Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 699 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2022 № 699 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру Кеңесі) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Үйлестіру Кеңесінің жұмыс органы болып айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 632 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.10.2015 № 876; өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 26.01.2018 № 34; 15.05.2019 № 288; 20.06.2019 № 423; 27.09.2019 № 718; 29.04.2022 № 268 қаулыларымен.

      Қазақстан тарапынан:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының президенті (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

      Халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан:

      Дүниежүзілік Банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасындағы Ислам Даму Банкінің Өңірлік өкілдігінің директоры (келісім бойынша)

      Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан бойынша директоры (келісім бойынша)

      Азия Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры (келісім бойынша)

      Шығыс көршілер мен Орталық Азия елдеріне кредит беру жөніндегі Еуропа инвестициялық банкінің басқарушы кеңесшісі (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады