Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.
К. Мәсімов |
Жоба |
2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауда ынтымақтастықты дамытуға маңызды мән бере отырып және өзара іс-қимыл жасауды үйлестіруге ұмтыла отырып,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің қалыптасуы мен даму қажеттілігін негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесі туралы ереженің 5-тарауына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 5.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңестің қызметін ұйымдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді Хатшылық жүзеге асырады.
Кеңестің шешімі бойынша Хатшылықтың функцияларын, оның ішінде тұрақты негізде, осы Келісімге қатысушы мемлекеттің қаржы барлау бөлімшелерінің бірі орындайды. Осы функцияларды қаржы барлау бөлімшесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп орындайды.
Хатшылықтың басшысы Хатшылықтың функцияларын орындау жүктелген қаржы барлау бөлімшесінің өкілі, ал Хатшылық басшысының орынбасары - ТМД Атқарушы комитетінің өкілі болып табылады».
2. 5.3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редақцияда жазылсын:
«Хатшылықтың басшысын Хатшылықтың функцияларын орындау жүктелген қаржы барлау бөлімшесі басшысының ұсынуы бойынша Кеңес бекітеді».
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кейін орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2014 жылғы 10 қазанда Минск қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Келісімнің түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.