Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы
Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның әлемнің ең дамыған
30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қабылданатын құжаттарының Тұжырымдамамен үйлесуін қамтамасыз етсін.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі
ТҰЖЫРЫМДАМА Мазмұны
Кіріспе
1. Ағымдағы жағдайды талдау
2. 2050 жылғы әлем: негізгі трендтер, сын-қатерлер және мүмкіндіктер
3. Қазақстанның 2050 жылғы пайымы
4. 2050 жылға дейін Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының стратегиялық бағыттары
5. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері
6. Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Қорытынды
Кіріспе
2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында республикамыздың 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөнінде жаңа стратегиялық мақсат қойылды. «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі бағдары елді жаңғырту тақырыбы болды.
Қазіргі заманғы кезеңде сарапшылар жаңғыртудың екі кезеңін бөліп көрсетеді: бастапқы жаңғырту немесе экономиканың аграрлық түрінен өнеркәсіптік түріне ауысу кезеңі және ғылымды көп қажет ететін экономиканы құруға байланысты қайта жаңғырту.
«Қазақстан-2030» даму стратегиясын іске асыру Қазақстанға негізінен бастапқы жаңғырту қабылданғаннан кейін 15 жылдан соң оны аяқтауға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік өндіріс ауқымы өсті, халықтың табысы артты, халықты орта біліммен қамту, өмір сүру ұзақтығы, ана және бала өлімі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер жақсарды. Жұмыспен қамтылған халықтың ауыл шаруашылығы секторынан көрсетілетін қызметтер саласына ауысуы жалғасуда.
Дамыған елдер бастапқы жаңғыртуды аяқтап, ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде-ақ қайта жаңғырту кезеңіне өтті.
Қайта жаңғырту немесе ғылымды көп қажет ететін экономиканы құру экономикалық өсуге білім мен инновациялар үлесінің өсуімен, көрсетілетін қызметтер үлесінің ұлғаюымен және экономиканы экологияландырумен байланысты. Қайта жаңғырту кезеңінде денсаулық сақтаудың тиімді жүйесіне, неғұрлым ұзақ өмір сүруге, сапалы білім беруге, тиімді және ашық институттарға, ақпараттық технологиялардың таралуына негізделген өмір сүру сапасын арттыру бірінші орынға шығады. Бұл кезең бойынша Қазақстанның дамыған елдерден артта қалуы шамамен 50 жылды құрайды.
Осыған байланысты әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі мақсатқа қол жеткізу аса күрделі міндет болып отыр. Өткен ғасырда оған тек үш ел – Жапония, Финляндия, Сингапур және таяуда ғана – Оңтүстік Корея қол жеткізді.
Бұл ретте жаңғырту жаһандық бәсекелестік шарттарында өтеді. Дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізу стратегиялық ресурстар мен нарықтық кеңістік үшін қатаң күрес жүргізумен байланысты. Бұл бәсекелестік ағынға қарсы жүзумен бірдей: артқа кетіп қалмас үшін, алға жылжу қажет.
XXI ғасырда еларалық бәсекелестіктің күшеюі салдарынан дамушы елдердің мүмкіндіктері шектеулі болады. Кез келген ел әлемдік көшбасшыға айнала алмайды. Дамушы елдердің біреуінен бесеуіне дейін ғана дамыған елге айнала алады.
Дамыған елдер тобына кіру үшін Қазақстан дамуда серпіліс жасауы тиіс. Қайта жаңғыртуға кезең-кезеңімен өту және ғылымды көп қажет ететін экономиканы құру моделін қалыптастыру қажет. Ұзақ мерзімді даму моделі әлемдік үрдістерді, ұлттық дамудың түйінді басымдықтарын ескеріп, Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың 2050 жылға дейінгі стратегияларының нұсқаларын ұсынуы тиіс.
1. Ағымдағы жағдайды талдау
1. Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Қазақстан – 17 миллион халқы бар орасан зор ел. Оның бүкіл Батыс Еуропа аумағына тең ұлан-байтақ аумағы Еуропа мен Азияны қосып жатыр. Қазақстан әлемнің ең жас мемлекеттерінің бірі болып табылады, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бері 22 жыл өтті.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін көптеген бақылаушылар Қазақстанды бұрынғы кеңестік республикалардың ең осалы деп қарастырған. Тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше жыл бойы республикадағы экономикалық өсу қарқыны ұдайы төмендей берді.
1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиясы еліміздің дамуына қуатты түрткі болды. Қазақстан экономикалық реформаларды тереңдетуді жалғастыра отырып, көпұлтты заманауи қоғамды қалыптастырды. Ол өз көршілерімен жақсы қарым-қатынас орнатып, сондай-ақ шығыс бағытында да, батыс бағытында да қарқынды сауда қарым-қатынастарын дамытты. Өткен 15 жылда «Қазақстан 2030» стратегиясына негіз болған басты міндеттер орындалған болатын. Бүгінде Қазақстан әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштердің басым бөлігі бойынша ең табысты посткеңестік мемлекеттердің бірі болып табылады.
Елде ойластырылған макроэкономикалық саясат жүргізіліп отыр. Инфляция бір мәнді сандар деңгейінде сақталып келеді. Шикізат секторы компанияларынан түсетін салық түсімдерінің бір бөлігін шоғырландыру үшін Ұлттық қор жұмыс істейді. 2013 жылы Ұлттық қорда жинақталған қаражат көлемі 68,7 млрд. АҚШ долл. жетті немесе ЖІӨ-нің 33 %-ын құрады.
Экономика 1990-жылдардағы қатты құлдыраудан кейін толық қалпына келіп, 2008 жылы басталған жаһандық қаржылық дағдарыс кезеңінде өзінің орнықтылығын дәлелдеді. 1997 – 2012 жылдар аралығында ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі шамамен 7 %-ды құрады. Экономикалық өсу тұрақты сипатқа ие болды. Соңғы 15 жылда Қазақстанның сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша ЖІӨ көлемі 2005 жылғы бағаларын 2,77 есе артып, 2012 жылы 30 трлн. теңгені құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі 2012 жылы 12 мың АҚШ долл. асты.
Экономиканы жылдам жаңғырту үшін мықты негіз құрылды. Еліміз бизнес-ахуалдың көптеген аспектілері бойынша өңірде көшбасшы болып табылады. Елде бизнес үшін әлемдегі ең төмен салық мөлшерлемелерінің бірі пайдаланылады. Корпоративтік салық 20 %-ды, қосылған құн салығы 12 %-ды құрайды.
Тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі – ТШИ) ағыны бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болып отыр. 2005 – 2012 жылдар аралығында елге 160 млрд. АҚШ долл. астам шетелдік инвестиция тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан табысы орташа деңгейден жоғары ел болып табылады және әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 экономикасының қатарына кіреді.
Денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларында айтарлықтай өзгерістер болды. 2012 жылы орташа айлық жалақы мөлшері 1998 жылмен салыстырғанда 10,4 есе ұлғайды. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық саны 2012 жылы 1998 жылмен салыстырғанда 10,2 есе азайды. Жұмыссыздық деңгейі де төмендеді, 2012 жылы ол 5,3 %-ды құрады.
Елде сауаттылықтың жоғары деңгейі қамтамасыз етілген, 10 адамның 4-інде жоғары білім бар. Зияткерлік мектептер және кәсіптік-техникалық колледждер желісі дамып келді. Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға гранттар саны 2,8 есеге ұлғайды.
2007 – 2012 жылдар аралығындағы кезеңде елде 100-ге жуық мемлекеттік және жекеменшік аурухана салынды. Құрамына алты инновациялық денсаулық сақтау объектісі кіретін медициналық кластер құрылды. Астана қаласында әлемдік деңгейдегі жаңа онкологиялық орталық құрылысы басталды.
Азаматтардың денсаулық жағдайы жақсарды. 2012 жылы өмір сүрудің межелеген ұзақтығы 69,6 жасты құрады. Тәуелсіздік жылдары ана өлімі 5 есе азайып, 2012 жылы тірі туылған 100 мың балаға шаққанда 13,5 көрсеткішіне қол жеткізілді.
Ядролық қарусыз әлемді дамытуға Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және Семейдегі ядролық полигонның жабылуы зор үлес қосты.
Кеден одағын, Шанхай ынтымақтастық ұйымын, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын және Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын қоса алғанда, өңірлік интеграциялық процестерге қатысу дәрежесі жоғары болып табылады.
Қазақстан жоғары деңгейде халықаралық саяси диалогтың бастамашысы бола отырып, өңірде маңызды рөл атқарады. Астана бастамаларының қатарында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті, он жылдан астам үзілістен кейінгі ЕЫҚҰ-ның Астанадағы саммиті бар.
2. Сын-қатерлер және бәсекелік артықшылықтар
Жоғарыда аталған жетістіктермен бірге, Қазақстан экономиканың өсу қарқынын жеделдету, экономикалық даму тұрақтылығын және халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейін арттыру үшін пайдалануға болатын бірқатар табиғи бәсекелік артықшылықтарға ие.
Аумағының көлемі жағынан әлемде 9-орынды иелене отырып, Қазақстанның ауқымды ауыл шаруашылығы алқаптары бар, олардың ауданы 222 млн. га-дан асады, оның ішінде шамамен 25 млн. га егістікті құрайды (ол Польша немесе Италия сияқты елдердің бүкіл дерлік аумағына тең). Бүгінгі таңда қолжетімді жерлердің 40 %-ға жуығы ауыл шаруашылығының айналымына тартылған. Ұзақ мерзімді перспектикада агроөнеркәсіптік кешеннің ЖІӨ-дегі үлесін арттыру үшін айтарлықтай әлеует бар.
Қолайлы географиялық орналасуы Қазақстанға өңірдің ең ірі экономикалары Ресей және Қытай нарықтарына әлеуетті қолжетімділікті ұсынады.
Қазақстанда қазбалы энергия көздерінің қомақты резервтері бар. Мұнайдың дәлелденген қорлары 30 млрд. баррель болып бағаланады, мұның өзі Қазақстанды аталған көрсеткіш бойынша әлемде 10-орынға шығарып отыр. Уран қоры бойынша (800 мың тоннадан астам) Қазақстан әлемде Австралиядан кейін екінші орын, ал уран өндіру бойынша бірінші орын алады. Тау-кен металлургиясы кешенінде жинақталған әлеует қосылған құн тізбектерін кеңейтуге және оған байланысты қызмет түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.
Жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) дамытудың әлеуеті жоғары. Атап айтқанда, жел энергиясын өндіру әлеуеті жылына 900 млрд. кВт·сағ. астам деп бағаланады. Қазақстанда күн энергиясын шығарудың ықтимал қуаты шаршы метрге 1 300 кВт·сағ-тан 1 800 кВт·сағ-қа дейін. Сондай-ақ биоэнергия өндіруде де айтарлықтай әлеует бар. Гидроэнергетикалық секторды дамыту мүмкіндіктері шамамен 22 ГВт бағаланады, олардың ішінде қазіргі уақытта 10%-ға жуығы игерілген.
Адами даму саласында Қазақстанның мықты тұстары еңбекке қабілетті халық үлесінің қомақты болуы (бүкіл халықтың 68,9 %) болып табылады, ол БҰҰ болжамдары бойынша елде ұзақ мерзімді перспективада сақталады.
Көрсетілетін қызметтер секторын дамытудың әлеуеті зор, оның ЖІӨ-дегі үлесі 53 %-ды құрайды. Аталған салада экономикалық белсенді халықтың шамамен 55 %-ы жұмыс істейді. Перспективада көрсетілетін қызметтер секторын кеңейту урбандалудың өсуімен байланысты өтеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда қала халқының үлесі шамамен 55 %-ды құрайды, бұл әлемдік өлшем бойынша салыстырмалы түрде төмен көрсеткіш болып табылады. Ұзақ мерзімді перспективада урбандалу деңгейін ұлғайту қызметтер секторының экономикаға үлесін кеңейтуге де, жұмыс орындары санының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін көрсетілетін жаңа қызмет түрлерін құруға да мүмкіндік береді. Қызметтер секторын одан әрі дамыту экономиканың басқа секторларынан босайтын қызметкерлерді, сондай-ақ еңбек нарығына алғаш қадам басқан жас мамандарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.
Полиэтносты және мультиконфессиялық қоғамда ішкі саяси және әлеуметтік теңгерімді сақтау Қазақстанның мықты тұсы болып табылады.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде мығым бекіді. Мемлекеттік мекемелерде іс жүргізуді қазақ тіліне біртіндеп ауыстыру жүзеге асырылуда. Орыс тілін білу қазақстандықтардың посткеңестік елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуда әлеует беретін тарихи артықшылығы болып табылады. ағылшын тілін белсенді ілгерілету және білім беру жүйесіне үш тілділік қағидатын енгізу арттыруға қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін ықпал етеді.
Мықты тұстарымен бірге Қазақстанның жоюды талап ететін бірқатар әлеуетті шектеу факторлары да бар. Қажетті шаралар қабылданбаған жағдайда, анықталған шектеулердің келеңсіз әсері шамамен күшейіп, елді дамыту жолында кедергі болуы ықтимал.
Өндіріс құрылымында капиталды көп қажет ететін шикізаттық салаларының үстемдігі маңызды кемшілік болып табылады. Шикізат емес экспорт көлемінің өзгеруінде теріс серпін байқалады. Қазақстандық экспорттағы минералдық ресурстар үлесі 2000 жылғы 67 %-дан 2012 жылы 78 %-ға дейін өсті. 2012 жылы тау-кен өндіру секторына ЖІӨ-нің 17,5 %-ы, ал өңдеу өнеркәсібіне ЖІӨ-нің 11,3 %-ы тиесілі болған.
Ғылымды көп қажет ететін салалардың даму деңгейі жоғары емес, ол ең алдымен өңдеу секторының, оның ішінде экономиканың шикізаттық емес секторларына ТШИ ағынының шектеулі болуына, технологиялық трансферттің әлсіздігіне, арнайы экономикалық аймақтар мен технопарктердің жұмыс істеуі тиімділігінің жеткіліксіздігіне байланысты.
«Голланд ауруының» даму қаупі, әсіресе, Қашаған кен орнының игерілуіне байланысты сақталып отыр, мұның экспорттағы минералдық ресурстар үлесінің одан әрі өсуіне, айырбас бағамына қысымның артуына және өңдеу секторының, ауыл шаруашылығы мен көрсетілетін қызметтер секторының бәсекеге қабілеттілігінің одан әрі төмендеуіне алып келеді.
Еңбек өнімділігі, капитал және энергия ресурстары бойынша Қазақстан дамыған елдерден айтарлықтай артта қалып отыр. Мысалы, Канадамен салыстырғанда ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі 10 есе, тау-кен өндіру саласында 2,5 есе, өңдеу өнеркәсібінде 2 есе, инфрақұрылым мен көрсетілетін қызметтер саласында шамамен 3 есе төмен. Канадамен салыстырғанда ауыл шаруашылығында капитал өнімділігі 1,3 есе, тау-кен өндіру саласында 2,5 есе, өңдеу өнеркәсібінде 7,8 есе, инфрақұрылымда – 4,4 есе және қызметтер көрсету саласында 1,7 есе төмен. Энергия ресурстарының өнімділігі де Канада едәуір артта қалған. 2012 жылы Қазақстандағы энергия сыйымдылығы ЖІӨ 1000 АҚШ долларына 0,4 т.у.т, Канадада ЖІӨ 1000 АҚШ долларына 0,2 т.у.т құрады.
Энергия сыйымдылығының жоғары деңгейі ескірген «лас» технологияларға (атап айтқанда, энергия шығару саласында және көлік секторында) негізделген қолданыстағы инфрақұрылымның айрықша сипаттамасы болып табылады. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаның ластану деңгейіне келеңсіз әсерін тигізеді. Бұдан басқа, көлік инфрақұрылымының тозуы шығасылардың айтарлықтай жоғарылауына, ал өңірлік инфрақұрылым дамуының жеткіліксіз деңгейі халық өмірі деңгейінің жалпы төмендеуіне алып келеді.
Аумағы жағынан бір-бірінен қашық орналасқан облыс орталықтарында халық санының аз болуы ұзақ мерзімді перспективада экономикалық даму үшін айтарлықтай кедергі болуы мүмкін. Қазақстандағы жалпы халық тығыздығының төмендігі урбанизацияның жеткіліксіз деңгейі салдарынан күшейе түседі. 2050 жылға қарай аталған көрсеткіш сарапшылардың болжамдары бойынша 63-64 %-ға дейін артады, мұның өзі әлемдік орташа деңгейден бұрынғысынша төмен болып қалмақ.
Бұдан басқа, өңірлер арасында да, «қала-ауыл» бөлінісінде де коммуналдық және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің әркелкі болуы байқалады. Сумен жабдықтау саласында қалалық және ауылдық аумақтар арасындағы айырма екі еселенген болса, кәріз бен орталық жылытудың көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік бойынша айырмашылық тиісінше 7 және 22 есе болып отыр.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі 2012 жылы республика бойынша орта есеппен қалалардағы осындай халықтың үлесінен үш есе астам (1,9 %-ға қарсы 6,1 %) артты. Бұл айырма, әсіресе, Атырау (8 есе), Қарағанды (6,5 есе) және Маңғыстау (5 есе) облыстарында жоғары.
Адами капиталды дамыту саласында білім берудің барлық сатыларындағы бірқатар кемшіліктерге байланысты білікті кадрлардың жетіспеу шектеуші фактор болып табылады. Жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының арасында байланыстың болмауы салдарынан оқыту бағдарламалары мазмұнының нарық қажеттіліктеріне сәйкестігі қамтамасыз етілмеген.
Ғылым саласында жұмыспен қамтылу шамалы ғана ұлғайып отыр. Қазіргі уақытта экономикалық белсенді халықтың 10 000 адамына 21 зерттеуші келеді, ол дамыған елдермен салыстырғанда 4,5 есе аз. Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позициялары ғылыми-зерттеу кадрлары мен институттары сапасының төмендігін, бизнес пен зерттеу орталары арасындағы байланыстың әлсіздігін көрсетіп отыр.
Институционалдық даму саласында құқық үстемдігі қағидатын сақтауға, сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлықтың дамуына байланысты проблемалар сақталған. Мемлекеттік аппараттың қызметі жеткілікті түрде тиімді және ашық болмай отыр. Бизнесті жүргізу шарттары да жақсартуды қажет етеді.
Тауарларда, жұмыстарда және көрсетілетін қызметтер де жергілікті қамтуды қамтамасыз ету де елдегі бәсекелестікті дамытуда тежеуші факторлардың бірі болып табылады. Экономиканың бірқатар секторларында шетелдік компаниялардың кіруі үшін шектеулер бар.
Шағын және орта бизнес әлеуетін дамытуда жағдайлар шектелген. Бүгінгі таңда қазақстандық компаниялардың тек қана 5 %-ы экспортты жүзеге асырады. Шағын және орта кәсіпорындардың қаржыландыруға, әсіресе ұзақ мерзімді кредит беруге қол жеткізуінде проблемалар бар.
Тұтастай алғанда, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізу қажет екені айқындалды. Соңғы 20 жылда қалыптасқан іргетасқа негізделе отырып, Қазақстан жарқын болашаққа сенім арта отырып, жаһандық трансформациялардың маңызды субъектісі бола алады.
Елде жас әрі білімді мамандар бар. Экономиканы тиімді басқарудың сәтті тәжірибесі бар. Табиғи ресурстардан түсетін табыстар әртараптандырылған экономиканы құру үшін болашақ инвестицияларды қамтамасыз ете алады. Бұдан басқа, Қазақстан өзінің Еуразия орталығындағы географиялық орналасуынан пайда таба алады.
Бұл ретте Қазақстан әлемнің басқа да кез келген елі сияқты тиіс ішкі және сыртқы сын-қатерлерге тап болады. Оларды ел дамуының басым бағыттарын әзірлеу кезінде ескеру қажет.
2. 2050 жылғы әлем: түйінді трендтер, сын-қатерлер және мүмкіндіктер
Қазақстан жаһандық әлемнің бір бөлігі болып табылады және ағымдағы үрдістерден шет қала алмайды. Бұл үрдістердің кейбірі елді жаңғырту үшін жаңа мүмкіндіктер құратын болса, кейбірі Қазақстанның дамуы үшін кедергілер келтіруі мүмкін. Бұл үрдістердің Қазақстанға әсер ету дәрежесін нақты бағалау өте қиын. Бұл ретте қазіргі уақытта пайда болуын болжау мүмкін емес жаңа трендтер мен сын-қатерлер туындауы мүмкін.
Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру теріс трендтерге икемді ден қоюға және қолайлы әлемдік өзгерістерден барынша пайда табуға мүмкіндік беретін даму стратегиясын қалыптастыруды талап етеді.
Сарапшылардың пікірі бойынша, 2050 жылға дейін әлемдік экономика конфигурациясында елеулі өзгерістер күтіледі. Бүгінгі күні Қазақстан үшін демографиялық өзгерістер, экономикалық жаһандану, дамушы мемлекеттердің экономикалық өсуі, технологиялық процестердің жеделдеуі, энергияны тұтынудың әлемдік теңгеріміндегі өзгерістер, сондай-ақ климаттың өзгеруі жаһандық және өңірлік сипаттағы неғұрлым маңызды үрдістер болып табылады.
1. Жаһандық демографиялық өзгерістер
БҰҰ болжамдары бойынша 2050 жылға қарай әлем халқының саны
10 млрд. адамнан асатын болады. Халық саны әсіресе дамушы елдердің есебінен өсетін болады. Нәтижесінде, Үндістанда, Африкада және Таяу Шығыста еңбекке қабілетті халықтың үлесі ұлғаятын болады, бұл осы елдерде арзан жұмыс күші санының өсуіне алып келеді.
Дамушы елдердегі халықтың әл-ауқатының өсуіне және осыған байланысты өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты 2050 жылға қарай
2012 жылмен салыстырғанда әлемдегі 65 жастан үлкен адамдардың саны екі еседен артық ұлғаятын болады. Ұзақ мерзімді перспективада халықтың қартаюы Еуропада, Жапония мен Қытайда еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар үлесінің төмендеуіне алып келеді. Әлем халқының орташа жасы 29-дан 36 жасқа ұлғаяды.
Дамыған және дамушы елдердегі демографиялық үрдістер белгілі бір шамада әлемнің барлық елдеріне жақындайтын және туындайтын болады. Қазіргі уақытта дамыған елдерде халықтың азаю мен қартаю үрдісі байқалуда, ал көптеген дамушы елдерде бала туу саны жоғары. Даму шамасына қарай дамушы елдердегі бала туу деңгейі төмендейтін, ал өмір сүру ұзақтығы ұлғаятын болады. Ұзақ мерзімді перспективада әлемнің барлық елдерінде халық санының және жас мөлшерінің құрылымы тұрақтанатын болады.
Қазақстанға ықтимал ықпалы
Халық санының өсуі тағам өнімдеріне, су ресурстарына, энергия жеткізгіштеріне сұраныстың артуына алып келеді. Бұл әлемдік экономиканың шикізат өнімдеріне және ауыл шаруашылығы өнімдерге өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін үлкен әлеуеті бар Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады.
Халықтың қартаюы және еңбекке қабілетті азаматтар үлесінің қысқаруы дамушы елдердің, оның ішінде Қазақстанның еңбек нарығына қысым көрсетуі мүмкін. Жаһандық демографиялық процестердің теріс нәтижесі ретінде Қазақстаннан «білімдарлардың» кетуі болуы мүмкін. Дамыған елдердің жұмыс күшіне қажеттіліктері шетел қызметкерлерін тарту есебінен қанағаттандырылатын болады, оларға анағұрлым жоғары жалақы төленетін жұмыс орындары және өмір сүрудің қолайлы жағдайлары ұсынылатын болады.
Сонымен, бір мезгілде Қазақстанда, еңбекке қабілетті халыққа, үлесі ең әуелі, зейнетақы жасындағы тұрғындар үлесінің ұлғаюы есебінен төмендейтін, демографиялық жүктеме артатын болады. Бұл экономикалық даму, өмір сүру сапасының және ұзақтығының ұлғаюы жағдайында орын алатын болады.
2. Экономикалық жаһандану
Қарқынды экономикалық даму, жаһандық өндірістік-өткізу тізбектерін қалыптастыру, халықаралық сауда қатынастарын ырықтандыру әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс басталғанға дейін әлемдік экономика жаһандануының күшеюіне жәрдемдесті.
Соңғы 20 жылда әлемдегі ТШИ көлемі 5,3 есе артты. Әлемдік сауда көлемі жыл сайын орташа есеппен 6 %-ға артады. Трансұлттық компаниялар (бұдан әрі – ТҰК), оның ішінде мемлекеттік компаниялар саны артты. 2012 жылы мемлекеттік ТҰК инвестицияларының жиынтық көлемі 145 млрд. АҚШ долл. немесе әлемдік ТШИ көлемінің 11 %-ын құрады.
2010 жылдан бастап экономикалық жаһанданудың баяулауы орын алуда. Әлемдік экономика өсу қарқындарының баяулауы және жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы жағдайында дамыған елдерде протекционистік үрдістер күшеюде.
Дамыған және дамушы елдерде ТШИ ағынының жалпы төмендеуі байқалады. Мысалы, 2012 жылы БҰҰ деректері бойынша дамыған елдерге ТШИ ағыны он жыл ішіндегі ең төмен көрсеткішке дейін азайды. Өңірлік және екіжақты келісімдер пайдасына көпжақты инвестициялық шарттардан бас тарту үрдісі байқалды.
Сарапшылардың бағалауынша, жаһанданудың баяулауы жағдайында өңірлік интеграциялық процестер күшеюде. 2050 жылға дейін әлемдік сауданың жалпы көлеміндегі дамыған және дамушы елдер арасындағы сауда үлесі төрт есе (10 %-дан 40 %-ға дейін) ұлғаятын болады. Осы өсудің едәуір үлесі Азияда сауда ауқымын ұлғайту есебінен осы өңірдің дамушы елдеріне келетін болады.
Сонымен қатар, жаһанданудың баяулауы оның одан әрі кеңеюінің толықтай тоқтауына алып келмейді. Экономикалық жаһандану процесі жалғасатын болады, бірақ өткен үш онжылдыққа қарағанда әлдеқайда баяу өтетін болады.
Бұл ретте сарапшылар экономикалық жаһанданудың күшеюін болжайтын кері сценарийдің дамуын да жоққа шығармайды.
Қазақстанға ықтимал ықпалы
Жаһанданудың қандай бағытта дамуына байланысты (одан әрі тереңдеу немесе баяулау), Қазақстанды қоса алғанда, барлық елдер өздерінің сауда саясатын түзетуі қажет болады. Жаһандану процестері күшейетін болса, Қазақстан ДСҰ-ға кіруді үдетуі және әлемдік сауда ағынына интеграциялануы қажет.
Орта мерзімді перспективада жаһанданудың баяулауы Қазақстанға айтарлықтай ықпал ете қоймайды. Алайда, ұзақ мерзімді перспективада жаһандану процесінің баяулауы тартылатын шетелдік инвестициялардың, технологиялар трансферті көлемінің төмендеуіне және тауар айналымының азаюына алып келуі мүмкін.
Жаһанданудың әлсіреуі өңірлік интеграциялық процестердің, атап айтқанда Қытаймен және Ресеймен байланыстардың нығаюына жәрдемдесетін болады. Өз кезегінде, өңірлік интеграцияны күшейту ең алдымен, Орталық Азия елдерінен көші-қон ағынын жандандыруға жәрдемдеседі, бұл Қазақстанның көші-қон саясатына ерекше талаптар қоятын болады.
3. Дамушы елдердің экономикалық өсуі
Дамушы елдер жоғары урбандалуға, адами капиталдың өсуіне және табиғи ресурстардың қолжетімділігіне байланысты салдарынан 2050 жылға дейін дамыған елдерден жылдам өсетін болады. Қазірдің өзінде дамушы елдерде жұмысқа орналасу, білім алу және демалыс үшін кең ауқымды мүмкіндіктерді ұсынатын әлеуметтік-экономикалық белсенділік орталықтарға айналып келе жатқан қалаларға ауылдық жерлерден халықтың көшіп-қонуы күшеюде. Нәтижесінде, 2050 жылға қарай әлем қалаларында халықтың 70 %-нан астамы тұратын болады.
Ұзақ мерзімді перспективада дамушы елдер, ең алдымен Қытай және Үндістан әлемдік экономиканың дамуына негізгі үлес қосатын болады.
2050 жылға қарай дамушы елдердің ЖІӨ-нің жиынтық көлемі дамыған елдердің ЖІӨ көлемінен асатын болады, ал Қытай әлемдегі ең ірі экономикаға айналатын болады.
Дамушы экономикалардың жалпы саны 5 есе артатын болады; 30 ең ірі дамушы экономиканың 19 табысы жоғары деңгейдегі елдердің тобына кіруге әлеуеті бар.
Бұл ретте дамушы және дамыған елдер арасындағы жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейіне қатысты айырмашылық екі есе қысқарады. ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы орташа әлемдік көрсеткіші 2005 жылғы бағалардың сатып алу қабілетінің паритеті бойынша 2050 жылға қарай 2,5 есе немесе 8 мыңнан 20 мың АҚШ долларына дейін өсетін болады.
Табысы 10 мыңнан 100 мың АҚШ долларына жететін орта тап саны әлемде үш еседен аса артатын болады: бүгінгі 2 млрд. адамнан 2050 жылға қарай 6 млрд. адамға жетеді.
Қазақстанға ықтимал ықпалы
Дамушы елдердің экономикалық өсуінің жоғары қарқындары, олардағы орта тап үлесінің артуы және ұзақ пайдаланатын тауарларды тұтынудың өсуі (негізінен, жеке автокөлік) Қазақстаннан шикізат ресурстарын және ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауға тұрақты сұранысты қамтамасыз ететін болады.
Әлемдегі өндірістік күштер географиясының өзгеруі тиімді экономикалық мамандандыруға және халықаралық еңбек бөлінісіне геоэкономикалық бәсекелестікті күшейтеді.
Дамушы елдердегі ішкі сұраныстың кеңеюі жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтер үшін (баламалы энергетика саласындағы басқару, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі — АКТ), геологиялық барлау саласындағы қызметтер, сондай-ақ білім беру және бизнес-қызметтер) Қазақстан пайдалана алатын жаңа нарықтық кеңістіктерді құратын болады.
Көптеген дамушы елдердегі сияқты Қазақстанда да халықтың урбандалу деңгейі экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және қалалық орта ұсынатын өмір сүрудің неғұрлым жоғары сапасын іздеуге байланысты артатын болады. Бір жағынын, ауылдан қалаға ішкі көші-қонның артуы тұрғын үйдің және жұмыс орындарының жеткіліксіздігіне, қоғамның мүліктік бөлінуіне және халықтың осал топтарының маргиналдығына байланысты әлеуметтік проблемаларды ушықтыра түсуі мүмкін. Екінші жағынын урбандалудың күшеюі және ірі қалалардың пайда болуы сапасы жоғары білім, ақпараттық және көліктік қызметтерді ұсыну, шетел инвесторлары үшін тартымды жағдайларды жасау есебінен адами капиталды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, урбандалу экономиканың ең жылдам дамитын секторы болып табылатын қызметтер секторының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді перспективада дамушы елдердің, ең алдымен Қытай мен Қазақстанның Кеден одағы бойынша әріптестерінің экономикалық дамуының баяулауы елдің сауда теңгеріміне теріс ықпал етіп, валюта бағамының өтімділігін күшейтеді және экономиканың даму қарқындарын баяулатады.
4. Технологиялық прогресті жеделдету
Технологиялық дамудың жаңа кезеңі түбегейлі инновациялардың пайда болуымен сипатталатын болады. Нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларында өзгерістер күтіледі. Мұндай өзгерістер ішінде – ЭҚКК пайдалануға ауысу, металдарды жаңа материалдармен алмастыру, өндірістік процестерді автоматтандыру, гендік инженерия, жасанды интеллектті, ғарыш технологияларын кеңінен қолдану, сондай-ақ ауыл шаруашылығында ресурстарды сақтаудың зияткерлік жүйелерін пайдалану бар.
Жалпы әлемдік экономика экономиканың көптеген дәстүрлі секторларының, ең алдымен металлургияның, ауыл шаруашылығының, көліктік-коммуникация саласының, энергетиканың, авиацияның, машина жасаудың, құрылыстың және басқалардың даму перспективалары мен процестеріне ықпал ететін технологиялар мен білімнің мүлде жаңа тобын енгізу кезеңінде болып табылады.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, технологиялық дамудың жаңа кезеңі, ең алдымен дамыған елдерде басталып, кейіннен дамушы экономикаларға таралатын болады.
Жаңа кезеңнің басталу мерзімі дамыған елдер экономикаларының қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан қалпына келу жылдамдығына байланысты болады. Сарапшылардың пікірінше, оған 15-20 жыл қажет болады.
Ұзақ мерзімді перспективада технологиялық даму процестері әлемдік еңбек нарығындағы шиеленісті күшейтеді. Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар біліктілігі жоғары жұмыс күшіне қажеттілікті арттырады сонымен бір мезгілде тау-кен металлургия кешенін, автокөлік жинау өндірісін, текстиль өнеркәсібін және баспа өнімі өндірісін қоса алғанда, бірқатар еңбекті көп қажет ететін салалардағы төмен және орташа біліктілікті талап ететін жұмыс орындарын қысқартатын болады.
Қазақстанға ықтимал ықпалы
Ұзақ мерзімді перспективада дамыған елдердің технологиялық дамудың жаңа кезеңіне ауысуы дамушы елдерден, оның ішінде Қазақстаннан шикізат ресурстары мен төмен бөліністегі өнім экспортының серпініне теріс ықпал ететін болады.
Атап айтқанда, жаңа материалдарды өндіру және пайдалану қара және түсті металлургия өніміне сұранысты түбегейлі төмендетуі мүмкін, оған қазірдің өзінде бағалардың құлдырауы байқалады. Заманауи көлік, оның ішінде гибридтік және электрлік көлік өндірісінің артуы, сондай-ақ робот техникасы өндірісінің кеңінен таралуы Қазақстанда енгізіліп жатқан автокөлік жинаудың дәстүрлі өндірістерінің құлдырауына әсер ететін болады.
Технологиялық прогрестің тағы бір теріс ықпалы еңбек нарығындағы жоғары теңгерімсіздік болып табылады. «Құлдырайтын» секторларда, атап айтқанда тау-кен металлургия саласы мен ауыл шаруашылығында біліктілігі төмен және орташа жұмыс күшінің босатылуы байқалады, ал ғылымды көп қажет ететін салалардың дамуы нәтижесінде біліктілігі жоғары қызметкерлерге сұраныс артатын болады. Әлемде біліктілігі жоғары жұмыс күшіне сұраныс Қазақстаннан «білімдарлардың» кетуі қаупін күшейтеді.
Дамыған экономикалардың энергия сыйымдылығының төмендеуі атмосфераға шығарындыларға қойылатын халықаралық талаптарды, энергия тиімділігі стандарттарын қатаңдатуға жәрдемдеседі, оларды сақтау елдің технологиялық дайындығының жеткіліксіздігі салдарынан қиын болуы мүмкін.
Дамыған елдерде түбегейлі инновацияларды енгізу аталған елдерде еңбек өнімділігінің күрт өсуіне алып келуі, бұл дамыған және дамушы экономикалардың арасындағы айырмашылықты одан әрі ұлғайтуы мүмкін. Қазақстанға қатысты, бұл – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, әлемдік экономикадағы елдің үлесінің артуын, экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз ету және сайып әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін қосымша кедергілердің пайда болуын білдіреді.
5. Энергияны тұтынудың әлемдік теңгеріміндегі өзгерістер
2020 жылға дейінгі орта мерзімді перспективада Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша мұнай бағаларының айтарлықтай жоғарылауы күтілмейді, бұл дамыған экономикалардың баяу қалпына келуімен және дағдарыс құбылыстарының дамушы елдерге «ауысуымен» түсіндіріледі.
Ұзақ мерзімді перспективада энергияны әлемдік тұтыну көлемі
2050 жылға қарай 50 %-ға артады. Бұл ретте дамушы елдер энергия ресурстарын әлемдік тұтынуда басым болып, энергия тұтыну өсімі
2020 жылдан кейін іс жүзінде тоқтайтын дамыған елдерден озатын болады.
Көптеген дамыған елдерде мұнай мен көмірді пайдалану көлемінің төмендеуі табиғи газ бен ЭҚКК-ға сұраныстың артуымен қоса жүретін болады. Дәстүрлі энергия ресурстарына бағалардың өсуі балама энергия көздерінің, оның ішінде жер қыртысындағы газ бен мұнай кен орындары тиімділігінің артуына алып келеді.
Ұзақ мерзімді перспективада әлемдік ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын азайту үрдісі сақталады.
Қазақстанға ықтимал ықпалы
Әлемдік энергия тұтынудың өсуі аясында ұзақ мерзімді перспективада Қазақстаннан энергия ресурстарын экспорттау үшін қолайлы нарық конъюнктурасы сақталады.
Халықаралық сауда ағындарының бағытында, атап айтқанда Батыс Еуропа елдерінде энергия тұтынудың өсуінің баяулауы және Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі сұраныстың күшеюі салдарынан айтарлықтай өзгерістер орын алатын болады.
Ұзақ мерзімді перспективада жер қыртысындағы кен орындарынан өндірудің өсуі Батыс Еуропа елдерінде, Қытайда және Азия-Тынық мұхиты өңірі елдеріндегі нарықтардың шамадан тыс толығуы аясында Қазақстаннан энергия ресурстарын экспорттаудың жай-күйіне теріс ықпал етуі мүмкін.
6. Климаттың өзгеруі
Жаһандық климаттың өзгеруіне атмосферада және жер үсті қабатында 2050 жылға қарай әлемдегі орташа жылдық температураның 3-4о С-қа жоғарылуына алып келетін парниктік газдардың шоғырлануының артуы неғұрлым ықпал ететін болады. Осының салдарынан жердің шөлейттенуі, ауа-райының күрт құбылуы және су ресурстарының тозуы агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін әлсірететін болады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімін дәстүрлі экспорттаушы елдер санының қысқаруына алып келеді. Орта мерзімді перспективада бірқатар елдерде жаһандық жылыну бұрын ауыл шаруашылығын жүргізуге жарамсыз болған аумақтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Климаттың өзгеруі әлемдік саудаға, капитал қозғалысына және көші-қонға ықпал етеді. Арктикадағы мұздың еруі Қытай, дамыған елдер және Ресей арасындағы жаңа, әлдеқайда жылдам әрі арзан көлік дәлізін ашуы мүмкін.
Ұзақ мерзімді перспективада жаһандық жылыну эпидемиялардың өршуіне, көші-қон легінің күшеюіне және даулы аумақтарды иелену үшін даулардың өршуіне алып келуі мүмкін.
Климаттың жаһандық өзгеруі су басу, өрт, көшкін, қар көшкіні, мұздықтардың опырылуы, жоғары сел көшкіндерінің белсенділігі сияқты стихиялық апаттар қаупін күшейтеді.
Қазақстанға ықтимал ықпалы
Орта мерзімді перспективада жаһандық климаттық өзгерістер Қазақстанға оң ықпал ететін болады. Температура 1-2 С жоғарлаған кезде қыс мезгілінде, ең бастысы солтүстік өңірлерде орташа температураның жоғарылауы және жауын-шашын көлемінің артуы есебінен климат жұмсаратын болады. Азық-түлікке әлемдік сұраныстың артуы Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кеңейтуде қалыпты климат шарттарын пайдалануға мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан үшін ең жоғары тәуекел су ресурстарының тапшылығы болады, бұл суды көп шығындайтын өнеркәсіп салаларының, атап айтқанда тау кен-металлургия кешені және көмір энергетикасының дамуын шектейді.
Орташа жылдық температураның одан әрі жоғарылауы кезінде жерлердің шөлейттену проблемасы күшейеді. Қазақстанның ауыл шаруашылық аймақтары солтүстікке қарай жылжитын болады, бұл ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлеміне теріс әсер етеді. Ұзақ мерзімді перспективада стихиялық апаттардың теріс салдарының күшеюі мүмкін. Таулы жерлердегі сел көшкіні белсенділігі артатын болады. Құрғақ аудандарда орманды және далалы жерлердің өрт жағдайлары жиілеуі мүмкін.
Қазір әлемде мемлекеттер арасындағы бәсекелестік шиеленісе түскен, ал басқа табысты экономикалар қол жеткізілген прогреске қарамастан алға жылжуда. Дамушы мемлекеттердің бірқатары өзінің серпінді экономикалық өсуіне байланысты әлемде неғұрлым маңызды рөлге ие болып отыр.
Сонымен қатар, әлемдік экономика осал болып қалуда. Қысқа мерзімді перспективада Қазақстанның негізгі әріптес-елдері – Ресей, Қытай, Еуропалық Одақ, АҚШ және Жапонияда экономикалық өсу баяулауы мүмкін. Ұзақ мерзімді перспективада энергия ресурстарына бағалар төмендеп, мүлде жаңа технологиялық инновациялар әлемдік экономика дамуының бағыттарын өзгертуі мүмкін. Климаттың жаһандық өзгеруі де Қазақстанның экономикасы мен халқына айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін.
Қазақстан экономикасы өз табиғи ресурстарын пайдалануға тәуелді болатын бірқатар елдердегі прогресті тежейтін ресурстық кедергіге ұшырамауы тиіс. Екінші жағынан, қазіргі уақытта Қазақстанның жағдайындағы дамудың нақ сол кезеңіне жеткен көптеген елдер үшін апатты жағдай болған «орташа табыс қақпанына» елдің түсуден сақтану қажет.
Көптеген қолжетімді сараптамалық бағалаулар бойынша орта мерзімді перспективада оң факторлар теріс факторлардан басым болады, ал ұзақ мерзімді перспективада жаһандық үрдістердің теріс ықпалы күшеюі мүмкін. Бұл 15-20 жылдың ішінде «мүмкіндіктер терезесінің» болуымен түсіндіріледі, ол Қазақстанға дамуда сапалы ұмтылыс жасап, ұзақ мерзімді перспективада жаһандық сын-қатерлерге ден қоюға қажетті тұрақты әрі икемді экономиканы құруға мүмкіндік береді.
Жаңа экономика сипаттамалары өндірістің ғылымды көп қажет ететін түрлерінің үлесін арттыру, институционалдық ортаның жоғары сапасы мен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.
3. Қазақстанның 2050 жылғы пайымы
1. Елдердің табысты дамуының әлемдік тәжірибесін талдау
Жалпыға танылған бірқатарын сипаттамалардың пайдаланылатынына қарамастан, мемлекеттің дамуын айқындаудың бірыңғай, әмбебап тәсілдері жоқ. Бүгінгі таңда дамыған елдер тобына халықтың әл-ауқаты мен адами әлеуетінің деңгейі жоғары экономикалық және технологиялық тұрғыдан дамыған елдерді жатқызады.
Әлемдік практикада әлемдік көшбасшылықты және дамыған мемлекет ретінде қалыптасуды қамтамасыз етудің үшін әртүрлі жолдары мен тәсілдері бар. Бірақ, әр мемлекет қолында бар мәдени-тарихи, экономикалық, саяси және географиялық басымдыққа негізделген бірегей тәсілді іске асырды, оларды қазақтандық жағдайларға бейімдеуге және қолдануға болады.
Тұтастай алғанда, табысты елдердің даму тәжірибесі олардың табыстылығы негізінде дамытудың баламалы ұзақ мерзімді барабар даму стратегиясын қабылдау, ұлттық дамудың түйінді басымдықтарына шоғырландыру және қабылданған стратегияны тиімді іске асыру жатқанын көрсетті.
Әлемдік тәжірибе экономикалық өсім икемділігі, серпінділігі мен тұрақтылығы және елдің әл-ауқаты бүгінде барлық дамыған елдердің ерекше белгісі болып табылатын, ғылымды көп қажет ететін экономикаға ауысумен қамтамасыз етілетінін дәлелдеді. Мұндай экономикада қызметтер секторы басым болып келеді, өнімділіктің жоғары деңгейі қолдау табады, ал ғылыми білім мен өнеркәсіптің жоғары технологиялық секторлары экономикалық өсуді қамтамасыз етуде негіз қалаушы рөлге ие.
Қазақстан үшін ХХ ғасырда әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіре алған Оңтүстік Кореяның, Норвегияның және Сингапурдың экономикалық даму тәжірибесі неғұрлым қызықты болып отыр.
Оңтүстік Кореяның экономикалық өсуінің негізі өткен ғасырдың 1960 – 1970 жылдары қаланған, ол уақытта үкімет қатаң мемлекеттік жоспарлау шеңберінде басымдықты ауыр өнеркәсіпті дамыту, негізінен төмен шығындар және ыңғайлы географиялық орналасуына байланысты жаһандық деңгейде бәсекелесе алатын салаларда белгіледі. Бұл ретте жеке сектор мен қоғам экономикалық жоспарлауға шектеулі түрде қатысты.
Мемлекеттің ұзақ мерзімді даму стратегиясы бесжылдықтарға бөлінді. Осылайша, елдің дамуына қарай барлық күш-жігері инфрақұрылымды құруға, өндірістік қуаттарды жаңғыртуға және импортты алмастыратын салаларды дамытуға, болат құю және химия өнеркәсібі өнімін, жабдықты және тұрмыстық электрондық құралдарды экспорттауға және жоғары технологиялық өнім өндірісін дамытуға мемлекеттің айтарлықтай инвестицияларын қамтамасыз етуіне бағытталды.
Оңтүстік Корея дамуының келесі кезеңінде нарықтық тетіктерге ауысу және экономикада мемлекеттің рөлін төмендету қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді перспективада экономиканың нысаналы пайымы қалыптастырылды. Ауыр машина жасау және химия саласынан ғылымды көп қажет ететін жоғары технология салаларға, сондай-ақ адами капиталды дамытуға және институттарды жетілдіруге ауысу нәтижесінде Оңтүстік Корея 1990 жылдардың өзінде ең жаңа технологиялар, микроэлектроника, биотехнологиялар және оптиканы дамыту есебінен ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кірді.
Оңтүстік Кореяның мысалы көрсеткендей, экономикалық жаңғыртудың бастапқы кезеңіндегі қажетті шарт адами капиталды дамытудың және әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымның іргетасын құруға мүмкіндік беретін елдің бәсекелес артықшылықтарын пайдалану болып табылады.
Жоғары технологиялы экономиканы құру мен дамыту үшін бәсекелестік артықшылықтарын пайдалануға негізделген экономикалық саясаттың ұқсас мысалы Норвегияның энергетикалық секторды дамыту жөніндегі тәжірибесі болып табылады.
Норвегияда мұнай-газ саласын дамыту стратегиясы мұнай кәсіпшілігі қызметтері және теңіз кен орындарын өндіру үшін жабдықтар өндіру секторында сабақтас салалардың (теңіз тасымалы, балық аулау, құрылыс) тәжірибесін және әлеуетін пайдалануға негізделді. Табысқа мұнай кәсіпшілігі өнеркәсіптік кластерлерін құру, жетекші әлемдік компаниялармен серіктестікті ілгерілету және заманауи технологиялардың жылдам трансферті арқылы қол жеткізілді.
Сонымен қатар, мемлекет норвегиялық бәсекеге қабілетті тауар өндірушілерге және қызметтерді жеткізушілерге қолдау көрсетті, сондай-ақ геологиялық барлау және өндіру операцияларын жүргізу жөніндегі үш норвегиялық компанияның (Statoil, Hydro және Saga) негізі қаланды, оларға лицензияларды бөлу кезінде басымдық берілді.
Сингапур нақты стратегиялық жоспарлау есебінен әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кірді, ол оның іске асырылуын дамыған институттармен бірлесіп қамтамасыз етті. 50 жыл бұрын мемлекеттің басты мақсаттары ЖІӨ-нің өсуі және елдің әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Бұл елдің негізгі бәсекелес артықшылығы – өз кезегінде қызметтерді тарту секторына айналған терең су айлағын дамыту есебінен мүмкін болды.
Сонымен қатар, экономика экспортты ұлғайтуға, сондай-ақ ауыр өнеркәсіптен ғылымды көп қажет ететін өндіріске ауысуға бағытталды. Бұл елдің нақты ЖІӨ-нің 40 жылда 8 есе өсуіне және жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша дамыған елдермен айырмашылықты жоюға алып келді. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге айтарлықтай – 2000 жылдары 2 %-дан астам инвестициялар, техникалық білім беру бағдарламаларын енгізу және оларды өндіріске интеграциялау реформалардың негізін құрады.
Сондай-ақ, Сингапурда инвесторларды тарту және жаһандық бизнес-стратегияларды әзірлеу мақсатындағы Экономикалық даму бойынша кеңес 50 жылдан астам жұмыс істеп келеді. 1980 жылдары студенттерді топтарға бөлу және олардың академиялық нәтижелеріне байланысты қабілеттерін қадағалау, сондай-ақ жоғары сұранысқа ие салаларда дағдыларға нысаналы түрде оқыта отырып, әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құру арқылы ғылымды көп қажет ететін экономиканы құруға алғашқы талпыныс жасалды.
Дамыған елдердің стратегиялары жетістігінің негізгі факторы бастапқы кезеңде шетелдік білімді және мүмкіндіктерді пайдалану және әлемдік деңгейдегі білім беру және ғылыми-зерттеу институттарын құру болып табылады, бұл түптеп келгенде дамушы салалардағы зерттеулер мен білім беруді өз бақылауына алуға мүмкіндік берді.
Экономикалық реформалар базалық салаларды дамыту, одан кейін жоғары қосылған құнмен өнім өндіруге мамандандырылумен қатар жүрді.
Бұдан басқа, табысты реформалар экономиканың өзгеруін басқаратын мықты үйлестірілген мемлекеттік институттардың басшылығымен жүзеге асырылды.
2. Ұзақ мерзімді дамудың стратегиялық бағыттарын айқындау
Басқа табысты елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан негізгі бәсекелес артықшылықтарына және олар туындайтын ұлттық даму басымдықтарына шоғырлана отырып, өзінің табыс моделін әзірлеуі тиіс және аталған басымдықтар шеңберінде әзірленген жоспарларды тиімді орындауы тиіс.
Осыған байланысты, Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бес стратегиялық бағытын бөліп көрсетуге болады.
Бірінші. Адами капиталды дамыту инновацияның басты қозғаушы күші болып табылатын адамның дамуы үшін қажетті жағдай туғызуды білдіреді. Адами капиталды дамыту білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында және еңбек нарығында дамыған елдердің деңгейіне қол жеткізуді болжайды. Білім берудің сапасын арттыру біліктілігі жоғары жұмыс күшін қалыптастыруға, білім беруге, технологиялармен алмасуға және осының нәтижесінде өнімділіктің өсуіне ықпал етеді.
Екінші. Бизнес пен кәсіпкерлік бастамаларын дамыту үшін қолайлы жағдайларды, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуді, сот жүйесі мен құқық қорғау жүйелерін жетілдіруді, сондай-ақ барлық деңгейлерде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру.
Үшінші. Ұзақ мерзімді перспективада ғылымды көп қажет ететін экономикаға көшу үшін қажетті салалық база қалыптастыруға негізделген кезең-кезеңді тәсілді қабылдау арқылы ғылымды көп қажет ететін экономика салаларын дамыту.
Төртінші. Өнімділікті арттыру, аумақтық дамудың жаңа саясатын қалыптастыру, ұлттық инновациялық жүйе құру, инфрақұрылымды жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру арқылы ғылымды көп қажет ететін экономиканы құруды қолдайтын инфрақұрылымды жеделдетіп қалыптастыру.
Бесінші. Мультивекторлы сыртқы экономикалық дипломатияны, көші-қон саясатын, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту бойынша бастамаларға қатысуды іске асыру арқылы халықаралық қатынастар жүйесіне интеграцияны тереңдету.
Ұзақ мерзімді дамудың бес стратегиялық бағыты өзара байланысты кешенді құрайды және олар жеке-жеке қарастырылмауы тиіс. Олардың әрқайсысы тиімді болса, бірін-бірі күшейтеді. Сондай-ақ, бір элементтердің әлсіздігі өзгелерінің тиімділігін бұзатын болады. Адами капиталды дамыту әлеуметтік-экономикалық даму негізінде жатыр, ал сапалы және тиімді институттар ғылымды көп қажет ететін экономиканы табысты құру үшін шешуші мәнге ие.
Осы Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қызмет Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының стратегиялық бағыттарымен өзара байланысты мынадай алты қағидатқа негізделетін болады. Бұл қағидаттар реформаларды әзірлеуде маңызды рөл атқарады. Әрбір жеке қағидаттың мәні нақты салада шаралар әзірлеу процесінде ерекшеленуі мүмкін болғанымен, олардың көпшілігі саясаттың барлық салаларында өзекті болады.
1. Ашықтық, бүгінгі таңда ең дамыған 30 елдің тәжірибесі көрсеткендей, сауданы, инвестициялық қызметті дамытудың, білікті мамандарды тартудың, сондай-ақ адамдар арасында жеке байланыстарды нығайтудың ең маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ашықтық — бұл ғылымды көп қажет ететін экономиканың қозғаушы күші болып табылатын инновацияларды дамытудың қажетті алғышарты. Сонымен қатар ол институттардың ашықтығына себепші болады.
2. Бәсекелестік өнімділікті үнемі арттырудың, инновацияларды дамытудың және бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің көзі болып табылады. Қазақстан ұзақ мерзімді дамудың барлық стратегиялық бағыттарында бәсекеге қабілеттілікті дамыту кезінде ғана ашықтық беретін мүмкіндіктерді толық көлемде пайдалана алады. Еркін бәсекелестік жағдайында әрекет ететін жеке бизнес ғылымды көп қажет ететін экономиканың негізгі қозғаушы күші болып табылады.
3. Инклюзивтілік жоғары сапалы білім алу, сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізу және азаматтардың барлық санаттары үшін, оның ішінде халықтың осал топтары үшін өнімділігі жоғары еңбекке қол жеткізуде тең мүмкіндіктер ұсыну арқылы халықты әлеуметтік-экономикалық даму процесіне толық тартуды болжайды. Инклюзивтілік қоғамда өзара сенім деңгейін арттырады, болашаққа сенім, қорғалушылық сезімін береді, сондай-ақ экономикалық дағдарыстар кезінде қоғамның шоғырлану дәрежесін арттырады.
Халықтың түрлі топтары табысының теңсіздігін төмендету мақсатында жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бағдарламалары әзірленетін болады. Сондай-ақ кадрларды қайта даярлаудың тиімді бағдарламаларын енгізу арқылы экономика салаларында құрылымдық өзгерістердің салдарын жұмсарту үшін жағдайлар жасалатын болады.
4. Құқық үстемдігі, құқықтың анықтылығы мен қоғамның даму болжамдылығының, мемлекеттік институттардың есептілігінің негізін құрай отырып және барлық азаматтар үшін тең қағидалар белгілей отырып, азаматтардың мемлекеттік аппаратқа, құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
5. Меритократия жаңа білімге, кәсібилікті өсіруге үнемі ұмтылуға ынталандырады. Мұндай қоғамда әрбір азамат үшін оның әлеуметтік тиесілігіне қарамастан, өзінің адал еңбегінің, тәжірибесі мен ынтасының арқасында «әлеуметтік лифт» мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары көтерілуіне мүмкіндік жасалады. Мемлекеттік қызмет саласына («А» корпусы) меритократия қағидатын енгізу тәжірибесі Қазақстандағы қоғамдық өмірдің басқа салаларына да таралатын болады.
6. Тұрақтылық 2050 жылды соңғы нүкте ретінде емес, Қазақстанның ХХІ ғасырдың екінші жартысында көркейген және тұрақты қоғамның әрі қарай жұмыс істеуі үшін тұғырнама құруы тиіс бастама ретінде қарастырылатынын болжайды. Бұдан басқа, табиғи, физикалық, адами және институционалдық ресурстардың тұрақты дамуы табысты ұзақ мерзімді стратегияның ең маңызды атрибуттарының бірі болып табылады.
Тұжырымдаманы іске асырудың бес стратегиялық даму бағыты мен алты қағидаты Қазақстанның 2050 жылға дейінгі пайымына қол жеткізудің бағдарлары болып табылады.
3. Қазақстанның 2050 жылғы пайымы
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді дамуының пайымын мынандай жолмен тұжырымдауға болады.
2050 жылы Қазақстан азаматтарының табыс деңгейі мен халықтың өмір сүру сапасы бойынша өнімді әрі тұрақты экономикасы бар әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіреді. Бұл адамның таза қоршаған ортаға, қолжетімді және сапалы білімге, денсаулық сақтауға негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды және оның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуы мен жоғары өнімді еңбегі үшін мүмкіндіктер жасауды болжайды.
Экономикалық өсім, ең алдымен, ұзақ мерзімді еңбек өнімділігінің, капитал мен ресурстардың өсуіне, өндіріс пен экспортты әртараптандыруға және елдің дамыған бизнес секторына негізделетін болады.
Экономика жаһандық нарықта бірқатар жоғары технологиялық өнім және қызмет өндіру бойынша жетекші орындағы, нарықтық, ғылымды көп қажет ететін өнім мен инновацияның жоғары үлесі бар инновациялық экономика болады. Еліміз білімді генерациялаудың, дарынды ғалымдарды тартудың орталығына айналмақ.
Шикізат қорлары, атап айтқанда, энергия ресурстары мемлекеттің негізгі кіріс көзі болуын тоқтатып, көпсалалы ұлттық экономиканың өсуін ғана қолдайтын болады.
«Орнықты» экономика оның әлемдік тәуекелдерге төзімділігінде, қоршаған ортаға залалсыз өсуге де тең шамада қатысты болады.
Елдің электр энергиясындағы ішкі қажеттіліктері жаңғыртылатын энергия көздері есебінен қанағаттандырылатын болады. Таза энергетика мен жоғары экологиялық стандарттар қазір артып келе жатқан климаттың жаһандық өзгеруі қаупіне төзімділікті қамтамасыз етеді. Өндіріс пен ауыл шаруашылығының жоғары технологиялық салаларын дамыту Қазақстанға халықаралық шаруашылық қарым-қатынастарды іске асыруда өз орнын иеленуге мүмкіндік береді.
Адами капитал стратегиялық активке айналады, ал қоғамның зияткерлік және инклюзивті дамуына үлесі ұзақ мерзімді перспективада аса маңызды инвестиция түріне айналмақ. Қазақстанның бәсекелік басымдығы халықтың жоғары табиғи өсуін қамтамасыз ететін, саламатты демографиялық ахуал болады.
2050 жылға қарай Қазақстанда кәсіпкерлік пен әрбір азаматтың өзін-өзі көрсетуін дамыту үшін қолайлы орта туғызатын, экономикалық және саяси-құқықтық институттардың икемді де тиімді жүйесі құрылатын болады.
Қазақстан экономикалық өсу үшін сыртқы ресурстарды тартатын және бір мезгілде ішкі даму әлеуетін белсенді пайдаланатын ашық ел болады.
2050 жылғы Қазақстан – әлемдік деңгейдегі мегаполисі және бірқатар «ақылды», бәсекеге қабілетті және қауіпсіз қалалары бар урбандалған мемлекет. Елдің ірі қалалары өңірлік интеграцияның жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тиімді көлік, логистикалық және коммуникациялық желілерге қосылатын болады.
4. Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының түйінді көрсеткіштері
Әлемнің неғұрлым дамыған елдері тобына ену Қазақстан үшін өткен ғасырда дамыған елдердің бұлжымас және тұрақты параметрлері болып қалатын, базалық нысаналы индикаторларды пайдаланудың негізінде айқындалатын болады.
1. Қазақстанда халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейі қамтамасыз етілетін болады. Халқының жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі бойынша Қазақстан әлемнің 30 экономикасының қатарына енеді.
Әлемдік экономиканың бірқалыпты өсуі жағдайында Қазақстанда жан басына шаққанда ЖІӨ 12 мыңнан 60 мың АҚШ долларына дейін (2005 жылғы сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша түзетулермен) өседі. Ол үшін өсімнің орташа жылдық қарқынына 4,3 % деңгейіне қол жеткізу қажет.
Қолайлы экономикалық жағдаятты сақтаған жағдайда, Қазақстанда жан басына шаққанда ЖІӨ 70 мың АҚШ долларынан асады. Бұл ретте, ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 5,5 % құрауы тиіс.
2. Экономикадағы құрылымдық өзгерістер шикізаттық емес экспорт үлесін ұлғайтуға ықпал ететін болады. Мұнай емес экспорттың үлесі 32 %-дан 70 %-ға дейін артады, бұл экономиканың шикізат тауарларының құбылып тұратын бағаларына тәуелділігін төмендетуге және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
3. Экономиканың өсімі өндірістің барлық факторлары өнімділігінің айтарлықтай артуына негізделетін болады. Еңбек өнімділігінің деңгейі жылына бір қызметкерге 24,5 мың доллардан 126,5 мың АҚШ долларына дейін бес есеге артады, бұл неғұрлым дамыған мемлекеттердің деңгейіне сәйкес келеді.
4. Елде инновациялық белсенділіктің өсуі орын алады және ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің шығыстары ұлғайтылады. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы 0,2 % -дан 3 %-ға өседі, бұл Қазақстанды ғылымды көп қажет ететін экономикасы бар елдердің даму деңгейіне жақындатады.
5. Қазақстанда экономикалық өсудің экологиялық залалсыз әрі тұрақты моделі қалыптасатын болады. Электр энергиясын өндіру кезінде көмір қышқыл газының шығарындылары 1 000 г/кВт·с бастап 350 г/кВт·с дейін азаятын болады. Оған өндіруші қуаттарды жаңғырту және электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде энергияның жаңартылатын және балама түрлерінің үлесін 50 % дейін арттыру есебінен қол жететін болады, ол елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
6. Экономиканың тиімділігі мен елдің табиғи қорларын тиімді пайдалану артатын болады. ЖІӨ энергия сыйымдылығы екі есеге, ЖІӨ АҚШ мың долларға шаққанда 0,4-тен 0,2 тонна шартты отынға азаятын болады. Ол үшін энергияның тиімділігін арттыру бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады.
7. Елдің экономикалық дамуында шағын және орта бизнес басты роль атқаратын болады. ЖІӨ-гі шағын және орта бизнестің үлесі, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау, адами капиталға инвестиция салу және инфрақұрылымды жаңғырту, бизнес-құзыреттіліктер мен бизнес жүргізу дағдыларын дамыту есебінен 50 %-ға дейін артады.
8. Жоғары инвестициялық тартымдылық Қазақстан экономикасының ерекшелегіш сипатына айналады. ЖІӨ-нің негізгі капиталындағы инвестицияның үлесі кем дегенде 30 % деңгейінде қолдау табатын болады. Инвестицияның жоғары деңгейі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жинақтардың едәуір жоғары деңгейімен сүйемелденетін болады.
9. Әл-ауқаттың артуымен халықтың өмір сүру жағдайы айтарлықтай жақсаратын болады. Елдегі болжалды өмір сүру ұзақтығы 2050 жылы әлемдегі 30 елдің болжамды мәні болып табылатын 70 жастан (әлемде 128-орында) 84 жасқа дейін артады. Бала туу коэффициенті халықтың табиғи ұдайы өсуін қамтамасыз етеді, ол халықтың өз болашағына және балаларының болашағына деген сенімділігін арттыруға негіз болады.
10. Қазақстан жалпыға ортақ еңбек қоғамы қағидатын енгізеді. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі 2,5 % бастап экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың кемінде 1 % дейін төмендейді.
11. Елдің адам капиталы сапасын арттыруға елдегі білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту ықпал ететін болады. Білім беру саласында 2030 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балалар сапалы мектепке дейін біліммен және тәрбиемен толық қамтылатын болады. PISA, TIMSS сияқты немесе оларға ұқсас мектепте білім берудің сапасын бағалау индекстері бойынша Қазақстан өте жоғары рейтингті 30 елдің қатарына енеді. Елдің басты университеттері әлемнің жүз жетекші ЖОО қатарына енеді.
12. Қазақстан халқының құрылымында орташа табы басым елге айналады. Инклюзивті дамытуды қамтамасыз ету мақсатында халықтың «орташа тобы» (табыстың орташа деңгейінен 50 – 150 %) диапазонындағы табыспен үй шаруашылығының үлесі 2050 жылы 75 % дейін өседі.
13. Еліміздің дамыған 30 ел қатарына енуіне жинақы әрі кәсіби үкімет құру ықпал ететін болады. Қазақстан әлем елдерінің 30-дығына тиімді мемлекеттік басқару жүйесі мен сыбайлас жемқорлық деңгейінің халықаралық рейтингтері бойынша енеді.
5. 2050 жылға дейін Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының стратегиялық бағыттары
2050 жылға қарай елдің даму пайымына қол жеткізу күрделі мәселені білдіреді. Ұзақ мерзімді экономикалық сценарийлер Қазақстанның шынында ең дамыған 30 ел қатарына ене алатындығын көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, аталған мақсатқа қол жеткізудің басты шарты өңдеуші өнеркәсіп базасында ғылымды көп қажет ететін экономиканы қалыптастыру болып табылады.
Аталған процесс дамыған елдерде ұзақ уақыт бойы дәйекті түрде жүргізілді. Мамандандыру, жаңа технологиялар, инновациялар негізінде жаңа нарық тауашасына ие болу осы елдердің бәсекеге қабілеттілігінің негізіне айналды. Ақпараттық технологияларды жаһандандыру және дамыту елдер арасындағы шекараны жоюға және инновацияның тез тарауына ықпал етті.
Нәтижесінде жаңа технологиялар дамыған елдердің өсуінің, бәсекеге қабілеттілігінің және өнімділігінің негізгі қозғауыштарына айналды. Олар қазіргі уақытта, негізінен, өндірістік жүйелердің импортына, технологиялар трансфертіне немесе түпкілікті өнімдерді жинақтауға бағытталған дамушы елдерге қарағанда меншікті бірегей өнімдерді, технологиялық шешімдерді өндірушілер болып табылады.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, ғылымды көп қажет ететін экономика құру дамыған адами капиталға және тиімді институционалдық ортаға негізделген, инновацияны басымды етуде дәйекті тәжірибе жинақтау негізінде жүргізіледі. Ғылымды көп қажет ететін экономика экономика институттарының тиімділігімен, еркін бәсекелестікпен, сапалы білім және ғылыммен, жоғары тұрмыс деңгейімен, инновацияға тұрақты сұраныспен, ел экономикасының әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігімен сипатталады.
1. Адами капиталды дамыту
Экономиканы жаңғыртудың, дамудың ғылымды көп қажет ететін моделін қалыптастырудың басты қозғаушы күші елдің адами капиталы болмақ. Қазақстан жоғары білікті, кәсіби еңбек ресурстарына, жоғары ғылыми және шығармашылық әлеуетке ие болатын болады.
Адам капиталының озық дамуы және оның жаппай инновация құрудың басты драйверіне айналуы білім және ғылым саласын, әлеуметтік қорғау жүйесін, денсаулық сақтау саласын дамыту арқылы адамның өзін-өзі көрсетуіне, шығармашылық дамуына және оның жоғары еңбек өнімділігіне арналған мүмкіндіктерді кеңейтуді білдіреді.
1.1. Білім беруді және бірегей қазақстандық мәдениетті дамыту
Қазақстандық білім беру жүйесі жастардың бойында қазіргі жағдайлардағы қызметте табысқа жету үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыруға бағытталатын болады.
Аталған міндеттерді шешу:
1) балаларды ерте дамытудың заманауи әрі тиімді жүйесін қалыптастыру;
2) білім беру саясатын және мектепте білім беруді жаңғырту;
3) кәсіби-техникалық және жоғары білім берудің тиімді жүйесін дамыту арқылы экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру;
4) басқару жүйесін және білім беруді қаржыландыруды жетілдіру;
5) бірегей қазақстандық мәдениетті дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан балаларды ерте дамытудың заманауи және тиімді жүйесін қалыптастырады. Осы мақсаттарда білім беру процесіне ата-аналарды тарта отырып, баланың кешенді (табиғи, әлеуметтік, мәдени және когнитивтік) дамуын көздейтін, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің толыққанды жүйесі құрылатын болады.
Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуге қолжетімділікті кеңейту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, балабақшалар, жеке және шағын орталықтар салу арқылы инфрақұрылымды дамыту жұмысы жалғасатын болады. 2020 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелеріне деген тапшылық проблемасы толығымен шешілетін болады. Аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік субсидиялау тетіктері енгізілмек. Орта мерзімді перспективада 3 жасқа дейінгі балаларды ерте дамыту бағдарламасы қабылданатын болады.
Қажетті инфрақұрылым құрумен қатар, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің және тәрбиешілердің біліктілігін арттырудың стандарттарын енгізу арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу бағдарламалары халықаралық практикада пайдаланылатын үздік стандарттар мен әдіснамаларға сай келетін болады.
Білім беру саясатын және мектептегі білім беруді жетілдіру. Білім беру саясаты функционалды сауаттылықты түбегейлі арттыруға, заманауи құзыреттілікті қалыптастыруға, конструктивті әлеуметтендіруге, бүкіл өмір бойы білім алудың қолжетімділігіне, сондай-ақ оқыту сапасындағы өңірлік теңсіздікті төмендетуге бағытталатын болады.
Қазақстандық білім беру жүйесі оқушылардың білімді игеруін ғана емес, сонымен қатар алған білімдерін кәсіби және еңбек қызметінде іс жүзінде қолдану білігін қамтамасыз етеді. Орта мерзімді перспективада екпінді инфрақұрылымды кеңейтуден білім беру бағдарламаларының және оқыту технологияларының жаңа сапасына қол жеткізу, заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми-педагогикалық базаны дамытуға көшіру қамтамасыз етілетін болады.
Орта білім сапасын арттыру оқу бағдарламаларын әлемдік озық білім беру жүйелерінің деңгейіне сәйкестендіру үшін оларды мониторингілеу және бағалау жүйесін енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Педагогикалық шеберліктің және білім беру технологиясының үздік әлемдік практикалары енгізілетін болады, сондай-ақ үздік шетелдік профессорлар мен мамандар тартылатын болады.
Назарбаев Зияткерлік мектептері жұмысының ойдағыдай тәжірибесі орта мерзімді перспективада Қазақстанның барлық мектептеріне енгізілетін болады.
2050 жылға қарай қазақстандық мектептердің түлектері қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеретін болады.
Оқытушыларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі жаңғыртылатын болады. Оларды жалдаудың және мансаптық өсуінің тетіктері жетілдірілетін болады. Білім беру мекемелеріне өз оқу бағдарламаларын айқындауда едәуір дербестік берілетін болады.
Білім берудің барлық деңгейлерінде АКТ, жаңа білім беру технологияларын белсенді пайдалануды көздейтін жаңа педагогикалық тәсілдер, оған қоса «E-learning» енгізілетін болады.
Жас ұрпақтың болашақ кәсібін таңдау мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін әртүрлі мамандандырылған оқу бағдарламаларын ұсынатын факультативтік білім беру жүйесі қалыптастырылатын болады.
Кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру жүйесінің тиімділігін дамыту арқылы экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру. Кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру жүйесін дамыту еңбек нарығының бұрыннан бар және болашақ қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын болады.
Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде жекелей білім беру қағидаттары енгізілетін болады, оқыту процесіне нақты секторда жұмыс істейтін, өндіріске үйрету шеберлерін тарту қамтамасыз етіледі. Астана мен Алматы қалаларында кем дегенде әлемдік деңгейдегі екі колледж құрылатын болады.
Қызметкерлердің ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру салдарынан болатын еңбек нарығындағы өзгерістерге жылдам бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында мамандықтар мен біліктіліктердің қолданыстағы тізбесін оларды ірілендіру және қысқарту жолымен оңтайландыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Орта мерзімді перспективада өмір бойы оқытуды қаржыландыруға мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің үш жақты қатысу моделі әрекет ете бастайды. Өмір бойы оқудың төлемі үшін негізгі жауапкершілік қызметкерге жүктелетін болады. Мемлекет пен жұмыс берушілер қызметкерлердің белгілі бір санаттарын, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың оқуын қаржыландыруға қатысатын болады.
Мемлекетті, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді біріктіретін үш жақты комиссияларға және кәсіби білім беру саласындағы салалық кеңестерге кәсіби стандарттарды және біліктіліктерді тану рәсімдерін әзірлеуді қоса алғанда, біліктіліктер мен өмір бойы оқытудың ұлттық жүйесін реттеу үшін жауапкершілік тапсырылатын болады.
Жоғары білімнің ғылымды көп қажет ететін экономиканың қажеттіліктеріне бейімделуін арттыру құрылатын зияткерлік-инновациялық кластерлері бар университеттер мен кәсіби-техникалық мектептердің интеграциясы арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл үшін барлық базалық курстардың бағдарламаларына инновациялар және кәсіпкерлік, сондай-ақ қаржы менеджменті бойынша оқу модульдері енгізілетін болады. Университеттерде білімді басқару жүйесі енгізілетін болады.
Шетелдегі жоғары технологиялық стартаптарда студенттердің тағылымдамадан өтулері ұйымдастырылатын болады. Бұл зияткерлік-инновациялық кластерлерде жұмыс істейтін компаниялар үшін кадрлар даярлауды және оларда жобалардың жеке стартаптарын ашуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Болашақ» бағдарламасы ғылымды қажет ететін экономиканың жоғары технологиялық салалары үшін мамандар даярлауға қайта бағдарланатын болады.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру мақсатында бюджеттік қаржыландыру есебінен алынған, зияткерлік қызметтің нәтижелерін пайдалану мүмкіндіктері берілетін болады.
Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру. Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру білім беру ұйымдарын басқаруға азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтуге және олардың қызмет сапасына бақылауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Барлық білім беру ұйымдарында қадағалау кеңестері мен қамқоршылық кеңестері құрылатын болады. 2030 жылға қарай барлық орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру ұйымдарында корпоративтік басқару және академиялық дербестік қағидаттары енгізілетін болады.
Бірегей қазақстандық мәдениетті дамыту. Әлемдік қоғамдастықта танылатын Қазақстанның мәдени «бренді» құрылатын болады.
Бірегей қазақстандық мәдениетті дамыту, ұлттық мәдени дәстүрлерді және қазақстандық өзіндік ерекшеліктерді сақтау мақсатында бәсекеге қабілетті мәдени ділді қалыптастыруға, заманауи «мәдениет кластерлерін» дамытуға және Қазақстанның бірегей мәдениетін нығайтуға бағытталған Мәдениет саясаты тұжырымдамасы әзірленетін болады.
Кино, театр, музыка, көркем өнер және әдебиет салаларында жаңа сапалы мәдени өнімдер жасауды одан әрі ынталандыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
1.2. Халықтың денсаулығын жақсарту
Бұл міндет:
1) қолайлы қоршаған ортаны сақтау;
2) саламатты өмір салтын ынталандыру;
3) денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру арқылы шешілетін болады.
Қолайлы қоршаған ортаны сақтау. Елдің әрбір тұрғынына таза суға, ауаға және толымды биоресурстарға қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады. Қоршаған ортаның қолайлы жағдайын қолдау және экологияға зиянды әсер етуді барынша азайту жөнінде шаралар енгізіледі.
Саламатты өмір сүру салтын ынталандыру. Саламатты өмір сүру салтын қалыптастыру және жаппай тарату шеңберінде спортпен, оның ішінде жұмыс орындарында айналысуға жағдай жасалады. Жұмыс берушілердің қызметкерлер денсаулығын нығайту жөніндегі бағдарламаларды енгізуі осы шаралардың бірі болады. Халықаралық тәжірибе тәуекел факторларына бірінші кезекте назар аудару ұзақ мерзімді перспективада едәуір табыс алып келетінін көрсетеді. Осыған байланысты, алкоголь мен темекіні шектен тыс тұтыну, дене қозғалысы белсенділігінің жетіспеушілігі және дұрыс тамақтанбау сияқты денсаулыққа теріс ықпал ететін факторлар жөнінде халықтың хабардарлылығын арттыру бойынша шаралар қабылданады. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының санын және өндірістік жарақаттану деңгейін азайту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру. Ұзақ мерзімді перспективада аурулардың алдын алу және ерте анықтау – денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарына айналады. Өз денсаулығы үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ынтымақты жауапкершілігі қағидаттарын кезең-кезеңмен енгізу жүзеге асырылатын болады.
Кең ауқымды Ұлттық скрининг бағдарламасы баладан бастап егде жасқа дейінгі өмір циклінің барлық кезеңдерін қамтиды. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) барлық қалалық және ауылдық елді мекендерді қамтиды. Жалпы дәрігерлік практика негізінде ұйымдастырылған МСАК жүйесі медициналық көрсетілетін қызметтің негізгі көлемін көрсететін болады. МСАК деңгейінде жұмыс істейтін жалпы практика дәрігерлерінің үлесі жыл сайын ұлғайтылатын болады.
Денсаулық сақтау саласында көліктік медицина көмегін, санитариялық авиацияны, телемедицинаны және жылжымалы дәріханалар желісін, апатты медицинаны дамыту үшін барлық қажетті инфрақұрылымдық және материалдық-техникалық жағдайлар жасалатын болады. Әрбір азаматтың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты біріктіретін электронды денсаулық сақтау жүйесі енгізілетін болады. 2020 жылға қарай барлық денсаулық сақтау ұйымдары бірыңғай ақпараттық желіге қосылатын болады. Барлық азаматтардың электронды медициналық карталары болады.
Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету барлық әлеуметтік серіктестермен (мемлекет, жұмыс беруші, қызметкер) ынтымақты түрде жүзеге асырылатын болады. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері пысықталады.
Азаматтардың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуларын ұтымды ету мақсатында халық табысының өсуіне қарай медициналық көрсетілетін қызметтерді бірлесіп төлеу тетігі енгізілетін болады.
1.3. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру
Қазақстан елдің бүкіл халқы үшін мүмкіндіктердің теңдігін қамтамасыз етілетін инклюзивті қоғам қалыптастыруға ұмтылатын болады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту:
1) зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту;
2) халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатын болады.
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту зейнеткерлік жасындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға, тұтастай алғанда жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің институционалды базасын одан әрі дамытуға зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғыртуға бағытталатын болады.
Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын басқарудың ашықтығы, инвестициялық қоржынды және зейнетақы төлемдерін тиімді басқару, зейнетақы активтерінің инвестициялық кірістілігінің жоғары деңгейі, азаматтардың табысын зейнетақы төлемдерімен салыстырмалы ауыстыру қамтамасыз етілетін болады. Ол азаматтардың зейнетақы жүйесіне сенімін арттыруға ықпал ететін болады.
Зейнетақы жүйесін жаңғырту азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өздерінің ынтымақты жауапкершілігін одан әрі күшейтуге негізделетін болады.
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ экономиканың неғұрлым перспективалы салаларының жобаларына зейнетақы активтерін тиімді инвестициялау тетіктері әзірленетін болады.
Бұған қоса, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін жаңа тәсілдер әзірленетін болады.
Базалық зейнетақыны ең төмен кепілді зейнетақыға трансформациялау мәселесі пысықталып, жаңа критерийлер мен оны тағайындау шарттары әзірленетін болады.
Халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғау. Мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету және кедейлікті түпкілікті жою әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолымен жүзеге асырылатын болады.
Орта мерзімді перспективада кедейлік шегі атаулы қолдаудың шартсыз нысанынан «өзара міндеттемелер» қағидаттарына ауысуды болжайтын негізделген төлемдер жүйесінің енгізілуін ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін кезең-кезеңімен көтерілетін болады.
Көмек алушының жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына міндетті түрде белсенді қатысуын көздейтін әлеуметтік келісімшарт тетігі енгізілетін болады. Әлеуметтік келісімшарт мемлекет тарапынан, оның ішінде еңбек нарығына қайтару жолдарын әлеуметтік қолдау шаралар кешенін қамтитын болады. Алушының әлеуметтік келісімшартты орындау жөніндегі міндеттемелерін бұзуы әлеуметтік көмекті беруді тоқтатуға алып келетін болады.
Орта мерзімді перспективада өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың еңбек қатынастарын, оның ішінде оқыту, микрокретиттер беру және экономикалық қолайлы өңірлерге көшуге жәрдемдесу есебінен нысандау жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Ерекше еңбек жағдайына мұқтаж азаматтар санатын жұмысқа орналастыру шеңберінде кәсіби бағдарлау жөнінде консультациялар беріледі және арнайы жабдықталған әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын болады. Орта мерзімді перспективада аналарды жұмыспен қамту, оның ішінде жұмыспен қамтудың икемді түрлерін (үйде жұмыс істеу, толық емес жұмыс күні) дамыту арқылы арнайы жәрдемдесу тетіктері әзірленетін болады.
Мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын және мүгедектерге өзін-өзі жетілдіру үшін мүмкіндік беретін арнайы оқу бағдарламаларын құруға жәрдемдесуге негізделетін болады.
Арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемі шеңберінде егде адамдар үшін олардың жас шектеулеріне және қайта әлеуметтенуге бейімделуі бойынша қызметтер көрсетілетін болады.
Еңбекті қорғау жүйесі Халықаралық еңбек ұйымының нормаларына сәйкестендіріліп, ал өндірістік жарақаттанушылық көрсеткіштері дамыған елдердің нормативтеріне сәйкес келетін болады.
2. Институционалдық ортаны жетілдіру
Барлық азаматтардың өзін-өзі жетілдіруі үшін тең шарттар ұсынатын инклюзивті қоғам құру елдің экономикалық өркендеуімен қамтамасыз етіледі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық табысы, бай табиғи ресурстары, географиялық орналасуы немесе климаттық жағдайына қарағанда, көп жағдайда экономикалық және саяси институттардың ашықтығы мен инклюзивтілігіне байланысты. Ғылымды қажет ететін экономиканың басты элементтері – инновациялар, инвестициялар және кәсіпкерлік – меншік құқығына кепілдік берілетін, еңбек пен капиталдың ашық және икемді нарықтары әрекет ететін, адал бәсекелестік бар, ал басқару институттары транспарентті және қоғамға есеп беретін ортада дамиды.
Қазақстанда институционалдық ортаны жетілдіру жеке бастаманы дамыту, сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейін қамтамасыз ету және экономикалық және саяси қайта құрулардың үйлесімді қосылуы үшін жағдай жасауға бағытталатын болады. Осы бағытты дамыту мынадай міндеттерді шешуді:
1) басқару жүйесін және құқық қорғау жүйесін жаңғыртуды;
2) бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған экономикалық институттарды жаңғыртуды болжайды.
2.1. Басқару және сот-құқық қорғау жүйесін жаңғырту
Осы міндетті шешуге:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату;
2) мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру;
3) елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету;
4) сот жүйесін жетілдіру;
5) құқық қорғау жүйесін жетілдіру арқылы қол жеткізілетін болады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өкілеттіктердің нақты аражігін ажырату.
Түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар құзыретінің аражігін ажырату қайталанатын функцияларды айқындау мен болдырмауды, жергілікті атқарушы органдар өкілеттіктерін кеңейтуді және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды көздейді.
Өңірлердің қаржылық дербестігін жақсарту бойынша шаралар қабылданады. Жергілікті деңгейде мәселелердің тиімді шешілуін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін құру бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Мемлекеттік қызметті жетілдіру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру.
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру меритокартия қағидаттарын одан әрі тереңдетуді, «әлеуметтік лифтілер» құруды, мемлекеттік ұйымдарда корпоративтік басқару практикасын енгізуді және оның тиімділігін жаппай арттыруды, мемлекеттік қызметшілердің, атап айтқанда А корпусының тиімді менеджерлерінің кәсіби деңгейін нығайтуды талап етеді.
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға нәтижеге және стратегиялық жоспарлау жүйесін жетілдіруге бағдарланған бюджетті толық енгізуде ықпал ететін болады.
Мемлекеттік қызметті дамытуға елеулі үлес қосатын жоғары білікті және кәсіби қызметкерлерді тарту, тиімді пайдалану және ұстап қалу үшін талантты адамдарды басқару жүйесі жетілдірілетін болады.
Мемлекеттік қызметшілер үшін тұрақты оқыту бағдарламалары іске асырылатын болады. Бұл ретте еңбекақы төлеу мен қызмет бабында көтерілу схемасы нысаналы жеке көрсеткіштерді орындаумен байланыстырылатын болады.
Түпкілікті тұтынушыға сапалы қызметтер көрсету мақсатында «электронды үкіметті» одан әрі дамытуға басты көңіл аударылатын болады. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесінің сапасын арттыру үшін мобильді құрылғылар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету үшін «мобильді үкімет» құрылатын болады. Осыған байланысты ақпаратты өз бетінше өңдеуге және талдауға мүмкіндік беретін «ашық деректер» алаңы да іске қосылады. Мемлекеттік органдарда ұсынылатын қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағдарланған функционалдық процестерді үздіксіз жетілдіру бағдарламалары енгізіледі. «Бұлтты есептеулерді» және мемлекеттік қорғалған G-Cloud «бұлтты» тұғырнамасын, АКТ-аутсорсингін пайдалануға және тапсырыстарды шоғырландыруға ауысуға негізделген ақпараттандырудың жаңа моделі енгізіледі. Жаңадан енгізілетін технологиялардың қолжетімділігі мен кеңінен таралуын қамтамасыз ету мақсатында халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру бойынша мамандандырылған курстар енгізіледі.
Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Бірқатар бағдарламалық құжаттар, оның ішінде Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту бағдарламасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) түйінді ұсынымдарын ескеретін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру жөніндегі жоспар қабылданатын болады.
Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын одан әрі күшейту үшін тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады.
Параны уәде еткені және (немесе) бергені, «салдарлар болмаған кезде өзінің қызметтік бабын себепсіз теріс мақсатта пайдаланғаны», жеке сектордағы шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларын тікелей және жанама түрде параға сатып алғаны, сондай-ақ заңсыз табыстарды «жылыстатқаны» үшін қылмыстық жауапкершілікті қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері енгізіледі.
Табыстар мен шығыстарды жалпыға ортақ декларациялауды енгізу, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату саласындағы тиімді саясат ұзақ мерзімді перспективада сыбайлас жемқорлықты түбірімен жоюға ықпал ететін болады.
Мемлекеттік қызмет шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің құндылықтар жүйесі жетілдіріледі, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауы жөніндегі талаптар күшейтілетін болады.
Сот жүйесін жетілдіру. Сот жүйесін одан әрі реформалау қолжетімділікті, қарапайымдылықты қамтамасыз етуге және дауларды тез шешуге, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне сенімін нығайтуға бағдарланатын болады. Осыған байланысты, құқықтың үстемдігін нығайтуға, сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықаралық сот ісін жүргізу қағидаттарының ұлттық заңнамаға одан әрі имплементациясына бағдарланған іс-шаралар кешені қабылданады.
Атап айтқанда, бірінші инстанциядағы соттардың рөлін күшейту, соттарға құқықтан тыс ықпал етуге қарсы әрекет ету, оларға деген сенімді арттыру және имиджін жақсарту бойынша шаралар қабылданады. Бітімгершіл судьялар институтын енгізу мәселесі зерделенетін болады.
Азаматтардың дауларын жедел шешуді қамтамасыз ету мақсатында бітімгерлік рәсімдерін және медиацияны қолданумен дауларды соттан тыс реттеу институттарының қызметі жетілдірілетін болады. Медиаторлардың қызметін жаппай тарату жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Мамандандырылған соттарды құру бойынша жұмыс жалғасады, оның ішінде Жоғарғы Сотта әкімшілік істер жөніндегі дербес алқа, округтік кассациялық соттар құру, сондай-ақ бір сотта бірнеше сот инстанцияларының жұмыс істеуі мәселесі қаралатын болады.
Азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде сот рәсімдерін жеңілдету бойынша жұмыс жалғасады.
Электрондық сот әділдігі жүйесін одан әрі іске асыру және жетілдіру, сот мәжілістерін электрондық хаттамалауды дамыту арқылы заманауи ақпараттық технологияларды қолдану кеңейеді.
Сот кадрларының кәсіби және адамгершілік деңгейлерін арттыру бойынша жұмыс жалғасады.
Құқық қорғау жүйесін жетілдіру. Құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру олардың заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, еркіндіктерін және заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды одан әрі жаңғырту арқылы жүргізілетін болады.
Құқықтық негізді жетілдіру және құқық қорғау органдарының қызметін оңтайландыру бойынша құқықтық тетіктерді енгізу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде төмен тұрған құрылымдардың рөлі мен дербестігін күшейту бойынша шаралар қабылданады.
Осы процеске азаматтық қоғам институттарын тарту арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оларға қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесін құруға бағытталған үздіксіз жұмыс құқық қорғау органдары қызметінің маңызды бағыттарының біріне айналады.
Халықпен «құқық қорғау органы – қоғам – азамат» форматында тікелей байланыс, сондай-ақ азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыруға ғана емес, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен халықтың арасында, оның ішінде қоғамдық бақылау арқылы байланысты нығайтуға ықпал ететін құқықтық түсіндіру қызметі дамып, тереңдей түседі.
Қылмыстық процесс субъектілері мен соттардың ақпараттық технологияларды кеңінен енгізуі мен пайдалануы олардың жұмысын оңтайландыруға, уақыт және қаржы ресурстарын азайтуға, сондай-ақ процеске қатысушылардың сотта қорғалумен заңды көмек алу құқықтарын жан-жақты іске асыруға мүмкіндік бере отырып, олардың істің өтуі жөніндегі хабардарлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тікелей құқық қорғау функциясын жүзеге асырмайтын құқық қорғау органдарының жекелеген құрылымдарын одан әрі демилитаризациялау бойынша жұмыс жүргізіледі.
Құқық қорғау жүйесін жетілдіру құқыққа қарсы тәртіптің барлық түрлерін жоюға, қоғамның құқық бұзушылықтарға деген «нөлдік шыдамдылығын» қалыптастыруға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және халықтың сенім деңгейін арттыруға бағытталатын болады.
2.2. Бәсекелестікті және жеке секторды дамытуға бағытталған экономикалық институттарды жаңғырту
Бұл міндетті шешу үшін:
1) мемлекеттің экономикадағы рөлін азайтуға;
2) шағын және орта бизнесті дамытуға;
3) зияткерлік меншікті қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Мемлекеттің экономикадағы рөлін азайту. Мемлекеттің экономикадағы рөлін оңтайландыру мемлекеттік меншік үлесін, сондай-ақ өнеркәсіп және инфрақұрылым кәсіпорындарына мемлекеттің қатысу деңгейін азайтуға, мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыруға бағдарланатын болады.
Қысқа мерзімді перспективада мемлекеттің компаниялар капиталына қатысу шарттарын регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігі жөнінде туралы мәселе пысықталатын болады.
Орта мерзімді перспективада жекешелендірудің жаңа кезеңі өтетін болады. Ол үшін қолданыстағы мемлекеттік компанияларды талдау негізінде жеке секторға тапсырылуға жататын кәсіпорындар тізбесі айқындалатын болады.
«Халықтық IPO» ұлттық компанияларының акцияларын бастапқы орналастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыру жалғасады. Қазақстанда бағалы қағаздардың тартымды нарығын құру одан әрі экономикалық өсуді қамтамасыз етуде шешуші маңызға ие болады.
Шағын және орта бизнесті дамыту. Экономикалық өсудің негізгі қозғалтқышы ішкі және халықаралық нарықтарда еркін бәсекелесетін шағын және орта бизнес болмақ. Елдегі іскерлік ахуал әлемдегі неғұрлым тартымдылардың бірі болады.
Бұған рұқсат беру жүйесін жетілдіру және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету ықпал ететін болады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру тұжырымдамасы шеңберінде рұқсат беру заңнамасының жаңа қағидаттары енгізілетін болады. Рұқсат ету құжаттарының бірыңғай тізбесінің бекітілуімен және оларды қызмет түрінің қауіпсіздік дәрежесі мен күрделілігі бойынша сыныпталуымен, интеграцияланған жүйе құрылатын болады. Қысқа мерзімді перспективада үлгілік бизнес-процестерге сәйкес бірыңғай тұғырнамада рұқсат ету рәсімдерін толық автоматтандыру қамтамасыз етілетін болады.
Қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің әлеуметтік-экономикалық процестерге және іскерлік белсенділікке ықпалын бағалау үшін реттеуші ықпал етуін талдау әдістемесі енгізілетін болады.
Салықтық әкімшілендіру процестерін, оның ішінде электрондық салық есептілігі жүйесін дамыту жолымен оңтайландыру жалғасатын болады. Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйе енгізілетін болады.
Сыртқы сауда операцияларын, атап айтқанда кедендік рәсімдерді оңайлату мақсатында қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру жөніндегі шаралар жүзеге асырылады. Сыртқы сауда саласында жүктерді тексеріп қарау саны және кедендік рәсімдеу уақыты елеулі қысқартылатын болады.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі шеңберінде (бұдан әрі – ДСҰ) бірқатар секторларда шетелдік қатысуға шектеулер алып тасталатын болады.
Орта мерзімді перспективада шетелдік және қазақстандық компаниялар үшін жұмыс күшіне және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты жергілікті қамтуға қойылатын талаптар жойылатын болады.
Нарыққа кіру және шығу шарттарын жақсартудан, бәсекелестікті дамытудан басқа бизнес үшін қаржыландыруды ретімен кеңейтуге бағытталған іс-шаралар кешені қабылданады. Салық-бюджет саясаты шағын және орта бизнесті дамыту үшін қосымша ынталандыруды қамтамасыз етеді.
Экономикадағы кәсіпкерлік белсенділіктің дамуына инвестицияларды тарту саласындағы саясатты жетілдіру де ықпал ететін болады.
Сонымен қатар, халықтың қалың тобында бизнес және инвесторлық ойлауды қалыптастыру, қаржылық және бизнес сауаттылығын арттыру жөніндегі заманауи бағдарламаларды ынталандыру жанданатын болады.
Халықтың қалың тобы арасында кәсіпкерлікті жаппай тарату бойынша жұмыс жандануда. Кәсіпкерлердің оң тәжірибесінің мысалдары, мысалы, кәсіпкерлік жөніндегі ақпараттық ресурстарды дамытуды ынталандыру және табыс тарихы арқылы жарияланатын болады.
Студенттер, өзінің оқуы шеңберінде жобаларды іске асыра отырып, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындарға олардың нақты өндірістік және басқа мәселелерін шешуде көмектесе отырып, бизнес саласында кәсіпкерлік тәжірибе жинақтауы үшін университеттерде кәсіпкерлік қызмет практикасы ынталандырылатын болады.
Шағын және орта бизнес үшін сапа мен практикалық қайтарымы жақсартылған білім беру бағдарламалары елеулі кеңейтілетін болады. Бизнес-білім беру қызметтерінің нарығын дамытуға бағытталған коучингтік, консультациялық және бапкерлік бағдарламалардың кең жиынтығын қоса алғанда, шағын және орта бизнестегі заманауи бизнес-құзыреттіліктерді дамытудың алуан түрлі тетіктерін ынталандыру маңызды.
Халықаралық университеттермен серіктестікті кеңейтуге шоғырландыра отырып, бизнес ЖОО-лары мен мектептерінде іскерлік білім беру сапасын ерекше жақсарту міндеті тұр, бұл сапалы бағдарламаларды тез құруға және оқытушылар арасындағы дағдыларды дамытуға ықпал ететін болады.
Зияткерлік меншікті қорғау жүйесін жетілдіру. Бұл саладағы жұмыс өнертапқыштарды ынталандыруға, олардың шығармашылық үлесін мойындауға, оларға өзінің өнертабысынан материалдық пайда алу мүмкіндігін ұсынуға бағытталатын болады.
Қысқа мерзімді перспективада зияткерлік меншік объектілеріне қорғау құжаттарын тіркеу рәсімі оңайлату жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Патенттер алуға өтінімдерді электрондық түрде бергені үшін патенттік баж салығының көлемін бір мезгілде азайта отырып электронды үкімет порталы арқылы патентті алуға өтінімдерді электрондық түрде беру мүмкіндігі көзделетін болады.
Өндірістің жаңа жоғары технологиялы салаларын дамытуды қолдау мақсатында «жасыл дәліз» рәсімі енгізілетін болады.
Ғылым мен экономиканың басым салаларына жатқызылған өнер табыстарына («жасыл дәліз») патент алуға арналған өтінімдерін басымдықпен қарау құқығы берілетін болады.
Дамыған елдердің тәжірибесі негізінде қазірдің өзінде коммерцияланған немесе таяудағы екі жыл ішінде өндіріске енгізілуі жоспарланған өнертабыстарға арналған өтінімдерді жедел сараптау жүйесі енгізілетін болады.
Ұзақ мерзімді перспективада, патенттердің сыни массасының жинақталуына және ғылымды көп қажет ететін экономикаға көшуге қарай, зияткерлік меншікті қорғау жүйесі берілетін патенттердің сапасын жақсартуға екпін жасала отырып жетілдірілетін болады.
3. Ғылымды көп қажет ететін экономика салаларын дамыту
Ғылымды көп қажет ететін экономиканы құру өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, көрсетілетін қызметтер секторын кеңейту, сондай-ақ жаңа жоғары технологиялық өндіріс салаларын ретімен дамыту жолымен қол жеткізілетін болады. Бұл ретте, негізгі екпін өндіруші өнеркәсіпті жедел дамытуға жасалатын болады.
Ғылымды көп қажет ететін экономиканы қалыптастыру орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған басым міндеттерді айқындай отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Орта мерзімді перспективада, келесі 15-20 жылдың ішінде дамыған елдердің технологиялық дамуының қазіргі деңгейіне қол жеткізу мақсатында «қуып жетуші даму» индустрияландыруы жүзеге асырылатын болады. Осы уақыт аралығы салыстырмалы түрде қолайлы әлемдік трендтерге және ашылғалы тұрған «мүмкіндіктер терезесіне» негізделген.
Ол жекелеген орта мерзімді мемлекеттік индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Осы жұмыс шеңберінде индустриялық саясаттың басымдықтары қысқартылатын болады. Бұл индустрияландыру бағдарламаларының тиімділігін арттыруға және «солып бара жатқан» салалардан босаған әкімшілік және қаржылық ресурстарды Қазақстанның бәсекелес артықшылықтарға ие және әлемдік нарықта мамандандыруды тереңдете алатын салаларды жаңғыртуға және дамытуға қайта бағыттауға мүмкіндік береді.
Осы орта мерзімді кезеңде өнеркәсіптің базалық салалары (мұнай-газ өнеркәсібі, тау-кен металлургиясы секторы) экономикалық өсудің драйверлері болып қала береді, бірақ ұзақ мерзімді перспективада мемлекет кірістерінің негізгі көздері болуын қояды және тек көп салалы ұлттық экономиканың өсуін ғана қолдайтын болады.
Өнеркәсіптің базалық салаларының айналасында ілеспе өндірістер құрылатын болады. Геологиялық барлау жұмыстары, инжинирингтік және сервистік көрсетілетін қызметтер дамитын болады.
3.1. Экономиканың базалық салаларын дамыту
Өнеркәсіптің базалық салаларын қолдау геологиялық барлау, табиғи ресурстарды өндіру жұмыстарын жүргізуден бастап қайта өңделуі жоғары өнімді өндіруге дейінгі толық циклды өндірістерді дамытуға бағытталатын болады.
Бұл ретте, бұл бағыттағы неғұрлым басымды секторлар мұнай-газ секторы мен уран өнеркәсібі болмақ.
Мұнай-газ секторын дамыту. Мұнай-газ секторындағы саясат сектордың ұзақ мерзімді экспорттық әлеуетін сақтауға бағдарланатын болады. Ол табыстылық пен мұнай-газ резервтерін, көмірсутегі ресурстарын сатудан түсетін кірістерді өндіру мен пайдалану тәуекелдерінің және инфрақұрылымды дамытуға қажетті инвестициялардың негізінде құрылады.
Мұнай өндіру секторындағы консервативтік саясаттың іске асырылуына дамушы елдердегі дәстүрлі энергия көздеріне сұранысты ұлғайтуға ықпал ететін болады, бұл мұнайға жоғары бағасын сақтауды қамтамасыз етеді.
Ұзақ мерзімді перспективада мұнай өндірудің неғұрлым агрессивті емес сценарийін қабылдау перспективада екі мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, 2050 жылға дейін мұнай ресурстарын өндіру мен экспорттаудың тұрақтылығы қамтамасыз етілетін болады.
Екіншіден, елдің мұнай ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру жеке секторды жаңа шикізаттық емес және жоғары технологиялық өндіріс салаларына қайта бағдарлау үшін ынталандырулар жасауға мүмкіндік береді.
Көмірсутегі ресурстарын өндіру саласында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында, жергілікті компаниялардан басқа, ұлттық ғылыми-зерттеу институттарын, шетелдік мердігер-компанияларды, сондай-ақ Қазақстанның мұнай өңдеу және мұнай-химия өндірістерін біріктіретін «экожүйесін» құру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Экожүйе шеңберінде мұнай-газ секторымен байланысы бар өңдеуші өнеркәсіп салалары дамитын болады. Еліміздің үш негізгі мұнай өңдеу зауыттарын одан әрі жаңғырту 2050 жылға қарай ішкі нарықты отандық жанар-жағар материалдарымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Инновациялық-технологиялық дамытуды жандандыру мақсатында қазақстандық инженерлік-техникалық персоналды озық халықаралық тәжірибемен және инновациялық техникалық-технологиялық шешімдермен ауқымды таныстырудың коммуникациялық алаңдары қалыптастырылатын болады.
Уран өнеркәсібі әлеуетін іске асыру. Уран өнеркәсібінің тартымдылығы оның өніміне деген әлемдік нарықтағы сұраныстың тұрақтылығына негізделеді. Қазіргі болжамдарға сәйкес әлемдік энергия теңгерімділігіндегі атом электр энергиясының үлесі ұзақ мерзімді перспективада өсе түсетін болады.
Уран өндіру саласындағы инвестициялық тәуекелдер көптеген тау-кен өндірісі салаларына қарағанда елеулі төмен.
Әлемдегі тұңғыш уран өндіруші бола тұрып, Қазақстан осы саладағы мамандануды тереңдетуге бағытталған саясатты жүргізетін болады. Қазақстанды атом өнеркәсібінде мамандандыруды тереңдету өндірістік-өткізу тізбегінің барлық буындарында бірегей өнімді және жоғары өңделген өнімді құруға бағытталған.
Сонымен қатар, атом реакторларын жобалау, салу және пайдалану, отынды байыту, атом станцияларын басқару мен қызмет көрсету, пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеу мен кәдеге жарату бойынша көрсетілетін қызметтерді дамытуды қамтамасыз ету қажет.
Тау кен-металлургия кешенін дамыту. Геологиялық барлаудан бастап металл өндірісіне дейін тау кен-металлургия өнеркәсібін жаңғырту сектордың жалпы қосылған құнының көлемін елеулі арттыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, тау кен-металлургия кешеніндегі қолда бар басымдықтар аясында геологиялық барлау және инжинирингтік қызмет көрсету саласын қолдау жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыруды кеңейтетін болады. Бұл ретте, мемлекеттік қолдау компанияның көлемі мен меншік нысанына сәйкес сараланатын болады. Қаржыландырудың негізгі бөлігі жаңа кен орындарын іздестіруге бағытталатын болады.
Қазақстанда геологиялық барлау қызметі саласындағы жұмыстарға трансұлттық инжинирингтік компаниялар тартылатын болады. Бұл геологиялық барлауға заманауи инновациялық технологияларды трансферттеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Инновациялық технологияларды пайдалану әлемдік нарықта саланың бәсекеге қабілеттігін қолдау үшін пайдалы қазбаларды неғұрлым тиімді өндіруге мүмкіндік береді. Уран кенін өндіру мен өңдеуге жаңа технологиялардың қолданылуы Қазақстанға қысқа уақыт аралығында әлемдік көшбасшылардың бірі болуына мүмкіндік берген уран өнеркәсібіндегідей, қара және түсті металдарды өндіру жандандырылатын болады.
Жалпы геологиялық барлау саласына инвестицияларды тарту үшін заңнама жетілдірілетін болады. Сонымен қатар мамандандырылған шетелдік компаниялардың капиталға кіру мәселесі қарастырылатын болады. Орта мерзімді перспективада геологиялық барлау қызметі секторын дамыту бойынша функциялар жаңа бассейндерді өз бетінше де, сол сияқты инвестициялау арқылы барлауды жүзеге асыруға қабілетті ұлттық өндіруші компанияларға беріледі.
Тау кен-металлургия кешенін дамыту қосымша қосылған құны жоғары терең өңделген өнім үлесін ұлғайтуға бағдарланатын болады. Осыған байланысты, қолданыстағы кәсіпорындардың ресурс сыйымдылығын және энергия сыйымдылығын төмендетуге, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру мақсатында заманауи басқарушылық технологияларды енгізуге бағытталған іс-шаралар кешені қабылданады.
Шикізатты алу және кешенді қайта өңдеудің инновациялық технологиялары енгізілетін болады, жаңа өнім түрлері әзірленетін болады. Экспорт нарығына жергілікті өнім берушілердің тең құқылы қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін техникалық стандарттар жетілдірілетін болады. Бұл жергілікті нарыққа қатысушыларға болашақта халықаралық бәсекелестік үшін іс жүзінде тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
Геологиялық барлау, өндіру, сондай-ақ логистика саласындағы технологиялардың күрделене түсуін ескере отырып, бұл салада мердігерлер мен шағын инновациялық компаниялардан тұратын экожүйелер қалыптастырылатын болады.
Металлургия және өңдеу өнеркәсібінің кадр әлеуетін дамыту бойынша, оның ішінде әлемнің ең үздік тау ісі ЖОО-ларда мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуы арқылы одан әрі қадамдар жасалатын болады.
Дағдыларды дамытуда маңызды құрамдауыш әлемдік деңгейдегі тау ісі университетін құру болып табылады. Ол үшін әлемде тау ісі бойынша жетекші мамандармен серіктестік бағдарламалары, сондай-ақ халықаралық деңгейде технологияларды дамыту, дағдыларды қалыптастыру және операциялық шеберлікті дамыту үшін шеберлік орталықтарын құру арқылы сала кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастықта үздіксіз білім беру бағдарламалары құрылады.
3.2. Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту
Өңдеуші өнеркәсіп саласында мемлекет саясат басым секторларының шектеулі санын дамытуға бағытталатын болады. Оларды іріктеу кезінде қосылған құнның толыққанды тізбегін құру мүмкіндігі, сондай-ақ олардың экспорттық әлеуеті басты критерийі болмақ. Осындай әлеуетті секторларға бірінші кезеңде металлургия, мұнайды және газды қайта өңдеу, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешені үшін химикаттар өндірісі, агрохимия, өнеркәсіптік химикаттар, полимерлер және пластмасса, құрылыс материалдары және машина жасау жатады. Оларды дамыту үшін қолайлы экономикалық, инфрақұрылымдық және институционалдық жағдайлар жасалатын болады.
Өңдеу өнеркәсібі терең мамандандыруға, өңірлік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экспортқа бағдарланатын болады. Ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес отандық өндірістік активтерді толық жаңарту жүзеге асырылады. Оған экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларды кеңейтуге екпін жасала отырып, мемлекеттік өнеркәсіп саясатын іске асыру ықпал ететін болады.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында, оның ішінде қажетті инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жоғары қосылған құнды өнімді экспорттау үшін қол жеткізу және экономикалық жағдайларды қамтамасыз ете отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті жеке өндірістік компанияларды дамытуға жағдайлар жасалатын болады. Өңдеуші өнеркәсіпте мемлекеттің қатысу дәрежесі төмендетіледі.
Өңдеу өнеркәсібін жеделдетіп дамытудың нәтижесінде ғылымды көп қажет ететін экономикаға көшуді жүзеге асыру үшін технологиялық база қалыптастырылатын болады.
Жалпы, өңдеу өнеркәсібін үдемелі дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру экономиканы ынталандыруға және өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға шоғырландырылатын мемлекеттік өнеркәсіптік саясат шеңберінде жүзеге асырылады.
Орта мерзімді перспективада Қазақстанда елеулі әлеуеті бар ғылымды көп қажет ететін экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту үшін негіз құру бойынша шаралар кешені қабылданатын болады. Атап айтқанда, бұл – АКТ, ғарыштық технология, баламалы энергетика.
3.3. Жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыруға, өндірістік және өңдеуші салалардың әлеуетін игеруге және ұзақ мерзімді перспективада елдің экспорттық әлеуетін ұлғайтуға бағытталатын болады.
Дамушы елдерде халық санының өсуі есебінен азық-түлік тауарларына үдемелі әлемдік сұраныс, сондай-ақ жаһандық ауа райы өзгерістері Қазақстанның әлемдік нарықта жаңа тауашаны жаулап алуы үшін қолайлы жағдай жасайды.
Ауыл шаруашылығын дамытудың стратегиялық басымдығы ауыл шаруашылығы шикізатының терең қайта өңделуі болады. Бәсекеге қабілетті мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ет, сүт, сары май, ірімшік, ұн және қант дайын өнімдерінің өндіру көлемі арттырылады.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың міндеті:
1) саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға;
2) қаржыландыруға қол жетімділікті ұлғайтуға;
3) ғылыми зерттеулерді жандандыруға, пайдаланылатын және игерілетін жаңа технологияларды жаңғыртуға;
4) ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған шараларды қабылдауды болжайды.
АӨК инвестициялық тартымдылығын арттыру. Салада реттеу процестерін жетілдіру, бірінші кезекте тиімді, оның ішінде баға белгілеу процесінің ашықтығын арттыру жолымен жер нарығын құруға бағытталатын болады.
Сондай-ақ фермерлік қожалықтар мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ірілетуге, жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы бизнесін жалпы дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдар жойылатын болады, бұл «көлеңкелі экономиканы» азайтуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қатынастарын реттеу жүйесін жетілдіруге ықпал ететін болады, бұл өз кезегінде саланың экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді қаржыландыруға, оның ішінде халықаралық даму институттарын тарту есебінен қол жетімділік қамтамасыз етілетін болады. Қаржыландыру, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалану есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Фермерлер ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде оларды ірі сауда-өткізу желісі айналасында біріктіру жолымен делдалсыз ауыл шаруашылығы өнімін өткізу нарығына тікелей қолжетімділікке ие болады. Мұндай тетік сатып алушылар үшін, сол сияқты өндірушілер үшін де тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді, өнім сапасы стандарттарын енгізуге ықпал етеді, банктік кредиттер бойынша кепілдеме алуды жеңілдететін болады.
Жеке қаржылық компаниялардың аграрлық секторға кіру тәуекелдерін азайту үшін қарыздарға мемлекеттік кепілдік беру және сақтандыру жүйесі енгізілетін болады.
Қаржыландырудың қолжетімділігін кеңейту шеңберінде ауыл шаруашлығы инфрақұрылымын дамытуға, өндірістік-өткізу тізбегін қалыптастыруға және өнім экспортын қолдауға инвестициялар тарту бойынша шаралар кешені енгізілетін болады.
Ғылыми зерттеулерді жандандыру. Жаңа технологияларды игеру Қазақстанда орта мерзімді перспективада құрғақ және шөлейтті өңірлердегі бұрын игерілмеген жерлерді ауыл шаруашлығы айналымына енгізуге, сондай-ақ сала өнімділігінің жалпы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіп кешенін замануи тиімді әзірлемелермен қамтамасыз ету үшін мемлекет жетекші әлемдік ғылыми орталықтарда зерттеушілердің біліктілігін арттыруға бағытталған, халықаралық ғылыми бағдарламаларды іске асыратын болады.
Технологиялық базаны жаңғырту шеңберінде мынадай:
1) ауыл шаруашылығы үшін робот техникасы;
2) оптикалық талшықты технология;
3) қашықтан басқару технологиясы;
4) экологиялық таза агрохимикаттарды әзірлеу;
5) егінді жерлерді суландырудың энергия үнемдейтін тәсілдерін әзірлеу;
6) ауыл шаруашылығы дақылдарының экологиялық таза түрлерін әзірлеу салаларындағы, оның ішінде қуаңшылыққа төзімділігін арттыру үшін салаларда ғылыми зерттеулерді ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылданатын болады.
Заманауи технологияларды және шетелдік инвесторлармен бірлесіп мемлекеттің қатысуымен ауыл шаруашылығын жүргізудің үздік тәжірибелерін тарту үшін ресурс үнемдейтін және «жасыл» технологиялар құрылатын болады.
Ғылым жетістіктерін тиімді пайдалану мақсатында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін білім беру және консультациялық қызмет спектрі кеңейтілетін болады.
Ресурстарды тиімді пайдалану агрохимикаттарды, отынды, су және жер ресурстарын тұтынудың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдау жолымен қамтамасыз етілетін болады.
Құрғақ және шөлейтті өңірлердегі жерлерді өндірістік айналымға енгізу үшін еңбек шығындары мен отын шығыстарын барынша азайтатын, жерді нөлдік өңдеудің заманауи технологиясын қолдану кеңейтілетін болады.
Су ресурстарын тиімді пайдалануға тамшылап суару, шашыратып суару, жергілікті-импульсті суару технологиясын енгізу және суды тасымалдау кезінде шығындарды қысқарту жолымен қол жеткізілетін болады. 2013 жылғы 30 мамырда қабылданған «Жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес, қазірдің өзінде 2030 жылға қарай суды үнемдеу технологиялары барлық егінді алқаптардың 15 % енгізілетін болады. Бұл уақытта ағызып суаруды 80 %-дан 5 %-ға дейін азайту қамтамасыз етілетін болады.
Пайдасы аз және суды көп қажет ететін дақылдарды (атап айтқанда, күріш пен мақта) оларды көкөніс, зәйтүн және жем-шөп дақылдарына ауыстыра отырып, біртіндеп қысқарту жүзеге асырылатын болады.
3.4. Көрсетілетін қызмет секторын дамыту
Ұзақ мерзімді перспективада экономикалық даму және ғылымды қажет ететін экономикаға ауысу бойынша Қазақстанның ЖІӨ құрылымында қызметтер секторының үлесі маңызды өсіп жатыр. Экономикадағы қызмет көрсету үлесі 70 %-ға жақындайды.
Қазақстандағы көрсетілетін қызметтер секторы елдің дамуымен байланысты кеңейеді, жаңғыртылады және тереңдетіледі, ал еңбек ресурстары ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа салаларынан қызмет көрсету секторына экономиканың өнімділігін арттырумен байланысты қайта бөлінетін болады. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аталған өзгерістерді жылдамдатады.
Осыған байланысты, білім беру қызметтерін, кәсіби қызметтерді, экологиялық және медициналық туризмді, сервистік-технологиялық, ғарыш қызметтерін, сондай-ақ ойын-сауық индустриясы мен креативтік қызметтерді қамтитын қызмет көрсету экспортының (қазіргі уақытта, қызметтер экспорты негізінен көлік және логистика саласында жүзеге асырылады) әртараптандырылуы мен кеңеюі күтілетін нәтиже болып табылады. Қызмет көрсету импортын бірте-бірте нысаналы алмастыру, қызмет көрсетумен сауда жасауды жеңілдету мақсатында өзара қабылдау туралы келісімдерге қосылу жүзеге асырылатын болады.
Ең алдымен өңірдің шекара маңындағы мемлекеттерге экспортқа бағдарланған қызметтердің дамуы қамтамасыз етілетін болады. Ол үшін экспорттың нысаналы нарықтарымен халықаралық келісімдер әзірленеді, қызметтер экспорты үшін қол жетімділік және экономикалық шарттар қамтамасыз етілетін болады. Орта мерзімді перспективада заманауи қызмет көрсетулер секторын қосатын экспортты ілгерілету стратегиясы іске асырылады.
Қазақстанның жылдам дамитын экономикаларды (оңтүстікте Үндістан, солтүстікте Ресей және шығыста Қытай) байланыстыратын Орталық Азия транзит бағытында орналасуы логистикалық қызметтерді дамыту үшін пайдаланылатын болады.
Өңірлік ынтымақтастықты дамыту және сауда дәліздерін пайдалануда логистикалық шығындарды азайту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Қазақстанды өңірдің басқа елдерімен байланыстыратын автомобиль және темір жол инфрақұрылымына кең ауқымды жаңғырту жүргізіледі. Негізінен, автожол және темір жол желісінің өткізілімділігі арттырылады. Тасымалдаушылардың көлік паркін жаңарту үшін мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
Логистикалық қызметтер провайдерлерінің мүмкіндіктері, оның ішінде мультимодальды тасымалдар мәселелері бойынша біліктілігін арттыру және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру есебінен мүмкіндіктері кеңейтіледі.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қаржылық қызметтерді ұсынуда жинақталған тәжірибе аталған салада Қазақстанның мамандандырылуын тереңдету үшін пайдаланылатын болады.
Қарыздарды, сақтандыру және қаржылық қызметтерді ұсынатын ірі қаржы ұйымдары үшін қолайлы жағдай құру бойынша шаралар қабылданады.
АКТ-ны дамыту үшін инновацияны дамыту үшін адами және инфрақұрылымдық әлеуетті қалыптастыруға бағытталатын болады.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құру ғылым, білім және өнеркәсіптің тығыз ынтмақтастығы арқылы жүргізілетін болады. Робот жасау, мобильді технология, «бұлтты» және Grid-есептеу, жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеу жүйесі, ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі, сондай-ақ мультимедиялық технологиялар саласында инновациялық шешімдерді әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу орталықтары құрылатын болады.
АКТ саласында адами ресурстарды және кәсіпкерлік әлеуетті дамыту халықтың барлық топтарының ақпараттық технологияларды игеруі үшін жағдай жасауға бағытталатын болады. Ол үшін электронды білім беру және дистанциялық жұмысты дамыту жөнінде жұмыстар жалғасатын болады.
Сондай-ақ, жоғары жылдамдықты ақпараттық желілерге жаппай қол жетімділікті қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар саласында транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде бағдарлама әзірленетін болады. Бағдарламаны жүзеге асыру 2030 жылға қарай ел арқылы 2050 жылға қарасты осы көрсеткішті екі есеге ұлғайтып, әлемдік ақпараттық ағындардың кемінде 2-3 % өткізуге мүмкіндік береді.
Коммерциялық іске қосудағы нарық қажеттіліктерінің тұрақты өсу шарттарында Қазақстан ғарыш саласын белсенді дамытатын болады.
Орта мерзімді перспективада зымыран отынының экологиялық таза құрамдауыштарын пайдаланатын «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін салу және пайдалануға беру жүзеге асырылады.
Байланыс және хабар таратудың жеке ғарыш желілері, Жерді қашықтықтан зондтау және спутник арқылы барлау, ғарыш аппараттарының жинау-сынау кешені құрылатын болады. Оларды құру және пайдалану тұтынушыларды теле және радио хабар таратудың жоғары сапалы спутник байланысы, Жерді қашықтықтан зондтау, дәлдігі жоғары спутниктік барлау қызметтерімен қамтамасыз етеді және телекоммуникациялар, ауыл шаруашылығы, темір жол және автомобиль көлігі, жер ресурстарын басқару, геодезия, картография және энергетика сияқты салаларда Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ шетел тапсырыс берушілеріне ғарыш қызметтерін көрсету мүмкіндігін арттырады.
Ұзақ мерзімді перспективада ғылымды көп қажет ететін ғарыш технологиялары экономиканың аралас жоғары технологиялық секторларына енгізілетін болады.
3.5. Баламалы энергетиканы дамыту
Ұзақ мерзімді перспективада энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экологиялық жүктемені азайту мақсатында Қазақстан жаңартылған (ЖЭК) және баламалы көздерден электр энергиясын өндіруді дамытатын болады. 2050 жылға қарасты өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінде олардың жалпы үлесі 50 %-ға жететін болады.
Орта мерзімді перспективада жел, күн энергетикасын дамыту бойынша жобалар, сондай-ақ ауыл шаруашылық дақылдары мен қалдықтарын қайта өңдеу арқылы шығарылатын биоэлектрэнергетикаға жобалар енгізілетін болады. Аталған технологиялардың салыстырмалы қымбаттылығына байланысты, бүгінгі күні дәстүрлі энергияны өндіретін баға паритетіне жақын – ірі ауқымдағы жел қондырғыларына басымдық берілетін болады. Өзге технологиялар оларды желіге интеграциялау бойынша тұтынушыға экономикалық жүктемені азайтуды ескере отырып тәжірибе алу үшін аса баяу қарқынмен енгізіледі. Жел, күн энергиясының және биоэнергияның жиынтық үлесі 2020 жылға қарай өндірілетін электр энергияның жалпы көлемінің 3%-на жеткізілетін болады.
Ұзақ мерзімді перспективада жаңғыртылатын энергия көздерінде электр энергиясын өндіру технологияларын жетілдіру және дәстүрлі энергия шығарумен баға паритетіне қол жеткізу кезінде 2050 жылғы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында ЖЭК үлесінің маңызды өсуі мүмкін.
Көмірлі ЖЭО-ны табиғи газға біртіндеп ауыстыру және елдің ірі қалаларында сәйкес инфрақұрылымды құру жолымен, отынның осы түрінде жұмыс істейтін, жаңа жылу электр станцияларын салу жүзеге асырылатын болады.
Қазақстанда ЖЭК дамыту үшін басқа елдердің тәжірибесі ең үздік практикаларды қабылдау тұрғысынан да, қателерге жол бермеу тұрғысынан да пайдаланылатын болады. Осылайша, Қазақстанда ЖЭК-тің әр түріне лимит орнатылады, ол өз кезегінде қатаң бақыланатын болады. Бір жағынан инвесторларды тартатын, екінші жағынан тұтынушыларға жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін энергия өндірудің әр түрі үшін тарифтер деңгейі айқындалатын болады. Дәстүрлі энергия шығарумен бәсекеге қабілеттілікке жақын кемелденген технологиялар дамитын болады, басқалары энергетикалық жүйеге олардың интеграциялары бойынша тәжірибе алу үшін немесе бәсекелес болатын аз ауқымда пайдаланады. Электр энергетиканы жоспарлау тұтынушыға ұзақ мерзімді жүктемені азайту үшін қазіргі заманғы дәстүрлі технологиялар мен ЖЭК-ті дамытуды ескере отырып тұтастай жүргізілетін болады.
4. Ғылымды қажет ететін экономиканың инфрақұрылымын жеделдетіп қалыптастыру
Экономика салаларын жаңғыртудың және бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі тетігі еңбек, капитал және ресурстар сияқты барлық өсу факторлары өнімділігінің өсуі болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайда өнімділіктің өсуі инновациялар мен білімді енгізумен тығыз байланысты. Сарапшылардың пікірінше, инновациялар өнімділікті жылына 2-3 %-ға арттыруға қабілетті. Инновацияға сұраныс драйвері инновациялық кластерлерде университеттерді, кәсіпкерлікті және мемлекетті біріктіретін ұлттық инновациялық жүйе болып табылады, ал зерттеулердің, инновацияның, инвесторлардың, ірі компаниялардың және стартаптардың тартылыс орталығы үлкен қалалар және олардың негізінде туындайтын агломерациялар болады. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай агломерацияның туындауына дамыған инфрақұрылымдық желі алғышарты болып табылады.
Қазақстанда тұрақты экономикалық дамудың құралдарын және тетіктерін жетілдіру ұзақ мерзімді перспективада елдің даму шамасында біртіндеп жүргізілетін болады. Бұл қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту және энергия тиімділіктің жоғары стандарттарын сақтау кезінде жүретін болады.
Осыған байланысты, мынадай міндеттерді шешу керек:
1) өсу факторларының өнімділігін арттыру;
2) әлемдік деңгейдегі агломерацияны қалыптастыру;
3) ұлттық инновациялық жүйені дамыту;
4) инфрақұрылымдық шектеулерді жою;
5) нысаналы озық инвесторларды тарту арқылы тартымды инвестициялық ортаны қалыптастыру;
6) «жасыл экономикаға» көшуі арқылы тұрақты даму.
4.1. Өсу факторларының өнімділігін арттыру
Еңбек өнімділігін, капиталды және энергия ресурстарын арттыру барлық экономиканың жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Бұл экономиканың барлық секторларына қатысты. Әлемдік «бенчмаркингтерге» сәйкес экономиканың барлық салалары үшін өнімділікті мониторингілеудің ұлттық жүйесі әзірленетін болады.
Жеке секторда өнімділікті ынталандыру, «үнемді өндірістің» алдыңғы қатарлы құралдарын енгізу бойынша шаралар қабылданады.
Квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында өнімділік көрсеткіштері, оның ішінде инвестицияланған капиталға табыс, дивиденттер және өнімділік бойынша нақты мақсаттар бекітілетін болады.
Жұмыспен қамтуды арттыру бойынша бағдарлама шеңберінде еңбек ресурстарының еңбек қызметінің өнімділігі төмен салаларынан әлдеқайда жоғары табысты және перспективалы салаларына ауысу үшін жағдай жасалады.
Экономика салаларында техникалық реттеу жүйесін алдыңғы қатарлы стандарттармен сәйкестілікке келтіру бойынша жұмыс жалғасады.
4.2. Әлемдік деңгейдегі агломерацияны қалыптастыру
Ол:
1) бәсекеге қабілетті агломерацияларды белсенді дамыту;
2) теңгерімді өңірлік даму;
3) ішкі көші-қон процесін ретке келтіруді болжайды.
Бәсекеге қабілетті агломерацияны белсенді дамыту. Аумақтық үлкен ұзындығын, халықтың аз санын және тығыздығын, ғылым мен өндіріс арасындағы әлсіз байланысты, сондай-ақ Қазақстанның өнеркәсіп саласының төмен бәсекеге қабілеттігін ескере отырып агломерацияға біріктірілген қалалардың шектелген санында қаржы, капитал және адами ресурстарды жұмылдыруды қамтамасыз ету қажет. Бұл агломерациялар ғылымды қажет ететін экономиканың «өсу нүктесі» болады.
Агломерацияның жұмыс істеу басымдығы жалпы елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға арналған инновацияларды іздеудің мультипликативті әсері болып табылады.
Көптеген дамыған елдер өз уақытында агломерацияны қалыптастыру жолымен жүрді. Агломерация ғылымды қажет ететін экономикаға ауысу үшін жағдай жасады.
Қазақстанның жаңа агломерациялары ғылыми-зерттеу әзірлемелердің, инновацияны және кәсіпкерлікті дамытудың орталықтары болады. Жеке агломерациялар шеңберінде осы әзірлемелердің және инновацияның өндірістік-өткізу тізбегіне «жақындығы» оларды өндіріске жылдам енгізуді жеңілдетеді.
Агломерациялар ел халқының тартылыс орталығы болады. Олар жоғары сапалы білім, ақпараттық және көлік қызметтер ұсыну, бәсекені арттыру, шетелдік инвесторлар үшін тартымды жағдай жасау есебінен адами капиталды дамытуды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні агломерация орталығы Қазақстанның ірі қалалары – халық саны 2 млн. астам Астана, Алматы және Шымкент бола алады. Бұл қалаларда шағын және орта бизнес аса белсенді дамуда, олар халықтың еңбекке қабілетті жоғары үлесіне ие. Елдің перспективада дамуына байланысты Қазақстанның басқа да ірі қалалары да агломерация орталықтарына айнала алады.
Әр агломерация үшін өсімнің экономикалық факторларын, дамудың басым бағыттарын көрсетіп және заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру жөнінде шараларды ескере отырып 2050 жылға дейін даму стратегиясы әзірленетін болады.
Теңгерімді өңірлік даму. Орта мерзімді перспективада инфрақұрылымдық даму саласында агломерацияның жинақталған жағымды тәжірибесі елдің басқа өңірлеріне таратылатын болады.
Бәсекеге қабілетті, «жасыл» және «ақылды» қалалар желісі құрылатын болады. Ауылдық аумақтарға қалалармен экономикалық байланысты құру үшін жеткілікті қолдау көрсетілетін болады. Халық саны бес мың және одан көп адамнан тұратын барлық ірі қалалар және елді мекендер мемлекеттік өртке қарсы қызметтің кепілді қорғауымен қамтамасыз етілетін болады. Ауылдық елді мекендерде қажетті өрт сөндіру техникасымен және өрт-техникалық жарақтандырумен жинақталған ерікті өрт сөндіру құрамалары жұмыс істейтін болады. Тасқын, сырғыма, сел және көшкіннің жоғары пайда болу тәуекелі бар өңірлерде қажетті инженерлік-қорғау құрылыстары құрылатын болады.
Салалық бағдарламаларды өңірлік даму басымдықтарымен үйлестіру аймақаралық байланысты нығайтуға ықпал ететін болады.
Өңірлік деңгейде қала аумақтарының сапасын қамтамасыз етуге және озық дамуына ерекше назар аударылатын болады.
Жаңа өндірістерді және инфрақұрылымдарды орналастыру кезінде олардың шикізат пен энергия көздеріне, көлік инфрақұрылымына, өткізу нарығына, сондай-ақ еңбек ресурстарының қол жетімділігіне жақындығы ескерілетін болады. Ол үшін қалаға іргелес аудандарда жерді пайдалану жоспарымен қала маңы аймақтарын инфрақұрылымдық дамыту бөлігінде, сондай-ақ агломерациядағы қала құрылысының нормативтерімен аумақтың Бас жоспарын келісу қамтамасыз етілетін болады.
Бас жоспарларды түзету халықтың болжамды санын және аумақтың әлеуетін ескере отырып әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және оңтайландырауға бағытталатын болады.
Ішкі көші-қон процестерін ретке келтіру. Ауылдан қалаға ішкі көші-қонның теріс әлеуметтік салдарларының алдын алу мақсатында көшіп-қонушыларды шартты жұмысқа тартуға бағытталған шаралар кешені қабылданатын болады.
Меншікте немесе жалға алу шартымен тұрғын үйі жоқ азаматтарға, еңбек шартын ұсыну шартымен уақытша баспана ұсынылатын болады. Жұмысқа орналастыру, көшуге және кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқуға субсидия ұсынуда көмек көрсетіп, халықтың ұтқырлығын арттыру жөнінде шараларды іске асыру жалғасатын болады.
Жалдамалы тұрғын үй нарығын одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
4.3. Ұлттық инновациялық жүйені дамыту
Ұлттық инновациялық жүйені дамыту зерттеулер және зерттемені мемлекеттік қолдау және оларды енгізу институттарының тиімділігін арттыру, зияткерлік-инновациялық кластерлерді дамыту және қолданыстағы инновациялық инфрақұрылымды оңтайландыру жолымен жүзеге асырылатын болады.
Ғылымды және инновацияны дамыту және қолдау жөнінде ииституттардың тиімділігін арттыру. Ол үшін венчурлық қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулерді және инновацияны қолдау, сондай-ақ ғылыми зерттемелерді коммерциялау жөнінде заңнама жетілдірілетін болады.
Университтерге, зерттеу институттарына және шағын бизнеске мемлекеттің қаржылық қолдауымен жүргізілген, зерттемені коммерциялық пайдалануға арналған лицензияны тапсыру құқығы берілетін болады.
Венчурлық қаржыландыруды дамыту елге шетелдік капиталды тартуға, бастапқы кезеңінде венчурлық мәмілелерді шетелдік капиталмен бірлесіп қаржыландыруға, сондай-ақ стартаптарды дамытуды бірлесіп қаржыландыруға бағытталатын болады.
Астана, Алматы және Шымкент агломерациялыр университеттерінде инновациялық әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Университеттерде инновациялық қызметті қаржыландыру қосылған құн тізбегінің барлық деңгейін – инновациялық әлеуетті және зерттеулерді дамыту, технологияны коммерциялау, стартаптарды қолдауды қамтитын болады.
Қаржыландыру, қосымша қызметтерді ұсыну, тәжірибелі кәсіпкерлерді, инвесторларды және компания басшыларын тартып менторлық бағдарлама түрінде жәрдемдесу жолымен зияткерлік-инновациялық кластерлер аумағында квазимемлекеттік сектордың ірі компанияларының (спин-офф) қосымша өндірісін құру және орналастыруды ынталандыру жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет, бизнес және ғылымның өзара іс-қимылын күшейту мақсатында нысаналы технологиялық бағдарламалар іске асырылады.
Технологиялар трансферті жүйесі бірінші кезекте отандық кадрлардың құзіретін арттыру үшін оларды тарта отырып технологияларды іздестіруге және бейімделуге бағытталатын болады.
Бұл ретте, заманауи өндірістік технологияларды енгізу мақсатында инновациялық әзірлемелердің және жаңа технологиялардың сараптама жүйесі жетілдірілетін болады.
Ең перспективалы инновациялық идеялар мен жобаларды анықтау және қолдау, оларды енгізу, масштабтау және ілгерілетуге арналған құралдар жүйесін іске асырумен қатар, талантты инноваторларды іздеу және қолдау бойынша жұмыс жалғасатын болады, сондай-ақ инновациялық гранттарды ұсыну схемасы оңтайландырылады.
Сонымен қатар, инновацияны дамытуды ынталандыру, оның ішінде салық шараларын дамыту, техникалық реттеу және стандарттар жүйесін тиімді құру арқылы жұмыс жалғасатын болады.
Қолданыстағы инновациялық инфрақұрылымды оңтайландыру. Осы бағыттағы жұмыс шеңберінде құрылатын агломерацияларды ескере отырып технологиялық парктердің саны оңтайландырылатын болады. Олардың мақсаты инновациялық процесте барлық мүдделі тараптар арасында ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ жаңашылдарды техникалық инфрақұрылыммен және сервистік қызметпен қамтамасыз ету. Бұдан басқа, технопарктерде тренингтер жүргізіліп, консалтингтік қызметтер, құрылыс және қайта жаңғырту жөнінде қызметтер көрсетілетін болады. Осылайша, технопарктер өңірлерде инновациялық орта құру орталығы болады.
Сонымен қатар, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын дамыту үлгісі қайта қаралатын болады және салалық конструкторлық бюроның функциялары кеңейтіледі.
Зияткерлік-инновациялық кластерлер желісін құру. Зияткерлік-инновациялық кластерлер негізгі және қолданбалы білімді жинақтауға және айырбастауға, экономиканың басымды секторларында инновация үшін мүмкіндіктерді құру және пайдалануға бағытталатын болады. Ғылыми ұйымдар инновациялық өнімді әзірлеуге кәсіпорындармен шарт жасау үшін, коммерциялық мүмкіндіктерді анықтау үшін кәсіпорындармен жұмыс істейтін болады.
Зияткерлік-инновациялық кластерлердің басым бағыттары таза энергетика, робот техникасы, нанотехнологиялар, аэроғарыштық өнеркәсіп, гендік инженерия және инжиниринг қызметтері, сондай ақ басқа да жоғарытехнологиялық бағыттар болып табылады.
Зияткерлік-инновациялық кластерлер желісіне келесі құрылымдар кіретін болады:
1) жоғары технологиялы компаниялар үшін арнайы экономикалық аймақ;
2) жоғары технологиялы өндіріс, ұлттық компаниялардың салалық институттары, қазақстандық және шетелдік компаниялардың зерттеу орталықтары орналасатын индустриялық алаң;
3) өнеркәсіптің тікелей тапсырысы бойынша жаңа технологияларды әзірлеу, бейімдеу және енгізу үшін Инжиниринг орталығы;
4) инновациялық инфрақұрылым элементтері: технопарк, бизнес-инкубатор, коммерциялау және технология трансферті орталығы, инновациялық венчурлық қор.
Орта мерзімді перспективада бірінші зияткерлік-инновациялық кластер Назарбаев Университетінде қалыптасатын болады. Бұл ретте, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы университеттерді, ірі компанияларды ғана емес, сондай-ақ шағын, орта бизнесті, жаңашылдарды және өнертапқыштарды қызықтыратын инновациялық-технологиялық кластер секілді құрылатын болады. Аталған тәжірибе перспективада басқа қалаларда да таралатын болады. Кластерлерде ғылыми зерттемелер және инновациялық кәсіпкерлік дамитын болады.
4.4. Инфрақұрылымдық шектеулерді жою
Инфрақұрылымды жаңғырту жаңа технологияны құру және игеру саласында кәсіпкерлердің, инвесторлардың тәуекелдерін және шығындарын азайтуға, сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын оны аса дамыған елдер деңгейіне жақындатып арттыруға мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, оның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктерін қолданумен мемлекеттік шығындар көлемі артатын болады. Қажет инфрақұрылымдық базаны қалыптастыруға қарай мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру көлемін біртіндеп азайту болжанады.
Көлік инфрақұрылымын дамыту. Көлік инфрақұрылымын дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған қолданыстағы бағдарламаны жалғастыруда автожол және темір жол желілерін дамытуға инвестицияларды тартуды қоса отырып саланы реформалау бойынша ұзақ мерзімді кешен қабылданатын болады.
Агломерациялар, шекаралық өткелдер және облыс орталықтары арасында байланысты қамтамасыз ету үшін республикалық деңгейде қазіргі заманғы магистральдық дәліздер құрылатын болады.
Тасымалдарды тиімді басқаруды, көліктің барлық түрін оңтайлы пайдалануды, қозғалыс жылдамдығын арттыруды, сондай-ақ жолаушылар тасымалы саласында қызметке қол жетімділікті және сапасын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көлік ағынын басқару жүйесі жетілдірілетін болады. Атап айтқанда Зияткерлік көлік жүйесі құрылатын болады (бұдан әрі – ЗКЖ).
ЗКЖ бейнебақылау, жол қозғалысын басқару, жол шарттары және көлік қызметтерінің электронды төлемі туралы жүргізушілерді хабарландыру жүйелерін біріктіреді. ЗКЖ қалыптастыру шеңберінде елдің көліктік кешені туралы ақпараттарды жинау, өңдеу және сақтауды жүзеге асыратын Ұлттық ақпараттық орталық құрылатын болады.
ЗКЖ-ні енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Көлік ағынын зияткерлік басқару саласындағы пилоттық жобалар агломерацияларда жүзеге асырылатын болады. Мұнда қоғамдық көліктің, оның ішінде жүрдек автобустық бағыттар және жеңіл рельстік трамвай желілерінің қазіргі заманғы түрлері енгізілетін болады.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның энергия тиімділігін арттыру шеңберінде күрделі жөндеу жүргізу кезінде бар ғимараттарға терможетілдіруді жүзеге асыру жалғастырылатын болады. Жаңа ғимараттарды салу жылуды қорғау саласында соңғы стандарттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Ұзақ мерзімді перспективада бөлме температурасын реттеу жүйесін, тұтынған су және жылу энергиясын есепке алу құралдарын жаппай орнату жүзеге асырылатын болады.
Тозған құбырларды ауыстыру және сорғы станцияларын жаңғыртумен орталықтандырылған жылумен қамту жүйесін жаңғырту жүзеге асырылатын болады.
4.5. Нысаналы озық инвесторларды тарта отырып тартымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру
Тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау заманауи қызмет көрсетулер секторын қоса алғанда экономиканың барлық салаларын дамытудың басым бағытына айналады. Салааралық тәсілді пайдалана отырып инвестицияларды тарту бойынша жұмыс үйлестірілетін болады. Бұл Қазақстанның экономика салаларының жедел өсуіне қол жеткізу әлеуетін арттырады.
Экономикаға озық технологиялар мен білімнің табысты трансферін жүзеге асыруға қабілетті салалық көшбасшыларды ынталандыру және қолдау тетігі әзірленетін болады. Процесс жеке нақты жобаларды, сол сияқты нысаналы инвесторларды анықтауға бағытталатын болады.
Шетелдік инвесторларға Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін кадрларды іздеу, даярлау және қайта даярлауда жәрдем көрсетіледі. Бұл әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық және операциялық тәуекелдерді төмендетуге ықпал етеді, ол елге тікелей шетелдік инвестициялардың неғұрлым сапалы легін тартуға жағымды әсер етеді. Пост-инвестициялық мониторинг және жобалар тиімділігін басқару процесі жетілдіріледі.
Дайын өнім экспорты рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі. Инвестициялық орта жағдайына ашық және тиімді мониторинг енгізіледі.
4.6. «Жасыл экономикаға» көшу арқылы тұрақты даму
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін «жасыл экономикаға» көшуге бағытталған шаралар кешені іске асырылады:
1) суды пайдалану тиімділігін арттыру және ел халқы мен экономикасын сумен қамтамасыз ету;
2) энергия тиімділігін арттыру;
3) тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын басқару жүйесін дамыту;
4) атмосфераға шығарындыларды азайту.
Суды пайдалану тиімділігін арттыру және ел халқы мен экономикасын сумен қамтамасыз ету.
Қазақстанның су шаруашылығы басқармасының алдына мынадай міндеттер қойылған: халықты және экономиканы сумен жеткілікті көлемде және сапада қамтамасыз ету.
Су ресурстарының әлеуетті тапшылық тәуекелін азайту үшін ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және коммуналдық секторда суды үнемдеу бойынша шаралар әзірленеді және енгізілетін болады. Ол үшін: ауыл шаруашылығында суару және дренаж жүйелері қалпына келтіріледі, суарудың заманауи су үнемдеу технологиялары пайдаланады (мысалы, тамшылатып суару, жаңбырлатып суару және т.б.), қалдықсыз культивация сияқты жерді өңдеудің су үнемдеу технологиялары енгізіледі, коммуналдық шаруашылықта су беру, сондай-ақ су бұрудың коммуналдық желілері жаңғыртылады, бұдан басқа су тазалау және ағын суларды өңдеу жүйелері реконструкцияланады, өнеркәсіпте су үнемдеу технологияларының үлесі арттырылады, екінші қайтара су тазалау, сондай-ақ айналма сумен қамтамасыз ету бойынша қуат ұлғайтылады. Шығындарды азайтудың ең маңызды рычагы магистраль арналары, су резервуарлары, плотиналар сияқты су инфрақұрылымының ірі объектілерін реконструкциялау бойынша іс-шаралар болып табылады. Аталған іс-шараларды іске асыру үшін су шаруашылық және гидромелиоративтік объектілердің барлығына көпфакторлы тексеру жүргізіледі.
Қолжетімді су ресурстарының төмендеуін болдырмау үшін барлық іргелес мемлекеттермен трансшекаралық сулар бойынша келісімдер жасалады, сондай-ақ көпжылдық қолжетімді су қорларын ұлғайту үшін жаңа инфрақұрылым объектілерін салу бойынша іс-шаралар іске асырылады. Сондай-ақ суы тапшы бассейндерге су ресурстарын жіберу және жаңғыртылатын су асты көздерін пайдалану бойынша үнемді техникалық шешімдер әзірленеді.
Энергия тиімділігін арттыру. 2050 жылға қарай баламалы энергия елде өндірілетін барлық энергияның жартысын құрауы тиіс. Энергия тиімділігін және энергияны үнемдеуді арттыруда мамандандырылған энергосервистік компанияларға (бұдан әрі – ЭСКО) маңызды роль берілетін болады.
Осы институтты құрудың негізгі міндеті - энергоаудиттен бастап, әзірлеу, жобалау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету, энергосервистік келісімшарттар жасау жолымен энергияны үнемдеу жөнінде жобаларды қаржыландыруға дейінгі энергияны үнемдеу саласындағы қызметтер кешенін көрсету болады. Энергосервистік компанияларға қаржылық және лизингтік көмек көрсетілетін болады.
Өндірістің энергияны көп қажет етуін төмендету мақсатында «Энергия тиімділігіндегі көшбасшы» бағдарламасы қабылданатын болады. Орта мерзімді перспективада бағдарламаға қатысу үшін 5-тен 10-ға дейінгі өнім түрі таңдап алынатын болады. Олар үшін энергия тиімділігін және экологиялық тазалықтың ең жоғары деңгейін қамтамасыз ететін өндіру және коммерциялық өткізу тәсілдері айқындалатын болады. Осы өндірістер үшін өнімнің осы түрін өндіретін барлық өндірушілерге қолдану үшін міндетті, стандарттар әзірленетін болады. Өндірістің эталондық тәсілдерін енгізген компаниялар субсидиялар, мемлекеттік тапсырыстар түріндегі кеңейтілген мемлекеттік қолдауға қол жеткізеді. Бастапқы кезеңде өнімнің басым түрлері экономиканың неғұрлым энергияны көп қажет ететін салаларында – энергетикада, көмір өндіруде, металлургияда, ауыл шаруашылығында және көлікте таңдап алынатын болады.
Ұзақ мерзімді перспективада өнім түрлерінің саны экономиканың барлық өндірістік секторын бағдарламамен толық қамтуға қол жеткізу мақсатында біртіндеп артатын болады.
Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару жүйесін дамыту. Қоршаған ортаның тұрмыстық қалдықтармен ластану деңгейін төмендетуге мамандандырылған инфрақұрылымды құру және қалдықтарды жинау мен кәдеге жаратудың жаңа стандарттарын қабылдау арқылы қол жеткізілетін болады.
Өндірісте қауіпті қалдықтарды жою жөніндегі технологияларды қоса алғанда, экологиялық қауіпсіз технологиялар мен процестерді пайдалану қолдау табатын болады.
Қоқыс өңдейтін зауыттар салынып, қоқысты кәдеге жарату жөніндегі полигондар кеңейтіледі және ашық қоқыс тастайтын жерлер жойылады. Ресурстарды, оның ішінде ағын суларды өңдеуді және екінші қайтара пайдалануды кеңінен қолдануға көшуге байланысты қалдықтарды сақтауға арналған полигондар саны қысқаратын болады.
Әр тұтынушы деңгейінде тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау енгізілетін болады.
Ұзақ мерзімді перспективада өнімді бірнеше айналымда пайдаланатын тұйық циклді экономикаға ауысу жүзеге асырылатын болады.
Атмосфераға шығарындыларды азайту. Қоршаған ортаға шығарындыларды Қазақстан Республикасының қысқартуға «Жасыл экономикаға» көшуі тұжырымдамасын, «Жасыл көпір» бастамасын және БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының және міндеттемелерінің Киото хаттамасы бойынша талаптарды ескеретін өзге де келісімдерді іске асыру шеңберінде қол жеткізілетін болады.
Бұған қосымша өндірісте көмірқышқыл газы мен өзге парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және энергияның баламалы көздерін қолдау мақсатында көмірқышқыл газы шығарындыларына салынатын салықты қоса алғанда, нарықтық және нарықтық емес тетіктерді енгізу мәселелері қарастырылатын болады. Ұзақ мерзімді перспективада өнеркәсіптік кәсіпорындар шығарындыларының стандарттары Еуропалық Одақ стандарттарына сәйкестендірілетін болады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды іргелес жатқан аумақтардағы қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіруге инвестициялауға ынталандыратын «таза шығындардың болмауы» тетігі енгізіледі. Шаңның, күкірттің қос тотығы мен азот тотығының шығарындылары бойынша стандарттар қатаңдай түседі. Еркін қорғалатын табиғи аумақтар және объектілер жер және су ресурстарының кем дегенде 10 %-ын қамтитын болады.
5. Әлемдік және өңірлік экономикаға интеграцияны арттыру
Бүгінгі барлық дамыған елдер халықаралық қатынастар жүйесіне ашықтық пен интеграцияланудың жоғары дәрежесін көрсетеді. Жаһандық бәсекелестік жағдайында халық санының аздығы мен теңізге шығудың болмауын ел экономикасының ашықтығымен өтеуге болады.
Ұзақ мерзімді табысты даму үшін Қазақстанға сыртқы нарықтарға, агломерацияларға қолжетімділік қажет, «ақылды қалалар» жаһандық желісіне қосылу, ал шекара маңындағы аймақтарға шекара маңындағы сауданы дамыту қажет. Қазақстанға өңір елдері көздері болуы мүмкін, күтпеген экономикалық және саяси тәуекелдерге дайын болуы керек.
Осының бәрі Қазақстаннан белсенді интеграциялық саясатты жүргізуді талап етеді. Бұл ретте оның экономикалық аспекті, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көші-қонды реттеу мәселесінен бөлек қарала алмайды.
Осыған байланысты осы бағыттағы негізгі міндеттер:
1) өңірлік интеграцияны арттыру;
2) теңгерімді көші-қон саясаты;
3) халықаралық тұрақтандыру процестеріне қатысу болады.
Өңірлік интеграцияны арттыру. Ұзақ мерзімді перспективада Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен байланысты Кеден Одағы аясындағы Қазақстан, Ресей және Белорусь интеграциясының артыруы жалғасатын болады. Қазақстан Ресей және Белорусьпен бірлесіп басқа елдер одағына еркін қосылуды болжайтын, ашықтық қағидатын ұстанатын болады.
Еуропа және Азия торабында орналасқан ел ретінде, Қазақстанның географиялық басымдығы, Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарды, оның ішінде қазақстан-қытай шекарасында өңірлік сауда-логистикалық хабты құру арқылы ұлғайту үшін қолданылатын болады.
Теңізге тікелей шыға алатын және тораптық транзиттік нүктелер болып табылатын Еуропа, Азия және Америка елдерінде көліктік-логистикалық орталықтарды құруға инвестициялар жүзеге асырылатын болады.
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықарлық транизиттік дәлізі өңірдегі жүк тасымалдайтын негізгі бағдар болады. Дәліз көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, ондағы техникалық қол жетімділік заманауи зияткерлік көлік жүйесімен және логистикалық орталықтардың көрсетілетін қызметімен үйлесетін болады.
Теңгерімді көші-қон саясаты. Осы бағыт шеңберінде Қазақстанға еңбек нарығында талап етілетін білікті шетелдік қызметкерлерді, сондай-ақ кәсіпкерлер мен инвесторларды тарту үшін, оның ішінде кіру, өмір сүру және еңбек қызметін жүзеге асыру жағдайларын жеңілдету арқылы, жағдай жасалатын болады.
Көшіп-қонушылардың әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік мәдени интеграциялануы үшін қолайлы жағдайлар, оның ішінде көшіп-қонушыларды ақпараттық және құқықтық қолдау орталықтарын құру, мемлекеттік және орыс тілдерін, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін оқыту курстарын ашу арқылы жасалатын болады.
Осы бағытта мемлекет ішіндегі деңгейде ақпарат алмасуды, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен ынтымақтастықты болжайтын заңсыз көші-қонға қарсы әрекет ету жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Халықаралық тұрақтандыру процестеріне қатысу. Қазақстан инвестициялар көлемін арттыру және KazAID агенттігі шеңберінде техникалық көмек бағдарламаларын ұлғайту арқылы Орталық Азия елдермен байланыстарды арттыруды қолдайтын болады. Өзінің бітімгершілік ұстанымын күшейту шеңберінде Қазақстан бейбіт келіссөздер мен конференциялар ұйымдастырушысы болады, сондай-ақ өз аумағында халықаралық ұйымдардың өңірлік өкілдіктерін ашуға жәрдемдеседі.
Өңірдегі тұрақтылықты сақтауға Қазақстанның халықаралық ұйымдар және интеграциялық бірлестіктер шеңберінде жұмысты жалғастыруы ықпал етеді.
5. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері
Жалпы, Тұжырымдама 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі үшін Қазақстанды дамытудың басты идеяларының негізін салады.
Тұжырымдаманың стратегиялық бағыттарын іске асыру және нысаналы индикаторларына қол жеткізу мониторингі және бағалау оны табысты іске асырудың қажетті талаптары болып табылады.
Осы Тұжырымдаманы дәйекті және мақсатты түрде іске асыру үшін Үкімет негізгі бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ өзгерістерді талап ететін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді қамтитын әр үшжылдық бюджет кезеңіне арналған нақты міндеттері бар үшжылдық іс-шаралар жоспарларын қабылдайтын болады.
Мерзімді негізде Тұжырымдаманы іске асыру мониторингі және бағалау жүргізілетін болады, олар аралық нәтижелер және қалыптасқан үрдістер талдауын ескере отырып, дамудың стратегиялық бағыттарын түзетуге мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді Тұжырымдаманы қысқа мерзімді бастамалармен біріктіру мақсатында үйлестіру органын құру мәселесі қаралатын болады. Бұл органның басты рөлі Тұжырымдаманы іске асыру мониторингін және бағалауды жүргізу болады.
6. Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық актілер тізбесі
Тұжырымдаманы келесі нормативтік құқықтық актілер арқылы іске асыру болжанып отыр.
Заңнамалық актілер:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі;
2) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексі;
3) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексі;
4) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман кодексі;
5) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексі;
6) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексі;
7) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі);
8) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 Қылмыстық кодексi;
9) 1999 жылғы 13 шілдедегі № 411 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;
10) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарындағы № 155 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;
11) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсанындағы № 95-IV Бюджет кодексі;
12) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы;
13) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуіріндегі № 88-V Заңы;
14) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы;
15) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
18 ақпандағы № 477-IV Заңы;
16) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтарындағы № 70-V Заңы;
17) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтарындағы № 373 Заңы;
18) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Заңы;
19) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтарындағы № 541-IV Заңы;
20) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтарындағы № 532-IV Заңы;
21) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV Заңы;
22) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы;
23) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы;
24) «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Заңы;
25) «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының
1996 жылғы 15 шілдедегі № 29 Заңы;
26) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы № 148 Заңы;
27) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 шілдедегі № 245 Заңы;
28) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
11 қаңтардағы № 214 Заңы;
29) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңы;
30) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 21 шілдедегі № 453 Заңы;
31) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы;
32) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы № 100-IV Заңы;
33) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымындағы № 291-IV Заңы;
34) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 Заңы;
35) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
15 желтоқсандағы № 207 Заңы;
36) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы.
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар:
1) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығына;
2) «Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына;
3) «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына;
4) «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 желтоқсандағы № 464 Жарлығына;
5) «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына;
6) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына;
7) «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 648 Жарлығына;
8) Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы
29 қарашадағы № 1677 «Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы» Жарлығы;
10) «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығына;
11) «Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығына;
12) «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына;
13) «Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
26 маусымдағы № 590 Жарлығына;
14) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
4 маусымдағы № 579 Жарлығына;
15) «Қазақстан-2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысына;
16) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы
21 шілдедегі № 119 Жарлығына;
17) «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
18 сәуірдегі № 552 Жарлығына;
18) «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына;
19) «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысына;
20) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
21) аумақтарды дамыту бағдарламалары.
Қорытынды
Қазіргі болжамдарға сәйкес, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге болады. Ол үшін елімізге табиғи және адами ресурстарды, капиталды пайдаланудың, институционалдық ортаны және аумақтық дамуды жетілдірудің бағыттары туралы басты шешім қабылдау қажет.
Соңғы онжылдықтарда Қазақстанның қарқынды экономикалық өсуі оның бай табиғи ресурстарымен, әсіресе, көмірсутекті шикізат қорларымен айтарлықтай дәрежеде қамтамасыз етілді. Алайда аталған өсуді қолдау үшін ұзақ мерзімді перспективада да экономиканың мұнай емес секторларын әртараптандыру және дамыту қажет.
Қысқа және ұзақ мерзімді перспективада өсудің негізгі қозғаушы күші инвестициялар және жаңа технологияларды игеру бола алады. Өнімділіктің ұзақ мерзімді өсуі инновациялық әлеуетті іске асыруға және ғылымды көп қажет ететін экономиканы дамытуға байланысты болады.
Бұл ретте Қазақстанға әлемдік және өңірлік экономикалық трендтерге бейімделуге тура келеді. Сарапшылардың болжамы бойынша, жақын арадағы 15-20 жылда Қазақстан үшін сыртқы орта кейінгі онжылдықтарға қарағанда анағұрлым жағымды болады. Түбегейлі инновациялардың болмауы, жаһанданудың баяулауы, табиғи ресурстарға тұрақты сұраныстың сақталуы, климаттың өзгеруінен болатын шектелген әсер еліміз үшін дамуда серпіліс жасау үшін «мүмкіндіктер терезесін» ашады.
Бұл уақыт ішінде Қазақстан ғылымды көп қажет ететін экономиканы қалыптастыруды, институционалдық ортаны жетілдіруді және адами капиталды нығайтуды бастай отырып, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі мақсатқа қол жеткізуде жылдам алға қарай ұмтылыс жасай алады.
Бұл кезең аяқталғаннан кейін ұзақ мерзімді дамудың стратегиялық міндеттерін шешу әлемдік трендтердің теріс ықпалының күшеюі салдарынан қиындай түседі.
«Мүмкіндіктер терезесін» уақтылы пайдалану Қазақстанға сыртқы сын-қатерлерге икемді әрекет етуге және 2050 жылдан кейін де дамудың тұрақтылығын сақтап қалуға мүмкіндік береді.