2012 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 678 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Юрьевич Волковқа 2012 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 678 қаулысымен  
мақұлданған    

Жоба

2012 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің
Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама
Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен
қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына
байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік
пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге
толықтыру енгізу туралы
хаттама

      Бұдан әрі «қазақстандық Тарап» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бұдан әрі «британдық Тарап» деп аталатын Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі, бірлесе «Тараптар» деп аталатындар,
      2012 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 12-бабының 2-тармағына сәйкес,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге Қосымша мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Кіру нүктесі GASBI A357 бағыты AKT G96 бағыты ABDUN A356 бағыты KZO G13 бағыты ARBOL B142 бағыты NT A355 бағыты шығу нүктесі RODAM».

2-бап

      Осы Хаттама ережелерін қолдануға және түсіндіруге байланысты даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

3-бап

      1. Осы Хаттама Келісімнің 12-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      3. Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін күшінде қалады.

      2013 жылғы «___» ________ _____________ қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін

Ұлыбритания және Солтүстік
Ирландия Құрама Корольдігінің
Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады