Бизнесті қолдаудың бірінші кезектегі шараларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 471 қаулысы

      2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды сапалы орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бизнесті қолдаудың бірінші кезектегі шараларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша):
      1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жинақтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 11 мамырдағы
№ 471 қаулысымен   
бекітілген     

Бизнесті қолдаудың бірінші кезектегі шараларын іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжанатын шығыстар

1

2

3

4

5

6

1

ЭЫДҰ елдерінде қолданылатын Стандартты шығындар үлгісіне сәйкес мөлшерлігіне (шағын, орта, ірі) қарай жеке кәсіпкерлік субъектілеріне – рұқсаттар алушыларға сауалнама жүргізу арқылы бизнес шығасыларының нақты көлемін айқындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы маусым

2014 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты шегінде 001 «Өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жерді тиімді пайдалану мен қорғауға жағдай жасау, геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қызметін үйлестіру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы шеңберінде 15 000 мың теңге көзделген

2

Рұқсат беру жүйесіне реформа жүргізудің нәтижелері бойынша бизнес шығасылары көлемінің қысқаруына бағалау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

3

Қолданыстағы және енгізуге жоспарланып отырған реттегіш құралдардың реттегіш әсер етуін талдауды енгізу жөніндегі шараларды қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы  шілде

Талап етілмейді

4

Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құзыретін кеңейту туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ӨДМ

2014 жылғы

мамыр

Талап етілмейді

5

Дүниежүзілік Банктің «Бизнесті жүргізу» рейтингісі бойынша 2016 жылға дейін алғашқы 30 елдің қатарына енуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мен іске асыруды бастау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі

ӨДМ, Қаржымині, ЭБЖМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

6

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне

және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне түсініктемелер әзірлеу

Кодекстерге түсініктемелер

Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

7

Кәсіпкерлік субъектілерінің табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділігінің тең шарттарын қамтамасыз ету бөлігінде заңнаманың сақталуына талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ТМРА, БҚА, ККМ, ИЖТМ, ӨДМ, Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

8

Салық және кедендік даулар, сондай-ақ бәсекені қорғау, табиғи монополияларды реттеу, экология және техникалық реттеу салаларындағы даулар бойынша апелляциялық комиссиялардың жұмыс істеу тетігі бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Қаржымині, ЭБЖМ, БҚА, ТМРА, ӨДМ, БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

9

Халықаралық төреліктерді реттей отырып, аралық соттар институтының құқықтық режимін теңестіру бөлігінде оларды күшейту бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Әділетмині, ЖС (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

10

ҰКП сайтында ЕурАзЭҚ елдерінің заңнамасына бірыңғай қолжетімділік нүктесін құру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰКП  (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

11

Бизнес саласында зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша ұсыныстар енгізу

Әділетминіне ұсыныстар

ҰКП  (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

12

Өңірлер, мамандықтар және кәсіптер бөлінісінде еңбек нарығының экономикалық қызмет түрлері бойынша таяудағы бес жылдағы кадр қажеттілігін айқындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині, БҒМ, ИЖТМ, ӨДМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

13

Мектеп оқушыларын ерте кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

14

Кәсіптік-техникалық білім беруде әлемдік стандарттарды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, Еңбекмині, ИЖТМ, АШМ, ЭБЖМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

15

Біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледжердің мамандар даярлауға қатысуын көздейтін Дуальді білім беру жүйесінің жол картасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

БҒМ, ҰКП (келісім бойынша), ӨДМ, ИЖТМ, ЭБЖМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

16

Бірқатар мемлекеттік колледждерді салалық қауымдастықтардың, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, ірі, оның ішінде шетел қатысатын кәсіпорындардың сенімгерлік басқаруына беру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ҰКП (келісім бойынша), ЖАО

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

17

Кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесін заманауи талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, ҰКП (келісім бойынша), ЭБЖМ, Еңбекмині, ӨДМ

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

18

Оқытуға, кадрларды даярлау мен қайта даярлауға бөлінетін жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қаражатын тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, ИЖТМ, МГМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

19

Жұмыс берушілер мен салалық қауымдастықтар тарапынан ЖОО-лардың тәуелсіз рейтингі әдістемесін әзірлеу

БҒМ-ге ұсыныстар

ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

20

ҰКП даму стратегиясын әзірлеу

Стратегия жобасы

ҰКП (келісім бойынша), ӨДМ, ЭБЖМ

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

21

Өңірлік деңгейде диалогтық алаңдардың ревизиясын жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰКП (келісім бойынша), ЖАО

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

22

Кемінде 50% бизнес өкілдігін қамтамасыз ете отырып, өңірлік деңгейдегі консультативтік-кеңесші органдардың құрамдарын қайта қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰКП (келісім бойынша), ЖАО

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

23

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ҰКП-мен өзара іс-қимылының бірыңғай тәртібіне қатысты ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

24

Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің ұлттық тұжырымдамасын әзірлеу

Тұжырымдама жобасы

ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

25

Қазақстандық кәсіпкердің ар-намыс кодексін әзірлеу

ҰКП төралқасының шешімі

ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

26

Кәсіпкерлердің құқықтары жөніндегі уәкіл институтының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзірлеу

Заң жобасы

ӨДМ, Әділетмині, ЭБЖМ, БП (келісім бойынша) ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы шілде

Талап етілмейді

27

ҰКП-ге кіретін салалық қауымдастықтар жанынан жұмыс берушілердің арнайы орталықтарын құру

ҰКП төралқасының шешімі

ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы тамыз

Талап етілмейді

28

Өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзірлеу

Заң жобасы

ӨДМ, Әділетмині, ЭБЖМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы қараша

Талап етілмейді

29

Эндаумент-қорларды құру және олардың жұмыс істеу тетіктері бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

30

Бизнес-оқытуды ұйымдастыру мәселелерін үйлестіруді ҰКП-ге бекіте отырып, қолданыстағы қолдау құралдарының шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін бизнес-мектепті, оның ішінде барлық аудан орталықтарында тәлімгерлік жүйесін (коучинг) пайдалана отырып ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, ЖАО, ҰКП (келісім бойынша), «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

31

Мемлекеттік бизнесті қолдау бағдарламаларының тиімділігін бағалауға қойылатын бірыңғай тәсілдерді әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, ҰКП (келісім бойынша), ЭБЖМ, ИЖТМ, АШМ, Еңбекмині

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

32

Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ӨДМ, ЭБЖМ, ИЖТМ,ҰКП (келісім бойынша), АШМ

2014 жылғы

желтоқсан

Талап етілмейді

33

Шағын және орта бизнестің мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқару холдингтерінің сатып алуына қатысуға қолжетімділігін ұлғайту жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Қаржымині, ЭБЖМ, ИЖТМ, МГМ, ҰКП (келісім бойынша),«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы

мамыр

Талап етілмейді

34

Жүйе құраушы және ірі кәсіпорындар айналасында әріптестік бағдарламаларды міндетті іске асыру тетігін енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ӨДМ, ЭБЖМ, ИЖТМ, Қаржымині, Әділетмині, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

35

Бизнестің ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындауға қатысуының арнайы бағдарламасын әзірлеу

Бағдарлама жобасы

«Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша),  ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы шілде

Талап етілмейді

36

ШОБ жәрдемдесуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарын құру мақсатында ИТЖМ және ҰКП сайттарында Индустрияландыру картасы жобаларының ТЭН-ін орналастыру (жобаларға иелік етушілермен келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИТЖМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы қазан

Талап етілмейді

37

Жекешелендірудің екінші толқынын іске асыруға ҰКП белсенді қатысуы кезінде кәсіпкерлердің осы процеске қатысу шарттарының ашықтығы мен тең қолжетімділігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, Қаржымині, ӨДМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

38

Капиталдың амнистиясы туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзірлеу

Заң жобасы

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

39

Даму институттары қызметінің бизнес-процестері мен негізгі көрсеткіштерін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

40

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұлғасында бизнес-қауымдастықтың даму институттарының басқару мен органдарына қатысуы жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

41

Орталық және өңірлік деңгейлерде «Даму» КДҚ» АҚ кредиттік комитеттеріне қатысу үшін квота белгілеу арқылы ҰКП өкілдерін кәсіпкерлерге кепілдіктер беру кезінде шешімдер қабылдау процесіне қатысу тетігін құру жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ұсыныстар

ҰКП (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

42

Жоғары технологиялы және өнімділігі жоғары бизнес-жобалардың шикізат пен ресурстарға қолжетімділігі бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИЖТМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

43

Еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша заманауи технологияларды енгізу бөлігінде бизнесті қолдау бағдарламаларындағы өзгерістерге қатысты ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИЖТМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

44

Бекітілген бюджеттер шеңберінде технологияларды сатып алуға инновациялық гранттар ұсыну арқылы инновациялық жобаларды қолдауды қамтамасыз етуге қатысты мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы шілде

Талап етілмейді

45

Бекітілген бюджеттер шеңберінде инновациялық гранттар ұсыну арқылы нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруды бірлесіп қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы шілде

Талап етілмейді

46

Отандық кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды табысты іске асыру үлгілерін, оның ішінде мемлекеттік қолдау құралдарын қолдана отырып іске асырылған үлгілерді насихаттаудың жүйелі тетігін әзірлеу

Қазақстан Республикасының

Үкіметіне

ақпарат

ӨДМ, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

47

Инновациялық шеберханаларды құру және олардың кейінгі жұмыс істеуі жөнінде, оның ішінде бекітілген бюджеттер шегінде инновациялық гранттар ұсыну арқылы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИЖТМ

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

48

ШОБ инвестициялық бағдарламалары үшін әлеуетті қызығушылық тудыратын перспективалық нарықтар мен бос тауашаларды дамытудың жай-күйі туралы зерттеу жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰКП (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

ӨДМ

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

ИЖТМ

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

МГМ

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ККМ

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЭБЖМ

Қазқастан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Әділетмині

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

БҚА

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі

ТМРА

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

ЖС

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

БП

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ҰБ

Қазақсатн Республикасының Ұлттық Банкі

«Астана EXPO – 2017» ҰК» АҚ

«Астана EXPO – 2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

«Даму» КДМ» АҚ

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

ҰКП

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ЖОО

жоғары оқу орындары

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

ШОБ

шағын және орта бизнес

ЭДЫҰ

Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы

ЕурАзЭҚ

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық

ТЭН

техникалық-экономикалық негіздеме

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады