"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкметінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 391 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші
деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен
активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 10 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 24 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 59-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде салымдар енгізуге жол берілмейді. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, серіктестікке қатысушылардың талаптарын есепке жатқызу жолымен салымдар енгізуге жол берілмейді.»;
      2) 132-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Құжаттық нысанда шығарылған атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (цессияны) басқаға беру үшiн белгiленген тәртiппен берiледi. Бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес тиісті талапты орындау үшiн емес, оның жарамсыздығы үшiн жауаптылықта болады.»;
      3) 282-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ақшалай мiндеттеменi орындау үшiн жеткiлiксiз төленген төлемнiң сомасы тараптардың өзге келісімi болмаған жағдайда, ең алдымен негізгі борыш және сыйақы (мүдде) бойынша барлық берешекті, ағымдағы кезеңдегі негізгі борышты және сыйақыны (мүддені), ал қалған бөлігінде – кредитордың орындауды алу бойынша тұрақсыздық айыбы мен шығындарын өтейдi.»;
      4) 292-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, негізгі міндеттеменің тоқтатылуы оны қамтамасыз ететін міндеттеменің тоқтатылуына әкеп соқтырады.».
      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 10 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 24 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 728-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «728-бап. Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың ерекшелiктерi
      Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың мынадай ерекшелiктерi бар:
      1) банк немесе уәкiлеттi мемлекеттік органның ақшалай нысанда қарыз беруге лицензиясы бар өзге де заңды тұлға банктік қарыз шарты бойынша қарыз берушi ретінде әрекет етеді;
      2) микрокредитті беру шарты бойынша микроқаржы ұйымы қарыз беруші ретінде әрекет етеді;
      3) алдағы уақытта берiлуi мүмкiн ақша банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың нысанасы болып табылады. Соңғы жағдайда, егер осы шарттарда өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт олар жасалған кезiнен бастап (осы Кодекстiң 393-бабының 1-тармағы) күшiне енген болып есептеледi;
      4) банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады;
      5) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шартында, микрокредит беру туралы шартта банктің немесе уәкілетті мемлекеттік органның ақшалай нысанда қарыз беруге лицензиясы бар өзге де заңды тұлғаның, микроқаржы ұйымының шарт талаптарын біржақты өзгерту құқығын көздейтін талап қамтылмайды;
      6) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктік қарыз шартына осы Кодекстің 722-бабы 2-тармағының ережелері қолданылмайды;
      7) осы Кодекстің 722-бабы 3 және 4-тармақтарының ережелері қарыз алушы қарыз, микрокредит нысанасының кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақы төлеу үшін белгіленген мерзімді күнтізбелік қырық күн мерзімнен асырып бұзған кезде банктік қарыз шартына, микрокредит беру туралы шартқа қолданылады.
      Банктерге осы банк эмитенті болып табылатын акциялармен қамтамасыз етілген қарыздар не осы акцияларды сатып алуға арналған қарыздар беруге тыйым салынады.
      8) осы Кодекстің 381 және 388-баптарының ережелері банк заңнамасында және Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, банктік қарыз беру шартына, микрокредит беру туралы шартқа қатысты қолданылады.»;
      2) 830-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруына байланысты сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi алған лауазымды адамдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру брокерлерінің қызметкерлері, сақтандыру агенттері және өзге де адамдар оларды жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылықта болады.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру холдингіне – сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерін есептеу, сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру мақсаттары үшін;».
      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 жылғы 24 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 92-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Кепіл мүлкін өндіріп алу нәтижесінде екінші деңгейдегі банктің меншігіне қабылданған жер учаскесін екінші деңгейдегі банктен мәжбүрлеп алып қоюды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес онда жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асыруға болмайды.
      Жер учаскесін иеліктен шығару осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім аяқталғаннан кейін жүзеге асырылмаған жағдайда, жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Екінші деңгейдегі банк жер учаскесін иеліктен шығарған жағдайда, жаңа құқық иеленуші үшін игеру мерзімі осы Кодекстің 92-бабының нормаларына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкiмдерi, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары немесе арнайы экономикалық аймақтың басқару органы айқындайтын бастапқы мерзім ретінде белгіленеді.».
      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат):
      21-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлікпен басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырады.
      Сенімгерлікпен басқару туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері бойынша қаржылық есептілік жасауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.»;
      5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 8-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;»;
      1) 10-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және провизиялары (резервтерi)»;
      бірінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алтын-валюта резервтерiн және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен кірісті есепке алуға арналған.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі залалдарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастырылады.»;
      3) 15-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
      1) банктердің ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу, ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
      2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын;
      3) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын;
      4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын;
      5) Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларын;
      6) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын;
      7) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын;
      8) ұлттық валютаның айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру қағидаларын;
      9) қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алу қағидаларын;
      10) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын;
      11) тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;
      12) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияны жүргiзуге арналған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды;
      13) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиялар берудің тәртібі мен шарттарын;
      14) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;
      15) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
      16) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;
      17) банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;
      18) Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларын;
      19) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;
      20) төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;
      21) Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол емес төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;
      22) төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты;
      23) клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын;
      24) Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын;
      25) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидаларын;
      26) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң вексельдерді есепке алу қағидаларын;
      27) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидаларын;
      28) төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды;
      29) Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;
      30) банк шотын тікелей дебетке алу арқылы төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын;
      31) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлікпен басқару бойынша қызметті жүзеге асыру қағидаларын;
      32) Қазақстан Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын;
      33) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын;
      34) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау/қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын;
      35) вексельдер эмитенттерінің қаржылық жай-күйін талдау және бірінші сыныпты эмитенттердің вексельдерін қайта есепке алуға қабылдау лимиттерін белгілеу жөніндегі нұсқаулықты;
      36) Қазақстан Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізу қағидаларын;
      37) Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізу қағидаларын;
      38) Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын;
      39) Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын;
      40) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету қағидаларын;
      41) Қазақстан Республикасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде электрондық құжаттар алмасу қағидаларын;
      42) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;
      43) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін қағидаларды;
      44) Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;
      45) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;
      46) электрондық терминалдар мен қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылған төлемдер мен ақша аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын;
      47) экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын;
      48) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктерге, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға банк қарыздарын беру және өтеу қағидаларын;
      49) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;
      50) банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;
      51) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін;
      52) клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірменің мазмұнына қойылатын талаптарды;
      53) қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайтын қағидаларды;
      54) екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті ұсыну нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты;
      55) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
      56) Астана халықаралық қаржы орталығының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
      57) айырбастау пункттерi арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегiн белгiлеу қағидаларын;
      58) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын;
      59) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
      60) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуы қағидаларын;
      61) Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң валюталық операцияларының мониторингiн жүзеге асыру қағидаларын;
      62) банктердің металл шоттарды ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;
      63) бухгалтерлiк есеп мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде барлық қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, микроқаржы ұйымдары, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі қағидаларды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;
      64) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды;
      65) нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және оны ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын қаржылық есептiлiктi қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының ұсыну қағидаларын;
      66) жариялауға жататын қаржылық есептiлiктiң тiзбесiн және оны жариялау мерзімдерін қоса алғанда, жариялау тәртібі айқындалатын қаржылық есептiлiктi акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының жариялау қағидаларын;
      67) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлікпен басқару бойынша операцияларды есепке алу жөніндегі есеп саясатын;
      68) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;
      69) валюталық реттеу, қаржы ұйымдарынан қаржы нарығына шолуды қалыптастыру, қолма-қол ақша айналысы, ақша төлемдері мен аударымдары, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы нарығына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты және сұраныс пен ұсыныс көздерінің мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарын;
      70) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару нәтижелері туралы есепті;
      71) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау қағидаларын;
      72) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын;
      73) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын;
      74) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін қызметке тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын;
      75) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер не сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын;
      76) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді;
      77) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы және Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;
      78) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды;
      79) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;
      80) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;
      81) қаржы ұйымдарының қаржы қызметтерін тұтынушыларға ұсынуы үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің келісуі талап етілетін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін);
      82) Қазақстан Ұлттық Банкінің регламентін;
      83) қаржы ұйымдарының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының өз тұтынушыларына микрокредиттер ұсынуы үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің келісім беру қағидаларын;
      84) жеке тұлғаға берілген банктік қарызды және микрокредитті беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты көрсетілген қызметтері үшін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым және микроқаржы ұйымы алуға құқылы болатын комиссиялар мен тарифтердің тізбесін және атауын;
      85) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігіне және үздіксіз жұмысына қойылатын талаптарды;
      86) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін бекітеді.»;
      үшінші бөлікте:
      4) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алу, оның ішінде басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алу, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны немесе нысаны өзгерген кезде оларды ауыстыру туралы шешiмдер қабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлiнген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртiбiн белгiлейді;»;
      «16) Қазақстан Ұлттық Банкiнің, оның ведомстволары мен ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу талаптарын және Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметкерлерiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру талаптарын бекітеді;»;
      6) 19-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу мен жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібін айқындайды.»;
      7) 20-4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банктік холдингтердің, банктік конгломераттардың, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, төлем жүйелерін пайдаланушылардың, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) қызметіне тексеру жүргізуді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және әділ орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:
      1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;
      2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;
      3) тексерілетін субъектілерден алған қарыздары және тексерілетін субъектілердің алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелері туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.»;
      8) 30-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы алып тасталсын;
      9) 31-бап алып тасталсын;
      10) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-бап. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы және ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы ставкалары
      Қазақстан Ұлттық Банкi ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілейді.
      Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы ставкаларын қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан ақша-кредит саясатының шеңберінде белгілейді.»;
      11) 36-3-бап алып тасталсын;
      12) 42-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. Банкноттар мен монеталардың бейнесі және сипаты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»;
      13) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «45-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан алу
      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан алу тәртібі туралы шешімді Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»;
      14) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «47-бап. Жалған банкноттар мен монеталарды дайындағаны, сақтағаны және өткізгені үшiн жауапкершiлiк
      Жалған банкноттар мен монеталарды өткізу мақсатында жасап шығаруға, жалған банкноттар мен монеталарды өткізуге, сондай-ақ қолдағы ақшаның санкциясыз эмиссиясын iске асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қылмыстық және мүлiктiк жауаптылықта болады.»;
      15) 48-бапта:
      бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол емес төлемдердi жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.»;
      екінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.»;
      «Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:
      1) төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыруға;
      2) төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және олардың жұмыс істеуін тексеруге;
      3) төлемдер мен ақша аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
      4) төлем жүйелері қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.»;
      16) 51-2-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) жүйе құраушы қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады;»;
      17) 52-1-баптың 2) тармақшаcы алып тасталсын;
      18) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау жөніндегі өкілеттіктері
      1. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, төлемдер мен ақша аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік статистика, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің сақтауын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында көрсетілген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
      2. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, төлемдер мен ақша аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің сақтауын қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғамай, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолданады.
      3. Қазақстан Ұлттық Банкі бақылау мен қадағалауды осы Заңға сәйкес тексеру жүргізу нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
      19) 62-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «62-2-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі»;
      20) 62-3-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне ұсынуға міндетті құжаттардың тізбесі;».
      6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 2-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) банк конгломераты – банк холдингінен (бар болса) және банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары және (немесе) банк қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – банктік және өзге де қызметтер көрсетілетін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банктік және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымына ие болу және өмір бойы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы соттың күшіне енген шешімінің болмауын растайтын фактілердің болуы;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-1) қарызды қайта құрылымдау – қарыз алушының банктік қарыз шарты (шарттары) бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін, қаржылық және өзге де талаптарын тараптардың келісімі бойынша өзгерту;»:
      «15) тұтынушылық кредит – жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген кредиттерді, сатып алынатын автокөлікпен қамтамасыз етілетін қарыздарды, банктік салым шартына сәйкес банкте орналастырылған және берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақшамен қамтамасыз етілетін қарыздарды және білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, қарыз алушыға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға берілген кредит;»;
      2) 3-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде банк қызметiнiң мәселелерi бойынша реттеудi, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді.»;
      3) 5-1-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымды осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тиесілі уәкілетті орган құрады.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыруға:
      1) жарғылық капиталды құру үшін акциялар шығаруға, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруға;
      2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуға;
      3) күмәнді және үмітсіз активтердің, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының сапасына және оларды сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарына бағалау жүргізуге;
      4) банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін және өзге де талап ету құқықтарын сатып алуға, сондай-ақ оларды өткізуге;
      5) күмәнді және үмітсіз активтері сатып алынған банктер және (немесе) өзге де заңды тұлғалар шығарған және орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының және оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;
      6) заңды тұлғалардың, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның банктерден сатып алған талап ету құқығы қойылатын заңды тұлғалардың акцияларына және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестеріне иелік етуге және оларды сатуға;
      7) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтары сатып алынған банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алуға, оларды сенімгерлікпен басқаруға беруге және/немесе оларды сатуға;
      8) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның банктерден заңды тұлғаларға талап ету құқықтары бойынша сатып алған мүлікті жалға тапсыруға немесе осындай мүлікті өтеусіз уақытша пайдаланудың өзге нысанын пайдалануға;
      9) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым сатып алған талап ету құқықтарын және басқа да күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операцияларды жүргізуге;
      10) дербес, сондай-ақ банктермен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйымды құруға (иеленуге);
      11) бұрын күмәнді және үмітсіз активтер болып табылған, осы активтерді сатып алған бұрын банк және стрестік активтерді басқару жөніндегі ұйымдар болып табылған заңды тұлғалардан және екінші деңгейдегі банктерден активтерді сатып алуға және оларды сатуға;
      12) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттары талаптарының негізінде екінші деңгейдегі банктерге, уәкілетті органға және осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастыруға;
      13) төлемділік, мерзімділік және қайтарылымдылық талаптарымен, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерді, екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын ұйымдарды, заңды тұлғаларды, талап ету құқықтарын банктерден сатып алған екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
      14) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша ұйымдардың қызметтерін сатып алуға құқылы. Ұйымдардың сатып алынатын қызметтерін көрсету тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша айқындайды;
      15) екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алуға, сондай-ақ осы активтерді Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған кез келген тәсілдермен басқаруға байланысты өзге де қызметтің түрлерін жүзеге асыруға құқылы.»;
      4) 8-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйыммен бірлесіп құрылған (сатып алынған), күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдарды;»;
      5) 11-1-бапта:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) еншілес ұйымның жарғысы (бар болса) және құрылтай шарты немесе оны құрған жағдайда құру туралы шешім, оны сатып алған жағдайда еншілес ұйымның жарғысы (бар болса);»;
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;»;
      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап:
      1) көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резиденті банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне;
      2) осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптармен құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне иелік ету (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды жүзеге асырған жағдайда банктерге қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
      «15. Егер банк холдингі осы баптың шеңберінде еншілес қаржы ұйымын құрған (сатып алған) не капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасына қатысты қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуға иелік еткен жағдайда банк холдингіне еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға және (немесе) капиталға қомақты қатысуға рұқсатты қаржы ұйымының акцияларына заңнамада белгіленген мерзімде иелік ету, пайдалану және (немесе) басқару құқығын беретін тиісті құжатты бір мезгілде бере отырып, осы баптың шеңберінде тиісті құжаттар ұсынбай-ақ уәкілетті орган береді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдіретін тұлғаларға қолданылады.»;
      6) 11-2-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Банк екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйыммен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын ұйым құруға (сатып алуға) құқылы.
      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымды құру немесе сатып алу нәтижесінде осы ұйымның капиталына қомақты қатысу туындаған жағдайда осы қатысуға уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана рұқсат беріледі.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымның жарғылық капиталына салымы азаматтық заңнамада көрсетілгеннен басқа, банктердің күмәнді және үмітсіз активтері және (немесе) банктің екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым сатып алған күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтары болуы мүмкін.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым, осы баптың 4-тармағында көзделген қызметтің түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарға ақы төлеуге жіберілген ақшаны қоспағанда, өзінің қызметінен алынған ақшаны осы ұйымның қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналысында бекітілген күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген тәртіппен және мөлшерде өзінің қатысушыларына (акционерлеріне) аударуға міндетті.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы, сондай-ақ күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын, қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым:
      1) банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға және сатуға;
      2) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті және (немесе) сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге салынған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын сатып алуға және сатуға;
      3) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепіл (бас тарту төлемі немесе қамтамасыз ету) ретінде қабылдаған не кепілді өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жағдайларда оларды сатып алуға және сатуға;
      4) мүлікті өндіріп алу нәтижесінде оның меншігіне өткен, кепіл, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе банктен сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған мүлікті, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеусіз уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға;
      5) сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының немесе өзге де активтердің сапасын жақсарту мақсатында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйыммен бірлесіп құрылған (сатып алынған) ұйымның капиталына қомақты қатысуға арналған рұқсатты алуға берілетін өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 2), 3), 7), 10) және 11) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.
      Күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйыммен бірлесіп құрылған (сатып алынған) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Банктік қарыз шарттары бойынша банк берген талап ету құқықтары бойынша күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым болып табылатын күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын ұйым банктік қарыз операциялары жөніндегі кредиторлар (қарыз алушылар) болып танылады және банк талап ету құқығын ұйымның пайдасына берген банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болады.»;
      8 және 9-тармақтар алып тасталсын;
      7) 14-баптың 3-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «банк қорларын құру түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;»;
      8) 17-1-бапта:
      1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын өзіне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (банктің бұрын сатып алған акцияларының құны шегеріле отырып) банктің бұрын сатып алған және сатып алатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жағдайда, сыйға тарту шарты негізінде, осы баптың 16-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті оларға беру кезінде, мыналарды:
      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, банктің акцияларын сыйға тарту талаптары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
      2) осы баптың 4-тармағының 2), 3), 3-1), 3-2), 3-3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды;
      3) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.
      Бұл ретте банктің ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сыйға тарту шарты нәтижесінде банктің акцияларына ие болған жеке тұлға сыйға тарту шартын жасау немесе нотариат куәландырған күніне (егер қажет болса) мынадай талаптарды орындайды:
      1) жеке тұлғаға тиесілі мүліктің (банк бұрын сатып алған акциялардың құны шегеріле отырып) құны сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың және олар бұрын сатып алған банк акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс;
      2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақысы төленетін қызметтен алынған кірістері, сондай-ақ оның құжатпен расталған ақшалай жинақтары бағалаушы айқындаған банктің сыйға берілген акциялары құнының кемінде жетпіс бес пайызын құрайды.»;
      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк холдингі болғысы келетін тұлға осы баптың 5 – 7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа:
      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды;
      2) егер өтініш берушінің банк холдингі мәртебесіне ие болуы банк конгломератын қалыптастыруға әкеп соқтырса, банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есеп-қисабын табыс етеді.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган тұлғаның банк холдингі мәртебесін иеленуіне келісім берген кезде бір мезгілде банк капиталына қомақты қатысуына не еншілес банк құруына (иелік етуіне) рұқсат береді.»;
      16-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, көрсетілген тұлға жазбаша хабарлама алған кезден бастап алты айдың ішінде өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.»;
      18-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Банктің ірі қатысушысы – жеке тұлға өзіне тиесілі акциялар санын банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайтқан жағдайда, құжаттарға қосымша ретінде және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.»;
      9) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Банктің және банк холдингінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
      1. Банктің басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар өзге де басшылар, банктің бас бухгалтері банктің басшы қызметкерлері болып танылады.
      Банктің бас бухгалтері, сондай-ақ оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшылары және олардың бас бухгалтерлері банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.
      2. Банк қаржы жылы аяқталған соң уәкілетті органға күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банктің қаржы жылы ішінде банктің барлық басшы қызметкерлеріне төлеген кірістері туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті ұсынуға міндетті.
      Банктің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа түрлерін төлеу бойынша банктің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      3. Мыналар:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы баппен белгіленген еңбек стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында еңбек стажы жоқ;
      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға не соттың қаржы ұйымын еріксіз тарату туралы шешімі заңды күшіне енуіне әкеп соғатын оны лицензиясынан айыру туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысы - жеке тұлғасы, ірі қатысушы (банк холдингі) заңды тұлғасының басшысы, ірі қатысушысы - жеке тұлғасы болып табылған тұлға банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
      Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға не соттың қаржы ұйымын еріксіз тарату туралы шешімі заңды күшіне енуіне әкеп соғатын оны лицензиясынан айыру туралы не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
      Осы тармақшаның талаптары көрсетілген банктердің акцияларын осы Заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алғанға дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүзеге асырылған, дауыс беретін акцияларының елу және одан да астам пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;
      5) осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап ету уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.
      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға тәртіптік жауапкершілікке тартылған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;
      6) бұрын, қатарынан төрт кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген, не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген мөлшерін құрайтын, не шығарылған эмиссиялық қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын эмитент – заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.
      Осы тармақшаның талабы эмитент заңды тұлғаның қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға байланысты мәселелерге жетекшілік ететін, бұрын басшы қызметкерлер болып табылған адамдарға қолданылмайды.
      4. Банктің ірі қатысушысы банктің атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
      Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
      5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
      1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, банктің атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;
      2) банктің басқару органының басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
      3) банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің өзге де басшылары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
      Басқару органының мүшелері, сондай-ақ тек қана банк қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
      Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
      6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Уәкілетті органның келісімінсіз банктің басшы қызметкерінің міндетін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанда оны ауыстыруға) тыйым салынады.
      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
      7. Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      8. Уәкілетті орган банктің және банк холдингінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздемелер:
      1) басшы қызметкерлердің осы Заңның 20-бабында, 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес болмауы;
      2) тестілеудің теріс нәтижесі.
      Тестілеудің теріс нәтижесі мыналар болып табылады:
      кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың 70 %-дан кемін құраса;
      кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) уәкілетті орган белгілеген тестілеу тәртібін бұзуы;
      кандидаттың келісу мерзімі аяқталғанға дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі;
      3) банктің, банк холдингінің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе банктің, банк холдингінің уәкілетті органның ескертулерін ескере пысықталған құжаттарды осы Заңның 20-бабының 5-тармағында белгіленген құжаттарды уәкілетті органның қарау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынуы;
      4) басшы қызметкер уәкілетті органның келісімінсіз өз лауазымын атқарған уақыттың ішінде осы Заңның 20-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін құжаттарды ұсынуы;
      5) уәкілетті органның кандидатқа қолданған санкцияларының және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.
      Осы талап банк, банк холдингі кандидатты келісу туралы өтінішхат берген күнге дейінгі бір жыл ішінде қолданылады;
      6) уәкілетті органда кандидаттың өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, қаржы ұйымының, холдингтің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға әкеп соғатын кандидаттың басшы қызметкердің не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқаратын (атқарған) және уәкілетті орган осы қаржы ұйымына, холдингке қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкциялар қолдану фактілері туралы мәліметтердің болуы.
      Осы талап уәкілетті органның бұзушылықты анықтаған күнінен бастап бір жылдың ішінде қолданылады;
      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтіруге әкеп соққан мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің болуы;
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау және (немесе) осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) келтірілген зиян кандидаттың адал емес іс-әрекеттерінен болғандығын растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады;
      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шаралары қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) іс-әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтіруге әкеп соққан қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы бойынша бас тартады;
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау және (немесе) осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) келтірілген зиян кандидаттың адал емес іс-әрекеттерінен не әрекетсіздігінен болғандығын растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады.
      9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы банкте өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, осы адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындала (сайлана) алады.
      10. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам өзін уәкілетті органның осы банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      11. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді:
      1) келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталуы;
      2) банктің басшы қызметкеріне уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдануы;
      3) уәкілетті органның осы бапта аталған адамдарды банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерді орындаудан шеттетуі;
      4) уәкілетті органның осы бапта аталған адамдарды банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде оларды банк, банк холдингі қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе уәкілетті органның осы тұлғаларды қызметтік міндеттерді орындаудан шеттеткенге дейін жұмыстан босатқан жағдайда қызметтік міндеттерді орындаудан шеттетуі;
      5) алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болу негіздері бойынша кері қайтарып алады.
      Банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.
      Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      12. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен банкті консервациялау немесе оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк басқарушы органның басшысы, атқарушы органның басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтері болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      13. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысы осы бапта банктің атқарушы органының басшылары үшін белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс және лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, атқарушы органның басшысын осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.
      14. Басқару органдарының, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) банк холдингіне қомақты қатысатын (ұйымның) ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын банк холдингінің өзге де басшылары банк холдингінің басшы қызметкерлері ретінде танылады.
      15. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының резиденттері емес банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:
      банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
      10) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-бап. Банк операцияларын лицензиялау
      1. Уәкiлеттi орган банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен бередi.
      Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.
      Уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
      Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленедi.
      2. Банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті персонал жалдауға, содан соң уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;
      3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;
      4) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
      5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;
      6) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;
      7) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);
      8) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды;
      9) ең төменгі мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін беруге тиіс.
      3. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін:
      1) қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
      2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
      3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ережені табыс етуге тиіс.
      4. Банк және өзге де операцияларды жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалғанын растайтын құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен беруге мiндеттi.
      5. Банктік және өзге операцияларды жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар берілген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
      6. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.
      7. Банк және өзге де операцияларды жүргiзуге берiлген лицензия үшiншi адамдарға берiлмеуге тиiс.
      8. Банк және өзге де операциялардың барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
      9. Банк және өзге де операцияларды жүргiзуге лицензия беру туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми баспа басылымдарында жарияланады.
      10. Банк және өзге де операцияларды жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерiнің көруiне оңтайлы жерге орналастырылуға тиiс.»;
      11) 27-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;»;
      12) 29-бапта:
      8-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Уәкілетті орган, осы баптың 6, 7, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резидент-банкінің филиалын не филиалдың қосымша үй-жайын немесе өкілдігін және резиденті емес банктің өкілдігін жабуды талап етеді.
      Уәкілетті орган осы баптың 2, 8, 8-1, 9 және 14-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, банкке Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.»;
      13) 30-баптың 13-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бас банкі не тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар банк холдингі не ірі қатысушысы - жеке тұлғасы жоқ банктер (орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге құқылы емес.»;
      14) 31-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) банк операцияларын жүргiзуге арналған мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті шамасы;»;
      15) 34-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шартының талаптарын оларды қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.
      Қарыз алушы үшін банктік қарыз шарттарын жақсарту осы тармақтың мақсаттары үшін:
      банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты қызмет үшін комиссияларды және тарифтерді азайту жағына қарай өзгерту немесе толық күшін жою;
      тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгерту немесе толық күшін жою деп түсініледі.»;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Қарыз алушының жеке тұлғамен жасаған банктік қарыз шарты бойынша жүргізген төлем сомасы, егер ол қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауы үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
      1) негізгі борыш бойынша берешек;
      2) сыйақы бойынша берешек;
      3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыштың сомасы;
      4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген сыйақы;
      5) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
      6) кредитордың орындауды алу бойынша шығындары.»;
      16) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері жылдық пайызбен есептеледі және банктік қарыз шарты қолданылатын әрбір жыл үшін мерзімі өткен берешек сомасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екі ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен аспайды.»;
      17) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-бап. Төлем қабілеті жоқ қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
      1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімінің өтуі басталған кезде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде, бірақ міндеттемені орындау мерзімі өткен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттігі туралы және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы хабардар етуге міндетті.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):
      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банк шоттарындағы, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша кепілмен қамтамасыз ету болып табылатын қарыз алушы мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер түрінде алатын ақшаны қоспағанда, мөлшері қарыз алушы - жеке тұлғаның банк шоттарына келіп түсетін сомалардың елу пайызынан аспауға тиіс, қарыз алушының кез келген банк шоттарындағы ақшаны көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борыш мөлшерінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы;
      2) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы. Шаралар қолдану туралы шешім қабылдау Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген кез келген шараларды қолдануға, оның ішінде қарызды қайта құрылымдауды жүргізуге, банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікті соттан тыс тәртіппен (Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы - заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
      3. Қарыз алушы-жеке тұлға берешегінің ұлғаюын болғызбау мақсатында банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) жеке тұлғаның қарыз бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша кез келген төлемдерді өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың қатарынан күнтізбелік 180 күннен астам мерзімі өтіп кеткен қарызына қатысты осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген шараларды қабылдағанға дейін осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшердегі негізгі борыштың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) қалдығына сыйақы есептеуді тоқтата тұруға міндетті.
      Жеке тұлғаның қарызын қайта құрылымдау мәселесін қарау оның жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.
      Жеке тұлғаның қарызын қайта құрылымдау кезінде мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) негізгі борыштың сомасына капиталдандыруға жол берілмейді.»;
      18) 39-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде жеке тұлғаға банктік қарызды беруге және қызмет көрсетуге байланысты берілген қызмет көрсетулер үшін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өндіріп алуға құқығы бар комиссиялар мен тарифтердің тізбесі және атауы белгіленеді.
      Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделмеген комиссиялар мен тарифтерді банктік қарыз шартында белгілеуге және өндіріп алуға құқығы жоқ.»;
      2-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қарыз шартын жасасу күні белгіленген қарызға қызмет көрсету жөніндегі комиссиялар мен тарифтердің мөлшерін және оларды есептеу тәртібін біржақты тәртіппен ұлғаю жағына қарай өзгертуге құқығы жоқ.»;
      3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шарттарында қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты өндіріп алуға жататын комиссиялардың толық тізбесін және олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен тарифтердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқығы жоқ.»;
      «5. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызды пайдаланудың нақты күн санына және қарызды мерзімінен бұрын өтеу үшін сыйақының белгіленген мөлшерлемесіне қарай есептелген сомадан артық көлемдегі комиссияны, тұрақсыздық айыбын, айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін, сондай-ақ есептелген сыйақыны өндіріп алуға құқығы жоқ.»;
      19) 45-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкілетті орган банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін банктердің қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      2. Уәкілетті орган банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк конгломератының қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында, банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін банк конгломератының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
      Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      20) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «46-бап. Ықпал етудiң шектеулi шаралары
      1. Уәкілетті орган банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті басқа да нормалары мен лимиттерінің бұзылуын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын анықтаған, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң олардың қаржылық қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына, сондай-ақ олардың депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп төндiруі мүмкін заңсыз іс-әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға мынадай ықпал етудiң шектеулi шараларының бірiн қолдануға:
      1) орындау үшін мiндеттi нұсқама беруге;
      2) жазбаша ескерту жасауға;
      3) келісім жасауға құқылы.
      2. Нұсқама - банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне қатысты берілетін нұсқау.
      Нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың сипаттамасы, олардың туындауына әкеп соққан себептер, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкілетті органның нұсқамасына сотқа шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      3. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғаны анықталған жағдайда, уәкілетті органның банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға не банктің басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
      4. Келісім - бұл уәкілетті орган және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасындағы анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар тізбесін бекіту туралы келісім.
      Келісімге банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым міндетті түрде қол қоюға тиіс.
      5. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды нұсқамада және келісімде көрсетілген шараларды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындау туралы хабардар етуге міндетті.
      6. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      7. Уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға бұрын оған қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, осы бапта айқындалған ықпал етудің шектеулі шараларының кез келген шарасын қолдануға құқылы.
      8. Осы бапта келтірілген шаралар банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін тұрақсыз қаржылық жай-күйінің белгілері туындаған, сондай-ақ егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі банктің немесе банк конгломератының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаған жағдайларда қолданылуы мүмкін.
      9. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында, келісімде не нұсқамада белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, келісімді не нұсқаманы орындау бойынша мерзім, мерзімінде орындалмау себептерін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті органның келісімімен ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген мерзім ұзартылған жағдайда ықпал етудің шектеулі шарасының қолданысы сол мерзімге ұзартылады.»;
      21) 47-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкiлеттi орган банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, оларға бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан санкциялар қолдануға құқылы.»;
      2-тармақтың е) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «е) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 20-бабында көрсетiлген адамдарды аталған басшы қызметкердің (қызметкерлердің) iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымдық мiндеттерiн атқарудан шеттету. Банк немесе банк холдингі осы Заңның 20-бабында көрсетілген адамдарды, уәкілетті орган осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды банктің немесе банк холдингінің басшы қызметкері тиісті лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуды жүргізеді.»;
      22) 48-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы а-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «a-2) депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар банкте (орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдинке тиесілі банктерді қоспағанда) тізбесі уәкілетті органның не жеке тұлға - ірі қатысушының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар бас банкінің не банк холдингінің болмауы;»;
      м-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «м-1) банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының банктің меншікті капиталын ұлғайту бойынша талаптарын уәкілетті органның, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамауы;»;
      23) 48-1-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банктiң жұмыс тәртібі, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін) тағайындау, уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) өкілеттігі, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмшінiң) есептілікті және өзге де ақпаратты уәкілетті органға беру тәртібі, нысандары мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.
      3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісі) өз қызметiн уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
      Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшісінiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды анықтаған кезде уақытша әкiмшiлiктердің (уақытша әкiмшілердің) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын беру туралы орындалуы міндетті нұсқамалар шығаруға құқылы.
      Нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына әкеп соққан себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкілетті органның нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
      24) 50-бапта:
      4-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдықтары және барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген, банк және (немесе) уақытша әкімшілік солар бойынша есептеген сыйақы туралы мәліметтерді, салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін агент банктерге; шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға ұсыну;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) консервациялау сатысында банктің, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының), банкті барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айыруға байланысты енгізілген уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің), мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясының депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мәліметтер ұсыну;»
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, сондай-ақ активтерді тәуелсіз бағалауды, техникалық және (немесе) қаржылық және (немесе) заң аудитін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаға мәліметтер беру;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы, банк операциялары (банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптарын қоспағанда) туралы, анықтамаларды, сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында орналасқан мүліктің бар-жоғы, сипаты мен құны туралы мәлiметтерді ұйымның жазбаша сұрау салуы негізінде ұйымның қарыз алушысы, кепілгер, кепілдік беруші, лизинг алушысы немесе кепіл берушісі болып табылатын адамға қатысты басқарма төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған, ұйымның «Көшірмесі дұрыс» деген белгісі бар ұйымның осы кредит бойынша талап ету құқығын иеленуін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынған жағдайларда беру.
      «Көшірмесі дұрыс» деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөнінде тиісті өкілеттіктер берілген ұйымның уәкілетті адамының қолымен, оның лауазымы, тегі, аты-жөні және куәландыру күні көрсетіле отырып, куәландырылады және ұйымның мөртаңбасымен (болған кезде) бекітіледі.»;
      25) 60-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Уәкілетті органның банкті (банк холдингін) ерiктi түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге арналған рұқсаты оны берген күннен бастап тоғыз ай бойы қолданылады.
      Банкті (банк холдингін) ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға рұқсатты не көрсетілген рұқсатты беруден бас тартуды беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
      26) мынадай мазмұндағы 61-5-баппен толықтырылсын:
      «61-5-бап. Банк қызметтерін берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету
      1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесінің резервтік орталығының, ақпараттық жүйенің қызметін қалпына келтіру үшін резервтік байланыс арналарының жұмысын қамтамасыз етеді.
      2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық және басқа да құралдарға енгізілетін және банк қызметтерінің клиентке қолжетімділігіне әсер ететін қолданысқа енгізілуі жоспарланып отырған өзгерістер (жаңартулар) туралы банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі қағидаларында немесе шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде клиенттерді хабардар етеді.
      3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттерге қызметтер ұсынудың кепілді үздіксіз деңгейін қамтамасыз етеді, ол банктің/банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі қағидаларында белгіленеді және банктің/банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында міндетті түрде жариялануға тиіс.
      4. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелері жұмысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігіне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.»;
      27) 74-4-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған кезде тарату комиссияларының анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы орындалуы міндетті нұсқамалар шығарады.
      Нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтарды, олардың туындауына әкеп соққан себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкілетті органның нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды;
      5) тарату комиссиясы нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;».
      7. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 5-3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ипотекалық ұйым уәкілетті органның қаржылық және (немесе) өзге де есептілігіндегі деректерді түзету бойынша нұсқамасында көрсетілген талаптарын орындамаған кезде уәкілетті орган пруденциялық нормативтерді есептеуді өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.»;
      2) 5-4-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ипотекалық ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған кезде оған осы бапта белгіленген ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. Ықпал ету шаралары деп ықпал етудің шектеулі шаралары мен санкциялар түсініледі.
      2. Уәкілетті орган ықпал етудің шектеулі шаралары ретінде, ипотекалық ұйымға:
      1) орындалуы міндетті нұсқама беру;
      3) жазбаша ескерту жасау;
      4) келісім жасау шектеулі шараларын қолдануға құқылы.
      2. Нұсқама – ипотекалық ұйымға анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдауға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне арналған нұсқау.
      Нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына әкеп соққан себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкілетті органның нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      Уәкілетті орган осындай ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қайта бұзушылықты, жазбаша ескерту шығарылған ұқсас бұзушылықты анықтаған жағдайда, уәкілетті органның ипотекалық ұйымға, осы баптың 4-тармақшасында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
      Келісім – бұл уәкілетті орган мен ипотекалық ұйым арасындағы анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы және оларды жою мерзімін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар тізбесін бекіту туралы келісім.
      Келісімге ипотекалық ұйымның тарапынан міндетті түрде қол қойылуға тиіс.
      Ипотекалық ұйым уәкілетті органды нұсқамада және келісімде көрсетілген шараларды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындау туралы хабардар етуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Ипотекалық ұйымға байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында, келісімде не нұсқамада белгіленген мерзімде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, келісімді не нұсқаманы орындау бойынша мерзім, мерзімінде орындалмау себептерін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті органның келісімімен ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген мерзім ұзартылған жағдайда, ықпал етудің шектеулі шараларының қолданысы сол мерзімге ұзартылады.»;
      3) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ипотекалық шартты жасасу кезiне қарай негiзгi мiндеттеменi толық қамтамасыз ететiн кепiлге берiлген мүлiк негiзгi мiндеттеменiң сомаларынан төмен бағамен сотта және соттан тыс тәртiппен сатылған кезде, сондай-ақ осындай мүлiк кепiл ұстаушының меншiгiне көшкен кезде ипотеканың тоқтатылуымен бiр мезгiлде негiзгi мiндеттеме де тоқтатылады.».
      8. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 12) және 23-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) мiнсiз iскерлiк бедел – кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ екенiн, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және өмір бойы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылу құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қолдану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің болмауын растайтын фактiлердiң болуы;»;
      «23-2) сақтандыру тобы – банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен (болған кезде) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.
      Сақтандыру тобының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру холдингі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын еншілес ұйымдар мен ұйымдар кіреді;»;
      2) 18-1-баптың 5-тармағында:
      3) тармақшадағы «анықтауы негіз болып табылады.» деген сөздер «анықтауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) тараптардың келісімі бойынша тапсырыс шартын бұзу негіз болып табылады.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сақтандыру агенті осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, аталған адамға ол шығарылған кезден бастап бес жыл бойы сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларға байланысты емес негіздер бойынша сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалған тапсырыс шарты тоқтатылған жағдайда, сақтандыру агенті туралы ақпарат тапсырма шарты тоқтатылған күнінен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталуға тиіс.»;
      3) 26-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар – жеке тұлғалар өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын сатып алынған акцияларын шегере отырып) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын сатып алынған және сатып алатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1 және 9-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «6-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан сыйға беру шарты негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келе бастаған жағдайда, ол осы баптың 14-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті ұсыну кезінде мынадай:
      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының сыйға берілу талаптары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
      2) осы баптың 6-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды;
      3) сыйға беру шартының мәні болып табылатын акциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған құны туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.
      Бұл ретте сыйға беру шарты нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеленген жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сыйға беру шарты жасалған немесе нотариалды куәландырылған (егер талап етілетін болса) күнге мынадай талаптарды қосымша орындайды:
      1) жеке тұлғаға тиесілі мүліктің құны (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын сатып алған акцияларының құнын шегере отырып) сыйға беру шартының мәні болып табылатын акциялардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі бұрын сатып алған акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс;
      2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметінен алынған кірістер, сондай-ақ оның құжатпен расталған ақшалай жинақтары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйға берілген акцияларының бағалаушы айқындаған құнының кем дегенде жетпіс бес пайызын құрайды.»;
      «9-1. Сақтандыру холдингі болуға ниетті тұлға осы баптың 7-10-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа мыналарды:
      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды;
      2) егер өтініш берушінің сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі сақтандыру тобын құруға әкеп соққан жағдайда, сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің болжамды есептеуін ұсынады.»;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган банк холдингі немесе банк болып табылмайтын тұлғаға сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталында қомақты қатысуға не еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсатты бір мезгілде береді.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, аталған тұлға жазбаша хабарлама алған кезден бастап алты ай ішінде өзіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.»;
      18-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы – жеке тұлға өзіне тиесілі акциялар саны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызға дейін ұлғайған жағдайда, құжаттарға қосымша және осы тармақта көрсетілген мерзімде талаптарын уәкілетті орган белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.»;
      4) 32-бапта:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) оны құрған жағдайда – жарғыны (бар болса) және құрылтай шартын немесе еншілес ұйымды құру туралы шешімді, оны иеленген жағдайда – еншілес ұйымның жарғысын (бар болса);»;
      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) банк холдингтері немесе банктер болып табылатын және уәкілетті органның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген тиісті рұқсаты бар сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Егер банк холдингі немесе банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі осы баптың шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу көзделген еншілес қаржы ұйымын құратын (иеленетін) не қаржы ұйымының капиталында қомақты қатысуды иеленетін жағдайда, уәкілетті орган осы баптың шеңберінде тиісті құжаттарды ұсынбай-ақ сақтандыру холдингіне қаржы ұйымының акцияларын заңнамада белгіленген мөлшерде иеленуге, пайдалануға және (немесе) иелік етуге құқық беретін тиісті құжатты бере отырып, бір мезгілде еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге және (немесе) капиталға қомақты қатысуға рұқсат береді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниетті тұлғаларға қолданылады.»;
      5) 33-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Осы баптың 5, 6, 10 және 12-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын не филиалының немесе өкілдігінің қосымша үй-жайын және Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін жабуды талап етеді.
      Осы баптың 2, 7, 8 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкциялардың бірін қолданады.»;
      6) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру қызметін және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері болып танылады.
      Басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық басшы қызметкерлеріне қаржы жылы ішінде төленген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті беруге міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      3. Мыналар:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық қызметтер көрсету және (немесе) реттеу және (немесе) қаржылық ұйымдардың аудитін жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер саласында еңбек өтілі жоқ;
      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      4) уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға әкеп соққан қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымының мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысы - жеке тұлғасы, ірі қатысушысы - заңды тұлғасының - (сақтандыру холдингінің) басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
      Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға әкеп соққан қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
      5) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады;
      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындалу (сайлану) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адам да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;
      6) бұрын директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарманың басшысы, мүшесі, директорлар кеңесінің бас бухгалтері, ірі қатысушысы - жеке тұлғасы (ірі акционері), директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қатарынан төрт кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу жөніндегі дефолт мөлшері төлем күніне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын эмитент - ірі қатысушының - заңды тұлғаның (ірі акционердің) бас бухгалтері болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап осы тармақшада көзделген міндеттемелер туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.
      Осы тармақшаның талабы бұрын эмитент-заңды тұлғаның қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға байланысты мәселелерге жетекшілік ететін басшы қызметкерлері болып табылатын адамдарға қолданылмайды.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
      Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
      5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келуі үшін:
      1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының басшысы, атқарушы органының мүшелері, сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
      Басқару органының мүшелері, сондай-ақ тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін атқарушы орган мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
      Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
      6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органмен келіспей күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде атқаруға құқылы.
      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен асыра атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.
      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      8. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай:
      1) басшы қызметкерлердің осы Заңның 16-3, 34-баптарында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      2) тестілеудің теріс нәтижесі негіздері бойынша бас тартады.
      Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:
      кандидаттың тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптың кемінде 70 %-ын құраса;
      кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) уәкілетті орган белгілеген тестілеу тәртібін бұзуы;
      кандидаттың уәкілетті органмен келісу мерзімі өткенге дейін тағайындалған уақытта тестілеуге келмеуі;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің осы Заңның 34-бабы 5-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткен соң уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттарды ұсынуы;
      4) осы Заңның 34-бабы 5-тармағында белгіленген басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз атқарып отырған мерзім өткен соң құжаттарды ұсынуы;
      5) кандидатқа уәкілетті орган қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.
      Осы талап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің кандидатты келісу туралы өтінішхатты беру күніне дейін бір жыл ішінде қолданылады;
      6) уәкілетті органда кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат басшы қызметкер не басшы қызметкердің міндеттерін атқарушы лауазымын атқарып отырған (атқарған) қаржы ұйымының, холдингтің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылыққа әкеп соққан және сол үшін уәкілетті орган осы қаржы ұйымына, холдингке қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдерді қабылдау фактілері туралы мәліметтердің болуы.
      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады;
      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіруге әкеп соққан мәміленің тарапы болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау және (немесе) осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіру кандидаттың жосықсыз әрекеттерінен туындағанын растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады;
      8) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін уәкілетті орган санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) іс-әрекеттері қаржы ұйымына және (немесе) мәмілеге қатысатын үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіруге әкеп соққан қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау және (немесе) осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіру кандидаттың жосықсыз әрекеттерінен не әрекетсіздігінен туындағанын растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады.
      9. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, осы сақтандыру брокеріндегі өзге лауазымға ауыстырылған жағдайда, осы адам өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан кейін не өзі жұмыстан босатылғаннан кейін не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, осы сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      10. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, бұл адам өзін уәкілетті орган осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап кейінгі он екі ай өткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      11. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:
      1) келісім берілуі негіз болған дәйексіз мәліметтерді анықтау;
      2) уәкілетті органның басшы қызметкерге санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдануы;
      3) осы бапта көрсетілген тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің көрсетілген қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе уәкілетті орган осы тұлғаларды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуіне дейін жұмыстан шығарған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің болуы;
      5) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша қайтарып алуға құқылы.
      Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берген келісімін қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарындағы осы басшы қызметкерге бұдан бұрын берілген келісімін (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      12. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқару органының басшысы, атқарушы органның басшысы және оның орынбасарлары мен бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шараларды қолдануға міндетті.
      13. Осы баптың 3-тармағы 4) тармақшасының және 12-тармағының талаптары орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      14. Бірінші басшы және басқару органдарының атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер, еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталға қатысуы бар ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын сақтандыру холдингінің өзге де басшылары сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері болып табылады.
      15. Осы баптың талаптары:
      1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:
      сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингілік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;
      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингілік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар болғанда сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған басшы қызметкерлерді қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.»;
      7) 40-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Актуарий лицензиясының қолданысы оның алдыңғы біліктілік емтиханын тапсырмауы нәтижесінде тоқтатылған жағдайды қоспағанда, біліктілік емтиханын өткізу кезінде актуарий лицензиясының қолданысын тоқтата тұру актуарийлердің біліктілік емтиханын қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.»;
      8) 43-баптың 3-2) тармақшасы алып тасталсын;
      9) 53-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-2-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары
      1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің және сақтандыру брокерінің заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін:
      1) орындалуға міндетті нұсқама беруді;
      2) жазбаша ескерту шығаруды;
      3) келісім жасауды қолдануға құқылы.
      Уәкілетті орган актуарийдің сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      2. Нұсқама – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына септігін тигізген себептерді және жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға септігін тигізген себептерді және жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде беру қажеттігіне бағытталған орындауға міндетті түзету шараларын қолдануға нұсқауы.
      Нұсқамада белгiленген мерзiмде табыс етілген іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкілетті органның нұсқамасына сотқа шағымдану оны орындауды тоқтата тұрмайды.
      3. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарғаннан кейін бір жыл ішінде аталған ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қайтадан бұзылғандығын анықтаған жағдайда, уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне не оның (олардың) басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы хабарлауы жазбаша ескерту болып табылады.
      4. Келісім – бұл уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері арасындағы анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы және осы бұзушылықтарды оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, жою жөніндегі шаралар тізбесін бекіту туралы келісім.
      Келісімге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері тарапынан міндетті түрде қол қойылуға тиіс.
      5. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан осы бапта айқындалған кез келген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      6. Осы бапта келтірілген шаралар сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына қатысты олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленгеннен кейін тұрақсыз қаржылық жағдайының белгілері пайда болған жағдайларда, сондай-ақ уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаған жағдайда қолданылуы мүмкін.
      7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуын анықтаған, деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда уәкілетті орган деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған шектеулі ықпал ету шараларын қолданады.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері нұсқамада және келісімде көрсетілген шараларды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындағаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықты іс-шаралар жоспарында, келісімде не нұсқамада белгіленген мерзімде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, келісімді не нұсқаманы орындау мерзімі уәкілетті органның келісімімен мерзімінде орындалмау себептерін растайтын құжаттар негізінде ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген мерзім ұзартылған жағдайда шектеулі ықпал ету шарасының қолданысы сол мерзімге ұзартылады.
      10. Шектеулі ықпал ету шараларының қолданылу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      10) 53-3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) осы Заңның 34-бабында аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуді қолдануға құқылы. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері осы Заңның 34-бабында аталған тұлғаларды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе уәкілетті орган осы тұлғаларды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін жұмыстан шығарған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің тиісті лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуды жүргізеді.»;
      11) 54-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) осы Заңның 11-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жеке тұлға - ірі қатысушысы не сақтандыру холдингі болмаған;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.»;
      12) 55-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уақытша әкімшілікті уәкілетті орган оның қызметкерлері қатарынан не осы Заңның 34-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өзге де адамдардан тағайындайды.»;
      13) 56-бапта:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган уақытша әкiмшiлiктің қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің қызметінен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуын анықтаған кезде уақытша әкiмшiлiктер орындауға міндетті анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына септігін тигізген себептерді және жағдайларды белгiленген мерзiмде жою туралы және (немесе) белгiленген мерзiмде іс-шаралар жоспарын табыстау туралы нұсқамалар шығаруға құқылы.
      Нұсқамада белгiленген мерзiмде табысталған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкілетті органның нұсқамасына сотқа шағымдану оны орындауды тоқтата тұрмайды.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыс істеу, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкімшісі) тағайындау тәртiбi, уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкімшісінің) өкiлеттiктерi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкімшісінің) уәкілетті органға есептілікті және өзге де ақпаратты ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.»;
      14) 62-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерiктi түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсаты ол берілген күннен бастап тоғыз ай ішінде қолданылады.»;
      15) 73-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған кезде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға септігін тигізген себептерді және жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын табыстау туралы тарату комиссиялары орындауға мiндеттi нұсқамалар шығаруға құқылы.
      Ұйғарымда белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкілетті органның ұйғарымына сотқа шағымдану оны орындауды тоқтата тұрмайды;
      5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде нұсқаманы орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге;».
      9. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22,
124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-1-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп танудан бас тартуды мынадай:
      1) қоғам осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмеу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;
      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздемелерінің кез келгені бойынша жүргізеді.
      6. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тану туралы құжаттарды уәкілетті органға ұсынған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.»;
      2) 13-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы Заңның 22-бабы 5-тармағының негіздемелері бойынша дивиденд есептелмеген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.»;
      3) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру тәртібін және одан бас тартуды уәкілетті орган белгілейді.»;
      4) 21-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоғамның орналастырылатын акцияларын қор биржасындағы айналыста болатын бағалы қағаздармен төлем жасау қор биржасының бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес қор биржасы айқындайтын нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады. Акцияларға төлем жасауға салынатын бағалы қағаздардың түріне қатысты көрсетілген әдістеме бойынша қор биржасы есептеген мұндай бағалы қағаздардың нарықтық бағасы болмаған жағдайда олардың құнын бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде әрекет ететін бағалаушы жүргізеді.»;
      5) 22-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Акционер осы баптың 5-тармағының негіздемелері бойынша дивиденд есептелмеген жағдайларды қоспағанда, қоғам берешегінің жиналып қалу мерзіміне қарамастан алынбаған дивидендтерді төлеуді талап етуге құқылы.»;
      6) 55-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Акционерлердің жалпы жиналысы директорлар кеңесінің барлық немесе жекелеген мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      Директорлар кеңесінің мұндай мүшесінің өкілеттігі акционерлердің жалпы жиналысы оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.
      7) 73-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмді, егер қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi және жай акцияларды иеленетін барлық акционерлер мүдделi адамдар болып табылса және (немесе) директорлар кеңесі шешім қабылдауға қажетті дауыс санының болмауына қарай мұндай мәмілені жасасу туралы шешім қабылдай алмаса, акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылдайды.
      Бұл ретте акционерлердің жалпы жиналысына негізделген шешімді қабылдауға қажетті ақпарат (құжаттармен қоса) беріледі.
      Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмді, егер қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi адамдар болып табылса және (немесе) директорлар кеңесі шешім қабылдауға қажетті дауыс санының болмауына қарай мұндай мәмілені жасасу туралы шешім қабылдай алмаса, жалғыз акционер немесе қоғамның барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін адам қабылдайды.»;
      8) 79-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) бұл мәселелер туралы ақпаратты қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлердің және инвесторлардың назарына жеткізуге тиіс, директорлар кеңесі олардың тізбесі бойынша қабылдаған шешімдер;»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Қоғам директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесін белгілейтін құжатты әзірлеуге және қоғамның басқару органы оны бекітуге міндетті, ол туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлар назарына жетуге тиіс.».
      10. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Қордың басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім береді, сондай-ақ келісімді беру тәртібін және келісімді алуға қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді;»;
      2) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
      «4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
      1. Қордың басшы қызметкерлері мыналар:
      1) Қордың басқару органының басшысы мен мүшелері;
      2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері;
      3) Қордың бас бухгалтері болып табылады.
      2. Қордың басшы қызметкері болып:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі және (немесе) қаржылық қызметтерді көрсету және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау саласында, және (немесе) қаржы ұйымдарына аудитті жүзеге асыратын ұйымдарда және (немесе) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамында жұмыс өтілі жоқ;
      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      Мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;
      4) бұрын уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысы – жеке тұлға, ірі қатысушысы-заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      5) Қордың және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.
      3. Қордың басшы қызметкері оны тағайындаған (сайлаған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда Қор осы тұлғамен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату шараларын қолдануға міндетті.
      Уәкілетті органмен келісусіз Қордың басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанның орнын ауыстыруға) тыйым салынады.
      Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
      Қор құжаттардың толық топтамасын табыс етпеген жағдайда уәкілетті орган оларды қарамастан Қорға қайтарып береді.
      4. Уәкілетті орган:
      1) басшы қызметкерлерінің осы бапта, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 20) тармақшасында, 54-бабы 4-тармағында, 59-бабы 2-тармағында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;
      2) тестілеудің теріс нәтижесі негіздемелері бойынша Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады.
      Мыналар:
      кандидатты тестілеу нәтижесі кемінде 70 % дұрыс жауапты құрауы;
      кандидаттың не аудармашының (егер бұл аудармашыны кандидат өзі ұсынған болса) уәкілетті орган белгілеген тестілеу тәртібін бұзуы;
      уәкілетті органның кандидатты келісуі мерзімі өткенге дейін белгіленген уақытта кандидаттың тестілеуден өтуге келмей қалуы тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады.
      3) Қордың уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе Қордың осы баптың 3-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықтаған құжаттарды беруі;
      4) осы баптың 3-тармағында белгіленген, басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз атқаратын мерзім аяқталғаннан кейін құжаттарды табыстау;
      5) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкцияларының бар болуы негіздемелері бойынша Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады.
      Осы талап Қор кандидатты келісу туралы өтінішті берген күнге дейін бір жыл ішінде қолданылады;
      6) уәкілетті органда кандидат басшы қызметкер не басшы қызметкердің міндеттерін атқарушы лауазымын атқаратын (атқарған) қаржы ұйымының, Қордың, банк, сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соққан, кандидаттың өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша шешімдер қабылдауы және ол үшін уәкілетті органның осы қаржы ұйымына, Қорға, банк, сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолдануы фактілері туралы мәліметтердің болуы негіздемелері бойынша Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады.
      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады;
      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтіруге әкеп соққан деп танылған мәміленің тарапы болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы негіздемелері бойынша Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасалғаны және (немесе) осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілуі кандидаттың адал емес әрекеттерінен болғанын растайтын фактілердің болу жағдайында қолданылады;
      8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган оған қатысты бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шаралары қолданған қаржы ұйымының қызметкері, және (немесе) іс-әрекеті мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) шығын келтіруге әкеп соққан қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы негіздемелері бойынша Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасалғанын және (немесе) осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) зиян келтірілуі кандидаттың адал емес іс-әрекеттерінен не әрекетсіздігінен болғанын растайтын фактілердің болуы жағдайында қолданылады.
      5. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартқан не ол Қордың басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, осы адам оны сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымынан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес осы Қордың басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындала (сайлана) алады.
      6. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті орган оны осы Қорда басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күнінен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға).
      7. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді:
      1) келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтерді анықтау;
      2) басшы қызметкерге оны қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түріндегі санкцияларды қолдану;
      3) алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болуы;
      4) Қордың аталған басшы қызметкерін (қызметкерлерін) Қор қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе осы адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін жұмыстан босатқан жағдайда, осы адамдардың іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тануға жеткілікті деректердің болу негіздері бойынша кері қайтарып алады.
      Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болады.
      Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, Қор осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.».
      11. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 29, 143-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) сақтандыру төлемi – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы»;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) тiкелей реттеу – көлiк оқиғасында жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды жәбiрленушiмен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы осы Заңда көзделген жауапкершілік көлемі шегінде өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру жағдайын реттеу тетiгi.»;
      2) 13-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайда уақытша кiрген бүкiл кезеңге, бiрақ кемiнде күнтiзбелiк он бес күнге жасасуға жол берiледi.»;
      3) 16-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
      4) 17-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) осы Заңның 29-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан, сондай-ақ келтірілген зиянды өтеуден Заңның
26-1-бабында көзделген тәртіппен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен келтірілген зиянды өтеу туралы жазбаша талаппен жүгінген кезде осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде келтірілген зиянды өтеуге;»;
      5) 18-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру төлемiн алуға, сондай-ақ келтірілген зиянды өтеттіруге;»;
      6) 18-1-бап алып тасталсын;
      7) 19-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайларға тiркеу аумағы бойынша 4,4 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады.
      Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларға көлiк құралын тiркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.»;
      14-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты он екi айдан аз мерзiмге жасалған кезде көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мына формула бойынша есептеледi:»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайларда көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мына формула бойынша есептеледi:
      СС = ЖСС * K, мұнда:
      СС - Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайда он екi айдан аз мерзiмге жасалған көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
      К – Заңның осы бабының 14-1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзіміне байланысты түзету коэффициенті.»;
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      «14-1. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келу кезеңінде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде мынадай коэффициенттер белгіленеді:

Р/с №

Шет мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша пайдаланылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру кезіндегі сақтандыру мерзімі

Коэффициент

1

15 күн

0,2

2

16 күннен 1 айға дейін

0,3

3

2 ай

0,4

4

3 ай

0,5

5

4 ай

0,6

6

5 ай

0,65

7

6 ай

0,7

8

7 ай

0,8

9

8 ай

0,9

10

9 ай

0,95

11

10 ай және одан да көп

1

      8) 24-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де бұзылуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден көп емес.»;
      9) 26-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-1-бап. Тікелей реттеу
      1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқылы тұлға, сақтандыру жағдайы өз кінәсінен туындаған тұлғада сақтандыру полисі болған жағдайда жәбірленуші көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға келтірілген зиянның өтемін алу үшін өтiнiш жасауға құқылы.
      Зиян келтiрiлген мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын жәбiрленушi осы Заңда көзделген тәртiппен өз кiнәсiнен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандырушысына жүгiнедi.
      2. Сақтандырушы осы Заңның 25-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келтірілген зиянды өтейді.
      Тікелей реттеу шеңберінде сақтандырушы жүзеге асыратын жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу ол үшін жәбірленушімен жасасқан көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелердің орындалуы болып табылмайды.
      3. Өз кінәсінен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайын ретке келтірген сақтандырушыға нақты төлеген сомасын өтеп береді.»;
      10) 29-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберген кезде сақтандыру омбудсманының мекенжайын, телефондары мен веб-сайтын көрсете отырып, сақтандыру омбудсманына өтініш жасау арқылы бас тартуға шағымдану мүмкіндігіне берілетін құқықты көрсетуге міндетті.».
      12. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) ашық сауда-саттық әдісі – өтінімнің қанағаттандырылуы немесе қанағаттандырылмауы өзге тең жағдайлар кезінде сауда-саттыққа қатысушының нақты қайсысы оны бергеніне байланысты емес және сауда-саттыққа әлеуетті шектеусіз қатысушылар саны арасында болжалды бәсеке болатын сауда-саттық әдісі;»;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) депозитарийлiк қызмет – басқа номиналды ұстаушылар, орталық депозитарийдің клиенттері болып табылатын ұйымдар үшiн бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;»;
      мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «47-1) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) резервтік қоры – клирингтік ұйымның орталық контрагенттің өз активтері есебінен қалыптастырылған және клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат.»;
      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «50) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг қызметі – қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерге қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі;»;
      63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «63) мiнсiз iскерлiк бедел – кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың, оның ішінде өмір бойы қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы;»;
      2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «22-2) номиналды ұстаушылардың электрондық қызметтерді ұсыну тәртібі мен талаптарын айқындайды;»;
      3) 3-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1-бап. Уәкілетті орган қолданатын ықпал етудің шектеулі шаралары және санкциялар
      1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісі пруденциалдық нормативтердің және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығын тапқан, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге талаптарын орындамаған жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:
      1) орындалуы міндетті ұйғарым беруге;
      2) жазбаша ескерту шығаруға;
      3) келісім жасауға;
      4) инвестициялық комитеттің мүшелерін инвестициялық комитет құрамындағы міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
      2. Егер уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ ірі қатысушыларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңға сыйымсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаса, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ ірі қатысушыларына осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында келтірілген шараларды қолдануы мүмкін.
      3. Ұйғарым – бағалы қағаздар нарығының субъектісіне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдауға және (немесе) белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) беру қажеттілігіне нұсқау.
      Ұйғарымда белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкілетті органның ұйғарымына сотта шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      4. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарғаннан кейін бір жыл ішінде аталған ескерту шығарған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғаны анықталған жағдайда, уәкілетті органның бағалы қағаздар рыногының субъектісіне не оның басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы баптың 10-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарлауы жазбаша ескерту болып табылады.
      5. Келісім – бұл анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін бекіту туралы уәкілетті орган мен бағалы қағаздар нарығының субъектісі арасындағы келісім.
      Келісімге бағалы қағаздар нарығының субъектісі тарапынан міндетті түрде қол қойылуға жатады.
      6. Бағалы қағаздар нарығының субъектісі уәкілетті органды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде ұйғарым мен келісімде көрсетілген шаралардың орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
      7. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      8. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, санкция қолдануға құқылы.
      9. Іс-шаралар жоспарында, келісімде не ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бағалы қағаздар нарығының субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, келісімді не ұйғарымды орындау мерзімі мерзімінде орындамау себептерін растайтын құжаттардың негізінде уәкілетті органның келісуімен ұзартылуы мүмкін. Аталған мерзім ұзартылған жағдайда ықпал етудің шектеулі шаралары сол мерзімге ұзартылады.
      10. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және оны өндіріп алуға;
      2) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
      3) лицензиядан айыруға;
      4) орталық депозитарийдің, тіркеуші мен лицензиаттардың басшы қызметкерлерін тағайындауға берілген уәкілетті органның келісімін кері қайтарып алуға құқылы.»;
      4) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тiркелген эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне уәкiлеттi органның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен енгiзедi.»;
      5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi
      1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде:
      1) эмитенттің атауы, оның орналасқан жері және қызмет түрлерi туралы;
      2) эмитенттің жарғылық капиталындағы үлестің он және одан да көп пайызына иелік ететін ірі акционерлері және (немесе) қатысушылары туралы;
      3) лауазымды адамдар, олардың соңғы үш жылдағы лауазымдары туралы мәлiметтер, сондай-ақ эмитенттiң орналастырылған акцияларының оларға тиесiлi саны (жарғылық капиталындағы үлестерiнiң мөлшерi) туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, эмитенттің органдары туралы;
      4) эмитенттiң өзi өндiретiн немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) жалпы құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын көлемдегi тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) тұтынушылар және өнім берушiлер туралы;
      5) активтердің жалпы көлемінің кемінде он пайызын құрайтын эмитент активтерінің сипаттамасы және олардың көлемі, оның ішінде:
      эмитенттің сенімгерлікпен басқаруға берілген, сондай-ақ актив бағалауының сомасын, бағалаушының атауын, әрбір активті бағалау күнін және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күндер көрсетіле отырып, эмитенттің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын активтері туралы;
      эмитент активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын дебиторлық берешек, дебиторлардың тізбесі көрсетіле отырып, оларды өтеу мерзімдері туралы;
      6) осы шығарылымның облигацияларын қамтамасыз ету туралы (қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда), оның ішінде банктің кепілдігімен қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, кепілгер және банктің кепілдігі туралы;
      7) эмитенттiң мүлкiн бағалау туралы (қамтамасыз етiлген облигациялар шығарылған кезде);
      8) эмитент міндеттемелерінің баланстық құнының бес және одан да көп пайызын құрайтын кредиторлық берешек, кредиторлардың тiзбесi көрсетiле отырып, оның ішінде эмитент шығарған бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу бойынша берешек сомасы көрсетіле отырып, оларды өтеу мерзiмдерi туралы;
      9) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, эмитенттiң үлестес тұлғалары туралы;
      10) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, төлем тәсiлдерi, бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу, оның iшiнде облигациялардың нақтылы құны, олардың айналым мерзiмi және өтелу тәртібі туралы;
      11) бағалы қағаздарды (айырбасталатын бағалы қағаздар шығарылған кезде) айырбастау тәртібі туралы;
      12) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi туралы;
      13) облигациялық қарыздың нысаналы мақсаты туралы;
      14) төлем агентi туралы;
      15) эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйым (мұндай ұйыммен шарт жасасу міндеті осы Заңның талаптарында көзделген жағдайда) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
      2. Арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығаратын облигациялар шығару проспектісіне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасында белгіленеді.
      3. Ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісілуге жатады.
      Эмитенттің ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жағдайларда шығару проспектісінде белгіленген ислам бағалы қағаздарын шығарудың, орналастырудың, айналымға енгізудің және өтеудің талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.
      4. Мыналар:
      1) аудиторлық есептермен расталған эмитенттің соңғы екi қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептiлiгінің көшірмелері, сондай-ақ эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттердi қоспағанда) аудиторлық есептерінің және есепке алу саясатының көшірмелері;
      2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-не дейін берген жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не соңғының алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептiлiгінің көшірмелері эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Аяқталған қаржы жылының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi болмаған жағдайда эмитент ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусым аралығы кезеңінде уәкiлеттi органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екi жылдың қаржылық есептiлiгiн және көрсетілген кезеңдегi қаржылық есептiлiктiң аудиторлық есебiн ұсынады. Эмитент аяқталған қаржы жылының аудиторлық есебі мен қаржылық есептілікті жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.
      5. Осы баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа:
      1) қоғамның ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алу кезiнде олардың құнын айқындау әдiстемесi және қоғамның таза кірісін бөлу тәртібі акциялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады;
      2) мыналар:
      облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттар көшірмелері;
      эмитенттер үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін, облигацияларды ұйымдастырылған нарықта орналастыруды жоспарлайтын ұйымдармен (мұндай ұйымдармен шарт жасасу міндеті осы Заң талаптарында көзделген жағдайда) жасалған шарттардың көшірмелері;
      жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің кірісін оған қатысушылар арасында бөлу тәртібі облигациялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
      6. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң құрылымы және оны жасау мен ресiмдеу тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
      7. Осы баптың 1-тармағының 1), 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеу үшін олар туындаған (эмитенттің тиісті органдары шешім қабылдаған) күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға беруге міндетті. Жарияланған акциялардың саны ұлғайған және (немесе) жарияланған акциялардың түрі өзгерген не облигациялардың саны кеміген кезде уәкілетті орган жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу куәлігін ауыстырады. Уәкілетті орган жарияланған акцияларды (облигацияларды) шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді не жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.
      Эмитент уәкілетті органға осы баптың 1-тармағының 4), 5), 15) тармақшаларында көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде олар туындаған (қоғамның тиісті органдары шешім қабылдаған) күннен бастап уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен беруге міндетті.
      Эмитент осы баптың 1-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты Заңның 31-бабының 7-тармақшасында белгіленген мерзімде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      8. Осы баптың 1-тармағының 6), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген облигациялар шығару проспектісіндегі мәліметтерді өзгертуді мынадай шарттар сақталған кезде:
      1) эмитент сатып алған облигацияларды қоспағанда, орналастырылған облигациялардың жалпы санының кемінде сексен бес пайызын иеленген ұстаушылар осы шешім үшін дауыс берген;
      2) эмитент сатып алған облигацияларды қоспағанда, облигацияларды ұстаушылардың құрамында осы шығарылым облигацияларының он пайызынан астамын иеленген екі және одан да көп адам болған жағдайда, шығарылым шарттарын өзгерту үшін осындай облигацияларды ұстаушылардың жалпы санының жетпіс бес және одан да көп пайызы дауыс берген жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы шешімінің негізінде эмитент жүзеге асырады.
      Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарына немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.
      9. Осы баптың 1, 4 және 5-тармақтарында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне қойылатын талаптар айналым мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар шығару проспектiлерiне және ислам бағалы қағаздар шығару проспектілеріне қолданылмайды.
      Агенттiк облигациялар, облигациялық бағдарламалар, сондай-ақ облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигациялар шығару проспектiлерi мазмұнының ерекшеліктері нормативтік құқықтық актіде көзделген.
      10. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi уәкiлеттi органға мемлекеттік және орыс тілдерінде табыс етiледi.»;
      6) 11-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қоғам құрылтайшыларының орналастыратын акцияларды төлеуді және қоғам құрылтайшыларының акцияларды төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде мәмілені тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін акционерлік қоғам жарияланған акциялардың санын ұлғайту туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
      7) 12-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Мемлекеттік емес облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тiркеу»;
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік емес облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:»;
      8) 13-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялардың алғашқы шығарылуын мемлекеттік тiркеу эмитенттiң тiлегi бойынша осы облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеумен бiр мезгiлде жүзеге асырылуы мүмкiн, бұл ретте уәкілетті орган осы құжаттарды табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарауға тиіс.»;
      5-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда, егер:»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттар табыс етiлген күнi эмитентте өзі шығарған сауда-саттықты ұйымдастырушының тізіміндегі борыштық бағалы қағаздар болмаса және осы Заңның 15-бабының 1-тармағында белгiленген талаптарға сай келмесе, эмитентке облигациялық бағадарлама шығаруды және (немесе) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.»;
      9) 15-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету күнi эмитентте айналымдағы бағалы қағаздар (акцияларды қоспағанда) шығару шарттарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) уақтылы орындамаған немесе орындамаған, сондай-ақ айналымдағы бағалы қағаздардың (акцияларды және облигацияларды ұстаушылар келіскен жағдайда облигациялардың ерікті делистингін қоспағанда) делистинг жағдайлары болмаса ғана және инфрақұрылымдық облигациялар эмитентiн қоспағанда, эмитент мынадай талаптардың бiрiн сақтаған жағдайда:»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Эмитент осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген талапты сақтай отырып облигациялар шығарылымын жүзеге асырған жағдайда, осы эмитенттің левередж шамасына қойылатын талаптар облигациялар айналымының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.»;
      10) 18-2-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 6), 10), 11) тармақшаларында көзделген облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдау мақсатында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізіледі.
      2. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін тіркеуші облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күннен үш жұмыс күні бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінің негізінде жасайды.
      Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі облигацияларды иеліктен шығарған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа облигациялар ұстаушыға ауысады. Бұл ретте облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысу үшін көрсетілген тұлға эмитентке облигацияларға меншік құқығын растайтын құжаттарды табыс етеді.»;
      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешім қабылдауы осы Заңның 9-бабы 8-тармағында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 6), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген облигацияларды шығару проспектісіндегі мәліметтерді өзгерту мәселелері бойынша облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілген күннен бастап, бұқаралық ақпарат құралдарында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында қабылданған шешім жарияланғаннан кейінгі күнге дейінгі кезеңде облигацияларды орналастыру және олардың айналымы тоқтатыла тұрады.
      Облигацияларды ұстаушылар осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 6), 10), 11) тармақшаларында көзделген облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда, облигацияларды орналастыру және олардың айналымын тоқтата тұру мерзімі облигацияларды шығару проспектісіне өзгерістер мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі күнге дейін ұзартылады.»;
      11) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өкілдің өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібі, эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, өкілдің өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайлары, сондай-ақ осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      12) 20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өкiлдiң осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған функциялар мен мiндеттердi орындау тәртібі мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.»;
      13) 22-1-бапта:
      1-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымының бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аталған резидент ұйымы бұрын шығарған және айналыстағы эмиссиялық бағалы қағаздардың бір және (немесе) одан да көп шығарылымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген болса.
      Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне меншігінде аталған заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы бар Қазақстан Республикасының ұйымы бұрын шығарған және айналыстағы эмиссиялық бағалы қағаздарының бір және (немесе) одан да көп шығарылымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары енгізілуге тиіс;
      2) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шығарған облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде олар Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы, осы облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыру кезіндегі осы облигацияларды орналастыру шарттарымен сатып алуға ұсынылуға тиіс. Осы облигацияларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған нарығы арқылы сатып алуға инвесторлардың өтінімдерін (бұдан әрі – инвесторлардың өтінімдері) тіркеуді Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      Инвесторлардың өтінімдері облигацияларды осылай орналастыру шеңберіндегі барлық өтінімдерді қабылдау нәтижелері бойынша эмитент айқындаған, облигациялар шығарылымын орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемінің кемінде жиырма пайызы көлемінде өтеуге табыс ставкасы бойынша қанағаттандырылады. Егер инвесторлардың өтінімдерінің жиынтық номиналды көлемі облигациялар шығарылымын орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемінің жиырма пайызынан кем болса, онда инвесторлардың өтінімдері толық көлемде қанағаттандырылады.»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы акцияларын, сондай-ақ базалық активі осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарын бастапқы орналастырған кезде:
      Қазақстан Республикасы резидент ұйымының акцияларын не шығарылымын уәкілетті орган тіркеген осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды орналастырған кезде, осы акциялар немесе депозитарлық қолхаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс;
      Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акцияларын не шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды орналастырған кезде, осы акциялар немесе депозитарлық қолхаттар бойынша оларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізуге қор биржасының келісімі алынуға тиіс;
      Қазақстан Республикасының резидент ұйымы болып табылатын акциялар эмитенті уәкілетті органының не осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруды жүзеге асыратын осындай эмитенттің тиісті сатушы акционерінің акцияларды немесе осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімінде осы акциялардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы сатып алуға ұсынылуға тиіс деген шарт қамтылуға тиіс. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы сатып алуға ұсынылуға тиіс акциялардың немесе осы акциялар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарының саны, егер осындай сан осы акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асырудың нәтижесі болып табылса, орналастырылатын акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан кем болуы мүмкін.»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша қор биржасының оларды Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің тиісті санаттарына енгізуге келісімі алынған;»;
      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары:»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беруден бас тартуды уәкілетті орган мынадай кез келген негіздемелер:
      1) Заңның 22-1-бабының 4-тармағында көзделген талаптарды орындамау;
      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар топтамасын толық табыс етпеу;
      3) ұсынылған құжаттардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша жүргізеді.»;
      14) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Эмитент уәкілетті органға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді орналастырудың есепті кезеңі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде, сондай-ақ олар толық орналастырылған күннен бастап бір ай ішінде табыс етуге міндетті.
      Егер орналастыру басталған не акцияларды орналастыру қорытындысы туралы соңғы есеп ұсынылған күннен бастап алты ай өткен соң қоғам бір де бір акцияны орналастырмаса, уәкілетті органға:
      1) осы кезеңде акцияларды орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы жазбаша хабарламаны;
      2) орналастырудың алты айлық мерзімі аяқталған күннен кейінгі күнге тіркеуші берген орналастырылған акциялардың жалпы санының он және одан да көп пайызын (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) иеленген акционерлер туралы анықтаманың көшірмесін табыс етеді.
      Эмитент бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тіркеушіден алған жарияланған акцияларды орналастыруды растайтын құжатты акционерлік қоғамның құрылтайшыларына табыс етеді.»;
      15) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жарияланған акциялардың шығарылымын жоюдың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актісінде белгiленедi.
      Уәкілетті орган жарияланған акциялардың шығарылымын, егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталса, жоюдан бас тартуға құқылы.»;
      16) 30-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Облигациялар шығарылымын жою талаптары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Уәкілетті орган облигациялар шығарылымын, егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталса, жоюдан бас тартуға құқылы.»;
      17) 32-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) эмитенттiң облигацияларды өтеу жөніндегі өз мiндеттемелерiн орындағанын растайтын төлем агентiнiң немесе эмитенттiң (төлем агентiмен шарт болмаған жағдайда) хабарламасын, сыйақы мен номиналдық құнын төлеу күнін көрсете отырып табыс етедi.»;
      18) 41-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрамайды» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым өзінің соңғы жарғылық қызметін жүзеге асыру мақсатында, оған берілуге тиіс эмиссиялық бағалы қағаздар және (немесе) олардың ұстаушылары туралы ақпарат бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрамайды.»;
      19) 43-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда лицензиаттың бас ұйымына пруденциялық нормативтерді есептеу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру мақсаттары үшін берілуі мүмкін;»;
      20) 45-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Клиенттердің (клирингтік қатысушылардың, орталық депозитарий депоненттерінің, қор биржасы мүшелерінің) қаржы құралдарын лицензиат, бірыңғай тіркеуші, орталық депозитарий өз активтерінен бөлек есепке алады және лицензиат, бірыңғай тіркеуші, орталық депозитарий банкрот болған жағдайда мүліктік массаға және (немесе) таратылатын лицензиаттың, бірыңғай тіркеушінің, орталық депозитарий мүлкінің құрамына енгізілмейді.»;
      21) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «54-бап. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
      1. Мыналар:
      1) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының басшысы мен мүшелері;
      2) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының басшысы (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) мен мүшелері;
      3) трансфер-агенттің бас бухгалтерін қоспағанда, бас бухгалтер;
      4) өтініш берушінің (лицензиаттың) оқшауланған бөлімшелерінің басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын бір немесе бірнеше құрылымдық бөлiмшенiң қызметiн үйлестiрудi және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және клиенттермен жасалған шарттарда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген әртүрлі есептілік нысандарын қоса алғанда, клиенттермен жасалатын кез келген шарттарға, клиенттерге және (немесе) уәкілетті органға берілетін ақпаратқа, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттердің шоттарындағы активтердің қозғалысы мен қалдығының салыстырып тексерілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге де басшылары өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлері болып танылады.
      2. Мыналар:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету саласындағы еңбек өтілі жоқ;
      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      4) уәкілетті органның қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соққан қаржы ұйымын консервациялау туралы не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешімі қабылданғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңдық күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі (трансфер-агент тіркеушісінің атқарушы органының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға және оның орынбасары), бас бухгалтері, жеке тұлғасы ірі қатысушының, ірі қатысушысының заңды тұлғасының басшысы болған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
      Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соққан қаржы ұйымын консервациялау туралы не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешімі қабылданғаннан кейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңдық күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;
      5) лицензиаттың не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) келісімі кері қайтарып алынған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады;
      Сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаған не тағайындалу (сайлану) күніне дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адам да өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындалмайды (сайланбайды);
      6) бұрын қатарынан төрт кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын эмитенттің – заңды тұлғаның ірі қатысушының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, жеке тұлғасы, ірі қатысушысы (ірі акционері) басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындалмайды (сайланбайды). Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл ішінде қолданылады.
      Осы тармақшаның талабы бұрын эмитент заңды тұлғаның қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға байланысты мәселелерге жетекшілік еткен бұрын басшы қызметкер болып табылған адамдарға қолданылмайды.
      3. Акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған және қызметін жүзеге асыратын өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органы мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
      4. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
      1) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының басшысы (тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғалар), бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
      2) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;
      3) өзге де басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
      Басқару органы мүшелерінің, сондай-ақ тек қана өтініш берушінің (лицензиаттың) қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін атқарушы орган мүшелерінің лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
      Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
      5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім атқаруға құқылы.
      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда өтініш беруші (лицензиат) осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Уәкілетті органның келісімінсіз өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.
      Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарына сәйкес толық құжаттар топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
      6. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді
      7. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай:
      1) басшы қызметкерлердің осы Заңның 54-бабында, 63-бабының 5-тармағында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      2) тестілеудің теріс нәтижесі негіздері бойынша бас тартады.
      Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:
      - кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың 70%-нан аз болады;
      - кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынса) уәкілетті орган белгілеген тестілеу тәртібін бұзуы;
      - белгіленген уақытта, уәкілетті орган кандидатты келісу мерзімі аяқталғанға дейін тестілеуге келмеу;
      3) өтініш берушінің (лицензиаттың) уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе өтініш берушінің (лицензиаттың) уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы Заңның 54-бабының 5-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынуы;
      4) құжаттарды осы Заңның 54-бабының 5-тармағында белгіленген, басшы қызметкер уәкілетті органның келісімінсіз өзінің қызметін атқара алатын мерзім аяқталғаннан кейін ұсынуы;
      5) уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк кандидатқа қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы негіздер бойынша бас тартады.
      Осы талап өтініш берушінің (лицензиаттың) кандидатты келісу туралы қолдаухатты беру күніне дейінгі бір жыл бойы қолданылады;
      6) уәкілетті органда кандидаттың оның өкілеттіктеріне кіретін мәселелер бойынша, кандидат басшы қызметкер лауазымын не басшы қызметкердің міндетін атқаратын (атқарған) қаржы ұйымының, холдингтің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соққан және сол үшін уәкілетті орган осы қаржы ұйымына, холдингке қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкцияны қолданған шешімдер қабылдауы фактілері туралы мәліметтердің болуы негіздері бойынша бас тартады.
      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіруге әкеп соққан мәміленің тарапы болғаны туралы мәліметтердің болуы негіздері бойынша бас тартады.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау және (немесе) осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіру кандидаттың жосықсыз әрекеттерінен туындағанын растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады;
      8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысқан қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы негіздері бойынша бас тартады.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығындағы айла-шарғыны жасау және (немесе) осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіру кандидаттың жосықсыз әрекеттері не әрекетсіздігінен туындағандығын растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады.
      8. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы өтініш берушідегі (лицензиаттағы) өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, бұл адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      9. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындала (сайлана) алады.
      10. Уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) көрсетілген басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
      11. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:
      1) келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған;
      2) уәкілетті органның басшы қызметкерге және (немесе) осы басшы қызметкер тиісті қызметті атқаратын (соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде атқарған) лицензиатқа санкцияларды жүйелі түрде (соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қолдануы;
      3) уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) көрсетілген басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;
      4) уәкілетті органның осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш беруші (лицензиат) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген немесе уәкілетті орган осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін қызметтен босатқан жағдайда өтініш берушінің (лицензиаттың) көрсетілген басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде оларды қызметтік міндеттерді орындаудан шеттетуі;
      5) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
      Уәкілетті органның лицензиаттың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімін қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге де қаржы ұйымдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.
      Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) ол адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.»;
      22) 56-баптың 5-тармағының 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орындалуы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері тараптарындағы осындай бағалы қағаздардың және (немесе) ақшалардың санының айрықша өзгеруіне алып келмеген бағалы қағаздарды сатып алу сату мәмілелері, олардың орындалуы осы мәмілелер тарапындағы осындай бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруіне алып келмеген мәмілелер;»;
      «3) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында, бағалы қағаздар нарығында осындай мәміле жасалғанға дейін қалыптасқан осы бағалы қағаздардың бағаларынан елеулі айырмашылығы бар баға бойынша жасалған мәміле;»;
      23) 56-1-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өздеріне берілген функциялар мен өкілеттіктерге қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер;»;
      24) 61-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Номиналды ұстаушы болып табылатын брокердің клиенті кастодианға жүгінуге және кастодиандық қызмет көрсетуге табыс етілген өзіне тиесілі бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары туралы үзінді көшірмені алуға құқылы.
      Үзінді көшірмені берудің шарттары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде, кастодианның ішкі құжаттарында белгіленеді.»;
      25) 63-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Номиналды ұстаушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттар бойынша өзінің клиенттеріне электрондық қызметтер көрсетуге құқылы.»;
      26) 64-2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды олар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.»;
      27) мынадай мазмұндағы 64-3-баппен толықтырылсын:
      «64-3-бап. Бірыңғай тіркеушінің қағидалары жинағын келісуден бас тарту
      Уәкілетті орган кез келген мынадай:
      еркін нысанда жасалған өтінішті ұсынбау;
      тіркеушінің директорлар кеңесі бекіткен тіркеушінің қағидалары жинағына кіретін қағидаларды ұсынбау;
      ұсынылған қағидалардың осы Заңның 64-2-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша бірыңғай тіркеушінің қағидалары жинағын келісуден бас тартылады.»;
      28) 66-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) инвесторларға нақты уақыт режимінде басқа инвесторлардың бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға өтінімдері туралы, сондай-ақ биржадан тыс нарықта эмитенттердің бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының ақпараттық жүйесін құру және ұстап тұру;»;
      29) 69-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және (немесе) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.»;
      30) 72-1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу бойынша талаптар мемлекетке, сондай-ақ мыналардың:
      көрсетілген инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының;
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 5-1-тармағына сәйкес ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органнан келісім алу талап етілмейтін басқа заңды тұлғаның акцияларды иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға қолданылмайды.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар инвестициялық портфельді басқарушының акцияларына оларға меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде ақы төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (инвестициялық портфельді басқарушының бұрын иемденген акцияларының құнын шегергенде) инвестициялық портфельді басқарушының бұрын иемденген және иемденетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес бола бастаған жағдайда, сыйға тарту шарты негізінде, ол осы баптың 14-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иемдену туралы өтініш берген кезде мыналарды:
      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
      2) осы баптың 6-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды;
      3) бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындаған сыйға тарту шартының мәні болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.
      Бұл ретте инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді алу үшін сыйға тарту шарты нәтижесінде инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иеленген жеке тұлға сыйға тарту шартын жасаған немесе нотариат куәландырған (егер талап етілсе) күніне қосымша мына талаптарды орындайды:
      1) жеке тұлғаға тиесілі мүліктің құны (инвестициялық портфельді басқарушының бұрын сатып алынған акцияларының құнын шегергенде) сыйға тарту шартының мәні болып табылатын акциялардың және ол инвестициялық портфельді басқарушының бұрын сатып алған акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс;
      2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақылы қызметінен алынған кірістер, сондай-ақ оның құжаттамамен расталған жинақталған ақша жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының сыйға тартылған акцияларының бағалаушы белгілеген құнының кемінде жетпіс бес пайызын құрайды.»;
      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды табыс етеді.»;
      6-тармақтың 3) тармақшасының және 7-тармақтың 5) және 7) тармақшаларының өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін және соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілікті ұсыну бөлігіндегі талаптары тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің біреуі тағайындаған «А»-дан төмен емес кредиттік рейтингі болған кезде резидент емес заңды тұлғаға қолданылмайды;»;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді және құжаттар топтамасын қарамастан өтініш берушіге қайтарады.
      Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін ұсынылған өтінішті және құжаттарды қарау мерзімін, егер оларды қарау барысында осы құжаттарда өтініш беруші немесе оның қызметі туралы дұрыс емес мәліметтер қамтылғаны, ұсынылған құжаттар мазмұнының заңнама талаптарына сәйкес келмеуі анықталса, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру қажет болған кезде, тоқтата тұруға құқылы. Өтініші беруші ескертулерді жойғаннан және құжаттарды ұсынғаннан кейін оларды қарау мерзімі қайта басталады. Уәкілетті органның құжаттарды кейіннен қарауы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін адамға келісім беруден бас тартқан жағдайда, көрсетілген адам жазбаша хабарламаны алған кезден бастап алты ай ішінде инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленген деңгейден төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.»;
      16-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы өзіне тиесілі акциялардың саны инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған (артықшылық берілген және инвестициялық портфельді басқарушы сатып алғандарды шегергендегі) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша және мерзімдерде алдағы бес жылға арналған, талаптарын уәкілетті орган белгілейтін бизнес-жоспарды ұсынады.»;
      31) 72-2-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Заңның 54-бабының 2-тармағы 3) - 6) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алудың тәртібін және (немесе) шарттарын бұзуы;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы Заңның 72-1-бабында көрсетілген құжаттардың табыс етілмеуі не ұсынылған құжаттардың осы Заңның 72-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі немесе ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;»;
      32) мынадай мазмұндағы 72-4 және 72-5-баптармен толықтырылсын:
      «72-4-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының есептілігі
      1. Инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны ұсынуға тиіс.
      2. Инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
      1) басқа тұлғалармен бірлесіп инвестициялық портфельді басқарушы қабылдайтын шешімдерге шарттың негізінде не өзгеше түрде ықпал етуді жүзеге асыру туралы, оның ішінде осындай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктерді табыстаудың сипаттамасы қамтылатын;
      2) жарғылық капиталдардағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдардағы өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
      3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы өзіне тиесілі қатысу үлестері (акциялар), сондай-ақ оларды сатып алу көздері туралы;
      4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауындағы ұйымдар туралы ақпаратты;
      5) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы салық органдарына ұсынатын жеке табыс салығы жөніндегі декларациясы болған кезде, оның көшірмесін беруге тиіс.
      3. Есептілікті ұсыну тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      4. Инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына ие (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға:
      1) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
      2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
      3) үлестес тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есепті табыс етуге тиіс.
      5. Инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына ие (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат көрсетілуге тиіс:
      1) ірі қатысушының қызметі түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы оның қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;
      3) инвестициялық портфельді басқарушыға ірі қатысушының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ үлестес тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер.
      Инвестициялық портфельді басқарушыда инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысы болмаған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы қаржылық есептілікті және осы тармақта көрсетілген ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей беруге тиіс.
      Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы заңды тұлға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді ұсынады.
      6. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы - заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті уәкілетті органға ұсынуға тиіс.
      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысына осы баптың 2-тармағының талаптары қолданылады.
      7. Егер Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы ұйымы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын болса, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақпаратты ұсынады. Бұл ретте, егер инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге ұсынған болса, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба ұсынылмайды.»;
      «72-5-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының аудиті
      1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары үшін міндетті.
      Аудиторлық есептің көшірмесі уәкілетті органға көрсетілген құжатты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылуға тиіс.
      2. Инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызына тікелей немесе жанама ие (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға болып табылатын, орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушысының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының осы резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым растауға тиіс.
      3. Инвестициялық портфелді басқарушының Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілдерінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын ұсынады.
      4. Инвестициялық портфельді басқарушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудиторлық есепте көрсетілген, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық ахуалына әсер ететін бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде бұзушылықтарды жойғанға дейін:
      1) инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты тиісті лицензияның қолданысын тоқтата тұруға;
      2) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 72-3-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
      5. Осы есепті алған күнінен бастап бір жыл бойы бұзушылықтарды жоймаған жағдайда уәкілетті орган:
      1) инвестициялық портфельді басқарушыны лицензиядан айыруға;
      2) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.»;
      33) 74-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) бағалы қағаздардың және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген өзге де қаржы құралдарының ұстаушысына талап етуі бойынша оның шоттарының жай-күйі туралы есептілікті ұсыну;»;
      34) 77-1 және 77-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «77-1-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі
      1. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметіне лицензиясы бар ұйымдар, орталық депозитарий (бұдан әрі осы тарауда – клирингтік ұйымдары) жүзеге асыруға құқылы.
      2. Орталық депозитарий және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және аударым операцияларына лицензиясы бар өзге де ұйым есеп айырысу ұйымы болып табылуы мүмкін.
      3. Есеп айырысу ұйымы клирингтік ұйымының бұйрықтары негізінде қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырады.
      4. Клирингтік ұйымының директорлар кеңесі қаржы құралдарымен мәмілелерді орындамау тәуекелдерін төмендету үшін клирингтік ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесін құруды және жұмыс істеуін, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қамтамасыз етуге міндетті.
      Клирингтік ұйымының орталық қарсы агенттің функцияларын жүзеге асыратын немесе мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындаудың қандай да бір кепілдерін ұсынатын тәуекелдерді басқару жүйесін арнайы қорларды (кепілді және резервтік) қалыптастыруды қамтиды.
      Клирингтік ұйымы өтініш пен қажетті құжаттарды қағаз түрінде не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.
      Құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
      Уәкілетті орган клиринг ұйымының қағидаларын, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды оларды келісуге алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      5. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың талаптарына және тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және клиринг ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді.
      6. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын бекітуге тиіс. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын немесе оларға өзгерістер мен толықтыруларды бекіткеннен кейін оларды уәкілетті органмен келісіледі.
      7. Клиринг ұйымы клиринг қатысушыларының есеп айырысу ұйымында ашылған шоттары бойынша қаржы құралдарын аударуға (есептен шығаруға, есепке жазуға), ауыртпалық салуға есеп айырысу ұйымының бұйрықтарын есеп айырысу ұйымы мен клиринг қатысушылары арасындағы қосылудың тиісті шарттарында белгіленген талаптармен және тәртіппен береді.
      8. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      9. Клиринг ұйымының клиентін (клиринг қатысушысын) таратқан жағдайда қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нысанасы болып табылатын оның міндеттемелері ол жасасқан мәмілелерді орындаған кезде, оның ішінде клиринг ұйымы оның мәмілелер бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі, маржалық жарналары, клиринг ұйымдарына жарналары (кепілді және резервтік) болып табылатын қаржы құралдарын толық пайдалану есебінен және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клиринг ұйымының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
      77-2-бап. Клиринг ұйымының функциялары
      1. Мыналар:
      1) жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес қабылдау және өңдеу, оны салыстырып тексеру және түзету;
      2) жасалған мәмілелердің өлшемдерін, оларды растау, толық немесе ішінара орындалуы немесе орындалмауы жөніндегі ақпаратты есепке алу;
      3) қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу нәтижесінде қаржы құралдарымен мәмілелер қатысушыларының, есеп айырысуларға қатысатын субъектілердің (төлемдер мен қаржы құралдарын аударуды жүзеге асыратын мәміле тараптарының) талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау;
      4) есеп айырысу ұйымының клиринг қызметінің нәтижелері бойынша бұйрықтарды дайындау және беру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және клиринг ұйымының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар клиринг ұйымының функциялары болып табылады.
      2. Клиринг ұйымы мен оның клиенттері арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген қосылу шартының нормалары қолданылатын клиринг қызметін көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт негізінде туындайды»;
      35) мынадай мазмұндағы 77-3 және 77-4-баптармен толықтырылсын:
      «77-3-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары
      1. Клиринг ұйымының қағидаларын оның атқарушы органы әзірлейді, оны клиринг ұйымының директорлар кеңесі бекітеді және ол уәкілетті органмен келісіледі.
      2. Клиринг ұйымының қағидалары уәкілетті органмен келісілгеннен кейін күшіне енеді.
      3. Клиринг ұйымының қағидалары клиринг ұйымы көрсететін қызметтерді пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарын, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібін айқындайды және мыналарды:
      1) сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде сауда-саттықтың клирингтік қатысушысының қаржылық тұрақтылығын қолдау бойынша міндетті көрсете отырып, оларға қойылатын талаптарды;
      2) сауда-саттықтың клирингтік қатысушылары мәртебесін беру (қолданысын тоқтата тұру, айыру) тәртібі мен талаптарын;
      3) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымына сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларының қаржылық жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру, сауда-саттықтың клирингтік қатысушылары клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкес келуі үшін беретін олардың қызметі туралы ақпарат тізбесін, сондай-ақ осы ақпаратты ұсыну тәртібі мен мерзімдерін;
      4) клиринг ұйымы сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларынан және уәкілетті органнан алған ақпаратқа иелік ету тәртібін;
      5) сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларының қаржылық жай-күйінің мониторингі, сондай-ақ сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларының клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкес келу тәртібін;
      6) арнайы клиринг (кепілді) қорларын қалыптастыру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ клиринг ұйымының жарналары мен алымдарын төлеу тәртібі мен талаптарын;
      7) клиринг ұйымының резервтік қорын құру тәртібі мен талаптарын;
      8) жасалған мәмілелер бойынша ақпарат жинау, өңдеу және сақтау, алшақтықтар болған кезде оны салыстырып тексеру мен түзету тәртібін;
      9) клиринг ұйымының қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің өлшемдерін есепке алу мен растау тәртібін;
      10) сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларының талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау тәртібін;
      11) клиринг қызметінің нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындаудың тәртібін, талаптарын және тәсілдерін;
      12) клиринг ұйымының сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларының қаржы құралдарымен мәмілелері бойынша клиринг қызметінің нәтижелері бойынша есептерді беру тәртібін;
      13) есеп айырысу ұйымына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және (немесе) тауар биржасына қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері бойынша ақпаратты дайындау және беру тәртібін;
      14) клиринг ұйымы мен сауда-саттықтың клирингтік қатысушылары арасындағы қатынастарды айқындайтын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарттардың үлгі нысандарын;
      15) клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты ұйымдастырушымен және (немесе) тауар биржасымен жасайтын шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды;
      16) клиринг ұйымының орталық қарсы агенттің функцияларын орындау тәртібі мен талаптарын;
      17) осы Заңның 77-2-бабында белгіленген клиринг ұйымының функцияларын іске асыру үшін айқындалуы қажетті ережелерді айқындайтын ережелер қамтиды.
      4. Осы баптың 3-тармағында тізбеленген құжаттар клиринг ұйымының қағидаларын құрайды және клиринг ұйымының жекелеген құжаттары ретінде ресімделеді не клиринг ұйымының бірыңғай қағидаларының құрамына енгізіледі.
      77-4-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісуден бас тарту
      Уәкілетті орган қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісуден мынадай негіздердің кез келгені:
      1) еркін нысанда жасалған өтінішті ұсынбау;
      2) клирингтік ұйымның директорлар кеңесі бекіткен, клирингтік ұйым қағидаларының құрамына кіретін қағидаларды ұсынбау;
      3) ұсынылған қағидалардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша бас тартады.»;
      36) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мыналар:
      1) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      2) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      3) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      4) шетелдiк депозитарийлер, қаржы құралдарының кастодиандары және (немесе) номиналды ұстаушылары болып табылатын депоненттер;
      5) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті және (немесе) орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
      6) шетелдік дилерлер және (немесе) қор биржасының мүшелері және (немесе) клирингтік ұйымның клирингтік қатысушылары болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
      7) депоненттердің клиенттері орталық депозитарийдің клиенттері болып табылады.»;
      37) 80-бапта:
      1-тармақта:
      1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) клиенттерге қаржы құралдарын номиналды ұстау қызметтерiн көрсетедi;
      2) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмiлелер бойынша және оның депоненттерінің (депоненттердiң өздерiнiң арасында; бiр жағынан депонент және екiншi жағынан басқа депоненттiң клиентi арасында; екi әртүрлi депоненттің клиенттерi арасында), сондай-ақ өзге де клиенттердің қатысуымен бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарында есеп айырысуларды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырады немесе клирингтік ұйымдарға және (немесе) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығының орталық контрагенттеріне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген талаптар мен тәртіппен қызметтер көрсетеді.»;
      2-тармақта:
      1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орталық депозитарийдің клиенттері арасында есеп айырысуды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның функцияларын;»;
      «3) клиентке эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ кiрiстi төлеу және қаржы құралдарын өтеу кезiнде ақша алуға арналған банк шоттарын ашуды жүзеге асырады.»;
      38) 81-баптың 2-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) депоненттерге және депоненттердің клиенттеріне есептілікті ұсыну тәртібі;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) есеп айырысуды клирингтік ұйымның және (немесе) орталық контрагенттің көрсететін қызметтерін қолдана отырып жүзеге асыру кезінде клирингтік ұйыммен және (немесе) орталық контрагентпен өзара іс-қимыл жасау қағидалары;»;
      39) 85-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілін;»;
      39) 88-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20) дефолтты реттеу және орталық контрагенттің функцияларын орындау кезінде бағалы қағаздар және қор биржасында айналысқа жіберілген өзге де қаржы құралдары бойынша сауда-саттыққа қатысу;
      21) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қор биржасы дефолтты реттеу, орталық контрагенттің функцияларын орындаған кезде өзінің сауда жүйесінде қаржы құралдарымен сауда-сатыққа қатысады.»;
      40) мынадай мазмұндағы 90-1 және 90-2-баптармен толықтырылсын:
      «90-1-бап. Орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі
      1. Клирингтік ұйым, орталық депозитарий немесе қор биржасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптармен және тәртіппен орталық контрагент болуға құқылы.
      2. Орталық контрагент өз қызметінің тәуекелдерін төмендету үшін:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
      2) орталық контрагенттің өзінің активтері есебінен қалыптастырылған резервтік қорын және өзі қызмет көрсететін сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері болып табылатын брокерлердің және (немесе) дилерлердің активтері есебінен қалыптастырылған кепілдік берілген қорды ең төменгі деңгейде ұстап тұруға;
      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.
      3. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылаудың және басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      90-2-бап. Орталық контрагенттің шектелген жауапкершілігі және құқықтары
      1. Орталық контрагенттің новация немесе басқа тәсіл арқылы ол мәміленің тарапы мәртебесін қабылдаған қаржы құралдарымен мәмілелерді орындау бойынша жауапкершілігі қаржы құралдарының белгілі бір түрі (типі, атауы) үшін (немесе белгілі бір нарық, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығының секторы үшін) оның арнайы резервтік қорын құрайтын орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленген мөлшердегі активтерімен шектеледі.
      2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және (немесе) орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленген шарттармен және тәртіппен орталық контрагенттің:
      1) сауда-саттыққа қатысушының (клиенттің) төлем қабілетсіздігін немесе оның қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмауын анықтау;
      2) сауда-саттыққа қатысушының (клиенттің) мәмілелерін (позицияларды мәжбүрлеп жабу, қаржы құралдарының төлемдері, аударымдары бойынша) орындау немесе оның активтерін басқару (кез келген мәмілелерді, шарттарды жасау және орындау), ол жіберген дефолтты реттеу үшін оны ішінара қамтамасыз етуді немесе басқа активтерін қолдану (пайдалану);
      3) дефолттың шығындарын жабу үшін маржа жарналарын, арнайы кепілдік берілген және (немесе) резервтік қорлардың активтерін қоса алғанда, оның иелігіндегі қаржы активтерін пайдалану;
      4) брокер өз клиентінің мүддесі үшін орталық контрагенттің қызметтерін пайдалана отырып жасасқан мәміле бойынша дефолтты реттеу үшін орталық контрагентпен және осы брокер арасындағы тиісті қосылу шартында белгіленген шарттармен және тәртіппен брокердің (орталық депозитарийдің шоттарындағы және (немесе) есеп айырысу ұйымының клирингтік ұйымына қызмет көрсететін) өзінің активтерін пайдалану бойынша құқықтары белгіленуі мүмкін.
      3. Орталық контрагенттің құқықтарды іске асырудың және осы баптың 3-тармағында көрсетілген рәсімдерді жүргізудің шарттары мен тәртібіне қатысты ішкі құжаттары орталық контрагенттің барлық клиенттеріне танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.
      4. Орталық контрагент сауда-саттыққа адал қатысушылардың заңды талаптарын орындау мақсатында дефолтты реттеу үшін қолданып отырған және оның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылған әрекеттер соттың шешімі бойынша ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін.
      Бұл ретте осы әрекеттерге сотқа шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
      41) 102-баптың 2-тармағында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылданған шешiмдер;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) директорлар кеңесі мәселелердің тізбесі бойынша қабылдаған шешімдер, олар туралы ақпарат қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлердің және инвесторлардың назарларына жеткізілуге тиіс;».
      13. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 8-1-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың талаптарын, сондай-ақ кредиттік тарихтардың дерекқорын және ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын құру үшін пайдаланылатын аталған ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды кредиттік бюроның орындамауы кредиттік тарихтардың дерекқорын басқару жүйесін пайдалануға енгізу актісін беруден бас тартудың негізі болып табылады.»;
      2) 25-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроға ұсынуға және (немесе) кредиттік бюродан кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге (мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроны қоспағанда) келісімі жеке немесе заңды тұлға ақпаратты жеткізушіге кредитті не өзге де міндеттемелерді алу үшін әрбір жүгінген кезде ресімделеді.».
      14. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 5-баптың 5-тармағында:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер акционерлік инвестициялық қор мен оның басқарушы компаниясы арасында жасалған сенімгерлікпен басқару шарты тоқтатылған, бұзылған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай ішінде акционерлік инвестициялық қор жаңа басқарушы компаниямен сенімгерлікпен басқару шартын жасаспаған жағдайда, акционерлік инвестициялық қор атауының өзгеруіне байланысты әділет органдарында қайта тіркелуге тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Акционерлік инвестициялық қордың осы Заңда белгіленген мерзімде әділет органдарында қайта тіркеуді жүзеге асырмауы мүдделі тараптардың кез келгенінің талап қоюы бойынша, осы Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен оны мәжбүрлеп таратудың негізі болып табылады.»;
      2) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Басқарушы компания өтініш пен қажетті құжаттарды қағаз түрінде не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.
      Құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар өтініштің электрондық нысанына құжаттардың электрондық көшірмелері және электрондық құжат түрінде қоса тіркеліп беріледі.»;
      3) 28-бапта:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мына:
      1) басқарушы компанияның атауын және (немесе) орналасқан жерін;
      2) кастодианның атауын және (немесе) орналасқан жерін;
      3) басқарушы компанияның және (немесе) кастодианның аудиторлық ұйымдарын, сондай-ақ олардың атауын және (немесе) орналасқан жерін өзгертуді;
      4) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі делдалдардың тізбесін өзгертуді және (немесе) толықтыруды қоспағанда, инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар уәкiлеттi органмен келісілуге тиiс.
      Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған өзгерістер инвестициялық пай қорының қағидаларында белгіленген тәртіппен күшіне енеді.
      4. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде қордың қағидаларына осы баптың 3-тармағы 1)-4) тармақшаларында көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар ғана енгізілуі мүмкін»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар осы бапта көзделген жағдайларда уәкiлеттi органмен келісілгенi жөнінде көрсетіле отырып, осы өзгерістер мен толықтырулардың мәтiнi баспа басылымында жарияланғаннан немесе пайлардың барлық ұстаушылары қордың қағидаларында белгіленген тәртіппен оны алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды ұсыну күніне бұл қордың бірде-бір пайы орналастырылмаған жағдайда, өзгерістер мен толықтырулар осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап көрсетілген өзгерістер уәкілетті органмен келісілген күннен бастап күшіне енеді.»;
      4) 36-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Уәкілетті органның инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты мәлімет үшін алудан бас тарту шешімдері ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.
      Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты мәлімет үшін алудан бас тартылған жағдайда, басқарушы компания немесе инвестициялық пай қорының кастодианы уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алынған күннен бастап отыз күн ішінде жетілдірілген құжаттарды қайтадан уәкілетті органға ұсынады.»;
      5) 37-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады.»;
      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттiк бағалы қағаздарды және Қазақстан Республикасы қаржы агенттiктерiнің агенттiк облигацияларын қоспағанда, осы түрдегі (шығарылымдағы) орналастырылған қаржы құралдарының жалпы санының он бес пайызынан асатын мөлшерде бір заңды тұлғаның бір түрдегі (шығарылымдағы) қаржы құралдары болмауға тиіс.»;
      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер жылжымайтын мүлiк қорының активтерiмен қандай да бiр мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде не өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылатын жағдайда, жылжымайтын мүлiк қоры осындай оқиға болғаннан кейiнгi бiр күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге және жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамында осындай өзгерiстер болған күннен бастап алты ай iшiнде активтердiң құрамын осы баптың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.»;
      9-тармақта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақта белгіленген шектеулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына қатысты қолданылмайды.»;
      6) 38-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Инвестициялық қор активтерiнің бухгалтерлік есебін жүзеге асыру және олар бойынша қаржылық есептілікті жасау тәртібі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
      7) 41-бапта:
      1-тармақта:
      11) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) актив бағалы қағаздар болып табылған жағдайда, қамтамасыз етiлмеген мәмiлелер жасасуға («қысқа сату») немесе мұндай мiндеттемелердi қабылдау кезiнде инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiрмейтiн не инвестициялық қордың кастодиандағы шотына есепке жатқызылмаған активтерді беру жөнiндегі мiндеттемелерді қабылдауға;»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың 5) және 11) тармақшаларының талаптары орталық контрагенттің көрсететін қызметтерін пайдаланған жағдайда ашық сауда-саттық әдісімен сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасу кезінде қолданылмайды.».
      15. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бап. Қаржы орталығын құру мақсаттары және оның жұмыс істеу қағидаттары
      Қаржы нарығын дамыту, оның капиталдың халықаралық нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту және экономикалық дамуына жәрдемдесу қаржы орталығын құрудың мақсаттары болып табылады.
      Қаржы орталығы:
      1) барлық қатысушылардың теңдігі;
      2) капиталдың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес қозғалысы;
      3) айқындылық;
      4) ашықтық қағидаттары негізінде жұмыс істейді.»;
      2) 5-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) қаржы нарығы инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдесу;»;
      3) 6-баптың 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
      4) 8-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қаржы орталығының қызметіне қатысты мәселелерде жәрдемдесу, уәкілетті органның қаржы орталығын дамыту бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуі, сондай-ақ оның даму бағыттарын айқындау кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.
      3. Кеңестің функциялары:
      1) қаржы орталығын және қаржы нарығын дамыту үшін қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
      2) қаржы орталығын дамытудың негізгі бағыттарын, іске асырудың әдістері мен тетіктерін әзірлеуді қоса алғанда, қаржы орталығының даму стратегиясы мен саясатын айқындау;
      3) қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру және жұмыс істеуі мәселелері бойынша, сондай-ақ қаржы орталығының проблемаларын шешуде орталық атқарушы органдардың және Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау.»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Кеңес жанынан жұмыс топтары құрылуы мүмкін.»;
      5) 13-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес визаны ресімдеу үшін қажетті мәліметтерді растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінішхаттан бас тартады.»;
      6) 15-баптың екінші бөлігі алып тасталсын.
      16. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат;2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 7-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) өзінің функцияларын жүзеге асыру процесінде мәлім болған қатысушы банктер және олардың клиенттері туралы барлық ақпаратты тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;»;
      2) 10-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында жария етіледі.»;
      3) 13-баптың 2-тармағында:
      5) тармақшадағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) қосылу шартының талаптарын сақтауға міндетті.»;
      4) 21-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Депозитор өкілінің кепілдік берілген өтемін төлеуге өтініш берілген кезде агент-банкке депозитор мүддесінде заңдық әрекеттерді жасауға өкілдің құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ депозитор өкілінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылады.»;
      5) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi»;
      17. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) еншілес ұйым – халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі ұйымның бақылауында деп танылатын және халықаралық стандарттар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау үшін негізгі ұйымның қаржылық есептілігін ұсынатын ұйым;
      13-1) негізгі ұйым – халықаралық стандарттарға сәйкес бір және одан артық еншілес ұйымды бақылайды деп танылатын және халықаралық стандарттар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынатын ұйым;»;
      2) 2-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізуді жүзеге асырады.»;
      3) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұйым қаржылық есептілікті ұсынатын кезең ол есепті кезең болып табылады.
      Жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.»;
      4) 19-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы «құзыреттеріне сәйкес қаржылық есептілікті ұсынады.» деген сөздер «құзыреттеріне сәйкес;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) тізбені, нысандарды және мерзімдерді қоса алғанда, негізгі ұйым айқындайтын тәртіппен өздері еншілес болып табылатын өзінің негізгі ұйымына қаржылық есептілікті ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Шоғырландырылған қаржылық есептілікке кіретін деректердің айқындылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету үшін негізгі ұйым еншілес ұйымдардың бірыңғай есеп саясатын қолдану, еншілес ұйымдардың мүлкін түгендеу, еншілес ұйымдардың активтерінің құнсыздануы тәртібін және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі деректерінің айқындылығы мен дұрыстығымен байланысты басқа да мәселелерді айқындауға құқылы.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Шоғырландырылған қаржылық есептілік осы баптың 1, 2, 3, 3-1 және 4-1-тармақтарына сәйкес ұсынылады.»;
      6-тармақ алып тасталсын;
      5) 20-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қаржы ұйымдарында, микроқаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компанияларында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер мен оларға әдістемелік ұсынымдар қабылдау арқылы жүзеге асырады.»;
      6-тармақта:
      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «халықаралық стандарттарда реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
      3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-2) Қазақстанның Даму Банкі үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-3) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компаниялары үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;».
      18. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат;2015 жылғы 24 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 12-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлікпен басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, оларды әске асыруды мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ оларды орындау жөніндегі есептер тәртібін айқындайды;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен шығаруды жүзеге асырады, пайдалануға береді;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, оның ішінде пайдалануға беруге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі оған сенімгерлікпен басқаруға берген мемлекеттік мүлікті шартта көзделген тәртіппен және талаптармен сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырады;»;
      «11-1) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу тәртібін айқындайды;»;
      2) 13-бапта:
      4-1) және 4-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлікпен басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін айқындайды;
      4-2) акционері (қатысушысы, сенімгерлікпен басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;»;
      3) 140-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорынның қызметі өзінің меншікті табысы есебінен қаржыландырылады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, оларды іске асыруды мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ оларды орындау жөніндегі есептер тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.»;
      4) 185-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Акционері (қатысушысы, сенімгерлікпен басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестердің даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, оларды іске асыруды мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ оларды орындау жөніндегі есептер тәртібін айқындайды.».
      19. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 3-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Микрокредит берумен байланысты комиссияны, сыйақыны және өзге де төлемдерді микроқаржы ұйымы микрокредит берілгеннен кейін немесе оны беру кезінде алады.
      Жеке тұлғаға берілген микрокредитті берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты қызметтер көрсету үшін микроқаржы ұйымы алуға құқылы комиссиялардың тізбесі мен атауы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделмеген комиссияны микрокредит беру туралы шартта белгілеуге және алуға құқылы емес.»;
      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Егер қарыз алушы жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша жүргізген төлем сомасы қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, ол мынадай кезектілікпен қарыз алушының берешегін өтейді:
      1) негізгі борыш бойынша берешек;
      2) сыйақы бойынша берешек;
      3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыштың сомасы;
      4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген сыйақы;
      5) болған кезде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
      6) болған кезде микроқаржы ұйымының орындауды алу бойынша шығыстары;»;
      3) 7-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабардар етуге;»;
      4) 28-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шаралары ретінде микроқаржы ұйымына мынадай шектеулі шараларды қолдануға:
      1) орындалуы мiндеттi нұсқама беруге;
      2) жазбаша ескерту шығаруға;
      3) келісім жасауға құқығы бар;
      Нұсқама – анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзеу шараларын қабылдау және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігі туралы микроқаржы ұйымына берілген нұсқау.
      Нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың сипаты, олардың туындауына әкелген себептер, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкiлеттi органның нұсқамасына сотқа шағындану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      Уәкілетті орган ескерту жарияланғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын жазбаша ескерту жарияланған бұзушылыққа ұқсас қайта бұзғанын анықтаған жағдайда, уәкiлеттi органның осы баптың 4-тармағында көзделген санкцияларды микроқаржы ұйымына қолдану мүмкiндiгi туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
      Келісім уәкілетті орган мен микроқаржы ұйымының арасындағы анықталған бұзушылықтарды дереу жою қажеттілігі және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар тізбесін бекіту туралы жасалады.
      Келісім микроқаржы ұйымының қызметінде қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі тиімді үйлестірілген шаралар қолдануды талап ететін қаржылық нашарлау байқалған жағдайларда жасалуы қажет. Келісімде микроқаржы ұйымының басқару органы және (немесе) атқарушы органы алдағы уақытта кемшіліктерді жою, қаржылық жағдайды жақсарту жөнінде қолданатын іс-қимылдар мен олардың орындалу мерзімдері көрсетіледі. Келісімге қол қоя отырып, микроқаржы ұйымы оның талаптарын орындау жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.
      Келісімге микроқаржы ұйымының тарапынан міндетті қол қойылуға тиіс.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды нұсқамада және келісімде көрсетілген шараларды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындағаны туралы хабардар етуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында, келісімде не нұсқамада белгіленген мерзімдерде микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, келісімді не нұсқаманы орындау мерзімі уәкілетті органның келісімімен мерзімінде орындамау себептерін растайтын құжаттардың негізінде ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген мерзім ұзартылған жағдайда шектеулі ықпал ету шарасының қолданылуы сол мерзімге ұзартылады.».
      20. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 11-құжат; 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 6, 27-құжат; 2015 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:
      «48-1-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті жоюға рұқсат беруден бас тарту
      Уәкілетті органның ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті жоюға рұқсат беруден бас тартуы мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
      1) осы Заңның 48-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;
      2) лицензияланатын қызмет түрлері бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың болуы;
      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының барлық кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қаражатының жеткіліксіздігі.»;
      2) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «55-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды:
      1) басқарушы орган – директорлар кеңесін;
      2) атқарушы орган – басқарманы қалыптастырады.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, басқарушы органның басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, уәкілетті органға ұсынылатын құжаттарға қол қою құқығы бар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып танылады.
      2. Мынадай:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық қызметтер және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызметтер ұсыну және (немесе) оларды реттеу саласында және (немесе) экономика және қаржы саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарда еңбек өтілі жоқ;
      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ (кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы);
      4) уәкілетті орган қаржы ұйымының таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына әкеп соққан қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы-жеке тұлға, ірі қатысушы-заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
      Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымының таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына әкеп соққан қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
      5) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы қолданылады.
      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындалмайды (сайланбайды);
      6) бұрын басқарушы органның басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушының (қатарынан төрт кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолт жіберілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын заңды тұлға ірі акционердің – эмитенттің) басқарушы органның басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі бас бухгалтері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жағдайлар туындаған сәттен бастап бес жыл ішінде қолданылады.
      Осы тармақшаның талабы бұрын заңды тұлға-эмитенттің қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға байланысты мәселелерге жетекшілік еткен басшы қызметкерлер болған адамдарға қолданылмайды.
      3. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;
      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы органының басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл еңбек өтілі болуы қажет.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқарушы органның мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
      Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
      4. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күнінен бастап өзінің лауазымын уәкілетті органның келісуінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және
құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
      Уәкілетті органның келісуінсіз бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.
      Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      6. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден:
      1) басшы қызметкерлердің осы Заңның 55-бабында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      2) тестілеудің теріс нәтижесі негіздері бойынша бас тартады.
      Мыналар:
      кандидаттың тестілеу нәтижесінде дұрыс жауаптың 70%-дан аз болуы;
      кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) уәкілетті орган белгілеген тестілеу тәртібін бұзуы;
      уәкілетті орган кандидатты келісу мерзімі өткенге дейін тестілеуге белгіленген уақытта келмеуі тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады.
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып, пысықталған құжаттарды осы Заңның 55-бабының 4-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуың;
      4) құжаттардың осы Заңның 55-бабының 4-тармағында белгіленген, басшы қызметкер уәкілетті органның келісуінсіз өз лауазымын атқаратын мерзім өткеннен кейін ұсынылуы;
      5) уәкілетті орган кандидатқа қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы негіздері бойынша бас тартады.
      Осы талап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры кандидатты келісу туралы өтініш беретін күнге дейін бір жыл бойы қолданылады;
      6) уәкілетті органда кандидат басшы қызметкер не басшы қызметкердің міндеттерін атқарушы лауазымын атқаратын (атқарған) қаржы ұйымының, холдингтің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соққан және сол үшін уәкілетті орган осы қаржы ұйымына, холдингке қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған кандидаттың өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау фактілері туралы мәліметтердің болуы негіздері бойынша бас тартады.
      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жылдың ішінде қолданылады;
      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіруге әкеп соққан мәміле тарапы болғаны туралы мәліметтердің болуы негіздері бойынша бас тартады.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау және (немесе) осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтірудің кандидаттың жосықсыз іс-әрекетінен болғанын растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады;
      8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмілелер
жасағаны үшін санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) іс-әрекеттері мәмілеге қатысқан қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіруге әкеп соққан қаржы ұйымының қызметкері болғандығы туралы мәліметтердің болуы бойынша бас тартады.
      Осы талап уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау және (немесе) осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы
ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіру кандидаттың жосықсыз іс-әрекеттерінен не әрекетсіздігінен болғаны жөнінде растайтын фактілер болған жағдайда қолданылады.
      7. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге лауазымға ауыстырған жағдайларда, осы адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тарту алынғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі реттен көп емес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      8. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында оны
тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай өткеннен кейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындала (сайлана) алады.
      9. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін мынадай негіздер:
      1) келісім беруге негіз болған, дәйексіз мәліметтердің анықталуы;
      2) уәкілетті органның басшы қызметкерге және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдануы;
      3) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзуы;
      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының көрсетілген басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;
      5) уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының көрсетілген басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры шеттеткен немесе уәкілетті орган осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін жұмыстан босатқан жағдайда қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;
      6) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алу үшін негіз болып табылады.
      Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып алған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.»;
      3) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «58-бап. Уәкілетті орган қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялар
      1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығын айқындаған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптар орындалмаған жағдайларда, уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:
      1) орындалуы міндетті нұсқама беруге;
      2) жазбаша нұсқаманы шығаруға;
      3) келісім жасауға құқылы.
      2. Нұсқама – анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзеу шараларын қабылдау және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігі туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына берілген нұсқау.
      Нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың сипаты, олардың туындауына әкеп соққан себептер, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
      Уәкілетті органның нұсқамасына сотқа шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      3. Уәкілетті орган осы ескертуді шығарғаннан кейін бір жыл ішінде жазбаша ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының қайта бұзылғандығын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына не оның (олардың) басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы баптың 7-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
      4. Келісім – уәкілетті орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры арасындағы анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін бекіту туралы келісім.
      Келісімге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры тарапынан міндетті түрде қол қойылуға тиіс.
      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға нұсқамада және келісімде көрсетілген шараларды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындағандығы туралы хабарлауға міндетті.
      6. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      7. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына бұрын қолданған ықпал ету шараларына қарамастан, оларға санкциялар қолдануға құқылы.
      8. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шаралар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұлдар салуға және оларды өндіріп алуға;
      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары лицензияларының қолданысын тоқтата тұруға не одан айыруға;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының көрсетілген басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде, онымен бір уақтылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері (қызметкерлері) лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 55-бабында көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 55-бабында көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан шығарған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін уәкілетті орган осы адамды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, осы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында тиісті басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін қайтарып алады.
      9. Уәкілетті орган ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге мынадай негіздердің кез келгені бойынша тоқтата тұруға құқылы:
      1) лицензия беруге негіз болған ақпараттың дәйексіз болуы;
      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің басталуын лицензия берілген кезден бастап бір жылдан астам уақытқа кідіртуі;
      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдай) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
      4) уәкілетті орган белгілеген нормативтерді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдай) бұзуы;
      5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында және (немесе) инвестициялық декларациясында көзделген ережелерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдай) бұзуы;
      6) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамауы;
      7) уәкілетті органмен жасалған келісімге қол қоюдан бас тартуы;
      8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүргізілген аудит туралы аудиторлық ұйым есебінде көрсетілген бұзушылықтарды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудиторлық есепті алған күнінен бастап үш ай ішінде жоймауы;
      9) есептілік пен мәліметтерді ұсынбау немесе көрінеу анық емес есептілік пен мәліметтерді ұсыну;
      10) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдай) бұзуы.
      10. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру жаңа салымшыларды (алушыларды) тартуға тыйым салуға әкеп соғады.
      11. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы уәкілетті орган қабылдаған шешімді ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы күнтізбелік он күн ішінде салымшылардың (алушылардың) назарына жеткізеді.
      12. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың себептерін белгіленген мерзімде жоймауы уәкілетті органның лицензиядан айыруына негіз болып табылады.
      13. Өзіне қатысты уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын немесе санкциялар қолданған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның шешімдеріне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Уәкілетті органның көрсетілген шешімдеріне шағымдану олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
      14. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында, келісімде не нұсқамада белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, келісімді не ұйғарымды орындау мерзімі уәкілетті органның келісімімен мерзімінде орындалмау себептерін растайтын құжаттардың негізінде ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген мерзім ұзартылған жағдайда шектеулі ықпал ету шарасының қолданылуы сол мерзімге ұзартылады.».
      21. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 жылғы 15 қаңтарда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 51-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      2) көрсетілген Заңға 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 67-жол алып тасталсын.
      2-бап.
      Осы Заң:
      осы Заңның 2014 жылғы 29 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 11-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацын;
      осы Заңның 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 22-тармағы 5) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады