Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 241 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға нысаналы трансферт қаражатын бөлу осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1005 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 241 қаулысымен
бекітілген
Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға нысаналы трансферт қаражатын бөлу
Р/с |
Жобаның атауы |
Қаржыландыру көлемі, мың теңге |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі |
Халықаралық қаржы ұйымы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. ХҚҰ-дан үкіметтік қарыз тарту арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге |
||||
1. |
Орталық – Оңтүстік «Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай – Алматы» дәлізін реконструкциялау, «Қарағанды – Бурылбайтал» учаскесі |
169 633 |
ИДМ |
ДБ |
2. |
«Орталық – Батыс» дәлізін реконструкциялау |
134 589 |
ИДМ |
ДБ |
3. |
«Ресей Федерациясының шекарасы (Орскіге) – Ақтөбе – Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға)» автомобиль жолын реконструкциялау, «Атырау – Астрахань» учаскесі |
56 087 |
ИДМ |
ИДБ |
2. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге |
||||
1. |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қарыз беру жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге |
3 173 455 |
ҰЭМ |
ЕҚДБ |
2. |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АДБ арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберіндегі үкіметтік қарыз жобаларын дайындауға және сүйемелдеуге |
375 000 |
ҰЭМ |
АДБ |
3. ХҚҰ-дан сыртқы үкіметтік қарыз тарту арқылы іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға |
||||
1. |
Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру |
267 623 |
АШМ |
ДБ |
2. |
«Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасының 2-фазасы |
692 126 |
АШМ |
ДБ |
4. ХҚҰ-дан байланысты гранттар тарту арқылы жүзеге асырылатын техникалық көмек іс-шараларын іске асыруға |
||||
1. |
ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламасын іске асыру |
1 063 986 |
ҰЭМ |
ЕҚДБ |
2. |
Шағын бизнесті қолдау бағдарламасының шеңберінде «Бизнестегі әйелдер» кіші бағдарламасын іске асыру |
1 525 672 |
ҰЭМ |
ЕҚДБ |
3. |
«Қазақстан Республикасында құрамында тұтқыр органикалық ластағыштар бар қалдықтарды жою» жобасы |
5 705 |
ЭМ |
ДБ |
5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері |
||||
Қызылорда облысы |
472 035 |
ҰЭМ |
ЕҚДБ |
|
1. |
Қызылорда қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу мен реконструкциялау |
315 039 |
ҰЭМ |
ЕҚДБ |
2. |
Қызылорда қаласын жылумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау |
156 996 |
ҰЭМ |
ЕҚДБ |
6. ХҚҰ тарту арқылы концессиялық жобаларды дайындауға |
||||
1. |
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу және пайдалануға беру» концессиялық жобасын консалтингтік сүйемелдеу |
64 089 |
ИДМ |
ДБ |
Барлығы |
8 000 000 |
---|