2015 жылғы 20 қаңтарда Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда 2015 жылғы 20 қаңтарда Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiндегі үкiметтiк комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылсын.
2. Комиссия дереу жұмысқа кiрiсiп, ұшақтың құлауы себептерiн жан-жақты тексеруді қамтамасыз етсін, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссия төрағасы Ж.М. Қасымбек ұшақтың құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру нәтижелері мен қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 11 қаулысына
қосымша
Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық
жазатайым оқиғаның себептерiн тексеру жөнiндегi үкiметтiк
комиссияның құрамы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.03.2015 № 117 қаулысымен.
Қасымбек |
Қазақстан Республикасының |
Мұқтыбаев |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар |
Тілеуғалиев |
Қазақстан Республикасының Бас көлік |
Орынбеков |
Жамбыл облысы әкімінің бірінші |
Арғындыков |
Қазақстан Республикасының Денсаулық |
Бейсен |
Қазақстан Республикасы Денсаулық |
Данилов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер |
Арғынбаев |
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер |
Аққұлов |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар |
Шүлімбеков |
«Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын |
Круч |
«ОлимпЭйр» авиакомпаниясы» ЖШС |
Бижанова |
«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Құқықтық бақылау департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Тілемісов |
«Кәсіп Қазақмыс» тау-кен, металлургия және аралас өндірістері қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша). |