Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 122 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1594 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 90, 1097-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1595 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 90, 1098-құжат);
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1595 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 643 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 388-құжат);
4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1594 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 687 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 43, 405-құжат).