Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 289 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (келісім бойынша):
      1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне 2014 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2014 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 2014 жылғы 10 шілдеден және 2015 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 289 қаулысымен      
бекітілген        

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі
кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.06.2014 № 700; 30.06.2014 № 747 қаулыларымен.

Іс-шара

Аяқтау нысандары

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету

Заңға тәуелді актілер

ЭБЖМ,
ІІМ,
Еңбекмині

1-тоқсан

2

Әкімшілік әділет жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

Әділетмині,
ЖС (келісім бойынша),
БП (келісім бойынша),
МҚІА (келісім бойынша),
ЭБЖМ

1-тоқсан

3

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 747 қаулысымен.

4

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

2-тоқсан

5

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

ӨДМ

2-тоқсан

6

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

ТМРА

2-тоқсан

7

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

2-тоқсан

8

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.06.2014 № 700 қаулысымен.

9

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

ЭБЖМ

3-тоқсан

10

Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ІІМ,
ДСМ,
мүдделі мемлекеттік органдар

3-тоқсан

11

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

БҒМ

3-тоқсан

12

Еңбек және әлеуметтік заңнаманы оларды одан әрі саралау бөлігінде жетілдіру;
әлеуметтік әріптестікті қолдану саласын және оның құралдарын кеңейту;
акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлғалар жүзеге асыратын еңбек қызметінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың қатысуы мәселелерін құқықтық реттеуді қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат

Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар

3-тоқсан

13

2030 жылға дейінгі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі тұжырымдаманы қабылдауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар

3-тоқсан

14

Адам құқықтары жөнiндегі Уәкiл институты қызметінің тиімділігін арттыру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Адам құқықтары жөніндегі комиссия (келісім бойынша)
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (келісім бойынша)

3-тоқсан

15

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын талқылау

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның талқылау қорытындылары бойынша шешімі

Әділетмині

3-тоқсан

16

Мемлекеттік органдардың «электрондық үкімет» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің спектрін кеңейту мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БАА,
мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

17

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне тиімді сыртқы бақылауды енгізу мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

МҚІА,
ЭБЖМ,
мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

18

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің спектрін кеңейту үшін құқықтық реттеуді қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БАА,
ЭБЖМ,
мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

18-1

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Кодекс жобасы

Әділетмині

4 тоқсан

19

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын (жаңа редакция) әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Кодекс жобасы

ЖС (келісім бойынша)

4-тоқсан

20

Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін тәжірибелік пайдалануға енгізу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат

Әділетмині

4-тоқсан

21

Жаңа формациядағы заңгер кадрларды даярлау бөлігінде заң білімін беруді жетілдіру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ,
мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

22

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларын іске асыру бойынша шараларды қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині,
мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

23

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

ҚОСРМ

4-тоқсан

24

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

Еңбекмині

4-тоқсан

25

Судьялар жұмысының сапасына және жауапкершілігіне қатысты талаптарды бір мезгілде қатаңдата отырып, олардың қызметтерінің әлеуметтік және материалдық жағдайларын арттыру жөніндегі ұсынымдарды пысықтау (зейнетақы жүйесін жаңғырту шеңберінде)

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЖС (келісім бойынша),
ЖСК (келісім бойынша),
Еңбекмині,
ЭБЖМ

4-тоқсан

26

Соттарды ақпараттық дүңгіршектермен одан әрі жарақтандыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЖС
(келісім бойынша)

4-тоқсан

27

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Әділетмині

4-тоқсан

28

Жекеше сот орындаушы қызметін жүзеге асыратын адамдар санын арттыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині

Жыл бойы

29

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында үкіметтік емес сектор өкілдерінің санын арттыру

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Әділетмині

Жыл бойы

30

Азаматтықты және қазақстандық отансүйгіштікті насихаттауға, Конституцияға, республиканың заңдары мен мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі негізде жүргізу

Дәрістер,
БАҚ-та сөз сөйлеу

Әділетмині,
орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

Жыл бойы

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині  – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Еңбекмині   – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
              қорғау министрлігі
Қаржымині   – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ЭБЖМ        – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік
              жоспарлау министрлігі
ӨДМ         – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі
ҚОСРМ       – Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су
              ресурстары министрлігі
БҒМ         – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ІІМ         – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ДСМ         – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ТМРА        – Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
              агенттігі
ЖС          – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
ЖСК         – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі
МҚІА        – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
              агенттігі
БАА         - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат
              агенттігі
БП          – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады