"2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы"
2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу;
2) әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 241 қаулысымен бекітілген |
Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға нысаналы трансферт қаражатын бөлу
Ескерту. Қаражат бөлу жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.12.2015 № 1005 қаулысымен.
Р/с № | Жобаның атауы | Қаржыландыру көлемі, мың теңге | Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі | Халықаралық қаржы ұйымы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. ХҚҰ-дан үкіметтік қарыз тарту арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге | ||||
1. | Орталық – Оңтүстік "Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай – Алматы" дәлізін реконструкциялау, "Қарағанды – Бурылбайтал" учаскесі | 169 633 | ИДМ | ДБ |
2. | "Орталық – Батыс" дәлізін реконструкциялау | 134 589 | ИДМ | ДБ |
3. | "Ресей Федерациясының шекарасы (Орскіге) – Ақтөбе – Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға)" автомобиль жолын реконструкциялау, "Атырау – Астрахань" учаскесі | 56 087 | ИДМ | ИДБ |
2. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге | ||||
1. | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қарыз беру жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге | 3 173 455 | ҰЭМ | ЕҚДБ |
2. | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АДБ арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберіндегі үкіметтік қарыз жобаларын дайындауға және сүйемелдеуге | 375 000 | ҰЭМ | АДБ |
3. ХҚҰ-дан сыртқы үкіметтік қарыз тарту арқылы іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға | ||||
1. | Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру | 267 623 | АШМ | ДБ |
2. | "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының 2-фазасы | 692 126 | АШМ | ДБ |
4. ХҚҰ-дан байланысты гранттар тарту арқылы жүзеге асырылатын техникалық көмек іс-шараларын іске асыруға | ||||
1. | ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламасын іске асыру | 1 063 986 | ҰЭМ | ЕҚДБ |
2. | Шағын бизнесті қолдау бағдарламасының шеңберінде "Бизнестегі әйелдер" кіші бағдарламасын іске асыру | 1 525 672 | ҰЭМ | ЕҚДБ |
3. | "Қазақстан Республикасында құрамында тұтқыр органикалық ластағыштар бар қалдықтарды жою" жобасы | 5 705 | ЭМ | ДБ |
5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері | ||||
Қызылорда облысы | 472 035 | ҰЭМ | ЕҚДБ | |
1. | Қызылорда қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу мен реконструкциялау | 315 039 | ҰЭМ | ЕҚДБ |
2. | Қызылорда қаласын жылумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау | 156 996 | ҰЭМ | ЕҚДБ |
6. ХҚҰ тарту арқылы концессиялық жобаларды дайындауға | ||||
1. | "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу және пайдалануға беру" концессиялық жобасын консалтингтік сүйемелдеу | 64 089 | ИДМ | ДБ |
Барлығы | 8 000 000 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 241 қаулысымен бекітілген |
Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражаттарын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әріптестік туралы негіздемелік келісімдер - Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер;
2) бағдарламалық жоба - институционалдық дамытуға бағытталған сыртқы қарыздар қаражаты есебінен іске асырылатын іс-шаралар жиынтығы;
3) байланысты гранттар - грант ұсынған донордан Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейіннен қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар;
4) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды - бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына ықпалы мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан қорытындысы;
5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар - әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қарыз беру есебінен іске асыру жоспарланған жобалар;
6) мандат-хат - әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде келісілген шарттармен жобаны іске асыру үшін кредиттік және (немесе) гранттық қаржыландыру ұсыну мүмкіндігі туралы халықаралық қаржы ұйымының ниет білдіру хаты;
7) Үйлестіру кеңесі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесі;
8) үкіметтік қарыз жобалары - әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарыз беру арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялық және бағдарламалық жобалар;
9) үшжақты келісімдер – республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері негіздемелік келісімдер шеңберінде нысаналы даму трансферттері мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландырылатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілетін қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен жасасатын келісімдер;
10) халықаралық қаржы ұйымы (бұдан әрі - ХҚҰ) - Қазақстан Республикасының Үкіметіне сыртқы қарыз және/немесе грант түрінде, заңды және/немесе жеке тұлғаларға қарыз және/немесе кредит, кредиттік желілер, грант, техникалық көмек түрінде қаржылық немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 576 қаулысымен.3. Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферт қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде Қазақстанды дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасында көзделген жобаларды іске асыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаражат бөлу жолымен жүзеге асырылады.
4. Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражаты 073 "Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету" деген (бұдан әрі - бөлінетін бюджеттік бағдарлама) бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі) бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.
5. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрі - БИЖ) техникалық экономикалық негіздемелерін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеуді және БИЖ ТЭН қажетті сараптамаларын өткізуді, үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындау мен сүйемелдеуді, ХҚҰ-ларды тарту арқылы концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға, сондай-ақ ХҚҰ-дан байланыс гранттарын тарту арқылы үкіметтік қарыз жобалары мен техникалық көмек көрсету іс-шараларын және үшжақты келісімдер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалардың іске асырылуын қоса қаржыландыруға бағытталған.
6. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру мыналарға:
1) ХҚҰ-дан сыртқы үкіметтік қарыз тарту арқылы іске асыру жоспарланған БИЖ ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге;
2) ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алу жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге;
3) ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім шеңберінде іске асырылатын үкіметтік қарыз жобаларын және ХҚҰ-дан байланысты гранттар тарту арқылы жүзеге асырылатын техникалық көмек көрсету іс-шараларын іске асыруға;
4) үшжақты келісімдердің шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын дамытуға және ұлғайтуға арналған нысаналы даму трансферттері түрінде;
5) ХҚҰ-ны тарту арқылы концессиялық жобаларды дайындауға арналған бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 576 қаулысымен.7. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 614 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісім шеңберінде іске асырылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы Техникалық ынтымақтастық бағдарламасын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 желтоқсандағы № 1285 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде іске асырылатын Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 605 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы қол қойылған меморандум шеңберінде іске асырылатын Азия даму банкімен бірігіп тәжірибе мен білім алмасу бағдарламасын қамтиды.
8. Әзірленуін, сүйемелденуі мен іске асырылуын бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен қаржыландыру немесе қоса қаржыландыру жоспарланған барлық жобалардың іске асыру орындылығын айқындау үшін олар Үйлестіру кеңесінің мақұлдауына шығаруға жатады.
9. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше қағидалар белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес сатып алу ХҚҰ толығымен немесе ішінара қаржыландыратын мемлекеттік, оның ішінде өңірлік және/немесе қалалық, және/немесе жеке секторлардың ұйымдары үшін тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және/немесе қызметтер көрсетуге арналған кез келген шарттар бойынша жүргізіледі.
2. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін қаражаттарды пайдалану және бөлу тәртібі
10. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражатын бөлу үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (бұдан әрі - РББӘ) бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бюджеттік заңнамаға сәйкес бюджеттік өтінім жібереді.
11. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен іске асыру жоспарланатын жобалардың тізбесін қалыптастырады және оны кейіннен Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - РБК) қарауына енгізу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
12. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын РББӘ арасында тиісті қаржы жылына бөлу РБК мақұлдаған жобалар тізбесі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.
13. Үкіметтік қарыз алынған жағдайда, Қазақстан Республикасы ХҚҰ-мен қарыз туралы келісім жасасады.
Байланысты грант тартылған жағдайда, техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісім жасалады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері қарыз тартқан жағдайда, үшжақты келісімдер жасалады.
Үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін қажетті келісімдердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түрлерін жасасуға жол беріледі.
14. Үшжақты келісімге және/немесе келісімдердің заңнамада көзделген өзге де түрлеріне қол қойылғаннан кейін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 5 (бес) күн мерзімде қол қойылған келісімнің көшірмесін бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жолдайды.
15. Ақша қаражатын алғаннан кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі - ББӘ) БИЖ ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындауды және сүйемелдеуді, ХҚҰ-дан байланысты гранттар тарту арқылы жүзеге асырылатын техникалық көмек іс-шараларын іске асыруды және ХҚҰ-ны концессиялық жобалар дайындауға тартуды қамтамасыз етеді.
16. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, РББӘ бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін тиісті бюджетті соңғы нақтылағанға дейін қайтаруды қамтамасыз етеді.
Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізумен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бөлінетін бюджеттік бағдарламаны қайта қалпына келтіру арқылы пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару жүзеге асырылады.
3. ХҚҰ-дан сыртқы үкіметтік қарыз тарту арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық- экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға арналған қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі
17. ХҚҰ-дан сыртқы үкіметтік қарыз тарту арқылы іске асыру жоспарланған БИЖ ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында (бұдан әрі - Инвестициялық жобалар жөніндегі қағидалар) белгіленген талаптарға қосымша ретінде ХҚҰ-дан мандат-хаттың болуы міндетті болып табылады.
ХҚҰ-дан мандат-хат пен мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының болуы сыртқы үкіметтік қарыз тарту арқылы іске асырылатын БИЖ ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру шығыстарын жоспарлау үшін негіз болып табылады.
18. БИЖ ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға РББӘ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне өтінімдер береді.
19. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының, РББӘ қаржыландыруға арналған өтінімінің және техникалық тапсырманың негізінде бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен іске асыру жоспарланған жобалардың тізбесін қалыптастырады және оларды осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына шығарады.
20. РБК мақұлдаған БИЖ ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.
21. РББӘ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген бөлу негізінде БИЖ ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қамтамасыз етеді.
22. БИЖ ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге бөлінген қаражатты игеру кезеңі бір жылдан астам болуы мүмкін, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.
4. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындау мен сүйемелдеуді қаржыландыруға арналған қаражатты пайдалану тәртібі
23. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде жоспарланған үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындау және сүйемелдеу - бұл қаржы-экономикалық негіздемені және/немесе техникалық-экономикалық зерттеуді әзірлеу; ХҚҰ айқындайтын тәртіппен тендерлік рәсімдер жүргізу бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар.
24. Үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындау мен сүйемелдеуді қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
25. Ынтымақтастық бағдарламалары есебінен іске асыру жоспарланатын үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындауды және сүйемелдеуді қаржыландыру үшін ХҚҰ-ның мандат-хаты негіз болып табылады.
26. ХҚҰ мен мемлекеттік органдардың өтінімдері негізінде ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламаларының шеңберінде дайындалуы мен сүйемденуі қаржыландырылатын үкіметтік қарыз жобалары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды Үйлестіру кеңесі мақұлдайды және олар ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.
27. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын бөлу үшін бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі дайындалуы мен сүйемелденуі ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламаларының шеңберінде қаржыландырылатын жобалардың тізбесін қалыптастырады және оларды осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына жібереді.
28. Жоба бойынша көрсетілетін қызметтердің негізділігін есептеу ХҚҰ рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
29. РБК мақұлдаған үкіметтік қарыз жобалары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындау мен сүйемелдеуді қаржыландыруға бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.
30. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі ХҚҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімде көзделген тәртіппен ХҚҰ-ның банктік шотына аудару жолымен ақша қаражатын ХҚҰ-ға ұсынады.
Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне банктік шотқа аударылатын барлық қаражат аударымдары ХҚҰ-ның төлем тапсырмасын ұсынуы бойынша жүргізіледі.
ХҚҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімінің ережелеріне сәйкес ХҚҰ шоттың басқарушысы және оған билік етуші болады.
5. Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде іске асырылатын үкіметтік қарыз жобаларын және ХҚҰ-дан байланысты гранттарды тарту арқылы жүзеге асырылатын техникалық көмек көрсету іс-шараларын іске асыруға арналған қаражаттарды пайдалану және бөлу тәртібі
31. Үкіметтік қарыз жобаларын және ХҚҰ-дан байланысты гранттарды тарту арқылы жүзеге асырылатын техникалық көмек корсету іс-шараларын (бұдан әрі - техникалық көмек көрсету іс-шараларын) қоса қаржыландыру бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
32. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес РББӘ үкіметтік қарыз жобаларын және техникалық көмек көрсету іс-шараларын қаржыландыруға арналған өтінімдерін бөлінетін бюджет бағдарламаның әкімшісіне ұсынады.
33. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінетін бюджеттік бағдарлама шеңберінде қоса қаржыландыруға жататын жобалар тізбесін қалыптастырады және осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен оны РБК қарауына жібереді.
34. РБК мақұлдаған үкіметтік қарыз алу жобалары мен техникалық көмек көрсету іс-шараларын қаржыландыруға бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.
6. Үшжақты келісімдердің шеңберінде квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын
ұлғайтуға нысаналы даму трансферттері түрінде бөлінетін
қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі
Ескерту. 6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 576 қаулысымен.
35. Үшжақты келісімдер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар) қаржыландыру үшжақты келісімге қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 576 қаулысымен.36. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Инвестициялық жобалар жөніндегі қағидаларда белгіленген тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар бойынша қажетті құжаттаманы әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.
37. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Инвестициялық жобалар жөніндегі қағидаларға сәйкес бюджеттік инвестициялар бөлінісінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларын қарайды және экономикалық қорытынды дайындайды.
38. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі:
1) объектілер бөлінісінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомасын көрсете отырып өтінімді;
2) жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды;
3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерін;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындыларын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындыларды;
5) тиісті атқарушы органның салалық қорытындысын;
6) ТЭН және ТЭН-ге кешенді ведомстволықтан тыс сараптаманың қорытындысын (бар болса);
7) жобалау-сметалық құжаттама және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстволықтан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын (бар болса) тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.
39. Тиісті РББӘ осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын қоса бере отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды қоса қаржыландыруға арналған өтінімді бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жолдайды.
40. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар тізбесін қалыптастырады және осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен РБК қарауына шығарады.
41. РБК мақұлдаған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды қоса қаржыландыруға бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.
6. ХҚҰ тарту арқылы концессиялық жобаларды дайындауға арналған қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі
42. ХҚҰ тарту арқылы концессиялық жобаларды дайындау (бұдан әрі - концессиялық жобаларды дайындау) Қазақстан Республикасының Үкіметі әріптестік туралы негіздемелік келісімдер жасасқан ХҚҰ (оның ішінде олар тартқан консультанттар) өз рәсімдеріне сай көрсететін қызметтерді білдіреді.
Концессиялық жобаларды дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтер концессиялық ұсыныстар, конкурстық құжаттамалар, концессиялық шарттардың жобаларын не олардың жекелеген бөліктерін әзірлеуді, конкурсқа қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтиды.
43. ХҚҰ-дан мандат-хат пен мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытынды концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыру үшін негіз болып табылады.
44. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындаған концессиялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны тарту ХҚҰ-ның концессиялық жобаларды дайындауды жүзеге асыруы кезіндегі міндетті шарт болып табылады.
45. Республикалық концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын ағымдағы қаржы жылы ішінде РББӘ арасында бөлу есебінен жүзеге асырылады.
46. Жергілікті концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарлама шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жүргізіледі.
47. Концессиялық жобаларды дайындау үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу;
2) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу;
3) концессионерді таңдау бойынша конкурстық рәсімдер және концессия шартын жасасу.
48. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі дайындауды қажет ететін жергілікті концессиялық жобалар бойынша ұсыныстар әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.
49. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган дайындауды қажет ететін жергілікті концессиялық жобалар бойынша ұсыныстарды қарайды және тиісті орталық мемлекеттік органға жібереді.
50. РББӘ жергілікті концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға арналған өтінімді бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жолдайды.
51. Республикалық концессиялық жобалар бойынша РББӘ концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға арналған өтінімді бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жолдайды.
52. Жергілікті және республикалық концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға арналған өтінім 1-қосымшаға сәйкес жасалады және мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
1) концессиялық жобаның атауы;
2) бюджет қаражатын алушы туралы ақпарат;
3) көрсетілетін қызмет түрлері және олардың құны;
4) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытындының нөмірі мен күні.
ХҚҰ тарапынан концессиялық жобаны қоса қаржыландыру болған жағдайда, қоса қаржыландырудың көлемі мен қоса қаржыландыруға жататын қызметтердің түрлерін көрсету қажет.
Өтінімге:
1) мынадай негізгі мәліметтер:
көрсетілетін қызметтерді тартудың мақсаты мен міндеттері;
қызметтер көрсетудің мерзімдері;
қызметтер көрсетудің тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторларын) көрсетілуге тиіс қызметтер көрсету жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы;
2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметтердің негізділігін есептеу ХҚҰ беретін бағаларға сәйкес жүзеге асырылады.
53. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісі концессиялық жобаларды дайындау бойынша жобалар тізбесін қалыптастырады және осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен оны РБК қарауына шығарады.
54. РБК мақұлдаған концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.
7. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептілік беру тәртібі
55. РББӘ бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы есепті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін ұсынады.
Есепке орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның бірінші басшысының орынбасары қол қояды.
Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есеп:
1) бекітілген жоспарға/кестеге сәйкес іс-шаралардың нақты орындалғаны туралы (нәтижелерге қол жеткізілу сатылары);
2) нәтижелерге қол жеткізілмеген жағдайда, қол жеткізілмеу себептері туралы;
3) қаржыландыру көздерінің бөлінісінде бекітілген жоспарға/кестеге сәйкес бөлінген қаражаттың есепті кезең ішінде игерілуі туралы;
4) қаржыландыру көздерінің бөлінісінде жоба іске асырыла бастағаннан бері бөлінген қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты қамтуға тиіс;
5) жоба бойынша қаражатты игеру жоспарынан/кестесінен қалыс қалған жағдайда, олардың себептері, сондай-ақ ұсынылатын шешу жолдары көрсетіледі.
Концессиялық жобаларды дайындау бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімнің нысаны
1. | Концессиялық жобаның атауы | |
2. | Бюджет қаражатын алушы | |
3. | Көрсетілетін қызметтердің түрлері мен олардың құны | |
4. | Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытындының нөмірі мен күні | |
5. | ХҚҰ тарапынан жобаны қоса қаржыландырудың болуы: - құны; - қаржыландыруға жататын көрсетілетін қызметтердің түрлері. | |
6. | Мемлекеттік органдағы байланысқа шығатын адамдар |