Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 291 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 514 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 299-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары»;
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және пайдалану мақсатын, тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік тізілім сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиялары бар жеке тұлғалар (бұдан әрі - сот сарапшылары) туралы мәліметтерді қамтиды.»;
көрсетілген Ережеге қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына қосымша»;
2) «Қазақстан Республикасы сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 515 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 300-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 43-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және пайдалану мақсатын, тәртібін айқындайды.»;
көрсетілген Ережеге қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына қосымша».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов