"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 87 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2014 года № 16 "О подписании Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Беларусь о производственной и научно-технической кооперации организаций оборонных отраслей промышленности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 87

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2014 года № 16 «О подписании Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Беларусь о производственной и научно-технической кооперации организаций оборонных отраслей промышленности» следующее изменение:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Уполномочить заместителя Министра обороны Республики Казахстан Сауранбаева Нурлана Ермековича подписать от имени Правительства Республики Казахстан Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Беларусь о производственной и научно-технической кооперации организаций оборонных отраслей промышленности, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов