«Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 503 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 602 қаулысына баспасөз парағы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 136-тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту бойынша құзыретін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құзыретіне тапсыру көзделген.
Осылай, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 483 бұйрығымен ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 19 маусымда № 11397 тіркелген) бекітілді.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық бөліктері, егер олар жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күші жойылды деп танылады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2015 жылғы 7 тамызда «Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 503 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.
Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеліп соқпайды.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі