«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне 2014 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2014 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 2014 жылғы 10 шілдеден және 2015 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 289 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі
кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.06.2014 № 700; 30.06.2014 № 747 қаулыларымен.
№ |
Іс-шара |
Аяқтау нысандары |
Орындауға жауаптылар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету |
Заңға тәуелді актілер |
ЭБЖМ, |
1-тоқсан |
2 |
Әкімшілік әділет жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар |
Әділетмині, |
1-тоқсан |
3 |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 747 қаулысымен. |
|||
4 |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу |
Заң жобасы |
Әділетмині |
2-тоқсан |
5 |
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу |
Заң жобасы |
ӨДМ |
2-тоқсан |
6 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу |
Заң жобасы |
ТМРА |
2-тоқсан |
7 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу |
Заң жобасы |
Әділетмині |
2-тоқсан |
8 |
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.06.2014 № 700 қаулысымен. |
|||
9 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу |
Заң жобасы |
ЭБЖМ |
3-тоқсан |
10 |
Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ІІМ, |
3-тоқсан |
11 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу |
Заң жобасы |
БҒМ |
3-тоқсан |
12 |
Еңбек және әлеуметтік заңнаманы оларды одан әрі саралау бөлігінде жетілдіру; |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат |
Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
3-тоқсан |
13 |
2030 жылға дейінгі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі тұжырымдаманы қабылдауды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
3-тоқсан |
14 |
Адам құқықтары жөнiндегі Уәкiл институты қызметінің тиімділігін арттыру мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
Адам құқықтары жөніндегі комиссия (келісім бойынша) |
3-тоқсан |
15 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын талқылау |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның талқылау қорытындылары бойынша шешімі |
Әділетмині |
3-тоқсан |
16 |
Мемлекеттік органдардың «электрондық үкімет» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің спектрін кеңейту мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
БАА, |
4-тоқсан |
17 |
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне тиімді сыртқы бақылауды енгізу мәселелерін пысықтау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
МҚІА, |
4-тоқсан |
18 |
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің спектрін кеңейту үшін құқықтық реттеуді қалыптастыру |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
БАА, |
4-тоқсан |
18-1 |
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу |
Кодекс жобасы |
Әділетмині |
4 тоқсан |
19 |
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын (жаңа редакция) әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу |
Кодекс жобасы |
ЖС (келісім бойынша) |
4-тоқсан |
20 |
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін тәжірибелік пайдалануға енгізу |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат |
Әділетмині |
4-тоқсан |
21 |
Жаңа формациядағы заңгер кадрларды даярлау бөлігінде заң білімін беруді жетілдіру мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
БҒМ, |
4-тоқсан |
22 |
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларын іске асыру бойынша шараларды қабылдау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
Әділетмині, |
4-тоқсан |
23 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу |
Заң жобасы |
ҚОСРМ |
4-тоқсан |
24 |
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу |
Заң жобасы |
Еңбекмині |
4-тоқсан |
25 |
Судьялар жұмысының сапасына және жауапкершілігіне қатысты талаптарды бір мезгілде қатаңдата отырып, олардың қызметтерінің әлеуметтік және материалдық жағдайларын арттыру жөніндегі ұсынымдарды пысықтау (зейнетақы жүйесін жаңғырту шеңберінде) |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЖС (келісім бойынша), |
4-тоқсан |
26 |
Соттарды ақпараттық дүңгіршектермен одан әрі жарақтандыру |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЖС |
4-тоқсан |
27 |
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
Әділетмині |
4-тоқсан |
28 |
Жекеше сот орындаушы қызметін жүзеге асыратын адамдар санын арттыру |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
Әділетмині |
Жыл бойы |
29 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында үкіметтік емес сектор өкілдерінің санын арттыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
Әділетмині |
Жыл бойы |
30 |
Азаматтықты және қазақстандық отансүйгіштікті насихаттауға, Конституцияға, республиканың заңдары мен мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі негізде жүргізу |
Дәрістер, |
Әділетмині, |
Жыл бойы |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі
ҚОСРМ – Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су
ресурстары министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ТМРА – Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі
ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
ЖСК – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі
МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
БАА - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат
агенттігі
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы