Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
2. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов