Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 281 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитін қамтамасыз ету туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Юрьевич Волковқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Жоба

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 281 қаулысымен 
мақұлданған     

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және
Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы
Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен
қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына
байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
жүктің/арнайы жүктің транзитін қамтамасыз ету туралы келісім

      Бұдан әрі «Қазақстан тарапы» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және бұдан әрі «Британ тарапы» деп аталатын Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі, бірлесе «Тараптар» деп аталатындар,
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1368 (2001), 1373 (2001), 1386 (2001), 1444 (2002), 1510 (2003), 1536 (2004), 1589 (2005), 1623 (2005), 1659 (2006), 1707 (2006), 1776 (2007), 1833 (2008) және 2011 (2011) қарарларының ережелерін назарға ала отырып; және
      Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға жәрдемдесудің қажеттілігін ұғына отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін онда пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      а) «транзит» – осы Келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүкті/арнайы жүкті Тараптардың көліктік-экспедициялық компаниялары көрсететін қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы теміржолмен/теңіз жолымен осы Келісімнің 3-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген өткізу пункттері арқылы алып өту;
      b) «жүк» – 2-қосымшада көрсетілген мүлікті қоспағанда, Британ тарапының теміржолмен/теңіз жолымен тасымалданатын 1-қосымшада көрсетілген мүлкі;
      с) «арнайы жүк» – 2-қосымшада көрсетілген мүлікті қоспағанда, Британ тарапының теміржолмен тасымалданатын кез келген мүлкі;
      d) «көліктік-экспедициялық агенттік» – Тараптар атынан транзитті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге уәкілетті агенттік/компания;
      e) «өткізу пункті» – осы Келісімге сәйкес транзитті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде шекаралық, кедендік бақылаудан және қажет болған кезде, бақылаудың басқа да түрлерінен өтуге арналған теміржол станциясы, порт шегіндегі аумақ немесе кез келген арнайы жабдықталған аумақ.

2-бап

      1. Осы Келісім Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарды қолдау мақсатында Британ тарапының ілесіп жүретін персоналынсыз жүктің/арнайы жүктің транзитін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      Тасымалдауға декларацияланған барлық жүктер/арнайы жүктер Британ тарапының жүктері/арнайы жүктері ретінде мәлімденуге тиіс.
      2. Жүктерді/арнайы жүктерді тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптардың көліктік-экспедициялық агенттіктері/компаниялары арасында жасалатын шарттар негізінде жүргізіледі.
      Тасымалдау кезінде жүктер/арнайы жүктер арнайы контейнерлерде болуға тиіс. Доңғалақты брондалған техника мен көлік құралдары қару-жарақсыз, оқ-дәрісіз, оқталатын бөліксіз, нысанасыз және оны ұрыста пайдалануға арналған басқа компоненттерсіз және брезентпен жабылып тасымалдануға тиіс.
      Транзитті іске асыру кезінде жүктерді/арнайы жүктерді күзетуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан тарапы жүзеге асырады.

3-бап

      1. Транзит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек осы Келісімнің мақсаттары үшін ғана және осы баптың 4-тармағына сәйкес Қазақстан тарапының уәкілетті органы берген рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
      2. Арнайы жүктердің транзиті мынадай өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады:
      a) Ресей Федерациясына/Ресей Федерациясынан: Илецк/Жайсаң;
      b) Өзбекстан Республикасына/Өзбекстан Республикасынан: Сарыағаш/Келес;
      c) Қырғыз Республикасына/Қырғыз Республикасынан: Қайыңды/Чалдавар (пайдалануға берілуіне қарай).
      3. Жүктердің транзиті мынадай өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады:
      a) Ресей Федерациясына/Ресей Федерациясынан: Илецк/Жайсаң;
      b) Өзбекстан Республикасына/Өзбекстан Республикасынан: Сарыағаш/Келес және/немесе Бейнеу/Қарақалпақия;
      c) Қырғыз Республикасына/Қырғыз Республикасынан: Қайыңды/Чалдавар (пайдалануға берілуіне қарай);
      b) Ақтау портына/Ақтау портынан.
      4. Транзитке рұқсат алу үшін Британ тарапы жүктер/арнайы жүктер Қазақстан Республикасының аумағына кірген күнге дейін 30 жұмыс күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан тарапына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тиісті сұрау салуды жібереді.

4-бап

      Осы Келісімге сәйкес транзитті жүзеге асыру кезінде Британ тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және Қазақстан Республикасының ішкі істеріне араласпауға міндетті.

5-бап

      1. Қазақстан тарапының, егер транзиттің осы Келісімге сәйкес келмейтіні немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретіні анықталған болса, транзитке рұқсат беруден бас тартуға немесе транзитке рұқсаттың қолданысын тоқтатуға құқығы бар.
      2. Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған жағдайда транзитке рұқсаттың күші жойылады.
      3. Транзитке рұқсаттың қолданысы тоқтатылған жағдайда, Британ тарапы жүктер/арнайы жүктер Қазақстан Республикасына транзитті аяқтау мүмкіндігінсіз әкелінген өткізу пункті арқылы оларды кері қайтаруды өз есебінен қамтамасыз етеді.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында бір мезгілде болатын жүктердің/арнайы жүктердің жалпы саны бір теміржол составымен қатаң шектелуге тиіс.
      5. Жүктерді теңіз жолымен әкету Қазақстан тарапына қатысты емес мән-жайлар бойынша кідіртілген жағдайда Қазақстан тарапы рұқсат беруді уақытша тоқтата тұру құқығын өзінде қалдырады.

6-бап

      Транзит кезінде жүктер/арнайы жүктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шекаралық және кедендік бақылаудан, қажет болған кезде бақылаудың басқа да түрлерінен өткізіледі.
      Егер жүк/арнайы жүк мәлімделген мәліметтерге сәйкес келмейді деп пайымдауға негіздер болса, ол толық тексеріп қарауды жүргізу үшін (ішінара немесе толық) түсірілуі не ол транзитті аяқтау мүмкіндігінсіз келген өткізу пункті арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге қайтарылуы мүмкін.

7-бап

      1. Британ тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптардың көліктік-экспедициялық агенттіктері/компаниялары арасында жасалған шарттар негізінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитіне байланысты барлық шығындарды өзі көтереді.
      2. Жүкті/арнайы жүкті тасымалдау бойынша көрсетілетін теміржол қызметтерінің құны Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің темір жолдарын жалға алу жылына арналған халықаралық бағыттарда жүктерді тасымалдаудың тарифтік саясатына сәйкес белгіленеді.
      3. Ақтау порты көрсететін қызметтердің құны Қазақстан тарапының тиісті органдары мақұлдаған тарифтерге сәйкес белгіленеді.

8-бап

      1. Тараптар осы Келісімнің шеңберінде жүзеге асырылатын транзитке қатысты алған ақпарат осындай ақпаратты берген Тараптың жазбаша келісімінсіз, үшінші тарапқа жария етілмеуге тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағы Тараптардың кез келгені осы Келісімнің шеңберінде транзит процесіне тартылған заңды ұйымдарға ұсынатын ақпаратқа қатысты қолданылмайды.

9-бап

      Транзитті жүзеге асырған кезде Британ тарапының кінәсінен қазақстандық заңды және жеке тұлғаларға келтірілген залалды Британ тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан тарапына өтейді.

10-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға және түсіндіруге байланысты Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі және олар шешілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

11-бап

      Осы Келісім Тараптар мемлекеттері қатысушысы болып табылатын кез келген халықаралық шарттарға қатысты Тараптардың кез келгенінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етпейді.

12-бап

      Британ тарапы Қазақстан тарапының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мүлікті өтеусіз негізде не номиналды құны бойынша беру арқылы техникалық жәрдем көрсете алады. Мүліктің тізбесі және оны қабылдап алу-беру тәртібі Тараптардың қорғаныс ведомстволарымен келісілетін болады.
      Мүлікті беру Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің заңнамасына қайшы келмейтін экспорт қағидалары және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін импорт қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

13-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

14-бап

      1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Келісім 1 жыл мерзімге жасалады, Тараптардың біреуі кезекті бір жылдық мерзім аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірмей, екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы оның қолданылуын ұзартпау ниеті туралы жазбаша хабарламаны жібермейінше, оның қолданылуы автоматты түрде ұзартылады.
      Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, 78 және 9-баптарда көзделген міндеттемелер, егер Тараптар өзгеше уағдаласпайтын болса, қолданысын жалғастырады.
      20 __ жылғы « __ » ______ ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының   Ұлыбритания және Солтүстік
          Үкіметі үшін                 Ирландия Құрама
                                  Корольдігінің Үкіметі үшін

201 _ жылғы «___» __________ Қазақстан     
Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания    
және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің 
Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік
Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштерінің 
Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру және
қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға
қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитін 
қамтамасыз ету туралы келісімге        
1-қосымша                  

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы теміржолмен/теңіз
жолымен транзитке рұқсат етілген мүліктің тізбесі

СЭҚ ТН сәйкес коды

Жүктің атауы

8803 10 000 0
8803 20 000 0
8803 30 000 0

әуе винттері және негізгі винттер және олардың бөлшектері
шассилер және олардың бөлшектері
ұшақтар мен тікұшақтардың бөлшектері, басқалар

7309, 7310, 7311

цистерналар, бактар және қара металдардан жасалған осыған ұқсас ыдыстар, барабандар, канистрлер, жәшіктер және осыған ұқсас ыдыстар, сығымдалған және сұйытылған газға арналған ыдыстар

8407

айналмалы немесе қайталап түсетін қозғалысты поршеньді ұшқындап от алатын іштен жану қозғалтқыштары

8408

қысымнан жалын шығаратын поршеньді іштен жану қозғалтқыштары (дизельдер немесе жартылай дизельдер)

4011, 4012

шиналар мен пневматикалық резеңке покрышкалар

8708, 8803

көлік құралдары мен ұшу аппараттарына арналған доңғалақтар

7007

нығыздалған (шыңдалған) немесе көп қабатты шыныны қоса алғанда, қауіпсіз шыны

6306

брезенттер, өрелер, тенттер; шатырлар.

8501
8511

электр двигательдері және генераторлары (мысалы, тұрақты және ауыспалы ток)

8421

су тазартатын жүйелер

9405

жарықтандыру жүйелері

9401, 9403, 9404

жиһаз, төсек-орын жабдықтары

9402

медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз (мысалы, операцияға арналған үстелдер, қарап-тексеруге арналған үстелдер, механикалық қондырғылары бар ауруханалық төсектер, стоматологиялық креслолар); шаштараздық креслолар және айналуға және бір уақытта еңкейту мен көтеруге арналған қондырғылары бар осыған ұқсас креслолар; жоғарыда аталған бұйымдардың бөлшектері

9018

сцинтиграфиялық аппаратураны қоса алғанда, медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда қолданылатын аспаптар мен құрығылар, өзге де электромедициналық аппаратура және көздің қарашығын зерттеуге арналған аспаптар

9022

рентгенографиялық немесе радиотерапевтік аппаратураны, рентгендік түтіктерді және өзге де рентгендік сәулелену генераторларын, жоғары кернеулі генераторларды, басқару қалқандары мен пульттерін, тексеруге немесе емдеуге арналған экрандарды, үстелдерді, креслоларды қоса алғанда, рентгендік, альфа-, бета- немесе гамма- сәулеленуді пайдалануға негізделген, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық пайдалануға арналған немесе арналмаған аппаратура

8516 60

өзге де пештер; электр плиталары, электр плиткалары, ас пісіретін электр қазандары

6911, 6912, 6913, 7013, 8215

ыдыс-аяқ, асханалық аспаптар

6101, 6102, 6201-6215, 6309, 6401-6405

киім-кешек, аяқкиім

* Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін Қазақстанның СЭҚ ТН-на сәйкес тауарлар кодын да, оған көрсетілген тауар атауын да пайдалану қажет.

201_жылғы «___» __________ Қазақстан       
Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания      
және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің   
Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік   
Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштерінің   
Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру және
қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға 
қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының  
аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитін   
қамтамасыз ету туралы келісімге      
2-қосымша                    

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке тыйым
салынған Британ тарапы мүлікінің тізбесі

СЭҚ ТН сәйкес коды

Мүліктің атауы

3601 00 000 0

оқ-дәрі

3602 00 000 0

оқ-дәріден басқа, дайын жарылғыш заттар

2801, 2804, 2805, 2806, 2807, 2808, 2811, 2812

хлор, тығыздығы 1.87 және одан да көп күкірт қышқылы, тығыздығы 1,4 және одан да көп азот қышқылы, тығыздығы 1,15 және одан да көп тұз қышқылы, хлорсульфон қышқылы, сулема, сары фосфор, күкіртті газ, көмірсутек тотығы, көгертетін қышқыл, балқытылған қышқыл, күкіртсутек, фосген, хлор қоспасы, дифосген, мышъякты ангидрид

2903, 2303, 2904, 2915, 2922, 2926, 2931, 2939

бромметил, хош иісті қатарындағы нитро- және аминқосындылары, дихлорэтан, хлорпикрин, күкірт қышқылының хлорангидриді, күкіртті қышқылдың хлорангидриді, пирокүкіртті қышқылдың хлорангидриді, акрил қышқылының нитрилі, тетраэтилді қорғасын, алкалоидтер

3808, 3808

алдрин, дилдрин

3603 00

от өткізгіш шнурлар; тұтандыратын шнурлар; соққылаушы немесе тұтандыратын капсюлдер; запалдар; электр тұтандырғыштары

3604 90 000 0

белгі беретін зымырандар, жаңбыр зымырандары, тұманға қарсы белгілер және басқа да пиротехникалық бұйымдар

8471, 8443

үстелге қойылатын компьютерлер, ноутбуктар, алмалы-салмалы ақпарат тасығыштар, принтерлер

8517, 8526, 8527

факстар, тактикалық радиобайланыс құралдары, телефондар, радарлар және радионавигациялық жабдық

8526

қару-жарақ пен әскери техниканы ұрыста қолдану, әскерді, қару-жарақты және әскери техниканы басқару, сондай-ақ әскерлерді алыстан әскери басқару үшін пайдаланылатын радиолокациялық, радионавигациялық аппаратура және алыстан басқару радиоаппаратурасы

8710 00 000 0

танктер

8802

ұшу аппараттары (тікұшақтар мен ұшақтар); ғарыш аппараттары (спутниктерді қоса алғанда) және суборбиталық және ғарыштық зымырантасығыштар

8906

еспелі қайықтардан басқа, әскери кемелер және құтқарушы кемелер, қосымша әскери кемелер

9013

қару-жарақтарда орнатуға арналған телескопиялық нысаналар; перископтар; машиналардың бөлшектері ретінде жасалған көру түтіктері немесе, егер олар атыс қаруына орнатылмаса немесе олар орнатылуға тиісті атыс қаруымен бірге жүрмесе, қару-жарақпен бірге пайдаланылуы мүмкін басқа да көру түтіктері; егер олар атыс қаруына орнатылмаса немесе олар орнатылуға тиісті атыс қаруымен бірге жүрмесе, қару-жарақпен бірге пайдаланылуы мүмкін лазерлі нысаналар

9301

револьверлерден, пистолеттерден және Сыртқы экономикалық қызметтің 9307 тауарлық номенклатурасының қару-жарағынан басқа әскери үлгідегі қару-жарақ

9302 00 000 0

9303 және 9304 тауарлық позицияға кіретіндерден басқа, револьверлер және пистолеттер

9303

атыс қаруы және жарылғыш зат зарядын пайдалану арқылы қолданылатын атыс қаруы және басқа да құрылғылар

9304

9307 тауарлық позицияда көрсетілгеннен басқа қару-жарақ (мысалы, серіппелі, пневматикалық немесе газды мылтықтар және пистолеттер, жуан таяқтар)

9305

9301 – 9303 тауарлық позицияларда көрсетілген бұйымдарға қосалқы бөлшектер

9306

бомбалар, гранаталар, торпедолар, миналар, зымырандар және ұрыс қимылдарын жүргізуге арналған осыған ұқсас құралдар және олардың бөлшектері; патрондар, снарядтар, патрондарға арналған бытыраны және тығындарды қоса алғанда, басқа оқ-дәрілер мен олардың бөліктері, сондай-ақ тегіс стволды қару-жараққа арналған патрондар және олардың бөлшектері

9307

қылыштар, семсерлер, алдаспандар, найзалар, сүңгілер және осыған ұқсас қару, аталған қарудың бөлшектері, қынаптары мен қаптары

* Осі тізбені қолдану мақсаттары үшін Қазақстанның СЭК ТН-на сәйкес тауарлар кодын да, оған көрсетілген тауар атауын да қолдану қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады