"Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 738 қаулысы

      «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы іске асыратын «Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру» жобасын тиімді қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Азия Даму Банкіне тартылған қарыз бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамсыздандыру түрінде қарыз туралы келісім жасасу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша 228000000 (екі жүз жиырма сегіз миллион) АҚШ долларына баламалы сомада Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады