«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-2-бабына және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) қатысушы ретінде «Меланж» акционерлік қоғамына (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 040540000183) салық берешегін өтеуді 2016 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов