"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.10.2024 № 852 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Жүзу құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың орналасқан жерiнен сапарға шығуына (шығарылуына) құжаттар ресiмдеудiң тәртібі және тоқтамаларды, айлақтар мен жүзу құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың орналасқан пункттерiн жабдықтау тәртібі туралы нұсқама мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шекаралық режимнiң ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы № 20 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 1, 8-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердің жолаушыларына қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі № 1132 қаулысына қосымшаның 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 383-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысымен бекітілген |
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.01.2019 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.10.2024 № 852 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) және мұз үстімен жылжитын құралдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) және ішкі суларында уақытша пайдаланылатын шетелдік өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) рұқсаттамалар (бұдан әрі – рұқсаттама) беру тәртібін айқындайды.
2. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастамашылар) порттан (орналасу пунктінен) шыққанда, Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында болған кезде және қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерде (құралдарда) және мұз үстімен жылжитын құралдарда портқа (орналасу пунктіне) оралған кезде Шекара қызметі өкілдерінің талабы бойынша Шекара қызметі берген рұқсаттамаларын және жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру үшін береді.
3. Шекара қызметі шекаралық кеңістікте іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде рұқсаттамаларға шектеулер қоюға немесе қолданысын уақытша тоқтата тұруға құқылы, ол туралы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды хабардар етеді.
2-тарау. Рұқсаттама беру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.10.2024 № 852 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Бастамашылар рұқсаттамалар алу үшін электронды форматта, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) Шекара қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдар тізімін қоса бере отырып, қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға ұсыну (бұдан әрі – ұсыну);
2) аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге тиісті уәкілетті органдардың рұқсат беру құжаттарының көшірмелері.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.10.2024 № 852 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Аумақтық суларда (теңізде) теңіздегі ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметін жүргізуге ниеттенген мемлекеттік органдар және ұйымдар портал арқылы Шекара қызметіне ұсынулар енгізген кезде:
1) жобаның сипаты және мақсаты;
2) кемелердің атауын, типін және сыныбын қоса алғанда, пайдаланылатын әдіс пен құралдар;
3) зерттеу жүргізетін кемелер келетін және кететін немесе тиісті жағдайларда жабдықтар орналастырылатын және алып тасталатын күн;
4) жобаға жауапты ұйымның атауы, басшы немесе адам туралы толық ақпараты бар қосымша құжаттарды ұсынады.
6. Енгізілетін ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық бөлімшесімен үш жұмыс күні ішінде келісілуге тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.10.2024 № 852 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған фактілер анықталған жағдайда Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуды одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.10.2024 № 852 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Шекара қызметінің ұсынуды қарау және портал арқылы рұқсаттамаларды беру мерзімі бастамашы ұсынуды енгізген сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.
9. Рұқсаттама беруді Шекара қызметі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта портал арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.10.2024 № 852 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Рұқсаттама кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге тиісті уәкілетті органдар рұқсатының қолданылу мерзімін ескере отырып, ұсынуда көрсетілген мерзімге беріледі, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспауға тиіс.
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін рұқсаттама күшін жояды.
11. Рұқсаттама жоғалған (бүлінген) жағдайда, бастамашылар Шекара қызметіне рұқсаттамаларды қайта беру туралы жазбаша өтінішхат, сондай-ақ рұқсаттамаларды жоғалту фактісі бойынша жазбаша түсініктеме береді.
Шекара қызметі үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рұқсаттаманы қайта беруді жүзеге асырады.
12. Бастамашылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін, аумақтық сулар (теңіздер) және ішкі сулар режимін бұзуымен байланысты құқық бұзушылықтары анықталғанда, сондай-ақ уәкілетті органдар заңсыз іс-қимылдарды тоқтату шараларын қолданған жағдайда Шекара қызметі оларға берген рұқсаттамаларды алып қояды.
Нысан
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама алуға ұсыну
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.10.2024 № 852 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
_________________________________ аумақтық бөлімше бастығына М.О. |
(екінші жағы)
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығу үшін рұқсаттамалар алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың) тізімі
Р/с № | Т.А.Ә. (бар болса) | Туған жылы, күні, айы, | Тұратын жерінің мекенжайы | Жұмыс орны, лауазымы | Жеке басын куәландыратын құжаттың № | Азаматтығы | Ескертпе |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 |
Жиыны: ___________________________________________________________ (адамдардың жалпы саны – жазбаша)
Бұл ретте мынадай техникалық құралдар тартылатын болады:
Р/с | Техникалық құралдардың атауы | Мемлекеттік тіркеу нөмірі | Капитанның Т.А.Ә. (бар болса) | Ескертпе |
1 | ||||
2 |
Нысан
Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.10.2024 № 852 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қайда ___________________ | |
________________________ | |
Кімге ____________________ | |
(бастамашының мекенжайы | |
және анықтау деректері) |
Хабарлама
Сіздің 20__жылғы "__" ____ өтінішіңізге _____ ұсынылған құжаттардың толық
болмауына байланысты _____________________________________________
_________________________________ құжаттарды толық көлемде ұсынбауға
байланысты Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне), ішкі
суларына шығуға рұқсаттама беруден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз
__________________________________________________________________
(шағын көлемді өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты)
кеменің (құралдардың) және мұз үстімен қозғалу құралдарының түрі)
______________________________________ аумақтық бөлімше бастығы
(лауазымды тұлғаның қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
20___ жылғы "___" ___________ (күні, айы, жылы)
М.О.
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҰҚСАТТАМА түбіршегінің № ______ (корешок пропуска) |
РҰҚСАТТАМА №________ (пропуск) |