Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Рұқсаттама беру тәртібі";
4-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Енгізілетін ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық бөлімшесімен үш жұмыс күні ішінде келісілуге тиіс.
7. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған фактілер анықталған жағдайда Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуды одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Рұқсаттама беруді Шекара қызметі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта портал арқылы жүзеге асырады.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Нысан
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама алуға ұсыну
_________________________________ аумақтық бөлімше бастығына М.О. |
(екінші жағы)
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығу үшін рұқсаттамалар алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың) тізімі
Р/с № | Т.А.Ә. (бар болса) | Туған жылы, күні, айы, | Тұратын жерінің мекенжайы | Жұмыс орны, лауазымы | Жеке басын куәландыратын құжаттың № | Азаматтығы | Ескертпе |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 |
Жиыны: ___________________________________________________________ (адамдардың жалпы саны – жазбаша)
Бұл ретте мынадай техникалық құралдар тартылатын болады:
Р/с | Техникалық құралдардың атауы | Мемлекеттік тіркеу нөмірі | Капитанның Т.А.Ә. (бар болса) | Ескертпе |
1 | ||||
2 |
Нысан
Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама
Қайда ___________________ | |
________________________ | |
Кімге ____________________ | |
(бастамашының мекенжайы | |
және анықтау деректері) |
Хабарлама
Сіздің 20__жылғы "__" ____ өтінішіңізге _____ ұсынылған құжаттардың толық
болмауына байланысты _____________________________________________
_________________________________ құжаттарды толық көлемде ұсынбауға
байланысты Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне), ішкі
суларына шығуға рұқсаттама беруден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз
__________________________________________________________________
(шағын көлемді өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты)
кеменің (құралдардың) және мұз үстімен қозғалу құралдарының түрі)
______________________________________ аумақтық бөлімше бастығы
(лауазымды тұлғаның қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
20___ жылғы "___" ___________ (күні, айы, жылы)
М.О.