Ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәлiметтердi сәйкес келтіру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 372 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 523 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2021 № 523 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәлiметтердi сәйкес келтіру қағидалары бекiтілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі
№ 372 қаулысымен
бекітілген

Ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәлiметтердi сәйкес келтіру
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәлiметтердi сәйкес келтіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді, ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкес келтіру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – аппаратты-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;

      2) ақпараттық жүйенің операторы – жеке тұлға (өтініш беруші) туралы мәліметтерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар;

      3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;

      4) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыру өкілеттігіне ие адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;

      5) жеке тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) – жәрдемақы (бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтімі жөніндегі жәрдемақы немесе балаларға арналған жәрдемақы) тағайындау үшін отбасының атынан өтініш беретін адам;

      6) уәкілетті ұйымның бөлімшесі (бұдан әрі – орталық бөлімшесі) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның қалалық, аудандық бөлімшелері;

      7) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚО) – жеке және (немесе) заңды тұлғаларға "жалғыз терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын.

      3. Ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәлiметтердi сәйкес келтіру үшін негіз орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы жоқ мәліметтерді сәйкес келтіру жөніндегі ақпараттық жүйенің операторына сұрау салуы болып табылады.

2. Ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәлiметтердi сәйкес
келтіру тәртібі мен мерзімдері

      4. Ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылатын мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ақпараттық жүйенің операторынан алған жағдайда өтініш беруші жүгінген күні сұрау салуды жүзеге асырған орталық бөлімшесі немесе ХҚО не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және беру жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      Хабарлама орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрiнде осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша беріледі.

      5. Ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіру үшін өтiнiш берушi хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде орталық бөлімшесіне немесе ХҚО-ға не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінішті және мына құжаттардың түпнұсқаларын:

      1) өтiнiш берушiнің жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе оралмандар үшін Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының тұруға ықтиярхаты), ал тұлғаның өкiлi – өкілдің жеке басын және өкілеттігін куәландыратын құжаттарды;

      2) ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы жоқ мәліметтерді қамтитын құжатты ұсынады.

      Өтініш беруші жүгінген күні өтініш ресімделеді және тіркеледі.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттың болмауы өтінішті тіркеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      6. Ақпараттық жүйелердің операторы ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған жағдайда балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі сұрау салуды жүзеге асырған уәкілетті орган құжаттарды алған күні кент, ауыл, ауылдық округ әкiміне хабарлайды және ол арқылы өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша ақпараттық жүйелердегі ол туралы мәліметтерді сәйкес келтіруге өтініш берушіден жазбаша келісім алу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Өтініш беруші хабарламаны өтініш берушіге берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша оған бұрын ұсынылған құжаттардың көшірмелері негізінде ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіруге жазбаша келісімін кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі арқылы балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға береді.

      7. Орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті адамы өтiнiш берушіден өтінішті және құжаттардың түпнұсқаларын қабылдаған күні құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды және құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады, содан кейін мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

      1) ақпараттық жүйенің операторына осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша электрондық құжат түрінде орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері бекітілген сұрау салуды жібереді;

      2) ақпараттық жүйелердегi жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшiн өтінішті және құжаттарды қабылдау туралы қолхатты өтiнiш берушiге бередi.

      Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі арқылы өтініш берушіден алған ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіруге жазбаша келісімді қабылдаған күні балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті адамы мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

      1) ақпараттық жүйенің операторына осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша электрондық құжат түрінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері бекітілген сұрау салуды жібереді;

      2) өтініш берушіге ақпараттық жүйелердегі өзі туралы мәліметтерді сәйкес келтіруге оның жазбаша келісімін алу туралы қолхатты кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі арқылы жібереді.

      8. Ақпараттық жүйенiң операторы орталық бөлімшесінен немесе ХҚО-дан не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органнан сұрау салуды алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сұрау салудағы және мұрағаттық құжаттардағы жеке тұлға туралы мәліметтердің ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтермен сәйкестігін тексереді, содан кейін ақпараттық жүйенің операторы мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады және оларды тексерудің нәтижесі бойынша орталық бөлімшесіне немесе ХҚО-ға не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға хабарламаны жолдайды:

      1) сұрау салуда көрсетілген фактілер расталған кезде ақпараттық жүйелерге тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді, содан кейін орталық бөлімшесіне немесе ХҚО-ға не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген нысан бойынша ақпараттық жүйе операторының уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат түрінде ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкес келтіру туралы хабарламаны жібереді;

      2) сұрау салуда көрсетілген фактілер расталмаған жағдайда ақпараттық жүйе операторының уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат түрінде осы Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген нысан бойынша дәлелді себептерін көрсете отырып, ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкес келтіруден бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      9. Ақпараттық жүйе операторының ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметті сәйкестендіруі өтеусіз көрсетіледі.

  Ақпараттық жүйелердегі
жеке тұлға туралы мәліметтерді
сәйкес келтіру қағидаларына
1-қосымша

      Кімге ____________________________

      (жеке тұлғаның тегін, атын,

      әкесінің атын толық көрсету)

      ЖСН деректемелері: _______________

      мекенжайы: _______________________

      тел. _____________________________

Ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкес
келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын беру қажеттілігі туралы
хабарлама

      20 жылғы " " № ______

      ___________________________ (орталық бөлімшесінің немесе ХҚО не

      балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі

      уәкілетті органның атауын көрсету) сұрау салынған мәліметтердің

      жоқтығын растайтын ____________________________ (электрондық құжаттың

      атауын, оның нөмірін, күнін және берген органның атауын көрсету)

      _______________________ (ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы жоқ

      мәліметтердің тізбесін көрсету) құжаттың келіп түсуіне байланысты

      Сізге үш жұмыс күні ішінде мынадай құжаттардың түпнұсқаларын ұсына

      отырып, ақпараттық жүйелерде көрсетілген мәліметтерді сәйкес келтіру

      туралы өтінішті ұсыну қажеттілігі туралы хабарлаймыз:

      1) _______________________________ (өтініш берушінің жеке басын

      куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

      немесе оралмандар үшін шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына

      ықтиярхаты), ал тұлғаның өкілі – өкілдің жеке басын және

      өкілеттілігін куәландыратын құжаттар);

      2) _____________________________ (ақпараттық жүйелердегі өтініш

      беруші туралы жоқ мәліметтерді қамтитын құжат).

      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә.

      Хабарламаны алдым _____________________________________________

      (Өтініш берушінің Т.А.Ә., қолы, күні)

  Ақпараттық жүйелердегі
жеке тұлға туралы мәліметтерді
сәйкес келтіру қағидаларына
2-қосымша

      Орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның

      не балаларға арналған жәрдемақыны

      тағайындау және төлеу жөніндегі

      уәкілетті органның атауы

      ___________________________________

      орналасқан жері ___________________

      ___________________________________

      ___________________________________

      (қала, көше, үйдің, пәтердің №,

      телефон) мекенжайы бойынша тұратын

      азамат ____________________________

      (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

      ЖСН _______________________________

Жеке тұлғаның ақпараттық жүйелердегі өзі туралы мәліметтерді
сәйкес келтіруге өтініші

      Сізден "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар

      туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына

      сәйкес ________________ (ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы жоқ

      мәліметтердің тізбесі) сұрау салынған мәліметтердің жоқтығын

      растайтын _____________________________________ (электрондық құжаттың

      атауын, нөмірін, күнін және берген органның атауын көрсету)

      құжаттардың түсуіне байланысты Сізден ақпараттық жүйедегі

      (жүйелердегі) мәліметтерді сәйкес келтіруді сұраймыз.

      Мен ұсынған құжаттардың негізінде:

      1) _______________________________ (өтініш берушінің жеке басын

      куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

      немесе оралмандар үшін шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына

      ықтиярхат), ал тұлғаның өкілі – өкілдің жеке басын немесе өкілеттігін

      куәландыратын құжаттар);

      2) _____________________________ (ақпараттық жүйелердегі өтініш

      беруші туралы жоқ мәліметтерді қамтитын құжат).

      20 жылғы "___" __________ Өтініш берушінің қолы ___________

  Ақпараттық жүйелердегі
жеке тұлға туралы мәліметтерді
сәйкес келтіру қағидаларына
3-қосымша

      Кімге ____________________________

      (жеке тұлғаның тегін, атын,

      әкесінің атын толық көрсету)

      ЖСН деректемелері: _______________

      мекенжайы: _______________________

      тел. _____________________________

Ақпараттық жүйелерде жеке тұлғаның мәліметтерін сәйкес
келтіруге оның келісім беру қажеттілігі туралы
хабарлама

      20 жылғы " " № _______

      __________________________________ (орталық бөлімшесінің немесе

      ХҚО-ның не балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу

      жөніндегі уәкілетті органның атауын көрсету) сұрау салынған

      мәліметтердің жоқтығын растайтын _______________________ (электрондық

      құжаттың атауын, оның нөмірін, күнін және берген органның атауын

      көрсету) _______________________ (ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға

      туралы жоқ мәліметтің тізбесін көрсету) құжаттың келіп түсуіне

      байланысты Сізге үш жұмыс күні ішінде (кент, ауыл, ауылдық округ)

      _________________________________________ әкіміне Сіз ұсынған мынадай

      құжаттардың көшірмелері негізінде ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға

      туралы мәліметтерді сәйкес келтіруге келісіміңізді берудің

      қажеттілігі туралы хабарлаймыз:

      1) _______________________________ (өтініш берушінің жеке басын

      куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

      немесе оралмандар үшін шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына

      ықтиярхаты), ал тұлғаның өкілі – өкілдің жеке басын және

      өкілеттілігін куәландыратын құжаттар);

      2) _______________________________ (ақпараттық жүйелерде өтініш

      беруші туралы жоқ мәліметтерді қамтитын құжат).

      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә.

      Хабарламаны алдым _____________________________________________

      (Өтініш берушінің Т.А.Ә., қолы, күні)

  Ақпараттық жүйелердегі
жеке тұлға туралы мәліметтерді
сәйкес келтіру қағидаларына
4-қосымша

      Орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның

      не балаларға арналған жәрдемақыны

      тағайындау және төлеу жөніндегі

      уәкілетті органның атауы

      ___________________________________

      орналасқан жері: __________________

      ___________________________________

      (қала, көше, үйдің, пәтердің №,

      телефон) мекенжайы бойынша тұратын

      азамат ____________________________

      (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

      ЖСН _______________________________

Жеке тұлғаның ақпараттық жүйелердегі өзі туралы мәліметтерді
сәйкес келтіруге
КЕЛІСІМІ

      Сізден "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар

      туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына

      сәйкес ________________ (ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы жоқ

      мәліметтердің тізбесін көрсету) сұрау салынған мәліметтердің жоқтығын

      растайтын ____________________ (электрондық құжаттың атауын, нөмірін,

      күнін және берген органның атауын көрсету) құжаттың түсуіне

      байланысты Сізден ақпараттық жүйедегі (жүйелердегі) мәліметтерді

      сәйкес келтіруді сұраймын.

      Мен _______________ (кент, ауыл, ауылдық округ) әкіміне ұсынған

      құжаттардың көшірмелері негізінде, мыналардың дұрыстығын растаймын:

      1) _______________________________ (өтініш берушінің жеке басын

      куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

      немесе оралмандар үшін шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына

      ықтиярхаты), ал тұлғаның өкілі – өкілдің жеке басын және

      өкілеттілігін куәландыратын құжаттар);

      2) _______________________________ (ақпараттық жүйелерде өтініш

      беруші туралы жоқ мәліметтерді қамтитын құжат).

      20 жылғы "___" ___________ Өтініш берушінің қолы ___________

  Ақпараттық жүйелердегі
жеке тұлға туралы мәліметтерді
сәйкес келтіру қағидаларына
5-қосымша

      _______________________________________

      (ақпараттық жүйедегі оператордың атауы)

      _______________________________________

      (мекенжайы)

Ақпараттық жүйелерде жоқ жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкес
келтіруге сұрау салу

      20 жылғы " " № _______

      1. ____________________________________ (сұрау салуды жөнелтуші

      орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның не балаларға арналған жәрдемақыны

      тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның атауын көрсету)

      ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға (өтініш беруші) туралы жоқ

      мәліметтерді сәйкес келтіруді сұрайды.

      2. _________________________ (МО – сұрау салуды алушының атауы)

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты және туған күні, ЖСН деректемелері

Сұрау салудың себебі

(деректердің болмауы)

Ақпараттық жүйелерде жоқ мәліметтердің тізбесі

Деректердің жоқ екендігі туралы мәліметтерді ұсынған ақпараттық жүйенің жауап хабарламасы туралы ақпарат

Өтініш беруші туралы сұрау салынған мәліметтердің жоқ екендігін растайтын электрондық құжаттың атауы, оның нөмірі және берген күні







      3. ______________________________________________ (сұрау салуды

      жүзеге асырған орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның не балаларға

      арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган

      маманының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы).

      Қосымша (құжаттардың электрондық көшірмелері):

      1) _______________________________ (өтініш берушінің жеке басын

      куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

      немесе оралмандар үшін шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына

      ықтиярхаты), ал тұлғаның өкілі – өкілдің жеке басын және

      өкілеттілігін куәландыратын құжаттар);

      2) ________________________ (ақпараттық жүйелерде өтініш беруші

      туралы жоқ мәліметтерді қамтитын құжат).

      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә.

  Ақпараттық жүйелердегі
жеке тұлға туралы мәліметтерді
сәйкес келтіру қағидаларына
6-қосымша

      ___________________________

      (қызмет берушінің атауы)

      ___________________________

      (мекенжайы)

Ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерге
өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы/ақпараттық
жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерге өзгерістер және
(немесе) толықтырулар енгізуден бас тарту туралы
хабарлама

      20 жылғы " " № ______

      _________________________________ (ақпараттық жүйе операторының

      атауын көрсету) ақпараттық жүйелерде жеке тұлға туралы мәліметтерге

      өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы/ақпараттық

      жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерге өзгерістер және (немесе)

      толықтырулар енгізуден бас тарту туралы хабардар етеді:

Ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкес келтіруге сұрау салудың нөмірі және күні

Жеке тұлғаның ЖСН

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің _________ № ______ қаулысымен бекітілген Ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкес келтіру қағидаларының 8-тармағында көзделген ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар/ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіруден бас тарту үшін негіздеме








      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә.

On approval of the Rules for bringing into compliance information about an individual in information systems

Resolution N 372 of the Government of the Republic of Kazakhstan dated April 17, 2013.

      Unofficial translation

      Footnote. Became invalid by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 05.08.2021 No. 523 (comes into effect after ten calendar days after the date of its first official publication).

      In accordance with Article 5 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated June 28, 2005, “On state allowances for families with children”, the Government of the Republic of Kazakhstan RESOLVES:

      1 To approve the attached Rules for bringing into compliance information about an individual in information systems.

      2. This resolution shall be enforced upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication.

      Prime Minister
of the Republic of Kazakhstan
S.Akhmetov

  Approved by
Resolution N 372
of the Government
of the Republic of Kazakhstan
dated April 17, 2013

Rules for bringing into compliance information about an individual in information systems

1. General provisions

      1. These Rules for bringing into compliance information about an individual in information systems (hereinafter referred to as the Rules) shall have been developed in accordance with the Law of the Republic of Kazakhstan dated June 28, 2005 , “On state allowances for families with children”, shall define the procedure and time frame for bringing information into compliance about an individual in information systems.

      2. Following basic concepts used in these Rules:

      1) information system - a system intended for storage, processing, search, distribution, transmission and presentation of information using a hardware and software complex;

      2) the operator of the information system - state bodies, legal entities collecting, processing and protecting information about the individual (applicant);

      3) the authorized body for the appointment and payment of child allowance - the local executive body of the city of republican significance, the capital, the district (the city of regional significance);

      4) electronic copy of the document - a document that fully reproduces the type and information (data) of the original document in electronic-digital form, certified by the electronic digital signature of the applicant or the person having the authority to certify this document, or the authorized employee of the public service center, on the basis of the written consent of the recipient of the state service given at the moment of his personal presence;

      5) an individual (hereinafter referred to as the applicant) is a person applying on behalf of the family for allowances (birth allowance, care allowance or child allowance);

      6) the branch of the authorized organization (hereinafter referred to as the branch of the center) - city, district branches of the republican state-owned enterprise established by the decision of the Government of the Republic of Kazakhstan;

      7) The Public Service Center (hereinafter referred to as PSC) is a republican state-owned enterprise that shall organize the provision of public services to individuals and/or legal entities on the receipt of applications and the issuance of documents on the principle of "one window."

      3. The basis for bringing into compliance information about an individual in information systems shall be the request of the branch of the center or the PSC or the authorized body for the appointment and payment of child allowance to the operator of the information system for bringing into compliance missing information about an individual in the information system.

2. Procedure and time limits for bringing into compliance information about the individual in information systems

      4. If the operator of the information system shall receive electronic documents confirming the absence of the requested information about the applicant in the information systems, a branch of the centre or PSC or an authorized body for the appointment and payment of child allowance, the applicant who shall have made the request on the day of the application shall notify him of the need to submit the original documents, specified in paragraph 5 of the Rules to bring information into compliance about the applicant in the information systems.

      The notification shall be issued in the form specified in Appendix 1 to these Rules in the form of an electronic document certified by an electronic digital signature (hereinafter referred to as the EDS) of an authorized person of the branch of the centre or PSC or the authorized body for the appointment and payment of child allowance.

      5. In order to bring information into compliance in the information systems, the applicant shall submit to the branch of the centre or the PSC or the authorized body for the appointment and payment of child allowance within three working days from the date of receipt of the notification an application in the form specified in Appendix 2 to these Rules and the original documents:

      1) identity document of the applicant (identity card of a citizen of the Republic of Kazakhstan or residence permit of an alien in the Republic of Kazakhstan for oralmans), and the representative of the individual - identity documents and powers of the representative;

      2) a document containing information about the applicant not included in the information systems.

      The application shall be executed and registered on the date of the applicant's submission.

      The absence of the document referred to in subparagraphs (1) and (2) of this paragraph shall constitute grounds for refusal to register the application.

      6. When the operator of the information system shall submit electronic documents confirming the absence of requested information about the applicant in the information systems, the authorized body, responsible for the appointment and payment of child allowance, shall notify the akim of the settlement, village, rural district on the day of receipt of documents, and shall send through it notification to the applicant of the need to obtain from the applicant written consent to bring information into compliance about him in information systems according to the form specified in Appendix 3 to these Rules.

      The applicant shall present to authorized body on payment of child allowance through the akim of the settlement, village, rural district the written consent to bring the information into compliance in the information systems on the basis of the documents submitted earlier by it copies in the form specified in Appendix 4 to these Rules within three working days after the issue of the notification to the applicant.

      7. The authorized person of the branch of the center or PSC or the authorized body for the appointment and payment of child allowance on the day of acceptance of the application and original documents from the applicant shall make electronic copies of the documents and shall return the original documents to the applicant after that shall:

      1) send to the operator of the information system a request according to the form specified in Appendix 5 to these Rules, in the form of an electronic document certified by the EDS of the authorized person of the authorized body for the appointment and payment of child allowance, with attached electronic copies of documents;

      2) send to the applicant through the akim of the settlement, village, rural district the receipt on submission of the written consent to bring information into compliance about him in information systems.

      8. The operator of the information system shall, within five working days after receipt of the request from the branch of the center or the PSC or the authorized body for the appointment and payment of the child allowance, shall check the conformity of the information on the individual, contained in the request and archive documents, information contained in the information systems, after that, the operator of the information system shall carry out the following actions on the basis of the results of the inspection he shall send a notification to the branch of the center or PSC or the authorized body for the appointment and payment of child allowance:

      1) when confirming the facts specified in the request, shall make appropriate changes and (or) additions to information systems, after which shall send to the branch of the center or PSC or the authorized body for the appointment and payment of child allowance a notification on bringing information into compliance about an individual in information systems in the form specified in Appendix 6 to these Rules, in the form of an electronic document certified by the EDS of the authorized person of the information system operator;

      2) in case of non-confirmation of the facts specified in the request, shall send a notification of refusal to bring information into compliance about an individual in information systems with the indication of motivated reasons according to the form specified in Appendix 6 to these Rules, in the form of an electronic document certified by the EDS of the authorized person of the information system operator.

      9. Bringing the information into compliance about the individual in the information systems shall be provided free of charge by the operator of the information system.

  Appendix 1
  to Rules for bringing
  information into compliance of
  about the individual in
  information systems
  To whom
  _______________________________
  (to enter full name of the individual)
  bank details
  IIN: ____________________
  address:________________________
  _________________________________
  ph. _______________________

Notification

of the necessity to submit original documents for

bringing information into compliance about an individual in

information systems

      “____" 20

      No. ______

      _______________________________ (to enter the name of the office

      of a centre or PSC or an authorized body for appointment and payment of child allowance) in connection with receipt of the document

      _____________________________________________________________________

      (enter the name of the electronic document, its number, date and authority Issue) confirming absence of requested information

      _____________________________________________________________________

      (to enter a list of not included information about the individual in the

      information systems), we shall notify you of the need to submit

      within three working days application for compliance

      specified information in information systems with submission of the

      following original documents:

      1) _________________________________ (document certifying

      identity of the applicant (identity card of the citizen of the Republic of

      Kazakhstan or residence permit of an alien in the Republic of Kazakhstan for

      oralmans), and the representative of the person - identity documents

      and powers of the representative);

      2) __________________

      (document,

      containing information about the applicant not included in the information systems).

      Position (signature) initials

      Received the notification

      _________________________________________________

      (initials of the applicant, signature, date)

  Appendix 2
  to Rules for bringing
  information into compliance
  about an individual in
  information systems
  Name of the branch of the center
  or PSC or authorized
  body for the appointment and payment
  of child allowance:
  _____________________________
  location: ____________________
  ___________________________________
  From a citizen _________________
  ___________________________________
  (initials of the applicant)
  place of residence:
  (tel. flat, house number, street, city)
  ___________________________________
  IIN ______________________________

APPLICATION

of the individual to bring information into compliance about him in the information systems

      In accordance with the Law of the Republic of Kazakhstan dated June 28, 2005 "On state allowances for families with children" you are kindly requested to bring information into compliance in the information system (s), in

      connection with the receipt of the document ______________________________________

      (to enter the name of the electronic document, its number, date and authority of issuance) confirming absence of the requested information

      ____________________________ (to enter the list of information about the individual not included

      in the information systems).

      Based on the documents I shall submit:

      1) __________________________ (document certifying

      identity of the applicant (identity card of the citizen of the Republic of

      Kazakhstan or residence permit of an alien in the Republic of Kazakhstan for oralmans), and the representative of the person - identity documents and powers of the representative);

      2) _________________________________________________ (document, containing information about the applicant not included in the information systems).

      "___" _____________ 20__. Signature of the applicant ________________

  Appendix 3
  to Rules for bringing
  information into compliance
  about an individual in
  information systems
  To whom
  _______________________________
  (to enter full name of the individual)
  bank details
  IIN: ____________________
  address:________________________
  _________________________________
  ph. _______________________

Notification

of liability of an individual’s consent to

bring information into compliance in information systems

      “____" 20

      No. ______

      _______________________________ (to enter the name of the office

      of the centre or the authorized body for the appointment and payment of the child allowance or PSC) in connection with the receipt of the document

      _______________________________________________ (to enter the name of the electronic document, number, date and authority of issuance), confirming absence of requested information

      ____________________________ ( to enter the list of information

      about the individual not included in information systems), we shall notify you of the need to agree within three working days to

      bring information into compliance about an individual in information

      systems based on the copies of documents you shall have submitted _____________________

      to the akim (of the settlement, village, rural district):

      1) __________________________ (document certifying

      identity of the applicant (identity card of the citizen of the Republic of

      Kazakhstan or residence permit of an alien in the Republic of Kazakhstan for oralmans),

      and the representative of the person - identity documents and powers of the representative);

      2) ______________________________________________ (document,

      containing information about the applicant not included in the information systems).

      Position (signature) initials

      Received the notification _________________________________________________

      (initials of the applicant, signature, date)

  Appendix 4
  to Rules for bringing information
  into compliance in information systems
  Name of the office of the center
  or PSC or authorized
  body for the appointment and
  payment child allowance: __________
  location: ____________________
  ____________________________________
  from the citizen __________________
  ___________________________________
  (full name of the applicant)
  place of residence:
  (tel. flat, house number, street, city)
  ___________________________________
  IIN _______________________________

Notification

of liability of an individual’s consent to

bring information into compliance in information systems

      In accordance with the Law of the Republic of Kazakhstan dated June 28, 2005 "On state allowances for families with children" you are kindly requested to bring information into compliance in the information system (s), in

      connection with the receipt of the document ______________________________________

      (to enter the name of the electronic document, its number, date and authority of issuance) confirming absence of the requested information

      ____________________________ (to enter the list of information about the individual not included

      in the information systems).

      Based on the documents I shall submit:

      1) __________________________ (document certifying

      identity of the applicant (identity card of the citizen of the Republic of

      Kazakhstan or residence permit of an alien in the Republic of Kazakhstan for oralmans), and the representative of the person - identity documents and powers of the representative);

      2) _________________________________________________ (document, containing information about the applicant not included in the information systems).

      "___" _____________ 20__. Signature of the applicant ________________

  Appendix 5
  to Rules for bringing information
  into compliance about an individual
  in information systems
  _______________________
  (name of the operator of the
  information systems
  ______________________
  (address)

Request form

for bringing into compliance information about an individual

not included in the information systems

      “____" 20

      No. ______

      _______________________________ (to enter the name of the

      centre or PSC or the authorized body for the appointment and payment of the child allowance- a requestor) shall ask to bring into compliance information about an individual (applicant) not included in the information systems.

      2. ________________(name of the requestor)

Full name, date of birth of the applicant, bank details, IIN

Causes of request (absence of information)

List of information, not included in the information systems

Information on the response message of the information system reported the absence of the information

Name of electronic document, its number and date of issue confirming absence of requested information about the applicant






      3._________ (full name and position of the employee of the branch of the centre or PSC, or specialist of the authorized body for the appointment and payment of child allowance requested).

      Appendix (electronic copies of documents):

      1) ___________________________________ (identity document of the applicant (identity card of a citizen of the Republic of Kazakhstan or residence permit of an alien in the Republic of Kazakhstan for oralmans), and the representative of the person - identity documents and powers of the representative);

      2) __________________________________________________________ (document containing information about the applicant, not included in the information systems).

      Position (signature) initials

  Appendix 6
  to Rules for bringing information
  into compliance about an individual
  in information systems
  ______________________________
  (name of the service centre
  ______________________________
  (address)

Notice

on amendments and/or additions to information about an individual in the information systems/about refusal

to make amendments and/or additions to information about an individual in information systems

      " " 20 № ____

      ____________________(full name of the operator of the information systems) shall inform about the amendments and/or additions to information about an individual in the information systems/about refusal to make amendments and/or additions to information about an individual in information systems

Number and date of the request to bring information into compliance about the individual in the information systems

IIN of the individual

Surname

Name

 patronymic name

Amendments and/or additions to information about an individual in the information systems/basis for refusal to make amendments and/or additions to information about an individual in information systems according to paragraph 8 of the Rules to bring information into compliance in the information system approved by the Government of the Republic of Kazakhstan dated__________ № _____








      Position (signature) initials