"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2013 жылға арналған шығыстар сметасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 ақпандағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 918 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2013 жылға арналған шығыстар сметасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 ақпандағы № 162 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2013 жылға арналған шығыстар сметасында:
      мына:
«

Машиналарды, құралдарды, өндірістік және шаруашылық бұйымдарды (компьютерлік техника, кеңсе жиһазы) сатып алу

14303,0

                                                               »

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Машиналарды, жабдықтарды, құралдарды, өндірістік және шаруашылық бұйымдарды (компьютерлік техника, кеңсе жиһазы) сатып алу

14303,0

                                                                »;
мына:
«

Өкілетті өкілге және оның аппаратының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

237600,0

                                                                 »
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Өкілетті өкілге және оның аппаратының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

298800,0

                                                                 »;
мына:
«

Елден тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарлар

25300,0

                                                                 »
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«

Техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу

20340,0

«

Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу (медициналық сақтандыру, штаттан тыс қызметкерлерге ақы төлеу, автокөлікті сақтандыру)

81899,0

                                                                 »
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу (медициналық сақтандыру, автокөлікті сақтандыру)

61559,0

                                                                »;
мына:
«

Шығыстардың жиыны

692059,0

                                                               »
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Шығыстардың жиыны

753259,0

                                                                ».

      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады