Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1080 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Жоба

2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы

ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
      қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауда ынтымақтастықты дамытуға маңызды мән бере отырып және өзара іс-қимыл жасауды үйлестіруге ұмтыла отырып,
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің қалыптасуы мен даму қажеттілігін негізге ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:
      1-бап
      2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесі туралы ереженің 5-тарауына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 5.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеңестің қызметін ұйымдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді Хатшылық жүзеге асырады.
      Кеңестің шешімі бойынша Хатшылықтың функцияларын, оның ішінде тұрақты негізде, осы Келісімге қатысушы мемлекеттің қаржы барлау бөлімшелерінің бірі орындайды. Осы функцияларды қаржы барлау бөлімшесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп орындайды.
      Хатшылықтың басшысы Хатшылықтың функцияларын орындау жүктелген қаржы барлау бөлімшесінің өкілі, ал Хатшылық басшысының орынбасары - ТМД Атқарушы комитетінің өкілі болып табылады».
      2. 5.3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редақцияда жазылсын:
      «Хатшылықтың басшысын Хатшылықтың функцияларын орындау жүктелген қаржы барлау бөлімшесі басшысының ұсынуы бойынша Кеңес бекітеді».
      2-бап
      Осы Хаттама қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Мемлекетішілік рәсімдерді кейін орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      2014 жылғы 10 қазанда Минск қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Келісімнің түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
 
 

      Әзербайжан Республикасы үшін
      Армения Республикасы үшін
      Беларусь Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін
      Қырғыз Республикасы үшін
      Молдова Республикасы үшін

Ресей Федерациясы үшін
Тәжікстан Республикасы үшін
Түрікменстан үшін
Өзбекстан Республикасы үшін
Украина үшін

О внесении на рассмотрение Президента Республики Казахстан предложения о подписании Протокола о внесении изменений в Соглашение об образовании Совета руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств от 5 декабря 2012 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2014 года № 1080

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан предложение о подписании Протокола о внесении изменений в Соглашение об образовании Совета руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств от 5 декабря 2012 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Проект           

ПРОТОКОЛ
о внесении изменений в Соглашение об образовании
Совета руководителей подразделений финансовой разведки
государств-участников Содружества Независимых Государств
от 5 декабря 2012 года

      Государства-участники Содружества Независимых Государств, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      придавая важное значение развитию сотрудничества и стремясь к координации взаимодействия в противодействии легализации (отмыванию) преступных доходов и финансированию терроризма,
      исходя из необходимости становления и развития Совета руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств,
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Внести в раздел 5 Положения о Совете руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств, являющегося неотъемлемой частью Соглашения об образовании Совета руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств от 5 декабря 2012 года, следующие изменения:
      1. Пункт 5.1 изложить в следующей редакции:
      «Организационно-техническое и информационное обеспечение деятельности Совета осуществляется Секретариатом.
      По решению Совета функции Секретариата, в том числе на постоянной основе, выполняет одно из подразделений финансовой разведки государства-участника настоящего Соглашения. Данные функции выполняются подразделением финансовой разведки совместно с соответствующим структурным подразделением Исполнительного комитета Содружества Независимых Государств.
      Руководителем Секретариата является представитель подразделения финансовой разведки, на которое возложено выполнение функций Секретариата, а заместителем руководителя Секретариата – представитель Исполнительного комитета СНГ».
      2. Абзац первый пункта 5.3 изложить в следующей редакции:
      «Руководитель Секретариата утверждается Советом по представлению руководителя подразделения финансовой разведки, на которое возложено выполнение функций Секретариата».

Статья 2

      Настоящий Протокол временно применяется с момента подписания и вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием третьего уведомления о выполнении подписавшими его Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Для Сторон, выполнивших внутригосударственные процедуры позднее, настоящий Протокол вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием соответствующих документов.

      Совершено в городе Минске 10 октября 2014 года в одном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр хранится в Исполнительном комитете Содружества Независимых Государств, который направит каждому государству-участнику Содружества Независимых Государств, подписавшему настоящий Протокол, его заверенную копию.

За Азербайджанскую Республику

За Российскую Федерацию

За Республику Армения

За Республику Таджикистан

За Республику Беларусь

За Туркменистан

За Республику Казахстан

За Республику Узбекистан

За Кыргызскую Республику

За Украину

За Республику Молдова