Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 122 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 122 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1594 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 90, 1097-құжат);
      2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1595 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 90, 1098-құжат);
      3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1595 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 643 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 388-құжат);
      4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1594 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 687 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 43, 405-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады