінін және акционерлердің міндеттемелері бойынша жауап бермейтінін негізге алуға тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, акционер өз тарапынан қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және оның қызметіне байланысты залалдарға өзіне тиесілі акциялар құны шегінде тәуекел етеді.";
5) 3, 4, 5, 6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес жарғы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейді, онда Заңның 9-бабының 2-тармағында санамаланған міндетті ережелер қамтылуы тиіс.
Заңның 9-бабының 4-тармағына сәйкес қоғам өзінің қызметін мазмұнын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі айқындайтын үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыра алады.
Заңның 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген өзге де ережелер деп Заңның және өзге де заңнамалық актілердің нормаларынан туындайтын, атап айтқанда, алдын ала айқындалған кепілді мөлшерде дивидендтер алуға артықшылықты акциялардың меншік иелерінің жай акциялардың меншік иелері алдындағы басым құқығын, корпоративтік хатшының міндеттерін және т.б. регламенттейтін басқа қағидаларды түсіну керек.
Қоғамның қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсымен қатар қоғамның жарғысында белгіленеді.
4. Заңның 14 және 15-баптарына сәйкес акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы, бірақ оған қатысуға міндетті емес. Акционердің жалпы жиналысқа қатыспауы оның міндеттерін бұзуы деп қаралмауы тиіс.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 317-бабының қағидалары бойынша акционердің қоғам істеріне ұзақ уақыт бойы қатыспауына байланысты оны хабар-ошарсыз кетті деп тануға болмайды.
Акционер қоғамды басқаруға қатыспаған және оның тұрғылықты жері (тұратын жері) белгісіз болған жағдайларда, қоғам дивидендтерді ол көрсеткен банктегі шотқа не қоғамның дивидендтері бойынша берешегін аудару үшін ашылған акционердің шотына есепке жатқызуға тиіс.
АК-нің 115-бабына сәйкес акция бағалы қағаз ретінде қаржылық құрал түріндегі мүлікке жатады, демек, АК-нің 242-бабының ережесін қолданып, оны иесіз деп тануға жол берілмейді.
5. Соттар акционерлердің өздерінің құқықтарын жүзеге асыруы жөнінде дауларды шешу кезінде акционерлердің, оның ішінде ірі акционерлердің Заңның 14-бабында бекітілген құқықтары шектелмеуге тиіс екендігін ескергені жөн, ал қоғам жарғысында олардың өзге де қосымша құқықтары белгіленуі мүмкін.
Қоғам мен тіркеуші акционердің он күн ішінде акцияларды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы тіркеушіге және акциялардың нақтылы ұстаушыға хабарлау міндетін орындамауының салдары үшін жауапты болмайды.
6. Акцияға меншік құқығы басқа тұлғаға ауысуы кезінде мәміле жасалған және бұл туралы қоғамға хабарлаған сәттен емес, қоғам тіркеушісі акциялар ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйесiнде акцияны сатып алушының жеке шотына есепке жатқызған сәттен бастап туындайды.
Акционердің мәртебесі қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде жеке шоттан алынған үзінді көшірмемен расталады.
7. Акционерлердің корпоративтік дауларға жататын акционерлік қоғамдар органдарының шешімдеріне дау айтуы туралы дауларды мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар талап қою ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдерін даулау туралы талап қоюларды қарау кезінде акционердің заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін Заңды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді немесе жарғыны бұзушылыққа: акционерді ("алтын акция" иесін) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні туралы уақтылы хабарламау (хабардар етпеу); акционерге жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпаратпен (материалдармен) танысуға мүмкіндік бермеу; сырттай не қатысып жасырын дауыс беру үшін бюллетеньдерді уақтылы ұсынбау және т. б. жататынын ескеру қажет.
Акционерлердің жалпы жиналысын шақырудың заңда белгіленген императивтік рәсімдерін, оның ішінде алдағы уақытта өткізілетіні туралы хабарлау мерзімдерін, күн тәртібіндегі материалдарды дайындау және олардың қолжетімділігін бұзу акционерлердің Заңның 14-бабында көзделген құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, бұл акционерлердің жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануға негіз бола алады.
АК-нің 178-бабына сәйкес акционерлердің өз құқықтарын қорғауы туралы дауларды шешу кезінде талап қоюдың жалпы ескіру мерзімі қолданылады.";
6) 8-тармақта:
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Акционер қоғам берешегінің жиналып қалу мерзіміне қарамастан, алынбаған дивидендтердің төленуін талап етуге құқылы.
Дивидендтер белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелетін өсімпұл төленеді (АК-нің 353-бабы, Заңның 22-бабының 1, 6-тармақтары).";
7) 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер толық төленбейінше, оның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.
Қоғамның болмаған акционерлердің шоттарына артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді аударуы міндеттемені тиісінше орындағаны болып есептеледі.
Қоғамның өткен қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібін және бір жай акцияға есептелетін дивиденд мөлшерін айқындау артықшылықты акцияларды иеленген акционердің құқықтарын шектеуі мүмкін, сондықтан, бұл мәселе Заңның 13-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысында қаралады.
Қоғам жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде және артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу мерзімі басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде қоғамның атауын, орналасқан жерін, банктік және өзге де деректемелерін, дивидендтер төленетін кезеңді, дивидендтерді төлеу басталатын күнді, оның тәртібі мен нысанын, сондай-ақ бір жай немесе артықшылықты акцияға есептелген дивиденд мөлшерін көрсете отырып, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиісінше дивидендтерді төлеу туралы шешімді немесе ақпаратты жариялауға міндетті.
Артықшылықты акция бойынша дивидендтің кепілдікті мөлшері оның мәні тұрақты және жалпы қолжетімді болған жағдайда қайсыбір көрсеткішке қатысты белгіленген түрінде де, индекстеу арқылы да белгіленуі мүмкін.
10. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын не қоғамның дауыс беретін акцияларының өзге санын дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде сол тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен жиынтықта тиесілі болған осы тұлға Заңның 25-бабында белгіленген міндеттерді сақтамаған жағдайда аталған тұлға (тұлғалар):
1) өзімен (өздерімен) үлестес емес аффилиирленбеген тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізуге міндетті;
2) өзімен (өздерімен) үлестес емес аффилиирленбеген тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізгенше қоғамның басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешбір әрекетті жасауға және (немесе) қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі дауыс беретін акциялары бойынша дауыс беруге құқылы емес.
Заңның 25-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның ұсынысына жауап ретінде қоғамның өзіне тиесілі акцияларды сату туралы жазбаша келісім берген қоғам акционері осы ұсынысты жариялаған тұлғаның қоғамның акцияларын сатып алудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
Осы Заңның 25-1-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайға осы баптың талаптары қолданылмайды.
Заңның 25-1-бабының 1 тармағына сәйкес бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызын не жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде он пайызын құрайтын дауыс беретін акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызы тиесілі болған осы тұлға, сатып алу күнінен кейін алпыс жұмыс күні ішінде қоғамның қалған акционерлерінен осы қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларын өзіне сатуды талап етуге құқылы.
Қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын сату туралы акционерлерге қойылған талапта осы талапты мәлімдеген тұлға (тұлғалар), оның атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оған (оларға) тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, Заңның 25-1-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алудың ұсынылып отырған бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс.
11. Орналастырылған акцияларды қоғамның сатып алуы акционердің талабы бойынша жүргізіледі. Мұндай талап Заңның 27-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда, оның ішінде, ірі мәміле жасасу туралы және (немесе) жасалуына мүдделі болатын мәмілені жасасу туралы шешіммен келіспеген және жалпы жиналыс жарғыға осы акционерге тиесілі акциялар бойынша құқықтарды шектейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған кезде (егер акционер осындай шешім қабылданған жалпы жиналысқа қатыспаса немесе аталған шешімнің қабылдануына қарсы дауыс берсе) мәлімделуі мүмкін.
Акционер Заңның 27-бабының 1-тармағында көрсетілген кез келген шешім қабылданған күннен немесе сауда-саттықты ұйымдастырушы акциялардың делистингі туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күннің ішінде қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы талап қоюға құқылы.
Аталған өтініш алынған күннен бастап қоғам отыз күннің ішінде акционерден акцияларды сатып алуға міндетті. Осы міндет орындалмаса, акционер қоғамды мәмілені жасауға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
Қоғам сатып алып орналастырылған акциялар акционерлер жалпы жиналысының кворумын анықтау кезінде есепке алынбайды және онда дауыс беруге қатыспайды (Заңның 27-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшалары, 2-тармағы, 28-бабының 2-тармағы).
Негізгі қызметі жер қойнауын пайдалануға байланысты қоғамдардың акцияларын сатып алудың, оның ішінде мемлекеттің сатып алуының, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ сақтандыру және өзге де ұйымдардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың ерекшеліктері арнайы заңдармен, мысалы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 277-бабында белгіленген ережелерді қоспағанда, Кодекспен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-ІІ Қазақстан Республикасының заңдарымен және т.б. реттеледі.
12. Соттар "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің неке-отбасы қатынастарын регламенттейтінін ескеріп, акциялармен мәміле жасасудың тәртібі арнайы Заңмен белгіленгендіктен, ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімі болмаған себебі бойынша акцияларды иеліктен шығару жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тануға болмайтынын назарға алғаны жөн. Бұл жағдайда ерлі-зайыптылар бір-біріне ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншік құқығына негізделген өзара мүліктік талаптарды ғана қоя алады.
13. Егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешім қабылдауды қоғамның басқа органдарының, лауазымды адамдарының және қызметкерлерінің құзыретіне беруге жол берілмейді.
Егер мәселені шешу акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне Заңмен емес, бұл мәселені шешуді директорлар кеңесіне, басқармаға немесе өзге де органдарға беру мүмкіндігі көзделген жарғымен жатқызылса, онда мұндай өкілеттікті беру заңды болып есептеледі.
Егер жарғыда өзгеше белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша қоғамның өзге органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.
14. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қоғам органдары осындай жиналысты шақырудың Заңда белгіленген тәртібін бұзған жағдайда кез келген мүдделі тұлғаның талап қоюы бойынша қабылданған сот шешімінің негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
Соттар дауды мәні бойынша шешкен кезде анықталатын тұлғаның мүдделілігі болмаған себебі бойынша арызды қабылдаудан бас тартпауы тиіс.
Егер директорлар кеңесі Заңда белгіленген мерзім ішінде ірі акционердің талабы бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімді қабылдамаса, онда ірі акционер осы міндетті қоғамға жүктеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы (Заңның 38-бабының 6-тармағы).
Директорлар кеңесінің ірі акционерге кезектен тыс жалпы жиналысты шақырудан бас тарту жөніндегі шешімін даулау кезінде сот істі талап қою ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
Заңды тұлға өзінің органдары арқылы құқықтарды иеленіп, міндеттерді қабылдайтындықтан, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы сот шешімін орындау қоғам жарғысының ережелері ескеріліп, қоғам органдарының біріне жүктелуі мүмкін.
15. "Акционерлер ("алтын акцияның" иесі) алдағы болатын акционерлердің жалпы жиналысы күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей, ал сырттай немесе аралас дауыс беру кезінде бір немесе одан да көп акционерді хабардар ету үшін пошта байланысы құралдары пайдаланылған жағдайда жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей өткізілетіні туралы хабардар етілуге тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға немесе оған жіберілуге тиіс. Қоғам акционерлерінің саны елу акционерден аспаса, хабарлама акционердің назарына оған жазбаша хабарлама жіберу арқылы жеткізілуі тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама акционерлерге қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жіберіледі.
Соттар акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада міндетті түрде қамтылуы тиіс Заңның 41-бабының 3-тармағында санамаланған мәліметтерге назар аударуы керек, олар: жиналыс өткізілетін күні, уақыты мен орны, жиналысқа қатысушыларды тіркеуді бастау уақыты, сондай-ақ жалпы жиналысты қайта өткізу күні мен уақыты (Заңның 42-бабының 1-тармағына сәйкес, өткізілмеген жиналыстан кейінгі келесі күннен ерте емес); акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні; акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі; акционерлерді күн тәртібіндегі мәселелері бойынша материалдармен таныстыру тәртібі.
16. Егер акционерлер жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күн бұрын немесе Заңның 43-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен мұндай толықтырулар туралы хабарланған болса, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызына дербес немесе басқа да акционерлермен жиынтығында иелік ететін акционер немесе директорлар кеңесі күн тәртібін толықтыра алады.
Заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген міндетті тізбедегі мәселе күн тәртібіне қосымша енгізіледі.
Егер жалпы жиналысқа қатысатын және қоғамның дауыс беретін акцияларының жинақтап алғанда кемінде тоқсан бес пайызын иеленетін акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі күн тәртібіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді жақтап дауыс берсе, олар күн тәртібіне енгізілуі мүмкін.
Жалпы жиналыс күн тәртібіне енгізілмеген мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы емес.
Күн тәртібінің мәселелері жөніндегі материалдарда олар бойынша негізді шешім қабылдау үшін жеткілікті көлемдегі ақпарат болуы тиіс және акционерлердің танысуы үшін қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде жиналыс өткізілетін күнге дейін он күн бұрын дайын әрі қолжетімді болуы тиіс, ал акционер сұрау салған кезде сұрау салу алынғаннан кейін оған үш жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс. Егер жарғыда өзгеше көзделмесе, құжаттардың көшірмелерін жасауға және құжаттарды жеткізуге жұмсалған шығыстарды акционер көтереді (Заңның 44-бабының 4-тармағы).";
8) 17-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) акционерлердің жалпы жиналысына және күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы, бірақ кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.";
9) 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қоғамның лауазымды адамдары өздерінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) келтірілген зиян үшін және қоғамға келтірілген залалдар үшін қателесуге әкеп соқтыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат беру, осы Заңда белгіленген ақпарат беру тәртібін бұзу, олардың жосықсыз әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі нәтижесінде, оның ішінде олардың не олардың аффилирленген тұлғаларының қоғаммен осындай мәмілелер жасасу нәтижесінде пайда (кіріс) табу мақсатында, қоғамға зиян келтіруге әкеп соқтырған ірі мәмілелерді және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелерді жасасуды ұсыну және (немесе) жасасу туралы шешім қабылдау нәтижесінде келтірілген залалдарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, қоғам мен акционерлер алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде қоғам лауазымды адамға келтірген зиянды не залалдарды қоғамға өтеуі туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
Егер лауазымды адамдар қоғамның органы қабылдаған шешімге қарсы дауыс берсе немесе дауыс беруге қатыспаса, олар жауаптылықтан босатылады (Заңның 63-бабы).
Қоғам қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпараты бар өз қызметкерлерінің тізімін міндетті түрде жүргізуді қамтамасыз етеді (Заңның 79-бабы).
Акционерді қоғаммен бәсекелес кәсіпорындарға қоғам және оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария ету фактілері бойынша орналастыру бағасы бойынша оның акцияларын мәжбүрлеп сату жолымен шығару туралы арызды қабылдаған кезде соттар қоғамның тиісті дәлелдемелерді ұсыну туралы АПК-нің 148-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасын сақтауды талап етуге тиіс.";
10) 19-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңнаманың, қоғам жарғысының талаптарын не оның органдарының құзыретін бұзатын, АК-нің 158-бабына сәйкес мәміленің жарамсыздығына әкеп соғатын мәміле жасасу жөніндегі әрекеттер (мысалы, бағаны ұлғайту жағына қарай өзгерту және т.б.) пайдакүнемдікті немесе жауаптылықтан жалтару ниетін куәландыруы мүмкін.";
11) 20-тармақта:
екінші абзацтағы "нысаны", "баға" деген сөздер тиісінше "нысанасы", "құны" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғамның мәміле жасасу тәртібіне қойылатын заңнамалық талаптар бұзылып жасалған мәмілені жасауға мүдделі тұлға қоғамға келтірілген залал мөлшерінде қоғам алдында жауапты болады. Бірнеше тұлға мәміле жасаған кезде олардың қоғам алдындағы жауаптылығы ортақ болып табылады.
Заңның 70-бабының 1-тармағына сәйкес кредиторларға, жұртшылық пен акционерлерге ақпарат беру мақсатында қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiм қабылданған күннен кейiн үш жұмыс күні iшiнде қоғам мәмiле туралы хабарды қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тiлдерінде жариялауға мiндеттi.";
12) 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қоғамды қайта ұйымдастыру кезінде миноритарлық акционерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында соттар дауларды шешу кезінде осындай тәсілмен активтердің жаңа компанияларға шығарылуын және кейіннен мәжбүрлеп тарату үшін қайта ұйымдастырылатын қоғамда тек қаржылық міндеттемелерді қалдыруын болғызбау мақсатында қоғамның бөлініп шығуы не бөлінуі туралы шешімнің заңдылығын тексергені жөн.
Егер соттың шешімі бойынша бөліну немесе бөлініп шығу нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті қоғам органдары қайта ұйымдастыруды шешімде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот сенімгер басқарушыны тағайындайды және оған қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруды тапсырады.
Тағайындалған сәттен бастап Заңның 84 және 85-баптарында көзделген қайта ұйымдастыру ережелерін айқындау жөніндегі директорлар кеңесі мен жалпы жиналыстың өкілеттіктері сенімгерлік басқарушыға ауысады.
Сенімгерлік басқарушы бөлу балансын жасайды және оны бөліну немесе бөлініп шығу нәтижесінде құрылған қоғамдардың жалпы жиналысында бекітілген құрылтай құжаттарымен бірге соттың қарауына береді. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қоғамдарды мемлекеттік тіркеу сот шешімі негізінде жүзеге асырылады (Заңның 87-бабы).";
13) 22-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңның 90-бабына сәйкес қоғамды қайта құру нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім шығару кезінде сот Заңның 87-бабына сәйкес қоғамның тиісті органының қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруы үшін ақылға қонымды мерзімді шешімде белгілеуге міндетті, әдетте, ол үш айдан аспайды.Осындай шешім орындалмаған жағдайда сот банкроттық туралы заңнамаға ұқсастығы бойынша белгіленетін мерзімге сенімгерлік басқарушыны тағайындайды.";
7. "Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы" 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2, 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7 енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу жөніндегі істерді қараудың сот практикасы туралы";
2) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";
3) кіріспедегі "қаулы етті" деген сөздер "қаулы етеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) бүкіл мәтін бойынша "кетіру", "кетірудің", "кетіруге", "өтініш", "өтініші", "өтінішті", "өтініште", "өтінішке" деген сөздер тиісінше "шығарып жіберу", "шығарып жіберудің", "шығарып жіберуге" "арыз", "арызы", "арызды", "арызда", "арызға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 1-тармақта:
бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 4-тармақтағы "өз бетімен өтіп кетуін" деген сөздер "өздерінің шығуын" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша қолданылатын негізгі немесе қосымша әкімшілік жазалар ретінде Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.
Шығарып жіберуді қолдану үшін:
шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететін қызметтi жүзеге асыруы (ӘҚБтК-нің 109-бабы);
қоғамдық орындарда тиісу (ӘҚБтК-нің 449-бабының үшінші бөлігі);
діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу (ӘҚБтК-нің 490-бабының үшінші бөлігі;
жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы арыз берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну (ӘҚБтК-нің 495-бабының екінші бөлігі);
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерінде режимдi бұзу (ӘҚБтК-нің 513-бабының екінші бөлігі);
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу (ӘҚБтК-нің 514-бабының екінші бөлігі);
шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы (ӘҚБтК-нің 517-бабы);
Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқаруына байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау (ӘҚБтК-нің 516-бабының екінші бөлігі) негіз болып табылады.";
8) 7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ӘҚБтК-нің 51-бабының екінші бөлігіне сәйкес егер әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында өзіне қатысты әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу қолданылуы мүмкiн адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (бұдан әрі - ҚК) сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын іс-әрекеттің өзiне қатысты жасалғаны туралы хабарласа, онда iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнде белгіленген тәртiппен шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.";
9) 8-тармақтағы "жауапкершілікке" деген сөз "жауаптылыққа" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 9-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешімде мерзім көрсетіледі, сол уақыт ішінде аталған адамдар Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс (ӘҚБтК-нің 829-14-бабының екінші бөлігі).";
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Соттар осы мерзім деп шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өзіне қатысты қабылданған шығарып жіберу туралы шешімді орындамағаны үшін белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты ескере отырып, қаулыны орындау үшін жеткілікті мерзімді түсінуі керек.";
11) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. ӘҚБтК-нің 51-бабының бірінші бөлігі, оның ережелері Қазақстан Республикасының азаматтық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен қолданылатын шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу жағдайларына қолданылмайтынын айқындайды.
ӘҚБтК-нің 8-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік жаза шаралары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары ӘҚБтК-де ғана айқындалады. ӘҚБтК-де белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайда әкiмшiлiк жазаға, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына тартыла алмайды.
Көрсетілген құқықтық нормалардан шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның санкциялар ретінде әкімшілік жолмен шығарып жіберуді көздейтін әкімшілік құқық бұзушылық жасауында көрсетілген заңнаманы бұзу адамды азаматтық процестік тәртіппен шығарып жіберу негіздерінің алып тасталатыны туындайды.";
12) 11-тармақтағы "тәртібімен" деген сөз "тәртібінде" деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 14-тармақта:
бірінші абзацтағы "іс жүргізу тәртібімен" деген сөздер "процестік тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "нормаларды", "қаулысы орындалған сәттен бастап" деген сөздер тиісінше "нормаларын", "қаулысын орындау аяқталған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 15-тармақтың бірінші абзацындағы ", сондай-ақ прокурордың" деген сөздер алып тасталсын;
15) 17-тармақтағы "болып табылады" деген сөздер "болады" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 18-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"АПК-нің 401-бабының талаптарына байланысты шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы соттың шешіміне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы тиіс емес, бірақ кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін";
екінші абзацтағы "екенін ескерген жөн" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзацтағы "қабылдаған" деген сөз "шығарған" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "тәртіппен" деген сөз "тәртіп бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
8. "Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы" 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7, 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 2, 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 4 енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"2016 жылғы 31 наурыздағы № 2 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";
2) 1-тармақтағы "Конвенция", "Конвенциядан", "09 желтоқсандағы" деген сөздер тиісінше "конвенция", "конвенциядан", "9 желтоқсандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-тармақтың бесінші абзацындағы "алмастыратын" деген сөз "алмастырушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот бала асырап алу туралы арызды қабылдай отырып, арыздың нысаны мен мазмұны бойынша АПК-нің 148-бабында талап қоюға қойылатын жалпы талаптарға, сонымен қатар АПК-нің 311-бабының талаптарына сәйкес келетін-келмейтінін тексереді.
Осы санаттағы істердің ерекшелігін негізге ала отырып, сот асырап алушылардың өздері, олар асырап алуды қалайтын балалар туралы, балалардың тұрғылықты (тұратын) жері, олардың ата-аналары туралы, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, қарындастары бар-жоғын, асырап алынатын балалардың туу туралы актілерін жазудағы ықтимал өзгерістер туралы, кодекс бала асырап алушы болу мүмкіндігін байланыстыратын, олардың дәлелдемелерін растайтын мән-жайлар туралы өтініштердің, сондай-ақ арызға қосымшада тізбесі АПК-нің 312-бабында көрсетілген қажетті құжаттардың бар-жоғын тексеруі қажет.
Арыз берушінің осы құжаттарды алу мүмкіндігі болмаған жағдайда сот оларды арыз берушінің өтінішхаты бойынша тиісті органдардан сұратып алуы тиіс.
Балаларды туыстары асырап алған кезде арызда бала асырап алушылардың балалардың биологиялық ата-аналарымен туыстық байланыста болғаны туралы мәліметтер көрсетілуі және оған баланың биологиялық ата-аналары мен бала асырап алушылар арасындағы туыстық байланысты растайтын құжаттар (туу туралы куәліктер, тегін өзгерту туралы құжаттар, туыстық қатынастарды анықтау туралы сот шешімдері және т.б.) қоса берілуі тиіс. Асырап алынатын баланың туыстарына жататын адамдар тобын айқындау кезінде сот Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 36) тармақшасын басшылыққа алуы тиіс, оған сәйкес үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық қатынастағы адамдар туыстар болып табылады. Туыстық байланыстарды растайтын дәлелдемелер болмаған кезде арыз қанағаттандырылуға жатпайды, мұндай жағдайда бала асырап алуға өзге де кедергілердің жоқтығы заңды маңызға ие болмайды. Арыз берушіге бала асырап алу үшін заңда белгіленген рәсімді сақтау қажеттігі туралы түсіндірген жөн.
Мемлекеттік жеңілдіктер мен артықшылықтарға қол жеткізуге, үкімді орындауды кейінге қалдыруға және бала асырап алуға байланысты емес өзге де артықшылықтарды алу үшін көпбалалы ана немесе көпбалалы отбасы мәртебесін алу мақсатында бала асырап алу фактілерін болдырмау үшін сот істі сот талқылауына дайындау тәртібімен бала асырап алу уәждерін анықтағаны жөн.
АПК-нің 54-бабы екінші бөлігіне сәйкес өздерін өз бетінше қорғай алмайтын асырап алынатын балаларға жататын азаматтарды қорғау талап етілген істер бойынша прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы міндетті, осыған байланысты, бала асырап алу туралы іс прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралуға жатады.
Балаларды асырап алуға ниет білдірген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының (Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің) бала асырап алу рәсімін бастауға жазбаша келісімін ұсынуға тиіс.
Бала асырап алушылардың сот отырысына жеке өзі қатысу міндеттілігі АПК-нің 57, 58, 60-баптарының негізінде уәкілетті өкілдердің қатысу мүмкіндігін жоққа шығармайды, олар сенім білдірушінің жеке өзінің қатысуынсыз сот талқылауы сатысынан тыс қажетті дәлелдемелерді жинауға және ұсынуға, судьяның талабы бойынша қосымша дәлелдемелерді ұсынуға, жазбаша және заттай дәлелдемелерді талап етіп алдыруға көмектесу туралы мәселе қоюға құқылы.";
5) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 610-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жоғарыда көрсетілген баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгеннен басқа ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде әкімшілік талап қоюлардан Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыста болған 0,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Баяндалғанның негізінде бала асырап алу туралы арыздар бойынша істер талап қою ісін жүргізу тәртібімен емес, ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатындықтан, мемлекеттік баж бала асырап алушылардың (асырап алушы бір адам немесе ерлі-зайыпты жұп) және арызда көрсетілген асырап алынатын балалардың санына қарамастан 0,5 АЕК мөлшерінде алынуға тиіс екендігін ескерген жөн";
6) 5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Осындай баланы асырап алу туралы арызды қабылдау кезінде судья Кодекстің 196-бабына сәйкес баланың тіркелуін растайтын туу туралы акт жазбасы көшірмесінің және оның туу туралы куәлігінің арызға қоса тіркелген-тіркелмегенін тексереді.";
екінші абзацтағы "бала" деген сөз "баланы" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 6-тармақта:
бірінші абзацтағы "ұстағандары" деген сөз "ұстағаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші, үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ұйымдарына немесе шетелдік тұлғаларға қатысты шет мемлекеттердің заңдары бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалған, шет мемлекеттердің құзыретті органдары белгілеген нысан бойынша берген, жасаған немесе куәландырған құжаттарды Қазақстан Республикасының соттары, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, консулдық заңдастыру болған немесе апостиль қойылған жағдайда қабылдайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы үшін 2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енген, шетелдің ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) (Гаага қаласы, 1961 жылғы 5 қазан) қатысушы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарда құжаттарды заңдастыру талап етілмейді.";
8) 7-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер сот он жасқа толған асырап алынатын баладан сот отырысында оның қаралып отырған мәселе бойынша пікірін анықтау үшін сұраудың орындылығы туралы түйінге келсе, сот баланың сотқа қатысып отыруы оған жағымсыз әсер етпеуі үшін, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органның пікірін алдын ала анықтап алғаны жөн. Сонымен қатар соттар Бала құқықтары туралы конвенцияның 12-бабының ережелерін және Кодекстің 62-бабын ескеруі тиіс, оларға сәйкес бала жасына қарамастан, өзінің мүдделерін қозғайтын барлық мәселелер бойынша өз пікірін еркін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік талқылау барысында тыңдалуға құқылы.";
үшінші абзацтағы "ұғынатынын" деген сөз "ұғынатын-ұғынбайтынын" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "тұратын" деген сөз "тұрғылықты" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 8-тармақта:
бірінші абзацтағы "арызданушылардың", "әзірленеді" деген сөздер тиісінше "арыз берушілердің", "жасалады" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "тәрбие", "емдеу-профилактика" деген сөздер тиісінше "тәрбиелеу", "емдеу-профилактикалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған жағдайда немесе кәмелетке толмаған ата-аналар бала туғаннан кейін медициналық ұйымда қалдырған және үш айдан аса оның тағдырына ешкім қарайласпаған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімі қажет.
Кодекстің 77-бабының 7-тармағына сәйкес, ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала асырап алуға соттың ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң жол берiледi. Ата-аналарының біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған баланы асырап алуға екінші ата-анасының келісімімен жол беріледі.
Ата-анасының бала асырап алудан бас тартуына қарағанда, қорғаншының (қамқоршының) немесе жоғарыда аталған мекемелер басшыларының бала асырап алуға келісім беруден бас тартуы, соттың бала асырап алу туралы мәселені, егер мұны баланың мүдделері талап етсе, оңынан шешуіне кедергі болмайды (Кодекстің 93-бабының 1, 4-6-тармақтары).
Кодекстің 94-бабы некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын ананың баладан бас тарту туралы белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша арызы медициналық ұйымда болған кезде соттың ата-аналардың асырап алуға келісімін растайтын басқа құжаттарды сұрату құқығын шектейді. Көрсетілген жағдайда сот істі сотта қарау кезінде ананың баланы асырап алуға келісімін кері қайтарып алған-алмағанын баладан бас тартуды және асырап алуға келісуді кімнің ресімдегеніне қарай нотариалдық палатаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға, медициналық ұйымның басшысына сұрау жіберу арқылы тексергені жөн.";
10) 9-тармақта:
екінші абзацтағы "арызданушының", "мекен-жай" деген сөздер тиісінше "арыз берушінің", "мекенжай" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "жағдайды," деген сөз "қатынастарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Асырап алу балалардың мүдделерiне сай келетiн және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлердi (аға-қарындастарды) әртүрлi адамдардың асырап алуына жол берiлмейдi (Кодекстің 90-бабының 2-тармағы).
Заңда аталған қағида тек ата-анасы бір ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерге (аға-қарындастарға) ғана қолданылатыны, ал Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар) жақын туыстар болып табылатыны белгіленбегендіктен, Кодекстің 90-бабы 2-тармағының ережесін әртүрлі адамдардың ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді (аға-қарындастарды) асырап алу жағдайларына да қолданған жөн. Осыған байланысты асырап алу туралы арызда немесе оған қоса берілген материалдарда асырап алынатын баланың ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (аға-қарындастарының) бар-жоғы туралы көрсетілгеніне қарамастан, сот істі сот талқылауына дайындау сатысында асырап алынатын баланың ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары) бар-жоғын және олар асырап алуға жататындығын анықтауы керек.";
12) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың асырап алуы туралы істі қарау кезінде соттар мыналарды:
1) егер осы балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына тәрбиелеуге (заңда көзделген бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронаттық тәрбие, баланы қабылдайтын отбасы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың өзге де нысандары), немесе туыстарының тұрғылықты жеріне және азаматтығына қарамастан балалардың осы туыстарының асырап алуына беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана балаларды асырап алуға жол берілетінін назарда ұстағаны жөн (Кодекстің 84-бабының 4-тармағы).
Көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін соттар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органнан баланы Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына тәрбиелеуге немесе баланың туыстарының азаматтығына және тұрғылықты жеріне қарамастан осы туыстарының асырап алуына берудің мүмкін еместігін растайтын құжаттарды, асырап алынған баланы бастапқы, өңірлік және орталықтандырылған тіркеу туралы деректерді талап етуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органынан асырап алынған баланың орталықтандырылған есепке қойылғаны туралы деректерді сұратуы қажет. Аталған құжаттарды зерттеу кезінде баланың қай уақыттан бастап есепте тұрғанын, орталықтандырылған есепке қоюдың үш айлық мерзімінің өткен-өтпегенін, баланың Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе баланың туыстарына тәрбиелеуге немесе асырап алуға ұсынылған-ұсынылмағанын, егер ұсынылса, олардың отбасына қабылдап алудан қандай себептермен бас тартқанын тексеріп, осы баланы асырап алудан бас тартқан туыстардан және адамдардан олардың бала туралы мәліметтермен танысу және асырап алудан не отбасының тәрбиесіне қабылдаудан бас тарту туралы арызға қол қойған-қоймағандары туралы жауап алған жөн;
2) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға үміткер және асырап алу бойынша аккредиттелген агенттіктер арқылы белгіленген тәртіппен тіркелген азаматтар өздері азаматы болып табылатын не тұрақты тұратын жері бар мемлекеттің құзыретті органының олардың тұрмыс жағдайлары және асырап алушы болу мүмкіндігі туралы қорытындысын, құзыретті органның асырап алынған баланың Қазақстан Республикасынан қабылдайтын мемлекетке кіруіне рұқсатын сотқа ұсынуға тиіс. Сот осы азаматтардың тұрмыс жағдайы және асырап алушылар болу мүмкіндігі туралы асырап алу жөніндегі шетел ұйымдары (асырап алу жөніндегі агенттіктер) әзірлеген қорытындыны зерттеген кезде осы ұйымдарға тиісті мемлекеттің құзыретті органының атынан осындай қорытындыны әзірлеу өкілеттігі берілген-берілмегенін тексерулері қажет.";
13) 12-тармақта:
үшінші, төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Арыз берушілерде Аурулар тізбесінде көрсетілген аурулардың бар-жоғын, олар болған жағдайда адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтынын тексере отырып арыз берушілер тұратын елде берілген медициналық қорытындыны зерттеу қажет. Қорытындылардың жарамдылығына және дәлелдеме ретінде жеткіліктілігіне күмән туған жағдайда сот асырап алушыларға Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде медициналық тексеруден өтуді ұсынуға құқылы.
Жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан бала асырап алынған жағдайда сот асырап алуға үміткерлердің балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың есебінде тұрғанына көз жеткізуі тиіс.";
14) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында Қазақстан Республикасымен тең мәнді халықаралық міндеттемелері бар елдің азаматтарына ғана шетелдіктердің бала асырап алуына рұқсат етіледі. Көрсетілген мән-жайларды анықтау мақсатында, бала асырап алушы елдің Қазақстан Республикасы ратификациялаған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы бірқатар Конвенцияларды ратификациялау және тану фактісін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен асырап алушы ел арасында жасалған құқықтық көмек көрсету туралы екіжақты келісімнің бар-жоғын тексеру қажет.";
15) 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды асырап алуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары баланы жеке өзі таңдауға онымен кемінде екі апта тікелей қарым-қатынаста жасауға міндетті. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен бала асырап алуға үміткер шетелдіктер баламен кемінде төрт апта тікелей қарым-қатынаста болуға тиіс. Атап көрсетілген адамдар осы мерзімдерді асырап алу туралы арызды сотқа бергенге дейін сақтауға тиіс.
Заң асырап алушыларды асырап алынатын балалармен белгіленген мерзімдерде жеке өздерінің танысуын міндеттейді, сот отырысы барысында сот арыз берушілердің асырап алынатын баламен араласу мән-жайларын зерттеуге, олардың арасында қарым-қатынастың орнығуына көз жеткізуге тиіс, осыған байланысты осы мерзімдер өткенге дейін берілген асырап алу туралы арыз АПК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес арыз берушіге кері қайтарылады.";
16) 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Сот АПК-нің 19-бабының екінші бөлігіне, 314-бабына сәйкес осы санаттағы істерді, сот шешімін жариялауды қоса алғанда, жабық сот отырысында қарайды. Асырап алу туралы істерді жабық сот отырысында қарау заңда көзделгенін назарға ала отырып, судья істі дайындау сатысында осындай шешім қабылдауға және бұл туралы істі сот талқылауына тағайындау туралы ұйғарымда көрсетуге тиіс.
Сот істі сот отырысында қарауға қатысып отырған адамдарға оларға арызды қарау барысында белгілі болған мәліметтерді жарияламау туралы және асырап алудың құпиясын жария еткені үшін оларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкін екендігін ескертуге тиіс, бұл туралы сот отырысының хаттамасында не қысқаша хаттамада жазбаша және сот отырысының аудиожазбасында көрсетілуге тиіс.";
17) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Кодекстің 84-бабының 1-тармағына, 91-бабының 1-тармағына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға қатысты бала асырап алушылардың асырап алынатын баланың толық дене бітімі, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесінде асырап алуға жол беріледі.
Бала асырап алу кезіндегі балалардың мүдделері деп оларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту үшін қолайлы (материалдық, сонымен қатар моральдық сипаттағы) жағдайлардың жасалуын түсіну керек.
Бала асырап алу туралы шешім шығару кезінде соттар бала асырап алушының, сондай-ақ онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің адамгершілік және басқа да жеке қасиеттерін (олардың жұмыстағы, тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттайтын мәліметтер, қылмыстық, әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері және т.б.) бала асырап алушы мен онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайын, отбасында қалыптасқан отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды, бала асырап алушы мен баланың арасында туындаған өзара қарым-қатынастарды, бала асырап алу мәселесі бойынша отбасы мүшелерінің ұстанымын, сонымен қатар болашақ бала асырап алушылардың материалдық және тұрғын үй жағдайларын тексеруі және ескеруі керек.
Бұл мән-жайлар баланы бөгде адамдар, өгей әкесі, өгей шешесі, сондай-ақ баланың туыстары асырап алған кезде тең дәрежеде ескерілуге тиіс.";
18) 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Кодекстің 100-бабының 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес асырап алынған балалар және олардың ұрпағы бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар мен олардың туыстары асырап алынған бала мен оның ұрпағына қатысы бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерінде шыққан тегi бойынша туыстарына толығымен теңестiрiледi. Асырап алынған бала жоғарыда көрсетілген құқықтардан айырылады және өзiнiң туған ата-аналарына қатысты мiндеттерден босатылады.
Аталған құқықтық салдарлар асырап алушылардың осы баланың туу туралы акті жазбасында ата-аналары ретінде жазылғанына қарамастан туындайды. Асырап алған баланың ата-аналарының бірі қайтыс болған және осы ата-ана тарапынан жақын туыстары қайтыс болған ата-ананың туыстарының асырап алған балаға қатысты құқықтары мен міндеттерін баланың мүдделері үшін сақтауын сұрау жағдайы ерекше жағдай болып табылады.
Баланы бiр адам асырап алған кезде егер бала асырап алушы ер адам болса - анасының тiлегi бойынша немесе, егер бала асырап алушы әйел болса - әкесiнiң тiлегi бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар мен мiндеттердi де сот сақтауы мүмкiн (Кодекстің 100-бабының 3-тармағы). Осыған байланысты істі сот талқылауына дайындау кезінде соттар аталған адамдарға асырап алған баланың ата-анасының бірінің немесе оның қайтыс болған ата-анасы туыстарының жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарын сақтау мүмкіндігін түсіндіргені жөн.
Асырап алынған баланың ата-аналарының бiреуімен немесе қайтыс болған ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастарының сақталуы жөнінде бала асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.";
19) 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бала асырап алушылардың (асырап алушының) арызы қанағаттандырылған асырап алу туралы шешімнің қарар бөлігінде арыз берушілердің (арыз берушінің) баланы асырап алу туралы өтініші қанағаттандырылғаны туралы, баланы нақты адамдардың (адамның) асырап алғанын тану туралы, сондай-ақ туу туралы актілер жазбасына тиісті өзгерістер енгізудің қажеттілігі туралы, оның ішінде асырап алушыларды (асырап алушыны) туу туралы жазбалар кітабында ата-ана ретінде жазу туралы, баланың тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жерін өзгерту туралы, егер арызда осындай өтініш болса және 10 жасқа толған баланың келісімі берілсе, сондай-ақ асырап алған баланың ата-аналарының бірінің немесе оның қайтыс болған ата-анасының туыстарының жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарының сақталуы туралы, егер осы мәселелерді сот арыз берушінің не мүдделі адамдардың өтініші бойынша оңынан шешсе, көрсету қажет. Асырап алынған баланың тегі мен әкесінің аты өзгерген кезде деректер асырап алушылардың (асырап алушының) тегі және аты бойынша көрсетіледі, асырап алынған баланың тегі мен әкесінің атын жазуды қазақ халқының дәстүрлері бойынша одан әрі өзгертуді уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Бала асырап алу кезінде баланың ұлтын өзгерту соттың құзыретіне кірмейді және Кодекстің 65-бабына сәйкес анықталады, ал баланың туған жерін соттың өзгертуі Қазақстан Республикасы аумағының шегінде ғана мүмкін болады (Кодекстің 98-бабының 1-тармағы).
"Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223-III Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде жеке сәйкестендiру нөмiрі бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шартты түрде алып тасталатынын назарда ұстаған жөн.
Шешімнің қарар бөлігінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 551 бұйрығымен бекітілген асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдеріне және оның нысандарына сәйкес асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қажеттігі жөніндегі Кодекстің 86-бабы 4-тармағының ережелерін бала асырап алушыларға түсіндірілгені туралы көрсеткен жөн.";
20) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Баланың мүдделерін тікелей қозғайтын ерекше мән-жайлар болған кезде сот АПК-нің 244-бабына сәйкес сот шешімін дереу орындаудың қажеттілігі туралы түйінге келу уәжін келтіріп, арыз берушінің өтініші бойынша шешімді дереу орындауға жіберуге құқылы (мысалы, асырап алынған баланы емдеу курсын жүргізу немесе ота жасау үшін дереу ауруханаға жатқызу талап етілсе және кешеуілдету баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе).";
21) 20-тармақта:
бірінші абзацтағы "көрсетілген" деген сөз "көзделген" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "асырап алған" деген сөздер "асырап алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот Кодекстің 106-бабының 2-тармағына сәйкес баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескеріп, асырап алушының тәртібінде кінә болмаған кезде де баланы асырап алудың күшін жоюға құқылы. Мұндай мән-жайларға, атап айтқанда, бала асырап алушы мен асырап алынған баланың арасында олардың жеке қасиеттеріне байланысты қалыптаспаған өзара қарым-қатынастарды; асырап алғаннан кейін баланың денсаулық жағдайында тәрбиелеу процесін айтарлықтай қиындататын не бұған мүмкіндік бермейтін ақыл-ойының кемдігінің немесе тұқым қуалаушылық ауытқушылықтың анықталуын, аталған кемшіліктердің бар екендігі туралы асырап алушының асырап алу кезінде ескертілмеуін; баланың қатты бауыр басып қалған ата-аналарының әрекетке қабілеттілігінің қалпына келуін, баланың ата-аналарын ұмыта алмауын, мұның өзі оның көңіл-күй жағдайына кері әсер етуін және т.б. жатқызуға болады.";
22) 21-тармақта:
бірінші абзацтағы "сәйкес," деген сөз "сәйкес" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талапты асырап алған баланың ата-аналары, асырап алушының жұбайы, асырап алудан құқықтары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қоюға құқылы.";
жетінші абзацтағы "орган" деген сөз "органның" деген сөзбен ауыстырылсын;
23) 23-тармақтың бірінші абзацындағы "жойылған" деген сөз "жойылды" деген сөзбен ауыстырылсын.
24) 24-тармақтағы "алғаш" деген сөз "алғашқы" деген сөзбен ауыстырылсын;
9. "Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі №7, 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"2016 жылғы 7 шілдедегі № 6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы.";
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) нормаларына сәйкес мәміле сот оны осындай (дауланатын мәміле) деп тануына байланысты заңда белгіленген негіздер бойынша не осылай тануына (маңызсыз мәміле) қарамастан, заңда тікелей көрсетілуі бойынша жарамсыз болуы мүмкін.
Дау айтылатын мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптарды, оның салдарларын қолдану туралы талаптарды мүдделі тұлға, тиісті мемлекеттік орган не прокурор қоюы мүмкін.
Мәміленің заңмен белгіленген маңызсыздығы мүдделі тұлғаға мұндай мәміленің жарамсыздығын сотта тануды талап етуге кедергі келтірмейді.
Маңызсыз мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану туралы талапты маңызсыз мәмілені жарамсыз деп тану туралы талапты мәлімдеген-мәлімдемегеніне қарамастан, кез келген мүдделі тұлға қоюы мүмкін.
Сот АК-нің 157-1-бабының 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда мәмілелердің жарамсыздығының салдарларын өз бастамасы бойынша қолдануға құқылы.";
3) 2-тармақта:
бірінші абзацтағы "жарамсыздығы" деген сөз "жарамсыздығының" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер қойылған талап жарамсыз мәміле бойынша алынған мүліктің кейін қайтарылуына байланысты болса, талап қоюдың бағасы АПК-нің 104-бабы бірінші бөлігінің 13) тармақшасына сәйкес талап қоюда айқындалады және көрсетіледі.
Заңның осы нормасына сай барлық алынған мүлікті кейіннен қайтаруға байланысты шарттарды жарамсыз деп тану туралы істер бойынша талап қою бағасы талап қою сотқа берілген күнге мүліктің нарықтық құнымен айқындалады.
Егер талап қою мүлікті жарамсыз мәміле бойынша заттай кері қайтару мүмкін болмаған жағдайда, кері қайтарылуға жататын мүліктің құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің құнын ақшалай түрде өтеуге байланысты болса, талап қоюдың бағасы АПК-нің 104-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес талап қоюда айқындалады және көрсетіледі.
Аталған жағдайларда мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа берiлетiн талап қоюлардан мемлекеттік баж мүліктік сипаттағы талап қоюлардан алынады ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 610-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы).
Мүлікті кері қайтаруға немесе оның құнын өтеуге байланысты емес мәміленің жарамсыздығы туралы талап қою бойынша мемлекеттік баж мүліктік емес сипаттағы талап қоюдағы сияқты мөлшерде алынады (Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы).
Егер мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюды қабылдау сатысында сот талап қоюда мәмілені жарамсыз деп тану салдарларын қолдану туралы талап көрсетілмегенін анықтаса, онда осы мән-жай талап қоюды қабылдаудан бас тартуға немесе оны кері қайтару үшін негіз бола алмайды. АПК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасының нормалары бұл жағдайда қолданылмайды, өйткені осы талаптың талап қоюда болмауы талап қоюды кері қайтаруға әкеп соғатын жойылмайтын кемшілікке жатпайды. Мәміленің жарамсыздығының салдарларын қолдану туралы талапты істі сот талқылауына дайындау сатысында сот нақтылайды.";
5) 4-тармақтағы "сәйкес сот істі сот талқылауына дайындау сатысында" деген сөздер "сәйкес істі сот талқылауына дайындау сатысында сот" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 5-тармақта:
бірінші абзацтағы "осы құқықтық қатынастар туындаған кезде" деген сөздер "мәмілелерді жасау кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші, үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәмілелердің жарамсыздығы және олардың жарамсыздығының салдарын қолдану туралы мәселелерді шешу кезінде соттар осы құқықтық қатынастар туындаған кезде қолданылатын заңнаманы басшылыққа алуға тиіс. Нормативтік құқықтық актінің не оның бөлігінің кері күші оның өзінде немесе оны қолданысқа енгізу туралы актіде көзделген кезде айрықша жағдайлар болып табылады.
2017 жылғы 10 наурыздан кейін туындаған құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешу кезінде соттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VI Қазақстан Республикасы Заңының редакциясындағы АК-нің нормаларын қолданады.";
7) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Соттар осы санаттағы істерді қарау кезінде АК-нің 147-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен мiндеттерді белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылатынын негізге алуы қажет.
Соттар мәмілелерді жарамсыз деп тану және олардың жарамсыздығының салдарларын қолдану туралы істерді қарауға кірісе отырып, талап қоюшының сотқа жүгініп отырған талап қоюының нысанасы мен негізін, iс үшiн маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастары қандай екенін айқындауға және осыған байланысты даулы құқықтық қатынас реттелетін материалдық құқық нормаларын қолдануға және осы нормалардың негізінде талап қоюды шешуге тиіс (АПК-нің 225-бабының бірінші бөлігі).
Осы мән-жай АПК-нің 4-бабының талаптарына сай келеді, оның қағидалары бойынша азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда заңдылықты сақтау, істің толық, уақтылы, әділ қаралуын және шешілуін қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.";
8) 7-тармақта:
бірінші, екінші абзацтағы "қаперге" деген сөз "назарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "аталған", "осы", "нысанасы бойынша" деген сөздер тиісінше "көрсетілген", "сол", "нысанасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "мәніссіз" деген сөз "маңызсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер мәміленің заңда тікелей көрсетілгендей жарамсыз екені анықталса (мысалы, АК-нің 23-бабында (АК-нің 159-бабының 3-тармағы) көзделген мәмілелерден басқа, он төрт жасқа жетпеген кәмелетке толмаған (жас бала) жасаған жарамсыз мәміле), онда сот мәмілені толығымен немесе оны жекелеген шарттар бөлігінде жарамсыз деп таниды, мәміленің жарамсыз екенін растайды және оның жарамсыздығының салдарларын қолданады. Мұндай мән-жайларда сотқа осындай мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қою арқылы жүгіну қажет емес.";
9) 8-тармақта:
бірінші абзацтағы "екітарапты" деген сөз "екіжақты" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "157-1-баптың" деген сөздер "АК-нің 157-1-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Соттарға меншік иесінің мүлікті АК-нің 260-бабына сай өзгенің заңсыз иелігінен талап етуі (виндикация) кейбір жағдайларда мәміленің болмауына байланысты оның жарамсыз деп танымастан меншік құқығын қорғау ретінде, ал басқа жағдайларда орын алған мән-жайларды ескере отырып, мәміленің жарамсыздығының салдарлары ретінде қолданылуы мүмкін екені түсіндірілсін.";
11) 10-тармақтағы "нақтылы" деген сөз "нақты" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 11-тармақтағы "оны жасауға" деген сөздер "оған" деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 12-тармақта:
үшінші абзацтағы "және басқа да" деген сөздерден кейін "ұқсас" деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Адал алушы – бұл мүлiкті сатқан адамның оны иелiктен шығаруға құқығы жоқ екенін өтеулі мәміле бойынша ол берілгенге дейін мұны бiлмеген және бiлуге тиiс болмаған адам (АК-нің 261-бабының 1-тармағы).
Егер даулы мүлікке қатысты ақылы мәміле жасалған кезде үшiншi тұлғалардың заңды талаптары болса және мұндай талаптар кейiннен белгiленген тәртiппен заңды деп танылса, сатып алушы адал ниетті деп таныла алмайды.";
14) 13-тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Соттың иеленушіні адал иеленуші деп тануы адал иеленушіден мүлікті талап ету туралы меншік иесінің талап қоюын қанағаттандырудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
Меншік иесі адал алушыдан мүлікті талап етуі АК-нің 261-бабында көзделген негіздер болған жағдайда ғана (адал алушының мүлiкті өтеусіз алуы, меншiк иесiнің немесе меншiк иесi мүлiктi иеленуге берген адамның мүлiктi жоғалтуы не мұның екеуiнен де ұрлануы не бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен олардың иелігінен шығып қалуы) мүмкін болады.
Мүлікті адал алушыдан талап ету құқығын беретін негіздерді зерделей отырып, соттар мүліктің меншік иесінің еркінен тыс шығып кету фактісін анықтау үшін олардың туындау мән-жайларын айқындағаны жөн. Сот бұл фактіні мән-жайларды және тараптар ұсынған дәлелдемелерді негізге алып, әрбір нақты іс бойынша жеке анықтауға тиіс.
Мүлiктi меншiк иесi немесе меншiк иесi мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқан жағдайда мүлікті адал алушыдан талап ету туралы мәселені шешу кезінде соттар мән-жайларды және айырылуға әкеп соққан себептерді назарға алуға және баға беруге тиіс.
Меншік иесінің мүлікті басқа адамның иелігіне беру (жалға беру, өтеусіз пайдалану, сақтау шарттары бойынша және тағы сол сияқты) негізі құқыққа сай әрі заңды болуы тиіс.
Мүліктің иеліктен шығарудың өзге жолдарына, атап айтқанда алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың әсерімен мәмілелерді жасау, меншік иесі өкілінің адасудың әсерімен басқа адаммен теріс ниетпен келісім жасауы және тағы басқа жағдайлар жатады.
Саналы сақтықты, адалдықты, байқампаздықты көрсеткен адал сатып алушының мүдделері, егер меншік иесі мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі иеленуге берген адам жоғалтқанын, не біреуінен немесе екіншісінен ұрланғанын немесе олардың ерік-жігерінен басқа жолмен жойылғанын сотта дәлелдемесе ғана қорғалуға тиіс.";
15) 14-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Соттың бірінші мәмілені АК-нің 157-1-бабы 2-тармағына сәйкес жарамсыз деп тануы, егер АК-де Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе мәміленің мәнінен немесе мазмұнынан туындамаса, оның жарамсыздығына байланысты және ол жасалған сәттен бастап жарамсыз болып табылатындарды қоспағанда, қандай да бір заңдық салдарға әкеп соқпайды.";
үшінші абазац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәмілені жарамсыз деп танудың салдарынан талап қоюшыда АК-нің 260 және 261-баптарының тәртібімен адал алушыдан бөтеннің заңсыз иеленуінен мүлiктi талап етіп алу не жарамсыз мәмілелер бойынша өзге де салдарды қолдану құқығы туындайды.
16) 15-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Соттарға мәмілелердің жарамсыздығының салдары ретінде қолданылатын реституция мен виндикацияның мақсаттары ұқсас екені - жоғалтқан мүлікті қайтару болатыны түсіндірсін.";
екінші абзацтағы "осы мүліктің барлығын" деген сөздер "қарсы ұсынысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 16-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"АК-нің 262-бабына сәйкес ұсынушыға берiлетiн ақшаны, сондай-ақ бағалы қағаздарды адал иеленушiден талап етiп алдыруға болмайды.";
үшінші абазацтағы "тәртiпте сатылса", "мақсаттарына" деген сөздер тиісінше "тәртiппен сатылған болса", "мақсатына" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мәміленің жарамсыздығы және оның салдарларын қолдану туралы мәселелер тек азаматтық істерді қарау кезінде ғана емес, әкімшілік (ӘРПК-нің тәртібімен қаралған) және қылмыстық істерді қарау кезінде де қолданылатынына соттардың назары аударылсын.
Атап айтқанда, қылмыстық істі қарау кезінде сотталушының мүліктік пайда табу фактісін анықтаған соттар, нысаны бойынша заңды, бірақ мақсаты мен мазмұны бойынша жалған, кәсіпкерлік қызметпен айналысу ниетін (ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру, делдалдық қызметтер және т. б.) куәландырмайтын және заңды (маңызсыз) көрсетуге байланысты жарамсыз болып табылатын мәмілелерге баға беруі тиіс, өйткені олар құқықтық тәртіп немесе адамгершілік негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатта жасалған (АПК-нің 158-бабы 1-тармағы).
Сот қылмыстық істі қарау кезінде сотталушының меншігінде тұрған мүліктің қылмыстық жолмен табылғанын не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынғанын, үшінші тұлғаларға ресімделгенін анықтаған жағдайда, сот осындай мәмілелерді қарай отырып, оларды заң бойынша жарамсыз (маңызсыз) мәміле ретінде бағалап, АК-нің 158-бабының 1, 2-тармақтарын басшылыққа алуға тиіс.
Сот мәміленің қылмыстық мақсаттарға бағытталғанын анықтап және екі тараптың да теріс пиғылы болған кезде АК-нің 157-1-бабы 5-тармағының негізінде тараптар заңсыз мәміле бойынша алған немесе алуға арналған барлық мүлікті тәркілеу түріндегі мәміленің жарамсыздығының салдарларын қолдану туралы шешім қабылдайды.
Бір тарап осындай мәмілені орындаған кезде басқа тараптан ол алғанның бәрі және мәміле бойынша бірінші тарапқа одан тиесілінің бәрі тәркіленуге жатады. Тараптардың бірде бірі орындауға кіріспеген жағдайда мәміледе орындалуы көзделген барлық нәрсе тәркіленуге жатады.
Егер сот қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған теріс пиғыл тараптардың бiрiнде ғана бар екенін анықтаса, оның мәмiле бойынша алғандарының барлығы екiншi тарапқа қайтарылуға жатады, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге жатады (АК-нің 157-1-бабының 6-тармағы).
Мүлікті тәркілеу біржақты реституция жағдайында, сондай-ақ мәміленің жарамсыздығына кінәлі тараптың мүлкі мемлекет кірісіне өндірілген не екі тараптың да арам ниеті болған кезде тараптардың мәміле бойынша алған барлық мүлкі өндірілген кезде мәміленің жарамсыздығының салдарлары ретінде қолданылатынын соттар назарда ұстауы қажет.
Сотталғанның меншігі болып табылатын, сондай-ақ қылмыс жасау тәсілі немесе құралы болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу түрінде қолданылатын мүлікті тәркілеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (бұдан әрі – ҚК) көзделген жағдайларда қосымша жаза түрі болып табылады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде қолданылатын мүлікті тәркілеуге қарағанда, азаматтық-құқықтық қатынастарда санкция ретінде тәркілеу, ҚК нормаларында қосымша жаза түрінде тәркілеу белгіленбеген жағдайларда мәміленің, оның ішінде қылмыстық сот ісін жүргізуде мәміленің жарамсыздығының салдары болып табылады.";
19) 19-тармақта:
бірінші абзацтағы "мазмұнына және" деген сөздер "мазмұнына және мәміленің" деген сөзбен толықтырылсын;
екінші және төртінші абазацтардағы "Осы" деген сөз "Бұл" деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 20-тармақтың екінші абазацындағы "мәніссіз" деген сөз "маңызсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 21-тармақта:
бірінші абзацтағы "алулары", "бүркемелейтін және (бүркемеленген)" деген сөздер тиісінше "алуы", "бүркемелейтін (қулықпен жасалған) және бүркемеленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
"мәніссіз", "Сондықтан" деген сөздер тиісінше "маңызсыз", "Сондықтан соттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"соттар" деген сөз алып тасталсын;
22) 22-тармақта:
бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-III" деген сөздер "2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-III Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Осыған байланысты талап қоюшының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жарамсыз, заңсыз деп тану туралы, құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жою туралы талаптары қанағаттандырылуға жатпайды.";
23) 23-тармақта:
"алғаш" деген сөз "алғашқы" деген сөзбен ауыстырылсын;
10. "Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде соттардың Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолдануы туралы" 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 12 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 12 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";
2) 1-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Туындаған немесе орын алған, алайда олар туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін белгілі болған, бұрын қаралған істі дұрыс шешу үшін айтарлықтай маңызы бар заңды фактілер қайта қарау үшін негіздер болып табылады.";
үшінші абзацтағы "маңызды мәні" деген сөздер "айтарлықтай маңызы" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "түпкілікті" деген сөз "толық" деген сөзбен ауыстырылсын.
3) 2-тармақта:
бірінші абзацтағы "сырттай немесе" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзацтағы "талап қою арызын" деген сөздер "талап қоюын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-тармақтағы "қарсы талап" деген сөздер "қарсы талап қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-ІV" деген сөздер "2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-ІV Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. АПК-нің 455-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес қайта қарау туралы арыз берілген, заңды күшіне енген сот үкімімен анықталған сот актісінің заңсыз және негізсіз шығарылуына әкеп соқтырған куә айғақтарының немесе сарапшы қорытындысының көрінеу жалған болуын, аударманың көрінеу дұрыс еместігін, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығын жаңадан ашылған мән-жайлар деп түсінген жөн.";
7) 6-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"АПК-нің 455-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес заңды күшіне енген сот үкімімен анықталған іске қатысатын адамдардың, олардың өкілдерінің не судьялардың осы азаматтық істі қарау кезінде жасаған қылмыстық әрекеттерін (мысалы, сыбайлас жемқорлық қылмыс, тарапқа, өкілге, куәларға қатысты параға сатып алу немесе қорқыту) жаңадан ашылған мән-жайлар деп түсінген жөн.";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл нормативтік қаулының осы тармағында және 5-тармағында санамаланған мән-жайлар үкімнен бөлек соттың немесе қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың ескіру мерзімінің өтуіне, рақымшылық актіге, айыпталуышының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жасының жетпеуіне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыларымен анықталуы мүмкін.";
8) 7-тармақтың бірінші абзацындағы "тармақшасын қолдануға" деген сөздер "тармақшасына" деген сөзбен ауыстырылсын.
9) 8-тармақта:
бірінші абзацтағы "арыз берілген" деген сөздер "мәлімделген" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"АПК-нің 455-бабы үшінші бөлігінің 3) тармақшасына қатысты, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының сот актiсi шығарылған кезде қолданылған заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді конституциялық емес деп тануы жаңа мән-жай болып табылады.";
бесінші абзацтағы "орай орындау", "күшінің жойылуы" деген сөздер тиісінше "сәйкес орындалуы", "күшін жою" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 9-тармақтағы "адамдарың" деген сөз "адамдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 10-тармақта:
"арыз беруге" деген сөздер "арыз беруіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"апелляциялық шағым" деген сөздерден кейін "немесе сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 11-тармақта:
үшінші абзацтағы "белгіленген" деген сөз "айқындалған" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "қараудың" деген сөз "қарау" деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 13-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұндай сот болып сот актісін шығарған бірінші сатыдағы соттың судьясы, іс бойынша жаңа процестік шешім шығара отырып, сот актісін өзгерту немесе оның күшін жою туралы қаулы шығарған апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы соттың алқалы құрамдары, сонымен қатар істі АПК-нің 402-бабының үшінші абзацында көзделген тәртіппен қараған апелляциялық сатының судьясы түсініледі.";
14) 15-тармақтың бірінші абзацындағы "күн кешіктірмей" деген сөздер "күнінен кешіктірілмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 16-тармақта:
үшінші абзацтағы "жасаған" деген сөз "жасалған" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"арызда көрсетілген мән-жайлардың маңызды болуы-болмауы және істі қарау нәтижесіне қалай әсер ететіні көрсетілуі тиіс.";
16) 19-тармақтың бірінші абзацындағы "сот ісін жүргізуге істі" деген сөздер "істі сот ісін жүргізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 21-тармақтағы "талапты" деген сөз "талап қоюды" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Азаматтық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысының 16-тармағы;
3) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысының 10-тармағы.";
11. "Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы" 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4:
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Соттардың мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы";
2) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";
3) 1-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі - Конституция) негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) нормаларынан, Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы санаттағы істерді қарау кезінде соттар Заңды, ал Заңмен реттелмеген мәселелер бойынша АК-нің, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК), Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК), "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік аудит туралы заң) нормаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуы қажет. Соттардың өнім берушіні таңдау және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу процесінде туындайтын, қарау тәртібі ӘРПК-нің нормаларымен реттелетін даулардың және мемлекеттік сатып алу туралы шарттан туындайтын, АПК-нің нормаларына сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын даулардың аражігін ажыратқаны жөн.";
4) 2-тармақта:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер талап қоюшы конкурс қорытындыларын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар осы негізде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлігінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта біріктіріліп қаралуға жатады.";
алтыншы абзацтағы "қойылған талаптың" деген сөздер "талап қоюдың" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларының қолданылуына байланысты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуынан туындайтын талап қоюлар мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың қарауына жатады.";
5) 5-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Демек, талап қоюшы талап қою кезінде дауды алдын ала сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттарды қоса тіркеуге міндетті.
Дауды алдын ала сотқа дейін немесе соттан тыс реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын тиісті дәлелдемелердің болмауы АПК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының негізінде талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.";
6) 7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шартқа қол қойылмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші оған қол қою үшін өзіне байланысты барлық шараларды қабылдағанын, бірақ оның еркіне байланысты емес объективті мән-жайларға байланысты оған қол қоя алмағанын дәлелдеуге тиіс.";
7) 9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Соттар осы фактіні Заңның 10-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға негіз болатын құжатты (құжаттарды) ұсынбаудан не тиісті түрде ресімдемей ұсынудан ажыратуы қажет.";
8) 11-тармақтағы "жатпайды", "сипаттамасындағы" деген сөздер тиісінше "жатпайтынын соттардың ескергені жөн", "жазбасындағы" деген сөздермен ауыстырылсын
9) 12 тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Соттар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 686 бұйрығымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен реттелетін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың негізінде туындайтын дауларды және сатып алуды жалпы негіздерде жүзеге асыру кезіндегі дауларды қараған кезде осы ерекшеліктерді ескеруі тиіс.";
10) 16-тармақтағы "іс-әрекеттер" деген сөздер "әрекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы |
А. Мерғалиев |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы |
Г. Әлмағамбетова |