Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1547 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 81, 1056-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 15 және 16-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 39-1, 39-2-жолдармен толықтырылсын:
«
39-1 |
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі |
Әділетмині |
қыркүйек |
қазан |
желтоқсан |
З.Х. Баймолдина |
39-2 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Әділетмині |
қыркүйек |
қазан |
желтоқсан |
З.Х. Баймолдина |
»;
2) «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 289 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 8-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 18-1-жолмен толықтырылсын:
«
18-1 |
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу |
Кодекс жобасы |
Әділетмині |
4 тоқсан |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов