"1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 776 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы
Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы
Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы
хаттаманы ратификациялау туралы

      2015 жылғы 27 шілдеде Женевада жасалған 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ ХАТТАМАНЫҢ ЖОБАСЫ Кіріспе

      Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің (бұдан әрі «ДСҰ келісімі» деп аталатын) ХІІ бабына сәйкес берілген Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас кеңесі мақұлдауының негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымы (бұдан әрі «ДСҰ» деп аталатын) және Қазақстан Республикасы (бұдан әрі «Қазақстан» деп аталатын)
      2015 жылғы 23 маусымдағы WT/ACC/KAZ/93 құжатында ұсынылған Қазақстан Республикасының ДСҰ келісіміне қосылуы туралы Жұмыс тобының баяндамасын (бұдан әрі «Жұмыс тобының баяндамасы» деп аталатын) назарға ала отырып,
      Қазақстанның ДСҰ келісіміне қосылуы туралы келіссөздердің нәтижелерін ескере отырып,
      Төмендегілер туралы уағдаласады:

I БӨЛІМ – ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. 8-тармаққа сәйкес осы Хаттаманың күшіне енуімен Қазақстан көрсетілген Келісімнің ХІІ бабына сәйкес ДСҰ келісіміне қосылады және осылайша ДСҰ мүшесі болады.
      2. Қазақстан қосылатын ДСҰ келісімі осы Хаттама күшіне енген күнге дейін күшіне енуі мүмкін осындай құқықтық құжаттармен енгізілген түзетулермен, түзетпелермен және өзге де өзгерістермен бірге көрсетілген Келісімге түсіндірме ескертпелерді қоса алғанда, ДСҰ келісімі болып табылады. Жұмыс тобы баяндамасының 1175-тармағында көрсетілген міндеттемелерді қамтитын осы Хаттама ДСҰ келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады.
      3. Егер жұмыс тобы баяндамасының 1175-тармағында өзгеше көзделмесе, көрсетілген Келісім күшіне енген кезден басталатын уақыт кезеңі ішінде орындалға тиіс ДСҰ келісіміне қосымша болып табылатын көпжақты сауда келісімдері жөніндегі міндеттемелерді Қазақстан Республикасы көрсетілген Келісімді ол күшіне енген күнінен бастап қабылдағандай орындайды.
      4. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімнің (бұдан әрі «ГАТС» деп аталатын) ІІ бабының 1-тармағына сәйкес келмейтін шараның осы Хаттамаға қоса берілетін ІІ баптан алып тастаулардың тізбесіне енгізілуі және ІІ баптан алып тастаулар бойынша ГАТС қосымшасының талаптарына сай болуы шартымен, Қазақстан Республикасы мұндай шараны сақтап қала алады.

II БӨЛІМ – ТІЗБЕЛЕР

      5. Осы Хаттамаға Қосымшада берілген тізбелер 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімге (бұдан әрі «1994 жылғы ГАТТ» деп аталатын) қоса берілетін Басқаға беру мен міндеттемелер тізбесіне және Қазақстанға қатысты ГАТС-қа қоса берілетін Ерекше міндеттемелер тізбесіне айналады. Тізбелерде санамаланған басқаға беру мен міндеттемелер кезеңділігі тиісті тізбелердің тиісті бөліктерінде көрсетілгендей жүзеге асырылады.
      6. 1994 жылғы ГАТТ ІІ бабының 6 (а) тармағындағы анықтаманың мақсаттары үшін осы Хаттамаға қоса берілетін Басқаға беру мен міндеттемелер тізбесіне қатысты күнге сәйкес келетін көрсетілген Келісімнің күндері осы Хаттаманың күшіне енген күні болып табылады.

III БӨЛІМ – ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      7. Осы Хаттама қол қою немесе өзге тәсіл арқылы Қазақстанның қабылдауы үшін 2015 жылғы 31 қазанға немесе Бас кеңес айқындауы мүмкін неғұрлым кешірек күнге дейін ашық.
      8. Осы Хаттама оны Қазақстан қабылдаған күнінен кейін отызыншы күні күшіне енеді.
      9. Осы Хаттама ДСҰ Бас директорына сақтауға тапсырылады. ДСҰ Бас директоры 7-тармаққа сәйкес осы Хаттаманың расталған көшірмесін және Қазақстанның оны қабылдағаны туралы хабарламаны ДСҰ әрбір мүшесіне және Қазақстанға дереу ұсынады.
      10. Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабының ережелеріне сәйкес тіркеледі.

      [...] [...] [...] ағылшын, француз және испан тілдерінде жалғыз данада жасалды, әрі қоса берілетін Тізбеде осы тілдердің біреуінде ғана тең түпнұсқалы болып табылатындығы белгіленуі мүмкін жағдайды қоспағанда, әрбір мәтін тең түпнұсқалы болып табылады және Жұмыс тобының баяндамасы тек ағылшын тілінде ғана тең түпнұсқалы болып табылады.

  Қазақстан Республикасы үшін     Дүниежүзілік сауда ұйымы үшін

МАРРАКЕШ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

      1994 жылғы сәуірдің 12-нен 15-не дейінгі кезеңде Марокко, Марракеште Сауда келіссөздері жөніндегі комитеттің министрлер деңгейіндегі қорытынды сессиясын өткізу бойынша Уругвай көпжақты сауда келіссөздері раундына қатысушы 124 үкіметтің және Еуропалық қоғамдастықтардың өкілдері болып табылатын
      министрлер,
      Уругвай көпжақты сауда келіссөздерінің раундын бастау мақсатында 1986 жылғы 20 қыркүйекте Уругвай, Пунта-дель-Эстеде қабылданған Министрлер декларациясын еске сала отырып,
      Канада, Монреальда және Бельгия, Брюссельде 1988 жылғы желтоқсанда және тиісінше 1990 жылғы желтоқсанда өткен министрлер деңгейіндегі отырыстар барысында қол жеткізілген ілгерілеуді еске сала отырып,
      негізінен келіссөздер 1993 жылғы 15 желтоқсанда аяқталғанын атап көрсете отырып,
      экономика нарығына бағдарланған ашық және Уругвай раундының келісімдері мен шешімдерінде баяндалған міндеттемелер негізінде әлемдік сауда жүйесіне ұлттық экономикаларды қатыстыру арқылы Уругвай раундының табысын бекітуге ұмтылысты негізге ала отырып,
      бүгін осы Декларацияны қабылдадық:

ДЕКЛАРАЦИЯ

      1. Министрлер Раундты аяқтау түріндегі тарихи жетістікті құптайды, бұл жетістік олардың пайымдауынша әлемдік экономиканы нығайтады және бүкіл әлемде сауданы, инвестицияларды, жұмыспен қамтуды және кірістердің өсуін кеңейтуге қызмет етеді. Атап айтқанда, олар:
      - дауларды реттеудің барынша тиімді әрі сенімді тетігін қоса алғанда, олар халықаралық сауданы жүзеге асыру үшін қабылдаған өте берік әрі айқын заңдық құрылымды;
      - тарифтерді 40%-ға жаһандық қысқарту және тауарлар үшін нарықтар ашатын барынша кең келісімдер, сондай-ақ тарифтік міндеттемелердің көлемін кеңейту түріндегі үлкен айқындылықты және сенімділікті, және
      - көрсетілетін қызметтер саудасы және зияткерлік меншік құқықтарының саудасына байланысты қорғау саласында қағидалардың көпжақты құқықтық құрылымын құруды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, тоқыма және киім саласындағы көпжақты сауда келісімдерінің күшейтілген ережелерін құптайды.
      2. Министрлер Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) бүкіл халықтың әл-ауқаты мүддесінде сауданың барынша әділ және барынша ашық көпжақты жүйесі шеңберінде жұмыс істеуге кеңінен ұмтылатындығын көрсете отырып, халықаралық экономикалық ынтымақтастықтағы жаңа кезеңді жариялайтынын растайды. Министрлер болуы мүмкін барлық протекционистік үрдістерге қарсы тұруға шешім байлағандарын білдіреді. Олар сауданы ырықтандыру және Уругвай раунды барысындағы уағдаластықта қол жеткізілген барынша қатаң қағидалар саудада үлкен ашықтыққа алып келеді деп санайды. Министрлер ДСҰ туралы келісім күшіне енгенге дейін Уругвай раундының келіссөздер нәтижелеріне немесе олардың іске асырылуына кедергі болатын немесе жағымсыз әсер етуі мүмкін қандай да бір шараларды қабылдамауға өздеріне дереу міндеттемелер алады.
      3. Министрлер осы мақсатты жүзеге асыратын ДСҰ, ХВҚ және Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, сауда, валюталық-қаржылық қатынастар саласындағы әлемдік саясаттың барынша үйлесімділігіне қол жеткізетін болып шешкендерін растайды.
      4. Министрлер Уругвай раундына қатысу алдыңғы көпжақты келіссөздердің кез келгеніне қарағанда, өте кең болғандығы, атап айтқанда, дамушы елдер осы процесте белгілі және белсенді рөл атқару фактісін құптайды. Бұл елдердің сауда саласында неғұрлым теңдестірілген және ықпалдастырылған әріптестікке бет алған жолдағы тарихи қадам болды. Министрлер аталған келіссөздерді жүргізу кезеңінде көптеген дамыған елдерде және бұрын орталықтандырылған жоспарлау экономикасында тәжірибесі бар елдерде экономикалық реформалар жүргізуге және сауданы автономды ырықтандыруға бағытталған аса маңызды шаралар қабылданғанын атап көрсетеді.
      5. Министрлер келіссөздер нәтижелері дамуы төмен елдердің жағдайына баса назар аударумен қоса, дамушы елдерге сараланған және барынша қолайлы режим ұсынуды қамтитынын еске салады. Министрлер дамуы төмен елдердің мүдделерінде осы ережелерді іске асырудың маңыздылығын мойындайды және олардың саудасын кеңейтуге және инвестициялар мүмкіндіктерін ұлғайтуға ықпал жасауды және көмек көрсетуді жалғастыруға өзінің әзірлігі туралы мәлімдейді. Олар Министрлер конференциясында және ДСҰ тиісті органдарында дамуы төмен елдерге, сондай-ақ осындай елдерге ұлттық даму мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жағымды шараларды әзірлеу үшін азық-түліктің нетто-импорттаушылары болып табылатын дамушы елдерге Уругвай раундының нәтижелерін іске асырудың әсерін жүйелі түрде қарауға келісті. Министрлер ГАТТ және ДСҰ-ның олардың құзыреті аясында кеңейтілген техникалық көмек беру, әсіресе, дамуы төмен елдерге оның көрсетілуін кеңейту қабілеттерін нығайту қажеттігін мойындайды.
      6. Министрлер өздерінің Уругвай көпжақты сауда келдіссөздері раундының нәтижелері қамтылған қорытынды актіге қол қоюы және министрлер деңгейінде келісілген шешімдер қабылдауы ГАТТ-тан ДСҰ-ға көшудің басталғанын білдіреді деп мәлімдейді. Атап айтқанда, олар ДСҰ туралы келісімнің күшіне енуіне дайындалу және ол 1995 жылғы 1 қаңтарға қарай күшіне енетіндей немесе осы күннен кейін кешіктірмей күшіне енетіндей ратификациялау үшін қажетті тиісті қадамдарды қамтамасыз ету мақсатында Дайындау комитетін құрды. Бұдан басқа, министрлер сауда және қоршаған орта мәселелері бойынша шешім қабылдады.
      7. Министрлер Аса мәртебелі король ІІ Хассанға министрлер деңгейіндегі отырыстың табысты өтуіне оның жеке қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Марокко үкіметі мен халқына олардың жайдары қонақжайлылығы мен іс-шараны ұйымдастыру шеберлігі үшін орасан зор алғысын білдіреді. Уругвай келіссөздер раунды шеңберіндегі министрлер деңгейіндегі қорытынды отырыстың Марракеште өту фактісі Марокконың сауданың барынша ашық жүйесін қамтамасыз етуге және елдің әлемдік экономикалық жүйеге толық ықпалдасуына бейім екендігінің қосымша куәсі болып табылады.
      8. Қорытынды актіні қабылдаумен және қол қоюмен және ДСҰ туралы келісімді қабылдау үшін ашық болуымен министрлер Сауда келіссөздері жөніндегі комитеттің жұмысы осымен аяқталғанын және Уругвай раундының ресми түрде аяқталғанын мәлімдейді.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМДІ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ

      Министрлер,
      Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісімнің (бұдан әрі - ДСҰ туралы келісім) ХI және ХIV баптары тек ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге басқаға беру мен міндеттемелерінің тізбелері 1994 жылғы ГАТТ-қа қоса берілген және ерекше міндеттемелері Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімге (бұдан әрі – ГАТС) қоса берілген, 1947 жылғы ГАТТ-тың уағдаласушы тараптары болып табылатын тараптар ғана ДСҰ туралы келісімді қабылдай алатынын көздейтінін атап көрсете отырып;
      бұдан әрі Уругвай көпжақты сауда келіссөздері раундының нәтижелерін қамтитын Қорытынды актінің 5-тармағы (бұдан әрі тиісінше «Қорытынды акт» және «Уругвай раунды») 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптары болып табылмайтын қатысушылар тізбелері Қорытынды актіге қол қойылған күннен бастап түпкілікті болып табылмайтынын және соның салдарынан 1947 ГАТТ-қа қосылу және олардың ДСҰ туралы келісімді қабылдауы мақсаттары үшін аяқталуын көздейтінін атап көрсете отырып;
      дамуы төмен елдердің пайдасына қабылданатын шаралар туралы шешімнің 1-тармағы дамуы төмен елдердің билігінде ДСҰ туралы келісімнің ХI бабына сәйкес олардың тізбелерін беру үшін 1994 ж. 15 сәуірден бастап есептегенде, қосымша бір жыл болады деп көздейтінін ескере отырып;
      Уругвай раундының 1947 ГАТТ de facto ережелерін қолданған және 1947 ГАТТ XXVI:5(с) бабына сәйкес уағдаласушы тараптарға айналған кейбір қатысушыларының 1994 ГАТТ және ГАТС бойынша тізбелерді ұсыну мүмкіндігі болмағанын мойындай отырып;
      бұдан әрі Уругвай раундына қатыспаған кейбір мемлекеттер немесе жекелеген кеден аумақтары ДСҰ туралы келісім күшіне енгенге дейін 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптары болуы мүмкін екендігін және осындай мемлекеттер немесе кеден аумақтарына ДСҰ туралы келісімді қабылдауға мүмкіндік беретін 1944 ГАТТ және ГАТС бойынша тізбелер туралы келіссөздер жүргізу мүмкіндігі берілуі тиіс екендігін мойындай отырып;
      ДСҰ туралы келісім күшіне енгенге дейін 1947 ГАТТ-қа қосылу процесін аяқтауы мүмкін емес немесе 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптары болуға ниет білдірмейтін кейбір мемлекеттер немесе жекелеген кеден аумақтары ДСҰ туралы келісім күшіне енгенге дейін ДСҰ-ға өзінің қосылу процесін бастауға тілек білдіруі мүмкін екендігін назарға ала отырып;
      ДСҰ туралы келісім ешбір жағдайда ХI және ХIV баптарға сәйкес көрсетілген Келісімді қабылдаған ДСҰ мүшелері мен ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптары болмаған мемлекеттер мен жекелеген кеден аумақтарының қосылу рәсімдері оларды пайдалы емес жағдайларға қалдырмайтын және осы мемлекеттер мен жекелеген кеден аумақтары үшін ақталмаған кешігулерді болдырмайтын ережені қамтамасыз ету ниетіне сүйене отырып, ХII бапқа сәйкес оған қосылған ДСҰ мүшелері арасында аражігін ажыратуды жүргізбейтінін мойындай отырып;
      мына:
      1. (а) - Қорытынды актінің 5-тармағы қолданылатын, немесе
      - дамуы төмен елдердің пайдасына қабылданған шаралар туралы шешімнің 1-тармағы қолданылатын, немесе
      - 1994 ж. 15 сәуірге дейін 1947 ГАТТ ХХVI:5(с) бабына сәйкес уағдаласушы тарап болған және Қорытынды актіге қосу үшін 1994 ГАТТ және ГАТС бойынша тізбені дайындай алмайтын жағдайда болған Қорытынды актіге қол қойған кез келген тарап және
      - 1994 ж. 15 сәуір мен ДСҰ туралы келісім күшіне енген күн арасындағы кезеңде 1947 ГАТТ уағдаласушы тарапы болатын кез келген мемлекет немесе жекелеген кеден аумағы Дайындау комитетіне 1994 ГАТТ бойынша басқаға берулер мен міндеттемелер тізбесін және ГАТС бойынша ерекше міндеттемелер тізбесін қарау және мақұлдау үшін бере алады деп шешеді.
      (b) ДСҰ туралы Келісімнің ХIV бабына сәйкес ол тізбелері ДСҰ туралы келісім күшіне енгенге дейін берілген және мақұлданған 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптарының қабылдауы үшін ашық болады.
      (с) Осы тармақтың (а) және (b) тармақшаларының ережелері дамуы төмен елдердің 1994 жылғы 15 сәуірден бастап есептегенде бір жыл бойы олардың тізбелерін беруге қатысты құқықтарына залалын тигізбейді.
      2. (а) Кез келген мемлекет немесе жекелеген кеден аумағы Дайындау комитетіне көрсетілген Келісімнің ХII бабына сәйкес ДСҰ туралы келісімге өзінің қосылу талабын мақұлдауды ДСҰ Министрлер конференциясына ұсынуға өтініш жасай алады. Егер осындай өтінішпен 1947 ГАТТ-қа қосылу процесінде тұрған мемлекет немесе жекелеген кеден аумағы жүгінсе, Дайындау комитеті, мүмкіндігіне қарай, осы өтінішті осы мемлекеттің немесе жекелеген кеден аумағының қосылуын қарау мақсатында 1947 ГАТТ Уағдаласушы тараптары құрған Жұмыс тобымен бірлесіп қарайды.
      (b) Дайындау комитеті осындай өтінішті қарау туралы баяндаманы Министрлер конференциясына береді. Баяндамада Министрлер конференциясы мақұлдауы тиіс 1994 ГАТТ бойынша басқаға берулер мен міндеттемелер тізбесін және ГАТС бойынша ерекше міндеттемелер тізбесін қоса алғанда, қосылу туралы хаттама қамтылуы мүмкін. Дайындау комитетінің баяндамасы тиісті мемлекет немесе жекелеген кеден аумағы ұсынған ДСҰ туралы Келісімге қосылуы туралы өтінімді қарау кезінде Министрлер конференциясының назарына алынады.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ
МАРРАКЕШ КЕЛІСІМІ

      Осы Келісімнің Тараптары,
      Сауда және экономикалық саясат саласындағы олардың қарым-қатынастары өмір сүру деңгейін арттыру, толық жұмыспен қамтылу және нақты кірістер мен тиімді сұраныс деңгейінің айтарлықтай әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға ұмтылу және экономикалық дамудың әртүрлі деңгейлерінде олардың тиісті қажеттіліктері мен мүдделеріне үйлесімді осы жолдармен мүмкіндіктерді кеңейту мақсаттарына сәйкес әлемдік ресурстарды оңтайлы пайдалану кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі мен саудасын кеңейту мақсатында жүзеге асырылуы тиіс екендігін мойындай отырып;
      сондай-ақ дамушы елдерге, әсіресе, олардың ішіндегі дамуы төмен елдерге өздерінің экономикалық даму қажеттіліктерімен мөлшерлес халықаралық сауданың өсуіндегі олардың кепілдік берілген үлесін қамтамасыз етуге бағытталған жағымды күштер қажет екенін мойындай отырып;
      саудада тарифтер мен басқа да кедергілерді елеулі түрде қысқартуға және халықаралық сауда қатынастарындағы кемсітушілік режимін жоюға бағытталған өзара әрі екіжақты тиімді уағдаластықтарға қол жеткізу арқылы осы мақсаттардың орындалуына ықпал етуге ұмтыла отырып;
      Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің, Уругвай көпжақты сауда келіссөздері раундының саудасын және барлық нәтижелерін ырықтандырудағы бұрынғы жетістіктер негізінде ықпалдастырылған, өмірге барынша қабілетті және тұрақты көпжақты сауда жүйесін құруды шеше отырып;
      көрсетілген көпжақты сауда жүйесіне арналған негізгі қағидаттарды сақтауға және мақсаттарды қолдауға толық шешімге келе отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласады:

I-БАП
Ұйымды құру

      Осымен Дүниежүзілік сауда ұйымы (бұдан әрі «ДСҰ» деп аталатын) құрылады.

II-БАП
ДСҰ қызметінің аясы

      1. ДСҰ келісімдерге жатқызылған және осы Келісімге қосымшаларға енгізілген құқықтық құжаттарға байланысты мәселелерде оның мүшелері арасындағы сауда қатынастарын жүзеге асыру үшін жалпы институционалдық шеңберлерді қамтамасыз етеді.
      2. Келісімдер және 1, 2 және 3-қосымшаларға енгізілген оларға байланысты құқықтық құжаттар (бұдан әрі «Көпжақты сауда келісімдері» деп аталатын) осы Келісімнің ажырамас бөлігі және барлық мүшелер үшін міндетті болып табылады.
      3. Келісімдер және 4-қосымшаға енгізілген оларға байланысты құқықтық құжаттар (бұдан әрі «Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімдері» деп аталатын) оларды қабылдаған мүшелер үшін осы Келісімнің бөлігін құрайды және осы мүшелер үшін міндетті болып табылады. Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімдері оларды қабылдамаған мүшелер үшін міндеттемелер немесе құқықтар туғызбайды.
      4. 1А қосымшасында келтірілген 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісім (бұдан әрі «1994 ГАТТ» деп аталатын) кейінгі нақтылауларымен, толықтыруларымен немесе өзгерістерімен Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және жұмыспен қамту жөніндегі конференциясының Дайындау комитетінің екінші сессиясы аяқталғанда қабылданған Қорытынды актіге қоса берілген 1947 жылғы 30 қазандағы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнен (бұдан әрі «1947 ГАТТ» деп аталатын) ерекшеленетін заңды құжат болып табылады.

III-БАП
ДСҰ функциялары

      1. ДСҰ осы Келісімнің және Көпжақты сауда келісімдерінің орындалуына, қолданылуына және әрекет етуіне ықпал жасайды, олардың мақсаттарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімдерінің орындалуы, қолданылуы және әрекет етуіне арналған шеңберлерді қамтамасыз етеді.
      2. ДСҰ осы Келісімге Қосымшаларда қамтылатын келісімдерге қатысты олардың көпжақты сауда келісімдері мәселелері бойынша оның мүшелері арасында келіссөздер жүргізуге арналған форум болып табылады. Министрлер конференциясының шешімі бойынша ДСҰ олардың көпжақты сауда қатынастарына қатысты оның мүшелері арасында одан арғы келіссөздерге арналған форумдардың бірі болуы, сондай-ақ осындай келіссөздер нәтижелерін қолдануға арналған шеңберлерді қамтамасыз етуі мүмкін.
      3. ДСҰ осы Келісімге 2-қосымшада қамтылған дауларды шешуді реттейтін Қағидалар мен рәсімдер туралы уағдаластыққа (бұдан әрі «Дауларды шешу туралы уағдаластық» немесе «ДШУ» деп аталатын) қатысты әкімшілік функцияларды орындайды.
      4. ДСҰ осы Келісімге 3-қосымшада қамтылған Сауда саясатына шолу тетігіне (бұдан әрі «ССШТ» деп аталатын) қатысты әкімшілік функцияларды орындайды.
      5. Жаһандық экономикалық саясатты жүргізу кезінде үлкен келісушілікке қол жеткізу мақсатында ДСҰ бұл орынды болған жағдайда, Халықаралық валюта қоры және Халықаралық қайта құру және даму банкімен және оларға байланысты агенттіктермен ынтымақтасады.

IV-БАП
ДСҰ құрылымы

      1. Барлық мүшелер өкілдерінен тұратын Министрлер конференциясы құрылады, ол әрбір екі жыл сайын кемінде бір рет өткізіледі. Министрлер конференциясы ДСҰ функцияларын орындайды және осылар үшін қажетті шараларды алдын ала қабылдайды. Министрлер конференциясы осы Келісімде және тиісті Көпжақты сауда келісімінде қамтылған шешімдерді қабылдауға қатысты нақты талаптарға сәйкес, егер ол жөнінде қандай да бір мүше сұрайтын болса, Көпжақты сауда келісімдерінің кез келгеніне жатқызылған барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау өкілеттігіне ие болады.
      2. Барлық мүшелер өкілдерінен тұратын Бас кеңес құрылады, ол қажеттілігіне қарай жиналады. Министрлер конференциясының отырыстары арасындағы үзілістерде оның функцияларын Бас кеңес жүзеге асырады. Бас кеңес осы Келісімде өзіне белгіленген функцияларды да орындайды. Бас кеңес өзінің рәсімдер қағидаларын белгілейді және 7-тармақта көзделген Комитеттердің рәсімдер қағидаларын бекітеді.
      3. Тиісті жағдайларда Бас кеңес Дауларды шешу жөніндегі уағдаластықта көзделген Дауларды шешу жөніндегі органның функцияларын орындау үшін құрылады. Дауларды шешу жөніндегі органның өз төрағасы болуы мүмкін және ол өз функцияларын орындау үшін қажет деп санаған рәсімдер қағидаларын белгілейді.
      4. Тиісті жағдайларда Бас кеңес ССШТ көзделген сауда саясатына шолу жүргізу жөніндегі органның функцияларын орындау үшін шақырылады. Сауда саясатына шолу жүргізу жөніндегі органның өз төрағасы болуы мүмкін және ол өз функцияларын орындау үшін қажет деп санаған рәсімдер қағидаларын белгілейді.
      5. Бас кеңестің жалпы басшылығымен әрекет ететін Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес және Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі кеңес (бұдан әрі «ЗМҚСА жөніндегі кеңес» деп аталатын) құрылады. Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес 1А қосымшасында қамтылған Көпжақты сауда келісімдерінің қолданылуын бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімнің (бұдан әрі «ГАТС» деп аталатын) қолданылуын бақылауды жүзеге асырады. ЗМҚСА жөніндегі кеңес Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімнің (бұдан әрі «ЗМҚСА жөніндегі келісім» деп аталатын) қолданылуын бақылауды жүзеге асырады. Бұл Кеңестер тиісті келісімдер мен Бас кеңестің өздеріне белгілеген функцияларын орындайды. Олар Бас кеңестің мақұлдауына жататын өздерінің тиісті рәсімдер қағидаларын белгілейді. Осы Кеңестерге мүшелік барлық мүшелердің өкілдері үшін ашық. Бұл Кеңестер өз функцияларын орындау үшін қажеттілігіне қарай шақырылады.
      6. Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес және ЗМҚСА жөніндегі кеңес, қажет болған жағдайда, қосымша органдарды құрады. Осындай қосымша органдар тиісті Кеңестердің мақұлдауына жататын рәсімдердің өз қағидаларын белгілейді.
      7. Министрлер конференциясы Сауда және даму жөніндегі комитетті, Төлем балансына байланысты шектеулер жөніндегі комитетті және осы Келісімде және Көпжақты сауда келісімдерінде өздеріне ұйғарылған функцияларды, сондай-ақ оларға Бас кеңесте ұйғарылған кез келген қосымша функцияларды орындайтын Бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі комитетті құрады және ол қажет деп есептейтін осындай функциялары бар кез келген басқа да комитеттерді құруы мүмкін. Сауда және даму жөніндегі комитет өз функцияларын жүзеге асыру тәртібімен мерзімді түрде дамуы төмен мүше елдердің пайдасына Көпжақты сауда келісімдерінің арнайы ережелеріне шолу жүргізеді және тиісті іс-қимылдарды жүзеге асыру мақсатында Бас кеңеске баяндамалар ұсынады.
      8. Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімдерінде көзделген органдар осы Келісімдерде өздеріне ұйғарылған функцияларды орындайды және ДСҰ институционалдық шеңберінде әрекет етеді. Осы органдар тұрақты негізде өз қызметі туралы Бас кеңеске ақпарат береді.

V-БАП
Басқа ұйымдармен қарым-қатынастар

      1. Бас кеңес ДСҰ функцияларына қатынасы бар функцияларды орындайтын басқа үкіметаралық ұйымдармен тиімді ынтымақтастығы туралы тиісті келісімдерді жасасады.
      2. Бас кеңес ДСҰ айналысатын мәселелерге қатысы бар мәселелермен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен консультациялар және ынтымақтастық туралы тиісті келісімдерді жасасуы мүмкін.

VI-БАП
Хатшылық

      1. Бас директор басқаратын ДСҰ хатшылығы (бұдан әрі «Хатшылық» деп аталатын) құрылады.
      2. Министрлер конференциясы Бас директорды тағайындайды және Бас директордың өкілеттігін, міндеттерін, жұмыс шарттары мен осы лауазымда болу мерзімін белгілейтін қағидаларды қабылдайды.
      3. Бас директор Хатшылық персоналы мүшелерін тағайындайды және Министрлер конференциясы қабылдайтын қағидаларға сәйкес олардың міндеттері мен жұмыс шарттарын айқындайды.
      4. Бас директордың және Хатшылық персоналының міндеттері өз сипаты бойынша тек халықаралық болып табылады. Өз міндеттерін орындау кезінде Бас директор және Хатшылық персоналы ДСҰ-дан басқа, қандай да бір үкіметтің немесе кез келген басқа органның нұсқауын сұрай немесе қабылдай алмайды. Олар өздерінің халықаралық лауазымды тұлғалар мәртебесіне теріс әсерін тигізуі мүмкін кез келген іс-әрекеттен бас тартуы тиіс. ДСҰ мүшелері Бас директордың және Хатшылық персоналының міндеттерінің халықаралық сипатын құрметтеуі тиіс және олардың өз міндеттерін орындау кезінде оларға әсерін тигізуге ұмтылмауы тиіс.

VII-БАП
Бюджет және жарналар

      1. Бас директор Бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі комитетке ДСҰ жылдық бюджетінің жобасын және қаржылық есебін ұсынады. Бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі комитет Бас директор ұсынған жылдық бюджеттің жобасын және қаржылық есепті қарайды және олар бойынша Бас кеңеске ұсынымдар жасайды. Жылдық бюджеттің жобасы Бас кеңестің бекітуіне жатады.
      2. Бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі комитет:
      (a) оның мүшелері арасындағы ДСҰ шығыстарын бөлумен жарналар шкаласын;
      (b) берешегі бар мүшелерге қатысты алдын ала қабылдануы тиіс шараларды белгілейтін ережелерді қамтитын қаржы қағидаларына қатысты Бас кеңеске ұсыныстар береді.
      Қаржы қағидалары мүмкіндігінше 1947 ГАТТ қағидалары мен практикасына негізделуі тиіс.
      3. Бас кеңес қаржы қағидаларын және жылдық бюджеттің жобасын мүшелердің жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан кезде дауыстардың үштен екі бөлігімен қабылдайды.
      4. Әрбір мүше қысқа мерзімдерде ДСҰ-ға Бас кеңес қабылдаған қаржы қағидаларына сәйкес ДСҰ шығыстарындағы өз үлесі мөлшеріндегі жарнаны енгізеді.

VIII-БАП
ДСҰ мәртебесі

      1. ДСҰ заңды тұлға мәртебесіне ие және оның әрбір мүшесі оның функцияларын орындау үшін қажет болатын оған осындай құқық қабілетін береді.
      2. Әрбір мүше ДСҰ-ға оның функцияларын орындау үшін қажетті артықшылықтар мен иммунитеттерді ұсынады.
      3. ДСҰ лауазымды тұлғаларына және мүшелерінің өкілдеріне де ДСҰ-ға байланысты олардың функцияларын тәуелсіз орындау үшін қажетті осындай артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі.
      4. ДСҰ-ның өзінің қандай да бір мүшесінің оның лауазымды тұлғаларына және оның мүшелерінің өкілдеріне ұсынатын артықшылықтары мен иммунитеттері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1947 жылғы 21 қарашада мақұлдаған Мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері жөніндегі конвенцияда белгіленген артықшылықтар мен иммунитеттерге ұқсас болуы тиіс.
      5. ДСҰ штаб-пәтер туралы келісім жасасуы мүмкін.

IX-БАП
Шешімдер қабылдау

      1. ДСҰ 1947 ГАТТ-қа1 сәйкес қолданылған консенсус жолымен шешімдер қабылдау тәжірибесін жалғастыратын болады. Егер өзгеше көзделмесе, онда консенсус шешімдерді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, қаралып отырған мәселе бойынша шешімді дауыс берумен қабылдайды. Министрлер конференциясы мен Бас кеңестің отырыстарында ДСҰ-ның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Егер Еуропалық қоғамдастықтар өз дауыс құқығын пайдаланса, олардың ДСҰ мүшелері болып табылатын мүше мемлекеттердің2 санына тең дауыс саны болады. Министрлер конференциясының және Бас кеңестің шешімдері егер осы Келісімде немесе тиісті Көпжақты сауда келісімінде3 өзгеше көзделмесе, берілген дауыстардың көпшілігімен қабылданады.
      2. Министрлер конференциясы мен Бас кеңес осы Келісімді және Көпжақты сауда келісімдерін түсіндіру туралы шешім қабылдаудың айрықша құқығына ие. 1-қосымшада қамтылған Көпжақты сауда келісімін түсіндірген жағдайда, олар осындай Келісімнің қолданылуын қадағалайтын Кеңестің ұсынымдары негізінде өз өкілеттіктерін жүзеге асырады. Түсіндіру туралы шешім мүшелердің төрттен үш көпшілігімен қабылданады. Осы тармақ X баптағы түзетулер туралы ережелерді бұзатындай түрде қолданылмауы тиіс.
      3. Ерекше жағдайларда Министрлер конференциясы кез келген осындай шешім егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, мүшелердің төрттен үш4 көпшілігімен қабылданатын болса, осы Келісімнен немесе кез келген Көпжақты сауда келісімдерінен туындайтын міндеттемелерден мүшені босату туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      (a) Осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерден босату туралы өтініш Министрлер конференциясына консенсус жолымен шешімдер қабылдау практикасы негізінде қарау үшін беріледі. Министрлер конференциясы осындай өтінішті қарау мерзімін белгілейді, ол 90 күннен аспауы тиіс. Егер осы кезең ішінде консенсуске қол жеткізілмесе, онда міндеттемелерден босату туралы кез келген шешім мүшелердің төрттен үш көпшілігімен қабылданады.4
      (b) 1А, 1В, немесе 1С қосымшаларында және оларға қосымшаларда қамтылған Көпжақты сауда келісімдерінен туындайтын міндеттемелерден босату туралы өтініш алдымен Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске, Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңеске немесе тиісінше ЗМҚСА жөніндегі кеңеске 90 күннен аспайтын мерзімде қарау үшін беріледі. Осы мерзім аяқталған соң, тиісті Кеңес Министрлер конференциясына баяндама ұсынады.
      4. Министрлер конференциясының міндеттемелерден босату туралы шешімі осындай шешімді, оны қолданылу мерзімдері мен шарттарын, сондай-ақ оның қолданысының аяқталу күнін растайтын ерекше мән-жайлардың болуын белгілейді. Бір жылдан астам кезеңге міндеттемелерден босату туралы шешімді Министрлер конференциясы оны қабылдағаннан кейін бір жылдан кешіктірмей, ал одан соң жыл сайын оның күші жойылғанға дейін қайта қарайды. Әрбір осындай қарау кезінде Министрлер конференциясы осындай босатуды ақтайтын төтенше жағдайлардың бар-жоғы туралы, сондай-ақ оның барлық мерзімдері мен шарттарының сақталуы туралы мәселелерді зерттейді. Министрлер конференциясы осындай жыл сайынғы қараулардың негізінде осындай шешімнің қолданылуын ұзартуы, оны өзгертуі немесе жоюы мүмкін.
      5. Түсіндіру бойынша және міндеттемелерден босату бойынша кез келген шешімдерді қоса алғанда, қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімі бойынша шешімдер осындай Келісімнің әрқайсысының ережелерімен реттеледі.

_____________________
1Тиісті орган егер отырысқа қатысып отырған мүшелердің ешқайсысы шешім қабылдау кезінде ұсынылатын шешімге қарсы формальды түрде қарсылық білдірмесе, оған қарауға ұсынылған мәселе бойынша консеспуспен шешім қабылдайды деп саналады.
2Еуропалық қоғамдастықтардың және олардың мүше мемлекеттерінің дауыстар саны ешқандай жағдайда Еуропалық қоғамдастықтарға мүше мемлекеттердің санынан аспайды.
3Дауларды шешу жөніндегі орган ретінде әрекет ететін Бас кеңестің шешімдері тек Дауларды шешу туралы уағдаластықтың ІІ бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс.
4Тиісті кезеңнің соңына қарай сұрау салып отырған мүше орындамаған өтпелі кезеңге немесе кезең-кезеңмен іске асыру кезеңіне негізделген кез келген міндеттемеден босату туралы шешім консенсуспен ғана қабылданады.

X-БАП
Түзетулер

      1. ДСҰ кез келген мүшесі Министрлер конференциясының осындай ұсыныстарын беру жолымен 1-қосымшада қамтылған осы Келісімнің немесе Көпжақты сауда келісімдерінің ережелеріне түзетулер енгізу туралы ұсыныс енгізе алады. Сондай-ақ IV баптың 5-тармағында санамаланған кеңестер қолданылуын олар бақылайтын, 1-қосымшада қамтылған тиісті Көпжақты сауда келісімдерінің ережелеріне түзетулер енгізу туралы ұсыныстарды Министрлер конференциясына ұсынуы мүмкін. Егер Министрлер конференциясы ұзағырақ уақыт кезеңі туралы шешім қабылдамаса, онда Министрлер конференциясының ұсынысын формальды ұсынғаннан кейін 90 күннің ішінде Министрлер конференциясының оны қабылдау үшін мүшелерге ұсынылған түзетуді ұсыну туралы кез келген шешімі консенсуспен қабылданады. 2, 5 немесе 6-тармақтардың ережелері қолданылмаса ғана, осындай шешім 3 немесе 4-тармақтар ережелерінің қолданылуына нұсқауды қамтуы тиіс. Консенсусқа қол жеткізу бойынша Министрлер конференциясы қабылдау үшін ұсынылған түзетуді мүшелерге дереу ұсынады. Егер Министрлер конференциясының отырысында консенсусқа белгіленген кезең ішінде қол жеткізілмесе, онда Министрлер конференциясы қабылдау үшін мүшелерге ұсынған түзетуді ұсынуға болатынын не болмайтынын мүшелердің үштен екі көпшілік бөлігімен шешеді. 2, 5 және 6-тармақтарда көзделген ережелерді қоспағанда, егер Министрлер конференциясы 4-тармақтың ережелерін қолдану туралы мүшелердің төрттен үш көпшілік бөлігімен шешпесе ғана, ұсынылған түзетуге 3-тармақтың ережелері қолданылады.
      2. Осы баптың ережелеріне және төмендегі баптардың ережелеріне түзетулер барлық мүшелер:
      Осы Келісімнің IX-бабын;
      1994 ГАТТ I және II-баптарын;
      ГАТС II:1-бабын;
      ЗМҚСА жөніндегі келісімнің IV-бабын қабылдағаннан кейін ғана күшіне енеді.
      3. 2 және 6-тармақтарда санамаланған ережелерге түзетулерді қоспағанда, осы Келісімнің немесе өз сипатына байланысты мүшелердің құқықтары мен міндеттемелерін өзгертуі мүмкін 1А және 1С қосымшаларында қамтылған осы Келісімнің немесе Көпжақты сауда келісімдерінің ережелеріне түзетулер оларды қабылдаған мүшелер үшін ДСҰ мүшелерінің үштен екісі қабылдағаннан кейін және бұдан соң – әрбір басқа мүшесі үшін олардың осы түзетулерді қабылдаған кезінен бастап күшіне енеді. Министрлер конференциясы осы тармақтың ережелерінің негізінде күшіне енетін кез келген түзетудің Министрлер конференциясы осындай әрбір түзету үшін белгілеген мерзімде оны қабылдамаған кез келген мүше не ДСҰ-дан шығуды, не Министрлер конференциясының келісімімен оның мүшесі болып қалуды шеше алатын сипатқа ие екенін мүшелердің төрттен үш көпшілігімен шеше алады.
      4. 2 және 6-тармақтарда санамаланған ережелерге түзетулерді қоспағанда, осы Келісімнің немесе өз сипатына байланысты мүшелердің құқықтары мен міндеттемелерін өзгертпейтін 1А және 1С қосымшаларында қамтылған Көпжақты сауда келісімдерінің ережелеріне түзетулер барлық мүшелер үшін оларды мүшелердің үштен екісі қабылдағаннан кейін күшіне енеді.
      5. Жоғарыда 2-тармақта көзделген ережелерді қоспағанда, ГАТС I, II және III бөліктеріне және тиісті қосымшаларға түзетулер мүшелердің үштен екісі оларды қабылдаған мүшелер үшін қабылдағаннан кейін және осыдан кейін – әрбір мүше үшін олар осы түзетулерді қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Министрлер конференциясы алдыңғы ереженің негізінде күшіне енетін кез келген түзетудің Министрлер конференциясы осындай әрбір түзету бойынша белгілеген мерзімде оны қабылдамаған кез келген мүше не ДСҰ-дан шығуды, не Министрлер конференциясының келісімімен оның мүшесі болып қалуды шеше алатын сипатқа ие екенін мүшелердің төрттен үш көпшілігімен шеше алады. ГАТС IV, V немесе VI бөліктеріне және тиісті қосымшаларға өзгерістер барлық мүшелер үшін мүшелердің үштен екісі оларды қабылдағаннан кейін күшіне енеді.
      6. Осы баптың басқа да ережелеріне қарамастан, осы Келісімнің 71-бабы 2-тармағының талаптарына жауап беретін ЗМҚСА жөніндегі келісімге түзетулер одан әрі қабылдаудың формальды рәсімдерінсіз Министрлер конференциясында қабылдануы мүмкін.
      7. 1-қосымшада қамтылған осы Келісімге немесе Көпжақты сауда келісіміне түзетуді қабылдаған кез келген мүше қабылдау туралы құжатты түзетулерді қабылдау үшін Министрлер конференциясы белгілеген мерзімде ДСҰ Бас директорының сақтауына қояды.
      8. ДСҰ-ның кез келген мүшесі Министрлер конференциясының осындай ұсыныстарын беру арқылы 2 және 3-қосымшаларда қамтылған Көпжақты сауда келісімдеріне түзетулер туралы ұсынысты енгізе алады. 2-қосымшада қамтылған Көпжақты сауда келісіміне түзетулерді қабылдау туралы шешім консенсуспен қабылданады және осы түзетулер Министрлер конференциясы мақұлдағаннан кейін барлық мүшелер үшін күшіне енеді. 3-қосымшада қамтылған Көпжақты сауда келісіміне түзетулерді мақұлдау туралы шешім оларды Министрлер конференциясы мақұлдаған кезден бастап барлық мүшелер үшін күшіне енеді.
      9. Қандай да бір сауда келісіміне қатысушы мүшелердің өтініші бойынша Министрлер конференциясы осындай келісімді 4-қосымшаға қосу туралы мәселені консенсус арқылы ғана шеше алады. Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісіміне қатысушы мүшелердің өтініші бойынша Министрлер конференциясы осындай Келісімді 4-қосымшадан шығару туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      10. Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісіміне түзетулер осындай Келісімнің ережелерімен реттеледі.

XI-БАП
Құрылтайшы мүшелер

      1. Осы Келісім күшіне енген күнге 1947 ГАТТ Уағдаласушы тараптары және осы Келісім мен Көпжақты сауда келісімдерін қабылдаған Еуропалық қоғамдастықтар, 1994 ГАТТ-та қоса берілген басқаға берулер мен міндеттемелер тізбелері және ГАТС-қа қоса берілген ерекше міндеттемелер тізбелері ДСҰ құрылтайшы мүшелеріне айналады.
      2. Біріккен Ұлттар Ұйымы мойындаған дамуы төмен елдерден олардың жеке дамуына, қаржылық және сауда қажеттіліктеріне немесе олардың әкімшілік және институционалдық мүмкіндіктеріне үйлесімді міндеттемелерді және басқаға берулерді қабылдау ғана талап етіледі.

XII-БАП
Қосылу

      1. Осы Келісімде және Көпжақты сауда келісімдерінде көзделген өздерінің сыртқы сауда қатынастарын жүргізуге және басқа да мәселелерде толық автономияға ие болған кез келген мемлекет немесе жекелеген кеден аумағы осындай мемлекет немесе аумақ және ДСҰ арасында келісілген талаптарда осы Келісімге қосыла алады. Осындай қосылу осы Келісімге және оған қоса берілген Көпжақты сауда келісімдеріне қатысты қолданылады.
      2. Қосылу туралы шешімдерді Министрлер конференциясы қабылдайды. Министрлер конференциясы қосылу шарттары туралы келісімді ДСҰ мүшелерінің үштен екі көпшілігімен мақұлдайды.
      3. Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісіміне қосылу осындай Келісімнің ережелерімен реттеледі.

XIII-БАП
Жекелеген мүшелер арасында Көпжақты сауда келісімдерін қолданбау

      1. 1 және 2-қосымшаларда қамтылған осы Келісім және Көпжақты сауда келісімдері, егер олардың кез келгені олардың біреуі ДСҰ-ға кіру кезінде осындай қолдануға келіспесе, қандай да бір бір мүше және қандай да бір басқа мүше арасында қолданылмайды.
      2. 1-тармақ егер бұрын олардың арасындағы қатынастарда осы Келісімнің XXXV бабы қолданылған жағдайда және осы Келісімнің олар үшін күшіне енген кезінде көрсетілген уағдаласушы тараптар үшін күші болған жағдайда ғана 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптары болған ДСҰ құрылтайшы мүшелері арасында қолданылуы мүмкін.
      3. 1-тармақ қосылу шарттары туралы келісімді Министрлер конференциясы мақұлдағанға дейін Министрлер конференциясын осылар жайлы хабардар етіп, егер олардың бірі қолдануға келіспеген мүше болған жағдайда ғана ХІІ баптың негізінде қосылған екі мүше арасында қолданылады.
      4. Кез келген мүшенің өтініші бойынша министрлер конференциясы осы баптың нақты жағдайларда қолданылуын қарауы және тиісті ұсынымдар жасауы мүмкін.
      5. Тараптары арасында Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімін қолданбау осындай Келісімнің ережелерімен реттеледі.

XIV-БАП
Қабылдау, күшіне ену және депозитарийлер

      1. Осы Келісім оның ХІ бабына сәйкес ДСҰ құрылтайшы мүшелері болуға құқығы бар 1947 ГАТТ Уағдаласушы тараптарының және Еуропалық қоғамдастықтарының қол қою арқылы немесе басқа тәсілмен қабылдауы үшін ашық. Көрсетілген рәсім осы Келісімге және оған қоса берілген Көпжақты сауда келісімдеріне қолданылады. Осы Келісім және оған қоса берілген Көпжақты сауда келісімдері Уругвай көпжақты сауда келісімдері раундының нәтижелері қамтылған Қорытынды актінің 3-тармағына сәйкес министрлер белгілеген күннен бастап күшіне енеді және егер министрлер өзгеше шешпесе, осы күннен кейін екі жыл бойы қабылдау үшін ашық болып қалады. Осы Келісімді ол күшіне енгеннен кейін қабылдау осындай қабылдау күнінен бастап 30-шы күші жарамды болады.
      2. Осы Келісімді ол күшіне енгеннен кейін қабылдаған мүше егер ол осы Келісім оны күшіне енген күннен бастап қабылдаса, осы Келісім күшіне енген кезден бастап орындалуы тиіс Көпжақты сауда келісімдері бойынша басқаға берулер мен міндеттемелерді орындайды.
      3. Осы Келісім күшіне енгенге дейін осы Келісімнің және Көпжақты сауда келісімдерінің мәтіндері депозитарийлері 1947 ГАТТ Уағдаласушы тараптарының Бас директоры болып табылады. Бас директор осы Келісімді олар қабылдағаннан кейін осы Келісімнің және Көпжақты сауда келісімдерінің расталған көшірмесін, сондай-ақ әрбір үкіметке және Еуропалық қоғамдастыққа олардың әрқайсысының қабылдағаны туралы хабарламаны дереу ұсынады. Осы Келісімнің, Көпжақты сауда келісімдерінің және оларға кез келген түзетулердің депозитарийі осы Келісім күшіне енгеннен кейін ДСҰ Бас директоры болып табылады.
      4. Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімін қабылдау және оның күшіне енуі осындай Келісімнің ережелерімен реттеледі. Мұндай Келісімдердің депозитарийі 1947 ГАТТ Уағдаласушы тараптарының Бас директоры болып табылады. Осы Келісім күшіне енгеннен кейін осындай Келісімдердің депозитарийі ДСҰ Бас директоры болады.

XV-БАП
Шығу

      1. Кез келген мүше осы Келісімнен шыға алады. Мұндай шығу осы Келісімге, сол сияқты Көпжақты сауда келісімдеріне де қолданылады және шығу туралы жазбаша хабарламаны ДСҰ Бас директоры алған күннен бастап алты ай өткеннен соң күшіне енеді.
      2. Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімінен шығу осы Келісімнің ережелерімен реттеледі.

XVI-БАП
Әртүрлі ережелер

      1. Егер осы Келісімде немесе Көпжақты сауда келісімдерінде өзгеше көзделмесе, ДСҰ 1947 ГАТТ Уағдаласушы тараптары және 1947 ГАТТ шеңберінде құрылған органдар қолданған шешімдерді, рәсімдерді және әдеттегі практиканы басшылыққа алады.
      2. 1947 ГАТТ хатшылығы бар мүмкіндігінше ДСҰ хатшылығына айналады, ал 1947 ГАТТ Уағдаласушы тараптарының Бас директоры осы Келісімнің VI бабы 2-тармағына сәйкес Министрлер конференциясы Бас директорды тағайындағанға дейін ДСҰ Бас директорының міндеттерін орындайды.
      3. Осы Келісімнің ережесі және Көпжақты сауда келісімдерінің кез келген ережесі арасында қайшылық болған жағдайда, көрсетілген қайшылыққа қатысты осы Келісім ережесі басым күшке ие.
      4. Әрбір мүше өз заңдары, өзге нормативтік актілері мен әкімшілік рәсімдерінің қоса берілген Келісімдерден туындайтын өз міндеттемелеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.
      5. Осы Келісімнің кез келген ережелеріне қатысты ескертпелерге жол берілмейді. Көпжақты сауда келісімдері ережелерінің кез келгеніне қатысты ескертпелер осы Келісімдерде көзделген шектерде ғана жасалуы мүмкін. Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімінің ережелеріне қатысты ескертпелер осы Келісімнің ережелерімен реттеледі.
      6. Осы Келісім Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабының ережелеріне сәйкес тіркеледі.
      Бір мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылы сәуірдің он бесінші күнінде Марракеште ағылшын, француз және испан тілдерінде бір данада ЖАСАЛДЫ, сонымен бірге мәтіннің әрқайсысының бірдей күші бар.
      Түсіндірме ескертулер
      Осы Келісімде және Көпжақты сауда келісімдерінде пайдаланылатын «ел» немесе «елдер» деген терминдер ДСҰ мүшесі болып табылатын кез келген жекелеген кеден аумағын білдіреді.
      Осы Келісімде және Көпжақты сауда келісімдерінде қандай да бір сөз тіркесінде «ұлттық» деген термин пайдаланылғанда, ДСҰ мүшесі болып табылатын жекелеген кеден аумағы болған жағдайда, егер өзгеше белгіленбесе, мұндай сөз осындай кеден аумағына жатады деп санау керек.

1994 жылғы ТАРИФТЕР ЖӘНЕ САУДА ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМ

      1. 1994 жылғы тарифтер және сауда жөніндегі бас келісім («ГАТТ 1994»):
      (а) ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге дейін күшіне енген құқықтық актілер ережелерінің негізінде енгізілген нақтылауларымен, түзетулерімен немесе өзгерістерімен Біріккен Ұлттар Ұйымы Конференциясының Сауда және жұмыспен қамту жөніндегі дайындық комитетінің Екінші сессиясының аяқталуы бойынша қабылданған (Уақытша қолдану туралы хаттаманы қоспағанда), Қорытынды актіге қоса берілген 1947 ж. 30 қазандағы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің ережелерін;
      (b) ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге дейін ГАТТ 1947 шеңберінде күшіне енген төменде көрсетілген құқықтық актілердің ережелерін:
      (i) тарифтік басқаға берулерге жататын хаттамалар мен растауларды;
      (ii) қосылу туралы хаттамаларды (а) уақытша қолдануға немесе уақытша қолдануды қайтарып алуға қатысты және (b) ГАТТ 1947 ІІ бөлігін Хаттама жасалған күні қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін барынша толық көлемде уақытша қолдануды көздейтін ережелерді қоспағанда);
      (iii) ГАТТ 1947 XXV бабының негізінде қабылданған және ДСҰ туралы келісім күшіне енген күні қолданыста болған міндеттемелерден босату туралы шешімдерді;1
      (iv) ГАТТ 1947 УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ басқа да шешімдерін;
      (с) төменде көрсетілген уағдаластықтарды:
      (i) II бапты түсіндіру туралы уағдаластықты: 1 (b) 1994 ж. тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімді;
      (ii) 1994 ж. тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің XVII бабын түсіндіру туралы уағдаластықты;
      (iii) 1994 ж. тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің төлем балансы туралы ережелерге қатысты уағдаластықты;
      (iv) 1994 ж. тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің XXIV бабын түсіндіру туралы уағдаластықты;
      (v) 1994 ж. тарифтер және сауда жөніндегі бас келісім бойынша міндеттемелерден босатуға қатысты уағдаластықты;
      (vi) 1994 ж. тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің ХXVIII бабын түсіндіру туралы уағдаластықты;
      (d) ГАТТ 1994 қатысты Марракеш хаттамасын қамтиды.
      2. Түсіндірме ескертулер
      (а) ГАТТ 1994 ережелерінде қолданылатын «уағдаласушы тарап» деген сөздер «мүше» дегенді білдіреді. «Дамуы төмен уағдаласушы тарап» және «дамыған уағдаласушы тарап» деген сөздер «дамушы мүше ел» және «дамыған мүше ел» дегенді білдіреді. «Атқарушы хатшы» деген сөздер «ДСҰ бас директоры» дегенді білдіреді.
      (b) XV:1, XV:2, XV:8, XXXVIII баптарында және XII және XVII баптарына қосымша ережелерде; сондай-ақ арнайы валюталық келісімдер туралы ережелерде XV:2, XV:3, XV:6, XV:7 және ГАТТ 1994 XV:9- баптарында бірлесіп іс-қимыл жасайтын УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА берілген сілтемелер ДСҰ-ға берілген сілтемелерді білдіреді. ГАТТ 1994 ережелері бірлесіп іс-қимыл жасайтын УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА бөлетін басқа функцияларды Министрлер конференциясы бөледі.
      (с) (i) ГАТТ 1994 мәтіні ағылшын, испан және француз тілдерінде теңтүпнұсқалы.
      (ii) ГАТТ 1994 француз тіліндегі мәтіні MTN.TNC/41 құжатына А қосымшада көрсетілген терминологияға сәйкес түзетуге жатады.
      (iii) MTN.TNC/41 құжатына В қосымшада көрсетілгендей, терминдерді түзеткен жағдайда Негізгі құқықтық құралдар мен таңдамалы құжаттардың IV томындағы мәтін ГАТТ 1994 испан тіліндегі теңтүпнұсқалы мәтіні болып табылады.
      3. а) ГАТТ 1994 ІІ бөлігінің ережелері мүше ГАТТ 1947 уағдаласушы тарапы болғанға дейін күшіне енгізген, ұлттық суларда немесе айрықша экономикалық аймақтарда пункттер арасында коммерциялық пайдалану үшін шетелде салынған немесе жөнделген кемелерді пайдалануға, сатуға немесе жалға алуға тыйым салатын арнайы императивтік заңнаманың негізінде осы мүше қабылдаған шараларға қолданылмайды. Мұндай алып қою: (а) қолданылуын жалғастыруға немесе осындай заңнаманың сәйкес келмейтін ережесін дереу қайта қарауға; және (в) осындай заңнаманың сәйкес келмейтін ережесін бұл өзгеріс осы ереженің ГАТТ 1947 ІІ бөлігіне сәйкестігін кемітпейтін жағдайдағы шекте өзгертуге қолданылады. Бұл алып қою жоғары көрсетілген заңнама шеңберінде қабылданған шаралармен шектеледі, оған қатысты ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге дейін хабарламалар мен нақтылаулар жасалады. Егер мұндай заңнама кейіннен оның ГАТТ 1994 ІІ бөлігіне сәйкестігінің азаюы жағына қарай өзгеретін болса, онда оған осы тармақтың қолданысы одан әрі жүрмейтін болады.
      (b) Министрлер конференциясы мұндай алып қоюды ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен кейін бес жылдан кешіктірмей, ал одан кейін екі жыл сайын осындай алып қою қажеттілікті туындатқан жағдайлар бұрынғысынша сақталып қалатынын не қалмайтынын зерделеу мақсаттары үшін күшінде қалғанға дейін қарастырады.
      (c) Шаралары осы алып қоюдың қолданысына түсетін мүше жыл сайын тиісті кемелердің нақты және болжамды жеткізулерінің бес жыл ішіндегі орташа көрсеткіштерінің статистикасымен егжей-тегжейлі хабарламаны, сондай-ақ осы алып қоюдың қолданысына түсетін тиісті кемелерді пайдалану, сату, жалға алу немесе жөндеу бойынша қосымша ақпаратты ұсынады.
      (d) Көрсетілген алып қою осы алып қоюға жүгінетін, мүше аумағында салынған кемелерді пайдалануды, сатуды, жалға алуды немесе жөндеуді өзара және пропорционалды шектеуді ақтайтындай етіп жүзеге асырылады деп есептейтін мүше Министрлер конференциясына алдын ала хабарлаған жағдайда осындай шектеу енгізе алады.
      (е) Мұндай алып қою салалық келісімдерде немесе басқа да форумдарда келісілген алып қоюдың қолданысына түсетін заңнаманың арнайы аспектілеріне қатысты шешімдерді нұқсан келтірмейді.
__________________
1Осы ереже қолданылатын міндеттемелерден босатулар 1993 жылғы 15 желтоқсандағы MTN/FA құжатының және 1994 жылғы 21 наурыздағы MTN/FA құжатының ІІ бөлігінің 11 және 12 беттеріндегі 7 сілтемеде санамаланған. Министрлер конференциясы өзінің бірінші сессиясында 1993 жылғы 15 желтоқсаннан кейін және ДСҰ туралы келісім күшіне енген кезге дейін ГАТТ 1947 шеңберінде ұсынылған міндеттемелерден кез келген босатулармен толықтырылған және осы уақытқа дейін мерзімі өтетін міндеттемелерден босатуларды болдырмайтын, осы ереже қолданылатын міндеттемелерден босатулардың қайта қаралған тізбесін белгілейді.

1994 жылғы ТАРИФТЕР ЖӘНЕ САУДА ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМНІҢ II:1(b)
БАБЫН ТҮСІНДІРУ ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫҚ

      Мүшелер төмендегілер туралы келіседі:
      1. ІІ баптың 1 (b) тармағынан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерге қатысты транспаренттілікті қамтамасыз ету мақсатында аталған ережеде сөз болып отырған байланысты тарифтік ұстанымдар бойынша алынатын кез келген «басқа баждардың немесе алымдардың» сипаты мен деңгейі ГАТТ 1994-ке қоса берілген Басқаға беру тізбесінде олар қолданылатын тарифтік позициялардың әрқайсысы бойынша тіркеледі. Бұл ретте мұндай тіркеу «басқа баждардың немесе алымдардың» құқықтық мәртебесін өзгертпейді
      2. ІІ баптың мақсатында «басқа баждар немесе алымдар» 1994 жылғы 15 сәуірден бастап байланысты болып табылады. Сондықтан «басқа баждар немесе алымдар» Басқаға беру тізбесінде осы күні қолданылатын деңгейде тіркеледі. Жаңа басқаға беру туралы басқаға берулерді немесе келіссөздерді одан әрі қайта қараудың әрбір жағдайында аталмыш тарифтік позиция бойынша әрекет ететін күн ретінде жаңа басқаға беруді Басқаға беру тізбесіне енгізу күні болып табылады. Алайда қандай да бір нақты тарифтік позиция бойынша басқаға беру ГАТТ 1947 немесе ГАТТ 1994-ке алғаш рет енгізілген құжаттың күні ауыстырылатын парақтарымен Тізбенің 6- бағанында одан әрі көрсетіле береді.
      3. «Басқа баждар немесе алымдар» барлық байланысты тарифтер бойынша тіркеледі.
      4. Тарифтік позиция бұдан бұрын басқаға берудің нысанасы болған жағдайларда, тиісті Тізбеде тіркелген «басқа баждардың немесе алымдардың» деңгейі басқаға беруді Тізбеге алғаш рет енгізген қолданыста болған деңгейден аспайды. Кез келген мүше қандай да бір «басқа бажға немесе басқа алымға» қатысты осындай «басқа баждың немесе басқа алымның» осы позиция бойынша бастапқы «байланыстыру» кезінде болмауының негізінде, сондай-ақ «басқа баждың немесе басқа алымның» тіркелген деңгейінің бұдан бұрын байланыстырылған деңгейіне сәйкес келуіне қатысты өз күмәнін айта алады. Бұл құқық ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде немесе соңғы күн барынша соңғысы болып табылған жағдайда ГАТТ 1994-ке тиісті Тізбені енгізу туралы құжат ДСҰ бас директорының сақтауына берілген күннен бастап үш жыл ішінде қолданылады.
      5. «Басқа баждарды немесе алымдарды» Тізбелерде тіркеу 4-тармақта қозғалатындардан басқа, олардың ГАТТ 1994 бойынша құқықтар мен міндеттемелерге сәйкестіктерін алдын ала шешпейді. Барлық мүшелер кез келген уақытта кез келген «басқа баждың немесе басқа алымның» осындай міндеттемелермен сәйкестігіне күмән білдіру құқығын сақтайды.
      6. Осы Уағдаластықтың мақсатында ГАТТ 1994 XXII және XXIII баптарының ережелері оларға енгізілген өзгерістер мен қолдану практикасын ескере отырып, дауларды шешу туралы Уағдаластықтың шеңберінде қолданылады.
      7. ГАТТ 1947 УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ Бас директорына сақтауға беру кезінде Тізбеге енгізілмеген «басқа баждар немесе алымдар», егер бұл ДСҰ туралы келісім күшіне енгенге дейін немесе ГАТТ 1994-ке тиісті Тізбені енгізу туралы құжатты ДСҰ Бас директорына сақтауға беру күшіне енгеннен кейін орын алған жағдайда, одан әрі бұл Тізбеге қосылмауы тиіс және қолданылатын күнге орын алған деңгейден төмен деңгейде тіркелген кез келген «басқа баж немесе басқа алым» құжат сақтауға берілген күннен бастап алты ай ішінде мұндай толықтырулар немесе өзгерістер болмаған жағдайда бұл деңгейге дейін жеткізілмейді.
      8. ГАТТ 1994 ІІ бабының 1 (b) тармағының мақсатында әрбір басқаға беруде қолданылатын күнге қатысты 2-тармақта аталған шешім 1980 ж. 26 наурызда қабылданған қолданылатын күнге қатысты шешімді (ВISD 27 S/24) алмастырады.

1994 жылғы ТАРИФТЕР ЖӘНЕ САУДА ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМНІҢ XVII
БАБЫН ТҮСІНДІРУ ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫҚ

      Мүшелер,
      XVII бап мүшелердің жеке коммерсанттар жүзеге асыратын импорт пен экспортты қозғайтын үкіметтік шаралар үшін ГАТТ 1994 ұйғарылған дискриминациялық емес режимнің жалпы қағидаттарына сәйкес келуі тиіс XVII баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік сауда кәсіпорындарының қызметіне қатысты міндеттемелерін көздейтінін көрсете отырып,
      одан әрі мүшелер мемлекеттік сауда кәсіпорындарын қозғайтын үкіметтік шараларға қатысты ГАТТ 1994 бойынша міндеттемелерде болатынын көрсете отырып;
      бұл Уағдаластық XVII бапта көзделген негізгі ұйғарымдарға залал келтірмейтінін мойындай отырып;
      төмендегі туралы келіседі:
      1. Мемлекеттік сауда кәсіпорындары қызметінің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында мүшелер мұндай кәсіпорындар туралы осындай кәсіпорындардың келесі жұмыс айқындамасын негізге ала отырып, 5- тармақтың ережелеріне сәйкес құрылатын жұмыс тобын қарау мақсатында Тауарлар саудасы жөніндегі кеңесті хабардар етеді:
      «Заңнамалық немесе конституциялық өкілеттіктерді қоса алғанда, айрықша немесе арнайы құқықтар немесе басымдықтар берілген маркетинг бойынша органдарды қоса, үкіметтік және үкіметтік емес кәсіпорындар, оларды жүзеге асыра отырып, өздерінің сатып алулары мен сатылымдары арқылы импорттың немесе экспорттың деңгейіне немесе бағытына әсер етеді».
      Хабарлама туралы көрсетілген талап жоғарыда айқындалғандай, қайта сатуға арналған немесе сатуға арналған тауарларды өндіруде пайдалану үшін емес, үкіметтің пайдалануы немесе кәсіпорынның пайдалануы жедел немесе соңғы тұтынуға арналған тауарлардың импортына қолданылмайды.
      2. Әрбір мүше осы Уағдаластықтың ережелерін назарға ала отырып, Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске мемлекеттік сауда кәсіпорындары туралы хабарламаларды ұсынуға қатысты өзінің саясатын қарастырады. Мұндай қарастыруды жүргізе отырып, әрбір мүше көрсетілген кәсіпорындар қызметінің сипатын және олардың қызметінің халықаралық саудаға әсерін нақты бағалауды қамтамасыз ету үшін өз хабарламаларының барынша жоғары транспаренттілігін қамтамасыз ету қажеттігін ескеруі тиіс.
      3. Хабарламалар 1960 ж. 24 мамырда қабылданған мемлекеттік сауда туралы сұрақнамаға (BISD 9S/184-185) сәйкес жүзеге асырылады, сонымен қатар мүшелер нақты импортты немесе экспортты жүзеге асырғанына немесе асырмағанына қарамастан, 1-тармақта көрсетілген кәсіпорындар туралы хабарлайды.
      4. Басқа мүше хабарлама бойынша өзінің міндеттемелерін жеткілікті дәрежеде орындамады деп пайымдауға негізі бар кез келген мүше бұл мәселені тиісті мүшенің алдына қоя алады. Егер мәселе қанағаттанарлық шешімін таппаған жағдайда, ол бір уақытта тиісті мүдделі мүшені хабардар ете отырып, 5-тармаққа сәйкес құрылған жұмыс тобының қарауы үшін Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске қарсы хабарлама жібере алады.
      5. Жұмыс тобын хабарламалар мен қарсы хабарламаларды қарау үшін Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес құрады. Осындай қараудың нәтижелерін ескере отырып және XVII баптың 4 (с) тармағының ережелеріне залал келтірместен, Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес жасалған хабарламалардың баламалылығына және қосымша ақпараттың қажеттігіне қатысты ұсынымдар бере алады. Жұмыс тобы алынған хабарламаларды ескере отырып, мемлекеттік сауда және 1-тармаққа сәйкес хабарлауға жататын мемлекеттік сауда кәсіпорындарын қамту бойынша жоғарыда көрсетілген сұрақнаманың баламалылығы туралы мәселені де қарайды. Ол сондай-ақ XVII баптың мақсатында қарастырылуы мүмкін осы кәсіпорындар жүзеге асыратын қызметтердің түрлері және үкіметтер мен кәсіпорында арасындағы өзара қарым-қатынастардың болжамды тізбесін әзірлейді. Бұл ретте, Хатшылық жұмыс тобы үшін халықаралық саудамен байланысты мемлекеттік сауда кәсіпорындарының қызметі туралы жалпы қосымша құжат дайындайды дегенді білдіреді. Жұмыс тобына қатысу онда жұмыс істеуге ниет білдірген барлық мүшелер үшін ашық болып табылады. Ол өзінің отырысын ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен кейін бір жылдан кешіктірмей өткізеді және одан әрі жылына кемінде бір рет жиналып отырады. Жыл сайын жұмыс тобы Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске баяндамалар ұсынады. 1
_____________________
1Бұл жұмыс тобының қызметі 1994 ж. 15 сәуірде қабылданған Министрлердің хабарламалар рәсімдері туралы шешімінің ІІІ бөлімінде көзделген жұмыс тобының қызметімен үйлестіріледі.

1994 жылғы ТАРИФТЕР ЖӘНЕ САУДА ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМНІҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ УАҒДАЛАСТЫҚ

      Мүшелер, ГАТТ 1994 XII және XVIII:B баптарының және 1979 ж. 28 қарашада қабылданған төлем балансының пайымдаулары бойынша қабылданған (BISD 26S/205-209 және осы Уағдаластықта «1979 ж. Декларация» ретінде аталатын) сауда шаралары жөніндегі декларацияның ережелерін мойындай отырып және осы ережелерді нақтылау мақсатында1, төмендегі туралы келіседі:

Шаралар қолдану

      1. Мүшелер қысқа мерзім ішінде төлем балансының пайымдаулары бойынша өздері қабылдаған импортты шектеу бойынша шаралардың күшін жоюдың кестесін көпшілікке жариялаудағы өзінің міндеттемесін растайды. Бұл кестелер төлем балансының жағдайындағы өзгерістерді ескере отырып, өзгеруі мүмкін дегенді білдіреді. Егер мұндай кестені мүше көпшілікке жарияламаса, мұндай мүше оның себептерін көрсете отырып түсініктеме ұсынады.
      2. Мүшелер саудаға ең аз әсер ететін шараларға басымдық берудегі өзінің міндеттемесін растайды. Мұндай шаралар (осы Уағдаластықта «бағаға негізделген шаралар» деп көрсетілген) қосымша импорттық алымдарды, импорттық депозиттерге қатысты талаптарды, сондай-ақ импортталатын тауарлардың бағаларына әсер ететін ұқсас сауда шараларын қамтиды дегенді білдіреді. ІІ баптың ережелеріне қарамастан, төлем балансының пайымдаулары бойынша бағаға негізделген шараларды мүше оның Басқаға беру тізбесінде тіркелген баждарға қосымша қолдана алады. Одан басқа, мұндай мүше осы Уағдаластықта көзделген хабарлама рәсіміне сәйкес байланысты баждан асатын шараның бағасына негізделген соманы нақты және бөлек көрсетуі тиіс.
      3. Мүшелер бағаға негізделген шаралардың төлем балансының сыни жағдайына қарай сыртқы есептеулермен жағдайдың күрт нашарлауын тоқтата алмаса, төлем балансының пайымдаулары бойынша жаңа сандық шектеулер енгізуден қашқақтауға тырысады. Мүше сандық шектеулерді қолданған жағдайларда, ол неліктен бағаға негізделген шаралар төлем балансын реттеу үшін жеткілікті құрал болып табылмайтынының себебін көрсете отырып, түсініктеме береді. Сандық шектеулерді сақтап қалатын мүше одан кейінгі консультациялар барысында ондай шаралар мен олардың шектеуші әсерін айтарлықтай қысқартуға қалайша қол жеткізілгені туралы хабарлайды. Бұл бір тауарға төлем балансының пайымдаулары бойынша шектеуші импорттың біреуден артық шаралары қолданылмайды дегенді білдіреді.
      4. Мүшелер төлем балансының пайымдаулары бойынша қабылданатын импортты шектеу бойынша шаралар импорттың жалпы деңгейін шектеу мақсатында ғана қолданылуы мүмкін екенін және төлем балансының жағдайына байланысты қажеттілік шеңберінен шыға алмайтынын растайды. Теріс қорғаныс әсерді барынша азайту мақсатында мүше транспаренттілік жағдайларында шектеулерді қолданады. Импорттайтын мүшенің құзыретті органдары шектеулердің қолданысына түсетін тауарларды таңдау үшін пайдаланылатын критерийлердің жеткілікті негіздемесін ұсынады. ХІІ баптың 3-тармағына және XVIII баптың 10-тармағына сәйкес мүшелер алғашқы қажеттіліктің кейбір маңызды тауарларына қатысты барлық импортқа қолданылатын қосымша алымдарды немесе төлем балансының пайымдаулары бойынша қолданылатын басқа шаралардың қолданылуын алып тастай алады немесе шектей алады. «Бірінші қажеттіліктегі маңызды тауарлар» термині тұтынудың негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған тауарларды немесе өндіріс құралдары немесе өндірістік мақсаттағы тауарлар сияқты төлем балансымен жағдайды жақсарту бойынша мүшенің күш салуларына ықпал ететін тауарлар ретінде түсініледі. Мүше сандық шектеулерді пайдалана отырып, импортты шектеуші лицензиялауды өз қалауы бойынша басқаша мүмкін болмаған жағдайда ғана оны біртіндеп жоя отырып, қолдана алады. Импорттауға рұқсат етілген тауарлардың санын немесе құнын айқындау үшін пайдаланылатын критерийлерге қатысты тиісті негіздемелер ұсынылады.
___________________
1Осы Уағдаластықтағы еш нәрсе ГАТТ 1994 XII немесе XVIII баптары бойынша мүшелердің құқықтары мен міндеттемелерін өзгерту мақсатын көздемейді. Дауларды шешу туралы уағдаластық шеңберінде әзірленген және қолданылатын ГАТТ 1994 XХII және XХIII баптарының ережелері төлем баланстарының пайымдаулары бойынша қабылданған шектеуші импорттық шараларды қолданумен байланысты туындайтын кез келген проблемаларға қатысты пайдаланылуы мүмкін.

Төлем балансымен байланысты шаралар бойынша консультациялар рәсімдері

      5. Шектеулер жөніндегі комитет төлем балансына байланысты (осы Уағдаластықта «Комитет» деп аталатын) төлем балансының пайымдаулары бойынша қолданылатын барлық шектеуші импорттық шараларды қарау мақсатында консультациялар жүргізеді. Комитеттегі мүшелік оның жұмысына қатысуға ниет білдірген барлық мүшелер үшін ашық. Комитет төмендегі ережелерді ескере отырып, 1970 ж. 28 сәуірде мақұлданған төлем балансының пайымдаулары бойынша шектеулер (BISD 18S/48-53, одан әрі осы Уағдаластықта «консультациялардың толық рәсімі» деп аталатын) мәселелері бойынша консультациялар рәсімін пайдаланады.
      6. Жаңа шектеулерді қолданатын немесе осындай шараларды айтарлықтай күшейту арқылы өзінің қолда бар шектеулерінің жалпы деңгейін арттыратын мүше Комитетпен консультацияларға осындай шаралар қабылданған кезден бастап төрт ай ішінде кіріседі. Осындай шараларды қабылдайтын мүше консультациялардың ХІІ баптың 4 (а) тармағына және XVIII баптың 12 (а) тармағына сәйкес жүргізілуін сұрай алады. Егер мұндай өтініш жасалмаған жағдайда Комитет төрағасы бұл мүшеге консультацияны бастауды ұсынады. Консультациялар барысында inter alia, төлем балансының пайымдаулары бойынша шектеу шараларының жаңа түрлерін енгізу немесе шектеулер деңгейін немесе олар қамтитын тауарлардың шеңберін арттыру сияқты факторлар қарастырылуы мүмкін.
      7. Төлем балансының пайымдаулары бойынша қолданылатын барлық шектеулер консультация беретін мүшемен уағдаластық бойынша консультациялардың мерзімділігін өзгерту мүмкіндігімен немесе Бас кеңес ұсынуы мүмкін қараудың арнайы рәсімінің негізінде XII баптың 4 (b) тармағына немесе XXVIII баптың 12 (b) тармағына сәйкес Комитеттің мерзімді қарауына жатады.
      8. Консультациялар аз дамыған мүше елдер жағдайында немесе алдыңғы консультацияларда Комитетке ұсынылған кестеге сәйкес ырықтандыру бойынша күштерін салатын дамушы мүше елдер жағдайында 1972 ж. 19 желтоқсанда мақұлданған (BISD 20S/47-49, осы Уағдаластықта одан әрі «консультациялардың жеңілдетілген рәсімі» деп аталатын), жеңілдетілген рәсім бойынша жүргізілуі мүмкін. Консультациялардың жеңілдетілген рәсімі Дамушы мүше елдің сауда саясатының шолуы және онымен консультация өткізу бір күнтізбелік жылға белгіленген жағдайларда да пайдаланылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда консультациялардың толық рәсімін пайдалану туралы шешім 1979 ж. Декларацияның 8-тармағында санамаланған факторлардың негізінде қабылданады. Аз дамыған мүше елдерді қоспағанда, жеңілдетілген рәсімдер бойынша қатарынан көп дегенде екі консультация ғана жүргізуге болады.

Хабарлама және құжаттама

      9. Мүшелер Бас кеңесті олар енгізген төлем балансының пайымдаулары бойынша қабылданған импортқа қатысты шектеу шараларын қолданудағы кез келген өзгерістер, сондай-ақ 1-тармаққа сәйкес жарияланған осындай шаралардың күшін жою кестесіндегі кез келген өзгерістер туралы немесе оларды енгізгені туралы хабарлайды. Айтарлықтай өзгерістер туралы хабарламалар Бас кеңеске жарияланғанға дейін немесе осындай хабарландырудан кейін 30 күннен кешіктірмей берілуі тиіс. Жыл сайын әрбір мүше Хатшылыққа мүшелердің қарауы үшін заңдардағы, қаулылардағы, бағдарламалық мәлімдемелердегі және жарияланған ресми хабарламалардағы барлық өзгерістерді қоса алғанда, жиынтық хабарлама ұсынады. Хабарламалар, мүмкіндігінше, олардың жүзеге асырылуының критерийлерінде пайдаланылатын шаралардың сипаты, қамтылған тауарлардың шеңбері және қозғалған тауар ағындары туралы тарифтік позициялардың деңгейінде толық ақпаратты қамтиды.
      10. Кез келген мүшенің өтініші бойынша Комитет хабарламаларды қарауы мүмкін. Мұндай қараулар хабарламада көтерілген нақты мәселелерді анықтаумен немесе ХІІ баптың 4 (а) тармағының немесе XVIII баптың 12 (а) бабының негізінде консультациялар беру қажеттігі туралы мәселені зерделеумен шектеледі. Басқа мүше импортқа қатысты қолданатын шектеу шарасы төлем балансының пайымдаулары бойынша қабылданған деп пайымдауға негізі бар мүшелер бұл мәселені Комитеттің алдында көтере алады. Бұл ретте Комитет төрағасы бұл шара туралы ақпаратты сұратады және ол туралы барлық мүшелерге хабарлайды. Комитеттің кез келген мүшесінің консультациялар беру барысында тиісті түсініктемелерге қол жеткізу құқығына залал келтірмей консультация беретін мүшеге қарау үшін сұрақтар алдын ала берілуі мүмкін.
      11. Консультация беретін мүше консультацияларға негізгі құжатты дайындайды, оның пікірі бойынша, іске қатысты кез келген басқа ақпаратқа қосымша ретінде бұл құжат мыналарды: (а) төлем балансының жағдайына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды қарауды, сондай-ақ салауатты әрі ұзақ мерзімді негізде тепе-теңдікті қалыптастыру мақсатында қабылданған ішкі саясаттың шараларын қоса алғанда, төлем балансымен байланысты жағдайға және оның перспективаларына жалпы шолу жүргізуді; (b) төлем балансының пайымдаулары бойынша қабылданған шектеу шараларының, олардың құқықтық негізінің және жанама қорғаныш әсерін босаңсыту үшін қабылданған шаралардың толық сипаттамасын; (с) Комитет қорытындыларының аясында импортты ырықтандыру мақсатында соңғы консультация берілген уақыттан бастап қабылданған шараларды; (d) қалған шектеулердің күшін жою және біртіндеп босаңсыту жоспарын қамтиды. Тиісті жағдайларда ДСҰ-ға ұсынылған басқа да хабарламаларда немесе баяндамаларда қамтылған ақпаратқа сілтемелер жасалуы мүмкін. Консультациялар берудің жеңілдетілген рәсімі жағдайында консультация беретін мүше негізгі құжатта көрсетілген мәселелер бойынша айтарлықтай маңызды ақпаратты қамтитын жазбаша өтінішті ұсынады.
      12. Комитетте консультациялар беруге жәрдемдесу мақсатында Хатшылық консультациялар беру жоспарының әртүрлі аспектілері бойынша фактілерге негізделген анықтамалық құжатты дайындайды. Дамушы мүше ел жағдайында Хатшылық құжаты іске қатысты анықтамалық ақпаратты және консультация беретін мүшенің төлем балансының жағдайы мен перспективаларына сыртқы сауда жағдайының ықпал етуі туралы талдамалық материалды қамтиды. Хатшылықтың техникалық жәрдемдесу қызметтері дамушы мүше елдің өтініші бойынша консультациялар беруге құжаттама дайындауда көмек көрсетеді.

Төлем балансы бойынша консультациялар беру нәтижелері жөніндегі қорытындылар

      13. Комитет өзінің консультациялар беру қорытындылары бойынша Бас кеңеске баяндама ұсынады. Консультациялар берудің толық рәсімі пайдаланылған жағдайда, баяндамаға консультациялар беру жоспарының әртүрлі мәселелері бойынша Комитеттің қорытындылары, сондай-ақ олар негізделген фактілер мен себептер қосылады. Комитет XII және XVIII:В баптарының, 1979 ж. Декларацияның және осы Уағдаластықтың орындалуына жәрдемдесуге бағытталған ұсынымдар туралы ұсыныстарды өз қорытындыларына қосуға ұмтылуға тиіс. Төлем балансының пайымдаулары бойынша қолданылатын шектеу шараларын жою кестелері ұсынылған жағдайларда, Бас кеңес осындай кестені сақтайтын мүшенің ГАТТ 1994 бойынша өз міндеттемелерін орындаушы ретінде қаралатыны туралы ұсынымдар енгізе алады. Егер Бас кеңес нақты ұсынымдар енгізген болса, мүшелердің құқықтары мен міндеттемелері осындай ұсынымдар шеңберінде қаралады. Бас кеңестің ұсынымдары туралы нақты ұсыныстар болмаса, Комитеттің қорытындыларында оның жұмысының барысында айтылған әртүрлі пікірлер көрсетіледі. Консультациялар берудің жеңілдетілген рәсімі пайдаланылған жағдайда, баяндамаға Комитет қараған негізгі мәселелердің түйіндемесі мен консультациялар берудің толық рәсімін қолданудың орындылығы туралы шешім қосылады.

1994 жылғы ТАРИФТЕР МЕН САУДА ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМНІҢ XXIV БАБЫН ТҮСІНДІРУ ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫҚ

      Мүшелер,
      ГАТТ 1994 XXIV бабының ережелерін назарға ала отырып;
      ГАТТ 1947 құрылған уақыттан бастап кеден одақтарының және еркін сауда аймақтарының саны мен маңызы айтарлықтай артқанын, және қазіргі уақытта олардың үлесіне әлемдік сауданың айтарлықтай бөлігі келетінін мойындай отырып;
      осындай келісімдерге қатысушылардың неғұрлым тығыз экономикалық интеграциясының арқасында енгізілуі мүмкін әлемдік сауданы кеңейтуге қосатын үлесті мойындай отырып;
      егер баждарды және құрамдас аумақтар арасындағы сауданы реттеудің басқа да шектеу шараларын жою бүкіл саудаға қолданылса, мұндай үлестің ұлғаятынын және сауданың қандай да бір маңызды секторы алып тасталған жағдайда азаятынын мойындай отырып;
      осындай аумақтары бар басқа мүшелердің саудадағы кедергілерін арттыру емес, құрамдас аумақтар арасындағы сауданы жеңілдету осындай келісімдердің мақсаты болып табылатынын; және аумақтар құрылған немесе кеңейтілген жағдайда, оларға қатысушылар барынша ықтимал дәрежеде басқа мүшелердің саудасына қолайсыз әсер етуді болдырмайтынын тағы да растай отырып;
      жаңа немесе кеңейтілген келісімдерді бағалау критерийлері мен рәсімдерін нақтылау, сондай-ақ XXIV баптың барлық баптарына қатысты барлық келісімдер бойынша транспаренттілікті көп қамтамасыз ету арқылы XXIV баптың негізінде хабарламалар жүргізілген келісімдерді қарауда Тауарлар саудасы жөніндегі кеңестің пәрменді рөлін күшейту қажеттігіне көз жеткізген мүшелер;
      XXIV баптың 12-тармағына сәйкес мүшелердің міндеттемелерін жалпы түсіну қажеттігін мойындай отырып;
      төмендегілер туралы уағдаласады:
      1. Кеден одақтары, еркін сауда аймақтары және кеден одақтарын немесе еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімдер XXIV бапқа сәйкес келу мақсатында, inter alia, көрсетілген баптың 5, 6, 7 және 8- тармақтарының ережелерін қанағаттандыруға тиіс.

XXIV-БАП:5

      2. XXIV баптың 5 (а) тармағына сәйкес кеден одағы құрылғанға дейін және одан кейін баждар мен алымдарға қатысты қолданылған баждар мен сауданы реттеудің басқа да шараларының ықпал ету дәрежесінің жалпы әсер етуін бағалау орташа өлшемделген тарифтік мөлшерлемелер мен өндіріп алынатын кедендік баждардың толық бағалануына негізделеді. Бұл бағалау алдыңғы өкілеттік кезеңдегі импорттың тарифтік ұстанымдар бойынша ДСҰ мүшелері болып табылатын елдердің шығу тегі бойынша бөлінісінде, құндық және сандық мәнінде кеден одағы ұсынған статистикасына негізделеді. Көпжақты сауда келіссөздерінің Уругвай раундының барысында тарифтік ұсыныстарды бағалаған кезде пайдаланылған әдіснамаға сәйкес Хатшылық орташа өлшемделген тарифтік мөлшерлемелер мен өндіріп алынған кедендік баждарды есептейді. Осы мақсат үшін назарға алынатын баждар мен алымдар қолданылатын баж мөлшерлемелері болып табылады. Сауданы реттеудің сандық мәні мен біріктірілуі күрделі басқа да шараларының ықпалын толық бағалау үшін жекелеген шараларды, қаулыларды, қозғалатын тауарлар тобы мен сауда ағындарын зерделеу талап етілуі мүмкін екені мойындалады.
      3. XXIV баптың 5 (с) тармағында аталған «Оңтайлы уақыт кезеңі» айрықша жағдайларда ғана 10 жылдан асуы мүмкін. Мүшелер уақытша келісімнің тараптары болып табылатын жағдайларда, он жылдық кезең жеткіліксіз деп есептеледі, олар Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске неғұрлым ұзақ кезеңнің қажеттігіне қатысты толық түсіндірулер береді.

XXIV-БАП:6

      4. XXIV баптың 6-тармағы кеден одағын құратын мүше баждың байланысты мөлшерлемесін арттыруға ниет білдірген жағдайлар үшін рәсім белгілейді. Осыған орай мүшелер 1980 жылдың 10 қарашасында қабылданған ұсынымдар (ВISD 27S/26-28) мен ГАТТ 1994 XXVIII бабын түсіндіру туралы уағдаластықтың негізінде әзірленген XXVIII бабында белгіленген рәсім кеден одағының құрылуына немесе кеден одағын құруға алып келетін уақытша келісімнің жасалуына байланысты тарифтік басқаға берулерді өзгерткенге немесе кері қайтарып алғанға дейін басталуға тиіс екенін тағы да растайды.
      5. Өтемақыға қатысты өзара қолайлы реттеуге қол жеткізу мақсатында осындай келіссөздер ізгі ниет рухында жүргізілетін болады. Осындай келіссөздер барысында, XXIV баптың 6-тармағында көзделгендей, кеден одағы құрылғаннан кейін оған басқа да қатысушылар жүзеге асырған тарифтік ұстаным бойынша баждарды азайту тиісінше ескеріледі. Егер мұндай төмендетулер қажетті өтемақыны ұсыну үшін жеткіліксіз болып табылса, кеден одағы басқа тарифтік ұстанымдар бойынша баждарды төмендету түрінде өтемақы ұсынуға тиіс. Байланысты тарифтердің өзгеруіне немесе кері қайтарып алынуына байланысты осындай келіссөздер жүргізуге құқығы бар мүшелер осындай ұсынысты назарға алады. Егер ұсынылып отырған өтемақы қолайсыз болып табылса, келіссөздер жалғастырылуы тиіс. ГАТТ 1994 XXVIII бабын түсіндіру туралы уағдаластықтың ережелерін ескере отырып, XXVIII бап бойынша өтемақы беру туралы келіссөздер барысында жұмылдырылған барлық күш-жігерге қарамастан, келіссөздер басталған оңтайлы уақыт кезеңі ішінде келісімге қол жеткізілмесе, кеден одағының, дегенмен, басқаға берулерді өзгертуге немесе кері қайтарып алуға жоюға құқығы болады; мүдделері қозғалған мүшелер, бұл жағдайда XXVIII бапқа сәйкес мәні жағынан тең болып келетін басқаға берулерді кері қайтарып алуға құқығы болады.
      6. ГАТТ 1994 кеден одағын құрудың немесе кеден одағын құруға алып келетін уақытша келісімнің нәтижесінде баждарды төмендетуден пайда табатын мүшелерге оны құрайтын аумақтарға өтемақы ұсыну міндеттемелерін жүктемейді.
      Кеден одақтары мен еркін сауда аймақтарын қарастыру
      7. ГАТТ 1994 тиісті ережелері мен осы Уағдаластықтың 1-тармағы аясында XXIV баптың 7 (а) тармағына сәйкес жасалған барлық хабарламаларды жұмыс тобы қарайды. Жұмыс тобы өз қорытындыларымен қоса баяндаманы Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске ұсынады. Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес өзі қажет деп есептейтін мүшелерге осындай ұсынымдар беруі мүмкін.
      8. Жұмыс тобы өз баяндамасында уақытша келісімдер бойынша кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құруды аяқтау үшін қажетті шаралар мен болжамды кестелерге қатысты тиісті ұсынымдар енгізе алады. Қажет болған жағдайда ол келісімді қарау рәсімін ұзарта алады.
      9. Уақытша келісімнің тараптары болып табылатын мүшелер Тауарлар саудасы жөніндегі кеңесті келісімге енгізілген жоспар мен кестедегі айтарлықтай өзгерістер жөнінде хабардар етеді, ал Кеңес тиісті өтініш келіп түскен жағдайда осындай өзгерістерді қарастырады.
      10. Егер хабарлама ұсынылған уақытша келісім XXIV баптың 7 (а) тармағына сәйкес, XXIV баптың 5 (а) тармағының ережелеріне қарамастан, жоспар мен кестені қамтымаса, жұмыс тобы өз баяндамасында осындай жоспар мен кесте құруды ұсынады. Бұл жағдайда қатысушылар, егер оны көрсетілген ұсынымдарға сәйкес өзгертуге дайын болмаған жағдайда ғана, мұндай келісімді күшінде қалдыра алмайды немесе қолданысқа енгізе алмайды. Кейіннен көрсетілген ұсынымдардың орындалуы одан әрі қарауға жатады.
      11. Кеден одақтары мен еркін сауда аймақтарын құрайтын аумақтар, ГАТТ 1947 УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРЫ өздерінің өңірлік келісімдер туралы баяндамаларға қатысты (ВISD 18S/38) ГАТТ 1947 кеңесінің нұсқаулығында көздеп отырғандарындай, Тауарлар саудасы жөніндегі кеңесті тиісті келісімнің қолданылуы туралы кезең-кезеңмен хабардар етіп отырады. Келісімге енгізілетін кез келген айтарлықтай түзетулер және/немесе қосымшалар олардың енгізілуіне қарай хабарланып отырады.
      Дауларды реттеу
      12. ГАТТ 1994 XXII және XXIII баптарының ережелері, Дауларды шешу жөніндегі уағдаластықтың ережелері ескеріле отырып, кеден одақтарына, еркін сауда аймақтарына немесе кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімдерге қатысты XXIV баптың ережелерін қолдануға байланысты туындайтын кез келген мәселелерге қатысты пайдаланылуы мүмкін.

XXIV-БАП:12

      13. ДСҰ-ның әрбір мүшесі ГАТТ 1994 бойынша оның барлық ережелерінің сақталуына толық жауапты болады, сондай-ақ өз аумағы шегінде өңірлік және жергілікті үкіметтер мен биліктердің шараларды сақтауын қамтамасыз ету үшін өз билігіндегі барлық ақылға қонымды шараларды қабылдайды.
      14. ГАТТ 1994 XXII және XXIII баптарының ережелері, Дауларды шешу жөніндегі уағдаластықтың ережелері ескеріле отырып, өз аумағы шегінде өңірлік және жергілікті үкіметтер мен биліктер қабылдаған сақтауларды қозғайтын шараларға қатысты пайдаланылуы мүмкін. Егер Дауларды шешу жөніндегі орган ГАТТ 1994 ережелерінің сақталмау фактісін анықтаса, бұл жағдай қатысты мүше, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін өз билігіндегі барлық ақылға қонымды шараларды қабылдайды. Өтемақы мен басқаға берулердің немесе басқа да міндеттемелердің қолданылуын уақытша тоқтата тұруға қатысты ережелер көрсетілген міндеттемелердің сақталуын өзгеше қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады.
      15. Әрбір мүше ізгі ниет рухында көңіл бөлуге және өз аумағының шегінде қабылданған ГАТТ 1994 қолданылуын қозғайтын шараларға қатысты басқа мүше жасаған ұсынымдарды қарастыра отырып, консультациялар беру үшін жеткілікті мүмкіндіктер ұсынуға міндеттенеді.

1994 жылғы ТАРИФТЕР МЕН САУДА ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМ БОЙЫНША
МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЕН БОСАТУҒА ҚАТЫСТЫ УАҒДАЛАСТЫҚ

      Мүшелер төмендегілер туралы уағдаласады:
      1. Міндеттемелерден уақытша босату немесе қолданыстағы босатуды ұзарту туралы өтініш мүше қабылдауға ниетті шаралардың сипаттамасын, мүше орындауды көздейтін нақты саяси мақсаттарды және мүше өзінің саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін ГАТТ 1994 бойынша өз міндеттемелерімен үйлесімді шараларды пайдаланатын себептерді қамтуға тиіс.
      2. ДСҰ туралы келісімнің күшіне ену күніне қолданылатын міндеттемелерден кез келген босату қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін немесе ДСҰ туралы келісім күшіне енгеннен кейін екі жылдан соң, осы екі мерзімнің қайсысы бұрын болатынына байланысты (егер ол жоғарыда көрсетілген рәсімге және ДСҰ туралы келісімның ІХ бабының ережелеріне сәйкес ұзартылмаса) өз қолданысын тоқтатады.
      3. Мүше ГАТТ 1994 бойынша өзі алған басымдықтар:
      (а) міндеттемелерден босату ұсынылған мүшенің осы шарттарды сақтау қабілетсіздігінің немесе
      (b) міндеттемелерден босатуды ұсынудың шарттарына сәйкес келетін шараны қолдану нәтижесінде жойылады немесе азайтылады деп есептейтін кез келген мүше Дауларды шешу жөніндегі уағдаластыққа сәйкес толықтырылған және қолданылатын ГАТТ 1994 ХХІІІ бабының ережелеріне жүгіне алады.

1994 жылғы ТАРИФТЕР МЕН САУДА ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМНІҢ XXVIII
БАБЫН ТҮСІНДІРУ ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫҚ

      Мүшелер төмендегілер туралы уағдаласады:
      1. Басқаға беруді өзгерту немесе кері қайтарып алу мақсаттары үшін басқаға беру қозғаған экспорттың неғұрлым жоғары үлесіне ие мүше (яғни, басқаға беруді өзгертетін немесе күшін жоятын мүшенің нарығына тауар экспорттау) оның жалпы экспортында, егер оның бастапқы келіссөздік құқықтары болмаса немесе XXVIII баптың 1-тармағының негізінде негізгі мүдделі өнім беруші болып табылмаса, ол негізгі мүдделі өнім беруші болып есептеледі. Сонымен қатар көрсетілген тармақты шағын және орташа экспорттаушы мүшелердің пайдасына келіссөздік құқықтарды қайта бөлуді қамтамасыз ету бойынша осы критерийдің қолданылуын қанағаттандыру мәселесін шешу үшін ДСҰ туралы келісім күшіне енгеннен кейін бес жылдан соң Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес қайта қарайтын болады деп уағдаласылды. Егер оның қолданылуы қанағаттанғысыз болып танылса, тиісті ақпарат болған кезде, басқаға беру қозғап отырған экспорттың үлесіне негізделген критерийді қабылдауды қоса алғанда, барлық нарықтарға аталған тауар экспортындағы ықтимал жақсарулар туралы ұсыныстар дайындалатын болады.
      2. Егер мүше 1-тармақтың негізінде өзін негізгі мүдделі өнім беруші деп есептесе, ол өзінің наразылықтарын жазбаша түрде тиісті дәлелдемелерімен қоса басқаға беруді өзгертуге немесе кері қайтарып алуға ниетті мүшеге жібереді және бір мезгілде ол туралы Хатшылықты хабардар етеді. Мұндай жағдайларда 1980 жылдың 10 қарашасында қабылданған «XXVIII бабы бойынша келіссөздер рәсімдері» деген 4-тармақ қолданылады (BISD 27S/26-28).
      3. Қандай мүшелер негізгі мүдделі өнім берушілер (жоғарыда көрсетілген 1-тармақтың не XXVIII баптың 1-тармағының негізінде), ал қандайлары – айтарлықтай мүдделі өнім берушілер болып табылатыны жөніндегі мәселені шешкен кезде қозғалатын тауар саудасы және РНБ негізінде жүзеге асырылатын сауда ғана ескеріледі. Алайда шарттық емес преференциялар негізіндегі аталмыш тауар саудасы, егер мұндай саудада преференциалды режимнің басымдықтары қолданылуын тоқтатса және ол неғұрлым қолайлылық режиміне қайта оралса, басқаға беруді өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы келіссөздер барысында ескеріледі немесе бұл осы келіссөздердің аяқталу кезіне қарай орын алады.
      4. Жаңа тауардың (яғни үш жылдық кезеңде сауда статистикасы болмаған тауар) тарифтік жеңілдігі өзгерген немесе кері қайтарып алынған жағдайда жіктеліп отырған немесе бұдан бұрын жіктелген тауардың тарифтік позициясы бойынша бастапқы келіссөздік құқығын иеленген мүше осы басқаға беру бойынша бастапқы келіссөздік құқығы бар мүше ретінде қаралады. Негізгі мүдделі және айтарлықтай мүдделі өнім берушілерді айқындау кезінде және өтемақыны есептеген кезде, атап айтқанда, өндірістік қуаттылықтар мен экспорттаушы мүшенің қозғалып отырған тауар бойынша инвестициялары; экспорттың өсуін бағалау, сондай-ақ импорттаушы мүшенің осы тауарға деген сұранысының болжамдары ескеріледі. Осы тармақтың мақсаттары үшін «жаңа тауар» деген термин қолданыстағы тарифтік позициядан бөліп алу арқылы қалыптастырылған жаңа тарифтік позиция деп түсініледі.
      5. Егер мүше өзін 4-тармақ ережелерінің негізінде негізгі мүдделі немесе айтарлықтай мүдделі өнім беруші болып табыламын деп есептесе, ол тиісті дәлелдерімен қоса, жазбаша түрде басқаға беруді өзгертуге немесе кері қайтарып алуға ниетті мүшеге наразылықтар жібереді және бір мезгілде бұл туралы Хатшылықты хабардар етеді. Мұндай жағдайларда жоғарыда атап көрсетілген «XXVIII бап бойынша келіссөздер рәсімдерінің» 4-тармағы қолданылады.
      6. Егер шектелмеген тарифтік басқаға беру тарифтік квотамен алмастырылатын болса, онда өтемақының көзделген сомасы басқаға беруді өзгертумен нақты қозғалған сауданың көлемінен артық болуы тиіс. Болашаққа болжанатын сауда квотаның деңгейінен асып түсетін шама өтемақыны есептеу үшін негіз болуға тиіс. Бұл ретте болжанатын сауданың есебі мына шамалардың ішіндегі ең үлкенінің:
      (а) шамалардың қайсысы үлкен болып келетініне байланысты сол мерзімге не 10 пайызға импорттың орташа жылдық өсуіне көбейтілген неғұрлым жақын өкілдік үш жылдық кезеңдегі орташа жылдық сауданың; немесе
      (b) 10 пайызға көбейтілген неғұрлым жақын жылдық кезеңдегі сауданың негізінде жасалуға тиіс деп түсініледі.
      Мүшенің өтемақы бойынша міндеттемесінің деңгейі басқаға берудің толықтай күшін жою нәтижесінде туындауы мүмкін деңгейден ешқандай да артық болуы мүмкін емес.
      7. Негізгі мүдделі өнім беруші болып табылатын кез келген мүшеге (не 1-тармақтың негізінде не XXVIII баптың 1-тармағының негізінде) өзгерту немесе кері қайтарып алу нысанасы болып табылатын басқаға беруге қатысты, егер өтемақының өзге нысаны тиісті мүшелердің арасында келісілмесе, өтемақылық басқаға берулер бойынша бастапқы келіссөздік құқық беріледі.

1994 жылғы ТАРИФТЕР ЖӘНЕ САУДА ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМНІҢ
МАРРАКЕШ ХАТТАМАСЫ

      Мүшелер,
      Уругвай раунды туралы министрлердің декларациясына сәйкес ГАТТ 1947 шеңберінде келіссөздер жүргізе отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласады:
      1. Осы Хаттамаға қоса берілген және қандай да бір мүшеге қатысы бар тізбе осы мүше үшін ДСҰ туралы келісім күшіне енетін күні осы мүшеге тиесілі ГАТТ 1994 Тізбесіне айналады. Дамуы неғұрлым төмен елдердің пайдасына шаралар туралы министрлердің шешіміне сәйкес ұсынылған кез келген Тізбе осы Хаттамаға қоса берілген деп есептеледі.
      2. Әрбір мүше мақұлдаған тарифтерді төмендетулер, егер ол мүшенің Тізбесінде өзгеше айқындалмаса, тең бес үлеспен жүргізіледі. Бірінші мұндай төмендету ДСҰ туралы келісім күшіне енген күні жүргізіліп, әрбір кейінгі төмендету әрбір келесі жылдың 1 қаңтары күні жүргізілетін болады, ал соңғысы Нақты мүшенің тізбесінде өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап төрт жылдан кешіктірілмей жүргізіледі. Егер Тізбеде өзгеше көрсетілмесе, ДСҰ туралы келісімді қабылдайтын мүше ол күшіне енгеннен кейін көрсетілген Келісім күшіне енген күнге орын алған барлық төмендетулерді, сондай-ақ келесі жылдың 1 қаңтарына жүргізуге міндетті төмендетулерді және алдыңғы ұсынысқа сәйкес Тізбеде көзделген барлық төмендетулерді жүргізеді. Әрбір сатыдағы төмендету мөлшерлемесі ондық үлеске дейін дөңгелектенеді. Ауыл шаруашылық өнімдері бойынша, Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімнің 2-бабында айқындалғандай, төмендетулердің кезеңділігі тізбелердің тиісті бөліктерінің негізінде жүзеге асырылады.
      3. Осы Хаттамаға қоса берілген тізбелердегі басқаға берулер мен міндеттемелерді жүзеге асыру тиісті өтініш жағдайында мүшелердің жан- жақты қарау нысанасына айналады. Мұндай қарау ДСҰ туралы келісімнің 1 А қосымшасындағы Келісімдер бойынша мүшелердің құқықтары мен міндеттемелеріне залал келтірілмей жүргізіледі.
      4. Қандай да бір мүшеге қатысы бар және осы Хаттамаға қоса берілген тізбе 1-тармақтың ережелеріне сәйкес ГАТТ 1994 Тізбесіне айналғаннан кейін, бұл мүше, тізбесі ГАТТ 1994 тізбесіне әлі де айнала қоймаған Уругвай раундының кез келген басқа да қатысушысы болып табылатын негізгі өнім берушінің кез келген тауарына қатысты осындай Тізбеде қамтылған басқаға беруді толығымен немесе ішінара кейінге қалдыруға немесе кері қайтарып алуға ерікті. Мұндай іс-қимыл, алайда, Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске басқаға беруді кез келген осындай кейінге қалдыру немесе кері қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама жолдағаннан кейін ғана және өтініш жасалған жағдайда, тиісті тізбесі ГАТТ 1994 Тізбесіне айналған және осы тауарға деген айтарлықтай қызығушылығы бар кез келген мүшеге консультациялар беру жүргізілгеннен кейін қабылдануы мүмкін. Кез келген кейінге қалдырылған немесе осылайша кері қайтарып алынған басқаға берулер негізгі өнім беруші болып табылатын мүшенің тізбесі ГАТТ 1994 Тізбесіне айналатын күннен бастап қолданылады.
      5. (а) Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімнің 4-бабы 2-тармағының ережелері үшін залал келтірмей, осы Хаттамаға қоса берілген басқаға берулер тізбесінде көзделген басқаға берудің мәні болып табылатын әрбір тауарға қатысты қолданылатын күн ГАТТ 1994 ІІ бабының 1 (b) және 1 (с) тармақтарында көрсетілген Келісімнің күніне сілтеменің мақсаттары үшін осы Хаттаманың күні болып табылады.
      (b) Осы Хаттамаға қоса берілген басқаға берулердің тізбесіне қатысты қолданылатын күн ГАТТ 1994 ІІ бабының 6 (а) тармағында көрсетілген Келісімнің күніне сілтеменің мақсаттары үшін осы Хаттаманың күні болып табылады.
      6. Тізбелердің ІІІ бөлігіндегі тарифтік емес шараларға жататын басқаға берулер өзгерген немесе кері қайтарып алынған жағдайларда, ГАТТ 1994 XXVIII бабының ережелері және 1980 жылдың 10 қарашасында қабылданған «XXVIII бап бойынша келіссөздер рәсімдері» қолданылады. Мұндай қолдану ГАТТ 1994 бойынша мүшелердің құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
      7. Осы Хаттамаға қоса берілген тізбе, ДСҰ туралы келісім күшіне енгенге дейін ГАТТ 1947 Тізбелерінде осындай тауар үшін көзделгенге қарағанда, қандай да бір тауарға қатысты қолайсыз режим туындатқан әрбір жағдайда осы тізбеге қатысы бар мүше ГАТТ 1947 немесе ГАТТ 1994 XXVIII бабына сәйкес қажетті болуы мүмкін тиісті іс-қимылды орындады деп түсініледі. Бұл тармақтың ережелері тек Мысырға, Перуге, Уругвай мен Оңтүстік Африкаға ғана қатысты қолданылады.
      8. Осы Хаттамаға қоса берілген Тізбелер, әрбір Тізбеде көрсетілгендей, ағылшын, испан және француз тілдерінде тең түпнұсқалы болып табылады.
      9. Осы Хаттаманың күні 1994 жылғы 15 сәуір болып табылады.

ТАРИФТЕР ЖӘНЕ САУДА ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМ (ГАТТ 1947)

      Осы Қосымша Бас келісімнің, оның күшіне енгеннен кейін қолданылатын барлық өзгерістерімен бірге, толық мәтінін қамтиды. Оқырмандарға ыңғайлы болу үшін Келісімге 1-Қосымшаның қосымша ережелерімен және ескертулерімен бірге оқылуы тиіс мәтіннің бөліктері жұлдызшалармен белгіленген.

ТАРИФТЕР ЖӘНЕ САУДА ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМ

      Австралия Федерациясының, Бельгия Корольдігінің, Бразилия Құрама Штаттарының, Бирманың, Канаданың, Цейлонның, Чили Республикасының, Қытай Республикасының, Куба Республикасының, Чехословакия Республикасының, Француз Республикасының, Үндістанның, Ливанның, Люксембург Ұлы Герцогтіғінің, Нидерланды Корольдігінің, Жаңа Зеландиянің, Норвегия Корольдігінің, Пәкістанның, Оңтүстік Родезиянің, Сириянің, Оңтүстік Африка Одағының, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің және Америка Құрама Штаттарының Үкіметтері:
      Олардың сауда және экономикалық қызмет саласындағы өзара қарым-қатынасы өмір сүру деңгейін арттыру, жұмыспен толық қамтуды және нақты кіріс пен тиімді сұраныстың үздіксіз ұлғаюын қамтамасыз ету, әлемдік ресурстардың толық пайдаланылуына және тауарлар өндіру мен алмасуды кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуы тиіс екендігін мойындай отырып,
      Саудадағы тарифтер мен басқа да кедергілерді айтарлықтай төмендетуге және халықаралық саудада кемсітушілік режимді жоюға бағытталған өзара және өзара тиімді уағдаластық жасау арқылы осы мақсаттарға жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,
      Өздерінің өкілдері арқылы төмендегілер туралы уағдаласты:

I БӨЛІК I БАП
Ұлтқа неғұрлым қолайлы болатын жалпы режим

      1. Әкелуге және әкетуге немесе оларға байланысты немесе импорт немесе экспорт үшін төлемдердің халықаралық аударылуына салынатын әртүрлі кедендік баждар мен алымдарға қатысты және осындай баждар мен алымдарды өндіріп алу әдісіне қатысты және әкелуге және әкетуге байланысты барлық қағидалар мен формальдылыққа қатысты және <*> ІІІ бабының 2 және 4-тармақтарында көрсетілген барлық мәселелерге қатысты кез келген басқа елде шығарылатын немесе кез келген басқа елге арналған кез келген тауарға кез келген уағдаласушы тарап беретін кез келген басымдық, қолайлылық, артықшылық немесе иммунитет барлық басқа уағдаласушы тараптардың аумағында шығарылатын немесе барлық басқа уағдаласушы тараптардың аумағына арналған осыған ұқсас тауарға да дереу және сөзсіз берілуге тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері осы баптың 4-тармағында көзделген деңгейлерден аспайтын және мынадай:
      (а) А Қосымшада баяндалған шарттар сақтала отырып, онда санамаланған екі немесе одан да көп аумақтар арасында ғана күшінде болатын преференциялар;
      (b) 1939 жылғы 1 шілдеде ортақ егемендікпен немесе протекторат немесе сюзеренитет қатынастарымен байланысты болған және В, С және D қосымшаларда баяндалған шарттар сақтала отырып, онда санамаланған екі немесе одан да көп аумақтар арасында ғана күшінде болатын преференциялар;
      (с) Америка Құрама Штаттары және Куба Республикасы арасында ғана күшінде болатын преференциялар;
      (d) E және F Қосымшаларда санамаланған көрші елдер арасында ғана күшінде болатын преференциялар сипаттамасына жататын, импорттық баждарға немесе алымдарға қатысты қандай да бір преференцияларды қысқартуды талап етпейді.
      3. 1-тармақтың ережелері, осындай преференциялар XXIX баптың 1-тармағының аясында қолданылуға тиіс XXV баптың 5-тармағында мақұлданған жағдайда, бұрын Оттоман империясының құрамына кірген және 1923 жылғы 24 шілдеде одан бөлінген елдердің арасында күшінде болатын преференцияларға қолданылмайды.
      4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес преференция рұқсат етілген, бірақ осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізбедегі ең үлкен преференциялық айырмашылығы ретінде айрықша көрсетілмеген кез келген тауардың <*> преференциялық айырмашылығы мыналардан:
      (а) осыған ұқсас Тізбеге енгізілген кез келген тауарға арналған баждарға немесе алымдарға қатысты, неғұрлым қолайлылық мөлшерлемесі мен преференциялық мөлшерлеме арасындағы преференциялық мөлшерлемеде көрсетілген айырмадан аспауға тиіс; ешқандай преференциялық мөлшерлеме көзделмеген жағдайда, осы тармақтың мақсаттары үшін 1947 жылғы 10 сәуірде болған преференциялық мөлшерлеме қолданылуға тиіс және неғұрлым қолайлылық мөлшерлемесі көзделмеген жағдайда, айырма 1947 жылғы 10 сәуірде болған неғұрлым қолайлылық мөлшерлемесі мен преференциялық мөлшерлеме арасындағы айырмадан аспауға тиіс;
      (b) тиісті Тізбеде аталмаған кез келген тауарға арналған баждарға немесе алымдарға қатысты 1947 жылғы 10 сәуірде болған неғұрлым қолайлылық мөлшерлемесі мен преференциялық мөлшерлеме арасындағы айырмадан аспауға тиіс.
      G қосымшада көрсетілген уағдаласушы тараптарға келетін болсақ, осы тармақтың (а) және (b) тармақшаларында аталған 1947 жылғы 10 сәуір күні осы Қосымшада көрсетілген тиісті күндермен ауыстырылуға тиіс.

II БАП
Жеңілдіктер тізбесі

      1. а) Әрбір уағдаласушы тарап басқа уағдаласушы тараптардың саудасына осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізбенің тиісті бөлігінде көзделген режимнен қолайлығы кем емес режимді ұсынады.
      (b) Кез келген уағдаласушы тарапқа жататын Тізбенің І бөлігінде көрсетілген, басқа уағдаласушы тараптар аумағының тауарлары болып табылатын тауарлар осы Тізбеге жататын аумаққа әкелінген кезде және осы Тізбеде көрсетілген шарттар немесе ескертулер сақталған жағдайда, осы Тізбеде белгіленген және көзделген баждардан асатын қарапайым кедендік баждардан босатылады. Мұндай тауарлар әкелуге белгіленген немесе осы Келісім жасалған күнге белгіленген немесе импорттаушы ел аумағына әкелінген күнге қолданылатын заңнаманың күшіне орай кейіннен тікелей және міндетті тәртіппен салынатын баждардан немесе алымдардан асып кетуімен әкелінуіне байланысты кез келген түрдегі барлық басқа баждардан немесе алымдардан да босатылады.
      (с) Кез келген уағдаласушы тарапқа жататын Тізбенің ІІ бөлігінде көрсетілген және І бапқа сәйкес Тізбеге жататын аумаққа әкелінген кезде преференциялық режимді пайдалануға құқығы бар аумақтардың тауарлары болып табылатын тауарлар осындай аумаққа әкелінген кезде және осы Тізбеде санамаланған шарттар мен ескертулер сақталған жағдайда, осы Тізбенің ІІ бөлігінде көрсетілген және көзделген баждардан асатын қарапайым кедендік баждардан босатылады. Мұндай тауарлар әкелуге белгіленген немесе осы Келісім жасалған күнге белгіленген немесе импорттаушы ел аумағында әкелінген күнге қолданылатын заңнаманың күшіне орай кейіннен тікелей немесе міндетті тәртіппен салынатын баждардан немесе алымдардан асып кетуімен байланысты кез келген түрдегі барлық басқа баждардан немесе алымдардан да босатылады. Осы бапта кез келген уағдаласушы тараптың қандай тауарлар бойынша баждардың преференциялық мөлшерлемелері бойынша әкелінетіндігіне қатысты осы Келісім жасалған күні болған өз талаптарын сақтауына ешнәрсе де кедергі келтірмейді.
      2. Осы бапта кез келген уағдаласушы тарапқа кез келген тауар әкелінуіне кез келген уақытта:
      (а) Ұқсас отандық тауарға немесе импортталатын тауар толығымен немесе ішінара дайындалған немесе өндірілген тауарға ІІІ баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес салынатын ішкі салыққа баламалы алымды;
      (b) <*> VI бабының ережелеріне сәйкес қолданылатын кез келген демпингке қарсы немесе өтемақы бажын;
      (с) көрсетілген қызметтердің құнына мөлшерлес алымдар салуға ешнәрсе де кедергі келтірмейді.
      3. Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы баж салу немесе осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізбеде көзделген кез келген жеңілдіктің құндылығын төмендететіндей етіп валюта айырбастау мақсатында өзінің құн белгілеу әдісін өзгертпейді.
      4. Егер кез келген уағдаласушы тарап осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізбеде көрсетілген кез келген тауар әкелінуіне формалды немесе іс жүзінде монополия белгілесе, сақтаса немесе рұқсат етсе, мұндай монополия, осы Тізбеде көзделген немесе жеңілдіктер бойынша бастапқыда келіссөздер жүргізген тараптар арасында басқаша келісілген жағдайларды қоспағанда, осы Тізбеде көзделген қорғаудан орташа есеппен асып түсетін қорғауды ұсынатындай етіп жұмыс істемейді. Осы тармақтың ережелері Уағдаласушы Тараптардың <*> осы Келісімнің* басқа ережелерімен рұқсат етілетін отандық өндірушілерге кез келген көмек түрін пайдалануын шектемейді.
      5. Егер қандай да бір Уағдаласушы Тарап, бірінші Уағдаласушы Тараптың пікірі бойынша, тауарға осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізбеде көзделген жеңілдіктен туындайтын режимді басқа Уағдаласушы Тарап ұсынбайды деп пайымдаған жағдайда, ол бұған басқа Уағдаласушы Тараптың тікелей назарын аудартады. Егер соңғысы белгіленген режимнің бірінші Уағдаласушы Тарап талап етіп отырған режимге сәйкес келетіндігімен келіссе, бірақ соттың немесе басқа да тиісті биліктің осы Уағдаласушы Тараптың тарифтік заңнамасы бойынша осы Келісімде көзделген режимді оған қолдану үшін бұл тауар жіктелмеуі мүмкін деп қаулы етуіне байланысты ұқсас режим ұсынылмайды деп мәлімдесе, онда екі Уағдаласушы Тарап кез келген басқа айтарлықтай мүдделі Уағдаласушы Тараптармен бірлесіп, өтемақылық түзетулерді әзірлеу мақсатында одан әрі келіссөздерге тез арада кіріседі.
      6. (а) Халықаралық валюта қорының мүшелері болып табылады Уағдаласушы Тараптарға тиесілі Тізібелерге енгізілген ерекше баждар мен алымдар және осындай Уағдаласушы Тараптар сақтайтын ерекше баждар мен алымдардағы преференциялық айырмалар тиісті валютамен және осы Келісім жасалған күнге Қор қабылдаған немесе алдын ала мойындаған тепе-теңдік кезінде көрсетіледі. Тиісінше, егер қабылданған тепе-теңдік Халықаралық валюта қоры туралы келісімнің баптарына сәйкес 20%-дан артық төмендетілетін жағдайда, осындай ерекше баждар мен алымдар және преференциялық айырмалар төмендетуді ескеру үшін өзгертілуі мүмкін; УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР (яғни ХХV бапта көзделгендей, бірлесіп әрекет ететін Уағдаласушы Тараптар) осындай өзгертулер тиісті Тізбеде немесе Келісімнің қандай да болмасын басқа бір бөлігінде көзделген жеңілдіктердің құндылығын азайтпайтындығымен келіскен жағдайда, бұл ретте, осындай өзгерістердің қажеттігіне немесе шұғылдығына ықпал етуі мүмкін барлық факторларға тиісті көңіл бөлетін болады.
      (b) Ұқсас ережелер осындай Уағдаласушы Тарап Қордың мүшесі болған немесе XV бапқа сәйкес арнайы валюталық келісім жасасқан күннен бастап Қордың мүшесі болып табылмайтын кез келген Уағдаласушы Тарапқа қолданылады.
      7. Осы Келісімге қоса берілген Тізбелер осы Келісімнің І бөлігінің ажырамас бөлігін құрайды.

II БӨЛІК III БАП*
Ішкі салық салу мен реттеудің ұлттық режимі

      1. Уағдаласушы Тараптар ішкі салықтар мен басқа да ішкі алымдар, заңдар, қағидалар және ішкі сатуды, тауарларды сату туралы ұсыныстарды, тауарларды сатып алуды, тасымалдауды, бөлуді немесе пайдалануды қозғайтын талаптар және белгілі бір мөлшерде немесе үлестерде тауарлардың араласуын, өңделуін немесе пайдаланылуын талап ететін сандық реттеудің ішкі қағидалары <*> отандық өндіріс үшін қорғау жасайтындай етіп импортталған немесе отандық тауарларға қолданылмауы тиіс деп таниды.
      2. Кез келген Уағдаласушы Тараптың аумағынан шыққан, басқа Уағдаласушы Тараптың аумағына әкелінетін тауарларға ұқсас отандық тауарларға қолданылатын салықтар мен алымдардан тікелей немесе жанама асып түсетін кез келген түрдегі ішкі салықтар немесе өзге де ішкі алымдар тікелей немесе жанама түрде салынбайды. Бұдан басқа, Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы импортталған немесе отандық тауарларға <*> 1-тармақта жазылған қағидаттарға қайшы келетіндей етіп ішкі салықтарды немесе басқа да ішкі алымдарды қандай да бір өзгеше түрде қолданбайды.
      3. 2-тармақтың ережелеріне сәйкес келмейтін, бірақ 1947 жылғы 10 сәуірде қолданыста болған Сауда келісімімен арнайы рұқсат етілген, салық салынатын тауарға импорттық баждың арттыруына қарсы байланысты қазіргі кез келген ішкі салыққа қатысты осындай салықты белгілейтін Уағдаласушы Тарап, осындай салыққа қатысты осындай бажды салықтың қорғау бөлігінің жойылуы үшін өтемақы үшін қажетті деңгейге дейін көтеруге рұқсат алу мақсатында осындай Сауда келісімі бойынша міндеттемелерден босатылуы мүмкін кезге дейін 2-тармақтың ережелерін қолдануды кейінге қалдыру мүмкін.
      4. Кез келген Уағдаласушы Тараптың аумағынан шыққан, басқа Уағдаласушы Тараптың аумағына әкелінетін тауарларға олардың ішкі сатылуын қозғайтын сатуға ұсыныстарын барлық сатып алуды, тасымалдауды, бөлуді немесе пайдалануды қозғайтын заңдарға, қағидалар мен талаптарға, қатысты ұқсас ұлттық тауарларға берілген режимнен қолайлығы кем емес режимді береді. Осы тармақтың ережелері тауардың ұлттық шыққан жеріне емес, көлік құралдарын пайдаланудың экономикалық жағдайына ғана тәуелді тасымалдау үшін сараланған ішкі алымдарды қолдануға кедергі келтірмейді.
      5. Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы реттеу нысанасы болып табылатын қандай да бір тауардың қандай да бір белгілі мөлшері немесе үлесі тікелей немесе жанама түрде ішкі көздерден жеткізілуін талап ететін тауарларды белгіленген мөлшерде немесе пропорцияларда араластыруға, өңдеуге немесе пайдалануға қатысты қандай да бір ішкі сандық реттеуді белгілемейді және сақтамайды. Бұдан басқа, Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы ішкі сандық реттеуді ол <*> 1-тармақта жазылған қағидаттарға қайшы келмейтіндей етіп қандай да бір өзгеше түрде қолданбайды.
      6. 5-тармақтың ережелері осы Уағдаласушы Тараптың таңдауы бойынша 1939 жылғы 1 шілдеде, 1947 жылғы 10 сәуірде немесе 1948 жылғы 24 наурызда кез келген Уағдаласушы Тараптың аумағында күшінде болған кез келген ішкі сандық реттеуге қолданылмайды; 5-тармақтың ережелеріне қайшы келетін кез келген осындай реттеу импорт үшін залалға өзгертілмейді және келіссөздердің мақсаттары үшін кедендік баж ретінде қаралады.
      7. Тауарларды белгілі бір мөлшерде немесе үлестерде араластыруға, өңдеуге немесе пайдалануға қатысты ешқандай ішкі сандық реттеу кез келген осындай мөлшермен немесе үлеспен сыртқы жабдықтау көздері арасында бөлінетіндей болып қолданылмайды.
      8. (а) Осы баптың ережелері коммерциялық қайта сату үшін немесе тауарларды коммерциялық сату мақсаттары үшін өндірісте пайдалану үшін емес, үкіметтік мекемелердің үкіметтік мақсаттары үшін сатып алынатын тауарларды сатып алуын реттейтін заңдарға, қағидаларға немесе талаптарға қолданылмайды.
      (b) Осы баптың ережелері отандық өндірушілерге ғана субсидиялар төлеуге, оның ішінде осы баптың ережелеріне сәйкес қолданылатын ішкі салықтардан немесе алымдардан түсетін түсімдер есебінен отандық өндірушілерге субсидиялар және отандық тауарлардың үкіметтік сатып алу нысанындағы субсидиялар төлеуге кедергі келтірмейді.
      9. Уағдаласушы Тараптар импортталатын тауарларды жеткізетін Уағдаласушы Тараптардың мүдделеріне нұқсан келтіретін әрекетті, ең болмағанда, осы баптың басқа ережелеріне сәйкес орын алған ең жоғарғы бағаларды бақылау жөніндегі ішкі іс-шаралардың нәтижесі болуы мүмкін деп таниды. Тиісінше, осындай шараларды қолданатын Уағдаласушы Тараптар осындай нұқсан келтірудің ең ықтимал дәрежесін болдырмау үшін экспорттаушы Уағдаласушы Тараптардың мүдделерін назарға алады.
      10. Осы баптың ережелері кез келген Уағдаласушы Тарапқа экспозицияланған кинофильмдерге қатысты және және IV баптың талаптарына сай келетін ішкі сандық реттеуді белгілеуге немесе сақтауға кедергі келтірмейді.

IV БАП
Кинофильмдерге қатысты ерекше ережелер

      Егер кез келген Уағдаласушы Тарап экспозицияланған кинофильмдерге қатысты ішкі сандық реттеуді белгілесе немесе сақтаса, онда мұндай реттеудің мынадай талаптарға:
      (а) экрандық квоталар кез келген барлық шығарылған фильмдерді коммерциялық көрсету үшін кемінде бір жылға белгіленген уақыт кезеңі ішінде экрандық уақыттың іс жүзінде пайдаланылатын бүкіл көлемінің белгіленген ең төменгі үлесінің ішінде отандық шығарылған кинофильмдердің көрсетілуін талап етуі мүмкін және кинотеатрдың бір жылдағы экрандық уақыты негізінде немесе басқа да балама түрде есептелуге тиіс;
      (b) экрандық квотаға сәйкес отанымызда шығарылған фильмдер үшін резервке қалдырылған экрандық уақытты қоспағанда, отанымызда шығарылған фильмдер үшін резервке қалдырылған экрандық уақыттың әкімшілік өкіммен босатылған уақытты қоса алғанда, экрандық уақыт жеткізілімнің қайнар көздері арасында формалды немесе іс жүзіндегі түрінде бөлінбейді;
      (с) осы баптың «b» тармақшасының ережелеріне қарамастан, кез келген Уағдаласушы Тарап осы баптың «а» тармақшасының талаптарына сәйкес келетін, Уағдаласушы Тараптың осындай экрандық квоталарды белгілейтін фильмдерінен басқа, белгілі бір шығарылған фильмдер үшін экрандық уақыттың ең төменгі үлесін резервке қалдыратын экрандық квоталарды сақтау мүмкін; экрандық уақыттың осындай ең төменгі үлесі 1947 жылдың 10 сәуірінде болған деңгейден аспаған жағдайда;
      (d) демонстрациялық квоталар оларды шектеу, ырықтандыру немесе оларды жою жөніндегі келіссөздер нысанасы болып табылады.

V БАП
Транзит еркіндігі

      1. Тауарлар (багажды қоса алғанда), сондай-ақ кемелер мен басқа да көлік құралдары қайта тиеу, қоймалау, партияларды бөлшектеу немесе көлік түрін ауыстыру болған немесе болмаған кезде, аумағы арқылы жүктің қозғалысы жүзеге асырылатын Уағдаласушы Тараптың шекарасынан тыс жерден басталатын және аяқталатын толық жол жүрудің бір бөлігі ғана болып табылатын осындай аумақ арқылы өткен кезде Уағдаласушы Тараптың аумағы арқылы транзитте болатын деп саналады. Мұндай сипаттағы қозғалыс осы бапта «транзиттік тасымалдаулар» деп айқындалады.
      2. Басқа Уағдаласушы Тараптардың халықаралық транзиті үшін, олардың аумақтарына немесе аумақтарынан транзиттік тасымалдау үшін неғұрлым қолайлы бағыттар бойынша әрбір Уағдаласушы Тараптың аумағы арқылы транзит еркіндігі белгіленеді. Кемелер жалауына, шығарылған, жөнелтілген, кіргізілген немесе тағайындалған орнына немесе тауарлар, кемелер немесе басқа да көлік құралдарының меншігіне қатысты қандай да бір жағдайларға негізделген ешқандай айырмалар жасалмайды.
      3. Кез келген Уағдаласушы Тарап оның аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдаулар тиісті кіру кедені арқылы жүргізілуін талап етуі мүмкін, бірақ, қолданылатын кедендік заңдар мен қағидаларды сақтамау жағдайларын қоспағанда, басқа Уағдаласушы Тараптардың аумақтарынан немесе олардың аумағына келетін осындай тасымалдауларға қандай да бір керексіз кідірулер немесе шектеулер қолданылмайды және олар, тасымалдағаны үшін алымдарды немесе транзиттен туындаған әкімшілік шығыстармен немесе көрсетілетін қызметтердің құнымен көлемі тең алымдарды қоспағанда, транзитке қатысты белгіленген кедендік баждардан және барлық транзиттік немесе басқа да алымдардан босатылады.
      4. Басқа Уағдаласушы Тараптардың аумақтарына немесе олардың аумақтарынан транзиттік тасымалдаулар үшін Уағдаласушы Тараптар белгілеген барлық алымдар мен қағидалар тасымалдау шарттарын ескере отырып, ақылға қонымды болуға тиіс.
      5. Транзитке байланысты барлық алымдарға, қағидалар мен формалдылықтарға қатысты әрбір Уағдаласушы Тарап кез келген басқа Уағдаласушы Тараптың аумағына немесе оның аумағынан жүретін транзиттік тасымалдауларға <*> кез келген үшінші елге немесе үшінші елден транзиттік тасымалдауларға ұсынылған режимнен қолайлығы кем емес режимді ұсынады.
      6. Әрбір Уағдаласушы Тарап, егер олар осындай басқа Уағдаласушы Тараптың аумағы арқылы өтпей, шығарылған жерінен межелі жеріне тасымалданса, кез келген басқа Уағдаласушы Тараптың аумағы арқылы транзитпен өткен тауарларға, осындай тауарларға ұсынылатын режимнен қолайлығы кем емес режимді ұсынады. Алайда, кез келген Уағдаласушы Тарап осындай тікелей жүк түсіру баждардың преференциялық мөлшерлемелері бойынша тауарларды өткізуге құқық алудың міндетті шарты болып табылатын немесе баждарды өндіріп алу мақсаты үшін Уағдаласушы Тарап белгілеген бағалау әдісіне қатысы бар кез келген тауарларға қатысты осы Келісімге қол қойылған күнге орын алған тікелей жүк түсіру туралы өз талаптарын күшінде сақтау мүмкін.
      7. Осы баптың ережелері ұшақтардың транзиттік қозғалысына қолданылмайды, бірақ тауарлардың (багажды қоса алғанда) әуе транзитіне қолданылады.

VI БАП
Демпингке қарсы және өтемақы баждары

      1. Уағдаласушы Тараптар бір елдің тауарлары екінші елдің нарығына тауарлардың қалыпты құнынан төмен баға бойынша түсетінін білдіретін демпингті, егер ол Уағдаласушы Тараптың аумағында құрылған өнеркәсіпке материалдық залал келтірсе немесе залал келтіру қаупін төндірсе немесе отандық өнеркәсіп құруды материалдық жағынан тежейтін болса, талқылауға жатады деп таниды. Осы баптың мақсаттары үшін, егер бір елден екінші елге экспортталатын тауардың бағасы:
      (а) ұқсас тауар экспорттаушы елде тұтынуға арналған кезде, қалыпты сауда барысында оның бағасы салыстырмалы бағадан төмен болса, немесе,
      (b) мыналардан:
      (i) қалыпты сауда барысында кез келген үшінші елге экспорттауға арналған ұқсас тауардың ең жоғарғы салыстырмалы бағасынан, не
      (ii) ақылға қонымды мөлшерде сату шығыстары мен пайданы қоса отырып, шығарған елдегі тауардың өндірілу құнынан төмен мұндай ішкі баға болмаған кезде, тауар өзінің қалыпты құнынан төмен бағамен импорттаушы елдің нарығына түсті деп саналады.
      Екі жағдайда да сату жағдайларындағы айырмаларға, салық салудағы айырмаларға және ?*? бағаларын салыстыруға ықпал ететін басқа да айырмаларға қажетті түзету жасалады.
      2. Демпингті жою немесе оны болдырмау мақсатында Уағдаласушы Тарап демпингтің нысанасы болып табылатын тауардан осы тауар бойынша демпингтік маржадан аспайтын мөлшерде демпингке қарсы баж өндіріп алу мүмкін. Осы баптың мақсаттары үшін <*> 1-тармақтың ережелеріне сәйкес белгіленетін бағалардағы айырма демпингтік маржа деп түсініледі.
      3. Кез келген Уағдаласушы Тараптың аумағынан шыққан, басқа Уағдаласушы Тараптың аумағына әкелінген кез келген тауарға, белгілі бір тауарды тасымалдауға арналған кез келген арнайы субсидияны қоса алғанда, осындай тауарды шығаратын немесе әкететін елге оны дайындауға, өндіруге немесе экспорттауға тікелей немесе жанама түрде берілді деп айқындалған бағаланатын дотация немесе субсидия мөлшерінде ешқандай өтемақы бажы салынбайды. <*> қандай да бір тауарды дайындауға, өндіруге немесе экспорттауға тікелей немесе жанама түрде берілген кез келген дотация немесе субсидияның әсерін жою мақсатында өндіріп алынатын арнайы баж «өтемақы бажы» деп түсініледі.
      4. Кез келген Уағдаласушы Тараптың аумағынан шыққан, кез келген басқа Уағдаласушы Тараптың аумағына әкелінген ешқандай тауар осындай тауардың шығарылған немесе экспортталған елінде тұтынуға арналған ұқсас тауарларға салынатын баждардан немесе алымдардан босатылу себебі бойынша немесе осындай төленген баждардың немесе алымдардың қайтарылу себебі бойынша демпингке қарсы немесе өтемақы бажы салынуға жатпайды.
      5. Кез келген Уағдаласушы Тараптың аумағынан шыққан, кез келген басқа Уағдаласушы Тараптың аумағына әкелінген ешқандай тауар демпингттің немесе экспортты субсидиялаудың бірдей жағдайын жою үшін бірден демпингке қарсы және өтемақы баждары салынуға жатпайды.
      6. (а) Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы, егер Уағдаласушы Тарап демпингтің немесе субсидиялаудың әсері, тиісінше, қазіргі отандық өнеркәсіпке материалдық залал келтіретінін немесе залал келтіру қаупін төндіретінін немесе отандық өнеркәсіп құруды материалдық жағынан кешіктіретінін анықтамаса ғана, басқа Уағдаласушы Тараптың аумағынан шыққан қандай да бір тауарды әкелуге арналған демпингке қарсы немесе өтемақы бажын өндіріп алмайды.
      (b) УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР, осындай тауарды импорттаушы Уағдаласушы Тараптың аумағына экспорттайтын басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында өнеркәсіпке материалдық залал келтіретін немесе залал келтіру қаупін төндіретін демпингті немесе субсидиялауды өтеу мақсатында Уағдаласушы Тарапқа кез келген тауарды әкелуге арналған демпингке қарсы немесе өтемақы бажын өндіріп алуға рұқсат беру үшін осы тармақтың (а) тармақшасын сақтау міндеттемесінен босатуды белгілеу мүмкін. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР өздері тиісті тауарды <*> импорттаушы Уағдаласушы Тараптың аумағына экспорттайтын басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында субсидия өнеркәсіпке материалдық залал келтіретінін немесе залал келтіру қаупін төндіретінін анықтаған жағдайда, өтемақы бажын өндіріп алуға рұқсат беру үшін осы тармақтың (а) тармақшасын сақтау міндеттемесінен босатады.
      (с) Алайда, Уағдаласушы Тарап, түзетілуі қиынға соғатын кідірту залал келтіруі мүмкін айрықша жағдайларда, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ алдын ала келісімін алмай, осы тармақтың «b» тармақшасынды көзделген мақсаттар үшін өтемақы бажын өндіріп алу мүмкін; алайда, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осындай шара жөнінде дереу хабардар етілсе және өтемақы бажы, егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР оны мақұлдамаса, ұзаққа созылмай қайтарылған жағдайда.
      7. Экспорттық бағалар қозғалысына қарамастан, нәтижесінде кейбір жағдайда ішкі нарықта сатып алушылар үшін экспортқа арналған тауарды ұқсас тауардың тағайындалған салыстырмалы бағасынан төмен бағамен сату орын алатын шикізат тауарын ішкі өндірушілердің ішкі бағаларын немесе табыстарын тұрақтандыру жүйесі, егер осындай тауарға айтарлықтай қызығушылық білдіретін Уағдаласушы Тараптармен келіссөздер нәтижесінде:
      (а) мұндай жүйенің ішкі нарықтағы сатып алушылар үшін экспортқа арналған тауарды ұқсас тауардың тағайындалған салыстырмалы бағасынан жоғары бағамен сатуға қол жеткізгені, және
      (b) мұндай жүйе экспортты артық ынталандырмайды немесе басқа Уағдаласушы Тараптардың мүдделеріне өзгеше жолмен залал келтіреді, яғни осы жүйенің өндірістің тиімді реттелу салдарынан немесе өзгеше жолмен осылайша жұмыс істейтіні анықталатын болса, 6-тармақта түсіндірілгендей мағынада материалдық залал келтіруші ретінде қаралмайды.

VII БАП
Кедендік мақсаттар үшін тауарды бағалау

      1. Уағдаласушы Тараптар осы баптың төмендегі тармақтарында баяндалған жалпы бағалау қағидаттарының пәрменділігін мойындайды және  <*> баждарды немесе басқа да алымдарды салуға немесе құнына негізделген әкелу және әкету шектеулерін қолдануға жататын немесе құнына байланысты қандай да бір нысанда реттелетін барлық тауарларға қатысты осы қағидаттарды қолдануға міндеттенеді. Бұдан басқа, олар басқа Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша кедендік мақсаттар үшін құнға жатқызатын өзінің кез келген заңдарының немесе қағидаларының қолданысын осы қағидаттар аясында қарастырады. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы баптың ережелерін орындау үшін өздері қабылдайтын шаралар туралы есепті Уағдаласушы Тараптардан талап етуі мүмкін.
      2. (а) Кедендік мақсаттар үшін әкелінген тауарды бағалау баж салынатын әкелінген тауардың немесе ұқсас тауардың нақты құнына негізделуі тиіс және отандық шығарылған тауардың құнына немесе <*> еркін немесе жалған құнына негізделмеуі тиіс.
      (b) Толық бәсекелестік жағдайында қалыпты сауда барысында әкелу елдің заңнамасында айқындалған уақытта және орында осындай немесе ұқсас тауар сатылатын немесе сатуға ұсынылатын баға «нақты құн» деп түсініледі. Жекелеген мәміле бойынша осындай немесе ұқсас тауардың саны бағаға әсерін тигізетіндей дәрежеде қарауға жататын баға <*> әкелу және әкету елдері арасындағы сауда кезінде сатылатын тауардың үлкен көлеміне қарағанда, не (і) салыстырылатын сандарымен, не (іі) импорттаушы үшін қолайлығы кем емес сандарымен бірдей салыстырылуға тиіс.
      (с) нақты құн осы тармақтың (b) тармақшасына сәйкес айқындалуға мімкін емес жағдайда, кедендік мақсаттар үшін құн <*> осындай құнға белгіленетін жақын эквивалентіне негізделуі тиіс.
      3. Кез келген әкелінген тауардың кедендік мақсаттары үшін құн шығарылған немесе экспорт елінде қолданылатын, әкелген тауар босатылған немесе төленген соманы қайтару арқылы босатылған немесе босатылатын кез келген ішкі салық сомасын қамтымауы тиіс.
      4. (а) Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Уағдаласушы Тарапқа осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшін басқа елдің валютасымен көрсетілген бағаны өз валютасына айырбастау қажет болған жағдайда, қолдануға жататын валюта айырбастау бағамы, тиісінше әрбір валюта үшін, Халықаралық валюта қоры туралы келісімнің баптарында Жарғысында көзделген тәртіппен валюталардың тең бағамына не Қор таныған валюта бағамына не осы Келісімнің XV бабына сәйкес жасалған арнайы валюталық келісімге сәйкес белгіленген валюталардың тең бағамына негізделуге тиіс.
      (b) Валюталардың осындай белгіленген тең бағамы немесе осындай танылған валюта бағамы болмаған жағдайда, айырбастау бағамы коммерциялық операциялардағы осындай валютаның ағымдағы нақты құнын көрсетуге тиіс.
      (с) УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР Халықаралық валюта қорының келісімімен Халықаралық валюта қоры туралы келісімнің баптарына сәйкес көптеген валюталық бағамдар белгіленген кез келген шетелдік валютаны Уағдаласушы Тараптардың айырбастауын реттейтін қағидаларды тұжырымдайды. Кез келген Уағдаласушы Тарап тең бағамдарды қолданудың баламасы ретінде осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшін осындай шетелдік валюталарға қатысты осындай қағидаларды қолдана алады. Осындай қағидаларды УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР қабылдамағанша, кез келген Уағдаласушы Тарап коммерциялық операцияларда осындай шетелдік валюта құнын нақты көрсетуге бағытталған осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшін кез келген осындай шетелдік валютаға қатысты айырбастау қағидаларын қолдануы мүмкін.
      (d) Осы тармақта ешнәрсе, егер мұндай өзгерістің нәтижесі төленуге жататын баждар мөлшерінің жалпы мөлшерінің ұлғаюы болса, әрбір уағдаласушы тарапқа осы Келісімге қол қойылған күнге Уағдаласушы Тараптар аумағында қолданылатын кедендік мақсаттар үшін валюталарды айырбастау әдісін өзгерту талабы ретінде түсіндірілмейді.
      5. Кедендік баждар немесе басқа да алымдар салуға жататын тауарлар құнын айқындау негіздері мен әдістері немесе құнына негізделген немесе қандай да бір шамада құнға байланысты реттелетін шектеулер тұрақты болады және коммерсанттарға кеден мақсаттары үшін ақылға қонымды дәлдік дәрежесімен тауарлар құнын белгілеуге мүмкіндік беру үшін жеткілікті жариялылықпен беріледі.

VIII БАП
Әкелуге және әкетуге байланысты алымдар мен формальдылықтар*

      1. (а) Уағдаласушы Тараптар әкелуге немесе әкетуге белгілейтін немесе әкелуге немесе әкетуге байланысты кез келген сипаттағы барлық алымдар мен төлемдер (импорттық және экспорттық баждардан басқа және ІІІ бапта көрсетілген салықтардан басқа) өз шамасына қарай көрсетілген қызметтердің шамамен алынған құнымен шектеледі және отандық тауарлар үшін жанама қорғанышы немесе импорт пен экспортқа фискальды мақсатпен салық салу құралы болып табылмайды.
      (b) Уағдаласушы Тараптар (а) тармақшада айтылған алымдар мен төлемдердің саны мен алуан түрлілігін азайту қажеттігін мойындайды.
      (с) Уағдаласушы Тараптар импорттық және экспорттық формальдылықтардың көлемдері мен күрделілігін барынша азайту және <*> импорттық және экспорттық құжаттамасына қойылатын талаптарды қысқарту мен оңайлату қажеттігін де мойындайды.
      2. Басқа Уағдаласушы Тараптың немесе УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ талабы бойынша Уағдаласушы Тарап осы баптың ережелері аясында оның заңдары мен қағидаларының қолданысын қарастырады.
      3. Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы кедендік қағидаларды немесе рәсімдік талаптарды болмашы бұзғаны үшін ірі айыппұлдар салмайды. Атап айтқанда, кедендік құжаттамадағы тез түзетілетін және айқын алдау мақсатында жасалмаған және өрескел салғырттық болып табылмайтын қандай да бір жол берулер немесе қателер үшін салынатын айыппұл ескерту ғана болу үшін қажетті мөлшерден аспауға тиіс.
      4. Осы баптың ережелері мыналарға:
      (а) консулдық инвойстар мен сертификаттарды беру сияқты консулдық операцияларға;
      (b) сандық шектеулерге;
      (с) лицензиялауға;
      (d) валюталық бақылауға;
      (е) статистика бойынша көрсетілетін қызметтерге;
      (f) құжаттарға, құжаттамаларға және құжаттарды куәландыруға;
      (g) талдауға және инспекцияларға; және
      (h) карантинге, санитариялық қызметке және фумигацияға жататындарды қоса алғанда, әкелуге және әкетуге байланысты үкіметтік органдар белгілейтін алымдарға, төлемдерге, формальдылықтарға және талаптарға қолдалынады.

IX БАП
Шығарылған жері туралы белгілер

      1. Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тараптардың аумақтарынан шыққан тауарларға кез келген үшінші елдің ұқсас тауарларына ұсынылатын таңбалауға қойылатын талаптарға қатысты режимнен қолайлығы кем емес режимді ұсынады.
      2. Уағдаласушы Тараптар шығарылған жері туралы белгілерге қатысты заңдар мен қағидаларды қабылдау және оларды қолдану кезінде экспорттаушы елдердің саудасы мен өнеркәсібіне келтірілуі мүмкін қиындықтар мен қолайсыздықтар болмауы тиіс, бұл ретте тұтынушыларды жалған немесе жаңылысуға алып келетін нұсқаулардан қорғау қажеттігіне тиісінше назар аударылуы тиіс екенін мойындайды.
      3. Бұл әкімшілік тұрғыдан іс жүзінде мүмкін болған кезде, Уағдаласушы Тараптар әкелген кезде тауардың шығарылған жері туралы талап етілетін белгілер салуға рұқсат беруге тиіс.
      4. Импортталатын тауарларды таңбалауға қатысты Уағдаласушы Тараптардың заңдары мен қағидалары олардың орындалуы тауарлардың қатты бүлінуіне немесе олардың құндылығын айтарлықтай төмендетуге немесе олардың құнын орынсыз ұлғайтуға алып келмейтіндей болуға тиіс.
      5. Ортақ қағида сияқты, кез келген Уағдаласушы Тарап, егер таңбалауды түзету себепсіз кідіртілген болса немесе егер жалған таңбалаулар жасалмаған болса немесе талап етілетін таңбалау әдейі қойылмаған болса, әкелгенге дейін таңбалау туралы қағидаларды сақтамағаны үшін ешқандай арнайы баждар немесе айыппұлдар салмауға тиіс.
      6. Уағдаласушы Тараптар саудалық атауларды осы уағдаласушы тараптардың заңнамасымен қорғалатын, оның аумағынан шыққан тауарлардың айрықша өңірлік немесе географиялық атауларына залал келтіру үшін тауардың шынайы шыққан жері туралы жалған түсінік берілмей қолдану мақсатында бір-бірімен ынтымақтасады. Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы оған басқа Уағдаласушы Тарап хабарлаған тауарлардың атауларына қатысты алдында атап көрсетілген міндеттемені орындауға қатысты кез келген басқа Уағдаласушы Тараптың осыған ұқсас өтініштерін немесе ұсыныстарын мұқият әрі тілектестікпен қарайды.

X БАП
Сауда қағидаларын жариялау және қолдану

      1. Кедендік мақсаттар немесе баждардың, салықтардың немесе басқа да алымдардың мөлшерлемелерін немесе импорт немесе экспорт тыйымдарын, олар үшін немесе оларды сатуға, бөлуге, тасымалдауға, сақтандыруға, қоймаларда сақтауға, қарауға, байқап көруге, өңдеуге, араластыруға немесе өзгеше пайдалануға төлемдер аудару үшін тауарларды жіктеуге немесе бағалауға қатысты кез келген уағдаласушы тарап қолданатын заңдар, қағидалар, сот шешімдері мен жалпы қолданылатын әкімшілік өкімдер үкімет пен коммерсанттардың онымен танысуына мүмкіндік беретіндей етіп тез жарияланады. Үкіметтің немесе кез келген уағдаласушы тараптың үкіметтік мекемесінің және үкіметтің немесе кез келген басқа уағдаласушы тараптың үкіметтік мекемесінің арасындағы халықаралық сауда саясатын қорғайтын күшіндегі келісімдер де жарияланады. Осы тармақтың ережелері кез келген Уағдаласушы Тараптан заңның қолданылуын қиындататын немесе өзгеше түрде қоғамдық мүдделерге қайшы келетін немесе жекелеген кәсіпорындардың, мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне залал келтіретіндей құпия ақпаратты ашуды талап етпеуге тиіс.
      2. Уағдаласушы Тарап қолданатын және қалыптасқан және бірыңғай тәжірибе шеңберінде баждардың немесе басқа да импорттық алымдар мөлшерлемелерінің көтерілуіне алып келетін немесе импортқа немесе ол үшін төлемдер аударымдарына жаңа немесе барынша ауыртпалықты талаптарды, шектеулерді немесе тыйымдарды белгілейтін кез келген жалпы қолданыстағы шара осы шара ресми түрде жарияланғанға дейін қолданылмайды.
      3. (а) Әрбір Уағдаласушы Тарап осы баптың 1-тармағында көрсетілген сипаттағы барлық заңдарды, қағидаларды, шешімдер мен өкімдерді біркелкі, мүлтіксіз әрі ақылға қонымды түрде қолданады.
      (b) Әрбір Уағдаласушы Тарап мақсаттар үшін, атап айтқанда, кедендік мәселелерге қатысты әкімшілік іс-әрекеттерді тез арада қайта қарау және түзету үшін сот, төрелік немесе әкімшілік трибуналдары немесе рәсімдері болуға немесе оларды барынша тез құруға тиіс. Мұндай трибуналдар немесе рәсімдер әкімшілік іс-әрекеттерді жүзеге асыру жүктелген органдардан тәуелсіз болып табылады және олардың шешімдерін осындай органдар орындаулары тиіс және олар, егер сотқа немесе импорттаушылар шағым беру үшін белгіленген кезең ішінде жоғары тұрған инстанциясыдағы сотқа немесе трибуналға апелляциялық шағым түспегенде ғана, өз практикасында осы шешімдерді басшылыққа алады; осындай органның орталық басшылығы, егер осы шешім заңда белгіленген қағидаттармен немесе нақты фактілермен сәйкес келмейді деп санауға жеткілікті тұжырымдар болса, осы мәселені басқа іс жүргізу тәртібімен қайта қарау үшін шаралар қабылдауы мүмкін.
      (с) Осы тармақтың «b» тармақшасының ережелері осы Келісімге қол қойылған күнге Уағдаласушы Тараптың аумағында күшінде болған рәсімдердің, егер мұндай рәсімдер осы әкімшілік іс-әрекеттерді жүзеге асыру жүктелген органдарға толық немесе формалды түрде тәуелсіз болмаса да, іс жүзінде әкімшілік іс-әрекеттердің объективті және мүлтіксіз қайта қаралуын қамтамасыз ететін осы рәсімдердің алып тасталуын немесе ауыстырылуын талап етпейді. Мұндай рәсім түрін қолданып жүрген кез келген Уағдаласушы Тарап өтінішті алғаннан кейін, мұндай рәсімдердің осы тармақтың талаптарына сәйкес келетіндігін анықтауы үшін мұндай рәсімдер туралы толық ақпаратты уағдаласушы тараптарға ұсынады.

XI БАП*
Сандық шектеулерді жалпы жою

      1. Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы басқа Уағдаласушы Тараптың аумағынан кез келген тауарды әкелуге немесе басқа Уағдаласушы Тараптың аумағына арналған кез келген тауарды экспорттау үшін әкетуге немесе сатуға, квоталар, импорттық немесе экспорттық лицензиялар немесе кедендік баждар, салықтар немесе басқа алымдар сияқты, өзге де шаралар түрінде болмасын, ешқандай тыйым салуларды немесе шектеулерді белгілемейді немесе оларды сақтамайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері мыналарға:
      (а) экспорттаушы Уағдаласушы Тарап үшін айтарлықтай маңызы бар азық-түліктік және басқа да тауарлардың мүлдем жетіспеушілігінің салдарын болдырмау немесе бәсеңдету үшін уақытша қолданылатын экспортқа тыйым салуларға немесе шектеулерге;
      (b) халықаралық саудада шикізат тауарларын сыныптау, сұрыптау немесе өткізу стандарттарын немесе қағидаларын қолдануға байланысты қажетті импорт пен экспортқа тыйым салуларға немесе шектеулерге;
      (с) мынадай:
      (i) егер отандық шығарылатын ұқсас тауардың айтарлықтай өндірісі болмаса, онда импорттық тауармен тікелей алмастырылуы мүмкін осындай отандық тауарды өткізуге немесе өндіруге рұқсат берілетін ұқсас отандық тауардың санын шектеу; немесе
      (ii) егер отандық шығарылатын ұқсас тауардың айтарлықтай өндірісі болмаса, онда импорттық тауармен тікелей алмастырылуы мүмкін осындай артық тауары бар отандық тұтынушылардың кейбір топтарына тегін немесе ағымдағы нарық бағасынан төмен бағамен беру арқылы нарықтан ұқсас отандық тауардың уақытша артылуын алып тастау; немесе
      (iii) егер осы тауардың отандық өндірісі болмашы ғана болса, өндірілуі тікелей, толықтай немесе негізгі бөлігі импортталатын тауарға байланысты болатын мал өнімінен алынатын кез келген өнімнің өндіруге рұқсат етілетін санын шектеу мақсаты болып табылатын үкіметтік іс-шараларды жүзеге асыру үшін қажетті кез келген түрде әкелінетін кез келген ауыл шаруашылығы тауарын немесе <*> балық шаруашылығы өнімдерін импорттауды шектеулерге қолданылмайды.
      Осы тармақтың (с) тармақшасына орай кез келген тауарды импорттауға арналған шектеулерді қолданатын кез келген Уағдаласушы Тарап жалпыға ортақ хабарлау үшін болашақта белгілі бір кезең ішінде импортқа рұқсат етілген тауардың жалпы санын немесе құнын және осындай санның немесе құнның кез келген өзгерістерін жариялайды. Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген (i) тармақшасына сәйкес қолданылатын кез келген шектеулер, шектеулер болмаған жағдайда осы екі шаманың арасындағы күтуге болатындай арақатынаспен салыстырғанда, отандық өндірістің жалпы көлеміне қатысты импорттың жалпы көлемін азайтпайды. Осы арақатынасты айқындаған кезде Уағдаласушы Тарап алдыңғы көрсету кезеңінде басым болған арақатынасқа, сондай-ақ тиісті тауардың саудасына ықпал етуі мүмкін немесе ықпал ететін <*> кез келген ерекше факторларға тиісті назар аударады.

XII БАП*
Төлемдік теңгерімді қамтамасыз ету мақсатындағы шектеулер

      1. XI баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, кез келген Уағдаласушы Тарап өзінің сыртқы қаржылық жағдайын және төлемдік теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында осы баптың төмендегі тармақтарының ережелерін сақтаған жағдайда, импорттауға рұқсат етілетін тауардың санын немесе құнын шектеуі мүмкін.
      2. (а) Осы бапқа сәйкес Уағдаласушы Тарап белгілейтін, сақтайтын немесе күшейтетін импорттық шектеулер, мыналар үшін:
      (i) оның валюталық резервтеріне нақты төніп отырған қысқару қаупін тоқтату немесе осындай қысқартуды тоқтата тұру үшін, немесе
      (ii) валюталық резерві өте аз Уағдаласушы Тарап болған кезде, оның резервтерінің ақылға қонымды түрде ұлғаюына қол жеткізу үшін талап етілгенге қарағанда, неғұрлым маңызды болмауы тиіс.
      Екі жағдайда да осындай Уағдаласушы Тараптың, оның арнайы шетелдік кредиттерді немесе басқа да ресурстарды пайдалану мүмкіндігіне, осындай кредиттер немесе ресурстарды тиісінше пайдалануды көздеу қажеттігіне ие болатын жағдайларын қоса алғанда, резервтерінің жағдайына немесе оның резервтерге деген қажеттілігіне ықпал етуі мүмкін кез келген ерекше факторларға тиісті назар аудару керек.
      (b) Осы тармақтың «а» тармақшасына сәйкес шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тараптар осы тармақшада санамаланған шарттар олардың қолданылуын әлі де ақтайтын дәрежеде ғана шектеулерді сақтай отырып, жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп бәсеңдет. Уағдаласушы Тараптар, осы тармақшаға сәйкес шарттар шектеулердің енгізілуін немесе сақталуын енді ақтамайтын жағдайда, шектеулерді жояды.
      3. (а) Уағдаласушы Тараптар өзінің ішкі саясатын жүргізген кезде өздерінің төлемдік теңгеріміндегі тепе-теңдікті салауатты және мықты негізде сақтау немесе қалпына келтіру қажеттігіне және өндірістік ресурстардың экономикадан тыс пайдаланылмауын болдырмау қажеттілігіне тиісті көңіл бөлуге міндеттенеді. Олар, осы мақсаттарға қол жеткізу үшін, мүмкіндігінше, халықаралық сауданы қысқартпай, керісінше кеңейтетін шаралар қабылдау қажеттілігін мойындайды.
      (b) Осы бапқа сәйкес шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тараптар әртүрлі тауарлардың немесе тауарлар тобының импортына қатысты шектеулер тиімділігін неғұрлым маңызды болып табылатын осындай тауарларды әкелу үшін басымдық беретіндей етіп белгілеуі мүмкін.
      (с) Осы бапқа сәйкес шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тараптар:
      (i) <*> кез келген басқа Уағдаласушы Тараптың коммерциялық немесе экономикалық мүдделеріне керексіз залал келтірілуін болдырмауға;
      (ii) шектеулерді, кез келген сипаттағы тауарларды әкелуге алып тасталуы қалыпты тауар сауда арналарын бұзатын ең аз коммерциялық мөлшерде, ақылға қонымсыз негіздемелерсіз кедергі келтіретіндей етіп қолданбауға; және
      (iii) коммерциялық үлгілерді әкелуге кедергі келтіретін немесе патенттер, тауарлық белгілер, авторлық құқық немесе ұқсас рәсімдер туралы ережелерді сақтауға кедергі келтіретін шектеулерді қолданбауға міндеттенеді.
      (d) Уағдаласушы Тараптар толық әрі өнімді жұмыспен қамтуға қол жеткізуге және оны сақтап қалуға немесе экономикалық ресурстарды дамытуға бағытталған ішкі саясат нәтижесінде Уағдаласушы Тараптың осы баптың 2 «а» тармағында айтылған осындай сипаттағы оның валюталық резервтеріне төнетін қауіпті қамтитын импортқа жоғары сұранысқа тап келуі мүмкін екенін мойындайды. Тиісінше, өзге қатынастарда осы баптың ережелерін сақтайтын Уағдаласушы Тараптан осы саясаттың өзгерістері осы бапқа сәйкес қолданылатын шектеулерді артық етеді деген негізбен шектеулерді жоюы немесе өзгертуі талап ілмейді.
      4. (а) Жаңа шектеулерді қолданатын немесе осы бапқа сәйкес қолданылатын шараларды айтарлықтай күшейту арқылы қолданыстағы шектеулердің жалпы деңгейін көтеретін кез келген Уағдаласушы Тарап осындай шектеулер белгіленгеннен немесе күшейтілгеннен кейін (немесе іс жүзінде алдын ала консультация жүргізу жүзеге асырылатын болып табылған жағдайларда, оған дейін) Уағдаласушы Тараптармен оның төлемдік теңгеріміндегі қиындықтарына, жағдайды түзету бойынша басқа да ықтимал шараларға қатысты, сондай-ақ шектеулердің басқа УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ экономикасына мүмкін болатын ықпал етуіне қатысты дереу консультациялар өткізуге тиіс.
      (b) УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР <*> олар белгілеуген күні осы бапқа сәйкес осы күнге әлі де қолданылып жүрген барлық шектеулерді қайта қарайды. Осы күннен кейін бір жыл өткен соң осы бапқа сәйкес импорттық шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тараптар жыл сайын Уағдаласушы Тараптармен осы тармақтың «а» тармақшысыда көзделген сипатта консультациялар өткізеді.
      (с) (i) Егер «а» немесе «b» тармақшаларға сәйкес УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАППЕН консультациялар барысында Уағдаласушы Тараптар шектеулердің осы баптың немесе ХІІІ баптың (XIV баптың ережелері сақталған жағдайда) ережелеріне сәйкес келмейтінін анықтаса, олар сәйкессіздіктің нысанасын көрсетеді және шектеулерді ынғайлы түрде өзгертуді ұсынуы мүмкін.
      (ii) Алайда, егер, консультациялар нәтижесінде УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР шектеулердің осы баптың немесе ХІІІ баптың (ХIV баптың ережелері сақталған жағдайда) ережелеріне нақты сәйкессіздігіне алып келетіндей етіп қолданылатынын және осының нәтижесінде кез келген Уағдаласушы Тараптың саудасына залал келетінін немесе залал қаупі төндіретінің анықтаса, олар шектеуді қолданатын Уағдаласушы Тарапқа бұл жөнінде хабарлайды және белгілі бір уақыт ішінде осындай ережелермен сәйкестікті қамтамасыз ету үшін тиісті ұсынымдар жасайды. Егер мұндай УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАП белгіленген мерзім ішінде осы ұсынымдарды орындамаса, шектеулер Уағдаласушы Тараптар саудасына теріс әсер ететін кез келген Уағдаласушы Тарапты осы жағдайларға сай келеді деп танитын шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарапқа қатысты осы Келісім бойынша осындай міндеттемелерден босатады.
      (d) УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы бапқа сәйкес шектеулерді қолданатын кез келген Уағдаласушы Тарапты шектеулердің осы баптың ережелерімен немесе XIII баптың ережелерімен (XIV баптың ережелері сақталған жағдайда) сәйкес келмейтіндігін және олар оның саудасына теріс көрініс табатынын <*> «prima facie case» дәлелдемелерді ұсына алатың кез келген Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша консультациялар жүргізуге шақырады. Алайда, шақырудың мұндай түрі, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мүдделі Уағдаласушы Тараптардың арасындағы тікелей келіссөздер ойдағыдай болмағанына көз жеткізбейінше, жіберілмейді. <*> Егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРМЕН консультациялар нәтижесінде ешқандай уағдаластыққа қол жеткізілмесе және олар шектеулердің жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзумен қолданылатынын және мәселені көтерген Уағдаласушы Тараптың саудасына залал келтіретінін немесе залал келтіру қаупін тудыратынын анықтаса, олар шектеулерді жоюды немесе өзгертуді ұсынады. Егер шектеулер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР ұйғарған мерзім ішінде жойылмаса немесе өзгертілмесе, олар рәсімді көтерген Уағдаласушы Тарапты осы жағдайларға сай келеді деп танитын шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарапқа қатысты осы Келісім бойынша осындай міндеттемелерден босата алады.
      (е) Осы тармаққа сәйкес рәсім барысында УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР <*> шектеулерін қолданатын Уағдаласушы Тараптың экспорттық саудасында теріс көрініс табатын кез келген ерекше сыртқы факторларға тиісті назар аударады.
      (f) Шешімдер осы тармаққа сәйкес тез арада және мүмкіндігінше, консультациялар басталған кезден бастап алпыс күн ішінде қабылдануға тиіс.
      5. Егер халықаралық сауданы шектейтін тепе-теңіктің жалпы бұзұлуының бар екенін көрсететін, осы бапқа сәйкес импорттық шектеулердің жүйелі және кең таралған қолданылуы орын алған болса, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР не төлемдік теңгерімдері қиын жағдайда тұрған Уағдаласушы Тараптардың не төлемдік теңгерімдері қолайлы дамып тұрған Уағдаласушы Тараптардың не кез келген тиісті үкіметаралық ұйымның тепе-теңдікке негіз салған себептерін жою үшін басқа да шаралар қолдануы мүмкін бе деген мәселені талқылауды бастайды. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ шақыруы бойынша Уағдаласушы Тараптар осындай талқылауларға қатысады.

XIII БАП*
Сандық шектеулерді кемсітушіліксіз қолдану

      1. Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы, егер барлық үшінші елдерден ұқсас тауар әкелуіне немесе барлық үшінші елдерге ұқсас тауар әкетуіне осыған ұқсас түрде тыйым салынбаса немесе шектелмесе, кез келген басқа Уағдаласушы Тараптың аумағынан кез келген тауар әкелуіне немесе кез келген басқа Уағдаласушы Тараптың аумағына арналған кез келген тауар әкетуіне ешқандай тыйым салуларды немесе шектеулерді қолданбайды.
      2. Уағдаласушы Тараптар кез келген тауарға импорттық шектеулерді қолданған кезде, осындай тауар саудасын, мұндай шектеулер болмаған кезде, әртүрлі уағдаласушы елдер оны күтетіндей, өз саудасына қатысу үлесін мүмкіндігінше дәлірек көрсететіндей етіп бөлуге ұмтылады және бұл мақсат үшін мынадай ережелер сақтайды:
      (а) Рұқсат етілген импорттың орынды деп саналатын жерлердегі жалпы санын білдіретін квоталар (олардың өнім беруші елдердің арасында бөлінетініне немесе бөлінбейтініне қарамастан) тіркеледі және осы баптың 3 «b» тармағына сәйкес олардың мөлшері туралы хабарлама жіберіледі;
      (b) Квоталар белгілеу орынды болып табылмайтын жағдайларда шектеулер импорттық лицензиялар немесе квотасыз рұқсаттамалар арқылы қолданылуы мүмкін;
      (с) Уағдаласушы Тараптар, осы тармақтың «d» тармақшасына сәйкес бөлінген квоталарды пайдалану мақсаттарынан басқа, импорттық лицензиялардың немесе рұқсаттамалардың осы тауарды қандай да бір белгілі елден немесе қайнар көзден әкелу үшін пайдаланылуын талап етпейді;
      (d) Квота өнім беруші елдер арасында бөлінген жағдайларда, шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарап квотадағы үлестерді бөлуге қатысты осы тауарды жеткізуге айтарлықтай мүдделі барлық басқа да Уағдаласушы Тараптармен келісімге қол жеткізуі мүмкін. Бұл әдіс ақылға қонымды орынды болып табылмаған жағдайда, тиісті Уағдаласушы Тарап алдыңғы репрезентативтік уақыты кезеңінің ішінде осындай Уағдаласушы Тараптардың осы тауарды жеткізу арақатынастарына негізделген осы тауар импорты құнының немесе барлық санының үлесін осы тауарды жеткізуге айтарлықтай мүдделі Уағдаласушы Тараптарға бөледі, бұл ретте одан әрі осы тауар саудасына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін кез келген ерекше факторлар назарға алынады. Кез келген Уағдаласушы Тарапқа бөлінген жеткізілімдердің кез келген осындай жалпы санының немесе құнының үлесін толығымен пайдалануға кедергі келтіретін ешбір талаптар немесе формальдылықтар, әкелу <*> квотасы тиесілі алдын ала ұйғарылған уақыт кезеңінде орын алған жағдайда, белгіленбейді.
      3. (а) Импорттық шектеулерге байланысты импорттық лицензиялар берілген жағдайда, шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарап көрсетілген тауар саудасына мүдделі кез келген Уағдаласушы Тараптың талабы бойынша шектеулерді, соңғы уақытта берілген импорттық лицензияларды қолдану тәртібіне қатысты және осындай лицензияларды өнім беруші елдер арасында бөлу туралы қолда бар барлық ақпаратты ұсынады; импорттайтын немесе жеткізетін кәсіпорындардың атауларына қатысты ақпарат ұсыну міндеттемесі болмаған жағдайда.
      (b) Квоталар тіркеуді қамтитын импортты шектелген жағдайда, шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарап болашақта белгілі бір уақыт ішінде әкелінуіне рұқсат берілетін тауардың немесе тауарлардың жалпы санын немесе құнын және осындай санының немесе құнының кез келген өзгеруі туралы жариялы түрде хабарлама жасалады. Жариялы түрде хабарлама жасалған кезде жолда болған осы тауардың жеткізілімі әкелінуіне шектелмейді; нақты жүзеге асырылатын болғандықтан, олардың осы уақыт кезеңінде әкелінуге рұқсат етілген санның есебіне, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, тікелей келесі уақыт кезеңіне немесе кезеңдеріне әкелінуге рұқсат етілген санның есебіне жазылуы мүмкін болатын жағдайда; және одан әрі, егер кез келген Уағдаласушы Тарап әдетте тұтыну үшін келіп түскен немесе осындай жариялы түрде хабарлама жасалған күннен бастап отыз күн ішінде тұтыну үшін кедендік қоймалардан алынған тауарларды осындай шектеулерден босататын жағдайда, мұндай практика осы тармақшаға толығымен сәйкес келетін практика ретінде қаралады.
      (с) Өнім беруші елдер арасында бөлінген квоталар жағдайында, шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарап осы тауарды жеткізуге мүдделі барлық басқа да Уағдаласушы Тараптарды әртүрлі жеткізуші елдер арасында үлестерге бөлінген квоталарды сандық мәнінде немесе құнына қарай олардың шамасы туралы дереу хабарлайды, сондай-ақ бұл туралы жариялы түрде хабарлама жасайды.
      4. Осы баптың 2 «d» тармағына сәйкес немесе XI баптың 2 «с» тармағына сәйкес қолданылатын шектеулерге қатысты қандай да бір тауар үшін репрезентативтік кезеңін таңдау және осы тауар саудасына ықпал ететін қандай да бір ерекше факторларды бағалау бастапқыда шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарап жүргізеді; осындай Уағдаласушы Тарап осы тауарды жеткізуге айтарлықтай мүдделі кез келген басқа Уағдаласушы Тараптың өтінішін алғаннан кейін немесе УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ өтініші бойынша басқа Уағдаласушы Тараппен немесе УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРМЕН белгіленген пропорцияларды немесе таңдалған базалық уақытының кезеңін өзгерту немесе тартылған ерекше факторларды қайта бағалау немесе жеткілікті квоталарды бөлуге немесе оларды шексіз пайдалануға қатысты бір жақты тәртіппен белгіленген талаптарды, формальдылықтарды немесе кез келген басқа да ережелерді жою қажеттігіне қатысты тез арада консультациялар өткізеді.
      5. Осы баптың ережелері кез келген Уағдаласушы Тарап белгілеген немесе сақтаған кез келген тарифтік квотаға қолданылады және осы баптың қағидаттары экспорттық шектеулерге де барынша қолданылады.

XIV БАП*
Кемсітпеу қағидаларының ескертулері

      1. XII бапқа немесе XVIII баптың В бөліміне сәйкес шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарап осындай шектеулерді қолданған кезде осы уақытта Халықаралық валюталық қор туралы келісім баптарының VIII немесе XIV баптарына немесе <*> XV баптың 6-тармағына сәйкес жасалған арнайы валюталық келісімнің ұқсас ережелеріне сәйкес осы Уағдаласушы Тарап қолдануы мүмкін ағымдағы халықаралық мәмілелер бойынша төлемдер мен аударымдарға арналған шектеулерге тең әсер ететін тәсілмен XIII баптың ережелерінен бас тарта алады.
      2. XII бапқа немесе XVIII баптың В бөліміне сәйкес импорттық шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарап Уағдаласатын Тараптың немесе мүдделі Уағдаласушы Тараптардың пайдасы <*> басқа Уағдаласушы Тараптарының саудасына келтірілуі мүмкін залалдан айтарлықтай асып түскен жағдайларда, оның сыртқы саудасының шағын бөлігіне қатысты XIII баптың ережелерінен осы УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ келісімімен уақытша бас тарта алады.
      3. XIII баптың ережелері Халықаралық валюта қорында ортақ квотасы бар аумақтар тобына, басқа елдерден келетін импортқа қатысты, бірақ бір-біріне емес, XII баптың ережелеріне немесе XVIII баптың В бөліміне сәйкес шектеулерді, осындай шектеулер басқа барлық жағынан XIII баптың ережелеріне сәйкес келген жағдайда, қолдануға кедергі келтірмейді.
      4. Осы Келісімнің XI - XV баптары немесе XVIII баптың В бөлімі XII бапқа немесе XVIII баптың В бөліміне сәйкес импорттық шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарапқа, ол XIII баптың ережелерінен ауытқымай пайдалана алатын, өзінің валюталық түсімдерін арттыратындай тәсілмен өз экспортын реттеу шараларын қабылдауына кедергі келтірмейді.
      5. Осы Келісімнің XI бабынан бастап XV бабын қоса алғанда немесе XVIII баптың В бөлімі Уағдаласушы Тарапқа:
      (а) Халықаралық валюта қоры туралы келісім баптарының VII бабының 3 «b» бөліміне сәйкес рұқсат етілген валюта айырбасының шектеулерімен тиімділігі тең, не
      (b) осы Келісімге А қосымшада көзделген преференциялық келісімдерге сәйкес, келісімдерде көрсетілген келіссөздер жүргізілгенге дейін сандық шектеулерді қолдануға кедергі келтірмейді.

XV БАП
Валютаға қатысты уағдаластық

      1. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР Халықаралық валюта қорымен, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мен Қор Қордың құқықтық юрисдикциясы шегіндегі валюталық мәселелерге және УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР юрисдикциясы шегінде сандық шектеулер мен басқа да сауда іс-шараларының мәселелеріне қатысты үйлестірілген саясат жүргізе алуы үшін ынтымақтастық жасауға ұмтылатын болады.
      2. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР валюталық резервтерге, төлемдік теңгерімдерге қатысты немесе шетелдік валютаға қатысты уағдаластыққа қатысы бар мәселелерді қарауға немесе олармен жұмыс істеуге тартылған барлық жағдайларда, Уағдаласушы Тараптар толық көлемде да Халықаралық валюта қорынан консультациялар өткізеді. Мұндай консультациялар кезінде УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР статистикалық сипаттағы барлық деректерді және Қордың шетелдік валютаға, валюталық резервтер мен төлемдік теңгерімдерге қатысты ұсынған басқа да фактілерін қабылдайды және Уағдаласушы Тараптың валюталық мәселелер бойынша іс-қимылының Халықаралық валюта қоры туралы келісімнің баптарына немесе осы Уағдаласушы Тарап пен УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР арасында жасалған арнайы валюталық келісімнің шарттарына сәйкес келуіне қатысты Қордың анықтамасын қабылдайды. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР XII баптың 2 «а» тармағында немесе XVIII баптың 9-тармағында көрсетілген өлшемшарттар жазылған критерийлер қолданылатын жағдайларда түпкілікті шешімге қол жеткізген жағдайда, Уағдаласушы Тараптың валюталық резервтерінің айтарлықтай азаюы, оның валюталық резервтердің өте төмен деңгейі немесе Уағдаласушы Тараптың валюталық резервтерінің ойдағыдай қарқынды өсімі нені білдіретініне қатысты, сондай-ақ мұндай жағдайларда консультация өткізілетін басқа да мәселелердің қаржылық аспектілеріне қатысты Қордың анықтамасын қабылдайды.
      3. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы баптың 2-тармағында көзделген консультациялар рәсімдеріне қатысты Қормен келісім жасасуға ұмтылады.
      4. Уағдаласушы Тараптар валюталық іс-шаралар арқылы осы Келісім ережелерінің <*> немесе сауда іс-шаралары арқылы Халықаралық валюта қоры туралы келісімнің баптары ережелерінің мақсаттарын бұзбауға тиіс.
      5. Егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР кез келген уақытта импортқа байланысты мен төлемдерге және аударымдарға валюталық шектеулерді Уағдаласушы Тарап осы Келісімде көзделген сандық шектеулерге қатысты қағидаға бағынбайтын ережемен сәйкес келмейтін тәртіппен қолданады деп таныса, онда олар бұл туралы Қорға хабарлайды.
      6. Қордың мүшесі болып табылмайтын кез келген Уағдаласушы Тарап УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ айқындауына жататын мерзім ішінде Қормен консультация өткізгеннен кейін Қор мүшесі болады немесе егер ол мүше бола алмаса, он Уағдаласушы Тараптармен арнайы валюталық келісім жасасады. Қор мүшесі болуын тоқтатқан Уағдаласушы Тарап УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРМЕН дереу арнайы валюталық келісім жасасуға тиіс. Осы параграфқа орай Уағдаласушы Тараппен жасалған кез келген арнайы валюталық келісім осыдан кейін осы Келісім бойынша оның міндеттемелерінің бір бөлігіне айналады.
      7. (а) Уағдаласушы Тарап пен УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР арасында жасалған арнайы валюталық келісім осы баптың 6-тармағына сәйкес осы Келісімнің мақсаттары осы Уағдаласушы Тарап жүргізген валюталық іс-шараның нәтижесінде жоққа шықпауы үшін Уағдаласушы Тараптардың мүдделерін қамтамасыз етеді.
      (b) Осындай кез келген келісімнің шарттары Уағдаласушы Тарапқа, әдетте, Қор мүшелеріне Халықаралық валюта қоры туралы келісімнің баптары жүктейтін міндеттемелерге қарағанда, аса шектеулі болатын валюталық мәселелер бойынша міндеттемелер жүктемейді.
      8. Қор мүшесі болып табылмайтын Уағдаласушы Тарап Халықаралық валюталық қор туралы келісім баптарының VIII бабы
5-бөлімінің жалпы көлемі шегінде УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы Келісім бойынша өз функцияларын орындау мақсатында талап етуі мүмкін ақпаратты ұсынады.
      9. Осы Келісімде ешнәрсе мыналарға:
      (а) Халықаралық валюталық қор туралы келісімнің баптарына сәйкес немесе осы Уағдаласушы Тараптың УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРМЕН арнайы валюталық келісімдері бойынша Уағдаласушы Тараптың валюталық бақылауды немесе валюталық шектеулерді қолдануына; немесе
      (b) Уағдаласушы Тараптың, XI, XII, XIII және XIV баптармен рұқсат етілген нәтижелерге қосымша, бірден-бір нәтижесі осындай валюталық бақылауды немесе валюталық шектеулерді тиімді жүргізу болып табылатын импортқа немесе экспортқа шектеулерді немесе бақылауды қолдануына кедергі келтірмейді.

XVI БАП*
Субсидиялар А бөлімі - Субсидиялар туралы жалпы ережелер

      1. Егер кез келген Уағдаласушы Тарап оның аумағынан қандай да бір тауардың экспортын ұлғайту немесе оның аумағына қандай да бір тауардың импортын азайту тікелей немесе жанама нәтижесі болып табылатын табысты немесе бағаны қолдаудың кез келген түрін қоса алғанда, қандай да бір субсидия ұсынса немесе сақтаса, ол УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА субсидиялау көлемі мен сипаты туралы, субсидиялаудың оның аумағына импортталатын немесе оның аумағынан экспортталатын субсидиялау қозғайтын тауардың немесе тауарлардың санына бағаланатын ықпалы туралы, субсидиялауды қажет ететін мән-жайлар туралы жазбаша түрде хабарланды. Кез келген мұндай субсидиялау кез келген басқа Уағдаласушы Тараптың мүдделеріне айтарлықтай залал келтіреді немесе келтіру қаупін төндіреді деп танылған барлық жағдайларда, субсидия беретін Уағдаласушы Тарап талапты алғаннан кейін басқа мүдделі Уағдаласушы Тараппен немесе мүдделі тараптармен немесе УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРМЕН субсидиялаудың шектелу мүмкіндігін талқыланды.

В бөлімі - Экспорттық субсидиялар туралы қосымша ережелер*

      2. Уағдаласушы Тараптар Уағдаласушы Тараптың қандай да бір тауардың экспортына арналған субсидияларды беруі басқа да мүдделі Уағдаласушы Тараптарға, импорттаушыларға, сол сияқты экспорттаушыларға да залал келтіруі мүмкін, олардың қалыпты коммерциялық мүддесінің керексіз бұзылуын тудыруы мүмкін және осы Келісімнің мақсаттарына жетуді қиындатуы мүмкін екендігін мойындайды.
      3. Тиісінше, Уағдаласушы Тараптар шикізат тауарларының экспортына арналған субсидияларды қолданбауға тырысады. Алайда егер, Уағдаласушы Тарап нәтижесінде оның аумағынан қандай да бір шикізат тауарының экспорты ұлғаятын қандай да бір түрде тікелей немесе жанама субсидия берсе, онда мұндай субсидияны, нәтижесінде Уағдаласушы Тарап алдыңғы көрсетілу кезеңінде Уағдаласушы Тараптардың осындай тауар саудасындағы үлесін, сондай-ақ <*> осы тауарының саудасына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін кез келген ерекше факторларды назарға ала отырып, әділдікпен өзіне тиесілі орынға қарағанда, осы тауардың әлемдік экспортында неғұрлым маңызды орын алатындай етіп қолданбанды.
      4. Бұған қоса, 1958 жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе бұл мерзімнен кейінгі ең ерте ықтимал күннен бастап Уағдаласушы Тараптар, егер мұндай субсидиялау нәтижесінде осындай тауар ішкі нарықтағы сатып алушылар үшін ұқсас тауарға белгіленетін салыстырмалы бағаға қарағанда, неғұрлым төмен бағамен экспортқа сатылатын болса, шикізат тауарларын қоспағанда, кез келген тауардың экспорты үшін кез келген түрде тікелей немесе жанама субсидиялар беруді тоқтатады. 1957 жылдың 31 желтоқсанына дейін бірде-бір Уағдаласушы Тарап жаңа субсидиялар енгізу немесе <*> осы уақытты бар ұлғайту арқылы 1955 жылдың 1 қаңтарындағы көлеммен салыстырғанда, осындай субсидиялаудың көлемін кеңейтпейді.
      5. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР баптың нақты тәжірибе аясында, осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізу ісінде және Уағдаласушы Тараптардың саудасына немесе мүдделеріне айтарлықтай залал келтіретін субсидиялау практикасына жол бермеу үшін тиімділігін тексеру мақсатында осы бап ережелерінің қолданылуын мезгіл-мезгіл қарастырады.

XVII БАП
Мемлекеттік сауда кәсіпорындары

1<*>. (а) Әрбір Уағдаласушы Тарап, егер ол мемлекеттік мекеме құрса немесе мекеме қай жерде орналасса да, оның жұмыс істеп тұруын қолдаса немесе қандай да бір кәсіпорынға формалды түрде немесе іс жүзінде <*> айрықша немесе арнайы артықшылықтар берсе, онда мұндай кәсіпорын импортпен немесе экспортпен байланысты өзінің сатып алу мен сату операцияларында жекеше коммерсанттар жүзеге асыратын импортты немесе экспортты қозғайтын үкіметтік іс-шаралар үшін осы Келісімде ұсынылған кемсітушіліксіз режимінің жалпы қағидаттарына сай келетін тұрғыдан әрекет ететіндігі жөнінде өзіне міндеттеме алады.
      (b) Осы тармақтың «а» тармақшасының ережелері, мұндай кәсіпорындар, осы Келісімнің басқа да ережелерін тиісінше назарға ала отырып, кез келген осындай сатып алу немесе сату операцияларын тауардың бағасын, сапасын, тауарды алу мүмкіндігін, оның өткізілетінін, тасымалдау талаптарын және сатудың немесе сатып алудың басқа да талаптарын қоса алғанда, <*> коммерциялық пайымдауларды ғана басшылыққа ала отырып жасау тиіс және аталған мемлекеттік кәсіпорындар басқа Уағдаласушы Тараптардың кәсіпорындарына қарапайым іскерлік практикаға сәйкес осындай сатып алуларға немесе сатуларға қатысу мақсатында жеткілікті бәсекелесу мүмкіндігін ұсыну тиіс деген талап ретінде түсініледі.
      (с) Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы өз юрисдикциясына жататын кез келген кәсіпорынның (осы тармақтың «а» тармақшасында көрсетілген кәсіпорын болып табылатындығына немесе табылмайтындығына қарамастан) осы тармақтың «а» және «b» тармақшаларының қағидаттарына сәйкес әрекет етуіне кедергі келтірмейді.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері үкімет тағайындаған дереу немесе кейіннен тұтыну үшін сатып алынған тауарларды қайта сату үшін емес немесе сатуға арналған <*> тауарлар өндірісі үшін пайдалану мақсатында емес, осы тауарлардың импортына қолданылмайды. Мұндай импортқа қатысты әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптар саудасына әділ және тең құқықты режим ұсынады.
      3. Уағдаласушы Тараптар осы баптың 1 «а» тармағында көрсетілген түрдегі кәсіпорындар өз операцияларын саудаға орасан зор кедергі келтіретіндей етіп жүргізе алатынын мойындайды; сондықтан халықаралық сауданы кеңейту үшін <*> осындай кедергілерін шектеу немесе азайту мақсатында өзара түсіністік және екі тарапқа да пайдалы негіздегі келіссөздердің зор маңызы бар.
      4. а) УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы баптың 1 «а» тармағында көрсетілген түрдегі кәсіпорындардың олардың аумағына импорттайтын немесе олардың аумағынан экспорттайтын тауарлары жөнінде Уағдаласушы Тараптарды хабардар етеді.
      (b) II бапқа сәйкес женілдік нысанасы болып табылмайтын тауарға импорттық монополия белгілейтін, қолдайтын немесе рұқсат беретін Уағдаласушы Тарап осы тауармен ауқымды сауда жүргізетін басқа УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТЫҢ өтініші бойынша УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫ кейінгі көрсетілу кезеңіндегі осы тауардың <*> импорттық үстеме бағасы туралы немесе, егер бұл мүмкін болмаса, осы тауарды қайта сату үшін тағайындалған баға туралы хабардар етеді.
      (с) Уағдаласушы Тараптар осы Келісім бойынша 1 «а» тармақта көрсетілген түрдегі кәсіпорындардың операциялармен оның мүддесі қозғалады деп есептеуге негізі бар Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша осындай кәсіпорынды белгілейтін, қолдайтын немесе рұқсат беретін Уағдаласушы Тараптан осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыруға қатысы бар өз операциялары туралы ақпаратты талап ете алады.
      (d) Осы тармақтың ережелері Уағдаласушы Тараптан заңның қолданылуына кедергі келтіретін немесе өзгеше түрде қоғамдық мүдделерге қайшы келетін немесе жекелеген кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне залал келтіретін құпия мәліметтерді ашуды талап етпейді.

XVIII БАП*
Экономикалық дамуға үкіметтік көмек

      1. Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізу олардың, әсіресе экономикасы тек <*> төменгі өмір сүру деңгейін қолдай алатын және <*> бастапқы даму сатысындағы Уағдаласушы Тараптардың, экономикасының табысты дамуының нәтижесінде жеңілдеуі мүмкін екендігін мойындайды.
      2. Уағдаласушы Тараптар өз халқының жалпы өмір сүру деңгейін көтеруді міндет етіп қоятын бағдарламалар мен экономикалық даму саясатын жүзеге асыру мақсаты үшін протекциялық немесе импортты қозғайтын басқа да шаралар қабылдау мұндай Уағдаласушы Тараптар үшін қажет болуы мүмкін екенін және мұндай іс-шаралар осы Келісімнің мақсаттарына жетуді жеңілдететін болғандықтан, заңды болып табылатынын да мойындайды. Сондықтан олар осындай Уағдаласушы Тараптар а) жекелеген өнеркәсіп салаларын құру үшін талап етілетін кедендік қорғауды ұсынуы үшін олардың тарифтік құрылымының жеткілікті икемділігін сақтауға, және b) төлемдік теңгерім мақсатында олардың экономикалық даму бағдарламалары қалыптастыруы мүмкін деген ықтималдылықпен импорттық тауарларға сұраныстың ұзаққа созылатын жоғарғы деңгейін толығымен ескеретін тәртіппен сандық шектеулерді қолдануға мүмкіндік беретін қосымша мүмкіндіктерді пайдаланулары үшін өз келісімдерін береді.
      3. Уағдаласушы Тараптар осы баптың А және В бөлімдерінде көзделген қосымша мүмкіндіктермен бірге Уағдаласушы Тараптарға олардың экономикалық даму қажеттілігін қамтамасыз етуіне мүмкіндік беру үшін, әдетте, осы Келісімнің ережелері де жеткілікті екенін мойындайды. Алайда олар, осы ережелерге сай келетін ешбір шара экономикалық даму процесіндегі Уағдаласушы Тарапқа өз халқының жалпы өмір сүру деңгейін көтеру мүддесі үшін <*> өнеркәсібінің жекелеген салаларының дамуына жәрдемдесу мақсатында талап етілетін үкіметтік көмекті ұсынуға мүмкіндік беру үшін практикада қолданылуы мүмкін емес жағдайлар да болатынымен келіседі. Осы баптың С және D бөлімдерінде мұндай жағдайлардағы іс-әрекеттердің арнайы рәсімдері жазылған.
      4. (а) Осының салдарынан экономикасы <*> төменгі өмір сүру деңгейін ғана қолдай алатын және <*> бастапқы даму сатысындағы Уағдаласушы Тарапқа, осы баптың А, В және С бөлімдерінде көзделгендей, осы Келісімнің басқа баптарының ережелерінен уақытша ауытқуына рұқсат беріледі.
      (b) Экономикасы даму процесінде, бірақ жоғарыда көрсетілген (а) тармақшаның ережелеріне жатпайтын Уағдаласушы Тарап осы баптың D бөлімінің тәртібімен УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА өтініштер бере алады.
      5. Уағдаласушы Тараптар экономикасы 4 «а» және «b» тармақта сипатталған типтерге жататын және шикізат тауарларының шағын көлемін әкетуге тәуелді Уағдаласушы Тараптардың экспорттық кірістері осындай тауарларды сатудың қысқаруы нәтижесінде айтарлықтай азаюы мүмкін екенін мойындайды. Тиісінше, осындай Уағдаласушы Тараптан шикізат тауарларының экспортын басқа Уағдаласушы Тараптың іс-шаралары айтарлықтай қозғаған жағдайда, бірінші Уағдаласушы Тарап осы Келісімнің XXII бабында көзделген консультацияға жүгіне алады.
      6. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы баптың С және D бөлімдеріне сәйкес қолданылатын барлық шараларды жыл сайын қарастырады.

А бөлімі

      7. а) Егер осы баптың 4 «а» тармағының қолданысына жататын Уағдаласушы Тарап өз халқының жалпы өмір сүру деңгейін көтеру мүддесі үшін <*> өнеркәсібінің жеке саласын құруға жәрдемдесу мақсатында осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізбеге енгізілген жеңілдіктерді өзгерту немесе жою керек деп есептесе, ол туралы Уағдаласушы Тараптарға хабарлауға және бастапқыда осындай жеңілдік келісілген Уағдаласушы Тараппен, сондай-ақ УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ айқындауы бойынша бұған айтарлық мүдделі кез келген басқа Уағдаласушы Тараппен келіссөздер өткізеді. Егер осындай мүдделі УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ арасында келісімге қол жеткізілетін болса, оларға, осымен байланысты өтемақылық өзгертулерді қоса алғанда, осындай келісімді іске асыру үшін осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізібелерде көзделген басқаға жеңілдіктерді өзгерту немесе жою құқығы берілуі мүмкін.
      (b) Егер жоғарыда аталған «а» тармақшада көзделген хабарламадан кейін алпыс күн ішінде келісімге қол жеткізілмеген болса, онда жеңілдіктерді өзгертуді немесе алып тастауды ұсынып отырған Уағдаласушы Тарап мәселені кідіртпей қарауға тиіс УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА бере алады. Егер олар жеңілдіктерді өзгертуді немесе жоюды ұсынып отырған Уағдаласушы Тарап келісімге қол жеткізуі үшін бар күш-жігерін салған және ол ұсынып отырған өтемақылық өзгертулер жеткілікті деп таныса, онда мұндай Уағдаласушы Тарапқа, егер ол бір мезгілде орнына басқа жеңілдіктерді ұсынса, жеңілдіктерді өзгертуге немесе алып тастауға рұқсат етіледі. Егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР жеңілдіктерді өзгертуді немесе жоюды ұсынып отырған Уағдаласушы Тарап ұсынатын өтемақы жеткілікті деп танымаса, бірақ бұл Уағдаласушы Тарап жеткілікті өтемақы ұсынуы үшін бар күш-жігерін пайдаланды деп таныса, онда мұндай Уағдаласушы Тарапқа жеңілдіктерді өзгертуге немесе жоюға рұқсат етіледі. Егер бұлай жасалса, онда жоғарыда аталған «а» тармақшада айтылған кез келген басқа Уағдаласушы Тарапқа осындай іс-әрекет жасаған Уағдаласушы Тараппен бастапқыда келісілген мәні бойынша тең жеңілдіктерді өзгертуге немесе жоюға рұқсат етіледі.

В бөлімі

      8. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы баптың 4 «а» тармағының қолданысына жататын УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ жылдам даму процесінде бола тұра, ең алдымен ішкі нарықты кеңейтуге күш салудан, сондай-ақ олардың сауда жағдайының тұрақсыздығы салдарынан туындайтын төлемдік теңгеріммен болатын қиындықтарды бастан кешіруге бейім болатынын мойындайды.
      9. Осы баптың 4 «а» тармағының қолданысына жататын Уағдаласушы Тарап өзінің халықаралық қаржылық жағдайының орнықтылығын қамтамасыз етіп, экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін жеткілікті деңгейде валюталық резервтерді сақтап қалу үшін ол 10-12-тармактардың ережелерін сақтай отырып, импортқа рұқсат етілген тауарлар санын немесе құнын шектеу арқылы оның импортының жалпы деңгейін реттей алады; енгізілетін, белгіленетін немесе күшейтілетін импорттық шектеулер:
      (а) қауіпті болдырмау немесе оның валюталық резервтерінің айтарлықтай төмендеуін тоқтату үшін, не
      (b) валюталық резервтері жеткіліксіз Уағдаласушы Тарапқа қатысты болған жағдайда оның резервінің орынды өсіміне қол жеткізу үшін қажет болғанға қарағанда, аса қатаң болмаған жағдайда реттей алады.
      Осы және басқа жағдайда Уағдаласушы Тараптың валюталық резервтерінің жағдайына немесе оның осындай резервтерге деген қажеттілігіне, оның ішінде ол арнайы сыртқы кредиттерді немесе басқа да көздерін пайдалану, осындай кредиттердің немесе қайнар көздерінің тиісінше пайдалану мүмкіндігіне ие болған жағдайда ықпал ете алатын кез келген ерекше факторлар назарға алынады.
      10. Шектеулер кез келген басқа Уағдаласушы Тараптың коммерциялық немесе экономикалық мүдделеріне керексіз залал келтіруді болдырмайтындай етіп және болмауы сауданың қалыпты ағынына зиян келтіретін, тауарлардың кез келген түрін коммерциялық ең аз мөлшерде әкелуге ақылға қонымсыз негізде кедергі жасамайтындай етіп қолданылатын жағдайда; сондай-ақ шектеулер коммерциялық үлгілердің әкелінуіне кедергі келтіретіндей етіп немесе патенттер, сауда маркалары, авторлық құқық немесе тағы баламалы рәсімдердің орындалуына кедергі келтіретіндей етіп қолданылмауға тиіс жағдайда; Уағдаласушы Тарап осы шектеулерді қолданған кезде өзінің экономикалық даму саясаты аясында неғұрлым маңызды болып табылатын тауарларды әкелу үшін баса назар аударылатындай етіп оларды әртүрлі тауарлардың немесе тауарлар топтарының импортына таралуы мүмкін.
      11. Тиісті Уағдаласушы Тарап өзінің ішкі саясатын жүргізген кезде өзінің төлемдік теңгерімінің тепе-теңдігін салауатты әрі мықты негізде қалпына келтіру қажеттігіне және өндірістік ресурстарды экономикалық тұрғыдан оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ету ниетіне тиісті көңіл бөледі. Жағдайдың жақсара бастауына қарай, ол осы баптың 9-тармағының ережелеріне сәйкес қажет болатын шамада ғана шектеулерді сақтай отырып, осы бөлімге сәйкес қолданылатын шектеулерді біртіндеп бәсеңдетеді, егер жағдай шектеулердің одан әрі сақталуын ақтамайтын болса, оларды жояды; ешбір Уағдаласушы Тараптан оның экономикалық даму саясатындағы өзгерістер <*> осы бөлімге сәйкес ол қолданып жүрген шектеулерді артық етіп отыр деген негізбен Уағдаласушы Тараптың шектеулердің жоюын немесе өзгертуін немесе қайтарып алуды талап етпеуі тиіс жағдайда оларды жояды.
      12. (а) Жаңа шектеулерді қолданатын немесе осы бөлімге сәйкес қолданылатын шараларды айтарлықтай күшейту арқылы қазіргі шектеулердің жалпы деңгейін көтеретін кез келген Уағдаласушы Тарап осындай шектеулер енгізілгеннен немесе күшейтілгеннен кейін (немесе, егер мән-жайлар іс жүзінде алдын ала консультация жүргізуге мүмкіндік беретін болса, оған дейін) Уағдаласушы Тараптармен оның төлемдік теңгерімінде бастан кешіріп отырған қиындықтарының сипатына, жағдайды түзету бойынша басқа да ықтимал шараларға қатысты және басқа УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ экономикасына шектеулердің ықтимал ықпал етуіне қатысты дереу консультациялар өткізеді.
      (b) УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР өздері белгілеген <*> мерзімде осы күнге осы бөлімге сәйкес әлі де қолданылып жүрген барлық шектеулерді қайта қарайды. Осы күннен кейін екі жыл өткен соң, осы бөлімге сәйкес шектеулерді қолданатын УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР Уағдаласушы Тараптармен жоғарыдағы «а» тармақшада көзделген түріндегі консультацияларды арада шамамен екі жыл өткен соң, бірақ одан аз емес мерзімде, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР жыл сайын әзірлеуге тиіс бағдарламаға сәйкес басталады; осы тармақтың қандай да бір басқа ережесіне сәйкес өткізілетін жалпы сипаттағы консультация аяқталғаннан кейін екі жыл ішінде осы тармаққа сәйкес ешқандай консультация өткізілмеуге тиіс жағдайда консультацияларды бастай алады.
      (с) i) Егер осы тармақтың «а» және «b» тармақшаларына сәйкес Уағдаласушы Тараппен консультациялар өткізу барысында Уағдаласушы Тараптар шектеулердің осы бөлімнің ережелерімен немесе XIII баптың ережелерімен (XIV баптың ережелері сақталған жағдайда) сәйкес келмейтінін таныса, олар мұндай үйлеспеушіліктің нысанасын көрсетеді және шектеулерді тиісінше өзгерту үшін ұсынымдар жасауы мүмкін.
      ii) Алайда, егер, консультациялар нәтижесінде УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР шектеулердің осы бөлімнің ережелеріне немесе XIII баптың ережелеріне (XIV баптың ережелері сақталған жағдайда) неғұрлым маңызды дәрежеде сәйкес келмейтіндей болып қолданылатынын және олар басқа Уағдаласушы Тараптың саудасына залал келтіретінін немесе залал келтіру қаупін тудыратынын анықтаса, олар бұл туралы шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарапқа хабарлайды және қолданылатын шектеулердің белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жоғарыда көрсетілген ережелерге сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті ұсынымдар жасайды. Егер мұндай Уағдаласушы Тарап осы ұсынымдарды көрсетілген уақыт кезеңі ішінде орындамаса, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР саудасына шектеулер теріс әсер ететін Уағдаласушы Тарапты шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарапқа қатысты осы Келісім бойынша қай Уағдаласушы Тарап осы жағдайлар үшін сай келеді деп таныған міндеттемелерден босатуы мүмкін.
      (d) УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы бөлімге сәйкес шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарапты шектеулер осы бөлімнің ережелерімен және XIII баптың ережелерімен (XIV баптың ережелері сақталған жағдайда) сәйкес келмейтінін және шектеулердің оның саудасына теріс әсер ететінін шын мәнінде дәлелдей алатын кез келген Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша олармен консультация өткізуді бастауға шақырады. Алайда, егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мүдделі Уағдаласушы Тараптар арасындағы тікелей келіссөздердің сәтсіз болғанына көз жеткізген жағдайда ғана шақыру қағазы жіберіледі. Егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРМЕН консультациялар нәтижесінде ешқандай келісімге қол жеткізілмей, Уағдаласушы Тараптар шектеулерді қолдану көрсетілген ережелермен сәйкес келмейтінін және олар консультацияларды бастауды ұсынған Уағдаласушы Тараптың саудасына залал келтіретінін немесе залал келтіру қаупін тудыратынын анықтаса, Уағдаласушы Тараптар шектеулерді Уағдаласушы Тараптар ұйғарған мерзім ішінде жоюды немесе өзгертуді ұсынады, олар консультацияларды бастауды ұсынған Уағдаласушы Тарапты шектеулерді қолданатын Уағдаласушы Тарапқа қатысты осы Келісім бойынша қай Уағдаласушы Тарап осы жағдайлар үшін сай келеді деп таныған міндеттемелерден босатуы мүмкін.
      е) Егер оған қарсы осы тармақтың «с»ii» немесе «d» тармақшасының соңғы сөйлеміне сәйкес шаралар қабылданған Уағдаласушы Тарап УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР рұқсат берген міндеттемелерден босату оның бағдарламасын және экономикалық даму саясатын жүзеге асыруға теріс әсер етеді деп таныса, ол осындай шара қабылданғаннан кейін алпыс күннен кешіктірмей, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ Атқарушы Хатшысын өзінің осы Келісімнен шығу ниеті туралы жазбаша хабардар ете алады, бұл ретте мұндай шығу Атқарушы хатшы хабарламаны алғаннан кейін алпысыншы күні басталады.
      (f) Осы тармаққа сәйкес әрекет ете отырып, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайларды қажет көлемде назарға алады. Осы тармаққа сәйкес шешімдер жылдам және мүмкіндігінше консультациялар басталған кезден бастап алпыс күн ішінде қабылданады.

С бөлімі

      13. Егер осы баптың 4 «а» тармағының қолданасына жататын Уағдаласушы Тарап өз халқының жалпы өмір сүру деңгейін көтеру мүддесі үшін <*> өнеркәсібінің қандай да бір саласын құру үшін үкіметтің көмегі талап етілетінін анықтаса, бірақ осы Келісімнің басқа ережелерімен сәйкес келетін ешбір шара осы міндетке қол жеткізу үшін іс жүзінде жүзеге аспайтын болып табылса, ол <*> осы бөлімінде жазылған ережелер мен рәсімдерге жүгіне алады.
      14. Мүдделі Уағдаласушы Тарап УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА осы баптың 13-тармағында айқындалған мақсатқа қол жеткізу кезінде кездесетін нақты қиындықтар туралы хабарлайды және ол осы қиындықтарды жою үшін импортты қозғайтын қандай нақты шараны енгізуді ұсынатын көрсетеді. Ол 15 немесе 17-тармақтарда белгіленген мерзім өткенге дейін немесе егер бұл шара 18-тармақтың ережелеріне сәйкес УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ келісімін алмағанғаға дейін, осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізбеге енгізілген жеңілдіктің нысанасы болып табылатын тауар импортын қозғайтын болса, мұндай шараны енгізбейді; көмек алған өнеркәсіп саласы өз өндірісіне кіріскен жағдайда, Уағдаласушы Тарап УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА хабарлағаннан кейін осы кезең ішінде тиісті тауардың немесе тауарлар импортының <*> қалыпты деңгейінен артық айтарлықтай ұлғаюына кедергі жасау үшін қажетті болуы мүмкін шаралар қабылдауы мүмкін.
      15. Егер мұндай шара туралы хабарлама алғаннан кейін отыз күн ішінде УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осындай Уағдаласушы Тараптан <*> олармен консультация өткізуді бастауды талап етпесе, онда Уағдаласушы Тарап ұсынылған шараны қолдану үшін қажетті дәрежеде осы Келісімнің басқа баптарының тиісті ережелерінен бас тарта алады.
      16. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ талабы бойынша <*> тиісті Уағдаласушы Тарап ұсынылатын шараның мақсатына қатысты, сол сияқты осы Келісімге сәйкес жүгінуге болатын басқа да шараларға қатысты, сондай-ақ басқа Уағдаласушы Тараптардың коммерциялық және экономикалық мүдделеріне ұсынылатын шараның ықтимал ықпалына қатысты олармен консультациялар өткізеді. Егер осындай консультацияның нәтижесінде УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы баптың 13-тармағында жазылған мақсатқа қол жеткізу үшін Келісімнің басқа да ережелеріне сәйкес келетін қандай да бір өзге шаралар қабылдауға іс жүзінде мүмкіндік жоқ деп танып, <*> ұсынылып отырған шарамен келіссе, осы Уағдаласушы Тарап осы Келісімнің көрсетілген шараларды қабылдау үшін қажетті дәрежеде осы Келісімнің басқа баптарының тиісті ережелері бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатылды деп есептеледі.
      17. Егер осы баптың 14-тармағына сәйкес ұсынылған шара туралы хабарлама алған күннен кейін тоқсан күннің ішінде УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР бұл шараға келісім бермесе, тиісті Уағдаласушы Тарап бұл жөнінде УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫ хабардар еткеннен кейін ұсынылып отырған шараны енгізуі мүмкін.
      18. Егер ұсынылып отырған шаралар осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізбеге енгізілген жеңілдіктің нысанасы болып табылатын тауарды қозғайтын болса, Уағдаласушы Тарап бастапқыда жеңілдік келісілген кез келген басқа Уағдаласушы Тараппен, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың анықтауы бойынша осыған айтарлықтай мүдделі кез келген Уағдаласушы Тараппен де консультация өткізуді бастайды. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР, егер олар осы баптың 13-тармағында жазылған мақсатқа қол жеткізу үшін іс жүзінде осы Келісімнің басқа ережелеріне сәйкес келетін өзге шара жоқ екенін және егер олар:
      (а) жоғарыда айтылған консультацияның нәтижесінде басқа Уағдаласушы Тараптармен келісімге қол жеткізілгеніне, немесе
      (b) егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР 14-тармақта көзделген хабарламаны алғаннан кейін алпыс күннің ішінде келісімге қол жеткізілмесе, осы бөлімнің ережелеріне жүгінген Уағдаласушы Тарап келісімге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салса және басқа Уағдаласушы Тараптардың мүдделері жеткілікті дәрежеде қорғалғандығына көз жеткізіп тұрса, осы шараны жүзеге асыруға <*> келісім береді.
      Осы бөлімнің ережелеріне жүгінген Уағдаласушы Тарап осыдан кейін осы Келісімнің басқа баптарының тиісті ережелері бойынша өз міндеттемелерінен оған осы шараны қолдануға мүмкіндік беру үшін қажетті дәрежеде босатылады.
      19. Егер осы баптың 13-тармағында жазылған түріндегі ұсынылып отырған шара төлемдік теңгерімнің тепе-теңдігін сақтау мақсатында осы Келісімнің ережелеріне сәйкес мүдделі Уағдаласушы Тарап белгілеген шектеулер арқылы жүзеге асырылған, бастапқы кезеңінде құрылуына кездейсоқ қорғаныс ықпал еткен өнеркәсіп саласын қозғайтын болса, онда мұндай Уағдаласушы Тарап осы бөлімнің ережелері мен рәсімдеріне жүгіне алады; ол <*> УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ келісімінсіз ұсынылған шараны қолданбаған жағдайда жүгіне алады.
      20. Осы бөлімнің алдыңғы тармақтарында ешнәрсе де осы Келісімнің I, II және XIII баптарының ережелерінен қандай да бір ауытқуға рұқсат бермейді. Осы баптың 10-тармағында санамаланған талаптар осы бөлімге сәйкес белгіленген кез келген шектеулерге де қолданылады.
      21. Кез келген уақытта, осы баптың 17-тармағына сәйкес шаралар қолданыла берсе, осындай шаралар айтарлықтай қозғаған кез келген Уағдаласушы Тарап осы бөлімнің ережелеріне жүгінген Уағдаласушы Тараппен саудаға қатысты тоқтата тұрылуына <*> УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР қарсылық білдірмейтін, шын мәнінде осылармен тең қолданылатын осы Келісім бойынша жеңілдіктің немесе міндеттемелердің қолданысын тоқтата тұруы мүмкін; УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР шара енгізілген немесе ол Уағдаласушы Тарап қозғаған мүдделерге залал келтіретіндей болып айтарлықтай өзгерген күннен бастап алты ай мерзім өткен соң алпыс күн бұрын, бірақ одан кешіктірмей, қолданылудың осындай тоқтата тұрылуы туралы хабардар еткен жағдайда тоқтата тұрылуы мүмкін. Осындай кез келген Уағдаласушы Тарап осы Келісімнің XXII бабының ережелеріне сәйкес консультация өткізу үшін жеткілікті мүмкіндік береді.

D бөлімі

      22. Өз экономикасын дамыту мүддесі үшін осы баптың 13-тармағында жазылған түріндегі шараларды енгізуді қалайтын осы баптың 4 «b» тармағының қолданысына жататын Уағдаласушы Тарап <*> өнеркәсіптің қандай да бір жеке саласын құруға қатысты УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДАН осындай шараны мақұлдауларын өтінуі мүмкін. Уағдаласушы Тараптар осындай Уағдаласушы Тараппен дереу консультация өткізуге кіріседі және шешім қабылдаған кезде 16-тармақта жазылған пайымдауларды басшылыққа алады. Егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР ұсынылған шаралармен <*> келісетін болса, аталған Уағдаласушы Тарап өзі осы шараларды жүзеге асыра алатындай қажетті шамада осы Келісімнің басқа баптарының тиісті ережелері бойынша өз міндеттемелерінен босатылады. Егер ұсынылған шара осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізібеге енгізілген жеңілдіктің нысанасы болып табылатын тауарды қозғайтын болса, <*> 18-тармақтың ережелері қолданылады.
      23. Осы бөлімге сәйкес қолданылатын кез келген шара осы баптың 20-тармағының ережелеріне сәйкес келеді.

XIX БАП
Жекелеген тауарлардың импортына қатысты төтенше шаралар

      1. (а) Егер күтпеген мән-жайлардың және қандай да бір Уағдаласушы тараптың осы Келісім бойынша өзіне алған міндеттемелерді орындауының нәтижесінде тарифтік жеңілдіктерді қоса алғанда, қандай да бір тауар осындай Уағдаласушы тараптың аумағында осы аумақта ұқсас немесе онымен тікелей бәсекелес тауарларды отандық өндірушілерге едәуір залал келтіретіндей немесе келтіру қаупін туғызатындай ұлғайтылған санымен және жағдайларымен импортталатын болса, Уағдаласушы тарап осындай тауарға қатысты және осындай залалдың алдын алуға немесе жоюға қажет болатын дәрежеде және мерзімде міндеттемені толығымен немесе ішінара тоқтата тұрады немесе жеңілдікті жояды немесе оған өзгерістер енгізеді.
      (b) Егер преференцияға қатысты жеңілдіктің объектісі болып табылатын қандай да бір тауар Уағдаласушы тараптың аумағына осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, оның импорты көрсетілген преференцияны алатын немесе алған кез келген Уағдаласушы тараптың аумағында ұқсас немесе онымен тікелей бәсекелес тауарларды отандық өндірушілерге едәуір залал келтіретіндей немесе келтіру қаупін туғызатындай жағдаймен импортталатын болса, импорттаушы Уағдаласушы тараптың осы басқа Уағдаласушы тарап өтініші бойынша осы тауарға қатысты көрсетілген залалдың алдын алуға немесе жоюға қажет болатын дәрежеде және мерзімде тиісті міндеттеменің қолданысын толығымен немесе ішінара тоқтата тұрады немесе жеңілдікті беруді жояды немесе оған өзгерістер енгізеді.
      2. Кез келген Уағдаласушы тарап осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес шаралар қабылдағанға дейін ол Уағдаласушы тарапты мүмкіндігінше уақтылы жазбаша хабардар етеді және УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА және көрсетілген тауарды экспорттаушылар ретінде едәуір мүдделі УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА болжанған шараға қатысты консультация өткізу мүмкіндігін ұсынады. Осындай хабарлама преференцияға қатысты жасалатын болса, онда хабарламада осы шараны қабылдауды сұраған Уағдаласушы тараптың атауы көрсетіледі. Кешіктіру орнын толтыру қиын болатын залал келтірген аса қиын жағдайларда, осы баптың 1-тармағына сәйкес консультацияларсыз, сондай шаралар қолданғаннан кейін дереу осы консультациялар болған жағдайда, шаралар уақытша қабылдануы мүмкін.
      3. (а) Егер көрсетілген шараға қатысты мүдделі Уағдаласушы тараптар арасында келісімге қол жеткізілмейтін болса, осы шараны қабылдауды немесе жүзеге асыруды жалғастыруды ұсынып отырған Уағдаласушы тарап, дегенмен, оны жасай алады, және егер осындай шара қабылданса немесе жүзеге асырылуы жалғасатын болса, онда осы шараға мүдделі Уағдаласушы тараптардың осындай шара қабылданғаннан кейін тоқсан күннен кешіктірмей, осындай тоқтату туралы жазбаша хабарламаны УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР алған күннен бастап отыз күн өткеннен кейін осындай шараны қабылдаған Уағдаласушы тараптың саудасына немесе осы баптың 1 (b) тармағында көзделген жағдайда осындай шара туралы өтініш білдірген Уағдаласушы тараптың саудасына осы Келісімге сәйкес тоқтата тұрылуы УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТЫҢ тарапынан қарсылықтарды қолдамайтын – едәуір теңбағалы басқаға беруді немесе басқа міндеттемелерді қолдануды тоқтата тұрады.
      (b) шара осы баптың 2-тармағына сәйкес алдын ала консультациясыз қабылданған және осы шараға мүдделі Уағдаласушы тараптың аумағында отандық тауар өндірушілерге едәуір залал келтіретін немесе келтіру қаупі бар осы тармақтың (а) тармақшасының ережесіне қарамастан, көрсетілген Уағдаласушы тараптың кешіктіру орнын толтыру қиын болатын залал келтірген жағдайларда консультация өткізу кезеңінің ішінде шараны қабылдағаннан кейін залалдың алдын алу немесе жою үшін қажет болатын дәрежеде осындай жеңілдікті немесе басқа міндеттемелерді тоқтата тұрады.

XX БАП
Жалпы ерекшеліктер 

      Осындай шаралар жағдайлары бірдей елдер арасында еркін немесе ақталмаған кемсіту шарасы болып табылатын немесе халықаралық сауданы жасырын шектейтін жолмен қолданылмайтын жағдайда - осы Келісімде ештеңе қандай да бір Уағдаласушы тараптың мына:
      (а) қоғамдық моральды қорғауға қажетті;
      (b) адамның өмірін немесе денсаулығын, жануарларды және өсімдіктерді қорғауға қажетті;
      (с) алтынды немесе күмісті импорттауға немесе экспорттауға жататын;
      (d) осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмейтін, оның ішінде кедендік заңнаманы, II баптың 4-тармағына және XVII бапқа сәйкес қолданылатын монополиялар туралы заңнаманы орындау туралы, патенттерді, тауар белгілерін және авторлық құқықтарды қорғау туралы және жалған практиканы алдын алу туралы заңдардың немесе қаулылардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті;
      (е) қамауға алынған адамдар өндіретін тауарларға қатысты;
      (f) көркемдік, тарихи немесе археологиялық құндылығы бар ұлттық қазынаны қорғау үшін қабылданатын;
      (g) егер осындай шаралар ішкі өндірісті немесе тұтынуды шектеумен бір уақытта жүргізілсе, табиғи ресурстардың таусылуының алдын алуға қатысты;
      (h) Уағдаласушы тараптардың қарауына ұсынылған өлшемшарттарға сәйкес келетін, үкіметаралық тауарлық келісім бойынша міндеттемелерді орындау үшін қабылданған және олар бас тартпаған немесе Уағдаласушы тараптардың өздерінің қарауына ұсынылған және олар бас тартпаған <*>;
      (i) осындай материалдарға арналған ішкі баға үкімет жүзеге асыратын тұрақтандыру жоспарының бір бөлігі ретінде әлемдік бағаға қарағанда барынша төмен деңгейде ұсталған кезде сол кезең ішінде отандық өңдеу өнеркәсібінің осындай материалдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету үшін қажетті отандық материалдар экспортын шектеуге байланысты; осындай шектеулер экспортты кеңейтуге немесе осы отандық өнеркәсіпті қорғауға көмектеспеген және осы Келісімнің кемсітпеушілікке қатысты ережелерінен ауытқымаған жағдайларда;
      (j) тұтастай немесе нақты өңір үшін тапшы болып табылатын тауарларды сатып алу немесе бөлу үшін маңызды; кез келген осындай шара барлық уағдаласушы тараптар осындай тауарлардың халықаралық жеткізілімдерінде әділ үлеске ие болу құқығымен үйлесімді болған және кез келген осындай шара осы Келісімнің басқа ережелерімен үйлеспейтін, оларды қолдануға себеп болған шарттар тоқтатылған жағдайларда. УАҒАДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы тармақты сақтау қажеттілігін 1960 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей қарастырады.

XXI БАП
Қауіпсіздік пайымдаулары бойынша ерекшеліктер

      Осы Келісімде ештеңе де:
      (а) қандай да бір Уағдаласушы тарапқа ашылуы өзінің қауіпсіздігінің едәуір мүдделеріне қайшы келеді деп қарастыратын қандай да бір ақпарат ұсынуды талап ету ретінде, немесе
      (b) қандай да бір Уағдаласушы тарапқа өзінің қауіпсіздігінің едәуір мүдделерін қорғау үшін қажетті деп санайтын осындай іс-қимылдарды қабылдауға кедергі ретінде:
      (i) ажырату материалдары немесе өздері өндірілетін материалдарға қатысты;
      (ii) қару-жарақ, оқ дәрі және әскери материалдарының саудасына, сондай-ақ қарулы күштерді жабдықтау мақсатында тікелей немесе жанама жүзеге асырылатын тауарлар мен материалдар саудасына қатысты;
      (iii) егер олар соғыс уақытында немесе халықаралық қатынастардағы басқа да төтенше жағдайларда қабылданса, немесе
      (с) қандай да бір Уағдаласушы тарапқа халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының негізінде өз міндеттемелерін орындау үшін қандай да бір іс-қимылдарды қабылдауға кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

XXII БАП
Консультациялар

      1. Әрбір Уағдаласушы тарап осы Келісімнің қолданысына байланысты кез келген мәселеге қатысты басқа Уағдаласушы тарап жасауы мүмкін ұсынымдар бойынша консультациялар өткізу үшін тең мүмкіндіктерді тілектестікпен қарастырады және ұсынады.
      2. Уағдаласушы тараптар кез келген Уағдаласушы тараптың өтініші бойынша 1-тармақта көзделген консультациялар арқылы қанағаттандырарлық шешім табу мүмкін болмайтын кез келген мәселеге қатысты кез келген Уағдаласушы тараппен немесе Уағдаласушы тараптармен консультация өткізе алады.

XXIII БАП
Пайданы жою немесе қысқарту

      1. Егер қандай да бір Уағдаласушы тарап осы Келісімге байланысты ол тікелей немесе жанама алған қандай да бір пайда жойылады немесе қысқарады немесе осы Келісімнің қандай да бір мақсатына қол жеткізу мыналардың:
      (а) басқа Уағдаласушы тараптың осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамауының, немесе
      (b) басқа Уағдаласушы тараптың осы Келісімнің ережесіне сәйкес келетініне немесе келмейтініне қарамастан қандай да бір шараны қабылдауының, немесе
      (с) қандай ба бір басқа жағдайдың болуы нәтижесінде қиындайды деп есептесе, онда Уағдаласушы тарап мәселені қанағаттанарлықтай реттеу мақсатында өзінің пікірі бойынша қатысы бар деп есептейтін бас Уағдаласушы тарапқа немесе Тараптарға жазбаша ұсыным немесе ұсыныс жасай алады. Осындай өтініш жасалған кез келген Уағдаласушы тарап өзіне жасалған ұсынымды немесе ұсынысты тілектестікпен қарайды.
      2. Егер оңтайлы кезең ішінде мүдделі Уағдаласушы тараптар арасында мәселені қанағаттанарлық реттеуге қол жеткізілмеген жағдайда немесе осы баптың 1 (с) тармағында көрсетілген түрде қиындықтар туындаған жағдайда, онда бұл мәселе УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ қарауына берілуі мүмкін. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР өздеріне берілген кез келген мәселені тез арада қарайды және олардың пікірі бойынша қатысы бар деп есептелетін Уағдаласушы тараптарға тиісті ұсынымдар жасайды немесе қайсысы көбірек келісетініне қарай осы мәселе бойынша шешім шығарады. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР Уағдаласушы тараптармен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесімен және кез келген тиісті үкіметаралық ұйыммен осындай консультация қажет деп тапқанда консультация өткізеді. Егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мән-жайлар барынша маңызды болып табылатынын мойындаса, олар Уағдаласушы тарапқа немесе Тараптарға кез келген басқа Уағдаласушы тарапқа немесе Тараптарға қатысты өздері міндеттемелерге байланысты орынды деп санаған жеңілдіктерді немесе басқа міндеттемелерді қолдануды тоқтата тұруға рұқсат бере алады. Егер кез келген Уағдаласушы тарапқа қатысты кез келген жеңілдікті немесе басқа міндеттемелерді қолдану негізінен тоқтатылса, онда осындай Уағдаласушы тарап осы шара қабылданғаннан кейін алпыс күннен кешіктірмей, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ Атқарушы хатшысын осы Келісімнен шығу ниеті, оның үстіне мұндай шығу Атқарушы хатшы осындай хабарламаны алғаннан кейін алпысыншы күні орын алатыны туралы жазбаша хабарлайды.

III БӨЛІК XXIV БАП
Аумақтық қолдану - шекара маңы саудасы - кеден одақтары және
еркін сауда аймақтары 

      1. Осы Келісімнің ережелері уағдаласушы тараптар метрополияларының кедендік аумақтарына және XXVI бапқа сәйкес осы Келісім қабылданған кез келген басқа кеден аумақтарына қолданылуға тиіс немесе ХХХІІІ бапқа сәйкес немесе Уақытша қолданылу туралы хаттаманың орындалуы үшін қолданылады. Осындай әрбір кеден аумағы тек осы Келісімнің аумақтық қолданылу тұрғысынан ғана егер ол Уағдаласушы тарап ретінде болғандай қарастырылуға тиіс; осы тармақтың ережелері оларға қатысты осы Келісімді XXVI бапқа сәйкес Уағдаласушы тараптың бірі қабылдаған кеден аумақтары арасында қандай да бір құқықтар немесе міндеттемелер құрады деп түсіндірілмеуге тиіс жағдайда немесе XXXIII бапқа сәйкес немесе Уақытша қолдану туралы хаттаманың орындалуы үшін қолданылуға тиіс.
      2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін кедендік аумақ деп осындай аумақтың басқа аумақтармен саудасының елеулі бөлігі үшін жекелеген тарифтер немесе сауданы реттеудің басқа да шаралары қолданылатын аумақ түсініледі.
      3. Осы Келісімнің ережелері мыналарға:
      (а) қандай да бір уағдаласушы тараптың шекара маңы саудасына жәрдемдесу мақсатында көршілес елдерге артықшылықтар ұсынуына;
      (b) мұндай артықшылықтар Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде жасалған бейбіт шарттарға қайшы келмеген жағдайда, осы аумаққа іргелес Үшінші елдердің еркін аумағымен саудасы үшін артықшылықтар ұсынуға кедергі болатындай түсіндірілмеуге тиіс.
      4. Уағдаласушы тараптар осындай келісімдерге қатысушы елдердің экономикаларын барынша тығыз біріктірудің ерікті келісімдері арқылы дамыту жолымен еркін сауданың кеңейтілуін дұрыс деп таниды. Олар кеден одағының немесе еркін сауда аймағының мақсаты басқада уағдаласушы тараптардың осы аумақтармен арасындағы саудасына кедергілер туғызу емес, оларды құрайтын аумақтардың арасындағы саудаға жәрдемдесу деп таниды.
      5. Тиісінше, осы Келісімнің ережелері уағдаласушы тараптар аумақтарының мына жағдайларда кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құруға, немесе кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құру үшін қажетті уақытша келісімді қабылдауға кедергі келтірмеуге тиіс:
      (а) кеден одағына немесе кеден одағын құруға алып келетін уақытша келісімге қатысты, онда осындай одақтың немесе келісімнің қатысушылары болып табылмайтын Уағдаласушы тараптармен сауда үшін осындай одақты құру немесе уақытша келісім жасау кезінде белгіленген баждар мен сауданы реттеудің басқа да шаралары, жалпы алғанда, оны құрайтын аумақтарда осындай одақ құрылғанға дейін немесе тиісінше осындай уақытша келісімдер қабылданғанға дейін қолданылған баждар мен сауданы реттеу шараларының қолданысының жалпы шамасынан жоғары немесе барынша шектеулі болмауға тиіс;
      (b) еркін сауда аймағына немесе еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге қатысты, оны құрайтын аумақтардың әрқайсысында бар және осындай еркін сауда аймағын құру немесе осындай уақытша келісім қабылдау кезінде осындай аймаққа енгізілмеген немесе осындай келісімнің қатысушылары болып табылмайтын Уағдаласушы тараптардың саудасына қолданылған баждар мен сауданы реттеудің басқа да шаралары – дәл осы оны құрайтын аумақтарда еркін сауда аймағы құрылғанға дейін немесе тиісінше уақытша келісім қабылданғанға дейін болған тиісті баждар мен сауданы реттеудің басқа да шараларына қарағанда жоғары немесе барынша шектеулі болмауға тиіс; және
      (с) «a» және «b» тармақтарында айтылған кез келген уақытша келісім оңтайлы уақыт кезеңі ішінде осындай кеден одағын құрудың немесе еркін сауда аймағын құрудың жоспары мен кестесін қамтуға тиіс.
      6. Егер 5 (а) тармағының талаптарын орындау кезінде уағдаласушы тарап ІІ баптың ережелеріне қайшы баждың қандай да бір мөлшерлемесін ұлғайтуды ұсынса, XXVIII бапта баяндалған рәсім қолданылуға тиіс. Өтемақы ұсыну кезінде кеденнің басқа құрылтайшыларында тиісті бажды төмендетудің нәтижесінде бұрын берілген өтемақыға тиісті көңіл бөлінуге тиіс.
      7. (а) Кеден одағына немесе еркін сауда аймағына немесе осындай одақ немесе аймақтың құрылуына алып келетін уақытша келісімге кіруге шешім қабылдаған кез келген уағдаласушы тарап ол туралы УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫ жедел хабардар етуі және оларға ұсынылған одақ немесе аймаққа қатысты уағдаласушы тараптар үшін қажет деп есептелген баяндамалар мен ұсынымдар жасауға мүмкіндік беретін ақпарат ұсынуға тиіс.
      (b) Егер осы келісімнің қатысушыларымен 5-тармақта айтылған уақытша келісімге енгізілген жоспар мен кестені зерделеу бойынша консультация өткізу кезінде және (а) тармағының ережелеріне сәйкес ұсынылған ақпаратты назарға ала отырып УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мұндай келісімнің келісімге қатысушылар белгілеген уақыт кезеңі ішінде кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құруға алып келуі күмәнді немесе мұндай уақыт кезеңі оңтайлы болып табылмайды деп тапса, онда УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР келісімнің қатысушыларына ұсынымдар жасауға тиіс. Қатысушылар егер осы ұсынымдарға сәйкес келісімді өзгертуге дайын болмаса, мұндай келісімді сақтауға немесе тиісінше оны қолданысқа енгізуге тиіс емес.
      (с) 5 (с) тармақта айтылған жоспардың немесе кестенің елеулі өзгерістері туралы егер мұндай өзгеріс кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құруға қауіп төндіруі немесе кейінге қалдыруы мүмкін болса, мүдделі УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР консультация өткізуді сұратуы мүмкін уағдаласушы тараптарға хабарлануға тиіс.
      8. Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      (а) кеден одағы деп екі немесе бірнеше кеден аумағының бір кеден аумағына мынадай түрде алмастырылуы түсінілуге тиіс:
      (i) баж және сауданы реттеудің басқа да шектеу шаралары (XI, XII, XIII, XIV, XV және XX рұқсат етілген шаралар қажет болған жағдайларды қоспағанда) одақты құрайтын аумақтардың арасындағы барлық дерлік саудаға қатысты немесе, кем дегенде, осы аумақтардан шығатын барлық дерлік тауар саудасына қатысты жойылатын болса, және
      (ii) 9- тармақтың ережелері сақталған жағдайда, бір баждардың және сауданы реттеудің басқа да шараларын шын мәнінде одақтың әрбір мүшесі одаққа қосылмаған аумақтармен саудаға қатысты қолданса;
      (b) еркін сауда аймағы деп аймақты құрайтын аумақтардың арасында осы аумақтарда шығарылатын тауарларға қатысты барлық дерлік сауда үшін баждар мен сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары (қажет болған жағдайда, XI, ХII, XIII, XIV, XV және XX баптарда рұқсат етілген шараларды қоспағанда) алы тасталған екі немесе одан да көп кеден аумақтарынан тұратын топ түсініледі.
      9. 1-баптың 2-тармағында айтылған преференциялар кеден одағының немесе еркін сауда аймағының құрылуына мүдделі болмайды, бірақ олар мүдделі уағдаласушы тараптармен келіссөздер арқылы алы тасталуы немесе нақтылануы мүмкін <*>*. Мүдделі уағдаласушы тараптармен бұл келіссөздер рәсімі, атап айтқанда, 8 (a) тармағының және 8 (b) тармағының ережелерін орындау үшін талап етілетін преференцияларды алып тастау кезінде қолданылады.
      10. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР 5-тен бастап 9-ды қоса алғандағы тармақтардың талаптарына толығымен сәйкес келмейтін ұсыныстарды, осындай ұсыныстар осы бапта түсіндірілетіндей мағынада кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құруға алып келетін жағдайда, үштен екі көпшілік дауыспен бекіте алады.
      11. Үндістан мен Пәкістанның тәуелсіз мемлекеттер ретінде құрылуына байланысты туындайтын ерекше жағдайларды назарға ала отырып және олардың ұзақ уақыт бойы бірыңғай экономикалық тұтастықты білдіріп келген фактісін мойындай отырып, уағдаласушы тараптар осы Келісімнің ережелері осы екі елге олардың арасында алдағы уақытта өзара сауда қатынастарын түпкілікті орнатқанға дейін сауда туралы арнайы келісім жасасуға кедергі келтірмейтініне келіседі <*>.
      12. Әрбір Уағдаласушы тарап осы Келісімнің ережелерін оның аумағындағы өңірлік және жергілікті үкіметтердің және биліктердің сақтауын қамтамасыз ету мақсатында оның билігіндегі ақылға қонымды шараларды қабылдайды.

XXV БАП
Уағдаласушы тараптардың бірлескен іс-қимылдары

      1. Уағдаласушы тараптардың өкілдері осы Келісімнің бірлескен іс-қимылды көздейтін ережелерінің қолданылуын қамтамысыз етуі, жалпы алғанда, осы Келісімнің жұмыс істеуін жеңілдету және оның мақсаттарына қол жеткізу мақсатында мезгіл-мезгіл кездесіп отырады. Осы Келісімде уағдаласушы тараптарға сілтеме жасалған жағдайда, олар УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР ретінде қарастырылады.
      2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысынан УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ бірінші кездесуін 1948 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей шақыру ұсынады.
      3. Әрбір Уағдаласушы тараптың УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ барлық отырыстарында бір дауысқа құқығы болуғы бар.
      4. Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ шешімдері көпшілік дауыспен қабылдануға тиіс.
      5. Осы Келісімде көзделмеген айрықша жағдайларда УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осындай кез келген шешім үштен екі көпшілік дауыспен мақұлдануға тиіс, оның үстіне мұндай көпшілік Уағдаласушы тараптардың жартысынан көбін құратып жағдайда, Уағдаласушы тарапты оған осы Келісімде айтқындалған міндеттемеден уақытша босата алады. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осындай дауыс беру жолымен:
      (i) міндеттемелерден уақытша босатуға қатысты дауыс беруге қатысты басқа талаптар қолданылуға тиіс айрықша міндеттемелердің белгілі бір санаттарында алады, және
      (ii) осы тармақты қолдану үшін қажетті шарттарды да болжамдай алады 4.
_______________________
4.Түпнұсқа мәтінде «5(а) тармағы» туралы қате айтылған.

XXVI БАП
Қабылдау, күшіне ену және тіркеу

      1. Осы Келісімнің күні 1947 жылғы 30 қазан болып табылады.
      2. Осы Келісім 1955 жылғы 1 наурыздан бастап уағдаласушы тарап болып табылған немесе осы Келісімге қосылу мақсатында келіссөздер жүргізген кез келген уағдаласушы тарап үшін ашық.
      3. Осы Келісім ағылшын тілінде бір түпнұсқа данада және француз тілінде бір түпнұсқа данада жасалған, әрі екі мәтіннің де бірдей күші бар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысында сақталатын болады, ол оның куәландырылған көшірмелерін барлық мүдделі үкіметтерге жолдайды.
      4. Осы Келісімді қабылдайтын әрбір үкімет қабылдау туралы құжатты УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ Атқарушы хатшысында5 сақтауға тиіс, ол барлық мүдделі үкіметке әрбір құжатты сақтау күні туралы және осы баптың 6-тармағына сәйкес осы Келісім күшіне енетін күн туралы хабарлайды.
      5. (а) Осы Келісімді қабылдайтын әрбір үкімет өзі жеке қабылдау кезінде УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ Атқарушы хатшысына5 хабарлайтын жекелеген кеден аумақтарын қоспағанда, осыны оның метрополий аумағына және ол халықаралық жауапкершілікте болатын басқа да барлық аумақтарға қатысты жасайды.
      (b) Осылайша Атқарушы хатшыға5 осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген ерекшеліктер туралы хабарлаған кез келген үкімет кез келген уақытта Атқарушы хатшыны5 оның Келісімді қабылдауы кез келген жекелеген кеден аумағына немесе алып тасталған аумақтарға таралуы туралы хабарлай алады және мұндай хабарлама оны Атқарушы хатшы5 алған күннен кейін отызыншы күні күшіне енеді.
      (с) Егер оған қатысты Уағдаласушы тарап осы Келісімді қабылдаған қандай да бір кеден аумағының өзінің сыртқы сауда қатынастарын жүзеге асыруда және осы Келісімде көзделген басқа да мәселелерде толық автономиясы болса немесе оны алса, онда мұндай аумақ жауапты Уағдаласушы тарап жоғарыда айтылған фактіні белгілейтін декларацияны ұсынғаннан кейін Уағдаласушы тарап ретінде қарастырылуға тиіс.
      6. Осы Келісім оны қабылдаған үкіметтер үшін Н қосымшасында аталған, аумағында осы үкіметтердің аумағының барлық сыртқы саудасының онда көрсетілген қолданылатын пайыздық бөлу бағанына тиесілі саудаға сәйкес есептелген 85%-на келетін үкіметтердің атынан қабылдау туралы құжаттар УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ Атқарушы хатшысында сақталған күннен бастап санағанда отызыншы күні күшіне енеді. Әрбір басқа үкіметтің қабылдау туралы құжаты оны сақтау күнінен кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.
      7. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы Келісім күшіне енгеннен бастап оны тіркеуге уәкілетті.
__________________
5.1965 жылғы 23 наурыздағы шешіммен Уағдаласушы тараптар ГАТТ хатшылығы басшылығының лауазымының атауын «Атқарушы хатшыдан» «Бас Директорға» өзгертті.

XXVII БАП
Қолданысын тоқтата тұру немесе басқаға беру

      Кез келген уағдаласушы тарап кез келген уақытта осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізбеде көзделген, оған қатысты мұндай Уағдаласушы тарап алдымен Уағдаласушы тарап болмаған немесе болуын тоқтатқан үкіметпен келісілгенін белгілейтін кез келген басқаға берудің қолданысын тоқтата тұруға немесе толығымен немесе ішінара алып қоюға құқылы.
      Мұндай іс-қимылды қабылдайтын Уағдаласушы тарап УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА хабарлауға және олардың өтініші бойынша осы тауарға елеулі түрде мүдделі Уағдаласушы тараптармен консультация өткізеді.

XXVIII БАП*
Тізбелерді өзгерту

      1. Бірінші кезең 1958 жылғы 1 қаңтарда басталатын (немесе Уағдаласушы тараптар үштен екі көпшілік дауыспен белгілеуі мүмкін кез келген өзге кезеңнің бірінші күні*), әрбір үшжылдық кезеңнің бірінші күні уағдаласушы тарап (бұдан әрі осы бапта «уағдаласушы тарап – өтініш беруші» деп аталатын), осындай басқаға беру бастапқыда келісілген кез келген УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАППЕН және Уағдаласушы тараптардың айқындауы бойынша бас өнім беруші ретінде мүдделі <*> кез келген басқа Уағдаласушы тараппен (Уағдаласушы тараптардың осы екі санаты Уағдаласушы тарап – өтініш берушімен бірге, одан әрі осы бапта «бірінші кезекте мүдделі Уағдаласушы тараптар» деп аталады) келіссөздер және келісімдер жолымен және УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ айқындауы бойынша осындай басқаға беруге едәуір мүдделі <*> кез келген басқа Уағдаласушы тараппен консультация өткізу жағдайында осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізбеге енгізілген басқаға беруді өзгертуі және алып қоюы мүмкін.
      2. Көрсетілген келіссөздерде және басқа тауарларға қатысты өтемақылық басқаға беру туралы шартты қамтуы мүмкін келісімде мүдделі уағдаласушы тараптар көрсетілген келіссөздерге дейін осы Келісімде көзделгенге қарағанда, сауда үшін барынша қолайлы қарсы және өзара тиімді басқаға берудің жалпы деңгейін сақтауға тырысады.
      3. (а) Егер бірінші кезекте мүдделі Уағдаласушы тараптардың арасындағы келісімге 1958 жылғы 1 қаңтарға дейін немесе осы баптың 1-тармағында көзделген кезең өткенге дейін қол жеткізілмесе, басқаға беруді өзгертуді немесе алып қоюды ұсынатын Уағдаласушы тарап мұны істеуге құқылы болға тиіс, егер мұндай іс-қимыл қабылданатын болса, онда осы басқаға беру бастапқыда келісілген кез келген Уағдаласушы тараптың, 1-тармаққа сәйкес айқындама бойынша бас өнім беруші ретінде мүдделі кез келген Уағдаласушы тараптың және 1-тармаққа сәйкес айқындама бойынша осындай басқаға беруге едәуір мүдделі кез келген Уағдаласушы тараптың мұндай жағдайда осындай шара қабылданғаннан кейін алты айдан кешіктірмей, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мұндай басқаға беру туралы жазбаша хабарлама алғаннан күннен бастап отыз күн өткеннен кейін өтініш беруші - Уағдаласушы тараппен бастапқыда келісілген едәуір тең бағалы басқаға беруді алып қою құқығы болады.
      (b) Егер бірінші кезекте мүдделі Уағдаласушы тараптардың арасында келісімге қол жеткізілсе, бірақ осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындама бойынша басқаға беруде едәуір мүдделі кез келген басқа Уағдаласушы тарап қанағаттанбаса, онда осы басқа Уағдаласушы тарап осы Келісім бойынша шаралар қабылданғаннан кейін алты айдан кешіктірмей, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мұндай басқаға балып қою туралы жазбаша хабарлама алғаннан күннен бастап отыз күн өткеннен кейін өтініш беруші - Уағдаласушы тараппен бастапқыда келісілген едәуір тең бағалы басқаға берулерді алып қоюға құқылы болады.
      4. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мына рәсімдер мен шарттарды сақтай отырып, кез келген уақытта, ерекше жағдайларда, Уағдаласушы тарапқа осы Келісімге қоса берілген тиісті Тізбеге енгізілген басқаға беруді өзгерту немесе алып қою туралы келіссөздерге түсуге рұқсат етуі мүмкін <*>:
      (а) Мұндай келіссөздер және олармен байланысты кез келген консультациялар осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      (b) Егер бірінші кезекте мүдделі уағдаласушы тараптардың арасында келіссөздер кезінде келісімге қол жеткізілсе, онда осы баптың 3 (b) тармағының ережелері қолданылуы тиіс.
      (с) Егер бірінші кезекте мүдделі уағдаласушы тараптардың арасында келіссөздер рұқсат етілгеннен кейін алпыс күн ішінде <*> немесе Уағдаласушы тараптар ұйғаруы мүмкін одан да ұзақ уақыт ішінде келісімге қол жеткізілмесе, онда өтініш беруші - уағдаласушы тарап істі УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ қарауына беруі мүмкін.
      (d) Мұндай беруден кейін УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мәселені тез қарауға және келісімге қол жеткізу мақсатында бірінші кезекте мүдделі Уағдаласушы тараптарға өз пікірлерін хабарлайды. Егер келісімге қол жеткізілсе, онда бірінші кезекте мүдделі Уағдаласушы тараптардың арасында келісімге қол жеткізілгендегідей 3(b) тармақтың ережелері қолданылады. Егер бірінші кезекте мүдделі Уағдаласушы тараптардың арасында келісімге қол жеткізілмесе, онда егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР өтініш беруші - уағдаласушы тарап жеткілікті өтемақыны негізсіз ұсынбады деп айқындамаса ғана, өтініш беруші - Уағдаласушы тарап басқаға беруді өзгертуі немесе алып қоюы мүмкін <*>. Егер мұндай шара қабылданса, онда басқаға беру бастапқыда келісілген кез келген уағдаласушы тарап, 4 «a» тармаққа сәйкес айқындама бойынша бас өнім беруші ретінде мүдделі кез келген Уағдаласушы тарап және 4 «a» тармаққа сәйкес айқындама бойынша басқаға беруге едәуір мүдделі кез келген уағдаласушы тарап осындай шара қабылданғаннан кейін алты айдан кешіктірмей, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мұндай алып қою туралы жазбаша хабарлама алғаннан күннен бастап отыз күн өткеннен кейін өтініш беруші - уағдаласушы тараппен бастапқыда келісілген едәуір тең бағалы басқаға берулерді өзгерте алады немесе алып қоя алады.
      5. Уағдаласушы тарап 1958 жылғы 1 қаңтарға дейін және 1-тармақта көзделген кез келген кезең өткенге дейін Уағдаласушы тараптарға хабарлау арқылы келесі кезең ішінде 1-3-тармақтарда көзделген рәсімге сәйкес тиісті Тізбесі өзгерту құқығын өзіне қалдыруды шешуі мүмкін. Егер Уағдаласушы тарап осындай шешім қабылдаса, онда басқа Уағдаласушы тараптардың сол кезеңнің ішінде осындай рәсімдерге сәйкес осы Уағдаласушы тараппен бастапқыда келісілген басқаға беруі өзгертуге немесе алып қоюға құқығы бар.

XXVIII BIS БАП
Тарифтер туралы келіссөздер

      1. Уағдаласушы тараптар кедендік баждар сауда үшін елеулі кедергілерді жиі келтіретінін мойындайды; тиісінше, тарифтердің және импорт пен экспортқа басқа да алымдардың жалпы деңгейін елеулі түрде төмендетуге, атап айтқанда, тіпті ең аз көлемде әкелуге кедергі келтіретін жоғары тарифтерді төмендетуге бағытталған және осы Келісімнің мақсаттарын және жекелеген Уағдаласушы тараптардың әртүрлі қажеттіліктерін тиісті түрде ескере отырып, жүргізілетін өзара және өзара тиімді негіздегі келіссөздердің халықаралық сауданы кеңейту үшін үлкен маңызы бар, сондықтан, Уағдаласушы тараптар мұндай келіссөздердің мезгіл-мезгіл жүргізілуін ұйымдастыруы мүмкін.
      2. (а) Осы бапта көзделген келіссөздер іріктемелі тауарлық тәсіл негізінде немесе мүдделі Уағдаласушы тараптар қабылдауы мүмкін көпжақты рәсімдерді қолдану жолымен жүргізілуі мүмкін. Мұндай келіссөздер баждарды төмендетуге, баждарды қолданыстағы деңгейде бекітуге немесе жекелеген баждар немесе белгілі бір тауарлар санаттарына баждардың орташа мөлшері нақты деңгейден аспайтындығы туралы міндеттемелерді қабылдауға бағытталуы мүмкін. Төмен баждарды арттыруға немесе бажсыз режимге қарсы бекіту, негізінде, өз мәні бойынша жоғары баждарды төмендетуге тең бағалы басқаға беру ретінде танылады.
      (b) Уағдаласушы тараптар, әдетте, көпжақты келіссөздердің табыстылығы оған өзара өзінің жалпы сыртқы сауда айналымының айтарлықтай бөлігін жүзеге асыратын барлық Уағдаласушы тараптардың қатысуына байланысты болатынын мойындайды.
      3. Келіссөздер мыналарды назарға алу үшін тиісті мүмкіндіктер беретін негізде жүргізіледі <*>:
      (а) жекелеген Уағдаласушы тараптардың және жекелеген өнеркәсіп салаларының қажеттіліктері;
      (b) дамуы төмен елдердің экономикалық дамуына жәрдемдесу үшін тарифтік қорғауды икемді пайдалануға қажеттілігі және осы елдердің табыс алу мақсаттары үшін тарифтерді сақтауға ерекше мұқтаждығы; және
      (с) экономикалық дамытуға жататын фискалдық, стратегиялық және Уағдаласушы тараптарда бар басқа да міндеттемелерді қоса алғанда, барлық басқа тиісті міндеттемелер.

XXIX БАП
Осы келісімнің Гавана жарғысына қатысы

      1. Уағдаласушы тараптар олардың конституциялық рәсімдеріне сәйкес өздерінің осы Жарғыны қабылдауына дейін Гавана жарғысының I-ден VI-ке дейінгі тарауларының және IX тарауының жалпы қағидаттарын атқарушы биліктің толық көлемде сақтауына міндеттеме алады <*>.
      2. Осы Келісімнің II бөлігінің қолданылуы Гавана жарғысы күшіне енген күні тоқтатылады.
      3. Егер 1949 жылғы 30 қыркүйекке қарай Гавана жарғысы күшіне енбесе, Уағдаласушы тараптар осы Келісімге түзетулер мен толықтырулар енгізілетіні, не енгізілмейтініне, не оның өзгеріссіз сақталуына қатысты келісімге келу үшін 1949 жылғы 31 желтоқсанға дейін жиналады.
      4. Егер қандай да бір кезеңде Гавана жарғысы күшін жоғалтса, одан кейін УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы Келісімнің толықтырылуына немесе оған түзетулер енгізілетініне не оның өзгеріссіз сақталуына қатысты келісімге келу үшін жиналады. Осындай уағдаластыққа қол жеткізгенге дейін, XXIII баптан басқа, ІІ бөліктің ережелері Гавана жарғысында баяндалған түрінде «mutatis mutandis» ережелерімен алмастырылған жағдайда; сондай-ақ ешқандай Уағдаласушы тарап Гавана жарғысы күшін жоғалтқан кезде оған міндетті болмаған ешқандай ережелермен байланысты болмаған жағдайда, Келісімнің ІІ бөлігі қайта күшіне енеді.
      5. Егер қандай да бір Уағдаласушы тарап Гавана жарғысын ол күшіне енген кезге қарай қабылдамаса, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы Келісімге толықтырулар мен түзетулер енгізілуге тиіс не тиіс еместігіне қатысты келісу үшін жиналады, себебі Келісім осындай Уағдаласушы тарап пен басқа да Уағдаласушы тараптар арасындағы қатынастарға осы Келісімнің ІІ және ІІІ бөліктерінің ережелеріне осындай уағдаластықпен қол жеткізуге дейін әсер етеді, осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, осындай Уағдаласушы тарап пен басқа да Уағдаласушы тараптардың арасында қолданыла береді.
      6. Халықаралық сауда ұйымының мүшелері болып табылатын Уағдаласушы тараптар Гавана жарғысының қандай да бір ережесінің қолданылуына кедергі келтіру үшін осы Келісімнің ережесіне сілтеме жасамайды. Халықаралық сауда ұйымының мүшесі болып табылмайтын қандай да бір уағдаласушы тарапқа осы тармақтың негізінде жатқан қағидатты қолдану осы баптың 5-тармағына сәйкес уағдаластықтың нысанасы болып табылады.

XXX БАП
Түзетулер

      1. Келісімді өзгерту туралы шарт осы Келісімнің басқа жерлерінде көзделген жағдайлардан басқа, осы Келісімнің І бөлігінің ережелеріне немесе XXIX баптың немесе осы баптың ережелеріне енгізілген түзетулер оларды барлық Уағдаласушы тараптар қабылдағаннан кейін қолданылады, ал осы Келісімге басқа түзетулер Уағдаласушы тараптардың үштен екі бөлігі қабылдағаннан кейін, ал одан кейін әрбір басқа Уағдаласушы тарапқа қатысты олар осы түзетулерді қабылдағаннан кейін оларды қабылдайтын Уағдаласушы тараптарға қатысты күшіне енеді.
      2. Осы Келісімге түзетуді қабылдайтын кез келген Уағдаласушы тарап қабылдау туралы құжатты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысында УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР белгілейтін мерзімнің ішінде сақтайды. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы бапқа сәйкес күшіне енетін түзету оны УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР ұйғарған мерзімде қабылдамаған Уағдаласушы тарап осы Келісімнен шығуға не УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ келісімімен Уағдаласушы тарап болып қалуға құқылы болады.

XXXI БАП
Келісімнен шығу

      XVIII баптың 12-тармағының, XXIII баптың немесе XXX баптың 2-тармағының ережелеріне залал келтірмей, кез келген Уағдаласушы тарап осы Келісімнен шыға алады немесе өзі халықаралық жауапкершілікте болатын және сол уақытта барлық сыртқы сауда қатынастарын жүргізуде, сондай-ақ осы Келісімде көзделген басқа мәселелерге қатысты толық тәуелсіздікті пайдаланатын қандай да бір жекелеген кеден аумағының атынан шығуды жеке жүзеге асыра алады. Келісімнен шығу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы осындай шығу туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап алты ай өткеннен соң күшіне енеді.

XXXII БАП
Уағдаласушы тараптар

      1. Осы Келісімнің Уағдаласушы тараптары деп XXVI немесе XXXIII баптарға сәйкес немесе Уақытша қолдану туралы хаттаманың күшіне байланысты осы Келісімнің ережелерін қолданатын үкіметтер түсініледі.
      2. XXVI баптың 6-тармағына сәйкес осы Келісім күшіне енгеннен кейін кез келген уақытта XXVI баптың 4-тармағына сәйкес осы Келісімді қабылдаған Уағдаласушы тараптар оны осындай түрде қабылдамаған кез келген Уағдаласушы тарап Уағдаласушы тарап болуды тоқтатуға тиіс деп шешуі мүмкін.

XXXIII БАП
Қосылу

      Осы Келісімнің тарапы болып табылмайтын үкімет немесе өзінің сыртқы сауда қатынастарын жүзеге асыруда және осы Келісімде көзделген басқа да мәселелерге қатысты толық тәуелсіздігі бар жеке кеден аумағы атынан әрекет ететін үкімет осы Келісімге өз атынан немесе осындай үкімет пен УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ арасында келісілуге жататын шарттармен осындай аумақтың атынан қосылуы мүмкін. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ осы тармаққа сәйкес шешімдері үштен екі көпшілік дауыспен қабылданады.

XXXIV БАП
Қосымшалар

      Осы Келісімге қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.

XXXV БАП
Жекелеген уағдаласушы тараптар арасында келісімнің қолданылмауы

      1. Осы Келісімді не осы Келісімнің ІІ бабын қандай да бір уағдаласушы тарап және қандай да бір басқа уағдаласушы тарап арасында, егер:
      (а) екі уағдаласушы тарап өзара тарифтік келіссөздер жүргізбеген болса, және
      (b) олардың біреуі екіншісі уағдаласушы тарап болған уақытта мұндай қолдануға келісім бермесе қолданылмайды.
      2. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР жекелеген жағдайларда кез келген Уағдаласушы тараптың өтініші бойынша осы баптың қолданылуын қарауы және тиісті ұсынымдар шығаруы мүмкін.

IV БӨЛІМ
САУДА ЖӘНЕ ДАМУ* XXXVI БАП
Қағидаттары және мақсаттары

      1<*>. Уағдаласушы тараптар
      (а) осы Келісімнің негізгі мақсаттары барлық уағдаласушы тараптардың өмір сүру деңгейін арттыруды және экономикасын үздіксіз дамытуды қамтитынын мойындай отырып және осы мақсаттарға қол жеткізу дамуы төмен уағдаласушы тараптар үшін ерекше маңызды болып табылады деп есептей отырып;
      (b) дамуы төмен уағдаласушы тараптардың экспорт түсімі олардың экономикалық дамуында өмірлік маңызды орын алады және мұндай салымның мөлшері дамуы төмен уағдаласушы тараптардың негізгі импорт тауарлары үшін төлейтін бағасына, олардың экспорт көлеміне, сондай-ақ осы экспорт тауарлары үшін алынатын бағаға байланысты деп есептей отырып;
      (с) дамуы төмен елдердің өмір сүру деңгейі мен басқа елдердегі өмір сүру деңгейі арасында үлкен айырма бар екенін көрсете отырып;
      (d) жеке және бірлескен іс-қимылдардың дамуы төмен уағдаласушы тараптардың одан әрі дамуы үшін және осы елдердің өмір сүру деңгейін тез жақсартуға қол жеткізу үшін маңызды екендігін мойындай отырып;
      (е) халықаралық сауда экономикалық және әлеуметтік прогреске қол жеткізу құралы ретінде мұндай қағидалармен және рәсімдермен, сондай-ақ осы бапта баяндалған мақсаттармен үйлесімді қағидалар мен рәсімдерге сәйкес шаралармен реттелуі тиіс екендігін мойындай отырып;
      (f) УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР дамуы төмен уағдаласушы тараптарға олардың саудасы мен дамуына жәрдемдесу үшін арнайы шараларды пайдалануға мүмкіндік бере алатындығын көрсете отырып;
      мыналар туралы келіседі:
      2. Дамуы төмен Уағдаласушы тараптардың экспортынан түсетін түсімдерді тез әрі үнемі ұлғайту қажеттігі бар.
      3. Дамуы төмен Уағдаласушы тараптардың халықаралық сауда өсуінде олардың экономикалық даму мұқтаждықтарына сәйкес келетін өз үлесін қамтамасыз етуіне бағытталған оң жағдайлардың қажеттігі бар.
      4. Көптеген дамуы төмен уағдаласушы тараптардың шектеулі шикізат тауарларының* экспортына тәуелділігі кезінде осы тауарлардың әлемдік нарыққа қол жеткізуіне барынша қолайлы және оңтайлы жағдайларды барынша ықтимал дәрежеде қамтамасыз ету қажеттігі бар, сондай-ақ бұл орынды болған жерде, осы тауарлар үшін әлемдік нарықтардың жағдайын тұрақтандыру және жақсартуға бағытталған шараларды, атап айтқанда, оның ішінде тұрақты, әділ және тиімді бағаларға қол жеткізуге бағытталған шараларды әзірлеу, осылайша әлемдік сауда мен сұранысты кеңейтуді, сондай-ақ олардың экономикалық дамуы үшін кеңейіп келе жатқан көздерді қамтамасыз ету үшін осы елдердің экспортынан түсетін нақты түсімдердің серпінді әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету қажет.
      5. Дамуы төмен уағдаласушы тараптардың экономикасын шапшаң дамыту олардың экономикасының құрылымын әртараптандыру*, сондай-ақ шикізат тауарларының экспортына аса тәуелділігін болдырмау арқылы жеңілдетілетін болады. Сондықтан қазіргі уақытта немесе болашақта дамуы төмен уағдаласушы тараптар үшін экспорт тұрғысынан ерекше қызығушылық туғызатын жартылай фабрикаттар мен өнеркәсіптік тауарлардың қолайлы жағдайларда нарыққа қол жеткізуін барынша мүмкін деңгейде ұлғайту қажеттігі туындап отыр.
      6. Дамуы төмен уағдаласушы тараптарда экспорт кірістерінің және басқа да шетелдік валюта түсімдерінің үнемі тапшылығы салдарынан олардың дамуы үшін сауда мен қаржылай көмек арасындағы өзара байланыстың маңызы зор. Сондықтан УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мен халықаралық кредит мекемелері арасында дамуы төмен Уағдаласушы тараптар өзінің экономикалық даму мүддесі үшін өзі қабылдаған ауыртпалықты жеңілдетуге тиімді жәрдемдесу үшін тығыз және тұрақты ынтымақтастық қажет.
      7. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ, басқа да үкіметаралық органдардың арасында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің қызметі дамуы төмен елдердің саудасымен және экономикалық дамуымен байланысты органдары мен мекемелері арасында тиісті дәрежедегі ынтымақтастық қажеттігі бар.
      8. Дамыған уағдаласушы тараптар тарифтерді және дамуы төмен уағдаласушы тараптардың саудасы үшін басқа да кедергілерді азайту немесе жою туралы сауда келіссөздерінде өздеріне алған міндеттемелері бойынша өзара кепілдікті* күтпейді.
      9. Осы қағидаттар мен мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қабылдау Уағдаласушы тараптардың тарапынан жеке, сол сияқты бірлескен саналы және мақсатты күш салудың нысанасы болып табылады.

XXXVII БАП
Міндеттемелер

      1. Дамыған уағдаласушы тараптар барынша мүмкін дәрежеде, яғни белгісіз себептермен мұны істеу мүмкін болмайтын жағдайларды, оның ішінде заңды сипаттағы себептерді қоспағанда, мына ережелерді жүзеге асырады:
      (а) дамуы төмен уағдаласушы тараптар үшін қазіргі уақытта немесе болашақта экспорты ерекше қызығушылық туғызатын тауарларға кедергілерді, оған қоса кедендік баждар мен шикізат түрінде, сол сияқты өңделген түрінде осындай тауарларға қатысты барынша ерекшеленетін басқа да шектеулерді азайтуға және алып тастауға баса көңіл бөледі*;
      (b) дамуы төмен уағдаласушы тараптар үшін қазіргі уақытта немесе болашақта экспорты ерекше қызығушылық туғызатын тауарларға кедендік баждар немесе тарифтік емес импорттық кедергілер енгізуден немесе арттырудан бас тартады; және
      (с) (i) жаңа фискалдық шаралардан бас тартады, және
      (ii) фискалдық саясаттағы кез келген өзгерістер кезінде бірінші кезекте толығымен немесе негізінен дамуы төмен уағдаласушы тараптардың аумағында өндірілген және дәл осы тауарларға жататын шикізат тауарларын шикізат немесе өңделген түрінде тұтынудың өсуіне айтарлықтай дәрежеде кедергі болуы немесе кедергі келтіруі мүмкін фискалдық шараларды азайтуға және жоюға көңіл бөлінеді.
      2. (а) 1-тармақтың (а), (b), (с) тармақшаларының қандай да бір ережелері орындалмады деп саналған кез келген жағдайда ол туралы мәселені УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫҢ назарына тиісті ережелерді жүзеге асырмаған Уағдаласушы тарап не кез келген басқа мүдделі Уағдаласушы тарап жеткізуге тиіс.
      (b) (i) УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР кез келген мүдделі уағдаласушы тараптың өтініші бойынша және кез келген екіжақты консультацияларға залал келтірмей, XXXVI бапта баяндалған масқаттарға қол жеткізуге жәрдемдесу үшін барлық мүдделі уағдаласушы тараптарды қанағаттандыратын шешімдерге қол жеткізу мақсатында осы мәселе бойынша тиісті уағдаласушы тараппен және барлық мүдделі уағдаласушы тараптармен консультация өткізеді. Мұндай консультациялар барысында 1-тармақтың (а), (b) немесе (с) тармақтарының ережелері қандай себептер бойынша орындалмағаны қаралады.
      (ii) 1-тармақтың (а), (b) немесе (с) тармақтарының ережелерін жекелеген Уағдаласушы тараптардың жүзеге асыруы басқа дамыған Уағдаласушы тараптармен бірлескен іс-қимылдар қабылданатын кезде кей жағдайларда жеңілірек болатындықтан, қажет болған жағдайда мұндай консультацияларды осы мақсатқа қол жеткізуге бағыттауға болатын еді.
      (iii) УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР жүргізетін консультацияларды, қажет болған жағдайларда, XXV баптың 1-тармақта көзделгендей, осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында бірлескен іс-қимылдар туралы келісімге қол жеткізуге бағыттауға да болатын еді.
      3. Дамыған уағдаласушы тараптар:
      (а) үкімет дамуы төмен уағдаласушы тараптардың аумағына толығымен немесе негізінен дайындалған өнімдерді қайта сату бағасын тікелей немесе жанама түрде белгілеген жағдайларда сауда пайдасын әділ деңгейде ұстап тұру мақсатында бар күшін салады;
      (b) дамуы төмен уағдаласушы тараптардан импортты дамытудың үлкен ауқымын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шараларды қабылдауды* белсенді түрде қарастырады, сондай-ақ осы бағыттағы тиісті халықаралық қызметте ынтымақтастық жасайды;
      (с) нақты проблемаларды шешу үшін осы Келісімге сәйкес рұқсат етілетін басқа шараларды қолдануды қарастыру кезінде дамуы төмен уағдаласушы тараптардың сауда мүддесіне ерекше көңіл бөледі, сондай-ақ егер олар осы Уағдаласушы тараптардың елеулі мүдделерін қозғайтын болса, осындай шараларды қолданғанға дейін конструктивті іс-шаралардың барлық мүмкіндіктерін зерделейді.
      4. Дамуы төмен уағдаласушы тараптар басқа да дамуы төмен уағдаласушы тараптардың саудасы мүддесіне орай IV бөлімнің ережелерін жүзеге асыру бойынша тиісті іс-қимылдарды қабылдауға бұл іс-қимылдардың олардың өткен саудасының дамуын, сондай-ақ, тұтас алғанда, дамуы төмен уағдаласушы тараптардың сауда мүдделерін ескере отырып, олардың қазіргі және болашақтағы жеке дамуымен, қаржы және сауда қажеттіліктерімен үйлесуі тиіс шамада келісім береді.
      5. 1-ден бастап 4-ке дейінгі тармақтарда баяндалған міндеттемелерді орындау кезінде әрбір уағдаласушы тарап басқа мүдделі Уағдаласушы тарапқа немесе уағдаласушы тараптарға кез келген проблема немесе туындауы мүмкін қиындық бойынша осы Келісімнің әдеттегі рәсіміне сәйкес толық және жылдам консультация беру мүмкіндігін ұсынады.

XXXVIII БАП
Бірлескен іс-қимылдар

      1. Уағдаласушы тараптар осы Келісімнің шеңберінде XXXVI бапта баяндалған мақсаттардың орындалуына жәрдемдесу мақсатында қажет болған барлық жағдайларда бірлескен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      2. Атап айтқанда, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР:
      (а) қажет болғанда іс-қимылдарды, оған қоса дамуы төмен уағдаласушы тараптар үшін ерекше қызығушылық туғызатын шикізат тауарларының әлемдік нарықтарға қол жеткізуіне жақсартылған және қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық уағдаластықтар арқылы іс-қимылдарды қабылдайды, сондай-ақ осы тауарлар үшін әлемдік нарықтағы жағдайларды тұрақтандыруға және жақсартуға бағытталған шараларды, оған қоса осындай өнімдердің экспортына тұрақты, әділ және тиімді бағаларға қол жеткізуге бағытталған шараларды әзірлейді;
      (b) Біріккен Ұлттар Ұйымымен және оның органдарымен және мекемелерімен, оған қоса Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының ұсынымдары негізінде құрылуы мүмкін кез келген мекемелермен сауда және даму саясаты мәселелері бойынша тиісті ынтымақтастыққа ұмтылады;
      (с) жекелеген дамуы төмен уағдаласушы тараптардың даму жоспарлары мен саясатын талдау кезінде, экспорттық әлеуетті дамытуға жәрдемдесуге арналған нақты шараларды әзірлеу және осындай жолмен құрылған кәсіпорындар тауарларының экспорттық нарықтарға қол жеткізуін жеңілдету мақсатында сауда мен көмектің өзара қарым-қатынасын зерделеу кезінде ынтымақтастық жасайды және осыған байланысты үкіметтермен және халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда, экономикалық даму үшін қаржылай көмекке қатысты өкілеттіктері бар ұйымдармен жекелеген дамуы төмен уағдаласушы тараптарда экспорттық әлеуетті, нарықтық перспективаларды және талап етілуі мүмкін кез келген алдағы іс-қимылдарды нақты талдауға бағытталған сауда мен көмектің өзара қарым-қатынасын жүйелі түрде зерделеуде қажетті ынтымақтастық орнатуға ұмтылады;
      (d) дамуы төмен уағдаласушы тараптарда сауданың өсу қарқынына ерекше көңіл бөліп, әлемдік сауданың дамуын үнемі бақылап отырады және Уағдаласушы тараптарға нақты жағдайларда тиімді болып саналатын ұсынымдар жасайды;
      (е) халықаралық келісу және ұлттық саясат пен қаулыларды реттеу арқылы, өндіріске, тасымалдауға және өткізуге әсер ететін техникалық және коммерциялық стандарттар арқылы, сондай-ақ сауда ақпаратының ағымын ұлғайту және нарықтарды зерделеуді дамыту үшін тиісті құралдар жасау есебінен экспортқа жәрдемдесу арқылы экономикалық даму мақсатында сауданы кеңейтудің жүзеге асырылатын әдістерін іздестіруде ынтымақтастық жасайды; және
      (f) XXXVI бапта баяндалған мақсаттардың орындалуына жәрдемдесу үшін, сондай-ақ осы бөлімнің ережелерін орындау үшін қажетті боулы мүмкін ұйымдастыру шектерін белгілейді.

А қосымшасы

1 БАПТЫҢ 2 (а) ТАРМАҒЫНДА АЙТЫЛҒАН АУМАҚТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

      Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі
      Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің тәуелді аумақтары
      Канада
      Австралия Федерациясы
      Австралия Федерациясының тәуелді аумақтары
      Жаңа Зеландия
      Жаңа Зеландияның тәуелді аумақтары
      Оңтүстік Батыс Африканы қоса алғанда, Оңтүстік Африка Одағы
      Ирландия
      Үндістан (1947 жылғы 10 сәуірдегі жай-күйі бойынша)
      Ньюфаундленд
      Оңтүстік Родезия
      Бирма
      Цейлон
      Жоғарыда тізбеленген кейбір аумақтарда кейбір тауарлардың екі және одан көп қолданыстағы преференциялық мөлшерлемелері бар. Кез келген мұндай аумақ қолайлы жағдай жасайтын ұлттың мөлшерлемесі бойынша осындай тауарлардың негізгі өнім берушілері болып табылатын басқа да уағдаласушы тараптардың келісімі бойынша мұндай преференциялық мөлшерлемелерді бірыңғай преференциялық мөлшерлемемен алмастыра алады, ол тұтас алғанда қолайлы жағдай жасайтын ұлттың мөлшерлемесін пайдаланатын өнім берушілер үшін осындай алмастыруға дейін күшінде болған преференцияларға қарағанда қолайсыз болмауы мүмкін.
      Осы Қосымшада тізбеленген екі немесе одан көп аумақтардың арасында ғана 1947 жылғы 10 сәуірде болған ішкі салықтағы преференциялық айырмашылықтың орнына немесе келесі параграфта аталған преференциялық сандық келісімдердің орнына тең бағалы преференциялық айырмашылықтың белгілеу преференциялық айырмашылықты ұлғайту ретінде қарастырылмауға тиіс.
      XIV баптың 5(b) тармағында аталған преференциялық келісімдер 1947 жылғы 10 сәуірде Біріккен Корольдікте болған, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия үкіметтерінің шарттық келісімдері бойынша салқындатылған және мұздатылған сиыр еті мен бұзау етіне, мұздатылған қой еті мен қозы етіне, салқындатылған және мұздатылған шошқа етіне, сол сияқты беконға қатысты келісімдер болып табылады. Келісімнің ниетіне XX баптың (h)7 тармағына сәйкес қабылданған кез келген іс-қимылға залал келтірмей, осы келісімдерді болдырмау немесе тарифтік преференциялармен алмастыру үшін және осы мақсаттағы келіссөздерді осыған едәуір мүдделі тараптардың арасында барынша тез жасау кіреді.
      1947 жылғы 10 сәуірде Жаңа Зеландияда қолданылған фильмдерді прокатқа беру салығы осы Келісімнің мақсаттары үшін 1-бапқа сәйкес кеден бажы ретінде қарастырылуға тиіс. 1947 жылғы 10 сәуірде Жаңа Зеландияда қолданылған кинофильмдерге квота осы Келісімның мақсаттары үшін IV баптың қолданысына түсетін көрсету квотасы ретінде қарастырылуға тиіс.
      Доминион Үндістан және Пәкістан жоғарыда аталған тізімде жеке көрсетілген жоқ, себебі олар 1947 жылғы 10 сәуірде болған жоқ.
__________________
7 Түпнұсқа мәтінде «I (h) бөлім» туралы қате айтылған.

В қосымшасы

1 БАПТЫҢ 2 (b) ТАРМАҒЫНДА АЙТЫЛҒАН ФРАНЦУЗ ОДАҒЫ АУМАҚТАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ

      Франция
      Француз Экватор Африкасы (Конго өзенінің Шартты Алабы8 және басқа да аумақтар)
      Француз Батыс Африкасы
      Француз қамқорлығындағы Камерун8
      Сомали Француз жағалауы және тәуелді аумақтар
      Океаниядағы Француз иеліктері
      Кондоминиумдегі Француз иеліктері - Жаңа Гебридтер8
      Үндіқытай
      Мадагаскар және тәуелді аумақтар
      Марокко (француз аймағы)8
      Жаңа Каледония және тәуелді аумақтар
      Сен-Пьер және Микелон
      Француз қамқорлығындағы Того8
      Тунис
______________________
8 Француз метрополиясына және Француз одағының аумағына импорттау үшін.

С қосымшасы

1 БАПТЫҢ 2 (b) ТАРМАҒЫНДА АЙТЫЛҒАН БЕЛьГИЯ, ЛЮКСЕМБУРГ ЖӘНЕ
НИДЕРЛАНД КЕДЕН ОДАҒЫНА ҚАТЫСТЫ АУМАҚТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

      Бельгия және Люксембург Экономикалық Одағы
      Бельгия Конгосы
      Руанда Урунди
      Нидерланд
      Жаңа Гвинея
      Суринам
      Нидерланды Антиль аралдары
      Индонезия Республикасы
      Кеден одағын құрайтын аумақтардағы импорт үшін ғана.

D қосымшасы

1 БАПТЫҢ 2 (b) ТАРМАҒЫНДА АЙТЫЛҒАН, АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНА
ҚАТЫСТЫ АУМАҚТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

      Америка Құрама Штаттары (кеден аумағы)
      Америка Құрама Штаттарының тәуелді аумақтары
      Филиппин Республикасы
      Осы Қосымшада санамаланған екі немесе одан да көп аумақтардың арасында ғана 1947 жылғы 10 сәуірде қолданылған ішкі салықтағы преференциялық айырмашылықтың орнына тең бағалы преференциялық айырмашылықты белгілеу преференциялық айырмашылықты ұлғайту ретінде қарастырылмауға тиіс.

Е қосымшасы

ЧИЛИ ЖӘНЕ I БАПТЫҢ 2(d) ТАРМАҒЫНДА АЙТЫЛҒАН КӨРШІЛЕС ЕЛДЕРДІҢ
АРАСЫНДА ЖАСАЛҒАН ПРЕФЕРЕНЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР ҚОЛДАНЫЛАТЫН
АУМАҚТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

      Бір тараптан тек Чили және екінші тараптан
      1. Аргентина
      2. Боливия
      3. Перу арасында қолданылатын преференциялар.

F қосымшасы

ЛИВАН, СИРИЯ ЖӘНЕ I БАПТЫҢ 2(d) ТАРМАҒЫНДА АЙТЫЛҒАН КӨРШІЛЕС
ЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ПРЕФЕРЕНЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР ҚОЛДАНЫЛАТЫН
АУМАҚТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

      Бір тараптан Ливан-Сирия кеден одағы және екінші тараптан
      1. Палестина
      2. Трансиордания арасында ғана қолданылатын преференциялар.

G қосымшасы

I БАПТЫҢ 49-ТАРМАҒЫНДА АТАЛҒАН БАРЫНША ПРЕФЕРЕНЦИЯЛЫҚ
АЙЫРМАЛАРДЫ БЕЛГІЛЕУ КҮНДЕРІ

      Аустралия - 1946 жылғы 15 қазан
      Канада - 1939 жылғы 1 шілде
      Франция - 1939 жылғы 1 қаңтар
      Ливан-Сирия Кеден Одағы – 1938 жылғы 30 қараша
      Оңтүстік Африка Одағы – 1938 жылғы 1 шілде
      Оңтүстік Родезия – 1941 жылғы 1 мамыр
___________________
9 Түпнұсқа мәтінде «3 тармақ» туралы қате айтылған.

H қосымшасы

XXVI БАПТА АЙТЫЛҒАН АЙҚЫНДАМА КЕЗІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ЕЛДЕРДІҢ
БАРЛЫҚ СЫРТҚЫ САУДА КӨЛЕМІНЕ ҚАТЫСУЫНЫҢ ПАЙЫЗБЕН БЕЛГІЛЕНГЕН ҮЛЕСІ
(1949-1953 Жылдардағы ОРТАША МӘНДЕРІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН)

      Егер Жапония Үкіметі Бас Келісімге қосылғанға дейін 1-бағанға сәйкес сыртқы саудасына XXVI баптың 6-тармағында көрсетілген сауда пайызы тиесілі елдер болса, онда 1-баған осы параграфта көрсетілген мақсаттарда қолданылатын болады. Егер осы Келісімді оған Жапония Үкіметі қосылғанға дейін қабылданбайтын болса, онда осы тармақтың мақсаттары үшін II баған қолданылатын болады.
 



I баған:
(1955 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Уағдаласушы тараптар)

II баған:
(1955 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Уағдаласушы тараптар және Жапония)

Аустралия

3.1

3.0

Аустрия

0.9

0.8

Бельгия - Люксембург

4.3

4.2

Бразилия

2.5

2.4

Бирма

0.3

0.3

Канада

6.7

6.5

Цейлон

0.5

0.5

Чили

0.6

0.6

Куба

1.1

1.1

Чехословакия

1.4

1.4

Дания

1.4

1.4

Доминикан Республикасы

0.1

0.1

Финляндия

1.0

1.0

Франция

8.7

8.5

Германия, Федеративтік Республика

5.3

5.2

Греция

0.4

0.4

Гаити

0.1

0.1

Үндістан

2.4

2.4

Индонезия

1.3

1.3

Италия

2.9

2.8

Нидерланд, Корольдік

4.7

4.6

Жаңа Зеландия

1.0

1.0

Никарагуа

0.1

0.1

Норвегия

1.1

1.1

Пәкістан

0.9

0.8

Перу

0.4

0.4

Родезия және Ньяссаленд

0.6

0.6

Швеция

2.5

2.4

Түркия

0.6

0.6

Оңтүстік Африка Одағы

1.8

1.8

Біріккен Корольдік

20.3

19.8

Америка Құрама Штаттары

20.6

20.1

Уругвай

0.4

0.4

Жапония

-

2.3


100.0

100.0

      ЕСКЕРТПЕ: Осы пайыздар Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісім қолданылатын барлық аумақтардың саудасын ескере отырып, есептелген.

I қосымша

ЕСКЕРТУЛЕР МЕН ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР I бапқа

      1-тармақ
      III баптың 2 және 4-тармақтарына сілтеме жасау арқылы I баптың 1-тармағына енгізілген міндеттемелер, сондай-ақ VI бапқа сілтеме жасау арқылы II баптың 2(b) тармағына енгізілген міндеттемелер Уақытша қолдану туралы хаттама мақсаттары үшін Келісімнің ІІ бөлігіне қатысты қарастырылады.
      Тікелей алдыңғы абзацтағы және I баптың 1-тармақтағы III баптың 2 және 4-тармақтарына сілтемелер 1948 жылғы 14 қыркүйектегі Хаттамада көзделген ГАТТ Тарифтер және сауда жөніндегі 1948 ж. 14 қыркүйектегі Бас келісімнің XXVI баптың II бөлігін өзгерту туралы толықтырудың күшіне енуімен ІІІ бапты өзгерткеннен кейін ғана қолданылады.10
      4-тармақ
      «Преференциялық айырма» термині мөлшерлемелер арасындағы пропорционалды қатынасты емес, ең қолайлы баж мөлшерлемесі мен ұқсас тауардың преференциялық бажының мөлшерлемесі арасындағы абсолюттік шамадағы айырманы білдіреді, мысалы:
      (1) Егер ең қолайлы мөлшерлеме 36% ad valorem болса, ал преференциялық мөлшерлеме 24% ad valorem болса, онда преференциялық айырма ең қолайлы мөлшерлеменің үштен бірін емес, 12% ad valorem құрайтын еді.
      (2) Егер ең қолайлы мөлшерлеме 36% ad valorem болса, ал преференциялық мөлшерлеме ең қолайлы мөлшерлеменің үштен екісі ретінде көрсетілген болса, онда преференциялық айырма 12% ad valorem құрайды.
      (3) Егер ең қолайлы мөлшерлеме килограмына 2 франктен болса, ал преференциялық мөлшерлеме килограмына 1,50 франк болса, онда преференциялық айырма килограмына 0,50 франкке тең болар еді.
      Рәсімнің белгіленген бірыңғай қағидаларына сәйкес қабылданатын кедендік шаралардың төмендегі санаттары преференциялық айырмаларды жалпы бекітуге қайшы келмейді:
      (i) Импортталатын тауарға қатысты осындай тауар үшін осындай жіктемені немесе мөлшерлемені қолдану уақытша тоқтатылған немесе 1947 жылғы 10 сәуірде қолданылмаған жағдайларда осындай тауарға тиісті дәрежеде қолданылатын тарифтік жіктемені немесе баж мөлшерлемесін қайта қолдану; және
      (ii) Кедендік тариф туралы заңда мұндай тауар бір тарифтік позициядан артық жіктелуі мүмкін деп айқын көзделген жағдайларда, қандай да бір жекелеген тауарды 1947 жылғы 10 сәуірде осы тауарды әкелу жіктелген тарифтік позициядан өзгеше тарифтік позиция бойынша жіктеу.
_______________
10 Осы Хаттама 1948 жылғы 14 желтоқсанда күшіне енді.

II бапқа

      2(а)- тармақ
      ІІ баптың 2(а) тармағындағы ІІІ баптың 2-тармағына сілтеме Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің II бөлігін және XXVI бабын өзгерту туралы 1948 жылғы 14 қыркүйектегі хаттамада көзделген толықтырулардың күшіне енуімен ІІІ бапты өзгерткеннен кейін ғана қолданылады.11
      2(b)-тармақ
      І баптың 1-тармағына қатысты ескертпені қара.
      4-тармақ
      Бастапқыда басқаға беру туралы келіскен Уағдаласушы тараптардың арасында өзгеше түрде арнайы келісілген жағдайларды қоспағанда, осы параграфтың шарттары Гавана жарғысының 31-бабының шарттарына сәйкес қолданылуы тиіс.
_________________
11 Бұл Хаттама 1948 ж. 14 желтоқсанда күшіне енді.

III бапқа

      1-тармақта айтылған сипаттағы және импорттық тауарға және оған ұқсас отандық тауарға қолданылатын және әкелу кезінде немесе орнында импорттық тауарға қатысты алынатын немесе қолданылатын кез келген ішкі салық немесе басқа да ішкі алым немесе кез келген заң, қағида немесе талап 1-тармақта айтылған сипаттағы ішкі салық немесе басқа да ішкі алым немесе заң, қағида немесе талап ретінде қарастырылады және тиісінше ІІІ баптың ережелеріне бағынады.
      1-тармақ
      Уағдаласушы тараптың аумағында жергілікті өзін өзі басқару органдары мен билік белгілеген ішкі салыққа 1-тармақтың қолданылады XXIV баптың қорытынды тармағының ережелеріне бағынады. Осы тармақта бар «дұрыс шаралар» ұғымы, мысалы, жергілікті өзін өзі басқару органдарына ішкі салықты белгілеуге рұқсат беретін қолданыстағы ұлттық заңнаманы алып тастауды талап етпейді, олар техникалық мағынасында ІІІ баптың мәтініне қайшы келеді, алайда, мәні бойынша, егер мұндай заңнаманы алып тастаудың нәтижесінде тиісті жергілікті органдарға немесе билікке ауқымды қаржылай қиындық болса, оның мағынасына қайшы келмейді. ІІІ баптың мәтініне де, мәніне де қайшы келетін, жергілікті өзін өзі басқару органдары немесе биліктер белгілейтін салық салуға қатысты «дұрыс шаралар» ұғымы Уағдаласушы тарапқа сәйкес келмейтін салық салуды, егер оны дереу алып тастау ауқымды әкімшілік және қаржылай қиындықтар туғызатын болса, ауыспалы кезең ішінде біртіндеп алып тастауға мүмкіндік береді.
      2-тармақ
      2-тармақтың бірінші сөйлемінің талаптарына жауап беретін салық бір жағынан, салық салынатын тауардың және екінші жағынан, осыған ұқсас түрде салық салынбайтын онымен тікелей бәсекелес немесе алмастыратын тауардың арасында бәсекелестіктің болуымен байланысты жағдайларда ғана екінші сөйлемнің ережелерімен үйлеспейді деп саналады.
      5-тармақ
      5-тармақтың бірінші сөйлемінің ережелерімен үйлесімді қағидалар осы реттеуге жататын барлық тауарлар ел ішінде елеулі мөлшерде шығарылатын кез келген жағдайда екінші сөйлемнің ережелеріне қайшы келеді деп есептелмеуі тиіс. Осы қағиданың нысаны болып табылатын тауарлардың әрқайсысы үшін бөлінетін үлестер немесе олардың саны импорттық және отандық тауарлар арасындағы әділ қатынасын білдіреді деген негіздемеде қағидаларды екінші сөйлемнің ережелеріне үйлеседі деуге болмайды.

V бапқа

      5-тармақ
      Көліктік алымдарға қатысты 5-параграфта баяндалған қағидат бірдей жағдайларда бірдей жолмен тасымалданатын ұқсас тауарларға жатады.

VI бапқа

      1-тармақ
      1. Өзара байланысты фирмалар жүзеге асыратын жасырын демпинг (яғни, импорттаушының оған компаньоны импорттаушы болып табылатын экспортаушы ұсынған шот бойынша төмен бағамен, сондай-ақ экспорттаушы елде қолданылатын бағадан төмен сатуы) баға демпингінің түрін білдіреді, оған қатысты демпингтік айырма импорттаушы тауарларды қайта сататын бағаның негізінде есептеледі.
      2. Барлық ішкі бағаларды мемлекет белгілейтін, саудасы толық немесе елеулі нышанда толық монополия елдердің импортына қатысты 1-тармақтың мақсаттары үшін бағалардың салыстырмалылығын айқындау кезінде арнайы қиындықтар болуы мүмкін және мұндай жағдайларда импорттаушы Уағдаласушы тараптар мұндай елде ішкі бағамен тікелей салыстыру әрқашан оңтайлы болып шықпайтынымен санасу қажет деп табуы мүмкін.
      2 және 3-тармақтар
      1. Кедендік реттеудің басқа да көптеген жағдайларында Уағдаласушы тарап демпингке немесе экспортты субсидиялауға күмәні болған кез келген жағдайда фактілер түпкілікті анықталғанға дейін демпингке қарсы немесе өтемақы бажын төлеуде орынды кепілдіктерді (тауарды кеденге сақтауға беру немесе депозитке ақшалай жарна салу) талап ете алады.
      2. Көптеген валюта бағамын қолдану практикасы белгілі жағдайларда экспортты субсидиялауды білдіруі мүмкін, оған қарсы 3-тармаққа сәйкес өтемақы баждары енгізілуі мүмкін немесе экспорттаушы елдің валютасын жартылай құнсыздандыру арқылы демпингтің түрін білдіреді, оған қарсы 2-тармаққа сәйкес шаралар қабылдануы мүмкін. Көптеген валюта бағамын қолдану практикасы деп үкіметтің өзінің не ол санкциялаған іс-практика түсініледі.
      6(b) тармақ
      Уағдаласушы тарап осы тармақтың ережелері тәртібіндегі міндеттемелерден өзіне тиісінше демпингке қарсы немесе өтемақы бажын алуға рұқсат ету туралы өтініш берген жағдайда ғана босатылады.

VII бапқа

      1-тармақ
      «Немесе басқа да алымдармен» сөзі импортталатын тауарларға салынатын немесе олармен байланысты ішкі салықтар немесе тең бағалы алымдарды қамтитын сөз ретінде қарастырылмауға тиіс.
      2-тармақ
      1. VII бапқа «шынайы құны» кез келген нормадан тыс жеңілдікті немесе әдеттегі бәсекелес бағаны басқадай төмендетуді қосумен «шынайы құнның» құрамдас элементтері болып табылатын заңдастырылған шығыстар үшін кез келген енгізілмеген алымдар қосылған фактуралық баға деп айтылады деген болжам толығымен сәйкес келер еді.
      2. Егер Уағдаласушы тарап «толық бәсекелестік жағдайында сауданың әдеттегі барысында» сөзін сатып алушы және сатушы бір-біріне тәуелді болып табылмайтын және баға бірден-бір фактор болып табылмайтын кез келген мәмілені болдырмайтын сөз ретінде түсіндірсе, VII бапқа, 2(b) тармаққа толығымен сәйкес келер еді.
      3. «Толық бәсекелестік жағдайы» стандартты ұғымы Уағдаласушы тарапқа тек айрықша құқықты пайдаланатын агенттерге қатысты арнайы жеңілдіктерді көздейтін бағаларды қарастырудан алып тастауға рұқсат етеді.
      4. (а) және (b) тармақтарының тұжырымдамасы Уағдаласушы тарапқа кедендік мақсаттар үшін, не
      (1) жекелеген экспорттаушының импорттық тауар бағаларының негізінде, не
      (2) ұқсас тауар бағаларының жалпы деңгейінің негізінде құнды бірыңғай айқындауға мүмкіндік береді.

VIII бапқа

      1. VIII бап осындай валюта бағамдарының көпшілігін қолдануды қамтымаса да, 1 және 4-тармақтар валюталық салықтар мен алымдардың көптеген валюта бағамдарды практикасын жүргізуге арналған тәсіл ретінде қолданылуын сынайды; алайда, егер Уағдаласушы тарап көптеген валюта бағамдары кезінде Халықаралық валюта қорының мақұлдауымен, төлем балансы бойынша валюталық алым алатын болса, онда XV баптың 9(b) параграфының шарттары оның жағдайына толық кепілдік береді.
      2. Егер бір Уағдаласушы тараптың аумағынан басқа бір Уағдаласушы тараптың аумағына тауарларды әкелу кезінде шығатын елі туралы сертификатты ұсыну қатаң қажет болуына орай ғана талап етілсе, 1-тармаққа толығымен сәйкес келер еді.

XI, XII, XIII, XIV және XVIII баптарға

      XI, XII, XIII, XIV және XVIII баптардағы «импорттық шектеулер» және «экспорттық шектеулер» сөздері мемлекеттік сауда операциялары тәртібінде жүзеге асырылатын шектеулерді қамтиды.

XI бапқа

      2(с) тармақ
      Осы параграфтағы «кез келген түрде» сөзі қайта өңдеудің бастапқы сатысындағы және әлі де тез бұзылатын, жас өнімдермен тікелей бәсекеге түсетін және еркін әкелу жағдайында жас өнімдер бойынша шектеулерді тиімсіз ететін тауарларды қамтиды.
      2-тармақ, соңғы тармақша
      «Ерекше факторлар» сөзі осы Келісімде рұқсат етілмеген тәсілдермен жасанды түрде жасалған өзгерістерді емес, отандық және шетелдік өндірушілердің салыстырмалы өнімділігіндегі немесе әртүрлі шетелдік өндірушілер арасындағы өзгерісті қамтиды.

XII бапқа

      Уағдаласушы тараптар осы бапқа сәйкес консультациялар өткізу кезінде толық құпиялылықты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы тиіс.
      3(с)(i) тармақ
      Шектеулерді қолданатын Уағдаласушы тараптар Уағдаласушы тараптың экономикасы айтарлықтай шамада тәуелді болатын тауардың экспортына елеулі залал келтіруді болдырмауға тырысуы тиіс.
      4(b) тармақ
      Осы күннің осы Келісімнің кіріспесін және II және І бөліктерін Өзгерту туралы хаттамаға сәйкес осы бапқа түзетулер күшіне енгізілгеннен кейін тоқсан күннен кейінгі мерзімге келетіні келісілді. Алайда, егер Уағдаласушы тараптар осы тармақтың ережелерін қолдану жағдайлары көзделіп отырған мерзімдерде қолайсыз деп тапса, олар одан кешірек күнді мұндай күн Халықаралық валюта қоры жарғысының 2, 3 және 4-бөлімдері, VII бабы бойынша міндеттемелер сыртқы саудасының жалпы көлемі барлық Уағдаласушы тараптардың сыртқы саудасының барлық көлемінің кемінде елу пайызын құрайтын Уағдаласушы тараптарға, Қордың мүшелеріне қолданылатын болған мерзімнен отыз күнге кеш болмайтын жағдайда белгілей алады.
      4(е) тармақ
      4(е) тармаққа төлем балансының пайымдаулары бойынша сандық шектеулерді белгілеуге немесе сақтауға арналған қандай да бір жаңа критерийлер қосылмайтындығы келісілді. Оның бірден бір мақсаты шектеуді қолданатын Уағдаласушы тараптың төлем балансымен қиындықтардың ұлғаюына ықпал етуі мүмкін сауда шарттарының өзгеруі, сандық шектеулер, шамадан тыс жоғары кедендік тарифтер мен субсидиялар сияқты барлық сыртқы факторлардың толығымен назарға алынуын қамтамасыз ету болып табылады.

XIII бапқа

      2(d) тармақ
      Квотаны бөлуге арналған қағидалар ретінде «коммерциялық пайымдаулар» туралы ештеңе айтылған жоқ, себебі үкімет биліктерінің оларды қолдануы әрқашан орынды болған жоқ деп шешілді. Одан басқа, бұл орынды болған жағдайларда Уағдаласушы тарап бұл пайымдауларды 2-параграфтың бірінші сөйлемінде баяндалған жалпы қағидаларға сәйкес келісімге қол жеткізуге кезінде қолдана алады.
      4-тармақ
      XI баптың 2-тармағының соңғы тармағына байланысты «ерекше факторларға» жататын ескертпені қараңыз.

XIV бапқа

      1-тармақ
      Осы параграфтың ережелері XVIII баптың 4-тармағында көзделген консультациялар барысында Уағдаласушы тараптардың импорттық шектеулер саласындағы кемсітудің сипатын, салдарын және себептерін толық қарауына кедергі келтіретіндей түсіндірілмеуге тиіс.
      2-тармақ
      2-тармақта көзделген жағдайлардың бірі Уағдаласушы тарапта ағымдағы операциялар нәтижесінде туындаған авуарлардың болуы, ол оны кемсітусіз пайдалану мүмкін емес деп табады.

XV бапқа

      4-тармақ
      «Жоққа шығару» сөзі, мысалы, егер, негізінен, осы баптың мақсаттарынан елеулі ауытқу болмаса, валюталық іс-шаралар арқылы осы Келісімнің қандай да бір бабының мәтінін бұзу осы бапты бұзушылық ретінде қарастырылмауы тиіс екенін білдіруі тиіс. Осылайша, Халықаралық валюта қорының жарғысына сәйкес жүргізілген валюталық бақылау тәртібінде өз валютасында немесе Халықаралық валюта қорының бір немесе бірнеше мүшесінің валютасында өз экспорты үшін төлемдер алуды талап ететін Уағдаласушы тараптың іс-қимылы XI бапқа немесе ХІІ бапқа қайшы келеді деп есептелмейді. Басқа мысал ретінде, Уағдаласушы тарап өзінің импорттық лицензиясында тауар әкетілетін елді өзінің импорттық лицензиялар жүйесінде қандай да бір қосымща кемсіту элементтерін енгізу мақсаты үшін емес, рұқсат етілетін валюталық бақылауды іс жүзіне асыру үшін көрсететінін айтуға болады.

XVI бапқа

      Ұқсас тауар ел ішінде тұтынуға арналған кезде салынатын баждардан немесе салықтардан экспортталған тауарды босату немесе мұндай баждарды немесе салықтарды енгізілген сомадан аспайтын сомада өтеу субсидияланған ретінде қарастырылмайды.

В бөлімі

      1. В бөлімінің ешқандай ережелері Уағдаласушы тараптың Халықаралық валюта қоры жарғысына сәйкес көптеген валюта бағамдарын қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды.
      2. В бөлімінің мақсаттары үшін «шикізаттық тауар» деп кез келген ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы немесе балық аулау өнімдері, сондай-ақ табиғи түрдегі не халықаралық нарықта елеулі көлемде өткізу үшін даярлауға талап етілетін өңдеуге ұшыраған кез келген минералды шикізат түсініледі.
      3-тармақ
      1. Уағдаласушы тараптың қарастырылып отырған тауарды алдыңғы үлгілік кезең ішінде экспорттамау фактісі осы Уағдаласушы тараптың осы тауар саудасындағы белгілі үлесін алу құқығын негіздеуге кедергі болмауы тиіс.
      2. Егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР:
      (а) бұл жүйе тауарды экспортқа ішкі нарықтағы сатып алушылар үшін ұқсас тауарға тағайындалатын салыстырмалы бағадан жоғары бағамен сатуды өзінің нәтижесі етіп алғанын немесе осылайша өзінің нәтижесі етіп алуды жобалағанын; және
      (b) бұл жүйе өндірісті тиімді реттеудің нәтижесінде немесе өзгеше жолмен экспортты тиісті емес дәрежеде ынталандырмайтындай немесе өзгеше түрде басқа да Уағдаласушы тараптардың мүдделеріне елеулі залал келтірмейтіндей жұмыс істейтінін немесе жұмыс істеуі үшін жобаланғанын анықтаса, нәтижесінде уақыт өте келе тауар экспортқа ішкі нарықтағы сатып алушылар үшін ұқсас тауарға тағайындалатын салыстырмалы бағадан төмен бағамен сатылатын, экспорттық бағалардың қозғалысына қарамастан ішкі шикізат тауарларын өндірушілердің ішкі бағасын немесе кірістерін тұрақтандыру жүйесі 3-тармақтың түсінігінде экспортты субсидиялау іс-шарасы ретінде қарастырылмайды.
      Уағдаласушы тараптардың осындай анықтауына қарамастан, осындай жүйеге сәйкес жүргізілетін іс-шаралар тиісті тауар өндірушілерден жиналған қаражатқа қосымша үкімет қаражатынан толығымен немесе ішінара қаржыландырылған кезде 3-тармақтың ережелеріне бағынады.
      4-тармақ
      4-тармақтың мақсаты Уағдаласушы тараптар 1957 жылдың соңына дейін 1953 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық қалған субсидияларды алып тастау туралы келісімге қол жеткізуге ұмтылу; немесе егер бұған қол жеткізілсе, онда олар осындай келісімге қол жеткізе алу мүмкін деп күтілетін мерзімнен кейінгі күнге дейін жаңа субсидиялар енгізу мерзімін ұзарту туралы келісімге қол жеткізу болып табылады.

XVII бапқа

      1-тармақ
      Уағдаласушы тараптар құрған және сатып алумен және сатумен айналысатын дайындау-өткізу ұйымдарының операциялары (а) және (b) тармақтарының ережелеріне бағынады.
      Уағдаласушы тараптар құрған және сатып алуды немесе сатуды жүргізбейтін, тек жеке саудаға қатысты қағидаларды белгілейтін дайындау-өткізу ұйымдарының қызметі осы Келісімнің тиісті баптарымен реттеледі.
      Мемлекеттік кәсіпорынның әртүрлі нарықтардағы қандай да бір тауарды сатуға әртүрлі бағаларды белгілеуіне мұндай әртүрлі бағалар экспорт нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныс шарттарына сәйкес коммерциялық пайымдаулар бойынша тағайындалған жағдайда осы баптың ережелерімен тыйым салынбайды.
      1-тармақ
      Сыртқы сауданы жүзеге асыру сапасы мен тиімділігі стандартын қамтамасыз ету үшін немесе үкіметке осы кәсіпорынның сауда қызметіне бақылау жүргізуге құқық бермейтін ұлттық табиғи ресурстарды пайдалануға ұсынылған артықшылықтарды қамтамасыз ету үшін жүргізілетін үкіметтік іс-шаралар «айрықша немесе арнайы артықшылықтар» болып табылмайды.
      1 (b) тармақ
      «Нысаналы қарыз» алған ел осы қарызды талап етілетін тауарларды шетелде сатып алу кезінде «коммерциялық пайымдау» ретінде қарастыра алады.
      2-тармақ
      «Тауарлар» ұғымы коммерциялық практикада түсінілетіндей тауарларға ғана жатады және көрсетілетін қызметтердің сатып алынуын немесе сатылуын қамтуды білдірмейді.
      3-тармақ
      Уағдаласушы тараптар осы параграфқа сәйкес жүргізуге келіскен келіссөздердің міндеті импорт пен экспортқа салынатын кедендік баждар мен басқа да алымдарды төмендету немесе осы Келісімнің ережелеріне сай келетін өзара тиімді басқа да уағдаластықты жасасу болуы мүмкін (ІІ баптың 4-тармағын және осы тармаққа ескертпені қараңыз).
      4 (b) тармақ
      «Импорттық үстеме баға» сөзі осы тармақта импорттық монополия импортталған тауарға тағайындайтын баға (ІІІ баптың мағынасында ішкі салықтарды, тасымалдау, өткізу шығыстарын және сатып алумен, сатумен немесе әрі қарай өңдеумен байланысты басқа да шығыстарды, сондай-ақ орынды шектегі пайданы шегергенде) мен «СИФ» тауарының бағасы арасындағы айырманы білдіреді.

XVIII бапқа

      УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мен мүдделі Уағдаласушы тараптар осы баптың шеңберінде туындайтын мәселелерге қатысты қатаң құпиялылықты сақтайды.
      1 және 4 тармақтар
      1. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР қандай да бір Уағдаласушы тараптың экономикасы шынымен де «төмен өмір сүру деңгейін ғана қамтамасыз ете ала ма» деген мәселені қарай отырып, осындай экономиканың қалыпты жағдайын назарға алуы тиіс және өз айқындамасын, мысалы, негізгі экспорттық тауарды немесе осындай Уағдаласушы тараптың тауарларын өткізу үшін айрықша қолайлы жағдайлардың уақытша болуы нәтижесі болып табылатын айрықша жағдайларға негіздемейді.
      2. »Ерте даму сатысында» сөзі өзінің экономикалық дамуына енді ғана кіріскен Уағдаласушы тараптарға ғана емес, сонымен қатар шикізаттық тауарларын өндіруге шамадан тыс тәуелділікті жою мақсатында экономикасы индустрияландыру процесінде тұрған Уағдаласушы тараптарға да қолданылатынын білдіреді.
      2, 3, 7, 13 және 22-тармақтар
      Өнеркәсіптің жекелеген салаларын құру туралы сілтеме өнеркәсіптің жаңа саласын құруға ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы өнеркәсіпте жаңа өндіріс түрін ұйымдастыруға, өнеркәсіптің қолданыстағы саласын елеулі түрлендіруге және осыған дейін ішкі сұраныстың аздаған үлесін қанағаттандырып келген өнеркәсіптің қолданыстағы саласында өндірісті елеулі кеңейтуге қатысты. Сондай-ақ ол әскери іс-қимылдар немесе табиғи зілзалалардың нәтижесінде бұзылған немесе едәуір зақымдалған өнеркәсіпті реконструкциялауды қамтиды.
      7 (b) тармақ
      7 (b) тармақ тәртібінде Уағдаласушы тараптың басқаға беруін 7 (а) тармақта көзделген тәртіппен УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДЫ хабардар еткен Уағдаласушы тарапқа қарағанда өзгеше өзгерту немесе қайтарып алу хабардар еткен Уағдаласушы тарап тиісті іс-қимылдарды қабылдаған және Уағдаласушы тарап осындай басқаға беруді өзгерту немесе алып тастау туралы хабарланған күннен бастап отызыншы күні олар күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асырылады.
      11-тармақ
      11-тармақтағы екінші сөйлем егер мұндай азайту немесе алып тастау осыдан кейін XVIII баптың 9-тармағына сәйкес шектеулерді тиісінше күшейтуді немесе енгізуді ақтайтын жағдайлар жасайтын болса, Уағдаласушы тараптан шектеулерді азайтуды немесе алып тастауды талап ететіндігін білдіретіндей түсіндірілмеуге тиіс.
      12 (b) тармақ
      12 (b) тармақта айтылған күнді УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы Келісімнің XII бабы 4 (b) параграфының ережелеріне сәйкес белгілейді.
      13 және 14-тармақтар
      Уағдаласушы тарапқа өзі шаралар енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін және 14-тармаққа сәйкес УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА хабарлағанға дейін өнеркәсіптің тиісті саласының бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін оңтайлы уақыт кезеңі талап етілуі мүмкін.
      15 және 16-тармақтар
      Егер бұл туралы өтінішпен УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА саудасы сөз болып отырған іс-шараға едәуір мүдделі Уағдаласушы тарап жүгінетін болса, Уағдаласушы тараптар С бөлімінің тәртібіндегі шараны жүзеге асыруды ұсынатын Уағдаласушы тарапты 16-тармаққа сәйкес онымен консультация алысу үшін шақырады.
      16, 18, 19 және 22-тармақтар
      1. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР нақты шарттарды немесе шектеулерді сақтаған жағдайда ұсынылып отырған шарамен келісуі мүмкін деп түсініледі. Егер шара оны қабылдау кезінде УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР келісім берген шарттарға сәйкес келмейтін болса, онда осы шектерде ол УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР келісім бермеген шара болып есептеледі. Уағдаласушы тараптар шараға белгілі бір мерзімге келісім берген жағдайларда, мүдделі Уағдаласушы тарап егер ол осы шара бастапқыда қабылданған мақсаттарға қол жеткізу үшін шараның қолданылуын одан әрі уақыт кезеңінде сақтау қажет деп тапса, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРДАН жағдайға қарай С және D бөлімінің ережелері мен рәсімдеріне сәйкес шараның қолданылу мерзімін ұзартуды сұрай алады.
      2. Әдетте, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР Уағдаласушы тараптың экономикасы айтарлықтай тәуелді тауар экспортына елеулі залал тигізуі мүмкін іс-шараны жүргізуге келісім беруден бас тарта тұрады деп күтіледі.
      18 және 22-тармақтар
      «Басқа Уағдаласушы тараптардың мүдделері жеткілікті дәрежеде қорғалған» сөзі әрбір жекелеген жағдайда осындай мүдделерді қорғаудың барынша тиімді әдісін қарастыру үшін жеткілікті кең шеңберді қамтамасыз етуді білдіреді. Мұндай тиімді әдіс, мысалы, осы Келісімнің басқа баптарынан ауытқу күші сақталған мерзімде С және D бөлімдерінің ережелеріне сүйенген Уағдаласушы тарап ұсынатын қосымша басқаға беру нысанында немесе 18-тармақта айтылған басқа Уағдаласушы тараптың мәні бойынша сөз болып отырған шараны қабылдаудан туындаған сауда жағдайының төмендеуіне едәуір тең бағалы басқаға берудің қолданысын уақытша тоқтата тұру нысанында болуы мүмкін. Осы құқық 4 (а) тармақтың ережелерінің қолданысына түсетін Уағдаласушы тарап енгізген іс-шара туралы айтылғанда және УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР ұсынылған өтемақылық басқаға берудің көлемі жеткілікті болып табылады деп белгілеген жағдайда жүзеге асырылмауы тиіс болған жағдайда, мұндай Уағдаласушы тарап өз мүддесін басқаға беруді осылай уақытша тоқтату арқылы қорғауға құқылы.
      19-тармақ
      19-тармақтың ережелері өнеркәсіп саласы 13 және 14-тармақтарға ескертпеде айтылған «оңтайлы уақыт кезеңінен» тыс қолданылатын жағдайларды қамтуды білдіреді және олар XVIII баптың 4 (а) тармағы ережесінің қолданысына түсетін Уағдаласушы тарапты егер тіпті ол төлем балансының тепе-теңдігін сақтау мақсатындағы импорттық шектеулердің нәтижесінде кездейсоқ қорғаудан пайда алған болса да, өнеркәсіптің жаңадан құрылған саласына қатысты 17-тармақты қоса алғанда С бөлімінің басқа ережелеріне сүйену құқығынан айыратындай етіп түсіндірілмеуге тиіс.
      21-тармақ
      21- тармақтың ережелеріне сәйкес қабылданған кез келген шара, егер 17- тармаққа сәйкес қабылданған іс-шара күші жойылған болса не УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР 17-параграфта көрсетілген тоқсан күн мерзім өткеннен кейін ұсынылған шараға келісім берсе, дереу күші жойылады.

XX бапқа

      (h) тармақша
      Осы тармақшада көзделген ерекшелік Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 1947 жылғы 28 наурыздағы 30 (IV) қарарында бекітілген қағидаттарға сәйкес келетін кез келген тауар келісіміне қолданылады.

XXIV бапқа

      9-тармақ
      І баптың ережелері кеден одағы немесе еркін сауда аймағы мүшесінің аумағына кедендік баждың преференциялық мөлшерлемесі бойынша импортталған тауар осындай одақ немесе аймақтың мүшесі басқа елдің аумағына қайта экспортталған жағдайда, мүше басқа ел бұрын төленген баж бен егер тауар оның аумағына тікелей әкелінген болса төленуі тиіс одан жоғары баждың арасындағы айырмаға тең бажды алуы тиіс екендігін талап ететінін түсіндіреді.
      11-тармақ
      Үндістан мен Пәкістан арасындағы сауда туралы түпкілікті келісімдерді орындау мақсатында қабылданған шаралар, олар бұл туралы келіскеннен кейін осы Келісімнің жекелеген ережелерінен ауытқуы мүмкін, бірақ, тұтастай алғанда, бұл шаралар Келісімнің мақсаттарына сәйкес келуге тиіс.

XXVIII бапқа

      УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР мен әрбір мүдделі Уағдаласушы тарап болжанған тарифтік өзгерістердің мазмұнының алдын ала ашылуын болдырмау үшін барынша ықтимал құпиялылықты сақтай отырып, келіссөздер мен консультациялар өткізуді ұйымдастыруға тиіс. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР осы бапты қолданудың нәтижесінде болған ұлттық кедендік тарифтердегі барлық өзгерістер туралы дереу хабардар етілуге тиіс.
      1-тармақ
      1. Егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР үшжылдық кезеңнен өзге кезеңді белгілесе, онда Уағдаласушы тарап осындай басқа кезең өткеннен кейін бірінші күні XXVIII баптың 1- тармағына немесе 3-тармағына сәйкес әрекет ете алады және егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР қайтадан өзге кезең белгілемесе, онда Уағдаласушы тараптар белгілеген осындай кезең өткеннен кейінгі кезеңдер болжаммен үш жыл болуға тиіс.
      2. 1958 жылғы 1 қаңтардан бастап немесе 1-тармаққа сәйкес тың тәртібінде айқындалған басқа күндерден бастап Уағдаласушы тарап «басқаға беруді...өзгертуі немесе алып қоюы мүмкін» сөзі осы күннен бастап және әрбір кезең өткеннен кейінгі бірінші күннен бастап ІІ бапқа сәйкес мұндай Уағдаласушы тараптың заңды міндеттемесі өзгереді дегенді білдіреді; бұл оның кедендік тарифіндегі өзгерістер осы күннен бастап күшіне енуі тиіс дегенді білдірмейді. Егер осы бапқа байланысты өткізілген келіссөздердің нәтижесінде тарифті өзгерту кейінге қалдырылса, онда өтемақы ретінде ұсынылған кез келген басқаға берулердің күшіне енгізілуі тиісті түрде кейінге қалдырылуы мүмкін.
      3. 1958 жылғы 1 қаңтарға дейін алты айдан ерте емес және үш айдан кешіктірмей немесе кез келген келесі кезеңнің өту мерзіміне дейін тиісті Тізбеге енгізілген басқаға беруді өзгертуге немесе алып қоюға ниет білдірген Уағдаласушы тарап ол туралы УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА хабарлауға тиіс. Бұл жағдайда, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР 1-параграфта айтылған келіссөздер немесе консультацияларды қандай Уағдаласушы тарап немесе қандай Уағдаласушы тараптар өткізуі тиіс екенін айқындауға тиіс. Осылайша айқындалған кез келген Уағдаласушы тарап кезең өткенге дейін келісімге қол жеткізу мақсатында өтініш беруші Уағдаласушы тараппен осындай келіссөздерге немесе консультацияларға қатысуы тиіс. Тізімдердің қолданылуының бекітілген мерзімін кез келген ұзарту XXVIII баптың 1, 2 және 3- тармаққа сәйкес мұндай келіссөздерден кейін енгізілген өзгерістері бар Тізбелерге жатады. Егер УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР 1958 жылғы 1 қаңтарға дейін немесе 1-тармаққа сәйкес белгіленген кез келген басқа күнге дейін алты ай кезең ішінде көпжақты тарифтік келіссөздерді ұйымдастырса, олар мұндай келіссөздерді ұйымдастыру кезінде көрсетілген параграфта айтылған келіссөздерді жүргізу туралы қажетті рәсімдерді көздейді.
      4. Бастапқыда басқаға беру келісілген Уағдаласушы тарапқа қосымша, бас өнім беруші ретінде мүдделі Уағдаласушы тараптың келіссөздерге қатысуына негіз болатын мақсат бастапқыда басқаға беру келісілген Уағдаласушы тарапқа қарағанда, басқаға беруге мүдделі саудада ең ірі үлесті алатын Уағдаласушы тарапқа ол осы Келісімге байланысты пайдаланатын оның құқығын қорғау үшін нақты мүмкіндікті қамтамасыз ету болып табылады. Екінші жағынан, келіссөздердің XXVIII баптың тәртібінде келіссөздер жүргізу және келісімге қол жеткізу үшін шамадан тыс қиындықтар туғызатындай не осы бап тәртібінде келіссөздер нәтижесі болатын басқаға берулерге болашақта осы баптың қолданылуын күрделендіретіндей ауқымда болуын білдірмейді. Тиісінше, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР егер осы Уағдаласушы тарап келіссөздер басталғанға дейін оңтайлы уақыт кезеңінде бастапқыда басқаға беру келісілген Уағдаласушы тарапқа қарағанда өтініш беруші Уағдаласушы тараптың нарығында ірі үлеске ие болған болса немесе Уағдаласушы тараптың пікірі бойынша өтініш беруші Уағдаласушы тарап қолданатын кемсітуші сандық шектеулер болмаған жағдайларда барынша ірі үлеске ие болған болса, Уағдаласушы тарап негізгі мүдделі өнім беруші болып табылатындығын айқындауы тиіс. Сондықтан УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР үшін негізгі мүдделі өнім беруші болып табылатын бірден артық Уағдаласушы тарапты айқындау орынсыз болар еді немесе айрықша жағдайларда сауда мөлшерінде толық теңдік болған кезде, екеуден көп Уағдаласушы тарапта осындай мүдделілік болуы мүмкін.
      5. 1-тармаққа 4-ескертпедегі негізгі мүдделі өнім беруші айқындамасына қарамастан, УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР ерекшелік ретінде, егер сөз болып отырған басқаға беру мұндай Уағдаласушы тараптың барлық экспортының негізгі үлесін құрайтын сауданы қозғаса, Уағдаласушы тарап негізгі мүдделі өнім беруші болып табылады деп айқындауы мүмкін.
      6. Негізгі мүдделі өнім беруші болып табылатын Уағдаласушы тараптың келіссөздерге қатысуы туралы және өтініш беруші Уағдаласушы тарап өзгертуге немесе алып қоюға ниет білдірген басқаға беруге елеулі мүдделі болып табылатын кез келген Уағдаласушы тараппен консультация өткізу туралы шарт олар өтемақы ұсынуға тиіс болатын немесе өтініш беруші Уағдаласушы тарап қолданатын кез келген сандық шектеулерді ескере отырып, алып қою немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізу кезінде сауда жағдайының тұрғысынан бағаланатын, басқаға беруді алып қою немесе өзгертуді құрайтын мөлшерден көп кері шаралардан зардап шегетін жағдайлардың салдары болуын білдірмейді.
      7. «Елеулі мүдде» сөзі нақты анықтамаға сәйкес келмейді және тиісінше, Уағдаласушы тараптар үшін қиындық туғызуы мүмкін. Алайда, оны басқаға беруді өзгертуге немесе алып қоюға ниет білдірген Уағдаласушы тараптың нарығында айтарлықтай үлес алатын немесе олардың экспортын қозғайтын кемсітуші сандық шектеулер болмаған кезде елеулі үлес алуы мүмкін Уағдаласушы тараптарды ғана қамтитындай қолданылуын білдіреді.
      4-тармақ
      1. Келіссөздерге түсуге рұқсат беру туралы кез келген өтініш тиісті статистикалық және басқа да деректерді ұсынумен қатар жүреді. Мұндай әрбір өтініш бойынша шешім ол берілген кезден бастап отыз күн ішінде қабылдануға тиіс.
      2. Салыстырмалы түрде аздаған шикізат тауарларына едәуір тәуелді және тарифке олардың экономикасын дамытуда маңызды құрал немесе кірістің маңызды көзі ретінде сүйенетін кейбір УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРҒА тек XXVIII баптың 1-тармаққа сәйкес басқаға берулерді өзгерту немесе алып қою туралы келіссөздерді қарапайым жолмен жүргізуге рұқсат ету оларды осы уақытта ұзақ мерзімді перспективада қажетті болмайтын өзгерістер жасауға немесе алып қоюға мәжбүр етуі мүмкін. Егер Уағдаласушы тараптар бұл кеден баждары деңгейінің артуына және ол осы Келісімге қоса берілген Тізімнің тұрақтылығына қауіп төндіруге не халықаралық сауданың шамадан тыс бұзылуына алып келетініне едәуір ықпал етеді деп тапса, осындай жағдайды болдырмау үшін кез келген мұндай Уағдаласушы тарапқа 4-тармаққа сәйкес келіссөздер жүргізуге рұқсат етеді.
      3. 4-тармаққа сәйкес рұқсат етілген, бір тарифтік позицияға немесе позицияның аздаған тобына қатысты басқаға беруді өзгертуге немесе алып қоюға арналған келіссөздер әдетте алпыс күн ішінде аяқталуы мүмкін деп күтіледі. Алайда, мұндай мерзім позициялардың басым санына қатысты басқаға берулерді өзгерту немесе алып қою туралы келіссөздерге байланысты жағдайларда жеткіліксіз деп және тиісінше, мұндай жағдайларда УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР үшін одан да ұзақ мерзімді белгілеу орынды деп танылады.
      4. УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР 4(d) тармақта сілтеме жасалған ұйғарымды егер уағдаласушы тарап-арыз беруші ұзағырақ мерзімеге келіспесе, олардың қарастыруына сұрауды берген кезден бастап отыз күн ішінде шығарылады.
      5. 4(d) тармақта сәйкес ұйғарым кезінде уағдаласушы тарап-арыз беруші жеткілікті өтемақыны оған негізсіз түрде БЕРМЕУ УАҒАДАЛАСУШЫ ТАРАП өте төмен деңгейде өзінің тарифтерінің көп бөлігін байлаған уағдаласушы тараптың ерекше позициясын лайықты түрде есепке алады және оған қатысты басқа уағдаласушы тараптарға қарағанда өтемақылық өзгертулерді жасауда төменірек мүмкіндіктер бар деп түсіндіріледі.

XXVIII bis бапқа

      3-тармақ
      Фискалдық сипаттағы қажеттіліктерге сілтеме бюджеттік кіріс көзі ретінде баждардың, әсіресе алдымен бюджеттік түсімдерді қамтамасыз ету мүддесінде белгіленген баждардың немесе осындай баждарды төлеуден бұлтаруды болдырмау үшін фискалдық баж салынатын тауарлармен алмастырылуы мүмкін тауарларға белгіленген баждардың мағынасын қамтиды деп түсініледі.

XXIX бапқа

      1-тармақ
      Гавана жарғысының VII және VIII тараулары, негізінен, Халықаралық сауда ұйымының ұйымдастырушылық қағидаттарын, функциялары мен рәсімдерін баяндайтынына байланысты 1-тармақтан алып тасталды.

IV бөлікке

      «Дамыған Уағдаласушы тараптар» сөздерін және «дамуы төмен Уағдаласушы тараптар» сөздерін IV бөлікте қолданылатындай, Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің тараптары болып табылатын дамыған және дамуы төмен елдерге қатысты ретінде түсіну қажет.

XXXVI бапқа

      1-тармақ
      Осы баптың негіздемесі осы Хаттама күшіне енгеннен кейін І бөлікке және XXIX және XXX баптарға енгізілген түзетулер туралы Хаттаманың І тармағының А бөлімінде түзетілген түрде І бапта баяндалған мақсаттар болып табылады.12
      4-тармақ
      «шикізаттық тауарлар» сөзі ауыл шаруашылық өнімдерін қамтиды, В бөлімі, XVI бапқа ескертпенің 2-тармағын қараңыз.
      5-тармақ
      Жан-жақты дамыту бағдарламасы, негізінен, нақты Уағдаласушы тараптың жағдайын, сондай-ақ түрлі шикізаттық тауарларды өндірудің және тұтынудың әлемдік перспективаларын назарға ала отырып, шикізаттық өнімдерді өңдеу және өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша қызметті күшейтуді қамтиды.
      8-тармақ
      «Өзара тиімділікті күтпейді» сөзі осы бапта баяндалған мақсаттарға сәйкес дамуы төмен Уағдаласушы тараптардан бұрынғы саудадағы жағдайын ескере отырып, сауда келіссөздері процесіне осы елдердің дамуына, олардың қаржы және сауда мұқтаждықтарына сәйкес келмейтін салымды енгізу күтілмейді дегенді білдіреді.
      Бұл тармақ XVIII А бөліміне, XXVIII бапқа, XXVIII bis бапқа (XXIX бап І бөлікке және XXIX және XXX13 баптарға түзетулер хаттамасының І тармағының А бөлімінде баяндалған түзетулер енгізілгеннен кейін күшіне енуі тиіс), XXXIII бапқа немесе осы Келісімге сәйкес басқа да кез келген рәсімге сәйкес іс-қимылдарды қабылдаған жағдайда қолданылады.
__________________
12 1968 ж. 1 қаңтарда осы Хаттаманың күші жойылды.
13 1968 ж. 1 қаңтарда осы Хаттаманың күші жойылды.

XXXVII бапқа

      1 «a» тармақ
      Бұл тармақ XXVIII, XXVIII bis баптарға (XXIX бап І бөлімді және XXIX және XXX баптарды өзгерту туралы Хаттаманың І-тармағының А тарауында аталған түзетулер енгізілгеннен кейін күшіне енгізілуге тиіс) және XXXIII бапқа сәйкес тарифтерді немесе сауданың басқа да шектеу қаулыларын төмендету немесе жою туралы келіссөздер жағдайында, сондай-ақ Уағдаласушы тараптар қабылдай алатын осындай төмендету мен жоюға бағытталған басқа да іс-қимылдарға байланысты қолданылады.
      3 «b» тармақ
      Осы тармақта айтылған басқа шаралар ішкі құрылымдық өзгерістерге ықпал етуге, жекелеген тауарларды тұтынуды ынталандыруға немесе саудаға ықпал ету шараларын енгізуге бағытталған қадамдарды қамтуы мүмкін.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША КЕЛІСІМ

      Мүшелер,
      Пунта-дель-Эсте Декларациясында тұжырымдалған келіссөздердің мақсаттарына сәйкес ауыл шаруашылығы саласында сауда реформасы процесін бастау үшін негіз қалау шешімін қабылдай отырып;
      Ұзақ мерзімді мақсат, Уругвай кезеңінің Аралық шолуында келісілгендей, «ауыл шаруашылығы саласында әділ және нарыққа бағдарланған сауда жүйесін орнату болып табылатынын және реформа процесіне қолдау және қорғау саласындағы міндеттемелер бойынша келіссөздер арқылы, сондай-ақ практикалық қолдану тұрғысынан неғұрлым қатаң және тиімді ГАТТ нормалары мен қағидаларын белгілеу арқылы бастамашылық жасалуы тиіс екенін еске сала отырып;
      «Жоғарыда аталған ұзақ мерзімді мақсат келісілген уақыт кезеңі ішінде көрсетілетін аграрлық сектордағы қолдау мен қорғауды айтарлықтай біртіндеп қысқартуды қамтамасыз етуден тұратынын, бұл әлемдік ауыл шаруашылығы нарықтарында шектеулер мен бұрмалауларды түзетуге және алдын алуға әкелетінін» бұдан әрі еске сала отырып;
      Мынадай: нарыққа қол жеткізу, ішкі қолдау, экспорттық бәсекелестік салаларының әрбірінде ерекше міндеттемелердің байланысына қол жеткізу; және санитариялық және фитосанитариялық мәселелер бойынша келісімге қол жеткізу орындалады деген ниетпен;
      Нарыққа қол жеткізу бойынша өзінің міндеттемелерін орындаған кезде дамыған мүше елдер Аралық шолуда келісілгендей, тропикалық ауыл шаруышылығы тауарларының саудасын барынша ырықтандыруды қоса алғанда, дамушы мүше елдер үшін ерекше қызығушылық тудыратын ауыл шаруашылығы өнімдеріне және заңсыз есірткі дақылдарын өсіруді алмастыратын өндірісті әртараптандыру үшін ерекше маңызға ие өнімдерге қол жеткізу мүмкіндіктері мен шарттарын айтарлықтай жақсартуды қамтамасыз ете отырып, мұндай мүше елдердің ерекше мұқтаждықтары мен жағдайларын толығымен ескеруге келісе отырып;
      Сауда сипатындағы емес, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі проблемаларына алаңдаушылығын ескере отырып, реформа бағдарламасы бойынша міндеттемелер барлық мүшелер арасында әділ бөлінуі тиіс екенін атап көрсете отырып; дамушы елдер үшін арнайы және сараланған режим келіссөздердің ажырамайтын бөлігі болып табылатынына келісімін ескере отырып және азық-түліктің нетто-импорттаушылары болып табылатын неғұрлым төмен дамыған елдер мен дамушы елдерге реформалау бағдарламасын іске асырудың ықтимал кері әсерін назарға ала отырып;
      Осымен төмендегілер туралы уағдаласады:

I БӨЛІК 1-БАП
Терминдердің анықтамасы

      Осы Келісімде, егер өзгеше айтылмаса:
      (а) «Біріктірілген қолдау көрсеткіші» және «БҚК» мыналарға:
      (i) мүше Тізбесінің IV бөлігіне сілтеме арқылы енгізілген анықтамалық материалдардың тиісті кестесінде көрсетілген базалық кезең ішінде берілген қолдауға; және
      (ii) осы Келісімге 3-қосымшаның ережелеріне сәйкес және мүше Тізбесінің IV бөлігіне сілтеме арқылы енгізілген анықтамалық материалдардың тиісті кестесінде пайдаланылған қосылатын деректер мен әдістемелерді ескере отырып есептелген, іске асыру кезеңінің және ол өткен соң кез келген жылы ішінде берілген қолдауға жататын, осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес қысқарту бойынша міндеттемелерден алып тастау ретінде қарастырылатын бағдарламалар негізінде берілген қолдауды қоспағанда, негізгі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арналған қандай да бір ауыл шаруашылығы өніміне қатысты ақшалай мәндегі қолдаудың немесе нақты өніммен байланысты емес және жалпы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған қолдаудың жылдық көлемін білдіреді;
      (b) «негізгі ауыл шаруашылығы өнімі» мүше Тізбесінде және тиісті анықтамалық материалдарда көрсетілгендей, ішкі қолдау бойынша міндеттемелерге қатысты алғашқы сату бекетіне іс жүзінде неғұрлым қолжетімді дәрежеде жақындаған өнім сияқты айқындалады;
      (с) «бюджет шығыстары» немесе «шығыстар» алынбаған кіріс сомаларын қамтиды;
      (d) «Баламалы қолдау көрсеткіші» мыналарға:
      (i) мүше Тізбесінің IV бөлігіне сілтеме арқылы енгізілген анықтамалық материалдардың тиісті кестесінде көрсетілген базалық кезең ішінде берілген қолдауға; және
      (ii) осы Келісімге 4-қосымшаның ережелеріне сәйкес және мүше Тізбесінің IV бөлігіне сілтеме арқылы енгізілген анықтамалық материалдардың тиісті кестесінде пайдаланылған қосылатын деректер мен әдістемелерді ескере отырып есептелген, іске асыру кезеңінің және ол өткен соң кез келген жылы ішінде берілген қолдауға жататын, осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес қысқарту бойынша міндеттемелерден алып тастау ретінде қарастырылатын бағдарламалар негізінде берілген қолдауды қоспағанда, есебі «БҚК» әдістемесі бойынша іс жүзінде қолданылмайтын, бір не одан да көп шараны қолдану арқылы негізгі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге берілетін ақшалай мәндегі қолдаудың жылдық көлемін білдіреді;
      (е) «экспорттық субсидиялар» осы Келісімнің 9-бабында тізбеленген экспорттық субсидияларды қоса алғанда, экспортты жүзеге асыру жағдайында берілетін субсидияларға жатады;
      (f) «іске асыру кезеңі» мақсаттары үшін 1995 жылы басталатын тоғыз жылдық кезеңді білдіретін 13-бапты қоспағанда, 1995 жылы басталатын алты жылдық кезеңді білдіреді;
      (g) «нарыққа қол жеткізу бойынша жеңілдіктер» осы Келісімге сәйкес қабылданған нарыққа қол жеткізу бойынша барлық міндеттемелерді қамтиды;
      (h) «Жалпы біріктірілген қолдау көрсеткіші» және «Жалпы БҚК» мыналарға:
      (i) мүше Тізбесінің IV бөлігінде көрсетілгендей, базалық кезең ішінде берілген қолдауға (яғни «Базалық жалпы БҚК») және осы Келісімді іске асыру кезеңінің және ол өткен соң (яғни «Міндеттемелер байланысының жыл сайынғы және түпкілікті деңгейлері») кез келген жылы ішінде беруге рұқсат берілген барынша қолдауға; және
      (ii) 6-бапты қоса алғанда, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес есептелген және мүше жеңілдіктері Тізбесінің IV бөлігіне сілтеме арқылы енгізілген анықтамалық материалдардың кестесінде пайдаланылған деректер мен әдістемелерді ескере отырып есептелген, іске асыру кезеңінің және ол өткен соң (яғни «Ағымдағы жалпы БҚК) кез келген жылы ішінде іс жүзінде берілген қолдау көлеміне жататын, негізгі ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша барлық біріктірілген қолдау көрсеткіштерінің, нақты өніммен байланысты емес барлық біріктірілген қолдау көрсеткіштерінің және ауыл шаруашылығы өнімдері үшін барлық баламалы қолдау көрсеткіштерінің сомасы ретінде есептелген, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге берілетін ішкі қолдау түрлерінің барлық сомасын білдіреді;
      (i) «жыл» жоғарыдағы (f) тармағында және мүшенің өзіндік міндеттемелеріне қатысты осы мүшеге қолданылатын Тізбеде көрсетілген күнтізбелік, қаржылық немесе сауда жылына жатады.

2-БАП
Қамтылатын өнімдер

      Осы келісім осы Келісімге 1-қосымшада тізбеленген, әрі қарай ауыл шаруашылығы өнімдері деп аталатын өнімдерге қолданылады.

II БӨЛІК 3-БАП
Жеңілдіктерді және міндеттемелерді қосу

      1. Әрбір мүше Тізбесінің IV бөлігінде қамтылған ішкі қолдау және экспортты субсидиялау бойынша міндеттемелер субсидиялауды шектеу бойынша міндеттемелер болып табылады және 1994 жылғы ГАТТ-тың ажырамас бөлігін құрайды.
      2. 6-баптың ережелері сақталған жағдайда, мүше өз Тізбесінің IV бөлігі 1-бөлімінде көрсетілген міндеттемелермен көзделген деңгейден тыс қолдауды ұлттық өндірушілерге көрсетпейді.
      3. 9-баптың 2 (b) және 4-тармақтарының ережелері сақталған жағдайда, мүше өз Тізбесінің IV бөлігі ІІ бөлімінде көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне немесе өнімдер топтарына қатысты экспорттық субсидияларды бюджет шығыстарының сомасы мен саны бойынша міндеттемелермен көзделген деңгейден тыс бермейді және мұндай субсидияларды өз Тізбесінің осы бөлімінде көрсетілмеген бір де бір ауыл шаруашылығы өнімі бойынша бермейді.

III БӨЛІК 4-БАП
Нарыққа қол жеткізу

      1. Тізбеде қамтылған нарыққа қол жеткізу бойынша жеңілдіктер, осы Тізбелерде көрсетілгендей, тарифтік мөлшерлемелерді байланыстыруға және төмендетуге және нарыққа қол жеткізу бойынша басқа да міндеттемелерге жатады.
      2. Мүшелер, 5-бапта және 5-қосымшада көзделген жағдайлардан басқа, әдеттегі кедендік баждарды1 өзгертуді талап ететін кез келген осындай шараларды сақтауға, қолдануға немесе қайта енгізуге тиіс емес.
_________________
1 Мұндай шаралар қатарына импорттың сандық шектеулері, жылжымалы импорт алымы, ең төмен импорт бағалары, импортты іріктемелі лицензиялау, мемлекеттік сауда кәсіпорындары арқылы қолданылатын тарифтік емес шаралар, экспортты ерікті түрде шектеу және бұл шаралар 1947 жылғы ГАТТ ережелеріндегі елдің өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес сақталуына не сақталмауына қарамастан, әдеттегі кедендік баждарға қарағанда өзге, ұқсас шекаралық шаралар жатады; алайда бұған төлем балансы туралы ережелерге немесе 1994 жылғы ГАТТ-тың нақты ауыл шаруашылығына жатпайтын басқа да жалпы немесе ДСҰ Келісіміне 1А қосымшада көрсетілген басқа да көпжақты сауда келісімдерінің ережелеріне сәйкес сақталатын шаралар кірмейді.

5-БАП
Арнайы қорғау ережелері

      1. 1994 жылғы ГАТТ-тың ІІ бабы 1 (b) тармағының ережелеріне қарамастан, кез келген мүше, егер:
      (а) жеңілдік беретін мүшенің кеден аумағына келіп түсетін осы өнім импортының көлемі кез келген жыл ішінде 4-тармақта көрсетілгендей, нарыққа қол жеткізу мүмкіндігімен байланысты триггерлік деңгейден асатын болса; немесе бірақ бір уақытта емес:
      (b) нақты жеткізу бойынша СИФ импорттық бағасы негізінде есептелген және ұлттық валютамен көрсетілген, осы импорттық өнім жеңілдік беретін мүшенің кеден аумағына келіп түсуі мүмкін баға 1986-1988 жылдар кезеңіндегі сол өнімнің орташа анықтамалық бағасына2 тең триггерлік бағасынан төмен деңгейге дейін төмендесе, осы Келісімнің 4-бабы 2-тармағында аталған шаралар әдеттегі кеден баждарына өзгертілген және осы баптың ережелері қолданылуы мүмкін жеңілдік нысанасы ретінде Тізбеде «SSG» символымен белгіленген ауыл шаруашылығы өнімінің импортына байланысты төмендегі 4 және 5-тармақтарының ережелерін қолдануы мүмкін.
      2. Жоғарыдағы 1-тармақта көрсетілген жеңілдіктің бір бөлігі болып табылатын нарыққа қол жеткізудің ағымдағы және неғұрлым төмен деңгейі бойынша міндеттемелер негізінде белгіленген импорт көлемі 1 (а) тармақшаның және 4-тармақтың ережелерін қолдану үшін қажетті импорт көлемін анықтау мақсаттары үшін есепке алынуға жатады, бірақ осындай міндеттемелер негізінде жүзеге асырылатын импортқа төмендегі не 1 (а) тармақшада және 4-тармақта не 1 (b) тармақшада және 5-тармақта көзделген ешқандай қосымша баждар салынбайды.
      3. 1 (а) тармақшаға және 4-тармаққа сәйкес салынатын қосымша баж енгізілгенге дейін жасалған келісімшарт негізінде жолда болған осы өнімнің кез келген партиялары бұл жеткізілімдер осы жылға 1 (а) тармақшаның ережелерін қолданысқа енгізу мақсатында келесі жыл ішінде осы өнімнің импорты көлеміне қосылуы мүмкін болған жағдайда, кез келген осындай қосымша баждан босатылады.
      4. 1 (а) тармақша негізінде енгізілген кез келген қосымша баж ол енгізілген жыл соңына дейін ғана сақталады және осындай шара қолданылатын жылы қолданылатын әдеттегі кедендік баж деңгейінің үштен бірінен көп емес мөлшерде алынуы мүмкін. Триггерлік деңгей мынадай:
      (а) нарыққа қол жеткізудің осындай мүмкіндіктері өнім үшін 10 пайыздан төмен немесе оған тең болған кезде, базалық триггерлік деңгей 125 пайыз құрайтын;
      (b) нарыққа қол жеткізудің осындай мүмкіндіктері өнім үшін 10 пайыздан асатын, бірақ 30 пайыздан төмен немесе оған тең болған кезде, базалық триггерлік деңгей 110 пайыз құрайтын;
      (c) нарыққа қол жеткізудің осындай мүмкіндіктері өнім үшін 30 пайыздан асатын болса, базалық триггерлік деңгей 105 пайыз құрайтын деректер болғанда, алдыңғы үш жыл ішінде ішкі тұтынудың3 тиісті көлеміндегі импорттың үлесі ретінде айқындалатын нарыққа қол жеткізу мүмкіндіктеріне негізделген схемаға сәйкес белгіленеді.
      Жеңілдік беретін мүшенің кеден аумағына келіп түсетін тиісті өнім импортының абсолюттік көлемі жоғарыда көрсетілген базалық триггерлік деңгейді деректері бар алдыңғы үш жыл ішіндегі импорттың орташа санына көбейту нәтижесінде алынған (х) және алдыңғы жылмен салыстырғанда, триггерлік деңгей жоғарыдағы (х) үшін көрсетілген импорттың орташа санынан 105 пайыздан төмен болмаған жағдайда, деректері бар ең соңғы жылы тиісті өнімді ішкі тұтынудың абсолюттік көлемін өзгерту нәтижесінде алынған (у) сомасынан асып кетсе, барлық жағдайларда қосымша баж кез келген жылы енгізілуі мүмкін.
      5. 1 (b) тармақша негізінде енгізілетін қосымша баж мөлшері мынадай схема:
      (а) егер ұлттық валютамен көрсетілген тауар жеткізілімінің СИФ импорттық бағасы (бұдан әрі «импорттық баға» деп аталатын) мен жоғарыда айқындалғандай триггерлік баға арасындағы айырмашылық триггерлік бағадан 10 пайыздан төмен немесе оған тең болса, қосымша баж енгізілмейді;
      (b) егер импорттық баға мен триггерлік баға арасындағы айырмашылық (бұдан әрі «айырмашылық» деп аталатын) 10 пайыздан асатын, бірақ триггерлік бағадан 40 пайыздан төмен немесе оған тең болса, қосымша баж айырмашылығы 10 пайыздан асатын сомадан 30 пайызды құрайды;
      (c) егер айырмашылық 40 пайыздан асатын, бірақ триггерлік бағадан 60 пайыздан төмен немесе оған тең болса, қосымша баж айырмашылығы 40 пайыздан асатын сомадан 50 пайызды құрайды, оған қоса (b) тармақшасында рұқсат етілген қосымша баж;
      (d) егер айырмашылық 60 пайыздан асатын, бірақ 75 пайыздан төмен немесе оған тең болса, қосымша баж айырмашылығы триггерлік бағадан 60 пайыздан асатын сомадан 70 пайызды құрайды, оған қоса (b) және (с) тармақшаларында рұқсат етілген қосымша баждар;
      (e) егер айырмашылық триггерлік бағадан 75 пайыздан асатын болса, қосымша баж айырмашылығы 75 пайыздан асатын сомадан 90 пайызды құрайды, оған қоса (b), (с) және (d) тармақшаларында рұқсат етілген қосымша баждар бойынша белгіленеді.
      6. Тез бүлінетін және маусымдық өнімдер үшін жоғарыда аталған жағдайлар осындай өнімдердің өзіндік сипаттамаларын ескеретіндей қолданылады. Атап айтқанда, базалық кезең шеңберінде тиісті кезеңдерге сілтеме жасаған кезде 1 (а) тармақшаға және 4-тармаққа сәйкес уақыттың қысқа кезеңдері қолданылуы мүмкін және 1 (b) тармақшаға сәйкес әртүрлі кезеңдер үшін әртүрлі анықтамалық бағалар пайдаланылуы мүмкін.
      7. Арнайы қорғау шараларын қолдану транспаренттілік түрде жүзеге асырылады. Жоғарыдағы 1 (а) тармақша негізінде әрекет қолданатын кез келген мүше іс жүзінде қаншалықты ертерек мүмкін болса алдын ала, бірақ кез келген жағдайда осындай әрекетті жүзеге асырған соң 10 күн ішінде тиісті деректерді қоса отырып, жазбаша түрде хабарламаны Ауыл шаруашылығы комитетіне жолдайды. Әрекет 4-тармақ негізінде қолданылғанда, тұтыну көлемінің өзгеруі жеке тарифтік позициялар бойынша бөлінуге тиіс жағдайларда тиісті деректер осы өзгерістер бөлінген кезде пайдаланылған ақпарат пен әдістерді қамтиды. 4-тармақ негізінде шара қолданатын мүше кез келген мүдделі мүшеге осындай шараларды қолдану жағдайлары бойынша консультация жүргізу үшін мүмкіндік береді. 1 (b) тармақша негізінде шара қолданатын кез келген мүше алғашқы осындай әрекетті қолданғаннан кейін 10 күн ішінде немесе тез бүлінетін және маусымдық өнімдер үшін алғашқы әрекеттің кез келген кезеңі ішінде Ауыл шаруашылығы комитетіне тиісті деректерді қоса отырып, жазбаша түрде хабарлама жолдайды. Мүшелер, бұл қаншалықты мүмкін болса, егер осы өнімнің импорт көлемі төмендесе, 1 (b) тармақшаның ережелерін қолданбауға міндеттенеді. Кез келген жағдайда, осындай әрекеттерді қолданатын мүше кез келген мүдделі мүшелерге осындай әрекеттерді іске асыру жағдайлары бойынша консультация жүргізу үшін мүмкіндік береді.
      8. Шаралар жоғарыдағы 1-7-тармақтарға сәйкес қолданылғанда, мүшелер осындай шараларға қатысты 1994 жылғы ГАТТ-тың XIX бабының 1 (а) және 3-тармақтарының немесе арнайы қорғау шаралары бойынша Келісімнің 8-бабы 2-тармағының ережелерін қолданбауға міндеттенеді.
      9. Осы баптың ережелері 20-бапта айқындалғандай, реформа жүргізудің бүкіл уақытында күшінде қала береді.
_________________
2 Осы тармақшаның ережесін қолдану кезінде пайдаланылатын анықтамалық баға, әдетте, СИФ-тің сол өнімнің бірлігіне орташа бағасы немесе өнімнің сапасына және оны өңдеу дәрежесіне сәйкес келетін баға болып табылады. Ол алғаш пайдаланылуынан бастап жариялануға және басқа мүшелердің енгізілуі мүмкін қосымша баждың мөлшерін айқындауына мүмкіндік беру үшін қажет дәрежеде қолжетімді болуға тиіс.
3 Ішкі тұтыну ескерілмеген жағдайда, 4 (а) тармақшаға сәйкес базалық триггерлік деңгей қолданылады.

IV БӨЛІК 6-БАП
Ішкі қолдау бойынша міндеттемелер

      1. Әрбір мүшенің өз Тізбесінің IV бөлігінде қамтылған ішкі қолдауды қысқарту бойынша міндеттемелер, осы бапта және осы Келісімге 2-қосымшада аталған өлшемшарттар негізінде қысқартылуға жатпайтын ішкі шаралардан басқа, ол ауыл шаруашылығын өндірушілерге берілетін ішкі қолдаудың барлық түрлеріне қолданылады. Бұл міндеттемелер «Жалпы біріктірілген қолдау көрсеткіші» және «Міндеттемелер байланысының жыл сайынғы және түпкілікті деңгейі» түрінде көрсетіледі.
      2. Уругвай кезеңінің Аралық шолуы бойынша Келісімге сәйкес ауыл шаруашылығын және аграрлық секторды дамытуды көтермелеу мақсатында тікелей немесе жанама болып табылатын көмектің мемлекеттік шаралары дамушы елдерді дамыту бағдарламаларының ажырамас бөлігі болып табылады; дамушы мүше елдерде, әдетте, ауыл шаруашылығына берілетін инвестициялық субсидиялар; және дамушы мүше елдерде, әдетте, табысы төмен өндірушілерге немесе ресурстары бойынша кедейлерге берілетін ауыл шаруашылығындағы шығындарды өтеуге субсидиялар заңсыз есірткі дақылдарын өсіруді алмастыратын әртараптандыруды көтермелеу мақсатында берілетін дамушы мүше елдерде өндірушілерді ішкі қолдау сияқты осындай шараларға қолданылатын ішкі қолдауды қысқарту бойынша міндеттемелерден босатылады делінген. Мүше үшін осы тармақтың өлшемшарттарына сәйкес келетін ішкі қолдауды «Ағымдағы жалпы БҚК» есебіне қосу талап етілмейді.
      3. «Ағымдағы жалпы БҚК» түрінде көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге берілетін ішкі қолдау осы мүше Тізбесінің IV бөлігінде көрсетілген міндеттемелер байланысының жыл сайынғы және түпкілікті деңгейінен аспағанда, мүше кез келген жылы ішкі қолдауды қысқарту бойынша өз міндеттемелерін орындайды деп есептеледі.
      4. (а) Мүшеден «Ағымдағы жалпы БҚК» есебіне:
      (i) ішкі қолдау тиісті жыл ішінде осы мүшенің негізгі ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің жалпы құнынан 5 пайыз аспағанда, мүшенің «Ағымдағы БҚК» есебіне қосылуға тиіс болған жағдайда нақты өніммен байланысты ішкі қолдауды; және
      (ii) ішкі қолдау осы мүшенің ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы құнынан 5 пайыз аспағанда, мүшенің «Ағымдағы БҚК» есебіне қосылуға тиіс болған жағдайда нақты өніммен байланысты емес ішкі қолдауды қосу және оны қысқарту талап етілмейді.
      (b) Дамушы мүше елдер үшін осы тармақ бойынша ең төменгі пайыздық үлес 10 пайыз құрайды.
      5. (а) Егер:
      (i) тікелей төлемдер тіркелген алқаптар мен егінге байланысты болса; немесе
      (ii) тікелей төлемдер өндірістің базалық деңгейінің 85 не одан аз пайызы негізінде жүргізілсе; немесе
      (iii) мал шаруашылығы секторындағы төлемдер тіркелген мал басының санына сүйене отырып жүргізілсе,өндірісті шектеу бағдарламалары бойынша мұндай төлемдер ішкі қолдауды қысқарту бойынша міндеттемелерді қамтымайды.
      (b) Жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сай келетін тікелей төлемдерді қысқарту бойынша міндеттемелерден босату осы мүшенің «Ағымдағы жалпы БҚК» есебінен осы тікелей төлемдер сомасын алып тастау арқылы жүзеге асырылады.

7-БАП
Ішкі қолдау бойынша жалпы ережелер

      1. Әрбір мүше қысқарту туралы міндеттемелерге жатпайтын ауыл шаруашылығын өндірушілер үшін ішкі қолдаудың кез келген шаралары, осы Келісімге 2-қосымшада баяндалған өлшемшарттарға сәйкес келетіндіктен, көрсетілген Қосымшаға сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
      2. (а) Ауыл шаруашылығын өндірушілер үшін ішкі қолдаудың кез келген шарасы, осындай шараның кез келген өзгеруін қоса алғанда, және осы Келісімге 2-қосымшада баяндалған өлшемшарттарға сәйкес келмейтін немесе осы Келісімнің қандай да бір басқа ережесі негізінде қысқартудан алып тасталмайтын, кейіннен енгізілетін кез келген шара осы мүшенің «Ағымдағы жалпы БҚК» есебіне қосылады.
      (b) «Жалпы БҚК» бойынша міндеттемелер мүше Тізбесінің IV бөлігінде болмаса, бұл мүше ауыл шаруашылығын өндірушілерге 6-баптың 4-тармағында көрсетілген тиісті ең төменгі деңгейден тыс қолдау көрсетпейді.

V БӨЛІК 8-БАП
Экспорттық бәсекелестік бойынша міндеттеме

      Әрбір мүше осы Келісімде және осы мүшенің Тізбесінде көрсетілген міндеттемелерге сәйкес келетіннен басқа, экспорттық субсидияларды беруге міндеттенбейді.

9-БАП
Экспорттық субсидиялар бойынша міндеттеме

      1. Осы Келісімге сәйкес қысқарту бойынша міндеттемелерде мынадай экспорттық субсидиялар:
      (а) үкіметтердің немесе олардың мекемелерінің фирмаға, өнеркәсіп саласына, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге, кооперативке немесе осындай өндірушілердің өзге қауымдастығына немесе экспортты жүзеге асыруға байланысты өткізу бойынша кеңеске заттай төлемдерді қоса алғанда, тікелей субсидиялар беру;
      (b) үкіметтердің немесе олардың мекемелерінің экспорт үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің коммерциялық емес қорларын ішкі нарықта сатып алушылар үшін ұқсас өнімге белгіленетін салыстырмалы бағадан төмен баға бойынша сату немесе тапсыру;
      (c) тиісті ауыл шаруашылығы өніміне немесе экспорттық өнім алынған ауыл шаруашылығы өніміне алымдардан түскен түсім есебінен қаржыландырылатын төлемдерді қоса алғанда, мемлекет қаражаты немесе басқаның есебінен үкімет арқылы қаржыландырылатын ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезіндегі төлемдер;
      (d) тиеу-түсіру жұмыстарына, өнімнің сапасын арттыруға жұмсалатын шығыстарды және өңдеу бойынша өзге де шығыстарды, сондай-ақ халықаралық тасымалға және фрахтқа байланысты жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау кезінде (экспортты дамытуға жәрдемдесу бойынша кең таралған көрсетілетін қызметтерден және консультациялық қызметтерден басқа) айналым шығасыларын азайту үшін субсидиялар беру;
      (е) экспорттық болып табылмайтын жүктерді тасымалдау кезіндегіге қарағанда, анағұрлым қолайлы жағдайларда үкімет белгілеген немесе ұйғарған экспортқа жеткізу кезіндегі ішкі тасымалдау мен фрахтқа тарифтер;
      (f) ауыл шаруашылығы өнімдерін олардың экспорттық өнімге қосылуына қарай субсидиялау ескеріледі.
      2. (а) (b) тармақшасында көзделгеннен басқа, мүше Тізбесінде көрсетілгендей, іске асыру кезеңінің әрбір жылына экспорттық субсидиялар бойынша міндеттемелер деңгейі осы баптың 1-тармағында тізбеленген экспорттық субсидиялар мыналарды:
      (i) бюджет шығыстарын қысқарту бойынша міндеттемелер жағдайында – осы жылы белгілі бір ауыл шаруашылығы өніміне немесе өнімдер тобына қатысты көзделуі немесе берілуі мүмкін осындай субсидияларға шығыстардың ең жоғары деңгейін; және
      (ii) экспортқа қатысты сандық қысқарту бойынша міндеттемелер жағдайында – осы жылы осындай экспорттық субсидиялар берілуі мүмкін ауыл шаруашылығы өнімінің немесе өнімдер тобының ең жоғары санын білдіреді.
      (b) Іске асыру кезеңінің екінші жылынан бастап бесінші жылын қоса алғанда, кез келген жылы мүше жоғарыда көрсетілген 1-тармақта тізбеленген экспорттық субсидияларды беруі мүмкін, бөлек алынған жылы мынадай:
      (i) іске асыру кезеңінен бастап қарастырылатын жылды қоса алғанда, мұндай субсидияларға бюджет шығыстарының жиынтық сомасы осы мүше Тізбесінде көрсетілген шығыстар деңгейі бойынша тиісті жылдық міндеттемені толық орындау нәтижесінде алынатын жиынтық сомалардан базалық кезеңдегі осындай бюджет шығыстарының деңгейінен 3 пайыздан көп аспайтын;
      (ii) іске асыру кезеңінен бастап қарастырылатын жылды қоса алғанда, мұндай экспорттық субсидияларды пайдалана отырып, экспорттың жиынтық саны мүше Тізбесінде көрсетілген сандық деңгейлерге қатысты тиісті жылдық міндеттемені толық орындау нәтижесінде алынатын экспорттың жиынтық санынан базалық кезеңнің санынан 1,75 пайыздан көп аспайтын;
      (iii) іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде экспорттық субсидиялар берілетін мұндай экспорттық субсидиялар мен экспорт көлеміне бюджет шығыстарының жалпы жиынтық сомасы осы мүшенің Тізбесінде көрсетілген тиісті жылдық міндеттемені толық орындаған кезде алынатын жалпы сомадан аспайтын; және
      (iv) мүшенің экспорттық субсидияларға бюджет шығыстары және осындай субсидиялар берілетін экспорт көлемі іске асыру кезеңі соңында 1986-1990 жж. базалық кезең деңгейінен тиісінше 64 пайыздан және 79 пайыздан аспайтын жағдайларда, осы мүше Тізбесінің IV бөлігінде көрсетілген өнімдерге немесе өнімдер тобына қатысты тиісті жылдық міндеттемелер деңгейінен тыс беруі мүмкін. Дамушы мүше елдер үшін бұл тиісінше 76 және 86 пайызды құрайды.
      3. Экспортты субсидиялауды қолдану саласындағы шектеуге қатысты міндеттемелер Жеңілдіктер тізімінде көрсетілген.
      4. Іске асыру кезеңі ішінде дамушы мүше елдерден, егер бұл қысқарту бойынша міндеттемені айналып өту үшін пайдаланылмаса, жоғарыдағы 1-тармақтың (d) және (e) тармақшаларында тізбеленген экспорттық субсидияларға қатысты міндеттемелерді орындау талап етілмейді.

10-БАП
Экспорттық субсидиялар бойынша міндеттемелерден
айналып өтудің алдын алу

      1. 9-баптың 1-тармағында тізбеленбеген экспорттық субсидиялар экспорттық субсидиялар бойынша міндеттемелерден айналып өтуге әкелетіндей немесе әкелуге қаупі болатындай қолданылмайды; коммерциялық емес мәмілелер де осындай міндеттемелерден айналып өту үшін пайдаланылмайды.
      2. Мүшелер экспорттық кредиттер, экспорттық кредиттер бойынша кепілгерлік немесе сақтандыру бағдарламаларын беру саласында халықаралық деңгейде келісілген ережелерді әзірлеу жөніндегі жұмысты жүргізуге және осындай ережелерге қатысты келісімге қол жеткізгеннен кейін осындай ережелерге ғана сәйкес экспорттық кредиттер, экспорттық кредиттер бойынша кепілгерлік немесе сақтандыру бағдарламаларын беруге міндеттенеді.
      3. Қысқарту бойынша міндеттеме деңгейінен тыс экспортталған тауарлардың қандай да бір саны субсидияланған жоқ деп сендірген кез келген мүше ешбір экспорттық субсидия оның 9-бапта көрсетілгеніне немесе көрсетілмегеніне қарамастан, экспорттың осы санына қатысты берілмегенін негіздеуге тиіс.
      4. Халықаралық азық-түлік көмегінің донорлары болып табылатын мүшелер:
      а) халықаралық азық-түлік көмегін беру көмек алатын елдерге ауыл шаруашылығы өнімдерінің коммерциялық экспортымен тікелей немесе жанама байланысты болмауын;
      b) ақшалай нысандағы екіжақты азық-түлік көмегін қоса алғанда, халықаралық азық-түлік көмегі бойынша мәмілелер тиісті жағдайларда Кәдімгі маркетингтік талаптар жүйесін (КМТ) қоса алғанда, ФАО «Артылған қаражатты табыстау қағидаттары және консультация жүргізу бойынша міндеттемелерге» сәйкес жүзеге асырылатынын; және
      c) мұндай көмек, мүмкіндігінше, толығымен гранттар нысанында немесе 1986 жылғы Азық-түлік көмегі туралы конвенцияның IV бабында көзделген жағдайларға қарағанда, қолайлылығы кем емес жағдайларда берілетінін қамтамасыз етеді.

11-БАП
Инкорпорацияланған өнімдер

      Ауыл шаруашылығының инкорпорацияланған шикізат өнімінің бірлігіне төленген субсидия ешқандай жағдайларда осындай шикізат өнімінің экспорты жағдайында төленген өнім бірлігіне экспорттық субсидиядан аспайды.

VI БӨЛІК 12-БАП
Экспортқа тыйым салу және оны шектеуге қатысты қағидалар

      1. Кез келген мүше 1994 жылғы ГАТТ-тың ХI бабының 2 (а) тармағына сәйкес азық-түлік экспортына қатысты кез келген жаңа тыйым салу немесе оны шектеу белгілегенде, бұл мүше мынадай ережелерді сақтайды:
      (а) экспортқа тыйым салуды немесе оны шектеуді белгілейтін мүше импорттайтын мүшенің азық-түлік қауіпсіздігі үшін мұндай тыйым салудың немесе оны шектеудің салдарын тиісінше ескереді;
      (b) кез келген мүше экспортқа тыйым салуды немесе оны шектеуді белгілегенге дейін іс жүзінде қаншалықты мүмкін болса, алдын ала осындай шараны қолдану сипаты мен ұзақтығы туралы ақпарат бар жазбаша хабарламаны Ауыл шаруашылығы комитетіне жолдайды және өтініш бойынша, импорттаушы ретінде елеулі мүддесі бар кез келген басқа мүшемен қаралатын шараға қатысты кез келген мәселе бойынша консультация жүргізеді. Осындай тыйым салуды немесе экспортты шектеуді белгілейтін мүше өтініш бойынша басқа мүшеге барлық қажетті ақпаратты береді.
      2. Егер шараны азық-түліктің нақты түрін нетто-экспорттаушы болып табылатын дамушы мүше ел қабылдамаса, осы баптың ережелері ешқандай дамушы мүше елдерге қолданылмайды.

VII БӨЛІК 13-БАП
Тиісті ұстамдылық

      Іске асыру кезеңін жалғастыра отырып, 1994 жылғы ГАТТ-тың және Субсидиялар және өтемақы шаралары келісімінің (осы бапта «Субсидиялар туралы келісім» деп аталатын) ережелеріне қарамастан:
      (а) осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне толық сәйкес келетін ішкі қолдау шаралары:
      (i) өтемақы баждарын4 енгізу үшін негіз бермейтін субсидиялар болып есептеледі;
      (ii) 1994 жылғы ГАТТ-тың ХVI бабы және Субсидиялар туралы келісімнің ІІІ бөлігі негізінде қолданылатын әрекеттерден алып тасталады; және
      (iii) 1994 жылғы ГАТТ-тың XXIII бабының 1 (b) тармағының мағынасында 1994 жылғы ГАТТ-тың ІІ бабы бойынша басқа мүшеге берілген тарифтік жеңілдіктерден түсетін пайданың күшін жою немесе қысқарту бұзушылықтары болып табылмайтын негізде қолданылатын әрекеттерден алып тасталады;
      (b) әрбір мүше Тізбесінде көрсетілгендей, осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетін тікелей төлемдерді қоса алғанда, осы Келісімнің 6-бабының ережелеріне толық сәйкес келетін ішкі қолдау шаралары, сондай-ақ ең төменгі деңгейлер шеңберіндегі және 6-баптың 2-тармағына сәйкес ішкі қолдау:
      (i) егер 1994 жылғы ГАТТ-тың VI бабына және Субсидиялар туралы келісімнің V бөлігіне сәйкес залал немесе залал қаупі белгіленбесе және тиісті ұстамдылық өтемақы баждарын енгізу бойынша кез келген тергеп-тексеруді қозғаған кезде байқалса, өтемақы баждарын салудан босатылады;
      (ii) мұндай шараларды жүзеге асыру нақты өнімге қатысты 1992 сауда жылы ішінде берілген қолдау көлемінен тыс қолдау беруге әкелмеген жағдайда, 1994 жылғы ГАТТ-тың ХVI бабының 1-тармағы немесе Субсидиялар туралы келісімнің 5 және 6-баптары негізінде қолданылатын әрекеттерден алып тасталады; және
      (iii) мұндай шараларды жүзеге асыру нақты өнімге қатысты 1992 сауда жылы ішінде берілген қолдау көлемінен тыс қолдау беруге әкелмеген жағдайда, 1994 жылғы ГАТТ-тың XXIII бабының 1 (b) тармағының мағынасы бойынша 1994 жылғы ГАТТ-тың ІІ бабы негізінде басқа мүшеге берілген тарифтік жеңілдіктерден түсетін пайданың күшін жою немесе қысқарту бұзушылықтары болып табылмайтын негізде қолданылатын әрекеттерден алып тасталады;
      (c) әрбір мүше Тізбесінде көрсетілгендей, осы Келісімнің V бөлігінің ережелеріне толық сәйкес келетін экспорттық субсидиялар:
      (i) 1994 жылғы ГАТТ-тың VI бабына және Субсидиялар туралы келісімнің V бөлігіне сәйкес көлемін, бағаға ықпалын немесе кейінгі әсерін ескере отырып айқындалған залал немесе залал қаупін айқындау салдарынан ғана өтемақы баждарының енгізілуіне жатады және тиісті ұстамдылық өтемақы баждарын енгізу бойынша кез келген тергеп-тексеруді қозғаған кезде байқалатын болады;
      (ii) 1994 жылғы ГАТТ-тың ХVI бабы және Субсидиялар туралы келісімнің 3, 5 және 6-баптары негізінде қабылданатын әрекеттерден алып тасталады.
________________
4 Осы бапта аталатын «өтемақы баждары» деп 1994 жылғы ГАТТ-тың VI бабында және Субсидиялар және өтемақы шаралары келісімінің V бөлігінде қамтылған баждар түсініледі.

VIII БӨЛІК 14-БАП
Санитариялық және фитосанитариялық шаралар

      Мүшелер Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісімді қолданысқа енгізуге келіседі.

IX БӨЛІК 15-БАП
Арнайы және сараланған режим

      1. Дамушы мүше елдер үшін сараланған және анағұрлым қолайлы режим келіссөздердің ажырамас бөлігі болып табылатынын тани отырып, осы елдердің міндеттемелеріне қатысты осы Келісімнің тиісті ережелерінде көзделген және Жеңілдіктер мен міндеттемелер тізбесінде бекітілген арнайы және сараланған режиммен қамтамасыз етіледі.
      2. Дамушы мүше елдерге ұзақтығы 10 жылға дейінгі кезең ішінде қысқарту бойынша міндеттемелерді орындау үшін икемділік беріледі. Неғұрлым төмен дамыған мүше елдерден қысқарту бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдау талап етілмейді.

X БӨЛІК 16-БАП
Азық-түліктің нетто-импорттаушылары болып табылатын неғұрлым
төмен дамыған елдер мен дамушы елдер

      1. Дамыған мүше елдер Азық-түліктің нетто-импорттаушылары болып табылатын неғұрлым төмен дамыған елдер мен дамушы елдер үшін реформа бағдарламасының ықтимал жағымсыз салдарына қатысты шаралар туралы шешім шеңберінде көзделген әрекеттерді қолданады.
      2. Ауыл шаруашылығы комитеті осы Шешімнің тиісті түрде орындалуына бақылау жүргізеді.

XI БӨЛІК 17-БАП
Ауыл шаруашылығы комитеті

      Осымен Ауыл шаруашылығы комитеті құрылады.

18-БАП
Міндеттемелердің орындалу барысын қарау

      1. Уругвай кезеңі реформасының бағдарламасы шеңберінде келісілген міндеттемелердің орындалу барысын Ауыл шаруашылығы комитеті қарайды.
      2. Міндеттемелердің орындалу барысын қарау осындай мәселелер бойынша мүшелер ұсынатын хабарламалар негізінде және айқындалуға жататын мерзімділікпен, сондай-ақ қарау процесін жеңілдету үшін дайындалуы Хатшылыққа тапсырылуы мүмкін құжаттама негізінде жүзеге асырылады.
      3. 2-тармаққа сәйкес ұсынуға жататын хабарламаларға толықтырулар ретінде ішкі қолдау жөніндегі кез келген жаңа шаралар туралы немесе қысқартулардан алып тастау сұратылған қолданыстағы шаралардың өзгергендігі туралы дереу хабардар етілуге жатады. Мұндай хабарламада жаңа немесе өзгертілген шара туралы және не 6-бапта не 2-қосымшада баяндалған келісілген өлшемшарттарға оның сәйкестігі туралы толық мәліметтер қамтылады.
      4. Қарау процесінде мүшелер тиісті түрде ішкі қолдау бойынша қандай да бір мүшенің өзінің міндеттемелерін орындау қабілеттілігіне инфляцияның шамадан тыс деңгейлерінің әсер етуін ескереді.
      5. Мүшелер осы Келісімге сәйкес экспорттық субсидиялар бойынша міндеттемелер шеңберінде ауылшаруашылығы өнімдерінің әлемдік саудасының қалыпты өсуіне Ауыл шаруашылығы комитетінің қатысуына қатысты жыл сайын онда кеңестер жүргізуге келіседі.
      6. Қарау процесі мүшелерге осы Келісімде баяндалғандай, реформаның бағдарламасы бойынша міндеттемелерді орындауға жататын кез келген мәселелерді көтеру мүмкіндігін береді.
      7. Кез келген мүше оның пікірі бойынша басқа мүше хабардар етуге тиіс кез келген шара туралы Ауыл шаруашылығы комитетінің назарына жеткізуі мүмкін.

19-БАП
Консультациялар және дауларды реттеу

      1994 жылғы ГАТТ-тың XXII және XXIII баптарының ережелері, олар қалай әзірленсе, сондай түрде және Дауларды шешу туралы уағдаластықта қолданылады және осы Келісім шеңберінде консультацияларға және дауларлы реттеуге қолданылады.

XII БӨЛІК 20-БАП
Реформа процесінің жалғасы

      Іргелі реформаға жетелейтін қолдауды және қорғауды едәуір және ретті қысқарту бойынша ұзақ мерзімдік мақсатты іске асыру үздіксіз процес болып табылатынын мойындай отырып, мүшелер бір жыл ішінде Келісімді іске асыру кезеңінің соңына дейін мыналарды:
      (a) осы күнге дейін жинақталған қысқарту бойынша міндеттемелерді орындау бойынша тәжірибені,
      (b) ауыл шаруашылығы саласындағы әлемдік саудаға қысқартуға қатысты міндеттемелердің әсер етуін;
      (c) сауда сипатына жатпайтын проблемаларды, дамушы мүше-елдер үшін арнайы және әртараптандырылған режимді және ауыл шаруашылығы саласындағы әділ және нарыққа бағдарланған сауда жүйесін құру мақсаттарын, сондай-ақ осы Келісімге кіріспеде атап көрсетілген басқа да мақсаттар мен проблемаларды және
      (d) қабылдануы жоғарыда атап көрсетілген ұзақ мерзімдік мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет одан әрі міндеттемелерді ескере отырып, осы процесті жалғастыру туралы келіссөздер басталатынына келіседі.

XIII БӨЛІК 21-БАП
Қорытынды ережелер

      1. 1994 жылғы ГАТТ-тың және ДСҰ бойынша Келісімге 1А-қосымшада келтірілген басқа да Көпжақты сауда келісімдерінің ережелері осы Келісімнің ережелерін сақтай отырып қолданылады.
      2. Осы Келісімге қосымшалар осы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

1-ҚОСЫМША
ҚАМТЫЛАТЫН ӨНІМДЕР

      1. Осы Келісімде мынадай өнімдер қамтылады:

(i)

1 - 24 ҮЖ Тобының, балық және балық өнімдерінен басқа, сондай-ақ*

(ii)

ҮЖ коды

2905.43

(маннит)


ҮЖ коды

2905.44

(сорбит)


ҮЖ позициясы

33.01

(эфир майы)


ҮЖ позициялары

35.01 - 35.05

(альбуминоидты заттар, түрлендірілген крахмалдар, желімдер)


ҮЖ коды

3809.10

(құраушы құрамдар)


ҮЖ коды

3823.60

(сорбитол, өзге де өнімдер)


ҮЖ позициялары

41.01 - 41.03

(тері және былғары шикізаты)


ҮЖ позициясы

43.01

(бөлінбеген аң терісі)


ҮЖ позициялары

50.01 - 50.03

(шикі-жібек және жібек қалдықтары)


ҮЖ позициялары

51.01 - 51.03

(жүн және жануарлардың түктері)


ҮЖ позициялары

52.01 - 52.03

(шикі-мақта, мақта қалдықтары, түтілген немесе таралған мақта талшығы)


ҮЖ позициясы

53.01

(шитті-зығыр)


ҮЖ позициясы

53.02

(өңделмеген түбіртек)

      2. Жоғарыда келтірілген тізім Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісімде қамтылатын өнімдердің тізбесін шектемейді.
      *Дөңгелек жақша ішінде келтірілген өнімдердің сипаттамасы міндетті түрде толық болып табылмайды.

2-ҚОСЫМША
ІШКІ ҚОЛДАУ: ҚЫСҚАРТУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЕН БОСАТУ ҮШІН НЕГІЗ

      1. Қысқарту бойынша міндеттемелерден босату сұратылатын ішкі қолдау шаралары мынадай маңызды талаптарға жауап беруге тиіс: саудаға немесе өндіріске қолайсыз әсер етпеуге немесе барынша аз әсер етуге. Тиісінше босату сұратылатын барлық шаралар мынадай негізгі өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
      (а) аталған қолдау тұтынушылардың қаражаттарын аудару есебінен емес, керісінше үкіметтік бағдарламаның мемлекеттік бюджетінен (үкімет талап етпеген кірістерді қоса алғанда) қаржыландыру негізінде беріледі; және
      (b) аталған қолдауда өндірушілердің бағаларын қолдау салдары жоқ;
      сондай-ақ төменде баяндалған арнайы өлшемшарттар мен шарттардың саясатын жүзеге асырумен байланысты салдары да жоқ.
      Қызметтерді көрсетудің үкіметтік бағдарламалары
      2. Жалпы сипаттағы көрсетілетін қызметтер
      Мұндай түрдегі шаралар бағдарламаларды орындауға арналған шығыстарды (немесе талап етілмеген табыстар) көздейді, олардың негізінде ауыл шаруашылығына немесе ауыл тұрғындарына көрсетілетін қызметтер немесе жеңілдіктер беріледі. Олар өндіріспен немесе қайта өңдеумен айналысатындарға тікелей төлемдерді қамтымайды. Келтірілген тізбеге енгізілген бірақ олармен шектелмеген мұндай бағдарламалар жоғарыдағы 1-тармақта көрсетілген жалпы өлшемшарттарға және төменде баяндалған саясатты жүргізудің нақты шарттарына жауап беруге тиіс:
      (a) ғылыми зерттеулер, оның ішінде жалпы сипаттағы зерттеулер, қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына байланысты зерттеулер және нақты өнімдер бойынша зерттеу бағдарламалары;
      (b) зиянкестерге және ауруларға қарсы күрестің жалпы шараларын және нақты өнімге жататын шараларды зиянкестерге және ауруларға қарсы күрес, мысалы, ерте ескерту жүйелері, карантин және жою;
      (c) оқыту үшін жалпы және арнайы тетіктерді қоса алғанда, кадрларды даярлау бойынша көрсетілетін қызметтер;
      (d) өндірушілер мен тұтынушыларға ақпараттарды және зерттеу нәтижелерін беруді жеңілдету үшін құралдарды беруді қоса алғанда, тәжірибе мен білімді тарату бойынша көрсетілетін қызметтер және консультациялық көрсетілетін қызметтер;
      (e) денсаулық сақтау, қауіпсіздік, сапасы бойынша сұрыптау немесе стандарттау мақсаттары үшін жалпы инспекциялық қызметтерді және жекелеген өнімдерді тексеруді қоса алғанда инспекциялық көрсетілетін қызметтер;
      (f) маркетингтік ақпаратты, консультацияларды және нақты өнімдерді алға жылжытуды қоса алғанда, бірақ сату бағаларын төмендету немесе сатып алушыларға тікелей экономикалық жеңілдіктерді беру үшін сатушылар қолдануы мүмкін нақты емес бағаларға арналған шығыстарды қоспағанда, маркетинг және нарықта алға жылжыту бойынша көрсетілетін қызметтер; және
      (g) инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер, мыналарды қоса алғанда: электрмен жабдықтау, жолдар және көліктің басқа да құралдары, нарықтық және кемежай жабдықтары, сумен жабдықтау, бөгеттер және дренажды жүйелер, қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламалармен үйлесімде инфрақұрылымды құру бойынша жұмыстар. Барлық жағдайларда шығыстар тек жабдықтарға немесе күрделі құрылыстардың құрылысына жіберіледі және егер қоғамдық пайдаланудың жалпыға қол жетімді құрылыстарының желілеріне қатысты болмаса, фермерлік шаруашылықтардағы инфрақұрылым объектілерін субсидиялау алып тасталады. Шығындарды және пайдалану шығыстарын өтеуге субсидиялар немесе жеңілдіктері бар тұтынушыдан алынатын алымдар қосылмайды.
      3. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік резервтерді жасау4
      Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бағдарламалардың ұлттық заңнамада көрсетілген ажырамас бөлігін құрайтын азық-түлік қорларын жинау және сақтау мақсаттары үшін шығыстар (немесе талап етілмеген табыстар). Ол жеке азық-түлік қоймаларына үкіметтік көмекті қамтуы мүмкін.
      Мұндай резервтердің көлемі және оны жинау азық-түлік қауіпсіздігіне ғана жататын алдын ала айқындалған мақсаттарға сәйкес келеді. Резервтерді жинақтау және бөлу процесі қаржылық тұрғысынан транспарентті болуға тиіс. Азық-түлікті үкіметтің сатып алуы ағымдағы нарық бағалары бойынша жүзеге асырылады, ал азық-түлік резервтерінен сатулар – тиісті сападағы нақты өнімге ағымдағы ішкі нарықтық бағаларға қарағанда төмен емес баға бойынша жүзеге асырылады.
      4. Ішкі азық-түліктік көмек6
      Халықтың мұқтаж бөлігіне ішкі азық-түліктік көмекті көрсетуге шығыстар (немесе талап етілмеген табыстар).
      Азық-түліктік көмекті алуға құқық тамақпен қамтамасыз ету мақсаттарына жататын нақты айқындалған өлшемшарттарға байланысты. Мұндай көмек мүдделі тұлғаларға азық-түлікті тікелей жеткізу немесе нарықтық немесе субсидияланатын бағалар бойынша заңды азық-түлік реципиенттерінің тағамды сатып алуға мүмкіндік беретін қаражатты беру нысанында көрсетіледі. Үкіметтің азық-түлікті сатып алуы ағымдағы нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады, ал оны қаржыландыру және басқару транспарентті болып табылады.
      5. Өндірушілерге тікелей төлемдер
      Қысқарту бойынша міндеттемелерден босату сұралатын өндірушілерге тікелей төлемдер түрінде (немесе заттай түрінде төлемдерді қоса алғанда, талап етілмеген табыстар) көрсетілетін қолдау, төменде 6-13 тармақтарда көрсетілгендей, тікелей төлемдердің дербес түрлеріне қолданылатын арнайы өлшемшарттар сияқты, жоғарыда 1-тармақта баяндалған негізгі өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс. Егер қысқартудан босату 6-13-тармақтарда көрсетілгендерден басқа, кез келген тікелей төлемдердің қолданыстағы немесе жаңа түріне қатысты сұралатын болса, онда ол 1-тармақта баяндалған жалпы өлшемшарттарға толықтыру ретінде 6-тармақтың (b) - (е) өлшемшарттарына сәйкес келуге тиіс.
      6. Табысты «байланыспайтын» қолдау
      (а) Мұндай төлемдерге құқық табыс ретінде, өндіруші немесе жер иеленуші ретіндегі мәртебе, жүктеу дәрежесі немесе белгіленген және тіркелген базалық кезеңдегі өндіріс деңгейі сияқты нақты белгіленген өлшемшарттармен айқындалады.
      (b) Мұндай төлемдердің сомасы кез келген жылда базалық кезеңнен кейінгі кез келген жылда осы өндіруші өндірген өнімнің (қара мал басын қоса алғанда) түріне немесе көлеміне байланысты емес және оған негізделмейді.
      (с) Мұндай төлемдердің сомасы кез келген жылда базалық кезеңнен кейін кез келген жылда өндірілген кез келген өнімге жататын ішкі немесе әлемдік бағаларға байланысты емес және оған негізделмейді.
      (d) Мұндай төлемдердің сомасы кез келген жылда базалық кезеңнен кейін кез келген жылы іске қосылған өндіріс факторларына байланысты емес және оған негізделмейді.
      (е) Мұндай төлемдерді алу үшін өндіріс талап етілмейді.
      7. Табыстарды сақтандыру және қамтамасыз ету бағдарламаларына үкіметтің қаржылық қатысуы
      (а) Мұндай төлемдерге құқық ең жоғарғы және ең төмен жылдық көрсеткіштер алып тасталған алдыңғы бес жылдық кезең негізінде есептелген, алдыңғы үш жылдық кезең немесе үш жылдың орташа көрсеткіші (осындай немесе осыған ұқсас бағдарламалар бойынша алынған кез келген төлемдерді қоспағанда) үшін таза табыс түріндегі орташа жалпы немесе балама табыстан 30 пайыз асатын табыстардағы (алайда тек ауал шаруашылығынан алынатын табыстар ғана есептелінеді) шығындармен айқындалады. Осы шартқа жауап беретін кез келген өндіруші төлемдерді алу құқығына ие.
      (b) Мұндай төлемдердің сомасы осындай көмекті алуға құқықты алатын өндірушінің сол жылдағы табысындағы өндіруші шыңынының 70 пайыздан азын өтейді.
      (с) Кез келген мұндай төлемдердің сомасы тек табысқа ғана байланысты; ол аталған өндіруші өндірген өнімнің түріне немесе көлеміне (қара мал басын қоса алғанда); немесе осындай өнімге қатысты қолданылатын ішкі немесе әлемдік бағаға; немесе өндірістің пайдаланылатын факторларына байланысты емес.
      (d) Өндіруші сол бір жылдың ішінде осы тармақ негізінде және 8-тармақтың (дүлей зілзала кезіндегі көмек) негізінде төлемдер алатын болса, мұндай төлемдердің жалпы мөлшері өндірушінің жалпы шығынының 100 пайыздан азын құрайды.
      8. Не тікелей, не үкіметтің астықты сақтандыру бағдарламаларына, дүлей зілзала кезіндегі көмек тәртібіне қаржылай қатысуы арқылы жүзеге асырылатын төлемдер:
      (а) Мұндай төлемдерге құқық үкіметтік органдар дүлей немесе осыған ұқсас зілзаланың (осы мүшенің аумағындағы аурулардың өршуін, зиянкестермен залалдануды, ядролық аварияларды және соғысты қоса алғанда) болғанын немесе орын алып отырғанын ресми танығаннан кейін ғана туындайды және алдыңғы үш жылдық кезеңде өндірістің орташа деңгейінің немесе ең жоғары және ең төмен жылдық көрсеткіштер алып тасталған алдыңғы бес жылдық кезең негізінде есептелген үш жылғы орташа көрсеткіштің 30 пайызынан асатын өндірістік шығасыларға байланысты;
      (b) зілзалаға байланысты жүргізілетін төлемдер қаралып отырған дүлей зілзала салдарынан туындаған кірістің, мал басының, жердің шығынына ғана (малға ветеринариялық қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді қоса алғанда) немесе басқа да өндіріс факторларына қолданылады.
      (с) төлемдер осындай шығын жалпы құнынан кем емес шығындарды өтейді және болашақтағы өнім түрінің немесе санының ьалабына немесе нақты алғышартына байланысты емес.
      (d) дүлей зілзала уақытында жүргізілген төлемдер жоғарыдағы (b) өлшемшартында айқындалған кейінгі шығасылардың алдын алу немесе оларды жұмсарту үшін қажетті деңгейден аспайды.
      (е) өндіруші осы тармақ және 6-тармақ (Сақтандыру және кірісті қамтамасыз ету бағдарламасының) негізінде дәл сол жылы төлемдер алған жағдайда, мұндай төлемдердің жалпы мөлшері өндірушінің жалпы шығасыларының 100 пайызынан аспайды.
      9. Өндірушілердің өз қызметін тоқтатуға түрткі болатын бағдарламалар арқылы құрылымдық өзгерістерге жәрдемдесу
      (а) Мұндай төлемдерге құқық тауарлық ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын тұлғалардың қызметін тоқтатуды жеңілдетуге немесе олардың ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет секторларына оларды ауыстыруға арналған бағдарламалар шеңберінде дәл айқындалған өлшемдерге сәйкестікке байланысты.
      (b) Төлемдер реципиенттің тауарлық ауылшаруашылық өнімін толық өндіруді және үздіксіз тоқтатуына байланысты.
      10. Ресурстарды пайдалануды тоқтату жөніндегі бағдарламалар арқылы құрылымдық өзгерістерге жәрдемдесу
      (а) төлемдерге мұндай құқық тауарлық ауылшаруашылық өнімін өндіру мақсаты үшін үй малын қоса алғанда, жерді немесе басқа ресурстарды пайдалануды тоқтатуға бағытталған бағдарламалар шеңберінде нақты айқындалған өлшемшарттарға сәйкестікке байланысты.
      (b) төлемдер жерді тауарлық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласынан ең аз дегенде үш жылға шығаруға, ал үй малы жағдайында - кейіннен оны одан әрі өсіруден бас тартуға немесе тұрақты негізде одан құтылуға союға байланысты болады.
      (с) төлемдерді іске асыру үшін тауарлық ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге байланысты осындай жерлерді және басқа ресурстарды қандай да бір баламалы пайдалану талап етілмейді және алдын ала нақты жазылмайды.
      (d) төлемдер өнімнің түрлеріне де, санына да,, өндіріс үшін қалатын жерді немесе басқа ресурстарды пайдалана отырып өндірілген өнімге қатысты ішкі немесе әлемдік бағаларына да байланысты болмайды.
      11. Инвестицияларды ынталандыру арқылы құрылымдық өзгерістерге жәрдемдесу
      (а) Мұндай төлемдерге құқық объективті дәлелденген құрылымдық шығастардың салдарынан өндірушінің қызметін қаржылық немесе физикалық қайта құрылымдауға жәрдемдесуге арналған үкіметтік бағдарламалар шеңберінде нақты айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігіне байланысты. Мұндай төлемдерге, сондай-ақ құқық ауыл шаруашылығының пайдалы жерлерін мемлекет иелігінен шығару жөнінде нақты айқындалған үкіметтік бағдарламаға да негізделуі мүмкін.
      (b) Мұндай кез келген нақты жылда төлемдер сомасы осы тармақтың 5) тармақшасында көзделгендерді қоспағанда, осы өндіруші өндірген өнім түрлері немесе көлеміне (мал басын қоса алғанда) байланысты болмайды және олармен айқындалмайды.
      (с) Мұндай төлемдер сомасы кез келген жылы базалық кезеңнен кейін кез келген жылы өндірілген кез келген өнімге ішкі немесе әлемдік бағаларға байланысты болмайды және олармен айқындалмайды.
      (d) төлемдер тек қана олар арналған инвестицияларды іске асыру үшін қажетті уақыт кезеңіне беріледі.
      (е) Реципиенттерге төлеу кезінде қандай да бір нақты өнімді өндірмеуге қатысты талаптарды қоспағанда, қандай ауылшаруашылығы өнімдерін реципиенттер өндірілуі тиіс екені ешқандайда көрсетілмейді және жазаланбайды.
      (f) Төлемдер құрылымдық шығасыларды өтеу үшін талап етілетін сомамен шектеледі.
      12. Қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары бойынша төлемдер:
      (а) Мұндай төлемдерге құқық нақты айқындалған үкіметтік қоршаған ортаны қорғау немесе сақтап қалу бағдарламасының бөлігі ретінде реттеледі және өндіріс әдістеріне немесе шығасыларға қатысты шарттарды қоса алғанда, осы үкіметтік бағдарламада көзделген нақты шарттардың орындалуына байланысты болады.
      (b) төлемдер сомасы үкіметтік бағдарламаның орындалуына байланысты қосымша шығыстардың немесе кірістегі шығасылардың мөлшерімен шектеледі.
      13. Өңірлік көмек бағдарламалары бойынша төлемдер
      (а) Мұндай төлемдерге құқық қолайсыз өңірлердегі өндірушілерге ғана беріледі. Әрбір осындай өңір нақты белгіленген аймақты білдіруге, белгілі бір экономикалық және әкімшілік белгілері болуға және заңды немесе нормативтік актіде нақты баяндалған және берілген өңірдің қиындықтары қарапайым уақытша мән-жағдайларға қарағанда едәуір күрделі себептерден туындағанын куәландыратын бейтарап және объективті өлшемшарттар негізінде қолайсыз ретінде қаралуға тиіс.
      (b) мұндай төлемдердің кез келген жылы осы өнім өндірісінің қысқаруын қоспағанда базалық кезеңнен кейінгі кез келген жылда берілген ндіруші өндірген өнімнің (мал басын қоса алғанда) түрлері немесе көлеміне байланысты болмайды және олармен айқындалмайды.
      (с) Мұндай төлемдердің сомасы кез келген жылы базалық кезеңнен кейінгі кез келген жылы өндірілген кез келген өнімге қатысты қолданылатын ішкі немесе әлемдік бағаларға байланысты болмайды және олармен айқындалмайды.
      (d) төлемдер көмекке құқығы бар өңірлердегі өндірушілерге ғана беріледі алайда әдеттегіде осындай өңірлердегі барлық өндірушілер үшін қолжетімді.
      (е) өндіріс факторларына байланысты төлемдер өндірістің осы факторы бойынша шекті деңгейден жоғары регрессивті шәкіл бойынша жүзеге асырылады.
      (f) төлемдер белгіленген аумақтағы ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісін жүзеге асыруға байланысты қосымша шығыстардың немесе кірістегі шығасылардың мөлшерімен шектеледі.
__________________
4 Оның шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азық-түлік қорлары сатып алу бағасы мен сыртқы анықтамалық баға арасындағы айырмашылық БҚК-де есепке алынады деген талаппен реттелетін баға бойынша сатып алынатын және өткізілетін бағдарламаларды қоса алғанда, осы Қосымшаның 3-тармағының мақсаттары үшін транспаренттік негізде іске асырылатын және ресми жарияланған объективті өлшемшарттарға немесе басшылыққа алынатын нұсқамаларға сәйкес осы тармақтың ережелеріне сәйкес келетін ретінде қаралатын дамушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үкіметтік бағдарламалар.
5&6 Осы Қосымшаның 3 және 4-тармақтарының мақсаттары үшін ақылға қонымды баға бойынша дамушы елдердегі қалалық және ауылдық халықтың кедей тобының азық-түліктерге қажеттіліктер тұрақты негізде қамтамасыз ету үшін субсидияланатын бағалар бойынша азық-түлікпен жабдықтау осы тармақтың тиісті ережесі ретінде саналады.

3-ҚОСЫМША
ІШКІ ҚОЛДАУ: БІРІКТІРІЛГЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТКІШІНІҢ ЕСЕБІ

      1. 6-баптың ережелерін сақтаған кезде біріктірілген қолдау көрсеткіші (БҚК) нарықтық бағаларды қолдау жүргізілетін, ерекшеліктерге жатпайтын тікелей төлемдер жүзеге асырылатын немесе қысқарту бойынша міндеттемелерден ерекшеліктер болып табылмайтын кез келген басқа субсидия берілетін («өзгелер, шаралардың ерекшеліктері болып табылмайтын») әрбір негізгі ауыл шаруашылығы өнімі бойынша өнімдік ерекшелік негізінде есептеледі. Өнімдік ерекшелік негізінде емес берілетін қолдау нақты өнімдермен жалпы байланыспаған БҚК-ге түйіседі және жиынтық ақшалай есептеумен көрсетіледі.
      2. 1-тармақ шеңберіндегі субсидиялар бюджет шығыстарын да, үкімет немесе олардың өкілдері талап етпеген табыстарды да қамтиды.
      3. Ұлттық және қосалқы ұлттық деңгейдегі қолдау қосылады.
      4. Өндірушілер төлейтін нақты ауылшаруашылығы салықтары немесе алымдары БҚК-дан шегеріледі.
      5. Төменде баяндалғанды ескере отырып есептелген БҚК базалық кезеңге қолданылады, ішкі қолдауды қысқарту бойынша міндеттемелерді орындау үшін бастапқы деңгейді білдіреді.
      6. Әрбір негізгі ауыл шаруашылығы өнімі бойынша жиынтық ақшалай нысанда өзіндік БҚК есептеледі.
      7. БҚК негізгі ауыл шаруашылығы өнімін алғашқы сату бекетіне іс жүзінде қолжетімді жақындай отырып есептеледі. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды қолдау бойынша шаралар негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін қандай көлемде жеңілдіктер жасайтын болса, сондай көлемде енгізіледі.
      8. Нарықтық бағаларды қолдау: нарықтық бағаларды қолдау тіркелген сыртқы анықтамалық баға мен реттелетін баға қолданылатын өнімнің санына көбейтілген қолданылатын реттеуші баға арасындағы айырмашылық негізінде есептеледі. Осы айырмашылықты қолдау үшін жүзеге асырылатын бюджеттік төлемдер сатып алу немесе сақтау бойынша шығындар секілді БҚК қосылмайды.
      9. Тіркелген сыртқы анықтамалық баға 1986-1988 жылдардағы бағалар негізінде белгіленеді, әдетте нетто-экспорттаушы елде негізгі ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің ФОБ орташа бағасы және базалық кезеңде нетто-импорттаушы елде негізгі ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің ҚСФ орташа бағасы болып табылады. Тіркелген анықтамалық баға қажет болған жағдайда сапасындағы ерекшеліктерді ескере отырып түзетілуі мүмкін.
      10. Ерекшелік болып табылмайтын тікелей төлемдер: бағалардың айырмашылықтарына байланысты ерекшелік болып табылмайтын тікелей төлемдер не тіркелген анықтамалық баға мен реттелетін бағаны қолдану бюджет шығыстарын пайдалану көзделген өнім санына көбейтілген, қолданылатын реттелетін баға арасындағы айырмашылықты пайдалана отырып есептеледі.
      11. Тіркелген анықтамалық баға 1986-1988 жылдардағы бағалар негізінде белгіленеді, әдетте төлемдер нормаларын айқындау кезінде пайдаланылатын қолданыстағы баға болып табылады.
      12. Негізіне бағалық факторлар емес өзге де факторлар жататын ерекшелік болып табылмайтын тікелей төлемдер бюджет шығыстарын пайдалану бойынша бағаланады.
      13. Шығындарды субсидиялауды және өзге де шараларды қоса алғанда, өзге де ерекшелік болып табылмайтын шаралар, яғни айналым шығасыларын азайту жөніндегі шаралар: мұндай шаралардың құны үкіметтік бюджет шығыстарын пайдалану бойынша бағаланады немесе бюджет шығыстарын пайдалану берілген субсидияның мөлшерін толық көлемде көрсетпеген жағдайда, субсидияланатын өнім бағасы немесе өнім мен көрсетілетін қызметтердің санына көбейтілген осыған ұқсас өнім немесе көрсетілетін қызметтердің репрезентативтік нарықтық бағасы арасындағы айырмашылық субсидияны есептеуге негіз болып табылады.

4-ҚОСЫМША
ІШКІ ҚОЛДАУ: БАЛАМАЛЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТКІШІНІҢ ЕСЕБІ

      1. 6-баптың ережелерін сақтаған кезде баламалы қолдау көрсеткіші 3-қосымшада айқындалғандай, нарықтық бағаға қолдау жүргізілетін, бірақ олар үшін осы БҚК компонентінің есебін жүзеге асыру мүмкін емес барлық негізгі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты есептеледі. Ішкі қолдауды қысқарту бойынша міндеттемелерді орындау үшін осындай өнімдерге қатысты бастапқы деңгей төмендегі 2-тармаққа сәйкес баламалы қолдау көрсеткіші, сондай-ақ тікелей төлемдер ерекшелігі болып табылмайтын және төмендегі 3-тармаққа сәйкес бағаланатын басқа да ерекшелік болып табылмайтын қолдау түрінде көрсетілген нарықтық бағаны қолдау компоненттерінен тұрады. Қолдау ұлттық және қосалқы ұлттық деңгейде қосылады.
      2. 1-тармақта көзделген баламалы қолдау көрсеткіші нарықтық бағаларды қолдау жүргізілетін және БҚК нарықтық бағаны қолдау құрамбөліктерін есептеу іс жүзінде мүмкін болмайтын барлық негізгі ауыл шаруашылығы өнімі бойынша алғашқы сату бекетіне іс жүзінде неғұрлым қол жеткізілетін жақындықта өнімдік ерекшелік негізінде есептеледі. Мұндай негізгі ауыл шаруашылығы өніміне қатысты нарықтық бағаны қолдаудың балама көрсеткішін есептеу қолданылатын реттеуші бағаны және осы бағаның қолданысы көзделген өнімнің санын пайдалану арқылы немесе бұл іс жүзінде мүмкін болмағанда, өндірушілердің бағаларын қолдауға бағытталған бюджет шығындарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
      3. 1-тармақтың күші қолданылатын негізгі ауыл шаруашылығы өніміне ерекшелік болып табылмайтын тікелей төлемдер немесе қысқарту бойынша міндеттемелерден босату нысанасы болып табылмайтын нақты өнімге арналған кез келген басқа субсидия қолданылатын кезде осы шараларға байланысты қолдаудың балама көрсеткішіне қатысты негіз ретінде БҚК тиісті құрам бөліктері үшін қолданылатын есептеу тәсілдері алынады (3-Қосымшаның 10-13-тармақтарында көрсетілген).
      4. Баламалы қолдау көрсеткіші тиісті негізгі ауыл шаруашылығы өнімін алғашқы сату бекетіне іс жүзінде неғұрлым қолжетімді жақындай отырып, субсидия сомасының негізінде есептеледі. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды қолдау бойынша шаралар негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін қандай көлемде жеңілдіктер жасайтын болса, сондай көлемде енгізіледі. Өндірушілер төлейтін нақты ауыл шаруашылығы төлемдері немесе алымдары баламалы қолдау көрсеткішін тиісті сомаға қысқартады.

5-ҚОСЫМША
4-БАПТЫҢ 2-ТАРМАҒЫНА ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ РЕЖИМ А-Бөлімі

      1. ДСҰ бойынша Келісімнің қолданысқа енуімен 4-баптың 2-тармағының ережелері мынадай шарттар (бұдан әрі «арнайы режим» деп аталатын) сақталатын кез келген ауыл шаруашылығының шикізат өніміне және одан қайта өңделген және/немесе пайдалануға дайын өнімдерге («белгіленген өнімдер») қатысты қолданылмайды:
      (a) белгіленген өнімдердің импорты базалық кезең 1986-1988 жылдары («базалық кезең») тиісті ішкі тұтынудың 3 пайызынан кем;
      (b) белгіленген өнімдер бойынша базалық кезеңнің басынан бастап ешқандай да экспорттық субсидиялар берілмеді;
      (c) ауыл шаруашылығының шикізат өнімдеріне өндірісті шектеу бойынша пәрменді шаралар қолданылады;
      (d) мұндай өнімдер азық-түлік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау сияқты бейсауда сипатындағы факторларды білдіретін, арнайы режимнің күші қолданылатын Марракеш хаттамасына қоса берілетін Мүше тізбесінің I бөлігінің I-В бөлімінде «ST-Annex 5» символымен белгіленеді; және
      (e) белгіленген өнімдерге қатысты қол жеткізудің ең аз мүмкіндіктері осы мүшенің Тізбесіндегі I бөліктің I-В бөлімінде көрсетілгендей іске асыру кезеңінің алғашқы жылының басынан бастап базалық кезеңде белгіленген өнімдерді ішкі тұтынудың 4 пайызына сәйкес келеді және одан әрі базалық кезеңде жыл сайын іске асыру кезеңінің қалған бөлігі ішінде тиісті ішкі тұтынудың 0,8 пайызына артады.
      2. Іске асыру кезеңінің кез келген жылының басында мүше 6-тармақтың ережелері негізінде белгіленген өнімдерге қатысты арнайы режимнің қолданылуын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы мүше сол кезде қолында бар нарыққа қол жеткізудің ең аз мүмкіндіктерін сақтайды және осындай қол жеткізудің ең аз мүмкіндіктерін базалық кезеңде жыл сайын іске асыру кезеңінің қалған бөлігі ішінде тиісті ішкі тұтынудың 0,4 пайызына арттырады. Одан әрі іске асыру кезеңінің соңғы жылында қол жеткізілген, осы формуладан туындайтын нарыққа қол жеткізудің ең аз мүмкіндіктерінің деңгейі осы мүшенің Тізбесінде сақталады.
      3. 1-тармақта жазылған арнайы режимді ұзарту мүмкіндігі туралы мәселе бойынша кез келген келіссөздер іске асыру кезеңі аяқталғаннан кейін бейсауда сипатындағы факторларды ескере отырып, осы Келісімнің 20-бабы бойынша жүргізілетін келіссөздер шеңберінде іске асыру кезеңінің ішінде аяқталады.
      4. Егер 3-тармақта көрсетілген келіссөздер нәтижесінде мүшенің арнайы режимді қолдануды жалғастыра алатыны туралы келісімге қол жеткізілсе, мұндай мүше осындай келіссөздер барысында айқындалған қосымша және қолайлы жеңілдіктер ұсынады.
      5. Егер арнайы режим іске асыру кезеңінің соңында ұзартылмаса, осы мүше 6-тармақтың ережелерін қолданады. Мұндай жағдайда іске асыру кезеңі аяқталғаннан кейін белгіленген өнімдер үшін нарыққа қол жеткізудің ең аз мүмкіндіктері базалық кезеңде осы мүшенің Тізбесінде тиісті ішкі тұтынудың 8 пайызы деңгейінде сақталады.
      6. Белгіленген өнімдерге қатысты қолданылатын жай кедендік баждардан басқа шекаралық шаралар арнайы режимнің қолданылуы тоқтатылатын жылдың басынан бастап қолданылатын 4-баптың 2-тармағының ережелерімен реттеледі. Мұндай өнімдер мүшенің Тізбесінде байланысатын және арнайы режимнің қолданылуы тоқтатылатын жылдың басынан бастап қолданылатын жай кедендік баждар салу нысанасы болып табылады және одан әрі олар үшін іске асыру кезеңінің ішінде теңдей жылдық төмендету нәтижесінде кем дегенде 15 пайызға қысқарту болған жағдайда қолданылуы мүмкін мөлшерлемелер белгіленеді. Осы баждар осы Қосымшаға толықтыруларда қамтылатын басшылық нұсқауларына сәйкес есептелетін тарифтік баламалар негізінде белгіленеді.

В-Бөлімі

      7. 4-баптың 2-тармағының ережелері сондай-ақ ДСҰ бойынша Келісімнің күшіне енуімен дамушы мүше елдің дәстүрлі тағамының негізгі өнімі болып табылатын және 1 (а) - (d) тармақтарында көрсетілген, сондай көлемде осы өнімдерге қолданылатын шарттарға толықтыру ретінде мынадай шарттар сақталатын кез келген ауылшаруашылық шикізат өніміне қатысты қолданылмайды:
      (a) осы дамушы мүше ел Тізбесінің I бөлігінің I-В бөлімінде көрсетілген белгілі бір өнімдерге қатысты нарыққа қол жеткізудің ең аз мүмкіндіктері іске асыру кезеңінің алғашқы жылының басынан бастап базалық кезеңде осы өнімдерді ішкі тұтынудың 1 пайызына сәйкес келеді және іске асыру кезеңінің бесінші жылының басында базалық кезеңде тиісті ішкі тұтынудың 2 пайызына дейін жылсайынғы тең үлеспен артады. Іске асыру кезеңінің алтыншы жылының басынан бастап осы өнімдерге қатысты нарыққа қол жеткізудің ең аз мүмкіндіктері базалық кезеңде тиісті ішкі тұтынуының 2 пайызын құрайды және оныншы жылдың басына қарай базалық кезеңде тиісті ішкі тұтынудың 4 пайызына дейін жылсайынғы тең үлеспен артады. Одан әрі оныншы жылы қол жеткізілген, осы формуладан туындайтын нарыққа қол жеткізудің ең аз мүмкіндіктерінің деңгейі осы дамушы мүше елдің Тізбесінде сақталады;
      (b) осы Келісімге сәйкес нарыққа қол жеткізудің тиісті мүмкіндіктері басқа өнімдерге қатысты ұсынылған.
      8. Іске асыру кезеңінің басынан бастап оныншы жыл аяқталғаннан кейін 7-тармақта жазылған арнайы режимді ұзарту мүмкіндігі туралы мәселе бойынша кез келген келіссөздер іске асыру кезеңінің басынан бастап сол оныншы жылдың ішінде басталады және аяқталады.
      9. Егер 8-тармақта көрсетілген келіссөздер нәтижесінде кез келген мүшенің арнайы режимді қолдануды жалғастыра алатыны туралы келісімге қол жеткізілсе, мұндай мүше осындай келіссөздер барысында айқындалған қосымша және қолайлы жеңілдіктер ұсынады.

5-қосымшаға толықтыру

      Осы Қосымшаның 6 және 10-тармақтарында көрсетілген нақты мақсаттар үшін тарифтік баламаларды есептеу жөніндегі басшылық нұсқамалар
      1. Адвалорлық немесе ерекше мөлшерлемелер нысанында көрсетілген тарифтік баламаларды есептеу ішкі және сыртқы бағалар арасындағы нақты айырмашылықты пайдалана отырып, транспарентті негізде жүргізіледі. Есептеу кезінде 1986-1988 жылдардағы деректер пайдаланылады. Тарифтік баламалар:
      (a) негізінен төрт белгі деңгейінде белгіленеді (ҮЖ);
      (b) қажеттілігіне қарай алты немесе одан да көп ҮЖ белгілері деңгейінде белгіленеді;
      (c) әдетте, ауыл шаруашылығының шикізат өнімі (өнімдері) үшін нақты тарифтік баламаны (баламаларды) мән-жайлар бойынша осы ауыл шаруашылығының шикізат өнімін (өнімдерін) өңделген және/немесе пайдалануға дайын және, қажет болғанда, қазіргі уақытта өндіріс саласын қорғауды қамтамасыз ететін кез келген қосымша элементтерді ескере отырып, құндық немесе физикалық түрдегі үлеске (үлестерге) көбейту арқылы өңделген және/немесе пайдалануға дайын өнімдер үшін белгіленеді.
      2. Сыртқы бағалар үшін, әдетте импорттаушы ел үшін өнім бірлігінің ҚСФ-тың қолданыстағы орташа бағасы қабылданады. Өнім бірлігінің ҚСФ орташа бағасы белгісіз болған немесе сәйкес келмеген жағдайда, сыртқы бағалар үшін мыналар қолданылады:
      (a) не жақын елдің ҚСФ-тың тиісті орташа бағасы;
      (b) не сақтандыру, фрахт бойынша шығыстарды және импорттаушы елге жеткізу бойынша басқа да тиісті шығындарды бағалауды қосу арқылы түзетілген тиісті бас экспорттаушының (экспорттаушылардың) ФОБ-тың орташа бағасы негізінде бағалау.
      3. Сыртқы бағалар әдетте баға туралы деректер қамтылатын сол кезеңнің орташа жылдық нарықтық айырбастау бағамын пайдалана отырып ұлттық валютаға айырбасталады.
      4. Ішкі баға үшін әдетте, ұлттық нарықты үстемдік ететін репрезентативті көтерме баға, ал барабар деректер болмаған жағдайда осы бағаны бағалау қабылданады.
      5. Алғашқы тарифтік баламалар қажеттігіне қарай сапасы мен түріндегі айырмашылықтарды ескере отырып, тиісті коэффициенттің көмегімен түзетілуі мүмкін.
      6. Егер басшылық нұсқамалар деректері негізінде алынған тарифтік балама теріс немесе ағымдағы байланысқан мөлшерлемемен салыстырғанда ең төмен мәнге ие болса, онда алғашқы тарифтік балама қолданыстағы байланысқан мөлшерлеме негізінде немесе осы өнімге қатысты ұлттық ұсыныстар негізінде белгіленуі мүмкін.
      7. Басшылық нұсқамалар деректері негізінде алынған тарифтік балама деңгейін түзеткен жағдайда тиісті мүше сұрау салу бойынша тиісті шешімдерді келісу мақсатында консультациялар үшін барлық мүмкіндіктерді береді.

САНИТАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША КЕЛІСІМ

      Мүшелер,
      Шаралар ұқсас шарттары басым болатын мүшелер арасындағы еркін немесе ақталмаған кемсітушілік құралы немесе халықаралық сауданы жасырын шектеу болатындай қолданылмайтын жағдайда, ешбір мүшеге адамның, жануарлардың немесе өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын (саулығын) қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауына немесе қолдануына кедергі тудырылмауы тиіс екендігін қайта растай отырып;
      Барлық мүшелерде адамдар денсаулығын, жануарлар саулығын және фитосанитариялық ахуалды жақсартуға қол жеткізуді қалай отырып;
      Санитариялық және фитосанитариялық шаралардың екіжақты келісімдер немесе хаттамалар негізінде қолданылатынын ескерте отырып;
      Саудаға кері әсерін барынша азайту үшін санитариялық және фитосанитариялық шараларды әзірлеуді, қабылдау мен қолдануды реттейтін қағидалар мен тәртіптердің көпжақты жүйесін құруды қалай отырып;
      Халықаралық стандарттардың, нұсқаулардың және ұсынымдардың бұған қатысты қоса алатын үлесін мойындай отырып;
      Мүшелерден олардың адамдар, жануарлар немесе өсімдіктер өмірін немесе денсаулығын (саулығын) қорғаудың тиісті деңгейіне қатысты өзгерістер енгізуді талап етпейтін, «Кодекс Алиментариус» Комиссиясын, Эпизоотия жөніндегі халықаралық бюроны және Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенциясының шеңберінде әрекет ететін тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдарды қоса алғанда, тиісті халықаралық ұйымдар әзірлеген халықаралық стандарттар, нұсқаулар және ұсынымдар негізінде мүшелер арасында келісілген санитариялық және фитосанитариялық шаралардың пайдаланылуына жәрдемдесуді қалай отырып;
      Мүшелер – дамушы мемлекеттер импорттаушы мүшелердің санитариялық немесе фитосанитариялық шараларын сақтау және осының салдарынан нарыққа шығу, сондай-ақ өз аумағында санитариялық және фитосанитариялық шараларды әзірлеу және қолдану тұрғысынан қиындықтарға тап болуы мүмкіндігін растай отырып және тиісті шарттарда оларға көмек беруді қалай отырып;
      Осы себептерге байланысты, санитариялық және фитосанитариялық шараларды пайдалануға қатысы бар ГАТТ 1994 ережелерін, әсіресе, ХХ(b)-бабының1 ережелерін қолдануға арналған қағидалар әзірлеуді қалай отырып;
      Мыналар туралы уағдаласады:
__________________
1 Осы Келісімде XX (b)-бабына сілтеме осы баптың кіріспесін де қамтиды.

1-БАП
Жалпы ережелер

      1. Осы Келісім халықаралық саудаға тікелей немесе жанама түрде кері әсер ете алатын барлық санитариялық және фитосанитариялық шараларға қолданылады. Мұндай шаралар Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес әзірленеді және қолданылады.
      2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін А-қосымшасында көрсетілген анықтамалар қолданылады.
      3. Қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігі балып табылады.
      4. Осы Келісімдегі ешнәрсе мүшелердің осы Келісімнің шеңберінен тыс шығатын шараларға қатысты, саудадағы техникалық кедергілер бойынша Келісімнен туындайтын құқықтарын қозғамайды.

2-БАП
Негізгі құқықтар мен міндеттемелер

      1. Мүшелердің осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмейтін, адамдар, жануарлар немесе өсімдіктер өмірін немесе денсаулығын (саулығын) қорғау үшін қажетті санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды енгізу құқығы бар.
      2. Мүшелер кез келген санитариялық немесе фитосанитариялық шараның адамдар, жануарлар немесе өсімдіктер өмірін немесе денсаулығын (саулығын) қорғау үшін қажетті дәрежеде ғана қолданылуын және ғылыми қағидаттарға негізделген болуын және 5-баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеткілікті ғылыми негіздемесіз күшінде қалмауын қамтамасыз етеді.
      3. Мүшелер олардың санитариялық немесе фитосанитариялық шаралары өз аумағын және басқа мүшелердің аумағын қоса алғанда, бірдей немесе ұқсас шарттары басым болатын, мүшелер арасындағы еркін немесе ақталмаған кемсітушілік құралы ретінде қолданылмауын қамтамасыз етеді. Санитариялық немесе фитосанитариялық шаралар халықаралық сауданы жасырын шектеу болатындай қолданылмайды.
      4. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келетін санитариялық немесе фитосанитариялық шаралар санитариялық және фитосанитариялық шараларды пайдалануға қатысы бар ГАТТ 1994 ережелерінде, әсіресе, ХХ(b)-бабының1 ережелерінде көзделген мүшелердің міндеттемелеріне сәйкес келеді деп саналады.
_____________
1 Осы Келісімде XX (b)-бабына сілтеме осы баптың кіріспесін де қамтиды.

3-БАП
Үндестіру

      1. Санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды мүмкіндігінше кең негізде үндестіру мақсатында, мүшелер осы Келісімде, әсіресе, 3-тармақта өзгелей көзделмеген жағдайда, егер мұндай бар болса, өздерінің санитариялық немесе фитосанитариялық шараларын халықаралық стандарттарға, нұсқауларға және ұсынымдарға негіздейді.
      2. Халықаралық стандарттармен, нұсқаулармен және ұсынымдармен келісілген санитариялық немесе фитосанитариялық шаралар адамдар, жануарлар немесе өсімдіктер өмірін немесе денсаулығын (саулығын) қорғау үшін қажетті және осы Келісім мен ГАТТ 1994-тің тиісті ережелеріне қайшы келмейтін болып саналады.
      3. Мүшелер тиісті ғылыми негіздемесі бар болса немесе мүше бұл санитариялық немесе фитосанитариялық қорғау деңгейін 5-баптың 1-8 тармақтарына2 сәйкес лайықты деп тапқан жағдайда, тиісті халықаралық стандарттар, нұсқаулар немесе ұсынымдар базасындағы шараларға қарағанда, одан жоғары санитариялық және фитосанитариялық қорғау деңгейін қамтамасыз ететін санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды енгізеді немесе күшінде сақтайды. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, халықаралық стандарттар, нұсқаулар немесе ұсынымдар базасындағы шаралар көмегімен қол жеткізілетіннен ерекшеленетін санитариялық немесе фитосанитариялық қорғау деңгейіне алып келетін барлық шаралар осы Келісімнің кез келген басқа ережесіне қайшы келмеуі тиіс.
      4. Мүшелер өз мүмкіндіктері шегінде тиісті халықаралық ұйымдар мен олардың қосалқы органдарының, әсіресе, «Кодекс Алиментариус» Комиссиясының, Эпизоотия жөніндегі халықаралық бюроның және Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенция шеңберінде жұмыс істейтін халықаралық және өңірлік ұйымдардың қызметіне осы ұйымдар шеңберінде санитариялық және фитосанитариялық шаралардың барлық аспектілеріне қатысты стандарттарды, нұсқауларды және ұсынымдарды әзірлеуге және кезең-кезеңмен қайта қарауға жәрдемдесу үшін толыққанды қатысады.
      5. 12-тармақтың 1 және 4-тармақтарында көзделген Санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі комитет (бұдан әрі осы Келісімде «Комитет» деп аталады) халықаралық үндестіру процесін қадағалау рәсімін әзірлейді және бұл жұмысты тиісті халықаралық ұйымдармен үйлестіреді.
_________________
2 3-баптың 3-тармағының мақсаттары үшін мүше осы Келісімнің тиісті ережелерімен келісілген қолда бар ғылыми ақпаратты зерделеу және бағалау негізінде тиісті халықаралық стандарттар, нұсқамалар мен ұсынымдар тиісінше санитариялық немесе фитосанитариялық қорғау деңгейіне қол жеткізу үшін жеткіліксіз деп тапса, ғылыми негіздемесі бар болады.

4-БАП
Баламалылық

      1. Мүшелер басқа мүшелердің санитариялық және фитосанитариялық шараларын, тіпті, бұл шаралар өзінің немесе осындай тауармен сауда жүргізетін басқа мүшелер пайдаланатын шаралардан ерекшеленетін болса да және экспорттаушы мүше импорттаушы мүшеге оның шаралары импорттаушы мүшенің тиісті санитариялық немесе фитосанитариялық қорғау деңгейін қамтамасыз ететінін объективті түрде көрсетсе, оларды баламалы деп таниды. Осы мақсатта импорттаушы мүшеге сұрау салу бойынша инспекциялау, сынақтардан және басқа да тиісті рәсімдерді өткізу үшін саналы түрде рұқсат берілуге тиіс.
      2. Сұрау салу бойынша мүшелер нақты санитариялық және фитосанитариялық шараларды баламалы деп тану бойынша екіжақты немесе көпжақты келісімдерге қол жеткізу мақсатында консультациялар беруге тиіс.

5-БАП
Қауіп-қатерді бағалау және тиісінше санитариялық немесе
фитосанитариялық қорғау деңгейін анықтау

      1. Мүшелер өздерінің санитариялық немесе фитосанитариялық шараларының негізінде тиісті халықаралық ұйымдар әзірлеген қауіп-қатерді бағалау әдістерін ескере отырып жүзеге асырылатын, мән-жайға сәйкес келетін адамдар, жануарлар немесе өсімдіктер өмірі немесе денсаулығы (саулығы) үшін қауіп-қатерді бағалау жатуын қамтамасыз етеді.
      2. Қауіп-қатерді бағалау барысында мүшелер қолда бар ғылыми негіздемелерді; тиісті өндіру мен өндеу әдістерін; тиісті инспекциялау, сынамаларды іріктеу жән сынақтар әдістерін; нақты аурулардың немесе зиянкестердің таралу дәрежесін; аурулардан немесе зиянкестерден таза аймақтардың бар-жоғын; тиісті экологиялық жағдайларды және карантиндік немесе басқа да шараларды ескереді.
      3. Жануарлар немесе өсімдіктер өмірі немесе саулығы үшін қауіп-қатерді бағалай отырып және мұндай қауіп-қатерден тиісінше санитариялық немесе фитосанитариялық қорғау деңгейіне қол жеткізу үшін қолданылуы тиіс шараны айқындай отырып, мүшелер қандай да бір зиянкес немесе ауру енген, орныққан немесе таралған жағдайда өндіріс пен сатылым көлемінің төмендеуінен болатын ықтимал залал; импорттаушы мүшенің аумағында олармен күресуге немесе оларды құртуға жұмсалатын шығындар; және баламалы тәсілдемелердің шығындары мен тиімділігінің қауіп-қатерді шектеуге салыстырмалы арақатынасы секілді тиісті экономикалық факторларды ескеруі тиіс.
      4. Тиісінше санитариялық немесе фитосанитариялық қорғау деңгейін анықтау кезінде мүшелер саудаға тиетін кері әсерді барынша азайту қажеттігін ескеруі тиіс.
      5. Адамдардың өмірі немесе денсаулығы немесе жануарлар мен өсімдіктердің өмірі немесе саулығы үшін қауіп-қатерден тиісінше санитариялық немесе фитосанитариялық қорғау тұжырымдамасын қолдануға келісімге қол жеткізу мақсатында мүше түрлі жағдайларда тиісінше деп есептейтін қорғау деңгейлерінде еркін немесе ақталмаған айырмашылықтарды, егер мұндай айырмашылықтар кемсітушілікке немесе халықаралық сауданы жасырын шектеуге алып келетін болса, оларды жүргізуден аулақ болады. 12-баптың 1, 2 және 3-тармақтарына сәкес мүшелер Комитет шеңберінде осы ережені іс жүзінде жүзеге асыруға жәрдемдесетін нұсқауларды әзірлеу мақсатында ынтымақтасады. Нұсқауларды әзірлеу барысында Комитет барлық тиісті факторларды, оның ішінде адамдар өздері ерікті түрде баратын адам денсаулығы үшін қауіп-қатердің ерекше сипатын ескереді.
      6. 3-баптың 2-тармағы ережелеріне нұқсан келтірместен, тиісінше санитариялық немесе фитосанитариялық қорғау деңгейіне қол жеткізу мақсатында санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды енгізу немесе күшін сақтау кезінде, мүшелер мұндай шаралардың сауданы техникалық және экономикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, тиісінше санитариялық немесе фитосанитариялық қорғау деңгейіне қол жеткізу үшін қажет болатын дәрежеден жоғары шектемеуін қамтамасыз етеді3.
      7. Тиісті ғылыми негіздеме жеткіліксіз болған жағдайда, кез келген мүше тиісті халықаралық ұйымдардан алған ақпаратты, сондай-ақ басқа мүшелер қолданатын санитариялық немесе фитосанитариялық шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, қолда бар тиісінше ақпарат негізінде санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды уақытша енгізе алады. Мұндай мән-жайларда мүшелер тәуекелді барынша объективті бағалау үшін қажетті қосымша ақпаратты алуға және сәйкесінше, ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде санитариялық немесе фитосанитариялық шараны қайта қарауға тырысады.
      8. Мүшенің басқа мүше енгізген немесе күшін сақтаған нақты санитариялық немесе фитосанитариялық шара оның экспортын тежеп тұр немесе тежеуі ықтимал деп санауына негіз болса және бұл шараның негізінде тиісті халықаралық стандарттар, нұсқаулар және ұсынымдар болмаса немесе мұндай стандарттар, нұсқаулар және ұсынымдар мүлдем жоқ болса, онда ол бұл шараны күшінде сақтап тұрған мүше ұсынған мұндай санитариялық немесе фитосанитариялық шараны қолдану себептерін түсіндіруін сұрай алады.
____________________
3 5-баптың 6-тармағының мақсаттары үшін техникалық және экономикалық мүмкіндіктерді ескеретін, оның есебінен тиісінше санитариялық немесе фитосанитариялық қорғау деңгейіне қол жеткізілетін және сауданы анағұрлым аз шектейтін кез келген ақылға қонымды, қолжетімді басқа шара болмаса, кез келген шара сауданы қажет етілетін дәрежеден артық шектемейді.

6-БАП
Зиянкестерден немесе аурулардан таза аймақтарды және зиянкестер
немесе аурулар болмашы таралған аймақтарды қоса алғанда,
өңірлік жағдайларға бейімделу

      1. Мүшелер өздерінің санитариялық немесе фитосанитариялық шаралары тауар шығатын және тауар соған арналған бүкіл елдің де, оның бір бөлігінің де не бірнеше елдің немесе олардың бөліктерінің ауданының санитариялық немесе фитосанитариялық сипаттамаларын ескере отырып қабылдануын қамтамасыз етеді. Мүшелер өңірдің санитариялық немесе фитосанитариялық сипаттамаларын бағалай отырып, өзгелерімен бірге, нақты зиянкестер мен аурулардың таралу дәрежесін, олармен күресу немесе оларды жою жөніндегі бағдарламалардың бар-жоғын және тиісті халықаралық ұйымдар әзірлеуі мүмкін тиісінше критерийлер мен нұсқауларды назарға алады.
      2. Мүшелер, атап айтқанда, зиянкестерден немесе аурулардан бос аймақтардың және зиянкестер немесе аурулар аз тараған аймақтардың тұжырымдамасын таниды. Мұндай аймақтарды анықтау кезінде мынадай факторлар негізге алынады: география, экожүйе, эпидемиологиялық қадағалау және санитариялық немесе фитосанитариялық бақылаудың тиімділігі.
      3. Өз аумақтары шегіндегі аймақтардың зиянкестерден немесе аурулардан бос аймақтар немесе зиянкестер немесе аурулар аз тараған аймақтар болып табылатынын жариялаған экспорттаушы мүшелер осыған қажетті растаманы мұндай аймақтар расында зиянкестерден немесе аурулардан бос аймақтар немесе зиянкестер немесе аурулар аз тараған аймақтар болып табылатынын және олардың осындай болып сақталатыны мүмкін екенін импорттаушы мүшеге объективті түрде көрсету үшін ұсынады. Осы мақсатта импорттаушы мүшеге сұрау салу бойынша инспекциялау, сынақтардан және басқа да тиісті рәсімдерді өткізу үшін саналы түрде рұқсат беріледі.

7-БАП
Транспаренттілік

      Мүшелер өз санитариялық немесе фитосанитариялық шараларындағы өзгерістер туралы хабарлайды және В-қосымшасының ережелеріне сәйкес өз санитариялық немесе фитосанитариялық шаралары туралы ақпаратты ұсынады.

8-БАП
Бақылау, инспекциялау және мақұлдау рәсімдері

      Мүшелер бақылау, инспекциялау және мақұлдау рәсімдерін қолдану кезінде қоспаларды пайдалануды мақұлдау немесе тамақ өнімдерінде, сусындарда немесе жемшөпте ластаушы заттардың рұқсат етілген деңгейін белгілеу жөніндегі ұлттық жүйелерді қоса алғанда, С-қосымшасының ережелерін сақтайды немесе өз рәсімдерінің осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмеуін өзге түрде қамтамасыз етеді.

9-БАП
Техникалық жәрдемдесу

      1. Мүшелер басқа мүшелерге, әсіресе дамушы мүше елдерге не екіжақты негізде не тиісті халықаралық ұйымдар арқылы техникалық жәрдем көрсетуге келіседі. Осындай жәрдем сонымен қатар ұлттық реттеуші органдарды құруды қоса алғанда, қайта өндеу технологиялары, зерттеулер және инфрақұрылым сияқты салаларда көрсетіле алады және мұндай елдерге бейімделу және өз экспорты үшін санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейіне жету үшін қажетті санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды сақтау мүмкіндігін беру үшін консультациялар, кредиттер, қайырмалдық және гранттар беру нысанында, соның ішінде техникалық біліктілік алу, кадрларды даярлау және жабдықтарды сатып алу мақсатында болуы мүмкін.
      2. Дамушы экспорттаушы мүше елдер импорттаушы мүшенің санитариялық немесе фитосанитариялық талаптарын орындайтын жағдайларды қамтамасыз ету үшін елеулі инвестициялар қажет болған жағдайларда, импорттаушы мүше дамушы мүше елге нақты тауар үшін оның нарыққа шығу мүмкіндігін сақтауға және кеңейтуге мүмкіндік беретін техникалық жәрдем көрсету мүмкіндігін қарастырады.

10-БАП
Арнайы немесе сараланған режим

      1. Санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды әзірлеген және қолданған кезде мүшелер дамушы мүше елдердің, әсіресе неғұрлым аз дамыған елдер қатарындағы мүшелердің ерекше қажеттіліктерін ескереді.
      2. Санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейі жаңа санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды кезең-кезеңмен енгізу мүмкіндігіне жол берген жағдайларда, дамушы мүше елдерге өздерін қызықтыратын тауарлар бойынша экспорт мүмкіндіктерін сақтау мақсатында осындай шараларға бейімделу үшін неғұрлым ұзақ мерзімдер берілуге тиіс.
      3. Дамушы мүше елдерге осы Келісімнің ережелерін орындауға жағдайларды қамтамасыз ету үшін Комитетке мұндай елдерге сұрау салу бойынша олардың қаржылық, сауда қажеттіліктерін және дамуға байланысты қажеттіліктерін назарға ала отырып, осы Келісімнің міндеттерінен мерзімдер бойынша нақты айқындалған, шектеулі толықтай немесе ішінара босатулар беру құқығы беріледі.
      4. Мүшелер дамушы мүше елдердің тиісті халықаралық ұйымдарда белсене қатысуын көтермелейді және оған жәрдемдеседі.

11-БАП
Консультациялар мен дауларды реттеу

      1. 1994 жылғы ГАТТ-тың ХХII және ХХIII баптарының ережелері Дауларды шешу туралы уағдаластықта әзірленген және қолданылатын түрінде, егер онда өзгеше ерекше көзделмесе, осы Келісімнің шеңберінде консультациялар және дауларды реттеу үшін қолданылады.
      2. Осы Келісімнің шеңберінде ғылыми немесе техникалық мәселелерге қатысты дауды шешу кезінде дауды шешу жөніндегі аралық топ дауға қатысатын тараптармен келісу бойынша осы топ таңдаған сарапшыларға консультация үшін жүгінеді. Осы мақсатта дауды шешу жөніндегі аралық топ қажет деп санаған кезде консультативтік техникалық сарапшылар тобын құра алады немесе дауға қатысатын кез келген тараптың сұрау салуы бойынша немесе өз бастамасы бойынша тиісті халықаралық ұйымдармен консультациялар жүргізе алады.
      3. Осы Келісімде мүшелердің делдалдыққа немесе басқа халықаралық ұйымдардың дауларды реттеу тетіктеріне немесе кез келген халықаралық келісімнің шеңберінде жасалған тетіктерге сүйену құқығын қоса алғанда басқа халықаралық келісімдер бойынша құқықтарына ешнәрсе нұқсан келтірмейді.

12-БАП
Келісімнің қолданылуы

      1. Консультациялар жүргізу үшін тұрақты форумды қамтамасыз ету мақсатында осымен Санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі комитет құрылады. Ол осы Келісімнің ережелерін орындау және әсіресе келісуге қатысты оның мақсаттарын ілгерілету үшін қажетті функцияларды жүзеге асырады. Комитет өз шешімдерін консенсус арқылы қабылдайды.
      2. Комитет мүшелер арасында нақты санитариялық немесе фитосанитариялық мәселелер бойынша ad hoc негізінде консультациялардың немесе келіссөздердің жүргізілуін көтермелейді және оған жәрдемдеседі. Комитет барлық мүшелердің халықаралық стандарттарды, нұсқаулар мен ұсынымдарды қолдануын көтермелейді және осыған қатысты тамақ қоспаларын қолдануды мақұлдау немесе тамақ азық-түлігінде, сусындарда немесе азықтарда ластаушы заттардың рұқсат етілген деңгейін белгілеу жөніндегі халықаралық және ұлттық жүйелер мен тәсілдерді үйлестіруді және интеграциялауды арттыру мақсатында техникалық консультациялар мен зерттеулер жүргізуге қолдау көрсетеді.
      3. Комитет санитариялық және фитосанитариялық қорғау саласындағы тиісті халықаралық ұйымдармен, әсіресе «Алиментариус Кодексі» Комиссиясымен, Эпизоотия жөніндегі халықаралық бюромен және Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның хатшылығымен осы Келісімді қолдану мақсатында ең озық ғылыми және техникалық консультативтік көрсетілетін қызметтерді алу үшін, сондай-ақ күш-жiгерлердiң қажетсіз қайталануын болдырмау үшін тығыз байланыстарды қолдайды.
      4. Комитет халықаралық стандарттарды, нұсқаулар мен ұсынымдарды үйлестіру және қолдану процесін бақылау рәсімін әзірлейді. Осы мақсатта Комитетке тиісті халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесе отырып, Комитет саудаға елеулі әсерін тигізеді деп қарайтын санитариялық немесе фитосанитариялық шараларға қатысы бар халықаралық стандарттар, нұсқаулар мен ұсынымдардың тізбесі айқындалады. Осы тізбеге мүшелер көрсеткен, олар импорт шарттары ретінде қолданатын немесе олардың негізінде осы стандарттарға сәйкес келетін импортталатын тауарлардың олардың нарығына шығуына болатын халықаралық стандарттар, нұсқаулар немесе ұсынымдар енгізілуге тиіс. Мүше халықаралық стандартты, нұсқауды немесе ұсынымды импорт шарты ретінде қолданбаған жағдайларда, ол осының себебін көрсетуге, атап айтқанда, стандарттың жеткілікті түрде қатал болып табылмайтынын және санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпейтінін көрсетуге тиіс. Егер кез келген мүше өз ұстанымын өзгертсе, онда стандартты, нұсқауды немесе ұсынымды импорттың шарты ретінде қолданғаны туралы хабарлағаннан кейін, ол өз ұстанымын өзгертуінің себебін түсіндіруге және мұндай хабарлама және түсіндіру В-қосымшасының рәсімдеріне сәйкес ұсынылмаған жағдайда, осы туралы Хатшылыққа, сондай-ақ тиісті халықаралық ұйымдарға хабарлауға тиіс.
      5. Қажетсіз қайталануды болдырмау үшін Комитет қажет болған кезде тиісті халықаралық ұйымдарда қолданылатын рәсімдердің, әсіресе хабарлама рәсімдерінің есебінен алынған ақпаратты қолдану туралы шешім қабылдай алады.
      6. Мүшелердің бірінің бастамасы бойынша Комитет тиісті арналар арқылы тиісті халықаралық ұйымдарға немесе олардың қосалқы органдарына белгілі бір стандартқа, нұсқауға немесе ұсынымға қатысты 4-тармаққа сәйкес оның қолданылмауының негізгі себептерін түсіндіруді қоса алғанда, нақты мәселелерді зерделеуді ұсына алады.
      7. Комитет ДСҰ құру туралы келісім күшіне енгеннен кейін 3 жылдан соң және кейіннен қажеттілігіне қарай осы Келісімнің қолданысы мен іске асырылуын талқылауды жүргізеді. Тиісті жағдайларда Комитет Тауар саудасы жөніндегі кеңеске осы Келісімнің мәтініне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды ұсына алады, бұл ретте, атап айтқанда, оны іске асыру кезеңінде жинақталған тәжірибеге назар аударылады.

13-БАП
Іске асыру

      Мүшелер осы Келісімде бекітілген барлық міндеттемелердің сақталуы үшін толық жауаптылықта болады. Мүшелер орталық үкіметтік органдар болып табылмайтын ұйымдардың осы Келісімнің ережелерін сақтауына ықпал ететін оң шаралар мен тетіктер әзірлейді және іске асырады. Мүшелер үкіметтік емес ұйымдар өз аумақтары шегінде, сондай-ақ мұндай тектес ұйымдар мүшелері болып табылатын өңірлік органдар өз аумақтары шегінде осы Келісімнің тиісті ережелерін сақтайтын өздеріне қолжетімді саналы шаралар қолданады. Осыдан басқа, мүшелер осыған ұқсас өңірлік немесе үкіметтік емес ұйымдардың немесе жергілікті үкіметтік органдардың осы Келісімнің ережелерін бұза отырып әрекет етуін тікелей немесе жанама түрде талап ететін немесе көтермелейтін шараларды қолданбайды. Мүшелер санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды іске асыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың көрсететін қызметтерінің осы ұйымдар осы Келісімнің ережелерін сақтаған жағдайда ғана қолданылуын қамтамасыз етеді.

14-БАП
Қорытынды ережелер

      Импортқа немесе импортталатын тауарларға кері әсерін тигізетін өз санитариялық немесе фитосанитариялық шараларына қатысты неғұрлым аз дамыған елдер қатарындағы мүшелер осы Келісімнің ережелерін қолдануды ДСҰ жөніндегі келісім күшіне енген кезден бастап бес жылға кейінге қалдыра алады. Басқа дамушы мүше елдер импортқа немесе импортталатын тауарларға әсерін тигізетін өзінің бар санитариялық немесе фитосанитариялық шараларына қатысты осы Келісімнің 5-бабының 8-тармағынан және 7-бабынан басқа ережелерін қолдануды, егер мұндай қолдануға техникалық тәжірибенің, техникалық инфрақұрылымның немесе ресурстардың жетіспеушілігі кедергі болған жағдайларда, ДСҰ жөніндегі келісім күшіне енген кезден бастап екі жылға кейінге қалдыра алады.

А-ҚОСЫМШАСЫ
АНЫҚТАМАЛАР4

      1. Санитариялық немесе фитосанитариялық шара - мыналар:
      (а) мүшенің аумағы шегінде жануарлардың немесе өсімдіктердің өмірін немесе саулығын зиянкестердің, аурулардың, ауру тасымалдағыш зиянды организмдердің немесе ауру тудыратын организмдердің пайда болуына, жерсінуіне немесе таралуына байланысты туындайтын тәуекелдерден қорғау үшін;
      (b) мүшенің аумағы шегінде адамдардың немесе жануарлардың өмірін немесе денсаулығын тамақ өнімдеріндегі, сусындардағы немесе жемшөптегі қоспалардан, ластаушы заттардан, токсиндерден немесе ауру тудыратын организмдерден туындайтын тәуекелдерден қорғау үшін;
      (с) мүшенің аумағы шегінде адамдардың өмірін немесе денсаулығын жануарлар, өсімдіктер немесе олардың өнімдері тасымалдайтын ауруларға байланысты немесе зиянкестердің пайда болуына, жерсінуіне немесе таралауына байланысты туындайтын тәуекелдерден қорғау үшін; немесе
      (d) мүшенің аумағы шегінде зиянкестердің пайда болуынан, жерсінуінен немесе таралауынан келтірілетін басқа шығынды болдырмау немесе шектеу үшін қолданылатын кез келген шара.
      Санитариялық немесе фитосанитариялық шаралардың қатарына барлық тиісті заңдар, қаулылар, қағидалар, оның ішінде түпкілікті өнімге қойылатын талаптарды қамтитын талаптар мен рәсімдер; өндеу және өндіру әдістері; сынақтан өткізу, инспекциялау, сертификаттау және мақұлдау рәсімдері; жануарларды немесе өсімдіктерді немесе тасымалдау кезінде олардың тіршілік әрекеті үшін қажетті материалдарды тасымалдауға байланысты тиісті талаптарды қоса алғанда карантиндік қағидалар; тиісті статистикалық әдістерге, сынамаларды іріктеу рәсімдеріне және тәуекелдерді бағалау әдістеріне қатысты ережелер; тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей бағытталған орауға және таңбалауға қойылатын талаптар жатады.
      2. Үйлестіру – әртүрлі мүшелердің жалпы санитариялық және фитосанитариялық шараларды белгілеуі, тануы және қолдануы.
      3. Халықаралық стандарттар, нұсқаулар және ұсынымдар
      (а) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты – тамақ қоспаларына, ветеринариялық препараттар мен пестицидтер қалдықтарына, ластаушы заттарға, сынамалар анализі мен оларды іріктеу әдістеріне қатысты «Алиментариус Кодексі» Комитеті белгілеген стандарттар, нұсқаулар және ұсынымдар, сондай-ақ гигиена нормаларына қатысты қағидалар және нұсқаулар;
      (b) жануарлар саулығы мен жануарлар әлеміне қатысты – Эпизоотия жөніндегі халықаралық бюроның аясында әзірленген стандарттар, нұсқаулар және ұсынымдар;
      (с) өсімдіктердің саулығына қатысты – Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның аясында Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенция шеңберінде жұмыс істейтін өңірлік ұйымдармен ынтымақтастықта әзірленген халықаралық стандарттар, нұсқаулар және ұсынымдар;
      (d) жоғарыда аталған ұйымдар қамтымайтын мәселелерге қатысты – Комитет растаған, барлық мүшелерге кіруге ашық басқа тиісті халықаралық ұйымдар ұсынатын тиісті стандарттар, нұсқаулар және ұсынымдар.
      4. Тәуекелді бағалау – импорттаушы мүшенің аумағы шегінде қолданылуы мүмкін санитариялық немесе фитосанитариялық шараларға қатысты зиянкестің немесе аурудың пайда болуы, жерсінуі немесе таралуы мүмкіндігін және осыған байланысты әлеуетті биологиялық және экономикалық салдарды бағалау; немесе тамақ өнімдеріндегі, сусындардағы немесе жемшөптегі қоспалардың, ластағыш заттардың, токсиндердің немесе ауру тудыратын организмдердің болуынан туындайтын адамдың немесе жануардың денсаулығына қолайсыз әсер ету мүмкіндігін бағалау.
      5. Санитариялық және фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейі – өз аумағы шегінде адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің өмірін немесе денсаулығын қорғау үшін санитариялық немесе фитосанитариялық шараны енгізетін мүше тиісті деңгейде деп санайтын қорғау деңгейі.
      ЕСКЕРТПЕ: көптеген мүшелер осы тұжырымдаманы «қолайлы тәуекел деңгейі» деп атайды.
      6. Зиянкестерден немесе аурулардан бос аймақ – нақты зиянкес немесе ауру кездеспейтін, құзыретті органдар айқындаған жеке елді не оның бөлігін немесе бірнеше елді немесе олардың бөліктерін білдіретін аймақ.
      ЕСКЕРТПЕ: зиянкестерден немесе аурулардан бос аймақ не ел аумағының бөлігі шегінде немесе бірнеше елді немесе олардың бөліктерін қамтитын географиялық өңірде нақты зиянкестер немесе аурулар кездесетіндігі, бірақ онда қорғау, қадағалау және көрсетілген зиянкестердің немесе аурулардың таралуын шектейтін немесе оларды жоятын буферлік аймақтар орнату сияқты жергілікті бақылау шаралары жүзеге асырылатындығы белгілі болған кез келген аймақты қоршай алады, онымен қоршала немесе шектесе алады.
      7. Зиянкестердің немесе аурулардың аз тараған аймағы – нақты зиянкестердің немесе аурулардың таралу деңгейі төмен және қадағалау, күресу немесе жою бойынша тиімді шаралар жүзеге асырылатын, құзыретті органдар айқындаған жеке елді не оның бөлігін немесе бірнеше елді немесе олардың бөліктерін білдіретін аймақ.
____________________
4 Осы анықтамалардың мақсаттары үшін «жануар» термині балықты және жабайы фаунаны; «өсімдік» термині ормандарды және жабайы флораны; «зиянкестер» термині арамшөптерді және «ластаушы заттар» термині пестицидтерді және ветеринариялық препараттардың қалдықтарын, сондай-ақ бөгде заттарды қамтиды.

В-ҚОСЫМШАСЫ САНИТАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРДЫҢ ТРАНСПАРЕНТТІЛІГІ Қағидаларды жариялау

      1. Мүдделі мүшелердің танысып шығуға мүмкіндіктері болуы үшін мүшелер барлық қабылданған санитариялық және фитосанитариялық қағидалардың5 дереу жариялануын қамтамасыз етеді.
      2. Шұғыл жағдайларды қоспағанда мүшелер экспорттаушы мүше елдерде, әсіресе дамушы мүше елдерде өндірушілерге өз өнімі мен өндіріс әдістерін импорттаушы мүше елдің талаптарына бейімдеуге уақыт беру үшін кез келген санитариялық немесе фитосанитариялық қағиданы жариялау және оның күшіне енуі арасында ақылға қонымды уақыт кезеңін көздейді.
________________
5Заңдар, қаулылар немесе өкімдер сияқты кең қолданылатын санитариялық және фитосанитариялық шаралар.

Ақпараттық орталықтар

      3. Әрбір мүше мүдделі мүшелердің ақылға қонымды барлық сұрақтарына жауап беруге, сондай-ақ мыналарға:
      (а) оның аумағы шегінде қабылданған немесе әзірленетін кез келген санитариялық немесе фитосанитариялық қағидаларға;
      (b) оның аумағы шегінде қолданыстағы кез келген бақылау және инспекциялау рәсімдеріне, өндіру және карантин қағидаларына, пестицидтер мен тамақ қоспаларының рұқсат етілген деңгейін мақұлдау рәсімдеріне;
      (с) тәуекелді, бұл ретте есепке алынатын факторларды бағалау, сондай-ақ санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейін анықтау рәсімдеріне;
      (d) халықаралық және өңірлік санитариялық және фитосанитариялық ұйымдар мен жүйелерге, сондай-ақ осы Келісім шеңберінде екіжақты және көпжақты келісімдер мен уағдаластықтарға мүшелік етуге және мүшенің немесе оның аумағы шегіндегі тиісті органдардың қатысуына және мұндай келісімдер мен уағдаластықтардың мәтіндеріне қатысты тиісті құжаттарды беруге жауапты бір ақпараттық орталық құруды қамтамасыз етеді.
      4. Мүдделі мүшелер құжаттардың мәтіндерін сұратқан жағдайларда, мүшелер олардың осы мүшенің адамдары6 үшін берілетін бағамен бірдей жіберу құнын есепке алмай (егер олар өтеулі негізде берілсе) берілуін қамтамасыз етеді.
_________________
6 Осы Келісімдегі «азаматтарға» сілтеме мүше болып табылатын жеке кеден аумағына қатысты осы термин осы кеден аумағында тұрақты тұратын немесе шын мәнінде бар және жұмыс істейтін өнеркәсіптік немесе коммерциялық кәсіпорындарға ие жеке немесе заңды тұлғаларды білдіреді.

Хабарлау рәсімдері

      5. Халықаралық стандарттар, нұсқаулар немесе ұсынымдар жоқ болған не әзірленетін жатқан санитариялық немесе фитосанитариялық шаралар халықаралық стандарттың, нұсқаудың немесе ұсынымның мазмұнынан елеулі өзгеше болған жағдайда және осы шаралар басқа мүшелердің саудасына анағұрлым әсерін тигізсе, мүшелер:
      (а) алғашқы кезеңде мүдделі мүшелерге нақты шараны енгізу ниетімен танысуына мүмкіндік беру үшін хабарлама жариялайды;
      (b) хабарламада әзірленетін шараларды енгізудің мақсаты мен себептерін қысқаша көрсете отырып, Хатшылық арқылы басқа мүшелерді шаралар қамтитын тауарлар туралы хабардар етеді. Мұндай хабарламалар өзгерістер енгізуге және ескертулерді ескеруге болатын алғашқы кезеңде жасалады;
      (с) сұрау салу бойынша басқа мүшелерге әзірленетін құжаттардың мәтіндерін ұсынады және, мүмкіндігінше, халықаралық стандарттардан, нұсқаулардан немесе ұсынымдардан елеулі өзгеше болған тарауларды көрсетеді;
      (d) кемсітушіліксіз басқа мүшелерге жазбаша түрде ескертулер дайындау үшін ақылға қонымды уақыт береді, сұрау салу бойынша осы ескертулерді талқылайды және жасалған ескертулер мен талқылау нәтижелерін назарға алады.
      6. Алайда мүше үшін шұғыл денсаулығын қорғау қажеттілігі туындаған немесе нақты туындауы мүмкін болған жағдайларда, осы мүше:
      (а) Хатшылық арқылы хабарламада шұғыл проблеманың (проблемалардың) мәнін қоса алғанда, реттеуді енгізудің мақсаты мен себептерін қысқаша көрсете отырып, нақты шара және ол қамтитын тауарлар туралы басқа мүшелерді тез арада хабардар еткен;
      (b) сұрау салу бойынша басқа мүшелерге құжаттар мәтіндерін берген;
      (с) басқа мүшелерге жазбаша түрде ескертулер дайындауға мүмкіндік берген, сұрау салу бойынша осы ескертулерді талқылаған және жасалған ескертулер мен талқылау нәтижелерін назарға алған жағдайда, ол мүше осы Қосымшаның 5-тармағында санамаланған рәсімдерді өз қалауы бойынша орындай алмайды.
      7. Хатшылыққа хабарламалар ағылшын, француз немесе испан тілдерінде беріледі.
      8. Дамыған елдер қатарындағы мүшелер басқа мүшелердің өтініші бойынша құжаттардың мәтіндерін, ауқымды құжаттама жағдайында, нақты хабарламаға қатысты құжаттардың қысқаша мазмұндамасын ағылшын, испан немесе француз тілдерінде береді.
      9. Хатшылық барлық мүшелерге және мүдделі халықаралық ұйымдарға хабарламалардың көшірмелерін дереу жібереді және дамушы мүше елдердің ерекше қызығушылығын тудыратын тауарларға қатысы бар кез келген хабарламаларға олардың назарын аударады.
      10. Мүшелер осы Қосымшаның 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес хабарлау рәсімдеріне қатысты ережелердің ұлттық деңгейде орындалуына жауап беретін бірыңғай орталық үкіметтік органды тағайындайды.

Жалпы ескертпелер

      11. Осы Келісімде ешнәрсе:
      (а) жобалардың жеке тарауларын немесе толық мәтіндерін беру немесе мәтіндерді осы Қосымшаның 8-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда мүшенің тілінен өзгеше тілде жариялау;
      (b) мүшелерге санитариялық немесе фитосанитариялық заңнаманы орындауға кедергі келтіретін немесе жеке кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне қысым көрсететін құпия ақпаратты жария ету талабы ретінде түсіндірілмейді.

С-ҚОСЫМШАСЫ
БАҚЫЛАУ, ИНСПЕКЦИЯЛАУ ЖӘНЕ МАҚҰЛДАУ РӘСІМДЕРІ7

      1. Мүшелер санитариялық немесе фитосанитариялық шаралардың орындалуын тексеру және қамтамасыз ету бойынша кез келген рәсімге қатысты мыналарды:
      (а) мұндай рәсімдердің негізсіз кешіктірусіз жүргізілуін және осы ретте импортталатын тауарлар үшін ұқсас отандық тауарлардан кем емес қолайлы түрде аяқталуын;
      (b) әрбір рәсімді жүргізудің стандартты ұзақтығын жариялауды немесе оны жүргізу ұзақтығын өтінім берушіге сұрау салу бойынша хабарлануын; өтінімді алған кезде құзыретті органның құжаттама толықтығының дәрежесін дереу зерделеуін және өтінім берушіге құжаттамадағы барлық кемшіліктер туралы анық және толық түрде хабарлауын; қажет болған кезде кемшіліктерді жою мүмкін болу үшін құзыретті органның өтінім берушіге рәсімнің нәтижелерін мүмкіндігінше тез арада анық және толық түрде жеткізуін; өтінімнің кемшіліктері болса да, құзыретті органның өтінім берушінің өтініші бойынша мүмкіндігінше рәсімді жүргізуге кірісуін; және өтінім берушінің сұрау салу бойынша кез келген кешіктіруді түсіндіре отырып, рәсімнің іске асырылу сатысы туралы хабардар болуын;
      (с) қоспаларды пайдалануды мақұлдауды немесе тамақ өнімдерінде, сусындарда немесе жемшөпте ластаушы заттардың рұқсат етілген деңгейін белгілеуді қоса алғанда, тиісті бақылау, инспекциялау және мақұлдау рәсімдерін жүзеге асыру үшін қажетті минимумның ақпаратқа қатысты талаптарды шектеуін;
      (d) импорттаушы тауарлар туралы бақылау, инспекциялау және мақұлдау рәсімдеріне байланысты анықталған немесе алынған ақпарат құпиялылығының отандық тауарлардан кем емес қолайлы түрде сақталуын, осылайша, заңды коммерциялық мүдделердің қорғалуын қамтамасыз етуін;
      (e) тауарлардың жекелеген үлгілерін бақылау, инспекциялау және мақұлдау бойынша кез келген талаптардың негізді және қажетті болып табылатындығымен шектелуін;
      (f) импортталатын тауарларға қолданылатын рәсімдерге байланысты есептелетін кез келген алымдардың, ұқсас отандық тауарлардан немесе кез келген басқа мүшенің аумағынан шығатын тауарлардан алынатын кез келген алымдармен мөлшерлес болуын және көрсетілетін қызметтің нақты құнынан аспауын;
      (g) өтінім берушілер, импорттаушылар, экспорттаушылар немесе олардың өкілдері үшін қолайсыздықтарды барынша азайту үшін рәсімдерде және импортталған тауарлардың үлгілерін іріктеуде қолданылатын құралдарды орналастырған кезде отандық тауарлар үшін қолданылатын өлшемшарттардың қолданылуын;
      (h) бақылаудан және инспекциялаудан кейін тауар сипаттамаларына қолданылатын талаптарға қатысты өзгертістер енгізілген әрбір кезде түрлендірілген тауарға қатысты рәсімнің тауардың бұрынғыша тиісті қағидаларға сәйкес келетіндігіне жеткілікті сенімді болуға қажет болып табылатынын айқындаумен шектелуін; және
      (i) ұқсас рәсімдерді орындауға қатысты наразылықтарды қарау және наразылық негізді болған жағдайда өзгерістерді қабылдау рәсімінің бар болуын қамтамасыз етеді.
      Импорттаушы мүшеде мақұлдауы жоқ тауарлар үшін оның ішкі нарығына шығуға тыйым салатын немесе оны шектейтін, тамақ қоспаларын пайдалануды мақұлдау немесе тамақ өнімдерінде, сусындарда немесе жемшөпте ластаушы заттардың рұқсат етілген деңгейін белгілеу жүйесі қолданыста болған жағдайларда, импорттаушы мүше тиісті халықаралық стандартты түпкілікті шешім қабылданғанға дейін рұқсат беру үшін негіз ретінде қолдану мүмкіндігін қарастырады.
      2. Санитариялық немесе фитосанитариялық шара өндіріс деңгейінде бақылауды айқындайтын жағдайларда, аумағында өндіріс жүзеге асырылатын мүше осындай бақылауды және бақылаушы органдардың жұмысын жеңілдету үшін қажетті көмек көрсетеді.
      3. Осы Келісімде мүшелерге өз аумақтары шегінде ақылға қонымды инспекциялауды жүзеге асыруға ешнәрсе кедергі болмайды.
_____________________
7 Бақылау, инспекциялау және мақұлдау рәсімдерінің қатарына inter alia, сынамаларды іріктеу, сынақ және сертификаттау рәсімдері жатады.

САУДАДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ

      Мүшелер,
      Көпжақты тарапты сауда келіссөздерінің Уругвай раундын ескере отырып;
      1994 жылғы ГАТТ мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуге ниет білдіре отырып;
      Халықаралық стандарттар мен сәйкестікті бағалау жүйелері өндірістің тиімділігін арттыруға және халықаралық сауда жүргізуге жәрдемдесуге маңызды үлес енгізе алатынын мойындай отырып;
      Сондықтан осындай халықаралық стандарттар мен сәйкестікті бағалау жүйелерін әзірлеуді ынталандыруды ниет ете отырып;
      Осылайша, техникалық регламенттер мен стандарттар, буып-түюге, маркалауға, затбелгі жапсыруға және техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкестікті бағалау рәсімдеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, халықаралық саудаға артық кедергі келтірмеуге жағдай жасауды қамтамасыз етуге ниет ете отырып;
      Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес, ешбір елге оның экспортының сапасына немесе адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға немесе мақсатқа сәйкес деп есептелінетін деңгейде алдау тәжірибесінің алдын алуға қажетті шаралар қолдануға кедергілер туындамауы тиіс, мұндай шаралар жағдайлары бірдей елдердің арасында еркін немесе ақталмаған кемсітушілік құралы, не халықаралық сауданы шектеу құралы болмайтындай тәсілмен қолданылуы тиістігін мойындай отырып;
      Ешбір елге өзінің қауіпсіздігі саласында аса маңызды мүдделерін қорғауға қажетті шараларды қолдануға кедергілер келтірілмеуі қажеттігін мойындай отырып;
      Халықаралық стандарттау дамыған мемлекеттердің технологияларын дамушы елдерге тасымалдаудың тигізетін үлестерін мойындай отырып;
      Дамушы елдер техникалық регламенттер мен стандарттар және техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкестілікті бағалау рәсімдерін жасау және қолдану кезінде өзгеше қиындықтарға тап болуы мүмкін, бұл жағдайда оларға көмектесу қажеттігін мойындай отырып;
      Осымен төмендегілер туралы келіседі:

1-БАП
Жалпы ережелер

      1.1 Стандарттау мен сәйкестікті бағалау рәсімдерінде қолданылатын жалпы терминдер, әдеттегідей, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен стандарттау жөніндегі халықаралық органдар жүйесінде қабылданып, сондай-ақ осы Келісімнің мәні мен мақсаты және түп мәтінін есепке ала отырып, оларға бекітілген мағынаға ие.
      1.2 Алайда осы Келісімінің мақсаттары үшін 1-қосымшада көрсетілген терминдердің мағынасы қолданылады.
      1.3 Өндірістік және ауылшаруашылық тауарларын қоса алғанда барлық тауарлар осы Келісімнің ережелерінің қолдану аясына түседі.
      1.4 Үкімет органдарымен дайындалатын, үкімет органдарының тұтынушылық және өндірістік қажеттіліктері үшін сатып алудың мақсаттары үшін пайдаланылатын құжаттар осы Келісімнің қолдану аясына түспейді, ал оларға қатысты оның қолдану аясына сәйкес үкіметтік сатып алулар жөніндегі Келісімдер қолданылады.
      1.5 Санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша Келісімнің А Қосымшасында айқындалғандай, осы Келісімнің ережелері санитарлық және фитосанитарлық шараларға қатысты қолданылмайды.
      1.6 Осы Келісімдегі техникалық регламенттерге, стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсімдеріне берілген барлық сілтемелер, маңызсыз сипаттағы өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда ережелерге немесе тауарды қамтуға қосылатын, кез келген олардың өзгерістерді және кез келген толықтырулары деп түсіндіріледі.

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР МЕН СТАНДАРТТАР 2-БАП
Орталық үкімет органдарымен техникалық регламенттерді
дайындау, қабылдау және қолдану

      Олардың орталық үкімет органдарына қатысты:
      2.1 Мүшелер техникалық регламенттерге қатысты кез келген мүшенің аумағынан импортталатын тауарларға, ұлттық немесе кез келген басқа елден шығатын ұқсас тауарларға ұсынылатын режиммен бірдей қолайлы режим ұсынылуын қамтамасыз етеді.
      2.2 Мүшелер халықаралық саудаға артық кедергі келтіретін немесе кедергінің пайда болуына себеп болатындай техникалық регламенттердің дайындалмауын, қабылданбауын және қолданылмауын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта техникалық регламенттер заңды мақсаттарға қол жеткізуге қажетті ықпалдан артық, осындай мақсатқа қол жетпегенде пайда болатын қауіпті ескере отырып, саудаға шектеу әрекетін тигізбейді. Осындай заңды мүдделерге, inter alia: ұлттық қауіпсіздіктің талаптары; алдау тәжірибесінің алдын алу; адамның денсаулығы мен қауіпсіздігін, жануарлардың немесе өсімдіктердің өмірі мен саулығын қорғау немесе қоршаған ортаны қорғау жатады. Осындай қауіптерді бағалау кезінде, inter alia: бар ғылыми және техникалық ақпарат, тиісінше технология немесе тауардың болжамды түпкілікті қолданылуы тәрізді факторлар ескеріледі.
      2.3 Егер оларды қабылдауға себеп болған жағдайлар немесе себептер енді болмаған жағдайда немесе өзгерген жағдайлар мен себептер саудаға азырақ шектететін ықпал ететін тәсілдерді қолдануға мүмкіндік берсе, онда бұл техникалық регламенттердің күші жойылуы тиіс.
      2.4 Егер техникалық регламенттерге қажеттілік туындаса және тиісті халықаралық стандарттар болса немесе оларды жасау аяқталу үстінде болған жағдайда, мүшелер оларды немесе олардың тиісті бөлімдерін өздерінің техникалық регламенттеріне негіз ретінде қолданады, мұндай халықаралық стандарттар немесе олардың тиісті бөлімдері елеулі климаттық немесе географиялық факторлар немесе елеулі техникалық проблемалар салдарынан қойылған заңды мүдделерге жету үшін тиімсіз немесе қолайсыз құрал болып табылса онда ол стандарттар қолданылмайды.
      2.5 Басқа мүшелердің саудасына айтарлықтай ықпал ете алатын техникалық регламентті әзірлейтін, қабылдайтын немесе қолданатын мүше, басқа мүшенің өтініші бойынша 2-4-тармақтарының ережесі тұрғысынан осыған ұқсас техникалық регламенттің қажеттілігін түсіндіреді. 2-тармақта тікелей көрсетілген заңды мүдделердің біреуіне қол жеткізу үшін техникалық регламент әзірленсе, қабылданса немесе қолданылғанда және ол осы саладағы халықаралық стандартқа сәйкес болса, онда ол халықаралық сауда үшін артық кедергі келтірмейтіні ұйғарылады.
      2.6 Мүмкіндігінше кең ауқымда техникалық регламенттерді үйлестіру мақсатында, мүшелер өздерінің мүмкіндіктерінің шегінде, стандарттау бойынша тиісті халықаралық органдардың, қандай да бір тауарға қатысты техникалық регламенттің халықаралық стандартын қабылдауға не болмаса оны қабылдауға ниет білдіруге толығымен қатысады.
      2.7 Мүшелер осы регламенттер олардың жеке регламенттерінің мақсаттарына қол жеткізуді баламалы қамтамасыз ететіндігіне көз жеткізген жағдайда, тіпті егер осындай регламенттер олардың өздерінің регламентінен өзгеше болса да басқа мүшелердің балама техникалық регламенті ретінде қабылдау мүмкіндігін қарастырады.
      2.8 Бұл мүмкін болған жағдайда, мүшелер тауардың құрылымы немесе сипаттамасына қойылатын талаптарға емес, тауардың сипаттамасына қойылатын талаптарының негізінде техникалық регламенттерді қабылдайды.
      2.9 Тиісті халықаралық стандарт болмаған жағдайда не әзірленетін техникалық регламенттің техникалық мазмұны тиісті халықаралық стандарттардың техникалық мазмұнына сәйкес болмаса және егер техникалық регламент басқа мүшелердің саудасына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін болса, онда мүшелер:
      2.9.1 басқа мүшелердегі мүдделі тараптарға онымен танысуға мүмкіндік беру үшін, тиісінше ерте сатыда нақты техникалық регламенттің болжамды енгізілуі туралы хабарламаны жариялайды;
      2.9.2 Хатшылық арқылы басқа мүшелерді әзірленетін техникалық регламентпен қамтылатын тауарлар туралы хабарландырады, хабарламаға қоса әзірленетін техникалық регламенттің мақсаты мен негіздемесін қысқаша көрсетіп жібереді. Мұндай хабарламалар оған өзгертулер мен түсініктемелерді назарға алуға мүмкіндік болғанда, тиісінше ерте сатыда жарияланады;
      2.9.3 сұрау бойынша басқа мүшелерге әзірленетін техникалық регламенттің егжей-тежейлі сипаттамасы мен мәтінін береді, мүмкіндігінше тиісті халықаралық стандарттардан айтарлықтай өзгеше бөлімдерін көрсетеді;
      2.9.4 кемсітушіліксіз басқа мүшелерге, жазбаша түрде ескертулер дайындауға, сұрау бойынша осы ескертулерді талқылауға және бұл жазбаша ескертулерді, сондай-ақ осы талқылаулардың нәтижесін есепке алуға қолайлы уақыт кезеңін береді.
      2.10 9-тармақтың кіріспе бөлігіндегі ережелерді сақтау шартымен, қауіпсіздікті, денсаулықты, қоршаған ортаны қорғауды немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шұғыл мәселелері туындауының қатері бар болған немесе туындаған жағдайда, мүше, егер қажет деп тапса, 9-тармақта көрсетілген әрекеттерге жүгінбеуіне болады, осы мүше техникалық регламентті қабылдағаннан соң:
      2.10.1 Хатшылық арқылы нақты техникалық регламент және ол қолданылатын тауарлар туралы басқа мүшелерді хабарландырады, хабарламаға шұғыл мәселелердің баяндалған мәнісін қоса алғанда, техникалық регламентті енгізудің мақсаты мен себебін қысқаша көрсететін хабарламаны қоса жібереді;
      2.10.2 сұрау бойынша басқа мүшелерге техникалық регламенттің мәтінін жібереді;
      2.10.3 кемсітушіліксіз басқа мүшелерге, жазбаша нысанда өздерінің ескертулерін беруге, сұрау бойынша осы ескертулерді талқылауға мүмкіндік береді және бұл жазбаша ескертулер, сондай-ақ осы талқылаудың нәтижелерін есепке алады.
      2.11 Мүшелер барлық қабылданған техникалық регламенттердің дереу жариялануын не басқа тәсілмен басқа мүшелердегі мүдделі тараптарға онымен танысуға мүмкіндік берілуін қамтамасыз етеді.
      2.12 10-тармақта көрсетілген шұғыл мән-жайларды қоспағанда, экспорттаушы мүшелердегі тауар өндірушілерге және әсіресе дамушы елдердегі мүшелерге, олардың тауарларын немесе импорттаушы мүшелердің талаптарына сәйкес өндіру әдістерін дағдыландыру үшін, мүшелер техникалық регламенттің жариялануы мен олардың күшіне енуі арасында оларға ақылға қонымды уақыт кезеңінде уақыт беруді қарастырады.

3-БАП
Жергілікті үкіметтік органдармен және үкіметтік емес
органдармен техникалық регламенттерді дайындау,
қабылдау және қолдану

      Жергілікті үкіметтік органдар мен олардың аумағының шегіндегі үкіметтік емес органдарға қатысты:
      3.1 Мүшелер 2-баптың 9.2 және 10.1-тармақтарында көрсетілген хабарламалар туралы міндеттемелерді қоспағанда, 2-баптағы ережелерді осындай органдардың сақтауын қамтамасыз ететін, оларға қолжетімді ақылға қонымды шараларды қабылдайды.
      3.2 Мүшелер, егер ұқсас техникалық регламенттің техникалық қамтуы хабрлама бұрын жіберілген осы мүшенің орталық үкімет органдарымен қабылданған техникалық регламенттің қамтуына жалпы сәйкес келсе, хабарландыру талап етілмейтінін ескере отырып; техникалық регламенттерге қатысты орталық үкімет мүшелеріне тікелей тәуелді жергілікті үкімет органдарымен 2-баптың 9.2 және 10.1 тармақтарының ережелеріне сәйкес хабарлама жіберілетінін қамтамасыз етеді.
      3.3 Мүшелер басқа 2-баптың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген хабарлама, ақпарат беру, ескертулер мен талқылауларды қоса алғанда, басқа мүшелермен байланысты орталық үкімет арқылы орнатуды талап ете алады.
      3.4 Мүшелер олардың аумағы шегіндегі жергілікті үкіметтік органдар мен үкіметтік емес органдардан талап етілетін шараларды немесе 2-баптың ережелеріне сәйкес келмейтін тәсілмен оларды әрекет етуге ынталандыратын шараларды қабылдамайды.
      3.5 Мүшелер осы Келісім бойынша 2-баптың барлық ережелерін сақтауға толық жауапты болады. Мүшелер орталық үкімет органдарына қарағанда, өзге органдармен 2-баптың ережелерін сақтауды қолдауға бағытталған, шаралар мен тетіктерді әзірлейді және іске асырады.

4-БАП
Стандарттарды әзірлеу, қабылдау және қолдану

      4.1 Мүшелер осы Келісімде келтірілген 3-қосымшада (осы Келісімде «Адал тәжірибе Кодексі деп аталатын») берілген стандарттарды дайындауға, қабылдауға және қолдануға сәйкес, олардың стандарттау бойынша орталық үкіметтік органдары қолданатын адал тәжірибе Кодексін мақұлдауын және оны сақтауын қамтамасыз етеді. Олардың аймағындағы стандарттау бойынша жергілікті үкіметтік және үкіметтік емес органдардың, сонымен қатар олардың аймағындағы стандарттау бойынша, олар немесе бір өзі немесе көбірек органдар мүшесі болып табылатын аймақтық органдардың адал тәжірибе Кодексін қабылдап, сақтауын қамтамасыз ету үшін олар осындай қолжетімді қолайлы шараларды қолданады. Сонымен қатар, мүшелер тікелей немесе жанама түрде осындай органдардан адал тәжірибе Кодексіне сәйкес келмейтін әдістермен әрекет етуге талап ететін немесе ынталандыратын шаралар қолданбайды. Стандарттау бойынша органдардың адал тәжірибе Кодексін сақтауға қатысты мүшелердің міндеттемелері стандарттау бойынша орган адал тәжірибе Кодексін қабылдау, қабылдамауына байланыссыз қолданылады.
      4.2 Адал тәжірибе Кодексін қабылдаған және оны сақтайтын стандарттау бойынша органдар мүшелермен осы Келісімнің қағидаттарын сақтайтындар ретінде мақұлданады.

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР МЕН СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕСТІЛІК 5-БАП
Орталық үкіметтік органдармен сәйкестікті бағалау рәсімдері

      5.1 Мүшелер техникалық регламенттерге немесе стандарттарға тікелей сәйкестікті дәлелдеу қажет болған жағдайда, олардың орталық үкіметтік органдары басқа мүшелердің аумағынан шығарылатын тауарларға келесі ережелерді қолдануды қамтамасыз етеді:
      5.1.1 сәйкестікті бағалау рәсімдері басқа мүшелердің аумағынан шығатын ұқсас тауарлардың жеткізушілеріне, салыстырмалы жағдайда, ұлттық шығу тегі немесе кез келген өзге елден шыққан ұқсас тауарлардың жеткізушілеріне берілетін шарттардан қолайсыз емес шарттарда қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін осылайша әзірленеді, қабылданады және қолданылады; қолжетімділік бұл қарастырылған жерде, өндірістік алаңда сәйкестікті бағалау және сәйкестікті бағалау жүйесінің сәйкестік таңбасын алуды қоса алғанда, жеткізушінің осы рәсімнің ережесін сақтаумен сәйкестікті бағалауды жүргізуге құқығын қамтиды;
      5.1.2 сәйкестікті бағалау рәсімдері халықаралық саудаға артық кедергі келтіретіндей немесе оның тууына әкелетіндей болып әзірленбейді және қолданылмайды. Бұл, inter alia, сәйкестікті бағалау рәсімдері тауарлардың сәйкессіздігі нәтижесінде пайда болған қатерлерді ескере отырып, олар қолданыстағы техникалық регламенттерге сәйкестікте импорттайтын мүшемен жеткілікті сенімділікті алуы үшін қажет деңгейден қаталдырақ болмайды және қатаңырақ қолданылмайды.
      5.2 1-тармақтың ережелерін қолданған кезде, мүшелер:
      5.2.1 отандық ұқсас тауарларға қарағанда, кем емес қолайлы кезектілікпен, басқа мүшелердің аумағында шығарылатын тауарларға қатысты да сәйкестікті бағалау рәсімдері мүмкіндігінше тез өткізіліп, аяқталуын;
      5.2.2 әрбір сәйкестікті бағалау рәсімдерінің стандартты ұзақтығы туралы мәліметтердің басылымға шығуын немесе оны өткізудің болжамды ұзақтығы сұраным бойынша мәлімдеушіге хабарлануын; арыз алған кезде құзырлы орган жедел түрде құжаттаманың толықтығын тексеріп, барлық кемшіліктер туралы мәлімдеушіге анық және егжей-тегжейлі ақпарат беруді; құзырлы орган қажет болған жағдайда тиісті түзетімді қолдану үшін, сәйкестікті бағалаудың нәтижесі туралы егжей-тегжейлі және айқын түрде тез арада арыз берушіге жеткізуі тиіс; сұраныстың кемшіліктері болған жағдайда да, құзырлы орган, барынша жүзеге асқанынша, арыз берушінің өтініші бойынша сәйкестікті бағалауды жүргізуді; және сұраныс бойынша арыз берушіге кез келген кідірістің түсініктемесімен бірге осы үдерістің жүзеге асуының сатысы туралы хабарлама жіберілуін;
      5.2.3 сәйкестікті бағалауға және төлемақының көлемін қоюға қажетті ақпараттарға қатысты талаптар ең аз мөлшермен шектелуін;
      5.2.4 заңды коммерциялық қызығушылықтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін осындай сәйкестікті бағалау үдерістеріне байланысты анықталатын, басқа мүшелердің аумағында шығатын тауарлар туралы ақпараттың құпиялылығы, отандық тауарларға қатысты сақталуын;
      5.2.5 басқа мүшелердің аймағында шығатын тауарлардың сәйкестігін бағалаумен байланысты кез келген төлемдер мен сыйақылар, арыз берушінің өндірістік алаңы мен сәйкестікті бағалау бойынша органның орналасуымен ерекшеленетін көлікке, байланысқа кететін және өзге де шығыстарды ескере отырып, отандық немесе кез келген басқа елден шығатын ұқсас тауарлардың сәйкестігін бағалауға алынатын кез келген төлемдер мен сыйақылармен бірдей болуын;
      5.2.6 сәйкестікті бағалау рәсімдерінде қолданылатын объектілерді орналастыру және үлгілерді таңдау рәсімдері, арыз берушілер мен олардың өкілдеріне артық қолайсыздық тудыруға әкелмеуін;
      5.2.7 әрдайым тауардың қолданылатын техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкестігін анықтағаннан кейін, оның сипаттамасына өзгерістер енгізілсе, өзгеріске ұшыраған тауарға қатысты сәйкестікті бағалау рәсімдері, осы тауар бұрынғысынша сәйкес техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес келетініне сенімді болу үшін қажетті болып табылады;
      5.2.8 сәйкестікті бағалау рәсімдерін орындауға қатысты шағымдарды қарастыру рәсімін және шағым негізді болғанда түзету шарасын орындайды.
      5.3 Мүшелерге олардың аумақтарының шегінде қолайлы тексерістер жүргізуге 1 және 2-тармақтарда ештеңе кедергі келтірмейді.
      5.4 Тауарлар техникалық регламенттерге немесе стандарттарға сәйкестігі туралы бекітілген растау қажет болған жағдайда және стандарттау жөніндегі халықаралық органдармен шығарылған немесе әзірленуі аяқталу үстіндегі тиісті нұсқамалар немесе ұсынымдары болғанда, мүшелер өздерінің сәйкестікті бағалау рәсімдеріне негіз ретінде орталық үкіметтік органдардың оларды немесе олардың сәйкес бөлімдерін қолдануын қамтамасыз етеді, сұраныс бойынша толықтай түсіндірілетін, мүдделі мүшелерге мұндай нұсқамалар немесе ұсынымдар немесе олардың сәйкес бөлімдері төмендегі себептерге байланысты лайықсыз болғанда, inter alia, ұлттық қауіпсіздік талаптары, алдау тәжірибесінің алдын алу, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен саулығын қорғау немесе қоршаған ортаны қорғау; елеулі климаттық немесе басқа географиялық факторлар; елеулі техникалық немесе инфрақұрылымдық проблемалар.
      5.5 Мүмкіндігінше кең ауқымда сәйкестікті бағалау рәсімдерін үйлестіру мақсатында, мүшелер өздерінің мүмкіндіктерінің шеңберінде, стандарттау бойынша тиісті халықаралық органдардың сәйкестікті бағалау рәсімдері аясында нұсқамалар мен нұсқаулар дайындауға толыққанды түрде қатысады.
      5.6 Стандарттау жөнінде халықаралық органдардың тиісті нұсқамалар мен нұсқаулары болмаған жағдайда немесе стандарттау бойынша халықаралық органдармен шығарылатын сәйкестікті бағалау рәсімдерінің техникалық мазмұны тиісті нұсқамалары мен нұсқаулары қайшы болса және техникалық регламент басқа мүшелердің саудасына айтарлықтай ықпал ету мүмкіндігі болса, онда мүшелер:
      5.6.1 басқа мүшелердегі мүдделі тараптарға онымен танысуға мүмкіндік беру үшін, тиісінше ерте сатыда нақты сәйкестікті бағалау рәсімдерін енгізу туралы хабарламаны баспаға жариялайды;
      5.6.2 Хатшылық арқылы басқа мүшелерді әзірленетін сәйкестікті бағалау рәсімдерімен қолданылатын тауарлар туралы хабарландырады, хабарламаға қоса оның қысқаша мақсаты мен негіздемесін көрсетіп жібереді. Мұндай хабарламалар оған өзгертулер енгізіп, түсіндірмелерді назарға алуға мүмкіндік болғанда, тиісті ерте сатыда жарияланады;
      5.6.3 сұрау бойынша басқа мүшелерге әзірленетін рәсімдердің толық сипаттамасы немесе мәтінін ұсынады, мүмкіндігінше тиісті стандарттау жөніндегі халықаралық органдар шығарған тиісті нұсқамалар мен нұсқаулар айтарлықтай өзгеше бөлімдерін көрсетеді;
      5.6.4 кемсітушіліксіз басқа мүшелерге, олардың жазбаша түрде ескертулер дайындауы, сұрауы бойынша осы ескертулерді талқылауға және бұл жазбаша ескертулер мен осы талқылаудың нәтижелерін есепке алуға қажетті қолайлы уақыт кезеңін береді.
      5.7 6-тармақтың кіріспе бөлігіндегі ережелерді сақтаған жағдайда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, денсаулық, қоршаған ортаны қорғау немесе ұлттық қауіпсіздік бойынша кезек күттірмейтін проблема туындаған жағдайда қаупі болса, мүше қажет деп есептесе және бұл мүше рәсімдерді қабылдағаннан кейін болған жағдайда 6-тармақта көрсетілген іс-қимылдарға жүгінбеуіне болады:
      5.7.1 Хатшылық арқылы нақты рәсім және оны қолданылатын тауарлар туралы басқа мүшелерді дереу хабарландырады, хабарламаға кезек күттірмейтін проблемалардың мазмұны мен рәсімдерді енгізудің қысқаша себебін қоса жібереді;
      5.7.2 сұрау бойынша басқа мүшелерге мұндай рәсімдер ережелерінің мәтінін жібереді;
      5.7.3 кемсітушіліксіз басқа мүшелерге, ескертулерді жазбаша түрде ұсынуға, сұрау бойынша осы ескертулерді талқылауға мүмкіндік береді және бұл жазбаша ескертулер мен осы талқылаудың нәтижелерін есепке алады.
      5.8 Мүшелер қабылданған сәйкестікті бағалау рәсімдерінің барлығы кідіріссіз жарияланып немесе басқа мүшелердегі мүдделі тараптарға онымен танысуға мүмкіндік беретін басқа тәсілмен танысуын қамтамасыз етеді.
      5.9 7-тармақта көрсетілген кезек күттірмейтін жағдайларды қоспағанда, экспорттаушы мүшелердегі тауар өндірушілеріне, әсіресе дамушы елдердегі мүшелерге, олардың тауарлары мен импорттаушы мүшелердің талаптарына сәйкес өндіру әдістерін дағдыландыру үшін, мүшелер сәйкестікті бағалау рәсімдерінің жариялануы мен олардың күшіне енуіне дейін қолайлы уақыт кезеңін қарастырады.

6-БАП
Орталық үкіметтік органдардың сәйкестікті бағалауды мақұлдауы

      Олардың орталық үкіметтік органдарына қатысты:
      6.1 Мүшелер, 2 және 4-тармақтардың ережелеріне зиян келтірмей, өздерінің рәсімдері тәрізді бұл рәсімдер қолданылатын техникалық регламенттер мен стандарттарға сенімділікті қамтамасыз ететініне көзін жеткізіп, мүмкіндігінше басқа мүшелерде сәйкестікті бағалау рәсімдерінің нәтижелері олардың өздерінің рәсімдерінен басқа болған жағдайда да мақұлдануын қамтамасыз етеді. Өзара қолайлы келісімге келу мақсатында алдын ала консультациялар жүргізу қажет болуы мүмкіндігі мақұлданады, жекелей алғанда:
      6.1.1 сәйкестікті бағалаудың нәтижелерінің олардың тұрақты сенімділігінде сенім болуы үшін экспорттайтын мүшеде сәйкестікті бағалаудың тиісті органдарының бара-бар және сенімді техникалық құзыретіне қатысты; бұған қатысты осы салада нұсқаулар мен ұсыныстарға сәйкес келетін стандарттау бойынша халықаралық органдармен шығарылған, мысалыға аккредитациялау арқылы расталған, жеткілікті техникалық құзыреттің куәгері болып табылады;
      6.1.2 экспорттаушы мүшелерде белгілі органдармен алынған нәтижелерімен ғана сәйкестікті бағалаудың нәтижесін танудың шектеулігі.
      6.2 Мүшелер, олардың сәйкестікті бағалаулары мүмкін болғанша 1-тармақтың ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
      6.3 Мүшелерге басқа мүшелердің сәйкестікті бағалау рәсімдерінің нәтижелерін өзара мақұлдау туралы келісімге отыру мақсатында келіссөз жүргізуге өтініштерін жақсы ниетпен қарастырулары ұсынылады. Мүшелер мұндай келісімдер 1-тармақтың белгілеріне сай болуын және сәйкес тауарларды сатуға көмектесу жағынан оларда бар мүмкіндіктер бойынша өзара разылыққа әкелуін талап ете алады.
      6.4. Мүшелерге басқа мүшелердің аумақтарында орналасқан сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарға олардың сәйкестікті бағалау рәсімдеріне, олардың немесе кез келген басқа елдің аумағындағы органдарға көрсетілетін қолайлы жағдайдан кем емес жағдайда қатысуға мүмкіндік беру ұсынылады.

7-БАП
Жергілікті үкіметтік органдармен сәйкестікті бағалау рәсімдері

      Олардың аумағының шегінде олардың жергілікті үкіметтік органдарына қатысты:
      7.1 Мүшелер 5-баптың 6.2 және 7.1-тармақтарында көрсетілген хабарламалар туралы міндеттемелерден басқа, 5 және 6-баптардың ережелерін осындай органдармен орындалуын қамтамасыз ететіндей, оларға қолжетімді ақылға қонымды шараларды қолданады.
      7.2. 5-баптың 6.2 эәне 7.1-тармақтарының ережелеріне сәйкес мүшелердегі орталық үкіметке тікелей тәуелді жеркілікті үкімет органдары қолданатын сәйкестікті бағалау рәсімдеріне қатысты хабарламалардың жіберілуін қамтамасыз етеді; егер сәйкестікті бағалаудың осындай рәсімдерінің техникалық қамтуы бұрында жарияланған хабарламалар туралы тиісті мүшелердің орталық үкімет органдарының сәйкестікті бағалаудың рәсімдерінің техникалық қамтуына сәйкес келсе, хабарламалар қажет болмауын есепке алынады.
      7.3 Мүшелер басқа мүшелермен байланыс, 5-баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген хабарламалар, ақпарат беру, ескертулер мен талқылаулар орталық үкімет арқылы жүзеге асырылуын талап ете алады.
      7.4 Мүшелер олардың аумақтарының шеңберінде жергілікті үкіметтік органдардан 5 және 6-баптардың ережелерімен сәйкес келмейтін әдіспен әрекет етуге ынталандыратын немесе олардан оны талап ететін шараларды қолданбайды.
      7.5 Мүшелер осы Келісім бойынша 5 және 6-баптың барлық ережелерін сақтауға толық жауапты болады. Мүшелер орталық үкіметтік органдардан басқа органдармен 5 және 6-баптың ережелерін сақтауға бағытталған оң шаралар мен тетіктерді әзірлейді және іске асырады.

8-БАП
Үкіметтік емес органдармен сәйкестікті бағалау рәсімдері

      8.1 Мүшелер олардың аумақтарының шегінде сәйкестікті бағалауды жүргізетін үкіметтік емес органдар әзірленіп жатқан сәйкестікті бағалау рәсімдері туралы хабарлау туралы міндеттемелерінен басқа, 5 және 6-баптағы ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы шараларды қолданады. Сонымен қатар, мүшелер осындай органдарды нәтижелері тікелей немесе жанама талап ету болып табылатын немесе 5 және 6-баптардың ережелеріне сәйкес келмейтін әдіспен іс-қимыл жасауға ынталандыратын шараларды қолданбайды.
      8.2 Мүшелер сәйкестікті бағалау рәсімдерін хабарлау туралы міндеттемелерден қоспағанда, егер осы органдар 5 және 6-баптардың ережелерін сақтаса ғана, олардың орталық үкіметті органдары үкіметтік емес органдармен жүргізілетін сәйкестікті бағалау рәсімдеріне сүйене алды.

9-БАП
Халықаралық және өңірлік жүйелер

      9.1 Техникалық регламент немесе стандартқа оң растау қажет болған жағдайда, мүшелер бұл мақсатқа сай болса сәйкестікті бағалаудың халықаралық жүйелерін қабылдайды және олардың мүшелері болады немесе оған қатысады.
      9.2 Мүшелер олардың аумағындағы тиісті органдар, мүше немесе қатысушы болып табылатын сәйкестікті бағалаудың халықаралық және өңірлік жүйелері 5 және 6-баптың ережелерімен сәйкес келетіндей қолжетімді қолайлы шараларды қолданады. Бұған қоса, мүшелер осындай органдарды нәтижелері 5 және 6-баптардың ережелеріне сәйкес келмейтін әдіспен іс-қимыл жасауға тікелей немесе жанама түрде ынталандыратын немесе оны талап ететін шараларды қолданбайды.
      9.3. Мүшелер олардың орталық үкіметтік органдары бұл жүйелер 5 және 6-баптың тиісті ережелерімен сәйкес келетін қажетті сәйкестікті бағалаудың халықаралық немесе өңірлік жүйелеріне ғана жүгінуін қамтамасыз етеді.

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМ 10-БАП
Техникалық регламенттер, стандарттар және сәйкестікті бағалау
рәсімдері туралы ақпарат

      10.1 Әрбір мүше басқа мүшелердің мен басқа мүшелердегі мүдделі тараптардың барлық негізделген сұраныстарына жауап беруге қабілетті ақпараттық орталықтың құрылуын, сондай-ақ мыналарға қатысты тиісті құжаттаманы беруді қамтамасыз етеді:
      10.1.1 оның аймағының шегінде орталық немесе жергілікті үкіметтік органдармен, техникалық регламентті қолданысқа енгізуге құқылы үкіметтік емес органдармен, осындай органдардың мүшесі немесе қатысушысы болып табылатын стандарттау бойынша өңірлік органдар қабылдаған немесе әзірлеген кез келген техникалық регламенттерде;
      10.1.2 оның аумағының шегінде орталық немесе жергілікті үкіметтік органдармен, осындай органдардың мүшесі немесе қатысушылары болып табылатын стандарттау бойынша өңірлік органдар әзірлейтін немесе бекіткен кез келген стандарттар;
      10.1.3 оның аумағының шегінде орталық немесе жергілікті үкіметтік органдар, техникалық регламентті қолданысқа енгізуге құқылы үкіметтік емес органдар, осындай органдардың мүшесі немесе қатысушысы болып табылатын стандарттау бойынша өңірлік органдар қабылдаған немесе әзірлеген кез келген сәйкестікті бағалау рәсімдерін;
      10.1.4 оның аумағының шегінде тиісті орталық немесе жергілікті үкіметтік органдарға, сәйкестікті бағалау жүйесі мен стандарттау бойынша халықаралық және аймақтық органдарға мүше болу немесе оларға қатысу, сондай-ақ осы Келісімнің шеңберінде екіжақты немесе көпжақты келісімдер, сондай-ақ ол уағдаластықтардың осындай жүйелері мен ережелерінің шарттарына қатысты жеткілікті ақпаратты ұсына алатындай жағдайда болуы тиіс;
      10.1.5 осы Келісімге сәйкес басылып шығатын хабарламаларды алу үшін немесе мұндай ақпаратты қайдан алуға болатыны туралы ақпаратты ұсыну; және
      10.1.6. 3-тармақта аталған ақпараттық орталықтардың орналасуы.
      10.2 Алайда, егер құқықтық немесе әкімшілік себептерге байланысты мүшелерге біреуден артық ақпараттық орталық құрылса, онда бұл мүше басқа мүшелерге осы ақпараттық орталықтардың әрқайсысының құзыреті аясы туралы толық және нақты ақпарат ұсынады. Сонымен қатар, мұндай мүше сәйкес келмейтін ақпараттық орталыққа жіберілген кез келген сұрау салудың сәйкесінше ақпараттық орталыққа кідіріссіз жіберілуін қамтамасыз етеді.
      10.3 Әрбір мүше басқа мүшелер мен басқа мүшелердегі мүдделі тараптардың негізделген сұраныстарына жауап беруге қабілетті, сондай-ақ төмендегіге қатысты қажетті құжаттарды қайдан алу керектігі туралы тиісті құжаттаманы немесе ақпаратты ұсынуға, бір немесе бірнеше ақпараттық орталарды құруды қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды шараларды қолданады:
      10.3.1 оның аумағы шегінде мүшелері мен қатысушылары осындай органдар болып табылатын стандарттау жөніндегі үкіметтік емес органдар немесе стандарттау жөніндегі өңірлік органдар бекіткен немесе әзірлейтін кез келген стандарт; және
      10.3.2 мүшелері немесе қатысушылары осындай органдар болып табылатын, оның аумағы шегінде үкіметтік емес ұйымдар немесе өңірлік органдар жүзеге асыратын сәйкестікті бағалаудың әзірленетін рәсімдері;
      10.3.3 оның аумақтары шегінде тиісті үкіметтік емес органдардың стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік органдарға және сәйкестікті бағалау жүйелеріне, сондай-ақ осы Келісім шеңберінде екіжақты және көпжақты уағдаластыққа мүшелігі және қатысуы, сонымен қатар олар осындай жүйелердің шарттары мен осындай уағдаластықтардың ережелеріне қатысты жеткілікті ақпаратты ұсынулары тиіс.
      10.4 Мүшелер басқа мүшелер немесе басқа мүшелердегі мүдделі тараптардың негізделген сұраныстарына жауап бере алатын, кез келген басқа мүше мен мүдделі тараптардың тұлғалары1 үшін жіберілудің нақты бағасын ескермегенде бірдей болатын, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес әділ бағамен ұсынылатын (егер олар ақылы түрде ұсынылса), құжаттардың мәтінімен қамтамасыз ететін негізделген қолжетімді шараларды қолданады.
      10.5 Дамыған елдер қатарындағы мүшелер басқа мүшелердің сұраулары бойынша, нақты хабарламаға қатысты құжаттардың ағылшын, испан немесе француз тілдеріне аудармаларын немесе егер құжат көлемді болған жағдайда, мұндай құжаттардың қысқаша мазмұнын ұсынады.
      10.6. Хатшылық осы Келісімнің ережелеріне сәйкес хабарлама алғанда, осы хабарламалардың көшірмелерін барлық мүшелерге және мүдделі стандарттау мен сәйкестікті бағалау жөніндегі барлық халықаралық органдарға жібереді және олардың ерекше құзығушылығын тудыратын тауарларға қатысты кез келген хабарламаларға дамушы елдердің мүшелерінің назарын аударады.
      10.7 Тауарға елеулі әсер ете алатын техникалық регламенттерге, сәйкестікті бағалау рәсімдеріне немесе стандарттарына қатысты мәселелер бойынша мүше кез келген басқа елмен немесе елдермен уағдаластыққа қол жеткізгенде, онда мұндай уағдаластыққа қатысатын бір мүше болса да Хатшылық арқылы хабарламаны осы уағдаластықтың қысқаша сипаттамасымен осы уағдаластықпен қамтылған тауарлар туралы басқа мүшелерге хабарлайды. Мүдделі мүшелерге сұрау салу бойынша осындай уағдаластыққа консультация беру ұсынылады не осындай уағдаластыққа олардың қатысуын ұйымдастыруы тиіс.
      10.8 Осы Келісімде ешнәрсе төмендегіні талап етуші ретінде түсіндірілмейді:
      10.8.1 мүшенің тілінен өзгеше тілде мәтінді баспаға шығару;
      10.8.2 5-тармақта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мүшенің тілінен өзгеше тілде құжат жобасының жеке бөлімдерін немесе толық мәтіндерін ұсыну; немесе
      10.8.3 олардың қауіпсіздікке деген негізгі мүдделеріне қайшы келетін ақпараттарды ашып, мүшелерге кез келген ақпаратты беру.
      10.9 Хабарлама Хатшылыққа ағылшын, испан және француз тілдерінде жіберіледі.
      10.10 Мүшелер 3-қосымшаға кіретін рәсімдерді қоспағанда, осы Келісімге сәйкес хабарлау рәсімдеріне қатысты ережелердің ұлттық деңгейде орындалуына жауап беретін бірыңғай орталық үкіметтік мекеме тағайындайды.
      10.11 Алайда, егер заңды немесе әкімшілік себептерге байланысты хабарлау рәсіміне жауапкершілік екі немесе одан көп орталық үкіметтік мекемелердің арасында бөлінсе, тиісті мүше осы мекемелердің әрқайсысының жауапкершілік аясы туралы толық және нақты ақпаратты ұсынады.
____________________
1 Осы тармақтың мақсаты үшін, ДСҰ мүше жеке кедендік аймақтарына қатысты «тұлғалар», осы кедендік аймақта нақты бар және жұмыс істейтін өнеркәсіп немесе коммерциялық өндірістерді иеленетін немесе әрдайым өмір сүретін жеке және заңды тұлғалар деп түсініледі.

11-БАП
Басқа мүшелерге техникалық қолдау көрсету

      11.1 Мүшелер сұраныс бойынша басқа мүшелерге, әсіресе дамушы елдердің мүшелеріне, техникалық регламенттерді әзірлеу жөнінде консультация береді.
      11.2 Мүшелер сұраныс бойынша басқа мүшелерге, әсіресе дамушы елдердің мүшелеріне консультация береді және өзара келісілген жағдайда оларға стандарттау бойынша ұлттық органдарды құруына және стандарттау жөніндегі халықаралық органдарға қатысуға техникалық жәрдем көрсетеді, сонымен қатар, олардың стандарттау жөніндегі ұлттық органдарын осындай сипатта әрекет етуге ынталандырады.
      11.3 Мүшелер сұраныс бойынша, олардың аумағының шегінде реттеуге жауапты органдардың басқа мүшелерге консультация беру бойынша қызметке басқа мүшелерді, әсіресе дамушы елдердің мүшелерін тарту мақсатында оларға қолжетімді негізделген шараларды қолданады және оларға өзара келісілген жағдайда арақатынасына техникалық жәрдем көрсетеді:
      11.3.1 реттеуге жауапты немесе техникалық регламенттерге сәйкестігін бағалау органдарын құру, және
      11.3.2. олардың техникалық регламенттерін ең жақсы әдіспен орындау.
      11.4 Мүшелер сұраныс бойынша басқа мүшелерге, әсіресе дамушы елдердің мүшелеріне консультациялық қызмет көрсету бойынша оларға қолайлы негізделген шараларды қолданады және өзара келісілген шартпен оларға сұраныс жіберген мүшенің аумағы шегінде қабылданған стандарттарға сәйкестігін бағалау органдарын құруға қатысты техникалық жәрдем көрсетеді.
      11.5 Мүшелер сұраныс бойынша басқа мүшелерге, әсіресе дамушы елдердің мүшелеріне консультациялық қызмет көрсетеді және өзара келісілген шартпен оларға, егер олар сұранысты қабылдайтын, үкіметтік және үкіметтік емес органдармен қолданылатын сәйкестікті бағалау жүйелерін алуға мүмкіндікті көздесе оның өндірушісі қабылдауы қажет қадамдарға қатысты техникалық жәрдем көрсетеді.
      11.6 Сәйкестікті бағалаудың халықаралық немесе өңірлік жүйелерінің мүшелері немесе олардың қатысушылары болып табылатын мүшелер сұраныс бойынша басқа мүшелерді, әсіресе, дамушы елдердің мүшелеріне консультация береді және өзара келісілген шартпен осындай жүйелерге қатысудан немесе мүшеліктен шығатын міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін институттар мен құқықтық шектеуді құруға қатысты техникалық жәрдем көрсетеді.
      11.7 Мүшелер тиісті сұраныс бойынша, мүшелері немесе қатысушылары болып табылатын органдары сәйкестікті бағалау жөніндегі халықаралық немесе өңірлік олардың аумақтарының шегінде басқа мүшелерге, әсіресе дамушы елдердің мүшелеріне консультация беруге ынталандырады және тиісті органдарға олардың аумағы шегінде институттар құруға қатысты, мүшеліктен немесе қатысудан туындайтын міндеттемелерді орындауға, келіп түскен техникалық көмек туралы сұраныстарды қарастыруға ынталандырады.
      11.8 1-7-тармаққа сәйкес басқа мүшелерге консультациялық қызмет және техникалық жәрдем көрсеткенде, дамуы неғұрлым төмен елдердің қатарындағы мүшелердің қажеттіліктеріне басымдық береді.

12-БАП
Дамушы мүше елдерге қатысты арнайы және сараланған режим

      12.1 Мүшелер осы Келісімнің қатысушылары болып табылатын дамушы мүше елдерді мынадай ережелерді орындау, сондай-ақ осы Келісімнің басқа баптарының тиісті ережелерін орындау арқылы сараланған және неғұрлым қолайлы режиммен қамтамасыз етеді.
      12.2 Мүшелер дамушы мүше елдердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты осы Келісімнің ережелеріне және ұлттық ауқымда және осы Келісім бойынша белгіленетін институционалдық тетіктер аясында осы Келісімді іске асыру кезінде дамушы мүше елдердің айрықша қаржы және сауда қажеттіліктеріне ескереді айрықша көңіл бөледі.
      12.3 Мүшелер техникалық регламенттерді, стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу және қолдану процесінде даму тұрғысында айрықша қажеттіліктерді, сондай-ақ мұндай регламенттер, стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсімдері дамушы мүше елдердің экспортына артық кедергілер дамушы мүше елдердің айрықша қаржы және сауда қажеттіліктерін ескереді.
      12.4 Мүшелер халықаралық стандарттардың, нұсқамалардың және ұсынымдардың ықтимал болуына қарамастан дамушы мүше елдердің өздеріндегі айрықша техникалық және әлеуметтік-экономикалық жағдайда өздерінің даму қажеттіліктеріне жауап беретін жергілікті технологияны және өндіріс әдістері мен процестерін сақтауға бағытталған білгілі бір техникалық регламенттерді, стандарттарды және сәйкестікті бағалау рәсімдерін қабылдауын мойындайды. Сондықтан мүшелер дамушы мүше елдерден халықаралық стандарттарды негіз ретінде өздерінің даму қажеттіліктеріне, қаржы және сауда қажеттіліктеріне жауап бермейтін сынау әдістерін қоса алғанда, техникалық регламенттерді немесе стандарттарды пайдалануын күтпеген жөн екенін мойындайды.
      12.5 Мүшелер стандарттау жөніндегі халықаралық органдар мен сәйкестікті бағалаудың халықаралық жүйелері дамушы мүше елдердің айрықша проблемаларын ескере отырып, тиісті органдардың барлық мүшелерде белсенді және өкіл ретінде ұйымдастыруға және іске асыруға қатысуға қол жетімді және ақылға қонымды шаралар қолданады.
      12.6 Мүшелер дамушы мүше елдер тарапынан стандарттау жөніндегі халықаралық органдардың сұрау салынған жағдайда дамушы мүше елдер үшін ерекше қызығушылық туғызған тауарларға қатысты халықаралық стандарттар қолдану, ал егер ол іске асатын болса, қолдану мүмкіндігін зерделеуді қамтамасыз ету үшін өздеріне қол жетімді, ақылға қонымды шаралар қабылдайды.
      12.7 Мүшелер 11-баптың ережелеріне сәйкес техникалық регламенттерді, стандарттарды және сәйкестікті бағалау рәсімдерін дайындау мен қолдану дамушы мүше елдердің экспортын кеңейтуге және әртараптандыруға артық кедергі туғызбауын қамтамасыз ету үшін оларға техникалық жәрдем көрсетеді. Техникалық жәрдем көрсету шарттарын айқындау кезінде сұратылатын мүшелердің, әсіресе дамуы неғұрлым төмен елдерден мүшелердің даму деңгейі ескеріледі.
      12.8 Техникалық рагламенттерді, стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу және қолдану саласында дамушы мүше елдердің институционалдық және инфрақұрылымдық мәселелерді қоса алғанда айрықша мәселелермен ұшырасуы мүмкін екендігі танылады. Әрі қарай, дамушы мүше елдердің дамуының ерекше қажеттіліктері мен сауда-саттығы, сондай-ақ олардың техникалық даму деңгейі олардың осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін толықтай орындау қабілетін шектеуі мүмкін екендігі де танылады. Сондықтан мүшелер бұл мән-жайды толық көлемде ескереді. Тиісінше, дамушы мүше елдердің осы Келісімнің ережелерін сақтайтын жағдайда болуын қамтамасыз ету мақсатында 13-бапта көзделген Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Комитетке (осы Келісімде «Комитет» деп аталады) сұраныс бойынша нақты айқындалған, осы Келісім бойынша мерзімі бойынша шектелген міндеттемелерден толықтай немесе ішінара босату құқығы беріледі. Мұндай сұраныстарды қарастырғанда Комитет техникалық регламенттерді, стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу мен қолдану саласындағы айрықша проблемаларды және даму мен сауда-саттық мақсатында осы дамушы мүше елдің дамуы мен сауда-саттығының ерекше қажеттіліктерін, сондай-ақ оның осы Келісім бойынша міндеттемелерін толықтай орындау қабілетін шектей алатын техникалық даму деңгейін ескереді. Комитет дамуы неғұрлым төмен елдердің ерекше мәселелерін айрықша ескереді.
      12.9 Консультациялар барысында дамыған елдер қатарындағы мүшелер техникалық регламенттерді, стандарттарды және сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу мен қолдану кезінде дамушы мүше елдер ұшырасатын айрықша қиындықтарды ескереді және дамушы мүше елдерге олардың тиісті күш-жігеріне жәрдемдесу ниетімен дамыған елдер қатарындағы мүшелер дамушы мүше елдерді қаржыландыруға, сауда саттығына және дамуына қатысты ерекше қажеттіктерін ескереді.
      12.10 Комитет осы Келісімде белгіленгендей, ұлттық және халықаралық деңгейлерде дамушы мүше елдерге берілген арнайы және сараланған режімді кезеңімен қарастырады.

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ОРГАНДАР, КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ 13-БАП
Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Комитет

      13.1 Осымен Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Комитет құрылады, оның құрамына әр мүшеден өкілдер енеді. Комитет өзінің төрағасын сайлайды және қажеттілігіне қарай, бірақ кем дегенде жылына бір рет мүшелерге осы Келісімнің қолданылуына немесе оның мақсаттарын іске асыруға қатысты кез келген мәселелер бойынша консультациялар өткізу мүмкіндігін беру үшін жиналады, сонымен қатар осы Келісім бойынша немесе мүшелер өзіне жүктеген міндеттерді атқарады.
      13.2 Қажет болған жағдайда Комитет осы Келісімнің тиісті ережелеріне сай өзі жүктей алатын мұндай міндеттерді атқару үшін жұмыс топтарын немесе басқа да органдарды құрады.
      13.3 Осы Келісімнің шеңберінде жұмыс пен үкіметтердің басқа техникалық органдардағы қызметінің арасында қажетсіз қайталауды болдырмаған жөн деп түсініледі. Комитет мұндай қайталауды нөлге теңестіру мақсатында бұл мәселені зерттейді.

14-БАП
Консультациялар мен дауларды реттеу

      14.1 Осы Келісімнің қолданылуын қозғайтын кез келген мәселелерге байланысты консультациялар мен дауларды реттеу Дауларды шешу жөніндегі Орган қызметі аясында іске асырылады және Дауларды шешу туралы Уағдаластықта дамытылған және қолданылған 1994 жылғы ГАТТ-ның XXII және XXIII баптарының mutatis mutandis ережелері сақтала отырып, іске асырылады.
      14.2 Даудың сол немесе басқа тарапының өтініші бойынша дауды реттеу жөніндегі төрелік топ сарапшылар тарапынан егжей-тегжелі қарауды қажет ететін, техникалық сипаттағы мәселелерде көмек көрсету үшін техникалық сарапшылар тобын құра алады.
      14.3 Техникалық сарапшылар тобының қызметі 2-қосымшада көзделген рәсімдермен реттеледі.
      14.4 Жоғарыда баяндалған дауларды реттеу туралы ережелерге мүше басқа мүше 3, 4, 7, 8 және 9-баптарды орындауға қатысты қанағаттанарлық нәтижелерге қол жеткізген жоқ және бұл айтарлықтай өзінің сауда мүддесіне әсерін тигізеді деп есептеген жағдайларда жүгінуге болады. Осыған байланысты орайда айтылып отырған мүше боп табылған орган туралы алынған нәтижелер қаралады.

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 15-БАП
Қорытынды ережелер

      Ескертулер
      15.1 Осы Келісімнің кез келген ережелеріне қатысты түсіндірмелер басқа мүшелердің келісімінсіз қабылданбайды.
      Шолу
      15.2 ДСҰ құру туралы Келісім күшіне енген күннен кейін, әрбір мүше тез арада осы Келісімнің жүзеге асырылуын және қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Комитетке бар немесе қолға алынатын шаралар туралы хабарлайды. Содан кейін Комитетке осыған ұқсас шаралардың кез келген өзгерістері туралы да хабарланады.
      15.3 Комитет жыл сайын мақсаттарын ескере отырып, осы Келісімнің іске асырылуы мен қолданылуын қарастырады.
      15.4 ДСҰ құру туралы Келісім күшіне енгеннен кейінгі үшінші жылдың соңынан кешіктірмей және әрбір үшжылдық кезеңнің соңында Комитет қажет болған жағдайда осы Келісім бойынша құқықтар мен міндеттерді 12-баптың ережелеріне нұқсан келтірмей, өзара экономикалық пайда мен құқықтар мен міндеттердің теңгерімін қамтамасыз ететіндей түзету жөніндегі ұсынымдар дайындау мақсатында транспаренттілікке қатысты ережелерін қоса алғанда осы Келісімнің іске асырылуы мен қолданылуын қарастырады. Басқалардың ішінде, осы Келісімді жүзеге асыру барысында алынған тәжірибені ескере отырып, Комитет, тиісті жағдайларда, Тауарлар сату жөніндегі Кеңеске осы Келісімнің мәтініне түзетулер енгізу туралы ұсыныстар береді.
      Қосымшалар
      15.5 Осы Келісімге қосымшалар оның ажырамас бөлігін құрайды.

1-ҚОСЫМША
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ МАҚСАТТАРЫ ҮШІН ОЛАРДЫҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ

      2 — 1991 ИСО /МЭК, «Стандарттауға және оған байланысты қызметке қатысты ортақ терминдер» Нұсқаулығының алтыншы басылымында келтірілген терминдер және олардың анықтамалары осы Келісімде пайдаланған кезде қызметтердің осы Келісімді қолдану аясынан алынып тасталғанын ескере отырып, көрсетілген Нұсқаулықтың анықтамаларындағы сияқты маңызы болады.
      Алайда, осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай анықтамалар қолданылады:
      1. Техникалық регламент
      Құжатта қолданылатын әкімшілік ережелерді қоса алғанда, тауардың сипаттамалары және онымен байланысты өндіріс процестері мен әдістері белгіленеді, оларды сақтау міндетті болып табылады. Ол терминологияға, таңбалауға, орамаға, зат белгі жапсыруға немесе олардың тауарға, өндіріс процесіне немесе әдісіне қолданылатын дәрежеде қойылатын талаптарды енгізуі немесе тек сол талаптарды қамтуы мүмкін.
      Түсіндірме ескертпесі
      2 ИСО/МЭК Нұсқаулығында келтірілетін анықтама оқшауланған болып табылмайды; оның негізінде «құрылыс блогы» деп аталатын жүйе салынған.
      2. Стандарт
      Танылған орган қабылдаған құжат, ол тауарларға немесе оларға байланысты процестерге және әдістерге қатысты ортақ әрі көп мәрте пайдалануға арналған қағидаларды, нұсқаулықтарды немесе сипаттамаларды қамтиды, оларды сақтау міндетті болып табылмайды. Ол да терминологияға, таңбалауға, орамаға, зат белгі жапсыруға немесе олардың тауарға, өндіріс процесіне немесе әдісіне қолданылатын дәрежеде қойылатын талаптарды енгізуі немесе тек сол талаптары қамтуы мүмкін.
      Түсіндірме ескертпесі
      Анықтамасы 2 ИСО/МЭК Нұсқаулығында келтірілетін терминдер тауарларға, процестер мен қызметтерге жатады. Осы Келісім тек қана тауарларға немесе өндіріс процестеріне және әдістеріне қатысты техникалық регламенттерге, сәйкестік стандарттары мен бағалау рәсімдеріне қатысты. 2 ИСО/МЭК Нұсқаулығында анықталған стандарттар міндетті немесе ерікті болуы мүмкін. Осы Келісімнің мақсаттарына арналған стандарттар ерікті, ал техникалық регламенттер міндетті құжат болып белгіленеді. Стандарттау жөніндегі халықаралық органдар әзірлеген стандарттар консенсуске негізделеді. Осы Келісім консенсуске негізделмейтін құжаттарға да қатысты қолданылады.
      3. Сәйкестікті бағалау рәсімдері
      Техникалық регламенттерде немесе стандарттарда қамтылған тиісті талаптардың орындалғанын не орындалмағанын анықтау мақсатында тікелей немесе жанама қолданылатын кез келген рәсім.
      Түсіндірме ескертпесі
      Сәйкестікті бағалау рәсімдері, атап айтқанда, сынамалар алу, сынау және инспекциялау рәсімдерін; сәйкестікті бағалауды, тексеруді және растауды; тіркеуді, аккредиттеуді және мақұлдауды, сондай-ақ олардың ұштасуын қамтиды.
      4. Халықаралық орган немесе жүйе
      Тиісті органдар, кем дегенде барлық мүшелер үшін мүшелік ашық орган немесе жүйе.
      5. Өңірлік орган немесе жүйе
      Тиісті органдарға мүшелік тек кейбір мүшелер үшін ашық орган немесе жүйе.
      6. Орталық үкіметтік орган
      Орталық үкімет, оның министрлігі мен ведомстволары немесе орталық үкіметке сөз болып отырған қызметке қатысты бағынатын кез келген орган.
      Түсіндірме ескертпесі
      Еуропалық Қауымдастықтар жағдайында орталық үкіметтік органдардың қызметін реттейтін ережелер қолданылады. Алайда Еуропалық Қауымдастықтар шегінде сәйкестікті бағалаудың өңірлік органдары немесе жүйелері құрылуы мүмкін, және мұндай жағдайларда олар сәйкестікті бағалаудың өңірлік органдарына немесе жүйелеріне қатысты осы Келісімнің ережелерінің қолданысына енетін еді.
      7. Жергілікті үкіметтік орган
      Орталық үкіметтен (мәселен, штаттар, провинциялар, жерлер, кантондар, муниципалитеттер және т.т.) басқа Үкімет, оның министрліктері немесе ведомстволары немесе сөз болып отырған қызметке қатысты осындай үкіметке бағынатын кез келген орган.
      8. Үкіметтік емес орган
      Орталық үкіметтік органнан немесе техникалық регламентті енгізуге заңды құқығы бар үкіметтік емес органды қоса алғанда, жергілікті үкіметтік емес органнан басқа орган.

2-ҚОСЫМША
ТЕХНИКАЛЫҚ САРАПШЫЛАР ТОПТАРЫ

      14-баптың ережелеріне сәйкес құрылатын техникалық сарапшылар тобына мынадай рәсімдер қолданылады.
      1. Техникалық сарапшылар тобы дауды шешу жөніндегі төрелік топқа бағынады. Олардың өкілеттіктер аясы мен егжей-тегжейлі жұмыс рәсімдерін дауды реттеу жөніндегі сарапшылар тобы анықтайды және олар осы топ жұмысының нәтижелері туралы баяндаманы ұсынады.
      2. Техникалық сарапшылар тобына қатысу тиісті салада кәсіби беделі мен жұмыс тәжірибесі бар тұлғалармен шектеледі.
      3. Даудың қатысушылары болып табылатын елдің азаматтары дауды реттеу жөніндегі сарапшылар тобы мамандандырылған ғылыми біліктілікке деген қажеттілік өзгеше қанағаттандырылмайды деп есептейтін айрықша мән-жайларды қоспағанда, дауға қатысушылардың ортақ келісімінсіз техникалық сарапшылық топқа мүше бола алмайды. Даудың тараптары болып табылатын елдердің үкіметтік шенеуніктері техникалық сарапшылар тобына мүше бола алмайды. Техникалық сарапшылар тобының мүшелері үкіметтің өкілдері немесе қандай да бір ұйымның өкілдері ретінде емес өз атынан әрекет етеді. Сондықтан үкіметтер немесе ұйымдар оларға техникалық сарапшылар тобының қарауындағы мәселелерге қатысты нұсқаулар бермейді.
      4. Техникалық сарапшылар тобы консультациялар беруі мүмкін алады және ақпарат немесе техникалық кеңес алу үшін олардың өздері лайық деп есептейтін кез келген дереккөзге жүгіне алады. Техникалық сарапшылар тобы мүшенің құзіреті аясында дереккөзден ақпарат немесе кеңес алу үшін жүгінгенге дейін ол осы мүшенің үкіметіне хабарлайды. Кез келген мүше техникалық сарапшылар тобы қажет әрі мақсатқа сай деп есептейтін ақпаратқа қатысты техникалық сарапшылар тобының кез келген сұранысына тез арада және толық жауап береді.
      5. Дауға қатысушылар егер оның құпия сипаты болмаса, техникалық сарапшылар тобы ұсынған барлық тиісті ақпаратқа рұқсаты болады. Техникалық сарапшылар тобы ұсынған құпия ақпарат үкіметтің, ұйымның және осындай ақпарат ұсынған тұлғаның ресми рұқсатынсыз жарияланбайды. Мұндай ақпарат техникалық сарапшылар тобынан сұратылған, бірақ техникалық сарапшылар тобы үкіметтен, ұйымнан немесе бұл ақпаратты ұсынған тұлғадан мұндай ақпаратты таратуға рұқсат алмаған жағдайларда оның құпия емес сипаттағы тиісті түйіндемесі дайындалатын болады.
      6. Техникалық сарапшылар тобы ескертпелер мен осы ескертпелерді түпкілікті баяндамада тиісінше ескеру мақсатында мүдделі мүшелерге баяндаманың жобасын береді, баяндама жобасы дауды реттеу жөніндегі сарапшылар тобына берілгеннен кейін мүдделі мүшелерге де жолданады.

3-ҚОСЫМША
СТАНДАРТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУГЕ, БЕКІТУГЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ
ЕРІКТІ ТӘЖІРИБЕ КОДЕКСІ Жалпы ережелер

      А. Аталған Кодекстің мақсаттары үшін осы Келісімнің 1-қосымшасында қамтылатын анықтамалар қолданылады.
      В. Осы Кодекс мүшенің орталық үкіметтік орган, жергілікті үкіметтік орган немесе үкіметтік емес орган болып табылатын-табылмайтынына қарамастан оның аумағы шегінде стандарттау жөніндегі кез келген органдар үшін; бір немесе одан көп мүшесі мүше болып табылатын, бір немесе одан көп мүшесі мүшенің аумағында орналасқан стандарттау жөніндегі кез келген үкіметтік өңірлік орган (осы Кодексте жиынтық түрде «стандарттау органдары», ал жекеше – «стандарттау органы» деп аталады) үшін ашық.
      С. Осы Кодексті қабылдайтын немесе одан шығатын стандарттау жөніндегі органдар бұл факт туралы ИСО/МЭК-тің Ақпарат Орталығына хабарлайды. Хабарламада тиісті органның атауы мен мекенжайы және оның ағымдағы және стандарттау жөніндегі болжалды қызмет аясы көрсетіледі. Бұл хабарламаны ИСО/МЭК-тің Ақпарат Орталығына тікелей не болмаса, ИСО/МЭК мүшесі болып табылатын кез келген ұлттық орган арқылы, не тиісті ұлттық мүше немесе ИСОНЕТ халықаралық бөлімшесі арқылы жолдауға болады.
      Мазмұнды ережелер
      D. Стандарттарға қатысты стандарттау жөніндегі орган ДСҰ басқа кез келген мүшесінің аумағында өндірілетін тауарларға ұлттық елде өндірілген ұқсас тауарларға немесе кез келген басқа елде өндірілген ұқсас тауарларға берілетін режимге қарағанда қолайлылығы кем емес режим беріледі.
      Е. Стандарттау жөніндегі орган стандарттардың әзірленуін, бірақ халықаралық саудада артық кедергілер туғызатындай немесе туғызуға әкеп соқтыратындай әзірленбеуін, қабылданбауын немесе қолданылмауын қамтамасыз етеді.
      F. Егер халықаралық стандарттар бар болса немесе оларды әзірлеу аяқталса, стандарттау жөніндегі орган, мәселен, қорғау деңгейі жеткіліксіз немесе елеулі климаттық немесе географиялық факторлар немесе елеулі технологиялық проблемалар салдарынан мұндай халықаралық стандарттар немесе олардың тиісті бөлімдері тиімсіз немесе сәйкес емес болған жағдайларды қоспағанда, оларды немесе олардың тиісті бөлімдерін өзі әзірлейтін стандарттардың негізі ретінде пайдаланады.
      G. Стандарттарды мүмкіндігінше кеңірек негізде үйлестіру мақсатында стандарттау жөніндегі орган тиісті түрде өз мүмкіндіктері шегінде стандарттау жөніндегі тиісті халықаралық органның өзі қабылдаған немесе қабылдауды жоспарлаған стандарттарына қатысты салада халықаралық стандарттарды әзірлеуге қатысады. Мүшенің аумағында тұрған стандарттау жөніндегі органдар үшін мүмкіндігінше халықаралық стандарттау жөніндегі нақты қызметке қатысуы халықаралық стандарттау жұмысы жүргізілетін нақты саладағы стандарттарды бекіткен немесе бекітуді жоспарлаған көрсетілген аумақтағы стандарттау жөніндегі барлық органдарды білдіретін бір делегацияның қатысуы арқылы жүргізіледі.
      Н. Мүшенің аумағы шегінде тұрған стандарттау жөніндегі орган ұлттық аумақтағы стандарттау жөніндегі басқа органдардың қызметін немесе стандарттау жөніндегі тиісті халықаралық немесе өңірлік органдардың жұмысын қайталауды немесе ішінара сәйкес келуді болдырмауға барынша тырысады. Олар сондай-ақ өздері әзірлейтін стандарттар бойынша ұлттық негізде келісімге қол жеткізуге барынша тырысады. Дәл сол стандарттау жөніндегі өңірлік орган секілді стандарттау жөніндегі тиісті халықаралық органдардың қызметін қайталаудан немесе ішінара сәйкес келуді болдырмауға барынша тырысады.
      I. Тиісті жағдайларда стандарттау жөніндегі орган тауардың құрылымына немесе суреттемесіне қойылатын талаптарға емес, оны пайдалану сипаттамаларына қойылатын талаптарға негізделген стандарттарды белгілейді.
      J. Стандарттау жөніндегі орган кем дегенде алты айда бір рет өз атауы мен мекенжайын көрсетіп, өзі сол кезде әзірлеген стандарттар, сонымен бірге алдыңғы кезең ішінде өзі бекіткен стандарттар бойынша жұмыс бағдарламасын жариялайды. Стандарт стандартты әзірлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап, осы стандарт бекітілгенгенге дейін әзірлеу барысындағы стандарт болып есептеледі. Стандарттардың нақты жобаларының атаулары сұраныс бойынша ағылшын, испан және француз тілдерінде ұсынылады. Жұмыс бағдарламасының бар екендігі туралы хабарлама стандарттау жөніндегі қызмет туралы ұлттық немесе мән-жайға қарай өңірлік басылымда жарияланады.
      Жұмыс бағдарламасында ИСОНЕТ талаптарына сәйкес әрбір стандартқа арналған стандарттың жіктемесі, оның мәні, әзірлену кезеңі туралы деректер және негізге алынған кез келген халықаралық стандарттарға сілтемелер көрсетіледі. Стандарттау жөніндегі орган өзінің жұмыс бағдарламасын жариялаған сәттен кешіктірмей Женевадағы ИСО/МЭК Ақпарат Орталығына оның бар-жоғы туралы хабарлайды.
      Хабарламада стандарттау жөніндегі органның атауы мен мекенжайы, жұмыс бағдарламасы, осы жұмыс бағдарламасын іске асыру мерзімі, оны сатып алу құны (егер ол ақылы негізде таратылатын болса) және оны қалай және қай жерден алуға болатыны туралы жарияланған шығарылым атауы мен нөмірі көрсетіледі. Хабарлама Женевадағы ИСО/МЭК Ақпарат Орталығына тікелей немесе абзалырағы тиісті Ұлттық мүше немесе ИСОНЕТ халықаралық бөлімшесі арқылы жолдануы мүмкін.
      К. ИСО/МЭК-тің Ұлттық мүшесінің ИСОНЕТ мүшесі болуына немесе басқа органға мүше болуды тапсыруға, сонымен қатар ИСОНЕТ мүшесіне ықтимал мүшеліктің толығырақ үлгісін алуға бар күш-жігерін жұмсайды. Стандарттау жөніндегі басқа органдар ИСОНЕТ мүшесімен қауымдасуға барынша тырысады.
      L. Стандартты қабылдағанға дейін стандарттау жөніндегі орган ДСҰ мүшесі аумағы шегіндегі мүдделі тараптардың стандарт жобасы бойынша ескертпелерін беру үшін кем дегенде 60 күндік кезеңді қарастырады. Бұл кезең, алайда, қауіпсіздікті, денсаулықты және қоршаған ортаны қамтамасыз етудің шұғыл мәселелері туындаған немесе туындау қатері төнген жағдайларда қысқартылуы мүмкін. Ескертпелерді ұсынуға берілген кезеңнің басталуынан кешіктірмей стандарттау жөніндегі орган J тармағында көрсетілген басылымда ескертпелерді беру кезеңі туралы хабарлайтын хабарлама жариялайды. Мұндай хабарламада стандарт жобасының тиісті халықаралық стандарттардан ауытқып-ауытқымайтыны мүмкіндігінше көрсетіледі.
      М. ДСҰ мүшесі аумағы шегінде кез келген мүдделі тараптың өтініші бойынша стандарттау жөніндегі орган өзі ескертпеге ұсынған немесе ұсынуға қабылдаған стандарт жобасының мәтінін тез арада ұсынады. Жеткізілімнің шынайы құнын есептемегенде осы қызмет үшін есептелетін кез келген төлемдер мен сыйақылар шетелдік және отандық тұлғалар үшін бірдей болып табылады.
      N. Стандарттау жөніндегі орган стандартпен әрі қарай жұмыс істеу барысында ескертпелерді ұсынуға берілген кезең ішінде алынған ескертпелерді ескереді. Адал тәжірибе Кодексін мойындаған стандарттау жөніндегі органдар арқылы алынған ескертпелерге тиісті өтініш бойынша жауап мүмкіндігінше тезірек беріледі. Бұл жауапта тиісті халықаралық стандарттардан ауытқудың қажеттігіне байланысты себептер көрсетіледі.
      О. Стандарт қабылданғаннан кейін ол тез арада жарияланады.
      Р. ДСҰ мүшесі аумағы шегіндегі кез келген мүдделі тараптың өтініші бойынша стандарттау жөніндегі орган жұмыс бағдарламасының немесе өзі әзірлеген стандарттың ең соңғы мәтінін тез арада табыстайды немесе оны табыстау шараларын қолданады. Жеткізілімнің шынайы құнын есептемегенде осы қызмет үшін есептелетін кез келген төлемдер мен сыйақылар шетелдік және отандық тараптар үшін бірдей болып табылады.
      Q. Стандарттау жөніндегі орган Адал тәжірибе Кодексін мойындаған стандарттау жөніндегі органдар жолдаған кеңестер өткізу туралы сұраныстарды тілектестікпен қарайды және оларға осы Кодекстің қолданылуына қатысты кеңесу үшін тиісті мүмкіндік береді. Ол кез келген шағымдарды шынайы түрде қанағаттандыруға тырысады.

САУДАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАР ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ

      Мүшелер,
      «инвестициялық шаралардың салдарларын шектейтін және деформациялайтын саудаға қатысты ГАТТ баптарының қолданысын қарастырғаннан кейін қажет болған кезде келіссөздерде саудаға осындай жағымсыз әсерлердің алдын алу үшін талап етілуі мүмкін одан кейінгі ережелердіәзірлеген жөн» деп Пунта-дель-Эсте Декларациясында министрлердің келіскенін ескере отырып;
      бір мезгілде бәсекелестік еркіндігін қамтамасыз ете отырып, барлық сауда серіктестерінің, әсіресе дамушы мүше елдердің экономикалық өсуін жеделдету үшін әлемдік сауданың кеңеюі мен біртіндеп ырықтануына және шетелдік инвестицияларды жеңілдетуге ықпал етуге ниет білдіре отырып;
      дамушы мүше елдердің, әсіресе мейілінше аз дамыған мүше елдердің, дамумен байланысты ерекше сауда, сондай-ақ қаржылық қажеттіліктерін ескере отырып;
      жекелеген инвестициялық шаралар сауданы шектейтін және деформациялайтын салдарға әкелуі мүмкін екенін мойындай отырып;
      Төмендегілер туралы уағдаласады:

1-БАП
Қолдану аясы

      Осы Келісім тек тауарлар саудасына байланысты инвестициялық шараларға (бұдан әрі осы Келісімде «ТРИМс» деп аталады) қолданылады.

2-БАП
Ұлттық режим және сандық шектеулер

      1. 1994 ж. ГАТТ-та көзделген басқа құқықтар мен міндеттемелерге залалсыз, ешбір мүше 1994 ж. ГАТТ-тың III немесе XI баптарының ережелерімен сыйыспайтын қандай да болмасын ТРИМс-ті қолданбайды.
      2. 1994 ж. ГАТТ-тың III бабы 4-тармағында көзделген ұлттық режимді беру міндеттемесімен және 1994 ж. ГАТТ-тың XI бабының 1-тармағында көзделген сандық шектеулерді жалпы жою міндеттемесімен сыйыспайтын ТРИМс-тің иллюстрациялық тізбесі осы Келісімнің Қосымшасында қамтылады.

3-БАП
Ерекшеліктер

      1994 ж. ГАТТ-та көзделген барлық ерекшеліктер осы Келісімнің ережелеріне тиісті түрде қолданылады.

4-БАП
Дамушы мүше елдер

      Дамушы мүше ел 1994 ж. ГАТТ-тың XVIII бабы, 1994 ж. ГАТТ-тың Төлем балансы туралы ережелерге қатысты Уағдаластығы және 1979 жылғы 28 қарашада қабылданған (ВISD 26S/205-209) Төлем баланстарының мақсаттары үшін енгізілетін сауда шаралары туралы Декларация мүшеге 1994 ж. ГАТТ-тың III және XI баптарының ережелерінен аластауға рұқсат беретін шамада және сондай түрде 2-баптың ережелерінен уақытша аластатуға құқылы.

5-БАП
Өтпелі кезеңдегі хабарламалар мен шаралар

      1. ДСҰ Келісімдері күшіне енген күннен бастап 90 күн ішінде, мүшелер осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келмейтін өздері қолданатын барлық ТРИМс туралы Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске хабарламалар жібереді. Жалпы немесе арнайы сипаттағы осындай ТРИМс-ке қатысты хабарламалар олардың негізгі сипаттамаларын1 көрсете отырып, жіберіледі.
      2. Әрбір мүше 1-тармаққа сәйкес хабарлама жіберілген барлық ТРИМс-ті ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап, дамыған мүше елдер жағдайында екі жыл ішінде, дамушы мүше елдер жағдайында бес жыл ішінде және мейілінше аз дамыған мүше елдер жағдайында жеті жыл ішінде жояды.
      3. Мейілінше аз дамыған мүше елді қоса алғанда, осы Келісімнің ережелерін орындауға байланысты ерекше қиындықтардың болуын көрсеткен дамушы мүше ел үшін Тауарлар саудасы жөніндегі кеңестің сұрау салуы бойынша 1-тармаққа сәйкес көрсетіп хабарлама берілген ТРИМс-ті жою үшін өтпелі кезеңді ұзарта алады. Осындай сұрау салуды қарастыру кезінде Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес тиісті мүшенің даму, қаржы және сауда саласындағы жеке қажеттіліктерін назарға алады.
      4. Мүше өтпелі кезеңнің ішінде 2-баптың ережелеріне олардың сәйкес келмеу деңгейі астам болатындай түрде, ДСҰ туралы Келісім күшіне енген күнге белгіленген, 1-тармаққа сәйкес хабарлама жіберген кез келген ТРИМс-тің шарттарын өзгертпейді. ДСҰ туралы Келісімінің күшіне енуіне дейін кемінде 180 күн бұрын енгізілген ТРИМс-ке 2-тармақта көзделген өтпелі кезең шараларынан түсетін пайда қатысты болмайды.
      5. 2-баптың ережелеріне қарамастан, кез келген мүше 1-тармаққа сәйкес хабарлама жіберілетін кез келген ТРИМс-тің қолданысы қатысты болатын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолайсыз жағдайда қалдырмас үшін (i) сондай инвестициялар нәтижесінде өндірілетін тауарлар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар өндіретін тауарларға ұқсас болатын және (ii) жаңа инвесторлар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік шарттарын бұрмалауды болдырмау қажет болатын жаңа инвестицияларға қатысты дәл сол ТРИМс-ті өтпелі кезең ішінде қолдана алады. Жаңа инвестицияларға қатысты осылай қолданылатын кез келген ТРИМс туралы Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске хабарлама жіберілуі қажет. Бәсекелестікке әсері бойынша мұндай ТРИМс-тің шарттары жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға қатысты қолданылатындарға баламалы болуы қажет, және ол бір мезгілде жойылуы тиіс.
________________
1 Дискрециялық, жасырын өкілеттіктерге сәйкес қолданылатын ТРИМс жағдайында хабарламалар әрбір нақты қолдану жағдайы туралы жіберіледі. Жекелеген кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне заалал тигізетін ақпаратты беру, жария ету талап етілмейді.

6-БАП
Транспаренттілік

      1. ТРИМс-ке қатысты мүшелер 1994 ж. ГАТТ-тың X бабында, 1979 жылғы 28 қарашада қабылданған Хабарламалар, консультациялар, дауларды шешу және бақылауға қатысты Уағдаластықта қамтылған «Хабарламалар жөнінде» міндеттемеде және 1994 жылғы 15 сәуірде қабылданған Хабарламалар рәсімдері бойынша министрлердің Шешімінде көзделген транспаренттілік пен хабарламаларға қатысты міндеттемелерге өздерінің адалдықтарын қайта растайды.
      2. Әрбір мүше өз аумағындағы өңірлік және жергілікті билік пен басқару органдары қолданатындарды қоса алғанда, ТРИМс жазылуы мүмкін басылымдар туралы Хатшылыққа хабарлама жібереді.
      3. Әрбір мүше осы Келісімнен туындайтын және кез келген басқа мүше көтерген кез келген мәселе бойынша ақпарат беру туралы сұрау салуларды ниеттестікпен қарастырады және консультациялар үшін тиісті мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. 1994 ж. ГАТТ-тың X бабына сәйкес ешбір мүшеден жариялануы заңды орындауға кедергі келтіруі мүмкін немесе өзге де жолмен қоғамдық мүдделерге қайшы келуі мүмкін немесе мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындардың жекелеген кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне залалын тигізуі мүмкін ақпаратты жария ету талап етілмейді.

7-БАП
Саудаға байланысты инвестициялық шаралар жөніндегі комитет

      1. Осымен, барлық мүшелер үшін ашық болып табылатын, Саудаға байланысты инвестициялық шаралар жөніндегі комитет (бұдан әрі осы Келісімде “Комитет” деп көрсетілген) тағайындалады. Комитет өзінің төрағасын, және төрағаның орынбасарын сайлайды және жылына бір реттен жиі емес немесе өзге де жолмен кез келген мүшенің өтініші бойынша жиналады.
      2. Комитет оған Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес жүктеген міндеттерді орындайды және мүшелерге осы Келісімді қолдану мен жүзеге асыруға байланысты кез келген мәселелер бойынша консультациялар жүргізуге мүмкіндіктер береді.
      Комитет осы Келісімнің қолданылуы мен орындалуына қадағалауды жүзеге асырады және жыл сайын Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске тиісті баяндаманы береді.

8-БАП
Консультациялар мен дауларды шешу

      1994 ж. ГАТТ-тың XXII және XXIII баптарының ережелері осы Келісім шеңберіндегі консультациялар мен дауларды реттеуге қолданылатын Дауларды шешу жөніндегі Уағдаластықта әзірленгендей қолданылады.

9-БАП
Тауарлар саудасы жөніндегі кеңестің Келісімге шолу жүргізуі

      ДСҰ Келісімі күшіне енгеннен кейін бес жылдан кешіктірмей, Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес осы Келісімді қолдануды қарастырады және қажет болған кезде оның мәтініне түзетулер енгізуді Министрлер Конференциясына ұсынады. Осы қарастыру барысында Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес осы Келісімді инвестициялық саясат пен бәсекелестік саласындағы саясат жөніндегі ережелермен толықтыру қажеттігін шешеді.

ҚОСЫМША
Иллюстрациялық тізім

      1. 1994 ж. ГАТТ-тың III бабының 4-тармағында көзделген ұлттық режим міндеттемесімен сыйыспайтын ТРИМс-ке өкім негізінде қолданылатын немесе ішкі заңнамалық актімен немесе әкімшілік тәртіппен енгізілетін немесе сақталуы жеңілдік алу үшін қажет шаралар жатады және олар мыналарды:
      (а) нақты тауарлар, олардың көлемі немесе құны немесе оның жергілікті өндіріс көлемі немесе құнының үлесі айқындалатынына қарамастан кәсіпорынның отандық немесе кез келген отандық көздерден шығарылған тауарларды сатып алуын немесе пайдалануын; немесе
      (b) кәсіпорынның импортталған тауарларды сатып алуы немесе пайдалануы өзі экспорттайтын жергілікті тауарлардың көлеміне немесе құнына байланған көлемдермен шектелуін талап етеді.
      2. 1994 ж. ГАТТ-тың XI бабының 1-тармағында көзделген сандық шектеулерді жалпы жою міндеттемесімен сыйыспайтын ТРИМс-ке өкім негізінде қолданылатын немесе ішкі заңнамалық актімен немесе әкімшілік тәртіппен енгізілетін немесе сақталуы жеңілдік алуға қажетті және мыналарды:
      (а) кәсіпорынның өзінің жергілікті өндірісінде немесе оған қатысы бар тауарларды жалпы немесе ол экспорттайтын жергілікті тауарлардың көлеміне немесе құнына байланысты мөлшерде импорттауын;
      (b) кәсіпорынға тиесілі шетел валютасы түсімінің көлемімен кәсіпорынның шетел валютасына қол жеткізуді шектеу арқылы кәсіпорынның өзінің жергілікті өндірісінде немесе оған қатысы бар тауарларды импорттауын; немесе
      (с) кәсіпорынның нақты тауарлар, олардың көлемі немесе құны түрінде немесе оның жергілікті өндірісінің көлемі немесе құнының үлесі түрінде көрсетілетін тауарларды экспорттауын немесе экспортқа сатуын шектейтін шаралар жатады.

1994 ТАРИФТЕР МЕН САУДА ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМНІҢ
VI БАБЫН ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ

      Мүшелер осымен төмендегілер туралы келіседі:

I БӨЛІК 1-БАП
Қағидаттар

      Демпингке қарсы шара ГАТТ 1994 VI бабында қарастырылған жағдайларда ғана және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес басталып1 және жүргізілген тексеру нәтижесінде қолданылады. Төмендегі ережелер демпингке қарсы заңнама немесе нормативті актілер негізінде шара қолданғанда ГАТТ 1994 VI бабын қолдануды реттейді.
_________________
1 Осы Келісімде қолданылатын «басталуы» деген термин, мүше 5-ші бапта қарастырылғандай ресми түрде тексеруді бастағандағы туралы рәсімдік әрекетті білдіреді.

2-БАП
Демпинг фактісін анықтау

      2.1 Осы Келісімнің мақсаттары үшін тауар демпингтің нысанасы ретінде, яғни бір елден екінші елге экспортталған тауардың экспорттық бағасы экспорттайтын елде тұтынуға арналған ұқсас тауар саудасының әдеттегі жүрісі шеңберінде орнатылатын салыстырмалы бағасынан төмен болса, басқа елдің нарығына оның бір қалыпты құнынан төмен бағамен келіп түскен тауар ретінде қарастырылады.
      2.2 Экспорттайтын елдің ішкі нарығында сауданың әдеттегі жүрісі шеңберінде ұқсас тауар сату болмаған жағдайда, немесе экспорттайтын елдің2 ішкі нарығында ерекше бір нарықтық жағдай немесе сату көлемі төмен болып, осы сатулар тиісті салыстыру жүргізуге мүмкіндік бермесе, демпингтік маржа тауар тиісті үшінші елге экспортталған кезде ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салыстыру жолымен анықталады, бірақ бұл баға таныстырмалы немесе шығарылған елдегі әкімшілік, сауда және жалпы шығындары мен пайдасының ақылға қонымды сомасы қосылған өндіріс шығындарымен бірге болуы керек.
      2.2.1 Экспорттаушы елдің ішкі нарығындағы ұқсас тауарды әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды қосып, өндірістің үлестік (үнемі немесе ауыспалы) шығындарынан төмен бағамен сату немесе үшінші елге сату, баға себебі бойынша сауданың әдеттегі жүрісі шеңберінен тыс жүзеге асырылатын болып қарастырылады және қалыпты құнын анықтаған кезде назарға келесі жағдайда алынбайды, егер құзыретті органдар3 ондай сауданың ұзаққа созылған уақыт кезеңі ішінде4 елеулі мөлшерде5 және ақылға қонымды уақыт ішінде барлық шығындардың өтелуін қаматамсыз етпейтін бағалар бойынша жүзеге асырылатынын анықтаса. Егер сауда кезінде үлестік шығындардан төмен бағалар тексеру кезеңінде орташа алынған үлестік шығындардан артса, онда мұндай бағалар ақылға қонымды уақыт ішінде шығындардың өтеуін қамтамасыз ететін болып қарастырылады.
      2.2.1.1 Құжаттар экспорттаушы елде жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаттарына сәйкес келіп, осы тауардың өндірісі мен сатылымына байланысты шығындарды айтарлықтай дәл етіп көрсеткен жағдайда, 2-тармақ мақсаттары үшін шығындар әдетте, қатысты тексеру жүріп жатқан экспорттаушы немесе өндірушінің есеп құжаттары негізінде есептеледі. Құзыретті органдар шығындарды бөлу дұрыстығын растайтын және экспорттаушы немесе өндіруші ұсынатындарын қоса алғанда, барлық дәлелдемелерді мынадай жағдайда назарға алады, егер осылай бөлуді экспорттаушы немесе өндіруші тарихи қолданса, атап айтқанда амортизация мен тозу, қаржы жұмсалымына аударымдар мен өндіріс дамуына кеткен басқа да шығындарды өтеудің тиісті кезеңдерін анықтауға қатысты. Егер бұл осы тармаққа сәйкес шығындарды бөлу кезінде есептелмесе, онда болашақ және/немесе ағымдағы өндірістің6 дамуына арналған шығыстардың мерзімсіз баптарын есепке алып немесе шығындарға тексеру кезеңінде өндірістің қалыптаса бастаған кезеңіндегі операциялар әсер ететін жағдайларда шығындар тиісті түрде түзетіледі.
      2.2.2 2-тармақтың мақсаттары үшін әкімшілік, сауда және жалпы шығындар мен пайда сомалары қатысты тексеру жүргізіліп жатқан экспорттаушы немесе өндіруші ұсынатын сауданың әдеттегі жүрісі шеңберіндегі ұқсас тауарды өндіру мен сату туралы нақты мәліметтерге негізделеді. Егер бұл сомалар осы негізде анықталмаса, олар мынадай негізде анықталауы мүмкін:
      (i) экспорттаушы не өндіруші төлеген немесе бірдей санатты тауардың шығарылған еліндегі өнідірісі немесе ішкі нарығындағы саудаға байланысты алынған нақты сома;
      (ii) ұқсас тауарды өндіру немесе шығарылған елдің ішкі нарығында саудаға байланысты тексеру жүргізіліп жатқан басқа да экспорттаушылар немесе өндірушілер төлеген не алған орташа алынған нақты сома;
      (iii) қандай да бір басқа да ақылға қонымды әдіс келесі жағдайда ғана қолданылады, осындай әдіспен анықталған пайда сомасы басқа экспорттаушылар мен өндірушілер сол жалпы санаттағы тауарды тауар шығарылатын елдің ішкі нарығында сатқан кезде әдетте алынатын пайдадан аспауы тиіс.
      2.3 Экспорттық баға болмаған жағдайда немесе экспорттаушы мен импорттаушы не үшінші ел арасында байланыс бар немесе өтемақы келісімдеріне байланысты экспорттық баға сенім білдірмесе, экспорттық баға импортталатын тауарлар бірінші рет тәуелсіз сатып алушыға сатылған баға негізінде немесе егер тауар тәуелсіз сатып алушыға қайта сатылмаса не болмаса импортталынған түрінде қайта сатылмаса құзыретті органдар анықтаған ақылға қонымды негізде құрастырылады.
      2.4 Экспорттық баға мен қалыпты құнды салыстыру әділетті түрде жүргізіледі. Мұндай салыстыру сауда операциясының бірдей сатысында жүргізілуі тиіс, әдетте зауыттан жөнелту кезінде және мүмкіндігінше бір уақытта жүзеге асырылған сатуларға қатысты жүргізіледі. Әрбір жағдайда баға салыстырмалылығы қозғайтын айырмашылығын есепке алатын қажетті тиісінше түзетулер жасалады, оларға сату жағдайлары мен шарттарындағы айырмашылық, салық салу, сауда деңгейі, мөлшері, жеке сипаттамалары, сондай-ақ баға салыстырмалылығына әсер ету дәлелдемелері ұсынылатын басқа да кез келген айырмашылықтар кіреді. 3-тармақта көрсетілген жағдайларда импорт пен қайта сату арасындағы кезеңде төленген, сондай-ақ алынған пайдаға баждар мен салықты қоса алып, шығындарға түзетулер жасау керек. Егер мұндай жағдайда баға салыстырмалылығы қозғалатын болса, құзыретті органдар экспорттық баға құрастырылған кезеңге баламалы сауда операциясы кезінде қалыпты құнын орнатады немесе осы тармақта рұқсат етілген қажетті түзетулерді енгізеді. Құзыретті органдар мүдделі тараптарға әділетті салыстыруды қамтамасыз етуге қандай ақпарат қажет екенін көрсетеді және де сол тараптарға дәлелдемелерді ұсынуға тым ауыр ауыртпашылықтарды жүктемейді.
      2.4.1 Егер салыстыру 4 - тармаққа сәйкес бір валютадан екіншіге қайта есептеуді талап етсе, онда қайта есептеу сатылатын күнгі айырбас бағамын пайдаланып жүргізіледі, ал егер шетелдік валютаның мерзімді нарықта сатылуы тиісті экспорттық жеткізіліммен тікелей байланыста болса, онда мерзімге сату кезінде қолданылатын айырбас бағамы пайдаланылады. Айырбас бағамдарының ауытқуы назарға алынбайды және тексеру кезінде құзыретті органдар тексеру кезеңіндегі айырбас бағамының тұрақты өзгерістерін ескере отырып, экспорттаушыларға экспорттық бағаларын түзету үшін ең кемінде 60 күн береді.
      2.4.2 Әділ салыстыру жүргізілуін реттейтін 4-тармақ ережелерін ескере отырып, демпингтік маржаның тексеру кезінде бар болуы әдетте барлық салыстырмалы экспорттық мәмілелердің орташа алынған қалыпты құнын орташа алынған бағалармен салыстыру негізінде немесе нақты мәмілелер бойынша қалыпты құнын экспорттық бағалармен салыстыру жолымен анықталады. Егер құзыретті органдар әр түрлі сатып алушылар, аймақтар немесе уақыт кезеңі арасында экспорттық бағалар құрылымында негізгі өзгешілікті белгілесе және нақты мәмілелер бойынша орташа алынған шама немесе бағаға салыстыру жүргізген жағдайда осы өзгешіліктер тиісті түрде есепке алынбайтыны туралы түсініктеме болса, орташа алынған негізде белгіленген қалыпты құнын нақты экспорттық мәмілелердің бағаларымен салыстыруға болады.
      2.5 Тауарлар шығарылған елінен тікелей импортталынбай, екі ортадағы елден импорттаушы мүшеге экспортталған жағдайда, экспорт елінен импорттаушы мүшеге сатылатын тауар бағасы әдетте экспорт елінде салыстырылатын бағамен салыстырылады. Алайда, шығарылған еліндегі бағамен салыстыру жүргізіледі, егер, мысалы, тауар тек қана экспорт елі арқылы қайта жөнелтілсе немесе мұндай тауарлар экспорт елінде шығарылмаса, немесе экспорт елінде оларға салыстыратын баға болмаған жағдайда.
      2.6 Осы Келісім мәтініндегі «ұқсас тауар» термині («like product» - ағылшын термині; «produit similaire»- француз термині) ұқсас тауарды білдіретін деп түсіндіріледі, яғни осы тауарға барлық жағынан ұқсас немесе мұндай тауар болмаған кезде, барлық жағынан ұқсас болмаса да, осы тауардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар.
      2.7 Осы бап 1994 ГАТТ I Қосымшасы VI бабының 1-тармағына екінші қосымша ережелерінің ережелері үшін нұқсан келтірмейді.
__________________
2 Экспорттаушы елдің ішкі нарығында тұтынуға арналған ұқсас тауар саудасы әдетте қалыпты құнын анықтауға жеткілікті мөлшерде жүзеге асырылатын болып қарастырылады, егер бұл сауда импортталатын мүшеге осы тауар саудасы бес немесе одан да көп пайыз құраса, онда келесі жағдайда қарастырылады, осындай көрсеткішке сәйкес ішкі нарықтағы сауда тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін айтарлықтай маңызды екенін дәлелдейтін дәлелдемелер болған жағдайда, аса төмен пайыздық көрсеткіште қолайлы болып есептелуі тиіс.
3 Осы Келісімде қолданылатын «құзыретті органдар» термині тиісті жоғары деңгейдегі құзыретті органдарды білдіретінін түсіндіреді.
4 Ұзаққа созылған уақыт кезеңі әдетте бір жыл құрау керек, бірақ қандай да бір жағдай болмасын, алты айдан аз болмауы керек.
5 Құзыретті органдар қалыпты құнын анықтаған кезде назарға алатын мәмілелердің орташа алынған сату бағасы орташа алынған үлестік шығындардан төмен екенін немесе үлестік шығындардан төмен бағамен сату көлемі қалыпты құнын анықтаған кезде назарға алынатын мәмілелер бойынша сатулар көлемінен 20 пайыздан кем емес екенін анықтағанда үлестік шығындардан төмен бағамен сату едәуір мөлшерде жүзеге асырылады.
6 Өндірістің қалыптаса бастаған кезеңіндегі операцияларға түзету өндірістің қалыптаса бастаған кезеңінің аяғына келген шығындарды көрсетеді, ал егер бұл кезең тексеру кезеңі шегінен тыс болса, онда тексеру кезінде құзыретті органдар назарға алатын ең соңғы шығындарды көрсетеді.
7 Жоғарыда аталған факторлардың кейбіреулері жартылай ұқсас болып келетіні және құзыретті органдар осы ережеге сәйкес енгізілген түзетулерді қайталамауға шаралар қабылдайтыны түсіндіріледі.
8 Сатудың материалдық шарттарын анықтайтын құжатқа байланысты әдетте сату күні болып келісімшарт, жеткізілімге тапсырыс, тапсырысты растау немесе шот-фактура күні есептеледі.

3-БАП
Нұқсан бар болуын анықтау9

      3.1 1994 ГАТТ VI бабының мақсаттары үшін нұқсан бар болуын анықтау оң дәлелдемелерге негізделеді және (а) демпинг импорт көлемі мен демпинг импортының ішкі нарықтағы ұқсас тауарлардың бағасына әсерін, және (b) сондай тауарлардың отандық өндірушілеріне осындай импорт әсерінің салдарын объективті түрде зерттеуді қатыстырады.
      3.2 Тексеру жүргізетін орган демпингілік импорт көлеміне қатысты демпингілік импорттың импорттаушы мүшенің өндірісіне немесе тұтынуына абсолюттік не болмаса салыстырмалы түрде елеулі ұлғайту болған- болмағанын қарайды. Тексеру жүргізетін орган демпингілік импорттың бағаларға әсеріне қатысты импорттаушы мүшенінің ұқсас тауарының бағасымен салыстырғанда демпингілік импорттың әсерінен бағаның едәуір төмендеуі орын алды ма немесе осындай импорт қандай да бір түрде бағаның едәуір төмендеуіне әкелді ме немесе олай болмаған жағдайда, туындайтын бағаның жоғарылауына едәуір деңгейде кедергі келтірді ме -соны қарастырады. Сөз жоқ, осы факторлардың бір де біреуінің, бірнешеуінің де шешуші маңызы жоқ.
      3.3 Егер демпингке қарсы тексеру тақырыбы бір уақытта, тым болмағанда, бір елдің қандай да бір тауарының импорты болып табылса, тексеру жүргізетін органдар (а) әр елдің импортына қатысты белгіленген демпингілік маржа 5-баптың 8-тармағында белгіленгендей de minimis-тен асып кеткенін, ал әр елдің импорт көлемі елеусіз болып табылмайтынын және (b) импорт әсерінің кумулятивті бағасы импортталатын тауарлар арасындағы бәсекелестік жағдайы және импортталатын тауарлар мен ұқсас отандық тауарлар арасындағы бәсекелестік жағдайы аясында орынды болып табылатынын анықтаған жағдайда ғана осындай импорт әсерінің кумулятивті бағалауын жүзеге асыруы мүмкін.
      3.4 Сөз қылған отандық салаға демпингілік импортты зерттеу іске қатысты барлық экономикалық факторларды және осы саланың жағдайына байланысты көрсеткіштерді бағалауды қамтиды, соның ішінде сатуды, пайданы, өнімнің шығарылымын, нарықтағы үлесін, өнімділікті, инвестициялар бойынша пайданы немесе қуаттылықты пайдалануды іс жүзінде немесе әлеуетті қысқарту; ішкі нарық бағаларына әсер ететін факторлар; демпингілік маржа өлшемі; қолма-қол ақшаның қозғалысына, тауар қорына, жұмыспен қамтуға, еңбек ақысына, өрлеу қарқынына, капитал немесе инвестицияларды тарту мүмкіндігіне іс жүзінде немесе әлеуетті жағымсыз әсері. Осы тізбе толыққанды болып табылмайды, және де сөзсіз, осы факторлардың бір де біреуінің, бірнешеуінің де шешуші маңызы жоқ.
      3.5 2-және 4-тармақтарында белгіленгендей, демпинг әсерінен демпингілік импорт осы Келісімнің мағынасы бойынша нұқсан келтіретінін көрсету қажет. Демпингілік импорт пен отандық саланың нұқсаны арасындағы себеп-салдарлық байланыстың көрсетілуі құзырлы органдардың қарауындағы барлық іске қатысты дәлелдемелерді зерделеуге негізделеді. Құзыретті органдар, сондай-ақ демпингілік импорттан басқа, сол кезеңде отандық салаға нұқсан келтіретін кез келген басқа да белгілі факторларды зерделейді және осы факторлар келтіретін нұқсан демпингілік импортқа есептелмеуі керек. Іске қатысты ретінде қаралуы мүмкін факторларға, атап айтқанда, демпингілік баға бойынша сатылмаған импорт көлемі мен бағалары, сұраныстың қысқаруы немесе тұтыну құрылымындағы өзгерістер, шектеулі сауда тәжірибесі және шетелдік және отандық өндірушілер арасындағы бәсекелестік, технологиялық жетістіктер, сондай-ақ отандық саланың экспорттық көрсеткіштері мен өнімділігі жатады.
      3.6 Егер қолда бар мәліметтер өндірістік процесс, өндірушілердің саудасы және пайда сияқты өлшемдер негізінде осы өндірісті жеке – жеке атап кетуге мүмкіндік беретін болса, онда демпингілік импорт әсері ұқсас тауардың отандық өндірісіне қатысты бағаланады. Егер осындай тауарды осылай жеке – жеке атап кетуге мүмкіндік болмаса, онда демпингілік импорт әсері қажетті ақпарат қамтамасыз етілуі мүмкін ұқсас тауарлар кіретін тауарлардың ең шағын тобының немесе шеңберінің өндірісін зерделеу жолымен бағаланады.
      3.7 Материалдық нұқсан қатерінің бар болуын анықтау жай ғана пікірлерге, болжамдарға немесе болар-болмас мүмкіндіктерге емес, тек фактілерге негізделеді. Демпинг нұқсан келтіруі мүмкін жағдайды туғызатын ахуалдың өзгеруі, нақты болжалды керек және болмай қоймайтын болуы керек10. Материалдық нұқсан қатерінің бар болуын анықтаған кезде құзыретті органдар мынадай факторларды есепке алуы тиіс:
      (i) импорттың елеулі ұлғаюы мүмкіндігін көрсететін ішкі нарыққа демпингілік импорт ұлғаюының маңызды қарқыны;
      (ii) басқа экспорт нарықтарының кез келген қосымша экспортты билеп алу мүмкіндігін ескере отырып, экспорттаушының жеткілікті экспорт мүмкіндіктерінің бар болуы немесе демпингілік экспорттың импорттаушы мүше нарығына елеулі ұлғаю мүмкіндігін көрсететін экспорттық мүмкіндіктердің болмай қоймайтын маңызды ұлғаюы;
      (iii) ішкі бағаға елеулі түсірушілік және басым әсер ететін және мүмкін, қосымша импортқа сұраныстың өсуіне әкелетін бағалар бойынша импорттың түсімі; және
      (iv) сол жайында тексеру жүргізіліп жатқан тауарлар қоры.
      Осы факторлардың бірде- біреуінің өздігінен сөзсіз шешуші маңызы жоқ, бірақ қаралған факторлардың жиынтығы алдағы демпингілік экспорттың болмай қоймайтын болып табылатынын және қорғау шараларын қабылдамаған жағдайда, материалдық нұқсан келтірілетінін түйіндеуге мүмкіндік береді.
      3.8 Демпингілік импорттан нұқсан келу қатері бар болған жағдайда, демпингке қарсы шараларды қолдану туралы шешімдер ерекше сақтықпен қаралады және қабылданады.
__________________
9 Егер басқаша ескертілмесе, осы Келісімдегі «нұқсан» термині отандық саланың материалдық нұқсаны, отандық саланың материалдық нұқсан қатері немесе осындай саланы құрудағы маңызды тежеуді білдіреді деп түсініледі және осы баптың ережелеріне сәйкес түсінік беріледі.
10 Мысалдың бірі, бірақ ерекшелік болмағанымен, ол жақын болашақта осы тауардың демпингілік импорт бойынша едәуір көбеюін күтуге дәлелді негіздердің бар болуы болып табылады.

4-БАП
Отандық саланы анықтау

      4.1 Осы Келісімнің мақсаттары үшін « отандық сала» термині барлық ұқсас тауар өндірушілерге немесе осы тауарлардың жиынтық өндірісі осы тауарлардың барлық отандық өндірісінің негізгі бөлігін құрайтындарға қатысты түсіндіріледі, бірақ келесі ерекшеліктермен:
      (i) өндірушілер болжалды демпинг мәні болып табылатын тауардың экспорттаушыларымен немесе импорттаушыларымен байланыста11 немесе өздері импорттаушылар болып табылған жағдайда, «отандық сала» термині қалған өндірушілерге де қатысты түсіндіріледі;
      (ii) ерекше жағдайларда мүше аумағы осы өндіріс үшін екі және одан да көп бәсекелі нарықтарға бөлінуі мүмкін, және әрбір нарық ішінде өндірушілер жеке сала ретінде қарастырылуы мүмкін, егер (а) осындай нарық ішіндегі өндірушілер өздерінің өндірілген тауарларының барлығын немесе түгелге жуығын осы нарықта сатса, және (b) осы нарықтағы сұраныс осы аумақтың басқа бөліктерінде тұрған осы тауардың өндірушелерімен соншалықты маңызды деңгейде қанағаттандырылмаса. Мұндай жағдайларда нұқсанның бар болуы белгіленуі мүмкін, тіпті, егер демпингілік импорттың осындай оқшауланған нарықта шоғырлану жағдайында, сондай-ақ демпингілік импорттың осындай нарықтың түгел немесе түгелге жуық өнімнің өндірушілеріне нұқсан келтірген жағдайда барлық отандық саланың негізгі бөлігіне ұқсан келтірілмеген болса.
      4.2 «Отандық саланың» анықтамасы белгіленген аймақтың, яғни 1(ii)-тармағында белгіленгендей нарықтың өндірушілеріне қатысы бар ретінде түсінілген кезде, демпингке қарсы баждар осы аймақта түпкілікті тұтыну үшін арналған тиісті тауарлардан ғана алынады12. Егер импорттаушы мүшенің конституциялық заңнамасы демпингке қарсы баждарды осындай негізде алуға рұқсат етпесе, импорттаушы мүше келесі жағдайда ғана демпингке қарсы баждарды шектеусіз алуы мүмкін: егер (а) экспорттаушыларға осы аймаққа демпингілік бағалар бойынша экспортты тоқтатуға мүмкіндік берілсе, немесе 8-бапқа сәйкес кепілдіктер берілсе, бірақ бұған қатысты тиісті кепілдіктер дереу берілмесе және (b) мұндай баждарды осы аймаққа жеткізуді жүзеге асыратын нақты өндірушелердің тауарларынан ғана алуға болмайды.
      4.3 Егер екі немесе одан да көп елдер ГАТТ 1994 ХХIV бабының 8(а)-тармағының ережелеріне сәйкес, барлық ықпалдасу аймағында біртұтас, бірлескен сипаттамасы бар ықпалдасу деңгейіне қол жеткізсе, барлық ықпалдасу аймағындағы сала 1-тармақта көрсетілген отандық сала ретінде қарастырылады.
      4.4 Осы бапқа 3-баптың 6-тармағының ережелері қолданылады.
___________________
11 Осы тармақтың мақсаттары үшін өндірушілер экспорттаушылармен немесе импорттаушылармен байланыста екені келесі жағдайда ғана есептеледі, егер (а) олардың біреуі тікелей немесе жанама түрде екіншісін бақылап отырса; немесе (b) олардың екеуін де үшінші тұлға бақылап отырса; немесе (с) осы байланыстың әсері соншалықты, ол осы өндірушіні байланыстағы емес өндірушілерден өзін-өзі ерекше ұстауға мәжбүрлей алатынын болжауға немесе күдіктенуге негіздер болған жағдайда, олар бірге тікелей немесе жанама түрде үшінші тұлғаны бақылап отырса. Осы тармақтың мақсаттары үшін егер біріншісі заңды немесе іс жүзінде екіншісінің әрекетін шектеуге немесе бағыттауға жағдайы жетсе, біріншісі екіншісін бақылап отырғаны болып есептеледі.
12 Осы Келісімде «алу» термині бажды немесе салықты түпкілікті немесе қорытынды заңды енгізуді немесе өндіруді білдіреді.

5-БАП
Тексерудің басталуы және кейінгі жүргізілуі

      5.1 6-тармақта көзделгенді қоспағанда, кез келген болжалды демпингтің бар болуын, деңгейін және әсерін анықтау мақсатында тексеру отандық сала немесе оның атынан берілген жазбаша өтініш бойынша басталады.
      5.2 1-тармаққа сәйкес берілген өтінішке келесі дәлелдемелер кіреді: (а) демпинг, (b) осы Келісімде түсіндірілгендей, ГАТТ 1994 VI бабының мағынасы бойынша нұқсан, және (с) демпингілік импорт пен болжалды нұқсан арасындағы себепті-салдарлық байланыс. Тиісті дәлелдемелерге негізделмеген, жай ғана пікір осы тармақтың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткілікті ретінде қарастырыла алмайды. Өтініштегі ақпарат өтініш берушіге келесі мәселелер бойынша ұғынықты болу керек:
      (i) өтініш берушінің жеке басы және өтініш берушінің ұқсас тауардың отандық өндірісінің көлемі мен құнының сипаттамасы. Егер жазбаша өтініш отандық сала атынан берілсе, онда мұндай өтініште барлық белгілі отандық ұқсас тауар өндірушілерінің (немесе отандық ұқсас тауар өндірушілері қауымдастығының) тізбесін және мүмкін болғанша, осындай өндірушілердің үлесіне келетін отандық ұқсас тауар өндірісінің көлемі мен құнының сипаттамасын ұсыну жолымен өтініш берілетін сала нақтыланады.
      (ii) болжалды демпинг нысанасы болып табылатын тауардың толық сипаттамасы, оны шығарған немесе экспорттаған елдің немесе елдердің атауы, әрбір белгілі экспорттаушының немесе шетелдік өндірушінің жеке басы және осы тауарды импорттайтын белгілі тұлғалардың тізбесі;
      (iii) шығарылған немесе экспорттаған елдің немесе елдердің ішкі нарықтарында тұтыну үшін осы тауар сатылатын бағалар туралы ақпарат (немесе, орынды деген жерлерде, шығарылған немесе экспорттаған елден немесе елдерден үшінші елге немесе елдерге сатылатын тауар бағалары туралы, немесе тауардың құрастырылған құны туралы ақпарат), және экспортты бағалар туралы немесе, орынды деген жерлерде, тауар алғашқы рет импорттаушы мүшенің аумағында тәуелсіз сатып алушыға сатылған бағалар туралы ақпарат;
      (iv) болжалды демпинг нысанасы болып табылатын импорттың серпіні, осы импорттың ішкі нарықтағы ұқсас тауарлардың бағасына әсері және 3-баптың 2 және 4-тармақтарында аталып кеткен сияқты сондай отандық саланың жағдайымен байланысты тиісті факторлармен және көрсеткіштермен расталатын отындық сала үшін салдары туралы ақпарат.
      5.3 Құзыретті органдар тексеруді бастау үшін дәлелдемелердің жеткіліктігін анықтау үшін өтініште берілген дәлелдемелердің нақтылығы мен баламалылығын зерделейді.
      5.4 Тексеру 1-тармаққа сәйкес келесі жағдайда ғана басталады, егер құзыретті органдар отандық ұқсас тауар өндірушілері айтқан мәлімдемелерді13 қолдау немесе келіспеу деңгейін зерделеу негізінде өтініштің отандық сала немесе оның атынан14 берілгенін анықтаса. Өтініш «отандық сала немесе оның атынан» берілген болып қаралады, егер оны жиынтық өнімі өтінішті қолдайтын немесе келіспейтін отандық сала бөлігі өндірген ұқсас тауар өндірісінің барлық көлемінің 50 пайыздан астамын құраған отандық өндірушілер қолдаса. Алайда, егер өтінішке қолдау білдіретін отандық өндірушілердің үлесіне отандық сала өндірген ұқсас тауар өндірісінің барлық көлемінің 25 пайызынан кем келсе, тексеру басталмайды.
      5.5 Тексеруді бастау туралы шешім қабылданғанша, құзыретті органдар тексеруді бастау туралы өтінішпен өтініш беру фактісін кез келген жариялаудан аулақ болады. Алайда, тиісті түрде құжаттанған өтінішті алған соң және тергеу басталғанға дейін құзыретті органдар мүдделі экспорттаушы мүшенің үкіметін хабардар етеді.
      5.6 Егер, айырықша жағдайларда тиісті құзыретті органдар отандық саладан немесе оның атынан осындай тергеуді бастау туралы өтініштері бойынша өтінішті алмай тұрып тергеу бастау туралы шешім қабылдаса, олар келесі жағдайда ғана оған кіріседі, егер оларда тексеру бастауын негіздеу үшін 2-тармақта сипатталғандай, демпингтің, нұқсанның және себепті-салдарлық байланыстың бар болуы туралы жеткілікті дәлелдемелері болса.
      5.7 Демпингтің және нұқсанның бар болуы дәлелдемелері бір уақытта қаралады (а) тексеруді бастау немесе бастаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, және (b) алдағы, тексеру барысында, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес уақытша шаралар қолданыла алатын ең ерте келетін күннен кеш болмайтын күннен бастап.
      5.8 Тиісті құзыретті органдар рәсімнің жалғастыруын ақтайтын жеткілікті дәлелдемелердің немесе демпингтің, немесе нұқсанның жоқ екеніне көз жеткізген кезден бастап, 1-тармаққа сәйкес берілген өтініш қабылдамай тасталады және тексеру дереу тоқтатылады. Құзыретті органдар демпингілік маржа de minimis болып табылатынын, немесе іс жүзіндегі немесе әлеуетті демпингілік импорт көлемі немесе нұқсан мөлшері мардымсыз екенін анықтаған жағдайда, тексеру дереу тоқтатылады. Егер осы маржа экспорттық бағадан 2 пайыздан кем құраса, демпингілік маржа de minimis ретінде қарастырылады. Егер, елдердің жеке үлесі импорттаушы мүшедегі ұқсас тауардың импортынан 3 пайыздан кем құрау және жиынтық үлесі импорттаушы мүшедегі ұқсас тауардың импортынан 7 пайыздан аспау шартымен, белгілі бір елдің демпингілік импорт көлемі импорттаушы мүшедегі ұқсас тауардың импортынан 3 пайыздан кем құрайтыны анықталған жағдайда, демпингілік импорт көлемі әдетте мардымсыз деп қаралады.
      5.9 Демпингке қарсы рәсімдер кедендік тазарту рәсімдеріне кедергі келтірмейді.
      5.10 Айрықша жағдайларды қоспағанда, тексеру бір жыл ішінде аяқталады және де қалайда басталған кезден 18 айдан кешіктірмеу керек.
_________________
13 Егер өнеркәсіп салалары өндірушілердің айрықша көп санын қамтыса, құзыретті органдар статистикалық жарамды іріктеу әдісін пайдалану жолымен қолдау немесе келіспеу деңгейін анықтай алады.
14 Мүшелер кейбір мемлекеттердің аумағында 1-тармаққа сәйкес тексеру туралы өтінішті отандық ұқсас тауар өндірушілері кәсіпорындарының қызметкерлері немесе олардың өкілдері беретіні туралы хабарландырылған.

6-БАП
Дәлелдемелер

      6.1 Демпингке қарсы тексеруде барлық мүдделі тараптар құзыретті органдар талап еткен ақпарат туралы хабарландырылады және олар осы тексеруге қатысты деп есептеген барлық дәлелдемелерді жазбаша түрде баяндауға тиісті мүмкіндік алады.
      6.1.1 Демпингке қарсы тексеруде пайдаланылатын сауалнаманы алған экспорттаушылар мен шетел өндірушілеріне жауап бері үшін кем дегенде 30 күн беріледі15. Осы 30 күндік мерзімді ұзарту туралы өтініш тиісті түрде қаралу керек және негіздер болған жағдайда, осындай ұзартуды іс жүзінде жүзеге асыруға болатын барлық жағдайларда ұсынылуы керек.
      6.1.2 Құпиялы ақпаратты сақтау туралы талаптарды ескере отырып, бір мүдделі тарап жазбаша түрде ұсынған дәлелдемелер дереу тексеруге қатысатын басқа мүдделі тараптардың билігіне беріледі.
      6.1.3 Бірден тексеру қозғаған соң құзыретті органдар 5-баптың 1-тармағына сәйкес алынған жазбаша өтініштің толық мәтінін белгілі экспорттаушылар16 мен экспорттаушы мүшенің билік органдарына ұсынады және сұрату бойынша оны басқа қатысатын мүдделі тараптардың билігіне ұсынады. Құпиялы ақпаратты сақтау туралы талап 5-тармақта көзделгендей тиісті түрде ескерілетін болады.
      6.2 Демпингке қарсы барлық тексеру барысында барлық мүдделі тараптар өздерінің мүдделерін қорғауға толық мүмкіндіктері бар. Осы мақсатта құзыретті органдар сауал жолдаулары бойынша барлық мүдделі тараптарға қарама-қарсы көзқарасты және жоққа шығаруды ұсыну үшін қарама-қарсы мүдделері бар тараптармен кездесуге мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіндіктер құпиялылық пен тараптардың қолайлылығын сақтау қажеттігін ескере отырып беріледі. Ешқандай да тарап кездесуге қатысуға міндетті емес және қандай да бір тараптың болмауы салдарынан осы тараптың мүддесіне залал келтіруге әкелмейді. Негіздер болған жағдайда, мүдделі тараптар, сондай-ақ қосымша ақпаратты ауызша ұсынуға құқығы бар.
      6.3 2-тармаққа сәйкес берілген ауызша ақпарат тексеру жүргізетін органдардың назарына кейін ол жазбаша түрде берілетін және 1.2- тармақшасында қарастырылғандай басқа мүдделі тараптардың билігіне ұсынылатын түрде ғана қабылданады.
      6.4 Мұны іс жүзінде жүзеге асыруға болатын кезде құзыретті органдар уақытылы барлық мүдделі тараптарға олардың істері бойынша 5-тармақта белгіленгендей, құпиялы болып табылмайтын дәлелдемелерді ұсынуға қатысы бар және құзыретті органдар демпингке қарсы тексеруге қолданатын барлық ақпаратпен танысуға, сондай-ақ осы ақпарат негізінде дәлелдеме дайындауға мүмкіндік береді.
      6.5 Өзінің сипаттамасы бойынша құпиялы болып табылатын (мысалы, оның жариялануы бәсекелеске елеулі бәсекелестік артықшылық беретіндіктен немесе оның жариялануы ақпарат берген тұлғаға немесе осы тұлға ақпарат алған тұлғаға елеулі қолайсыз салдарлар әкелетіндіктен), немесе тексеру тараптарымен құпиялы негізде ұсынылатын кез келген ақпарат жеткілікті негіздер болған жағдайда құзыретті органдар арқылы осындай болып қаралады. Мұндай ақпарат оны ұсынған тараптың арнайы рұқсатынсыз жарияланбайды17.
      6.5.1 Құзыретті органдар құпиялы ақпаратты ұсынатын мүдделі тараптардан оның құпиялы емес түйіндемесін келтіруді талап етеді. Мұндай түйіндемелер құпия түрінде ұсынылған ақпараттың мәнін орынды түсіну үшін жеткілікті болып табылады. Айрықша жағдайларда, осындай тараптар мұндай ақпарат қысқаша баяндауға жатпайтынын көрсетуі керек. Мұндай ерекше жағдайларда түйіндемені жасауға мүмкіндік бермейтін себептер баяндалуы тиіс.
      6.5.2 Егер құзыретті органдар құпиялылық туралы өтініш негізді болып табылмайтынын мойындаса, немесе егер, ақпарат дерекнамасы ақпараттың жариялануын қаламаса, немесе оны қорытылған немесе қысқаша баяндап жариялауға рұқсатын бермесе, құзыретті органдар, егер оларға тиісті дерекнамалардан алынған ақпарттың дәл екені сендіре дәлелденбесе, мұндай ақпаратты есепке алмауы мүмкін18.
      6.6 8-тармақта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, құзыретті органдар тексеру барысында мүдделі тараптар ұсынған, олардың қорытындылары негізделетін ақпараттың дәл екеніне көздерін жеткізеді.
      6.7 Осы мүшенің тиісті кәсіпорындарының рұқсатын алған және үкімет өкілдерін хабарландырған жағдайда және егер, осы мүше тексеруге қарсы болмаса, ұсынылған ақпаратты тексеру немесе қосымша толық мәліметтер алу мақсатында құзыретті органдар қажет болған жағдайда, басқа мүшелердің аумағында тергеу жүргізе алады. І-қосымшада сипатталған рәсімдер басқа мүшелердің аумағында жүргізілген тексеруге қолданылады. Құпиялы ақпаратты қорғау туралы талапты ескере отырып, құзыретті құзыретті органдар нәтижелерді ұсынады немесе 9-тармаққа сәйкес, олардың қатысы бар және осындай нәтижелерді өтініш берушілердің билігіне бере алатын кәсіпорындарға кез келген осындай тексерулердің негізгі фактілерін ашады.
      6.8 Кез келген мүдделі тарап қажетті ақпаратқа қол жеткізуден бас тартқан кезде немесе оны ақылға қонымды уақыт ішінде ұсынбаса немесе тергеуді елеулі ауырлатса, алдын ала және түпкілікті, жағымды және жағымсыз ұйғарымдар қолда бар фактілер негізінде шығарылуы мүмкін. Осы тармақта қолданған кезде ІІ-Қосымшаның ережелері сақталады.
      6.9 Түпкілікті ұйғарымдар шығарғанға дейін құзыретті органдар барлық мүдделі тараптарға соның негізінде түпкілікті шаралардың қолданылуы немесе қолданылмауы туралы шешім қабылданатын негізгі қаралатын фактілер туралы хабарлайды. Мұндай хабарлама алдын ала жүзеге асырылуы тиіс, себебі тараптардың өздерінің мүдделерін қорғауға мүмкіндіктері болу керек.
      6.10 Әдетте, құзыретті органдар жеке демпингілік маржаны тексеру жүргізіліп жатқан әрбір белгілі экспорттаушы немесе тиісті тауар өндіруші үшін белгілейді. Тексерумен қамтылған тауар экспорттаушылары, өндірушілері, импорттаушылары немесе тауардың түрлері санының көптігі соншалықты, тіпті осылай белгілеуге мүмкіндік бермеген жағдайда, құзыретті органдар іріктеу кезінде бар болған ақпараттың базасында статистикалық негізделген іріктеуді пайдаланып, мүдделі тараптардың немесе тауарлардың ақылға қонымды санымен немесе тексерумен орынды қамтылған осы елдің экспорт көлемінің ең үлкен үлесін қарауды шектейді.
      6.10.1 Осы тармаққа сәйкес тауар экспорттаушыларының, өндірушілерінің, импорттаушыларының кез келген іріктеуі мүмкіндігінше тиісті экспорттаушылармен, өндірушілермен немесе импорттаушылармен олардың келісімімен консультациялар негізінде жүзеге асырылады.
      6.10.2 Құзыретті органдар осы тармақта көзделгендей, қарауды шектеген жағдайда, олар, дегенмен, экспорттаушылар мен өндірушілер санының көптігі соншалықты, жеке қарау құзыретті органдар үшін тиімсіз ауыртпалық түсіретін және тексеруді уақытылы аяқтауға кедергі болған жағдайды қоспағанда, алғашқы рет іріктеуден өтпеген, бірақ қажетті ақпаратты сол ақпарат назарға алынатын тексеру барысы кезінде ұсынған кез келген экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингілік маржаны белгілейді. Ерікті жауаптардан бас тартылмайды.
      6.11 Осы Келісімнің мақсаттары үшін « мүдделі тараптар» дегеніміз мыналарды қамтиды:
      (i) тексеру нысанасы болып табылатын тауар экспорттаушы немесе шетелдік өндіруші немесе импорттаушы немесе мүшелерінің көпшілігі осындай тауардың өндірушілері, экспорттаушылары немесе импорттаушылары болып табылатын сауда немесе кәсіпкерлік қауымдастық;
      (ii) экспорттаушы мүшенің үкіметі, және
      (iii) импорттайтын мүшедегі ұқсас тауар өндіруші немесе мүшелерінің көпшілігі импорттайтын мүшенінің аумағында ұқсас тауарды өндіретін сауда және кәсіпкерлік қауымдастық.
      Бұл тізбе мүшелерге мүдделі тараптар ретінде жоғарыда аталғандардан өзге, басқа да жергілікті және шетелдік тараптарды енгізуге рұқсат етуге кедергі келтірмейді.
      6.12 Құзыретті органдар тергеу нысанасы болып табылатын тауардың өнеркәсіп тұтынушыларына және тұтынушылар ұйымдарының өкілдеріне тауар, әдетте, жекелеген саудада сатылған жағдайда, тексеруге қатасы бар, демпингке, нұқсанға және себеп-салдарлық байланысқа қатысты ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді.
      6.13 Құзыретті органдар талап етілген ақпаратты ұсынған кезде мүдделі тараптар, әсіресе шағын кампаниялар көретін кез келген қиындықты тиісті түрде назарларына алады және оларға іс жүзінде мүмкін болатын көмекті көрсетеді.
      6.14 Жоғарыда аталған рәсімдердің мақсаты-мүшенің құзыретті органдарына тексеруді бастауға, алдын ала немесе түпкілікті, жағымды және жағымсыз ұйғарымдар шағыруға немесе осы Келісімнің тиісті ережелеріне сәйкес уақытша немесе түпкілікті шараларды қолдануға қатысты дереу әрекет етуге кедергі болмау.
___________________
15 Жалпы ережелер ретінде экспорттаушылар үшін мерзімдер сауалнаманы алу күнінен бастап есептеледі, ол бұл мақсатта сұратқан тұлғаға жіберілген немесе экспорттаушы мүшенің тиісті дипломаттық өкіліне, немесе, ДСҰ мүшесінің бөлек кедендік аумағы жағдайында – экспорттаушы аумақтың ресми өкіліне жөнелтілгеннен кейін бір апта өткен соң алынған болып есептеледі.
16 Қатыстырылған экспорттаушылардың саны айырықша маңызды болған кезде, жазбаша өтініштің толық мәтінін тек қана экспорттаушы мүшенің немесе тиісті сауда қауымдастығының билік органдары ұсынатыны түсіндіріледі.
17 Кейбір мүшелердің аумағында жариялау үшін қысқаша тұжырымдалған арнайы өкім талап етілуі мүмкін екені туралы мүшелерге хабарландырылады.
18 Құпиялылық туралы өтініштерден өз бетімен бас тарту керек еместігімен мүшелер келіседі.

7-БАП
Уақытша шаралар

      7.1 Уақытша шаралар тек келесі жағдайда қолданылады, егер:
      (i) тергеу 5-баптың ережелеріне сәйкес басталса, бұл туралы көпшілікке хабарландырылса және барлық мүдделі тараптарға ақпарат ұсынуға және түсініктеме тұжырымдауға тиісті мүмкіндік қамтамасыз етілсе;
      (ii) демпингтің және онымен байланысты отандық сала үшін нұқсанның бар болуына қатысты алдын ала мақұлдаған ұйғарымдар шығарылса; және
      (iii) тиісті құзыретті органдар осындай шараларды тексеру барысында келтірілген нұқсанның алдын алу үшін қажетті деп есептесе.
      7.2 Уақытша шаралар уақытша баж нысанында немесе көбінесе, алдын ала бағалау демпингілік маржадан көп болмайтын алдын ала бағалау демпингке қарсы баж сомасына тең - ақшалай депозиттің немесе борышқорлық міндеттеменің - кепілі түрінде болуы мүмкін. Әдеттегі баж және демпингке қарсы баждың бағалау сомасы көрсетілсе және бағалау соманы ұстап қалу басқа уақытша шаралар сияқты жағдайларда жүзеге асырылған жағдайда, бағалау сомасын ұстап қалу орынды уақытша шара болып табылады.
      7.3 Уақытша шаралар тексеруді бастау күнінен 60 күннен бұрын қолданылмайды.
      7.4 Уақытша шаралардың қолданылуы төрт айдан аспайтын тым қысқа кезеңмен немесе сауданың елеулі бөлігін ұсынатын экспорттаушылардың өтініші негізінде, тиісті құзыретті органдардың шешімі бойынша алты айдан аспайтын кезеңмен шектеледі. Құзыретті органдар тексеру барысында баж нұқсанды жою үшін қажетті демпингілік айырымнан аса төмен болып табылуын қараған кезде, бұл кезеңдер тиісінше алты және тоғыз айды құрауы мүмкін.
      7.5 Уақытша шараларды қабылдаған кезде 9-баптың тиісті ережелері қолданылады.

8-БАП
Баға міндеттемелері

      8.1 Кез келген экспорттаушының оның бағасын қайта қарау немесе осы аймаққа демпингілік бағалар бойынша экспортты тоқтату туралы қанағаттандырылған ерікті міндеттемелерді алуы бойынша құзыретті органдардың демпингтің зиянды салдары жойылуына көздерін жеткізіп уақытша шараларды немесе демпингке қарсы міндеттемелерді енгізусіз рәсімдерді тоқтатуға немесе аяқтауға болады19. Осындай міндеттемелер бойынша бағалардың өсуі демпингілік маржаны жоюға қажеттіден жоғары болмауға тиіс. Егер осындай жоғарылату отандық салаға келтірілген нұқсанды жоюға жеткілікті болса, бағаның өсуі демпингілік маржадан төмен болғаны жөн болмақ.
      8.2 Егер импорттайтын мүшенің құзыретті органдары осындай демпинг келтірген демпинг пен нұқсанның бар болуына қатысты алдын ала мақұлдаған ұйғарым шығармаса, экспорттаушылардан баға міндеттемелері талап етілмейді және қабылданбайды.
      8.3 Ұсынылған міндеттемелер қабылданбауы мүмкін, егер құзыретті органдар олардың қабылдануы іс жүзінде жүзеге аспайды деп есептесе, мысалы, егер толық немесе әлеуетті экспорттаушылардың саны тым көп болса немесе жалпысаясаттық пайымдарды қосқанда, басқа да себептер бойынша. Қажет болған жағдайда және ол іс жүзінде жүзеге асуы мүмкін болған кезде құзыретті органдар экспорттаушыға олар міндеттемелердің қабылдануы орынсыз деп есептеу себебін хабарлайды және мүмкіндігінше, экспорттаушыға осы жайлы пікірін айтуға мүмкіндік береді.
      8.4 Егер міндеттеме қабылданса, демпинг пен нұқсанның бар болуына қатысты тексеру, бәрібір де жалғасады, егер мұны экспорттаушы қаласа немесе егер мұндай шешімді құзыретті органдар қабылдаса. Мұндай жағдайда, егер демпинг пен нұқсанның жоқ екені туралы ұйғарым шығарылса, міндеттеме автоматты түрде жойылады, бірақ мұндай ұйғарым баға міндеттемесінің елеулі деңгейінде болу нәтижесі болып табылған жағдайды қоспағанда. Мұндай жағдайда, құзыретті органдар міндеттеменің осы Келісімнің ережелеріне сәйкес ақылға қонымды уақыт ішінде күшінде болуын талап етуі мүмкін. Демпинг пен нұқсанның бар болуына қатысты мақұлдаған ұйғарым шығарылған жағдайда, міндеттеме оның шарттарына және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес әрекет ете береді.
      8.5. Баға міндеттемелерін импорттаушы мүшенің құзыретті органдары ұсынуы мүмкін, бірақ экспорттаушылардың бір де біреуі осындай міндеттемелерді өзіне алуға мәжбүрленбейді. Экспорттаушылардың осындай міндеттемелерді ұсынбау немесе мұны істеуге ұсынысты қабылдамау фактісі істі қарауға ешқандай нұқсан келтірмейді. Алайда, құзыретті органдар нұқсанның қатері демпингілік импортты жалғастырған кезде көбірек ықтимал болып табылатынын анықтауға құқылы.
      8.6 Құзыретті органдар міндеттемесі қабылданған экспорттаушыдан осындай міндеттемені орындауға қатысты ақпаратты тұрақты түрде ұсынуды және тиісті мәліметтерді тексеруге рұқсат беруді талап етуі мүмкін. Міндеттемелерді бұзған жағдайда, импорттайтын мүшенің құзыретті органдары осы Келісім негізінде және оның қағидаларына сәйкес жедел шаралар қолдануы мүмкін, оның ішіне қолда бар ең тәуір ақпаратты пайдаланып дереу уақытша шараларды қолдануға кірісуі мүмкін. Мұндай жағдайларда түпкілікті баждар, осы Келісімге сәйкес міндеттемені бұзғанға дейін келіп түскен импортқа кез келген осындай ретроспективті салық салу қолданбайтынын қоспағанда, осындай уақытша шараларды қолданғанға дейін 90 күн бұрын нарыққа келіп түскен тауарлардан алынады.
_______________
19 4-тармақта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, «болады» сөзі бір уақытта рәсімді жалғастыруға және баға міндеттемелерін орындауға рұқсат ретінде түсіндірілмейді.

9-БАП
Демпингке қарсы баждарды енгізу және алу

      9.1 Демпингке қарсы бажды енгізу үшін барлық талаптар қанағаттандырылған жағдайда, енгізу немесе енгізбеу туралы шешім және демпингке қарсы баж демпингілік маржа мөлшеріне тең өлшемде немесе одан аз өлшемде енгізілуі тиіс пе-жоқ па деген шешім импорттайтын мүшенің құзыретті органдары қабылдайтын шешімдер болып есептеледі. Енгізу барлық мүшелердің аумағында бірқалыпты сипатта және баж демпингілік маржадан кем болғаны дұрыс болмақ, егер осындай аз баж отандық салаға келтірілген нұқсанды жою үшін жеткілікті болса.
      9.2 Кез келген тауарға қатысты демпингке қарсы баж енгізілген жағдайда, осы Келісімнің шарттарына сәйкес, тарапынан баға міндеттемелері қабылданған көздердің импортын қоспағанда, мұндай демпингке қарсы баж әрбір жағдайда барлық көздерден келіп түсетін, белгіленгендей демпинг нысанасы болып табылатын және нұқсан келтіретін осындай тауардың импортынан тиісті мөлшерде және кемсітпейтін негізде алынады. Құзыретті органдар осы тауардың жеткізушісін немесе жеткізушілерін атайды. Егер, алайда, іске бір елдің бірнеше жеткізушілері тартылса және іс жүзінде барлық осы жеткізушілерді атауға мүмкіндік болмаса, құзыретті органдар тиісті жеткізуші –елді атауы мүмкін. Егер іске бірден көп елдердің бірнеше жеткізушілері тартылса, құзыретті органдар барлық тартылған жеткізушілерді немесе егер, бұл іс жүзінде мүмкін болмаса, барлық тартылған жеткізуші-елдерді атауы мүмкін.
      9.3 Демпингке қарсы баж сомасы 2-бапқа сәйкес белгіленген демпингілік маржадан аспайды.
      9.3.1 Демпингке қарсы сома ретроспективті негізде бағаланған кезде, демпингке қарсы бажды төлеу жөнінде түпкілікті жауапкершілік мүмкіндігінше тезірек анықталады, әдетте 12 ай ішінде, және де қандай да бір жағдай болмасын демпингке қарсы баж сомасын түпкілікті бағалау туралы өтініш келіп түскен соң 18 айдан кешіктірілмеуге тиіс20. Кез келген қаражаттарды қайтару жедел түрде жүзеге асырылады, әдетте осы тармақшаға сәйкес түпкілікті жауапкершілікті анықтаған соң 90 күн ішінде. Кез келген жағдайда, егер қаражаттар 90 күн ішінде қайтарылмаса, құзыретті органдар тиісті сұрату алған жағдайда түсініктемелер ұсынады.
      9.3.2 Демпингке қарсы баж сомасы перспективаға бағаланатын болса, демпингілік маржадан жоғары төленген кез келген баждың сұранымы бойынша жедел қайтару туралы ереже қарастырылады. Осындай анық болған демпингілік маржадан жоғары төленген кез келген баж әдетте 12 ай ішінде қайтарылады, және де демпингке қарсы баж төлеуге жататын тауар импорттаушысы ұсынған қайтару туралы тиісті түрде негізделген сұратымы келіп түскен күнінен 18 айдан кешіктірмеу керек. Рұқсат етілген қайтару әдетте жоғарыда көрсетілген шешімнен соң 90 күн ішінде жүзеге асырылады.
      9.3.3 Экспорттық баға 2-баптың 3-тармағына сәйкес, құрастырылған кезде, нұқсанды өтеу керек пе және қандай мөлшерде өтеу керек екенін анықтаған кезде, құзыретті органдар қалыпты құнының кез келген өзгеруін, импорт пен қайта сатылым арасында келтірілген шығындардың кез келген өзгеруін, сондай-ақ кейінгі сатылым бағаларында тиісті түрде көрінетін қайта сатылым бағаларының кез келген өзгеруін есепке алу керек және де, егер жоғарыда айтылғандардың сендірерлік дәлелдемелері ұсынылған жағдайда, төленген демпингке қарсы баж сомаларынан ұстап қалмай, экспорттық бағаны есептеу керек.
      9.4 Құзыретті органдар 6-баптың 10-тармағының екінші сөйлеміне сәйкес, қарауды шектеген жағдайда, қарауға енгізілмеген экспорттаушылардан немесе өндірушілерден келіп түсетін импортқа қолданылатын кез келген демпингке қарсы баж:
      (i) іріктелген экспорттаушыларға немесе өндірушілерге қатысты белгіленген орташа есептелген демпингілік маржадан, немесе
      (ii) егер демпингке қарсы бажды төлеу жөнінде жауапкершілік болжалды қалыпты құны негізінде есептелген жағдайда - іріктелген экспорттаушыларға немесе өндірушілерге қатысты белгіленген орташа есептелген қалыпты құны мен жеке қарастырылмаған экспорттаушылардың немесе өндірушілердің экспорттық бағалары арасындағы айырымнан аспайды,
      егер құзыретті органдар осы тармақтың мақсаттары үшін кез келген нөлдік демпингілік маржаны немесе de minimis маржаларын және 6-баптың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда белгіленген демпингілік маржаларды назарға алмаған жағдайда. Құзыретті органдар жеке баждарды немесе қалыпты құнды 6- баптың 10.2-тармақшасында қарастырылғандай, тексеру барысында қажетті ақпаратты ұсынған, қарауға енгізілмеген, кез келген экспорттаушыдан немесе өндірушіден келіп түсетін импортқа қолданады.
      9.5 Егер импорттайтын мүшеде тауар демпингке қарсы баждарды салуға жататын болса, құзыретті органдар тексеру кезінде импорттайтын мүшеге осы тауарды экспорттамаған осы экспорттайтын елдің кез келген экспорттаушылары үшін жеке демпингілік маржаны белгілеу мақсатында келесі жағдайда жедел қайта қарауды жүргізеді: егер осындай экспорттаушылар немесе өндірушілер экспорттайтын елде демпингке қарсы баждарын салуға жататын тауар экспорттаушыларымен немесе өндірушілерімен байланыста емес екенін дәлелдей алса. Мұндай қайта қарау әдеттегі бажды белгілеу рәсімімен және импорттайтын мүшеде қайта қарауды жүргізумен салыстырғанда, тездетілген тәртіпте басталады және жүргізіледі. Қайта қарауды жүргізу кезінде осындай экспорттаушылардан немесе өндірушілерден келіп түсетін импорттан ешқандай да демпингке қарсы баждар алынбайды. Алайда, құзыретті органдар және/немесе, егер осындай қайта қарау өндірушілер мен экспорттаушылар тарапынан демпинг фактісін анықтауға әкелсе, онда демпингке қарсы баждар кері күш туралы ережені ескере отырып, қарау басталған күнінен бастап өндіріп алынатынын қамтамасыз ету кепілдігін талап етуі мүмкін.
___________________
20 Егер осы тауарға қатысты шешім сотта қайта қарауға жататын болса, осы тармақшада және 3.2 тармақшасында аталып кеткен мерзімдерді сақтауға мүмкіндік болмайтыны түсіндіріледі.

10-БАП
Кері күш

      10.1 Уақытша шаралар мен демпингке қарсы баждар 7-баптың 1-тармағына және 9-баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған және осы бапта аталып өткен ерекшеліктері бар шешім күшіне енген соң нарыққа келіп түсетін тауарларға ғана қолданылады.
      10.2 Нұқсанның бар болуын түпкілікті анықтаған жағдайда (бірақ нұқсан қатері немесе саланы құрудағы материалдық кідіріс емес) немесе нұқсан қатерінің бар болуын түпкілікті анықтаған жағдайда, уақытша шаралар болмағанда, демпингілік импорттың әсері нұқсанның бар болуын анықтауға әкелген кезде, демпингке қарсы баждар кері күш туралы ережені ескере отырып, уақытша шаралар қолданылған, егер олар енгізілсе, кезең бойынша алынады.
      10.3 Егер түпкілікті демпингке қарсы баж төленген немесе төленуге жататын уақытша баждан немесе кепілді қамтамасыз ету мақсатында есептелген сомадан жоғары болса, айырым алынбайды. Егер түпкілікті демпингке қарсы баж төленген немесе төленуге жататын уақытша баждан немесе кепілді қамтамасыз ету мақсатында есептелген сомадан төмен болса, онда жағдайға байланысты айырым өтеледі немесе баж мөлшері қайта есептеледі.
      10.4 2-тармақта қарастырылған ерекшіліктерден басқа, нұқсан қатері немесе материалдық кідіріс (бірақ әзірше нұқсан келтірілмеген) анықталған жағдайда, түпкілікті демпингке қарсы баж нұқсан қатерінің немесе материалдық кідірістің бар болуын анықтаған күннен бастап қана енгізіледі және уақытша шараларды қолдану кезінде енгізілген кез келген ақшалай депозит дереу қайтарылады, ал борыштық міндеттемелер дереу жойылады.
      10.5 Егер түпкілікті анықтау теріс болып табылса, онда уақытша шараларды қолдану кезінде енгізілген кез келген ақшалай депозит дереу қайтарылады, ал борыштық міндеттеме дереу жойылады.
      10.6 Түпкілікті демпингке қарсы баж уақытша шараларды енгізу күніне дейін 90 күн бұрын нарыққа келіп түскен тауарлардан алынуы мүмкін, егер құзыретті органдар осы демпингілік тауарға қатысты келесіні анықтаса:
      (i) өткенде нұқсан келтірген демпинг бар болғанын немесе импорттаушы экспорттаушының демпингті қолданғанын білгенін немесе білу керек екенін, және
      (ii) біршама аз уақыт ішінде демпингілік тауардың бастырмалатқан импортымен залал келтірілгенін, ол нақты кезең мен демпингілік импортты, сондай-ақ басқа жағдайларды (импортты тауарлар қорының тез өсуі сияқты) ескере отырып, мүдделі импорттаушыларға өздерінің пікірлерін айтуға мүмкіндік берілген жағдайда, қолдануға жататын түпкілікті демпингке қарсы баждың қорғану әсерін айтарлықтай түсіруі мүмкін.
      10.7 Тексеру басталған соң құзыретті органдар бағалауды немесе салық салуды тоқтата тұру сияқты шараларды қолдануы мүмкін, егер олардың осы тармақта айтылған жағдайларды орындаудың жеткілікті дәлелдемелері бар болса, олар 6-тармақта көзделгендей кері күш туралы ережені ескере отырып, демпингке қарсы бажды алу үшін қажетті болуы мүмкін.
      10.8 Тексеру басталған күнге дейін нарыққа келіп түскен тауарларға қатысты 6-тармаққа сәйкес кері күш туралы ережені ескере отырып, ешқандай баждар алынбайды.

11-БАП
Демпингке қарсы баждар мен баға міндеттемелерінің әрекет ету
мерзімі және қайта қарау

      11.1 Демпингке қарсы баж нұқсан келтіретін демпингке қарсы әрекет ету үшін қажетті уақытта және мөлшерде ғана күшінде қалады.
      11.2 Бұл ақталған кезде, құзыретті органдар өздерінің жеке бастамашылығы бойынша немесе қайта қарау қажеттілігін растайтын мақұлдаған ақпаратты ұсынатын кез келген мүдделі тараптың өтініші бойынша түпкілікті демпингке қарсы бажды енгізу сәтінен ақылға қонымды уақыт кезеңі өткен соң бажды алуды жалғастыру қажеттілігін қарастырады21. Мүдделі тараптар құзыретті органдардан баж алуды жалғастыру демпингті бейтараптандыру үшін қажетті болып табыла ма, егер баждың күші жойылса немесе ол өзгертілсе, нұқсан келтіру жалғасады ма әлде қайта басталады ма, немесе осы немесе басқасы болатынын қарауды сұрауға құқылы. Егер осы тармаққа сәйкес қайта қарау нәтижесінде құзыретті органдар демпингке қарсы баж ақталған болып табылмағанын анықтаса, онда оның әрекет етуі дереу тоқтатылады.
      11.3 1 және 2-тармақтардың ережелеріне қарамастан, кез келген түпкілікті демпингке қарсы баждың әрекет етуі оны енгізу күнінен (немесе 2 тармаққа сәйкес, ең соңғы қайта қарау күнінен, егер де осы қайта қарау демпингке сияқты, сондай-ақ нұқсанға да қатысты болса, немесе осы тармаққа сәйкес) 5 жылдан кешіктірмей тоқтатылады, тек қана егер құзыретті органдар олардың өз жеке бастамасы бойынша немесе отандық сала немесе оның атынан осы күнге дейін ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде берілген, тиісті түрде негізделген сұрату негізінде, осы күнге дейін басталып кеткен қайта қарау барысында баждың әрекет етуінің тоқтатылуы демпинг пен нұқсанның жалғасуына немесе қайта жаңғыруына әкелуі мүмкін деп шешпесе22. Осындай қайта қараудың нәтижелерін алғанға дейін баж күшінде қала береді.
      11.4 Дәлелдемелер мен рәсімдерге қатысты 6-баптың ережелері осы бапқа сәйкес жүргізіліп жатқан кез келген қайта қарауға қолданылады. Кез келген осындай қайта қарау жылдам жүргізіледі және әдетте, қайта қарау басталған күнінен 12 ай ішінде аяқталады.
      11.5 Осы баптың ережелері 8-бапқа сәйкес қабылданған баға міндеттемелеріне mutatis mutandis қолданылады.
_________________
21 9-баптың 3-тармағында қарастырылғандай, демпингке қарсы баждарды төлеу жөнінде түпкілікті жауапкершілікті анықтау, өздігінен осы баптың мағынасы бойынша қайта қарауды көрсетпейді.
22 Демпингке қарсы сома ретроспективті негізде бағаланған кезде, ешқандай да баж алынбауы тиістігі жөніндегі 9-баптың 3.1-тармақшасының негізінде ең соңғы қайта қарау қорытындысы өздігінен құзыретті органдарды түпкілікті баждың әрекет етуін тоқтатуға міндеттемейді.

12-БАП
Шығарылған шешімдерді көпшілікке жариялау және түсіндіру

      12.1 Құзыретті органдардың 5-бап бойынша демпингке қарсы тексерудің басталуын негіздейтін жеткілікті дәлелдемелердің бар болуына көздері жеткен кезде, тауарлары осындай тергеудің нысанасы болып табылатын мүше немесе мүшелер, сондай-ақ құзыретті органдарға осы тексеруде мүддесі бар ретінде белгілі басқа да мүдделі тараптар бұл жөнінде хабарландырылады және де көпшілікке хабарлама беріледі.
      12.1.1 Тексеруді қозғау туралы көпшілікке хабарлама келесі мәселелер бойынша балама ақпаратты қамтиды және жеке хабарлама23 арқылы қол жеткізеді:
      (i) экспорттайтын елдің немесе елдердің және тиісті тауардың атауы;
      (ii) тексерудің басталу күні;
      (iii) өтініштегі демпингтің бар болуы туралы пікір тіректенетін негіз;
      (iv) нұқсанның бар болуы туралы пікір негізделетін факторларды қысқаша баяндау;
      (v) мүдделі тараптар өздерінің ұсыныстарын жолдайтын мекенжай;
      (vi) мүдделі тараптарға олардың пікірлерін ұсыну үшін берілген мерзімдер.
      12.2 Көпшілікке хабарландыру кез келген алдын ала немесе түпкілікті, оң не теріс шешімге қатысты, 8-бапқа сәйкес міндеттемені қабылдау туралы кез келген шешімге қатысты, осындай міндеттеменің әрекет етуінің тоқтатылуына қатысты және түпкілікті демпингке қарсы баждың әрекет етуінің тоқтатылуына қатысты беріледі. Әрбір осындай хабарландыруда құзыретті органдар маңызды деп есептейтін фактілер мен құқықтық нормалар негізінде жасалған айтарлықтай толық қорытындылар мен тұжырымдар болады және жеке хабарма түрінде қол жеткізімді етеді. Барлық осындай хабарландырулар мен хабарламалар тауарлары осындай анықтаманың немесе міндеттеменің нысанасы болып табылатын мүшеге немесе мүшелерге және олардың тексеруге мүддесі бар екені белгілі басқа да мүдделі тараптарға жіберіледі.
      12.2.1 Уақытша шаралар енгізу туралы көпшілікке хабарлама демпинг пен нұқсанның бар болуы туралы алдын ала ұйғарымдардың айтарлықтай толық түсініктемелері бар жеке хабарлама арқылы қол жетімді етіліп, ұсынылған дәлелдер қабылданатын немесе бас тартылатын фактілер мен құқықтық нормаларға сілтемелер беріледі. Құпиялы ақпаратты қорғау туралы талапты тиісті түрде ескере отырып, мұндай жазбаша хабарлама немесе хабардар етулер мыналарды:
      (i) жеткізушілердің есімдерін, егер бұл іс жүзінде орындалмайтын болса, онда тиісті жеткізуші-елдердің атауларын;
      (ii) кедендік мақсаттарға жеткілікті тауар сипаттамасын;
      (iii) белгіленген демпингілік маржаны және 2-бапқа сәйкес экспорттық баға мен қалыпты құнын анықтау және салыстыру үшін пайдаланылған әдіснаманы таңдау себептерін толық түсіндіруді;
      (iv) 3-бапта баяндалғандай, нұқсанның бар болуын анықтауға қатысты пайымдауларды;
      (v) осындай анықтаулардың негізгі дәлелдерін қамтиды.
      12.2.2 Түпкілікті бажды енгізуді немесе баға міндеттемелерін қабылдауды қарастыратын оң ұйғарымдар шығарылған жағдайда тексеруді жабу немесе тоқтата тұру туралы көпшілікке арналған хабарлама құпиялы ақпаратты қорғау туралы талапты тиісті түрде ескере отырып, фактілер мен құқықтық нормаларға, сондай-ақ түпкілікті шараларды енгізу немесе баға міндеттемелерін қабылдауға байланысты барлық іске қатысты ақпараттарды қамтиды немесе жеке хабарлама жолымен қол жеткізімді етеді. Соның ішінде, хабарлама немесе хабардар ету 2.1-тармақшасында сипатталған ақпаратты, сондай-ақ экспорттаушылар мен импорттаушылар айтқан тиісті дәлелдерді немесе талаптарды қабылдау немесе қабылдамау себептерінқамтиды және 6-баптың 10.2-тармақшасына сәйкес қабылданған кез келген шешім үшін негіз болады.
      12.2. 8-бапқа сәйкес, баға міндеттемесін қабылдауға байланысты тексеруді тоқтату немесе тоқтата тұру туралы көпшілікке хабарлама осы міндеттеменің құпиялы емес бөлігін қамтиды немесе жеке хабарлама жолымен қол жеткізімді етеді.
      12.3 Осы баптың ережелері 11-бапқа сәйкес қайта қарауды қозғауға және аяқтауға және 10-бапқа сәйкес қабылданған баждарды ретроспективті қолдану туралы шешімдерге mutatis mutandis қолданылады.
________________
23 Егер құзыретті органдар ақпарат пен түсініктемелерді осы баптың қағидаларына сәйкес жеке хабарлама ұсынса, онда олар осындай хабарламаның қалың көпшілікке қол жеткізілімдігін қамтамасыз етеді.

13-БАП
Сотта қайта қарау

      Ұлттық заңнамасында демпингке қарсы шаралар туралы ережелері бар әрбір мүше, атап айтқанда, шығарылған түпкілікті анықтамаларға және 11-баптың мәні бойынша шығарылған ұйғарымдарды қайта қарауға қатысты әкімшілік әрекеттерді жедел қайта қарау мақсатында соттың, төрелік соттың немесе әкімшілік органдарының немесе рәсімдердің бар болуын қамтамасыз етеді. Мұндай органдар мен рәсімдер осындай ұйғарымдарға немесе қайта қарауға жауапты құзыретті органдарға тәуелді болып табылмайды.

14-БАП
Үшінші ел атынан демпингке қарсы шаралар

      14.1 Үшінші ел атынан демпингке қарсы шаралар енгізу туралы өтінішті тиісті үшінші елдің құзыретті органдары ұсынады.
      14.2 Мұндай өтінішке импорт демпингілік болып табылатынын көрсететін бағалар туралы ақпарат, сондай-ақ болжалды демпинг үшінші елдің тиісті отандық саласына нұқсан келтіретінін көрсететін толық ақпарат тіркеледі. Үшінші елдің үкіметі импорттаушы елдің құзыретті органдарына оларға қажет болатын кез келген қосымша ақпаратты алуда барынша қолдау көрсетеді.
      14.3 Осындай өтінішті қарау кезінде импорттайтын елдің құзыретті органдары болжалды демпингтің үшінші елдің тиісті саласына жалпы әсерін ескереді, яғни нұқсан болжалды демпингтің осы саланың импорттайтын елге экспортына әсеріне қатысты ғана емес бағаланбайды, сондай-ақ осы саланың барлық экспортына да қатысты бағаланады.
      14.4 Тексеруді жүргізу не жүргізбеу туралы шешім импорттайтын елге байланысты. Егер импорттайтын ел ол шараларды қабылдауға дайынбыз деп шешсе, тауар саудасы жөнінде Кеңеске осындай шараны мақұлдау өтінішін жасау бастамашылығы импорттайтын елге тиесілі.

15-БАП
Дамушы мүше елдер

      Осы Келісімге сәйкес, демпингке қарсы шараларды қабылдау туралы мәселені қарастырған кезде дамыған мүше елдер дамушы мүше елдердің ерекше жағдайын айрықша ескеретіні танылған. Демпингке қарсы баждарды қолданғанға дейін, егер олар дамушы мүше елдердің елеулі маңызы бар мүдделерін қозғаса, осы Келісіммен көзделген сындарлы қорғау шараларын қолдану мүмкіншілігі қарастырылады.

II БӨЛІК 16-БАП
Демпингке қарсы тәжірибе жөніндегі комитет

      16.1 Осымен демпингке қарсы тәжірибе жөнінде Комитет құрылады (осы Келісімде « Комитет» деп аталған), оның құрамына әрбір мүшенің өкілдері кіреді. Комитет өзінің төрағасын сайлайды және жылына екі рет, сондай-ақ осы Келісімнің тиісті ережелерімен қарастырылғандай, кез келген мүшенің өтініші бойынша отырыстар өткізеді. Комитет оған осы Келісім немесе мүшелер жүктейтін қызметті атқарады және мүшелерге Келісімнің әрекет етуіне немесе оның мақсаттарын жүзеге асыруға қатысты кез келген мәселелер жөнінде консультациялар өткізуге мүмкіндік ұсынады. ДСҰ хатшылығы Комитеттің хатшылығы ретінде әрекет етеді.
      16.2 Егер қажет болса,Комитет қосымша органдар құра алады.
      16.3 Өзінің функцияларын орындаған кезде Комитет және кез келген қосымша органдардың кеңес алуына және олар жарамды деп есептеген кез келген дереккөзден ақпарат алуына болады. Алайда, мүшенің құзыретіндегі дереккөздерге ақпарат алу үшін жүгінуге дейін Комитет немесе қосымша орган бұл туралы тиісті мүшеге хабарлайды. Ол мүшенің және консультациялар өткізілетін кез келген фирманың келісімін алады.
      16.4 Мүшелер Комитетке барлық қабылданған уақытша немесе түпкілікті демпингке қарсы шаралар туралы кідіртпей баяндайды. Мұндай баяндамалар басқа мүшелер зерделеу үшін Хатшылықтың билігіне ұсынылады. Мүшелер де жартыжылдық негізде өткен алты ай бойынша қабылданған кез келген демпингке қарсы шаралар туралы баяндамаларды ұсынады. Жартыжылдық баяндамалар келісілген стандартты түрде ұсынылады.
      16.5 Әрбір мүше Комитетке (а) 5- бапта көрсетілген тексеруді қозғауға және жүргізуге уәкілетті оның құзыретті органдары туралы және (b) осындай тексеруді қозғаудың және жүргізудің ұлттық рәсімдері туралы хабарлайды.

17-БАП
Консультациялар және дауларды реттеу

      17.1 Осымен, өзгеше қарастырылған жағдайды қоспағанда, осы Келісімге сәйкес консультациялар мен дауларды реттеуге қатысты Дауларды шешу туралы уағдаластық қолданылады.
      17.2 Әрбір мүше осы Келісімнің әрекет етуіне қатысты кез келген мәселе бойынша басқа мүше жасаған ұсынысты ниеттестікпен қарайды және қажетті консультациялар үшін тиісті мүмкіндіктер ұсынады.
      17.3 Егер қандай да бір мүше ол үшін тікелей немесе жанама туындайтын қандай да бір пайданың осы Келісім бойынша күші жойылды немесе қысқартылды не болмаса қандай да бір мақсатқа қол жеткізу басқа бір мүшемен немесе мүшелермен қиындатылды деп есептесе, онда осы мәселенің өзара қолайлы шешіміне қол жеткізу үшін ол жазбаша түрде осы мүшемен немесе мүшелермен консультациялар өткізу туралы өтініш жасай алады. Әрбір мүше басқа мүшеден келіп түскен консультациялар туралы кез келген өтінімді ізгі ниеттестікпен қарайды.
      17.4 Егер консультациялар туралы өтінішпен жүгінген мүше 3-тармаққа сәйкес өткізілген консультацияларда өзара келісілген шешімге қол жеткізілген жоқ деп есептесе және егер, импорттайтын елдің құзыретті органдары түпкілікті демпингке қарсы бажды енгізу немесе баға міндеттемесін қабылдау туралы түпкілікті шешім қабылдаса, онда ол мәселені Дауларды шешу жөнінде органға (ДШО) қарауға тапсыра алады. Егер уақытша шара елеулі ықпал етсе және де консультациялар туралы өтінішпен жүгінген мүше мұндай шара 7-баптың 1- тармағының ережелеріне қарамастан қабылданды деп есептесе, онда осы мүше де осындай мәселені ДШО қарауына тапсыра алады.
      17.5 Тараптың өтініші бойынша ДШО аралық топ құрады да, ол мәселені зерделейді және онда мыналарды негізге алады:
      (i) жазбаша өтініш жасаған мүшенің осы Келісім бойынша ол үшін тікелей немесе жанама туындайтын пайданың қалай күші жойылатыны немесе қысқартылатыны немесе Келісім мақсаттарына қол жеткізу қиындатылғаны көрсетілген жазбаша өтініші, және
      (ii) тиісті ұлттық рәсімдерге сәйкес импорттайтын мүшенің құзыретті органдарына хабарланған фактілер.
      17.6 5-тармақта көрсетілген мәселені зерделеген кезде:
      (i) өзінің іс фактілерін бағалауда аралық топ құзыретті органдар фактілерді дұрыс белгіледі ме және олардың осы фактілерді бағалауы әділ және объективті болды ма дегенді анықтайды. Егер фактілер дұрыс белгіленіп, ал олардың бағалануы әділ және объективті болса, тіпті аралық топ басқа қорытындыға келуі мүмкін болса да, бұл бағалау қабыл алынбай қалмайды;
      (ii) аралық топ Келісімнің тиісті ережелерін халықаралық көпшілік құқығын түсіндірудің кәдімгі ережелеріне сәйкес түсіндіреді. Егер аралық топ Келісімнің тиісті ережесі кем дегенде бір рұқсат етілген түсіндіруді жібергенін анықтаса, онда ол құзыретті органдар қабылдаған шара Кеілісімге сәйкес екені туралы қорытынды жасайды, егер де ол осындай бір рұқсат етілген ұғымға негізделсе.
      17.7 Аралық топқа ұсынылған құпиялы ақпарат осындай ақпаратты ұсынған тұлғаның, органның немесе құзыретті органдардың ресми рұқсатынсыз ашылмайды. Егер осындай ақпарат аралық топтан сұратылса, бірақ ол мұндай ақпаратты ашуға рұқсат алмаса, онда ақпаратты ұсынған тұлға, орган немесе құзыретті органдар мақұлдаған құпиялы емес түйіндеме ұсынылады.

III БӨЛІК 18-БАП
Қорытынды ережелер

      18.1 ГАТТ 1994 ережелеріне сәйкестіктерді айтпағанда, 24осы Келісімде түсіндірілгеніндей, басқа мүшеден демпингілік бағалар бойынша экспортқа қарсы ешқандай нақты шара қабылданбауға тиіс.
      18.2 Басқа мүшелердің келісімінсіз осы Келісімнің кез келген ережесіне қатысты ешқандай ескертулерге жол берілмеуі керек.
      18.3 3.1 және 3.2-тармақшаларын ескере отырып, осы Келісімнің ережелері қандай да бір мүше үшін ДСҰ туралы Келісімнің күшіне енген күні немесе осы күннен соң берілген өтінішке сәйкес басталған тексеруге және қолда бар шараларды қайта қарауға қолданылады.
      18.3.1 9-баптың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын қаражатты қайтару рәсімдері шеңберінде демпингілік маржа есеп-қисабына қатысты ең соңғы анықтау немесе демпинг фактісін қайта қарау барысында пайдаланған ережелер қолданылады.
      18.3.2 11-баптың 3-тармағының мақсаттары үшін қолданыстағы демпингке қарсы шаралар қандай да бір мүше үшін ДСҰ туралы Келісімнің күшіне енген күнінен кешікпейтін күні енгізілген деп есептеледі, тек келесі жағдайды, мүшенің сол күні әрекет еткен ұлттық заңнамасында да осы тармақта қарастырылған ереже болған жағдайды қоспағанды.
      18.4 Әрбір мүше ДСҰ туралы Келісімнің ол үшін күшіне енген күнінен кешіктірмей өзінің заңдарын, нормативтік актілерін және әкімшілік рәсімдерін, олар осы мүше үшін қаншалықты қолданылуы мүмкіндігіне қарай, осы Келісімнің ережелеріне сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жалпы немесе нақты сипаттағы қадамдарға алдын ала кіріседі.
      18.5 Әрбір мүше Комитетке осы Келісімге қатысы бар өзінің заңдары мен нормативтік актілеріндегі кез келген өзгерістер туралы және осындай заңдар мен нормативтік актілерді қолданудағы өзгерістер туралы хабарлайды.
      18.6 Комитет жыл сайын оның мақсаттарын назарға алып, осы Келісімнің жүзеге асуы мен қызмет етуін қарастырады. Комитет жыл сайын тауар саудасы жөнінде Кеңеске осындай қарастырумен қамтылған кезеңдегі өзгерістер туралы хабарлайды.
      18.7 Осы Келісімнің қосымшалары оның ажырамас бөлігін құрайды.
____________________
24 Осы ереженің ГАТТ 1994 басқа тиісті ережелері негізінде тиісті шараларды қабылдауға кедергі келтіру мақсаттары жоқ.

I ҚОСЫМША 6-БАПТЫҢ 7-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС СОЛ ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУ РӘСІМДЕРІ

      1. Тексеру басталған соң, мүдделі болып табылатыны белгілі экспорттайтын мүшенің және фирманың құзыретті органдары сол жерде тексеру жүргізілу ниеті туралы хабардар етілуге тиіс.
      2. Егер тексеру жүргізетін топқа айырықша жағдайларда үкіметтік емес сарапшыларды енгізу күтілсе, онда экспорттайтын мүшенің фирмалары мен құзыретті органдары бұл туралы хабардар болуы керек. Мұндай үкіметтік емес сарапшылар құпиялылық талаптарын бұзғаны үшін тиімді санкцияларға тартылуға тиіс.
      3. Келу күнін белгілегенге дейін экспорттайтын мүшедегі мүдделі фирмалар тарапынан айқын көрсетілген келісім алу әдеттегі тәжірибе болуы тиіс.
      4. Мүдделі фирмалардан келісім алысымен құзыретті органдар экспорттайтын мүшенің құзыретті органдарына баратын фирмалардың атауы мен мекенжайын, сондай-ақ келісілген күндері туралы хабарлауы керек.
      5. Бару туралы бұл фирмалар жеткілікті түрде күнілгері хабардар етілге тиіс.
      6. Сауалнамаларды түсіндіру мақсатында бару туралы тек экспорттайтын фирманың өтініші бойынша жүргізілуге тиіс. Мұндай сапар тек қана келесі жағдайда жүзеге аса алады, егер (а) импорттайтын мүшенің құзыретті органдары осы мүшенің өкілдерін хабардар етсе және (b) соңғысы бұл сапарға қарсылық білдірмесе.
      7. Сол жерде тексеру жүргізудің негізгі мақсаты ұсынылған ақпаратты тексеру немесе қосымша мәліметтер алу болғандықтан, оны сауалнамаға жауаптар алынған соң ғана жүргізу керек, тек қана, егер де кәсіпорын басқа тәртіппен келіспесе, ал экспорттайтын мүшенің үкіметі құзыретті органдар арқылы алдағы тексеру сапары туралы хабардар етілсе және бұған қарсы болмаса; бұдан басқа, әдеттегі тәжірибеде тиісті фирмаларға осындай сапармен баруға дейін тексеру талап етілген ақпараттың жалпы сипаттамасы туралы және ұсынуы талап етілген кез келген қосымша ақпарат туралы хабарлау керек, дегенмен бұл алынған ақпарат аясында қосымша толықтыруларды сол жерде сұрауға кедергі келтірмейді.
      8. Экспорттайтын мүшенің құзыретті органдары немесе фирмалары жолдаған және де сол жерде тексеруді ойдағыдай жүргізу үшін маңызды мәні бар сұратуларға және сұрақтарға жауаптар мүмкіндігінше, аталған бару сапарына дейін берілуге тиіс.

II ҚОСЫМША 6-БАПТЫҢ 8-ТАРМАҒЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ БОЙЫНША ЕҢ ЖАҚСЫ ҚОЛДА БАР АҚПАРАТ

      1. Тексеру басталған соң мүмкіндігінше қысқа мерзімде тергеудің құзыретті органдары кез келген мүдделі тараптан талап етілетін ақпаратты және мүдделі тараптың жауабында осындай ақпарат ұсынылатын тәсілді жете көрсету керек. Сонымен қатар, құзыретті органдар егер ақпарат ақылға қонымды мерзімде ұсынылмаса, онда құзыретті органдар қолда бар, соның ішінде отандық сала берген тексеруді бастау туралы өтініштегі фактілер негізінде ұйғарым шығаруға құқылы болатынын мүдделі тараптардың түсінуін қамтамасыз етеді.
      2. Құзыретті органдар, сондай-ақ мүдделі тараптан жауапты белгілі бір жеткізушіде (мысалы, магнит таспасында) немесе компьютерлік тілде ұсынуын сұрай алады. Осындай өтінім берілген жағдайда құзыретті органдар мүдделі тараптың жауапты ең қолайлы жеткізушіде немесе компьютерлік тілде берудің ақылға қонымды мүмкіндіктерін ескеру керек және жауап алу кезінде осы тараптан осы тарап қолданатын компьютерлік жүйесінен басқа компьютерлік жүйені пайдалануды сұрамау керек. Егер мүдделі тарап компьтерлендірілген есеп жүргізбесе және де егер жауаптың сұратылған түрде берілуі мүдделі тарап үшін жөнсіз қосымша ауыртпашылықты білдірсе, мысалы, жөнсіз қосымша шығындар мен күшті талап етсе, құзыретті органдар компьтерлендірілген жауап беру туралы өтінішті талап етпеу керек. Егер мүдделі тарап осындай жеткізушіде немесе компьютерлік тілде компьтерлендірілген есеп жүргізбесе және де егер жауаптың сұратылған түрде берілуі мүдделі тарап үшін жөнсіз қосымша ауыртпашылықты білдірсе, мысалы, жөнсіз қосымша шығындар мен күшті талап етсе, құзыретті органдар жауапты белгілі бір жеткізушіде немесе компьютерлік тілде беру туралы өтінішті талап етпеуге тиіс.
      3. Тексеруге жататын, тексеруге еш қиындықсыз қолдануға болатын түрде берілген және ол уақытылы және жарамды жерде құзыретті органдар сұратқан жеткізушіде немесе компьютерлік тілде берілген барлық ақпарат ұйғарым шығарған кезде назарға алынуы керек. Егер тарап жауапты қолайлы жеткізушіде немесе компьютерлік тілде ұсынбаса, бірақ құзыретті органдар 2-тармақта аталған жағдайлар орындалды деп есептесе, жауапты қолайлы жеткізушіде немесе компьютерлік тілде ұсыну қабілетсіздігі тексеруге елеулі түрде кедергі келтіру ретінде қаралмауы тиіс.
      4. Құзыретті органдардың белгілі бір жеткізушіде (мысалы, магнит таспасында) берілген ақпаратты өңдеуге мүмкіншілігі болмаса, онда ақпаратты құзыретті органдар үшін жарамды баспа материалы немесе кез келген басқа түрде ұсыну керек.
      5. Егер ұсынылған ақпарат барлық қатынастарда мінсіз болып табылмаса да, мүдделі тарап өзі үшін ең қолайлы болатын түрде әрекет еткен жағдайда, бұл құзыретті органдарға оны назарға алмауға негіз болмауға тиіс.
      6. Егер дәлелдемелер немесе ақпарат қабылданбаса, онда ұсынатын тарап осының себептері туралы дереу хабардар етілу керек және оған тексеру мерзімін тиісті түрде ескере отырып, ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде одан арғы түсініктемелер беру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет. Егер құзыретті органдар түсініктемелерді қанағаттанарлықсыз деп есептесе, онда мұндай дәлелдемелерді немесе ақпаратты қабылдамау себептері кез келген жарияланатын шығарылған ұйғарымдарда көрсетілуі тиіс.
      7. Егер құзыретті органдар өздерінің қорытындыларын, соның ішінде қалыпты құнға қатысты қорытындыларды екінші көзден алынған ақпаратқа, соның ішінде тексеруді қозғау туралы өтініште ұсынылған ақпаратқа негіздеуге мәжбүрленсе, онда олар мұны ерекше сақтықпен істеу керек. Мұндай жағдайларда, құзыретті органдар іс жүзінде мүмкін болған жерде олардың билігіндегі жарияланған прейскуранттар, ресми импорттық статистика және кеденнің есептік деректері сияқты мәліметтерді, сондай-ақ тексеру барысында басқа мүдделі тараптардан алынған ақпаратты пайдаланып, ақпаратты тексеру керек. Алайда, егер мүдделі тарап ынтымақтастыққа жасамаса және сөйтіп, тиісті ақпарат құзыретті органдарға берілмесе, бұл ахуал осы тарап үшін осы тарап ынтымақтастыққа келуге ниеттенген кезбен салыстырғанда, қолайсыз нәтижеге әкелуі мүмкін екені түсінікті.

1994 жылғы ТАРИФТЕР ЖӘНЕ САУДА БОЙЫНША БАСТЫ КЕЛІСІМІНІҢ
VII БАБЫН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША КЕЛІСІМ Жалпы кіріспе түсініктемесі

      1. Осы Келісімге сәйкес негізгі кеден құны 1-бапта анықталғандай «келісім құны» болып табылады. 1-бап нақты төленген немесе импортталған тауарлар үшін төленуге тиісті, бағасына қосылмай, сатып алушыға тиесілі, кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын, бағалардың бөлігінен құрастырылған, болып есептелінеді, олардың кейбіреулері өзіне тән элементтер болғандықтан, кейбір жағдайларда нақты төленген немесе төленуге тиісті бағаларды, түзетуге соның ішінде 8-баппен бірлесіп қарастырылуы тиіс. 8-бап сондай ақ келісім құнына кейбір пайданы қосуды қарастырады, олар сатып алушымен сатушыға, ақшалай түрде емес, белгілі бір тауар немесе қызмет түрінде ұсынылуы мүмкін. 2-7 баптар 1-баптың ережелеріне сәйкес анықталуы мүмкін емес болған жағдайда, кедендік құнын анықтау әдістерін ұсынады.
      2. 1-баптың ережелеріне сәйкес кедендік құнын анықтау мүмкін болмаған жағдайда 2 немесе 3-баптардың ережелеріне сәйкес, кедендік құнының негізін анықтау мақсатында кедендік әкімшілікпен немесе импорттаушы арасында кеңес беру үдерісі жүргізілуі тиіс. Мысалы, импорттаушы импорт портының кедендік әкімшілігінде қазіргі уақытта жоқ, ұқсас немесе осы тәрізді енгізілген тауарлардың кедендік құны туралы ақпараты болуы мүмкін. Екінші жағынан, кедендік әкімшілік қазіргі уақытта импорттаушыда жоқ, ұқсас немесе осы тәрізді тауарлардың кедендік құны туралы ақпараты болуы мүмкін. Екі тараптың арасындағы кеңес беру үдерісі, кедендік мақсаттар үшін тиісті негізгі құнын анықтау мақсатында, коммерциялық құпия талаптарын сақтау шарттарымен, ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді.
      3. 5 және 6-баптар импортталатын тауарлардың немесе ұқсас, немесе осы тәрізді тауарлардың келісім құны негізінде, анықталуы мүмкін болмаған жағдайда, кедендік құнын анықтау үшін екі негізді пайдалануды көздейді. 5-баптың 1-тармағына сәйкес, импорттаушы елде, тәуелсіз сатып алушыға импортталған түрінде, сатылған тауарлар бойынша, құны баға негізінде анықталынады. Сондай-ақ, импорттаушының, өзінің сұрауы бойынша, импортталғаннан кейін әрі қарай өңделінетін тауарлардың құны 5-баптың ережелеріне сәйкес анықталғанына құқы бар. 6-бапқа сәйкес кедендік құн есеп айырысу құны негізінде анықталады. Бұл қос әдіс те белгілі бір қиындықтарға түйіндес, және сондықтан импорттаушыға, 4-баптың ережелеріне сәйкес осы екі әдістің қолдану тәртібін таңдауға ұсынылады.
      4. 7-бап кез келген алдыңғы баптардың ережелеріне сәйкес анықталуы мүмкін болмаған жағдайларда, кедендік құнын анықтау тәртібін орнатады.

      Мүшелер,
      Көп жақты сауда келіссөздерін есепке ала, отырып
      1994ж ТСБК мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесуді қалай отырып, халықаралық саудада дамушы елдер үшін, қосымша пайданы қамтамасыз ету,
      1994ж ТСБК VII бап ережелерінің маңыздылығын тани және көбірек біркелкілік және оларды қолдану дәлдігін қамтамасыз ету үшін, оларды қолдану қағидаларын әзірлеуге ынта білдіре отырып;
      Еркін немесе жасанды кеден құнын пайдалануды алдын алатын, кедендік мақсаттардағы тауарларды бағалау үшін, әділетті, біркелкі және бейтарап жүйе қажеттілігін тани отырып;
      Бағаланатын тауарлардың мәміле құны барынша жоғарғы болуы мүмкін дәрежеде болуы тиіс кедендік мақсатта тауарларды бағалау үшін, негіз болатынын мойындай отырып;
      Кедендік құны қарапайым және әділетті критерийлерде, коммерциялық тәжірибемен үйлесімділікке негізделуі тиістілігін және бағалау рәсімдер жеткізу көзіне қарамастан, айырмашылықсыз жалпы қолданылуы тиістілігін тани отырып;
      Бағалау рәсімдері демпингке қарсы күрес үшін пайдаланбауы тиістігін тани отырып;
      Осымен төмендегілер туралы келіседі:

I БӨЛІК
КЕДЕНДІК БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ 1-БАП

      1. Импортталатын тауарлардың кедендік құны келісім бағасы болып табылады, яғни, бағасы нақты төленген немесе 8-баптың ережелеріне сәйкес түзетілген, импорттаушы елге экспрортқа сатылған, төленуге тиісті тауарлар болған жағдайда:
      (а) тауарларды иелік ету немесе оларды сатып алушымен пайдалануға қатысты шектеулер жоқ, шек қойылған шығарылымдарды қоспағанда:
      (i) импорттаушы елмен жүктелінеді немесе заң бойынша немесе өкімет органдарымен талап етіледі;
      (ii) тауарлар қайта сатылуы мүмкін, географиялық аудандарда лимиттелінеді; немесе
      (iii) тауар құнына елеулі ықпал тигізілмейді;
      (b) сату немесе бағалары қандай да бір шарттармен немесе міндеттемелермен байланысты емес, бағаланатын тауарларға қатысты құны анықталуы мүмкін емес;
      (с) қандай да бір келесі қайта сатудан, иелік етуден немесе пайдаланған тауарды пайдаланудан түскен түсімнің ешқандай бөлігі, тікелей немесе жанама сатушыға ауыстырылмайды, егер тек ғана 8-баптың ережелеріне сәйкес тиісті түзету жасалынған болмаса; және
      (d) сатып алушы және сатушы өзара байланыста емес немесе, сатып алушы және сатушы өзара байланыста болса, онда мәміле құны 2-тармақтың ережелеріне сәйкес кедендік мақсат үшін тиімді болады.
      2. (а) 15-баптың мағынасында сатып алушы мен сатушы өзара байланыста болғандығы туралы айғақ, 1-тармақтағы мақсаттарға арналған келісім бағасының тиімділігін анықтау кезінде, келісім құнының тиімді еместігін мойындауға негіздеме болып табылмайды. Бұл жағдайда сатушы мен сатып алушының өзара байланысы бағаға әсерін тигізбеген жағдайда сату жүзеге асырылып және мән-жайы зерттелінеді. Егер импорттаушымен немесе басқа да тәсілмен ұсынылған ақпарат тұрғысынан, кешендік әкімшілік қандай да бір байланыс бағаға әсерін тигізгендігін негіз деп санаса, онда ол өз дәлелін импорттаушыға хабарлайды, және импорттаушыға қисынды жауабын беру мүмкіндігі ұсынылады. Импорттаушының тиісті сұрауына сәйкес, хабарлама жазбаша түрде ұсынылады.
      (b) Өзара байланысы бар тұлғалардың арасында сауда саттық жүзеге асырылған жағдайда мәміле бағасы өзара байланыста болған жағдайда 1-тармақтың ережелеріне сәйкес бағаланады, егер импорттаушы бұндай бағаның мынадай бағаға жақындығын сол орнында және сол уақытта көрсетсе:
      (і) байланысы жоқ сатып алушыларға сату кезіндегі келісім құны ұқсас немесе ұқсас тауарларды импорттаушы елге экспорттау;
      (іi) ұқсас немесе балама тауарлардың кедендік құны, 5-баптың ережелеріне сәйкес анықталынған;
      (іii) ұқсас немесе балама тауарлардың кедендік құны, 6-баптың ережелеріне сәйкес анықталынған;
      Жоғары көрсетілген белгілерді қолдану кезінде тиісті назар 8-бапта атап көрсетілген, элементтерде, келісім көлемінің сауда операцияларын жүзеге асыру барысында анықталған айырмашылықтарға және сатушы мен сатып алушы өзара байланыста болмаған жағдайда, сату кезінде шығындармен салыстыру бойынша жауапкершілікке ие, сату кезіндегі сатушымен жасалынған шығындарға аударылады.
      (c) 2(b) тармақта атап көрсетілген, белгілер, импорттаушының бастамасы бойынша пайдаланылады және тек ғана салыстырмалы мақсатта пайдаланылады. Басқа әдіспен бағалау 2(b) тармақтағы ережеге сәйкес жүзеге асырылмайды.

2-БАП

      1. (а) Егер импортталатын тауарлардың құны 1-баптың ережелеріне сәйкес анықтау мүмкін болмаған жағдайда, кедендік құны импорттау және экспортталынатын елге сатылатын, тауарларға ұқсас тауарлармен келісім құны болып табылады немесе сол уақытқа жуық және бағаланатын тауарларға ұқсас болып табылады.
      (b) Осы бапты кедендік құнын анықтау үшін қолдану кезінде бағаланатын тауарлар тәрізді, көбіне сол саны бойынша және сауда операциясының сол сатысында сату кезіндегі ұқсас тауарлармен келісім құны пайдаланылады. Бұған ұқсас сату анықталмаған кезде, сауда операциясының басқа кезеңінде сатылатын тауарлардың және/немесе басқа санда, сол үлгіде түзетілген жағдайда пайдаланылады, сауда операциясының кезеңінде негізделген, айырмашылықтарды есепке алу үшін және/немесе сол жағдайда түзетулер енгізу үшін, анықталған дәлел негізінде жүргізілуі мүмкін, ол түзетулердің құнының арттырылуына немесе кемуіне әкеліп соғатындығына қарамастан, түзетулердің орындылығы және дәлдігі туралы куәландыратындығы анық, ұсынылған дәлел негізінде жүргізілуі мүмкін.
      2. 8-баптың 2-тармағында көрсетілген шығыстар мен төлемдер, келісім құнына енгізілсе, көліктің ара қашықтығы мен түріндегі айырмашылықтармен айтылғандай, сәйкес ұқсас тауарлармен және импортталатын тауарлар арасындағы төлемдер мен шығыстардың маңызды айырмашылықтарын есепке алу үшін түзету жүргізіледі.
      3. Егер осы бапты қолдану кезінде, ұқсас тауарлармен келісімнің бір құны анықталса, онда импортталатын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін осындай ең төменгі құны пайдаланылады.

3-БАП

      1. (а) Егер импортталатын тауарлардың құны 1 және 2-баптың ережелеріне сәйкес анықтау мүмкін болмаған жағдайда, кедендік құны импорттау және экспортталынатын елге сатылатын, тауарларға ұқсас тауарлармен келісім құны болып табылады немесе сол уақытқа жуық және бағаланатын тауарларға ұқсас болып табылады.
      (b) Осы бапты кедендік құнын анықтау үшін қолдану кезінде бағаланатын тауарлар тәрізді, көбіне сол саны бойынша және сауда операциясының сол сатысында сату кезіндегі ұқсас тауарлармен келісім құны пайдаланылады. Бұған ұқсас сату анықталмаған кезде, сауда операциясының басқа кезеңінде сатылатын тауарлардың және/немесе басқа санда, сол үлгіде түзетілген жағдайда пайдаланылады, сауда операциясының кезеңінде негізделген, айырмашылықтарды есепке алу үшін және/немесе сол жағдайда түзетулер енгізу үшін, анықталған дәлел негізінде жүргізілуі мүмкін, ол түзетулер құнының арттырылуына немесе кемуіне әкеліп соғатындығына қарамастан, түзетулердің орындылығы және дәлдігі туралы куәландыратындығы анық, ұсынылған дәлел негізінде жүргізілуі мүмкін.
      2. 8-баптың 2-тармағында көрсетілген шығындар мен төлемдер, келісім құнына енгізілсе, көліктің ара қашықтығы мен түріндегі айырмашылықтармен айтылғандай, сәйкес ұқсас тауарлармен және импортталатын тауарлар арасындағы төлемдер мен шығындардың маңызды айырмашылықтарын есепке алу үшін түзету жүргізіледі.
      3. Егер осы бапты қолдану кезінде, ұқсас тауарлармен келісімнің бір құны анықталынса, онда импортталатын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін осындай ең төменгі құны пайдаланылады.

4-БАП

      Егер импортталатын тауарлардың кедендік құны 1, 2 және 3-баптардың ережелеріне сәйкес анықтау мүмкін болмаған жағдайда, онда кедендік құны 5-баптың ережелеріне сәйкес анықталынады немесе, кедендік құны осы бапқа сәйкес анықтау мүмкін болмаған жағдайда, онда 5 және 6-баптардың қолданылу тәртібі импорттаушының сұрауы бойынша кері өзгертілген жағдайда,осыған сәйкес анықталады.

5-БАП

      1. (а) Егер импортталатын тауарлар немесе ұқсас немесе ұқсас импортталатын тауарлар, олар импортталған импорттаушы елде осы жағдайда сатылса, онда импортталатын тауарлардың кедендік құны осы баптың ережелеріне сәйкес, импортталатын тауар немесе балама немесе ұқсас импортталатын тауарлар келесі есептемелерді жүзеге асыру жағдайына, олар осы тәрізді тауарларды сатып алу кезінде тұлғалармен байланысты емес, импортталатын бағаланатын тауарларды бір уақытта немесе дерлік бір уақытта, импортталатын тауарлар бойынша өнім бірлігінің бағасына негізделінеді:
      (і) әлде комиссионды төлемдер, әдетте төленетін немесе төленуге келісілген, әлде үстеме, әдетте пайда және жалпы шығындарды өтеу үшін өндірілетін сатумен байланысты осындай импорттау тауарлардың санаты мен түрі негізінде келісіледі;
      (іi) импорттаушы елде тартылған, онымен байланысты шығындар және әдеттегі көлік және сақтандыру шығындары;
      (iii) 8-баптың 2-тармағында көрсетілген сәйкес жағдайларда, кідірістер мен жинаулар; және
      (iv) тауарды импорттау немесе сатумен байланысты импорттаушы елде төленуге тиісті, кедендік баж салығы мен басқа да ұлттық салықтар.
      (b) Егер импортталатын тауарлар, ұқсас болмаған жаңдайда немесе ұқсас импортталатын тауарлар бір уақытта сатылмаса немесе бағаланатын тауарлармен бір уақытта болмаса, онда кедендік құны 1(а) тармағындағы ережеде көрсетілген, импорталынатын тауардың немесе ұқсас немесе ұқсас импортталатын ұқсас тауар импорттау елінде, олар импортталған, ең ерте күннен импортталғаннан кейін бағаланатын тауарлар импорталғаннан кейін 90 күн өткенге дейін сол импорттаушы өнімнің бірлік бағасына негізделінеді.
      2. Егер импортталатын тауарлар, ұқсас болмаған жағдайда немесе ұқсас импортталатын тауарлар бір уақытта сатылмаса немесе бағаланатын тауарлармен бір уақытта болмаса, онда кедендік құны 1(а) тармағындағы ережеде көрсетілген, импорталынатын тауардың немесе ұқсас немесе ұқсас импортталатын ұқсас тауар импорттау елінде, олар импортталған, ең ерте күннен импортталғаннан кейін бағаланатын тауарлар импортталғаннан кейін, қосымша құнына сәйкес түзетулер енгізіледі, мұндай тауарларды олар сатып алып, осымен байланысты тұлғаларға, импорттаушы елдің біріктірілген бағасына өңделіп сатылады.

6-БАП

      1. Импортталатын тауарлардың кедендік құны осы баптың ережелеріне сәйкес есептеу құнына негізделінеді. Есептеу құны келесі құны болып табылады:
      (а) импортталатын тауарларды әзірлеу кезінде қолданылатын ұсталынатын құны немесе материалдың және өнімнің немесе басқа да өңдеулер;
      (b) кіріс көлемі мен жалпы шығындар, импорттаушы елге экспорттау үшін экспорт еліне өндірушімен әзірленетін және бағаланатын тауарлар тәрізді тауардың тобы немесе түрінде бейнеленеді,
      (с) 8-баптың 2-тармағына сәйкес мүшемен таңдалған, бағалау әдістерінде бейнеленетін, және сол үшін қажетті, барлық басқа ұсталынатын құны немесе басқа да құны бейнеленеді.
      2. Есептеу құнын анықтау мақсатында басқа да есептеу құжаттарын немесе қандайда бір шотты қол жетімді етуге немесе зерттеу үшін ұсынуды талап етуге немесе оның аумағында резидент болып табылмай, қандайда бір тұлғадан талап етуге бір де бір мүше талап ете алмайды. Бірақ осы баптың ережелеріне сәйкес кеден құнын анықтау мақсатында тауарларды өндірушілермен ұсынылған, ақпарат, басқа елде өндірушінің келісімімен импорттаушы елдің құзіретті органдарымен, егер мүдделі елдің өкіметі алдын ала хабарланып және тергеу жүргізуге соңғыларының қарсылығы болмаған жағдайда жүргізіледі.

7-БАП

      1. Егер импортталатын тауардың кедендік құны 1-6-баптардың ережелеріне сәйкес анықталмаған жағдайда, онда оның кедендік құны осы келісімнің жалпы ережелеріне және 1994 ж ТСБК VII бап ережелері мен ұстанымдарына сәйкес, және импортаушы елдегі, мәліметтер негізінде пайдаланумен анықталынады.
      2. Осы баптың ережелеріне сәйкес кедендік құны мынадай негізде анықталмайды:
      (а) осы елден өндірілетін, тауарды импорттаушы елде сату бағасымен;
      (b) екі баламалы әр құнынан жоғары кедендік бағалау мақсаттары үшін қабылдау көзделетін жүйе;
      (с) экспорттаушы елдің ішкі нарығындағы тауарлардың құны;
      (d) 6-баптың ережелеріне сәйкес, баламалы немесе ұқсас тауарлар үшін анықталған, есептеу құны тәрізді өзге де шығындар;
      (е) импорттаушы елге қарағанда, өзге елге экспортқа арналған тауарлар;
      (f) ең аз кеден құны, немесе
      (g) еркін немесе жалған құны.
      3. Импорттаушының тиісті сұрауы бойынша осы баптың ережелеріне сәйкес анықталған, кеден құны туралы және мұндай құнды анықтау үшін пайдаланылатын әдіс туралы импорттаушы жазбаша хабардар етіледі.

8-БАП

      1. Бағаға қатысты 1-баптың ережелеріне сәйкес кедендік құнын анықтау кезінде, импортталатын тауарға нақты төленген немесе төленуге тиісті құнына қосылады:
      (а) сатып алушы төлеуге тиісті болған, келесі шығыстар сол көлемде, бірақ тауар үшін нақты төленген немесе төленуге тиісті бағалар:
      (i) сатып алуға алынатын комиссиялық алымды қоспағанда, комиссионды сыйақылар немесе брокер комиссиясы;
      (ii) кедендік мақсаттар үшін алынатын, контейнерлердің құны, сәйкес тауарлармен қоса бірыңғай құрамдас ретінде қаралады;
      (iii) жұмыс күші ретінде, құнды қамтитын, орама құны мен материалдар құны.
      (b) мынадай тауарлар мен қызметтердің құны тиісті пропорцияда, тікелей немесе жанама сатып алушыға тегін жеткізіледі немесе импортталатын тауарлар экспортқа өндіріспен және сатумен байланысты пайдалану үшін төмендетілген баға бойынша, нақты төленген немесе төленуге тиісті, баға құнына сол мөлшерде қосылмаған:
      (i) импортталатын тауарлардың материалдары, компоненттері, бөлшектері мен ұқсас элементтері;
      (ii) импортталатын тауарлардың өндірісінде пайдаланылатын, құралдардың, мөрлердің, пішіндердің және ұқсас элементтер;
      (iii) импортталатын тауарлардың өндірісінде пайдаланылатын материалдардың;
      (iv) импортталатын тауарларды өндіру үшін қажетті және импортталатын елден тыс басқа жерде шығарылатын, жобалау, өңдеу, шығармашылық және конструкторлық қызметтер, сызбалар мен эскиздер;
      (с) тауарды бағалауға жататын, роялти мен лициензионды төлемдер, оларды сатып алушы тікелей немесе жанама бағаланатын тауарды сату шарты ретінде төлеуі тиіс, сол мөлшердегі роялти және төлемдер нақты төленетін немесе төленуге тиісті бағасына енгізілмеген;
      (d) қандай да бір кейіннен қайта сатудан түскен түсімнің қандай да бір бөлігінің құны, импортталатын тауарларды иелік ету мен пайдалану, тікелей немесе жанама сатушыға тиесілі болады.
      2. Ұлттық заңнаманы әзірлеу кезінде әрбір мүше кедендік құнына толық немесе жанама қосылуын немесе одан мынадай элементтердің шығарылуын көздейді:
      (а) импортталатын тауарлардың портқа немесе импорттау пунктіне тасымалдау құны;
      (b) импортталатын тауарлардың портқа немесе импорттау пунктіне жүктеу, түсіру және өңдеумен байланысты шығысы;
      (с) сақтандыру құны.
      3. Төленуге тиісті немесе нақты төленген бағаға қосу, осы бапқа сәйкес жүргізіледі және мәліметтерді анықтау бойынша объективті және берілетін саны негізінде баға құнына қосылады.
      4. Осы бапта көзделгенді қоспағанда, кедендік құнын анықтау кезінде нақты төленген немесе төленуге тиісті кедендік бағаға қосуға жол берілмейді.

9-БАП

      1. Кедендік құнын анықтау кезінде бір валютаны басқа валютаға есептеу үшін, импорттаушы елдің құзіретті үкіметімен басып шығарылатын, айырбастау курсы пайдаланылады, және импорттаушы елдің валютасында коммерциялық келісім бойынша аталған валютаның ағымдағы құны әрбір осындай құжатпен қамтылады, және барынша көрсетіледі.
      2. Пайдаланылатын айырбастау бағамы ретінде, аталған мүшемен белгілінгені сияқты, экспорттаушы немесе импорттаушы күніне қолданылатын бағам алынады.

10-БАП

      Өзінің сипаты бойынша құпия болып табылатын немесе кедендік бағалау мақсаттары үшін құпия негізде ұсынылған барлық ақпараттарды, тиісті билік органдары қатал құпия ретінде қарайды, арнайы рұқсат беретін тұлғаның немесе үкіметтің рұқсатынсыз, оның ашылуы сот тергеу мәтінде талап етілгенді қоспағанда ашылмайды.

11-БАП

      1. Әрбір мүшенің заңнамасы айыппұл санкцияларын қолданусыз құқығы бар, жауапты баж салығы төленетін, импорттаушы немесе басқа тұлғалар үшін кедендік құнын анықтауға қатысты қарастырады.
      2. Айыппұл санкциясыз шағым беру құқығы кедендік әкімшілік жүйесінде органға қатысты алғашқы апелляцияға рұқсат беріледі немесе сот органдарына қатысты айыппұлсыз аппеляция құқығын қарастыратын әрбір мүшенің заңнамасы тәуелсіз органға қатысты немесе кедендік әкімшілік ендіру жүйесінде қолдануға рұқсат беріледі.
      3. Шешім туралы хабарлама, арыз берушінің шағым беруге қатысты хабарламалары, осындай шешім үшін негіз болып табылып жазбаша түрде ұсынылады. Арыз беруші ары қарай шағым түсіруге қатысты кез келген құқықтары туралы хабардар етіледі.

12-БАП

      Осы Келісімнің қолдануын қамтамасыз ететін, жалпы қолданылатын заңдар, нормативті актілер, сот шешімдері және әкімшілік актілер, 1994 ж ТСБК Х бабына сәйкес мүдделі импортаушы елде басып шығарылады.

13-БАП

      Егер импортталатын тауардың кедендік құнын анықтау үшін, кедендік құнына қатысты қорытынды шешімді кейінге қалдыру қажеттігі пайда болған жағдайда, тауарды импорттаушы, импорттаушы қажетті кепілдемені кепілгерлік ретінде депозит немесе қандайда бір сәйкес құрал ретінде кедендік баж салығын қамтамасыз ететін құжатты тауарды кеденнен алуға мүмкіндік береді. Әрбір мүшенің заңнамасы осы жағдайға қатысты ережеден тұрады.

14-БАП

      Осы Келісімнің І Қосымшасына ескертпелер осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды, және осы Келісімнің баптары оларға тиісті ескертпелермен үйлесімде оқылады және қолданылады. II және III Қосымшалар да осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.

15-БАП

      1. Осы Келісімде:
      (а) «импортталатын тауарлардың кедендік құны» импортталатын тауарлардың құнынан (ad valorem) процентпен импортталатын тауарларға кедендік баждар салу мақсаттарына арналған тауарлар құнын білдіреді;
      (b) «импорттау елі» импорттау елін немесе импорттаудың кедендік аумағын білдіреді; және
      (с) «өндірілген» өсірілген, дайындалған және қазып алынған дегенді қамтиды.
      2. Осы Келісімде:
      (а) «бірдейленген тауарлар» физикалық сипаттамаларды, нарықтағы сапасы мен беделін қоса алғанда барлық қатынастардағы біркелкі болып табылатын тауарларды білдіреді. Азғантай сыртқы айырмашылықтар тауарлардың қалған қатынастарда осы анықтаманы қанағаттандыратын қалған қатынастардағы тауарлардың бірдейленген болып есептелуіне кедергі келтірмейді;
      (b) «ұқсас тауарлар» барлық қатынастарда бірдей болғанымен, оларға бірдей қызметтер атқаруға мүмкіндік беретін және коммерциялық тұрғыда өзара айырбасталатын ұқсас сипаттамалары бар және құрамдас материалдары ұқсас тауарларды білдіреді. Тауарлардың сапасы, олардың беделі мен тауар таңбасының болуы тауарлардың ұқсас болып табылуын анықтау кезінде ескерілуі тиіс факторлар қатарына енеді;
      (с) «бірдейленген тауарлар» және «ұқсас тауарлар» терминдері мұндай элементтер импорттау елінде жүргізілгендіктен 8-баптың 1(b)(iv) тарауына сай олар үшін түзету жасалмайтын жобалауды, әзірлеуді, көркемдеуді және конструкторлық қызметті, сызбалар мен нобайларды қамтитын немесе көрсететін тауарларды тиісті жағдайларда қамтымайды;
      (d) тауарлар егер тек олар бағаланатын тауарлар секілді елде өндірілген болса, «бірдейленген тауарлар» немесе «ұқсас тауарлар» деп есептелмейді;
      (е) басқа адам өндірген тауарлар бағаланатын тауарларды өндірген адам өндірген бірдейленген немесе ұқсас тауарлар жоқ болған жағдайда ғана есепке алынады;
      3. Осы Келісімде «сол топтағы немесе түрдегі тауарлар» өнеркәсіптің белгілі бір саласы немесе секторы өндірген тауарларының тобына немесе қатарына жататын тауарларды білдіреді және бірдейленген және ұқсас тауарларды қамтиды.
      4. Осы Келісімнің мақсаттары үшін тұлғалар тек егер:
      (а) олар бір бірінің кәсіпорындарының қызметкерлері немесе директорлары болса;
      (b) олар заңды тұрғыда іскер серіктестер болып танылса;
      (с) олар жұмыс беруші және қызметкер болса;
      (d) қандай да бір тұлға екеуінің біреуіне дауыс құқығын беретін 5 процент немесе одан көп айналымға шығарылған акцияларды тікелей немесе жанама иеленген, бақылайтын немесе ұстаушысы болса;
      (е) бірі тікелей немесе жанама түрде басқасын бақыласа;
      (f) олардың екеуі де үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақыласа;
      (g) олар бірлесіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақыласа;
      (h) олар туыстар болса, өзара байланысты тұлғалар болып есептеледі.
      5. Олардың бірі ерекше құқықты агент, ерекше құқықты дилер немесе басқаның ерекше құқықты концессияшысы болып табылатын жағдайда іскерлік байланыстары бар тұлғалар қалай болғанда да егер олар 4-тармақтың өлшемдеріне жатпаса, осы Келісімнің мақсаттары үшін өзара байланысты болып есептеледі.

16-БАП

      Жазбаша сұрау бойынша импорттаушы импорттау елінің кедендік әкімшілігінің импорттаушының тауарларының кедендік құнын қалайша анықтағанына жазбаша түсініктеме алуға құқылы.

17-БАП

      Осы Келісімдегі ешнәре кедендік әкімшілктердің кедендік бағалау мақсаттары үшін ұсынылған кез келген мәлімдеменің, құжаттардың немесе мағлұмдаманың дұрыстығына немесе дәлдігіне көз жеткізу құқығы шектейтін немесе күмән келтіретін ретінда ұғынылмайды.

II БӨЛІК
ҚОЛДАНУ, КЕҢЕСТЕР ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ 18-БАП
Органдар

      1. Осымен Кедендік бағалау жөніндегі Комитет (осы Келісімде «Комитет» аталады) құрылады, ол әрбір мүшенің өкілдерінен тұрады. Комитет өзінің төрағасын сайлайды және егер бұл осы Келісімнің қолданылуын немесе оның мақсаттарына, сондай-ақ оған мүшелері табыстауы ықтимал басқа өкілеттіктерді атқаруға қол жеткізуді қозғағанда қандай да бір мүшенің кедендік бағалау жүйесін қолдануға қатысты мәселелер бойынша мүшелерге кеңестер өткізу мүмкіндігін ұсыну мақсатында осы Келісімнің тиісті ережелерінен өзгеше туындамаса, әдетте жылына бір сессиясын өткізеді. ДСҰ Хатшылығы Комитет хатшылығы функцияларын атқарады.
      2. Кедендік ынтымақтастық кеңесінің (осы Келісімде «СТС» болып аталады) қолдауымен Кедендік бағалау жөніндегі Техникалық комитет (осы Келісімде «Техникалық комитет» болып аталады) құрылады, ол осы Келісімнің ІІ Қосымшасында баяндалған міндеттерді атқарады және ондағы қағидаларға және рәсімдерге сәйкес жұмыс істейді.

19-БАП
Консультациялар және дауларды реттеу

      1. Осы Келісімге сай консультациялар мен дауларды реттеуге қатысты төменде көзделгеннен өзгені қоспағанда, дауларды шешу туралы Уағдаластық қолданылады.
      2. Егер қандай да бір мүше осы Келісім бойынша тікелей немесе жанама түрде туындайтын қандай да бір пайда жоққа теңестірілсе немесе азайса немесе осы Келісімнің қандай да бір мақсаттарына жету басқа мүшенің немесе басқа мүшелердің іс-әрекеттері салдарынан қиындатылса, онда осы мәселенің өзара тиімді шешіміне қол жеткізу үшін ол осы мүшемен немесе мүше елдермен кеңесу туралы өтінішпен жүгіне алады. Әр мүше басқа мүшеден түскен кеңесу туралы кез келген өтінішті ізгі ниетпен қарайды.
      3. Техникалық комитет сұрау бойынша кеңеске қатысатын мүшелерге консультациялық қызметтер мен көмекті қамтамасыз етеді.
      4. Осы Келісімнің ережелеріне жататын дауларды қарастыру мақсатында құрылатын төрелік топ даудың бір тарапының сұрауымен немесе өзінің жеке бастамасымен Техникалық комитеттен техникалық зерделеуді қажет ететін кез келген мәселені қарастыруын сұрана алады. Төрелік топ нақты дауға қатысты қолданылатын Техникалық комитеттің құзіреті аясын анықтайды және Техникалық комитеттің баяндамасын алу мерзімін белгілейді. Төрелік топ Техникалық комитеттің баяндамасын назарға алады. Егер Техникалық комитет осы тармаққа сай өзіне жолданған мәселе бойынша келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда, төрелік топ дау тараптарына аталған мәселе бойынша өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік береді.
      5. Төрелік топқа ұсынылған құпия ақпарат мұндай ақпаратты ұсынған тұлғаның, органның немесе құзырлы органның рұқсатынсыз ашылмайды. Егер мұндай ақпарат үшінші тұлғадан сұратылса, бірақ ол мұндай ақпаратты ашуға рұқсат алмаса, онда ақпараттың ұсынған тұлға, орган немесе құзырлы орган мақұлдаған оның құпия емес мазмұны беріледі.

III БӨЛІК
АРНАЙЫ ЖӘНЕ САРАЛАНҒАН РЕЖІМ 20-БАП

      1. 1979 жылғы 12 сәуірдегі Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас тарифтің VII бабын қолдану бойынша Келісім тараптары болып табылмайтын мүше – дамушы елдер осы Келісімнің баптарын қолдануды мұндай мүшелер үшін ДСҰ туралы Келісім күшіне енген күннен бастап бес жылдан аспайтын кезеңге кейін шегере алады. Осы Келісімді қолдануды кейінге қалдыруды шешкен мүше – дамушы елдер тиісінше ДСҰ Бас директорына хабарлайды.
      2. 1-тармаққа толықтыру ретінде 1979 жылғы 12 сәуірдегі Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас тарифтің VII бабын қолдану бойынша Келісім тараптары болып табылмайтын мүше – дамушы елдер 1-баптың 2(b)(iii) тармағын және 6-бапты қолдануды олардың осы Келісімнің барлық басқа ережелерін қолдана бастаған сәттен үш жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыра алады. Осы тармақта көрсетілген ережелерді қолдануды кейінге қалдыруды шешкен мүше – дамушы елдер тиісінше ДСҰ Бас директорына хабарлайды.
      3. Дамыған елдер қатарындағы мүшелер өзіне өтініш білдірген мүше – дамушы елдерге өзара келісілген шарттармен техникалық көмек көрсетеді. Осы негізде дамыған елдер қатарындағы мүшелер атап айтқанда қызметкерлер құрамын оқытуды, осы Келісімді қолдану жөніндегі шараларды әзірлеуге көмекті, кедендік бағалау әдіснамасы туралы дереккөздерге қолжетімділікті қамтамасыз етуді және осы Келісімнің ережелерін қолдану жөніндегі ұсынымдарды қамтитын техникалық көмек бағдарламасын әзірлейді.

IV БӨЛІК
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 21-БАП
Ескертпелер

      Осы Келісімнің кез келген ережелеріне қатысты ескертпелер басқа мүше елдердің келісімінсіз қабылдана алмайды.

22-БАП
Ұлттық заңнама

      1. Әрбір мүше өзі үшін осы Келісімнің ережелерін қолдану басталған күннен кешіктірмей өз заңдарын, нормативтік актілерін және әкімшілік рәсімдерін осы Келісімнің ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.
      2. Әрбір мүше Комитетке осы Келісімге қатысы өз заңдарындағы және нормативтік актілеріндегі және мұндай заңдар мен нормативтік актілерді қолдану жөніндегі кез келген өзгерістер туралы хабарлайды.

23-БАП
Қарастыру

      Комитет жыл сайын осы Келісімнің мақсаттарын ескере отырып, оның қолданылуын және іске асырылуын қарайды. Комитет жыл сайын тауарлар сату жөніндегі Кеңеске мұндай қарастырулар қамтитын кезеңде орын алған өзгерістер туралы хабарлайды.

24-БАП
Хатшылық

      Осы Келісімге СТС Хатшылығы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететінге қатысты Техникалық комитетке арнайы берілген функцияларды қоспағанда, ДСҰ Хатшылығы қызмет көрсетеді.

I ҚОСЫМША
ТҮСІНДІРМЕ ЕСКЕРТПЕЛЕРІ

      Жалпы ескертпе
      Бағалау әдістерін дәйекті қолдану
      1. 1-7-баптар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес импортталатын тауарлардың кедендік құнын анықтау тәртібін белгілейді. Бағалау әдістері оларды қолдану кезектілігі ретімен келтірілген. Кедендік бағалаудың бастапқы әдісі 1-бапта белгіленген, және импортталатын тауарлар онда көзделген шарттар орындалған әр кезде осы баптың ережелеріне сәйкес бағалануы тиіс.
      2. Кедендік құн 1-баптың ережелеріне сай анықтала алмайтын болған кезде ол оған сәйкес кедендік құн анықтала алатын алғашқы осындай баптың ережелеріне сәйкес келесі баптарды кезектілікпен қарағаннан кейін анықталуы тиіс. 4-бапта көзделгенді қоспағанда, реті бойынша кезекті баптың ережелері тек кедендік құн аталған баптың ережелеріне сай анықтала алмайтын жағдайда ғана пайдаланыла алады.
      3. Егер де 5 және 6-бапты қолдану тәртібін кері өзгертуге импорттаушыдан өтініш болмаса, онда белгіленген кезектілік сақталуы тиіс. Егер импорттаушы бұл туралы өтінсе, бірақ кейіннен кедендік құн 6 баптың ережелеріне сай анықтала алмайтыны белгілі болса, онда кедендік құн егер ол осылайша анықтала алмаса, 5-баптың ережелеріне сай анықталуы тиіс.
      4. Кедендік құн 1-6-баптардың ережелеріне сай анықтала алмаса, ол 7 баптың ережелеріне сай анықталуға тиіс.
      Бухгалтерлік есептің көпшілік қабылдаған қағидаттарын пайдалану
      1. «Бухгалтерлік есептің көпшілік қабылдаған қағидаттары» термині ортақ келісімнің негізінде мойындалған немесе елде сол кезде активтер мен пассивтер ретінде тіркелуі тиіс қандай экономикалық ресурстар мен міндеттемелерге, активтер мен пассивтер және олардағы өзгерістер қалайша өлшенетініне, қандай ақпарат және оның қалай ашылатынына, және қандай қаржы есептілігі дайындалатынына қатысты айтарлықтай мойындалған нормаларға жатады. Бұл нормалар ортақ қолданыстағы кең нұсқаулық қағидаттар ретінде де, егжей-тегжейлі парктикалық әдістер мен рәсімдер ретінде де танылуы мүмкін.
      2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін әрбір мүшенің кедендік әкімшілігі сол елдегі бухгалтерлік есептің көпшілк қабылдаған қағидаттарымен үйлесетіндей тәсілмен дайындалған тиісті бапқа сәйкес келетін ақпаратты пайдаланады. Мәселен, жай пайданы және жалпы шығындарды 5-баптың ережелеріне сай анықтау импорттау еліндегі бухгалтерлік есептің көпшілік қабылдаған қағидаттарымен үйлесімді тәсілмен дайындалған ақпаратты пайдалану жолымен іске асырылуы тиіс. Басқа жағынан, 6-баптың ережелеріне сай жай пайданы және жалпы шығындарды анықтау өндіруші елдегі бухгалтерлік есептің көпшілік қабылдаған қағидаттарымен үйлесетін тәсілмен дайындалған ақпаратты пайдалану жолымен іске асырылуы тиіс. Тағы бір мысал ретінде, 8-баптың 1(b)(iii) тармағында көзделген, импорттау елінде өндірілген элементті анықтау сол елдегі бухгалтерлік есептің көпшілік қабылдаған қағидаттарымен үйлесетін тәсілмен дайындалған ақпаратты пайдалану жолымен іске асырылуы тиіс.
      1 бапқа ескертпе
      Нақтылы төленген немесе төленуге жататын баға
      1. Нақтылы төленген немесе төленуі тиіс баға сатып алушының сатушыға немесе сатушының пайдасына жасаған немесе жасауы тиіс импортталатын тауарлар үшін толық төлем болып табылады. Төлем міндетті түрде ақша аударымы түрінде көрсетілмейді. Төлем аккредитивтер немесе айналым құжаттары арқылы да іске асырыла алады. Төлем тікелей немесе жанама іске асырылуы мүмкін. Жанама төлем үлгісі сатып алушының сатушының берешектерін толық немесе ішінара өтеу бола алар еді.
      2. Сатып алушының 8-бапқа түзетілім көзделгендерді қоспағанда өз есебінен қолға алған әрекеттері сатып алушыға пайда әкелетін ретінде қарастырылғанымен сатып алушыға жанама төлем ретінде қарастырылмайды. Сондықтан мұндай әрекеттердің құндық белгіленімі кедендік құнды анықтаған кезде нақтылы төленген немесе төленуі тиіс бағаға қосылмайды.
      3. Кедендік құн импортталатын тауарларға нақтылы төленген немесе төленуі тиіс бағадан бөлінген жағдайда мына төлемдерді немесе шығыстарды қамтымайды:
      (а) өнеркәсіптік қондырғылар, мәшинелер мен құрал-жабдық секілді импортталатын тауарларға қатысты әкелгеннен кейін жүргізілген құрылыс, тұрғызу, жинау, қызмет көрсету немесе техникалық ықпал ету үшін төлемдер;
      (b) әкелгеннен кейінгі көліктік шығыстары;
      (с) импорттау елінің баждары мен салықтары.
      4. Нақтылы төленген немесе төленуге тиіс баға импортталатын тауарлардың бағасына жатады. Осылайша, сатып алушының сатушыға импортталатын тауарларға байланысты емес дивидендтер немесе басқа төлемдерді аударуы кедендік құнның бөлігі болып табылмайды.
      1(а)(iii) тармақ
      Нақтылы төленген немесе төленуге тиіс бағаны тиімсіз ететін шектеулер қатарына тауарлардың құнына айтарлықтай әсер ететін шектеулер жатады. Мұндай шектеулердің үлгісі сатушы автомобильдерді сатып алушыдан оларды үлгіні шығару маусымының басталуын білдіретін белгілі бір датаға дейін сатпауды немесе көрсетпеуді талап еткен жағдай болар еді.
      1(b) тармақ
      1. Егер де сауда немесе баға құндық белгіленімі бағаланатын тауарлармен өзара байланысты анықтала алмайтын қандай да бір шарттардың немесе міндеттемелердің мәні болып табылады, мәміленің құны кедендік мақсаттар үшін қолайлы болып табылмайды. Мұның кейбір мысалдары мыналар:
      (а) сатушы сатып алушы сонымен бірге белгілі бір көлемдегі басқа тауарларды сатып алған жағдайда импортталатын тауарларға бағаны белгілейді;
      (b) импортталатын тауарлардың бағасы импортталатын тауарларды сатып алушы импортталатын тауарларды сатушыға басқа тауарларды сатқан бағаға немесе бағаларға байланысты;
      (с) баға импортталатын тауарлармен байланысты емес төлем нысаны негізінде белгіленеді, мәселен импортталатын тауарлар сатушы өңделген тауарлардың белгілі бір көлемін алған жағдайда сатушы ұсынатын жартылай фабрикаттар болып табылады.
      2. Алайда, импортталатын тауарлардың өндірісіне немесе өткерілуіне жататын шарттар мен есептер мәміленің бағасын пайдаланудан бас тартуға әкелмейді. Мәселен, сатып алушы сатушыға импорттау елінде орындалған жобалық құжаттама мен жоспарларды ұсынған факт 1 баптың мақсаттары үшін мәміленің құнынан бас тартуға әкелмейді. Осыған ұқсас, егер сатып алушы сатушымен уағдаластыққа қарамастан импортталатын тауарларды өткеруге қатысты қызметті өз есебінен іске асырса, бұл қызметтің құны кедендік құнның бір бөлігі болып табылмайды, және мұндай қызмет мәміленің құнын пайаланудан бас тартуға әкелмейді.
      2 тармақ
      1. 2(а) және 2(b) тармақтары мәміленің бағасын пайдалану мүмкіндігін белгілеудің саналуан тәсілдерін қарастырады.
      2. 2(а) тармақ сатып алушы мен сатушы өзара байланысты болғанда, сату іске асырылатын мән-жайлар зерттеледі және мәміленің бағасы олардың өзара байланысы бағаға ықпал етпеген жағдайда кедендік құн ретінде қабылданады. Сатып алушы мен сатушы өзара байланысты болған барлық жағдайларда мән-жайлар зерттелуі тиіс деп болжамданбайды. Мұндай зерттеу мәміленің бағасының оралымдығына қатысты күмән бар жағдайда ғана талап етілетін болады. Кедендік әкімшілікте бағаның оралымдығына қатысты күмән болмағанда соңғысы импорттаушыдан қосымша ақпарат сұратусыз қабылдануы тиіс. Мәселен, кедендік әкімшілік өзара іліктестікті күні бұрын зерттей алады немесе сатып алушы мен сатушыға қатысты толығырақ ақпарат ала алады және осындай зерттеудің немесе ақпараттың негізінде өзара іліктестіктің бағаға ықпал етпеген деген қорытындыға келе алады.
      3. Кедендік әкімшілік мәміленің құнын әрі қарай зерделеусіз қабылдай алмаса, ол импорттаушыға мұндай қосымша толығырақ ақпарат беру тиіс, ол өзіне сатылым жүзеге асырылған мән-жайларды зерттеуге мүмкіндік алу үшін қажет. Осы тұрғыда кедендік әкімшілік сатып алушы мен сатушының өздерінің коммерциялық қатынастарын қалай ұйымдастыруын, және өзара іліктестіктің баға ықпал еткен-етпегенін анықтау үшін қаралатын баға қалай белгіленгенін қоса алғанда іске қатысы бар мәміленің аспектілерін зерттеуге дайын болуы тиіс. Егер де 15-баптың ережелеріне сай сатып алушы мен сатушы өзара байланысы көрсетілгенімен олар өзара сатып алуда және сатуда, егер олар осылайша өзара байланысты болса, онда бұл олардың өзара іліктестігі бағаға ықпал етпегенінің дәлелі болып есептеле алады. Бұған мысал ретінде егер баға қарастырылатын нарықтың қалыпты баға тәжірибесімен үйлесетін тәсілмен белгіленетін, немесе сатушы өзімен байланысты емес сатып алушыға сату бағаларын белгілейтін болса, онда бұл олардың өзара іліктестігі бағаға ықпал етпегенінің дәлелі болып табылады. Тағы бір мысал ретінде, егер бағаның сол топтағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде көрнекі уақыт кезеңі ішінде (мәселен жылдық негізде) алынған фирманың әдеттегі пайдасына сәйкес келетін барлық шығындарды жабуын және пайдасын қамтамасыз ететін деңгейге сәйкес келетінін көрсетсе, бұл бағаның әсерге ұшырамағанын дәлелдейді.
      4. 2(b) тармақ импорттаушының мәміленің құны кедендік әкімшіліктің бұрын қабылдаған «тексеру» құнына жақын екенін көрсету мүмкіндігін қарастырады және сондықтан баптың ережелеріне сай оралымды болып табылады. 2(b) тармаққа сай тексеру талабы орындалғанда 2(а) тармаққа сай әсер ету туралы мәселесін қарастырудың қажеті болмайды. Егер кедендік әкімшілік әрі қарай екшенді зерттеусіз 2(b) тармақта көзделген белгілердің бірінің талаптары орындалғанына көз жеткізу үшін жеткілікті ақпараты бар болса, онда оның импорттаушыдан аталған белгілердің талаптарын орындалуын дәлелдеуді талап етуге себептері жоқ. 2(b) тармақтағы «байланыспаған сатып алушылар» термині сатушымен ешқандай нақты түрде байланыспаған сатып алушыларды білдіреді.
      2(b) тармақ
      Бір құнның басқа құнға шынымен жақындығын анықтаған кезде, бірқатар факторлар назарға алынуы тиіс. Бұл факторлардың қатарына импортталатын тауарлардың сипаттамасы, нарықтың өзінің, тауарлар импортталатын маусымның сипаттамасы, сондай-ақ құнда коммерциялық тұрғыда айтарлықтай айырма болатын-болмайтыны жатады. Бұл факторлар әр нақты жағдайда, әр нақты жағдай үшін әртүрлі болуы бекітілген процент секілді біркелкі стандартты қолдануға мүмкіндік бермейді. Мәселен, тауарлардың бір типінде азғантай айырма болған, ал басқа типтегі тауарларда көп айырма болған жағдайда оралымсыз, ал 1-баптың 2(b) тармағында көзделген баға мәмілесінің шынымен «тексеру» құнына жақын болған-болмағанын анықтауда оралымды болуы мүмкін.
      2 бапқа ескертпе
      1. 2-бапты қолданған кезде кедендік әкімшілік қаншалықты мүмкін болғанша сауда операциясының сол кезеңінде бірдейленген тауарларды және негізінен бағаланатын тауарлар секілді көлемде сатуды пайдаланады. Мұндай сатылымдар анықталмағанда мына үш шарттың бірімен іске асырылатын бірдейленген тауарлардың сатылымы пайдаланылатын болады:
      (а) сауда операциясының сол кезеңінде, бірақ басқа көлемде сату;
      (b) сауда операциясының басқа кезеңінде, бірақ негізінен сол көлемде сату; немесе
      (с) сауда операциясының басқа кезеңінде және басқа көлемде сату.
      2. Осы үш шарттың бірімен іске асырылатын сатылым анықталғаннан кейін мыналарға қатысты тиісті түзетулер, жүргізіледі:
      (а) тек көлем факторлары;
      (b) тек сауда операциясы кезеңдері факторлары; немесе
      (с) сауда операциясы мен көлем факторлары мен кезеңі.
      3. «Және/немесе» сөзі сатылымдар туралы деректерді икеммен пайдалануға және жоғарыда баяндалған үш шарттың бірін орындау кезінде қажетті түзетілімдер жасауға мүмкіндік береді.
      4. 2-баптың мақсаттары үшін бірдейленген импортталатын тауарлардың бағасы 1(b) және 2-тармақтарға сәйкес түзетілген, 1-бапқа сай қабылданған кедендік құнды білдіреді.
      5. Сауда операциясының түрлі кезеңдерін немесе оның құнды ұлғайтуға немесе азайтуға бастайтынына қарамастан түрлі көлемдерді ескеріп, түзетілімдер енгізу шарты мәселен, түрлі кезеңдерге немесе түрлі көлемдерге жататын бағаны қамтитын қолданыстағы бағалар прейскурантын түзетудің қисындылығы мен дәлдігін айқын дәлелдеп беретін айғақтардың барлығы болып табылады. Оған мысал ретінде, егер бағаланатын тауарлар 10 бірліктен тұратын лекті құраса, ал мәміле құны бар бірдейленген импортталатын тауарлар 500 бірлікпен сатылса, және сатушы көлем үшін жеңілдіктер ұсынады деп мойындалса, онда қажетті түзетілім 10 бірліктің сатылымына қолданылатын баға таңдап алынатын сатушының бағалар прейскуранты пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл бағалар каталогы басқа көлемдердегі сатылымдарға қатысты адал әзірленгенше, сатылым 10 бірлік көлемінде жүзеге асырылуын талап етпейді. Осылайша, осындай шынайы тәсіл жоқ болғанда 2-баптың ережелеріне сай кедендік құнды анықтау тиімсіз болып табылады.
      3 бапқа ескертпе
      1. 3-бапты қолданған кезде, кедендік әкімшілік мүмкін болғанынша ұқсас тауарларды сауда операциясының сол кезеңінде сатуды пайдаланады және негізінен бағаланатын тауарлар секілді көлемде сатуды пайдаланады. Мұндай сатылымдар анықталмағанда мына үш шарттың бірімен іске асырылатын бірдейленген тауарлардың сатылымы пайдаланылатын болады:
      (а) сауда операциясының сол кезеңінде, бірақ басқа көлемде сату;
      (b) сауда операциясының басқа кезеңінде, бірақ негізінен сол көлемде сату; немесе
      (с) сауда операциясының басқа кезеңінде және басқа көлемде сату.
      2. Осы үш шарттың бірімен іске асырылатын сатылым анықталғаннан кейін мыналарға қатысты тиісті түзетілімдер жүргізіледі:
      (а) тек көлем факторлары;
      (b) тек сауда операциясы кезеңдері факторлары; немесе
      (с) сауда операциясы мен көлем факторлары мен кезеңі.
      3. «Және/немесе» сөзі сауда-саттықтар туралы деректерді икеммен пайдалануға және жоғарыда баяндалған үш шарттың кез келгенін орындау кезінде қажетті түзетулер жасауға мүмкіндік береді.
      4. 3-баптың мақсаттары үшін осындай импортталатын тауарлар мәмілесінің бағасы 1-бапқа сай қабылданған 1(b) және 2-тармақтарға сәйкес түзетілген кедендік құнды білдіреді.
      5. Сауда операциясының түрлі кезеңдерін немесе оның құнды ұлғайтуға немесе азайтуға бастайтынына қарамастан түрлі көлемдерді ескеріп, түзетілімдер енгізу шарты мәселен, түрлі кезеңдерге немесе түрлі көлемдерге жататын бағаны қамтитын қолданыстағы бағалар прейскурантын түзетудің қисындылығы мен дәлдігін айқын дәлелдеп беретін айғақтардың барлығы болып табылады. Оған мысал ретінде, егер бағаланатын импорттық тауарлар 10 бірліктен тұратын лекті құраса, ал мәміле құны бар ұқсас импортталатын тауарлар 500 бірлік көлемінде сатылса, және сатушы көлем үшін жеңілдіктер береді деп танылса, онды қажетті түзетілім 10 бірліктің сатылымына қолданылатын баға таңдап алынатын бағалар прейскурантын пайдалану жолымен жүргізілуі мүмкін. Бұл егер бағалар прейскуранты басқа көлемдердегі сатылымдарға қатысты адал әзірленсе, сатылымның 10 бірлік көлемінде іске асырылуын талап етпейді. Осылайша, осындай шынайы тәсіл жоқ болғанда 3-баптың ережелеріне сай кедендік құнды анықтау тиімсіз болып табылады.
      5 бапқа ескертпе
      1. «Тауарлар аса көп жалпы көлеммен сатылатын... өнім бірлігі бағасы» термині осындай сатылым орын алатын импорттан кейінгі алғашқы сауда операциясы кезеңінде олар осындай тауарларды сатып алатын тұлғалармен өзара байланыспаған тұлғаларға сатқан кезде бірліктердің ең көп көлемі бойынша сатылған бағаны білдіреді.
      2. Бұған мысал ретінде — тауарлар көп көлемде жүргізілетін сауда-саттық кезінде өнім бірлігінің бағасының төмендеуін қарастыратын бағалар прейскуранты бойынша сатылады.

Сатылатын көлемі

Өнім бірлігі бағалары

Сатылы көлемі

Әр баға бойынша сатылған жалпы көлем

1-10 бірлік

100

5 бірлік б-ша 10 сатылым 3 бірлік б-ша 5 сатылым

65

11-25 бірлік

95

11 бірлік б-ша 5 сат-м

55

25 бірліктен астам

90

30 бірлік б-ша 1 сатылым 50 бірлік б-ша 1 сатылым

80

      Аталған бағалар бойынша сатылған ең көп бірліктер саны - 80; сондықтан ең көп жиынтық көлемге арналған өнім бірлігінің бағасы 90-ды құрайды.
      3. Басқа мысал ретінде екі сатылым жүзеге асырылады. Бірінші сатылымда 500 бірлік әрқайсысы 95 ақша бірлігіне сатылады. Екінші сатылымда 400 бірлік әрқайсысы 90 ақша бірлігіне сатылады. Бұл мысалда белгілі бір бағаға сатылған ең көп бірліктер саны 500-ді құрайды, сондықтан өнім бірлігінің бағасы ең көп жалпы көлемінде 95-ті құрайды.
      4. Үшінші мысал әртүрлі көлемдер әртүрлі бағалармен сатылатын келесі жағдай бола алар еді.

(а) Сатылымдар
Сатылым көлемі

Өнім бірлігінің құны

40 бірлік

100

30 бірлік

90

15 бірлік

100

50 бірлік

95

25 бірлік

105

35 бірлік

90

5 бірлік

100

(b) Барлығы
Жалпы сатылым саны

Өнім бірлігінің құны

65

90

50

95

60

100

25

105

      Бұл мысалда белгілі бір бағаға сатылған бірліктердің ең көп саны 65-ті құрайды, сондықтан ең көп жиынтық санындағы өнім бірліктерінің бағасы - 90.
      5. Жоғарыдағы 1-тармақта баяндалғандай импорттаушы елдегі өндіріске және 8-баптың 1(b) тармағында көрсетілген элементтердің кез келгенінің импортталатын тауарларын экспортқа жеткізіп беруге байланысты пайдалану үшін тікелей немесе жанама, тегін немесе төмендетілген бағамен жеткізіп беретін тұлғаға кез келген сату 5-баптың мақсаттары үшін өнім бірліктері бағасын белгілеген кезде есепке алынбауы тиіс.
      6. 5-баптың 1-тармағында көрсетілген «пайда мен жалпы шығындар» біртұтас нәрсе болып қарастырылуы тиіс екендігі атап көрсетілгені жөн. Бұл соманы шегеріп тастау мақсаттарына арналған цифр импорттаушы ұсынған ақпарат негізінде немесе егер де импорттаушының деректері сол топтағы немесе түрдегі импортталатын тауарлардың импорты еліндегі сатылым кезінде алынған деректермен келісілсе, оның атынан анықталуы тиіс. Импорттаушының деректері мұндай деректермен үйлеспеген кезде пайда мен жалпы шығындардың көлемі импорттаушы немесе оның атынан ұсынылғанға қарағанда басқа сәйкес келетін ақпаратқа негізделуі мүмкін.
      7. «Жалпы шығыстар» қаралатын тауарлардың өтіміне байланысты тікелей және жанама шығыстарды қамтиды.
      8. Оларға қатысты 5-баптың 1(а) (iv) тармағы ережелеріне сай тауарлардың сатылымына байланысты төленуге тиісті жергілікті салықтардан шегерім жасалмаса, 5-баптың 1(а) (i) тармағының ережелеріне сай шегеріледі.
      9. 5-баптың 1-тармағының ережелеріне сай комиссиялық, не болмаса жай табысты және жалпы шығындарды анықтағанда белгіленген тауарлар басқалары секілді «сол топтағы және түрдегі» тауарлар болып табылатын-табылмайтыны туралы мәселе тиісті мән-жайларды ескеріп, әрбір нақты жағдайда жеке шешілуі тиіс. Импорттаушы елдегі аясы аса тар топтарға немесе бағаланатын тауарларды қамтитын сол топтағы немесе түрдегі бірқатар импортталатын тауарларды сату зерттелуі тиіс, олар үшін қажетті ақпарат табысталуы мүмкін. 5-баптың мақсаттары үшін «сол топтағы және түрдегі тауарлар» бағаланатын тауарлар секілді сол елден импортталатын тауарларды, сондай-ақ басқа елдерден импортталатын тауарларды қамтиды.
      10. 5-баптың 1(b) тармағының мақсаттары үшін «ең бұрынғы күн» импортталатын тауарлар немесе соған ұқсас импортталатын тауарлар өнім бірлігінің бағасын белгілеу үшін жеткілікті көлемде сатылған күн болып табылады.
      11. 5-баптың 2-тармағында көрсетілген әдіс пайдаланылған кезде әрі қарайғы өңдеу нәтижесінде қосылған құнның шегерімі шынайы әрі осындай жұмыстың құнына жататын, санын анықтауға болатын деректерге негізделеді. Есептеу үшін негіздеме ретінде қабылданған өнеркәсіптік формулалар, рецептуралар, құрылыс әдістері мен өндірістік тәжірибенің басқа да элементтері болуы мүмкін.
      5-баптың 2-тармағында көзделген бағалау әдісі әдетте, импортталатын тауарлар әрі қарай өңдеу нәтижесінде түрін өзгертетін кезде қолданылмайтыны мойындалады. Алайда импортталатын тауарлар түрін өзгерткенімен, өңдеу кезінде қосылған құн аса үлкен қиындықсыз дәл анықталатын жағдайлардың да болуы ықтимал. Басқа жағынан, импортталатын тауарлар түрін өзгертпейтін, бірақ импорттаушы елде сатылатын тауарлардың болмашы бөлігін ғана құрайтын жағдайлар да болады, ал бағалаудың бұл әдісін пайдалану негізсіз болар еді. Жоғарыда айтылғандарды ескере келе осы тектес әрбір оқиға әрбір нақты жағдайда жеке қаралуы тиіс.
      6-бапқа ескертпе
      1. Ортақ қағида ретінде, кедендік құн импорттаушы елдегі қолжетімді ақпарат негізіндегі осы Келісімге сай анықталады. Алайда есептеу құнын анықтау үшін бағаланатын тауарлар өндірісінің шығасыларын және импорттаушы елден тысқары алуға болатын басқа ақпаратты зерттеу қажет болуы мүмкін. Бұдан басқа, көптеген жағдайларда тауарларды өндіруші импорттаушы елдің билігі құзырынан тыс болады. Есептеу құны әдісін пайдалану негізінен сатып алушы мен сатушы өзара байланысқан және өндіруші импорттаушы елдің билік органдарына өндіріс шығындарының қажетті нарықтамасын (калькуляция) ұсынуға және қажетті болуы ықтимал келесі тексеріске мүмкіндікті қамтамасыз етуге дайын болған жағдайлармен шектелетін болады.
      2. 6-баптың 1(а) тармағында көрсетілген «Шығасылар немесе құн» өндіруші немесе оның атынан ұсынылған бағаланатын тауарлардың өндірісі туралы ақпарат негізінде анықталуы тиіс. Ол мұндай есептер тауар өндірілген елде қолданылатын бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес келген жағдайда өндірушінің коммерциялық есептеріне негізделуі тиіс.
      3. «Шығасылар немесе құн» 8-баптың 1(а) (ii) және (iii) тармағында көрсетілген элементтердің құнын қамтиды. Олар сондай-ақ сатып алушы пайдалану үшін тікелей немесе жанама жеткізілген импортталатын тауарлардың өндірісіне байланысты 8-баптың 1(b) тармағында көрсетілген кез келген элементтің 8-бапқа тиісті ескертпенің ережелеріне сай мүмкіндігінше бөлінген құнды қамтиды. 8-баптың 1(b) (iv) тармағында көрсетілген, импорттаушы елде өндірілген элементтердің құны тек мұндай элементтерді өндіруші төлеген дәрежеде ғана қосылады. Аталған тармақта көрсетілген шығындар да, құн да есептеу құнын анықтағанда екі мәрте есептелмейді.
      4. 6-баптың 1(b) тармағында көрсетілген «Пайда мен жалпы шығындар көлемі» егер өндірушінің деректері экспорттаушы елдегі өндірушінің импорттаушы елге экспорттау үшін өндірген, бағаланатын тауарлары секілді әдетте сол топтағы немесе түрдегі тауарларды сатқанда алынатын деректермен келісетін болса, өндіруші немесе оның атынан табысталған ақпарат негізінде анықталуы тиіс.
      5. Осы тұрғыда «пайда мен жалпы шығындар көлемі» бірыңғай нәрсе деп қаралуы тиіс екендігін атап көрсеткен жөн. Осыдан егер қандай да бір белгілі жағдайда өндірушінің пайда көрсеткіштері төмен, ал өндірушінің жалпы шығындары жоғары болса, онда өндірушінің тұтастай алғанда пайдасы мен жалпы шығындары дегенмен әдетте сол топтағы немесе түрдегі тауарларды сатқан кезде алынатын деректермен келісуі мүмкін. Мұндай жағдай мәселен, тауар импорттау еліне алғаш келіп түскен жағдайда және өндіруші өткерудің басталуына байланысты жалпы жоғары шығындарды жабу үшін нөлдік немесе төмен пайданы қанағат тұтқан болар еді. Өндіруші импорттық тауарларды сату кезіндегі аз пайда айрықша коммерциялық мән-жайлардың салдары болып табылатынын растай алған кезде өндірушінің нақты табысы туралы деректер өндіруші оларды растауы үшін салмақты коммерциялық негіздері болған жағдайда есепке алынуы тиіс және өндірушінің баға саясаты өнеркәсіптің тиісті саласындағы әдеттегі баға саясатын көрсетеді. Мұндай жағдай мәселен, өндірушілер сұраудың болжап болмайтын құлдырауы салдарынан бағаны уақытша түсіруге мәжбүр болған жағдайда немесе импорт елінде өндірілетін тауарлар ассортиментін толықтыру үшін тауарлар сатқан және бәсекеге қабілеттігін сақтау үшін аз пайданы қанағат тұтқан жағдайда орын алған болар еді. Өндірушінің пайда және жалпы шығындар туралы жеке деректері экспорттаушы елде импорттау еліне экспорттау үшін өндіруші өндіретін, бағаланатын тауарлар секілді әдетте сол топтағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде алынатын деректермен келіспегенде пайда мен жалпы шығындар көлемі тауарлар өндіруші немесе оның атынан табысталған ақпараттан айрықша тиісті ақпаратқа негізделген болар еді.
      6. Есептік құнды анықтау мақсаттары үшін өндіруші ұсынған ақпараттан басқа ақпарат пайдаланылғанда импортаушы елдің билік органдары егер импортаушы бұл туралы, мұндай ақпараттың дереккөзі, 10-баптың ережелерін ескеріп, осындай деректерге негізделген пайдаланылған деректер мен есептер туралы сұратса, импорттаушыны хабардар етеді.
      7. 6-баптың 1(b) тармағында көрсетілген «Жалпы шығындар» өндірістің тікелей және жанама шығасыларын және 6-баптың 1(а) тармағына сай енгізілмеген экспорт тауарларын сатуды қамтиды.
      8. Белгілі бір тауарлар басқа тауарлар секілді «сол топтағы және түрдегі» тауарлар болып табылатын-табылмайтыны туралы мәселе тиісті мән-жайларды ескеріп, әрбір нақты жағдайда жеке шешілуі тиіс. 6-баптың ережелеріне сай жай пайданы және жалпы шығындарды анықтаған кезде импорттау еліне экспортқа аса тар топтағы немесе олар бойынша қажетті ақпарат ұсынылуы ықтимал бағаланатын тауарларды қамтитын тауарлардың бірқатарын сату зерттелуі тиіс. 6-баптың мақсаттары үшін «сол топтағы немесе түрдегі тауарлар» бағаланатын тауарлар секілді елден өндірілуі тиіс.
      7-бапқа ескертпе
      1. 7-баптың ережелеріне сай белгіленген кедендік құндар аса ықтимал дәрежеде бұрын анықталған кедендік құндарға негізделуі тиіс.
      2. 7-бапқа сай қолданылатын бағалау әдістері ретінде 1-6-баптарда баяндалған әдістер пайдаланылуы тиіс, алайда 7-баптың мақсаттары мен ережелеріне осындай әдістерді қолданудағы қисынды икемділік жауап берген болар еді.
      3. Қисынды икемділіктің кейбір мысалдары:
      (а) Бірдей тауарлар – бірдейленген тауарлар бағаланатын тауарлар секілді сондай және сондай дерлік уақытта экспортталуы тиіс екендігі туралы талап икеммен түсіндіріле алар еді; кедендік бағалаудың негізі бағаланатын тауарлар экспорты еліне қарағанда басқа елде өндірілген бірдейленген импорттық тауарлар болуы мүмкін; 5 және 6-баптардың ережелеріне сай анықталған бірдейленген импорттық тауарлардың кедендік құны пайдаланыла алар еді.
      (b) Ұқсас тауарлар – ұқсас тауарлар бағаланатын тауарлармен бір мезгілде немесе бір мезгілде дерлік экспортталуы тиіс екендігі туралы талап икеммен түсіндіріле алар еді; кедендік бағалаудың негізі бағаланатын тауарлар экспорты еліне қарағанда басқа елде өндірілген бірдейленген импорттық тауарлар болуы мүмкін; 5 және 6-баптардың ережелеріне сай анықталған бірдейленген импорттық тауарлардың кедендік құны пайдаланыла алар еді.
      (с) Дедуктивтік әдіс – 5-баптың 1(а) тармағындағы тауарлар «импортталған күйінде сатылуы тиіс» екендігі туралы талап икеммен түсіндіріле алар еді; «90 күндік» талап икеммен қолданылған болар еді.
      8-бапқа ескертпе
      1(а)(i) тармағы
      «Сатып алғаны үшін комиссиялық алым» термині импорттаушының импорт өкіліне бағаланатын тауарларды сатып алған кезде импорттаушыны табыстау қызметі үшін төлеген сыйақысын білдіреді.
      1(b)(ii) тармағы
      1. 8-баптың 1(b) (ii) тармағында көрсетілген элементтерді импортталатын тауарлар арасында барабар бөлуде рөл атқаратын екі фактор бар — элементтің өзінің құны және аталған құнның импортталатын тауарларға қатысты бөлінуі тиіс тәсіл. Аталған элементтерді барабар бөлу мән-жайларға және бухгалтерлік есептің көпшілік қабылдаған қағидаттарына сәйкес қисынды түрде жүргізілуі тиіс.
      2. Элемент құнына қатысты нәрсе, сол егер импорттаушы аталған элементті импорттаушымен өзара байланысы жоқ сатушыдан белгілі бір бағаға сатып алса, элементтің құны осы баға болып табылады. Егер де элементті импортаушы немесе импорттаушымен өзара байланысты тұлға өндірсе, онда элементтің құны оны өндіру шығындары болады. Егер де элементті импорттаушы бұрын пайдаланса, оның сатып алынғанына немесе оны сол импорттаушының өндіргеніне қарамастан сатып алудың немесе өндірудің бастапқы бағасы оны пайдалануды көрсету және элементтің ағымдағы құнын алу үшін азайту жағына қарай түзетуге жатады.
      3. Элементтің құны анықталған кезде бұл құнды импортталатын тауарлардың арасында бөлу қажет. Оның түрлі мүмкіндіктері бар. Мәселен, егер импорттаушы бажды бүкіл құнға бірден төлеуге ниет білдірсе, құн алғашқы лекке жатқызылуы мүмкін. Басқа мысал - импортаушы құнды бірінші жөнелтілім сәтіне дейінгі өндірілген өнімнің бірнеше бірліктеріне бөлуді өтіне алады. Тағы бір мысал - импорттаушы осы өнім бойынша келісім-шарттар немесе қатаң міндеттемелер болған кезде құнды өндірілуі болжамданатын бүкіл өнімге бөлінуін өтіне алады. Бөлу әдісін таңдау импорттаушы ұсынған құжаттамаға байланысты болады.
      4. Жоғарыда аталған суреттеме ретінде: импорттаушы өндірушіге импортталатын тауарлар өндірісінде пайдалануға жататын нысанды ұсынады және өндірушімен 10000 тауар бірлігін сатып алуға келісім-шарт жасасады. 1000 бірлікпен алғашқы лектің келіп жету уақытына қарай өндіруші 4000 бірлікті өндіріп үлгереді. Импорттаушы кеден әкімшілігінен нысанның құнын 1000 бірлікке, 4000 бірлікке немесе 10000 бірлікке бөлуді өтіне алады.
      1(b)(iv) тармақ
      1. 8-баптың 1(b) (iv) тармағында көрсетілген элементтерге қосымшалар шынайы әрі көлемін анықтауға болатын деректерге негізделуі тиіс. Құнға үстемеленуге жататын шаманы анықтағанда импорттаушы үшін де, кедендік әкімшілік үшін де ауыртпалықты ең аз мөлшерге теңестіру мақсатында қаншалықты мүмкін болғанша сатып алушының коммерциялық есептілігі жүйесінде қамтылған деректер пайдаланылуы тиіс.
      2. Сатып алушы жеткізген, сатып алушы сатып алған немесе жалға алған элементтер үшін үстемелер сатып алу немесе жалға алу шығындары болар еді. Қоғамның иелігіндегі элементтер үшін олардың көшірмелерін алу шығындарынан бөлек, ешқандай үстемелер жүргізілмейді.
      3. Үстемеленуге жататын құнды есептеудің жеңілдік дәрежесі нақты фирманың құрылымына және басқарушылық тәжірибесіне, сондай-ақ оның бухгалтерлік есеп әдістеріне байланысты болады.
      4. Мәселен, бірнеше елдерден саналуан түрлі тауарларды импорттайтын фирма аталған тауарға қатысты шығындарды дәл көрсету үшін есеп құжаттамасын импорттау елінен тысқары өзінің дизайнерлік орталығы бойынша жүргізуі ықтимал. Мұндай жағдайларда 8-баптың ережелеріне сай тиісті түрде тікелей түзетпе жүргізілуі мүмкін.
      5. Басқа жағдайда фирма белгілі бір тауарларға байланыссыз жалпы үстеме шығыстар ретінде импорттау елінен тыс орналасқан дизайнерлік орталық бойынша шығындарды есептей алады. Бұл жағдайда тиісті түрдегі түзетпе 8-баптың ережелеріне сай дизайнерлік орталықтың қызметі оған қатысты пайдаланылатын бүкіл өнімге дизайнерлік орталық бойынша барлық шығындарды бөлу және өнім бірлігінің құнына есептегенде импортқа қатысты бөлінген шығындарды қосу жолымен импортталатын тауарларға қатысты жүргізілген болар еді.
      6. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың өзгеруі, әлбетте бөлудің лайықты тәсілін анықтау кезінде түрлі факторларды қарастыруды қажет ететін болады.
      7. Нақты элементтің өндірісі елдердің бірқатарын және белгілі бір уақыт кезеңін қамтыған жағдайларда түзетпе импорттау елінен тыс осы элементке нақты үстемеленген құнмен шектелуі тиіс.
      1(с) тармағы
      1. 8-баптың 1(с) тармағына көрсетілген роялти мен лицензиялық төлемдер басқалардан бөлек, патенттер, сауда маркілері мен авторлық құқықтар үшін төлемдерді қамтуы мүмкін. Алайда импорттау елінде импортталатын тауарларды көшірмелеу құқығы үшін төлемдер кедендік құнды белгілегенде импортталатын тауарлар үшін нақты төленген немесе төленуге жататын бағаға үстемеленбейді.
      2. Импортталатын тауарларды бөлу немесе қайта сату құқығы үшін сатып алушы жүргізген төлемдер егер мұндай төлемдер импортталатын тауарлар енгізілетін елге экспортқа сату шарты болып табылмаса, нақты төленген немесе төленуге жататын бағаға үстемеленбейді.
      3 тармақ
      8-баптың ережелеріне сай талап етілетін үстемелерге қатысты шынайы әрі көлемін анықтауға болатын деректер жоқ болған жағдайда мәміле бағасы 1-баптың ережелеріне сай анықтала алмайды. Мәселен, роялти килограммен енгізілген және енгізілгеннен кейін ерітіндіге айналдырылған белгілі бір өнімнің литрін импорттаушы елге сатқан кездегі бағасы негізінде төленеді. Егер роялти ішінара импортталатын тауарларға, ал ішінара импортталатын тауарларға ешқандай ортақ қатысы жоқ басқа факторларға (мәселен, импортталатын тауарлар отандық ингредиенттермен араласып кеткен және ендігәрі бөлек сәйкестендіріле алмайтын кезде немесе роялти сатып алушы мен сатушының арасындағы арнайы қаржы уағдаластықтарынан ерекшелене алмайтын кезде) негізделеді, роялти үшін үстеме жүргізуге тырысу орынсыз болар еді. Алайда егер осы роялтидің сомасы тек импортталатын тауарларға негізделетін әрі көлемін жеңіл анықтауға болатын болса, онда нақты төленген немесе төленуге жататын бағаға үстеме жүргізіле алады.
      9-бапқа ескертпе
      9-баптың мақсаттары үшін «импорттау күніне» кедендік мақсаттар үшін ұсынылған күн енгізіле алады.
      11 бапқа ескертпе
      1. 11-бап импорттаушыға кедендік әкімшілік шығарған бағаланатын тауарлардың кедендік құнын анықтау нәтижелеріне шағымдану құқығын береді. Апелляция бастапқыда кедендік әкімшіліктің жоғары деңгейіне берілуі мүмкін, бірақ импорттаушы ақырында сот тәртібімен шағым келтіруге құқылы болады.
      2. «Айыппұл санкцияларынсыз» деген импорттаушыға айыппұл салуға немесе оның шағымдану құқығын пайдалануды шешкені үшін ғана айыппұл қатерін төндіруге болмайтынын білдіреді. Әдеттегі сот шығасылары мен адвокаттың қызметін төлеу айыппұл ретінде қарастырылмайды.
      3. Дегенмен, 11-баптағы ешнәрсе мүше елге шағым келтіргенге дейін есептелген кедендік баждарды толық көлемде төлеуді талап етуге кедергі болмайды.
      15-бапқа ескертпе
      4-тармақ
      15-баптың мақсаттары үшін «тұлғалар» тиісті жағдайларда заңды тұлғаны қамтиды.
      4(е) тармақ
      Осы Келісімнің мақсаттары үшін бір тұлға басқа тұлғаны бақылаушы болып есептеледі, мұнда бірінші тұлға заңды тұрғыда немесе іс жүзінде екінші тұлғаның іс-әрекеттерін шектей немесе бағыттай алады.

II ҚОСЫМША
КЕДЕНДІК БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТ

      1. Осы Келісімнің 18-бабына сәйкес СТС-тің қолдауымен осы Келісімді түсіндірудің және қолданудың техникалық деңгейде біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында Техникалық комитет құрады.
      2. Техникалық комитеттің міндеттемелері мынаны қамтиды:
      (а) мүшелердің кедендік бағалау жүйесін күнділікті қолдану барысында туындайтын нақты техникалық проблемаларды қарастыру және ұсынылған фактілер негізінде тиісті шешімдерге қатысты консультативтік қорытындылар шығару;
      (b) осы Келісімге қатысы бар болған бағалау саласындағы заңдарды, рәсімдер мен тәжірибені сұрау бойынша зерттеу және мұндай зерттеулер қорытындылары бойынша баяндамалар дайындау.
      (с) осы Келісімнің күйі мен оны қолданудың техникалық аспектілері бойынша жыл сайынғы баяндамаларды дайындау және тарату;
      (d) кез келген мүше немесе Комитеттің сұратуына болатын кедендік мақсаттар үшін импортталатын тауарлардың бағасына қатысты кез келген мәселелер бойынша ақпарат және ұсынымдар табыстау. Мұндай ақпарат пен ұсынымдар консультативтік қорытындылар, түсініктемелер немесе түсіндірме ескертпелері түрінде болуы мүмкін;
      (е) осы Келісімнің халықаралық танымалдығын кеңейтуге жәрдемдесу мақсатында мүшелерге сұрауы бойынша техникалық көмек алуға жәрдемдесу;
      (f) осы Келісімнің 19-бабына сай төрелік топ өзіне берген мәселені қарастыруы; және
      (g) өзіне Комитет жүктейтін басқа да міндеттерді орындау.
      Жалпы ережелер
      3. Техникалық комитет өз жұмысын нақты мәселелер, әсіресе өзіне мүшелер, Комитет немесе арнайы топ беретін мәселелер бойынша қисынды қысқа уақыт мерзімінде атқаруға тырысатын болады. 19-баптың 4-тармағында көзделгендей, арнайы топ Техникалық комитеттің баяндамасын алу үшін нақты мерзім белгілейді және Техникалық комитет осы мерзім ішінде өз баяндамасын табыстайды.
      4. Қажетіне қарай СТС Хатшылығы Техникалық комитетке оның қызметіне көмек көрсетеді.
      Өкілдік ету
      5. Әрбір мүше Техникалық комитетке өкілдік етуге құқылы. Әр мүше өзінің Техникалық комитеттегі өкілі болатын бір делегатты және бір немесе бірнеше орынбасарын тағайындай алады. Техникалық комитетке ұсынылған мұндай мүше осы Қосымшада «Техникалық комитеттің мүшесі» деп аталады. Техникалық комитет мүшелерінің өкілдерінің кеңесшілері болуы мүмкін. ДСҰ Хатшылығы сондай-ақ мұндай отырыстарға байқаушы ретінде қатыса алады.
      6. ДСҰ мүшелері болып табылмайтын СТС мүшелерін Техникалық комитеттің отырыстарында бір делегат немесе бірнеше орынбасарлар таныта алады. Мұндай өкілдер Техникалық комитеттің отырыстарына байқаушылар ретінде қатысады.
      7. Техникалық комитет төрағасының келісімімен СТС Бас хатшысы (осы Қосымшада «Бас хатшы» деп аталады) ДСҰ мүшелері де емес, СТС мүшелері де болып табылмайтын үкіметтердің өкілдерін, сондай-ақ халықаралық үкіметтік және сауда ұйымдарының өкілдерін Техникалық комитеттің отырыстарына байқаушылар ретінде қатысуға шақыра алады.
      8. Техникалық комитеттің отырыстарына делегаттар, орынбасарлар мен кеңесшілерді тағайындаулар Бас хатшының назарына жеткізіледі.
      Техникалық комитеттің отырыстары
      9. Техникалық комитет отырыстарына қажетіне қарай, бірақ кем дегенде жылына екі мәрте жиналады. Әрбір отырыстың күнін Техникалық комитет өзінің алдыңғы сессиясында белгілейді. Отырыстың күні не болмаса Техникалық комитет мүшелерінің жай көпшілігі қолдайтын Техникалық комитеттің кез келген мүшесінің өтініші бойынша, не болмаса төрағаның өтініші бойынша шұғыл қарастыру талап етілген жағдайларда өзгетілуі мүмкін. Осы тармақтағы алғашқы сөйлемнің ережелеріне қарамастан Техникалық комитет осы Келісімнің 19-бабының ережелеріне сай өзіне төрелік топ берген мәселелерді қарастыру үшін қажетіне қарай жиналады.
      10. Техникалық комитеттің отырыстары өзге шешім қабылданбаса, СТС штаб-пәтерінде өткізіледі.
      11. Бас хатшы Техникалық комитеттің барлық мүшелеріне және 6 және 7-тармақтарда айтылған тараптарға шұғыл жағдайларды қоспағанда, Техникалық комитеттің әрбір сессиясының ашылатын күні туралы ең кем дегенде 30 күн бұрын хабарлайды.
      Күн тәртібі
      12. Әр сессияның алдын ала күн тәртібін Бас хатшы әзірлейді және Техникалық комитет мүшелері және 6 және 7-тармақтарға сай енгізілген тараптарға шұғыл жағдайларды қоспағанда ең кем дегенде 30 күн бұрын хабарланады. Бұл күн тәртібіне оның енгізілуін Техникалық комитет өзінің алдыңғы сессиясында мақұлдаған барлық тармақтар, Төрағаның өз бастамасымен енгізген барлық тармақтар және енгізуді Бас хатшы, Комитет немесе Техникалық комитеттің кез келген мүшесі өтінген барлық тармақтар енгізіледі.
      13. Техникалық комитет әр сессияның ашылуы кезінде өз күн тәртібін белгілейді. Сессия барысында Техникалық комитет күн тәртібін кез келген уақытта өзгерте алады.
      Лауазымды тұлғалар және жұмыс тәртібі
      14. Техникалық комитет өз мүшелерінің делегаттары арасынан төрағаны және төрағаның бір немесе бірнеше орынбасарын сайлайды. Төраға және төрағаның орынбасарлары лауазымда бір жыл бойы болады. Өкілеттіктері аяқталған төраға мен төрағаның орынбасарлары қайта сайлана алады. Техникалық комитеттің мүшесін ендігәрі білдірмейтін төрағаның немесе төрағаның орынбасарының өкілеттіктері бірден тоқтатылады.
      15. Егер төраға қандай да бір отырыста немесе оның бөлігінде болмаса, оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады. Бұл жағдайда соңғысы төрағанікі секілді өкілеттіктері мен міндеттері болады.
      16. Отырыс төрағасы Техникалық комитеттің жұмысына Техникалық комитеттік мүшесі ретінде емес өз сипатында қатысады.
      17. Осы қағидалармен төрағаға жүктелген басқа да өкілеттіктерді атқаруға қосымша ретінде төраға әр отырыстың ашылуы және жабылуы туралы хабарлайды, пікірталасты бағыттайды, сөз береді және осы ережелерге сай отырыс барысына басшылық етеді. Төраға сондай-ақ сөз сөйлеуші мәні бойынша ескертпе жасайтын болса, оны тәртіпке шақыра алады.
      18. Кез келген мәселені талқылаған кезде делегация отырыстың жүргізілу тәртібі бойынша мәселе көтере алады. Бұл жағдайда төраға тез арада өз шешімін шығарады. Егер бұл шешімге дау айтылса, төраға отырыстың шешуіне шығарады, және ол өзге шешім қабылданбаса күшінде қалады.
      19. Бас хатшы немесе Бас хатшы тағайындаған СТС Хатшылығының лауазымды тұлғалары Техникалық комитеттің отырыстарына қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
      Кворум және дауыс беру
      20. Техникалық комитет мүшелерінің жай көпшілігі өкілдері кворум құрайды.
      21. Техникалық комитеттің әрбір мүшесінің бір дауысы болады. Техникалық комитеттің шешімі ең кем дегенде қатысып отырған мүшелердің үштен екісінен құралатын дауыс көпшілігімен қабылданады. Нақты мәселе бойынша дауыс берудің қорытындысына қарамастан Техникалық комитет тиісті талқылаулар барысында айтылған түрлі көзқарастарды көрсетіп, аталған мәселе бойынша Комитетке және СТС-ке толық баяндаманы табыстай алады. Осы тармақтың жоғарыда көрсетілген ережелеріне қарамастан өзіне төрелік топ берген мәселелер бойынша Техникалық комитет шешімді келісіммен қабылдайды. Егер де Техникалық комитетте өзіне төрелік топ берген мәселе бойынша келісімге қол жеткізілмесе, онда Техникалық комитет аталған мәселе бойынша фактілер мен мүшелердің пікірлері толығырақ баяндалған есепті табыстайды.
      Тілдер және құжаттама
      22. Техникалық комитеттің ресми тілдері ағылшын, француз және испан тілдері болып табылады. Осы үш тілдің бірінде сөйленген сөздер немесе жасалған мәлімдемелер, егер тек барлық делегациялар аудармадан бас тартуға келіспесе, тез арада басқа ресми тілдерге аударылады. Қандай да бір басқа тілдерде сөйленген сөздер немесе жасалған мәлімдемелер тиісті делегация ағылшын, француз немесе испан тілдеріне аударуды қамтамасыз еткен жағдайда осындай шартпен ағылшын, француз және испан тілдеріне аударылады. Техникалық комитеттің ресми құжаттары үшін тек ағылшын, француз жіне испан тілдері пайдаланылады. Техникалық комитеттің қарастыруына арналған Меморандумдар мен хат-хабарлар ресми тілдердің бірінде табыстала алады.
      23. Техникалық комитет төраға мұны қажет деп есептейтін болса, өзінің барлық сессиялары туралы хаттамалар немесе қысқаша есептер әзірлейді. Төраға немесе оның уәкілетті тұлғасы Техникалық комитеттің жұмысы туралы Комитеттің әрбір отырысында және СТС-тің әрбір отырысында хабарлайды.

III ҚОСЫМША

      20-баптың 1-тармағында көзделген мүше – дамушы елдер үшін Келісімнің ережелерін қолдануда бесжылдық мұрсат мерзімі іс жүзінде кейбір мүше – дамушы елдер үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мүше – дамушы ел 20-баптың 1-тармағында көрсетілген кезеңнің аяқталуына дейін мұндай кезеңді ұзарту туралы өтіне алады және бұл ретте мүшелер тиісті мүше – дамушы елдің өз өтінішін тиісті түрде негіздей алған жағдайларда мұндай сұрауға ізгі ниетпен қарайды деп түсіндіріледі.
      2. Қазіргі кезде тауарларын ресми белгіленген ең аз құнның негізінде бағалайтын дамышу елдер өздеріне мұндай құнды мүшелер келісуі мүмкін шарттармен шектеулі немесе өтпелі негізде сақтауға мүмкіндік беретін ескертпе жасай алады.
      3. Келісімнің 4-бабында көзделген импорттаушының өтініші бойынша қолданудың дәйектілігін өзгерту өздеріне шынайы қиындықтар туғызуы мүмкін деп есептейтін дамушы елдер 4-бапқа мынадай тұжырымдамамен ескертпе жасай алады:
      «Үкімет Келісімнің 4-бабының тиісті ережесі тек қана кедендік органдар 5 және 6-бапты кері тәртіппен қолдану туралы өтінішпен келіскенде қолданылатынын белгілеу құқығын кейінгі қалдырады».
      Егер де дамушы елдер мұндай ескертпе жасаса, онда мүшелер Келісімнің 21-бабында ескертілгендей онымен келіседі.
      4. Дамушы елдер Келісімнің 5-бабының 2-тармағына қатысты ескертпені мынадай тұжырымдамада жасай алады:
      «Үкімет Келісімнің 5-бабының 2-тармағы импорттаушының сұрау салуына қарамастан оған тиісті ескертпенің ережелеріне сәйкес қолданылатынын белгілеу құқығын кейінге қалдырады «.
      Егер дамушы елдер мұндай ескертпе жасаса, онда мүшелер Келісімнің 21-бабында ескертілгендей онымен келіседі.
      5. Кейбір дамушы елдер өздерінің елдеріне айрықша құқылы агенттер, айрықша құқылы дистрибьюторлар немесе айрықша құқылы концессияшылар импорты туралы сөз болған жағдайда Келісімнің 1 бабын орындауға байланысты проблемалары болуы мүмкін. Егер де мұндай проблемалар Келісімді қолданатын мүше - дамушы елдердің тәжірибесінде туындайтын болса, онда мұндай мүшелердің өтініші бойынша тиісті шешім табу мақсатында аталған мәселеге зерттеу жүргізіледі.
      6. 17-бапта Келісімді кедендік әкімшілік қолданған кезде қандай да бір өтініштің, құжаттың немесе кедендік мағлұмдау мақсатында табысталған мағлұмдамалардың дұрыстығына немесе дәлдігіне тергеу жүргізу қажет етілуі мүмкін екендігі мойындалады. Осылайша, аталған бапта мәселен, толық және дәл болып табылатын кедендік құнын анықтауға байланысты кеденге мағлұмдалған немесе табысталған құн элементтерін тексеру мақсатында тергеу жүргізе алатыны мойындалады. Мүшелер өздерінің ұлттық белгілерін және рәсімдерін ескере отырып, импорттаушылардың осы тергеулерге толық ынтымақтасуға сүйенуге құқылы.
      7. Іс жүзінде төленген немесе төленуге тиісті баға сатып алушының сатушыға немесе сатып алушының үшінші тұлғаға сатушының міндеттемелерін өтеу үшін импорттық тауарларды сату шарты ретінде іс жүзінде төлеген немесе төлеуге тиісті барлық төлемдерін қамтиды.

ЖӨНЕЛТУ АЛДЫНДАҒЫ ИНСПЕКЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ

      Мүшелер,
      1986 жылғы 20 қыркүйекте министрлер Көпжақты сауда келіссөздерінің Уругвай раундының мақсаты «әлемдік сауданы одан әрі ырықтандыруды және кеңейтуді қамтамасыз ету», «ГАТТ-тың рөлін күшейту» және «ГАТТ жүйесінің өзгермелі халықаралық экономикалық жағдайларға бейімделу қабілетін арттыру» болып табылатынына келіскенін атап көрсете отырып;
      бірқатар дамушы мүше елдердің жөнелту алдындағы инспекцияға сүйенетінін атап көрсете отырып;
      дамушы елдер үшін осындай инспекцияны импортталатын тауарлардың сапасын, санын және бағаларын тексеру үшін қажет болатындай уақыт пен шамада жүзеге асыру қажеттігін мойындай отырып;
      осындай бағдарламаларды жүзеге асыру ақталмаған кешіктірулерге немесе біркелкі емес режимнің орнауына алып келмеуі тиіс екенін түсіне отырып;
      мұндай инспекция, айқындалуы бойынша, экспорттаушы мүше елдердің аумағында жүзеге асырылатынын атап көрсете отырып;
      инспекцияны қолданатын мүше елдердің, сол сияқты экспорттаушы мүше елдердің келісілген халықаралық құқықтары мен міндеттемелерін белгілеу қажеттігін мойындай отырып;
      ГАТТ 1994 қағидаттары мен міндеттемелері жөнелту алдындағы инспекция органдарының мүшелер болып табылатын үкіметтердің өкімдері негізінде жүзеге асырылатын қызметіне қолданылатынын мойындай отырып;
      жөнелту алдындағы инспекция органдары қызметінің, сондай-ақ жөнелту алдындағы инспекцияға жататын заңдар мен нормативтік актілердің транспаренттілігін қамтамасыз ету ниетін мойындай отырып;
      экспорттаушылар мен жөнелту алдындағы инспекция органдары арасында осы Келісім шеңберінде туындайтын дауларды жедел, тиімді және әділ реттеуді қамтамасыз етуге ниеттене отырып;
      төмендегілер туралы уағдаласады:

1-БАП
Қолданылу аясы. Анықтамалар

      1. Осы Келісім мүше елдің үкіметінің немесе кез келген үкіметтік органының келісімшарты немесе өкімінің негізінде осындай қызмет жүргізілетіні не жүргізілмейтініне қарамастан, мүшелердің аумағында жүзеге асырылатын жөнелту алдындағы инспекция бойынша барлық қызметке қолданылады.
      2. «Инспекцияны қолданатын мүше» термині жөнелту алдындағы инспекция жүргізуді тапсыратын немесе ұйғаратын мүшені, үкіметті немесе кез келген үкіметтік органды білдіреді.
      3. Жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызмет инспекцияны қолданатын мүшенің аумағына экспорттауға арналған тауарлардың кедендік жіктемесінің валюталық бағамы мен қаржы жағдайларын және/немесе дұрыстығын қоса алғанда, сапасын, санын, бағасын тексерумен байланысты кез келген қызмет болып табылады.
      4. «Жөнелту алдындағы инспекция органы» термині мүшенің келісімшарты немесе өкімінің негізінде жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметті жүзеге асыратын кез келген органды білдіреді1.
________________
1 Осы ереже мүшелерді басқа мүшелердің үкіметтік органдарына жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметті олардың аумағында жүзеге асыруға рұқсат етуге міндеттемейді деп түсініледі.

2-БАП
Инспекцияны қолданатын мүшелердің міндеттемелері

      Кемсітпеу
      1. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметтің кемсітпейтін түрде жүзеге асырылуын және осы қызмет барысында пайдаланылатын рәсімдер мен критерийлердің әділ болуын және осындай қызметке мүдделі барлық экспорттаушыларға тең негізде қолданылуын қамтамасыз етеді. Олар, келісімшарт немесе өкім негізінде әрекет ететін жөнелту алдындағы инспекция органдарының барлық инспекторларының инспекцияны бірдей жүргізуін қамтамасыз етеді.
      Үкіметтік өкімдер
      2. Инспекцияны қолданатын мүшелер олардың заңдарымен, нормативтік актілерімен және өкімдерімен байланысты жөнелту алдындағы инспекцияны жүзеге асыру кезінде ГАТТ 1994 ІІІ-бабы 4-тармағының ережелерінің іске қатысты шамасында сақталуын қамтамасыз етеді.
      Инспекцияның орны
      3. Инспекцияны қолданатын мүшелер тексеруден өткені туралы куәлікті немесе бермеу туралы хабарламаны беруді қоса алғанда, жөнелту алдындағы инспекция бойынша барлық қызметтің тауарлар экспортталатын кеден аумағында жүргізілуін немесе егер инспекцияны осы тауарлардың кешенді сипатына қарай осы кеден аумағында жүзеге асыру мүмкін болмаса немесе ол туралы екі тарап келіссе, онда тауар өндірілетін кеден аумағында жүргізуді қамтамасыз етеді.
      Стандарттар
      4. Инспекцияны қолданатын мүшелер сан мен сапаның инспекциялық тексерістерінің сатып алу келісімшартында сатушы мен сатып алушы айқындаған стандарттарға сәйкес жүзеге асырылуын және осындай стандарттар болмаған жағдайда тиісті халықаралық стандарттардың қолданылуын қамтамасыз етеді2.
      Транспаренттілік
      5. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметтің жария және ашық жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
      6. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция органдарының өздеріне экспорттаушылар алғаш рет жүгінген кезде оларға инспекцияның талаптарын сақтау үшін қажетті барлық мәліметтердің тізбесін ұсынуын қамтамасыз етеді. Экспорттаушылардың өтініші бойынша, жөнелту алдындағы инспекция органдары оларға ең жаңа ақпаратты ұсынады. Мұндай ақпаратта инспекцияны қолданатын мүшенің жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметке жататын заңдары мен нормативтік актілері, сондай-ақ бағалар мен валюталық айырбастау бағамдарын инспекциялау мен тексеру мақсатында қолданылатын рәсімдері мен критерийлері, 21-тармақта баяндалған инспекция органдарына экспорттаушылардың vis-а-vis құқықтары мен шағымдану рәсімдері көрсетіледі. Қосымша рәсімдік талаптар немесе қолданыстағы рәсімдерге өзгерістер егер мүдделі экспорттаушы инспекция күнін тағайындау кезінде осы өзгерістер туралы хабардар етілмеген болса ғана жөнелтуге қолданылмайды. Алайда, ГАТТ 1994 XX және XXI баптарында қамтылған төтенше жағдайларда мұндай қосымша талаптар немесе өзгерістер ол туралы экспорттаушы хабардар етілгенге дейін де жөнелтуге қолданылуы мүмкін. Дегенмен мұндай жәрдемдесу экспорттаушыларды инспекцияны қолданатын мүшелердің импорттық қағидаларды сақтауына қатысты міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
      7. Инспекцияны қолданатын мүшелер 6-тармақта көрсетілген ақпараттың экспорттаушыларға қолайлы нысанда берілуін және жөнелту алдындағы инспекция органдарының қарамағындағы жөнелту алдындағы инспекцияның офистері осындай ақпаратқа ие ақпараттық орталықтар ретінде қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді.
      8. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметке қатысты барлық заңдар мен нормативтік актілерді басқа үкіметтер мен сауда қатысушыларына олармен танысу мүмкіндігін беру үшін кешіктірмей жариялайды.
      Құпиялы ресми ақпаратты қорғау
      9. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция органдарының жөнелту алдындағы инспекция барысында алынған барлық ақпаратты осы ақпарат жарияланып қоймаған, үшінші тараптарға қолжетімді болмаған немесе қандай да бір жолмен жариялылық жетістігі болмаған жағдайда құпиялы ресми ақпарат ретінде қарауын қамтамасыз етеді. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция органдарының рәсімдерді көрсетілген талапты сақтай отырып, қолдануын қамтамасыз етеді.
      10. Инспекцияны қолданатын мүшелер өтінім бойынша мүшелерге 9-тармақтың талаптарын сақтау үшін қолданатын шаралары туралы ақпаратты ұсынады. Осы тармақтың ережелері қандай да бір мүшеден ашылуы жөнелту алдындағы инспекция бағдарламаларының тиімділігін төмендететін немесе нақты мемлекеттік не жеке кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне зиян келтіретін құпиялы ақпаратты ашуды талап етпейді.
      11. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция органдары келісімшарттың немесе тиісті өкімнің негізінде жұмыс істейтін үкіметтік органдармен осындай ақпаратпен бөлісе алатын жағдайларды қоспағанда, жөнелту алдындағы инспекция органдарының құпиялы ақпаратты кез келген үшінші тарапқа ашпауын қамтамасыз етеді. Инспекцияны қолданатын мүшелер келісімшарттың немесе тиісті өкімнің негізінде жұмыс істейтін жөнелту алдындағы инспекция органдарынан алған құпиялы ресми ақпараттың тиісті түрде қорғалуын қамтамасыз етеді. Жөнелту алдындағы инспекция органдары өздері келісімшарттың немесе тиісті өкімнің негізінде жұмыс істейтін үкіметпен құпиялы ресми ақпаратпен осындай ақпарат әдетте аккредитивті немесе төлемнің басқа нысандарын ашу үшін немесе кеден мақсаттары, импорттық лицензиялау немесе валюталық бақылау мақсаттары үшін талап етілетін шамада бөліседі.
      12. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция органдарының экспорттаушылардан мыналарға:
      (a) патенттелген, лицензиялық немесе ашылмаған процестерге немесе патент алу күтілетін процестерге қатысты өндіріс туралы деректерге;
      (b) техникалық регламенттерге немесе стандарттарға сәйкестікті растау үшін қажеттілерден басқа, жарияланбаған техникалық деректерге;
      (c) өндіріс шығасыларын қоса алғанда, ішкі бағаны қалыптастыруға;
      (d) пайда мөлшерлеріне;
      (e) егер осы әрекеттерсіз осы инспекцияны жүргізу мүмкін болмаса, экспорттаушылар мен олардың өнім берушілері арасындағы келісімшарттардың талаптарына қатысты ақпаратты талап етпеуін қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайларда орган осы мақсатқа қажетті ақпаратты ғана сұратады.
      13. Жөнелту алдындағы инспекция органдары ұсынуын талап ете алмайтын 12-тармақта көрсетілген ақпаратты нақты жағдайдың ерекшеліктерін көрсету үшін экспорттаушы ерікті түрде ашуы мүмкін.
      Мүдделер қақтығысы
      14. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция органдарының рәсімдерді 9-13-тармақтарда баяндалған құпиялы ресми ақпаратты қорғау туралы ережелерді ескере отырып, мыналардың:
      (a) жөнелту алдындағы инспекция органдары мен жөнелту алдындағы инспекцияның осы органдарымен байланысты кез келген органдардың арасында, оған қоса жөнелту алдындағы инспекция органдарының қаржылық немесе коммерциялық мүддесі бар кез келген органдардың немесе жөнелту алдындағы инспекцияның осы органдарында қаржылық мүддесі бар кез келген органдардың және жөнелтулері жөнелту алдындағы инспекция органдарының инспекциялауына жататын органдардың арасында;
      (b) жөнелту алдындағы инспекция органдары мен кез келген басқа органдардың, оған қоса инспекцияның келісімшарттық негізде немесе өкімнің негізінде жүргізілуін тапсыратын үкіметтік органдарды қоспағанда, жөнелту алдындағы инспекцияға жататын басқа органдардың арасында;
      (c) инспекция процесін жүзеге асыру үшін талап етілетін қызметтен басқа, қызметті жүзеге асыратын жөнелту алдындағы инспекция органдарының бөлімшелерімен мүдделер қақтығысын болдырмайтындай түрде жүргізуін қамтамасыз етеді.
      Кешіктірулер
      15. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция органдарының жүктерді инспекциялау кезінде ақталмаған кешіктірулерді болдырмауын қамтамасыз етеді. Инспекцияны қолданатын мүшелер, егер осы күн экспорттаушы мен жөнелту алдындағы инспекция органы арасында өзара келісу бойынша өзгертілмесе немесе егер жөнелту алдындағы инспекция органы экспорттаушының салдарынан не force majeure3 байланысты инспекция жүргізу мүмкіндігінен айрылған болса, жөнелту алдындағы инспекция органы мен экспорттаушы арасында инспекциялау күнін келіскеннен кейін жөнелту алдындағы инспекция органының инспекциялауды көрсетілген күні жүргізуін қамтамасыз етеді.
      16. Инспекцияны қолданатын мүшелер қорытынды құжаттарды алғаннан кейін және инспекциялау аяқталғаннан кейін жөнелту алдындағы инспекция органдарының бес жұмыс күні ішінде не тексерістен өткені туралы куәлік беруін, не бермеу себептерін көрсете отырып, егжей-тегжейлі жазбаша түсініктеме беруін қамтамасыз етеді. Инспекцияны қолданатын мүшелер, куәлікті бермеу туралы түсініктеме берілген жағдайда, жөнелту алдындағы инспекция органдарының экспорттаушыларға олардың өз пікірлерін жазбаша түрде баяндауына және экспорттаушылардың тиісті өтініші бойынша жақындағы өзара қолайлы күні қайта инспекциялау туралы келісуіне мүмкіндік беруін қамтамасыз етеді.
      17. Инспекцияны қолданатын мүшелер экспорттаушылардың өтініші бойынша жөнелту алдындағы инспекция органдарының нақты инспекциялау күніне дейін бағаға алдын ала тексеру жүргізуін және тиісті жағдайларда, экспорттаушы мен импорттаушының арасындағы келісімшарттың негізінде валюталық айырбастау бағамына, pro forma шоттарына және қолайлы болған жағдайда импорттауға рұқсат беру өтініміне тексеру жүргізуін қамтамасыз етеді. Инспекцияны қолданатын мүшелер алдын ала тексеру барысында бағаны немесе валюталық айырбастау бағамын мақұлдаған жөнелту алдындағы инспекция органдарының тауарлар импорттау құжаттамаларына және/немесе импорттау лицензиясына сәйкес болған жағдайда, кейін өзінің шешімін қайтарып алмауын қамтамасыз етеді. Олар жөнелту алдындағы инспекция органдарының алдын ала тексерісті өткізгеннен кейін экспорттаушыларды жазбаша түрде өзінің мақұлдауы туралы немесе бағамен және/немесе валюталық айырбастау бағамымен келіспеуінің нақты себептері туралы дереу хабардар етуін қамтамасыз етеді.
      18. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция органдарының экспорттаушыларға немесе экспортаушылардың уәкілетті өкілдеріне төлемдерді кешіктірмеу үшін тексерістен өткені туралы куәлікті мүмкіндігінше тез жіберуін қамтамасыз етеді.
      19. Инспекцияны қолданатын мүшелер тексерістен өткені туралы куәлікте кеңселік қате болған жағдайда жөнелту алдындағы инспекция органдарының осы қатені түзетуін және түзетілген құжатты мүмкіндігінше жылдамырақ тиісті тараптарға қайта жіберуін қамтамасыз етеді.
      Бағаны тексеру
      20. Инспекцияны қолданатын мүшелер фактуралық құнды көтеруді және төмендетуді және алдануды болдырмау үшін жөнелту алдындағы инспекция органдарының мына қағидаларға сәйкес бағаға тексеру жүргізуін қамтамасыз етеді4:
      (a) жөнелту алдындағы инспекция органдары экспорттаушы мен импорттаушы арасында келісілген келісімшарттық бағаны егер олар өздерінің қанағаттанарлықсыз бағасы туралы растамасының (b)-(е) тармақшаларда баяндалған критерийлерге сәйкес тексеру рәсіміне негізделгенін дәлелдей алған жағдайда ғана қабылдамайды;
      (b) жөнелту алдындағы инспекция органы аумағынан экспорт жүзеге асырылатын бір елдің экспортына ұсынылған сәйкес немесе ұқсас тауарлардың бағасы (бағалары) негізінде, әдеттегі сауда практикасына сәйкес, оның үстіне әдетте қолданылатын кез келген жеңілдіктерсіз, бәсекелес және салыстырмалы сату жағдайларында, бір уақытта экспорттық бағаны тексеру мақсаттары үшін бағаларға салыстыру жүргізеді. Мұндай салыстыру мыналарға сүйене отырып, жүргізіледі:
      (i) есептеуге импорттау елінде немесе бағаны салыстыру мақсаттары үшін пайдаланатын елде немесе елдердегі тиісті экономикалық факторларды ескере отырып, салыстыру үшін тиісті негізді қамтамасыз ететін бағалар ғана қабылданады;
      (ii) жөнелту алдындағы инспекция органы осы жөнелтуге ең төмен бағаны еркін белгілеу үшін әртүрлі импорттау елдеріне экспорттау мақсатында ұсынылған тауарлардың бағасын негізге алмайды;
      (iii) жөнелту алдындағы инспекция органы (с) тармақшасында санамаланған нақты факторларды ескереді;
      (iv) жоғарыда сипатталған процестің кез келген кезеңінде жөнелту алдындағы инспекция органы экспорттаушыға бағаны негіздеу мүмкіндігін ұсынады;
      (c) бағаны тексеру барысында жөнелту алдындағы инспекция органдары сатып алу-сату шартының талаптары мен мәмілеге қатысты әдетте қолданылатын нақтылаушы факторларды назарға алады; мұндай факторлардың қатарына сауда операциясының кезеңі және сату көлемі, жеткізу мерзімдері мен шарттары, бағаларды қайта қарау туралы ескертулер, сапасына қатысты ерекшеліктер, құрылымның өзіндік ерекшеліктері, жүктеу мен ораудың ерекше шарттары, тапсырыстың көлемі, қолма-қол ақшаға сатулар, маусымдық ауытқулардың ықпалы, лицензиялық алымдар және егер олар үшін белгілі практикаға сәйкес жеке шоттар ұсынылмаса, келісімшарт шеңберінде ұсынылған зияткерлік меншік пен көрсетілетін қызметтер үшін басқа төлемдер жатады, бірақ олармен шектелмейді; сондай-ақ олардың қатарына экспорттаушының бағасына қатысты кейбір элементтер, мысалы, экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттық қатынастар жатады;
      (d) көліктік шығыстарды тексеру сатып алу-сату шартында көрсетілгендей экспорттаушы елдегі көліктің осы түрінің келісілген бағасына ғана жатады;
      (e) бағаны тексеру мақсаттары үшін мына элементтер:
      (i) осы елде өндірілген тауарлардың импорттаушы елдегі сату бағасы;
      (ii) экспорттаушы елден емес, басқа елден экспорттауға арналған тауарлардың бағасы;
      (iii) өндірістің шығасылары;
      (iv) туынды немесе жасанды бағалар немесе құндық көрсеткіштер есепке алынбайды.
      Шағымдану рәсімі
      21. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция органдарының экспорттаушылардың шағымдарын алу, қарау және олар бойынша шешімдер шығару рәсімдерін белгілеуін және мұндай рәсімдер туралы ақпараттың экспорттаушылардың иелігіне 6 және 7-тармақтардың ережелеріне сәйкес ұсынылуын қамтамасыз етеді. Инспекцияны қолданатын мүшелер осы рәсімдердің мына қағидаларға сәйкес әзірленуін және қолданылуын қамтамасыз етеді:
      (a) жөнелту алдындағы инспекция органдары экспорттаушылардың аппеляциялары мен шағымдарын алу, қарау және олар бойынша шешімдер шығару үшін жөнелту алдындағы инспекция бойынша әкімшілік кеңсесі бар әрбір қалада немесе портта қалыпты жұмыс күні ішінде қолжетімді болатын бір не одан көп уәкілеттілерді тағайындайды;
      (b) экспорттаушылар тағайындалған қызметтік тұлғаның (қызметтік тұлғалардың) назарына жазбаша түрде осы нақты мәмілеге қатысты фактілерді, шағымның сипатын және ұсынылатын шешімді жеткізеді;
      (c) тағайындалған қызметтік тұлға (қызметтік тұлғалар) экспорттаушылардың шағымдарын тілектестікпен қарайды және (b) тармақшасында көрсетілген құжаттаманы алғаннан кейін мүмкіндігінше тез арада шешім шығарады.
      Ерекшелік
      22. 2-баптың ережелерінен бөлек, инспекцияны қолданатын мүшелер инспекцияны қолданатын мүше айқындағандай, осындай жөнелтулерге қолданылатын ең төмен құннан төмен құн, бөліктер бойынша жөнелтулерді қоспағанда, жөнелтулер айрықша жағдайлардан басқа жағдайларда инспекциялаудан өтпеуін қамтамасыз етеді. Осы ең төмен құнның мөлшері туралы мәліметтер экспорттаушыларға 6-тармақтың ережелеріне сәйкес ұсынылатын ақпараттың бөлігін құрайды.
_____________________
2 Халықаралық стандарт деп мүшелігі барлық мүшелер үшін ашық және қызметінің танылған түрлерінің бірі стандарттаумен байланысты, үкіметтік және үкіметтік емес органдар бекіткен стандарт түсініледі.
3 Осы Келісімнің мақсаттары үшін «force majeur» «еңсерілмейтін әсер немесе оқиғалардың күтпеген дамуы және келісімшарттың талаптарын орындаудан босатуды» білдіреді.
4 Жөнелту алдындағы инспекция органдарының кедендік бағалауға байланысты көрсетілетін қызметтеріне қатысты инспекцияны қолданатын мүшелердің міндеттемелері олардың ГАТТ 1994 және ДСҰ туралы келісімге 1А қосымшаға енгізілген басқа Көпжақты сауда келісімдері негізінде қабылдаған міндеттемелері болып табылады.

3-БАП
Экспорттаушы мүшелердің міндеттемелері

      Кемсітпеу
      1. Экспорттаушы мүшелер өздерінің жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметке қатысты заңдары және нормативтік актілерінің кемсітпейтін түрде қолданылуын қамтамасыз етеді.
      Транспаренттілік
      2. Экспорттаушы мүшелер жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметке қатысты қолданатын барлық заңдары мен нормативтік актілерін басқа үкіметтер мен сауда қатысушыларына олармен танысу мүмкіндігін беру үшін дереу жариялайды.
      Техникалық жәрдем көрсету
      3. Экспорттаушы мүшелер инспекцияны қолданатын мүшелердің өтінімі бойынша оларға өзара келісілген шарттарда, осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған техникалық қолдауды көрсету дайын екендігін білдіреді5.
______________________
5 Мұндай техникалық жәрдем беру екіжақты, топтық немесе көпжақты негізде көрсетілуі мүмкін деп түсініледі.

4-БАП
Тәуелсіз қарау рәсімі

      Мүшелер жөнелту алдындағы инспекция органдары мен экспорттаушыларды олардың арасындағы дауларды екіжақты реттеуге шақырады. Алайда шағым ұсынғаннан кейін екі жұмыс күні өткеннен кейін 2-баптың 21-тармағының ережелеріне сәйкес кез келген тарап дауды тәуелсіз қарауға бере алады. Мүшелер төменде көрсетілген рәсімдердің келесідей түрде енгізілуі мен қолданылуын қамтамасыз ететін, өздеріне қолжетімді оңтайлы шараларды қабылдайды:
      (a) бұл рәсімдерді жөнелту алдындағы инспекция органдарын ұсынатын ұйыммен және экспорттаушыны ұсынатын ұйыммен бірлесіп осы Келісімнің мақсаттары үшін құрылған тәуелсіз орган жүзеге асырады;
      (b) (а) тармақшасында көрсетілген тәуелсіз орган мыналарды қамтитын сарапшылар тізімін құрайды:
      (i) жөнелту алдындағы инспекцияның органдарын ұсынатын ұйым тағайындаған төрелік топтың мүшелерін қамтитын бөлім;
      (ii) экспорттаушыларды ұсынатын ұйым тағайындаған төрелік топтың мүшелерін қамтитын бөлім;
      (iii) (а) тармақшасында аталған тәуелсіз орган тағайындаған тәуелсіз сауда сарапшыларын қамтитын бөлім.
      Тізімге енгізілген сарапшыларды географиялық тұрғыдан бөлу осы рәсімдердің шеңберінде туындаған кез келген даулардың жедел қарауын қамтамасыз ете алатындай болып табылады. Бұл тізім ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде дайындалады және жыл сайын жаңартылады. Бұл тізім жалпыға қолжетімді болып табылады. Ол Хатшылықтың назарына жеткізіледі және барлық мүшелерге жөнелтіледі.
      (с) дауларды бастауға ниет білдірген экспорттаушы немесе жөнелту алдындағы инспекция органы (а) тармақшасында аталған тәуелсіз органмен байланысады және төрелік топ құруды сұрайды. Тәуелсіз орган төрелік топты құруға жауапкершілікте болады. Мұндай төрелік топтың құрамына үш мүше кіреді. Төрелік топтың мүшелері ақталмайтын шығыстар мен кешіктірулерді болдырмайтындай сайланады. Бірінші мүшені осы мүше экспорттаушымен байланысты болмаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген тізімнің (і) бөлімінен жөнелту алдындағы инспекцияның мүдделі органы сайлайды. Екінші мүшені осы мүше экспорттаушымен байланысты болмаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген тізімнің (іі) бөлімінен мүдделі экспорттаушы сайлайды. Үшінші мүшені жоғарыда көрсетілген тізімнің (ііі) бөлімінен (а) тармақшасында аталған тәуелсіз орган сайлайды. Жоғарыда көрсетілген тізімнің (ііі) бөлімінен сайланған кез келген тәуелсіз сауда сарапшысына қатысты ешқандай наразылықтар қабылданбайды;
      (d) жоғарыда көрсетілген тізімнің (ііі) бөлімінен сайланған тәуелсіз сауда сарапшысы төрелік топ төрағасының функцияларын орындайды. Тәуелсіз сауда сарапшысы төрелік топтың дауды жедел реттеуін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шешімдерді, мысалы, осы жағдайдың фактілері бойынша төрелік топтың мүшелерін шақыру керек пе, керек емес пе, егер керек болса, онда осы инспекцияны жүргізудің орнын ескере отырып, мұндай кеңесің қай жерде өтетіні сияқты шешімдерді қабылдайды;
      (е) дауға қатысушылардың келісуі бойынша тиісті дауды қарау үшін (а) тармақшасында аталған тәуелсіз орган жоғарыда көрсетілген тізімнің (ііі) бөлімінен бір тәуелсіз сауда сарапшысын таңдай алады. Бұл сарапшы даудың жедел реттелуін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шешімдерді қабылдайды, мысалы, даудың нысанасы болып табылатын инспекцияны өткізу орнын ескере отырып, шешімдер қабылдайды;
      (f) қарау нысанасы өзіне қатысты дау жүріп жатқан инспекция барысында дауға қатысушылар осы Келісімнің ережелерін сақтағанын не сақтамағанын анықтау болып табылады. Рәсімдер тез орындалуы тиіс және екі тарапқа да өз пікірлерін жеке немесе жазбаша нысанда баяндауға мүмкіндік беруге тиіс;
      (g) үш мүшеден тұратын төрелік топтың шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дау бойынша шешім тәуелсіз қарау өткізу туралы өтініш ұсынылған кезден бастап сегіз жұмыс күні ішінде шығарылады және дауға қатысушыларға хабарланады. Дауға қатысушы тараптардың келісуі бойынша бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. Төрелік топ немесе тәуелсіз сауда сарапшысы шығыстарды қаралатын істің нақты ерекшеліктеріне сүйене отырып, бөледі.
      (h) төрелік топтың шешімі даудағы тараптар болып табылатын жөнелту алдындағы инспекцияның органы мен экспорттаушы үшін міндетті болып табылады.

5-БАП
Хабарламалар

      Мүшелер Хатшылыққа осы Келісімді қолданысқа енгізуде негізге алатын заңдар мен нормативтік актілердің көшірмелерін, сондай-ақ ДСҰ туралы келісім осы мүше үшін күшіне енгенде жөнелту алдындағы инспекцияға жататын кез келген басқа заңдар мен нормативтік актілердің көшірмелерін ұсынады. Жөнелту алдындағы инспекцияға қатысты заңдар мен нормативтік актілердегі ешқандай өзгерістер осындай өзгерістер ресми жарияланғанға дейін қолданылмайды. Олар жарияланғаннан кейін бірден Хатшылықтың назарына жеткізіледі. Хатшылық мүшелерді осындай ақпараттың бар екендігі туралы хабардар етеді.

6-БАП
Келісімнің қолданылуын қарау

      ДСҰ жөніндегі келісім күшіне енген күннен бастап екінші жылдың соңында және келесі әрбір үш жыл өткен сайын Министрлер конференциясы осы Келісімнің мақсаттары мен қолдануда жиналған тәжірибесін назарға ала отырып, оның ережелерін, орындалуы мен қолданылуын қарайды. Осындай қараудың нәтижелері бойынша Министрлер конференциясы осы Келісімнің ережелеріне түзетулер енгізе алады.

7-БАП
Консультациялар

      Мүшелер өтінім бойынша басқа мүшелермен осы Келісімді қолдануға қатысты кез келген мәселе бойынша консультациялар өткізеді. Мұндай жағдайларда осы Келісімге Дауларды шешу туралы уағдаластық шеңберінде әзірленгеніндей және қолданылатынындай ГАТТ 1994 XXII бабының ережелері қолданылады.

8-БАП
Дауларды реттеу

      Осы Келісімді қолдануға қатысты мүшелер арасындағы кез келген даулар Дауларды шешу туралы уағдаластықта әзірленгеніндей және қолданылатынындай ГАТТ 1994 XXIII бабының ережелері негізінде шешіледі.

9-БАП
Қорытынды ережелер

      1. Мүшелер осы Келісімді орындау үшін қажетті шараларды қабылдайды.
      2. Мүшелер өздерінің заңдары мен нормативтік актілерінің осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмеуін қамтамасыз етеді.

ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ

      Мүшелер,
      1986 жылғы 20 қыркүйекте Министрлер көпжақты сауда келіссөздерінің Уругвайлық раунды «әлемдік сауданың одан әрі ырықтандырылуын және кеңейтілуін қамтамасыз етуге», «ГАТТ-тың рөлін күшейтуге» және «ГАТТ жүйесінің өзгеріп отыратын халықаралық экономикалық жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға» бағытталуы тиіс екендігі туралы уағдаласқандарын атап өте отырып;
      1994 жылғы ГАТТ мақсаттарының жүзеге асырылуына ықпал етуге ниет білдіре отырып;
      Шығарылған жерінің айқын әрі болжанатын қағидалары мен оның қолданылуы халықаралық сауданың дамуын жеңілдететінін мойындай отырып;
      Саудадағы керексіз кедергілерді Шығарылған жері қағидалары өздігінен туындатпайтын жағдайды қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып;
      Шығарылған жері қағидалары 1994 жылғы ГАТТ бойынша мүшелердің құқықтарын жоймайтын немесе шектемейтін жағдайды қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып;
      Шығарылған жері қағидаларына қатысты заңдардың, нормативтік актілердің және практиканың айқындығын қамтамасыз ету қажеттілігін мойындай отырып;
      Шығарылған жері қағидалары әзірленетін және олар мүлтіксіз, айқын, болжамды, дәйекті және бейтарап түрде қолданылатын жағдайды қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып;
      Осы Келісімнің шеңберінде туындайтын даулардың тез, тиімді әрі әділ шешілуіне арналған консультациялар мен рәсімдердің тетіктері бар екендігін мойындай отырып;
      Шығарылған жері қағидалары үйлестіруге және нақтылауға ниет білдіре отырып;
      Осы келісіммен төмендегілер туралы уағдаласады:

I БӨЛІК
АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 1-БАП
Шығарылған жері қағидалары

      1. Осы Келісімнің I-IV бөлімдерінің мақсаттары үшін, осындай Шығарылған жері қағидалары шарттық немесе автономды негізде 1994 жылғы ГАТТ І бабының 1-тармағын қолдану шегінен тыс тарифтік преференцияларды ұсынумен байланысты болмаған жағдайда, кез келген мүше тауарлардың шығарылған елін айқындау үшін пайдаланатын заңдардың, нормативтік актілердің және жалпы қолданылатын әкімшілік органдар шешімдерінің жиынтығы шығарылған жері қағидалары деп түсініледі.
      2. 1-тармақта атап өтілген Шығарылған жерін қағидалары 1994 жылғы ГАТТ I, II, III, XI және XIII баптарына сәйкес барынша қолайлылық режимі; 1994 жылғы ГАТТ VI бабына сәйкес демпингке қарсы және өтемақы баждары; 1994 жылғы ГАТТ XIX бабына сәйкес қорғау шаралары;
      1994 жылғы ГАТТ IX бабына сәйкес шығарылған жеріне қатысты таңбалауға қойылатын талаптар; және кез келген кемсітушілік сандық шектеулер немесе тарифтік квоталар сияқты преференцияларды ұсынумен байланысты емес сауда саясатының құралдарын қолданған кезде пайдаланылатын шығарылған жерінің барлық қағидаларын қамтиды1.
_________________
1 Бұл ереже «отандық өнеркәсіп» немесе «отандық өнеркәсіптің ұқсас тауарлары» сөз тіркестерін немесе ұқсас сөз тіркестерді, олар қолданылған барлық жерде, түсіндіру мақсатында жасалған тауарлардың шығарылған жерінің анықтамаларына залал келтірмейді деп түсініледі.

II БӨЛІК
ТАУАРЛАРДЫҢ ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРІ ҚАҒИДАЛАРЫН
ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 2- БАП
Өтпелі кезең ішіндегі міндеттемелер

      IV бөлікте жазылған Шығарылған жері қағидалары үндестіру жөніндегі жұмыс бағдарламасын іске асыру аяқталғанға дейін мүшелер мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді:
      (а) жалпы қолданылатын әкімшілік шешімдер шығарған кезде орындалуға жататын талаптар нақты тұжырымдалулары тиіс. Атап айтқанда:
      (i) тарифтік сыныптама кодын өзгерту критерийі қолданылған жағдайларда, мұндай шығарылған жері қағидалары және бұл қағидадан кез келген ерекшелік, осы қағидаға сілтеме жасайтын тарифтік номенклатураның кодтарын, кіші бөлімдерін немесе бөлімдерін нақты көрсетуге тиіс;
      (ii) адвалор үлесінің критерийі қолданылған жағдайларда, Шығарылған жері қағидаларында осы адволор үлесін есептеуге арналған әдіс көрсетілу тиіс;
      (iii) өндіру немесе ішінара қайта өңдеу операцияларының негізінде критерийлер ұйғарылған жағдайларда, осы тауардың шығу критерийі ретінде пайдаланылатын операция дәл көрсетілуі тиіс;
      (b) Шығарылған жері қағидаларымен байланысты сауда саясатының шараларына немесе құралына қарамастан, олар саудаға әсер ететін құралдар ретінде тікелей немесе жанама пайдаланылмаулары тиіс;
      (c) Шығарылған жері қағидаларымен өздігінен халықаралық саудаға шектеуші, бұрмалаушылық немесе іріткі салушылық әсер етпеулері тиіс. Олар қисынсыз қатаң талаптар қоймауы немесе шығарылған елін айқындау үшін өндіріспен немесе өңдеумен байланысты емес қандай да бір жағдайдың орындалуын талап етпеулері тиіс. Алайда, өндіріспен немесе өңдеумен тікелей байланысты емес шығыстар (а) тармақшасына сәйкес адвалор үлесінің критерийін қолдану мақсатында ескерілуі мүмкін;
      (d) импорттау және экспорттау кезінде мүшелер қолданатын Шығарылған жері қағидалары тауардың осы елде өндірілгендігін айқындау үшін қолданылатын қағидаларға қарағанда, аса қатаң болмауы тиіс және осы тауарды өндірушілердің ұлтына қарамастан, басқа мүшелердің арасында кемсітушілікке алып келмеуі тиіс2;
      (e) олардың Шығарылған жері қағидалары дәйектілікпен, біркелкі, мүлтіксіз және қисынды түрде қолданылады;
      (f) олардың Шығарылған жері қағидалары оң критерийге негізделеді. Тауардың шығарылған жерін айқындамайтын (теріс критерий) белгілерге негізделетін Шығарылған жері қағидаларын оң критерийді немесе шығарылған жерінің оң анықтамасы қажет болып табылмайтын жекелеген жағдайларда түсіндіру үшін қолдануға рұқсат етіледі;
      (g) олардың Шығарылған жері қағидаларына қатысты заңдары, нұсқаулықтары, сот шешімдері және жалпы қолданылатын әкімшілік қағидалары 1994 жылғы ГАТТ Х бабының 1-тармағының ережелеріне сай келетіндей, және оларға сәйкес жарияланады;
      (h) экспорттаушының, импорттаушының немесе негізді себептері бар кез келген адамның сұранысы бойынша, тауардың шығарылған елін айқындау туралы шешім мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ тауар туралы барлық қажетті мәліметтер хабарланған жағдайда, тауардың шығарылған елін айқындау туралы осындай шешімге сұраныс келіп түскеннен кейін 150 күннен3 кешіктірілмей хабарланады. Осындай шешімдерге сұраныстар осы тауар саудасы басталғанға дейін қабылданулары тиіс және одан әрі кез келген уақытта қабылдануы мүмкін. Фактілер мен шарттар негізінде жасалған Шығарылған жері қағидаларын қоса алғанда, осы фактілер мен шарттар салыстырмалы болып қалатын жағдайда, мұндай шешімдер үш жыл бойы күшінде қалулары тиіс.
      Мүдделі тараптар алдын ала хабардар етілген жағдайда, егер (j) тармақшасымен көзделген қарау барысында осы шешімге қайшы келетін шешімдер қабылданса, мұндай шешімдер одан әрі қолданылмайды. Мұндай бағалаулар, (к) тармақшасының ережелері сақталған жағдайда, жалпыға бірдей қолжетімді болулары тиіс;
      (i) өзінің Шығарылған жері қағидаларына өзгерістер енгізген кезде немесе жаңа Шығарылған жері қағидалары енгізілген кезде өз заңдарында және нормативтік актілерінде айқындалғандай және оларға залал келтірілмей, мұндай өзгерістердің кері күші болмайды;
      (j) шығарылған жерін айқындау саласында олар қабылдайтын кез келген әкімшілік іс-қимыл ең қысқа мерзімде соттық, төрелік немесе әкімшілік тәртіппен немесе анықтаманы шығарған билік органдарынан тәуелсіз рәсімдерге сәйкес шағымдалуы мүмкін, ол бұл шешімнің өзгеруіне немесе алып тасталуына алып келуі мүмкін;
      (k) құпия сипаттағы немесе Шығарылған жері қағидаларын қолдану мақсатында құпия түрде ұсынылған бүкіл ақпаратты қатаң құпия ақпарат ретінде тиісті билік органдары қарайды, бұл ретте, сот рәсімінің шеңберінде ашылуы талап етілуі мүмкін шамада ашылатын ақпараттан басқа, олар оны осындай ақпаратты ұсынған адамның немесе үкіметтің арнайы рұқсатынсыз ашпаулары тиіс.
_____________________
2 Үкіметтік сатып алулар үшін қолданылатын, шығарылған жерін айқындау қағидасына қатысты бұл жағдай, 1994 жылғы ГАТТ бойынша мүшелер қабылдағаннан басқа қосымша міндеттемелерді туындатпайды.
3 ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап алғашқы жылы жасалған сұраныстарға қатысты мүшелерден мүмкіндігінше қысқа мерзімде осындай шешімдер қабылдау ғана талап етіледі.

3-БАП
Өтпелі кезеңнен кейінгі міндеттемелер

      IV бөлікте баяндалған үндестіру жөніндегі жұмыс бағдарламасын орындау нәтижесінде үйлестірілген шығарылған жері қағидаларын жасау барлық мүшелердің мақсаты екендігін ескере отырып, олар мыналарды қамтамасыз етулері тиіс:
      (а) олар 1-бапта айқындалғандай, Шығарылған жері қағидаларын барлық мақсаттар үшін бірдей қолданады;
      (b) мүшелердің Шығарылған жері қағидаларына сәйкес, не тауар толық алынған, не осы тауардың өндірісіне бір елден көп елдер қатысқан, соңғы айтарлықтай түрде өңдеу жүзеге асырылған ел нақты тауардың шығарылған елі ретінде айқындалуға тиіс ел болып табылады;
      (с) мүшелер импорттау және экспорттау кезінде қолданатын Шығарылған жері қағидалары тауардың осы елде өндірілгендігін айқындау үшін қолданылатын қағидаларға қарағанда аса қатаң болмауға тиіс және осы тауар өндірушілердің ұлтына қарамастан, басқа мүшелердің арасында кемсітушілікке алып келмеуі тиіс;
      (d) Шығарылған жері қағидалары дәйектілікпен, біркелкі, мүлтіксіз және қисынды түрде қолданылады;
      (е) мүшелердің Шығарылған жері қағидаларына қатысты заңдары, нұсқаулықтары, сот шешімдері және жалпы қолданылатын әкімшілік қағидалары 1994 жылғы ГАТТ Х бабының 1-тармағының ережелеріне сай келетіндей, және оларға сәйкес жарияланады;
      (f) экспорттаушының, импорттаушының немесе негізді себептері бар кез келген адамның сұранысы бойынша тауардың шығарылған жерін бағалау мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ тауар туралы барлық қажетті мәліметтер хабарланған жағдайда, мұндай шешім туралы сұраныстан кейін 150 күннен кешіктірілмей хабарланады. Тауардың шығарылған елін айқындау туралы шешім жөніндегі сұраныстар осы тауар саудасы басталғанға дейін қабылданулары тиіс және одан әрі кез келген уақытта қабылданулары мүмкін. Егер фактілер мен шарттар негізінде жасалған Шығарылған жері қағидаларын қоса алғанда, осы фактілер мен шарттар салыстырмалы болып қалатын жағдайда, мұндай шешімдер үш жыл бойы күшінде қалулары тиіс. Мүдделі тараптарға ұсынылған жағдайда, егер (h) тармақшасымен көзделген қарау барысында осы шешімге қайшы келетін шешім қабылданса, мұндай шешімдер одан әрі қолданылмайды. Мұндай шешімдер, (і) тармақшасының ережелері сақталған жағдайда, жалпыға бірдей қолжетімді болулары тиіс;
      (g) өзінің Шығарылған жері қағидаларына өзгерістер енгізген кезде немесе жаңа Шығарылған жері қағидалары енгізілген кезде, өз заңдарында және нормативтік актілерінде айқындалғандай және оларға залал келтірмей, кері күші болмаулары тиіс;
      (h) шығарылған жерін айқындауға қатысты олар қабылдайтын кез келген әкімшілік іс-қимылға ең қысқа мерзімде соттық, төрелік немесе әкімшілік органдар немесе анықтаманы шығарған билік органдарына тәуелсіз рәсімдерге сәйкес шағым жасалуы мүмкін, бұл шешімнің өзгеруіне немесе алып тасталуына алып келуі мүмкін;
      (i) құпия сипаттағы немесе Шығарылған жері қағидаларын қолдану мақсатында құпия түрде ұсынылған бүкіл ақпаратты қатаң құпия ақпарат ретінде тиісті билік органдары қарайды, бұл ретте, сот рәсімінің шеңберінде ашылуы талап етілуі мүмкін шамада ашылатын ақпараттан басқа, олар оны осындай ақпаратты ұсынған адамның немесе үкіметтің арнайы рұқсатынсыз ашпаулары тиіс.

III БӨЛІК
ДАУЛАРДЫ ХАБАРЛАУ, ҚАРАУ, КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР БЕРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ РӘСІМДЕРІ ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫҚТАР 4-БАП
Органдар

      1. Осы Келісіммен ДСҰ-ның әрбір мүшесінің өкілінен тұратын Шығарылған жері қағидалары жөніндегі комитет (бұдан әрі осы Келісімде – «Комитет») құрылады. Комитет төрағаны сайлайды және I, II, III, және IV бөліктерде қолдануға немесе осы бөліктерде айқындалған мақсаттарды жүзеге асыруға қатысы бар мәселелер бойынша мүшелерге консультациялар жүргізу мүмкіндігін ұсыну үшін, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес немесе Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес тапсыруы мүмкін басқа да функцияларды орындау үшін, қажеттігіне қарай, жылына бір реттен кем емес жиналады. Комитет 2-тармақта атап өтілген Техникалық комитеттен, қажеттігіне қарай, осы Келісімге байланысты мәселелер бойынша ақпарат пен ұсынымдарды сұратады. Комитет сондай-ақ Техникалық комитетке осы Келісімде атап өтілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті деп есептейтін басқа да тапсырмаларды орындау туралы сұраныстар жіберуі мүмкін. ДСҰ хатшылығы Комитет хатшылығының функцияларын орындайтын болады.
      2. І қосымшада көрсетілгендей, Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кеңестің (КЫК) қамқорлығымен Шығарылған жері қағидалары жөніндегі техникалық комитет құрылуға тиіс (бұдан әрі осы Келісімде – «Техникалық комитет»). Техникалық комитет IV бөлікте көзделген және І қосымшада ұйғарылған техникалық жұмысты орындауға тиіс. Техникалық комитет осы Келісімге қатысы бар мәселелер бойынша Комитеттен, қажеттігіне қарай, ақпарат пен нұсқаулықтар сұратады. Техникалық комитет Комитеттен осы Келісімде көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті деп есептейтін басқа да жұмыс түрлерін орындауды да сұрауы мүмкін. КЫК хатшылығы Техникалық комитет хатшылығының функцияларын орындайды.

5-БАП
Шығарылған жері қағидаларын өзгерту және жаңа қағидалар
енгізу жөніндегі ақпарат пен рәсімдер

      1. Әрбір мүше ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен кейін 90 күннің ішінде Хатшылыққа өзінің Шығарылған жері қағидаларын, сот шешімдерін және осы күнге қолданыста болған Шығарылған жері қағидаларына қатысы бар жалпы қолданылатын әкімшілік қағидаларын хабарлайды. Егер байқаусызда қандай да бір шығарылған жері қағидалары хабарланбаса, онда факт мәлім болған сәттен бастап тиісті мүше ол туралы дереу хабарлауға тиіс. Хатшылықта танысуға болатын алынған ақпараттың тізімдерін Хатшылық барлық мүшелерге хабарлауға тиіс.
      2. 2-бапта атап өтілген кезеңнің ішінде, ең аз өзгерістерден басқа, өзінің Шығарылған жері қағидалары өзгерістер енгізетін немесе осы баптың мақсаттары үшін 1-тармақта көрсетілген және Хатшылыққа хабарланбаған кез келген шығарылған жері қағидаларын қамтитын жаңа шығарылған жері қағидаларын енгізетін мүшелер, егер қандай да бір мүше үшін ерекше мән-жайлар туындамаса немесе туындау қаупі туындамаса ғана, мүдделі тараптарға қандай да бір шығарылған жері қағидаларын өзгерту немесе жаңа шығарылған жері қағидаларын енгізу ниеті туралы мәлім болатындай етіп өзгертілген немесе жаңа қағиданың күшіне енуіне дейін, ең аз дегенде, 60 күн бұрын өзгеріс жөніндегі хабарламаны жариялаулары тиіс.

6-БАП
Қарау

      1. Комитет осы Келісімнің мақсатын назарға ала отырып, оның II және III бөліктерінің қолданылуын және іске асырылуын жыл сайын қарайды. Комитет Тауарлар саудасы жөніндегі кеңесті қаралып отырған кезеңде болған оқиғалар жөнінде жыл сайын хабардар етеді.
      2. Комитет I, II және III бөліктердің ережелерін қарайды және үндестіру жөніндегі жұмыс бағдарламасының іске асырылу нәтижелерін көрсету үшін қажетті өзгерістер ұсынады.
      3. Комитет Техникалық комитетпен ынтымақты түрде 9-бапта жазылған мақсаттар мен қағидаттарды ескере отырып үндестіру жөніндегі жұмыс бағдарламасының нәтижелеріне қатысты түзетулерді қарауға және ұсынуға мүмкіндік беретін тетік қалыптастырады. Атап айтқанда, техникалық прогресс нәтижесінде пайда болған өндірістің жаңа тәсілдерін есепке алу үшін қағидалардың неғұрлым практикалық немесе неғұрлым заманауи болуға тиіс жағдайларында аталған тетікті қалыптастырады.

7-БАП
Консультациялар

      1994 жылғы ГАТТ XXII бабының ережелері Дауларды шешу жөніндегі уағдаластықтың шеңберінде әзірленген және қолданылатын түрінде осы Келісімге қолданылады.

8-БАП
Дауларды реттеу

      1994 жылғы ГАТТ XXIII бабының ережелері Дауларды шешу жөніндегі уағдаластықпен әзірленген және қолданылатын түрінде осы Келісімге қолданылады.

IV БӨЛІК
ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРІ ҚАҒИДАЛАРЫН ҮЙЛЕСТІРУ 9-БАП
Мақсаттар мен қағидаттар

      1. Шығарылған жері қағидаларын үйлестіру және әлемдік сауданы жүргізу орнықтылығын арттыру мақсатында, Министрлер конференциясы КЫК-пен бірлесіп мынадай қағидаттардың негізінде төменде баяндалған жұмыс бағдарламасын жүзеге асырады:
      (а) Шығарылған жері қағидалары 1-бапта баяндалған барлық мақсаттар үшін бірдей қолданылуға тиіс;
      (b) Шығарылған жері қағидалары, не тауар толық алынған, не осы тауар өндірісіне бірнеше ел қатысқан, соңғы ауқымды өңдеу жүзеге асырылған ел нақты тауардың шығарылған елі ретінде айқындалуға тиіс ел болып табылатындығын көздеуге тиіс;
      с) Шығарылған жері қағидалары объективті, түсінікті және болжанатын болуға тиіс;
      (d) Шығарылған жері қағидаларымен байланысты шараға немесе құралға қарамастан, олар сауданы реттеу мақсаттарына қол жеткізуге арналған құралдар ретінде тікелей немесе жанама пайдаланылмаулары тиіс. Шығарылған жері қағидалары өздігінен халықаралық саудаға шектеуші, бұрмалаушылық немесе іріткі салушылық әсер етпеулері тиіс. Олар қисынсыз қатаң талаптар қоймауы немесе шығарылған елін айқындау үшін өндіріспен немесе алдын ала өңдеумен байланысты емес қандай да бір шарттың орындалуын талап етпеулері тиіс. Алайда, өндіріспен немесе өңдеумен тікелей байланысты емес шығыстар адвалор үлесінің критерийін қолдану мақсатында қосылуы мүмкін;
      (е) Шығарылған жері қағидалары дәйектілікпен, біркелкі, мүлтіксіз және қисынды түрде қолданылулары тиіс;
      (f) Шығарылған жері қағидалары қисынды ретпен болулары тиіс;
      (g) Шығарылған жері қағидалары оң критерийге негізделулері тиіс. Оң критерийді түсіндіру үшін теріс критерийлер пайдаланылуы мүмкін.
      Жұмыс бағдарламасы
      2. (а) Жұмыс бағдарламасы ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен кейін мүмкіндігінше бірден жүзеге асырыла бастайды және үш жылдың ішінде аяқталуға тиіс.
      (b) 4-бапта атап өтілген Комитет пен Техникалық комитет осы жұмысты жүргізетін тиісті органдар болып табылады.
      (c) Осы жұмысқа КЫК-ның жан-жақты қатысуына жәрдемдесу мақсатында, Комитет Техникалық комитеттен 1-тармақта санамаланған қағидаттардың негізінде, төменде сипатталған жұмыстардан туындаған өзінің талқылаулары мен қорытындыларын беруін сұрайды. Үндестіру жөніндегі жұмыс бағдарламасының уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында, бұл жұмыстар Үйлестірілген жүйе (ҮЖ) номенклатурасының әртүрлі тарауларының немесе бөлімдерінің негізінде тауарлар тобы бойынша жүргізіледі.
      (i) елдегі толық алынған тауарлар және ең аз операциялар немесе өңдеу
      Техникалық комитет:
      - елдегі толық алынған тауарлар ретінде қаралуға тиіс тауарлардың келісілген анықтамаларын әзірлейді. Бұл жұмыс барынша тәптіштелуі тиіс;
      - өздігінен тауардың шығуын өзгертпейтін ең аз операциялардың немесе тәсілдердің анықтамаларын әзірлейд.;
      Бұл жұмыстың нәтижелері Комитетке, одан сұрау алынған күннен бастап үш айдың ішінде хабарлануға тиіс.
      (ii) Айтарлықтай өңдеулер. Тарифтік сыныптама кодын өзгерту.
      - Техникалық комитет айтарлықтай өңдеу критерийінің негізінде тарифтік кодты, нақты тауарлар немесе тауарлар топтары үшін Шығарылған жері қағидаларын әзірлеу мақсаттары үшін кіші бөлімді немесе бөлімді өзгерту ұғымын пайдалану мүмкіндігі, сондай-ақ қажет болған жағдайда, осы критерийге сай келетін номенклатурадағы ең аз өзгертулерді айқындайды.
      - Техникалық комитет, аз дегенде тоқсан сайын Комитетке өз жұмысының нәтижелерін ұсынатындай, ҮЖ номенклатурасының тараулары мен бөлімдерін ескере отырып, жоғарыда аталған жұмысты тауарлар бойынша бөлуді жүргізеді. Техникалық комитет көрсетілген жұмысты Комитеттен сұраныс алынған күннен бастап бір жыл және үш айдың ішінде аяқтайды.
      (iii) Айтарлықтай өңдеулер. Қосымша критерийлер
      (ii) тармақшада көзделген жұмыс аяқталған соң, ҮЖ номенклатурасын ғана пайдалану айтарлықтай өңдеу ұғымының тұжырымын табуға мүмкіндік бермейтін әрбір тауар тобы немесе тауарлардың жеке санаты бойынша Техникалық комитет:
      - айтарлықтай өңдеу критерийі негізінде, нақты тауарлар немесе тауар топтары бойынша Шығарылған жері қағидаларын әзірлеген кезде адвалор үлесінің критерийін4 және/немесе өндіру немесе өңдеу5 операцияларын қоса алғанда, басқа да талаптарды қосымша немесе ерекше түрде қолдану мүмкіндігін қарайды және зерделейді;
      - өзінің ұсыныстарына түсініктемелер бере алады;
      - ҮЖ номенклатурасының тараулары мен бөлімдерін назарға ала отырып, ең аз дегенде тоқсан сайын Комитетке өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынатындай, аталған жұмысты тауарлар бойынша бөлуді жүргізеді. Техникалық комитет көрсетілген жұмысты Комитеттен сұраныс алынған күннен бастап екі жыл және үш айдың ішінде аяқтайды.
      Комитеттің рөлі
      3. 1-тармақта санамаланған қағидаттардың негізінде:
      (а) Комитет 2 (с) тармағының (i), (ii) және (iii) тармақшаларында көзделген мерзімдерге сәйкес Техникалық комитеттің талқылаулары мен қорытындыларын, осы талқылаулар мен қорытындыларды қабылдау мақсатында кезең-кезеңмен қарайды. Комитет өз жұмысын нақтылау және/немесе тереңдету және/немесе жаңа тәсілдер әзірлеу өтінішімен Техникалық комитетке жүгіне алады. Көмек көрсету үшін Техникалық комитет өзінің қосымша жұмыстарды сұрату себебін көрсетіп, қажет болған жағдайда, баламалы тәсілдерді ұсынғаны жөн;
      (b) 2 (с) тармағының (i), (ii) және (iii) тармақшаларында көрсетілген барлық жұмыс аяқталған соң, Комитет жалпы дәйектілігі тұрғысынан оның нәтижелерін қарайды.
      Үйлестіру жөніндегі жұмыс бағдарламасының нәтижелері және одан арғы жұмыс
      4. Министрлер конференциясы осы Келісімнің6 ажырамас бөлігі болатын қосымшада үйлестіру жөніндегі жұмыс бағдарламасының нәтижелерін баяндайды. Министрлер конференциясы осы қосымшаның күшіне енуі үшін мерзім белгілейді.
_________________
4 Егер адвалор үлесінің критерийі көзделген болса, онда шығарылған жері қағидаларында осы үлесті есептеу әдісі де көрсетілуге тиіс.
5 Егер өндіру немесе өңдеу операциялары негізінде критерий көзделген болса, онда осы тауардың шығарылған жерін айқындайтын операция дәл көрсетілуге тиіс.
6 Кедендік мақсаттар үшін тауар сыныптамасын қолдануға қатысты келіспеушіліктерді реттеуге қатысты уағдаластықтар туралы мәселе бір мезгілде қаралады.

І ҚОСЫМША
ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТ

      Құзыреті
      1. Техникалық комитеттің тұрақты функциялары:
      (а) Техникалық комитеттің кез келген мүшесінің сұрауы бойынша мүшелердің Шығарылған жері қағидаларын күнделікті қолдануында туындайтын нақты техникалық проблемаларды зерделеуді және ұсынылған фактілер негізінде тиісті шешімдер туралы ұсынымдар беруді;
      (b) кез келген мүше немесе Комитет сұрата алатын тауарлардың шығарылған жерін айқындауға қатысты кез келген мәселелер бойынша ұсынымдар беруді және ақпарат ұсынуды;
      (с) осы Келісімнің техникалық іске асырылу аспектілері мен оның орындалу барысы туралы мерзімдік баяндамаларды дайындау мен таратуды; және
      (d) II және III бөліктерді орындау мен олардың іске асуының техникалық аспектілерін жыл сайын қарауды қамтиды.
      2. Техникалық комитет оған Комитет жүктей алатын кез келген басқа да функцияларды орындайды.
      3. Техникалық комитет нақты мәселелер бойынша, әсіресе оның алдына мүшелер немесе Комитет қойған жұмыстарды оңтайлы қысқа мерзімде аяқтау үшін бар күш-жігерін салады.
      Өкілдік етуі
      4. Әрбір мүшенің Техникалық комитетте өкілдік етуге құқығы бар. Әрбір мүше Техникалық комитетте өз атынан өкілдік ету үшін бір өкілді және бір немесе бірнеше орынбасарды тағайындай алады. Техникалық комитетте осылайша ұсынылған кез келген мүше осы Қосымшада Техникалық комитеттің «мүшесі» деп аталады. Техникалық комитет мүшелерінің өкілдері Комитеттің отырысына кеңесшілерді шақыра алады. ДСҰ хатшылығы осы отырыстардың жұмысына бақылаушы ретінде де қатыса алады.
      5. ДСҰ мүшелері болып табылмайтын КЫК мүшелері Техникалық комитеттің отырыстарында өз атынан бір өкілге немесе бір немесе бірнеше орынбасарға өкілдік беруі мүмкін. Бұл өкілдер Техникалық комитет отырыстарының жұмысына бақылаушылар ретінде қатысады.
      6. Техникалық комитет төрағасының келісімімен КЫК Бас хатшысы (бұдан әрі осы Қосымшада – «Бас хатшы») Техникалық комитеттің отырыстарына, ДСҰ-ның да, КЫК-ның да мүшесі болып табылмайтын үкіметтердің өкілдерін және халықаралық және экономикалық ұйымдардың өкілдерін бақылаушылар ретінде шақыра алады.
      7. Техникалық комитеттің отырыстарына қатысу үшін тағайындалған төрағалардың, олардың орынбасарларының және кеңесшілерінің аты-жөндері Бас хатшыға хабарланады.
      Отырыстар
      8. Техникалық комитет, қажеттігіне қарай, жылына бір реттен кем емес мерзімде шақырылады.
      Рәсімдер
      9. Техникалық комитет өз төрағасын сайлайды және өзінің жеке рәсімдерін әзірлейді.

ІІ ҚОСЫМША
ПРЕФЕРЕНЦИЯЛЫҚ ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРІ ҚАҒИДАЛАРЫ ТУРАЛЫ
МӘСЕЛЕ ЖӨНІНДЕГІ БІРЛЕСКЕН ДЕКЛАРАЦИЯ

      1. Кейбір мүшелердің преференциялық емес шығарылған жері қағидалары айырмашылығы бар преференциялық шығарылған жері қағидаларын қолданатындықтарын мойындай отырып, мүшелер мыналар туралы уағдаласады.
      2. Осы Бірлескен декларацияның мақсаттары үшін тауарлардың 1994 жылғы ГАТТ I бабының 1-тармағын қолдану шеңберінен тыс тарифтік преференцияларды ұсынуға негіз болатын шарттық немесе автономды негізде преференциялық режимді пайдалана алатындығын айқындау үшін кез келген мүше пайдаланатын жалпы қолданылатын заңдардың, нормативтік актілердің және әкімшілік органдар шешімдерінің жиынтығы преференциялық шығарылған жері қағидалары деп түсініледі.
      3. Мүшелер мыналарды қамтамасыз етуге уағдаласады:
      (а) олар жалпы қолданылатын әкімшілік қағидаларды белгілеген кезде орындауға жататын талаптарды айқын тұжырымдаулары тиіс. Атап айтқанда:
      (i) тарифтік сыныптама кодын өзгерту критерийі қолданылған жағдайларда, мұндай преференциялық шығарылған жері қағидалары мен қағиданың кез келген ерекшеліктері, осы қағидаларға сілтеме жасайтын тарифтік номенклатураның кіші бөлімін немесе бөлімін нақты көрсетуге тиіс;
      (ii) адвалор үлесінің критерийі қолданылған жағдайда, преференциялық шығарылған жерін айқындау қағидасында осы пайызды есептеу әдісі де көрсетілуге тиіс;
      (iii) өндіріс немесе өңдеу операцияларының негізінде критерийлер ұйғарылған жағдайларда, преференциялық шығуды айқындайтын операция дәл көрсетілуге тиіс;
      (b) олардың преференциялық шығарылған жері қағидалары оң критерийге негізделеді. Преференциялық шығарылған жерін айқындамайтын (теріс критерий) белгілерді көрсететін преференциялық шығарылған жері қағидалары оң критерийді түсіндіру үшін немесе преференциялық шығарылған жерінің оң анықтамасы қажетті болып табылмайтын жекелеген жағдайларда қолдануға рұқсат етіледі;
      (с) олардың преференциялық шығарылған жері қағидаларына қатысты заңдары, нұсқаулықтары, сот шешімдері және жалпы қолданылатын әкімшілік қағидалары 1994 жылғы ГАТТ Х бабының 1-тармағының ережелеріне сай келетіндей, және оларға сәйкес жарияланады;
      (d) экспорттаушының, импорттаушының немесе негізді себептері бар кез келген адамның сұранысы бойынша, тауардың преференциялық шығуын айқындау туралы шешім мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ тауар туралы барлық қажетті мәліметтер хабарланған жағдайда, мұндай бағалауға сұраныс келіп түскеннен кейін 150 күннен7 кешіктірілмей хабарланады. Осындай бағалауларға сұраныстар осы тауар саудасы басталғанға дейін қабылданады және одан әрі кез келген уақытта қабылдануы мүмкін. Егер фактілер мен шарттар негізінде жасалған Шығарылған жері қағидаларын қоса алғанда, осы фактілер мен шарттар салыстырмалы болып қалатын жағдайда, мұндай шешімдер үш жыл бойы күшінде қалулары тиіс. Мүдделі тараптарға алдын ала ақпарат ұсынылған жағдайда, егер (f) тармақшасымен көзделген қарау барысында осы шешімге қайшы келетін шешім қабылданса, мұндай шешімдер одан әрі қолданылмайды. Мұндай шешімдер, (g) тармақшасының ережелері сақталған жағдайда, жалпыға бірдей қолжетімді болулары тиіс;
      (е) өзінің преференциялық шығарылған жері қағидаларына өзгерістер енгізген кезде немесе жаңа преференциялық шығарылған жері қағидалары енгізілген кезде өз заңдарында және нормативтік актілерінде айқындалғандай және оларға залал келтірілмей, мұндай өзгерістердің кері күші болмайды;
      (f) преференциялық шығарылған жерін айқындауға қатысты олар қабылдайтын кез келген әкімшілік іс-қимыл ең қысқа мерзімде соттық, төрелік немесе әкімшілік органдар тарапынан немесе анықтаманы шығарған билік органдарына тәуелсіз рәсімдерге сәйкес қайта қаралуы мүмкін, бұл шешімнің өзгеруіне немесе алып тасталуына алып келуі мүмкін;
      (g) құпия сипаттағы немесе преференциялық шығарылған жері қағидаларын қолдану мақсатында құпия түрде алынған барлық ақпаратты қатаң құпия ақпарат ретінде тиісті билік органдары қарайды, бұл ретте, сот рәсімінің шеңберінде ашылуы талап етілуі мүмкін шамада ашылатын ақпараттан басқа, олар оны осындай ақпаратты ұсынған адамның немесе үкіметтің арнайы рұқсатынсыз ашпаулары тиіс.
      4. Мүшелер қысқа мерзім ішінде Хатшылыққа өзінің преференциялық шығарылған жері қағидаларын, оларға қолданылатын, преференциялық келісімдердің тізімін қоса алғанда, және осы мүшеге қатысты ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге қолданылып жүрген преференциялық қағидаларына қатысты жалпы қолданылатын сот шешімдері мен әкімшілік қаулыларды ұсынады. Бұдан басқа, мүшелер бірінші мүмкіндік болған жағдайда, өздерінің преференциялық шығарылған жері қағидаларындағы кез келген өзгерістер немесе жаңа преференциялық шығарылған жері қағидалары туралы Хатшылыққа хабарлауға келіседі. Хатшылықта танысуға болатын, алынған ақпараттың тізімдерін Хатшылық барлық мүшелерге таратады.
________________
7 ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап алғашқы жылда жасалған сұраныстарға қатысты мүшелерден мүмкіндігінше қысқа мерзімде осындай шешімдерді қабылдау ғана талап етіледі.

ИМПОРТТЫҚ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ РӘСІМДЕРІ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      Мүшелер
      көпжақты сауда келіссөздерін ескере отырып;
      1994 жылғы ГАТТ мақсаттарының жүзеге асуына көмектесуге ынта білдіре отырып;
      дамушы мүше мемлекеттердің сауда, даму және қаржы салаларындағы ерекше қажеттіліктерін ескере отырып;
      белгілі мақсаттар үшін автоматтандырылған импорттық лицензиялаудың тиімділігін және мұндай лицензиялау сауданы шектеу үшін қолданылмауын мойындай отырып;
      импорттық лицензиялау 1994 жылғы ГАТТ қабылданған тиісті ережелеріне ұқсас шараларды қолдану үшін қолданылу мүмкіндігін мойындай отырып;
      1994 жылғы ГАТТ ережелері импорттық лицензиялау рәсімдеріне қатысты сол күйінде қолданылып жатқанын мойындай отырып;
      импорттық лицензиялау рәсімдері 1994 жылғы ГАТТ қағидаттары мен міндеттемелеріне қайшы тәсілмен қолданылмауын қамтамасыз етуге ынта білдіре отырып;
      импорттық лицензиялау рәсімдерін шектен тыс қолдану халықаралық сауданың дамуын тоқтатуы мүмкін екенін мойындай отырып;
      импорттық лицензиялау, әсіресе автоматтандырылмаған импорттық лицензиялау ашық және болжамалы қолданылуына сене отырып;
      автоматтандырылмаған импорттық лецензиялау рәсімдері тиісті шараны қолдану үшін қажеттен тыс, әкімшілік тұрғыдан одан да ауыртпалық түсірмеу керектігін мойындай отырып;
      әділетті және бейтарап қолданылуы мен тиісті рәсімдер мен тәжірибелерді басқаруды қамтамасыз ету арқылы, халықаралық саудада қолданылатын әкімшілік рәсімдер мен тәжірибені жеңілдетіп ашық етуді қалай отырып;
      осы Келісімге қатысты пайда болатын таластарды тез, тиімді және бейтарап шешімдерді қабылдау үшін консультативтік тетік құруға ынта білдіре отырып;
      осы арқылы төмендегілер туралы келіседі:

1-БАП
Жалпы ережелер

      1. Осы Келісімнің мақсатары үшін импорттық лицензиялау импорттаушы мүшені кедендік аумаққа кіргізу үшін алдын-ала шарт ретінде, тиісті әкімшілік органға сұрау немесе басқа құжатты (кедендік мақсаттарды ұсынылатындардан бөлек) ұсынуды талап ететін, импорттық лицензиялау рәсімін өткізу үшін қолданылатын әкімшілік рәсімдер1 ретінде анықталады.
      2. Мүшелер дамушы мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы мен қаржылық және сауда қажеттіліктерін ескере отырып, импорттық лицензиялау тәртібін іске асыру үшін қолданылатын әкімшілік рәсімдердің, соның ішінде мұндай рәсімдерді тым көп қолданғандықтан болатын сауданы бұрмалауды болдырмау мақсатында анықтамасы осы Келісімде бар қосымшалары мен хаттамаларының 1994 жылғы ГАТТ ережелеріне сәйкес келуін қамтамасыз етеді2.
      3. Импорттық лицензиялауды реттейтін ережелер қолданыста бейтарап болу қажет және әділетті және екі жаққа бірдей жүзеге асуы қажет.
      4. (а) Рәсімге қатысты ережелер мен барлық ақпарат, тиісті әкімшілік органға (органдарға) тұлғалар, фирмалар немесе ұйымдар үшін мұндай өтінішті беру шарттары, сонымен қатар лицензиялау талаптарына түсетін тауарлар тізімі, 4-баппен қарастырылған импорттық лицензиялау жөніндегі Комитетке (бұдан әрі осы Келісімде – «Комитет») мәлім дереккөздерінде үкіметтер3 мен саудаға қатысушыларға олармен танысу үшін мүмкін болу тәсілімен жариялануы қажет. Мүмкіндігінше мұндай басылым талаптың күшіне енуіне 21 күн қалғанда, алайда, күшіне ену күнінен кеш емес жүзеге асырылуы тиіс. Лицензиялау рәсіміне немесе импорттық лицензиялаудан өтуі қажет тауарлар тізіміне қатысты кез келген ескерту, ережелердің жарым-жартылай жойылуы немесе өзгеруі, көрсетілген тәртіппен, көрсетілген уақыт ішінде жариялануы қажет. Бұл басылымдардың көшірмелері де хатшылар алқасына ұсынылулары қажет.
      (b) Жазбаша түрде пікірін жеткізгісі келетін ДСҰ-ның мүшелерге сұрауы бойынша бұл пікірлерді талқылауға мүмкіндік берілуі қажет. Тиісті мүше бұл пікірлерге және талқылау қорытындыларына тиісті көңіл бөлуі қажет.
      5. Өтініш үлгілері және қолданылатын кезде ұзарту туралы өтініштер үлгілері мүмкіндігінше қарапайым болуы тиіс. Өтінішті беру барсында, лицензиялау тәртібінің тиісті жүзеге асырылуы үшін қатал түрде қажет болып саналатын құжаттар немесе ақпарат сұралуы мүмкін.
      6. Өтініш беру рәсімі және қолданылатын кезде ұзарту туралы өтініштер үлгілері мүмкіндігінше қарапайым болуы тиіс. Өтініш берушіге лицензияны алуға өтініш беруі үшін саналы уақыт мерзімі берілуі қажет. Соңғы күн белгіленген жағдайда және ол бұл мерзім ішінде жеткілікті өтініштер мөлшері алынбаған жағдайда, оны ұзартуға мүмкіндігімен қатар кем дегенде 21 күнді қамтитын мерзім беріледі. Өздерінің өтініштері бойынша өтініш берушілер тек қана бір әкімшілік органға жүгінуге тиіс. Егер бірнеше әкімшілік органдарға жүгіну қажет болған жағдайда, үш әкімшілік органнан көп емес әкімшілік органдарға өтінішін беру талап етілуі мүмкін.
      7. Ешбір өтініш негізгі деректерді өзгерте аламайтын, құжаттағы мардымсыз қателеріне байланысты қабылданбай қалуы мүмкін емес. Құжаттағы немесе рәсімдердегі зілсіз немесе айқын бейберекеттігіне жасалған кез-келген дәлсіздікке немесе қатеге байланысты ескерту жасау мақсатында қажетті мөлшерден асатын жаза қолданылуы тиісті емес.
      8. Лицензияланушы импортта лицензиядағы көрсетілген баға, сапа, көлемнің немесе жөнелтім барысында, ақтара тиеу салдарынан пайда болған мардымсыз ауытқушылығына байланысты және де коммерциялық тәжірибемен толық қабысатын басқа да себептерге байланысты қабылданбауы мүмкін емес.
      9. Лицензияланушы импорттың ақысын төлеу үшін қажет шетелдік валюта, импорттық лицензияларды талап етпейтін лицензия иелеріне тауар импорттаушыларға ұсынылатын негіздерде берілуі тиіс.
      10. Қауіпсіздік түсінігіне сейкес 1994 жылғы ГАТТ ережелерінің ХХI тармағы қоданылады.
      11. Осы Келісімнің шарттары кез келген мүшеден заңдарды қолдануға бөгет болатын немесе ұлттық мүдделілікке зиянын келтіретін немесе мемлекеттік өнеркәсіптердің заңды коммерциялық немесе жеке мүдделіліктеріне зиянын келтіретін құпия ақпаратын жариялауды талап етпейді.
______________________
1 «Лицензиялау», сондай-ақ басқа ұқсас әкімшілік рәсімдер жатады.
2 Осы Келісімдегінің ешқайсысы лицензиялау рәсімі бойынша қолданылған негіз, ықпал өрісі және шараның ұзақтығы сұрақты жобалап тұр деп қабылдануы тиісті емес.
3 Осы Келісімнің мақсаттары үшін «үкімет» термині Еуропалық қауымдастығының құзыретті органдарын білдіреді.

2-БАП
Импортты автоматты түрде лицензиялау4

      1. Өтінішті мақұлдау барлық жағдайда берілетін және 2 (а) – тармағының талаптарына сәйкес келсе, импортты автоматты түрде лицензиялау импорттық лицензиялау деп анықталады.
      2. 1-баптың 1-11-тармақтары мен осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттарды5 қоса алғанда, автоматты импорттық лицензиялау рәсімдеріне келесі талаптар қолданулары қажет:
      (а) автоматты импорттық лицензиялау рәсімдері автоматты түрде лицензияланатын импортты шектейтін тәсілмен қолданылмауы қажет. Егер, inter alia төмендегі талаптарды орындамаған жағдайда, автоматты импорттық лицензиялау рәсімдері сауданы шектейтін болып саналады:
      (i) импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін автоматтандырылған лицензиялау қолданылатын импорттаушы мүшенің заңгерлік талаптарын атқаратын кез келген тұлға, фирма немесе ұйымның жүгіну мен импорттық лицензияларды алуға тең құқығы бар;
      (ii) лицензияны алу өтінішін тауарларға кедендік тазартуды жасалуына дейін жұмыс күндерінің кез-келген күнінде беруге болады;
      (iii) лицензияларды алу өтінішін, олар тиісті және толықтай тапсырылған жағдайда, әкімшілік мүмкіндіктер шеңберінде, алынған сәтте, алайда ең ұзақ мерзім – 10 жұмыс күннің ішінде бекітіледі;
      (a) Мүшелер, басқа тиісті рәсімдердің жоқ болуына байланысты импортты автоматты түрде лицензиялау қажет екендігін мойындайды. Автоматты импорттық лицензиялау оны енгізуге әкелген жағдайлары басым болған жағдайда және оның негізінде жатқан әкімшілік мақсаттарға басқа да қолайлы тәсілмен жету мүмкіндігінің жоқ болуына байланысты сақталуы мүмкін.
_________________
4 Импортқа шектеуші әсерін тигізбейтін кепілді талап ететін импорттық лицензиялау рәсімдері, 1 және 2-тармақтардың ықпалына тиетіндер ретінде қарастырылуы тиісті.
5 1979 жылғы 12 сәуірде шыққан импорттық лицензиялау рәсімдері бойынша Келісімнің жағы болмаған және (а) (ii) мен (а) (iii) тармақтарының талаптары бойынша ерекше қиындықтары бар дамушы мүше мемлекетке, Комитетке хабарландыру жібергеннен кейін, бұл тармақтарды қоданудың мерзімін бұл мүшеге қатысты ДСҰ туралы Келісімнің күшіне енуінен кейін 2 жылға ұзартуға болады.

3-БАП
Импортты автоматты емес түрде лицензиялау

      1. 1-баптың 1-11-тармақтарын қоса алғанда, төменде көрсетілгендер автоматты емес импорттық лицензиялау рәсімдеріне қатысты қолданылады. Автоматты емес импорттық лицензиялау рәсімдері 2-бапта көрсетілгеннің біреуіне де жатпайтын импорттық лицензиялау деп анықталады.
      2. Автоматтандырылмаған лицензиялау шектеу қою салдарынан шыққан ықпалға қоса шектеу немесе бұрмалау әсеріне ие болуы тиісті емес. Автоматтандырылмаған импорттық лицензиялау рәсімдері ықпал өрісі мен ұзақтығы бойынша орындау үшін қолданылатын шараға сәйкес болуы қажет, тиісті шараны қолдану үшін қажеттен тыс, оны іске асыру үшін ол әкімшілік тұрғыдан одан да ауыртпалықты болмауы қажет.
      3. Сандық шектеулерді іске асыру мақсатынан өзге мақсаттар үшін лицензиялауды енгізген жағадайда, мүшелер басқа мүшелер мен саудаға қатысушылар үшін лицензияны беру мен/немесе тарату негіздерін түсіну үшін жеткілікті ақпаратты басылымға береді.
      4. Мүше тұлғалар, фирмалар мен ұйымдар үшін ерекшелікті талап ету мүмкіндігін немесе лицензиялаудың талаптарынан уақытша қайтуды қарастырған жағдайда, ол бұл фактіні және мүмкіндігінше талаптар қарастырылатын жағдайларды 1-баптың 4-тармағына сәйкес басылымға шығатын ақпаратқа енгізеді.
      5. (а) Тиісті тауар арқылы саудада мүдделілігі бар кез келген мүшенің сұрауы бойынша, мүшелер мыналар бойынша тиісті ақпаратты беруі қажет:
      (i) бұл шектеулерді қолдану тәртібі;
      (ii) соңғы кездерде берілген импорттық лицензиялар;
      (iii) жеткізетін мемлекеттер арасында мұндай лицензиялардың таралуы;
      (iv) орындалатын жағдайда, импорттық лицензияларға жататын тауарлар жөнінде импорттық статистика (құны мен/немесе көлемі). Бұған орай, дамушы мүше мемлекеттер қосымша әкімшілік немесе қаржылық шығындарды көтермейді деп жобаланады;
      (b) Лицензиялау арқылы квоталарды қолданатын мүшелер, саны мен/немесе құны бойынша қолданылатын жалпы квота көлемін, 1-баптың 4-тармағының шеңберінде көрсетілген мерзім ішінде, квотаның жарамды мерзімінің басы мен аяғын жариялайды, осындай жолмен олар үкімет пен саудаға қатысушыларға бұл ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді;
      (с) Жеткізуші мемлекеттер арасында үйлестірілген квоталар жағдайында, шектеуді қабылдайтын мүше, тез арада бұл тауарды жектізуде мүдделілігін танытқан басқа мүшелерге жеткізетін мемлекеттердің осы мерзімде үйлестірілетін квоталардың үлестері, саны мен бағасы жайлы хабарлайды да, осылайша үкіметтер мен саудаға қатысушыларға бұл ретте бұл ақпаратпен танысуға мүмкіндік беру үшін, оны 1-баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жариялауы қажет;
      (d) Бұдан да ерте мерзімдік квоталарды ашу қажеттілігі туындаған жағдайда, 1-баптың 4-тармағында көрсетілген ақпарат, осылайша үкіметтер мен саудаға қатысушыларға бұл ретте бұл ақпаратпен танысуға мүмкіндік беру үшін 1-баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жариялануы қажет;
      (e) Импорттаушы мүшенің заңды және әкімшілік талаптарын орындайтын кез келген тұлға, фирма немесе ұйым, лицензияға өтініш беруге және қарап тексерілуіне тең құқыққа ие болу қажет. Лицензия беру бойынша өтініш мақұлданбаған жағдайда, өтініш берушіге мұның себебі хабарлануы қажет және ол ішкі заңнама немесе импорттаушы мүшенің рәсімдеріне сәйкес шағымдану немесе қайта қарау құқығыны ие болуы қажет;
      (f) Мүшеге байланысты емес жағдайлардан ерекше, өтініштерді қарау мерзімі олар түскен тәртіпте қаралған кезде, яғни «бірінше келгенге, қызмет біріншіден көрсетіледі» 30 күннен аспауы тиіс және барлық өтініштер бір мезгілде қаралған уақытта 60 күн ішінде. Соңғы жағдайда, өтініштерді өңдеу мерзімі өтініштерді қабылдаудың соңғы күні жарияланған күннен кейінгі күні басталады;
      (g) Лицензияның жарамды уақытының ұзақтығы бойынша саналы, импортқа кедергі ететіндей қысқа да болмауы тиіс. Лицензияның жарамды уақытының ұзақтығы қысқа мерзімді қажеттіліктерді өтеу үшін импорт қатаң түрде қажет болып табылатын, алыс жердегі мемлекеттердің импортына кедергі жасауы тиісті емес;
      (h) Квоталарды қолдану барысында мүшелер берілген квоталар бойынша жүзеге асып отырған импортқа және квотаны толықтай жұмсауға кедергі жасамауы қажет;
      (i) Лицензия беру барысында, мүшелер тауар экономикалық тұрғыға негізделген көлемде жеткізуі қажет;
      (j) Квоталарды бөлу барысында, мүше өтініш берушінің импорттық іс-әрекетін ескеруі тиіс. Бұған орай соңғы репрезентативті мерзім ішінде ол берілген лицензиялардың барлығын толықтай қолданылғанына көңіл бөлуі қажет. Лицензиялар толықтай қолданылмаған жағдайда, мүше бұның себептерін қарастыруы қажет және жаңа лицензияларды бөлу барысында бұны ескеруі қажет. Экономикалық негізді көлемде лицензиялар санын беру қажеттілігін еске ала отырып, жаңа импорттаушылардың лицензиялармен қамтамасыз етілуіне көңіл бөлінуі қажет. Бұған байланысты, дамушы мүше мемлекеттер, әсіресе неғұрлым төмен дамыған мүше елдер қатарынан импорттаушыларға ерекше көңіл бөлінуі қажет;
      (k) Жеткізуші мемлекеттер арасында үйлестірілмейтін лицензиялар арқылы квоталарды лицензиялар арқылы тарату үйлестірген жағдайда, лицензия иелері6, импорт көзін таңдауға ерікті. Жеткізуші мемлекеттер арасында квоталарды үйлестіру барысында, лицензияда түсінікті түрде мемлекет немесе мемлекеттер көрсетілуі қажет.
      (l) 1-баптың 8-тармағын қолданған кезде, импорт бұдан бұрын өткен лицензиялау шеңберінде бекітілген деңгейден асып кеткен жағдайда кейін лицензияларды үйлестіру барысында оны өтейтін түзетулер енгізілуі мүмкін.
____________________
6 Кейде «Квоталардың иелері» деп аталады.

4-БАП
Органдар

      Осымен мүшелердің әрқайсысынан уәкілден тұратын импорттық лицензиялау жөніндегі Комитет құрылады. Комитет өз төрағасы мен төраға орынбасарын тағайындап, қажеттілігіне сәйкес Осы Келісімді орындауға немесе оның мақсаттарына жетуге қатысты сұрақтар бойынша кеңес беруге мүмкіндік беретін отырыстарды өткізеді.

5-БАП
Хабарландырулар

      1. Лицензиялау рәсімдерін немесе ол рәсімдерге өзгертулер енгізетін мүшелер, бұл туралы Комитетке басылу күнінен кейін 60 күн ішінде хабарландыру жібереді.
      2. Импортты лицензиялау рәсімдерін енгізу туралы хабарландыру төмендегі ақпаратты қамтуы қажет:
      (а) лицензиялау рәсіміне түсетін тауарлар тізімі;
      (в) лицензия алу құқығы туралы ақпаратты алуға арналған байланыс органы;
      (с) өтініш беруге арналған әкімшілік орган (органдар);
      (d) лицензиялау рәсімдері басылған басылымның күні мен нөмірі;
      (е) 2 және 3-баптарда көрсетілген анықтамаларға сәйкес лицензиялау рәсімі автоматтандырылған немесе автоматтандырылмаған болып табылатынына нұсқау;
      (f) автоматтандырылған импортты лицензиялау рәсімдері болып табылған жағдайда – олардың әкімшілік мақсаттары;
      (g) автоматтандырылмаған импортты лицензиялау рәсімдері болып табылған жағдайда – мұндай лицензиялау рәсімдерін енгізу арқылы қандай шараны жүзеге асатынына нұсқау; және
      (h) белгілі болжаммен анықтауға болатын жағдайда лицензиялау рәсімінің болжамды ұзақтылығы, болмаған жағдайда, бұл ақпаратты ұсынуға мүмкіндік бермейтін себепті көрсету.
      3. Импорттық лицензиялау рәсімдеріндегі өзгерістер туралы хабарландыруларда өзгерістерге ұшырамаған жағдайда, жоғарыда көрсетілгендер болуы қажет.
      4. Мүшелер басылым (басылымдар) туралы 1-баптың 4-тармағы талап ететін ақпарат орналасқан хабарландыруды Комитетке жібереді.
      5. Кез келген мүдделі мүше басқа мүше 1-3-тармақтарының ережелеріне сәйкес, лицензиялау рәсімін енгізу немесе ондағы өзгерістер туралы хабарландыруды жібермеді деп есептеген жағдайда, бұл сұраққа өзі сияқты басқа мүшенің көңілін аудара алады. Осыдан кейін тез арада хабарландыру жіберілмеген жағдайда, мүдделі мүшенің өзіне оған қатысты және рұқсат ақпаратты қоса алғанда лицензиялаудың бұл рәсімі немесе өзгерістер туралы хабарландыруды жіберуіне болады.

6-БАП
Консультациялар және дауларды шешу

      Осы Келісімді қолдануды қозғайтын кез келген сұраққа қатысты кеңес беру мен дауларды шешу, дауларды шешу туралы келісімнің шеңберінде әзірленіп қолданылатын, 1994 жылғы ГАТТ-тың ХХІІ және ХХІІІ ережелерімен реттеледі.

7-БАП
Шолулар

      1. Қажеттілігіне қарай кем дегенде екі жылда бір рет, Комитет осы Келісімнің ондағы көрсетілген құқықтары мен міндеттерінің орындалуы мен жағдайын, оның мақсаттарын ескере қарап шығады.
      2. Комитеттің қарап шығуына негіз болатындай, хатшылар алқасы 5-бапта қарастырылған ақпараттың, импортты лицензиялау бойынша жыл сайынғы сауалнаманың7 және басқа да қолында бар сенімді ақпараттың негізінде нақты баяндамасын дайындайды. Бұл сауалнама жоғарыда айтылған ақпаратқа, әсіресе есепті кезең ішінде болған өзгерістер мен оқиғаларға қысқаша шолып, мазмұндап беруі және Комитеттің шешімі бойынша кез келген басқа ақпаратты қамтуы қажет.
      3. Мүшелер импортты лицензиялау бойынша жыл сайынғы сауалнаманы қолма-қол және жан-жақты толтыруға міндетті.
      4. Комитет тауар саудасы жөніндегі Кеңеске мұндай шолулармен қамтылған кезең ішінде болған оқиғалар туралы хабарлайды.
___________________
7 Бастапқы кезде 1947 жылы ГАТТ құжаты ретінде тараған. - L/3515 1971 жылғы 23 наурыз.

8-БАП
Қорытынды ережелер

      Ескертулер
      1. Келісімнің кез келген ережесіне қатысты ескертулер басқа мүшелердің келісімісіз енгізілуі мүмкін емес.
      Ұлттық заңнама
      2. (а) Әрбір мүше ДСҰ туралы Келісімнің күшіне енген күнінен кешіктірмей өз заңдары, ережелері мен әкімшілік рәсімдерінің осы Келісімге сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
      (b) Әрбір мүше осы Келісімге қатысты өзінің заңдары, ережелері мен әкімшілік рәсімдеріндегі және мұндай заңдар мен ережелерді қолданудағы кез келген өзгерістер туралы Комитетті хабардар етеді.

СУБСИДИЯЛАР МЕН ӨТЕМАҚЫ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ

      Мүшелер осымен төмендегі туралы келіседі:

I БӨЛІК: ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-БАП
Субсидия анықтамасы

      1.1 Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналар болғанда субсидия бар деп саналады:
      (а)(1) үкіметпен немесе кез келген көпшілік органмен (бұдан әрі осы Келісімде – «үкімет») мүшенің аумағы шегінде қаржылық жәрдем көрсетілген жағдайда, яғни:
      (i) үкімет ақшалай қаражатты тікелей аударуды қолданса (мысалы, демеу қаржылар, қарыздар немесе акциялар сатып алу түрінде) немесе мұндай қаражатты аудару бойнша міндеттемені (мысалы, қарыздар бойынша кепілдік) өзіне алса;
      (ii) үкімет өзіне тиесілі кірістерді (мысалы, салықтық кредиттер сияқты салықтық жеңілдіктерді) өндіріп алудан бас тартса немесе алмаса1;
      (iii) үкімет жалпы инфрақұрылымнан басқа тауарларды немесе қызметтерді ұсынса немесе тауарларды сатып алса;
      (iv) үкімет қаржыландыру тетіктеріне төлемдерді жүзеге асырса немесе үкіметтердің әдеттегі практикаларынан еш айырмашылығы жоқ шарттармен әдетте үкіметке жүктелетін, (i)-(iii) тармақшаларында көрсетілген функциялардың ішінен бір немесе бірнеше функцияны орындауды жеке тұлғаға тапсырса не бұйырса;
      немесе
      (а)(2) 1994 ж. ГАТТ-тың ХVI бабының мағынасында кірістер мен бағаларды қолдаудың кез келген нысаны бар болған жағдайда;
      және
      (b) осылайша басымдық берілсе.
      1.2 1-тармақтағы анықтамаға сәйкес субсидия 2-баптың ережелеріне сәйкес ерекше болып табылса ғана, мұндай субсидия ІІ бөлімнің ережелеріне немесе III не V бөлімдердің ережелеріне қатысты болады.
____________________
1 1994 ж. ГАТТ-тың ХVI бабының ережелеріне (ХVI бапқа ескерту) және осы Келісімнің І-ІІІ қосымшаларының ережелеріне сәйкес, экспортталатын тауарды ішкі тұтынуға арналған ұқсас тауарға салынатын баждар мен салықтан босату, немесе мұндай баж бен салықтарды нақты есептелген сомадан аспайтын мөлшерде азайту субсидия ретінде қарастырылмайды.

2-БАП
Ерекшелік

      2.1 1-баптың 1-тармағында айқындалғандай, субсидияның кәсіпорын не өнеркәсіп саласы немесе кәсіпорындар не салалар тобы (бұдан әрі осы Келісімде – «белгілі бір кәсіпорындар») үшін ерекше болып табылатынын анықтау үшін субсидиялайтын органның заң құзырлығы шегінде мынадай қағидаттар қолданылады:
      (а) егер субсидиялайтын орган немесе субсидиялайтын орган оған сәйкес әрекет ететін заңнама субсидияға белгілі бір кәсіпорындардың ғана қол жетімділігін нақты шектейтін болса, мұндай субсидия ерекше болып қарастырылады;
      (b) егер субсидиялаушы орган немесе субсидиялаушы орган оған сәйкес әрекет ететін заңнама субсидияларды алу құқығы мен олардың мөлшерін айқындайтын объективті өлшемшарттарды немесе талаптарды2 белгілейтін болса, онда алу құқығы автоматты болып табылған, және мұндай өлшемшарттар мен талаптар қатаң орындалатын жағдайда ерекшелік болмайды. Өлшемшарттар мен талаптар заңда, нұсқаулықта, актіде немесе өзге де ресми құжаттарда оларды тексеруге болатындай етіп анық көрсетілуі тиіс;
      (с) егер (а) және (b) тармақтарында жазылған қағидаттарды қолданудан туындайтын ерекше емес екендігіне қарамастан, субсидия шын мәнінде ерекше бола алады деген негіздеме болса, басқа да факторлар назарға алынуы мүмкін. Мұндай факторларға мыналар жатады: субсидиялау бағдарламасын белгілі бір кәсіпорындардың шектелген санының пайдалануы, белгілі бір кәсіпорындардың артықшылықпен пайдалануы, кейбір кәсіпорындарға субсидиялардың пропорционалды емес үлкен сомаларын беру, сондай-ақ субсидия беру туралы шешім қабылдау кезінде субсидиялайтын орган ие дискреттілікті пайдалану тәсілі3. Осы тармақшаны пайдаланғанда субсидиялайтын органның заң құзырлығы шегінде экономикалық қызметті әртараптандыру дәрежесін, сондай-ақ осындай субсидия бағдарламасының әрекет ету уақытының ұзақтығын ескеру қажет.
      2.2 Субсидиялайтын органның заң құзырлығындағы белгіленген географиялық өңірде орналасқан белгілі бір кәсіпорындардың пайдалануы шектелген субсидия ерекше болып табылады. Барлық деңгейдегі өкілетті үкіметтік органдардың осы Келісімнің мақсаттары үшін барлық деңгейде әмбебап қолданылатын салықтық мөлшерлемелерді енгізуі немесе өзгертуі ерекше субсидия ретінде ретінде қаралмайды деп түсіну керек.
      2.3 3-баптың ережесіне қатысты қолданылатын кез келген субсидия ерекше болып қаралады.
      2.4 Осы баптың ережелеріне сәйкес субсидияның ерекшелік сипатын кез келген айқындау оң дәлелдемелерге негізделуі тиіс.
______________________
2 Осы мәнмәтінде объективті өлшемшарттар мен шарттар бейтарап болып табылатын, кейбір кәсіпорындар үшін басқалармен салыстырғанда басымдықтарды жасамайтын, сипаты жағынан экономикалық және пайдалану әдісі бойынша сатылас бағытты болып табылатын өлшемшарттарды білдіреді, мысалы, жұмыспен қамтылғандар саны немесе кәсіпорындардың мөлшері.
3 Осы қатынаста, атап айтқанда, субсидиялауға келіп түскен өтінімдерден бас тарту немесе мақұлдау жиілігі және тиісті шешімдердің уәжі туралы ақпарат назарға алынуы тиіс.

ІІ БӨЛІК: ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН СУБСИДИЯЛАР 3-БАП
Тыйым салу

      3.1 Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімде көзделген тыйым салуларды есепке ала отырып, 1-баптың мәніндегі мынандай субсидияларды ұсынуға тыйым салынады:
      (а) жалғыз немесе бірнеше шарттардың бірі ретінде І қосымшада5 тізбеленгендерді қоса алғанда, экспорт нәтижелерімен заң бойынша немесе іс жүзінде4 байланысқан субсидиялар;
      (b) импорттық тауарлардың орнына отандық тауарларды пайдаланумен жалғыз немесе бірнеше шарттардың бірі ретінде заң бойынша немесе нақты байланысқан субсидиялар.
      3.2 Мүше 1-тармақта аталған субсидияларды бермейді және сақтамайды.
________________________
5 І қосымшада экспорттық субсидиялар болып табылмайды деп көрсетілген шараларға осы Келісімнің осы және басқа ережелерімен тыйым салынбайды.
4 Бұл норма субсидияларды беру экспорт нәтижелерімен заңды түрде шартталмай, шындығында нақты немесе күтілетін экспортпен немесе экспорттық түсіммен байланысты екендігі туралы куәландыратын фактілердің болуы кезінде орындалады. Субсидия экспортпен айналысатын кәсіпорынға беріледі деген фактінің өзі осы ереже мәнінде оны экспорттық субсидия деп санау үшін негіз бола алмайды.

4-БАП
Құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар

      4.1 Қандай да бір мүшенің тыйым салынған субсидияны басқа мүше береді немесе сақтайды деп санауға негізі бар болған барлық жағдайларда мұндай мүше консультация жүргізу туралы өтінішпен осындай басқа мүшеге жүгіне алады.
      4.2 1-тармақта көзделген консультациялар туралы өтініште сөз болып отырған субсидияның бар болуы мен сипаты туралы бар дәлелдемелер көрсетіледі.
      4.3 1-тармақта көзделген консультациялар туралы өтінішті алғаннан кейін көрсетілген субсидияны береді немесе сақтайды деп болжанатын мүше мұндай консультацияларды жүргізуге шұғыл түрде кіріседі. Консультациялардың мақсаты сол жағдайдың мән-жайын нақтылау және бірлесіп келісілген шешімге қол жеткізу болып табылады.
      4.4 Егер консультациялар туралы өтініш алған сәттен бастап 30 күн ішінде6 ешқандай бірлесіп келісілген шешімге қол жеткізілмесе, мұндай консультациялардың тарабы болып табылатын кез келген мүше, егер Дауларды шешу жөніндегі орган (ДШО) консенсус арқылы мұндай топты құрмауды шешпесе, шұғыл түрде аралық топ құру үшін істі ДШО-ға беруі мүмкін.
      4.5 Аралық топ құрылғаннан кейін Тұрақты сарапшылар тобынан7 (бұдан әрі Келісімде – «ТСТ») бұл шараның тыйым салынған субсидия болып табылатынын айқындауға жәрдемдесуді сұрауы мүмкін. ТСТ өтінішін алғаннан кейін осы шараның бар болуының және оның сипатының дәлелдемелерін шұғыл түрде қарайды және осы шараны қолданатын немесе сақтайтын мүшеге осы шараның тыйым салынған субсидия болып табылмайтындығының дәлелдемелерін ұсыну мүмкіндігін береді. ТСТ аралық топқа осы топ белгілеген мерзім ішінде өз қорытындысын ұсынады. ТСТ-ның берілген шараның тыйым салынған субсидия болып табылатыны немесе табылмайтыны туралы мәселе жөніндегі қорытындыларын аралық топ өзгеріссіз қабылдайды.
      4.6 Аралық топ дау тараптарына соңғы баяндамасын ұсынады. Баяндама мұндай топ құрылған және оның өкілеттіктері айқындалған күннен бастап 90 күн ішінде барлық мүшелерге жіберіледі.
      4.7 Егер қарастырылып отырған шара тыйым салынған субсидия болып табылатыны анықталса, аралық топ субсидиялайтын мүшеге субсидияны кешіктірмей беруден бас тартуды ұсынады. Аралық топ өз ұсынымында осы шара алынып тасталуы тиіс шекті мерзімді белгілейді.
      4.8 Егер даудың қандай да бір тарабы өзінің апелляцияға жүгіну шешімі туралы ДШО-ны ресми түрде хабардар етпесе, немесе ДШО консенсуспен баяндаманы бекітпеу туралы шешім қабылдаса ғана, аралық топтың баяндамасын барлық мүшелерге жібергеннен кейін 30 күн ішінде ДШО баяндаманы мақұлдайды.
      4.9 Аралық топтың баяндамаға шағым жасауы жағдайында Апелляциялық орган дау тарабы апелляция беретіні туралы ресми түрде өтініш білдірген күннен бастап 30 күн ішінде шешім қабылдайды. Егер Апелляциялық орган баяндаманы 30 күн ішінде ұсына алмайды деп санаса, ол ДШО-ны кешіктіру себептері туралы, сондай-ақ баяндама ұсынылатын шамаланған мерзім туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Ешбір жағдайда талқылау 60 күннен артық созылмауы тиіс. Егер ДШО консенсус арқылы Апелляциялық органның баяндамасын ол мүшелерге жіберілген күннен бастап 20 күн ішінде қабылдамау туралы шешім қабылдамаса, Апелляциялық органның баяндамасын ДШО мақұлдайды және оны даудың барлық тараптары қабылдайды8.
      4.10 ДШО ұсынымы аралық топ белгілеген, аралық топтың баяндамасын немесе Апелляциялық органның баяндамасын қабылдау күнінен басталатын мерзімде орындалмаған жағдайда, ДШО консенсус арқылы өтініштен бас тарту туралы шешім қабылдамаса ғана, ДШО шағым берген мүшеге тиісті жауапты шараларды қабылдауға рұқсат береді9.
      4.11 Егер дау тарабы Дауларды шешу туралы Уағдаластықтың («ДШУ») 22-бабының 6-тармағына сәйкес төрелікті талап етсе, төреші жауапты шаралардың тиісті болып табылатынын шешуі қажет10.
      4.12 Осы баптың ережелеріне сәйкес дауларды шешу мақсатында, осы бапта арнайы жазылған мерзімдерді қоспағанда, барлық мерзімдер Дауларды шешу туралы Уағдаластықта жазылған мерзімдердің жартысын құрайды.
___________________
6 Осы бапта көрсетілген кез келген мерзім өзара келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.
7 24-бапта белгіленгендей.
8 Егер ДШО отырысы осы мерзім ішінде жоспарланбаса, онда ол осы мақсат үшін шақырылуы тиіс.
9 Бұл осы ережелерде қарастырылатын субсидиялар тыйым салынған болып табылатыны туралы фактіге байланысты, өлшемдес емес жауап шараларын қабылдауға рұқсат беруді білдірмейді.
10 Бұл осы ережелерде қаралатын субсидиялар тыйым салынған болып табылатыны туралы фактіге байланысты, өлшемдес емес жауап шараларын қабылдауға рұқсат беруді білдірмейді.

ІІІ БӨЛІК: ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУҒА НЕГІЗ БЕРЕТІН СУБСИДИЯЛАР 5-БАП
Қолайсыз салдарлар

      Ешқандай мүше І баптың 1 және 2-тармақтарында аталған кез келген субсидияны пайдалану арқылы басқа мүшенің мүдделері үшін қолайсыз салдарларды туғызбауы тиіс, атап айтқанда:
      (а) басқа мүшенің отандық өнеркәсібіне зардабын тигізу11;
      (b) 1994 ж. ГАТТ бойынша басқа мүшелер тікелей немесе жанама түрде алатын пайданы, атап айтқанда, 1994 ж. ГАТТ-тың ІІ бабына сәйкес бекітілген жеңілдіктерден түсетін пайданы жою немесе қысқарту12;
      (с) басқа мүшенің мүдделеріне едәуір қысым келтіру13.
      Осы бап Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімнің 13-бабында көзделгендей, ауыл шаруашылығы тауарларына қатысты сақталатын субсидияларға қолданылмайды.
_____________________
11 Бұл жерде «Отандық өнеркәсіп үшін шығын» деген сөз V бөлімде қолданылған мағынасында қолданылады.
12 Осы Келісімде «жою немесе қысқарту» деген сөз тіркесі 1994 ж. ГАТТ-тың тиісті ережелеріндегі мағынасында қолданылады, ал «жою немесе қысқарту» деген фактінің өзі осы ережелерді қолдану практикасына сәйкес белгіленеді.
13 Осы Келісімде «басқа мүшенің мүдделеріне елеулі нұқсан келтіру» деген сөз тіркесі 1994 ж. ГАТТ-тың XVI І бабының І тармағындағы мағынада қолданылады және мүдделерге елеулі нұқсан келтіру қаупін қамтиды.

6-БАП
Мүдделерге едәуір қысым келтіру

      6.1 5-баптың (с) тармағындағы мағынада мүдделерге елеулі нұқсан келтіру мынадай жағдайда бар деп саналады:
      (а) егер субсидиялаудың жалпы көлемі тауар құнының14 5%-ынан асса15;
      (b) өнеркәсіп саласының эксплуатациялық шығындарын өтеуге арналған субсидиялар жағдайында;
      (с) қайталанбайтын және осы кәсіпорын үшін қайталана алмайтын, және ұзақ мерзімді шешімдерді іске асыруға уақыт беру және жіті әлеуметтік проблемаларға жол бермеу үшін ғана ұсынылатын бір жолғы шараларды қоспағанда, кәсіпорынның эксплуатациялық шығындарын өтеуге арналған субсидиялар жағдайында;
      (d) қарызды тікелей есептен шығару, мысалы, мемлекеттік қарызды есептен шығару және қарызды өтеуге арналған субсидиялар16 жағдайында.
      6.2 Егер субсидиялайтын мүше осы субсидияның 3-тармақта аталған салдарлары болмағанын дәлелдесе, 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, мүдделерге елеулі нұқсан келтіру орын алмауға тиіс.
      6.3 5-баптың (с) тармағы мағынасында мүдделерге елеулі нұқсан келтіру субсидияларды қолданудың мына салдарлардың біреуіне немесе бірнешеуіне әкелетін кез келген жағдайда туындауы мүмкін:
      (а) субсидияның нәтижесі басқа мүшенің ұқсас тауарын субсидиялайтын мүшенің нарығынан шығару немесе оның импортын қиындату болып табылады;
      (b) субсидияның нәтижесі басқа мүшенің ұқсас тауарын қандай да бір үшінші елдің нарығынан шығару немесе оның экспортын қиындату болып табылады;
      (с) субсидияның нәтижесі: бір және сол нарықта субсидияланған тауар бағасын басқа мүшенің ұқсас тауарының бағасымен салыстыру бойынша едәуір төмендету не бір және сол нарықта бағаның өсуін, бағаның төмендеуін немесе сатудың төмендеуін елеулі түрде ұстап тұру болып табылады;
      (d) субсидияның нәтижесі сол және өзге шикізат тауарының17 әлемдік нарығында субсидиялайтын мүшенің үлесін оның алдыңғы үш жыл кезеңіндегі орташа үлесімен салыстыру бойынша ұлғайту болып табылады және бұл ұлғайту субсидиялау жүзеге асырылған кезең ішінде тұрақты қарқын болып табылады.
      6.4 3(b) тармағының мақсаттары үшін, 7-тармақтың ережелерін сақтау шарты бойынша субсидияланбайтын ұқсас тауар үшін нарықтың салыстырмалы үлестерінің қолайсыз өзгеруінің орын алғаны дәлелденген жағдайда, экспортты шығару немесе қиындату кез келген жағдайды қамтуы тиіс (әдеттегі жағдайларда кемінде бір жылды құрауға тиіс осы тауар нарығының дамуындағы нақты үрдістерді дәлелдеу үшін жеткілікті репрезентативті кезең ішінде). «Нарықтың салыстырмалы үлестеріндегі өзгеріс» мына жағдайлардың кез келгенін қамтиды: (а) субсидияланған тауар нарығының үлесін ұлғайту; (b) субсидияланған тауар нарығының үлесі субсидия болмаған кезде ол төмендеуі тиіс болатын жағдайларда өзгеріссіз қалады; (с) субсидияланған тауар нарығының үлесі төмендейді, бірақ субсидиялау болмаған кездегіден анағұрлым баяу қарқынмен.
      6.5 3(с) тармағының мақсаттары үшін бағаны төмендету мұндай бағаның төмендетілуі субсидияланған тауар бағаларын бір және сол нарыққа жеткізілетін субсидияланбаған ұқсас тауарлардың бағаларымен салыстыру арқылы дәлелденген барлық жағдайларды қамтуы тиіс. Салыстыру сауда операциясының бір және сол деңгейінде және салыстырылатын уақыт кезеңі үшін жүргізілуі тиіс, және осы ретте бағаларды салыстыруға әсер ететін кез келген басқа факторлар назарға алынуы тиіс. Алайда, мұндай тікелей салыстыру мүмкін болмаса, онда бағаны төмендетудің бар болуы орташа экспорттық бағалардың негізінде белгіленуі мүмкін.
      6.6 V қосымшаның 3-тармағының ережелері сақталған жағдайда оған қатысты оның нарығында мүдделеріне елеулі нұқсан келтірілгені туралы пайымдау шығарылған әрбір мүше 7-баптың шеңберінде туындайтын дау тараптарына және 7-баптың 4-тармағына сәйкес құрылатын аралық топқа дау тараптарының нарығы үлестерінің, сондай-ақ тиісті тауарлар бағаларының өзгерістеріне қатысты алынуы мүмкін іске қатысты барлық ақпаратты ұсынуы тиіс.
      6.7 Мүдделерге елеулі нұқсан келтіруге әкелетін шығару немесе қиындату тиісті уақыт кезеңі ішінде мынадай мән-жайлардың біреуі болған кезде18 3-тармаққа сәйкес туындамайды:
      (а) шағым берген мүшенің ұқсас тауардың экспортына тыйым салу не шектеу, немесе шағым берген мүшенің мүдделі үшінші елдің нарығына импортына тыйым салу не шектеу;
      (b) сауда монополиясын немесе осы тауардың мемлекеттік саудасын практикалаушы импорттаушы үкіметтің коммерциялық емес себептер бойынша импортты шағым берген мүшеден басқа елге немесе елдерге қайта бейімдеуі туралы шешімі;
      (с) дүлей зілзалалар, ереуілдер, көліктегі кідірістер немесе шағым берген мүшеден экспорттау үшін қолда бар тауардың өндірісіне, сапасына, санына немесе бағасына елеулі әсер ететін форс-мажорлық мән-жайлар;
      (d) шағым берген мүшеден экспортты шектейтін уағдаластықтардың болуы;
      (е) шағым берген мүшеден берілген тауар экспортының мүмкіндігін ерікті түрде қысқарту (атап айтқанда, шағым берген мүше фирмалар осы тауар экспортын жаңа нарықтарға автономды түрде қайта бейімдеген жағдайды қоса алғанда);
      (f) импорттаушы елдегі стандарттарға және басқа да әкімшілік талаптарға сәйкес келмеу.
      6.8 7-тармақта аталған мән-жайлар болмаған кезде мүдделерге елеулі нұқсан келтірілуі V қосымшаның ережелеріне сәйкес ұсынылған ақпаратты қоса алғанда, аралық топқа ұсынылған немесе осы топ өз бетінше алған ақапараттың негізінде анықталады.
      6.9 Осы бап Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімнің 13-бабында көзделгендей, ауыл шаруашылығы тауарларына қатысты сақталатын субсидияларға қатысты қолданылмайды.
___________________
14 Субсидиялаудың жалпы құны IV қосымшаның ережелеріне сәйкес есептелуі тиіс.
15 Азаматтық авиатехникаға қатысты арнайы көп жақты қағидалардың қабылдануы болжанатындықтан, осы тармақшада көрсетілген субсидиялау шегі азаматтық авиатехникаға қатысты қолданылмайды.
16 Мүшелер азаматтық авиатехника бағдарламаларын роялтиге негізделген қаржыландыру сатудың болжамды деңгейінен төмен түсуіне байланысты толық өтелмеген жағдайларда, осының өзі осы тармақшаның мақсатында мүдделерге елеулі нұқсан келтіруді білдірмейтінін растайды.
17 Егер осы шикізат тауарларының саудасына көп жақты негізде келісілген басқа ерекше қағидалар қолданылмаса.
18 Кейбір мән-жайлардың осы тармақта аталуы мұндай мән-жайларға 1994 ж. ГАТТ шеңберінде де, осы Келісім бойынша да ешбір заңды мәртебе бермейді. Мұндай жағдайлар жалғыз, кездейсоқ немесе мардымсыз болмауы тиіс.

7-БАП
Құқық қорғау шаралары

      7.1 Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімнің 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүшенің 1-бапта айтылған, басқа мүше ұсынған немесе сақтайтын қандай да бір субсидия отандық өнеркәсіп үшін шығын келтіруге, кірісті жоюға немесе қысқартуға не оның мүдделеріне елеулі нұқсан келтіруге әкеледі деп санауға негіз болған барлық жағдайларда мұндай мүше консультация жүргізу туралы өтінішпен басқа мүшеге жүгіне алады.
      7.2 1-тармақта көзделген консультациялар туралы өтініште (а) осы субсидияның болуы мен сипатына және (b) отандық өнеркәсіп үшін шығынға, пайданы жоюға не қысқартуға немесе консультациялар туралы өтінішпен жүгінген мүшенің мүдделеріне елеулі нұқсан келтіруге19 қатысты бар дәлелдемелер қамтылады.
      7.3 1-тармаққа сәйкес консультациялар туралы өтініш алғаннан кейін мүше мұндай субсидиялау практикасын ұсынады немесе сақтайды деп болжанатын мұндай консультацияларға шұғыл түрде кіріседі. Консультациялардың мақсаты – іс жүзінде тараптың жағдайды түсіндіруі және өзара келісілген шешімге қол жеткізу.
      7.4 Егер консультациялар 60 күн ішінде20 өзара келісілген шешімге қол жеткізуге әкелмеген жағдайда, егер Дауларды шешу жөніндегі орган (ДШО) консенсус арқылы мұндай топ құрмауды шешсе, мұндай консультацияларға қатысатын кез келген мүше аралық топ құру үшін істі ДШО-ға тапсыруы мүмкін.
      7.5 Аралық топ істі қарайды және дау тараптарына өзінің соңғы баяндамасын ұсынады. Баяндама топтың құрамы мен өкілеттіктері анықталған күннен бастап 120 күн ішінде барлық мүшелерге жіберіледі.
      7.6 Егер дау тараптарының бірі ДШО-ны өзінің апелляцияға беру шешімі туралы ресми түрде хабардар етпесе, немесе ДШО консенсус арқылы баяндаманы мақұлдамауды шешсе, аралық топтың баяндамасы барлық мүшелерге жіберілгеннен кейін 30 күн ішінде ДШО21 оны мақұлдайды.
      7.7 Аралық топтың баяндамасына шағымдану жағдайында Апелляциялық орган дау тарабы апелляцияға беру ниеті туралы ресми түрде хабарлаған күннен бастап 60 күн ішінде шешім қабылдайды. Егер Апелляциялық орган баяндаманы 60 күн ішінде ұсына алмайды деп санаса, ол ДШО-ға кешіктіру себептері және баяндаманы ұсынудың шамалаған мерзімі туралы жазбаша түрде хабарлайды. Бірақ ешқандай жағдайда іс 90 күннен артық созылмауы тиіс. ДШО Апелляциялық органның баяндамасы мүшелерге жіберілгеннен кейін 20 күн ішінде консенсус арқылы оны мақұлдамау туралы шешім қабылдаса, Апелляциялық органның баяндамасын ДШО мақұлдайды және дау тараптары қабылдайды22.
      7.8 5-баптың мағынасында басқа мүшенің мүдделері үшін субсидияның қолайсыз салдарлары бар деп белгіленген аралық топтың баяндамасы немесе Апелляциялық органның баяндамасы мақұлданған жағдайда мұндай субсидияны ұсынатын немесе сақтайтын мүше осы қолайсыз салдарларды жою үшін тиісті шаралар қабылдауы немесе субсидияны алып тастауы тиіс.
      7.9 ДШО аралық топтың баяндамасын немесе Апелляциялық органның баяндамасын мақұлдаған күннен бастап алты ай ішінде мүше субсидияның қолайсыз салдарларын жою немесе субсидияны алып тастау үшін тиісті шаралар қабылдамаған жағдайда, және өтемақы төлеу жөніндегі келісім болмаған кезде, ДШО консенсус арқылы өтініштен бас тарту туралы шешім қабылдамаса, шағым берген мүшеге белгіленген қолайсыз салдарлардың деңгейі мен сипатына өлшемдес жауап шараларын қабылдауға рұқсат етеді.
      7.10 Дау тараптарының бірі Дауларды шешу туралы Уағдаластықтың 22-бабының 6-тармағына сәйкес төрелікті талап еткен жағдайда, төреші жауап шараларының белгіленген қолайсыз салдарларының деңгейі мен сипатына өлшемдес болып келетіндігін анықтайды.
__________________
19 Егер өтініш 6-баптың 1-тармағының ережелері мағынасында мүдделерге елеулі нұқсан келтіруге әкеледі деп болжанса, мүдделерге елеулі нұқсан келтірудің бар дәлелдемелері 6-баптың 1-тармағының талаптарына сәйкестік немесе сәйкессіздік дәлелдемелерімен ғана шектелуі мүмкін.
20 Осы бапта аталған кез келген уақыт аралықтары тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
21 Егер ДШО отырысы осы кезеңге жоспарланбаса, онда мұндай отырыс осы мақсат үшін шақырылады.
22 Егер ДШО отырысы осы кезеңге жоспарланбаса, онда мұндай отырыс осы мақсат үшін шақырылады.

IV БӨЛІК: ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУҒА НЕГІЗ БЕРМЕЙТІН СУБСИДИЯЛАР 8-БАП

      Шаралар қабылдауға негіз бермейтін субсидиялардың анықтамасы:
      8.1 Мынадай субсидиялар шаралар қабылдауға негіз бермейтін субсидиялар ретінде қарастырылады23:
      (а) 2-баптың мағынасында ерекше болып табылмайтын субсидиялар;
      (b) 2-баптың мағынасында ерекше болып табылатын, бірақ төмендегі 2(а), 2(b) немесе 2(с) тармақтарында көзделген барлық талаптарға сәйкес келетін субсидиялар.
      8.2 III және V бөлімдердің ережелеріне қарамастан, мынадай субсидиялар шаралар қабылдау үшін негіз бермейтін субсидиялар болып саналады:
      (а) фирмалар, сондай-ақ жоғарғы оқу орындары және ғылыми ұйымдар фирмалармен келісімшарттық негізде жүзеге асыратын жағдайларда24,25,26;
      мұндай көмек27 өнеркәсіптік зерттеулер28 құнының 75%-ынан аспайтын немесе бәсекеге дейінгі сатыда29,30 әзірленімдер құнының 50%-ын жабады деген шартпен зерттеу қызметіне көмек;
      және ол тек мыналарды жабу үшін ғана берілген жағдайда:
      (i) персоналға арналған шығыстар (зерттеушілер, техниктер және тек қана зерттеу қызметімен айналысатын басқа да көмекші персонал);
      (ii) зерттеу қызметі үшін ғана және тұрақты түрде қолданылатын (коммерциялық негізде сатуды қоспағанда) құралдарға, жабдықтарға, жерге және құрылыстарға арналған шығыстар;
      (iii) ғылыми зерттеулер нәтижелерін, техникалық білімді, патенттерді және басқаларын сатып алуды қоса алғанда, тек зерттеу қызметі үшін ғана қолданылатын консультациялық және баламалық қызметтерге арналған шығыстар;
      (iv) зерттеу қызметі нәтижесінде тікелей жұмсалған қосымша үстеме шығыстар;
      (v) зерттеу қызметі нәтижесінде тікелей жұмсалған басқа да ағымдағы (материалдарға, қамтамасыз етуге және т.б. арналған) шығыстар;
      (b) өңірлік дамудың жалпы шеңберінде берілетін31 мүшенің аумағындағы қолайсыз өңірлерге көмек ерекше емес (2-баптың мағынасында) болып табылады және мынадай жағдайларда тиісті өңірлер арасында бөлінеді:
      (i) әрбір қолайсыз өңір нақты белгіленген ықшам әкімшілік және экономикалық аймақты көрсетуі тиіс;
      (ii) мұндай өңір қиындықтары тек уақытша жағдайдан туындап отырмағанын көрсететін, бейтарап және объективті өлшемшарттар негізінде32 қолайсыз өңір ретінде қарастырылады; мұндай өлшемшарттар заңдарда, ережелерде немесе басқа да ресми құжаттарда оларды тексеруге болатындай нақты анықталуы тиіс;
      (iii) өлшемшарттар кем дегенде мынадай көрсеткіштердің біріне негізделген экономикалық даму өлшемін қамтиды:
      · халықтың жан басына табысы немесе үй шаруашылығына байланысты табысы не халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ мөлшері, осы аумақ үшін орташа 85% көрсеткіштен аспауы тиіс;
      жұмыссыздық деңгейі, осы аумақ үшін орташа көрсеткіштің кем дегенде 110%-ын құрауы тиіс;
      үш жыл кезеңге өлшенген; алайда мұндай өлшем кешенді болуы және басқа да факторларды ескеруі мүмкін;
      (с) қолданыстағы өндірістік қуаттардың33 заңнамамен және/немесе нормативтік актілермен белгіленген қоршаған ортаны қорғауға қатысты жаңа талаптарға бейімделуіне ықпал ету, егер ол:
      (i) бір жолғы, қайталанбайтын шара болып табылса; және
      (ii) бейімделу бойынша шығыстардың көп дегенде 20% құраса; және
      (iii) кәсіпорынға толығымен тиесілі, субсидияланған жабдықтарды айырбастау және пайдалану шығыстарын жаппаса; және
      (iv) фирма жоспарлап отырған ластануды қысқартуға тікелей байланысты және пропорционалды болса және қол жеткізілуі мүмкін өндірістік шығыстар үнемін жаппаса; және
      (v) жаңа жабдыққа және/немесе өндірістік процестерге ауысуы мүмкін барлық фирмалар үшін қолжетімді болған жағдайда.
      8.3 Комитет 2-тармақ ережелеріне қатысты субсидиялау бағдарламасы туралы VII бөлім ережелеріне сәйкес ол іске асырылғанға дейін хабардар етіледі. Мұндай кез келген хабарлама басқа мүшелер бағдарламаның 2-тармақтың тиісті ережелерімен көзделген талаптар мен өлшемшарттарына сәйкестігін жеткілікті бағалай алатындай нақты болуы тиіс. Сондай-ақ, мүшелер жыл сайын Комитетке осындай хабарламалардың жаңаруын, атап айтқанда, әрбір бағдарлама бойынша шығыстардың жалпы сомасы мен ондағы өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады. Басқа мүшелер ол туралы хабарлама жіберілген бағдарламаға34 кіретін жекелеген субсидиялар туралы ақпарат сұрауға құқылы.
      8.4 Мүшеден сұратуды алғаннан кейін Хатшылық 3-тармаққа сәйкес ұсынылған хабарламаны қарайды және қажет болған жағдайда субсидиялайтын мүшеден ол туралы хабарлама жіберілген, қарастырылып отырған бағдарлама туралы қосымша ақпарат сұрайды. Хатшылық Комитетке өз тұжырымдары туралы баяндама ұсынады. Өтінішті алғаннан кейін Комитет 2-тармақта көрсетілген талаптар мен өлшемшарттардың шынында да сақталмағанын анықтау мақсатында Хатшылықтың тұжырымдарын (немесе Хатшылық қарауды сұратпаса, онда хабарламаның өзін) дереу қарайды. Осы тармақта көзделген рәсім, мұндай хабарлама мен Комитеттің кезекті отырысы арасында кемінде екі ай өткен жағдайда, ең кеш дегенде, субсидиялау бағдарламасы туралы хабарламадан кейін өткізілетін Комитеттің бірінші кезекті отырысында аяқталады. Сұрау алынғаннан кейін осы тармақта көрсетілген рәсім 3-тармақта көрсетілген мәліметтерді жыл сайын жаңарту барысында да бағдарламаның едәуір өзгерістерін қарау кезінде қолданылады.
      8.5 Мүшенің өтініші бойынша 4-тармаққа сәйкес Комитет шығарған шешім немесе Комитеттің мұндай шешім шығаруға қабілетсіздігі, сондай-ақ жекелеген жағдайларда хабарлама жіберілген бағдарламада көрсетілген талаптардың бұзылуы шешімі міндетті болып табылатын төрелікке тапсырылады. Төрелік орган істі осы төрелік органға берген күннен бастап 120 күн ішінде өз қорытындыларын мүшелерге ұсынады. Осы тармақта көзделген басқа жағдайларды қоспағанда, осы тармаққа сәйкес өткізілетін төрелікке Дауларды шешу туралы Келісімнің ережелері қолданылады.
______________________
23 Мүшелер әр түрлі мақсаттардағы мемлекеттік көмекті кеңінен ұсынады, және мұндай көмек осы баптың ережелеріне сәйкес шаралар қабылдауға негіз бермейтін субсидиялардың анықтамасына қатысты бола алмайды деген фактінің өзі мүшелердің мұндай көмек ұсыну мүмкіндігін шектемейді деп танылады.
24 Азаматтық авиатехника арнайы көп жақты қағидалардың мәні болып табылады деп болжанатындықтан, осы тармақшаның ережелері осы тауарға қатысты қолданылмайды.
25 24-бапта көзделген Субсидиялар және өтемақы шаралары комитеті (бұдан әрі осы Келісімде – «Комитет») ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап 18 айдан кешіктірмей, олардың әрекетін жақсартатын барлық қажетті өзгерістерді енгізу мақсатында 2(а) тармақшасы ережелерінің күшін қарастырады. Комитет болуы мүмкін өзгерістерді қарастыру кезінде мүшелердің зерттеу бағдарламаларын іске асырудағы тәжірибесін, сондай-ақ осы салада басқа тиісті халықаралық мекемелер жүргізетін жұмысты есепке ала отырып, осы тармақшада аталған санаттардың анықтамаларын мұқият қарауы тиіс.
26 Осы Келісімнің ережелері жоғарғы оқу немесе ғылыми мекемелер тәуелсіз жүргізген іргелі ғылыми зерттеулерге қатысты қолданылмайды. «Іргелі зерттеулер» термині өнеркәсіптік және коммерциялық мақсаттармен байланысты емес жалпы ғылыми және техникалық білімді кеңейтуді білдіреді.
27 Осы тармақшада аталған шараларды қабылдау үшін негіз бермейтін көмектің жол берілетін деңгейі нақты жобаны жүзеге асыру кезеңінде жұмсалған тиісті шығыстардың жалпы сомасына қатысты белгіленеді.
28 «Өнеркәсіптік зерттеулер» деген термин осындай білімнің жаңа тауарларды, процестерді немесе қызмет көрсетулерді әзірлегенде пайдалы болуы мүмкін жаңа білімдерді ашуға, сондай-ақ қазіргі тауарларды, процестерді немесе қызмет көрсетулерді елеулі түрде жақсартуға бағытталған жоспарланған зерттеулерді немесе аса маңызды зерттеулерді білдіреді.
29 «Бәсекеге дейінгі сатыдағы әзірлемелер» деген термин коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз бірінші прототипін жасауды қоса алғанда, сатуға немесе пайдалануға арналған өнеркәсіп зерттеулерінің жоспарға, сызбаға немесе жаңа түрлендірілген немесе жақсартылған тауарлардың, технологиялық процестердің немесе қызмет көрсетулердің нәтижелерін көшіруді білдіреді. Ол, сондай-ақ тұжырымдаманың тұжырымын және баламалы тауарлардың, тәсілдердің немесе қызметтердің дизайндарын, сондай-ақ олар өндірістік қолдану немесе коммерциялық пайдалану үшін бейімделмеген немесе пайдалануы мүмкін емес жағдайда, бастапқы көрсету жобаларын не пилоттық жобаларды қамтуы мүмкін. Ол қолданыстағы тауарларға, өндірістік желілерге, өңдеу процестеріне, қызмет көрсетулерге және басқа да жай операцияларға, тіпті осындай өзгерістер жақсартуға алып келсе де, ағымдағы және кезеңдік өзгерістерге қолданылмайды.
30 Өнеркәсіптік зерттеулер мен бәсекелестікке дейінгі әзірлемелерді біріктіретін бағдарламалар жағдайында шаралар қабылдау үшін негіз болмайтын көмектің жол берілетін деңгейі, осы екі санат үшін осы (i) және (v) тармақшасында көрсетілген барлық тиісті шығыстарды ескере отырып есептелген, жол берілетін жай орташа деңгейлерден жоғары болмауы тиіс.
31 «Өңірлік дамудың жалпы шеңбері» субсидиялаудың өңірлік бағдарламалары ішкі дәйекті және әмбебап қолданылатын өңірлік даму саясатының бөлігі болып табылады және өңірлік дамуға арналған субсидиялар өңірдің дамуына әсер етпейтін немесе іс жүзінде әсері жоқ жекелеген географиялық пункттер болып табылмайды дегенді білдіреді.
32 «Бейтарап және объективті өлшемшарттар» өңірлік даму саясаты шеңберінде өңірлер арасындағы айырмашылықтарды жою немесе қысқарту үшін қажетті белгілі бір өңірлер үшін одан артық жеңілдіктер берілмейтін өлшемшарттарды білдіреді. Осыған қатысты субсидиялаудың өңірлік бағдарламалары субсидияланатын әрбір жоба бойынша берілуі мүмкін барынша жоғары сомаларды қамтуы тиіс. Осындай барынша жоғары сомалар оларға көмек көрсетілетін өңірлердің даму деңгейіне байланысты саралануы және инвестицияларға арналған шығыстар немесе жұмыс орындарын құруға арналған шығыстар түрінде көрсетілуі тиіс. Осы сомалардың шегінде көмек осы заңның 3-бабында көзделгендей субсидияларды басымдықпен пайдалану немесе белгілі бір кәсіпорындарға барабар емес үлкен сомаларды берудің алдын алу үшін жеткілікті түрде кеңінен бөлінуі тиіс.
33 «Қолданыстағы өндірістік қуаттар» деген ең кемінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жаңа талаптар енгізілгенге дейін екі жыл бұрын пайдалануда болған өндірістік қуаттарды білдіреді.
34 Хабарлама туралы осы ережеде құпия іскерлік ақпаратты қоса алғанда, құпия ақпаратты ұсыну талап етілмейді.

9-БАП
Консультациялар және құқықтарды қорғаудың рұқсат етілген құралдары

      9.1 Егер бағдарламаның көрсетілген тармақта айтылған өлшемшарттарға бағдарламалардың сәйкестігіне қарамастан, 8-баптың 2-тармағында көрсетілген бағдарламаны іске асыру процесінде кез келген мүшенің бағдарлама оның отандық өнеркәсібі үшін елеулі қолайсыз салдарларға әкеп соғады деп санауға негізі болса, онда мұндай мүше консультация өткізу туралы өтінішпен осы субсидияны ұсынатын немесе сақтайтын мүшеге жүгіне алады.
      9.2 1-тармаққа сәйкес консультациялар туралы өтінішті алғаннан кейін осы субсидиялау бағдарламасын ұсынатын немесе сақтайтын мүше ең қысқа мерзім ішінде осындай консультацияларды бастайды. Консультациялардың мақсаты мәселеге айқындықты енгізу және өзара қолайлы шешімдерге қол жеткізу болып табылады.
      9.3 Егер 2-тармақта көзделген өзара қолайлы шешімге консультациялар туралы өтініш алынған сәттен бастап 60 күн ішінде қол жеткізілмесе, мұндай өтінішпен жүгінген мүше істі Комитеттің қарауына бере алады.
      9.4 Іс Комитетке тапсырылған жағдайда соңғысы іске қатысты, 1-тармақта көрсетілген салдарлардың бар болуы фактісі мен дәлелдемелерін дереу қарайды. Егер Комитет мұндай салдарлардың бар екенін анықтаса, ол субсидиялаушы мүшеге осы бағдарламаны көрсетілген салдарлар жойылатындай етіп өзгертуді ұсына алады. Комитет 3-тармаққа сәйкес іс оның қарауына жіберілген күннен бастап 120 күн ішінде өз қорытындыларын ұсынады. Егер ұсынымдар 6 ай ішінде орындалмаса, онда Комитет консультациялар туралы өтінішпен жүгінген мүшеге белгіленген салдарлардың сипаты мен ауқымына өлшемдес тиісті жауап шараларын қабылдауға рұқсат береді.

V БӨЛІК: ӨТЕМАҚЫ ШАРАЛАРЫ 10-БАП
1994 ж. ГАТТ-тың VI бабын қолдану35

      Мүшелер кез келген мүше аумағынан басқа мүше аумағына әкелінген кез келген тауарға өтемақы бажын36 салу 1994 ж. ГАТТ-тың VI бабының ережелеріне және осы Келісім талаптарына сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдайды. Өтемақы баждары осы Келісімнің және Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімнің ережелеріне сәйкес басталған37 және жүргізілген тексеруден кейін ғана енгізілуі мүмкін.
_________________
35 ІІ және ІІІ бөлімдердің ережелері V бөлімнің ережелерімен қатар түрде қолданылуы мүмкін; алайда, импорттаушы мүшенің ішкі нарығындағы қандай да бір нақты субсидияның салдарларына қатысты қорғаудың бір ғана нысаны болуы мүмкін (егер V бөлім талаптары сақталса, өтемақы бажы немесе 4 немесе 7 баптар бойынша жауап шарасы). III және V бөлімдердің ережелері IV бөлім ережелеріне сәйкес шаралар қабылдау үшін негіз болмайтын шараларға қатысты қолданылмайды. Алайда, 8-баптың 1(а) тармағында көрсетілген шаралар олардың 2-баптың мағынасында ерекше болып табылатынын анықтау мақсатында тексеру объектісі болуы мүмкін. Бұдан басқа, 8-баптың 3-тармағына сәйкес ол туралы хабарлама ұсынылмаған бағдарлама шеңберінде берілетін 8-баптың 2-тармағында көрсетілген субсидия жағдайында, III немесе V бөлім ережелері қолданылуы мүмкін; алайда, мұндай субсидия 8-баптың 2-тармағында аталған стандарттарға сәйкес келген жағдайда ол шаралар қабылдау үшін негіз болатын деп қарастырылмауы тиіс.
36 «Өтемақы бажы» терминін 1994 ж. ГАТТ –тың VI бабының 3-тармағында көзделгендей кез келген тауарды өндіруге, өңдеуге немесе оның экспортына тікелей немесе жанама берілетін субсидияны бейтараптандыру мақсатында алынатын арнайы бажды білдіреді деп түсіну қажет.
37 Осы жерде және одан әрі «бастау» термині мүше 11-бапта көзделгендей тексеруді ресми түрде ашатын рәсімдік әрекеттерді білдіреді.

11-БАП
Рәсімнің басталуы және кейінгі тексеру

      11.1 6-тармақта көзделгенді қоспағанда, кез келген болжамды субсидияның бар болуын, деңгейін және ықпалын анықтау мақсатындағы тексеру отандық өнеркәсіптің жазбаша өтініші бойынша немесе оның атынан басталады.
      11.2 1-тармақта аталған өтініште (a) субсидияның бар болуының және егер мүмкін болса, оның мөлшерінің, (b) осы Келісімде түсіндірілгендей, 1994 ж. ГАТТ-тың VI бабының мағынасындағы шығынның, және (c) субсидияланған импорт пен болжамды шығын арасындағы себеп-салдарлық байланыстың жеткілікті дәлелдері қамтылады. Тиісті дәлелдермен бекітілмеген қарапайым пайымдау осы тармақтың талаптарын орындау үшін жеткілікті болып қарастырылмайды. Өтініште өтініш беруші үшін ақылға қонымды қол жетімді мынадай ақпарат қамтылады:
      (i) өтініш берушінің жеке басы және өтініш берушінің ұқсас тауарларының отандық өндірісінің көлемі мен құнының сипаттамасы. Егер жазбаша өтініш отандық өнеркәсіп атынан жазылса, ол ұқсас тауарды барлық танымал отандық өндірушілердің (немесе ұқсас тауарды отандық өндірушілерінің қауымдастықтарының) тізімін және мүмкін деңгейде осындай өндірушілерге келетін ұқсас тауарлардың отандық өндірісінің көлемі мен құнының сипаттамасын енгізу арқылы оның атынан өтініш берілген саланы анықтауы тиіс;
      (ii) болжамды субсидияланған тауардың толық сипаттамасы, шығарылған немесе экспорт елінің немесе елдерінің атауы, әрбір танымал экспорттаушының немесе шетелдік өндірушінің жеке тұлғасы және осы тауарды танымал импорттаушылардың тізімі;
      (iii) субсидияның бар болуының, көлемі мен сипатының дәлелдемелері;
      (iv) отандық өнеркәсіптің болжамды зияны субсидияның ықпал етуіне байланысты субсидияланған импорттан туындағанының дәлелдемелері; бұл дәлелдемелер болжамды субсидияланған импорт көлемінің өзгеруі, осы импорттың ішкі нарықтағы ұқсас тауар бағасына әсері және кейіннен импорттың 15-баптың 2 және 4-тармақтарында аталғандай отандық өнеркәсіп жағдайын сипаттайтын тиісті көрсеткіштер мен индекстерге негізделген отандық өнеркәсіпке әсері туралы ақпаратты қамтиды.
      11.3 Құзыретті органдар тексеруді бастау үшін олардың жеткіліктілігін анықтау мақсатында өтініште келтірілген дәлелдемелердің дәлдігі мен барабарлығын тексереді.
      11.4 1-тармаққа сәйкес, құзыретті органдар ұқсас тауарды отандық өндірушілер білдірген38 өтінішті қолдау немесе онымен келіспеу дәрежесін тексеру негізінде өтініштің отандық өнеркәсіптен немесе оның атынан39 берілгеніне көз жеткізгенше дейін тексеру басталмайды. Егер өтінішті оның үлесін өтінішті қолдаған немесе оған қарсы болған отандық өнеркәсіп бөлігі өндірген ұқсас тауардың жалпы өндірісінің 50 %-ынан артық құрайтын отандық өндірушілер қолдаса, ол «отандық өнеркәсіптен немесе оның атынан берілген» деп саналады. Алайда, егер өтінішті қолдаған отандық өндірушілер үлесі отандық өнеркәсіп өндірген ұқсас тауардың жалпы өндірісінің 25 %-нан кем құраса, тексеру басталмайды.
      11.5 Тексеруді бастау туралы шешім қабылданғанға дейін құзыретті органдар мұндай тексеруді бастау туралы өтініштің жариялануына жол бермейді.
      11.6 Егер ерекше жағдайларда тиісті құзыретті органдар отандық өнеркәсіптен немесе оның атынан тексеруді бастау туралы жазбаша өтінішті алмай тексеруді бастау туралы шешім қабылдаса, олар тексеруді бастауын ақтау үшін 2-тармақта көрсетілгендей, субсидияның, шығынның, сондай-ақ олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуының жеткілікті дәлелдемелері болған кезде ғана оған кіріседі.
      11.7 Субсидияның да және шығынның да дәлелдемелері (а) тексеруді бастау немесе бастамау туралы шешім қабылдау кезінде және (b) келешекте осы Келісімнің ережелеріне сәйкес уақытша шаралар енгізілуі мүмкін ең ерте күннен бастап кешіктірмей тексеру барысында бір мезгілде қаралуы тиіс.
      11.8 Тауарлар тікелей шыққан елден импортталмай, аралық елден импорттаушы мүшеге экспортталған жағдайларда, осы Келісім ережелері толық қолданылады және осы Келісім мақсаттары үшін келісім немесе келісімдер шыққан елі мен импорттаушы мүше арасында жасалған келісімдер ретінде қарастырылады.
      11.9 Тиісті құзыретті органдар рәсімнің жалғасуын ақтау үшін субсидиялау немесе шығын дәлелдемелерінің жоқ екеніне көз жеткізгенде, 1-тармаққа сәйкес тексеру туралы өтініштен бас тартылады және тексеру дереу тоқтатылады. Субсидия мөлшері de minimis болып табылған немесе нақты не ықтимал субсидияланған импорт көлемі немесе шығын аз болған жағдайда, тексеру дереу тоқтатылады. Егер субсидия тауар құнының 1%-ынан кем болса, осы тармақтың мақсаттары үшін субсидия мөлшері ең төмен болып қарастырылуы тиіс.
      11.10 Тексеру кедендік тазалау рәсіміне кедергі келтірмеуі тиіс.
      11.11 Ерекше мән-жайларды қоспағанда, тексерулер бір жыл ішінде аяқталады және ешқандай жағдайда олар басталған сәттен бастап 18 ай мерзімінен аспайды.
_____________________
38 Өндірушілердің көп саны есептелетін салалар жағдайында құзырлы органдар статистикалық негізделген таңдау әдістерін қолдана отырып, қолдау мен келіспеуді анықтай алады.
39 Мүшелерге кейбір мүшелердің аумағында ұқсас тауардың отандық өндірушілерінің жалдамалы жұмысшылары немесе олардың өкілдері 1-тармақта көрсетілген тексеру туралы өтініш бере алатыны белгілі.

12-БАП
Дәлелдемелер

      12.1. Мүдделі мүшелерге және тексеруге мүдделі барлық тараптарға құзыретті органдарға қажетті ақпарат туралы хабарламалар жіберіледі және олардың пікірі бойынша көрсетілген тексеруге қатысы бар барлық дәлелдемелерді жазбаша түрде жіберу мүмкіндігі беріледі.
      12.1.1 Өтемдік тексеруде қолданылатын сауалнамаларды алатын экспорттаушыларға, шетелдік өндірушілерге немесе мүдделі мүшелерге жауап беру үшін кемінде 30 күн беріледі40. Көрсетілген 30 күндік мерзімді ұзарту туралы кез келген өтінішке тиісті көңіл бөлу қажет және негіз бар болған кезде мұндай ұзарту мүмкін болған жағдайда берілуі тиіс.
      12.1.2 Құпия ақпаратты қорғау туралы талаптарды есепке ала отырып, мүдделі мүше немесе мүдделі тарап жазбаша түрде ұсынған дәлелдемелер тексеруге қатысатын басқа мүдделі мүшелерге немесе мүдделі тараптарға дереу ұсынылады.
      12.1.3 Құзыретті органдар тексеру басталғаннан кейін бірден белгілі экспорттаушыларға41 және экспорттаушы мүшенің биліктеріне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша басқа да тартылған мүдделі тараптарға ІІ баптың 1-тармағына сәйкес алынған жазбаша өтініштің толық мәтінін ұсынады. 4-тармақта көзделгендей, құпия ақпаратты қорғауға тиісті көңіл бөлінуі тиіс.
      12.2 Мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптар сонымен қатар ақтайтын жағдайлар бар болған кезде ақпаратты ауызша түрде ұсынуға құқылы. Мұндай ақпарат ауызша ұсынылған жағдайларда осы мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптар өздерінің дәлелдемелерін жазбаша түрде қысқаша жазып көрсетулері тиіс. Тексеру органдарының кез келген шешімі жазбаша түрде осы органдардың құзіретінде болатын, және тексеруге қатысатын мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптарға қол жетімді болатын осындай ақпарат пен дәлелдемелерге ғана негізделуі мүмкін. Осы ретте құпия ақпаратты қорғауға тиісті көңіл бөлінуі тиіс.
      12.3 Құзыретті органдар, мүмкін болған кезде, барлық мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптарға олардың жағдайына қатысты және
4-тармақта белгіленгендей құпия болмайтын және өтемдік тексеру барысында құзыретті органдар пайдаланатын барлық ақпаратпен танысу және осы ақпараттың негізінде өз пікірлерін дайындау мүмкіндігін уақытылы ұсынады.
      12.4 Өзінің сипаты жағынан құпия болып табылатын (мысалы, оның ашылуы бәсекелеске едәуір бәсекелік басымдықтар беруді немесе оның ашылуы ақпаратты ұсынған тұлға үшін немесе осы ақпаратты ұсынған тұлғаға берген тұлға үшін едәуір қолайсыз салдарлардың туғызуын білдіретін болса) немесе тексеру тараптары құпия негізде ұсынатын кез келген ақпаратты елеулі негіздер болған кезде құзыретті органдар құпия ретінде қарастырады. Мұндай ақпарат оны ұсынған тараптың арнайы рұқсатынсыз ашылуы тиіс емес42.
      12.4.1 Құзыретті органдар құпия ақпаратты ұсынатын мүдделі мүшелерден немесе мүдделі тараптардан оның құпия емес түйіндемесін ұсынуды талап етеді. Бұл түйіндеме құпия түрде ұсынылған ақпараттың мәнінің дұрыс түсінілуін қамтамасыз ететіндей жеткілікті толық болуы тиіс. Ерекше жағдайларда мұндай мүшелер немесе тараптар мұндай ақпарат қысқаша жазылмайтынын көрсете алады. Мұндай ерекше жағдайларда түйіндемені ұсыну мүмкін емес екенінің себептері көрсетілуі тиіс.
      12.4.2 Егер құзыретті органдар құпиялылық туралы өтініш ақталмаған деп санаса және егер ақпарат көзі осы ақпаратты ашық еткісі келмесе немесе оның жалпылама немесе қысқартылған нысанда ашылуына рұқсат бергісі келмесе, құзыретті органдарға тиісті көздерден ақпараттың нақты43 екені дәлелденбеген жағдайда, олар мұндай ақпаратты назарға алмауы мүмкін.
      12.5 7-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, құзыретті органдар тексеру барысында олардың тұжырымдары негізделетін мүдделі мүшелер немесе мүдделі тараптар ұсынған ақпараттың дәлдігіне көз жеткізеді.
      12.6 Тексеру жүргізетін органдар, олар басқа мүшеге уақытылы хабарлаған жағдайда және осы мүше тексеруге қарсылық білдірмесе, тексеруді басқа мүшенің аумағында жүргізуі мүмкін. Бұдан басқа, егер: (а) фирма оған келіскен жағдайда және (b) осы мүшеге хабарланса және ол оған қарсылық білдірмесе, тексеру жүргізетін органдар тексеруді фирманың үй-жайларында жүргізуі және фирманың құжаттарын зерттеуі мүмкін.
      VI қосымшада көзделген рәсімдер фирмалардың үй-жайларындағы тексерулерге қатысты қолданылады. Құпия ақпаратты қорғау туралы талаптармен салынатын шектеулерді есепке ала отырып, құзыретті органдар мұндай тексерулердің нәтижелерін оған қатысы бар фирмаларға ұсынады немесе 8-тармаққа сәйкес мұндай фирмалар үшін олардың ашылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мұндай нәтижелерді өтініш иелерінің билігіне бере алады.
      12.7 Кез келген мүдделі мүше немесе мүдделі тарап қажетті ақпаратты беруден бас тартса немесе белгілі бір уақыт ішінде бермесе немесе тексеруге едәуір қиындықтар туғызса, жағымды немесе теріс, алдын ала және соңғы ұйғарымдар қолда бар фактілердің негізінде шығарылуы мүмкін.
      12.8 Соңғы ұйғарым шығарылғанға дейін құзыретті органдар барлық мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптарға соңғы шараларды енгізу туралы мәселені шешу үшін негіз болып табылатын, қарастырылатын неғұрлым маңызды фактілер туралы ақпарат береді. Ақпараттың мұндай ашылуы тараптар өздерінің мүдделерін қорғай алуы үшін жеткілікті алдын ала болуы тиіс.
      12.9 Осы Келісім мақсаттары үшін «мүдделі тараптар»:
      (i) оған қатысты тексеру жүргізілетін тауарды экспорттаушыны немесе шетелдік өндірушіні немесе импорттаушыны немесе мүшелерінің көбі осы тауарды өндірушілер, экспорттаушылар немесе импорттаушылар болып табылатын сауда немесе іскерлік қауымдастықты; және
      (ii) импорттаушы мүшедегі ұқсас тауарды өндірушіні немесе мүшелерінің көбі импорттаушы мүше аумағында ұқсас тауарды өндіретін іскерлік қауымдастықты қамтиды.
      Бұл тізбе мүшелерге «мүдделі тараптар» санына жоғарыда аталғаннан басқа отандық немесе шетелдік тараптарды қосуға рұқсат беруге кедергі жасамайды.
      12.10 Құзыретті органдар оған қатысты тексеру жүргізілетін тауардың өнеркәсіптік тұтынушыларына және осы тауар бөлшек саудада кеңінен ұсынылған жағдайларда тұтынушылардың репрезентативті ұйымдарына тексеруге жататын және субсидиялауға, зиянға және олардың арасындағы себеп-салдарлық байланысқа қатысы бар ақпаратты ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
      12.11 Құзыретті органдар мүдделі тараптар, әсіресе шағын кәсіпорындар бастан кешіретін, талап етілетін ақпаратты ұсынудағы қиындықтарды тиісті түрде ескереді және оларға кез келген қисынды көмек көрсетеді.
      12.12 Жоғарыда айтылған рәсімдер басқа мүшелердің билігіне тексеруді бастауға, жағымды немесе теріс сипаттағы алдын ала немесе соңғы ұйғарымдар шығаруға, немесе осы Келісімнің тиісті ережелеріне сәйкес уақытша немесе соңғы шаралар қабылдауға қатысты шұғыл әрекет етуге кедергі келтіруді мақсат етпейді.
_____________________
40 Әдетте, экспорттаушылар үшін белгіленген мерзімдер осы мақсаттарда респондентке немесе экспорттаушы мүшенің тиісті дипломатиялық өкілдеріне немесе ДСҰ-ға мүшенің жеке кедендік аумағы жағдайында экспорттаушы аумақтың ресми өкіліне жіберілген күннен бастап бір апта ішінде алынған деп саналатын сауалнаманы алған күннен бастап есептеледі.
41 Осы ретте тартылған экспорттаушылардың саны ерекше көп болса, өтініштің толық мәтіні экспорттаушы мүшенің билігіне немесе тиісті сауда қауымдастықтарына ғана ұсынылады, олар кейіннен көшірмелерді мүдделі экспорттаушыларға жіберуі тиіс.
42 Мүшелерге кейбір мүшелердің аумағында ақпаратты ашу оны қорғау туралы қатаң шектелген өкімге сәйкес жүргізілуі мүмкін екені белгілі.
43 Мүшелер құпиялылық туралы өтініштерден ерікті түрде бас тартылмауы тиіс екенімен келіседі. Сондай-ақ, мүшелер тексеру органдары тексеру рәсіміне жататын ақпаратты ғана құпиялылық режимінен алып тастау туралы өтінішпен жүгіне алатынымен де келіседі.

13-БАП
Консультациялар

13.1 11-бапта қарастырылған өтінішті қабылдағаннан кейін барынша қысқа мерзімде, тергеу басталғанға дейінгі кез келген жағдайда, тауарлары осы тексерудің мәні болуы мүмкін мүшелерге 11-баптың 2-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша ахуалды нақтылау және өзара келісілген шешімге қол жеткізу мақсатында консультациялар жүргізу ұсынысы жіберіледі.
      13.2 Бұдан басқа, тексерудің бүкіл кезеңі ұзақтығында тауарлары тексеру мәні болып табылатын мүшелерге іс жүзінде мән-жайларды нақтылау және өзара келісілген шешімге қол жеткізу44 мақсатында консультацияны жалғастырудың ақылға қонымды мүмкіндігі ұсынылады.
      13.3 Міндеттемелер үшін залалсыз консультацияларға ақылға қонымды мүмкіндіктер беру, консультацияға қатысты ережелер кез келген мүшенің өкілетті органдарына тексеруді бастауға, жағымды немесе теріс сипаттағы алдын ала немесе түпкілікті ұйғарымдарды қабылдауға немесе осы Келісімнің ережелеріне сәйкес уақытша немесе түпкілікті шараларды қолдануға қатысты дереу әрекет етуге кедергі келтірмейді.
      13.4 Тексеруді бастауға ниет білдірген немесе осындай тексеруді жүргізетін мүше тауарлары осыған ұқсас тексерудің мәні болып табылатын мүшенің немесе мүшелердің өтініші бойынша тексеруді бастау немесе жүргізу үшін пайдаланылатын құпия деректердің құпия емес түйіндерін қоса алғанда, құпия емес ақпаратқа қол жеткізуге рұқсатын береді.
___________________
44 Осы тармақтың ережелеріне сәйкес ешқандай жағымды ұйғарымның консультациялар үшін ақылға қонымды мүмкіндіктерді ұсынбай, алдын ала немесе түпкілікті жасалмағаны айрықша маңызды. Мұндай консультациялар II, III немесе Х бөлімнің ережелеріне сәйкес рәсімдер үшін негіз болуы мүмкін.

14-БАП
Субсидиялардың мөлшерін оның алушысына берілетін жеңілдік
ретінде есептеу

      V бөлімнің мақсаттары үшін тексеру органы пайдаланатын кез келген әдіс 1-баптың 1-тармағына сәйкес субсидияларды алушыға берілетін жеңілдікті есептеу үшін ұлттық заңнамамен немесе осы мүшенің нормативтік актілерімен айқындалуы тиіс, ал оларды әрбір нақты жағдайда қолдану транспарентті және баламалы түсіндірілген болуы тиіс. Бұдан басқа, кез келген осындай әдіс мынадай қағидаттарға сәйкес келуі тиіс:
      (а) компанияның капиталына үкіметтің қатысуы инвестициялар туралы шешім осы мүше елдің аумағында жеке инвесторлардың (тәуекел капиталын ұсынуды қоса алғанда) жай инвестициялық практикасына жауап бермеуші ретінде бағаланбайтын болса, жеңілдіктерді беру ретінде қарастырылмайды;
      (b) үкіметтік қарыз кредитті алушы фирманың мемлекеттік кредит бойынша төлейтін сомасы мен фирма нарықта іс жүзінде алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлей алатын сома арасында айырмашылық болмаса, жеңілдік беру ретінде қарастырылмайды. Осыған ұқсас жағдайда жеңілдік осы екі сома арасындағы айырмашылық деп саналады;
      (с) үкіметтің кредитке кепілдік беруі кепілдікті алушы фирма үкімет кепілдік берген кредит үшін төлейтін сома және ол мемлекеттік кепілдіксіз салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлейтін сома арасында айырмашылық болмаса, жеңілдік беру ретінде қарастырылмайды. Осыған ұқсас жағдайда жеңілдік комиссиялық айырмашылыққа түзетуді ескеріп, осы екі сома арасындағы айырмашылық жеңілдік деп саналады;
      (d) үкіметтің тауарларды немесе қызметтерді жеткізу, не тауарларды үкіметтік сатып алу тауарлар немесе қызметтерді үкімет баламалы төлемнен аз мөлшерде жеткізбегенде, не сатып алуды баламалы төлемнен көп мөлшерде жүзеге асырмағанда ғана жеңілдік ретінде қарастырылмайды. Төлемнің баламалылығы елге осы тауарлар мен қызметтерді жеткізу немесе сатып алу үшін (сатып алу немесе сатудың бағасын, сапасын, қолжетімділігін, өтімділігін, тасымалдауды және өзге талаптарды қоса алғанда) қолданыстағы нарықтық жағдайлармен салыстырылып айқындалады.

15-БАП
Залалды анықтау45

      15.1 1994 ж. ГАТТ-тың VI бабының мақсаттары үшін залалды анықтау жағымды дәлелдерге негізделуі және бір уақытта (а) субсидияланған импорттың көлемі мен ұқсас тауарларға46 ішкі нарықтың бағаларына субсидияланған импорттың әсер етуін, сонымен бірге (b) осындай тауарлардың отандық өндірушілеріне осы импорттың кейіннен әсер етуін дәйекті зерттеуді құрауы тиіс.
      15.2 Тексеруді жүргізетін органдар субсидияланған импорттың көлеміне қатысты субсидияланған импорттың едәуір ұлғаюы не абсолюттік мәнде не импорттаушы мүшедегі өндіріске немесе тұтынуға қатынасы бойынша орын алатындығын анықтайды. Субсидияланған импорттың бағаға әсер етуіне қатысты тексеруді жүргізетін органдар импорттаушы мүшенің ұқсас тауарының бағасымен салыстырғанда субсидияланған импорт бағаларының айтарлықтай төмендеуі орын алғандығын немесе осындай импорт кез келген басқаша түрдегі бағалардың елеулі дәрежеде төмендеуін тудыратындығын не елеулі дәрежеде ол болмаған кезде бағалардың жоғарылауына кедергі келтіретіндігін қарастырады. Осы факторлардың не біреуі не бірнешеуі шешім қабылдау үшін шешуші болуы мүмкін емес.
      15.3 Егер өтемдік тексеру бірнеше елден импортқа қатысты бір мезгілде жүргізілсе, тексеруді жүргізетін органдар осындай импорттың әсерін, егер олар (а) әр елдің импортына қатысты анықталған субсидиялау мөлшері 11-баптың 9-тармағында белгіленген de minimis-тан асады деп белгілеген, ал әр елдің импорт көлемі азғантай болып табылмағанын (b) импортқа әсерін кумулятивті бағалау импортталған тауарлардың арасындағы бәсекелестік жағдайлары мен импортталған тауарлар мен ұқсас отандық тауарлар арасында бәсекелестіктің шарттары орынды болып табылатындығын анықтаған жағдайда кумулятивті есептей алады.
      15.4 Отандық өнеркәсіпrе субсидияланған импорттың әсерін зерттеу нақты әрі әлеуетті төмендетуді қоса алғанда өндірістің, сатудың, нарықтық үлесінің, пайданың, өнімділігінің, инвестициялар бойынша кірістердің немесе өндірістік қуаттарды пайдаланудың төмендеуін; ішкі бағаларға әсер ететін факторларды; қолма-қол ақшаның қозғалысына, тауарлық қорларға, жұмыспен қамтуға, жалақыға, өсуге, капитал немесе инвестицияларды жұмылдыру мүмкіндігіне нақты және әлеуетті теріс әсер етуін және ауыл шаруашылығы жағдайында, үкіметтік субсидиялау бағдарламалары бойынша шығыстардың ұлғаюы орын алғандығын қоса алғанда, мәселені зерттеуге қатысы бар саланың жай-күйіне қатысты барлық экономикалық факторлар мен көрсеткіштерді бағалауды қамтиды. Осы тізім түбегейлі болып табылмайды. Осы факторлардың не біреуі, не бірнешеуі шешім қабылдау үшін шешуші болуы мүмкін емес.
      15.5 Субсидиялардың47 әсер етуі салдарынан субсидияланған импорт осы Келісімнің мағынасында залал келтіретіні дәлелденген болуы тиіс. Субсидияланған импорт пен отандық өнеркәсіпке келген залал арасындағы себеп-салдарлық байланысты айқындау құзыретті органдарда бар іске қатысты дәлелдемелердің барлығын зерттеуге негізделеді. Құзыретті органдар сонымен қатар, субсидияланған импорттан басқа, бір мезгілде отандық өнеркәсіпке залал келтіретін кез келген мәлім болған факторларды да қарастырады және осындай басқа факторлар келтіретін залал субсидияланған импорттың есебіне қосымша жазылмауы тиіс. Осыған ұқсас жағдайларда ескерілуі мүмкін факторлар inter alia осы тауардың субсидияланбаған импортының көлемін және бағасын, тұтыну құрылымындағы сұраныстың азаюын немесе өзгеруін, шетелдік және отандық өндірушілер арасындағы шектеулі сауда практикасы мен бәсекелестікті, техникалық прогресті, экспорт көрсеткіштері мен отандық өнеркәсіптің өнімділігін қамтиды.
      15.6 Субсидияланған импорттың әсері қолда бар деректер өндірістік процесс, өндірушілердің сатылымы мен пайдасы сияқты осындай өлшемшарттар негізінде осы өндірісті жеке бөліп алуға мүмкіндік беретін болса, ұқсас тауардың отандық өндірісіне қатысы бойынша бағаланады. Егер осы өндірісті осылай жеке бөліп алу мүмкін болмаса, онда субсидияланған импорттың әсері ол бойынша қажетті ақпарат алынуы мүмкін ұқсас тауарды қамтитын ең аз топ немесе тауарлар номенклатурасын өндірісін зерттеу негізінде бағаланады,
      15.7 Материалдық залал қаупінің болуын анықтау тек болжамдарға, гипотезаларға немесе қашықтатылған мүмкіндіктерге ғана емес, фактілерге негізделеді. Субсидияға зиян келтіруі мүмкін ахуалды туындатуы мүмкін мән-жайлардың өзгеруі анық болжамды әрі шарасыз болуы тиіс. Материалдық залал қаупінің болуын анықтай отырып, тексеру органдары басқа факторлардың арасында мыналарды ескеруі тиіс:
      (i) осы субсидияның немесе субсидиялардың сипаты және олардың саудаға ықтимал әсері;
      (ii) импорттың елеулі ұлғаю ықтималдылығына көрсететін ішкі нарықта субсидияланған импорттың өсуінің елеулі қарқыны;
      (iii) басқа экспорттық нарықтардың кез келген қосымша экспортты сіңіру мүмкіндігін ескере отырып, импорттаушы мүшенің нарығында субсидияланған экспорттың біршама ұлғаюы ықтималдығына көрсететін экспорттаушыда еркін қуаттардың бар болуы немесе шарасыз елеулі ұлғаюы;
      (iv) импорттың ішкі нарықтағы бағаларға едәуір төмендетуші немесе тежеуші әсер көрсететін, немесе және импортқа сұранысты одан әрі ұлғайту мүмкіндігі бар бағалармен келуі; және
      (v) оған қатысты тексеру жүргізілетін тауарлар қоры.
      Жеке алғанда, осы факторлардың бір де біреуі шешім қабылдау үшін шешуші болуы мүмкін емес, алайда қаралып отырған факторлардың жиынтығы субсидияланатын экспортты жалғастыру шарасыз болып табылса, және тек қорғау шаралары қабылданбайтын болса, бұл материалдық залал келтіреді деген тұжырымға алып келуі тиіс.
      15.8 Субсидияланған импорттан келетін залал қаупі болған жағдайларға қатысты өтемақы шараларын қолдану туралы мәселе ерекше назар қойылып қарастырылады және шешіледі.
_____________________
45 Осы Келісімде «залал» термині егер өзгеше белгіленбесе, отандық өнеркәсіптің материалдық залалы, отандық өнеркәсіптің материалдық залал қаупін немесе осындай өнеркәсіпті құруда материалдық тежеуді білдіруші ретінде қабылданады және осы баптың ережелеріне сәйкес түсіндірілуге тиіс.
46 Осы Келісімде «ұқсас тауар» термині («осыған ұқсас тауар») термині бірдей болып табылатын тауарды білдіруші ретінде, яғни қарастырылып отырған тауардың осыған ұқсас барлық қатынастарында немесе осындай тауардың жоқтығы, барлық қатынастарға ұқсас болып табылмайтын басқа тауар, қарастырылып отырған тауарды иеленетін соларға жақын сипаттамалары бар болып түсіндіріледі.
47 2 және 4-тармақтарда баяндалғандай.

16-БАП
Отандық өнеркәсіпті айқындау

      16.1 Осы Келісімнің мақсаттары үшін «отандық өнеркәсіп» термині 2-тармақта көзделгенді қоспағанда, ұқсас тауарлардың отандық өндірушілеріне немесе өндірушілер экспорттаушылармен немесе импорттаушылармен байланысты48 немесе өздері болжамды түрде субсидияланған тауардың немесе ұқсас тауардың басқа елдерінің импорттаушылары болып табылған жағдайларды қоспағанда, осы тауарларының жиынтық өндірісі жалпы отандық өндірістің негізгі бөлігін құрайтын барлық отандық өндірушілерге қатысты деп түсінілуі тиіс. Осыған ұқсас жағдайларда «отандық өнеркәсіп» термині өндірушілердің қалған бөлігіне қатысты деп түсінілуі мүмкін.
      16.2 Ерекше жағдайларда кез келген мүшенің аумағы осы өндіріске қатысты екі немесе одан да көп бәсекелік нарыққа бөлінуі мүмкін және әр нарықтың ішінде өндірушілер (а) осы нарық шеңберінде өндірушілер осы нарықта аталған тауардың барлық өндірісін немесе барлығына жуық сатса және (b) осы нарықта сұраныс аумақтың басқа жерлерінде тұратын осы тауардың өндірушілерімен біршама елеулі дәрежеде қанағаттандырылмаса, жеке өнеркәсіп ретінде қарастырылуы мүмкін. Осындай жағдайларда зиянның болуы тіпті отандық өнеркәсіптің негізгі бөлігі үшін зиян болмаған кезде, субсидияланған импорт осындай оқшауланған нарықта шоғырланған жағдайда және содан басқа, осындай нарықта барлық немесе барлығына жуық ұқсас өнімнің өндірушілеріне зиян келтіруі мүмкін деген жағдайда белгіленуі мүмкін.
      16.3 Егер отандық өнеркәсіп ретінде белгілі бір аймақта тұратын, яғни 2-тармақта айқындалғандай нарық шеңберінде тұратын өндірушілер түсіндірілсе, өтемдік баждар осы аймақта түпкілікті тұтынуға арналған тауарлардан ғана өндіріліп алынады. Егер импорттаушы мүшенің конституциялық заңы осындай негізде өтемдік баждарды өндіріп алуға рұқсат бермесе, импорттаушы мүше (а) экспорттаушыларға субсидияланатын бағалар бойынша тиісті аймаққа экспортты тоқтату немесе 18-бапқа сәйкес басқа да кепілдіктер беру мүмкіндігі ұсынылған және олардың тарапынан баламалы кепілдіктер дереу берілмеген, және (b) осындай баждар осы аймаққа жеткізуді жүзеге асыратын нақты өндірушілердің тауарларынан ғана өндіріліп алынбаған жағдайда ғана өтемдік баждарды шектеусіз өндіріп ала алады.
      16.4 Егер екі немесе одан көп елдер 1994 ж. ГАТТ-тың ХХIV бабының 8(а) тармағына сәйкес жалпы ортақ нарыққа тән сипатқа ие болатын интеграцияның осындай деңгейіне қол жеткізсе, осы өнеркәсіп бүкіл ықпалдастыру аймағында 1 және 2-тармақтарда аталған отандық өнеркәсіп ретінде қарастырылады.
      16.5 15-баптың 6-тармағының ережелері осы бапқа қолданылады.
___________________
48 Осы тармақтың мақсаттары үшін өндірушілер осындай байланыстың әсерінен тиісті өндірушіні байланысты емес өндірушілерден өзгеше әрекет етуге мәжбүрлейді деп ойлау немесе күдіктену негізі бар болса, егер (а) олардың бірі тікелей немесе жанама түрде екіншісін бақылаған; не (b) олардың екеуі тікелей немесе жанама түрде үшінші тұлғамен бақыланған; не (с) олар бірге тікелей немесе жанама түрде үшінші тұлғаны бақылаған жағдайда, экспорттаушылармен немесе импорттаушылармен байланысты ретінде қарастырылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін, егер біріншісі заң негізінде немесе іс жүзінде екіншісіне оның қызметін шектей немесе бағыттай отырып ықпал жасаса, біреуі екіншісін бақылайды деп саналады.

17-БАП
Уақытша шаралар

17.1 Уақытша шаралар мына жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін, егер:
      (а) тексеру 11-баптың ережелеріне сәйкес басталса, бұл туралы хабарлама жарияланса және мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптарға ақпаратты ұсыну және өз ой-пікірін айту үшін баламалы мүмкіндіктер қамтамасыз етілген болса;
      (b) жағымды сипаттағы алдын ала ұйғарымға сәйкес субсидия бар болса және субсидияланған импорт отандық өнеркәсіпке залал келтірсе; және
      (с) тиісті құзыретті органдар мұндай шараларды тексеру кезеңінде зиянның алдын алу үшін қажет деп санаса.
      17.2 Уақытша шаралар алдын ала есептелген субсидиялау мөлшеріне тең сомаға ақшалай депозиттер немесе борыштық міндеттемелермен кепілдік берілген уақытша өтемдік баждардың нысанын қабылдауы мүмкін.
      17.3 Уақытша шаралар тексеру басталған күннен бастап 60 күн өткеннен ерте енгізілмейді.
      17.4 Уақытша шараларды қолдану төрт айдан аспайтын неғұрлым қысқа кезеңмен шектелуі мүмкін. Уақытша шараларды қолдану кезінде 19-баптың тиісті ережелері сақталады.

18-БАП
Міндеттемелер

      18.1 Рәсім мыналарды көздейтін қанағаттанарлық ерікті міндеттемені алғаннан кейін уақытша шараларды немесе өтемдік баждарды енгізбей-ақ тоқтатылуы немесе аяқталуы мүмкін49:
      (а) экспорттаушы мүшенің үкіметі субсидиялаудан бас тартуға немесе шектеуге не субсидиялау салдарларына қатысты басқа шараларды қабылдауға келіседі; немесе
      (b) экспорттаушы өз бағаларын тексеру органдары субсидиялаудың қолайсыз салдарларының жойылғандығына көздері жететіндей қайта қарауға келіседі. Осындай міндеттемелер бойынша бағаларды көтеру өтемақы үшін қажетті субсидия мөлшерін арттырмауы тиіс. Мүмкіндігінше, бағаларды арттыру осындай жоғарылату отандық өнеркәсіпке келтірілетін зиянды жою үшін жеткілікті болса, субсидия мөлшеріне қарағанда, мейлінше аз болғандығы жөн.
      18.2 Құзыретті органдар міндеттемелерді қабылдауға ұмтылмайды және егер импорттаушы мүшенің өкілетті органдары субсидиялаудың және осындай субсидиядан келетін зиянның алдын ала жағымды ұйғарымын шығарып және экспорттаушылар тарапынан міндеттемелер жағдайында экспорттаушы мүшенің келісімін алмаған жағдайда, міндеттемелер қабылданбайды.
      18.3 Ұсынылған міндеттемелер егер импорттаушы мүшенің құзыретті органдары оларды қабылдау пайдасыз деп есептесе, мысалы, егер нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың саны тым үлкен болса не жалпы саяси ой-пікірді қоса алғанда, басқа да себептер бойынша, қабылданбауы тиіс. Қажет болған жағдайда және бұл іс жүзінде жүзеге асуы мүмкін болса, құзыретті органдар экспорттаушыға олардың себебінен міндеттемелерді қабылдаудың қолайсыз деп саналған себептерін хабарлайды және мүмкіншілігіне орай экспорттаушыға өз ой-пікірін айту мүмкіндігін береді.
      18.4. Алайда, егер міндеттеме қабылданса, субсидиялау мен зиян келтіру мәселелері бойынша тексеру экспорттаушы мүше қалаған жағдайда, немесе осындай шешімді импорттаушы мүше қабылдаса, аяғына дейін жеткізіледі. Субсидиялау немесе зиян келтірудің бар-жоғына қатысты теріс ұйғарым шығарылған жағдайда, мұндай ұйғарым айтарлықтай дәрежеде осындай міндеттеменің бар болуының нәтижесі болып табылған жағдайларды қоспағанда, міндеттеме автоматты түрде күшін жояды. Мұндай жағдайларда, мүдделі құзыретті органдар міндеттеменің осы Келісімнің ережелерімен сәйкес келетін ақылға қонымды уақыт ішінде қолданылуын жалғастыратындай етіп талап ете алады. Субсидиялау мен залалдың бар-жоғы расталған жағдайда, міндеттеме оның шарттары мен осы Келісімнің ережелеріне сәйкес қолданылуын жалғастырады.
      18.5 Баға міндеттемелері импорттаушы мүшенің өкілетті органдарымен ұсынылуы мүмкін, алайда осындай міндеттемелерді қабылдау ешқандай экспорттаушыға мәжбүрленбеуі тиіс. Үкіметтің немесе экспорттаушылардың осыған ұқсас міндеттемелерді өзіне алуды ұсынбауы немесе оны орындау жөнінде ұсынысқа келіспеуі істі қарауға еш әсерін тигізбейді. Алайда, құзыретті органдар субсидияланған импортты жалғастырған жағдайда залал қаупі неғұрлым ықтимал тұжырымға келуге құқылы.
      18.6 Импорттаушы мүшенің құзыретті органдары міндеттемені қабылдаған кез келген үкіметтен немесе экспорттаушыдан осындай міндеттемені орындауға қатысты ақпаратты мерзімді түрде беруін және тиісті деректерді тексеруге рұқсат беруін талап етуі мүмкін. Міндеттемені орындау бұзылған жағдайда, импорттаушы мүшенің құзыретті органдары осы Келісімнің ережелеріне сәйкес таңдаулы, қолда бар ақпарат негізінде уақытша шараларды дереу қолдану түрінде шұғыл шараларды қабылдауы мүмкін. Мұндай жағдайларда, түпкілікті баждар осы Келісімге сәйкес мұндай ретроактивті баждар міндеттемені бұзғанға дейін әкелінген импорттық тауарлардан өндіріліп алынбауға тиістігін қоспағанда, осындай уақытша шараларды енгізгенге дейін 90 күннен аспайтын мерзімде айналымға шығарылған тауарлардан өндіріліп алынуы мүмкін.
_____________________
49 «Мүмкін» сөзі 4-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, рәсімнің бір мезгілде жалғастырылуына және міндеттеменің орындалуына жол беруші ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

19-БАП
Өтемақы баждарын енгізу және өндіріп алу

      19.1 Егер консультацияны аяқтау мақсатында қолданылған ақылға қонымды күш-жігерден кейін кез келген мүше субсидияның бар-жоғы мен көлемі туралы және субсидияның әсерінен субсидияланған импорттың залал келтіретіні туралы қорытынды ұйғарым шығарса, ол осы субсидия немесе субсидиялар қайтарылып алынбаса, осы баптың ережелеріне сәйкес өтемақы бажын енгізе алады.
      19.2 Енгізу туралы барлық талаптар орындалған жағдайда өтемақы бажын енгізу немесе енгізбеу туралы шешім, сондай-ақ енгізілетін өтемақы бажының мөлшері субсидияның толық көлеміне тең келуі немесе одан аз болуы туралы шешім импорттаушы мүшенің құзыретті органдары қабылдайтын шешімдер болып табылады. Енгізу мөлшері азырақ баж отандық өнеркәсіпке залалды жоюға жеткілікті болса, баж субсидия мөлшерінен кем болуы, оны енгізу барлық мүшелердің аумағында жай сипатта болуы, сонымен қатар мүдделі құзыретті органдарға өтемақы бажын енгізу арқылы мүдделеріне жағымсыз әсер келетін отандық мүдделі тараптардың50 ұсыныстарын тиісінше ескеруге мүмкіндік бере алатын рәсімдердің белгіленгені жөн.
      19.3 Өтемақы бажы кез келген тауарға қатысты енгізілгенде, мұндай өтемақы бажы әр жағдайда сәйкес мөлшерде, кез келген қарастырылатын субсидияларды пайдаланудан бас тартқан немесе міндеттемелері осы Келісімнің шарттарына сәйкес қабылданған көздерден импортты есепке алмағанда, субсидиялар мен залал келтірудің бар-жоғы анықталған мұндай тауардың барлық көздерінен келген импорттан дискриминацияламайтын негізде өндіріліп алынады. Жеткізілімдерінен қорытынды өтемақы бажы өндіріліп алынған, бірақ ынтымақтастықтан бас тартудан басқа себетермен оған қатысты тексеру жүргізілмеген кез келген экспорттаушы тексеру органдары осы экспорттаушы үшін жеке өтемақы бажының шамасын белгілеу үшін жеделдетіп қайта қарауды талап етуге құқылы.
      19.4 Импорттық тауардан субсидияланған және экспортталған тауардың бірлігіне субсидиялау мөлшерінде есептелген, субсидияның белгіленген мөлшерінен асатын мөлшерде ешбір өтемақы бажы өндіріліп алынбайды51.
_______________________
50 Осы тармақтың мақсаттары үшін «жергілікті мүдделі тараптар» деген сөз тіркесі тергеу жүргізіліп жатқан импорттық тауарларды пайдаланатын тұтынушылар мен өнеркәсіп иелерінен тұрады.
51 Осы Келісімде «өндіріп алу» термині бажды немесе салықты қорытынды заңды енгізу немесе өндіріп алу дегенді білдіреді.

20-БАП
Кері күш

      20.1 Уақытша шаралар мен өтемақы баждары 17-баптың 1-тармағы және 19-баптың 1-тармағы негізінде қабылданған шешім күшіне енгеннен кейін тұтынуға енетін тауарларға ғана қатысты, осы бапта қарастырылған ерекшеліктерді ескерумен қолданылады.
      20.2 Залал келтірілгені (бірақ өнеркәсіпті құруда залал келтіру немесе материалдық тежеу қаупі емес) туралы қорытынды ұйғарым шығарылған жағдайда немесе субсидияланған импорттың ықпалы уақытша шаралардың болмауы кезінде залалдың бар-жоғы туралы қорытынды ұйғарымды шығаруға әкелсе, өтемақы баждары, кері күш туралы ережені ескере отырып, уақытша шаралар енгізілген жағдайда, олар қолданылған кезеңге енгізілуі мүмкін.
      20.3 Егер қорытынды өтемақы баждың мөлшері ақшалай депозитпен немесе қарыз міндеттемесімен кепілдендірілген сомадан көп болса, олардың арасындағы айырмашылық өндірілмейді. Егер қорытынды баж шамасы ақшалай депозитпен немесе қарыз міндеттемесімен кепілдендірілген сомадан аз болса, артық сома қайтарылады немесе қарыз міндеттемесі ең қысқа мерзімде күшін жояды.
      20.4 2-тармақта қарастырылғанды есепке алмағанда, өнеркәсіпті құруда залал келтіру немесе материалдық тежеу қаупінің болуы туралы ұйғарым шығарылған жағдайда (бірақ залал әлі келтірілмегенде), қорытынды өтемақы бажы залал келтіру немесе материалдық тежеу қаупінің болуы туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап қана енгізілуі мүмкін және уақытша шараларды қолдану кезеңінде төленген кез келген ақшалай депозит қайтарылады, ал кез келген қарыз міндеттемесі ең қысқа мерзімде күшін жояды.
      20.5 Егер шығарылған қорытынды ұйғарым теріс болса, уақытша шараларды қолдану кезінде төленген кез келген ақшалай депозит қайтарылуы тиіс, ал кез келген қарыз міндеттемесі ең қысқа мерзімде күшін жоюға тиіс.
      20.6 Сындарлы жағдайларда, осы субсидияланған тауарға қатысты құзыретті органдар кейін жою қиынға соғатын залал оған қатысты субсидиялар 1994 ж. ГАТТ-тың және осы Келісімнің шарттарын бұза отырып ұсынылған немесе төленген тауарды салыстырмалы қысқа уақыт мерзімінде көптеп импорттаудан болған деп анықтаса және егер осындай залалдың қайталануын болдырмау үшін кері күш туралы ережені ескере отырып, мұндай импортқа өтемақы бажын салу қажет деп саналса, мұндай өтемақы баждары уақытша шара енгізілген күнге дейін 90 күнге дейін айналымға түскен импорттан өндіріліп алынады.

21-БАП
Өтемақы баждары мен міндеттемелердің әрекет ету мерзімі
және қайта қарау

      21.1 Өтемақы бажы зиян келтіретін субсидиялауды бейтараптандыру үшін қажетті уақыт мерзімінде және сондай көлемде ғана әрекет етеді.
      21.2 Құзыретті органдар бажды өндіріп алуды жалғастыру қажеттілігі орынды болса, өз бастамасы бойынша, не болмаса қорытынды өтемақы бажын енгізген күннен ақылға қонымды уақыт кезеңі өткеннен кейін қайта қарау қажеттілігін растайтын оң ақпаратты берген кез келген мүдделі тараптың өтініші бойынша қайта қарайды. Мүдделі тараптар құзыретті органдардан субсидиялауды бейтараптандыру үшін бажды өндіріп алуды жалғастыру қажеттігін, егер баж алып тасталса немесе өзгертілсе немесе екеуі де бірге орындалса, залал келтіруді жалғастырудың немесе қайта бастаудың ықтималдығын қарастыруды сұрата алады. Егер қайта қарау нәтижесінде осы тармақ негізінде құзыретті органдар өтемақы бажын қолдану енді расталмаған деп айқындаса, ол дереу тоқтатылады.
      21.3 1 және 2-тармақтардың ережелеріне қарамастан, кез келген қорытынды өтемақы бажының әрекеті енгізілген күннен бастап 5 жылдан кешіктірмей тоқтатылады (немесе 2-тармақ негізінде соңғы қайта қараған күннен бастап, егер ондай қайта қарау субсидиялау және залал келтіру мәселелеріне бір уақытта қатысты болса, немесе осы тармаққа негізделсе), егер өз бастамасы бойынша немесе отандық өнеркәсіп жасаған не оның атынан тиісінше негізделген сұрау салу негізінде осы күннен бұрын басталған күнге дейін ақылға қонымды уақыт кезеңінде қайта қарау барысында тексеру органдары баждың әрекетін тоқтату субсидиялауды және залал келтіруді жалғастыруға немесе қайта жандандыруға әкелетінін анықтамаса52. Осындай қайта қарау нәтижелерін алғанға дейін бажды өндіріп алу күшінде қалуы мүмкін.
      21.4 12-баптың дәлелдемелер мен рәсімдерге қатысты ережелері осы бап негізінде жүргізілетін кез келген қайта қарауда қолданылады. Мұндай қайта қарау тез жүргізіледі және әдетте қайта қарау басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталады.
      21.5 Осы баптың ережелері 18-бапта қабылданған міндеттемелерге mutatis mutandis қолданылады.
_____________________
52 Өтемақы бажының сомасы ретроспективті негізде өндіріп алынғанда, соңғы бағалау нәтижесінде бажды өндіріп алмау туралы шешімнің қабылданғаны туралы факт құзыретті органдардан қорытынды бажды өндіріп алуды тоқтату талабын білдірмейді.

22-БАП
Жариялы хабарлама және шығарылған ұйғарымдарды түсіндіру

      22.1 Құзыретті органдар 11-бапқа сәйкес тексерудің басталуын растайтын жеткілікті дәлелдер бар екендігіне көз жеткізгенде, осындай тексеру объектісі болып табылатын мүше немесе мүшелер және тексеру органдарына белгілі басқа мүдделі тараптар бұл туралы хабардар етіледі, ал тиісті хабарлама жарияланады.
      22.2 Тексерудің басталуы туралы жариялы хабарлама мыналар туралы дұрыс ақпаратты қамтиды, немесе жеке баяндама53 түрінде қолжетімді етеді:
      (i) экспорттаушы ел немесе елдер және тиісті тауардың атауы;
      (ii) тексеру басталатын күн;
      (iii) субсидиялау практикасының немесе тексерілетін практиканың сипаттамасы;
      (iv) залал келтіру айыбы негізделетін факторлардың қысқаша мазмұны;
      (v) мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптардың ұсыныстарын жолдауға тиіс мекенжай; және
      (vi) мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптар өз көзқарасын білдіре алатын мерзім.
      22.3 Жариялы хабарламалар кез келген растайтын немесе теріске шығаратын, 18-бап бойынша міндеттеме қабылдауға қатысты кез келген шешім туралы, осындай міндеттеменің күшін жою туралы, қорытынды өтемақы бажының әрекетін тоқтату туралы алдын ала немесе соңғы ұйғарым шығару жөнінде жасалады. Әрбір осындай хабарлама тексеру органдары материалдық деп қарастыратын фактілер мен құқықтық нормалар негізінде жасалған қорытындылар мен тұжырымдамаларды жеткілікті егжей-тегжейлі нысанда көрсетеді немесе жеке баяндама түрінде қол жетімді етіледі. Барлық мұндай хабарламалар мен баяндамалар тауарлары осындай ұйғарымдар мен міндеттемелердің тақырыбы болған мүшеге немесе мүшелерге, сондай-ақ осы іске қызығушылығы белгілі басқа мүдделі тараптарға жіберіледі.
      22.4 Уақытша шара енгізу туралы жариялы хабарлама субсидияның және зиян келтірудің бор-жоғына қатысты алдын ала анықтамалардың жеткілікті егжей-тегжейлі түсініктемесін, дәйектер қабылданған немесе қабылдаудан бас тартылған барлық фактілер мен құқықтық нормаларға сілтемелер көрсетіледі немесе жеке баяндама түрінде беріледі. Мұндай хабарламада немесе баяндамада құпия ақпаратты қорғау туралы талап тиісінше ескеріле отырып, мыналарды қамтиды:
      (i) жеткізушілердің атауы немесе бұл іс жүзінде орынды болмағанда тиісті жеткізуші-елдердің атауы;
      (ii) кеден мақсаттары үшін жеткілікті тауардың сипаттамасы;
      (iii) субсидияның белгіленген мөлшері мен субсидияның бар-жоғы туралы ұйғарым шығаруға әкелген негіздер;
      (iv) 15-бапта көзделгендей залалды анықтауға қатысты пікірлер;
      (v) осы ұйғарымды шығаруға әкелген негізгі дәлелдер.
      22.5 Қорытынды бажды енгізу немесе міндеттеме қабылдауды көздейтін оң ұйғарым шығарылған жағдайда тексерудің аяқталуы немесе тоқтатыла тұруы туралы жариялы хабарламада құпия ақпаратты қорғау туралы талап тиісінше ескеріле отырып, қорытынды шараларды енгізу немесе міндеттеме қабылдауға әкелген фактілер және құқықтық нормалар мен негіздер туралы іске қатысы бар ақпарат қамтылады немесе жеке баяндама түрінде беріледі. Атап айтқанда хабарлама немесе баяндама
4-тармақта сипатталған ақпараттан, мүдделі мүшелер немесе экспорттаушылар және импорттаушылар ұсынған тиісті дәйектер мен пайымдауларды қабылдаудың немесе бас тартудың негіздерінен тұрады.
      22.6 18-бап бойынша міндеттемелерді қабылдауға байланысты тексеруді аяқтау немесе тоқтата тұру туралы жариялы хабарлама жеке баяндама түрінде міндеттемелердің құпия емес бөлігін қамтиды немесе басқаша түрде ұсынады.
      22.7 Осы баптың ережелері mutatis mutandis 21-бапқа сәйкес жүзеге асырылатын қайта қарауды бастау мен аяқтауға және бажды ретроактивті енгізу туралы 20-бап бойынша шешімдерге қолданылады.
_____________________
53 Егер құзыретті органдар осы баптың ережелеріне сәйкес ақпарат пен түсініктемені жеке баяндамада берсе, осы баяндаманың жұртшылыққа қолжетімдігін қамтамасыз етеді.

23-БАП
Сотта қайта қарау

      Ұлттық заңнамасында өтем шаралары туралы ережелері бар әрбір мүше 21-баптың мағынасында қорытынды ұйғарымдар және ұйғарымдарды қайта қарауға қатысты әкімшілік әрекеттерді тез қарастыруға inter alia арналған сот, төрелік немесе әкімшілік органдар немесе рәсімдердің болуын қамтамасыз етеді. Мұндай органдар немесе рәсімдер осы ұйғарым немесе қайта қарауға жауапты құзыретті органдардан тәуелсіз болып табылады және әкімшілік талқылауға қатысқан және осы әкімшілік әрекеттер тура және жеке қатысы бар барлық мүдделі тараптардың оларды қайта қарауына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

VI БӨЛІК: ОРГАНДАР 24-БАП
Субсидиялар және өтем шаралары жөніндегі комитет және қосалқы органдар

      24.1 Осымен әр мүшенің өкілдерінен тұратын Субсидиялар және өтем шаралары жөніндегі комитет құрылады. Комитет өз төрағасын сайлайды және жылына екі реттен сирек емес отырыстар өткізеді, не болмаса осы Келісімнің тиісті ережелерімен қарастырылғандай кез келген мүшенің өтініші бойынша отырыс өткізеді. Комитет осы Келісіммен немесе мүшелермен жүктелген міндеттерді орындайды және мүшелерге Келісімнің қызметіне немесе оның мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесуге қатысты кез келген мәселе бойынша консультация алу мүмкіндігін ұсынады. ДСҰ хатшылығы Комитет хатшылығының қызметтерін жүзеге асырады.
      24.2 Комитет тиісті қосалқы органдарды құрады.
      24.3 Комитет субсидия және сауда қатынастары саласындағы тәуелсіз жоғары білікті бес маманнан тұратын Сарапшылардың тұрақты тобын (СТТ) құрады. Сарапшыларды Комитет сайлайды, сонымен бірге олардың біреуі жыл сайын ауыстырылып отырады. Сұрау бойынша СТТ 4-баптың 5-тармағында қарастырылған аралық топқа көмек көрсете алады. Комитет кез келген субсидияның бар болуы және сипатына қатысты консультативтік қорытындыны сұрай алады.
      24.4 СТТ кез келген мүшеден консультация ала алады және енгізілуі көзделген немесе осы мүше қолданып жүрген кез келген субсидияның сипаты туралы консультативтік қорытынды бере алады. Мұндай консультативтік қорытындылар құпия болады және 7-бапқа негізделген рәсімдерде пайдаланылмайды.
      24.5 Өз қызметтерін орындай отырып Комитет және кез келген қосалқы орган өздері орынды деп санайтын кез келген көзден ақпарат сұрата және консультация ала алады. Алайда Комитет немесе қосалқы орган кез келген мүшенің заңды құзырындағы көзден ақпарат сұратар алдында тиісті мүшені ол туралы хабардар етеді.

VII БӨЛІК: ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ 25-БАП
Хабарламалар

      25.1 Мүшелер субсидиялар туралы хабарламалары 1994 ж. ГАТТ-тың XVI бабының 1-тармағының ережелеріне зардабын тигізбей, әр жылдың 30 маусымынан кешіктірілмей берілетінімен және 2-6-тармақтардың ережелеріне сәйкес келетінімен келіседі.
      25.2 Мүшелер 1-баптың 1-тармағында айқындалғандай, 2-бапта ерекше деп ұғынылатын және олардың аумағында берілген немесе әрекет ететін кез келген субсидия туралы хабардар етеді.
      25.3 Хабарламаның мазмұны басқа мүшелер сауда салдарын бағалай алатындай және хабарлама берілген субсидиялау бағдарламалары қалай әрекет ететінін түсінетіндей толық болуы тиіс. Осыған байланысты және субсидиялар бойынша сауалнаманың54 мазмұны мен пішіні үшін зардабын тигізбей, мүшелер хабарламада келесі ақпараттың болуын қамтамасыз етеді:
      (i) субсидия нысаны (яғни дотация, несие, салықтық жеңілдіктер және т.б.);
      (ii) өнім бірлігіне есептелген субсидия немесе ол мүмкін болмаған жағдайда осындай субсидияға қарастырылған қаржы бөлудің жалпы сомасы немесе жылдық сомасы (мүмкіндігінше, алдағы жылы өнім бірлігіне субсидияның орташа мөлшерін көрсете отырып);
      (iii) саясаттың мақсаттары және/немесе субсидияның мақсаттары;
      (iv) субсидияның әрекет ету мерзімі және/немесе онымен байланысты басқа мерзімдер;
      (v) субсидияның саудаға әсерін бағалауға мүмкіндік беретін статистикалық деректер.
      25.4 Егер 3-тармақтың белгілі бір тармақшалары бойынша хабарламада ақпарат болмаса, осының түсініктемесі хабарламаның өзінде ұсынылады.
      25.5 Егер субсидиялар белгілі бір тауарлар немесе секторлар бойынша ұсынылса, хабарламада тауарлар мен секторлар бойынша бөлініп берілген ақпарат болуы тиіс.
      25.6 Аумағында 1994 ж. ГАТТ-тың XVI бабының 1-тармақшасына және осы Келісімге сәйкес хабарлама жасауды талап ететін шаралар жоқ деп есептейтін мүшелер, ол туралы Хатшылықты жазбаша түрде хабардар етеді.
      25.7 Мүшелер кез келген шара туралы хабарлама 1994 ж. ГАТТ және осы Келісім бойынша құқықтық мәртебесін, не осы Келісім бойынша салдарын, не шараның өзінің сипатын шешпейтінін мойындайды.
      25.8 Кез келген мүше кез келген уақытта басқа мүше ұсынған немесе сақтаған кез келген субсидияның (оның ішінде IV бөлімде аталған кез келген субсидияның) сипаты мен мөлшері туралы ақпаратты немесе шараның хабарлауды талап етпей қаралуының себебін түсіндіруді жазбаша түрде сұрата алады.
      25.9 Мұндай сұрау алған мүшелер мүмкіндігінше тез уақытта және толыққанды түрде осынай ақпаратты береді және сұрау бойынша сұратқан мүшеге қосымша ақпаратты беруге дайын болулары тиіс. Атап айтқанда, олар басқа мүшеге олардың осы Келісімнің шарттарына сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін толық ақпарат береді. Мұндай ақпарат берілмеді деп есептеген кез келген мүше Комитеттің назарын осыған аудара алады.
      25.10 Басқа мүшенің субсиядия сияқты әсер ете алатын кез келген шарасы туралы хабарлама 1994 ж. ГАТТ-тың XVI бабының 1-тармағының және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жіберілмеді деп есептеген кез келген мүше осы мүшенің назарын осыған аудара алады. Егер бұдан кейін болжамды субсидия туралы хабарлама дереу берілмесе, мұндай мүше Комитетті болжанып отырған субсидия туралы өзі хабардар ете алады.
      25.11 Мүшелер Комитетке өтемақы баждарына байланысты барлық алдын ала немесе соңғы әрекеттер туралы баяндамаларын дереу ұсынады. Мұндай баяндамалар Хатшылықта басқа мүшелер тексеру үшін қолжетімді болуы тиіс. Мүшелер сондай-ақ жарты жылда бір рет алдыңғы алты айдағы өтемақы баждарына байланысты кез келген әрекеттер туралы баяндама ұсынады. Жартыжылдық баяндамалар келісілген стандартты нысанда ұсынылады.
      25.12 Әрбір мүше Комитетті а) 11-бап бойынша тексеруді ашу және жүргізу құзыретіне қандай билік органдары ие екені туралы және (b) осындай тексеруді ашу және жүргізудің ұлттық рәсімдері туралы хабардар етеді.
___________________________
54 Комитет BISD 9S/193-194-те берілген сауалнаманың мазмұны мен нысанын қайта қарау үшін Жұмыс Тобын құрады.

26-БАП
Бақылау

      26.1 Комитет 1994 ж. ГАТТ-тың XVI бабының 1-тармағы және осы Келісімнің 25-бабының 1-тармағы негізінде ұсынылатын жаңа және толық хабарламаларды үш жылда бір рет жүргізілетін арнайы отырыстарда қарастырады. Аралық жылдарда ұсынылатын ағымдағы ақпараты бар хабарламалар (нақтылайтын хабарламалар) Комитеттің әрбір кезекті отырысында қарастырылады.
      26.2 Комитет 25-баптың 11-тармағына сәйкес ұсынылатын баяндамаларды Комитеттің әрбір кезекті отырысында қарайды.

VIII БӨЛІК: ДАМУШЫ МҮШЕ ЕЛДЕР 27-БАП
Дамушы мүше елдерге арналған арнайы және сараланған режим

      27.1 Мүшелер субсидия дамушы мүше елдердің экономикалық даму бағдарламаларында маңызды рөл атқара алатынын мойындайды.
      27.2 3-баптың 1(а)-тармағында көрсетілген тыйым мыналарға қолданылмайды:
      (а) VII қосымшада көрсетілген дамушы мүше елдерге;
      (b) 4-тармақтың ережелері орындалған жағдайда ДСҰ Келісімі күшіне енген сәттен бастап сегіз жыл бойы басқа дамушы мүше елдерге.
      27.3 3-баптың 1(b)-тармағында көрсетілген тыйым дамушы мүше елдерге ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап 5 жыл ішінде қолданылмайды және неғұрлым аз дамыған мүше елдерге қатысты сегіз жыл ішінде қолданылмайды.
      27.4 2(b)-тармағында аталған кез келген дамушы мүше ел сегіз жылдық кезеңде, мүмкіндігінше үдемелі түрде, өз экспорттық субсидияларын алып тастайды. Алайда дамушы мүше ел өз экспорттық субсидияларының деңгейін ұлғайтпайды55 және мұндай экспорттық субсидияларды пайдалану оның даму қажеттіліктеріне сәйкес келмеген кезде, оларды осы тармақта көзделген уақыттан қысқарақ кезеңде жояды. Егер дамушы мүше ел 8 жылдық кезең аяқталғаннан кейін осындай субсидияны қолдану қажет деп есептесе, осы кезең аяқталғанға кемінде бір жыл қалғанда Комитетпен консультацияны бастайды, ол осы дамушы мүше елдің экономика, қаржы және даму салаларындағы қажеттіліктерін зерттегеннен кейін бұл кезеңді ұзартудың орындылығына қатысты шешім қабылдауы керек. Егер Комитет ұзарту орынды деп тапса, мүдделі дамушы мүше ел жыл сайын Комитетпен субсидияны сақтау қажеттілігін анықтау жөнінде кеңеседі. Егер Комитет мұндай шешім қабылдамаса, онда дамушы мүше ел соңғы берілген кезең аяқталған сәттен бастап екі жыл ішінде қалған экспорттық субсидияларды алып тастайды.
      27.5 Қандай да бір тауарды экспорттау бойынша бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізген дамушы мүше ел екі жыл ішінде сол тауар/тауарлар бойынша экспорттық субсидияларды алып тастайды. Алайда VII қосымшада көрсетілген, бір немесе бірнеше тауарды экспорттау бойынша бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізген дамушы мүше ел сегіз жыл ішінде біртіндеп осы тауарларға экспорттық субсидияларды алып тастайды.
      27.6 Қандай да бір тауарды экспорттау егер осы тауардың дамушы мүше елден экспорты бірінен кейін бірі келетін екі күнтізбелік жылда осы тауардың әлемдік саудасының кемінде 3,25%-на жетсе, бәсекеге қабілетті деп есептеледі. Экспорттың бәсекеге қабілеттілігі былайша анықталады: не (а) экспорттық бәсекеге қабілеттілікке жеткен дамушы елдің хабарламасы негізінде, не болмаса (b) кез келген мүшенің өтініші бойынша Хатшылық жасаған есеп негізінде. Осы тармақтың мақсаттары үшін тауар Тауарлардың үйлестірілген сипаттау және кодтау жүйесі бөлімдерінің атаулары бойынша анықталады. Комитет осы ереженің күшін ДСҰ Келісімі күшіне енгеннен кейін бес жылдан кейін қарастырады.
      27.7 4-баптың ережелері экспорттық субсидиялар 2-5-тармақтардың ережелеріне сәйкес келген жағдайда дамушы мүше елге қолданылмайды. Бұл жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.
      27.8 Дамушы мүше ел ұсынатын субсидия 6-баптың 1-тармағы мағынасында осы Келісімде белгіленгендей мүдделерге елеулі нұқсан келтіретін ретінде алдын ала қарастырылмайды. Осындай 9-тармақта белгіленген жағдайларда мүдделерге елеулі нұқсан келтірудің болуы
6-баптың 3-8-тармақтарының ережелеріне сәйкес оң дәлелдермен расталуы керек.
      27.9 6-баптың 1-тармағында аталғандардан басқа, дамушы мүше елде ұсынылған немесе сақталған шараларды қолдану үшін негіз беретін субсидияларға қатысты шаралар тек қана мұндай субсидия 1994 жылғы ГАТТ бойынша тарифтік төмендетулерді немесе басқа міндеттемелерді жоятыны немесе қысқартатыны анықталмаған жағдайда және осылайша ұқсас тауардың басқа мүше елден субсидиялайтын дамушы мүше ел нарығына импортты шеттетсе немесе қиындатса, немесе импорттаушы мүшенің отандық өнеркәсібіне зиян келтірілмесе ғана, 7-бап бойынша рұқсат етіле немесе қабылдана алмайды.
      27.10 Дамушы мүше елде шығарылатын тауарға қатысты кез келген өтемақы тексерулері тиісті құзыретті органдар мыналарды анықтаған сәттен бастап аяқталады:
      (а) осы тауар бойынша берілген субсидиялардың жалпы деңгейі өнім бірлігіне есептелген құнның 2%-нан аспайтыны;
      (b) егер дамушы мүше елдерден импорт импорттың жалпы көлемінде жеке үлестері 4%-дан кемін, қосындысында импорттаушы мүшеге ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің 9%-нан аспаса субсидияланған импорт көлемі импорттаушы елге ұқсас тауардың жалпы импортының 4%-нан кемін құрайтыны анықталса.
      27.11 2(b)-тармағының мағынасы шеңберінде ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап сегіз жылдық кезең ақталғанға дейін экспорттық субсидияларын алып тастайтын дамушы мүше елдер үшін және VII қосымшасында аталған дамып келе жатқан мүше елдер үшін 10(а)-тармағында көрсетілген мән 2% емес, 3%-ды құрайды. Бұл ереже Комитетке экспорттық субсидияларды алып тастау туралы хабарлама берген күннен бастап және экспорттық субсидиялар хабарлама беруші ДСҰ-ның дамушы мүше елі ұсынбағанға дейін қолданылады. Осы ереженің әрекет ету мерзімі ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап сегіз жылдан кейін аяқталады.
      27.12 de minimis-ті анықтаған кезде 15-баптың 3-тармағына сәйкес 10 және 11-тармақтардың ережелері пайдаланылады.
      27.13 ІІІ бөлімнің ережелері қарызды тура тізімнен шығаруға, үкіметтік кірістерден бас тартуды қоса алғанда, кез келген нысандағы әлеуметтік қажеттіліктерге шығыстарды өтеуге, сондай-ақ, осы бағдарлама да, онымен қарастырылған субсидиялар да шектеулі уақыт кезеңінде берілген жағдайда, Комитет олардың қолданылуы туралы хабардар болса және бағдарламаның қорытынды нәтижесі тиісті кәсіпорынды жекешелендіру болса, мұндай субсидиялар дамушы мүше елдің жекешелендіру бағдарламасы аясында және осыған байланысты берілетін жағдайда қарызды басқаша аударуды қоса алғанда, берілетін субсидияларға қолданылмайды.
      27.14 Мүдделі мүшенің өтініші бойынша Комитет осы практиканың оның даму қажеттіліктеріне сәйкестігін зерттеу мақсатында дамушы мүше елдің нақты экспорттық субсидия практикасын қарастырады.
      27.15 Мүдделі дамушы мүше елдің өтініші бойынша Комитет 10 және 11-тармақтарының ережелеріне сәйкес осы дамушы мүше елде қолданылатын дәрежеде зерттеу мақсатында нақты өтемақы шараларын қарастыруды жүзеге асырады.
___________________
55 ДСҰ Келісімі күшіне енген күніне экспорттық субсидиялар ұсынбайтын дамушы мүше елдер үшін осы тармақ 1986ж. берілген экспорттық субсидиялар деңгейінен қолданылады.

IX БӨЛІК: АУЫСПАЛЫ уағдаластықтар 28-БАП
Қолданыстағы бағдарламалар

      28.1 ДСҰ Келісіміне қол қойған күнге дейін кез келген мүшенің аумағында басталған және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келмейтін субсидиялау бағдарламалары:
      (а) олар туралы хабарламалар мұндай мүшеге қатысты ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап 90 күннен кеш емес мерзімде Комитетке жіберіледі; және
      (b) мұндай мүше үшін ДСҰ Келісімі күшіне енгеннен бастап үш жылдың ішінде осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келтіріледі және бұл уақытқа дейін олар II бөлім ережелерінің қолданылу аясына жатқызылады.
      28.2 Ешқандай мүше мұндай бағдарламаның әрекет жасау өрісін кеңейтпейді және мұндай бағдарламаның ешқайсысы оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жаңартылмайды.

29-БАП
Нарықтық экономикаға көшу

      29.1 Жоспарлы-орталықтандырылған экономикадан еркін кәсіпкерлікті нарықтық экономикаға көшу үрдісіндегі мүшелер, мұндай көшу талап ететін бағдарламалар мен шараларды қолданыла алады.
      29.2 3-баптың қолданылу аясына жататын және олар туралы 3-тармаққа сәйкес хабарламалар берілген мұндай мүшелердің субсидиялау бағдарламалары тоқтатылады немесе ДСҰ Келісімі күшіне енген күнінен бастап жеті жылдық мерзім ішінде 3-бапқа сәйкес келтіріледі. Бұл жағдайда 4-бап қолданылмайды. Бұдан басқа, сол мерзім ішінде:
      (а) 6-баптың 1(d)-тармағының қолданылу аясына жатқызылатын субсидиялау бағдарламалары 7-бапқа сәйкес шара қолдануға негіз беретіндер ретінде қарастырылмайды;
      (b) шара қолдануға негіз беретін басқа субсидияларға қатысты 27-баптың 9-тармағының ережелері қолданылады.
      29.3 3-баптың қолданылу аясына жататын субсидиялау бағдарламалары туралы ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен кейін мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде Комитет хабардар етіледі. Мұндай субсидиялар бойынша кейінгі хабарламалар ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап екі жылдың ішінде жасалады.
      29.4 Ерекше жағдайларда Комитет 1-тармақта көрсетілген мүшелерге жолданған хабарламалардағы бағдарламалар мен шаралардан, сондай-ақ олардың мерзімдерінен нарықтық экономикаға көшу процесінің мақсаттары үшін қажет деп санаса, шегінуге рұқсат беруі мүмкін.

Х БӨЛІК: ДАУЛАРДЫ ШЕШУ 30-БАП

      Дауларды шешу туралы Уағдаластық шеңберінде дамытылған және қолданылатын 1994 ж. ГАТТ-тың XXII және XXIII баптарының ережелері, осы Келісімнің шеңберінде арнайы алдын ала айтылған жағдайларды қоспағанда, консультациялар мен дауларды шешу үшін қолданылады.

XI БӨЛІК: ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 31-БАП
Уақытша қолдану

      6-баптың 1-тармағының ережелері және 8 және 9-баптардың ережелері ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап 5-жылдық мерзім ішінде қолданылады. Бұл мерзімнің аяқталуына 180 күн қалған мерзімнен кешіктірмей, Комитет осы ережелердің күшін оның осы не өзгертілген күйінде кейінгі мерзімге ұзарту қажеттілігін анықтау мақсатында қарастырады.

32-БАП
Басқа қорытынды ережелер

      32.1 Осы Келісімде56 түсіндірілгендей, 1994 ж. ГАТТ ережелеріне сәйкес келетін әрекеттерден өзге, басқа мүшенің субсидиларына қарсы ешқандай нақты әрекеттер қолданыла алмайды.
      32.2 Басқа мүшелердің келісімінсіз осы Келісімдегі кез келген ережеге қатысты ескертулер жасалынбайды.
      32.3 4-тармақтың сақталу жағдайында, осы Келісімнің ережелері бұл мүшеге қатысты ДСҰ Келісімі күшіне енген күні немесе одан кейінгі күнге берілген өтініштер бойынша басталған, қолданыстағы шараларды тексеру мен қайта қарауға қатысты қолданылады.
      32.4 21-баптың 3-тармағының мақсаттары үшін қолданыстағы өтемақы шаралары осы мүше үшін ДСҰ Келісімі күшіне енген күнінен кешіктірмей, сол күнге қолданылатын кез келген мүшенің ұлттық заңнамасы аталған тармақта көзделген осындай ескертуді қамтитын жағдайларды қоспағанда, енгізілген болып есептеледі.
      32.5 Әр мүше оған қатысты ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен кешіктірмей олар өзіне қатысты қолданылатын дәрежеде, өз заңдарының, нормативтік актілері мен әкімшілік рәсімдердің осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін жалпы немесе жеке сипаттағы барлық қажетті шараларды қолданады.
      32.6 Әр мүше осы Келісімге қатысы бар, өзінің заңдары мен кормативтік актілеріндегі өзгерістер мен оларды қолданудағы өзгерістер туралы Комитетке хабарлайды.
      32.7 Комитет жыл сайын осы Келісімнің мақсаттарын ескере отырып, оның орындалуы мен күшін қарастырады. Комитет жыл сайын есепті кезең ішіндегі өзгерістер жайында Тауарлармен сауда жөніндегі Кеңесті хабардар етеді.
      32.8 Осы Келісімдегі Қосымшалар оның ажырамас бөлігін құрайды.
______________________
56 Осы тармақ 1994 ж. ГАТТ-тың басқа тиісті ережелерінің негізінде қолданылатын орынды шараларға бөгет болуды мақсат етпейді.

I ҚОСЫМША
ЭКСПОРТТЫҚ СУБСИДИЯЛАРДЫҢ иллюстрациялық тізбесі

      (а) Үкіметтердің экспорт нәтижелерімен негізделген фирмалар немесе өндіріске тікелей субсидияларды беруі.
      (b) Валютаны ұстап тұруға жол беретін бағдарламалар, немесе экспорт кезінде сыйақыны төлеуді қарастыратын кез келген ұқсас практика.
      (с) Ішкі нарықтағы тасымалдаумен салыстыру бойынша біршама жеңілдетілген шарттарда үкіметтер белгілейтін немесе өндіріп алатын экспорттық тиеп-жөнелтуге арналған ішкі көліктік және фрахт тарифтері.
      (d) Әлем нарығында олардың экспорттары үшін қолжетімді57 коммерциялық шарттарға қарағанда одан да қолайлы шарттар болған жағдайда, тауарларды ішкі тұтыну үшін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарлар мен қызметтерді берудің шарттарына қарағанда анағұрлым қолайлы шарттармен экспорттық тауарларды өндіру мақсатында үкіметтермен немесе олардың ұйымдарымен үкіметтік бағдарламалар арқылы импортталған немесе отандық тауарлар немесе қызметтерді беруі.
      (е) экспортқа байланысты өндірістік немесе сауда кәсіпорындары58 төлейтін немесе төлеуге тиіс тікелей салықтарды59 немесе әлеуметтік сақтандыруға кететін аударымдарды төлеуден толықтай немесе жартылай босату, азайту немесе мерзімін кейінге шегеру.
      (f) Тікелей салық салу базасын есептеген кезде қолданылатын, ішкі тұтыну үшін өндіріске қатысты ұсынылған алымдардан асатын, экспортпен немесе экспорт нәтижелерімен тікелей немесе жанама байланысты арнайы алымдар.
      (g) Ішкі тұтыну үшін сату кезінде ұқсас тауарларды өндіру мен таратудан алынатын салықтарға қарағанда, экспортқа шығатын тауарларды өндіру мен таратудан алынатын жанама салықтарды төлеуден босату немесе азайту.
      (h) Экспорттық тауарларды өндіруде қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынатын алғашқы кезеңнің кумулятивті жанама салықтарын ішкі тұтыну үшін сатылатын ұқсас тауарларды өндіруде қолданылған тауарлар мен қызметтерге салынатын ұқсас алғашқы кезеңнің кумулятивті жанама салықтарын төлеуден босату, азайту немесе кейінге шегеруге қарағанда жоғары деңгейде төлеуден босату, азайту немесе кейінге шегеру; бірақ Экспорттық тауарларды өндіруде қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынатын алғашқы кезеңнің кумулятивті жанама салықтарын төлеуден босату, азайту немесе кейінге шегеру егер алғашқы кезеңнің кумулятивті жанама салықтары экспорттық тауарларды (қалдықтарға салынатын қалыпты жеңілдіктері бар) өндіру барысында қолданылған материалдардан алынатын болса60, ішкі тұтыну үшін сатылатын ұқсас тауарларды өндіруде қолданылған тауарлар мен қызметтерге салынатын ұқсас алғашқы кезеңнің кумулятивті жанама салықтарын төлеуден босату, азайту немесе кейінге шегеру қолданылмаған жағдайда да болатын шартпен. Осы бапты түсіндіру II Қосымшада берілген өндірістік процессте нұсқаулыққа сәйкес материалдарды тұтыну тәртібі бойынша жүзеге асырылады.
      (i) Экспорттық (қалдықтарға салынатын қалыпты жеңілдіктері бар) өнімді өндіруге кеткен импорттық шикізат пен материалдардан алынатын импорттық алымдардың үстінен алынатын алымдардың азаюы немесе қайтарылуы; бірақ импорт пен тиісті экспорт операциялары екі жылдан аспайтын қисынды уақыт мерзімінің ішінде қолданылса, нақты жағдайларда кәсіпорын импорттық шикізат пен материалдар сияқты ұқсас мөлшерде, ұқсас сапа мен қасиеттері бар отандық шикізат пен материалдарды алмастырушы ретінде қолдануы мүмкін. Осы бапты түсіндіру өндірістік процесте материалдарды тұтыну тәртібі бойынша нұсқаулыққа (II Қосымша) және экспорттық субсидиялар сияқты айырбастау кезінде импорттық алымдарды қайтару жүйесіне қатысты ұйғарым беру тәртібі бойынша нұсқаулыққа (III Қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
      (j) Үкіметтердің (немесе үкіметтер бақылайтын арнайы институттардың) экспорттық кредиттерді кепілдендіру немесе сақтандыру бағдарламаларын, экспорттық тауардың бағасын көтеруден сақтандыру немесе кепілдендіру бағдарламаларын немесе бұл бағдарламалар бойынша ұзақ мерзімді операциялық шығындар мен зияндарды төлеу үшін жеткіліксіз сыйақы ставкаларын қолданып валюталық тәуекелден сақтандыру немесе кепілдендіру бағдарламаларын беруі.
      (k) Үкіметтердің (немесе үкіметтер бақылайтын және/немесе үкіметтің қарамағында істейтін арнайы институттардың) пайдаланылған қаражат үшін олар іс жүзінде төлеуге тиіс (немесе халықаралық капитал нарығына жүгінген кезде ұқсас төлеу мерзімі мен басқа несиелік шарттары, және экспорттық несиеге ұқсас валютада төлеулері тиіс болатын болса) төлемдерден төмен экспорттық кредиттерді беруі немесе экспорттық кредиттер берілетін шарттар саласындағы материалдық артықшылықтарды қамтамасыз ету үшін қолданылатын деңгейде несие алуға байланысты экспорттаушылар немесе қаржы мекемелерінің көтерген шығыстарын толықтай немесе ішінара өтеуі. Алайда, мүше осы Келісімнің (немесе көрсетілген мүшелермен мақұлданған кейінгі уағдаластықтың) кем дегенде 12 құрылтайшы мүшесі 1979 жылғы 1 қаңтарынан бастап тараптары болып табылатын ресми экспорттық несиелеу бойынша халықаралық уағдаластықтың тарабы болып табылса немесе мүше тиісті уағдаластықтың пайыздық мөлшерлемелері туралы ережелерін іс жүзінде қолданса, осы ережелерге сәйкес келетін экспорттық несиелеу тәжірибесі, осы Келісіммен тыйым салынған экспорттық субсидия ретінде қарастырылмайды.
      (l) 1994 ж. ГАТТ-тың XVI бабы мағынасында экспорттық субсидия болып саналатын, мемлекет есебінен кез келген басқа шығыстар.
______________________
57 «Қолжетімді коммерциялық шарттар» термині отандық немесе импорттық тауарлардың арасында таңдау шектелмейтіні және тек коммерциялық түсініктермен анықталатынын білдіреді.
58 Мүшелер, мысалы, төленуі тиіс пайыздар алынатын жерде шегерім экспорттық субсидияға теңелуі міндетті емес екенін мойындайды. Мүшелер, солардың бақылауында немесе бір бақылаудың астында болатын экспорттаушы-кәсіпорын мен шетелдік сатып алушылар арасындағы мәмілелер бойынша тауарлардың бағасы ретінде, салық мақсатында тәуелсіз кәсіпорындар арасында белгіленген бағаны пайдаланған жөн деген қағидатты растайды. Кез келген мүше басқа мүшенің назарын осы қағидатқа қайшы келетін және экспорттық мәмілелердегі тікелей салықтардың айтарлықтай үнемделуіне әкелетін әкімшіліктік және басқа тәжірибеге аударуы мүмкін. Мұндай жағдайда мүшелер әдетте, алдыңғы сөйлемнен шығатын консультацияларға құқықты қоса алғанда, 1994 ж. ГАТТ бойынша мүшелердің құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірместен, қолданыстағы қосарланған салық салу туралы келісімдердің немесе өзге айырықша халықаралық тетіктердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, келіспеушіліктерді шешуге ұмтылады. (е) тармағы кез келген мүшемен, оның кәсіпорындарымен немесе басқа мүшенің кәсіпорындарымен алынған шетелдік кіріс көзіне қосарланған салық салынуына жол бермеу мақсатында шара енгізуді шектеуге арналмаған.
59 Осы Келісімнің мақсаттарында «тікелей салықтар» жалақы, кіріс, пайыздар, ренттік түсімдер, роялти мен басқа кіріс нысандарына, сонымен қатар жылжымайтын мүлік үшін салынатын салықтарды білдіреді. «Импорт алымдары» термині кедендік баж салығын, импорттан алынатын осы нұсқауда көрсетілмеген басқа алымдар мен салықтарды білдіреді. «Жанама салықтар» термині тікелей салықтар мен импорттық алымдарды қоспағанда, сатуға салынатын салық, акциздер, айналымнан алынатын және қосылған құн салықтары, франшизалар, пошталық алым, меншікке беру, тауарлық қор мен құрал-жабдыққа салынатын салық, шекара алымдары мен басқа да салықтарды білдіреді. «Алғашқы кезең» салықтары деген тауарды өндіру кезінде тікелей немесе жанама қолданылатын тауарлар мен қызметтерден алынатын салықтарды білдіреді. «Кумулятивті» жанама салықтар деген өндірістің бір кезеңінде салық салынатын тауарлар мен қызметтер, өндірістің кейінгі сатыларында қолданылатын, кейін несиелеу механизмі жоқ кезде алынатын көпсатылы салықтарды білдіреді. Салықтардың «азаюы» салықтың қайтарылуы немесе одан алынған жеңілдікті білдіреді. «Азаю немесе қайтару» импорт алымдарын төлеуден толық немесе жартылай босату немесе кейінге шегеруді қамтиды.
60 (h) тармағы қосылма құн салығы жүйесіне және кедедік салық алымдарына қолданылмайды; қосылма құн салығының шамадан тыс азаюы тек қана (g) тармағымен реттеледі.

II ҚОСЫМША
ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСТЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТҰТЫНУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ61

      I
      1. Жанама салықтардан жеңілдіктер (қайтарымдар) жүйесі экспорттық тауарды (қалдықтарға қалыпты жеңілдіктермен) өндіру процесінде тұтынылатын материалдардан алынатын, алдын ала сатыдағы кумулятивті жанама салықтардан босатуды, азайтуды немесе кейінге қалдыруды рұқсат етуі мүмкін. Қайтарым жүйелері осыған ұқсас түрде экспорттық тауарды өндіру процесінде тұтынылатын материалдардан алынатын импорт алымдарын азайтуға немесе қайтаруға рұқсат етуі мүмкін (қалдықтарға қарапайым жеңілдіктермен).
      2. Осы Келісімнің І Қосымшасында экспорттық субсидиялардың иллюстративті тізбесі (h) және (i) тармақтарында «экспорттық тауар өндірісінде тұтынылатын материалдар» терминіне сілтеме жасайды. (h) тармағына сәйкес жанама салықтардан жеңілдіктер жүйесі «экспорттық тауар өндірісінде тұтынылған материалдардан» нақты алынатын осындай салық сомасынан үстеме алдын ала сатыдағы кумулятивті жанама салықтардан босатуға, азайтуға немесе төлемді кейінге шегеруге әкеп соғатын экспорттық субсидияны білдіруі мүмкін. (i) тармақшасына сәйкес, қайтарым жүйесі экспорттық тауар өндірісінде тұтынылған материалдардан алынатын алымдардан үстеме импорттық алымдарды азайтуға немесе қайтаруға әкеп соғатын экспорттық субсидияны білдіруі мүмкін. Екі тармақ қалдықтарға қалыпты жеңілдіктер экспорттық тауар өндірісінде материалдарды тұтынуға қатысты қорытындыларда ескерілуі тиіс екендігін көздейді. (i) тармағы сондай-ақ қажет болғанда, алмастыруды көздейді.
      II
      Осы Келісімге сәйкес өтемдік тексерудің бөлігі ретінде экспорттық тауар өндірісінде материалдарды тұтыну туралы мәселені қарастыру кезінде тексеру органдары мыналарға сүйенуі тиіс:
      1. Егер жанама салықтардан жеңілдіктер жүйесі немесе қайтарым жүйесі экспорттық тауар өндірісінде тұтынылған материалдарға жанама салықтарға немесе импорттық алымдарға шамадан тыс жеңілдіктерге немесе шамадан тыс қайтарымға орай субсидияға айналғаны болжанса, тексеру органдары алдымен экспорттаушы мүше елдің үкіметі шынымен де экспорттық тауар өндірісінде қандай материалдар және қандай көлемде тұтынылатындығын тексеруге мүмкіндік беретін жүйесі немесе рәсімі бар болуын және оны қолдануын анықтауы тиіс. Егер мұндай жүйе немесе рәсім қолданылатындығы анықталса, онда тексеру органдары оның осы мақсат үшін орынды, тиімді болып табылатындығын және экспорт еліндегі жалпыға ортақ коммерциялық практикаға негізделгенін анықтау үшін мұндай жүйені немесе рәсімді зерттейді. Тексеру органдары 12 баптың 6 тармағына сәйкес ақпаратты тексеру және осы жүйенің немесе рәсімнің тиімді қолданылуын растау мақсатында белгілі бір практикалық тестілер жүргізуді қажет деп есептеуі мүмкін.
      2. Егер мұндай жүйе немесе рәсім жоқ болса, егер ол орынды болмаса немесе енгізілуі орынды деп танылса, бірақ оның қолданылмайтындығы немесе тиімсіз қолданылатындығы анықталса, экспорттаушы мүше шамадан тыс төлемдердің жүзеге асырылатындығын анықтау мақсатында материалдардың нақты шығындары негізінде зерттеуді жалғастыру тиіс. Егер тексеру органдары оны қажет деп тапса, әрі қарай зерттеу 1-тармаққа сәйкес жүргізілуі тиіс.
      3. Тексеру органдары мұндай материалдар өндірістік процесте пайдаланылса және экспорттық тауарда бар болса, материалдарды нақты енгізілген деп қарастыруы тиіс. Мүшелер материалдардың өндірістік процеске келіп түскен күйінде түпкілікті тауарда қатысу міндетті емес екенін атап көрсетеді.
      4. Экспорттық тауар өндірісінде тұтынылған материалдардың нақты шығындарының сомасын анықтау кезінде «қалдықтарға қалыпты жеңілдікті» назарға алу және осындай қалдықтарды экспорттық тауарды өндіру процесінде тұтынылған қалдық ретінде қарастыру керек. «Қалдықтар» термині осы материалдардың экспорттық тауар өндірісінде жеке қызмет орындамайтын, экспорттық тауар өндірісі процесінде тұтынылмайтын (соның ішінде тиімсіздігі себебінен) және қалпына келтірілмейтін, пайдаға асырылмайтын немесе өндірушінің өзі сатпайтын бөлігіне қатысты болады.
      5. Қалдықтар жеңілдігінің «қалыпты» екендігін анықтау кезінде, тексеру органдары өндірістік процесті, экспорт еліндегі орташа өнеркәсіп тәжірибесін және басқа да тиісті техникалық факторларды ескерулері тиіс. Тексеру органдары экспорттаушы мүшенің өкілетті органдарының сома салықтардың немесе баж салығының жеңілдіктеріне немесе қайтарымына енгізілген жағдайларда, қалдықтар құнын дұрыс есептеу туралы мәселе маңызды мәселе болып табылатындығын ескеруі тиіс.
_______________________
61 Өндірістік процесте тұтынылатын материалдар соңғы өнімге нақты кіретін материалдар, өндірістік процесте пайдаланылатын энергия, отын және мұнай, сондай-ақ экспорттық тауарды жасау мақсатында оларды пайдалану процесінде тұтынылатын катализаторлар болып табылады.

III ҚОСЫМША
ЭКПОРТТЫҚ СУБСИДИЯ РЕТІНДЕ ИМПОРТТЫҚ АЛЫМДАРДЫ ҚАЙТАРУ
ЖҮЙЕСІН ЖІКТЕУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

      I
      Импорттық алымдарды қайтару жүйесі басқа тауарды өндіру процесінде тұтынылған материалдарға және осы тауардың экспорты құрамында алмастырылған импорттық материалдар сияқты сапасы және сипаттамалары бар отандық тауарлар болған кезде, импорттық алымдардың орнын толтыруға немесе қайтаруға жол беруі мүмкін. I Қосымшадағы Экспорттық субсидиялардың иллюстративті тізбесінің (i) тармағына сәйкес, алмастыру кезінде импорттық алымдарды қайтару жүйелері қайтару сұратылған импортталған материалдардан бастапқыда алынған импорттық алымдарды шамадан тыс қайтаруға әкеп соғатын экспорттық субсидияны білдіруі мүмкін.
      II
      Осы Келісімге сәйкес өтемдік тексеру барысында импорттық алымдарды қайтару жүйесін қарастыру кезінде тексеру органдары мыналарды негізге алуы тиіс:
      1. Иллюстративті тізбенің (i) тармағы экспортқа арналған тауар өндірісіндегі импорттық материалдарды мұндай материалдар саны бойынша тең, ал сапасы мен сипаттамалары алмастырылатын импорттық материалдар сияқты болатын жағдайда отандық тауарлар алмастыру мүмкін екендігін көрсетеді. Бақылау жүйесінің немесе рәсімінің болуы маңызды фактор болып табылады, өйткені бұл экспорттаушы мүшенің үкіметіне импорттық алымды қайтару сұратылған материалдардың саны осыған ұқсас экспортталған тауарлардың санынан қандай да бір нысанда аспайтындығын және импорттық алымдарды қайтару бастапқыда осы импорттық материалдардан алынған алым сомасынан аспайтындығына кепілдік беруіне және дәлелдеуіне мүмкіндік береді.
      2. Егер алмастыру кезінде импорттық алымдарды қайтару жүйесі субсидияны білдіретініне күмән туған кезде, тексеру органдары алдымен экспорттаушы мүшеде бақылау жүйесі немесе рәсімі бар екенін және қолданылатынын анықтауы тиіс. Егер мұндай жүйе немесе рәсім қолданылатындығы анықталса, онда тексеру органдары осы бақылау рәсімдерінің алға қойылған мақсаттары тұрғысынан орынды, тиімді болып табылатындығына және экспорт еліндегі жалпыға ортақ сауда практикасына негізделетіндігіне көз жеткізуі үшін зерттеуі тиіс. Рәсімдер осындай өлшемдерге жауап береді және тиімді қолданылатындығы анықталғанның деңгейіне орай, бұл ешқандай субсидияның жоқтығын білдіруі тиіс. Тексеру органдары 12-баптың 6 тармағына сәйкес ақпаратты тексеру немесе бақылау рәсімдерінің тиімді қолданылуына көз жеткізу үшін белгілі бір практикалық тестілер жүргізуді қажет деп тануы мүмкін.
      3. Егер бақылау рәсімдері болмаған жағдайда, егер олар орынды болмаса немесе егер осындай рәсімдер бар болса және орынды деп саналса, бірақ шындығында олардың қолданылмайтындығы немесе тиімсіз қолданылатындығы анықталса, субсидия орын алуы мүмкін. Бұл жағдайларда экспорттаушы мүшенің шамадан тыс төлемдердің болуын анықтау мақсатында тиісті нақты мәмілеге негізделген зерттеуді жалғастыруы керек. Егер тексеру органдары мұны қажетті деп таныса, әрі қарай қарастыру 2-тармаққа сәйкес жүргізіледі.
      4. Алмастыру кезінде импорттық алымдарды қайтару туралы ереженің болуы субсидияның қолданылуын растау ретінде қарастырмау керек, оған сәйкес экспорттаушыларға алымдарды қайтару сұранатын нақты импорттық жеткізілімдерді таңдауға рұқсат етіледі.
      5. Үкіметтер импорттық алымдарды қайтару жүйелеріне сәйкес орны толтырылатын ақша қаражатына пайыздар төлеген жағдайларда (i) тармағының мағынасында импорттық алымдарды қайтару шамадан тыс болып есептелетін еді; бұл ретте нақты төленген немесе төленуге тиесілі пайыздардың сомасы шамадан тыс болып есептелінеді.

IV ҚОСЫМША
ЖАЛПЫ СУБСИДИЯЛАУ ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ
(6)62-БАПТЫҢ 1(А)-ТАРМАҒЫ

      1. 6-баптың 1(а)-тармағының мақсаттары үшін субсидия мөлшерін кез келген есептеу субсидиялауды жүзеге асыратын үкімет шығыстары негізінде жүргізіледі.
      2. 3-5 тармақтарда көзделгендерді қоспағанда, субсидиялаудың жалпы деңгейі тауар құнының 5 % артық болуын анықтау кезінде, тиісті тауардың құны субсидия берілген кезеңнің алдындағы сауда туралы деректер бар соңғы 12 айдағы субсидия алушы63 кәсіпорын саудасының жалпы құны ретінде есептеледі64.
      3. Егер субсидия осы тауардың өндірісімен немесе саудасымен байланысты болса, тауардың құны алушы кәсіпорынның субсидия ұсынылған кезеңге дейін сауда туралы деректер бар соңғы 12 айдағы осы тауарды жалпы сату құны ретінде есептелінеді.
      4. Егер алушы кәсіпорын бастапқы қалыптасу кезеңінде болса, онда егер субсидиялаудың жалпы деңгейі жалпы капитал салымы сомасының 15 % асатын болса, мүдделеріне елеулі нұқсан келтірілді деп есептеледі. Осы тармақтың мақсаттары үшін бастапқы қалыптасу кезеңі өндірістің бірінші жыл шеңберінен шықпауы тиіс65.
      5. Егер алушы кәсіпорын экономикасы инфляциялық елде орналасқан болса, тауардың құны алушы кәсіпорынның субсидия берілуі тиіс айдың алдындағы 12 айдағы инфляция қарқыны ескеріліп түзетілген, алдыңғы күнтізбелік жылдағы жалпы сауда сомасы ретінде (егер субсидия байланысты болып табылса, тиісті тауардың саудасы ретінде) есептелінеді.
      6. Осы жылы жалпы субсидиялау деңгейін анықтау кезінде мүшенің аумағында түрлі бағдарламалар және түрлі билік органдары ұсынған субсидиялар жинақталады.
      7. ДСҰ Келісімі күшіне енгізілгенге дейін ұсынылған, пайдасы болашақ өндіріске жатқызылған субсидиялар жалпы субсидия деңгейіне қосылады.
      8. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес шаралар қабылдауға негіз бермейтін субсидиялар 6-баптың 1(а) тармағының мақсаттары үшін субсидия сомасын есептеуге кірмейді.
_______________________
62 Қажеттілігіне қарай мүшелер осы Қосымшада айтылмаған немесе 6-баптың 1(а) тармағының мақсаттары үшін нақтылауды талап ететін мәселелер бойынша келісім жасауы керек.
63 Алушы кәсіпорын – бұл субсидиялаушы мүшенің аумағында орналасқан кәсіпорын.
64 Салық сипатындағы субсидия жағдайында тауардың құны алушы кәсіпорынның осындай салық субсидиясы ұсынылған қаржы жылындағы жалпы саудасының құны ретінде есептеледі.
65 Бастапқы қалыптасу кезеңіне осы тауарды әзірлеу немесе субсидияны пайдаланатын тауарлар өндірісі үшін қуат жасау бойынша қаржылық міндеттемелер қабылданған, бірақ өндіріс әлі басталмаған жағдайлар кіреді.

V ҚОСЫМША
МҮДДЕЛЕРГЕ ЕЛЕУЛІ НҰҚСАН КЕЛТІРУГЕ ҚАТЫСТЫ
АҚПАРАТ АЛУ РӘСІМДЕРІ

      1. Әрбір мүше 7-баптың 4-6 тармақтарында көзделген рәсім негізінде аралық топ зерттейтін дәлелдемелерді жинақтауда ынтымақтастықпен қатысады. 7-баптың 4 тармағының ережелеріне сүйенгеннен кейін бірден дау тарабы мен кез келген үшінші мүдделі мүше ел ДШО-ға олардың аумағында осы ережені орындауға жауапты ұйым туралы, сондай-ақ ақпарат ұсыну жөніндегі сұрауларды орындау үшін қарастырылған рәсімдер туралы хабарлайды.
      2. 7-баптың 4 тармағына сәйкес дау ДШО-ға берілген жағдайда, ДШО сұрау алғаннан кейін субсидиялаушы мүшенің үкіметінен субсидиялаудың қолданылуын және мөлшерін, субсидия пайдаланатын кәсіпорын саудасының жалпы құнын анықтауға қажетті ақпаратты, сондай-ақ субсидияланған тауарлар туғызған қолайсыз салдарды талдауға қажетті ақпарат алу үшін рәсімді бастайды66. Қажет болған жағдайда бұл рәсімге ақпарат алу мақсатында, сондай-ақ VII бөлімде көзделген хабарландыру рәсімдерінің арқасында дау тараптарында бар ақпаратты нақтылау үшін субсидиялаушы мүшенің және арыз берген мүшенің үкіметіне сұрақтар жіберу кіруі мүмкін.
      3. Үшінші елдердің нарығына ықпал ету жағдайларында, дау тарабы ақпарат жинауға құқылы, оның ішінде арыз берген мүшеден немесе субсидиялаушы мүшеден басқаша түрде алу мүмкін емес, қолайсыз салдарын талдауға қажетті сұрақтарды үшінші мүше елге жібере алады. Бұл талапты үшінші мүше елге шамадан тыс қиындық туғызбайтын етіп орындау керек. Атап айтқанда, мұндай мүшеден арнайы осы мақсатта нарыққа немесе бағаларға талдау жүргізу талап етілмейді. Оның иелігінде бар немесе осы мүше оңай алуы мүмкін ақпарат ұсынылуы тиіс (мысалы, статистикалық қызмет дайындап қойған, бірақ әлі жарияланбаған соңғы статистика; кеденнің импорттың құны және осы тауарлардың жарияланған құны туралы деректері және т.с.с). Алайда, егер дау тараптарының бірі өз есебінен нарықты зерттеуді бастаған болса, мұндай зерттеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кәсіпорынның міндетін үшінші мүше елдің билігі жеңілдетуі тиіс және осындай тұлғаға немесе кәсіпорынға әдетте үкімет құпия ретінде қарастырмайтын барлық ақпаратқа қол жеткізе алады.
      4. ДШО ақпарат жинақтау процесін жеңілдетуге уәкілетті өкілді тағайындайды. Осы өкілдің бірден-бір мақсаты дау нысанын көпжақты деңгейде әрі қарай жылдам қарастыруды жеңілдетуге қажетті ақпараттың үнемі жаңартылып отыруын қамтамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда, өкіл қажетті ақпаратты сұратудың ең тиімді тәсілдерін ұсынуға, сондай-ақ тараптардың ынтымақтасуына ықпал етуге құқылы.
      5. 2-4 тармақтарда сипатталған ақпаратты жинақтау процесі 7 баптың 4 тармағына сәйкес ДШО-ға дау тапсырылған күннен бастап 60 күн ішінде аяқталады. Осы процесс барысында алынған ақпарат Х бөлімнің ережелеріне сәйкес ДШО құрған аралық топқа ұсынылады. Бұл ақпаратқа, inter alia, осы субсидияның мөлшеріне қатысты деректерді (және орынды болған жағдайда, субсидия алатын кәсіпорындардың жалпы сауда құнын), субсидияланған тауардың бағасын, субсидияланбаған тауардың бағасын, осы нарықтағы басқа жеткізушелердің бағаларын, осы нарықтағы субсидияланған тауар ұсынысындағы өзгерістерді және нарықтық үлестегі өзгерістерді қосу керек. Сонымен қатар, оған теріске шығаратын дәлелдерді, сондай-ақ аралық топ қорытынды дайындау процесінде орынды деп таныған қосымша ақпаратты қосу керек.
      6. Егер субсидиялаушы мүше және/немесе үшінші мүше ел ақпаратты жинау процесінде ынтымақтастықпен қатыспаса, онда арыз берген мүше иелігіндегі дәлелдерге негізделген, мүдделеріне елеулі нұқсан келтірудің орын алуына өз негіздемелерін, сондай-ақ субсидиялаушы мүше және/немесе үшінші мүше елдің тарабынан ынтымақтастық жасаудан бас тартуына жататын фактілер мен жағдайларды ұсынады. Егер ақпарат субсидиялаушы мүшенің және/немесе үшінші мүше елдің тарабынан ынтымақтасудан бас тартуға байланысты алынбаған болса, онда аралық топ қажеттілігіне орай қолдағы бар ақпаратқа сүйене отырып, құжат жасауды аяқтауға құқылы.
      7. Аралық топ ұйғарым шығару кезінде ақпарат жинақтау процесіне тартылған кез келген тараптың ынтымақтасудан бас тарту фактілерінен теріс қорытындылар жасауы керек.
      8. Қолдағы бар ақпаратты немесе теріс қорытындыларды пайдалану туралы шешім қабылдай отырып, аралық топ 4-тармаққа сәйкес тағайындалған ДШО өкілінің ақпарат туралы кез келген сұратудың негізділігіне, сондай-ақ тараптардың осы сұратуды ынтымақтастықта және уақтылы қанағаттандыруға күш салуына қатысты пікірін ескереді.
      9. Ақпарат жинақтау процесінде ештеңе аралық топтың дауды тиісті шешуге қажетті деп санайтын және процесс бойы жеткілікті сұратылмаған және пайдаланылмаған қосымша ақпаратты сұрату мүмкіндігін шектей алмайды. Алайда әдеттегі жағдайда ақпарат нақты тараптың позициясын қолдайтын болса және осындай ақпараттың істе болмауы осы тараптың ақпаратты жинау процесінде ынтымақтасудан негіздемесіз бас тарту нәтижесі болып табылса, аралық топқа істі аяқтау үшін қосымша ақпаратты сұрату керек емес.
______________________
66 Мүдделерге елеулі нұқсан келтірудің дәлелденуі тиіс жағдайларда.
67 ДШО ақпаратты жинау процесін өзінің сипаты бойынша құпия болып табылатын немесе осы процеске тартылған кез келген мүше құпия түрде ұсынған ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып жүзеге асырады.

VI ҚОСЫМША
12-БАПТЫҢ 6-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС СОЛ ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ РӘСІМДЕРІ

      1. Тексеру басталғанан кейін экспорттаушы мүшенің құзыретті органдарына және белгілі мүдделі кәсіпорындарға сол жерде тексеру жүргізу ниеті туралы хабарландырылуы тиіс.
      2. Егер айрықша жағдайларда тексеру жүргізетін топқа үкіметтік емес сарапшыларды тарту көзделетін болса, онда бұл туралы экспорттаушы мүшенің кәсіпорындарына және құзыретті органдарына хабарлау керек. Құпиялылықты сақтау туралы талап бұзылған жағдайда, мұндай үкіметтік емес сарапшыларды тиімді жазалау керек.
      3. Келу мерзімін түпкілікті келіскенге дейін экспорттаушы мүшедегі тиісті кәсіпорындардың анық келісімін алу қалыпты практика болуы тиіс.
      4. Тиісті кәсіпорындардың келісімін алғаннан кейін тексеру органдары экспорттаушы мүшенің құзыретті органдарына баруға ниет білдірген кәсіпорындардың атауы мен мекенжайын, сондай-ақ келісілген күндерін дереу хабарлауы тиіс.
      5. Осы кәсіпорындарға келу туралы алдын-ала хабарландырылуы тиіс.
      6. Сауалнаманы нақтылау мақсатындағы сапарлар экспорттаушы кәсіпорындардың өтініші бойынша ғана қабылдануы тиіс. Мұндай өтініш жағдайдында тексеру органдары кәсіпорындардың қарамағында болады. Мұндай сапар егер (а) импорттаушы мүшенің өкілетті органдары осы мүше үкіметінің өкілдеріне хабарласа және (b) соңғылары бұған қарсы болмаса ғана өткізіледі.
      7. Сол жерде тексеру жүргізудің басты мақсаты ұсынылған ақпаратты тексеру немесе толығырақ мәліметтер алу болғандықтан, егер мүдделі кәсіпорын кері тәртіпке келісім бермесе, ал экспорттаушы мүшенің үкіметіне тексеру органдары күтілетін сапар туралы хабарласа және ол қарсы болмаса, оны сауалнамаға жауаптар алынғаннан кейін жүргізу керек; оған қоса, келуге дейін осы кәсіпорынға тексеруге тиесілі ақпараттың, сондай-ақ ұсыну талап етілен кез келген басқа ақпараттың жалпы сипаты туралы хабарлау қалыпты практикаға айналуы тиіс, бірақ бұл сол жерде алынған ақпарат аясында әрі қарай толық ақпарат сұратуды жоққа шығармайды.
      8. Сұратуға немесе сол жерде сәтті тексеру жүргізу үшін маңызы бар, өкілетті органдар немесе экспорттаушы мүшелердің кәсіпорындары қойған сұрақтың жауаптарын мүмкіндігінше келуде дейін жіберген жөн.

VII ҚОСЫМША
27-БАПТЫҢ 2(а)-ТАРМАҒЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН ДАМУШЫ МҮШЕ ЕЛДЕР

      3-баптың 1(а)-тармағының ережелеріне жатқызылмаған дамушы мүше елдерге 27-баптың 2(а)-тармағының шарттарына сәйкес, мыналар кіреді:
      (а) БҰҰ айқындаған және ДСҰ мүшелері болып табылатын неғұрлым аз дамыған елдер;
      (b) ДСҰ мүшелері болып табылатын, халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ жылына 1000 долл. жеткен кезде 27-баптың
2(b)-тармағына сәйкес басқа дамушы мүше елдерге қолданылатын ережелердің әрекеті таралуы тиіс, келесі дамушы елдердің әрқайсысы68: Боливия, Камерун, Конго, Кот-д'Ивуар, Доминикан Республикасы, Мысыр, Гана, Гватемала, Гайана, Үндістан, Индонезия, Кения, Марокко, Никарагуа, Нигерия, Пәкістан, Филиппин, Сенегал, Шри-Ланка және Зимбабве.
_____________________
68 (b) тармағындағы дамушы мүше елдерді тізбеге енгізу Дүниежүзілік банктің жан басына шаққандағы ЖҰӨ мөлшері туралы соңғы деректеріне негізделген.

АРНАЙЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ

      Мүшелер,
      Мүшелердің ортақ мақсатын – ГАТТ 1994 негізделген халықаралық сауда жүйесін жақсарту мен нығайтуды есепке ала отырып;
      ГАТТ 1994 қағидаларына айқындық енгізудің және оларды нығайтудың, әсіресе ХІХ баптың (Кейбір тауарларды импорттау кезіндегі төтенше шаралар) қағидаларын, арнайы қорғау шараларын көпжақты бақылауды қайта қалпына келтірудің және осындай бақылаудан алшақтайтын шараларды жоюдың қажет екендігін мойындай отырып;
      Құрылымдық өзгерістердің маңызды екендігін және халықаралық нарықтағы бәсекелестікті шектеу емес, оны күшейтудің қажет екендігін мойындай отырып; және
      Сонымен қатар, осы мақсаттар үшін барлық мүшелерге қолданылатын және ГАТТ 1994 негізгі қағидаттарына сүйенетін барлығын түгел қамтитын келісім жасасудың қажет екендігін мойындай отырып;
      Осы Келісіммен мыналар туралы уағдаласты:

1-БАП
Жалпы ережелер

      Осы Келісім ГАТТ 1994 XIX бабында көзделген шаралар ретінде түсінілетін арнайы қорғау шараларын қолдану қағидаларын белгілейді.

2-БАП
Шарттары

      1. Әрбір мүше1, егер бұл мүше төменде келтірілген ережелерге сәйкес мұндай тауардың оның аумағына осындай өсіп келе жатқан мөлшерде, оның ұлттық өндірісіне қатысты абсолюттік немесе салыстырмалы мәнінде және ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарлар өндіретін ұлттық өндірістің саласына айтарлықтай залал келтіру немесе айтарлықтай залал қаупін төндіретін жағдайларда импортталып отырғанын анықтаған жағдайда ғана қандай да бір тауарға арнайы қорғау шарасын қолдана алады.
      2. Арнайы қорғау шаралары импортталатын тауарға, оның шығу көзіне қарамастан, қолданылады.
_________________
1 Кеден одағы арнайы қорғау шарасын бірыңғай бірігу ретінде немесе өзіне мүше мемлекеттің атынан қолдана алады. Кеден одағы арнайы қорғау шарасын бірыңғай бірігу ретінде қолданған жағдайда, келтірілген айтарлықтай залалды немесе айтарлықтай залал келтірілу қаупін айқындау жөніндегі барлық талаптар осы Келісімге сәйкес жалпы кеден одағындағы қазіргі шарттарға негізделеді. Арнайы қорғау шарасы мүше мемлекеттің атынан қолданылатын жағдайда, келтірілген айтарлықтай залалды немесе айтарлықтай залал келтірілу қаупін айқындау жөніндегі барлық талаптар осы мемлекеттегі қазіргі шарттарға негізделеді және шараны осы мемлекет ғана қолданатынымен шектеледі. Осы келісімде ешнәрсе ГАТТ 1994 ХІХ бабы мен ХХІV бабының 8-тармағы аралығындағы байланысты түсіндіруді алдын ала айқындамайды.

3-БАП
Тергеп-тексеру

      1. Әрбір мүше осы мүшенің құзыретті органдары тергеп-тексеру жүргізгеннен кейін ғана ГАТТ 1994 Х бабына сәйкес алдын ала белгіленген және жарияланған рәсімдер негізінде арнайы қорғау шарасын қолдана алады. Мұндай тергеп-тексеру барлық мүдделі тараптарға ақылға сыйымды түрде ашық жариялауды, сондай-ақ жария тыңдауларды немесе импорттаушыларға, экспорттаушыларға және басқа да мүдделі тараптарға арнайы қорғау шарасын қолдану қоғамдық мүддеге қызмет етеді ме немесе қызмет етпейді ме деген мәселе бойынша басқа тараптардың өтініштеріне жауап беру және inter alia, өз пікірлерін баяндау мүмкіндіктерін қоса алғанда, дәлелдер мен өз пікірлерін ұсынуға мүмкіндік беретін басқа да тиісті құралдарды қамтиды. Құзыретті органдар іске қатысты барлық фактілік және құқықтық аспектілер бойынша өздері шығарған дәлелді қорытындылар мен алынған деректерді баяндай отырып, баяндаманы жариялайды.
      2. Құпия сипатқа ие немесе құпия негізде ұсынылған кез келген ақпаратты, құпиялылық себебі көрсетілген жағдайда, құпия ақпарат ретінде құзыретті органдар қарайды. Ақпаратты ұсынған тараптың рұқсатынсыз мұндай ақпарат ашылмайды. Құпия ақпаратты берген тараптарға құпия емес түйіндеме беру ұсынылуы мүмкін немесе егер бұл тараптар аталған ақпаратты мұндай жалпылауға келмейді деп мәлімдесе, онда түйіндеменің берілмеу себептерін көрсетеді. Алайда, егер құзыретті органдар құпиялылықты сақтау жөніндегі талапты орынды емес деп есептесе, және егер осы тарап бұл ақпаратты жариялығысы келмесе не оны жалпы түрде немесе түйіндеме түрінде де ашып көрсеткісі келмесе, онда құзыретті органдар, егер олар ақпараттың дәйекті екендігі туралы тиісті дереккөздерден сенімді растау алмаса ғана, мұндай ақпаратқа назар алмауы мүмкін.

4-БАП
Айтарлықтай залал немесе айтарлықтай залал қаупінің анықтамасы

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      (а) отандық өндіріс саласындағы ахуалдың айтарлықтай жалпы төмендеуі «айтарлықтай залал» деп түсініледі;
      (b) 2-тармақтың ережелеріне сәйкес, айтарлықтай залалдың айқын орын алуы «айтарлықтай залал қаупі» деп түсініледі. Айтарлықтай залалдың бар екендігін немесе оның болу қаупін анықтау негізсіз пікірлерге, болжамдарға немесе оқшау мүмкіндіктерге емес, фактілерге негізделеді; және
      (с) залалдың бар екендігін немесе оның болу қаупін анықтау мақсаттары үшін мүшенің аумағында қолданылатын ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарларды өндірушілердің не ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарларды ұжымдық өндіруі осы тауарлардың жалпы отандық өндірісінің басым бөлігін құрайтын өндірушілердің жиынтығы «отандық өндіріс саласы» деп түсініледі.
      2. (а) Тергеп-тексеру барысында осы Келісімнің ережелеріне сәйкес өсіп келе жатқан импорт отандық өндіріс саласына айтарлықтай залал келтірді ме немесе келтіру қаупін төндіріп отыр ма деген мәселені шешу үшін құзыретті органдар осы саладағы жағдайға, атап айтқанда, осы тауар импортының абсолюттік немесе салыстырмалы шамалардағы өсу қарқыны мен көлеміне, ұлттық нарықтағы өсіп келе жатқан импорттың үлесіне, сатулар, өндіріс, өнімділік, қуаттылықтарды қолдану, пайда мен шығын және жұмыспен қамту деңгейлеріндегі өзгерістерге ықпал ететін, сандық мәнінде көрсетуге болатын объективті сипаттағы барлық тиісті факторларды бағалайды.
      (b) Егер тергеп-тексеру объективті деректер негізінде аталған тауардың өсіп келе жатқан импорты мен келтірілген айтарлықтай залалдың немесе айтарлықтай залал келтірілу қаупі арасындағы себепті байланысты көрсетпесе ғана, (а) тармақшасында атап өтілген шешім қабылданбайды. Өсіп келе жатқан импортты қоспағанда, басқа факторлар сол уақытта ұлттық өндіріс саласына залал келтірсе, онда мұндай залал өсіп келе жатқан импортқа тіркелмеуге тиіс.
      (с) Құзыретті органдар өте қысқа мерзімде, 3-баптың ережелеріне сәйкес, тергеп-тексерілетін жағдайдың егжей-тегжейлі талдауының нәтижелерін, сондай-ақ зерделенген факторлардың осы іске қатысы бар екендігінің дәлелдемесін жариялайды.

5-БАП
Арнайы қорғау шараларын қолдану

      1. Мүше арнайы қорғау шараларын айтарлықтай залалды болдырмау немесе жою үшін және экономикалық бейімделу процесін жеңілдету үшін қажет көлемде ғана қолданады. Егер сандық шектеу қолданылатын болса, онда мұндай шара статистикалық деректері бар соңғы алынатын үш жылдағы импорттың орташа көлемі қамтылған алдыңғы кезеңнің деңгейінен төмен деңгейге, егер айтарлықтай залалды болдырмау немесе жою үшін өзге деңгей белгілеудің қажет екендігіне айқын негіздеме болмаса ғана, импорттың көлемін қысқартпауға тиіс. Мүшелер осы мақсаттарға жету үшін неғұрлым қолайлы шараларды таңдағандары жөн.
      2. (а) Квота өнім беруші елдер арасында бөлінген жағдайларда, шектеулерді қолданатын мүше квота үлестерін бөлу мәселесі бойынша осы тауар жеткізіліміне айтарлықтай мүдделі барлық басқа да мүшелермен уағдаластыққа қол жеткізуге тырысуы мүмкін. Мұндай әдіс практикалық пайымдауларға байланысты жүзеге аспайтын жағдайларда, аталған мүше осы мүшелердің жалпы жеткізілімдері алдыңғы өкілдік кезеңінде ие болған үлестерге сәйкес санмен немесе тауар импортының құнына қарай осы тауар жеткізіліміне айтарлықтай мүдделі мүшелер арасында квотаны бөледі; бұл ретте, осы тауардың саудасына әсер ететін немесе әсер ете алатын кез келген арнайы факторлар ескеріледі.
      (b) Мүше 12-баптың 3-тармағының негізіндегі консультациялар 13-баптың 1-тармағында көзделген Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитеттің ықпалымен өткізілетін жағдайда және Комитетке (i) бірнеше мүшелерден түсетін импорттың пайызы өкілдік кезеңдегі осы тауар импортының жалпы өсуіне қатысты пропорциялы емес түрде ұлғайғандығына, (ii) (а) тармақшасының ережелерінен ауытқу себептерінің орындылығына, және (iii) мұндай ауытқу шарттары осы тауардың барлық өнім берушілері үшін тең екендігіне сенімді дәлелдер ұсынылған жағдайда (а) тармақшасының ережелерінен ауытқи алады. Кез келген мұндай шараның қолданылу ұзақтығы 7-баптың 1-тармағында көрсетілген бастапқы кезеңнен аспауға тиіс. Айтарлықтай залал келтірілу қаупі болған жағдайда, жоғарыда баяндалған ережелерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

6-БАП
Уақытша арнайы қорғау шаралары

      Кейінге қалдыру кейін жою қиынға түсетін залал келтіретін сындарлы жағдайларда, кез келген мүше өсіп келе жатқан импорт айтарлықтай залал келтіргеніне немесе келтіру қаупі бар екендігіне айқын дәлелдері болатын алдын-ала анықтауға сәйкес, кез келген мүше уақытша арнайы қорғау шарасын қабылдай алады. Уақытша шараның қолданылу мерзімі 200 күннен аспауға тиіс, бұл мерзім ішінде 2-7 және 12-баптардың тиісті талаптары сақталады. Мұндай шараларды тарифті көтеру түрінде қолданған жөн және олар, егер 4-баптың 2-тармағында көрсетілген кейінгі тергеп-тексеру өсіп келе жатқан импорттың отандық өндіріс саласына айтарлықтай залал келтіргенін немесе келтіру қаупі бар екендігін анықтамаса, дереу қайтарылуға тиіс. Кез келген мұндай уақытша шараның қолданылу ұзақтығы бастапқы кезеңнің және 7-баптың 1, 2 және 3-тармақтарында атап өтілген кез келген ұзартудың бір бөлігі ретінде есептеледі.

7-БАП
Арнайы қорғау шараларының қолданылу мерзімдері және оларды қайта қарау

      1. Кез келген мүше арнайы қорғау шараларын айтарлықтай залалды болдырмау немесе жою үшін және экономикалық бейімделу процесін жеңілдету үшін қажетті уақыт кезеңінің ішінде қолданады. Бұл кезең, егер ол 2-тармаққа сәйкес ұзартылмаса ғана, төрт жылдан аспауға тиіс.
      2. 1-тармақта атап өтілген кезең импорттаушы мүшенің құзыретті органдары 2, 3, 4 және 5-баптарда көзделген рәсімдерге сәйкес осы арнайы қорғау шарасы айтарлықтай залалды болдырмау немесе жою үшін әлі де қажет екендігін және осы өндіріс саласы экономикалық бейімделу процесінде екендігіне дәлелдер бар екендігін анықтаған жағдайда және 8 және 12-баптардың тиісті ережелері сақталған жағдайда ұзартылуы мүмкін.
      3. Кез келген уақытша шараның қолданылу кезеңін, бастапқы қолданылу және оның кез келген ұзартылу кезеңін қоса алғанда, арнайы қорғау шарасын қолданудың жалпы кезеңі сегіз жылдан аспауға тиіс.
      4. Арнайы қорғау шарасының күтілетін қолданылу мерзімі, ол туралы 12-баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес хабарланғандай, бір жылдан асатын жағдайда экономикалық бейімделу процесін жеңілдету үшін, бұл шараны қолданатын мүше тең интервалдар арқылы қолданылу кезеңінің ішінде оны біртіндеп ырықтандырады. Егер шараның қолданылу мерзімі үш жылдан асса, онда мұндай шараны қолданатын мүше шараның қолданылу мерзімінің жартысынан кешіктірмей, ахуалды қарастырады және егер ол мүмкін болса, оны тоқтатады, немесе ырықтандыру қарқынын жеделдетеді. 2-тармақтың негізінде ұзартылған шара бастапқы кезеңнің соңында болған шараға қарағанда, аса шектемелуі тиіс, және оны ырықтандыруды жалғастырған жөн.
      5. Қолданылмау кезеңі кем дегенде 2 жыл болған жағдайда, бұрын мұндай шара қолданылған кезеңге тең кезең ішінде ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен кейін қабылданған осындай шара қолданылған тауар импортына ешбір арнайы қорғау шарасы қайтадан қолданылмайды.
      6. 5-тармақтың ережелеріне қарамастан, тауар импортына, егер:
      (а) осы тауар импортына арнайы қорғау шарасы енгізілген күннен бастап кемінде бір жыл өтсе; және
      (b) аталған тауарға осы шараның енгізілген күнінің алдындағы бесжылдық кезеңде мұндай арнайы қорғау шарасы екі реттен артық қолданылмаса, қолданылу мерзімі 180 күн немесе одан аз арнайы қорғау шарасы қайтадан қолданылуы мүмкін.

8-БАП
Басқаға беру деңгейі және басқа да міндеттемелер

      1. Арнайы қорғау шарасын қолдануға немесе арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзартуға ниеттенген мүше ГАТТ 1994 бойынша өзі мен 12-баптың 3-тармағының ережелеріне сәйкес осындай шарамен қозғалған экспорттаушы мүшелер арасындағы басқаға беру мен басқа да міндеттемелердің эквивалентті деңгейін айтарлықтай мөлшерде сақтап қалуға тырысуы тиіс. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мұндай мүшелер саудаларына шараның келеңсіз әсер еткені үшін сауда өтемақысының кез келген барабар түрлеріне келісулері мүмкін.
      2. Егер 12-баптың 3-тармағында көзделген консультациялар барысында 30 күн ішінде келісімге қол жеткізілмесе, онда аталған экспорттаушы мүшелер осы шара енгізілгеннен кейін 90 күннен кешіктірмей, Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес осындай тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап 30 күн өткен соң, егер Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес мұндай тоқтата тұруға қарсылық білдірмесе, арнайы қорғау шараларына жүгінетін мүшенің саудасына ГАТТ 1994 бойынша эквивалентті басқаға беру мен басқа да міндеттемелерді айтарлықтай көлемде қолдануды тоқтата тұруы мүмкін.
      3. Осы арнайы қорғау шарасы импорттың абсолютті өсуі нәтижесінде қабылданып, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келетін жағдайда, 2-тармақта атап өтілген арнайы қорғау шарасын қолдануды тоқтата тұру құқығы алғашқы үш жылда қолданылмауға тиіс.

9-БАП
Дамушы мүше елдер

      1. Егер кемінде үш пайыздық үлесі бар дамушы мүше елдердің жиынтық үлесі осы тауар импортының жалпы көлемінің тоғыз пайызынан аспаған жағдайда2, қандай да бір импорттаушы мүшенің осы тауар импортындағы үлесі үш пайыздан аспайынша, дамушы мүше елден шығатын тауарға қарсы арнайы қорғау шаралары қолданылмайды.
      2. Дамушы мүше ел арнайы қорғау шарасының қолданылу кезеңін
7-баптың 3-тармағында көзделген ең ұзақ кезеңнен де артық екі жылға дейін ұзартуға құқылы. 7-баптың 5-тармағының ережелеріне қарамастан, дамушы мүше ел мұндай шара бұрын қолданылған мерзімнің жартысына тең кезең өткеннен соң, бұл қолданылу кезеңі 2 жылдан кем болмаған жағдайда, ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен кейін мұндай шара қолданылған тауар импортына қатысты арнайы қорғау шарасын қайта қолдана алады.
________________________
2 Мүше 9-баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған іс-қимылдар туралы хабарламаны дереу Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитетке жібереді.

10-БАП
ГАТТ 1947 ХІХ бабы бойынша бұрын болған шаралар

      Мүшелер арнайы қорғау шаралары алғаш рет қолданылған күннен кейін 8 жылдан кешіктірілмей не ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап бес жылдан кейін, қай мерзімнің кеш басталуына байланысты, ГАТТ 1947 ХІХ бабына сәйкес қабылданған ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге сақталған барлық арнайы қорғау шараларын қолдануды тоқтатады.

11-БАП
Кейбір шараларға тыйым салу және жою

      1. (а) Мүшелер, ГАТТ 1994 XIX бабында баяндалғандай, нақты тауарлар импортына қатысты ешқандай төтенше шараларды, егер мұндай іс-қимылдар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес қолданылатын осы баптың ережелеріне сәйкес келмесе ғана, қабылдамайды немесе қабылдауға тырыспайды.
      (b) Бұдан басқа, мүше, ешқандай экспортты ерікті түрде шектеулерді, нарықтарды реттеу жөніндегі келісімдерді немесе экспорт пен импортқа қолданылатын кез келген осыған ұқсас басқа да шараларды қабылдауға тырыспайды, қабылдамайды және сақтамайды3,4. Бұл бір мүшенің жасайтын іс-қимылына, сол сияқты екі немесе бірнеше мүше қатысатын келісімдер мен уағдаластықтар бойынша іс-қимылдарға да қатысты. 2-тармаққа сәйкес ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге қолданыста болған кез келген мұндай шара осы Келісіммен сәйкестікке келтіріледі немесе алып тасталады.
      (с) Осы Келісім, мүше ГАТТ 1994 ережелеріне сәйкес XIX баптың ережесінен басқаларына және 1А қосымшада қамтылған Көп жақты сауда келісімдерінің ережелеріне сәйкес осы Келісімнің ережелерінен басқаларына немесе ГАТТ 1994 шеңберінде жасалған хаттамалар мен келісімдерге немесе уағдаластықтарға сәйкес қолдануға тырысқан, сондай-ақ қолданып жүрген немесе сақтап отырған шараларға қолданылмайды.
      2. 1 (b) тармағында атап өтілген шараларды алып тастауды тиісті мүшелер ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап 180 күннен кешіктірмей, Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитетке ұсынылатын кестелерге сәйкес жүзеге асырады. Бұл кестелер 1-тармақта атап өтілген, ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен кейін төрт жылдан аспайтын кезеңде алып тасталуға тиіс немесе осы Келісіммен сәйкестендірілуге тиіс барлық шараларды қамтиды. Бұл ретте әрбір импорттаушы мүше5 қолданылу мерзімі 1999 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей аяқталатын, нақты бір ғана шараны сақтай алады. Кез келген мұндай ерекшелік тікелей мүдделі мүшелермен өзара келісілуге тиіс және ол туралы хабарлама Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитетке ДСҰ туралы келісім күшіне енгеннен кейін 90 күннің ішінде қарауға және мақұлдануға жіберілуге тиіс. Осы ерекшелікке жатады деп келісілген шара осы Келісімнің қосымшасында келтірілген.
      3. Мүшелер мемлекеттік және жекеше кәсіпорындардың 1-тармақта атап өтілгендерге баламалы үкіметтік емес шараларды қолдануын немесе сақтауын көтермелемейді және қолдамайды.
___________________
3 ГАТТ 1994 ережелеріне және осы Келісімге сәйкес арнайы қорғау шарасы ретінде қолданылатын импорттық квотаны пайдалану, екі жақты келісіммен, ДСҰ-ның экспорттаушы мүшесі арқылы әкімшілендірілуі мүмкін.
4 Осыған ұқсас шаралар мысалдары экспортты тежеуді, экспорттық немесе импорттық бағаларға қатысты мониторингілеу жүйелерін, экспортты немесе импортты бақылауды, мәжбүрлі импорттық картельдерді және іріктелген экспорттық немесе импорттық лицензиялау жүйелерін қамтиды, олардың (шаралардың) әрқайсысы қорғауды қамтамасыз етеді.
5 Еуропалық Қоғамдастықтарға пайдалы жалғыз мұндай ерекшелік осы Келісімнің Қосымшасында келтірілген.

12-БАП
Хабардар ету және консультациялар

      1. Мүше Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитетті:
      (а) айтарлықтай залалға немесе осындай залал төну қаупіне байланысты тергеп-тексеру процесінің басталғаны және осындай тергеп-тексерудің себептері туралы;
      (b) өсіп келе жатқан импортқа байланысты айтарлықтай залалды немесе осындай залал төну қаупін анықтағаны туралы; және
      (с) арнайы қорғау шарасын қолдану немесе қолдану мерзімін ұзарту жөнінде шешім қабылданғаны туралы дереу хабардар етеді.
      2. 1 (b) және 1 (с) тармақтарында атап өтілген хабарламаларды жібере отырып, арнайы қорғау шарасын қолдануды немесе қолдану мерзімін ұзартуды ұсынған мүше Арнайы қорғау шарасы жөніндегі комитетке өсіп келе жатқан импортқа байланысты айтарлықтай залалдың немесе осындай залал төну қаупінің дәлелдерін, осындай тауардың және көзделіп отырған шараның нақты сипаттамасын, оның белгіленген енгізілу күнін, шамамен алынған қолданылу мерзімі мен кезең-кезеңмен ырықтандыру кестесін қоса алғанда, іске қатысы бар бүкіл ақпаратты ұсынады. Шараның қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, қозғалған өндіріс саласы экономикалық бейімделу процесінде екендігіне дәлелдерді де ұсынуы қажет. Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес немесе Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитет шараны енгізуді немесе қолданылу мерзімін ұзартуды ұсынып отырған мүшеден олар қажет деп санаған осындай қосымша ақпаратты сұрата алады.
      3. Шараны қолдануды немесе қолданылу мерзімін ұзартуды ұсынып отырған мүше алдымен осы тауардың экспорттаушылары ретінде айтарлықтай мүдделі мүшелермен, inter alia, 2-тармаққа сәйкес ұсынылған ақпаратты қарау, шара туралы пікір алмасу және 8-баптың 1-тармағында баяндалған мақсаттың іске асырылу жолдары туралы уағдаластыққа қол жеткізу мақсатында консультациялар жүргізу үшін барабар мүмкіндік ұсынады.
      4. Мүше Арнайы қорғау шаралары жөніндегі кеңеске хабарламаны 6-бапта атап өтілген уақытша арнайы қорғау шарасы қабылданғанға дейін жібереді. Консультациялар шара қабылданғаннан кейін дереу басталады.
      5. Бұған қатысы бар мүшелер осы бапта атап өтілген консультациялардың нәтижелері туралы, сондай-ақ 7-баптың 4-тармағына сәйкес шараның қолданылу мерзімінің ортасындағы қарау нәтижелері туралы, 8-баптың 1-тармағында аталған өтемақының кез келген түрі және басқаға берулердің межеленген тоқтата тұрылуы және 8-баптың 2-тармағында аталған басқа да міндеттемелер туралы Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске дереу хабарлайды.
      6. Мүшелер арнайы қорғау шараларына қатысты өздерінің заңдары, нормативтік актілері мен әкімшілік рәсімдері, сондай-ақ оларға енгізілген кез келген өзгерістер туралы Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитетті дереу хабардар етеді.
      7. 10-бапта және 11-баптың 1-тармағында сипатталған, ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге қолданылып жүрген шараларды сақтаған мүшелер, ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен кейін 60 күннен кешіктірмей, осындай шаралар туралы Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитетті хабардар етеді.
      8. Кез келген мүше барлық заңдар, нормативтік актілер мен әкімшілік рәсімдер және осы Келісімге сәйкес осындай хабарламалар жіберуге тиіс басқа мүшелер хабардар етпеген, осы Келісімде көрсетілген кез келген шаралар немесе іс-қимылдар туралы Арнайы қорғау шарасы жөніндегі комитетті хабардар ете алады.
      9. Кез келген мүше 11-баптың 3-тармағында атап өтілген кез келген үкіметтік емес шаралар туралы Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитетті хабардар ете алады.
      10. Осы Келісімде аталған барлық хабарламалар, әдетте, Тауарлар саудасын жасау жөніндегі кеңеске Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитет арқылы жіберіледі.
      11. Осы Келісімнің хабардар ету туралы ережелері қандай да бір мүшеден құпия ақпаратты ашуды, егер ол заңдарды қолдануға кедергі келтірсе немесе қоғамдық мүдделерге өзгеше түрде қайшы келтірсе немесе нақты мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне залал келтіретін болса, талап етпейді.

13-БАП
Бақылау

      1. Арнайы қорғау шаралары жөніндегі комитет Тауарлар саудасы жөніндегі кеңестің басшылығымен құрылады; ол осында жұмыс істеуге ниет білдірген кез келген мүшенің қатысуы үшін ашылған. Мыналар:
      (а) осы Келісімнің жалпы орындалуын бақылау және Тауарлар саудасы жөніндегі кеңестің алдында оның орындалу барысы туралы жыл сайын есеп беру және келісімді жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау;
      (b) кері әсер алған мүшенің сұрауы бойынша, арнайы қорғау шарасына қатысты осы Келісім рәсімі қағидаларының орындалатынын немесе орындалмайтынын тексеру және Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске өз қорытындылары туралы баяндама ұсыну;
      (с) мүшелердің өтініші бойынша, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес, олардың консультациялар жүргізуіне жәрдемдесу;
      (d) 10-бапта және 11-баптың 1-тармағында көрсетілген шараларды зерделеу; осындай шаралардың алып тасталуын бақылау және бұл жөнінде Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске белгіленген тәртіппен баяндаманы ұсыну;
      (е) арнайы қорғау шарасын енгізетін мүшенің сұрауы бойынша, басқаға берулерді немесе басқа да міндеттемелерді тоқтата тұру туралы ұсыныстар айтарлықтай шамада эквивалентті бола алатыны жөніндегі мәселені қарау және бұл жөнінде Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске белгіленген тәртіппен баяндаманы ұсыну;
      (f) осы Келісімде көзделген барлық хабарламаларды алу, қарау және Тауарлармен сауда жасау жөніндегі кеңеске белгіленген тәртіппен баяндаманы ұсыну; және
      (g) Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес айқындай алатын, осы Келісіммен байланысты, кез келген басқа да функцияларды орындау, функцияларын жүзеге асыру Комитетке жүктеледі.
      2. Комитетке бақылау функциясын орындауға жәрдем көрсету үшін, Хатшылық жыл сайын өз құзыретіндегі хабарламалар мен басқа да сенімді ақпараттар базасында осы Келісімнің жұмыс істеп жатқаны туралы фактілерге негізделген баяндаманы дайындайды.

14-БАП
Дауларды реттеу

ГАТТ 1994 ХХІІ және ХХІІІ баптарының ережелері, Дауларды шешу жөніндегі уағдаластыққа сәйкес әзірленгендей және қолданылатындай, консультацияларға және осы Келісімнен туындайтын дауларды реттеуге қолданылады.

ҚОСЫМША
11-БАПТЫҢ 2-ТАРМАҒЫНДА АТАП ӨТІЛГЕН ЕРЕКШЕЛІК

Мүдделі Мүшелер

Тауарлар

Қолданылу мерзімінің аяқталуы

ЕО/Жапония

Жеңіл автомобильдер, жүрдек көліктер, жеңіл фургондар, жеңіл жүк көліктері (5 тоннаға дейін) және осы автомобильдер толығымен бөлшектелген түрінде («CKD» жиынтықтары)

31 желтоқсан 1999 ж.

1В ҚОСЫМШАСЫ: КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САУДАСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАС КЕЛІСІМ

      Мүшелер,
      Әлемдік экономиканың өсуі мен дамуы үшін көрсетілетін қызметтер саудасының өсіп келе жатқан маңызын мойындай отырып;
      Транспаренттілік пен біртіндеп ырықтандыру жағдайларында көрсетілетін қызметтер саудасын кеңейту мақсатында және барлық сауда әріптестерінің экономикалық өсуіне жәрдемдесу және дамушы елдерді дамыту құралы ретінде мұндай сауда үшін қағидаттар мен қағидалардың көпжақты жүйесін құруға ниет білдіре отырып;
      Өзара пайда және құқықтар мен міндеттемелердің ортақ теңгерімін қамтамасыз ету негізінде, бұл ретте ұлттық саясаттың мақсаттарына тиісті көңіл бөле отырып, барлық қатысушылардың мүдделерін ілгерілетуге бағытталған көпжақты келіссөздердің дәйекті раундтарын өткізу арқылы көрсетілетін қызметтер саудасын ырықтандыру деңгейін арттыру үшін прогреске тезірек қол жеткізуге ұмтыла отырып;
      Ұлттық саясат мақсаттарына қол жеткізу үшін және әртүрлі елдерде көрсетілетін қызметтерді реттеудің даму дәрежесіне қатысты қазіргі асимметрияны, осы құқықты іске асыруда дамушы елдердің ерекше қажеттілігін ескере отырып, мүшелердің өз аумақтарында көрсетілетін қызметтердің жеткізілуін реттеу және жаңа реттеуді енгізу құқығын мойындай отырып;
      Көрсетілетін қызметтер саудасына, оның ішінде дамушы елдердің экспортты кеңейту үшін өзгелердің арасында олардың ұлттық көрсетілетін қызметтер саласының әлеуетін күшейту және оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы олардың өсіп келе жатқан қатысуын жеңілдетуге ұмтыла отырып;
      Даму, сауда және қаржы саласында дамуы аса төмен елдердің ерекше экономикалық жағдайы мен қажеттіліктері аясында олардың үлкен қиындықтарын ерекше назарға ала отырып;
      Осы Келісіммен мыналар туралы уағдаласады:

I БӨЛІК
ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР I-БАП
Қолданылу аясы және анықтамалар

      1. Осы Келісім көрсетілетін қызметтер саудасын қозғайтын мүшелердің шараларына қолданылады.
      2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін көрсетілетін қызметтер саудасы көрсетілетін қызметтерді:
      (a) бір мүшенің аумағынан кез келген басқа мүшенің аумағына;
      (b) бір мүшенің аумағында кез келген басқа мүшенің көрсетілетін қызметтерді тұтынушысына;
      (c) кез келген басқа мүшенің аумағында коммерциялық болу арқылы бір мүшенің көрсетілетін қызметтерді тұтынушысының;
      (d) кез келген басқа мүшенің аумағында мүшенің жеке тұлғаларының болуы арқылы бір мүшенің көрсетілетін қызметтерді тұтынушысының жеткізуі ретінде түсініледі.
      3. Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      (а) «мүшелердің шаралары»
      (i) орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтер мен биліктер; және
      (ii) орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтер немесе биліктер өкілеттік берген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде үкіметтік емес органдар қабылдаған шараларды білдіреді;
      Осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындаған кезде әрбір мүше өз билігінде болуы мүмкін, өңірлік және жергілікті үкіметтер мен биліктердің және оның аумағындағы үкіметтік емес органдардың сақтауын қамтамасыз ету үшін осындай ақылға сыйымды шаралар қабылдайды;
      (b) «көрсетілетін қызметтер» кез келген сектордағы, үкіметтік биліктің функцияларын жүзеге асырған кезде жеткізілетін қызметтерді қоспағанда, кез келген көрсетілетін қызметті қамтиды;
      (с) «үкіметтік биліктің функцияларын жүзеге асырған кезде жеткізілетін қызмет» коммерциялық емес негізде және бір немесе бірнеше көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар бәсекелессіз жағдайларда жеткізетін кез келген көрсетілетін қызметті білдіреді.

II БӨЛІК
ОРТАҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН ҚАҒИДАЛАР II-БАП
Барынша қолайлы жағдай жасау режимi

      1. Осы Келісімде қамтылған кез келген шараға қатысты әрбір Мүше ұқсас қызметтер немесе кез келген басқа елдегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер үшін өзі ұсынатын режимге қарағанда, қолайлылығы кем түспейтін режимді кез келген басқа мүшенің көрсететін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілеріне дереу және сөзсіз ұсынады.
      2. Мүше алып қоюлар тізбесіне осындай шара енгізіліп, II баптың Алып қоюлар жөніндегі қосымшасының талаптарына сай келген жағдайда, 1-тармаққа сәйкес келмейтін шараны сақтай алады.
      3. Осы Келісімнің ережелері осындай аумақтар шеңберінде өндірілетін және тұтынылатын қызметтер алмасудың шекара маңындағы аумақтары шегінде жеңілдету мақсатында кез келген мүшенің шектес елдерге қатысты артықшылықтарды беруіне немесе ұсынуына кедергі келтіретін ереже ретінде түсіндірілуі мүмкін емес.

III-БАП
Транспаренттілік

      1. Әрбір мүше кейінге қалдырмай және төтенше міндеттемелерді қоспағанда, олардың күшіне ену уақытынан бастап ең кеш мерзімде осы Келісімнің жұмыс істеуіне қатысы бар немесе оны қозғайтын барлық тиісті жалпы қолданылатын шараларды жариялайды. Сонымен қатар мүше қол қойған тарапы болып табылатын, көрсетілетін қызметтер саудасына қатысы бар немесе оны қозғайтын халықаралық келісімдері де жарияланады.
      2. 1-тармақта атап өтілген жарияланым іс жүзінде жүзеге асырылмайтын жерде ақпарат жалпы назарға өзгеше түрде жеткізіледі.
      3. Әрбір мүше кейінге қалдырмай немесе кемінде жылына бір рет осы Келісім бойынша қабылданған мүшенің ерекше міндеттемелерімен қамтылатын көрсетілетін қызметтер саудасын айтарлықтай қозғайтын жаңа заңдардың қабылданғаны немесе қазіргі заңдардағы, нормативтік актілердегі немесе әкімшілік өкімдердегі қандай да бір өзгерістер жөнінде Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңесті хабардар етеді.
      4. Әрбір мүше жалпы қолданылатын кез келген шараларға немесе халықаралық келісімдерге қатысы бар нақты ақпаратқа қатысты 1-тармақтағы мағынасында кез келген басқа мүшенің барлық сұрауларына кейінге қалдырмай жауап береді. Әрбір мүше сонымен қатар, басқа мүшелердің сұрауларына барлық осындай мәселелер бойынша, сондай-ақ 3-тармаққа сәйкес хабардар етуге жататын мәселелер бойынша нақты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін бір немесе бірнеше ақпараттық пункттер құрады. Мұндай ақпараттық пункттер ДСҰ-ны құратын Келісім күшіне енген күннен бастап (бұдан әрі осы Келісімде - «ДСҰ туралы келісім») екі жыл ішінде құрылады. Жекелеген дамушы мүше елдер үшін ақпараттық пункттерді құру мерзімдеріне қатысты белгілі бір икемділік келісілуі мүмкін. Ақпараттық пункттер заңдар мен нормативтік актілердің депозитарийлері болуға міндетті емес.
      5. Әрбір мүше басқа мүше қабылдаған, оның пікірі бойынша осы Келісімнің жұмыс істеуін қозғайтын кез келген шара жөнінде Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңесті хабардар ете алады.

III-БИС БАБЫ
Құпия ақпаратты ашу

      Осы Келісімде ешнәрсе қандай да бір мүшеден ашылуы заңды қолдануға кедергі келтіретін немесе өзгеше түрде қоғамдық мүдделерге қайшы келетін немесе жекелеген мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне залал келтіретін құпия ақпаратты ұсынуды талап етпейді.

IV-БАП
Дамушы елдердің қатысуының өсуі

      1. Дамушы мүше елдердің халықаралық саудаға қатысуының өсуі:
      (а) олардың көрсетілетін қызметтер саласының ұлттық әлеуетін күшейтуге, өзгелердің арасында, коммерциялық шарттармен технологияға қол жеткізу арқылы оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
      (b) олардың тарату арналарына және ақпараттық желілерге қолжетімділігін жақсартуға; және
      (с) секторларда нарыққа қол жеткізуді ырықтандыруға және экспорт тұрғысынан өздері үшін маңызды болып табылатын жеткізу тәсілдеріне қатысты осы Келісімнің III және IV бөліктеріне сәйкес келіссөздер нәтижесінде әртүрлі мүшелер қабылдаған ерекше міндеттемелер арқылы жеңілдейді.
      2. Дамушы мүше елдер мен мүмкіндігінше басқа да мүшелер:
      (а) көрсетілетін қызметтерді жеткізудің коммерциялық және техникалық аспектілеріне;
      (в) кәсіби біліктілікті тіркеуге, тануға және алуға; және
      (с) көрсетілетін қызметтер саласында технологиялардың қолжетімділігіне қатысты дамушы мүше елдердегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің тиісті нарықтарға қатысы бар ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдету үшін ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде арнайы байланыс пункттерін құрады.
      3. 1 және 2-тармақтардың орындалуына қатысты дамуы аса төмен мүше елдерге ерекше басымдық беріледі. Дамуы аса төмен елдердің келіссөздер барысында өздеріне ерекше міндеттемелер қабылдаулары кезіндегі айтарлықтай қиындықтарына, олардың ерекше экономикалық жағдайы мен даму, сауда мен қаржы саласындағы қажеттіліктері ескеріле отырып, ерекше назар аударылады.

V-БАП
Экономикалық интеграция

      1. Осы Келісім, егер мұндай келісім:
      (а) секторлардың1 елеулі санын қамтыған және
      (b) кемсітушілікке жол бермеген немесе:
      (i) қазіргі кемсітушілік шараларын жою және/немесе
      (ii) жаңа немесе аса кемсітушілік шараларына жол бермеу арқылы (а) тармақшасымен қамтылған секторларда тараптар мен олардың арасындағы XVII баптың мағынасында кез келген кемсітушілікті айтарлықтай шамада жойған жағдайларда,
      немесе XI, XII, XIV және XIV бис баптарына сәйкес рұқсат берілген шараларды қоспағанда, мұндай келісім күшіне енген немесе оңтайлы уақыт кезеңі ішінде тараптар арасындағы немесе мұндай келісімнің тараптары арасында көрсетілетін қызметтер саудасын ырықтандыруға бағытталған қандай да бір келісімге қатысуға немесе жасасуда оның мүшелерінің ешқайсысына кедергі келтірмейді.
      2. 1(b) тармағында айтылған талаптардың сақталатынын бағалау кезінде қозғалған елдер арасында экономикалық интеграцияның немесе сауданы ырықтандырудың неғұрлым кең процесіндегі келісімнің рөліне көңіл бөлінуі мүмкін.
      3. (а) Егер 1-тармақта атап өтілген типтегі келісімдердің тараптары дамушы елдер болса, қатысушы елдердің тұтастай алғанда, сол сияқты жекелеген секторлар мен кіші секторлардағы даму деңгейіне сәйкес 1-тармақта белгіленген, әсіресе оның (b) тармақшасында атап өтілген шарттарға қатысты икемділік қамтамасыз етіледі.
      (b) 6-тармаққа қарамастан, дамушы елдерді ғана қамтитын 1-тармақта атап өтілген типтегі келісім жағдайында осындай келісім тараптарының жеке тұлғаларына немесе олар бақылайтын заңды тұлғаларға барынша қолайлы режим ұсынылуы мүмкін.
      4. Келісімге қатысушылар арасындағы сауданы жеңілдету 1-тармақта атап өтілген кез келген келісім жасасудың мақсаты болып табылады; бұл жеңілдету ұқсас келісім жасалғанға дейін қолданылған деңгеймен салыстырғанда, осы келісімге қатыспайтын кез келген мүшеге қатысты белгілі бір секторларда немесе кіші секторларда көрсетілетін қызметтер саудасындағы кедергілердің жалпы деңгейінің ұлғаюына әкеп соқпауы тиіс.
      5. 1-тармақта атап өтілген кез келген келісімді жасасу, оны кеңейту немесе оны кез келген айтарлықтай өзгерту жағдайында мүше өзінің Міндеттемелер тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қандай да бір ерекше міндеттемені кері қайтарып алуға немесе өзгертуге ниеттенетін болса, онда ол алдын ала, ең аз дегенде, 90 күн бұрын осындай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы алдын ала хабарлама жібереді және бұл жағдайда XXI баптың 2, 3 және 4-тармақтарында жазылған рәсім қолданылады.
      6. 1-тармақта атап өтілген келісім тарапының заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлға болып табылатын кез келген басқа мүшенің көрсетілетін қызметтерді жеткізушісінің, ол осы келісім тарапының аумағында маңызды іскерлік операцияларды жүзеге асырған жағдайда, осындай келісімге сәйкес ұсынылатын режимді пайдалануға құқығы бар.
      7. (а) 1-тармақта атап өтілген кез келген келісімнің тараптары болып табылатын мүшелер мұндай келісім туралы, сондай-ақ мұндай келісімді кеңейту немесе айтарлықтай өзгерту жөнінде Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңесті кейінге қалдырмай хабардар етеді. Олар сондай-ақ Кеңес сұратуы мүмкін осындай тиісті ақпараттың Кеңес үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Кеңес мұндай келісімді немесе оны кеңейтуді немесе өзгертуді қарайтын және оның осы бапқа сәйкестігі жөнінде Кеңеске баяндайтын жұмыс тобын құра алады.
      (b) 1-тармақта атап өтілген, уақытша кестенің негізінде іске асырылатын кез келген келісімнің тараптары болып табылатын мүшелер Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңеске келісімнің іске асырылу барысы туралы кезең-кезеңмен баяндап отырады. Егер Кеңес осындай жұмыс тобын қажет деп есептесе, ол осындай баяндамаларды зерделеу үшін жұмыс тобын құра алады.
      (с) (а) және (b) тармақшаларында атап өтілген жұмыс топтарының баяндамаларын негізге ала отырып, Кеңес келісімдердің тараптарына, егер ол мұны қажет деп есептесе, ұсынымдар бере алады.
      8. 1-тармақта атап өтілген кез келген келісімге қатысушы болып табылатын мүше басқа мүшеде осындай келісімнен туындауы мүмкін саудадағы пайдаларына байланысты өтемақы мәселесін қоя алмайды.
_______________________
1 Бұл шарт секторлардың санын, қозғалған сауда көлемін және жеткізу тәсілдерін қамтуды білдіреді. Осы шартқа сәйкес келу мақсатында келісімдер алдын ала қандай да бір жеткізу тәсілін алып тастамауы тиіс.

V-БИС БАБЫ
Жұмыс күші нарықтарының интеграциясы туралы келісім

      Мұндай келісім:
      (а) келісім тараптарының азаматтарын тұратын жері мен жұмысқа рұқсат алуларына қатысты талаптардан босатқан;
      (b) ол туралы хабарлама Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңеске жіберілген жағдайларда, осы Келісім өз мүшелерінің кез келгеніне тараптар арасындағы немесе осындай келісім тараптары арасындағы жұмыс күші нарықтарының толық интеграциясын2 қалыптастыратын тарап болуына кедергі келтірмейді.
_______________________
2 Әдетте мұндай интеграция интеграцияға қатысушы азаматтарға қатысушылардың жұмыспен қамту нарығына еркін қол жеткізу құқығын қамтамасыз етеді және төлем шарттарына, жұмыспен қамтудың басқа да шарттарына және әлеуметтік пайдаларға қатысты шараларды қамтиды.

VI-БАП
Ішкі реттеу

      1. Ерекше міндеттемелер қабылданған секторларда әрбір мүше көрсетілетін қызметтер саудасын қозғайтын жалпы қолданылатын барлық шаралар орынды, объективті және мүлтіксіз түрде қолданылуын қамтамасыз етеді.
      2. (а) Әрбір мүше мүдделері қозғалған көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің сұрауы бойынша сот, төрелік немесе әкімшілік органдарды немесе рәсімдерді сақтайды немесе іс жүзіндегі мүмкіндікке қарай тезірек құрады, кейінге қалдырмай қаралуын және бұл негізделген жағдайда көрсетілетін қызметтер саудасын қозғайтын әкімшілік шешімдердің тиісінше түзетілуін қамтамасыз етеді. Көрсетілген рәсімдер мұндай әкімшілік шешімдерді қабылдауға уәкілетті органға тәуелсіз болып табылмайтын жағдайларда, мүше рәсімдердің шын мәнінде объективті әрі мүлтіксіз қаралуын қамтамасыз ету үшін қамтамасыз етеді.
      (b) (а) тармақшасының ережелері осындай органдар немесе рәсімдер құру бойынша мүшеге қойылатын талаптар ретінде түсіндірілмейді, өйткені оның конституциялық тәртібімен немесе оның сот жүйесінің болмысымен үйлеспейді.
      3. Көрсетілетін қызметке қатысты ерекше міндеттеме қабылданған осы көрсетілетін қызметті жеткізуге рұқсат талап етілетін жағдайда, мүшенің құзыретті органдары ұлттық заңнама мен қағидаларға сәйкес ресімделген болып есептелген өтінім ұсынылғаннан кейін ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде өтінішке қатысты шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Өтініш берушінің сұрауы бойынша мүшенің құзыретті органдары артық кідірітпей өтінімге қатысты істердің жай-күйі туралы ақпарат береді.
      4. Біліктілік талаптарына және рәсімдерге, техникалық стандарттар мен лицензиялау талаптарына қатысы бар шаралардың көрсетілетін қызметтер саудасында орынсыз кедергілер жасамауын қамтамасыз ету үшін Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес өзі құра алатын тиісті органдар арқылы кез келген қажетті қағидаларды әзірлейді. Өзгелердің арасында осындай талаптардың:
      (а) құзыреттілік пен көрсетілетін қызметтерді жеткізу қабілеті сияқты объективті және жария түрдегі критерийлерге негізделуін;
      (b) көрсетілетін қызметтің сапасын қамтамасыз ету қажеттігіне қарағанда, ауыртпалығының айтарлықтай болмауын;
      (с) лицензиялау рәсімдерінің жағдайында - көрсетілетін қызметті жеткізуге өздігінен шектеу болмауын қамтамасыз ету осы қағидалардың мақсаты болып табылады.
      5. (а) 4-тармаққа сәйкес осы секторлар үшін әзірленген қағидалар күшіне енгенге дейін мүше ерекше міндеттемелер қабылдаған секторларда мүшелер:
      (i) 4 (а), (b) немесе (с) тармақшаларында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейтін; және
      (ii) бұл секторларда ерекше міндеттемелер қабылданған уақытта осы мүшенің тарапынан ақылға қонымды түрде күтілмейтін тәсілмен осындай ерекше міндеттемелерді жоятын немесе бәсеңдететін лицензиялық немесе біліктілік талаптары мен техникалық стандарттарды қолданбайтын болады.
      (b) 5(а) тармағы бойынша мүшенің міндеттемелерді орындауын айқындау үшін олар қолданатын тиісті халықаралық ұйымдардың3 халықаралық стандарттарына көңіл бөлінеді.
      6. Кәсіби көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше міндеттемелер қабылданған секторларда әрбір мүше кез келген басқа мүшенің кәсіпқойларының құзыреттілігін тексеру үшін барабар рәсімдерді қамтамасыз етеді.
_____________________
3 «Тиісті халықаралық ұйымдар» деген сөз тіркесі мүшелілігі тиісті органдар үшін, ең болмағанда, ДСҰ барлық мүшелері үшін ашық халықаралық органдарға жатады.

VII-БАП
Тану

      1. Көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге рұқсат беруге, лицензиялауға немесе сертификаттауға қатысты және 3-тармақтың талаптарын ескере отырып, өз стандарттарын немесе критерийлерін толық немесе ішінара орындау мақсатында мүше жеткізушінің алынған білімін немесе жинақталған тәжірибесін, орындалған талаптарды, сондай-ақ белгілі бір елде берілген лицензияларды немесе сертификаттарды тани алады. Үндестіру арқылы немесе өзгеше түрде қол жеткізілуі мүмкін мұндай тану тиісті елмен келісімге немесе уағдаластыққа негізделуі мүмкін немесе біржақты тәртіппен ұсынылуы мүмкін.
      2. 1-тармақта атап өтілген типтегі қазіргі немесе болашақтағы келісімнің немесе уағдаластықтың тарапы болып табылатын мүше басқа мүдделі мүшелерге олардың осындай келісімге немесе уағдаластыққа қосылуы туралы келіссөздер жүргізуге немесе тиісті келісімдер немесе уағдаластықтар жасасу туралы келіссөздер жүргізуге тиісті мүмкіндіктер ұсынады. Егер мүше тануды біржақты тәртіппен жүзеге асырса, онда ол кез келген басқа мүшеге оның аумағында алынған білім, тәжірибе, лицензиялар немесе куәліктер немесе орындалған талаптар танылуға тиіс екенін көрсететін тиісті мүмкіндік ұсынады.
      3. Мүше тануды көрсетілетін қызметтердің жеткізушілеріне рұқсаттамалар беру, оларды лицензиялау немесе сертификаттау үшін оның стандарттарын немесе критерийлерін қолдануда елдер арасында кемсітушілік құралы немесе көрсетілетін қызметтер саудасындағы жасырын шектеу болатындай етіп жүзеге асырмауға тиіс.
      4. Әрбір мүше:
      (а) ол үшін ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап 12 айдың ішінде өзінің тану жөніндегі қазіргі шаралары жөнінде Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңесті хабардар етеді және осындай шаралар 1-тармақта атап өтілген типтегі келісімдерге немесе уағдаластықтарға негізделетіні туралы мәлімдейді;
      (b) кез келген басқа мүшеге олардың елеулі сатыға көтерілуіне дейін осындай келіссөздерге қатысуына қатысты өз мүддесін білдіруге тиісті мүмкіндік беру үшін 1-тармақта атап өтілген типтегі келісім немесе уағдаластық бойынша келіссөздердің басталатыны туралы Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңесті кейінге қалдырмай және мүмкіндігінше алдын ала хабардар етеді;
      (с) тану саласында жаңа шаралар қабылданған немесе олар айтарлықтай өзгерген кезде кейінге қалдырмай Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңесті хабардар етеді және 1-тармақта атап өтілген типтегі келісімдер немесе уағдаластықтарға негізделгендігін хабарлайды.
      5. Мүмкіндігінше, тану көпжақты деңгейде келісілген критерийлерге негізделуге тиіс. Тиісті жағдайларда, мүшелер тануға арналған жалпы халықаралық стандарттар мен критерийлерді және көрсетілетін қызметтер саласындағы тиісті сабақтар мен кәсіби қызметке арналған жалпы халықаралық стандарттарды әзірлеу және қабылдау үшін тиісті үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтаса еңбек етеді.

VIII-БАП
Монополиялар мен көрсетілетін қызметтердің айрықша жеткізушілері

      1. Әрбір мүше тиісті нарықта көрсетілетін қызметті монополиялық түрде жеткізген кезде оның аумағында көрсетілетін қызметтердің кез келген монополиялық жеткізушісінің II бап пен оның ерекше міндеттемелері бойынша осы мүшенің міндеттемелеріне сәйкес келмейтін түрде әрекет етпеуін қамтамасыз етеді.
      2. Егер мүшенің монополиялық жеткізушісі өзінің монополиялық құқықтарының саласынан тыс көрсетілетін қызметті жеткізген кезде тікелей немесе аффилиирленген компания арқылы бәсекелессе және егер бұл көрсетілетін қызмет осы мүшенің ерекше міндеттемелерінің нысанасы болып табылса, онда мүше осындай жеткізушінің оның аумағында осындай міндеттемелерге сәйкес келмейтін түрде әрекет ете отырып, өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланбауын қамтамасыз етеді.
      3. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес кез келген басқа мүшенің көрсетілетін қызметті монополиялық жеткізушісі 1 және 2-тармақтарға сәйкес келмейтін түрде әрекет етті деп пайымдауына негіздемесі бар кез келген мүшенің сұрауы бойынша осындай жеткізушіні құратын, сақтайтын немесе уәкілеттік беретін мүшеден тиісті операцияларға қатысты нақты ақпарат ұсынуын өтінуі мүмкін.
      4. Егер ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен кейін мүше өзінің ерекше міндеттемелерімен қамтылған көрсетілетін қызметтерді жеткізуге қатысты монополиялық құқықтар берсе, онда монополиялық құқықтар беру жоспарланған түрде жүзеге асырылғанға дейін үш айдан кешіктірмей аталған мүше бұл жөнінде Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңесті хабардар етеді және бұл ретте XXI баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері қолданылады.
      5. Осы баптың ережелері, егер мүше формалды түрде немесе іс жүзінде (a) көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің аз санына уәкілеттік беретін немесе тағайындайтын болса және (b) өз аумағындағы осындай жеткізушілер арасындағы бәсекені айтарлықтай шектейтін болса, көрсетілетін қызметтердің айрықша жеткізушілеріне қолданылады.

IX-БАП
Іскерлік тәжібире

      1. Мүшелер көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің іскерлік тәжірибесінің, VIII бапқа жататыннан өзгеше, белгілі бір түрлері бәсекелестікті тежей алады және осылайша көрсетілетін қызметтер саудасын шектей алады деп таниды.
      2. Әрбір мүше кез келген басқа мүшенің сұрауы бойынша 1-тармақта атап өтілген тәжірибе түрлерін жою мақсатында консультациялар алады. Кез келген басқа мүше жүгінетін мүше мұндай сұрауға шынайы көңілімен және ізгі ниетпен қарап, осы мәселеге қатысты жалпыға қолжетімді құпия емес ақпарат беру арқылы ынтымақтастықта болады. Кез келген басқа мүше жүгінетін мүше сонымен қатар сұрау салып отырған мүшеге оның ішкі заңнамасына сәйкес және сұрау салып отырған мүше тарапынан оның құпиялылығын қорғауға қатысты қолайлы уағдаластыққа қол жеткізген жағдайда қолда бар басқа ақпаратты ұсынады.

X-БАП
Төтенше қорғау шаралары

      1. Кемсітпеушілік қағидатына негізделген төтенше қорғау шараларының мәселесі бойынша көпжақты келіссөздер жүргізілетін болады. Осындай келіссөздердің нәтижелері ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап үш күннен кешіктірілмей күшіне енеді.
      2. 1-тармақта атап өтілген келіссөздер нәтижелері күшіне енгенге дейінгі кезеңде кез келген мүше, XXI баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, өзінің осы міндеттеме күшіне енген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қандай да бір ерекше міндеттемені өзгерту немесе кері қайтарып алу ниеті туралы Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңесті хабардар ете алады; бұл мүше XXI баптың 1-тармағында көзделген үш жылдық мерзім өткенін өзгерту немесе кері қайтарып алу күте алмайтын себепті Кеңеске көрсеткен жағдайда хабарлай алады.
      3. 2-тармақтың ережелері ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап үш жылдан кейін өз қолданысын тоқтатады.

XI-БАП
Төлемдер мен аударымдар

      1. XII бапта көзделген міндеттемелерді қоспағанда, мүше өзінің ерекше міндеттемелеріне қатысы бар халықаралық аударымдар мен ағымдағы операциялар бойынша төлемдерге қатысты шектеулерді қолданбайды.
      2. Осы Келісімде ешнәрсе, XII бапта атап өтілген жағдайларды қоспағанда немесе Қордың өтініші бойынша осы операцияларға қатысы бар оның ерекше міндеттемелеріне сәйкес келмейтін капиталмен қандай да бір операцияларға мүше шектеулер белгілемеген жағдайда, Келісімнің баптарына сәйкес келетін валюталық операцияларды жүргізуді қоса алғанда, Қор туралы келісімнің баптарына сәйкес Халықаралық валюта қоры мүшелерінің құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

XII-БАП
Төлем теңгерімін қорғау мақсатындағы шектеулер

      1. Төлем теңгерімімен және сыртқы қаржы қиыншылықтарымен едәуір қиындықтар болған немесе осындай қауіп төнген жағдайларда, мүше осы міндеттемелерге жататын операциялар бойынша төлемдерді немесе аударымдарды қоса алғанда, өзі ерекше міндеттемелер қабылдаған көрсетілетін қызметтер саудасына шектеулерді белгілеуі немесе сақтауы мүмкін. Экономикалық даму процесіндегі немесе өтпелі экономика жағдайындағы мүшенің төлем теңгеріміне жасалған ерекше қысым өзгелердің арасында оның экономикалық даму немесе өтпелі экономика бағдарламаларын жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы резервтері деңгейінің сақталуын қамтамасыз етуге арналған шектеулерді пайдалану қажеттігін туындатуы мүмкін деп танылады.
      2. 1-тармақта атап өтілген шектеулер:
      (а) мүшелер арасында кемсітушіліктер тудырмаулары тиіс;
      (b) Халықаралық валюта қоры туралы келісімнің баптарына сәйкес келулері тиіс;
      (с) кез келген басқа мүшенің коммерциялық, экономикалық және қаржылық мүдделеріне артық залал келтіруді болдырмайтындай болулары тиіс;
      (d) 1-тармақта баяндалған мән-жайлар орын алған жағдайда қажеттік шегінен шықпаулары тиіс;
      (e) 1-тармақта көрсетілген жағдайдың жақсаруына қарай уақытша болулары және біртіндеп жойылулары тиіс.
      3. Осындай шектеулердің қолданылу саласын айқындаған кезде мүшелер өздерінің экономикалық бағдарламалары немесе даму бағдарламалары үшін неғұрлым маңызды болып табылатын көрсетілетін қызметтер жеткізілімдерін таңдаулары мүмкін. Алайда мұндай шектеулер көрсетілетін қызметтердің белгіленген секторын қорғау мақсатында белгіленбейді және сақталмайды.
      4. 1-тармаққа сәйкес белгіленген немесе сақталған кез келген шектеулер немесе олардағы кез келген өзгерістер кейінге қалдырмай Бас кеңеске хабарлау нысанасы болып табылады.
      5. (а) Осы баптың ережелерін қолданатын мүшелер осы бапқа сәйкес қабылданған шектеулерге қатысты, төлем теңгеріміне байланысты кейінге қалдырмай Шектеулер жөніндегі кеңеспен консультациялар жүргізеді.
      (b) Министрлер конференциясы қозғалған мүшеге қатысты конференция қолайлы деп есептейтін осындай ұсынымдар шығару үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында кезең-кезеңмен консультациялар жүргізу үшін рәсімдер4 белгілейді.
      (с) Осындай консультациялар барысында тиісті мүшенің төлем теңгерімінің ахуалы және өзгелердің арасында мынадай:
      (i) төлем теңгерімімен және сыртқы қаржы қиыншылықтарымен болатын қиындықтардың сипаты мен ауқымы;
      (ii) консультация жүргізетін мүшенің сыртқы экономикалық және саудаға қатысты жағдайы;
      (iii) билігінде болуы мүмкін баламалы түзету шаралары сияқты факторларды назарға ала отырып, осы бапқа сәйкес белгіленген немесе сақталатын шектеулер бағаланады.
      (d) Консультациялар кез келген шектеулерді 2-тармақпен, әсіресе олардың 2 (е) тармағына сәйкес біртіндеп жойылуына қатысты сәйкестендіруге бағытталулары тиіс.
      (е) Осындай консультациялар барысында шетелдік валютаға, валюта резервтері мен төлем теңгеріміне қатысты Халықаралық валюта қоры ұсынған статистикалық және басқа да фактілердің барлық деректері танылады және қорытындылар төлем теңгерімі мен консультация жүргізетін мүшенің сыртқы қаржылық жағдайын Қордың бағалауына негізделеді.
      6. Егер Халықаралық валюта қорының мүшесі болып табылмайтын мүше осы баптың ережелерін қолдануға ниет білдірсе, Министрлер конференциясы қарау рәсімін және кез келген басқа да қажетті рәсімдерді әзірлейді.
__________________________
4 5-тармаққа сәйкес рәсімдер 1994 жылғы ГАТТ рәсімдері сияқты болады деп түсініледі.     

XIII-БАП
Үкіметтік сатып алулар

      1. II, XVI және XVII баптар үкіметтің мақсаттары үшін және коммерциялық қайта сату мақсатында емес немесе коммерциялық өткізу үшін көрсетілетін қызметтерді жеткізулер кезінде пайдалану мақсатында үкіметтік мекемелердің көрсетілетін қызметтерді сатып алуын реттейтін заңдарға, қағидаларға немесе талаптарға қолданылмайды.
      2. ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде осы Келісім шеңберінде көрсетілетін қызметтерді үкіметтік сатып алу мәселелері бойынша көпжақты келіссөздер жүргізілетін болады.

XIV-БАП
Жалпы ерекшеліктер

      Көрсетілетін қызметтер саудасы үшін ұқсас жағдайлар немесе жасырын шектеулер басым елдер арасында осындай шаралар ерікті түрдегі немесе жөнсіз кемсітушілік құралдарын қалыптастыратын тәсілмен қолданылмайтын жағдайда, осы Келісімде ешнәрсе кез келген мүшеге:
      (а) қоғамдық моральды қорғау немесе қоғамдық тәртіпті5 ұстау үшін қажетті;
      (b) адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті;
      (с) мыналарға:
      (i) көрсетілетін қызметтер саласында жаңылысуға алып келетін және жосықсыз тәжірибені немесе келісімшарттардың сақталмау салдарын болдырмауға;
      (ii) жеке сипаттағы мәліметтерді өңдеу және тарату және жеке өмірі мен шоттары туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтау кезінде жекелеген адамдардың жеке өміріне араласудан қорғауға;
      (iii) қауіпсіздікке қатысы бар ережелерді қоса алғанда, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келетін заңдар мен қағидаларды сақтау үшін қажетті;
      (d) режимдегі айырмашылық көрсетілетін қызметтерге немесе басқа мүшелердің көрсетілетін қызметтерді жеткізушілеріне қатысты әділ немесе тиімді түрде50 тікелей салықтар салуды немесе оларды өндіріп алуды қамтамасыз ету ұмтылысына негізделген жағдайда, XVII сәйкес келмейтін;
      (е) режимге қатысты айырмашылық қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімнің немесе қандай да бір басқа халықаралық келісімде немесе мүшемен байланысты уағдаластық шеңберінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы ережелер туралы келісімнің нәтижесі болып табылатын жағдайда II бапқа сәйкес келмейтін шаралар қабылдауына немесе қолдануына кедергі деп түсінілмейді.
_____________________
5 Қоғамдық тәртіптің пайымдаулары бойынша ерекшеліктер қоғамның бұрыннан келе жатқан мүдделерінің біреуіне қатысты нақты және айтарлықтай қауіп қалыптасқан жағдайларда қолданылуы мүмкін.
6 Әділ немесе тиімді тікелей салықтар салуды немесе оларды өндіріп алуды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар, мүше өз салық салу жүйесіне сәйкес қабылдайтын шараларды қамтиды, ол:
(і) резидент еместердің салықтық міндеттемелері осы мүшенің аумағында болатын немесе орналасқан салық баптарына қатысты айқындалатыны назарға алына отырып резиденттер болып табылмайтын қызметтерді жеткізушілерге қолданылады; немесе
(іі) сол мүшенің аумағында салық салуды немесе салықты өндіріп алуды қамтамасыз ету үшін резидент еместерге қолданылады немесе
(iii) салық салуды болдырмаудың алдын алу немесе оны қамтамасыз ететін шараларды қоса алғанда салық төлеуден бас тартуды болдырмау үшін резидент еместерге және резиденттерге қолданылады; немесе
(iv) сол мүшенің аумағындағы көздерден осындай тұтынушыларға салық салуды немесе салықтарды жинауды қамтамасыз ету үшін басқа мүшенің аумағына немесе аумағынан жеткізілетін қызметтерді тұтынушыларға қолданылады; немесе
(v) әлемде жаппай қолданылатын салық салу баптары бойынша қолданылатын салық салуға жататын қызметтерді жеткізушілер мен олардың салық базаларының айырмашылығын тану мақсатында басқа жеткізушілермен арадағы айырмашылықты жүргізеді; немесе
(vi) резиденттер болып табылатын жеке тұлғалардың немесе филиалдардың не болмаса сол мүшенің салықтық базасын қорғау мақсатында байланысты жеке тұлғалармен немесе сол бір жеке тқлғаның филиалдарымен арадағы кірісті, пайданы, пайда табуды, шығысты, есептен шығаруды немесе кредиттеуді айқындайды, бөледі немесе бөліп береді.
XIV баптың (d) тармағындағы және осы сілтемедегі салықтық терминдер немесе тұжырымдамалар шараны қабылдайтын ДСҰ мүшесінің ішкі заңнамасына сәйкес салықтардың немесе барабар не болмаса ұқсас айқындамалардың және тұжырымдамалардың айқындамаларына мен тұжырымыдамаларына сәйкес айқындалады.

XIV-БИС БАБЫ
Қауіпсіздік пайымдаулары бойынша ерекшеліктер

      1. Осы Келісімде ешнәрсе:
      (а) ақпараттың ашылуын мүше өз қауіпсіздігінің маңызды мүдделеріне қайшы келеді деп қарастыратын қандай да бір ақпарат ұсыну кез келген мүшеге қойылатын талап ретінде; немесе
      (b) мүше мыналарға:
      (i) әскери мекемені жабдықтау мақсатында тікелей немесе жанама жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтерді жеткізуге қатысы бар;
      (ii) ыдыратқыш немесе термоядролық материалдарға немесе олар алынған материалдарға қатысы бар;
      (iii) соғыс кезінде немесе халықаралық қатынастарда басқа да төтенше жағдайларда қабылданған өз қауіпсіздігінің маңызды мүдделерін қорғау үшін қажетті деп санайтын кез келген әрекет жасау кез келген мүше үшін кедергі ретінде; немесе
      (с) кез келген мүше үшін халықаралық қауіпсіздікті және тыныштықты сақтау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес өз міндеттемелерін орындау үшін кез келген әрекет жасау кез келген мүше үшін кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      2. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес 1(b) және 1 (c) тармақтарына сәйкес қабылданған шаралар туралы және олардың неғұрлым толық ықтимал дәрежеде тоқтатылуы туралы хабардар етіледі.

XV-БАП
Субсидиялар

      1. Мүшелер белгілі бір жағдайларда субсидиялар көрсетілетін қызметтер саудасына бұрмалаушы ықпал етуі мүмкін екендігін мойындайды. Мүшелер саудаға7 осындай бұрмалау ықпал етуді болдырмау үшін қажетті көпжақты қағидаларды әзірлеу мақсатында келіссөздер жүргізеді.
      Келіссөздер өтемақы шаралары рәсімдерінің қолайлылығын қарауды да қамтуға тиіс. Мұндай келіссөздер дамушы елдердің даму бағдарламаларына қатысты субсидиялардың рөлін танып, мүшелердің, әсіресе дамушы мүше елдердің осы саладағы икемділікке деген қажеттілігін назарға алулары тиіс. Осындай келіссөздердің мақсаттары үшін мүшелер өзінің көрсетілетін қызметтерді ұлттық жеткізушілеріне ұсынатын қызметтер саудасына қатысты барлық субсидиялар туралы ақпарат алмасады.
      2. Басқа мүшенің субсидиялары оның мүдделеріне залал келтіреді деп санайтын кез келген мүше аталған мәселелер бойынша осындай мүшемен консультациялар жүргізілуін сұрауы мүмкін. Мұндай сұраулар ізгі ниетпен қабылдануы тиіс.
_______________
7 Жұмыстың одан арғы бағдарламасы қалай және қандай уақыт шеңберінде осындай көпжақты қағидалар туралы келіссөздер жүргізілетінін айқындайды.

III БӨЛІК
ЕРЕКШЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР XVI-БАП
Нарыққа колжетімділік

      1. Нарыққа колжетімділікке қатысты I-бапта айқындалған жеткізу тәсілдері арқылы әрбір мүше кез келген басқа мүшенің көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілеріне оның тізбесінде8 келісілген және көрсетілген шектерге, шектеулерге және жағдайларға сәйкес ұсынылатын қолайлылығы кем түспейтін режимді ұсынады.
      2. Нарыққа қол жеткізу туралы міндеттемелер алынған секторларда, егер мүшенің Тізбесінде өзгеше айтылмаса, мүше өңірлік бөлу шеңберінде немесе бүкіл аумақта сақтамайтын немесе белгілемейтін шаралар:
      (а) көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер санын сандық квоталар, монополиялар, көрсетілетін қызметтердің айрықша жеткізушілері немесе экономикалық орындылыққа тестілеу талаптары түрінде шектеулер;
      (b) көрсетілетін қызметтер немесе активтер жөніндегі мәмілелердің жалпы құнын сандық квоталар немесе экономикалық орындылыққа тестілеу талабы түрінде шектеулер;
      (с) көрсетілген қызметтер операцияларының жалпы санын немесе сандық өлшем бірліктері түрінде белгіленген көрсетілетін қызметтер өндірісінің жалпы көлемін квоталар немесе экономикалық орындылыққа тестілеу талаптары түрінде шектеулер;9
      (d) белгілі бір қызмет көрсету секторында жұмыспен қамтылуы мүмкін жеке тұлғалардың жалпы санын немесе көрсетілетін қызметтердің жеткізушісі жалдауы мүмкін және белгілі бір көрсетілетін жеткізуге қажетті және оған тікелей қатысы бар жеке тұлғалардың санын квоталар немесе экономикалық орындылыққа тест талаптары түрінде шектеулер;
      (е) заңды тұлғаларды немесе бірлескен кәсіпорындарды шектейтін немесе олар арқылы көрсетілетін қызметті жеткізуші көрсетілетін қызметті жеткізуі мүмкін олардың айқындалған нысандарын талап ететін шаралар; және
      (f) шетелдік қатысуды акционерлік қоғамға барынша жоғары шетелдік қатысу үлесі немесе жеке немесе жиынтық шетелдік инвестициялардың жалпы құны түрінде шектеулер ретінде айқындалады.
_______________________
8 Егер мүше I-баптың 2(а) тармағында көрсетілген жеткізу тәсілі арқылы көрсетілетін қызметті жеткізуге қатысты нарыққа қол жеткізу жөнінде өзіне міндеттемені алатын болса және егер капиталдың трансшекаралық қозғалысы сол қызметтің елеулі бөлігі болып табылса, онда осыған орай мұндай мүше капиталдың көрсетілген қозғалысына рұқсат беруге міндеттенеді. Егер мүше I баптың 2(c) тармақшасына қатысты жеткізу тәсілі арқылы көрсетілетін қызметті жеткізуге қатысты нарыққа қол жеткізу жөнінде өзіне міндеттеме алса, ол осыған орай өз аумағына капиталды тиісті аударуға рұқсат етуге міндеттенеді.
9 2(с) тармақша мүшенің көрсетілетін қызметтерді жеткізудің шығынды құрамдас бөліктерін шектейтін шараларды қамтымайды.

XVII-БАП
Ұлттық режим

      1. Оның Тізбесінде қамтылған секторларда және онда айтылған шарттар мен талаптарда әрбір мүше кез келген басқа мүшенің көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге көрсетілетін қызметтерді жеткізуді қозғайтын барлық шараларға қатысты ұқсас отандық көрсетілетін қызметтерге немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге ұсынатын режимге қарағанда қолайлылығы кем түспейтін режимді ұсынады.10
      2. Мүше кез келген басқа мүшенің көрсетілетін қызметтеріне және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілеріне формалды түрде осындай режимді немесе ол өзінің ұқсас көрсетілетін қызметтеріне немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізушілеріне ұсынатын режимге қатысты формалды түрде ерекшеленетін режимді ұсыну арқылы 1-тармақтың талаптарын орындауы мүмкін.
      3. Формалды түрде осындай немесе формалды түрде ерекшеленетін режим, егер ол бәсекелестік шарттарын кез келген басқа мүшенің ұқсас көрсетілетін қызметтерімен немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерімен салыстырғанда, осы мүшенің көрсетілетін қызметтерінің немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерінің пайдасына өзгертетін болса, қолайлылығы төмен болып есептеледі.
_____________________
10 Осы баптың негізінде алынған ерекше міндеттемелер қандай да бір мүшеден тиісті көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шетелдік сипаты салдарынан туындайтын бәсекелі артықшылықтарды жоғалтқаны үшін өтемақы талап ету құқығы ретінде түсінілмейді.

XVIII-БАП
Қосымша міндеттемелер

      Мүшелер XVI немесе XVII баптарына сәйкес міндеттемелер тізбелеріне енгізуге жатпайтын көрсетілетін қызметтер саудасын қозғайтын шараларға қатысты, оның ішінде біліктілік, стандарттар мен лицензиялау мәселелеріне қатысы бар міндеттемелер туралы келіссөздер жүргізуі мүмкін. Мұндай міндеттемелер мүшенің Тізбелеріне енгізіледі.

IV БӨЛІК
БІРТІНДЕП ЫРЫҚТАНДЫРУ XIX-БАП
Ерекше міндеттемелер бойынша келіссөздер

      1. Осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізу үшін мүшелер ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап бес жылдан кешіктірілмей басталуға тиіс және біртіндеп ырықтандырудың неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін кейіннен кезең-кезеңмен жүргізілуге тиіс келіссөздердің кейінгі раундтарына кіріседі. Осындай келіссөздер нарыққа тиімді қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында көрсетілетін қызметтер саудасына теріс ықпал ететін шараларды қысқартуға немесе жоюға бағытталулары тиіс. Бұл процесс өзара пайда негізінде барлық қатысушылардың мүдделерін ілгерілету және құқықтар мен міндеттемелердің ортақ теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Ырықтандыру процесі ұлттық саясаттың мақсаттарына және тұтастай алғанда және жекелеген секторларға қолданылатын жекелеген мүшелерді дамыту деңгейіне тиісті назар аудара отырып жүзеге асырылады. Жекелеген дамушы мүше елдерге секторлардың ең аз санын ашуға, операциялардың аз түрін ырықтандыруға, олардың даму жағдайымен келісілген нарыққа қол жеткізуді біртіндеп кеңейтуге қатысты және олардың нарығына рұқсат берілген жағдайда көрсетілетін қызметтердің шетелдік жеткізушілеріне IV бапта атап өтілген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған шарттарды орындай отырып, осындай қолжетімділікті байланыстыру жағдайында тиісті икемділік көрсетілетін болады.
      3. Әрбір раунд үшін келіссөздердің басты қағидаттары мен рәсімдері белгіленеді. Осындай басты қағидаттарды әзірлеу үшін Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес тұтастай алғанда және осы Келісімнің мақсаттарын ескере отырып, секторлар бөлінісінде IV баптың 1-тармағында белгіленген секторларды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтер саудасына бағалау жүргізеді. Келіссөздердің басты қағидаттары алдыңғы келіссөздерден бері біржақты тәртіппен мүшелер жүзеге асырған ырықтандыруды бағалау үшін, сондай-ақ IV баптың 3-тармағының ережелеріне сәйкес дамуы төмен мүше елдерге қолданылатын арнайы режим үшін әдіснама белгілейді.
      4. Осы Келісімге сәйкес мүшелер өздеріне алған ерекше міндеттемелердің жалпы деңгейін арттыруға бағытталған екіжақты, топтық немесе көпжақты келіссөздер арқылы біртіндеп ырықтандыру процесі әрбір осындай раундта ілгерілеп отырады.

XX-БАП
Ерекше міндеттемелердің тізбелері

      1. Әрбір мүше тізбеде осы Келісімнің III бөлігіне сәйкес өзіне алатын ерекше міндеттемелерді көрсетеді. Мұндай міндеттемелер алынатын секторларға қатысты әрбір Тізбе:
      (а) нарыққа қол жеткізуге қатысты шектерді, шектеулер мен шарттарды;
      (b) ұлттық режимге қатысты шарттар мен ескертпелерді;
      (c) қосымша міндеттемелердің қабылдануын;
      (d) мүмкіндігінше, тиісті міндеттемелерді орындау үшін уақытпен шектеулерді;
      (е) осындай міндеттемелер күшіне енген күнді белгілейді.
      2. XVI бапқа, сол сияқты XVII бапқа да сәйкес келмейтін шаралар ХVI бапқа қатысы бар бағанаға енгізіледі. Бұл жағдайда аталған жазба XVII бап бойынша шартқа немесе ескертпеге нұсқау болып есептеледі.
      3. Ерекше міндеттемелердің тізбелері осы Келісімге қосымша беріледі және оның ажырамас бөлігін құрайды.

XXI-БАП
Тізбелерді өзгерту

      1. (а) Мүше (бұдан әрі осы келісімде – «өзгеріс енгізетін мүше») осы баптың ережелеріне сәйкес міндеттеме күшіне енген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін кез келген уақытта өз Тізбесіндегі кез келген міндеттемені өзгертуі немесе кері қайтарып алуы мүмкін.
      (b) Өзгеріс енгізетін мүше өзгертуді немесе кері қайтарып алуды жүзеге асыру белгіленген күнге дейін үш айдан кешіктірмей, осы бапқа сәйкес міндеттемені өзгерту немесе кері қайтарып алу ниеті туралы Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңеске хабарлайды.
      2. (а) Кез келген мүшенің сұрауымен осы Келісім бойынша пайдаларын 1(b) тармақшасына сәйкес хабарланған болжанып отырған өзгеріс немесе кері қайтарып алу қозғауы мүмкін (бұдан әрі осы келісімде — «өзгеріс енгізетін мүше») өзгерістер енгізетін мүше кез келген қажетті өтемақы жүргізу туралы келісімге қол жеткізу мақсатында келіссөздер жүргізеді. Уағдаластыққа қол жеткізуге бағытталған осындай келіссөздер процесінде сөз қозғалған мүшелер осындай келіссөздер басталғанға дейін міндеттемелер Тізбелерінде қамтылғаннан қолайлылығы кем түспейтін саудадағы өзара тиімді міндеттемелердің жалпы деңгейін сақтап қалуға ұмтылады.
      (b) Өтемақы барынша қолайлы қағидат негізінде жүзеге асырылады.
      3. (а) Егер өзгеріс енгізетін мүше мен өзгеріс қозғаған мүше арасындағы келіссөздер үшін көзделген мерзім аяқталғанға дейін уағдаластыққа қол жеткізілмесе, өзгеріс қозғаған мүше істі төрелікке бере алады. Өтемақы алу құқығын іске асыруға ұмтылатын өзгеріс қозғаған әрбір мүше төрелікке қатысуы тиіс.
      (b) Егер өзгеріс қозғаған мүшелердің ешқайсысы төрелікке жүгінбесе, өзгеріс енгізетін мүше болжанып отырған өзгерісті немесе кері қайтарып алуды еркін іске асыра алады.
      4. (а) Өзгеріс енгізетін мүше төрелік шешімдеріне сәйкес өтемақыны жүзеге асырмағанша өз міндеттемесін өзгерте немесе кері қайтарып ала алмайды.
      (b) Егер өзгеріс енгізетін мүше болжанып отырған өзгерістерді немесе кері қайтарып алуды жүргізіп, төрелік шешімдерін басшылыққа алмайтын болса, өзгеріс қозғаған, төрелікке қатысқан кез келген мүше төрелік шешімдеріне сәйкес елеулі түрде эквивалентті пайдаларды өзгертуі немесе кері қайтарып алуы мүмкін. II баптың ережелеріне қарамастан, осындай өзгерту немесе кері қайтарып алу өзгеріс енгізетін мүшеге қатысты ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
      5. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес Тізбелерді түзету немесе өзгерту үшін рәсімдерді белгілейді. Тізбеге енгізілген өз міндеттемелерін өзгертуді немесе кері қайтарып алуды жүзеге асыратын кез келген мүше осы бапқа сәйкес өз Тізбесін осындай рәсімдерге сәйкес өзгертеді.

V БӨЛІК
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР ХХII-БАП
Консультациялар

      1. Әрбір мүше консультацияларға тілектестікпен қарайды және осы Келісімнің жұмыс істеуін қозғайтын кез келген мәселе бойынша кез келген басқа мүше білдіруі мүмкін наразылықтарға байланысты жағдайларды жасайды. Осындай консультациялар кезінде Дауларды шешу туралы уағдаластық (ДШУ) қолданылады.
      2. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес немесе Дауларды шешу жөніндегі орган (ДШО) мүшенің өтінімі бойынша 1-тармаққа сәйкес консультациялар арқылы қанағаттандырылатын шешімге қол жеткізу мүмкін болмайтын кез келген мәселеге қатысты әрбір мүшемен немесе мүшелермен консультациялар жүргізуі мүмкін.
      3. Мүше осы бапқа және XXIII бапқа байланысты екі рет салық салуды болдырмау туралы олардың арасындағы халықаралық келісім саласына кіретін басқа мүшенің шараларына қатысты XVII бапқа жүгіне алмайды. Олардың арасындағы осындай келісім саласына шаралардың кіретіні не кірмейтініне қатысты мүшелер арасындағы келісудің болмауы жағдайында әрбір мүше үшін Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңестің қарауына осы мәселені енгізу мүмкіндігі ашық.11 Кеңес істі төрелікке береді. Төрешінің шешімі екі тарап үшін түпкілікті және міндетті болып табылады.
_______________________
11 ДСҰ жөніндегі келісім күшіне енген күнге қолданыстағы екі рет салық салу келісімдеріне қатысты осындай мәселе Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңестің қарауына осындай келісімнің екі тарапының келісімімен ғана енгізілуі мүмкін.

ХХIII-БАП
Дауларды реттеу және шешімдерді орындау

      1. Егер кез келген мүше кез келген басқа мүше осы Келісім бойынша өзінің жалпы немесе ерекше міндеттемелерін орындамайды деп санаса, ол мәселенің өзара қолайлы шешілуіне қол жеткізу мақсатында ДШУ-ға жүгінуі мүмкін.
      2. Егер ДШО осындай әрекеттерді ақтайтын жеткілікті маңызды міндеттемелердің болуын көздесе, ол мүшеге немесе мүшелерге ДШУ 22-бабына сәйкес кез келген басқа мүшеге немесе мүшелерге қатысты жалпы және ерекше міндеттемелердің қолданылуын тоқтатуға рұқсат беруі мүмкін.
      3. Егер кез келген мүше осы Келісімнің III бөлігіне сәйкес басқа мүшенің ерекше міндеттемелеріне сәйкес алуға негізделіп есептесе, осы келісімнің ережелеріне қайшы келмейтін кез келген шараны қолдану нәтижесінде ДШУ-ға жүгіне алады. Егер ДШО осы шара осындай пайданы жоятынын немесе қысқартатынын айқындайтын болса, өзгеріске мүдделі мүше осы шараны өзгертуді немесе кері қайтаруды енгізе алатын ХХI баптың 2-тармағы негізінде өзара қолайлы реттеуге құқылы. Егер уағдаластыққа аталған мүшелер арасында қол жеткізу мүмкін болмаса, ДШҰ 22-бабы қолданылады.

XIV-БАП
Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес

      1. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес осы Келісімнің жұмыс істеуін жеңілдету және оның міндеттерін орындау мақсатында оған берілуі мүмкін функцияларды орындайды. Кеңес өз функцияларының тиімді орындалуы үшін тиісті деп санайтын осындай қосалқы органдар құруы мүмкін.
      2. Кеңес пен оның қосымша органдары егер Кеңес өзге шешім қабылдамаса, барлық мүшелер өкілдерінің қатысуы үшін ашық.
      3. Кеңестің төрағасын мүшелер сайлайды.

XV-БАП
Техникалық ынтымақтастық

      1. Осындай жәрдемдесуге мұқтаж мүшелердің қызметтерінің өнім берушілерінде IV баптың 2-тармағында аталған байланыс тармақтарына қолжетімділік бар.
      2. Дамушы елдерге техникалық жәрдемдесуді Хатшылық көпжақты деңгейде ұсынады және тиісті шешімдерді Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес қабылдайды.

XVI-БАП
Басқа халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас

      Бас кеңес Біріккен Ұлттар Ұйымымен және оның мамандандырылған мекемелерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерге қатысы бар басқа да үкіметаралық ұйымдармен консультациялар және ынтымақтастық үшін тиісті уағдаластық жасасады.

VI БӨЛІК
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР ХХVII-БАП
Пайдалардан бас тарту

      Мүше:
      (а) егер ол көрсетілетін қызмет мүшенің аумағы немесе ДСҰ жөніндегі келісімді қолданбайтын мүшенің аумағы болып табылмайтын аумақтан немесе аумаққа жеткізілетінін анықтаса, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге қатысты;
      (b) теңіз көлігі қызметтері жағдайында, егер ол көрсетілетін қызметтің:
      (i) мүше немесе ДСҰ жөніндегі келісімді оған қатысты қолданбайтын мүше болып табылмайтын елдің заңдары бойынша тіркелген кемемен, және
      (ii) мүшеге немесе ДСҰ жөніндегі келісімді оған қатысты қолданбайтын мүше болып табылмайтын мүшеге қатысты кемені толығымен немесе ішінара пайдаланатын және/немесе қолданатын тұлғамен жеткізілетінін анықтаса;
      (с) егер ол осы тұлға басқа мүшенің қызметінің өнім берушісі болып табылмаса немесе осы тұлға ДСҰ жөніндегі келісімді оған қатысты қолданбайтын мүше пайдаларынан бас тартуға қатысты мүшенің өнім берушісі болып табылғанын анықтаса, заңды тұлға болып табылатын қызметтің өнім берушісіне қатысты осы Келісімнің пайдаларынан бас тартуы мүмкін.

ХХVIII-БАП
Анықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      (а) «шара» мүшенің кез келген заң, қаулы, қағидалар, рәсімдер, шешімдер, әкімшілік әрекеттер нысанындағы немесе кез келген басқа нысандағы шарасын білдіреді;
      (b) «қызметті жеткізу» көрсетілетін қызметті өндіруді, бөлуді, маркетингті, сатуды және жеткізуді қамтиды;
      (с) «көрсетілетін қызметтер саудасына әсер ететін мүшелердің шаралары» мыналарға:
      (i) көрсетілетін қызметті сатып алуға, төлеуге немесе пайдалануға;
      (ii) көрсетілетін қызметті ұсынуға байланысты оларға қатысты осындай мүшелер тарапынан кең жария ұсыныс талаптарының болуына қатысты қызметтерге қолжетімділік пен қызметтерді пайдалануға;
      (iii) коммерциялық қатысуды қоса алғанда, мүше тұлғаларының бас мүше аумағына көрсетілетін қызметті жеткізу мақсатында қатысуына қатысты шараларды қамтиды;
      (d) «коммерциялық қатысу» мыналарды:
      (i) заңды тұлғаны құру, сатып алу немесе сақтау, немесе
      (ii) көрсетілетін қызметті жеткізу мақсатында мүшенің аумағында филиал немесе өкілдік құру немесе пайдалануды қоса алғанда, іскери немесе кәсіби мекеменің кез келген нысанын білдіреді;
      (е) көрсетілетін қызметтің «секторы»:
      (i) ерекше міндеттемеге қатысты бір немесе бірнеше немесе Мүшенің тізбесінде белгіленгендей осы көрсетілетін қызметтің барлық кіші секторларын;
      (ii) басқа қатынастарда оның барлық кіші секторларын қоса алғанда, осы көрсетілетін қызметтің барлық секторын білдіреді;
      (f) «басқа мүшенің қызметі»:
      (i) осындай басқа мүшенің аумағына немесе аумағынан немесе теңіз көлігі жағдайында осындай басқа мүшенің заңдары бойынша тіркелген кемемен немесе кемені толығымен немесе ішінара пайдалану және/немесе оны қолдану арқылы қызметті жеткізетін осындай басқа мүшенің тұлғасымен, немесе;
      (ii) коммерциялық қатысу арқылы немесе жеке тұлғалардың, осындай басқа мүшенің қызметтерінің өнім берушісінің қатысуы арқылы көрсетілетін қызметті жеткізу жағдайында жеткізілетін қызметті білдіреді;
      (g) «көрсетілетін қызметтерді жеткізуші» көрсетілетін қызметті жеткізетін кез келген тұлғаны білдіреді;12
      (h) «көрсетілетін қызметті монополиялық жеткізуші» осындай қызметтің жалғыз өнім берушісі ретінде осындай мүше уәкілеттік берген не ресми немесе іс жүзінде құрған мүшенің аумағының тиісті нарығындағы кез келген мемлекеттік немесе жеке тұлғаны білдіреді;
      (i) «көрсетілетін қызметті тұтынушы» көрсетілетін қызметті алатын немесе пайдаланатын кез келген тұлғаны білдіреді;
      (j) «тұлға» жеке немесе заңды тұлғаны білдіреді;
      (k) «басқа мүшенің жеке тұлғасы» осындай басқа мүшенің немесе кез келген басқа мүшенің аумағында тұратын және осындай басқа мүшенің заңына сәйкес жеке тұлғаны білдіреді:
      (i) осындай басқа мүшенің азаматы болып табылады; немесе
      (ii) осындай басқа мүшенің аумағында тұрақты тұруға құқылы болады, егер мүше:
      1. азаматтары жоқ болса; немесе
      2. көбінесе өзінің тұрақты резиденттеріне ДСҰ жөніндегі келісімді қабылдаған кезде немесе оған қосылған кезде, ешқандай мүше осындай тұрақты резиденттер көрсеткен осындай басқа мүшеге ұсынылатын неғұрлым қолайлы режимді осындай тұрақты резиденттерге беруге міндетті емес болған жағдайда, оларға хабарланғандай көрсетілетін қызметтер саудасын қозғайтын шараларға қатысты өз азаматтарына ұсынатындай режимді ұсынады. Мұндай хабарлама өзінің заңдары мен қағидаларына сәйкес осындай тұрақты резиденттерге, өзінің азаматтарына қатысты осындай басқа мүше жауапты болатын жауапкершілікті қабылдау туралы растауды қамтитын болады.
      (l) «заңды тұлға» құқықтық мәртебесі бар, тиісті дәрежеде қолданылатын заңнамаға сәйкес құрылған немесе өзгеше жолмен ұйымдастырылған пайда алу мақсаттары үшін, сол сияқты өзге де мақсат үшін және кез келген корпорацияны, тресті, серіктестікті, бірлескен кәсіпорынды, бірыңғай меншікті немесе қауымдастықты қоса алғанда, жеке не мемлекеттік меншіктегі кез келген мекемені білдіреді;
      (m) «басқа мүшенің заңды тұлғасы»:
      (i) осындай басқа мүшенің заңнамасына сәйкес құрылған немесе өзге жолмен ұйымдастырылған және осы мүшенің немесе кез келген басқа мүшенің аумағында елеулі іскери операцияларға тартылған; немесе
      (ii) мынадай:
      1. қызметті осындай мүшенің жеке тұлғалары; немесе
      2. (i) тармақшасында көрсетілген осындай басқа мүшенің заңды тұлғаларына жататын немесе бақыланатын коммерциялық қатысу арқылы жеткізу жағдайындағы заңды тұлғаны білдіреді.
      (n) заңды тұлға:
      (i) егер оған қатысу үлесінің 50%-дан астамына осы мүшенің тұлғасы нақты ие болса, мүшенің тұлғасына «тиесілі»;
      (ii) егер осындай тұлғалар оның директорларының көпшілігін тағайындауға немесе өзгеше жолмен оның қызметін заңды жіберуге өкілеттіктері бар болса, мүшенің тұлғалары «бақылайтын»;
      (iii) егер ол бақыласа немесе осындай басқа мүше бақылайтын болса; немесе егер ол және басқа тұлға екеуін де сол тұлға бақылайтын болса, басқа тұлғамен «байланысты» болып табылады;
      (о) «тікелей салықтар» меншік иелігінен шығарудан түсетін түсімдер салықтарын, жылжымайтын мүлік салықтарын, мұрагерлік пен сыйларды және кәсіпорындар төлеген еңбекақанының немесе жалақының жалпы сомасының салықтарын, сондай-ақ капиталдың құнын арттыру салықтарын қоса алғанда, барлық капиталдан немесе кіріс немесе капитал элементтерінен жалпы кірістен алынатын барлық салықтарды білдіреді.
______________________
12 Егер көрсетілетін қызмет тікелей заңды тұлға арқылы емес, филиал немесе өкілдік сияқты коммерциялық қатысудың басқа нысандары арқылы жеткізілген болса, онда көрсетілетін қызметтің өнім берушісіне (яғни заңды тұлғаға) кемінде осындай қатысу кезінде осы Келісімге сәйкес көрсетілетін қызметтердің өнім берушілері үшін көзделген режим ұсынылады. Мұндай режим ол арқылы қызмет жеткізілетін қатысуға қолданылады және қызмет жеткізілетін аумақтан тыс орналасқан өнім берушінің кез келген басқа құрылымдарына оның қолданылуы талап етілмейді.

ХХIХ-БАП
Қосымшалар

      Осы Келісімге қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

ҚОСЫМШАЛАР
II бапқа сәйкес міндеттемелерден алып тастаулар жөніндегі қосымша

      Қолданылу аясы
      1. Осы Ереже осы Келісім күшіне енген кезде II баптың 1-тармағына сәйкес мүшені өзінің міндеттемелерінен босататын шарттарды айқындайды.
      2. ДСҰ жөніндегі келісім күшіне енген күннен кейін қолданылатын міндеттемелерден кез келген жаңа алып қоюлар көрсетілген Келісімнің IХ бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қайта қарау
      3. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес 5 жылдан асатын мерзімге ұсынылатын міндеттемелерден барлық алып қоюларды қайта қарайды. Осындай бірінші қайта қарау ДСҰ жөніндегі келісім күшіне енгеннен кейін бес жылдан кешіктірмей жүргізіледі.
      4. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес қайта қарау кезінде:
      (а) міндеттемелерден алып қоюлар үшін қажеттілік тудырған жағдайлардың болуын зерделейді; және
      (b) кез келген одан әрі қайта қараудың күнін айқындайды.
      Қолданылу мерзімін тоқтату
      5. Мүшенің міндеттемелерінен алып қою Келісімнің II бабының 1-тармағына сәйкес белгілі бір шараға қатысты осындай алып қоюда белгіленген күнге қолданылуын тоқтатады.
      6. Негізінде, осындай алып қоюлар 10 жыл мерзімнен аспауы тиіс. Кез келген жағдайда олар сауданы ырықтандыру туралы одан әрі раундтардағы келіссөздердің нысанасы болып табылады.
      7. Мүше Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңесті алып қоюдың қолданылуын тоқтату мерзімінің соңында өзіне қатысты алып қою қолданылған шара Келісімнің II бабының 1-тармағына сәйкес келтірілгені туралы хабарлайды.
      II бап бойынша міндеттемелерден алып қоюлар тізімдері
      [II баптың 2-тармағына сәйкес алып қоюлардың келісілген тізімдері ДСҰ жөніндегі келісімнің шарттық нұсқасына осы Қосымшаның бөлігі ретінде енгізілген.]

Келісімге сәйкес көрсетілетін қызметтерді жеткізетін жеке
тұлғаларды ауыстыру бойынша қосымша

      1. Осы Қосымша қызметтердің өнім берушісі болып табылатын мүшенің жеке тұлғаларын, мүшенің қызметтерінің өнім берушісінде жалдау бойынша жұмыс істейтін мүшенің жеке тұлғаларын қозғайтын қызметтерді жеткізуге қатысты шараларға қолданылады.
      2. Келісім мүшенің жұмыспен қамту нарығына қолжетімділікке ұмтылатын жеке тұлғаларды қозғайтын шараларға қолданылады және тұрақты негізде азаматтық, тұрақты тұрған жері немесе жалдауға қатысты шараларға қолданылмайды.
      3. Келісімнің III және IV бөліктеріне сәйкес мүшелер Келісімге сәйкес қызметтерді жеткізетін жеке тұлғалардың барлық санаттарын ауыстыруға қолданылатын ерекше міндеттемелерді қабылдау туралы келіссөздер жүргізуі мүмкін. Ерекше міндеттеме қолданылатын жеке тұлғаларға осы міндеттеменің талаптарына сәйкес қызметтерді жеткізуге рұқсат беріледі.
      4. Келісім мүшеге жеке тұлғалардың өз аумағына кіруін немесе осындай шаралар ерекше міндеттемелердің талаптарына сәйкес кез келген мүше алатын пайдаларды жою немесе қысқарту үшін қолданылмайтын жағдайда оның шекараларының тұтастығын қорғау үшін және оның шекарасы арқылы жеке тұлғаларды реттелген ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қоса алғанда, оның аумағында уақытша болуын реттеу үшін шаралар қабылдауға кедергі келтірмейді.13 
______________________
13 Белгілі бір мүшелердің жеке тұлғаларының визаны алу талабының фактісі және басқа мүшелерге қатысты ұқсас талаптың болмауы ерекше міндеттемеге сәйкес пайданы жоятын немесе қысқартатын болып есептелмейді.

Авиакөлік қызметтері жөніндегі қосымша

      1. Осы қосымша кесте бойынша, сол сияқты кестеден тыс және қосалқы қызметтерге жүзеге асырылатын авиакөлік қызметінің саудасын қозғайтын шараларға қолданылады. Осы Келісімге сәйкес алынған кез келген ерекше міндеттеме немесе жалпы міндеттеме ДСҰ жөніндегі келісім күшіне енген күнге қолданылатын екіжақты немесе көпжақты келісімдерге сәйкес мүшенің міндеттемесін кемітпейтіні және қозғамайтыны расталады.
      2. Осы Келісім оның дауды шешу рәсімдерін қоса алғанда, осы Келісімнің 3-тармағында көзделгенді қоспағанда, мыналарды қозғайтын шараларға қолданылмайды:
      (а) олар қалай ұсынылғанына қарамастан тасымалдау құқықтары; немесе
      (b) тасымалдау құқықтарын іске асыруға тікелей қатысты қызметтер.
      3. Келісім мыналарды қозғайтын шараларға қолданылады:
      (а) ұшақтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
      (b) авиакөлік қызметтерін сату және оның маркетингі;
      (с) резервтеу компьютерлік жүйесінің қызметтері (РКЖ).
      4. Келісімде көзделген дауларды шешу рәсімдеріне егер мүшелер жалпы міндеттемелер немесе ерекше міндеттемелерді алған жағдайда және екіжақты және басқа көпжақты келісімдер немесе уағдаластықтар негізінде дауларды шешу рәсімдері аяқталған жағдайда ғана сүйене алады.
      5. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес кезең-кезеңмен және әрбір бес жыл сайын Келісімді осы секторға одан әрі қолдану мүмкіндігін зерделеу мақсатында авиакөлік секторындағы ережені және осы Келісімнің қолданылуын қарайды.
      6. Анықтамалар:
      (а) «Ұшақтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету» ұшақ немесе оның бөліктеріне қатысты оны пайдаланудан алынған жағдайдағы қызметті білдіреді және жедел техникалық қызмет көрсетуді қамтымайды.
      (b) «Авиакөлік қызметтерін сату және оның маркетингі» нарық, жарнама және тарату сияқты өткізудің барлық аспектілерін қоса алғанда, нақты авиатасымалдаушы үшін авиакөлік қызметтерін сату және авиакөлік қызметтерін өткізумен еркін айналасу мүмкіндігін білдіреді. Қызметтің осы түрлері авиакөлік қызметтері және қолданылатын тасымалдау жағдайлары саласында баға белгілеуді қамтымайды.
      (с) «Резервтеу компьютерлік жүйесінің қызметтерін (РКЖ)» резервтеу немесе билеттерді беру жүзеге асырылуы мүмкін авиатасымалдаушылар, олардың болуы, тарифтер және сату қағидаларының кестелері туралы ақпаратты қамтитын компьютерлендірілген жүйелерді ұсынатын қызметтерді білдіреді.
      (d) «Тасымалдау құқығы» нөмір, оның меншігі және бақылау сияқты тасымалдау, өндірілетін тарифтер мен олардың қолданылу шарттары және авиакомпаниялар мақсатының критерийлері мүмкіндігін ұсынатын қозғалыс түрлерін жүзеге асыратын қызмет көрсету пункттерін, пайдаланылатын бағыттарды қоса алғанда, аумақ шеңберінде немесе мүшенің аумағы арқылы аумақтан, аумаққа жалдауға сыйақы немесе төлем үшін кесте бойынша және кестеден тыс және/немесе жолаушыларды, жүкті және поштаны тасымалдау бойынша қызметтерді беру құқығын білдіреді.

Қаржы қызметтері бойынша қосымша

      1. Қолданылу аясы және анықтама
      (а) Осы Келісім қаржы қызметтерін жеткізуді қозғайтын шараларға қолданылады. Осы Келісімдегі қаржы қызметтерін жеткізуге сілтемелер Келісімнің I бабының 2-тармағында айқындалғандай қызметтерді жеткізуді білдіреді.
      (b) Келісімнің I бабының 3(b) тармақшасының мақсаттары үшін «үкіметтік биліктің функцияларын жүзеге асыру кезінде жеткізілген қызметтер» мыналарды білдіреді:
      (i) кредит-ақша немесе валюта-бағам саясатын жүргізу кезінде орталық банк немесе валюта-қаржы органы немесе басқа мемлекеттік құрылым жүзеге асыратын қызметтің түрлері;
      (ii) заңмен белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету немесе мемлекеттік зейнетақы бағдарламалары жүйесінің бөлігін құрайтын қызметтің түрлері; және
      (iii) үкіметтің қаржы ресурстары есебінен немесе кепілдігімен немесе пайдалану кезінде мемлекеттік құрылыммен жүзеге асырылатын қызметтің басқа түрлері.
      (с) Келісімнің I бабының 3(b) тармақшасының мақсаттары үшін егер мүше өзінің қаржы қызметтерінің өнім берушілеріне мемлекеттік құрылыммен бәсекелестік жағдайларында немесе қаржы қызметінің өнім берушісімен осы тармақтың (b)(ii) немесе (b)(iii) тармақшаларында аталған қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берсе, «көрсетілетін қызмет» термині қызметтің осындай түрлерін қамтиды.
      (d) Келісімнің I бабының 3(с) тармақшасы осы келісіммен қамтылған көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.
      2. Ішкі реттеу
      (а) Келісімнің қандай да бір басқа ережелеріне қарамастан мүшеге инвесторлар, салымшылар, полистерді ұстаушылар немесе қаржы қызметінің өнім берушісінің сенімді тұлғаларын қорғауды қоса алғанда немесе қаржы жүйесінің тұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін сақтанушылық пайымдаулары бойынша шаралар қабылдауға кедергі келтірмейді. Егер осындай шаралар Келісім ережелеріне сәйкес келмесе олар мүшенің ерекше міндеттемелерден немесе Келісімге сәйкес жалпы міндеттемелерден ауытқу құралы ретінде қолданылмауы тиіс.
      (b) Осы Келісімдегі ештеңе мүшеге жеке клиенттердің істері мен шоттарына қатысты ақпаратты немесе қандай да бір басқа құпия немесе мемлекеттік мекемелердің иелігінде бар меншіктегі ақпаратты ашу талабы ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      3. Мойындау
      (а) Мүше қаржы қызметтеріне қатысты оған қандай шараларды қолдану керектігін айқындау кезінде кез келген басқа елдің сақтану шараларын мойындауы мүмкін. Үндестіру арқылы немесе өзге жолмен қол жеткізілуі мүмкін осындай мойындау мүдделі елмен келісім немесе уағдаластыққа негізделуі мүмкін немесе біржақты тәртіпте ұсынылуы мүмкін.
      (b) Болашақ және қолданыстағы (а) тармақшасында аталған осындай келісімнің немесе уағдаластықтың тарапы болып табылатын мүше басқа мүдделі мүшелерге олардың осындай келісімдерге немесе уағдаластықтарға қосылуы туралы келіссөздер жүргізу немесе онымен міндеттемелерге байланысты эквиваленттік реттеу, қадағалау, осындай реттеуді жүзеге асыру тетігін және егер мүмкін болса, осындай келісімдер мен уағдаластықтар тараптары арасында ақпарат алмасуға қатысты рәсімдерді қамтуы мүмкін тиісті келісімдер немесе уағдаластықтар жасау туралы келісімдер жүргізудің тиісті мүмкіндігін ұсынады. Егер мүше мойындауды біржақты тәртіпте ұсынса, онда ол кез келген басқа мүшеге осындай міндеттемелердің болуын көрсетудің тиісті мүмкіндігін ұсынады.
      (с) Егер мүше кез келген басқа елдің сақтанушылық шараларын мойындауды ұсынуды ойласа, VII баптың 4(b) тармағы қолданылмайды.
      4. Дауларды реттеу
      Сақтанушылық шараларына қатысты даулар және басқа қаржы мәселелері бойынша аралық топ даулар жүргізілетін қаржы қызметінің ерекшелігіне сәйкес келетін қажетті құзыретке ие болуы тиіс.
      5. Анықтамалар
      Осы Қосымшаның мақсаттары үшін:
      (а) Қаржы қызметі мүшенің қаржы қызметінің өнім берушісі ұсынатын қаржылық сипаттағы кез келген қызмет болып табылады. Қаржы қызметтері барлық сақтандыру және сақтандыру қызметтеріне қатысты көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ барлық банктік және басқа да қаржы қызметтерін (сақтандырудан басқа) қамтиды. Қаржы қызметтері көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін қамтиды:
      Сақтандыру және сақтандыруға жататын қызметтер
      (i) Тікелей сақтандыру (бірлескен сақтандыруды қоса алғанда)
      (А) өмірді
      (Б) өмірді сақтандырудан басқа
      (ii) Қайта сақтандыру және ретроцессия;
      (iii) Брокерлік және агенттік сияқты сақтандыру делдалдығы;
      (iv) Консультациялық, актуарлық қызметтер, шағымдарды реттеу бойынша тәуекел мен қызметтерді бағалау сияқты сақтандыру бойынша қосалқы көрсетілетін қызметтер.
      Банктік және басқа қаржы қызметтері (сақтандыруды қоспағанда)
      (v) Халықтан салымдар мен өзге қайтару ақша қаражатын қабылдау;
      (vi) Тұтыну кредитін, кепіл кредитін, факторинг және коммерциялық операцияларды қаржыландыруды қоса алғанда, барлық түрлердегі несиені беру;
      (vii) Қаржы лизингі;
      (viii) кредиттік, төлем және дебит карточкаларын, жол чектері мен банк векселін қоса алғанда, төлемдер мен ақша аударымдары бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері;
      (iх) Кепілдіктер мен міндеттемелер;
      (х) Валюта биржасында, валютадан тыс нарықта немесе өзге жолмен өз есебінен және клиенттер есебінен сауда:
      (А) ақша нарығының құралдары (чектер, аударымдық вексельдер, депозит сертификаттарын қоса алғанда);
      (B) шетел валютасымен;
      (С) туынды өнімдер, оның ішінде, бірақ айрықша жағдайда емес, фъючерстермен және опциондармен;
      (D) своптар туралы келісім және пайыздық мөлшерлеме туралы форвард келісімдерін қоса алғанда, валюта бағамдары мен пайыздық мөлшерлемелерге қатысты құралдар;
      (Е) аударымдық бағалы қағаздар;
      (F) құйылған алтын мен күмісті қоса алғанда, мәміле нысанасы болуы мүмкін өзге құралдар мен қаржы активтері.
      (хi) Агент ретінде (жария немесе жабық жазылу арқылы) жазылу және орналастыруды ұйымдастыруды қоса алғанда, бағалы қағаздардың барлық түрлерін шығаруға қатысу және осындай шығарылымдарға қатысы бар қызметтерді ұсыну;
      (хii) Ақша нарығындағы брокерлік операциялар;
      (хiii) Қолма-қол ақша қаражаты немесе бағалы қағаздар қоржыны, ұжымдық инвестицияларды басқарудың барлық нысандары, зейнетақы қорын басқару, жауапты сақтау бойынша қызметтер, депозитариялық және трастық қызметтер сияқты активтерді басқару;
      (хiv) Мәміле нысанасы болуы мүмкін бағалы қағаздар, туынды өнімдер және басқа құралдарды қоса алғанда, қаржы активтері бойынша өзара есептеулерді және клирингтік қызметтерді жүзеге асыру бойынша қызметтер;
      (хv) Қаржы ақпаратын ұсыну және беру және қаржы деректері мен басқа қаржы қызметтерінің өнім берушілерін тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу;
      (хvi) Кредиттеумен байланысты анықтамалық және материалдарды ұсыну және тікелей және қоржындық инвестициялар бойынша зерттеу мен ұсынымдарды кредиттік талдау, корпорациялардың стратегиясын сатып алу, қайта ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсынымдарды қоса алғанда, (v)-(хv) тармақшаларында есептелген қызметтің барлық түрлері бойынша консультациялық, делдалдық және басқа қосалқы қаржы қызметтері.
      (b) Қаржы қызметтерінің өнім берушісі қаржы қызметтерін жеткізуге ниеті бар немесе жеткізетін мүшенің кез келген жеке немесе заңды тұлғасын білдіреді, бірақ «қаржы қызметтерінің өнім берушісі» ұғымы мемлекеттік мекемені қамтымайды.
      (с) «Мемлекеттік мекеме»:
      (i) үкімет, орталық банк немесе мүшенің кредит-ақша мекемесі немесе негізінен коммерциялық талаптарда қаржы қызметтерін ұсынумен айналысатын құрылымды қоспағанда, үкіметтің мүдделерінде үкіметтік функциялар немесе қызметтің түрлерін жүзеге асырумен айналысатын мүшеге тиесілі немесе ол бақылайтын құрылымды; немесе
      (ii) осы функцияларды жүзеге асыру кезінде, әдетте, орталық банк немесе кредит-ақша мекемесі орындайтын функцияларды жүзеге асыратын жеке құрылымды білдіреді.

Қаржы қызметтері бойынша екінші қосымша

      1. Келісімнің II бабына және II бап бойынша міндеттемелерден алып қоюлар бойынша Қосымшаның 1 және 2-тармақтарына қарамастан мүше ДСҰ жөніндегі келісім күшіне енген күннен кейін төрт ай өткеннен соң басталатын 60 күндік кезең ішінде Келісімнің II бабының 1-тармағына сәйкес келмейтін қаржы қызметтеріне қатысты қосымшада аталған шараларды тізбеге енгізе алады.
      2. Келісімнің ХХI бабына қарамастан, мүше ДСҰ жөніндегі келісім күшіне енген күннен кейін төрт ай өткеннен соң басталатын 60 күндік кезең ішінде оның Тізбесіне немесе олардың бөлігіне енгізілген қаржы қызметтері бойынша барлық ерекше міндеттемелерді өзгертуі немесе кері қайтаруы мүмкін.
      3. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес 1 және 2-тармақтарды қолдану үшін қажетті рәсімдерді белгілейді.

Теңіз көлігінің қызметтері бойынша келіссөздер жөніндегі қосымша

      1. II бап және II бап бойынша міндеттемелерден алып қоюлар бойынша қосымша, оған қоса мүше сақтағысы келетін неғұрлым қолайлы режимге сәйкес келмейтін Қосымшада аталған тізбеге кез келген шараны енгізу талабы халықаралық кеме қатынасы, қосалқы көрсетілетін қызметтер және порт инфрақұрылымына қолжетімділікке немесе оны пайдалануға қатысты тек мынадай жағдайларда ғана күшіне енеді:
      (а) Теңіз көлігі қызметтері бойынша келіссөздер туралы министрлер шешімінің 4-тармағына сәйкес айқындалуы тиіс қолданылу күні; немесе
      (b) Егер келіссөздер табыспен аяқталмаса, аталған шешімде көзделген Теңіз көлігінің қызметтері бойынша келіссөздер тобының қорытынды баяндамасының күні.
      2. 1-тармақ Мүшенің тізбесіне енгізілетін теңіз көлігінің қызметтері бойынша кез келген ерекше міндеттемеге қолданылмайды.
      3. 1-тармақта аталған келіссөздердің аяқталу сәтінен бастап және қолданылу күніне дейін мүше XXI баптың ережелеріне қарамастан осы секторда өтемақыны ұсынбай өзінің ерекше міндеттемелерінің барлығын немесе бір бөлігін жақсартуы, өзгертуі немесе кері қайтаруы мүмкін.

Телекоммуникациялар бойынша қосымша

      1. Мақсаттар
      Телекоммуникациялық қызметтер секторының ерекшелігін, әсіресе экономикалық қызметтің ерекше секторы ретінде және экономикалық қызметтің басқа түрлері үшін хабарларды жіберудің негізгі құралы ретінде оның екіжақты рөлін мойындай отырып, мүшелер телекоммуникациялық желілерге және жалпы пайдалану қызметтеріне қолжетімділікті қозғайтын шараларға қатысты Келісімнің ережелерін және олардың қолданылуын одан әрі әзірлеу мақсатында мынадай қосымша туралы уағдаласады. Тиісінше, осы Қосымша осы Келісімге ескертулер мен толықтыратын ережелерді қамтиды.
      2. Қолданылу аясы
      (а) Осы Қосымша телекоммуникациялық желілерге және жалпы пайдалану қызметтеріне қолжетімділікті, сондай-ақ олардың пайдаланылуын қозғайтын мүшенің барлық шараларына қолданылады 14.
      (b) Осы Қосымша радио немесе телебағдарламаларды кабельдік немесе хабарламалық таратуды қозғайтын шараларға қолданылмайды.
      (с) Осы Келісімдегі ештеңе:
      (i) мүшеден оның Тізбесінде көзделгенге қарағанда, телекоммуникациялық тарату желілерін немесе қызметтерді белгілеуге, құруға, сатып алуға, жалдауға, пайдалануға немесе жеткізуге қандай да бір басқа мүшенің қызметтердің өнім берушісіне рұқсат беруін талап ету ретінде; немесе
      (ii) мүшеден, әдетте, кең бұқараға ұсынылмайтын телекоммуникациялық тарату желілерін немесе қызметтерді белгілеуді, құруды, сатып алуды, жалдауды немесе жеткізуді талап ету (немесе мүшеден оның құзыретіндегі қызметтердің өнім берушілерін міндеттеуді талап ету) ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      3. Анықтамалар
      Осы Қосымшаның мақсаттары үшін:
      (а) «Телекоммуникациялар» кез келген электр магнитті тәсілмен дабылдарды жіберуді немесе қабылдауды білдіреді.
      (b) «Жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялық қызмет» мүше айқын көрсетілген нысанда немесе іс жүзінде кең жұртшылыққа сату үшін ұсынуды талап ететін кез келген телекоммуникациялық қызметті білдіреді. Мұндай көрсетілетін қызметтер, өзге қызметтер ішінде, телеграф, телефон, телекс және әдетте жіберудің бастапқы және түпкілікті мекені арасындағы нысанның қандай да бір өзгеруінсіз немесе осы ақпараттың мазмұнысыз екі немесе одан астам мекемелер арасындағы тұтынушы жеткізетін ақпараттың нақты уақыты режимінде жіберуді қамтитын деректерді жіберуді қамтуы тиіс.
      (с) «Жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялық желі» белгілі бір түпкілікті мекелер арасындағы немесе олардың арасындағы телекоммуникациялық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялық инфрақұрылымды білдіреді.
      (d) «Корпоративішілік коммуникациялар» телекоммуникацияларды білдіреді, олар арқылы компания компания ішінде немесе оның еншілес компаниялары, филиалдары, бөлімшелері немесе олардың арасындағы немесе бөлімшелерге қатысты мүшенің ұлттық заңдарына және қағидаларына сәйкес олардың арасындағы байланысты жүзеге асырады. Осы мақсаттар үшін «еншілес компаниялар», «филиалдар» және қолданылатын жерде «бөлімшелер» терминдерін кез келген мүше айқындауы тиіс. «Корпоративішілік коммуникациялар» осы Қосымшада тәуелді еншілес компаниялар, филиалдар немесе бөлімшелер болып табылмайтын немесе тұтынушы немесе әлеуетті тұтынушы ұсынатын компанияларға жеткізілетін коммерциялық немесе коммерциялық емес қызметтерді қамтымайды.
      (е) Осы Қосымшаның тармағына немесе тармақшасына кез келген сілтеме оның барлық кіші бөлімдерін қамтиды.
      4. Транспаренттілік
      Келісімнің III бабын қолдану кезінде әрбір мүше тарифтер мен көрсетілетін қызметтерді ұсынудың басқа талаптарын; осындай желілер және көрсетілетін қызметтермен техникалық қосудың ерекшеліктерін; осындай қолжетімділік пен пайдалануды қозғайтын стандарттарды дайындауға және қабылдауға жауапты органдар туралы ақпаратты; терминалдар немесе басқа жабдықты қосуға қатысты талаптарды, сондай-ақ егер ондайлар болса, хабарлауға, тіркеуге немесе лицензиялауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану және оларды пайдалану қызметтеріне қолжетімділік шарттары туралы тиісті ақпараттың жалпыға қолжетімді болып табылуын қамтамасыз етеді.
      5. Телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану және оларды пайдалану қызметтеріне қолжетімділік
      (а) Әрбір мүше кез келген басқа мүшенің қызметінің кез келген өнім берушісі телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану және оларды пайдалану қызметтеріне оның Тізбесіне енгізілген қызметтерді жеткізу үшін оңтайлы және кемсітпейтін талаптар мен жағдайлар негізінде қолжетімділік болуын қамтамасыз етеді. Бұл міндеттеме өзге міндеттемелер ішінде төменде келтірілген (b)-(f)15 тармақтарына сәйкес қолданылады.
      (b) Әрбір мүше кез келген басқа мүше қызметінің өнім берушілері қоғамдық телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану және оларды пайдалану қызметтеріне оның аумағы шегінде немесе жеке жалданған байланыс арналарын қоса алғанда, осы мүшенің шекарасы арқылы қолжетімділіктің болуын қамтамасыз етеді және осы мақсаттарда (е) және (f) тармақтарына сәйкес осындай өнім берушілерге рұқсат беру үшін:
      (i) желімен қосылуы мүмкін және қызметтерді жеткізу үшін өнім берушіге қажет терминалдар немесе басқа жабдықты сатып алуды немесе жалдауды немесе қосуды;
      (ii) телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтеріне немесе қызметтің басқа өнім берушісінің жалданған немесе дербес байланыс арналарына жеке жалданған немесе сатып алынған байланыс желілерін қосуды; және
      (iii) телекоммуникациялық желілер мен көрсетілетін қызметтерге кең жұртшылықтың жалпы қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті қызметтерге қарағанда, кез келген қызметті жеткізу кезінде қызметтердің өнім берушісін таңдау бойынша операциялық хаттамаларды пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
      (с) Әрбір мүше кез келген басқа мүшенің қызметінің кез келген өнім берушілері телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтерін оның аумағы шегінде немесе шекара арқылы, оның ішінде осындай қызметтердің өнім берушілерінің корпоративішілік коммуникацияларын және деректер базасында қамтылатын немесе өзге жолмен кез келген мүшенің аумағында машинаға басылған нысанда сақталатын ақпаратқа қолжетімділік үшін пайдалана алуын қамтамасыз етеді. Мүшенің осындай пайдалануға едәуір мүдделі кез келген жаңа немесе өзгерген шаралары хабарлауға жатады және осы Келісімнің тиісті ережелеріне сәйкес консультациялар нысанасына айналады.
      (d) Алдыңғы тармаққа қарамастан, кез келген мүше хабарлардың қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету үшін қажетті осындай шараларды егер осындай шаралар туынды немесе негізделмеген кемсітушілікті немесе көрсетілетін қызметтердің саудасындағы жасырын шектеуді құратын тәсілмен қолданылмау талабы сақталған жағдайда қабылдауы мүмкін.
      (е) Әрбір мүше:
      (i) телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтерінің, әсіресе, олардың кең жұртшылық үшін өз желілері мен қызметтерін қолжетімді ету қабілеттілігінің өнім берушілердің міндеттемесіне кепілдік беруі;
      (ii) телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтерінің техникалық тұтастығын қорғау; немесе
      (iii) кез келген басқа мүше қызметінің өнім берушілері Мүшенің тізбесіндегі міндеттемелерге сәйкес рұқсат алғанға дейін қызметті жеткізбеу ережесін қамтамасыз ету үшін қажеттілерден басқа, телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану және оларды пайдалану қызметтеріне қолжетімділіктің ешқандай талаптарын болдырмауды қамтамасыз етеді.
      (f) Телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтеріне қолжетімділік шарттары олар (е) тармағында белгіленген критерийлерді қанағаттандырған жағдайда мыналарды қамтуы мүмкін:
      (i) осындай көрсетілетін қызметтерді қайта сатуға немесе бөлек пайдалануға шектеулер;
      (ii) осындай желілер мен көрсетілетін қызметтерге қосылу үшін интерфейсті хаттамаларды қоса алғанда, белгілі бір техникалық қосылуларды пайдалану талабы;
      (iii) қажет болған жағдайда 7(а) тармағында белгіленген осындай көрсетілетін қызметтердің өзара іс-қимылы және мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесу;
      (iv) желімен қосылатын терминал немесе басқа жабдықтың үлгісін мақұлдау және осындай желілерге осындай жабдықты қосуға қатысты техникалық талаптар;
      (v) жеке, жалданған немесе сатып алынған байланыс арналарының осындай желілер немесе қызметтің басқа өнім берушісінің жалданған немесе дербес байланыс арналарына қосылуға шектеулер; немесе
      (vi) хабарлама, тіркеу және лицензиялау.
      (g) Осы бөлімнің алдыңғы тармақтарына қарамастан, дамушы мүше ел даму деңгейі бойынша оның ұлттық инфрақұрылымын күшейту және көрсетілетін қызмет секторының әлеуетін және телекоммуникациялық қызметтермен халықаралық саудада оның қатысуын өсіру үшін қажетті телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану және оларды пайдалану қызметтеріне қолжетімділіктің оңтайлы талаптарын белгілеуі мүмкін. Мұндай талаптар Мүшенің тізбесінде көрсетіледі.
      6. Техникалық ынтымақтастық
      (а) Мүшелер елдердегі, әсіресе дамушы елдердегі тиімді, дамушы телекоммуникациялық инфрақұрылым олардың көрсетілетін қызметтер саудасын кеңейту үшін маңызды екенін мойындайды. Осы мақсатта, мүшелер Халықаралық электр байланысы одағын, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкін қоса алғанда, халықаралық даму және өңірлік ұйымдардың бағдарламаларына дамыған және дамушы елдердің және телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтерінің өнім берушілерінің қатысу мүмкіндігін мақұлдайды және көтермелейді.
      (b) Мүшелер халықаралық, өңірлік және субөңірлік деңгейлерде дамушы елдер арасындағы телекоммуникациялар саласындағы ынтымақтастықты көтермелейді және қолдайды.
      (с) Тиісті халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта мүшелер іс жүзінде ол жүзеге асырылатын дамушы елдердің көрсетілетін қызметтерінің ұлттық телекоммуникациялық секторын нығайтуға жәрдемдесу мақсатында телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтерге және телекоммуникациялар мен ақпараттық технология саласындағы жетістіктерге қатысты ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
      (d) Мүшелер олардың телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтермен сауданы кеңейтуге ықпал ететін оқытуда және басқа қызмет түрлерінде технологияларды беруге жәрдемдесуге телекоммуникациялық қызметтермен шетелдік өнім берушілерді көтермелеуде дамуы төмен елдердің мүмкіндігіне ерекше назар аударады.
      7. Халықаралық ұйымдар мен келісімдерге деген көзқарас
      (а) Мүшелер жаһандық сәйкестілік және телекоммуникациялық желілер мен көрсетілетін қызметтердің өзара іс-қимылы үшін халықаралық стандарттардың маңыздылығын мойындайды және Халықаралық электр байланысы одағын және Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымды қоса алғанда, тиісті халықаралық органдардың жұмысы арқылы осындай стандарттардың таралуына жәрдемдесу міндеттемесін алады.
      (b) Мүшелер үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар атқаратын рөлді және қызметтердің ұлттық және жаһандық телекоммуникациялық салаларының жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз етудегі келісімді, әсіресе Халықаралық электр байланысы одағының рөлін мойындайды. Мүшелер, қажет болған жағдайда, осы Қосымшаны қолдану кезінде пайда болатын мәселелер бойынша осындай ұйымдармен консультациялар жүргізуге тиісті шаралар қабылдайды.
_______________________
14 Осы тармақ әрбір мүше кез келген қажетті шаралар арқылы телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтерінің өнім берушілеріне қатысты осы Қосымшадан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететінін білдіретін тармақ ретінде түсініледі.
15 «Кемсітушілік емес» ұғымы келісімде айқындалғандай неғұрлым қолайлы режимге және ұлттық режимге қатысты ретінде, сондай-ақ ұқсас міндеттемелер кезінде ұқсас телекоммуникациялық желілер немесе жалпы пайдалану қызметтерінің кез келген басқа тұтынушысына қолданылатын қолайлылығы кем емес талаптар мен жағдайларды білдіретін осындай ұғымның ерекше секторалды қолданылуын көрсететін болып түсініледі».

Базалық телекоммуникациялар бойынша келіссөздер жөніндегі қосымша

      1. II бап және II бап бойынша міндеттемелерден алып қоюлар жөніндегі қосымша мүше сақтауға ниетті неғұрлым қолайлы режимге сәйкес келмейтін қосымшада аталған кез келген шараны тізбеге енгізу талабын қоса алғанда, тек базалық телекоммуникацияларға қатысты:
      (а) Базалық телекоммуникациялар бойынша келіссөздер туралы министрлер шешімінің 5-тармағына сәйкес айқындауға жататын қолдану күні; немесе
      (b) егер келіссөздер табысты аяқталмаса, осы Режимде көзделген базалық телекоммуникациялар бойынша келіссөздер тобының қорытынды баяндамасы күніне күшіне енеді.
      2. 1-тармақ Мүшенің тізбесіне енгізілген базалық телекоммуникациялар бойынша кез келген ерекше міндеттемеге қолданылуы тиіс емес.

1С-ҚОСЫМША
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САУДА АСПЕКТІЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ I БӨЛІК ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ЖӘНЕ НЕГІЗ ҚАЛАУШЫ ҚАҒИДАТТАР II БӨЛІК ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ БАР БОЛУЫНА, КӨЛЕМІНЕ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ НОРМАЛАР

      1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
      2. Тауарлық белгілер
      3. Географиялық нұсқамалар
      4. Өнеркәсіптік үлгілер
      5. Патенттер
      6. Интегралдық микросхемалар топологиялары (топографиялары)
      7. Жабық ақпаратты қорғау
      8. Бәсекеге қарсы практиканы шарттық лицензиялар арқылы бақылауды жүзеге асыру

III БӨЛІК ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      1. Жалпы міндеттемелер
      2. Азаматтық-құқықтық және әкімшілік рәсімдер мен сот қорғауының құралдары
      3. Уақытша шаралар
      4. Шекаралық шараларға қатысты ерекше талаптар
      5. Қылмыстық рәсімдер

IV БӨЛІК ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ИЕМДЕНУ МЕН КҮШІНДЕ ҰСТАУ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ INTER PARTES РӘСІМДЕРІ V БӨЛІК ДАУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ VI БӨЛІК ӨТПЕЛІ УАҒДАЛАСТЫҚТАР VII БӨЛІК ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ІС-ШАРАЛАР; ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1С-ҚОСЫМША
____________________________ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ
САУДА АСПЕКТІЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ
_____________________________________________________________

      Мүшелер,
      Халықаралық сауданы дамыту жолындағы бұрмалаулар мен кедергілерді азайтуға ниет білдіре отырып және зияткерлік меншік құқықтарын тиімді әрі барабар қорғауға жәрдемдесудің, және зияткерлік меншік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету шаралары мен рәсімдерінің өздері заңды түрде сауда жасау үшін тосқауылдарға айналмайтындай етіп қамтамасыз етудің қажеттілігін назарға ала отырып;
      Осы мақсатпен мыналарға қатысты жаңа қағидалар мен тәртіпке деген қажеттілікті мойындай отырып:
      (а) 1994 ж. ГАТТ-тың негізгі қағидаттары мен зияткерлік меншік саласындағы тиісті келісімдер немесе конвенциялардың қолданымына;
      (b) саудамен байланысты зияткерлік меншік құқықтарының бар болуы, көлемі мен оларды пайдалануға қатысты барабар нормалар мен қағидаттарды әзірлеуге;
      (с) ұлттық құқықтық жүйелердегі айырмашылықтарды назарға ала отырып, саудамен байланысты зияткерлік меншік құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің тиісті құралдарын әзірлеуге;
      (d) көпжақты негізде үкіметтер арасындағы даулардың алдын-алу және реттеу үшін тиімді әрі кезек күттірмейтін рәсімдер әзірлеуге;
      (е) келіссөздер нәтижелеріне неғұрлым толық қатысуға бағытталған уақытша уағдаластықтарға қатысты;
      Контрафактілік тауарлардың халықаралық саудасына қатысты қағидаттардың, қағидалар мен тәртіптің көпжақты жүйесіне қажеттілікті мойындай отырып;
      Зияткерлік меншік құқықтары жеке тұлғалардың құқықтары болып табылатынын мойындай отырып;
      Даму және техникалық прогресс мақсаттарын қоса алғанда, зияткерлік меншікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты шарттайтын ұлттық жүйелердің негіз қалаушы мақсаттарын мойындай отырып;
      Сонымен қатар ел ішінде заңдар мен қағидаларды қолданудың барынша икемділігіне қатысты, берік әрі тіршілік қабілетінің технологиялық базасын құруға мүмкіндік беру үшін неғұрлым аз дамыған мүше-елдердің ерекше қажеттіліктерін мойындай отырып;
      Саудамен байланысты зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі дауларды көпжақты рәсімдер арқылы шешу бойынша неғұрлым қатаң міндеттемелерге қол жеткізу жолымен шиеленісті азайтудың маңыздылығын атап өте отырып;
      ДСҰ мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі осы Келісімде «ДЗМҰ»), сондай-ақ басқа да тиісті халықаралық ұйымдар арасында өзара қолдау қатынастарын орнатуды қалай отырып;
      Мыналар туралы уағдаласады:

І БӨЛІК
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ЖӘНЕ НЕГІЗ ҚАЛАУШЫ ҚАҒИДАТТАР I-БАП
Міндеттемелердің мәні және қолдану аясы

      1. Мүшелер осы Келісімнің ережелерін қолданысқа енгізеді. Мүшелер өздерінің ұлттық заңдарында, осы Келісім бойынша талап етілетін қорғауға қарағанда кеңірек қорғауды осы Келісім қағидаларына қарсы келмейтін жағдайда бере алады, бірақ міндетті емес. Мүшелер өздерінің құқықтық жүйелері мен практикасы шеңберінде осы Келісімнің ережелерін тиісінше орындау әдісін айқындауда ерікті.
      2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін «зияткерлік меншік» термині ІІ бөліктің 1-7 бөлімдерінің мәні болып табылатын зияткерлік меншіктің барлық санаттарына қатысты болады.
      3. Мүшелер осы Келісімде көзделген режимді басқа мүшелердің азаматтарына ұсынады1. Зияткерлік меншіктің тиісті құқығына қатысты, басқа мүшелердің азаматтары ретінде егер қатысушылары барлық ДСҰ мүшелері болатын болса, Париж конвенциясында (1967 ж.), Берн конвенциясында (1971 ж.), Рим конвенциясында және Интегралдық микросхемаларға қатысты зияткерлік меншік туралы шартта көзделген қорғауды ұсыну өлшемдеріне жауап бере алатындай жеке және заңды тұлғалар түсініледі 2. Рим конвенциясының 5-бабының 3-тармағында немесе 6-бабының 2-тармағында көзделген мүмкіндіктерді пайдаланатын кез келген мүше, жоғарыда аталған ережелерде көзделгендей, Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі Кеңеске («ТРИПС жөніндегі Кеңес») хабарлама жібереді.
____________________
1 Осы Келісімдегі «азаматтарға» сілтеме ДСҰ-ға мүше жеке кеден аумағы жағдайында аталған кеден аумағында тұрақты тұрғылықты жері немесе шын мәнінде және жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорны бар жеке немесе заңды тұлғаларды білдіреді.
2 Осы Келісімде «Париж конвенциясы» Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясын білдіреді; «Париж конвенциясы (1967 ж.)» осы конвенцияның 1967 жылғы 14 шілдедегі Стокгольм актісін білдіреді. «Берн конвенциясы» Әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы Берн конвенциясын білдіреді; «Берн конвенциясы (1971 ж.)» осы конвенцияның 1971 жылғы 24 шілдедегі Париж актісін білдіреді. «Рим конвенциясы» 1961 жылғы 26 қазанда Римде қабылданған Орындаушы әртістердің, фонограмма шығарушылардың және хабар тарату ұйымдарының мүдделерін қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияны білдіреді. «Интегралды микросхемаларға қатысты зияткерлік меншік туралы шарт» (ИМЗМ шарты) 1989 жылғы 26 мамырда Вашингтонда қабылданған Интегралды микросхемаларға қатысты зияткерлік меншік туралы шартты білдіреді. «ДСҰ Келісімі» ДСҰ-ны құру туралы келісімді білдіреді.

2-БАП
Зияткерлік меншік саласындағы конвенциялар

      1. Осы Келісімнің II, III және IV бөліктеріне қатысты мүшелер Париж конвенциясының (1967 ж.) 1-12-баптарын және 19-бабын сақтайды.
      2. Осы Келісімнің I - IV бөлімдерінде еш нәрсе мүшелер бір-біріне қатысты Париж конвенциясы, Берн конвенциясы, Рим конвенциясы мен Интегралдық микросхемаларға қатысты зияткерлік меншік туралы шартқа сәйкес қазір қолданып жүрген міндеттемелерін кемітпейді.

3-БАП
Ұлттық режим

      1. Әрбір мүше басқа мүшелердің азаматтарына, тиісінше Париж конвенциясында (1967 ж.), Берн конвенциясында (1971 ж.), Рим конвенциясы мен Интегралдық микросхемаларға қатысты зияткерлік меншік туралы шартта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өзі зияткерлік меншікті қорғауға қатысты өз азаматтарына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем емес режимді3 ұсынады. Орындаушыларға, фонограмма шығарушылар мен хабар тарату ұйымдарына қатысты, аталған міндеттеме осы Келісімде көзделген құқықтарға ғана қатысты қолданылады. Берн конвенциясының (1971 ж.) 6-бабында немесе Рим конвенциясының 16-бабының 1(b) тармағында көзделген мүмкіндіктерді пайдаланатын кез келген мүше атап көрсетілген ережелерде көзделгендей, ТРИПС жөніндегі Кеңеске хабарлама жібереді.
      2. Мүшелер хат-хабарлар үшін мекенжай таңдауды немесе мүшенің юрисдикциясы шеңберінде агент тағайындауды қоса алғанда, сот және әкімшілік рәсімдерге қатысты 1-тармаққа сәйкес рұқсат етілетін ережеге бағынбайтын ерекшеліктерді, мұндай ерекшеліктер осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмейтін заңдар мен қағидаларды сақтау үшін қажет болған жағдайларда ғана, және осыған ұқсас рәсімдер саудадағы жасырын шектеу ретінде қолданылмайтын кезде ғана пайдалана алады.
______________________
3 3 және 4-баптардың мақсаттары үшін «қорғау» зияткерлік меншік құқықтарының бар болуын, оларды иемденуді, көлемін және оларды күшінде ұстау мен қорғалуын қамтамасыз етуді қозғайтын мәселелерді, сондай-ақ осы Келісімде ерекше көңіл бөлінген зияткерлік меншік құқықтарын пайдалануды қозғайтын мәселелерді қамтиды.

4-БАП
Барынша жоғары қолайлылық режимі

      Кез келген басқа елдің азаматтарына ұсынылған зияткерлік меншікті қорғауға қатысты кез келген артықшылық, жеңілдік, басымдық немесе иммунитет дереу және сөзсіз, барлық басқа мүшелердің азаматтарына ұсынылады. Бұл міндеттеме мүше ұсынған мынадан кез келген артықшылыққа, жеңілдікке, басымдыққа немесе иммунитетке таралмайды:
      (а) сот көмегі немесе жалпы сипаттағы заңның орындалуын қамтамасыз ету туралы халықаралық келісімдерден туындайтын және тек қана зияткерлік меншікті қорғаумен ғана байланысты емес;
      (b) ұсынылатын режим ұлттық режимнен емес, басқа елде ұсынылған режимнен туындауына рұқсат ететін Берн конвенциясының (1971 ж.) немесе Рим конвенциясының ережелеріне сәйкес ұсынылған;
      (с) осы Келісімде көзделмеген орындаушылардың, фонограмма шығарушылар мен хабар тарату ұйымдарының құқықтарына жататын;
      (d) ТРИПС жөніндегі Кеңеске хабарлама жіберілетін, олар басқа мүшелердің азаматтарына қарсы ерікті немесе негізсіз кемсітушілік болып табылмайтын ДСҰ Келісімі күшіне енгенге дейін күшіне енген зияткерлік меншікті қорғаумен байланысты халықаралық келісімдерден туындайтын.

5-БАП
Қорғауды иелену немесе оны күшінде ұстау туралы көпжақты келісімдер

      3 және 4-баптарға сәйкес міндеттемелер зияткерлік меншік құқықтарын иеленумен немесе оларды күшінде сақтауға байланысты ДЗМҰ ықпалымен жасалған көпжақты келісімдерде көзделген рәсімдерге қатысты қолданылмайды.

6-БАП
Құқықтардың аяқталуы

      3 және 4-баптардың ережелерін сақтау шартымен, осы Келісім бойынша дауларды реттеу мақсаттары үшін осы Келісімдегі еш нәрсе зияткерлік меншік құқықтарының аяқталуы туралы мәселені шешу үшін пайдаланылмауы тиіс.

7-БАП
Мақсаттар

      Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету әлеуметтік-экономикалық әл-ауқат пен құқықтар мен міндеттемелердің теңгеріміне қол жеткізуге мүмкіндік туғыза отырып, техникалық білімді ойлап шығарушылар мен пайдаланушылардың өзара пайдасына техникалық прогреске, және технологияны табыс ету мен таратуға жәрдемдесуге тиіс.

8-БАП
Қағидаттар

      1. Өз заңдары мен қағидаларын әзірлеген немесе өзгерткен кезде, мүшелер, мұндай шаралар осы Келісім ережелеріне сәйкес келген жағдайда, халық денсаулығы мен тамақтануын қорғау үшін және халықтың әлеуметтік-экономикалық және техникалық дамуы үшін өмірлік маңызы бар секторлардағы қоғамдық мүдделерге жәрдемдесу үшін қажетті шараларды қабылдай алады.
      2. Тиісті шаралар, осы Келісім ережелеріне сәйкес келген жағдайда, құқық иеленушілер тарапынан зияткерлік меншік құқықтарын теріс пайдалануларды болдырмау немесе сауданы негізсіз шектейтін, немесе технологиялардың халықаралық табыс етілуіне қолайсыз әсер ететін практикаға жүгіну үшін қажет болуы мүмкін.

II БӨЛІК
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ БОЛУЫНА, КӨЛЕМІ МЕН ОЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ НОРМАЛАР 1-бөлім: Авторлық құқық және сыбайлас құқықтар 9-БАП
Берн конвенциясымен байланыс

      1. Мүшелер Берн конвенциясының (1971 ж.) 1-21-баптары мен оған Қосымшаның сақталуын қамтамасыз етеді. Алайда мүшелердің атап көрсетілген Конвенцияның 6-бис бабына сәйкес берілетін құқықтарға немесе одан туындайтын құқықтарға қатысты осы Келісім бойынша құқықтары мен міндеттемелері болмайды.
      2. Авторлық құқықтарды қорғау жұмыстың идеяларына, үрдістеріне, әдістеріне немесе қандай да бір математикалық тұжырымдамаларға емес, объективті нысанда білдірілген шығармашылық нәтижелеріне таралады.

10-БАП
Электронды-есептегіш машиналары мен деректердің компиляциясына арналған бағдарламалар

      1. Берн конвенциясына сәйкес (1971 ж.) электронды-есептегіш машиналарына арналған бағдарламалар, бастапқы мәтінді және объектілі кодты қоса алғанда, әдеби туынды ретінде қорғалады.
      2. Мазмұнының іріктелу немесе орналасу себебіне қарай шығармашылық нәтижені білдіретін деректердің немесе өзге де материалдардың машинада оқылатын, сол сияқты басқа да нысандағы компиляциясы шығармашылық нәтижелер ретінде қорғалуға тиіс. Деректердің немесе ақпараттың өзіне таратылмайтын мұндай қорғау деректердің немесе материалдардың өздеріне қатысты біреудің авторлық құқығын қозғамайды.

11-БАП
Прокат құқығы

      Мүше, ең болмағанда, электронды-есептегіш машиналарына арналған бағдарламалар мен кинематографиялық шығармаларға қатысты, авторлар мен олардың құқықтық мирасқорларына авторлық құқықпен қорғалатын шығармалардың түпнұсқаларына немесе олардың көшірмелеріне көпшілік коммерциялық прокатқа рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын беруге тиіс. Егер коммерциялық прокат мүшенің авторларға және олардың құқықтық мирасқорларына берген қайта шығаруға қатысты айрықша құқығына айтарлықтай залал келтіретін осындай шығармалардың кең масштабты көшірілуіне әкеп соқтырмаса ғана, мүше кинематографиялық шығармаларға қатысты бұл міндеттемеден босатылады. Электронды-есептегіш машиналарына арналған бағдарламаларға қатысты бұл міндеттеме бағдарламаның өзі прокаттың негізгі объектісі болып табылмайтын жағдайда коммерциялық прокатқа таратылмайды.

12-БАП
Қорғау мерзімі

      Фотографиялық шығармалар немесе қолданбалы өнер шығармаларын қоспағанда, шығарманы қорғау мерзімі жеке тұлғаның өмірімен емес, өзге негізбен есептелетін жағдайларда, мұндай мерзім автордың келісімімен шығарма заңды түрде жарияланған күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін кемінде 50 жылды, немесе мұндай заңды түрде жариялау болмаған жағдайда, шығарма шыққаннан кейін 50 жылдың ішінде, - шығарма шыққан күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін 50 жылды құрайды.

13-БАП
Шектеулер мен алып қоюлар

      Мүшелер айрықша құқықтарға қатысты шектеулерді немесе алып қоюларды шығарманы әдеттегідей пайдалануға қайшы келмейтін және құқық иеленушінің заңды мүдделеріне негізсіз нұқсан келтірмейтін жекелеген жағдайларда жол береді.

14-БАП
Орындаушылардың, фонограмма (дыбыстық жазбаларды) шығарушылар
мен хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау

      1. Орындаушылардың өздері орындайтын жазбаларды фонограммаға жазуларына қатысты өздерінің рұқсатынсыз қабылданатын мынадай әрекеттерге жол бермеуге мүмкіндіктері бар: өздері жазып алмаған орындауын жазуға және мұндай жазбаны орындауға. Орындаушылардың өздерінің рұқсатынсыз қабылданатын мынадай әрекеттерге жол бермеуге мүмкіндіктері бар: олардың жанды дауыспен орындауын эфир арқылы таратуға және жалпыға тарату үшін жариялауға.
      2. Фонограмма шығарушылар өз фонограммаларының тікелей немесе жанама орындалуына рұқсат беруге немесе тыйым салуға құқылы.
      3. Эфир арқылы тарату ұйымдары, олардың келісімінсіз қабылданған мынадай әрекеттерге тыйым салуға құқылы: жазу, жазбаларды орындау, эфир арқылы тарату арналарынан трансляциялау, сондай-ақ мұндай жазбаларды көпшілік телевизиялық арнамен тарату. Егер мүшелер эфир арқылы тарату ұйымдарына мұндай құқықтар бермесе, олар хабарлар объектілерінің авторлық құқық иелеріне Берн конвенциясының (1971 ж.) ережелерін ескере отырып, жоғарыда атап көрсетілген іс-қимылдарға жол бермеу мүмкіндігін ұсынады.
      4. Мүшенің заңнамасында белгіленгендей, 11-баптың электронды-есептегіш машиналарына арналған бағдарламаларға қатысты ережелері фонограмма шығарушылар мен фонограмманың кез келген басқа да құқық иеленушілеріне қатысты mutatis mutandis қолданылады. Егер 1994 жылғы 15 сәуірге мүше фонограммалардың коммерциялық прокатымен байланысты құқық иеленушілерге әділ түрде сыйақы төлеудің қолданыстағы жүйесіне ие болған болса, ол фонограммалардың коммерциялық прокаты құқық иеленушілердің жазбаның орындалуына қатысты айрықша құқықтарына материалдық залал келтірмеген жағдайда, осындай жүйені сақтай алады.
      5. Осы Келісім бойынша орындаушыларға, фонограмма шығарушыларға ұсынылатын қорғау мерзімі жазба жасалған немесе орындалған күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін, ең аз дегенде, 50 жылды құрайды. 3-тармаққа сәйкес ұсынылатын қорғау мерзімі хабар болған күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін, ең аз дегенде, 20 жылды құрайды.
      6. 1, 2 және 3-тармақтарға сәйкес ұсынылатын құқықтарға қатысты кез келген мүше Рим конвенциясы рұқсат ететін көлемде шарттарды, шектеулерді, ерекшеліктер мен ескертпелерді көздей алады. Бірақ Берн конвенциясының (1971 ж.) 18-бабының ережелері сонымен қатар орындаушылар мен фонограмма шығарушылардың фонограммаларға деген құқықтарына mutatis mutandis қолданылады.

2-бөлім: Тауар таңбалары 15-БАП
Қорғалатын объектілер

      1. Бір кәсіпорынның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін басқа кәсіпорындардың тауарларынан немесе көрсететін қызметтерінен айыра алатын кез келген белгі немесе белгілердің кез келген қосындысы тауарлық таңба болуы мүмкін. Мұндай белгілер, атап айтқанда сөздер, оның ішінде адамдардың аттары, әріптер, цифрлар, бейнелеу элементтері мен түстердің қосындысы, сондай-ақ осындай белгілердің кез келген қосындысы тауарлық таңбалар ретінде тіркелуі мүмкін. Егер таңбалар тиісті тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің айырмашылықтарын білдірмейтін болса, мүшелер таңбаны тіркеу мүмкіндігін пайдалану процесінде иеленген айыра білу қабілетіне тәуелді етіп қоюы мүмкін. Тіркеу шарттары ретінде мүшелер таңбалардың визуалды қабылдану талабын қоя алады.
      2. 1-тармақ Париж конвенциясының (1967 ж.) ережелерінен алшақтамайтын жағдайда, басқа негіздер бойынша мүше тауарлық таңбаны тіркеуден бас тарта алмайтынын білдірмейді.
      3. Мүшелер тіркеу мүмкіндігін пайдалануға тәуелді етіп қоюы мүмкін. Бірақ тауарлық таңбаны іс жүзінде пайдалану тіркеуге өтінім беру үшін қойылатын шарт болып табылмайды. Болжанып отырған пайдалану өтінім берілген күнінен бастап үш жылдық кезең ішінде орын алмады деген негізде ғана өтінім кері қайтарыла алмайды.
      4. Тауарлық таңба пайдаланылуы тиіс тауарлар немесе көрсетілетін қызметтердің сипаты ешбір жағдайда тауарлық таңбаны тіркеу үшін кедергі болып табылмайды.
      5. Мүшелер әрбір тауарлық таңба туралы мәліметтерді ол тіркелгенге дейін немесе тікелей тіркелгеннен кейін жариялайды және тіркеуді жою туралы өтініштер беру үшін қисынды мүмкіндік береді. Бұдан басқа, мүшелер тауарлық таңбаны тіркеуге қарсы наразылық білдіруге мүмкіндік бере алады.

16-БАП
Берілетін құқықтар

      1. Тіркелген тауарлық таңба иесінің сауда жасау барысында үшінші тұлғаларға өзінің рұқсатынсыз тауарлық таңба тіркелген тауарлармен немесе көрсетілетін қызметтермен бірдей немесе оларға ұқсас тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін бірдей немесе оларға ұқсас белгілерді пайдалануға, мұндай пайдалану араласып кету ықтималдығының туындауына әкеп соқтыруы мүмкін жағдайда, рұқсат бермеуге айрықша құқығы бар. Бірдей тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін бірдей белгілер пайдаланылған жағдайда, араласып кету ықтималдығы бар деп есептеледі. Жоғарыда сипатталған құқықтар бұрын пайда болған, қазір қолданылып жүрген қандай да бір құқықтарға залал келтірмейді және құқықтардың бар болуын олардың пайдаланылуына тәуелді етіп қоюға қатысты мүшелердің мүмкіндігіне әсерін тигізбейді.
      2. Париж конвенциясының (1967 ж.) 6-бис бабы көрсетілетін қызметтерге mutatis mutandis қолданылады. Тауарлық таңба жалпыға мәлім болып табылатыны айқындалған жағдайда, мүше елде тауарлық таңбаның жарнамалануы нәтижесінде қол жеткізілген танымалдықты қоса алғанда, тиісті қоғамдық орталарда тауарлық таңбаның танымалдығын мүшелер назарға алады.
      3. Париж конвенциясының (1967 ж.) 6-бис бабы mutatis mutandis тауарлық таңба тіркелген тауарлар немесе көрсетілетін қызметтерден өзге тауарлар немесе көрсетілетін қызметтерге аталған тауарлар немесе көрсетілетін қызметтерге осы тауарлық таңбаны қолдану атап көрсетілген тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер мен тіркелген тауарлық таңбаның иесі арасындағы өзара байланысты көрсеткен жағдайда, және мұндай пайдалану кезінде тіркелген тауарлық таңба иесінің мүдделеріне қысым жасауы мүмкін жағдайда қолданылады.

17-БАП
Ерекшеліктер

      Мүшелер тауарлық таңбамен берілетін құқықтардан туындайтын шектелген ерекшеліктерді, мысалы, мұндай ерекшеліктер тауарлық таңбаның иесі мен үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін ескеріп отыр деген шартпен, сипаттау сөз тіркестерін адал пайдалануды көздей алады.

18-БАП
Қорғау мерзімі

      Бастапқы тіркеудің және тауарлық таңбаның әрбір жаңартылған тіркеуінің қолданылу мерзімі кемінде жеті жылды құрайды. Тауарлық таңбаны тіркеудің жаңартылу саны шектелмейді.

19-БАП
Пайдалану талабы

      1. Егер пайдалану тіркеуді күшінде ұстау талабы болып табылса, онда тіркеу тауарлық таңбаның иесі мұндай пайдалануға кедергілердің бар екенін негіздейтін дәлелді себептерді көрсетпеген жағдайда ғана, таңбаны пайдаланбаудың үздіксіз мерзімі кемінде үш жылды құраса ғана жойылуы мүмкін. Тауарлық таңба иесінің еркінен тыс туындайтын, тауарлық белгіні пайдалануға кедергі жасайтын жағдайлар, мысалы, импортты шектеу немесе мемлекеттің тауарлық таңбамен қорғалатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа да талаптары таңбаны пайдаланбау үшін дәлелді себептер ретінде танылулары тиіс.
      2. Тауарлық таңбаны пайдалану ретінде тіркеуді өз күшінде ұстау мақсаттары үшін таңба иесінің бақылауымен тауарлық таңбаны басқа адамның пайдалануы мойындалады.

20-БАП
Өзге талаптар

      Саудада тауарлық таңбаны пайдалану басқа тауарлық таңбамен бірге пайдалану, ерекше нысанда пайдалану немесе бір кәсіпорынның тауарлары немесе көрсететін қызметтерін басқа кәсіпорындардың тауарлары немесе көрсететін қызметтерінен айыра алатын қабілетіне залал келтіруі мүмкін тәсілмен пайдалану сияқты арнайы талаптармен негізсіз шектелмеуі тиіс. Бұл тауарлар шығаратын немесе қызметтерді көрсететін кәсіпорынмен сәйкес келетін тауарлық таңбаны аталған кәсіпорынның белгілі бір тауарларын немесе көрсететін қызметтерін айыратын тауарлық таңбамен бірге, бірақ байланыспаған түрде пайдалануды бұйыратын талаптардардың күшін жоймайды.

21-БАП
Лицензиялар беру және құқықтарды табыстау

      Мүшелер тауарлық таңбаларды пайдалануға лицензиялар берудің және тауарлық таңбаларға берілетін құқықтарды табыстаудың шарттарын айқындай алады; бұл ретте тауарлық таңбаларды пайдалануға лицензияларды мәжбүрлеп беруге рұқсат етілмейтіні және тіркелген тауарлық таңба иесінің тауарлық таңба тиесілі кәсіпорынды берумен бірге, немесе мұндай берусіз тауарлық таңбаға берілетін құқықтарды табыстауға құқығы бар деп түсініледі.

3-бөлім: Географиялық нұсқаулар 22-БАП
Географиялық нұсқауларды қорғау

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін географиялық нұсқаулар тауардың белгіленген сапасы, беделі немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде географиялық орналасу жерімен байланысты тауарды мүшенің аумағынан немесе осы аумақтың өңірінен немесе жергілікті орнынан шыққан тауар ретінде сәйкестендіретін белгілеулер болып табылады.
      2. Мүшелер географиялық нұсқауларға қатысты мүдделі тараптарға мынаны болдырмауға мүмкіндік беретін құқықтық шараларды көздейді:
      (а) тауарды белгілеу немесе оның тұсау кесері кезінде осы тауардың географиялық шыққан жеріне қатысты жұртшылықты жаңылдыратындай нағыз шыққан жерінен ерекшеленетін географиялық ауданнан шығатынын көрсететін немесе сондай ой тудыратын кез келген құралдарды пайдалануды;
      (b) Париж конвенциясының (1967 ж.) 10-бис бабының мағынасы бойынша жосықсыз бәсекелестік актісін білдіретін кез келген пайдалануды.
      3. Еx officio мүшесі, бұл оның заңнамасымен рұқсат етілген болса, немесе мүдделі тараптың сұрауы бойынша егер осындай тауарлар үшін тауарлық таңбада географиялық нұсқауды пайдалану осы мүшеде шынайы шыққан жеріне қатысты жұртшылықты жаңылдыратындай сипатқа ие болса, көрсетілген аумақтан шықпаған тауарларға қатысты географиялық нұсқауды қамтитын немесе географиялық нұсқаудан тұратын тауарлық таңбаны тіркеуден бас тартады немесе тіркелуін жарамсыз деп таниды.
      4. 1, 2 және 3-тармақтарға сәйкес қорғау тауарлар шығатын аумаққа, өңірге немесе жергілікті орынға қатысты шын деп танылатын, бірақ жұртшылыққа тауарлардың шығу орны басқа аумақ болып табылады деген жалған түсінік беретін географиялық нұсқауға қарсы қолданылады.

23-БАП
Шараптар мен күшті спирт ішімдіктері үшін географиялық
нұсқауларды қосымша қорғау

      1. Әрбір мүше географиялық нұсқауда атап көрсетілген жерінен шықпаған шараптар үшін шарапты сәйкестендіретін географиялық нұсқауды немесе осы географиялық нұсқауда көрсетілген жерінен шықпаған күшті спирт ішімдіктері үшін күшті спирт ішімдіктерін сәйкестендіретін географиялық нұсқауды, осы тауарлардың шынайы шыққан жері көрсетілсе де, немесе географиялық нұсқау аудармасымен бірге қолданылса, немесе «түрінде», «типінде», «стилінде», «имитация» немесе “осындайларға ұқсас” сөздермен сүйемелденсе де, географиялық нұсқаудың пайдаланылуын тоқтату үшін мүдделі тараптарға үшін құқықтық шараларды көздейді4.
      2. Егер бұл мүшенің заңнамасымен рұқсат етілген болса, не ex officio, не осындай географиялық нұсқауы жоқ шараптарға немесе күшті спирт ішімдіктеріне қатысты мүдделі тараптың сұрауы бойынша шарапты сәйкестендіретін географиялық нұсқауды қамтитын, немесе одан тұратын шараптарға арналған тауарлық таңбаны, немесе күшті спирт ішімдіктерін сәйкестендіретін географиялық нұсқауды қамтитын, немесе одан тұратын күшті спирт ішімдіктеріне арналған тауарлық таңбаны тіркеуден бас тартылады, немесе тіркеу жарамсыз деп танылады.
      3. Шараптар үшін бірдей географиялық нұсқаулар болған жағдайда, 22-баптың 4-тармағының ережелері сақтала отырып, әрбір нұсқауға қорғау ұсынылады. Әрбір мүше практикалық шарттарды айқындайды, осы шарттарға сәйкес мүдделі өндірушілер үшін әділ режимді қамтамасыз ету және тұтынушыларды жаңылыстыруды тоқтату қажеттілігін назарға ала отырып, бірдей нұсқаулар бір-бірінен ерекшеленетін болады.
      4. Шараптарға арналған географиялық нұсқауларды қорғауды жеңілдету мақсатында ТРИПС жөніндегі Кеңесте осы жүйеге қатысатын мүшелердегі қорғауды қажет ететін шараптарға арналған географиялық нұсқаулардың хабарламалары мен оларды тіркеудің көпжақты жүйесін құруға қатысты келіссөздер жүргізілетін болады.
__________________
4 42-баптың бірінші сөйлеміне қарамастан, бұл міндеттемелерге қатысты мүшелер олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін міндеттемелердің орнына әкімшілік шаралар көздей алады.

24-БАП
Халықаралық келіссөздер; ерекшеліктер

      1. Мүшелер 23-бапқа сәйкес жекелеген географиялық нұсқауларды қорғауды күшейту мақсатында келіссөздер жүргізу жөнінде уағдаласады. 4-8-тармақтардың төменде атап көрсетілген ережелерін мүше келіссөздер жүргізуден немесе екіжақты немесе көпжақты келісімдер жасасудан бас тарту үшін пайдаланбауы тиіс. Мұндай келіссөздер шеңберінде пайдаланылуы осындай келіссөздердің мәні болатын жекелеген географиялық нұсқауларға қатысты осы ережелерді тұрақты түрде қолдану мәселесін мүшелер қарастыруға дайын болулары тиіс.
      2. ТРИПС жөніндегі Кеңес осы бөлім ережелерінің қолданылуын тұрақты қарастыратын болады; мұндай бірінші қарастыру ДСҰ Келісімі күшіне енгеннен кейін екі жыл ішінде болуға тиіс. Осы ережелерден туындайтын міндеттемелердің сақталуын қозғайтын кез келген мәселе, мүшенің сұрауы бойынша мүдделі тараптар арасындағы екіжақты немесе көпжақты консультациялар арқылы қанағаттанарлық шешімге келу мүмкін емес мәселеге қатысты кез келген мүшемен немесе мүшелермен консультация жүргізетін Кеңеске шығарылуы мүмкін. Кеңес осы бөлімнің қолданылуына және оның мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ету үшін келісілетін іс-қимылдарды қабылдайды.
      3. Осы бөлімді қолдана отырып, ДСҰ Келісімі күшіне енетін күннің алдында мүше өзінде болған географиялық нұсқаулардың қорғалуын бәсеңдетпейді.
      4. Осы бөлімде еш нәрсе мүшеден осы мүшенің аумағында осындай географиялық нұсқауды осындай тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты, немесе олармен байланысты тұрақты түрде не (а) 1994 жылғы 15 сәуірдің алдындағы ең аз дегенде, 10 жыл ішінде, не (b) атап көрсетілген күнге дейін адал пайдаланған, оның аумағында тұратын өз азаматтарының немесе адамдарының біреуінің тауарлар немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа мүшенің шарапты немесе күшті спирт ішімдіктерін сәйкестендіретін басқа мүшенің географиялық нұсқауын жалғаспалы және ұқсас пайдалануына кедергі жасауын талап етпейді.
      5. Егер тауарлық белгіні тіркеу өтініші немесе оны тіркеу адал жүзеге асырылған болса, немесе егер тауарлық таңбаға берілетін құқықтарды тауарлық таңбаны адал пайдалану жолымен иеленген болған болса, не:
      (а) VI бөлігінде айқындалғандай, мұндай ережелер осы мүшеде қолданылған күнге дейін, не
      (b) географиялық нұсқау шыққан елде қорғалғанға дейін болған болса,
      осы тарауды орындау үшін қабылданатын шаралар, мұндай тауарлық таңба шыққан елдің географиялық нұсқауымен бірдей немесе оған ұқсас екендігін негізге ала отырып, тауарлық белгіні тіркеу үшін оның қолайлылығына немесе жарамдылығына, немесе тауарлық белгіні пайдалану құқығына шек қоймайды.
      6. Осы бөлімде еш нәрсе мүшеден аталған мүшенің аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы қабылданған атаулары ретінде ауызекі тілдегі үйреншікті бірыңғай терминге тиісті сілтемесі сәйкес келетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін кез келген басқа мүшенің географиялық сілтемесіне қатысты ережені қолдануын талап етпейді. Осы бөлімде еш нәрсе мүшеден тиісті географиялық сілтемесі аталған мүшенің аумағында бар жүзім сұрпының үйреншікті атауына сәйкес келетін ДСҰ Келісімнің күшіне ену күніне жүзімнен жасалған өнім үшін кез келген басқа мүшенің географиялық сілтемесіне қатысты ережені қолдануын талап етпейді.
      7. Мүше тауар таңбасын пайдалану немесе тіркеумен байланысты осы бөлімнің негізінде жасалған кез келген сұрау қорғалатын географиялық нұсқау тіркелмеді немесе адал тіркелмеді деп аталған мүшеге оны заңсыз пайдалану туралы кеңінен белгілі болған күннен ерте болған күні тауар таңбасы жарияланған деген шартпен, географиялық нұсқау заңсыз пайдаланғаны туралы кеңінен белгілі болған, немесе аталған мүшеде тауар таңбасын тіркеген күннен бастап бес жыл ішінде берілуі тиіс екендігін көздеуі мүмкін.
      8. Осы бөлімнің ережелері атауы қоғамды жаңылыстыратын жағдайларды қоспағанда, кез келген тұлғаның сауда барысында өз атын немесе өзінің іскер бастамашысы атын пайдалану құқығына ешқандай нұқсан келтірмейді.
      9. Осы Келісім қорғалмайтын немесе шыққан елінде қорғалуы тоқтатылған, не осы елде қолданыстан шыққан географиялық нұсқауларды қорғау бойынша міндеттеме тудырмайды.

4-бөлім: Өнеркәсіптік үлгілер 25-БАП
Қорғауды ұсыну шарттары

      1. Мүшелер тәуелсіз жаңадан жасалған немесе түпнұсқалы өнеркәсіптік үлгілерге қорғауды ұсынады. Егер үлгілер белгілі үлгілерден, немесе олардың өздеріне тән белгілі комбинацияларынан едәуір түрде ерекшеленбейтін болса, мүшелер үлгілердің жаңа немесе түпнұсқалы болып табылмайтынын көздей алады. Мүшелер жасалуы ең алдымен техникалық немесе функционалдық пайымдауларға негізделген үлгілерге қорғаудың қолданылмайтынын көздей алады.
      2. Әрбір мүше, атап айтқанда, кез келген шығындарға, сараптамаға немесе жарияланымға қатысты, текстильді үлгілерді қорғауды қамтамасыз ету шарттары мұндай қорғауды ұсынуға және оны алуға қол жеткізу мүмкіндігіне негізсіз кедергі келтірмеуіне кепілдік береді. Мүшелер өнеркәсіптік үлгілер туралы заңнама мен авторлық құқық туралы заңнама арқылы бұл міндеттемені сақтауға еркін.

26-БАП
Қорғау

      1. Қорғалатын өнеркәсіптік үлгінің иесі үшінші тұлғаға егер мұндай әрекеттер коммерциялық мақсатта қолданылатын болса, оның келісімінсіз қорғалатын үлгіден толықтай немесе белгілі бір дәрежеде көшіріп алынған үлгіні білдіретін немесе қамтитын бұйымды өндіруге, сатуға немесе әкелуге кедергі қоюға құқылы.
      2. Мүшелер үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін есепке ала отырып, егер мұндай ерекшеліктер қорғалатын өнеркәсіптік үлгілерді әдеттегідей қолданумен негізсіз қарама-қайшылыққа түспеген, және қорғалатын үлгі иесінің заңды мүдделеріне негізсіз нұқсан келтірмеген жағдайда, өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудан шектеулі ерекшеліктерді көздей алады.
      3. Ұсынылатын қорғаудың қолданылу мерзімі кемінде 10 жылды құрайды.

5-бөлім: Патенттер 27-БАП
Патенттелетін объектілер

      1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін сақтай отырып, патенттер жаңалыққа ие болатын, өнертабыс деңгейін қамтитын және өнеркәсіпте қолданыла алатын, техниканың барлық саласында өнім немесе тәсіл болып табылатынына қарамастан, кез келген өнертабысқа беріледі5. 65-баптың 4-тармағының, 70-баптың 8-тармағының және осы баптың 3-тармағының ережелері сақталған жағдайда патенттер беріледі, және патентке негізделген құқықтар өнертабыстың жасалу орнына, техника саласына, сондай-ақ өнімдердің әкелінетініне немесе сол жерде шығарылатынына қарамастан, іске асырылуы мүмкін.
      2. Мүшелер адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарлар немесе өсімдіктерді қорғауды қоса алғанда, патенттелетін саладан өз аумағы шегінде қоғамдық тәртіп пен моральді қорғау үшін немесе қоршаған ортаға қатерлі зиян келтірмес үшін,алып тастау тек өз заңнамаларында қолдануға тыйым салынғандығы себебінен болмаған жағдайда, коммерциялық пайдалануы болдырмауды қажет ететін өнертабыстарды алып тастай алады.
      3. Мүшелер сондай-ақ патенттелетін саладан мыналарды алып тастай алады:
      (а) адамдарды немесе жануарларды диагностикалық, терапиялық немесе хирургиялық емдеу әдістері,
      (b) микроорганизмдерден басқа, өсімдіктер мен жануарлар, сондай-ақ биологиялық емес және микробиологиялық әдістерден басқа, негізінде өсімдіктерді немесе жануарларды биологиялық өсіру әдістері. Бірақ мүшелер өсімдіктер сұрпын қорғауды патентпен немесе sui generis тиімді жүйесін қолдану арқылы, немесе кез келген олардың үйлесімін қолдана отырып көздейді. Осы тармақтың ережелері ДСҰ туралы Келісім күшіне енген күннен кейін төрт жыл өткен соң қайта қарауы тиіс.
______________________
5 Осы баптың мақсаттары үшін «өнертабыс деңгейі» мен «өнеркәсіпте қолданылатын» деген сөздерді мүшелер «айқын емес» және «пайдалы» деген сөздерге сәйкес келетін синонимдер деп санай алады.

28-БАП
Берілетін құқықтар

      1. Патент өз иесіне мынадай айрықша құқықтар береді:
      (а) егер патенттің объектісі өнім болып табылса, - иесінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға мынадай әрекеттерді жасауға кедергі келтіру: жасау, пайдалану, сату үшін ұсыну, сату немесе осы мақсаттар үшін аталған өнімді әкелу6;
      (b) егер патенттің объектісі тәсіл болып табылса, - иесінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға тәсілді пайдалану бойынша әрекет етуге, сондай-ақ мынадай әрекеттерді жасауға кедергі келтіру: пайдалану, сату үшін ұсыну, сату немесе, кем дегенде, тікелей аталған тәсілмен алынған өнімді осы мақсаттар үшін әкелу.
      2. Патент иелері сондай-ақ патентті беруге, оны мұрагерлік бойынша беруге және лицензиялық шарттар жасасуға құқылы.
________________________
6 Тауарларды пайдалану, сату, кіргізу және басқадай үйлестіруге қатысты осы Келісімге сәйкес берілетін құқықтар сйяқты осы құқық та 6 баптың ережелерімен реттеледі.

29-БАП
Патентті беру үшін өтініш берушіге қойылатын талаптар

      1. Мүшелер патентті беру үшін өтініш берушіге өнертабысты осы саладағы маманның іске асыра алуы үшін жеткілікті анық және толық ашуын талап етеді, және өтініш беруші өтініш берген күнге белгілі немесе егер артықшылық сұралса, өтініштің артықшылық күніне белгілі өнертабысты жүзеге асырудың үздік тәсілін ашуды талап етулері мүмкін.
      2. Мүшелер патент беруге өтініш берушіден шетелде берілген өтінішдері туралы және басқа елдерде алған патенттері туралы мәлімет беруді талап ете алады.

30-БАП
Ұсынылатын құқықтардың ерекшеліктері

      Егер мұндай ерекшеліктер патентті қалыпты қолданумен негізсіз қарама-қайшылыққа түспесе, және үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін есепке ала отырып, патент иесінің заңды мүдделеріне негізсіз шек қоймаса, мүшелер патент арқылы ұсынылатын артықшылық құқықтарынан шектеулі ерекшеліктерді қарастырулары мүмкін.

31-БАП
Патент иесінің рұқсатынсыз пайдаланудың басқа түрлері

      Егер мүшенің заңнамасы мемлекеттің немесе мемлекет өкілеттілік берген үшінші тұлғалардың пайдалануын қоса алғанда, құқық иесінің рұқсатынсыз патент объектісін басқаша пайдалануына рұқсат берсе7, мынадай ережелер сақталуы тиіс:
      (а) мұндай пайдалануға арналған рұқсат заттың ерекше сипаттамаларына негізделуі тиіс;
      (b) мұндай пайдалану тек осындай қолдануға дейін болжамды қолданушы құқық иеленушіден орынды коммерциялық шарттармен рұқсат алуға талпыныс жасап, орынды уақыт аралығында бұл талпыныстар сәтсіз болса, рұқсат етілуі мүмкін. Бұл талапты мүше елдегі төтенше жағдайда немесе өзге де аса қажеттілік жағдайларында, немесе мемлекеттің коммерциялық емес пайдалануы жағдайында алып тастауы мүмкін. Елдегі төтенше жағдайда немесе өзге де аса қажеттілік жағдайларында құқық иесіне, дегенмен, бұл туралы неғұрлым тез арада хабарлама жіберілу қажет. Мемлекеттің коммерциялық емес пайдалануы жағдайында, егер үкімет немесе мердігер, патентті іздеуді жүргізбестен, қолданыстағы патентті мемлекетпен немесе оның мүддесінде пайдаланатынын білсе немесе білуге дәлелденген негізі болса, құқық иесіне осы туралы тез арада хабарлама жіберілуі тиіс;
      (с) мұндай пайдаланудың көлемі мен ұзақтығы рұқсат етілген мақсаттармен шектеледі және жартылай өткізгіш технологиясы жағдайында ол мемлекеттің коммерциялық емес қолдануында болуы керек, немесе соттық немесе әкімшілік рәсімдер нәтижесінде бәсекеге қарсы деп танылған практиканы түзетуге арналған болуы керек;
      (d) мұндай пайдалану айрықша болып табылмайды;
      (e) мұндай пайдалану цессиялануға жатпайды, тек осындай қолданысты пайдаланатын кәсіпорын бөлігі немесе оның материалдық емес активтерімен бірге болмаса;
      (f) кез келген мұндай пайдалануға бірінші кезекте мұндай пайдалануға рұқсат беретін мүшенің ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жол беріледі;
      (g) мұндай пайдалануға рұқсат осындай рұқсат алған тұлғалардың заңды мүдделерін тиісінше сақтау кезінде, егер және қашан осыған әкелген жағдайлар өмір сүруін тоқтатса және олардың қалпына келуінің ықтималдығы аз болса, күшін жояды. Құзыретті билік дәлелді өтініш бойынша бұл жағдай әлі де тіршілік ететінін қайта қарау өкілеттілігіне ие болуы тиіс;
      (h) құқық иеленушіге әрбір жағдайды, және рұқсаттың экономикалық бағасын ескере отырып, лайықты сыйақы төленеді;
      (i) мұндай пайдалануға рұқсат беруге қатысты кез келген шешімнің заңдық күші соттың қайта қарауының, немесе аталған мүшенің өзге жекелеген жоғарғы билік органының тәуелсіз қайта қарауының тақырыбы болуы мүмкін;
      (j) осындай пайдалануға қатысты көзделген сыйақыға байланысты кез келген шешім соттың қайта қарауының, немесе аталған мүшенің басқа да жекелеген тәуелсіз жоғарғы билік органның тәуелсіз қайта қарауының тақырыбы болуы мүмкін;
      (k) мүшелер (b) және (f) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды, егер мұндай пайдалану соттық немесе әкімшілік рәсімдер нәтижесінде бәсекеге қарсы деп танылған практиканы түзету үшін рұқсат етілген жағдайларда, қолдануға міндетті емес. Бәсекеге қарсы практиканы түзету қажеттілігі осындай жағдайларда сыйақы мөлшерін анықтаған кезде назарға алынуы мүмкін. Өкілетті органдар осындай рұқсат беруге алып келген жағдайлардың қайталану мүмкіндігі болса рұқсат беруді жоюдан бас тарту құқығына ие болуы керек;
      (l) егер осындай пайдалану басқа патентті («бірінші патент») бұзбай пайдалануы мүмкін емес патентті («екінші патент») пайдалануға рұқсат етсе, келесі қосымша шарттар қолданылады:
      (i) екінші патентте мәлімделген өнертабыс бірінші патентте мәлімделген өнертабыспен салыстырғанда зор экономикалық маңызы бар айтарлықтай техникалық жетістікке ие болуы керек;
      (ii) бірінші патенттің иеленушісі екінші патентте мәлімделген өнертабысты пайдалану үшін орынды шарттармен тоғыспалы лицензияға құқығы болуы керек; және
      (iii) бірінші патентке қатысты рұқсат етілген пайдалану екінші патентке құқық беруді қоспағанда, цессиялануға жатпайды.
_______________________
7 «Басқаша пайдалану» 30-баптың негізінде рұқсат етілген пайдаланудан өзгеше кез келген пайдалануға қатысты.

32-БАП
Патентті жою/патент құқығынан айыру

      Патентті жою немесе патент құқығынан айыру туралы кез келген шешім сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.

33-БАП
Қорғау мерзімі

      Берілетін қорғау мерзімі өтінім берілген күннен бастап санағанда 20 жыл мерзім өтпегенше аяқталмайды.

33-БАП
Тәсілдерге арналған патент: дәлелдеу ауыртпалығы

      1. 28 баптың 1(b) тармағында көрсетілген иеленуші құқығының бұзылуы жөнінде азаматтық сот өндірісі үшін, егер патент объектісі болып өнімді алу тәсілі болса, сот органдары жауапкерден ұқсас өнімді өндіру тәсілінің патенттелген тәсілден өзгешелігін дәлелдеуді талап етуге құқылы. Осының салдарынан мүшелер кем дегенде келесі жағдайлардың бірінде патент иесінің келісімінсіз өндірілген кез келген ұқсас тауарлар, оған қарсы жақтан дәлелдеме жоқ болса, патенттелген тәсілмен алынған деп есептеледі8:
      а. Егер патенттелген тәсілмен алынған өнім жаңа болса;
      б. Егер ұқсас өнім тап осы тәсілді қолдану арқылы дайындалғандығының айтарлықтай ықтималдығы болса, патент иесі, қисынды күш сала отырып шын мәнінде қандай процесс қолданылғанын анықтауға дәрменсіз болса.
      2. Кез келген мүше өзінің таңдауы бойынша жорамалданған бұзушыға дәлелдеу ауыртпалығы тек 1-тармақта аталған (а) тармағында көрсетілген шарт орындалса немесе (b) тармағында көрсетілген шарт орындалған жағдайда ғана артылуы керектігін көздеуі мүмкін.
      3. Қарсы жақтан дәлелдемелерді ұсынған кезде жауапкерлердің өз өндірістік және коммерциялық құпияларын қорғау бойынша заңды мүдделері ескеріледі.
_____________________
8 Бастапқы патентті беру жүйесі жоқ мүшелер қорғау мерзімі бастапқы патент беру жүйесіне өтінім берілген күннен бастап есептелетінін көздей алатыны түсініледі.

6-бөлім: Интегралды микросхемалар топологиясы (топографиясы) 35-БАП
ИСИМ Шартымен байланыс

      Мүшелер интегралды микросхемалар топологиясын (топографиясын) (осы Келісімде бұдан әрі – «топология») интегралдық микросхемаларға қатысты зияткерлік меншік туралы Келісімнің 2-7 баптары (6-баптың 3-тармағынан басқа), 12-бабы және 16-баптың 3-тармағына сәйкес қорғауды қамтамасыз етуге, бұдан басқа, мынадай жағдайларды орындауға келіседі.

36-БАП
Қорғау көлемі

      Мүшелер 37-баптың 1-тармағын орындай отырып, құқық иеленушінің9 рұқсатынсыз орындалса, келесі әрекеттерді заңсыз деп тануы қажет: қорғалатын топологияны, қорғалатын топологиясы бар интегралдық микросхемаларды, немесе тек оларда заңсыз қалпына келтірілген топологиясы қалғандықтан, құрамында осындай микросхемасы бар өнімдерді енгізу, сату немесе коммерциялық мақсаттарда өзге де тарату.
______________________
9 «Құқық иеленуші» сөзі осы бөлімде ИСИМ шартындағы «өкілетті тұлға» мағынасында түсініледі.

37-БАП
Құқық иеленушінің рұқсатын талап етпейтін әрекеттер

      1. 36–бапқа қарамастан, бірде бір мүше аталған бапта көрсетілген заңсыз қалпына келтірілген топологиялы интегралды микросхемаға, сондай ақ құрамында осындай интегралды микросхемасы бар кез келген өнімге қатысты, егер осындай әрекеттер жасайтын немесе ол туралы бұйрық беретін тұлға интегралды микросхеманы немесе құрамында осындай интегралды микросхемасы бар өнімді сатып алғанда мұнда заңсыз қалпына келтірілген топология қосылғанын білмесе, және білуге орынды негіз болмаса, аталған бапта көрсетілген кез келген әрекеттері заңсыз деп танымауы керек. Мүшелер тұлға заңсыз қалпына келтірілген топология туралы жеткілікті мәліметі бар хабарлама алған соң, осы тұлға қолда бар қорға немесе осы уақытқа дейін тапсырылыс берілген өнімдерге қатысты кез келген әрекеттерді орындай алады, алайда құқық иеленушіге осындай топологияға келісімдік лицензия бойынша төленуі мүмкін орынды аударымдарға баламалы бағаны төлеуге міндетті екенін қарастырады.
      2. 31-баптың (а)-(к) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар mutatis mutandis топологияны кез келген еріксіз лицензиялау немесе оны мемлекеттің пайдалануы немесе құқық иеленушінің рұқсатынсыз мемлекеттің мүддесінде пайдалану жағдайында қолданылады.

38-БАП
Қорғау мерзімі

      1. Қорғауды ұсынудың шарты ретінде тіркеуді талап ететін мүшелер, топологияны қорғау мерзімі тіркеуге өтінім берген күннен бастап немесе әлемде іске асқан алғашқы коммерциялық пайдалану күнінен бастап санағанда 10 жыл мерзімі ішінде аяқталмауы тиіс екенін көздейді.
      2. Қорғауды ұсынудың шарты ретінде тіркеуді талап етпейтін мүшелер, топологияны қорғаудың мерзімі әлемде іске асқан алғашқы коммерциялық пайдалану күнінен бастап кем дегенде 10 жылды құрайтынын көздейді.
      3. 1 және 2-тармақтарға қарамастан, мүше топологияны жасағаннан кейін 15 жылдан кейін қорғау тоқтатылатынын көздеуі мүмкін.

7-бөлім: Жабық ақпаратты қорғау 39-БАП

      1. Париж конвенциясының (1967 ж.) 10-бис бабында көзделгендей, адал емес бәсекелестіктен тиімді қорғауды қамтамасыз ету процесінде мүшелер 3-тармаққа сәйкес үкіметке немесе мемлекеттік органдарға тапсырылған жабық ақпаратты қорғайды.
      2. Жеке және заңды тұлғаларға заңды түрдегі олардың қарамағындағы ақпараттың олардың келісімінсіз жария болуына, адал коммерциялық тәжірибеге қайшы келетін тәсілмен10 басқа тұлғалардың алуына немесе пайдалануына бөгет жасау мүмкіндігі беріледі, егер мұндай ақпарат:
      (а) құпиялы мағынада тұтастай немесе белгілі бір конфигурацияда және оның құрамдауыштарын іріктеген кезде әдетте осындай ақпаратпен жұмыс істейтін ортадағы адамдарға жалпы таныс және жеңіл қол жетімді емес болып табылса;
      (b) өзінің құпиялылығы себебінен коммерциялық құндылыққа ие болса; және
      (с) осы ақпаратты заңды түрде бақылайтын тұлға тарапынан оның құпиялылығын сақтауға бағытталған осы жағдайлардағы тиісті шаралардың тақырыбы болып табылса.
      3. Мүшелер құрамында жаңа химиялық заттар қолданатын фармацевтикалық немесе агрохимиялық өнімдерді сатуға рұқсат берудің талабы ретінде алынуы елеулі күш-жігер жұмсауды қажет ететін, сынақтар және өзге де деректер туралы жабық мәліметті ұсынуды талап ете отырып, осындай мәліметті адал емес коммерциялық пайдаланудан қорғайды. Бұдан басқа, мүшелер осындай деректерді қоғамды қорғау мүддесі үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда жария болудан қорғайды, немесе шаралар қолданылмаса, осы деректердің жосықсыз коммерциялық пайдаланудан қорғалатынына кепілдік береді.
___________________
10 Осы қағиданың мақсаттары үшін «адал коммерциялық тәжірибеге қайшы келетін тәсіл» түсінігі кем дегенде шартты бұзу, сенімді ақтамау немесе сенімнің бұзылуына ықпал ету тәжірибесін білдіреді және осындай ақпаратты сатып алу осындай тәжірибені білдіретіні белгілі болған, немесе өрескел ұқыпсыздықтың салдарынан белгілі болмаған үшінші тұлғалармен жабық ақпаратты сатып алуды қамтиды.

8-бөлім: Келісімдік лицензиялар арқылы бәсекелестікке
қарсы практикаға бақылауды жүзеге асыру 40-БАП

      1. Мүшелер лицензиялық практиканың немесе бәсекелестікті шектейтін зияткерлік меншік құқықтарына жататын шарттардың кейбір түрлері саудаға кері әсер етуі және технологияларды беру мен таратуға кедергі жасауы мүмкін екендігіне келіседі.
      2. Осы Келісімдегі еш нәрсе мүшелердің өз заңнамасында тиісті нарықтағы бәсекелестікке қолайсыз әсер ете отырып жекелеген жағдайларда зияткерлік меншік құқықтарын теріс пайдалануы мүмкін лицензиялық практика немесе шарттар түрлерін көрсетулеріне кедергі жасамайды. Жоғарыда көзделгендей, мүше осы Келісімнің басқа ережелеріне сәйкес аталған мүшенің, тиісті заңдары мен қағидалары аясында, мысалы, лицензияны сатып алушының техникалық ақпаратты лицензияны сатушыға қайтадан беруінің ерекше шарттарын, заңды күшін дәлелдеуінің алдын алатын шарттарды және мәжбүрлі лицензиялық шарттардың пакетін қамтуы мүмкін практиканың алдын алудың немесе бақылаудың тиісті шараларын қабылдай алады.
      3. Әрбір мүше сұрау бойынша консультация туралы сұрау жасалған елдің азаматы болып табылатын, немесе оның аумағында тұратын зияткерлік меншик құқықтарының иесі олардың әр қайсысы заңға сәйкес бастай алатын кез келген әрекеттерге, және олар еркін түрде түпкілікті шешім қабылдауына зардабын тигізбей, осындай заңнаманың сақталуын қамтамасыз еткісі келетін, аталған тарауда қарастырылатын мәселелер бойынша консультацияларға сұрау салғысы келетін мүшенің заңдары мен ережелерін бүза отырып қызмет жасайды деген негіздері бар кез келген басқа мүшемен консультацияға түседі. Сұрау жасалған мүше сұрауды жіберген мүшемен консультацияларға лайықты және оң ниетпен қарайды және сұрау беруші мүшемен осындай консультациялар үшін жеткілікті мүмкіндіктер береді, сондай-ақ ұлттық заңнаманы сақтаған және сұрау салушы мүшенің осы ақпараттың құпиялылығына қатысты өзара қолайлы келісімдерді жасасу жағдайында, талқыланатын мәселе бойынша қолжетімді құпия емес ақпараттар және қолында бар басқа да ақпаратты ұсыну жолымен ынтымақтастық жасайды.
      4. Егер бір мүшенің азаматтары немесе немесе аумағында тұратын тұлғалар осы бөлімнің мәні бойынша басқа мүшенің аумағында заңдары мен ережелерін болжамды бұзуына байланысты сот рәсімдеріне тартылса, онда бірінші мүшеге сұрау бойынша басқа осындай мүшемен 3-тармақта көзделген шарттарға сәйкес консультациялар өткізу мүмкіндігін береді.

III-БӨЛІК 1-бөлім: Жалпы міндеттемелер 41-БАП

      1. Мүшелер өз заңнамаларының одан арғы бұзушылықтарды болдырмауға арналған құқықтық санкциялар болып табылатын құқықтық қорғау құралдары мен бұзушылықтарды болдырмау үшін құқықтық қорғаудың жедел құралдарын қоса алғанда, осы Келісім таралатын зияткерлік меншік құқығының кез келген бұзылуына қарсы бағытталған тиімді әрекеттерді қолдануға мүмкіндік беретін, осы бөлімде айтылғандай, зияткерлік меншік құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша рәсімдерді көздеуін қамтамасыз етеді. Бұл рәсімдер заңды саудада кедергілерді жасамайтындай және оларды асыра пайдалануға қарсы қорғауды қамтамасыз ететіндей қолданылады.
      2. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтауды қамтамасыз ететін рәсімдер барлығына тең және әділетті болуы тиіс. Олар шамадан тыс күрделі немесе өте қымбат болмауы тиіс және мерзімді негізсіз ұлғайтуға немесе заңсыз кідірістерге әкеп соқпауы тиіс.
      3. Істің мәні бойынша шешімдер жазбаша нысанда және дәлелді болғаны дұрыс. Олар ең болмаса дәлелсіз кідіріссіз сотта іс қарауға қатысатын тараптарға ұсынылады. Істің мәні бойынша шешімдер тек тараптарға өз ойларын айтуға мүмкіндік берілген дәлелдемелерге ғана негізделуі тиіс.
      4. Сот талқылауының тараптарының сот органдарының түпкілікті әкімшілік шешімдерін және істің маңыздылығына қатысты мүше заңнамасының юрисдикциялық ережелерін сақтай отырып, кем дегенде істің мәні бойынша бастапқы сот шешімдерінің құқықтық аспектілерін қайта қарауды талап ету мүмкіндігі болуы тиіс. Бірақ қылмыстық істердегі ақтау шешімдерін қайта қарау мүмкіндігін ұсыну міндеттемелері болмауы тиіс.
      5. Осы бөлім жалпы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ететін сот жүйесінен ерекше зияткерлік меншік құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған сот жүйесін жасау бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді көздемейтінін, сондай ақ мүшелердің жалпы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі құзыретін қозғамайтынын білдіреді. Осы бөлікте ештеңе зияткерлік меншік құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мен жалпы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету арасындағы құралдарды бөлуге қатысты қандай да болмасын міндеттемелерді туғызбайды.

2-бөлім: Азаматтық-құқықтық және әкімшілік рәсімдер мен
сот қорғауының құралдары 42-БАП
Тең және әділетті рәсімдер

      Мүшелер құқық иелеріне11 осы Келісімде көзделген кез келген зияткерлік меншік құқығын сақтауды қамтамасыз ету үшін азаматтық сот рәсімдеріне жүгіну мүмкіндігін ұсынады. Жауапкерлер талап етудің негіздерін қоса алғанда жеткілікті егжей-тегжейді қамтитын уақтылы жазбаша хабарлама алуға құқылы. Тәуелсіз заңды кеңесшілер тараптардың өкілі болуға құқылы және рәсімдер міндетті жеке қатысуға қатысты шамадан тыс ауыртпалық тудыратын талаптарды енгізбеуі тиіс. Осындай рәсімдердің барлық тараптарына өз талаптарын негіздеу және осыған қатысты барлық дәлелдемелерді ұсыну құқығы тиісті түрде берілуі тиіс. Рәсім қолданыстағы конституциялық талаптарға қайшы келмесе ғана, құпия ақпаратты сәйкестендіру және қорғау құралдарын көздейді.
___________________
11 Осы бөлік мақсатында «құқық иесі» термині осындай құқықтарды иеленуге рұқсат беретін ұүұыұтыұ мәртебесі бар федерациялар мен ассоциацияларды қамтиды.

43-БАП
Дәлелдемелер

      1. Егер тарап өз талаптарын нығайтуға жетерліктей барынша қолжетімді дәлелдемелер ұсынса және қарсы тараптың бақылауындағы өз талаптарын негіздеуге қатысты дәлелдемелерді көрсетсе, онда сот органы тиісінше жағдайларда құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ететін шарттарды сақтай отырып, қарсы тараптың осы дәлелдемелерді ұсынуына ұйғарым жасайтын сот бұйрығын шығаруға құқылы.
      2. Сот талқылауына қатысатын тарап қасақана және дәлелсіз себептермен қажетті ақпаратқа рұқсат бермеген жағдайда немесе орынды мерзім ішінде оны ұсынбаса, не құқықты сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларға жататын рәсімдерді өткізуді біршама қиындатса, мүше сот органдарына тараптарға өтініштер немесе дәлелдемер жөнінде тыңдалу мүмкіндігі берілген жағдайда, ақпаратқа рұқсат бермеу жағымсыз ықпал еткен тараптың шағымын немесе өтінішін қоса алғанда, ұсынылған ақпарат негізінде жағымды немесе теріс, алдын ала және түпкілікті шешім қабылдауға құқық бере алады.

44-БАП
Соттың тыйым салулары

      1. Сот органы кез келген тарапқа құқық бұзушылық жасамауға, соның ішінде тауарларды тікелей кедендік тазалаудан кейін зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына алып келетін импортталған тауарлардың өз құзыретіндегі тауарлар қозғалысының арнасына түсуін болдырмау үшін ұйғарым жасайтын сот бұйрығын шығаруға құқылы. Мүшелер мұндай объектілермен сауда жасау зияткерлік меншік құқығының бұзылуына әкеп соғатынын білер алдында немесе білуге маңызды негіздері болған жағдайда, қандай да бір тұлға сатып алған немесе тапсырыс берген, қорғалатын объектілерге қатысты осындай өкілеттіктерді ұсынуға міндетті емес.
      2. Осы бөліктің өзге ережелеріне қарамастан және құқық иесінің рұқсатынсыз мемлекеттік органның, немесе мемлекет өкілеттілік берген үшінші тұлғаның пайдалануына қатысты II бөлімнің ережелері сақталған жағдайда, мүшелер мұндай пайдалануға қарсы қолданылуы мүмкін сот қорғауының құралдарын 31-баптың (һ) тармақшасына сәйкес сыйақы төлеумен шектеуге құқылы. Басқа жағдайларда сот қорғауының құралдары осы бөлікте сәйкес қолданылады немесе бұл құралдар мүшелердің заңнамасына қайшы келсе, декларацияланған шешімдерге және тиісті сыйақыларға жүгіну мүмкіндігі беріледі.

45-БАП
Шығындарды өтеу

      1. Сот органы бұзушыға өзінің құқыққа қарсы іс қимылды жүзеге асыратынын білген немесе білуге дәлелді негізі болған бұзушының зияткерлік меншік құқығын бұзуына байланысты құқық иесіне келтірілген шығынды өтеу үшін жеткілікті сомада құқық иесіне шығынды өтеу туралы ұйғарым жасайтын сот бұйрығын шығаруға құқылы.
      2. Сот органы сондай-ақ бұзушыға адвокаттың тиісті қаламақысын қамтуы мүмкін құқық иесінің шығындарын өтеуді ұйғаратын сот бұйрығын шығаруға құқылы. Мүшелер тиісті жағдайларда сот органдарына бұзушы өзінің құқыққа қарсы іс қимылды жүзеге асыратынын білмесе немесе білуге дәлелді негізі болмаса да, пайданы және/немесе алдын ала анықталған шығындарды төлеуді өндіріп алуға ұйғарым жасайтын сот бұйрығын шығаруға құқық бере алады.

46-БАП
Сот қорғауының өзге де шаралары

      Құқықтардың бұзылуын болдырмайтын тиімді құралды жасау үшін сот органы контрафакт ретінде белгіленген тауарлар қандай да болмасын өтемақысыз тауарлар қозғалысының арналарынан құқық иесіне қандай да болмасын зиян келтірместен алып қойылатындай, немесе қолданыстағы конституциялық талаптарға қайшы келмеген жағдайда, жойылатындай етіп ұйғарылған сот бұйрығын шығаруға құқылы. Сот органы сондай-ақ контрафакт тауарларын жасаған кезде пайдаланылған материалдар мен өндіріс құралдары қандай да болмасын өтемақысыз жаңа бұзушылықтар тәуекелдерін азайту үшін тауарлар қозғалысының арнасынан алып қойылуын ұйғаратын сот бұйрығын шығаруға құқылы. Осындай сұрауларды қарастыру кезінде құқық бұзушылықтың күрделілігі мен сот қорғауының құралдары, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүдделері арасындағы ара-қатынастың өлшемі назарға алынады. Тауар таңбаларын заңсыз қолданатын тауарларға қатысты заңсыз қойылған тауар таңбасын қарапайым жою мұндай тауарларды, ерекше жағдайлардан басқа, тауарлар қозғалысының арнасына шығаруға рұқсат беру үшін жеткілікті болып табылмайды.

47-БАП
Ақпаратқа құқық

      Мүшелер тек ол құқықтарды бұзудың күрделілігіне сәйкес болмаса, сот органының бұзушыға контрафакт тауарларын немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруге және таратуға қатысқан үшінші тұлғалардың жеке басы және оларды тарату арналары туралы құқық иесіне хабарлауын ұйғаратын сот бұйрығын шығаруға құқылы.

48-БАП
Жауапкерге залалды өтеу

      1. Сот органы зияткерлік меншік құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша рәсімдерді асыра пайдаланған және оның сұрауы бойынша шаралар қабылданған тарапқа қатысты міндеттемелер немесе шектеулер заңсыз салынған тарапқа мұндай асыра пайдаланушылық нәтижесінде келтірілген залал үшін жеткілікті өтемақы ұсынуды ұйғаратын сот бұйрығын шығаруға құқылы. Сот органы өтініш берушіге адвокаттың тиісті қаламақысын қамтуы мүмкін жауапкердің шығыстарын өтеуді ұйғаратын сот бұйрығын шығаруға құқылы.
      2. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтауды қорғауға немесе қамтамасыз етуге қатысты кез келген заңнамалық актіні қолдануға қатысты мүшелер мемлекеттік билік органдары мен олардың қызметкерлерін сот қорғауының тиісті шараларына қатысты жауапкершіліктен тек аталған заңнамалық актіні қолдану процесінде адал әрекет еткен немесе адал әрекет етуге ниеттенген жағдайда ғана босатады.

49-БАП
Әкімшілік рәсімдер

      Істің мәні бойынша әкімшілік рәсімдер нәтижесінде ұйғарым жасалуы мүмкін сот қорғауының кез келген азаматтық-құқықтық құралына қатысты мұндай рәсімдер негізінен осы бөлімде баяндалған қағидаттарға, тең дәрежеде сәйкес болуы тиіс.

3-бөлім: Уақытша шаралар 50-БАП

      1. Сот органы мынаған бағытталған кідірісссіз және тиімді шаралар қабылдауды ұйғаратын сот бұйрығын шығаруға құқылы:
      (а) зияткерлік меншіктің кез-келген құқығының бұзылуы туындауының алдын алу және, атап айтқанда, тауарлардың, тікелей кедендік тазалаудан кейін импортталатын тауарларды қоса алғанда, олардың юрисдикциясындағы тауарлар қозғалысы арнасына түсуінің алдын алу;
      (b) болжамды бұзушылықтарға жататын тиісті дәлелдемелерді сақтау.
      2. Сот органы орынды болған жағдайда, атап айтқанда әрбір кешіктіру құқық иесіне орны толмас зиян келтiрудің немесе айғақтың жойылып кетуінің дәлелдi қауiпі бар болса inaudita altera parte уақытша шараларын қабылдауға құқығы бар.
      3. Сот органы өтініш берушіден өтініш берушінің құқық иесі болып табылатынына, оның құқығы бұзылғанына немесе осындай бұзылудың сөзсіз болатынына, өтініш берушінің жауапкерді қорғау және теріс пайдаланудың алдын алу үшін жеткілікті кепіл немесе оған теңгерімді кепілдік беруге негіз болатын сот бұйрығын шығаруға жеткілікті деңгейде сенімді болуы үшін барлық оңтайлы қолжетімді дәлелдемелер талап етуге құқылы.
      4. Егер уақытша шаралар inaudita altera parte қабылданса, мүдделері қозғалған тараптар бұл туралы дереу, ең кеш дегенде осы шаралар жүзеге асырылғаннан кейін хабардар етіледі. Жауапкердің сұрауы бойынша хабарламаны алғаннан кейін осы шаралардың бар болуы, өзгеруі, алынып тасталуы немесе расталуы тиіс екендігі туралы мәселе бойынша шешім қабылдау мақсатында, тыңдалу құқығын қоса алғанда, қайта қарау жүзеге асырылады.
      5. Өтініш берушіден уақытша шараларды қолданатын органдарға тиісті тауарларды сәйкестендіру үшін қажет басқа ақпаратты беру талап етілуі мүмкін.
      6. 4-тармақтың ережелеріне залалын тигізбей, істі мәні бойынша шешуге алып келетін сот талқылауы, мүшенің заңнамасында рұқсат берілген жағдайда, осындай шараларды қабылдау туралы сот бұйрығын шығарған сот органы белгілеген қисынды уақыт мерзімі ішінде, немесе мұндай белгілеу жоқ болған кезде, ұзақтығына байланысты 20 жұмыс күннен немесе 31 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде басталмаса, 1 және 2-тармақтардың негізінде жауапкердің сұрауы бойынша қабылданған уақытша шаралар жойылады немесе олардың күші басқаша тоқтатылады.
      7. Өтініш берушінің кез келген әрекетінің немесе әрекетсіздігінің себебінен, немесе кейіннен зияткерлік меншік құқығының бұзылуы немесе бұзылу қатері жоқ болғаны белгілі болса, сот органдары жауапкердің сұрауы бойынша осы шаралардың себебінен болған қандай да болсын зардап үшін өтініш берушінің жауапкерге тиісінше өтемақы төлеуді ұйғаратын сот бұйрығын шығаруға құқылы.
      8. Кез келген уақытша шара әкімшілік рәсімдер нәтижесінде ұйғарылуы мүмкін болатын дәрежеде, соңғысы осы бөлімде баяндалған мәні бойынша тең келетін қағидаттарға сәйкес болуы тиіс.

4-бөлім: Шекаралық шараларға қатысты ерекше талаптар12 51-БАП
Кеден органдарының тауарларды айналымға жіберуін тоқтату

      Төменде баяндалған ережелерге сәйкес мүшелер заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасы бар тауарларды немесе авторлық құқықтары13 бұзылып шығарылған тауарларды әкелуі мүмкін деп күмәндануға нақты негіздемесі бар құқық иесіне құзыретті әкімшілік немесе сот органына кеден органдарының осындай тауарларды еркін айналымға шығаруын тоқтату туралы жазбаша өтініш беруге мүмкіндік беретін рәсімдерді14 белгілейді. Мүшелер осы бөлімнің талаптары сақталған жағдайда зияткерлік меншік құқықтарының өзге де бұзылушылықтары қамтылған тауарларға қатысты осындай өтініш білдіру мүмкінідігін бере алады. Мүшелер, кеден органдары олардың аумақтарынан экспортқа арналған контрафактілік тауарларды шығаруды тоқтата тұруға қатысты тиісті рәсімдерді де көздей алады.
__________________
12 Егер мүше кеден одағын бірге құрайтын басқа мүшенің шекарасы арқылы тауарлардың өтуін бақылайтын шараларының бәрін едәуір деңгейде алып тастаса, онда аталған шекарада осы бөлімнің ережелерін қолдануды талап етудің қажеті жоқ.
13 Осы Келісімнің мақсаты үшін:
а) « заңсыз қолданылатын тауар таңбасы бар тауарлар» түсінігі осындай тауарлар үшін заңды тіркелген немесе маңызды белгілері бойынша ұқсас тауар таңбасынан ажырату қиын болатын және осының салдарынан импорттаушы елдің заңнамасына сәйкес осы тауар таңбасы иесінің құқығын бұзатын, олардың орамаларын қоса алғанда, рұқсатсыз тауар таңбасымен таңбаланған барлық тауарларды білдіреді.
б) «авторлық құқықты бұзып шығарылған тауарлар» түсінігі егер көшірмені жасау импорттаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес авторлық немесе сабақтас құқықты бүзу болып танылса, құқық иесі немесе тиісті түрде ол уәкілеттік берген тұлғаның келісімінсіз тауарлар шығарылатын елде жасалған, және тікелей немесе жанама түрде қандай да бір бұйымнан жасалған көшірмелер болып табылатын тауарларды білдіреді.
14 Құқық иесімен немесе оның келісімі бойынша басқа елдің нарығына жеткізілген тауарлар импортына, не болмаса транзиттік тауарларға осындай рәсімдерді қолдану міндетті болып табылмайтыны түсініледі.

52-БАП
Өтініш

      51-бапқа сәйкес рәсімдерге бастама жасайтын кез-келген құқық иесі құзыретті органдарды импорттаушы елдің заңнамасына сәйкес құқық иесінің зияткерлік меншігін бұзатын prima facie бар екеніне сендіретін тиісті дәлелді ұсынуы, сондай-ақ кеден органдары жеңіл танитын жеткілікті түрде жазылған тауар сипаттамаларын беруі тиіс. Құзыретті орган қисынды уақыт кезеңінде өтініш берушіге өтінішті қабылдағанын және уәкілетті органдар осыны айқындаған болса кеден органдары шара қабылдайтын уақыт кезеңі туралы хабарлайды.

53-БАП
Кепіл және соған тең кепілдік

      1. Құзыретті орган өтініш берушіден кепіл немесе жауапкер мен құзыретті органды қорғау және құқықтарды теріс пайдаланудың алдын алу үшін жеткілікті оған тең кепілдікті талап етуге құқылы. Мұндай кепіл немесе оған тең кепілдік бұл рәсімдерге жүгінуден негізсіз ұстап тұрмауы тиіс.
      2. Егер осы бөлімге сәйкес берілген өтінішке сәйкес өнеркәсіптік үлгілерді, патенттерді, интеграциялық микросхемалар технологияларын немесе жабық ақпаратты қамтитын тауарларды еркін айналымға шығаруды сот немесе басқа да тәуелісіз органнан басқа өзге орган қабылдаған шешімнің негізінде кеден органдары тоқтатқан болса, және 55-бапта көзделген кезең осыған уәкілеттік берілген органның тиісті түрде шартты бостандықты ұсынбай өткен кезде, және импорт үшін басқа да барлық талаптар орындалған жағдайда осындай тауарлардың меншік иесі, импорттаушысы немесе осындай тауарды алушы, сомасы құқық иесін барлық бұзушылықтардан қорғауға жеткілікті болып табылатын кепіл берген жағдайда, оларды шығару құқығына ие болуы тиіс. Осындай кепілді төлеу құқық иесі қолдануы мүмкін қандай да болмасын сотпен қорғау құралдарына залал келтірмеуі тиіс; бұл ретте, егер құқық иесі тиісті уақыт кезеңі ішінде сотта талап ету құқығын іске асыра алмаса, кепілдің қайтарылатындығын білдіреді.

54-БАП
Тоқтата тұру туралы хабарлама

      51-бапқа сәйкес импорттаушы мен өтініш беруші тауарларды айналымға шығаруды тоқтата тұру туралы дереу хабардар етіледі.

55-БАП
Тоқтата тұрудың ұзақтығы

      Өтініш берушіге тауарды еркін айналымға шығаруды тоқтату туралы хабарлама берілгеннен кейін 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кеден органдары жауапкерден басқа қандай да бір тараптың бастамасымен істің мәні бойынша шешім қабылдауға әкелетін сот талқылаулары туралы хабардар етілмесе немесе тиісті түрде өкілеттілік берілген орган тауарлар шығаруды тоқтатуды жалғастырудың уақытша шараларын қабылдаса, тауарлар шығарылуы тиіс, егер бұл ретте импорт немесе экспорт үшін барлық басқа жағдайлар орындалса; тиісті жағдайларда осы шекті мерзім тағы да 10 жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін. Егер істің мәнін шешуге алып келетін сот талқылауы басталса, онда жауапкердің сұрауы бойынша осы шаралар өзгертілуі, алынып тасталуы немесе расталуы туралы мәселе бойынша қисынды уақыт мерзімі ішінде шешім қабылдау мақсатында, тыңдалу құқығын қоса алғанда, қайта қарау жүзеге асырылады. Жоғарыда баяндалғанға қарамастан, тауарларды шығару уақытша сот шарасына сәйкес жүзеге асырылса немесе жалғастырылса, онда 50-баптың 6-тармағының ережелері қолданылады.

56-БАП
Тауарларды импорттаушы мен иесіне залалды өтеу

      Тиісті орган өтініш берушіге тауарды импорттаушыға, жүкті алушыға және иесіне тауарларды заңсыз ұстап тұрудан немесе 55-бапқа сәйкес еркін айналымға шығарылған тауарларды ұстап қалудан келтірілген барлық залал үшін өтемақы төлеуді ұйғаратын шешім қабылдауға құқылы.

57-БАП
Инспекциялауға және ақпаратқа құқығы

      Құпия ақпаратты қорғауға залалын тигізбей, мүшелер өкілетті органдарға құқық иесіне өз талаптарын негіздеу мақсатында кеден органдары ұстап қалған кез-келген тауарларды инспекциялау үшін жеткілікті мүмкіндіктер ұсыну өкілеттіктерін береді. Өкілетті органдар да импорттаушыға барлық осындай тауарларды инспекциялау үшін тең мүмкіндіктер ұсынуға өкілетті. Егер істің мәні бойынша оң шешім қабылданса мүшелер өкілетті органдарға құқық иесін жүкті жіберушінің, импорттаушының және жүкті алушының атауы мен мекен-жайы және осы тауарлардың саны туралы хабардар ету өкілеттігін бере алады.

58-БАП
Ex officio іс-әрекеттері

      Егер мүшелер құзыретті органдардан өз бастамасы бойынша іс-әрекет жасауды және зияткерлік меншік құқығының бұзылатыны туралы оларға қатысты prima facie дәлелдемелері бар тауарларды еркін айналымға шығаруды тоқтатуды талап етсе:
      (а) құзыретті органдар осы өкілеттіктерді жүзеге асыруда оларға көмек көрсететін қандай да бір ақпарат үшін қай уақытта болмасын құқық иесіне жүгіне алады;
      (b) импорттаушы және құқық иесі тауарларды еркін айналымға шығаруды тоқтату туралы дереу хабардар етіледі. Егер импорттаушы құзыретті органдарға тауарларды еркін айналымға шығаруды тоқтатуға қарсылық білдірген жағдайда мұндай тоқтатуды 55-бапта баяндалған жағдайларда mutatis mutandis жүзеге асырады;
      (с) мүшелер мемлекеттік билік органдары мен олардың қызметшілерін олар адал әрекет жасаған кезде немесе адал әрекет жасауға ниеттенсе, сот қорғауының тиісті шараларының жауапкершілігінен босатады.

59-БАП
Сотта қорғау құралдары

      Құқық иесіне қол жетімді талап-арызға қатысты басқа құқықтар үшін залал келтірмей, жауапкердің сот органында қайта қарау талабының құқықтары сақталған кезде, құзыретті орган 46-бапта баяндалған қағидаттарға сәйкес контрафактілік тауарларды жоюды немесе айналымнан шығаруды білдіретін шешім шығаруға құқығы бар. Тауар таңбаларын заңсыз пайдаланатын тауарларға қатысты органдар контрафактілік тауарларды өзгеріссіз түрде кері экспорттауға немесе ерекше жағдайларда болмаса оларға қатысты өзге кедендік режимді қолдануға рұқсат бермейді.

60-БАП
Тауарлардың аз санын әкелу

      Мүшелер жолаушылардың жеке жүгіндегі немесе шағын партиялармен жіберілетін, коммерциялық емес сипаттағы тауарлардың аз санына жоғарыдағы ережені қолданбауы мүмкін.

5-бөлім: Қылмыстық рәсімдер 61-БАП

      Мүшелер кем дегенде тауар таңбалары қасақана заңсыз пайдаланылған немесе коммерциялық ауқымда жасалған авторлық құқық бұзылған жағдайларда қолданылатын қылмыстық рәсімдер мен айыппұлдарды көздейді. Бұлтартпау шаралары тиісінше деңгейдегі басқа қылмыстармен байланысты қолданылатын жазалау деңгейіне сәйкес келетін ұстап тұру құралы болуы үшін жеткілікті болып табылатын түрмеге отырғызу және/немесе ақшадай айыппұлды қамтиды. Сәйкес жағдайларда бұлтартпау шаралары қамауға алу, мүлікті тәркілеу және контрафактілі тауарларды, қылмысты жасау кезінде қолданған кез келген материалдар мен өндіріс құралдарын жоюды қамтиды. Мүшелер зияткерлік меншік құқықтарын басқадай бұзу жағдайларында қолдану мақсатында, атап айтқанда олар қасақана және коммерциялық ауқымда жасалған кезде қылмыстық рәсімдер мен жазалауларды қарауы мүмкін.

IV БӨЛІК ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ INTER PARTES
РӘСІМДЕРДІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ КҮШІНДЕ ҰСТАУ 62-БАП

      1. ІІ бөлімнің 2-ден 6-ға дейінгі бөлімдеріне сәйкес көзделген зияткерлік меншік құқықтарын иелену және күшінде ұстау шарттары ретінде мүшелер қисынды рәсімдер мен шарттылықтың сақталуын талап ете алады. Осындай рәсімдер мен шарттылықтар осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмеуі тиіс.
      2. Егер зияткерлік меншік құқығы беру немесе тіркеу арқылы алынса, мүшелер беру немесе тіркеу рәсімдерінің осындай құқықты иеленудің негізгі талаптарының сақталуын, қорғау мерзімінің негізсіз қысқаруын болдырмау үшін құқықты тиісті мерзім ішінде беруге немесе тіркеуге мүмкіндік беруді ескере отырып қамтамасыз етеді.
      3. Париж конвенциясының (1967 ж.) 4-бабы қызмет көрсетудің таңбаларына mutatis mutandis қолданылады.
      4. Зияткерлік меншік құқықтарын иелену немесе күшінде ұстаға қатысты рәсімдер, мүшенің заңнамасында осылайша қаралған болса, онда құқықтарды әкімшілік айыру және қарсылық білдіру, құқықтан айыру және жою сияқты inter partes рәсімдері, 41-баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жалпы қағидаттармен реттеледі.
      5. 4-тармақта аталған кез келген рәсімдердің барысындағы түпкілікті әкімшілік шешімдер сот және квазисот органының қайта қарауына жатады. Алайда, бұл ретте осындай рәсімдердің негіздемелері шешімдерді жарамсыз деп танудың тақырыбы болуы мүмкін жағдайларда шешімдерді осылайша қайта қарау мүмкіндігін ұсыну міндеттемелері көзделмейді.
      Алайда бұл ретте осындай рәсімдердің негіздемелері шешімдерді жарамсыз деп танудың тақырыбы болуы мүмкін жағдайларда сәтсіз қарсылық кезінде немесе әкімшілік құқығынан айырса шешімдерді осындай қайта қарау үшін мүмкіндік беру міндеттемелері жоқ.

V БӨЛІК
ДАУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ 63-БАП
Транспаренттілік

      1. Мүше қолданысқа енгізген және осы Келісімнің мәніне қатысы бар заңдар және өзге де құқықтық актілер, түпкілікті сот және жалпы пайдаланудағы әкімшілік шешімдер (зияткерлік меншік құқықтарының бар болуы, көлемі, оларды иелену, теріс пайдаланудың алдын алу) жариялануы тиіс немесе егер практикалық тұрғыдан осындай жариялау орынсыз болса, ол ұлттық тілде, үкіметтік органдар мен құқық иелері қолдана алатындай жалпы қол жетімді болуы тиіс. Осы Келісімнің мәніне қатысы бар, бір мүшенің үкіметі немесе үкіметтік органдары мен екінші мүшенің үкіметі мен үкіметтік органы арасында қолданылатын келісімдер де жариялануы қажет.
      2. Мүшелер 1-тармақта аталған заңдар, өзге де құқықтық актілер туралы, ТРИПС жөніндегі Кеңесті аталған Кеңеске осы Келісімді іске асыру барысын қарауда жәрдемдесу мақсатында хабардар етеді. Кеңес осы міндеттемені орындауды мүшеге жүктейтін ауыртпалықты барынша азайту үшін күш-жігерін жұмсайды, және егер ВОИС-пен осындай заңдар мен өзге де құқықтық актілерді қамтитын ортақ тізілімді бекіту мәселесі бойынша консультациялар сәтті өтетін болса осындай заңдар мен өзге де құқықтық актілер туралы Кеңесті тікелей хабардар ету міндеттемеден босату туралы шешім қабылдай алады. Кеңес, сондай-ақ Париж конвенциясының (1967 г.) 6-тер бабының қағидаларынан туындайтын осы Келісім бойынша міндеттемелерге сәйкес хабарламаларға қатысты талап етілуі мүмкін кез келген іс-қимылға байланысты әрбір іс-қимылды қарайды.
      3. Әрбір мүше басқа мүшенің жазбаша сұрауына жауап ретінде 1-тармақта айтылған ақпаратты беруге дайын болуы қажет. Зияткерлік меншік құқығы саласындағы белгілі бір сот немесе әкімшілік шешім, не болмаса екі жақты келісім осы Келісім бойынша оның құқықтарын қозғайды деп санайтын мүше оған осындай сот немесе әкімшілік шешімдеріне не болмаса екі жақты келісімдерге қол жеткізуі немесе оны олар туралы егжей-тегжейлі хабардар етуі үшін жазбаша сұрау жасай алады.
      4. 1, 2 және 3-тармақтардағы еш нәрсе мүшеден заңның сақталуын қамтамасыз етуге кедергі жасайтын, өзгеше түрде қоғамдық мүдделерге қайшы келетін немесе жекелеген мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындардың коммерциялық мүдделеріне залалын тигізетін құпия ақпаратты ашуды талап етпейді.

64-БАП
Дауларды реттеу

      1. 1994 ж. ГАТТ-тың XXII және XXIII баптарының ережелері, Дауларды шешу туралы уағадаластыққа сәйкес нақтылаулар мен қолдануды ескере отырып, егер онда арнайы өзгеше ештеңе айтылмаса, осы Келісім бойынша консультациялар мен дауларды шешуге қолданылады,.
      2. 1994 ж. ГАТТ-тың ХХIII бабының 1(b) және 1(с) тармақшалары ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап бес жыл бойы осы Келісім бойынша дауларды реттеуге қолданылмайды.
      3. 2-тармақта аталған мерзім ішінде ТРИПС жөніндегі Кеңес 1994 ж. ГАТТ-тың XXIII бабының 1(b) және 1(с) тармақшаларында көзделгендей осы Келісімге сәйкес ұсынылатын қарсылықтардың мазмұны мен ерекшелігін зерделейді, және өз ұсынымдарын мақұлдау үшін Министрлер Конференциясына ұсынады. Министрлер Конференциясының осындай ұсынымдарды мақұлдау немесе 2-тармақта аталған мерзімдерді ұзарту туралы кез келген шешімі консенсус болса ғана қабылданады және мақұлданған ұсынымдар оларды қабылдаудың одан әрі формальды рәсімдерінсіз барлық мүшелер үшін күшіне енеді.

VI БӨЛІК
ӨТПЕЛІ УАҒДАЛАСТЫҚТАР 65-БАП
Өтпелі уағдаластықтар

      1. 2, 3 және 4-тармақтар сақталған жағдайда бір де бір мүше ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап жалпы мерзімі бір жыл өткенше осы Келісімнің ережелерін қолданбауға міндетті емес.
      2. Дамушы мүше ел 1-тармақта айқындалғандай 3, 4 және 5-баптарды қоспағанда осы Келісімнің ережелерін қолдануды қосымша төрт жыл мерзімге кейінге қалдыруға құқылы.
      3. Орталықтандырылған жоспарлы экономикадан еркін кәсіпкерліктің нарықтық экономикасына өту үрдісінде тұрған, өзінің зияткерлік меншік жүйесінің құрылымдық реформасын жүзеге асыратын және зияткерлік меншік саласындағы заңдар мен өзге де құқықтық актілерді дайындау мен қолдануда ерекше қиындықтарға кез болған ДСҰ-ның басқа кез келген мүшесі де 2-тармақта қарастырылғандай кейінге қалдыру кезеңін пайдалана алады.
      4. Осы Келісім дамушы мүше-елді осы мүше үшін осы Келісімнің жалпы қолданылу мерзіміне өзінің аумағында жеткілікті түрде сақтауға қабілетті болып табылмайтын техника салаларындағы өнімдерді патенттік қорғауды таратуға міндеттейтін деңгейде, 2-тармақта айтылғанындай ол техниканың осындай салаларына қатысты өнімдерге ІІ бөлімнің 5-бөлігіндегі патенттер туралы ережелерді қолдануды қосымша бес жылдық кезеңге кейінге қалтыра алады.
      5. 1, 2, 3 немесе 4-тармақтарға сәйкес өтпелі кезеңді пайдаланатын мүше оның заңдарына, өзге де құқықтық актілер мен практикаға енгізілетін барлық өзгерістер осы Келісімнің ережелеріне сәйкестік деңгейін төмендетуге әкелмеуін қамтамасыз етеді.

66-БАП
Неғұрлым аз дамыған мүше елдер

      1. Неғұрлым аз дамыған мүше елдердің ерекше қажеттіліктері мен талаптарын, олардың экономикалық, қаржылық және әкімшілік шектеулері мен өміршең техникалық базаны құру үшін икемділік қажеттіліктерін ескере отырып осындай мүшелерге 3, 4 және 5-баптарды қоспағанда осы Келісімнің ережелерін қолдану талаптары 65-баптың 1-тармағына сәйкес айқындалғандай оны қолдану күнінен бастап 10 жылдық мерзім бойы қойылмайды. Тиісініше түрде дәлелденген сауал бойынша барынша аз дамыған мүше елдге ТРИПС жөніндегі кеңес осы кезеңді ұзартуды ұсынады.
      2. Дамыған мүше-елдер мықты және өміршең техникалық база құру үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында неғұрлым аз дамыған мүше-елдерге технология ұсынуда көтермелеу және көмектесу үшін олардың территориясында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелерді ынталандырады.

67-БАП
Техникалық ынтымақтастық

      Осы Келісімді орындауға жәрдемдесу мақсатында дамыған мүше-елдер сұрау бойынша және өзара келісілген шарттармен дамушы және неғұрлым аз дамыған мүше елдердің мүддесіне қарай техникалық және қаржылық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Мұндай ынтымақтастық зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтауды қамтамасыз етуге және осындай құқықтарды асыра пайдаланудың алдын алуға қатысты заңдар мен өзге де құқықтық актілерді әзірлеуге жәрдемдесуді қамтиды және осы мәселелерге, оның шінде персоналды оқытуға, қатысы бар ұлттық ведомстволар мен мекемелерді құру және нығайтуты қолдауды қамтиды.

VII БӨЛІК
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ІС-ШАРАЛАР; ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 68-БАП
Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі кеңес

      ТРИПС жөніндегі Кеңес осы Келісімнің әрекетін, атап айтқанда мүшелердің одан туындайтын өз міндеттемелерін орындағандарын қадағалайды, және мүшелерге зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілеріне байланысты мәселелер бойынша консультация алу мүмкіндігін ұсынады. Ол басқа да мүшелер оған жүктеген функцияларды орындайды, атап айтқанда олардың дауларды шешу рәсімдерімен байланысты сұраған кез-келген жәрдемдесуді орындайды. Өз функцияларын орындау кезінде ТРИПС жөніндегі Кеңес өзі лайықты деп таныған барлық дереккөздерден консультация ала алады, және одан ақпарат алу үшін жүгіне алады. ВОИС-тың консультативті қатысуымен Кеңес өзінің алғашқы отырысын өткізген күннен бастап бір жыл ішінде аталған Ұйымның органдарымен ынтымақтастық туралы тиісті уағадаластықтарға қол жеткізу шараларын қабылдайды.

69-БАП
Халықаралық ынтымақтастық

      Мүшелер зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын тауарлармен халықаралық сауданы жою үшін өзара ынтымақтастық туралы келіседі. Осы мақсатта олар өздерінің әкімшілік органдарында байланыс жасау пункттерін құрады, бұл туралы хабардар етеді және көрсетілген құқықтарды бұзатын тауарлармен сауда туралы ақпарат алмасуға дайын болулары тиіс. Атап айтқанда, тауар таңбаларын заңсыз пайдаланатын тауарлармен, және авторлық құқықтар бұзылып жасалған тауарлармен саудаға қатысты кеден органдары арасындағы өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасуға жәрдемдеседі.

70-БАП
Қазіргі бар объектілерді қорғау

      1. Осы Келісім оны қолдануды бастаған күнге дейін сол мүше жасаған әрекеттерге қатысты міндеттемелердің туындауы үшін негіздемелер бермейді.
      2. Егер осы Келісімде басқаша көзделмесе, ол осы мүшеде көрсетілген күнге күзетілетін немесе осы Келісімнің шарттарына сәйкес қорғау өлшемдерін қанағаттандыратын немесе кейіннен қанағаттандыратын болады деп күтілетін жекелеген мүшеге қатысты осы Келісімді қолдануды бастаған күні қолданыста болған зияткерлік меншіктің барлық объектілеріне қатысты міндеттемелер тудырады. Осы тармақ пен 3 және 4-тармақтардың шарттарына қатысты болса, ол қазіргі бар туындыларға қатысты авторлық құқықпен байланысты міндеттемелер тек қана оның осы Келісімнің 14-бабының 6-тармағына сәйкестілігіне қаншалықты қатысты болуы деңгейіне байланысты Берн конвенциясының (1971ж.) 18-бабының негізінде, ал фонограммалар шығарушылар мен қолданыстағы фонограммалардағы орындаушылардың құқықтарына қатысты міндеттемелер Берн конвенциясының (1971 ж.) 18-бабының негізінде айқындалады.
      3. Осы Келісімді қолдануды бастаған күнге сол мүшеде қоғамдық құндылыққа өткен зияткерлік меншік объектілеріне құқықты қорғауды қалпына келтіру міндеттемелері туындамайды.
      4. ДСҰ туралы Келісімде осы мүше қабылдаған күнге дейін басталған және оларға қатысты маңызды инвестициялар жасалған, осы Келісімге сәйкес келетін заңнамалардың аясында құқықтар бұзыла бастаған қорғалатын объектілерді қамтитын нақты бұйымдарға байланысты қандай да болмасын әрекетке қатысты кез келген мүше сол мүшеге қатысты осы Келісімді қолдану басталған күннен кейін осындай әрекетті жалғастыру туралы құқық иесі ниет білдіруі мүмкін соттық қорғау құралдарын шектеуді қарастыра алады. Алайда, бұл жағдайларда сол мүше кемінде әділ сыйақы төлеуді көздейді.
      5. Мүше сол мүшеге қатысты осы Келісімді қолдану басталған күнге дейін сатып алынған түпнұсқалар немесе көшірмелерге қатысты 11-баптың және 14-баптың 4-тармағының ережелерін қолдануға міндетті емес.
      6. Мүшелер патенттік құқықтарды техника салаларына тәуелсіз пайдалануға рұқсат беретін 31-бапты немесе 27-баптың 1-тармағында жазылған талапты осындай пайдалануды үкімет осы Келісім белгілі болған күнге дейін рұқсат еткен жағдайдарда, құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалану үшін қолдануға міндетті емес.
      7. Егер зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тіркеумен негізіделсе, осы мүшеге қатысты осы Келісімді қолдануды бастаған күнге қарастырылуда жатқан қорғау беру жөніндегі өтініштерге осы Келісімнің ережелерінде қарастырылған барынша ауқымды қорғауды сұрауға бағытталған өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі. Мұндай өзгерістерге жаңа объектілер кірмеуі тиіс.
      8. Егер ДСҰ туралы Келісім күшіне енген күнге мүше 27-бап бойынша оның міндеттемелеріне тең келетін фармацевтикалық және агрохимиялық өнімдерге қатысты патенттік қорғауды ұсынбаса, бұл мүше:
      (а) VI бөліктің ережелеріне байланыссыз ДСҰ туралы Келісім күшіне енген күннен бастап осындай өнертабыстарға патенттер беру туралы өтініштер қалай берілетіндігін қарастырады.
      (b) осы Келісімді қолдану басталған күннен бастап сол өтініштерге осы өлшемдер осы мүшеде өтініш берген күнге немесе басымдықтың бар болуы не болмаса оны сұрату күніне - өтініштің басымдығы күніне қолданылса, осы Келісімде жазылған патент қабілеттілігі өлшемдері қолданылады; және
      (с) (b)-тармақшасында көрсетілген қорғау өлшемдерін қанағаттандыратын өтініштер үшін осы Келісімнің 33-бабына сәйкес өтініш берілген күннен бастап патент берілген немесе патентті қолдану мерзімінің қалған күніне осы Келісімге сәйкес патенттік қорғауды қамтамасыз етеді.
      9. Егер өнім 8(а)-тармағына сәйкес мүшедегі патент өтінішінің объектісі болып табылса, VI бөліктің ережелеріне қарамастан, ДСҰ туралы Келісім күшіне енгеннен кейін патентке өтініш берілсе және патент басқа мүшедегі аталған өнімге берілсе, және сатуға рұқсат осындай басқа мүшеден алынған болса, қандай мерзімінің қысқалығына байланысты осы мүшеде сатуға рұқсат алған күннен кейін, немесе өнімге патент берілгенге дейін сатуға айрықша құқықтар бес жылдық кезеңге беріледі.

71-БАП
Келісімнің іске асырылу барысын бақылау және түзетулер енгізу

      1.ТРИПС жөніндегі Кеңес осы Келісімді іске асырудың барысын 65-баптың 2-тармағында аталған өтпелі кезең өткеннен кейін қарастырады. Кеңес Келісімді орындау нәтижесінде алынған тәжірибені назарға ала отырып осы күннен кейін екі жылдан соң іске асыру барысын қарастырады және одан кейін әрбір екі жылдан соң осылайша қарастырып отырады. Кеңес, сондай-ақ осы Келісімге өзгерістер немесе түзетулер енгізу үшін негіз болатын соған қатысы бар кез келген жаңа оқиғалардың аясында қарауды жүргізе алады.
      2. Зиыткерлік меншік құқықтарын қорғаудың барынша жоғары деңгейіне байланыстырылатын мақсаттарға қызмет ететін, басқа көп жақты келісімге сәйкес қол жеткізілген және қолданылатын және ДСҰ-ның барлық мүшелерімен аталған келісімдерге сәйкес қабылданған түзетулер ТРИПС жөніндегі Кеңестің консенсусы арқылы қол жеткізілген ұсыныстардың негізінде ДСҰ Келісімнің Х бабының 6-тармағына сәйкес әрекеттерді жүзеге асыру үшін Министрлер Конференциясына берілуі мүмкін.

72-БАП
Ескертпелер

      Басқа мүшелердің келісімінсіз осы Келісімнің қандай да болмасын ережесіне қатысты ешқандай да ескертпелер жасалуы мүмкін емес.

73-БАП
Қауіпсіздік тұрғысынан ерекшеліктер

      Осы Келісімдегі ешнәрсе де төмендегідей түсіндірілмеуі тиіс:
      (а) қандай да бір мүшеге ашылуы оның қауіпсіздігінің елеулі мүдделеріне қайшы келеді деп есептелетін қандай да ақпаратты беру талабы ретінде; немесе
      (b) кез келген мүшеге өзінің қауіпсіздігінің елеулі мүдделерін қорғау үшін қажетті деп есептейтін кез-келген әрекеттерді жасауға кедергі келтіру ретінде:
      (i) ыдыратылатын материалдарға немесе олар өндірілетін материалдарға қатысты;
      (ii) қару, оқ-дәрі және әскери техника саудасына қатысты, сондай-ақ қарулы күштерді жабдықтау мақсаттары үшін тікелей немесе жанама жүзеге асырылатын басқа да тауарлар мен материалдармен жасалатын саудаға қатысты;
      (iii) егер олар соғыс кезінде немесе халықаралық қатынастардағы басқа да төтенше жағдайларда қабылданса, немесе
      (с) кез келген Тарапқа бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау үшін оның Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бойынша міндеттемелерін орындау үшін кез келген іс-қимылды қабылдауға кедергі ретінде.

2-ҚОСЫМША
_________________ ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІ РЕТТЕЙТІН ҚАҒИДАЛАР МЕН РӘСІМДЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫҚ
___________________________________

      Осымен мүшелер мыналар туралы уағдаласады:

1-БАП
Іс-қимыл аясы және қолданылуы

      1. Осы Уағдаластықтың қағидалары мен рәсімдері осы Уағдаластыққа 1-қосымшада тізбеленген, Келісімдердің консультациялары мен дауларын реттеу туралы ережелерінің негізінде қарауға берілетін дауларға (осы Уағдаластықта «қамтылған келісімдер» деп аталады) қолданылады. Осы Уағдаластықтың қағидалары мен рәсімдері Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісімнің (осы Уағдаластықта «ДСҰ туралы келісім» деп аталады) және қамтылған кез келген келісімдерден жеке немесе бірлесіп алынған осы Уағдаластықтың ережелеріне сәйкес өзінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты мүшелер арасындағы консультациялар мен дауларды реттеуге де қолданылады.
      2. Осы Уағдаластықтың қағидалары мен рәсімдері осы Уағдаластыққа 2-қосымшада келтірілген дауларды реттеуге қатысты және қамтылған келісімдерде бар арнайы немесе қосымша қағидалар мен рәсімдер ескеріле отырып қолданылады. Осы Уағдаластықта жазылған қағидалар мен рәсімдер және 2-қосымшада көрсетілген арнайы немесе қосымша қағидалар мен рәсімдер арасында айырмашылықтар болатын шектерде 2-қосымшада көрсетілген арнайы немесе қосымша қағидалар мен рәсімдердің басым күші болады. Егер қамтылған келісімдердің біреуінен астам қағидалар мен рәсімдерді қозғайтын дауларда осындай қарастырылатын келісімдердің арнайы немесе қосымша қағидалары мен рәсімдері арасында коллизия пайда болса және дау тараптары аралық топтың құрылу күнінен бастап 20 күн ішінде қағидалар мен рәсімдер туралы келісе алмаса, онда 2-баптың 1-тармағында көзделген дауларды шешу жөніндегі Органның (осы Уағдаластықта «ДШО» деп аталады) төрағасы, дау тараптарымен кеңесе отырып, ДСҰ-ның қандай да бір мүшесінің сұрау салуынан кейін 10 күн ішінде ұстануға қажетті қағидалар мен рәсімдерді айқындайды. Төраға арнайы немесе қосымша қағидалар мен рәсімдерді мүмкіндігінше қолдануға тиіс қағидатты басшылыққа алады, ал осы Уағдаластықта жазылған қағидалар мен рәсімдерді коллизияларды болдырмайтын шектерде қолданған жөн.

2-БАП
Уағдаластықты қолдану тетігі

      1. Осы қағидалар мен рәсімдерді қолдану мақсатында, сондай-ақ қамтылған келісімдерде бар өзге ережелер, қамтылған келісімдердің консультациялар мен дауларды реттеу туралы ережелер болмаған кезде осымен дауларды шешу жөніндегі Орган құрылады. Тиісінше, ДШО-ның аралық топты құру, аралық топтың және Аппеляциялық органның баяндамаларын қабылдау, шешім мен ұсынымдардың орындалуын бақылау және қамтылған келісімдерден туындайтын басқаға берулер мен басқа да міндеттемелердің тоқтатыла тұруын шешу өкілеттігі болады. Қатысушылардың шектелген шеңберімен сауда келісімі болып табылатын, қамтылған келісімнің шеңберінде пайда болатын дауларға қатысты осы Уағдаластықта қолданылатындай «мүше» термині қатысушылардың шектелген шеңберімен тиісті сауда келісімінің тараптары болып табылатын мүшелерге ғана қатысты болады. ДШО қатысушылардың шектелген шеңберімен сауда келісімінде жазылған дауларды реттеу туралы ережені қолданатын жағдайда, осы келісімнің тараптары болып табылатын мүшелері ғана шешімдерді немесе ДШО-ның осы дауға қатысты қолданатын шараларын қабылдау процесіне қатыса алады.
      2. ДШО тиісті қамтылған келісімдердің ережелеріне қатысты дауларды қарау барысында тиісті Кеңестерді және ДСҰ комитеттерін хабардар етеді.
      3. ДШО осы Уағдаластықта көзделген мерзімдер шеңберінде өзінің функцияларын орындау үшін қажетті шамада өз отырыстарын өткізеді.
      4. Осы Уағдаластықта жазылған қағидалар мен рәсімдер ДШО шешім қабылдауға тиіс екенін көздеген жағдайда, ол консенсус1 негізінде қабылданады.
_______________
1 Егер ДШО отырысына қатысушы мүшелердің ешқайсысы шешім қабылдау барысында ресми түрде ұсынылған шешімге қарсы келмесе, оған қарауға берілген мәселе бойынша ДШО консенсус негізінде шешім қабылдады деп есептеледі.

3-БАП
Жалпы ережелер

      1. Мүшелер 1947 жылғы ГАТТ-тың XXII және XXIII баптарына сәйкес осы уақытқа дейін қолданылатын дауларды реттеу қағидаттарын, сондай-ақ осы Уағдаластықта дамытылған және өзгертілген түрдегі қағидалар мен рәсімдерді сақтауға өзінің дайындықтарын растайды.
      2. ДСҰ-ның дауларын реттеу жүйесі көпжақты сауда жүйесінің қауіпсіздігін және болжамдылығын қамтамасыз ететін орталық элемент болып табылады. Мүшелер дауларды реттеу жүйесінің қамтылған келісімдер бойынша мүшелердің құқықтары мен міндеттерін қорғау және халықаралық жария құқығын түсіндірудің кәдімгі қағидаларына сәйкес осы келісімдердің қолданыстағы ережелеріне қатысты нақтылық енгізу мақсаты бар екенін растайды. ДШО-ның ұсынымдары мен шешімдері қамтылған келісімдерде көзделген құқықтар мен міндеттемелерді ұлғайтпайды немесе азайта алмайды.
      3. Мүше өзі үшін қамтылған келісімдерден тікелей немесе жанама туындайтын пайда ДСҰ-ның тиімді жұмыс істеуі және мүшелердің құқықтары мен міндеттемелерінің арасында тиісті балансты сақтау үшін қажет басқа мүше қабылдаған шаралардың нәтижесінде қысқарады деп санайтын жағдайды дереу реттейді.
      4. ДШО қабылдайтын ұсынымдар немесе шешімдер осы Уағдаластықтан және қамтылған келісімдерден туындайтын құқықтар мен міндеттерге сәйкес осы мәселелер бойынша қанағаттанарлық реттеуге қол жеткізуге бағытталуға тиіс.
      5. Төрелік шешімдерді қоса алғанда, консультациялар мен қамтылған келісімдердің дауларын реттеу туралы ережелер негізінде ресми қойылған мәселелер бойынша барлық шешімдер осы келісімдермен үйлесімді болуға тиіс және осы келісімдердің кез келген мүшесі үшін туындайтын пайданы жоймауға немесе қысқартпауға, немесе осы келісімдердің қандай да бір мақсаттарына қол жеткізуге кедергі болмауға тиіс.
      6. Өзара келісу бойынша, консультациялар мен қамтылған келісімнің дауларын реттеу туралы ережелер негізінде ресми қойылған мәселелер бойынша қабылданған шешімдер туралы ДШО және осыған қатысты кез келген мәселелерді көтере алатын тиісті Кеңестер мен Комитеттер хабардар етіледі.
      7. Істі қозғамастан бұрын мүше осы рәсімдер негізінде іс-әрекеттердің ойдағыдай болуы-болмауына өз бағасын жүзеге асырады. Дауды оң шешу дауларды реттеу тетігінің мақсаты болып табылады. Дау тараптары үшін өзара қолайлы және қамтылған келісімімен үйлесімді шешімдер басым болып табылады. Өзара қолайлы шешім болмаған кезде дауларды реттеу тетігінің бірінші мақсаты, әдетте, егер қандай да бір қамтылған келісімдердің ережелерімен олардың үйлеспейтіндігі анықталса, қабылданған шаралардың күшін жоюды қамтамасыз етуден тұрады. Өтемақы туралы ережені, егер қабылданған шараны дереу жою мүмкін болмаса және қамтылған келісіммен үйлеспейтін шараны жойғанға дейін уақытша негізде ғана боған жағдайда қолданған жөн. Осы Уағдаластық дауларды реттеу рәсіміне жүгінген мүшеге ұсынатын соңғы мүмкіндік - бұл, егер ДШО осындай шараларға рұқсат берген жағдайда, басқа мүшеге қатысы бойынша кемсітушілік негізінде қамтылған келісім бойынша басқаға берудің немесе басқа міндеттемелердің қолданысын тоқтата тұру.
      8. Қамтылған келісім негізінде қабылданған міндеттемелер бұзылған жағдайларда, қозғалатын іс prima facie, яғни жою немесе пайданы қысқарту туралы іс болып есептеледі. Бұл қамтылған келісімнің тараптары болып табылатын басқа мүшелер үшін қолайсыз салдарға әкеп соғатын қағидалардың бұзылуы презумпциясы болатындығын білдіреді және мұндай жағдайларда өзіне қатысты шағым берілген мүше айыптауды теріске шығаруға тиіс.
      9. Осы Уағдаластықтың ережелері мүшелерге ДСҰ туралы келісімнің немесе қатысушылардың шектеулі шеңбері бар сауда келісімі болып табылатын қамтылған келісімнің шешімдерін қабылдау тетігін қолдана отырып, қамтылған келісімнің ережелерін беделді түсіндірілуін іздеу құқығына залал келтірмейді.
      10. Келісу рәсімдері мен дауларды реттеу рәсімдерін пайдалану туралы өтініш даулы іс-әрекеттер ретінде түсінілмеуге және қарастырылмауға тиіс, егер дау пайда болса, онда барлық мүшелер дауды шешу мақсатында осы шараларға адал түрде жүгінуге тиіс. Әртүрлі мәселелерге қатысты шағымдар және қарсы шағымдар солай түсініледі, біріктірілмеуге тиіс.
      11. Осы Уағдаластық ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге немесе одан кейін қамтылған келісімдердің консультациялары туралы ережелер негізінде консультациялар жүргізуге жаңа сұрау салуларға қатысты ғана қолданылады. Қамтылған келісімнің алдындағы 1947 ж. ГАТТ немесе кез келген басқа келісім негізінде консультациялар туралы өтініш бойынша дауларға қатысты ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге дейін ұсынылады, ДСҰ2 туралы келісім күшіне енген күннің алдында тікелей қолданылған дауларды реттеу бойынша тиісті қағидалар мен рәсімдер қолданыла береді.
      12. 11-тармаққа қарамастан, егер қамтылған келісімдердің біреуінің негізінде дамушы мүше ел дамыған мүше елге шағым берсе, онда шағым берген тарап, осы Уағдаластықтың 4, 5, 6 және 12-баптарының ережелерінің орнына, осы Шешімнің 7-тармағынде көзделген мерзімді аралық топ оның баяндамасын әзірлеу үшін жеткіліксіз деп санаған жағдайды қоспағанда, 1966 ж. 5 сәуірдегі (BISD 14S/18) шешімнің тиісті ережелеріне сілтеме жасауға құқығы бар және шағым берген тараптың келісуімен бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. 4, 5, 6 және 12-баптарда жазылған қағидалар мен рәсімдер арасында айырмашылықтар бар шектерде және аталған Шешімнің тиісті қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес, соңғысының басым күші болады.
_____________________
2 Бұл тармақ аралық топтың баяндамасы бойынша қабылданбаған немесе толықтай орындалмаған жағдайдағы дауларға да қолданылады.

4-БАП
Консультациялар

      1. Мүшелер, өздері қолданатын консультациялар өткізу рәсімдерінің тиімділігін күшейтуге және арттыруға өз ұмтылыстары туралы мәлімдейді.
      2. Әрбір мүше бірінші мүшенің аумағында қабылданған кез келген қамтылған келісімнің жұмыс істеуін қозғайтын шаралар бойынша екінші мүше жасаған кез келген өтінішке түсіністікпен қарауға және бұл ұсыныстар бойынша консультациялар беру үшін тиісті мүмкіндік беруге міндеттеме алады3.
      3. Егер консультациялар туралы өтініш қамтылған келісімнің ережелеріне негізделсе, онда өтініш жіберілген мүше, өзара басқа уағдаластық болмаған кезде, оны алған күннен бастап 10 күн ішінде жауап береді және өзара қанағаттандырылатын шешімге келу мақсатында өтініш алынған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей өз еркі бойынша консультацияларды бастайды. Егер өтінішті алған күннен бастап 10 күн ішінде мүше жауап бермесе немесе өтінішті алған күннен бастап 30 күн ішінде немесе жалпы келісіммен белгіленген мерзімде консультацияларды бастамаса, онда консультация өткізу туралы өтінген мүше дереу аралық топтың құрылуын талап ете алады.
      4. Консультация өткізуді өтінген мүше осындай барлық өтініштер туралы ДШО-ны және тиісті Кеңестер мен Комитетті хабардар етеді. Консультациялар туралы кез келген өтініш жазбаша нысанда және қолданылатын шаралар мен шағымның заңды негіздерін көрсетуді қоса алғанда, дәлелдері жазылып ұсынылады.
      5. Қамтылған келісімдердің ережелеріне сәйкес өткізілетін консультациялар барысында осы Уағдаластықтың негізінде одан арғы қадамдар қабылданғанға дейін мүшелер бар мәселелерді қолайлы реттеу үшін күш салуға тиіс.
      6. Консультациялар құпия сипатта болады және кез келген одан арғы талқылау кезінде кез келген мүшенің құқықтарына залал келтірмейді.
      7. Егер консультациялар туралы өтініштерді алған күннен бастап консультациялар 60 күн ішінде даулардың реттелуімен аяқталмаса, шағым берген тарап аралық топты құру туралы өтіне алады. Шағым берген тарап, егер консультацияларға қатысқан тараптар, консультациялар нәтижесінде дауды реттеу мүмкін емес деп бірлесе отырып есептесе, көрсетілген 60 күндік мерзім ішінде аралық топты құруды өтінуі мүмкін.
      8. Тез бұзылатын тауарлар туралы сөз болған жағдайларды қоса алғанда, жедел жағдайларда мүшелер консультациялар туралы өтініштер алынған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей консультацияларды бастайды. Егер консультациялар көрсетілген өтініш алынған күннен бастап 20 күн ішінде дауды реттеумен аяқталмаса, онда шағым берген тарап аралық топты құруды талап ете алады.
      9. Тез бұзылатын тауарлар туралы сөз болған жағдайларды қоса алғанда, жедел жағдайларда дау тараптары, аралық топтар және Апелляциялық орган талқылауды жеделдету үшін мүмкіндігінше бар күшін салады.
      10. Консультациялар барысында дамушы мүше елдердің нақты проблемалары мен мүдделеріне мүшелердің айрықша назар аударғаны жөн.
      11. Консультацияларға қатысатын мүшелер санына кірмейтін қандай да бір мүше әрбір ретте 1994 ж. ГАТТ XXII бабының 1-тармағының, ГАТС XXII бабының 1-тармағының немесе басқа қамтылған келісімдердің4 тиісті ережелерінің негізінде өткізілетін консультацияларда елеулі сауда мүддесі бар деп есептейді, ол көрсетілген бапқа сәйкес, консультациялар туралы өтініштерді таратқан күннен кейін 10 күн ішінде, аталған мүшелерді, сондай-ақ ДШО-ны өзінің консультацияларға қосылу ниеті туралы хабардар ете алады. Аталған мүше, консультациялар туралы өтініш жіберілген мүше елеулі мүддесінің болуы туралы растаумен келіскен жағдайда, консультацияларға қатысуға жіберіледі. Бұл жағдайда олар бұл туралы ДШО-ға хабарлайды. Егер консультацияларға қатысу туралы өтініш қабылданбаса, онда өтініш беруші мүше 1994 ж. ГАТТ XXII бабының 1-тармағының немесе XXІII бабының 1-тармағының, ГАТС XXII бабының 1-тармағының немесе XXІII бабының 1-тармағының немесе басқа қамтылған келісімдердің тиісті ережелерінің негізінде консультацияларды өткізуді өтінуге құқылы.
________________
3 Егер қамтылған келісімдердің өңірлік немесе жергілікті үкімет немесе мүшенің аумағындағы билік қабылдаған шаралар бойынша кез келген басқа қамтылған келісімдердің ережелері осы тармақтың ережелерінен ерекшеленсе, онда басқа қамтылған келісім ережелерінің басым күші болады.
4 Қамтылған келісімдердегі консультациялар туралы тиісті ережелері төменде аталып отыр:
Ауыл шаруашылығы бойынша келісім, 19-бап; Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісім, 11-бап 1-тармақ; Тоқыма бұйымдары мен киім жөніндегі келісім, 8-бап 4-тармақ; Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім, 14-бап 1-тармақ, Инвестициялық шаралар саудасымен байланысты келісім, 8-бап; 1994 ж. ГАТТ VI бабын қолдану жөніндегі келісім, 17-бап 2-тармақ; 1994 ж. ГАТТ VI бабын қолдану жөніндегі келісім, 19-бап, 2-тармақ; Тиеп-түсіру алдындағы инспекция жөніндегі келісім, 7-бап; Шығарылған ел қағидалары туралы келісім, 7-бап; Импорттық лицензиялау рәсімдері жөніндегі келісім, 6-бап; Субсидиялар және өтемақы шаралары жөніндегі келісім, 30-бап; Қорғау шаралары жөніндегі келісім, 14-бап; Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім, 64.1-бап; және әрбір осындай келісімнің құзыретті органдары айқындалып, ДШО-ға хабарланған қатысушылардың саны шектеулі сауда келісімдерінің консультациялар туралы тиісті ережелері.

5-БАП
Қайырым қызметтері, келісу рәсімдері және делдалдық

      1. Қайырым қызметтері, келісу рәсімдері және делдалдық, егер тараптар бұл туралы уағдаласса, ерікті түрде қолданылатын рәсімдер болып табылады.
      2. Қайырым қызметтері, келісу рәсімдері және делдалдықты пайдалана отырып жүргізілетін талқылаулар және атап айтқанда, осы талқылаулар барысында сонымен айналысатын, дау тараптарының ұстанымы құпия болып табылады және осы рәсімдер негізінде кез келген одан әрі талқылаулар кезінде тараптардың құқықтарына нұқсан келтірмейді.
      3. Қайырым қызметтерін, келісу рәсімдерін және делдалдықты даудың кез келген тарапы кез келген уақытта сұрата алады. Олар кез келген уақытта басталуы және аяқталуы мүмкін. Қайырым қызметтер рәсімі, келісу рәсімі немесе делдалдық рәсімі тоқтатылса, шағым берген тарап бұдан соң аралық топты құру туралы өтінішпен жүгіне алады.
      4. Дау тараптары консультациялар туралы өтініш алынған күннен бастап 60 күн шегінде қайырым қызметтері, келісу рәсімдері және делдалдыққа жүгінген кезде, шағым берген тарап аралық топты құру туралы сұрамастан бұрын консультациялар туралы өтініш алынған күннен бастап есептелінетін 60 күндік мерзімнің өтуін күтуге тиіс. Шағым берген тарап, егер дау тараптары бірлесе отырып, қайырым қызметтері, келісу рәсімдері мен делдалдық дауды реттей алмады деп есептесе, көрсетілген 60 күндік мерзім ішінде аралық топты құру туралы өтіне алады.
      5. Егер дау тараптары бұл туралы уағдаласса, қайырым қызметтері, келісу рәсімдері немесе делдалдық аралық топта талқылау басталған кезде жалғасуы мүмкін.
      6. Бас директор ex officio әрекет ете отырып, дауды реттеуде мүшелерге жәрдем көрсету мақсатында қайырым қызметтері, келісу рәсімдері немесе делдалдықты ұсына алады.

6-БАП
Аралық топтар құру

      1. Егер, шағым берген тарап бұл туралы өтініш білдірсе, онда ең кеш дегенде, егер ДШО отырысында консенсус негізінде аралық топты құрмау туралы шешпесе, бұл өтініш ДШО-ның күн тәртібіне алғаш қосылған отырыстан кейінгі ДШО отырысында құрылады5.
      2. Аралық топ құру туралы өтініш жазбаша түрде жіберіледі. Онда консультациялар жүргізілгені-жүргізілмегені туралы көрсетіледі, даулы мәселе бойынша нақты шаралар белгіленеді және проблеманы нақты көру үшін жеткілікті шағымның құқықтық негізі қысқаша мазмұндалады. Егер арыз беруші кәдімгі әрекеттерден ерекше өкілеттігі бар аралық топты құру туралы өтінсе, онда жазбаша өтініш арнайы өкілеттіліктер туралы ұсынылатын мәтінді қамтиды.
______________________
5 Егер шағым берген тарап бұл туралы өтінсе, бұл туралы отырысқа дейін аз дегенде 10 күн бұрын хабарлама жіберілген жағдайда, ДШО отырысы осы мақсатта өтініш берілгеннен кейін 15 күн ішінде шақырылады.

7-БАП
Аралық топтың өкілеттігі

      1. Аралық топтың, егер дау тараптары аралық топ құрылған күннен бастап 20 күн ішінде өзгеше уағдаласпаса, мынадай өкілеттіліктері болады:
      «Тиісті ережелер аясында (дау тараптары деп аталған қамтылған келісімнің (дердің) аты) ДШО-ға.... құжатта тарап (дау тарапының атауы) қарауға берген мәселелерді зерделеу және ДШО-ға ұсынымдарды тұжырымдауға немесе осы келісімде (дерде) көзделген сияқты шешім қабылдауға көмектесетін тұжырымдар жасау».
      2. Аралық топтар қамтылған келісімдердің тиісті ережелеріне немесе дау тараптары деп аталған айтылған келісімдерге жүгінеді.
      3. Аралық топты құра отырып, ДШО өзінің төрағасын 1-тармақтың ережелері сақталған жағдайда, дау тараптарымен консультациялар барысында аралық топтың өкілеттігін айқындай алады. Осындай түрде айқындалған өкілеттіктер туралы барлық мүшелерге хабарланады. Егер қабылданған өкілеттіктер стандартты өкілеттіктерден ерекшеленсе, онда кез келген мүше бұл мәселе бойынша кез келген мәселені ДШО-ның алдына қоя алады.

8-БАП
Аралық топтар құрамы

      1. Аралық топтар, аралық топ құрамына кірген немесе оның алдында іс ұсынған, мүшенің немесе 1947 ж. ГАТТ уағдаласушы тарапының өкілдері, кез келген қамтылған келісімнің немесе оның алдындағы келісімдер Кеңесінің немесе Комитетінің өкілдері болған немесе халықаралық сауда құқығы немесе сауда саясаты бойынша оқытушы болған немесе осы салада жарияланымдары бар немесе қандай да бір мүшенің сауда саясаты мәселелері бойынша аға лауазымды тұлғалары ретінде қызмет еткен адамдарды қоса алғанда, жоғары білікті үкіметтік және/немесе үкіметтік емес мамандардан құрылады.
      2. Аралық топтың мүшелері мүшелердің тәуелсіздігін, жеткілікті жан-жақты кәсіби даярлығын және кең ауқымды практикалық тәжірибесін қамтамасыз ету үшін таңдалады.
      3. Дау тараптары немесе үшінші тарап болып табылатын мүшелердің, үкіметтердің6 азаматтары, 10-баптың 2-тармағында айқындалғандай, осы дау бойынша, егер дау тараптары өзгеше уағдаласпаса, аралық топтың құрамына кірмеуге тиіс.
      4. Аралық топтың мүшелеріне көмектесу үшін Хатшылық, 1-тармақта көрсетілген біліктілігі бар үкіметтік және үкіметтік емес тұлғалардың индикативтік тізімін жүргізеді, егер қажет болса бұлардың ішінен аралық топтың мүшелері таңдалуы мүмкін. Бұл тізімге 1984 ж. 30 қарашада (BISD 31S/9) құрылған тәуелсіз сарапшылар тізбесі және кез келген қамтылған келісімдердің негізінде жасалған басқа да тізбелер мен индикативті тізімдер кіреді. Тізім ДСҰ туралы келісім күшіне енген кезде осы тізбелерде және индикативті тізімдерде ұсынылған адамдардың аты-жөнін де қамтиды. Мүшелер, нақты секторлардағы халықаралық сауда саласында олардың білімдері туралы немесе қамтылған келісімдерге қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты ұсына отырып, индикативтік тізімге енгізу үшін кезең сайын үкіметтік және үкіметтік емес мамандардың аты-жөнін ұсына алады; бұл аты-жөндер оларды ДШО мақұлдағаннан кейін тізімге қосымша қосылады. Тізімге енгізілген әрбір тұлғаға қатысты, осы тұлғалардың секторларда немесе қамтылған келісімдерге қатысты мәселелер бойынша құзыретінің нақты саласы көрсетіледі.
      5. Аралық топтар, егер аралық топ құрылған күннен бастап 10 күн ішінде дау тараптары бес мүше құрамында аралық топты құру туралы келісімге қол жеткізбесе, үш мүшеден тұрады. Мүшелер аралық топтың құрамы туралы дереу хабардар етіледі.
      6. Хатшылық дау тараптарына аралық топтың мүшелері ретінде таңдау үшін тұлғалардың кандидатураларын ұсынады. Дау тараптары бұл кандидатураларға, мәжбүрлі мән-жайларды қоспағанда, қарсы болмайды.
      7. Егер аралық топтың дербес құрамы туралы келісімге аралық топ құрылған күннен бастап 20 күн ішінде қол жеткізілмесе, кез келген тараптың өтініші бойынша Бас директор ДШО төрағасымен және тиісті Кеңестің немесе Комитеттің төрағасымен кеңесе отырып және дау тараптарымен кеңескеннен кейін оның мүшелерін тағайындау арқылы аралық топтың құрамын айқындайды, оларды Бас директор дау нысанасына қатысы бар қамтылған келісімнің немесе қамтылған келісімдердің арнайы немесе қосымша ережелеріне немесе рәсімдеріне сәйкес оларды барынша қолайлы деп санайды. ДШО төрағасы осындай өтінішті алған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей, көрсетілген түрде қалыптасқан аралық топтың құрамы туралы мүшелерге хабарлайды.
      8. Мүшелер, әдетте өзінің лауазымды тұлғаларына аралық топтың құрамына кіруіне рұқсат етеді.
      9. Аралық топтың мүшелері үкіметтің немесе ұйымның өкілдері ретінде емес, жеке тұлға ретінде қатысады. Осыған байланысты мүшелер оларға нұсқаулар бермеуге немесе аралық топ қарайтын мәселелерге қатысты оларға ықпал жасауға ұмтылмауға тиіс.
      10. Дамушы мүше ел мен дамыған мүше ел арасында дау болған жағдайда, аралық топ, егер дамушы мүше ел бұл туралы сұраса, аз дегенде дамушы мүше елдің бірін аралық топтың мүшелігіне қосады.
      11. Жол жүру және тұру шығыстарын қоса алғанда, аралық топтың шығыстары Бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелері жөніндегі комитеттің ұсынымдары негізінде Бас кеңес белгілейтін нормаларға сәйкес ДСҰ бюджеті есебінен жабылады.
______________________
6 Дау тараптары кедендік одақтар немесе ортақ нарықтар болған жағдайда, бұл ереже барлық кедендік одақтарға немесе ортақ нарықтарға мүше елдердің азаматтарына қолданылады.

9-БАП
Бірнеше тарап шағымдар берген жағдайда қолданылатын рәсімдер

      1. Егер екі немесе одан да көп мүше сол бір мәселе бойынша аралық топтың құрылуын талап етсе, барлық мүдделі мүшелердің құқықтарын ескере отырып, осы шағымдарды қарау үшін бірыңғай аралық топ құрылуы мүмкін. Мүмкін болған жағдайда, мұндай шағымдарды қарау үшін бірыңғай аралық топ құрылуға тиіс.
      2. Бірыңғай аралық топ өз тұжырымдарын зерделеуді ұйымдастырады және дау тараптарының шағымдарын жекелеген аралық топтар қараған жағдайда құқықтарға залал келтірмейтіндей түрде ДШО-ға ұсынады. Егер дау тараптарының бірі бұл туралы өтінсе, аралық топ осы дау бойынша жеке баяндамалар ұсынады. Шағым берген әрбір тараптың жазбаша арыздары шағым берген басқа тараптарға ұсынылады және шағым берген әрбір тарап қандай да бір басқа тарап аралық топта өз пікірін айтқан кезде қатыса алады.
      3. Егер сол бір мәселе бойынша шағымдарды қарау үшін біреуден астам аралық топ құрылса, онда аралық топтың сол бір мүшелері, мүмкіндігіне қарай осы аралық топтардың жұмысына қатысады және осы даулар қарастыратын аралық топтардың жұмыс кестесі жасалады.

10-БАП
Үшінші тараптар

      1. Аралық топтарда қарау барысында дау тараптарының және басқа да мүшелердің мүдделері дау нысанасына қатысты қамтылған келісімнің шеңберінде толық қарастырылады.
      2. Аралық топ қарастыратын мәселе бойынша елеулі мүддесі бар және өзінің мүддесі туралы ДШО-ны (осы Уағдаластықта «үшінші тарап» деп аталады) хабардар еткен кез келген мүшенің аралық топ алдында сөз алуға және оған жазбаша арыздар ұсынуға мүмкіндігі бар. Бұл арыздар дау тараптарына беріледі және аралық топтың баяндамасында көрініс табады.
      3. Үшінші тараптар аралық топтың бірінші отырысында дау тараптарының арыздарын алады.
      4. Егер, үшінші тарап аралық топтың қарау нысанасы болып табылатын шара пайданы жояды немесе азайтады деп есептесе, онда бұл мүше осы Уағдаластықтың негізінде дауды реттеудің әдеттегі шараларына жүгіне алады. Мұндай дау, мүмкіндігінше бастапқы аралық топқа беріледі.

11-БАП
Аралық топтың функциясы

      Аралық топтың функциясы ДШО-ға осы Уағдаластықтың және қамтылған келісімдердің негізінде өз міндеттемелерін орындауға көмек көрсетуінен тұрады. Тиісінше, аралық топтың, істердің нақты мән-жайларын объективті бағалауды, тиісті қамтылған келісімдердің қолданушылығы мен оларға сәйкес келуін және қамтылған келісімдерде көзделгендей ДШО-ға ұсынымдар беруге немесе шешімдер қабылдауға көмектесетін осындай басқа да тұжырымдар жасауды қоса алғанда, оның алдына қойылған мәселені объективті бағалағаны жөн. Аралық топтардың дау тараптарымен жүйелі түрде консультация алғаны және өзара қанағаттандыратын шешімдерді әзірлеу үшін оларға барабар мүмкіндіктер ұсынғаны жөн.

12-БАП
Аралық топтардың жұмыс рәсімі

      1. Аралық топтар, егер дау тараптарымен консультациядан кейін аралық топ өзге шешім қабылдамаса, 3-қосымшада жазылған жұмыс рәсімін қолданады.
      2. Аралық топтардың жұмыс рәсімі аралық топтар баяндамаларының жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін икемді болуға, бірақ топтың жұмысын негізсіз кідіртуге жол бермеуге тиіс.
      3. Дау тараптарымен консультациядан кейін аралық топтардың мүшелері аралық топ құрылып, тиісті жағдайларда 4-баптың 9-тармағының ережелерін есепке ала отырып, осы топтың жұмыс кестесін анықтайды.
      4. Аралық топтың жұмыс кестесін айқындау кезінде, топ дау тараптарына олардың арыздарды дайындау үшін жеткілікті мерзім ұсынады.
      5. Аралық топ тараптардың жазбаша арыздарын беру үшін шекті мерзімдерді белгілеуге және тараптар осы мерзімдерді сақтауға тиіс.
      6. Даудың әрбір тарапы өзінің жазбаша арыздарын аралық топқа және даудың басқа тараптарына тез арада ұсыну үшін Хатшылыққа ұсынады. Шағым берген тарап, егер 3-тармақта айтылған кестені анықтай отырып және дау тараптарымен консультациядан кейін аралық топ тараптар өздерінің бірінші арыздарын бір уақытта беруге тиіс деп шешпесе, өзінің бірінші арызын жауап беруші тараптың бірінші арызынан бұрын ұсынады. Алғашқы арыздарды кейіннен дәйекті түрде беру келісілген жағдайларда аралық топ жауап беруші тарап өтінішінің түсуі үшін қатаң мерзім белгілейді. Барлық кейінгі жазбаша арыздар бір уақытта ұсынылады.
      7. Дау тараптары өзара қанағаттандыратын шешім туралы уағдаласа алмаған жағдайда, аралық топ ДШО-ға жазбаша баяндама түрінде өз тұжырымдарын ұсынады. Мұндай жағдайларда, аралық топтың баяндамасында іс бойынша анықталған нақты жағдайлар, тиісті ережелердің қолданушылығы мен олардың тұжырымдамалары мен ұсынымдарының негізгі негіздемесі жазылады. Дау тараптарының арасында реттеуге қол жеткізілген жағдайда, аралық топтың баяндамасы істің қысқаша сипатталуы және шешімге қол жеткізілгенін көрсетумен шектеледі.
      8. Шараның тиімділігін жоғарылату үшін аралық топты құрған және оған өкілеттіктер берген күннен бастап және түпкілікті баяндама дау тараптарына жіберілетін күнге дейін аралық топ істі қарастыратын мерзім, әдетте алты айдан аспауға тиіс. Тез бұзылатын тауарлар туралы сөз болатын жағдайларды қоса алғанда, жедел жағдайларда аралық топ өзінің баяндамасын дау тараптарына үш ай ішінде ұсынуға ұмтылады.
      9. Егер, аралық топ алты ай ішінде (немесе жедел жағдайларда үш ай ішінде) баяндама ұсынылмайды деп есептесе, ол жазбаша түрде ДШО-ға бұл кідірістің себептері туралы хабарлайды және өзінің баяндамасын қандай мерзімде ұсынатынын көрсетеді. Аралық топ құрылған күннен бастап мүшелер арасында баяндама таратылғанға дейінгі кезең еш жағдайда алты айдан аспауға тиіс.
      10. Дамушы мүше ел қабылданған шараларға қатысты консультациялар шеңберінде тараптар 4-баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген мерзімдерді ұзарту туралы уағдаласа алады. Егер көрсетілген мерзім өткеннен кейін консультацияларға қатысатын мүшелер консультациялар аяқталғандығы туралы уағдаласа алмаса, ДШО төрағасы тараптармен консультациядан кейін тиісті кезеңді ұзарту туралы және егер ұзартса, қандай мерзімге ұзартатынын шешеді. Оған қоса, дамушы мүше елге қарсы шағымды қарастыра отырып, аралық топ дамушы мүше елге оның уәждерін дайындау және ұсыну үшін жеткілікті мерзім береді. 20-баптың 1-тармағының және 21-баптың 4-тармағының ережелеріне осы тармақты орындау үшін жасалатын ешқандай әрекеттер қатысты болмайды.
      11. Бір немесе бірнеше тарап дамушы мүше ел болып табылса, аралық топтың баяндамасында дауды реттеу бойынша рәсімдер барысында дамушы мүше елдер сілтеме жасаған қамтылған келісімдердің қатысушылары болып табылатын дамушы мүше ел үшін сараланған және барынша қолайлы режим туралы тиісті ережелерді қандай түрде ескеретіні нақты көрсетіледі.
      12. Аралық топ, шағым берген тараптың өтініші бойынша өзінің жұмысын кез келген уақытта 12 айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұра алады. Осындай тоқтата тұру жағдайында, осы баптың 8 және 9-тармақтарында, 20-баптың 1-тармағында және 21-баптың 4-тармағында көрсетілген мерзімдер жұмыс тоқтатыла тұрған уақыт кезеңіне ұзартылады. Егер аралық топтың жұмысы 12 айдан асатын мерзімге тоқтатыла тұрса, аралық топты құруға өкілеттілік күшін жояды.

13-БАП
Ақпаратқа сұрау салу құқығы

      1. Әрбір аралық топ, өзі қолайлы деп тапқан кез келген тұлғадан немесе органнан ақпаратты және техникалық консультациялар сұрауға құқылы. Алайда, аралық топ мұндай ақпаратты немесе консультацияларды қандай да бір мүшенің юрисдикциясындағы кез келген тұлғадан немесе органнан сұратқанға дейін ол осы мүшенің билігін ол туралы хабардар етеді. Мүше осы аралық топ қажетті және сәйкес келеді деп есептеген мұндай ақпарат туралы сұранысқа дереу және түпкілікті жауап береді. Ұсынылатын құпия ақпарат оны ұсынатын мүше тұлғасының, органының немесе билігінің ресми рұқсатынсыз ашылмауға тиіс.
      2. Аралық топтар кез келген қолайлы дереккөзден ақпаратты сұратуы мүмкін және істің кейбір аспектілері бойынша олардың пікірін алу үшін сарапшылармен кеңесуі мүмкін. Даудың тарапы қозғаған ғылыми немесе қандай да бір техникалық мәселеге қатысты қандай да бір фактіге қатысты аралық топ сарапшылардың консультативтік тобынан жазбаша түрде консультативтік баяндаманы сұрата алады. Мұндай топтың құрылу қағидалары және оның жұмыс рәсімі 4-қосымшада жазылған.

14-БАП
Құпиялылық

      1. Аралық топтағы талқылаулар құпия болып табылады.
      2. Аралық топтардың баяндамалары алынған ақпараттар және жасалған мәлімдемелер тұрғысынан дау тараптарының қатысуынсыз жасалады.
      3. Аралық топтың баяндамасында білдірілген осы топтың жекелеген мүшелерінің пікірлері жасырын болып табылады.

15-БАП
Алдын ала қарау кезеңі

      1. Теріске шығару мақсатында ұсынылған арыздарды және ауызша дәлелдерді қарағаннан кейін аралық топ дау тараптарына баяндама жобасының сипатталатын (фактілерді және дәлелдерді қамтитын) бөлімдерін жібереді. Аралық топ белгілеген мерзім ішінде тараптар жазбаша түрде өз ескертулерін ұсынады.
      2. Дау тараптарынан түскен ескертулерді алу үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін аралық топ тараптарға сипаттау бөлімдерін, сондай-ақ өзінің тұжырымдары мен қорытындыларын қоса алғанда, алдын ала баяндаманы жібереді. Аралық топ белгілеген мерзім ішінде тарап аралық топқа мүшелер арасында түпкілікті баяндаманы таратуға дейін алдын ала баяндаманың белгілі бір аспектілерін қарау жөнінде жазбаша өтінішпен жүгіне алады. Тараптардың өтініші бойынша аралық топ жазбаша ескертулерде белгіленген мәселелер бойынша тараптармен қосымша кездесулер өткізеді. Егер тараптардан бұл үшін берілген мерзім ішінде ешқандай ескертулер түспесе, алдын ала баяндама аралық топтың түпкілікті баяндамасы ретінде қарастырылады және мүшелер арасында дереу таратылады.
      3. Аралық топтың түпкілікті баяндамасының тұжырымдары алдын ала қарау сатысында айтылған уәждерді талқылауды қамтиды. Алдын ала қарау 12-баптың 8-тармағында көрсетілген мерзімнің ішінде жүргізіледі.

16-БАП
Аралық топтың баяндамаларын қабылдау

      1. Мүшелерге аралық топтың баяндамаларын қарауға жеткілікті уақыт ұсыну үшін бұл баяндамалар мүшелер арасында таратылған күннен бастап 20 күн өткенге дейін қабылдау мақсатында ДШО-да талқыланбайды.
      2. Аралық топтың баяндамасы жөнінде қарсылықтары бар мүшелер аралық топтың баяндамасы қаралатын ДШО-ның отырысына дейін кем дегенде 10 күн бұрын өздерінің қарсылықтарын түсіндіретін себептерді жазбаша түрде тарату үшін ұсынады.
      3. Дау тараптары ДШО-да аралық топтың баяндамасын қарауға қатысуға толық құқылы және олардың пікірі толығымен тіркелуге тиіс.
      4. Аралық топтың баяндамасын мүшелер арасында таратқан күннен бастап 60 күннің ішінде баяндама, егер даудың қандай да бір тарапы өзінің ДШО-ны апелляцияға беретін шешімі туралы ресми түрде хабардар етпесе, немесе егер ДШО консенсус негізінде баяндаманы қабылдамауды шешпесе, ДШО отырысында қабылданады7. Егер тарап апелляцияға беру туралы өзінің шешімін хабардар етсе, аралық топтың баяндамасын ДШО апелляция рәсімі аяқталғанға дейін қабылдау мақсатында қарастырылмайды. Қабылдау рәсімі мүшелердің аралық топтың баяндамасында өз пікірлерін білдіру құқығына залал келтірмейді.
______________________
7 Егер ДШО-ның отырысы осы кезең ішінде 16-баптың 1 және 4-тармақтарының талаптарын орындау кезінде жоспарланбаса, онда ДШО осы мақсатта отырыс өткізеді.

17-БАП
Апелляцияларды қарау

      Тұрақты Апелляциялық орган
      1. Тұрақты Апелляциялық органды ДШО құрады. Апелляциялық орган аралық топтар қарастырған істер бойынша апелляцияларды қарайды. Ол жеті адамнан тұрады, олардың үшеуі кез келген бір іс бойынша өз функцияларын атқарады. Апелляциялық органға кіретін тұлғалар өз функцияларын ротация тәртібімен орындайды. Мұндай ротация Апелляциялық органның жұмыс рәсімімен айқындалады.
      2. ДШО тұлғаларды Апелляциялық органның функцияларын орындау үшін төрт жыл мерзімге тағайындайды және әрбір тұлға тағы бір мерзімге қайта тағайындала алады. Алайда ДСҰ туралы келісім күшіне енгеннен кейін бірден тағайындалған жеті адамның ішінен жеребе бойынша анықталған үш адамның өкілеттіктерінің мерзімі екі жылдан кейін аяқталады. Бос қызмет орындары пайда болуына қарай толтырылады. Өкілеттік мерзімі аяқталған тұлғаның орнына тағайындалған тұлға бұл өкілеттіктерді өзінен бұрын жұмыс істеген адамның пайдаланбаған мерзімі ішінде атқарады.
      3. Апелляциялық орган қамтылған келісім саласына енетін құқық, халықаралық сауда салаларында және жалпы мәселелерде өзінің құзыретін дәлелдеген, мойындалған абырой-беделі бар адамдардан құралады. Олар ешқандай да үкіметпен байланысты болмауға тиіс. Апелляциялық органның құрамы ДСҰ-ның мүшелік құрамын кеңінен ашып көрсетуге тиіс. Апелляциялық органның функцияларын атқаратын адамдардың барлығы хабарланғаннан кейін бірден кез келген уақытта өз міндеттерін атқаруға дайын болуға және дауларды реттеу жөніндегі қызметтен және ДСҰ-ның басқа тиісті қызметінен хабардар болуға тиіс. Олар мүдделер қақтығысына тікелей немесе жанама әкеп соқтыруы ықтимал ешқандай дауларды қарауға қатыспауға тиіс.
      4. Аралық топтың баяндамасына үшінші тараптар емес, тек дау тараптары ғана апелляция бере алады. 10-баптың 2-тармағына сәйкес қаралатын істе елеулі мүдде туралы ДШО-ға хабарлаған үшінші тараптар жазбаша мәлімдемелер жасай алады және оларға Апелляциялық органда тыңдау мүмкіндігі берілуге тиіс.
      5. Ортақ қағида ретінде апелляцияны қараудың ұзақтығы Апелляциялық органның баяндамасы таратылатын күнге дейін даудың қандай да бір тарапы өзінің шағымдану шешімі туралы ресми хабарлаған күннен бастап 60 күннен аспайды. Апелляциялық орган жұмыс кестесін белгілей отырып, тиісті жағдайларда 4-баптың 9-тармағының ережелерін ескереді. Егер Апелляциялық орган 60 күннің ішінде баяндама ұсынылмайды деп есептесе, ол ДШО-ға кідіру себептері, сондай-ақ өз баяндамасын ұсынатын болжалды мерзім туралы жазбаша түрде хабарлайды. Ешбір жағдайда апелляцияны қарау 90 күннен астам уақытқа созылмауға тиіс.
      6. Апелляция аралық топтың баяндамасында белгіленген құқықтық мәселелермен және аралық топ берген заң түсініктемесімен шектеледі.
      7. Қажет болған жағдайда, Апелляциялық органға тиісті әкімшілік және заң тұрғысынан қолдау көрсетіледі.
      8. Жол жүру және тұру шығыстарын қоса алғанда, Апелляциялық органның функциясын орындайтын тұлғалардың шығыстары Бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелері жөніндегі комитеттің ұсынымдары негізінде Бас Кеңес белгілеген нормаларға сәйкес ДСҰ бюджетінен өтеледі.
      Апелляцияны қарау рәсімі
      9. Жұмыс рәсімін ДШО төрағасы мен Бас директордың консультативтік қатысуы кезінде Апелляциялық орган әзірлейді және мүшелердің назарына жеткізіледі.
      10. Апелляциялық органдағы талқылау құпия болып табылады. Апелляциялық органның баяндамасы дау тараптарының қатысуынсыз ұсынылған ақпарат пен жасалған мәлімделерге сүйене отырып әзірленеді.
      11. Апелляциялық органның баяндамасында осы органның жұмысына қатысушылардың айтқан пікірлері жасырын болып табылады.
      12. Апелляциялық орган апелляцияны талқылау кезінде 6-тармаққа сәйкес көтерілген мәселелердің әрқайсысын қарайды.
      13. Апелляциялық орган аралық топтың құқықтық тұжырымдары мен қорытындыларын растайды, өзгертеді немесе күшін жоя алады.
      Апелляциялық органның баяндамасын қабылдау
      14. Апелляциялық органның баяндамасын ДШО қабылдайды және оны, егер ДШО келісімі негізінде Апелляциялық органның баяндамасын мүшелер арасында таратылғаннан кейін 30 күннің ішінде қабылдамау туралы шешпесе, дау тараптары сөзсіз мойындайды8. Қабылдау рәсімі Апелляциялық органның баяндамасында мүшелердің өз пікірлерін ашып көрсету құқығына нұқсан келтірмейді.
____________________
8 Егер ДШО отырысы бұл кезеңде көзделмесе, онда ДШО осы мақсатта отырыс өткізеді.

18-БАП
Аралық топпен немесе Апелляциялық органмен байланыс

      1. Аралық топтың немесе Апелляциялық органның қарайтын мәселелері бойынша аралық топпен немесе Апелляциялық органмен ex parte байланысы болмауға тиіс.
      2. Аралық топқа немесе Апелляциялық органға жазбаша түрде берілген арыздар құпия ретінде қаралуға, бірақ дау тараптарына қолжетімді болуға тиіс. Осы Уағдаластықта дау тарапына жалпы мәлімет үшін өзінің жеке ұстанымын ашып көрсетуге ешнәрсе кедергі болмайды. Мүшелер басқа мүшенің аралық топқа немесе Апелляциялық органға құпия деп белгілеген ақпаратын құпия ақпарат ретінде қарайды. Кез келген дау тарапы кез келген мүшенің өтініші бойынша жалпы мәлімет үшін ашып көрсетілуі мүмкін жазбаша арыздарында қамтылатын ақпараттық құпия түйіндемесін де ұсынады.

19-БАП
Аралық топтың және Апелляциялық органның ұсынымдары

      1. Егер аралық топ немесе Апелляциялық орган қандай да бір шара қамтылған келісімге сәйкес келмейді деген тұжырымға келсе, олар мүдделі мүшеге9 бұл шараны осы келісімге сәйкес келтіруді ұсынады10. Өз ұсынымдарына толықтыру ретінде аралық топ немесе Апелляциялық орган мүдделі мүшеге ұсынымдарды орындау тәсілдерін ұсына алады.
      2. 3-баптың 2-тармағына сәйкес аралық топ пен Апелляциялық орган өз тұжырымдары мен ұсынымдарында қамтылған келісімдерде көзделген құқықтар мен міндеттемелерді кеңейте алмайды немесе тарылта алмайды.
_______________________
9 Аралық топтың немесе Апелляциялық органның ұсынымдары жолданатын дау тарапы «Мүдделі мүше» болып табылады.
10 1994 ж. ГАТТ немесе кез келген басқа қамтылған келісімге қатысты ережелерді бұзуға байланысты емес жағдайларда ұсынымдарға қатысты 26-бапты қараңыз.

20-БАП
ДШО-ның шешімдер қабылдау мерзімдері

      Егер дау тараптары өзгеше келіспесе, онда ДШО-ның аралық тобы құрылған күн мен ДШО-ның аралық топтың немесе Апелляциялық органның баяндамасын оны қабылдау мақсатында қараған күні аралығындағы кезең, әдетте егер төрелік топтың баяндамасына шағым берілмесе тоғыз айдан аспауға немесе егер баяндамаға шағым берілсе 12 айдан аспауға тиіс. Аралық топ не Апелляциялық орган өз баяндамасын ұсыну мерзімін ұзарту мақсатында 12-баптың 9-тармағына немесе 17-баптың 5-тармағына сәйкес әрекет еткен жағдайларда жоғарыда көрсетілген мерзімдерге қосымша уақыт қосылады.

21-БАП
Ұсынымдар мен шешімдердің орындалуын бақылау

      1. ДШО ұсынымдары мен шешімдерін дереу орындау барлық мүшелердің мүддесі үшін дауларды тиімді реттеуді қамтамасыз етуге қажет болып табылады.
      2. Дауды реттеу нысанасы болған шараларға қатысты дамушы мүше елдердің мүдделерін қозғайтын мәселелерге айрықша назар аударған жөн.
      3. Аралық топтың немесе Апелляциялық органның баяндамасы қабылданған күннен бастап 30 күн11 ішінде өткізілген ДШО отырысында мүдделі мүше ДШО-ның ұсынымдары мен шешімдерін орындауға қатысты өз ниеттері туралы ДШО-ға хабарлайды. Егер ұсынымдар мен шешімдерді дереу ескеру іс жүзінде мүмкін болмаған жағдайда, онда мүдделі мүшенің мұны жасау үшін ақылға қонымды уақыт кезеңі болуға тиіс. Ақылға қонымды уақыт мерзімі дегеніміз:
      (а) егер мұндай кезеңді ДШО мақұлдаса; немесе мұндай мақұлдау болмаған кезде мүдделі мүше ұсынған уақыт кезеңі,
      (b) ұсынымдар мен шешімдер қабылданған күннен бастап 45 күн шегінде; немесе мұндай келісім болмаған кезде дау тараптары өзара келіскен уақыт кезеңі,
      (с) ұсынымдар мен шешімдер қабылданған күннен бастап 90 күн ішінде міндеттеуші төрелік жолымен анықталған кезең12 болып табылады. Мұндай төрелікте төреші13 төрелік топтың немесе Апелляциялық органның ұсынымдарын орындауға арналған ақылға қонымды уақыт кезеңі аралық топтың немесе Апелляциялық органның баяндамасы қабылданған күннен бастап 15 айдан аспауға тиіс деген қағидатқа сүйенуге тиіс. Алайды бұл кезең нақты мән-жайларға қарай қысқа немесе ұзақ болуы мүмкін.
      4. Аралық топ немесе Апелляциялық орган 12-баптың 9-тармағына немесе 17-баптың 5-тармағына сәйкес өз баяндамасын ұсыну мерзімін ұзартқан жағдайларды қоспағанда, ДШО-ның аралық тобының құрылған күнінен бастап ақылға қонымды уақыт мерзімін анықтағанға дейінгі кезең, егер дау тараптары өзгеше келіспесе, 15 айдан аспауға тиіс. Аралық топ не Апелляциялық орган баяндаманы ұсыну мерзімін ұзарту туралы мәселе қойған жағдайда 15 айлық мерзімге қосымша мерзім қосылады; бұл ретте, егер дау тарапы ерекше мән-жайлардың бар-жоғы туралы келіспесе, жалпы мерзім 18 айдан аспауға тиіс.
      5. Егер қамтылған келісімде ұсынымдар мен шешімдерді орындау мақсатында қабылданған шаралардың болуына немесе онымен салыстырмалылыққа қатысты пікірлерде алшақтықтар болса, мұндай дау мүмкіндігінше бастапқы аралық топты пайдалану мүмкіндігін қоса алғанда, дауларды шешудің осы рәсімдерін пайдалану жолымен шешіледі. Аралық топ өзіне осы іс берілген күннен бастап 90 күн ішінде өз баяндамасын таратады. Егер аралық топ өз баяндамасын осы мерзімде ұсына алмайды деп есептесе, ол ДШО-ға өз баяндамасының кешіктірілу себептері мен оны ұсынудың болжамды мерзімі туралы жазбаша түрде хабарлайды.
      6. ДШО қабылданған ұсынымдар мен шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Ұсынымдар мен шешімдерді орындау туралы мәселені олар қабылданғаннан кейін ДШО-да кез келген мүше кез келген уақытта көтере алады. Егер тек ДШО өзгеше шешпесе, ұсынымдарды немесе шешімдерді орындау туралы мәселе 3-тармаққа сәйкес ақылға қонымды уақыт кезеңін анықтаған күннен бастап алты айдан кейін ДШО отырысының күн тәртібіне енгізіледі және аталған мәселені шешкенге дейін ДШО-ның күн тәртібінде қалады. Осындай отырысқа дейін ең аз дегенде 10 күн бұрын мүдделі мүше ДШО-ға ұсынымдардың немесе шешімдердің орындалу барысы туралы жазбаша түрде формальды баяндама ұсынады.
      7. Егер мәселені дамушы мүше ел көтерсе, ДШО осы мән-жайларда тиісті түрде болатын, қолға алатын одан әрі қандай әрекеттер болатыны туралы мәселені қарайды.
      8. Егер істі дамушы мүше ел қозғаса, онда қандай тиісті әрекеттер қолға алынуы мүмкін деген мәселені қарай отырып, ДШО шағым нысанасы болып отырған шараларды қозғайтын сауданы ғана емес сонымен қатар, осы шаралардың мүдделі дамушы мүше елдің экономикасына әсерін де ескереді.
_____________________
11 Егер ДШО отырысы бұл кезеңде көзделмесе, онда ДШО осы мақсатта отырыс өткізеді.
12 Егер де тараптар істі төрелік сотқа өткізгеннен кейін 10 күн ішінде төрелік туралы келісе алмаса, Бас директор тараптармен кеңескеннен кейін 10 күн ішінде төрешіні тағайындайды.
13 « Төреші» термині тұлғаны немесе адамдар тобын білдіретін ұғым ретінде түсіндіріледі.

22-БАП
Өтемақы және басқаға беруді тоқтата тұру

      1. Өтемақы және басқаға беруді немесе басқа да міндеттемелерді тоқтата тұру ұсынымдар мен шешімдер ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде орындалмаған жағдайда жүгінетін уақытша шаралар болып табылады. Алайда өтемақы да, басқаға беруді немесе басқа міндеттемелерді тоқтата тұру да шараны қамтылған келісімдерге сәйкес келтіру туралы ұсынымды толық көлемде орындауға қарағанда барынша басым болып табылмайды. Өтемақы ерікті болып табылады және берілген кезде қамтылған келісімдерге сәйкес болуға тиіс.
      2. Егер осы мәселе қатысты мүше қамтылған келісімге сәйкес емес деп қаралған шараны оған сәйкестікке келтірмесе немесе 21-баптың 3-тармағына сәйкес белгіленген қисынды уақыт кезеңі ішінде ұсынымдарды және шешімдерді өзге түрде орындамаса, онда мұндай мүше, егер оған бұл туралы өтініш білдірілсе, ақылға қонымды уақыт кезеңі аяқталғаннан кешіктірмей өзара қолайлы өтемақыны белгілеу мақсатында дауларды реттеу рәсімдеріне жүгінген кез келген тараппен келіссөздер жүргізуді бастауға тиіс. Егер қанағаттандыратын өтемақы ақылға қонымды уақыт кезеңі аяқталған күннен бастап 20 күн ішінде келісілмесе, дауларды реттеуге жүгінген кез келген тарап ДШО-ның осы қатысты болатын мүшеге ескертпелерді, қамтылған келісімдер бойынша басқаға беруді немесе басқа да міндеттемелерді тоқтата тұруға рұқсат беруін өтіне алады.
      3. Сол немесе өзге де басқаға беруді немесе сол немесе басқа да міндеттемелерді тоқтата тұру туралы мәселені қарай отырып, шағым берген тарап мына қағидаттар мен рәсімдерді қолданады:
      (а) шағым берген тарапқа бастапқыда аралық топ немесе Апелляциялық орган бұзушылық не басқа күшін жою немесе пайдаларды қысқартудың болуын тапқан секторда (секторларда) басқаға беруді немесе басқа да міндеттемелерді тоқтата тұруға ұмтылғаны жөн болып табылатын ортақ қағидат;
      (b) егер көрсетілген тарап сол секторда (секторларда) басқаға беруді немесе басқа да міндеттемелерді тоқтата тұру мүмкін емес деп есептесе, онда ол сол келісімнің аясында басқа секторлардағы басқаға беруді немесе басқа да міндеттемелерді тоқтата тұруға ұмтылуы мүмкін;
      (с) егер көрсетілген тарап сол секторда (секторларда) сол бір келісім шеңберінде басқаға беруді немесе басқа да міндеттемелерді тоқтата тұру мүмкін емес немесе тиімсіз деп, ал міндеттемелер жеткілікті түрде маңызды деп есептесе, онда ол басқа қамтылған келісімнің шеңберінде басқаға берулерді немесе басқа да міндеттемелерді тоқтата тұруға ұмтылуы мүмкін;
      (d) жоғарыда баяндалған қағидаттарды қолдана отырып, көрсетілген тарап мыналарды:
      (i) аралық топ немесе Апелляциялық орган бұзушылықты не басқа да күшін жоюды немесе пайдалардың қысқаруын анықтауды ескере отырып, сектордағы немесе келісім негізіндегі сауданы, сондай-ақ көрсетілген тарап үшін мұндай сауданың маңызын;
      (ii) пайдалардың күшін жоюға немесе қысқартуға қатысты барынша ауқымды экономикалық деректерді және басқаға беруді немесе басқа да міндеттемелерді тоқтата тұрудың барынша ауқымды экономикалық салдарын назарға алады;
      (e) егер көрсетілген тарап (b) немесе (с) тармағына сәйкес басқаға беруді немесе басқа да міндеттемелерді тоқтата тұруға рұқсат беруді өтінуді шешсе, ол өз өтінішінде мұның себептерін жазуға тиіс. Бір мезгілде ДШО-ға жолдауымен бірге бұл өтініш, егер өтініш (b) тармағына сәйкес, секторлар бойынша тиісті органдарға берілсе, тиісті Кеңестерге де жолданады;
      (f) осы тармақтың мақсаттары үшін «сектор» мынаны білдіреді:
      (i) тауарларға қатысты – барлық тауарлар;
      (ii) көрсетілетін қызметтерге қатысты – мұндай секторлар анықталатын қолданыстағы «Қызметтер секторларының жіктемелік тізбесінде» айқындалған негізгі сектор14;
      (iii) зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілеріне қатысты ІІ бөлімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6 немесе 7-бөлімдерімен қамтылған зияткерлік меншік құқықтарының әрқайсысын немесе ЗМҚСА бойынша келісімнің ІІІ немесе IV бөлімінде көзделген міндеттемелер;
      (g) осы тармақтың мақсаттары үшін «келісім» мынаны білдіреді:
      (i) тауарларға қатысты – ДСҰ туралы келісімнің 1А қосымшасында санамаланған және тұтастай қарастырылатын келісімдер, сондай-ақ тиісті дау тараптарының қаншалықты осы келісімдердің тараптары болып табылатынына қарай қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімдері;
      (ii) көрсетілетін қызметтерге қатысты - ГАТС;
      (iii) зияткерлік меншік құқықтарына қатысты - ЗМҚСА туралы Келісім.
      4. ДШО рұқсат берген басқаға беруді немесе басқа міндеттемелерді тоқтата тұру деңгейі пайдалардың күшін жою немесе қысқарту деңгейіне сәйкес келуге тиіс.
      5. ДШО, егер қамтылған келісім мұндай тоқтата тұруға тыйым салса, басқаға беруді немесе басқа міндеттемелерді тоқтата тұруға рұқсат етпейді.
      6. 2-тармақта сипатталған жағдай туындаған кезде ДШО сұрау салу бойынша, егер ДШО консенсус негізінде өтінішті қабылдамау туралы шешпесе, ақылға қонымды уақыт кезеңі аяқталған күннен бастап 30 күн ішінде басқаға беруді немесе басқа міндеттемелерді қолдануды тоқтата тұруға рұқсат береді. Алайда, егер бұл өзіне қатысты мүше, тоқтата тұрудың болжамды деңгейіне қарсылық білдірсе немесе 3-тармақта жазылған қағидаттар мен рәсімдер шағым берген тарап 3(b) немесе (с) тармағына сәйкес басқаға беруді немесе басқа міндеттемелерді тоқтата тұруға рұқсат сұраған кезде сақталмаған деп тұжырымдаса, іс төрелікке беріледі. Мұндай төрелікті оның мүшелері болған кезде бастапқы аралық топ немесе Бас директор тағайындаған төреші15 өткізеді және ақылға қонымды уақыт кезеңі аяқталған күннен бастап 60 күн ішінде аяқталады. Басқаға беру немесе басқа міндеттемелер төрелік сот процесінде тоқтап қалмауға тиіс.
      7. 6-тармаққа сәйкес әрекет ететін төреші16 тоқтатылатын басқаға беруді немесе басқа міндеттемелердің сипатын қарамайды, бірақ мұндай тоқтата тұру деңгейі пайдалардың күшін жою немесе қысқарту деңгейіне сәйкес келетінін-келмейтінін анықтайды. Төреші қамтылған келісім басқаға беруді немесе басқа міндеттемелерді болжамды тоқтатуға рұқсат беретінін-бермейтінін де анықтайды. Алайда, егер төрелік сотқа өткізілген іс 3-тармақта жазылған қағидаттар мен рәсімдердің сақталмауына шағымды қамтыса, төреші бұл шағымды қарайды. Егер төреші бұл қағидаттар мен рәсімдер сақталмағанын анықтаған жағдайда шағым берген тарап оларды 3-тармаққа сәйкес қолданады. Тараптар төрешінің шешімі түпкілікті деп таниды және бұл өздеріне қатысты тараптар қайталама төрелікке ұмтылмауға тиіс. ДШО-ға төрешінің шешімі туралы дереу хабарланады және сұрау салу бойынша, егер ДШО келісім негізінде өтінішті қабылдамау туралы шешпесе, өтініш төрешінің шешіміне сәйкес келген жағдайда басқаға беруді немесе басқа міндеттемелерді тоқтата тұруға рұқсат етеді.
      8. Басқаға беруді немесе басқа міндеттемелерді тоқтата тұру уақытша сипатта болады және ұсынымдарды немесе шешімдерді орындауға тиісті мүше пайдалардың күшін жоюға немесе қысқартуға қатысты шешімдер ұсынбаса немесе өзара қанағаттандыратын шешімге қол жеткізілмесе, қамтылған келісімге сәйкес емес деп қарастырылатын шара күшін жойғанға дейін қолданылады. 21-баптың 6-тармағына сәйкес ДШО өтемақы берілген не басқаға беру немесе басқа міндеттемелер тоқтата тұрған, бірақ шараны қамтылған келісімдерге сәйкесе келтіру ұсынымдары орындалмаған жағдайларды қоса алғанда, қабылданған ұсынымдардың немесе шешімдердің орындалуын бақылауды жалғастырады.
      9. Дауларды реттеуге қатысты қамтылған келісімдердің ережелері өңірлік немесе жергілікті үкіметтер немесе мүшенің аумағындағы билік қабылдаған көрсетілген келісімдерді сақтауға қатысты шараларға орай қолданылуы мүмкін. Егер ДШО қамтылған келісімнің қандай да бір ережесі сақталмаған деп шешсе жауап беретін мүше оның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өз билігіндегі ақылға қонымды шараларды қолдануға тиіс. Қамтылған келісімдер мен өтемақыға және басқаға беруді немесе басқа міндеттемелерді тоқтата тұруға қатысты осы Уағдаластықтың ережелері мұндай сақтауды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады17.
____________________
14 МТN.GNS/W/120 құжатында қамтылған тізбе он бір сектор бөліп көрсетіледі.
15 «Төреші» термині тұлғаны немесе адамдар тобын білдіреді.
16 «Төреші» термині тұлғаны немесе адамдар тобын білдіреді немесе төреші ретінде танылатын бастапқы төрелік топтың мүшелерін білдіреді
17      Егер өңірлік немесе жергілікті үкіметтер немесе мүшенің аумағындағы билік қабылдаған шараларға қатысты кез келген қамтылған келісімнің ережелері осы тармақтың ережелерінен ерекшеленсе, онда мұндай қамтылған келісімнің ережелерінің басым күші болады.

23-БАП
Көпжақты жүйені нығайту

      1. Егер мүшелер міндеттемелерді бұзған немесе қамтылған келісімдерден туындайтын пайдалардың күші жойылған немесе қысқарған жағдайда немесе қамтылған келісімдердің қандай да бір мақсатына қол жеткізуде қиындықтар болған жағдайда өтем алуға ұмтылса, олар осы Уағдаластықтың қағидалары мен рәсімдеріне жүгінеді және оларды қатаң ұстанады.
      2. Мүшелер мұндай жағдайларда:
      (а) бұзушылық орын алғаны, пайдалар күшін жойғаны немесе қысқартылғаны немесе осы Уағдаластықтың қағидаларына және рәсімдеріне сәйкес дауларды реттеу арқылы қамтылған келісімдердің қандай да бір мақсатына қол жеткізу қиындағаны туралы шешім қабылдамауға тиіс және ДШО қабылдаған аралық топтың немесе Апелляциялық органның баяндамасында қамтылған тұжырымдармен немесе осы Уағдаластыққа сәйкес шығарылған төреліктің шешіммен сәйкес кез келген осындай шешімді қабылдайды;
      (b) осы мәселе қатысты мүшеге ұсынымдар мен шешімдерді орындау мүмкіндігін беру мақсатында ақылға қонымды уақыт кезеңін анықтау үшін 21-бапта көзделген рәсімдерді пайдаланады; және
      (с) басқаға беруді немесе басқа міндеттемелердің деңгейін анықтау және осы мәселе қатысты мүшенің ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде ұсынымдар мен шешімдерді орындамауына жауап ретінде қамтылған келісімдер бойынша басқаға беруді немесе басқа міндеттемелерді тоқтата тұрғанға дейін көрсетілген рәсімдерге сәйкес ДШО-ның рұқсатын алу үшін 22-бапта көзделген рәсімдерді пайдаланады.

24-БАП
Мейілінше аз дамыған мүше елдерге қатысты арнайы рәсімдер

      1. Мейілінше аз дамыған мүше елге қатысты даудың себептерін анықтау мен оны реттеудің барлық кезеңдерінде мейілінше аз дамыған елдердің нақты жағдайына айрықша көңіл бөлінеді. Бұл тұрғыдан алғанда мүшелер мейілінше аз дамыған елдерге қатысты осы рәсімдерге сәйкес іс қозғауда қажетті ұстамдылық танытуға тиіс. Егер де пайдалардың күшін жою немесе қысқарту мейілінше аз дамыған мүше ел қабылдаған шараның салдары болып табылғаны анықталса, шағым берген тараптар осы рәсімдерге сәйкес өтемақы сұрағанда немесе басқаға берудің немесе басқа міндеттемелердің қолданылуын тоқтатуға рұқсат беруге қол жеткізген кезде тиісті ұстамдылық көрсетеді.
      2. Мейілінше аз дамыған елге қатысты дауларды реттеу жөніндегі істерде консультациялар барысында қанағаттанарлық шешім табылмаған кезде ДШО Бас директоры немесе төрағасы мейілінше аз дамыған мүше елдің өтініші бойынша аралық топты құру туралы өтініш түскенге дейін тараптарға дауды шешуге жәрдемдесу мақсатында өзінің ізгі қызметтерін, келістіру рәсімін немесе дәнекерлігін ұсынады. Жоғарыда аталған жәрдемді көрсете отырып, ДШО Бас директоры немесе төрағасы кез келгенін лайықты деп есептейтін кез келген дереккөзбен кеңесе алады.

25-БАП
Төрелік

      1. Дауларды реттеудің баламалы тәсілі ретінде ДСҰ аясындағы жеделдетілген төрелік қос тараптың айқын анықтаған мәселелеріне қатысты дауларды реттеуді жеңілдете алады.
      2. Егер осы Уағдаластықта өзгеше көзделмесе, төрелік оны өткізу рәсімі туралы келісетін тараптардың өзара келісу бойынша пайдаланылады. Төрелік туралы келісімдер төрелік процестері басталғанға дейін жеткілікті уақытта алдын ала барлық мүшелердің назарына жеткізіледі.
      3. Басқа мүшелер төрелікті пайдалану туралы келіскен тараптардың келісуімен ғана төрелік тараптары бола алады. Рәсім тараптары төреліктің шешімдерін ұстануға келіседі. Төреліктің шешімдері туралы ДШО мен Кеңеске немесе мүше осыған байланысты кез келген мәселені көтере алатын тиісті келісім Комитетке хабарлануға тиіс.
      4. Осы Уағдаластықтың 21 және 22-баптары төреліктің шешімдеріне mutatis mutandis қолданады.

26-БАП

      1. 1994 ж. ГАТТ ХХIII бабының 1(b) тармағында сипатталған типке қатысты бұзушылықтар болмаған жағдайдағы шағымдар
      1994 ж. ГАТТ XXIII бабының 1(b) тармағының ережелері қамтылған келісімге қолданылғанда аралық топ немесе Апелляциялық орган, егер даудың қандай да бір тарапы тиісті қамтылған келісімнен ол үшін туындайтын тікелей немесе жанама кез келген пайда күшін жояды немесе қысқартылады деп санаса, не осы келісімнің қандай да бір мақсатына қол жеткізу мүшенің осы келісімнің шарттарына қайшы келетініне-келмейтініне қарамастан кез келген шара қолдану нәтижесінде қиындайды. Егер мұндай тарап есептейтін шамада, ал аралық топ немесе Апелляциялық орган 1994 ж. ГАТТ XXIII бабының 1(b) тармағы қолданылатын қамтылған келісімнің ережелеріне қайшы келмейтін шараларға қатысты істі анықтайтын болса, мына төмендегілер сақталған жағдайда асы Уағдаластықтың рәсімдері қолданылады:
      (а) шағым келтіруші тарап тиісті қамтылған келісімге қайшы келмейтін шараға қатысты кез келген шағымды қолдау ретінде толығырақ негіздеме ұсынады;
      (b) егер шара пайданың күшін жояды немесе қысқартады не тиісті қамтылған келісімді бұзбай, бірақ оның мақсаттарына қол жеткізуді қиындатады деп белгіленсе, онда бұл шараны жою міндеттемесі туындамайды. Алайда бұл жағдайларда аралық топ немесе Апелляциялық орган бұл мәселе қатысты мүшеге істі өзара қолайлы негізде реттеуді ұсынуға тиіс;
      (с) 21-баптың ережелеріне қарамастан 21-баптың 3-тармағында көзделген аралық сот сол немесе басқа тараптың өтініші бойынша күшін жойған немесе қысқартылған пайдалардың деңгейін анықтау мәселесін қарай алады және сондай-ақ өзара қолайлы реттеуге қол жеткізу жолдары мен тәсілдерін ұсына алады; мұндай ұсыныстар дау тараптары үшін міндетті болып табылмайды;
      (d) 22-баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан өтемақы дауды түпкілікті шешетін өзара қолайлы реттеудің бір бөлігі болуы мүмкін.
      2. 1994 ж. ГАТТ XXIII бабының 1(с) тармағында сипатталған типке қатысты шағымдар
      1994 ж. ГАТТ XXIII бабының 1(с) бабының ережелері қамтылған келісімге қолданылғанда аралық топ қандай да бір тарап тиісті қамтылған келісімнен өзі үшін туындайтын қандай да бір тікелей немесе жанама пайда күшін жойды немесе қысқарды деп, не бұл келісімнің қандай да бір мақсаттарына қол жеткізу ГАТТ 1994 XXIII бабының 1(а) және 1(b) тармағы қолданылатынға қарағанда басқа жағдайдың болуы нәтижесінде қиындатылды деп есептеген жағдайда, аралық топ ұсынымдар немесе шешімдер қабылдай алады. Егер мұндай тарап есептейтін шамада, ал аралық топ қаралатын іс осы тармақтың қолданысына жататынын анықтаса, осы Уағдаластықтың рәсімдері аралық топтың баяндамасы мүшелер арасында таратылғанды қоса алған кезге дейін ғана қолданылады. 1989 жылғы 12 сәуірдегі шешімде (BISD 36S/61-67) қамтылған Дауларды реттеу қағидалары мен рәсімдер баяндаманы қабылдау мақсатында оны қарауға ұсынымдар мен шешімдерді және олардың орындалуын бақылауға қолданылады. Мынадай ережелер де қолданылады:
      (а) шағым берген тарап осы тармақ қамтитын мәселелерге қатысты кез келген уәждердің толығырақ негіздемесін ұсынады;
      (b) егер төрелік топ осы тармақта қамтылатын мәселелерді қамтитын іс осы тармақ қамтитын мәселелерден бөлек дауды реттеудің басқа да мәселелерін қамтитыны анықталса, онда аралық топ ДШО-ға осы мәселелер бойынша баяндаманы және осы тармақ қамтитын мәселелер бойынша жеке баяндаманы жолдайды.

27-БАП
Хатшылықтың функциялары

      1. Хатшылық аралық топтарға қарастырылатын істердің әсіресе, құқықтық, тарихи және рәсімдік аспектілері бойынша жәрдемдесуі және хатшылық және техникалық қолдауы үшін жауап береді.
      2. Хатшылық мүшелердің өтініші бойынша дауларды реттеуге қатысты оларға жәрдем көрсеткен кезде де құқықтық мәселелер бойынша қосымша консультациялар мен дамушы мүше елдердің дауларын реттеуге қатысты көмек көрсету қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы мақсатта Хатшылық бұл туралы өтінген дамушы мүше елдің қарамағына ДСҰ техникалық ынтымақтастық қызметінің құқықтық мәселелер жөніндегі білікті маманын береді. Мұндай маман Хатшылықтың бұлжымас әділдігін қамтамасыз ететін тәсілмен дамушы мүше елге көмек көрсетеді.
      3. Хатшылық осы саладағы мүше сарапшыларының хабардарлығын арттыру мақсатында шынайы рәсімдер мәселелері мен дауларды шешу тәжірибесі бойынша мүдделі мүшелерге арналған арнайы оқыту курстарын ұйымдастырады.

1-ТОЛЫҚТЫРУ
УАҒДАЛАСТЫҚПЕН ҚАМТЫЛҒАН КЕЛІСІМДЕР

      (А) Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісім
      (В) Көпжақты сауда келісімдері
      ҚОСЫМША 1А: Тауарлармен сауда бойынша көпжақты келісімдер
      ҚОСЫМША 1В: Көрсетілетін қызметтер саудасы бойынша бас келісім
      ҚОСЫМША 1С: Зияткерлік меншік құқығының аспектілері бойынша келісім
      2-ҚОСЫМША: Дауларды шешуді реттейтін қағидалар мен ресімдер туралы уағдаластық
      (С) Қатысушылардың шектелген шеңберімен сауда келісімдері
      4-ҚОСЫМША: Азаматтық әуе техника саудасы жөніндегі келісім
      Үкіметтік сатып алу бойынша келісім
      Сүтті өнімдері бойынша халықаралық келісім
      Сиыр еті бойынша халықаралық келісім

      Осы Уағдаластықты қатысушылардың шектеулі шеңбері бар сауда келісімдеріне қолдану қатысушылардың ДШО-да қарастырылғандай, 2-ТОЛЫҚТЫРУ енгізуге арналған қосымша немесе арнайы қағидаларды немесе рәсімдерді қоса алғанда, осындай Келісімнің әрқайсысына жеке Уағдаластықты қолдануды бекітетін келісімнің әр шешімін қабылдауға байланысты.

2-ТОЛЫҚТЫРУ
ҚАМТЫЛҒАН КЕЛІСІМДЕРДЕГІ АРНАЙЫ НЕМЕСЕ ҚОСЫМША ҚАҒИДАЛАР МЕН РӘСІМДЕР

Келісім

Қағидалар мен рәсімдер

Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісім

11.2

Тоқыма бұйымдары және киім жөніндегі келісім

2.14, 2.21, 4.4, 5.2, 5.4, 5.6, 6.9, 6.10, 6.11, 8.1-ден - 8.12-ге дейін

Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім

14.2-ден - 14.4-ге дейін, 2-қосымша

1994 ж. ГАТТ VI бабын қолдану бойынша келісім

17.4-дан 17.7-ге дейін

1994ж. ГАТТ VII бабын қолдану бойынша келісім

19.3 ден 19.5-ге дейін, II. 2(f) қосымша, 3, 9, 21

Субсидиялар және өтемақылар жөніндегі келісімдер

4.2-ден 4.12-ге дейін, 6.6,7.2 ден 7.10-ге дейін 8.5 сілтеме 35, 24.4, 27.7, V-қосымша

Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісім

XXII:3, XXIII:3

Қаржы қызметтері бойынша қосымша

4

Әуе тасымалы саласындағы қызметтер бойынша қосымша

4

ГАТС бойынша дауларды реттеудің кейбір рәсімдер туралы шешім

1-ден 5-ке дейін

      Осы Қосымшада келтірілген қағидалар мен рәсімдердың тізімі осы тұрғыдағы мәселелерге ішінара ғана қатысты болатын ережелерді қамтиды.
      Әрбір келісім бойынша құзырлы органдар анықтағандай және ол туралы ДШО хабардар етілгендей, қатысушылардың шектеулі шеңбері бар сауда келісімдеріндегі кез келген арнайы немесе қосымша қағидалар немесе рәсімдер.

3-ТОЛЫҚТЫРУ
ЖҰМЫС РӘСІМІ

      1. Аралық топ өз жұмысында осы Уағдаластықтың тиісті ережелеріне жүгінеді. Оған қоса, мынадай жұмыс рәсімі қолданылуға тиіс.
      2. Аралық топ жабық отырысқа жиналады. Дау тараптары мен мүдделі тараптар отырыстарға аралық топтың шақыруымен ғана қатысады.
      3. Аралық топтағы талқылау барысы және оған ұсынылатын құжаттар құпия болып қалады. Осы Уағдаластықтың ешбір ережесі дау тарапына жалпы мәлімет үшін өзінің жеке ұстанымын ашып көрсетуге ешнәрсе кедергі келтірмейді. Мүшелер басқа мүшенің аралық топқа құпия деп белгілеген ақпаратына құпия ақпарат ретінде қарайды. Дау тарапы аралық топқа өзінің арызының құпия нұсқасын берген жағдайда, ол қандай да бір мүшенің өтініші бойынша оның арыздарында қамтылған, жалпы мәліметтер үшін ашып көрсетілуі мүмкін ақпараттың құпия емес түйіндемесін ұсынады.
      4. Тараптардың қатысуымен аралық топтың бірінші негізгі отырысына дейін дау тараптары аралық топқа жазбаша арыздарды ұсынады, онда олар іс бойынша фактілер мен өз уәждері жазады.
      5. Тараптардың қатысумен бірінші негізгі отырыстарында аралық топ шағым берген тарапқа істі беруді ұсынады. Одан соң осы отырыс барысында оған қарсы шағым беріліп отырған тарапқа өз көзқарасын білдіруді ұсынады.
      6. Дауда олардың мүдделері туралы ДШО-ға хабарлаған барлық үшінші тараптар осы мақсат үшін аралық топтың бірінші негізгі отырысы барысында жазбаша түрде өздерінің пікірлерін айтуға шақырылады. Барлық осындай үшінші тараптар осы отырыстың барлық барысында қатыса алады.
      7. Ресми теріске шығарулар аралық топтың екінші негізгі отырысы барысында ұсынылады. Оған қарсы шағым берілген тарап бірінші болып сөйлеуге, содан кейін шағым берген тарап сөйлейді.
      8. Аралық топ кез келген уақытта тараптарға сұрақтар қоя алады және тараптардың қатысуымен түсіндірмелерді отырыс барысында немесе жазбаша түрде ұсынуды өтіне алады.
      9. Дау тараптары және 10-бапқа сәйкес өз көзқарасын айтуға келген кез келген үшінші тарап аралық топқа олардың ауызша мәлімдемелерін жазбаша береді.
      10. Толық транспаренттілік мүдделер үшін 5-тармақтан 9-тармаққа дейін айтылған ұсыну, теріске шығару және арыздар тараптардың қатысуында жасалады. Оған қоса, баяндаманың сипаттау бөлігі бойынша кез келген ескертулер мен аралық топ қойған сұрақтарға жауаптарды қоса алғанда, әр тараптың жазбаша ұсынулары екінші тараптың немесе басқа тараптардың назарына ұсынылады.
      11. Нақты аралық топтар үшін қажетті кез келген қосымша шаралары.
      12. Аралық топтың ұсынылатын жұмыс кестесі:
      (а) Тараптардың бастапқы жазбаша арыздарын алу:
      1) Шағымды берген тарап:      3 - 6 апта
      2) Өзіне қарсы шағым берілген тарап:       2 - 3 апта
      (b) Үшінші тараптардың қатысуымен өткізілетін бірінші негізгі отырыстың күні, уақыты және орны:
      Үшінші тараптардың қатысуымен өткізілетін отырыс:____1-2 апта
      (с) Тараптардың жазбаша теріске шығаруын алу:       2 - 3 апта
      (d) Тараптардың қатысуымен өткізілетін екінші негізгі отырыстың күні, уақыты және орыны: _______1-2 апта
      (е) Баяндаманың сипаттама бөлімінің тараптарға беру:      2 - 4 апта
      (f) Тараптардан баяндаманың сипаттама бөлімі бойынша ескертулерін алу: ________2 апта
      (g) Тұжырымдар мен қорытындыны қоса алғанда, алдын ала баяндаманың тараптарына беру: _______2-4 апта
      (h) Тараптар баяндаманың бір немесе бірнеше бөлімдерін қайта қарау туралы сұрауы мүмкін шекті мерзім: _______1 апта
      (i) Аралық топтың, тараптардың қатысуымен өткізілетін ықтимал қосымша отырыстарды қоса алғанда, қайта қарау кезеңі:__2 апта
      (j) Дау тараптарына түпкілікті баяндаманы беру:       2 апта
      (k) Мүшелерге түпкілікті баяндаманы жіберу:       3 апта
      Аталған кесте күтпеген мән-жайларға орай өзгеруі мүмкін. Қажет болған кезде тараптардың қатысуымен қосымша отырыстар шақырылады.

4-ТОЛЫҚТЫРУ
САРАПШЫЛАРДЫҢ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ

      Төмендегі қағидалар мен рәсімдер 13-баптың 2-бабының ережелеріне сәйкес құрылатын сарапшылардың консультациялық топтарына қолданылады.
      1. Сарапшылардың консультациялық топтары аралық топтарға бағынады. Олардың өкілеттіктері мен жұмысының егжей-тегжейлі рәсімдерін олар баяндама беретін аралық топ белгілейді.
      2. Сарапшылардың консультациялық топтарына қатысу жоғары біліктілік сапасы және қарастырылатын салада тәжірибесі бар адамдармен шектеледі.
      3. Дау тараптарының азаматтары, аралық топ мамандандырылған ғылыми сараптамаға қажеттілік басқаша қанағаттандырыла алмайды деп есептеген ерекше жағдайды қоспағанда, дау тараптарының өзара келісуі болмаған кезде сарапшылардың консультациялық топтарына қосылмайды. Дау тарапының үкіметтік лауазымды тұлғалары сарапшылардың консультациялық тобына кіре алмайды. Консультациялық сарапшылар тобының мүшелері қандай да бір ұйым немесе үкіметтің өкілі ретінде емес, жеке адам ретінде өзінің функцияларын орындайды. Тиісінше, үкіметтер немесе ұйымдар сарапшылардың консультациялық тобы қарастыратын мәселелерге қатысты нұсқаулар бермеуге тиіс.
      4. Сарапшылардың консультациялық топтары өздері қолайлы деп табатын кез келген дереккөздермен кеңесуі және олардан техникалық кеңестер мен ақпараттарды сұрауы мүмкін. Сарапшылардың консультациялық тобы мұндай ақпаратты немесе мүшенің қарауындағы кеңестің дереккөзінен сұрағанға дейін, ол сол мүшенің үкіметін хабардар етеді. Әрбір мүше дереу сарапшылардың консультациялық тобы қажетті және тиісті деп есептейтін ақпарат туралы сарапшылардың консультациялық тобына дереу және толық жауап береді.
      5. Даудың тараптары, егер ол құпия болып табылмаса, сарапшылардың консультациялық тобына ұсынылған іске қатысты барлық ақпаратқа қол жеткізе алады. Консультациялық тобына ұсынылған құпия ақпарат, сол ақпаратты ұсынған үкіметтің, ұйымның немесе тұлғаның ресми рұқсатынсыз ашылмайды. Егер мұндай ақпарат сарапшылардың консультациялық тобынан сұралатын болса, бірақ бұл ақпаратты ашуға рұқсат етілмесе, ақпаратты ұсынған үкімет, ұйым немесе тұлға мұндай ақпараттың құпия емес түйіндемесін береді.
      6. Сарапшылардың консультациялық тобы даудың тараптарына, олардан ескертулер алу мақсатында баяндаманың жобасын ұсынады және қажет болған кезде оны аралық топқа ұсына отырып, дау тараптарына бір уақытта тарататын түпкілікті баяндамада ескереді. Сарапшылардың консультациялық тобының түпкілікті баяндамасы консультациялық сипатта ғана болады.

3-ҚОСЫМША
САУДА САЯСАТЫНЫҢ ШОЛУ ТЕТІГІ

      Осымен мүшелер келесі туралы келіседі:
      А. Мақсаттар
      (i) Сауда саясатының шолу тетігінің («ССШТ») мақсаты барлық мүшелердің Көпжақты сауда келісімдері бойынша және бұл қабылдауға боларлық жерде, Қатысушыларының ауқымы шектеулі келісімдер бойынша қабылданған ережелерді, нормаларды және міндеттемелерді неғұрлым жетілдірілген тұрғыда сақтауға және көпжақты сауда жүйесінде көбірек ашықтыққа және мүшелердің сауда саясаты мен тәжірибесін түсінуге жету арқылы нақты қызмет етуіне жәрдемдесу болып табылады. Осылайша, шолу тетігі сауда саясатының барлық спектрінің және жекелеген мүшелердің тәжірибесінің маңыздылығына және олардың көпжақты сауда жүйесінің қызмет етуіне ықпалына тұрақты түрде ұжымдық баға беріп отыруға мүмкіндік береді. Бұл алайда көрсетілген Келісімдер бойынша нақты міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін немесе дауларды реттеу рәсімдері үшін немесе мүшелерге жаңа саяси міндеттемелер жүктеу үшін негіз болуға арналмаған.
      (ii) Шолу тетігі шеңберінде өткізілетін бағалау, мүмкіндігінше, тиісті мүшенің неғұрлым кең экономикалық қажеттіліктері және даму, саясат және мақсаттары қажеттіліктері аясында, сондай-ақ сыртқы факторларды ескере отырып жасалады. Алайда шолу тетігінің негізгі мақсаты сауда саясатының және көп тарапты сауда жүйесіне мүшенің тәжірибесінің ықпалын зерттеу болып табылады.
      В. Мемлекетішілік жариялылық
      Мүшелер олардың экономикасы үшін де, сондай-ақ көп тарапты сауда жүйесі үшін де сауда саясаты мәселелері бойынша үкіметтік шешімдерді қабылдау саласында мемлекетішілік жариялылықтың ажырамас құндылығын мойындайды және мемлекетішілік жариялылықты қамтамасыз ету әрбір мүшенің құқықтық және саяси жүйесін ескере отырып, еріктілік негізде жүзеге асырылуға тиіс екенін мойындай отырып, олардың өздерінің жүйелері шеңберінде үлкен жариялылықты көтермелеуге және қолдау жасауға келіседі.
      С. Шолу рәсімдері
      (i) Осымен сауда саясатына шолуды орындау үшін Сауда саясатының шолуын өткізу жөніндегі орган құрылады (бұл жерде «ССШО» ретінде аталған).
      (ii) Сауда саясаты және барлық мүшелердің тәжірибесі мерзімдік қарауға жатады. Жеке мүшелердің әлемдік саудада соңғы өкілдік кезеңінде ұсынылған үлесі бойынша айқындалатын көп тараптық сауда жүйесінің қызмет етуіне ықпал етуі, шолулар өткізу жиілілігі туралы шешімдер қабылдау кезінде шешуші фактор болады. Осылайша айқындалған алғашқы төрт саудаға қатысушылар (бұл ретте, Еуропалық Қоғамдастықтар жалғыз қатысушы болып табылады) әр екі жыл сайын шолу мәні болып табылады. Келесі 16 әр төрт жыл сайын шолу мәні болып табылады. Басқа мүшелер әр алты жыл сайын, неғұрлым аз дамыған мүше елдер үшін одан ұзақ мерзім белгіленуі мүмкін екенін қоспағанда, шолу тақырыбы болып табылады. Бұл ретте, бірнеше мүшеге таралатын ортақ сыртқы саясаты бар құрылымдарға қатысты шолу тиісті жеке мүшелердің саясаты мен тәжірибесін қоса алғанда, саудаға әсер ететін саясаттың барлық құрауыштарын қамтитыны түсініледі. Ерекшелік ретінде, сауда саясатында немесе қандай да бір мүшенің тәжірибесінде оның сауда серіктестері үшін маңызды салдар болуы мүмкін өзгерістер болған жағдайда, консультациядан кейін, ССШО тиісті мүшеден келесі шолуды ертерек өткізу туралы сұрай алады.
      (iii) ССШО отырыстарындағы талқылаулар А тармағында жазылған міндеттермен айқындалады. Пікірсайыс шолу тетігі шеңберінде бағалауға жататын сауда саясаты мен мүшелердің тәжірибесіне шоғырланады.
      (iv) ССШО осындай шолулар өткізудің жалпы жоспарын белгілейді. Ол мүшелердің жаңартылған баяндамаларын талқылай және мәлімет ретінде қабылдай алады. ССШ О тікелей мүдделі мүше елдермен консультацияларда әр жылға шолулар бағдарламасын жасайды. Мүшеге немесе мүшелерге қатысты болса, олардың консультациялық қатысуымен төраға баяндамашыларды таңдай алады, олар жеке сөз алып, тиісті мәселелерді ССШО талқылауына ұсынады.
      (v) ССШО өзінің жұмысында келесі құжаттамаларға негізделеді:
      (а) шолудың мәні болып табылатын мүше ел немесе мүше елдер ұсынған, D тармағында көрсетілген толық баяндама;
      (b) Хатшылық өзінде бар ақпарат негізінде, сондай-ақ тиісті мүше ел немесе мүше елдер ұсынған ақпарат негізінде өзінің жауапкершілігіне алып әзірлеген баяндама. Хатшылық тиісті мүше ел немесе мүше елдермен олардың сауда саясатына және тәжірибесіне қатысты ақпаратты нақтылауға тырысуға тиіс.
      (vi) Қаралатын мүше мен Хатшылықтың баяндамалары, ССШО тиісті отырысының хаттамаларымен бірге, шолудан кейін кешіктірілмей жарияланады.
      (vii) Осы құжаттар, оларды мәлімет ретінде қабылдайтын Министрлер конференциясына жіберіледі.
      D. Есептілік
      Неғұрлым мүмкін болғанша толық жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында әрбір мүше ССШО алдында тұрақты есеп береді. Толық есептер тиісті мүше немесе мүшелер жүргізетін сауда саясаты мен тәжірибені сипаттайды, ССШО белгілейтін келісілген нысан бойынша жасалады. Бұл нысан ең алдымен 1989 жылғы 19 шілдедегі (BISD 36S/406-409) шешіммен белгіленген елдер бойынша есептер үшін сызбалық нысанда негізделеді, егер бұл 1-Қосымшада Көп тараптық сауда келісімдермен және қолданылатын жерде, Қатысушылардың шектеулі ауқымы бар сауда келісімдермен қамтылатын сауда саясаттының барлық аспектілеріне есептілік саласын кеңейту үшін қажетті болса, өзгертіледі. Бұл нысанды ССШО практикалық тәжірибені ескерумен қайта қарауы мүмкін. Шолулар арасындағы кезеңде мүшелер, егер олардың сауда саясатында маңызды өзгерістер болса, қысқа есептер ұсынады; жыл сайындық жаңартылған статистикалық ақпарат келісілген нысан бойынша ұсынылады. Аз дамыған мүше елдер тап болатын қиындықтарға ерекше назар аударылады, дамушы елдердің өтініші бойынша Хатшылық есеп жасау кезінде оларға техникалық қолдау көрсетеді. Есептерде қамтылған ақпарат барынша жоғары дәрежеде Көп тараптық сауда келісімдердің және қолданылатын жерде, Қатысушылардың шектеулі ауқымы бар сауда келісімдерінің талаптарына сәйкес ұсынылған хабарламалармен үйлестірілуі тиіс.
      Е. Төлем теңгерімдері бойынша ГАТТ 1994 және ГАТС ережелерімен байланыс
      Мүшелер төлем теңгерімдері бойынша ГАТТ 1994 және ГАТС ережелеріне сәйкес кеңестерді толық көлемде өткізу кезінде үкіметтер үшін жүктемені азайту қажеттілігін мойындайды. Осы мақсатпен ССШО төрағасы тиісті мүшемен немесе мүшелермен және Шектеулер бойынша комитеттің төрағасымен консультациялар кезінде төлем теңгеріміне байланысты, төлем теңгерімдері бойынша консультациялардың кестесімен сауда саясаты шолуларының қалыпты үдерісін көрсететін әкімшілік келісімдерді әзірлейді, алайда, сауда саясатының шолуларын 12 айдан артық мерзімге кейінге қалдырмайды.
      F. Тетікті бағалау
      ССШО ССШТ қызмет етуінің бағалауын ДСҰ-ға кіру туралы келісім күшіне енгеннен кейін бес жылдан кеш емес мерзімде өткізеді. Осы бағалаудың нәтижелері Министрлік конференциясына ұсынылады. ССШО кейіннен айқындаған мерзімдердің ішінде немесе Министрлік конференциясының өтініші бойынша ССШТ бағалауын өткізе алады.
      G. Халықаралық сауда ортасындағы оқиғалар дамуының жалпы шолуы
      ССШО, сонымен қатар көп тараптық сауда жүйесіне әсер ететін халықаралық сауда ортасындағы оқиғалар дамуының жыл сайынғы жалпы шолуын өткізеді. ДСҰ қызметінің баста тараптарын бейнелейтін және сауда жүйесіне әсер ететін маңызды саяси мәселелерді белгілейтін Бас директордың жыл сайынғы баяндамасы осы шолуға ықпал етуі тиіс.

Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі дайындық комитеті САУДА РӘСІМДЕРІН ЖЕҢІЛДЕТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ* Кіріспе сөзбасы

      Мүшелер,
      Доха Министрлік декларациясына сәйкес басталған келіссөздерді назарға алып;
      Доха Министрлік декларациясының 27-тармағында (WT/MIN (01)/DEC/1) және 2004 жылғы 1 тамызда Бас кеңес қабылдаған Доха жұмыс бағдарламасы шешімінің D қосымшасында (WT/L/579), сондай-ақ Гонконг министрліктер декларациясының 33-тармағында және Е қосымшасында (WT/MIN(05)/DEC) қамтылған қағидаттар мен мандатты еске салып және қайта растап;
      Транзиттегі тауарларды қоса алғанда, тауарлардың қозғалысын, босатылуын және кедендік тазартылуын одан әрі жылдамдату мақсатында 1994 жылғы ГАТТ-тың V, VIII және X баптарының тиісті аспектілеріне айқындық енгізуге және жақсартуға ниет білдіріп;
      Дамушы және, әсіресе, ең төмен дамыған мүше елдердің ерекше қажеттіліктерін растап және осы салада әлеует жасауда көмек және қолдау көрсетуді арттыруға ниет білдіріп;
      Мүшелер арасындағы сауда рәсімдерін жеңілдету және кедендік қағидаларды сақтау мәселелері бойынша тиімді ынтымақтастық жасау қажеттілігін растай отырып;
      Осымен төмендегілер туралы келіседі:
____________________
* Осы құжат бұрын WT/PCTF/W/27 шартты белгісімен жарияланған.

І БӨЛІМ 1-БАП: АҚПАРАТТЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ 1. Жариялау

      1.1 Әрбір мүше үкіметтерге, сауда субъектілеріне және басқа мүдделі тараптарға олармен танысуға мүмкіндік беру үшін келесі ақпаратты кемсітпейтін және оңай қол жетімді негізде шұғыл жариялауы тиіс:
      а) импорт, экспорт және транзит рәсімдері (оның ішінде порттарда, әуежайларда рәсімдер және басқа да кіру пункттерінде қолданылатын рәсімдер), және қажетті нысандар мен құжаттар;
      b) импортқа немесе экспортқа не оларға байланысты салынатын кез келген түрдегі баж бен салықтардың қолданылатын мөлшерлемелері;
      с) үкіметтік органдар немесе үкіметтік органдар үшін импортқа, экспортқа немесе транзитке немесе оларға байланысты салатын төлемдер мен алымдар;
      d) кедендік мақсаттар үшін тауарларды жіктеу немесе бағалау үшін қағидалар;
      е) шығу тегіне қатысты жалпы қолданылатын заңдар, қағидалар немесе әкімшілік қаулылар;
      f) импортқа, экспортқа немесе транзитке шектеулер немесе тыйым салулар;
      g) импорт, экспорт немесе транзит ресми рәсімдерін бұзғаны үшін айыппұл санкциялары;
      h)  шағымдану немесе қайта қарау тәртібі;
      кез келген елмен немесе елдермен импортқа, экспортқа немесе транзитке қатысты келісімдер немесе олардың бөлімдері; және
      j) тарифтік квоталарды енгізуге байланысты рәсімдер.
      1.2 2.2-тармақта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы ережелерде мүше тілінен басқа ақпаратты жариялау немесе ұсынуды талап ету ештеңе түсіндірілмеуі тиіс.

2. Интернеттегі қолжетімді ақпарат

      2.1 Әрбір мүше Интернет арқылы мүмкіндігінше және қажеттілігіне қарай мынаны ұсынады және жаңартып отырады:
      а) үкіметтерге, сауда субъектілеріне және басқа мүдделі тараптарға импорт, экспорт және транзит үшін қажетті қадамдар туралы ақпарат беріп отыратын импорт, экспорт және транзит рәсімдерінің, оның ішінде шағымдану немесе қайта қарау рәсімінің сипаттамасы1;
      b) осы мүше аумағына әкелуге, аумағынан әкетуге аумағы арқылы транзитке қажетті нысандар мен құжаттар;
      с) оның ақпараттық орталығы туралы байланыс ақпарат.
      2.2 Мүмкін болған жағдайда 2.1 (а) тармағында көрсетілген сипаттама ДСҰ-ның ресми тілдерінің бірінде қолжетімді болуға тиіс.
      2.3 Мүшелерге Интернетте саудамен байланысты тиісті заңнаманы қоса алғанда, саудамен байланысты қосымша ақпаратты және 1.1-тармақта көрсетілген өзге де ақпаратты жариялау ұсынылады.
_______________________
1 Әрбір мүше өзінің веб-сайтында осы сипаттаманың құқықтық шектеулері туралы жариялауға құқылы.

3. Ақпараттық орталықтар

      3.1 Әрбір мүше қолда бар мүмкіндіктер шегінде 1.1-тармақта қамтылған мәселелер бойынша үкіметтердің, сауда субъектілерінің және басқа мүдделі тараптардың негізделген сұрауларына жауап беруі үшін, сондай-ақ 1.1 (а) тармақшада көрсетілген талап етілетін нысандар мен құжаттарды ұсынуы үшін бір немесе бірнеше ақпараттық орталықтардың жұмысын құрайды немесе қолдайды.
      3.2 Кеден одағының мүшелері немесе өңірлік ықпалдастыруға қатысатын мүшелер жалпы рәсімдерге қатысты 3.1-тармақтың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін өңірлік деңгейде жалпы ақпараттық орталықтарды құруы немесе қолдауы мүмкін.
      3.3 Мүшелерге сұрауларға жауап бергені және талап етілетін нысандар мен құжаттарды бергені үшін төлемді талап етпеу ұсынылады. Егер мұндайлар бар болса, мүшелер көрсетілген қызметтердің шамаланған құнына дейін төлемдер мен алымдар сомасын шектейді.
      3.4 Ақпараттық орталықтар сұрауларға жауап береді және сұраудың сипатына және күрделілігіне байланысты өзгеруі мүмкін ақылға қонымды уақыт ішінде нысандар мен құжаттарды ұсынады, ол әрбір мүше белгілеген.

4. Хабарлама

      Әрбір мүше 23-баптың 1.1-тармағына сәйкес Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі комитетке (бұдан әрі осы Келісімде «Комитет»):
      а) 1.1 (а)-дан (j)-ға дейінгі тармақшаларда көрсетілген ақпарат жарияланған ресми орын (дар);
      b) 2.1-тармағында көрсетілген сайттағы (сайттардағы) ресурстардың бірыңғай көрсеткіштері; және
      с) 3.1-тармағында көрсетілген ақпараттық орталықтардың байланыс ақпараты туралы хабарлауға тиіс.

2-БАП: ПІКІР БІЛДІРУ МҮМКІНДІГІ, КҮШІНЕ ЕНГЕНГЕ ДЕЙІНГІ
АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР

      1. Пікір білдіру мүмкіндігі және күшіне енгенге дейінгі ақпарат
      1.1 Әрбір мүше мүмкіндігіне қарай өзінің заңнамасына және құқықтық жүйесіне сәйкес жаңа заңдар мен ережелердің жобаларына транзиттік тауарларды қоса алғанда, тауарлардың қозғалысына, шығаруы мен тазартылуына байланысты жаңа заңдар мен қағидалардың жобаларына түсініктемелер беру немесе қолданыстағы заңдар мен жалпы қолданылатын қағидаларға өзгерістер енгізу үшін сауда субъектілері мен басқа мүдделі тараптар үшін мүмкіндік пен тиісті уақыт мерзімімен қамтамасыз етеді.
      1.2 Әрбір мүше мүмкіндігіне қарай және өзінің заңнамасына және құқықтық жүйесіне сәйкес транзиттік тауарларды қоса алғанда, тауарлардың қозғалысына, шығаруы мен тазартылуына қатысты жаңа немесе өзгертілген заңдар мен жалпы қолданылатын қағидалардың жариялануын немесе олар туралы ақпарат сауда субъектілері және басқа мүдделі тұлғалардың онымен танысуы үшін олар күшіне енгенге дейін мүмкіндігінше ерте өзге тәсілмен көпшілікке қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
      1.3 Кеден баждары немесе тарифтері мөлшерлемесінің өзгерістері, жеңілдету әрекет ететін шаралар, тиімділігіне 1.1 немесе 1.2-тармақтарға сәйкес келу нәтижесінде нұқсан жасалатын шаралар, төтенше мән-жайлар жағдайында қолданылатын шаралар немесе ішкі заңнаманың және құқықтық жүйенің шамалы өзгерістері 1.1 және 1.2-тармақтардан алып тасталды.

2. Консультациялар

      Мүшенің әрқайсысы тиісті жағдайларда өзінің шекаралық ведомстволары мен сауда субъектілерінің немесе өз аумағының шегіндегі басқа да мүдделі тараптардың арасында тұрақты консультациялар жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс.

3-БАП: АЛДЫН АЛА ШЕШІМДЕР

      1. Әрбір мүше барлық қажетті ақпаратты қамтитын жазбаша сұрау берген өтініш берушіге ақылға қонымды мерзімде алдын ала шешімді береді. Егер мүше алдын ала шешім беруден бас тартса, ол осындай шешім қабылдау үшін тиісті фактілер мен негіздерді жазып, жазбаша түрде өтініш берушіге бұл туралы жедел хабарлауға тиіс.
      2. Егер қосымшада көтерілген мәселе:
      (a) бұрын кез келген үкімет органында, аппеляциялық сотта немесе сотта өтініш иесінің ісінде қаралуда болса; немесе
      (b) бұрын кез келген апелляциялық сотта немесе сотта шешілген болса, мүше өтініш иесіне алдын ала шешім беруден бас тарта алады.
      3. Алдын ала шешім ол берілгеннен кейін ақылға қонымды уақыт ішінде, егер осы шешімді қолдайтын заңдар, фактілер немесе мән-жайлар өзгерген жағдайда, қолданыста болады.
      4. Мүше алдын ала шешімді қайтарып алған, өзгерткен немесе оның күшін жойған кезде, ол шешім қабылдау үшін тиісті фактілер мен негізді жазып, өтініш берушіге жазбаша хабарламаны ұсынуға тиіс. Мүше кері күш бар алдын ала шешімді қайтарып алған, өзгерткен немесе оның күшін жойған кезде, ол мұны алдын ала шешім толық болмаған, дұрыс емес, жалған немесе жаңылысқа алып келетін ақпаратқа негіздеген жағдайда ғана жасай алады.
      5. Мүше берген алдын ала шешім оған өтініш жасаған өтініш берушіге қатысты мүше үшін міндетті болуға тиіс. Мүше өтініш беруші үшін де алдын ала шешімнің міндеттілігін көздеуі мүмкін.
      6. Әрбір мүше кем дегенде:
      (a) алдын ала шешімнің өтінішіне қойылатын талаптарды, оның ішінде ұсынылуға тиіс ақпарат пен форматты;
      (b) ол алдын ала шешімді беретін уақыт кезеңін; және
      (с) алдын ала шешімнің күші болатын уақыт ұзақтығын жариялауға тиіс.
      7. Әрбір мүше өтініш берушінің жазбаша сұрауы бойынша алдын ала шешімді қайта қарауды2 немесе шешімді қайтарып алу, өзгерту немесе алдын ала шешімнің күшін жою туралы шешімді қайта қарауды жүзеге асыруға тиіс.
      8. Әрбір мүше оның пікірінше, құпия коммерциялық ақпаратты қорғау қажеттілігін назарға ала отырып, басқа мүдделі тараптар үшін елеулі қызығушылық тудыратын алдын ала шешімдер бойынша кез келген ақпараттың жария қол жетімділігін жасауға ұмтылуға тиіс.
      9. Анықтамалар және қолданылу аясы:
      (a) Алдын ала шешім – бұл мүше әкелу кезінде:
      (i) тауардың тарифтік жіктеліміне; және
      (ii) тауардың шығу тегіне3 қатысты тауарға қатысты жүзеге асыратын рәсім көрсетілетін өтінімде көрсетілген тауарды әкелуге дейін мүше өтініш берушіге ұсынатын жазбаша шешім.
      (b) (а) тармақшасында айқындалған алдын ала шешімдерге қосымша мүшелерге:
      (i) белгілі бір фактілер жинағына сәйкес кедендік құнды анықтау үшін қолданылатын тиісті әдіс немесе өлшемшарттарды және олардың қолданысы;
      (ii) жеңілдету немесе кеден бажынан босату үшін мүше талаптарының қолданылуы;
      (iii) тарифтік квоталарды қоса алғанда, квоталар туралы мүше талаптарының қолданылуы; және
      (iv) мүше оларға алдын ала шешім беруді орынды деп санайтын кез келген қосымша мәселелер бойынша алдын ала шешімдер беру ұсынылады.
      (c) Өтініш беруші – экспорттаушы, импорттаушы немесе заңды себептері бар кез келген тұлға не оның өкілі.
      (d) Мүше өтініш берушінің оның аумағында заңды өкілдігінің немесе тіркеудің болуын талап ете алады. Мүмкіндігіне қарай, мұндай талаптар шағын және орта кәсіпорындардың ерекше қажеттіліктеріне айрықша назар аудара отырып, алдын ала шешімді сұратуға құқығы бар тұлғалар санаттарын шектемеуі тиіс. Осы талаптар анық әрі транспарентті болуы және еркін немесе расталмаған кемсітушілік құралы болмауға тиіс.
_________________________
2 Осы тармаққа сәйкес: (a) қайта қарауды ресми тұлға, өкілдік, немесе шешімді берген орган, жоғары немесе тәуелсіз әкімшілік орган немесе сот билігінің органы шешім шығарылғанға дейін немесе одан кейін жүзеге асыруы мүмкін; және (b) мүше өтініш иесіне 4-баптың 1-тармағыy жүгінуге міндетті емес.
3 Тауардың шығу тегі туралы алдын ала шешім осы келісімнің және Шығу қағидалары жөніндегі келісімнің талаптарына жауап беретін Шығу қағидалары жөніндегі келісім мақсаттары үшін шығу тегін бағалау болуы мүмкін деп ұғынылады. Сондай-ақ, Шығу тегі қағидалары жөніндегі келісім шеңберінде шығу тегін бағалау екі келісімнің де талаптарына жауап беретін осы келісім мақсаттары үшін тауардың шығу тегі туралы алдын ала шешім болуы мүмкін. Мүшелер осы келісімнің талаптары орындалған жағдайда шығу тегін бағалауға қатысты Шығу тегі қағидалары бойынша келісімге сәйкес белгіленгендерге қосымша осы бап шеңберінде жекелеген шараларды белгілеуге міндетті емес

4-БАП: АПЕЛЛЯЦИЯ НЕМЕСЕ ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША РӘСІМДЕР

      1.1. Әрбір мүше кеден органдары әкімшілік шешімді4 берген кез келген тұлғаның өз аумағының шегінде:
      (a) әкімшілік органның әкімшілік шағымдануына немесе шешім берген жоғары немесе тәуелсіз лауазымды адамды немесе офисті қайта қарауға;
      және/немесе
      (b) сотқа шағымдануға немесе шешімді қайта қарауға құқылы болуды көздейді.
      1.2. Мүшенің заңнамасы әкімшілік шағымданудың немесе қайта қараудың сотқа шағымдануға немесе қайта қарауға дейін басталғанын талап етуі мүмкін.
      1.3. Әрбір мүше оның шағымдану немесе қайта қарау рәсімдері кемсітпейтін негізде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
      1.4. Әрбір мүше апелляция немесе қайта қарау бойынша шешім 1.1 (а) тармақшасына сәйкес немесе (і) оның заңнамасында көрсетілгендей белгілі бір кезеңдерде берілмеген; немесе (іі) себепсіз кешіктірілген жағдайларда өтініш иесінің одан әрі шағымдануға немесе әкімшілік органның немесе сот органының одан әрі қарауына немесе сот органына кез келген басқа өтініш беру, құқығымен қамтамасыз етеді5.
      1.5. Әрбір мүше 1-тармақта көрсетілген тұлғаға қажет болған кезде шағымдану немесе қайта қарау рәсімдеріне жүгіне алатындай етіп әкімшілік шешім бойынша негіздеменің ұсынылатынына кепілдік береді.
      1.6. Әрбір мүшеге осы бап ережелерін кеденнен басқа, тиісті шекаралық ведомство берген әкімшілік шешімге қатысты қолданылатындай ету ұсынылады.
_____________________
4 Осы баптағы әкімшілік шешім жекелеген жағдайда нақты адамның құқықтары мен міндеттеріне әсер ететін заңды күшпен шешуді білдіреді. Осы баптағы әкімшілік шешім 1994 жылғы ГАТТ келісімінің Х бабының мағынасы бойынша әкімшілік шараларды өтейтінін немесе мүшенің ұлттық заңнамасы мен құқықтық жүйесінде көзделгендей әкімшілік әрекеттің немесе шешімнің қабылданбауын білдіретінін түсіну тиіс. Мұндай қабылдамауды шешу үшін мүшелер 1 (а) тармақшасына сәйкес шағымдану немесе қайта қарау құқығы бойынша кеден органы әкімшілік шешімді дереу шығаруға бағыттау үшін сотқа өтініш білдіруді немесе балама әкімшілік тетікті сақтай алады.
5 Осы тармақта ештеңе мүшеге апелляция немесе қайта қарау бойынша әкімшілік үндемеуді оның заңдары мен қағидаларына сәйкес талап берушінің пайдасына шешім ретінде тануға кедергі келтірмейді.

5-БАП: ӘДІЛДІКТІ, КЕМСІТПЕУШІЛІКТІ ЖӘНЕ АШЫҚТЫҚТЫ
АРТТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚА ШАРАЛАР

      1. Бақылауды немесе тексерулерді күшейту үшін хабарламалар
      Мүше өз аумағының шегінде адамды жануарларды, өсімдіктерді қорғау үшін хабарламада немесе нұсқауда қамтылатын тамақ өнімдеріне, сусындар немесе азықтарға қатысты шекарада басқаруды немесе тексерулерді жақсарту мақсаттарында өзінің тиісті органдарына арналған хабарламаларды немесе нұсқауларды шығару жүйесін жасаған немесе ұстаған кезде, мынадай шаралар оларды шығару, тоқтату немесе тоқта тұру тәсіліне қатысты қолданылуға тиіс:
      (a) мүше қажет болған кезде, тәуекел негізінде хабарлама немесе нұсқауды шығара алады;
      (b) мүше хабарлама немесе нұсқаулар негізделетін санитарлық және фитосанитарлық жағдайлар қолданылатын кіру пункттеріне ғана тең қолданылатындай етіп хабарламаны немесе нұсқауды бере алады;
      (c) мүше хабарламаны немесе нұсқауды осыған әкелген жағдайлар енді болмаған жағдайда немесе егер өзгерген жағдайлар сауданы шектеуді азайтатын тәсілмен шешілуі мүмкін болса, дереу тоқтатуға немесе тоқтата тұруға тиіс; және
      (d) мүше хабарламаны немесе нұсқауды тоқтатуды немесе тоқтата тұруды шешкен кезде ол қажет болған жағдайда кемсітпейтін және жеңіл қолжетімді нысанда оны тоқтату немесе тоқтата тұру туралы хабарламаны жедел жариялауға немесе экспорттаушы мүшеге немесе импорттаушыға хабарлауға тиіс.

2. Кідірту

      Мүше әкелу үшін мәлімделген тауарларды кеден немесе басқа құзыретті органдардың тексеруіне кідірткен жағдайда тасымалдаушыға немесе импорттаушыға жедел хабарлайды.

3. Сынау рәсімдері

      3.1 Мүше сұрату бойынша, егер әкелу үшін мәлімделген тауарлардың бірінші сынау үлгілерінің нәтижесі теріс нәтиже көрсеткен жағдайда, екінші рет сынауға мүмкіндік беруі мүмкін.
      3.2 Мүше сынау жүргізілуі мүмкін зертхананың атауы мен мекенжайын кемсітпейтін және жеңіл қолжетімді нысанда жариялайды немесе 3.1-тармаққа сәйкес мүмкіндік берілген жағдайда осы ақпаратты импорттаушыға ұсынады.
      3.3 Мүше 3.1-тармаққа сәйкес екінші рет сынау жүргізілсе, тауарларды шығару және ресімдеу үшін оның нәтижесін қарайды және қажет болған кезде мұндай сынаудың нәтижелерін қабылдауы мүмкін.

6-БАП: ИМПОРТҚА ЖӘНЕ ЭКСПОРТҚА НЕМЕСЕ ОЛАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ
САЛЫНАТЫН АЛЫМДАР МЕН ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ АЙЫППҰЛДАР

      1. Импортқа және экспортқа немесе олармен байланысты салынатын алымдар мен төлемдер бойынша жалпы тәртіп
      1.1 1-тармақтың ережелері тауарларды импорттау және экспорттау немесе олармен байланысты немесе 1994 жылғы ГАТТ Келісімінің ІІІ бабына жататын импорттық және экспорттық баж бен салықтардан басқа, мүшелермен алынатын барлық алымдар мен өзге де төлемдерге қолданылады.
      1.2 Алымдар мен төлемдер бойынша ақпарат 1-бапқа сәйкес жариялануға жатады. Осы ақпарат қолданылатын төлемдер мен алымдарды, мұндай баж бен алымдардың дәйектемесі, жауапты орган және төлем қашан және қалай жүргізілуі тиіс екенін қамтуы тиіс.
      1.3 Төтенше жағдайларды қоспағанда, жаңа немесе өзгертілген төлемдер мен алымдар туралы ақпаратты жариялау және оларды өндіріп алуды бастау аралығына ақылға қонымды уақыт кезеңі беріледі. Мұндай төлемдер мен алымдар олар жөнінде ақпарат жарияланғанға дейін қолданылмауы тиіс.
      1.4 Әрбір мүше өз алымдары мен төлемдерін олардың санын және түрлерін мүмкіндік болса қысқарту мақсатында кезеңділікпен қайта қарап отыруы тиіс.

      2. Импортқа және экспортқа немесе олармен байланысты салынған кедендік ресімдеу үшін баждар мен алымдардың тәртібі
      Кедендік ресімдеу үшін алымдар мен төлемдер:
      (i) көрсетілген қызметтердің құнына жақын сомада немесе импорт немесе экспорт бойынша нақты операциямен байланысты шектелуі тиіс;
      және
      (ii) олар тауарларды кедендік ресімдеумен тығыз байланысты көрсетілетін қызметтер үшін алынған жағдайда, нақты импорт немесе экспорт операциясымен байланысты болмауға тиіс.
      3. Айыппұлдар салу тәртібі
      3.1 3-тармақтың мақсаттары үшін «айыппұлдар» термині мүшенің кеден органы кеден заңдарын, ережелерді немесе мүшенің рәсімдік талаптарын бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарды білдіреді.
      3.2 Әрбір мүше кеден заңнамасын, реттеу немесе рәсімдік талаптарды бұзған үшін айыппұлдар бұзғаны үшін жауапты тұлғаға (тұлғаларға) ғана оның заңдарына сәйкес салынуын қамтамасыз етеді.
      3.3 Қолданылатын жаза істің жағдайларына және фактілерге байланысты болуға тиіс және бұзушылықтың деңгейі мен ауырлығы мөлшерлес болуға тиіс.
      3.4 Әрбір мүше:
      (a) айыппұлдар мен алымдарды бағалау мен алуда мүдделер қақтығысына; және
      (b) 3.3-тармақпен келісілмейтін айыппұлды бағалау немесе алу үшін ынталандырулар жасауға жол бермеу үшін шараларды қабылдауын қамтамасыз етеді.
      3.5 Әрбір мүше кеден заңнамасын, қағидаларды немесе рәсімдік талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салған кезде айыппұл салынатын тұлғаға (тұлғаларға) бұзушылықтың сипаттамасы және айыппұлдардың сомасы немесе мөлшері айқындалған тиісті заңнама, ереже немесе рәсім талаптары көрсетілген жазбаша нысанда дәйектеме ұсынылатынын қамтамасыз етеді.
      3.6 Тұлға мүшенің кеден органына кедендік әкімшілендіру бұзушылығын анықтағанға дейін кеден заңнамасын, реттеу немесе рәсімдік талаптарды мүшенің кеден органына анықтағанға дейін іс жүргізу талаптарын бұзу мән-жайларын ерікті ашқан жағдайда, онда мүшеге мүмкін болған тұстарда бұл фактіні мүмкіндігінше осы адамға жаза белгілену кезінде әлеуетті жеңілдетуші фактор ретінде қарау ұсынылады.
      3.7 Осы тармақтың ережелері 3.1-тармақта көрсетілген транзиттік тасымалдаулар үшін айыппұлдарға қатысты қолданылады.

7-БАП: ТАУАРЛАРДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ

      1. Келгенге дейін өңдеу
      1.1 Әрбір мүше тауарларды олардың келуі бойынша шығаруды жеделдету мақсатында тауарлар келгенге дейін өңдеуді бастау үшін импорт бойынша құжаттаманы және басқа қажетті ақпаратты, оның ішінде декларацияны ұсынуға мүмкіндік беретін рәсімдерді қабылдайды немесе жүзеге асырады.
      1.2 Әрбір мүше тиісті жағдайларда жүк келгенге дейін мұндай құжаттарды өңдеу үшін құжаттардың электрондық форматта алдын ала ұсынылу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
      2. Электрондық төлемдер
      Әрбір мүше, жүзеге асырылу мүмкіндігіне қарай, кеденнің әкелу және әкету бойынша жинайтын бажды, салықтарды, алымдар мен комиссияларды электронды түрде төлеуге мүмкіндік беретін рәсімдерді қабылдауға немесе жүзеге асыруға тиіс.
      3. Шығарылымды кедендік баждар, салықтар, алымдар мен комиссиялардан түпкілікті бөлу
      3.1 Әрбір мүше кеден баждарын, салықтарды, алымдар мен төлемдерді түпкілікті анықтағанға дейін, егер мұндай анықтау әкелгенге дейін немесе әкелуі бойынша жасалмаса, немесе әкелгеннен кейін барынша жылдам жасалмаса және барлық басқа нормативтік талаптар орындалған жағдайда тауарларды шығаруға мүмкіндік беретін рәсімдерді қабылдайды немесе жүзеге асырады.
      3.2 Мұндай шығару шарты ретінде мүше мыналарды:
      (a) тауарларды әкелгенге дейін немесе әкелуі бойынша анықталған кеден баждарын, салықтарды, алымдар мен төлемдерді төлеуді және оның заңдарында немесе қағидаларында көзделген кепілгерлік, кепіл немесе басқа тиісті құрал түрінде әлі белгіленбеген кез келген сомаға кепілдікті; немесе
      (b) оның заңдарында және қағидаларында көзделген кепілгерлік, кепіл немесе басқа тиісті құжат түріндегі кепілдікті талап етуі мүмкін.
      3.3 Мұндай кепілдік соңғы нәтижесінде кепілдемемен өтелетін тауарлар үшін алынатын кеден баждарының, салықтардың, алымдар мен төлемдердің төленетініне кепілдік беру үшін мүшеден талап етілетін сомадан артық болмауы тиіс.
      3.4 Ақшалай айыппұлдар немесе өсімпұлдар салуды талап ететін құқық бұзушылық анықталған жағдайда кепілдік салынуы мүмкін айыппұлдар мен өсімпұлдар үшін талап етілуі мүмкін.
      3.5 3.2 және 3.4-тармақтарда көрсетілген кепілдік ол талап етілмеген жағдайда қайтарылуы тиіс.
      3.6 ДСҰ шеңберіндегі құқықтармен және міндеттемелермен сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда, осы ережелерде ештеңе мүшенің кез келген тәртіппен тауарларды зерттеу, кешіктіру, алу не тәркілеу немесе олармен жұмыс істеу құқығын қозғамайды.
      4. Тәуекелдерді басқару
      4.1 Әрбір мүше мүмкіндігінше кедендік бақылау үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысын қабылдайды немесе қолдайды.
      4.2 Әрбір халықаралық сауданы мүше ерікті немесе негізсіз кемсітуді немесе жасырын шектеуді болдырмау үшін тәуекелдерді басқаруды әзірлейді және қолданады.
      4.3 Әрбір мүше аса жоғары тәуекел тасымалдарына кедендік бақылауды және мүмкіндігінше шекаралық бақылаудың басқа тиісті шараларын жұмылдырады және тәуекел дәрежесі төмен жүктердің шығарылуын жылдамдатады. Мүше тәуекелдерді басқару шеңберінде мұндай бақылауға жататын жүктерді іріктеу негізінде де таңдай алады.
      4.4 Әрбір мүше тәуекелдерді басқаруды іріктеудің тиісті өлшемшарттары арқылы тәуекелді бағалауға негіздейді. Мұндай іріктеу өлшемшарттары Үйлестірілген жүйе кодын, тауарлардың шығу тегі мен сипаттамасын, шыққан елін, тауар артылған елді, тауарлардың құнын, саудагерлер жазбаларының сақталуын және көлік құралдарының типін қамтуы мүмкін.
      5. Кедендік ресімдеуден кейінгі аудит
      5.1 Тауарлардың шығарылуын жылдамдату мақсатында, әрбір мүше кедендік және басқа да тиісті заңдар мен қағидалардың сақталуына кепілдік беру үшін кедендік ресімдеуден кейін аудитті қабылдайды немесе жүзеге асырады.
      5.2 Әрбір мүше селективтіліктің тиісті іріктеу өлшемшарттарын қамтуы мүмкін тәуекелдерді бағалау негізінде кеденнен кейінгі аудит үшін адамды немесе жүкті таңдайды. Әрбір мүше кеденнен кейінгі аудитті ашықтық негізде жүргізеді. Адам аудит процесіне қатысқан және соңғы нәтижелерге қол жеткізілген жағдайда, мүше кідіртпей оның құжаттамасы тексеріліп жатқан адамды нәтижелер, оның құқықтары мен міндеттері туралы, сондай-ақ алынған нәтижелердің себептері туралы хабардар етеді.
      5.3 Кеденнен кейінгі аудит кезінде алынған ақпарат одан әрі әкімшілік немесе сот істерінде пайдаланылуы мүмкін.
      5.4 Мүшелер мүмкіндігінше кедендік аудиттен кейінгі нәтижелерді тәуекелдерді басқару жүйесінде қолдануда пайдалануы тиіс.
      6. Шығарудың орташа уақытын жасау және жариялау
      6.1 Мүшелерге Дүниежүзілік кеден ұйымының (бұдан әрі осы Келісімде «ДКҰ»6 уақытты зерттеуі сияқты құралдарды пайдалана отырып, келісілген тәртіппен тауарларды шығарудың орташа уақытын өлшеу және жариялау ұсынылады.
      6.2 Мүшелерге Комитетпен шығарудың орташа уақытын өлшеудегі өз тәжірибесімен, оның ішінде тиімділікке әсер ету фактілерін зерттеу нәтижесінде анықталған шағын және кез келген әдіснамамен бөлісу ұсынылады.
      7. Уәкілетті операторлар үшін сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі шаралар
      7.1 Әрбір мүше одан әрі уәкілетті операторлар деп аталатын, белгілі бір өлшем шарттарға жауап беретін операторлар үшін 7.3-тармаққа сәйкес импорт, экспорт немесе транзит рәсімдерімен және формальдылықтарымен байланысты сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша қосымша шараларды көздейді. Бұдан басқа, мүше барлық операторлар үшін қолжетімді және жеке схема жасауды талап етпейтін кедендік рәсімдер арқылы сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша шараларды ұсынуы мүмкін.
      7.2 Уәкілетті оператор ретінде көрсетілген біліктілік өлшем шарттар мүшенің заңдарында, қағидаларында немесе рәсімдерінде көрсетілген талаптарды сақтаумен немесе сақтамау тәуекелімен байланысты болуы тиіс.
      (a) Жариялануы тиіс мұндай өлшемшарттар:
      (i) кедендік және басқа байланысты заңдар мен қағидаларға сәйкес тиісті жазбаны;
      (ii) қажетті ішкі бақылауды қамтамасыз ету үшін жазбалар жүйесін басқаруды;
      (iii) төлем қабілеттілігін, оның ішінде орынды жерде жеткілікті қамтамасыз етуді немесе кепілдікті ұсынуды; және
      (iv) жеткізу жүйесінің қауіпсіздігін қамтиды.
      (b) Мұндай өлшемшарттар:
      (i) тең жағдайлар басым болып келетін операторлардың арасында ерікті немесе негізсіз кемсітушілікке жол беріп немесе оны құрып, әзірлене немесе қолданыла алмайды; және
      (ii) шағын және орта кәсіпорындардың қатысуын барынша жоғары дәрежеде шектей алмайды.
      7.3 7.1-тармаққа сәйкес ұсынылатын сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі шаралар кем дегенде мынадай шаралардың үшеуін қамтуы тиіс7:
      (a) құжаттама мен деректерге мүмкіндігінше төмен талаптар;
      (b) жеке тексерулер мен сараптамалардың мүмкіндігінше төмен деңгейі;
      (c) шығарудың мүмкіндігінше жылдам уақыты;
      (d) баждар, салықтар, алымдар мен төлемдердің мерзімін ұзарту;
      (e) кешенді кепілдіктерді немесе төмендетілген кепілдіктерді пайдалану;
      (f) көрсетілген кезеңде импорттың немесе экспорттың барлық түрлеріне бірыңғай кедендік декларация; және
      (g) уәкілетті оператордың үй-жайларында немесе кеденмен уәкілет берілген басқа орында тауарларды ресімдеу.
      7.4 Мүшелерге мұндай стандарттар заңды мақсаттарды орындауға сәйкес келмейтін немесе тиімсіз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, мұндай стандарттар бар жерде халықаралық стандарттардың негізінде уәкілетті операторлардың схемаларын әзірлеу ұсынылады.
      7.5 Операторларға ұсынылатын сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында мүшелер басқа мүшелерге уәкілетті операторлардың схемаларын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізу мүмкіндігін береді.
      7.6 Мүшелер Комитет шеңберінде уәкілетті операторлардың қолданыстағы схемалары туралы тиісті ақпаратпен алмасуы тиіс.
      8. Жылдамдатылған жеткізулер
      8.1 Әрбір мүше бір мезгілде кедендік бақылауды қолдай отырып, өңдеудің мұндай түрін сұрауы мүмкін тұлғаларға әуе объектілерінде жүк жеткізілімдері бойынша түскен тауарлар бойынша жылдамдатылған шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін рәсімдерді қабылдайды немесе қолдайды8. Егер мүше кімнің сұрауын шектейтін өлшем шарттарды қолданса9, онда мүше жарияланған өлшем шарттарда өтініш берушіден
8.2-тармақта сипатталған өңдеу қолданысына сәйкестік үшін жағдайлар ретінде жылдам жеткізу үшін:
      (a) өтініш беруші бөлінген объектіде орындалатын мұндай өңдеу үшін мүшенің талаптарын орындаған жағдайда жүкті жылдам өңдеумен байланысты кедендік шығындардың төленуін және барабар инфрақұрылымды қамтамасыз етуді;
      (b) жылдамдатылған жеткізу келгенге дейін алдын ала шығару үшін қажетті ақпаратты ұсынуды;
      (c) алымдар көлемі бойынша 8.2-тармақта сипатталған өңдеу ұсынудағы көрсетілген қызметтердің шамалас құнына дейін шектелуі тиіс;
      (d) ішкі қауіпсіздікті, логистиканы және технологияны жүк артудан жеткізуге дейін қадағалауды пайдалана отырып, жылдамдатылған тасымалдауды бақылаудың жоғары деңгейін қолдауды;
      (e) жүкті артудан жеткізуге дейін жылдамдатылған жіберуді қамтамасыз етуді;
      (f) кеден органына тауарлар үшін барлық кеден бажы, салықтар, алымдар мен төлемдердің төленуі үшін жауапты болуды;
      (g) кедендік және басқа тиісті заңдар мен қағидаларды сақтауда жақсы беделге ие болуды;
      (h) 8.2-тармақта сипатталған өңдеуді ұсынуға арнайы жатқызылатын мүшенің заңдарын, қағидалары мен рәсімдік талаптарын тиімді қорғаумен тікелей байланысты өзге де жағдайларды сақтауды талап етуі мүмкін.
      8.2 8.1 және 8.3 тармақтарға сәйкес, мүшелер:
      (a) кейбір жүктер туралы ақпаратты бірыңғай ұсыну негізінде шығаруды қамтамасыз ету үшін барынша мүмкін дәрежеде 10-баптың 1-тармағына сәйкес жылдамдатылған тасымалдауларды шығару үшін қажетті құжаттаманы барынша азайтуы тиіс;
      (b) шығару үшін қажетті ақпарат ұсынылған жағдайда келгеннен кейін дереу қалыпты жағдайларда шығаруға ұсынылатын жылдамдатылған жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс;
      (c) мүшеге кірудің қосымша рәсімдердің орындалуын, оның ішінде өтініш пен ілеспе құжаттаманы және баж бен салықтардың төленуін талап етуге, сондай-ақ өңдеу құжаттары сияқты аз құнды тауарлармен шектелмеген жағдайда мұндай өңдеуді тауар түрі негізінде шектеуге болатынын растай отырып, кез келген салмағы немесе құны бар тауарды жеткізуге (а) және (b) тармақшаларындағы көзделген режимді қолдануға ұмтылуы тиіс; және
      (d) кейбір белгіленген тауарлардан бөлек, олардан кеден бажы мен салықтар алынбайтын ең төмен құн мен декларацияланған көлемді мүмкіндігінше қамтамасыз етуі тиіс. 1994 жылғы ГАТТ Келісімінің ІІІ бабына сәйкес, импортқа қатысты қолданылатын қосымша құн салығы мен акциздер сияқты ішкі салықтар осы ережеге жатпайды.
      8.3 8.1 және 8.2 тармақтардағы ештеңе мүшенің тауарларды зерттеу, кешіктіру, тәркілеу немесе әкелуден бас тарту немесе пост-кедендік аудитті, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып жүзеге асыру құқығын қозғамайды. Бұдан басқа, 8.1 және 8.2 тармақтардағы ештеңе мүшеге тауарды босату, қосымша ақпарат ұсыну және автоматты емес лицензиялық талаптарды орындау үшін шарт ретінде талап етуге кедергі жасамайды.
      9. Тез бүлінетін тауарлар10
      9.1 Тез бүлінетін тауарлардың алдын алуға болатын жоғалуына немесе бұзылуына жол бермеу мақсатында және барлық нормативтік талаптар орындалған жағдайда әрбір мүше тез бүлінетін тауарларды шығару үшін:
      (a) қалыпты жағдайларда қысқа мерзімде; және
      (b) кеден және басқа тиісті органдардың жұмыстан тыс жұмыс сағаттарында ерекше жағдайларда ұсынады.
      9.2 Әрбір мүше талап етілуі мүмкін қандай да бір тексерулерді жоспарлау кезінде алдымен тез бүлінетін жүктерге көңіл бөледі.
      9.3 Әрбір мүше босатылуын күту кезінде тез бүлінетін тауарларды тиісті сақтау орнын ұйымдастырады немесе импорттаушыға ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мүше импорттаушы ұйымдастырған кез келген сақтау орындары мақұлдануын немесе тиісті органымен тағайындалуын талап етуі мүмкін. Осы сақтау қоймаларына тауарлар қозғалысы, оның ішінде тауарларды ауыстыратын оператор үшін рұқсат беру қажет болған жерде тиісті органдардың рұқсат етілетін талаптарының мақұлдауына жатуы мүмкін. Мүше жүзеге асырылуы мүмкін және ұлттық заңнамаға сәйкес келетін импорттаушының өтініші бойынша осы сақтау объектілерінде шығару үшін қажетті қандай да бір рәсімдерді көздейді.
      9.4 Тез бүлінетін тауарларды шығару едәуір кешіктірілген жағдайда және жазбаша сұрау бойынша импорттаушы мүше мүмкіндігінше кешіктіру себептері туралы хабарлама беруге тиіс.
___________________
6 Әрбір мүше өзінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес шығару уақытының орташа өлшемінің әдіснамасы мен қолдану аясын анықтауы мүмкін.
7 7.3 (а)-(g) тармақшаларда көрсетілген шара барлық операторлар үшін қол жетімді болса, уәкілетті операторларға ұсынылған болып саналады.
8 Мүше 8.2-тармақтағы қатынасты қамтамасыз ететін қолданыстағы рәсімге ие болса, осы ұсыныс мүшенің шығаруды жылдамдату бойынша жекелеген рәсімдердің енгізуін талап етпейді.
9 Ондай болған жағдайда мұндай қолданыс өлшемшарттары әуе жүк құралдарымен әкелінетін барлық тауарлар мен жүктерге қатысты жұмыс істеу үшін мүшенің талаптарына қосымша болуы тиіс.
10 Осы ереже мақсаттары үшін тез бүлінетін тауарлар – бұл өздерінің табиғи сипаттамаларына байланысты, әсіресе тиісті сақтау жағдайлары болмаған кезде тез бүлінетін тауарлар.

8-БАП: ШЕКАРАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

      1. Әрбір мүше шекаралық бақылауға және тауарлар импортымен, экспортымен және транзитімен байланысты рәсімдерге жауапты оның органдары мен мекемелері бір-бірімен ынтымақтастық жасайтынына және сауданы жеңілдетуге жәрдемдесу мақсатында өз қызметін үйлестіретініне кепілдік береді.
      2. Әрбір мүше шекара маңы саудасын жеңілдету үшін шекаралық өткелдердегі рәсімдерді үйлестіру мақсатында ортақ шекарасы бар басқа мүшелермен өзара пайдалы шарттарда мүмкіндігінше ынтымақтастық жасауға тиіс. Мұндай ынтымақтастық және үйлестіру мыналарды қамтуы мүмкін:
      (a) жұмыс күндері мен сағаттарын теңестіру;
      (b) рәсімдер мен формалдылықтарды теңестіру;
      (c) ортақ объектілерді дамыту және бірлесіп пайдалану;
      (d) бірлескен бақылау;
      (e) шекаралық бекеттің бір бақылау аялдамасын жасау.

9-БАП: КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ БОЙЫНША ИМПОРТ ҮШІН АРНАЛҒАН ТАУАРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫ

      Әрбір мүше мүмкіндігіне қарай және барлық нормативтік талаптар орындалған жағдайда импортқа арналған тауарларға мүмкіндік беруі, тауарлар тазартылатын және шығарылатын өз аумағында рұқсаттаманың кедендік бекетінен басқа кедендік бақылаудың кеден бекетіне дейін оның аумағында қозғалуға мүмкіндік береді.

10-БАП: ИМПОРТПЕН, ЭКСПОРТПЕН ЖӘНЕ ТРАНЗИТПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ФОРМАЛЬДЫЛЫҚТАР

      1. Формальдылықтар және құжаттамаға қойылатын талаптар
      1.1 Импорттық, экспорттық және транзиттік формальдылықтардың санын және тармақталуын барынша азайту және импорт, экспорт пен транзит бойынша құжаттамаға талаптарды азайту мен жеңілдету мақсатына және саясаттың заңды мақсаттарын және мән-жайдың өзгеруі, тиісті жаңа ақпарат, бизнес-тәжірибелер, техника мен технологияның болуы, үздік халықаралық тәжірибелер және мүдделі тараптардан енгізулер сияқты басқа да факторларды назарға ала отырып, әрбір мүше мұндай формалдылықтар мен құжаттамаға қойылатын талаптарды қайта қарауға міндетті және зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, қажет болған жағдайда мұндай формалдылықтар мен құжаттамаға қойылатын талаптардың:
      (a) қабылданғанын және/немесе тауарларды, әсіресе тез бүлінетін тауарларды тез шығару және ресімдеу мақсатында қолданылатынын;
      (b) қабылданғанын және/немесе олар саудагерлер мен операторлар үшін уақыт пен құнды қысқартуға бағытталатындай етіп қолданылатынын;
      (c) саясаттың мақсаты немесе мақсаттарын орындау үшін екі немесе одан да көп шаралар ақылға қонымды түрде қолжетімді болған кезде сауда үшін барынша шектемейтін шаралар таңдалғанын;
      және
      (d) егер олар енді талап етілмесе, осындай формальдылықтар және талаптардың қандай да бір бөлімдерін берілмейтінін қамтамасыз етуге міндетті.
      1.2 Комитет тиісті жағдайларда мүшемен тиісті ақпарат және озық тәжірибе алмасу үшін рәсімдер әзірлейді.
      2. Көшірмелерді қабылдау
      2.1 Әрбір мүше қажет болған жағдайда импорт, экспорт немесе транзит бойынша формалдылықтарды сақтау үшін қажетті растаушы құжаттардың қағаз немесе электрондық көшірмелерін қабылдауға ұмтылуы тиіс.
      2.2 Мүшенің мемлекеттік органында мұндай құжаттың түпнұсқасы болған жағдайда мүшенің кез келген басқа мекемесі түпнұсқалық құжаттың орнына түпнұсқасы бар мекемеден қағаз немесе электрондық көшірмені қабылдайды.
      2.3 Мүше экспорттаушы мүшенің кедендік органдарында импорт үшін талап ретінде ұсынылатын экспорттық декларацияның түпнұсқасын немесе көшірмесін талап етуге құқылы емес11.
      3. Халықаралық стандарттарды пайдалану
      3.1 Мүшелерге осы Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың импорттық, экспорттық немесе транзиттік формалдылықтары үшін негіз ретінде тиісті халықаралық стандарттарды немесе олардың бөлімдерін пайдалану ұсынылады.
      3.2 Мүшелерге өз ресурстары шеңберінде тиісті халықаралық ұйымдардың тиісті халықаралық стандарттарын дайындауға және кезеңдік түрде шолуға қатысу ұсынылады.
      3.3 Комитет тиісті жағдайларда халықаралық стандарттарды енгізу үшін мүшелермен тиісті ақпарат және үздік практика алмасу рәсімін әзірлейді.
      Комитет, сондай-ақ, тиісті халықаралық ұйымдарға халықаралық стандарттар бойынша өз жұмысын талқылауды ұсына алады. Қажет болған жағдайда Комитет мүшелер үшін ерекше маңызды болып табылатын нақты стандарттарды белгілей алады.
      4. Бірыңғай терезе
      4.1 Мүшелер қатысушы органдар немесе мекемелер үшін кірудің бірыңғай нүктесі арқылы тауарлар импорты, экспорты немесе транзиті үшін деректер бойынша құжаттаманы және/немесе талаптарды саудагерлерге ұсынуға мүмкіндік беретін бірыңғай терезе жасауға немесе сақтауға ұмтылады. Қатысушы органдар немесе мекемелер құжаттаманы және/немесе деректерді қарағаннан кейін нәтижелері өтініш берушілерге бірыңғай терезе арқылы уақтылы жеткізілуге тиіс.
      4.2 Құжаттама және/немесе деректерге талаптар бірыңғай терезе арқылы алынған жағдайда, төтенше жағдайларды және қоғамға жарияланған басқа да шектеулерді қоспағанда, сол құжаттаманы және/немесе деректерге талаптарды қатысушы орган немесе мекемелер сұратпайды.
      4.3 Мүшелер Комитетке бірыңғай терезе жұмысының егжей-тегжейлері туралы хабарлап отыруға тиіс.
      4.4 Мүшелер бірыңғай терезені қолдау үшін ақпараттық технологияларды мүмкіндігінше пайдалануға тиіс.
      5. Тиеп-жөнелту алдындағы инспекциялау
      5.1 Мүшелер кедендік бағалау мен тарифтік жіктемеге қатысты тиеп-жөнелту алдындағы инспекциялауды қолдануды талап ете алмайды.
      5.2 Мүшелердің құқықтарына зиян келтірмей, 5.1-тармақта қамтылмаған тиеп-жөнелту алдындағы инспекциялаудың басқа типтерін пайдалану, мүшелерге олардың пайдаланылуына қатысты жаңа талаптарды енгізбеу немесе қолданбау ұсынылады.12
      6. Кедендік брокерлерді пайдалану
      6.1 Қазіргі уақытта кедендік брокерлердің ерекше рөлін қолдайтын кейбір мүшелердің маңызды саяси мәселелеріне зиян келтірмей, осы Келісім күшіне енген сәттен бастап мүшелер кедендік брокерлердің міндетті пайдаланылуын енгізбеуге тиіс.
      6.2 Әрбір мүше кедендік брокерлерді пайдалану жөніндегі өз шаралары туралы Комитетке хабарлайды және жариялайды. Олардың кез келген өзгерістері туралы хабарламалар және шұғыл жарияланымдар болуға тиіс.
      6.3 Кедендік брокерлерді лицензиялауға қатысты, мүшелер ашық әрі объективтік болып табылатын қағидаларды қолданады.
      7. Ортақ шекара рәсімдері және құжаттамаға қойылатын бірыңғай талаптар
      7.1 Әрбір мүше 7.2-тармаққа сәйкес, тауарларды өзінің барлық аумағында шығару және ресімдеу үшін жалпы кедендік рәсімдерді және құжаттамаға қойылатын бірыңғай талаптарды қолдануға тиіс.
      7.2 Осы бапта мүшеге:
      (a) тауардың сипатына және түріне немесе олардың көлік құралдарына байланысты, өз рәсімдері мен құжаттамаға қойылатын талаптарын саралауға;
      (b) тәуекелдерді басқаруға негізделген тауарлар үшін өз рәсімдері мен құжаттамаға қойылатын талаптарын саралауға;
      (c) импорт бажы мен салықтарынан толық немесе ішінара босатуды қамтамасыз ету үшін құжаттамаға қойылатын талаптар мен өз рәсімдерін саралауға;
      (d) электрондық беру немесе өңдеуді пайдалануға; немесе
      (e) санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі келісімге сәйкес, құжаттамаға қойылатын талаптар мен өз рәсімдерін саралауға ешбір кедергі жасамауға тиіс.
      8. Бас тартылған тауарлар
      8.1 Импортталатын тауарлардан мүшенің құзырлы органы санитарлық немесе фитосанитарлық нормалардың немесе техникалық регламенттердің орындалмауын есепке ала отырып бас тартқан жағдайда мүше өз заңдары мен қағидаларын есепке ала отырып және оларға сәйкес, импорттаушыға қайта беруге немесе бас тартылған тауарды экспорттаушыға немесе экспорттаушы тағайындаған басқа тұлғаға қайтаруға мүмкіндік беруі тиіс.
      8.2 8.1-тармаққа сәйкес мұндай мүмкіндік ұсынылған жағдайда және импорттаушы ақылға қонымды кезең ішінде оны пайдаланбаса, құзырлы орган талаптарға сәйкес келмейтін тауармен мәселені шешу үшін өзге әрекеттердің тәртібін қабылдауы мүмкін.
      9. Тауарларды уақытша әкелу және әкелу мен әкетуді өңдеу
      9.1 Тауарларды уақытша әкелу
      Әрбір мүше өздерінің заңдарында мен қағидаларында көзделгендей, пайдаланылуына байланысты қалыпты ескіруі мен жоғалуын санамағанда, белгілі бір уақыт кезеңінде қайта экспортқа арналған және қандай да бір өзгерістерге төзбейтін нақты мақсаттар үшін оның кедендік аумағына әкелінген жағдайда, импорт баждары мен салықтарын төлеуден толық немесе ішінара босата отырып, оның кедендік аумағына тауарларды әкелуге мүмкіндік беруі тиіс.
      9.2 Әкелу мен әкетуді өңдеу
      (a) Әрбір мүше өздерінің заңдарында мен қағидаларында көзделгендей, жүктерді ішкі және сыртқы өңдеуге мүмкіндік береді. Сыртқы қайта өңдеу үшін рұқсат етілген тауарлар мүшенің заңдары мен қағидаларына сәйкес импорт баждары мен салықтарынан толық немесе ішінара босатыла отырып қайта импортталуы мүмкін.
      (b) Осы бап мақсаттары үшін «әкелуді өңдеу» термині белгілі бір тауарлар өндіру, өңдеу немесе жөндеу және кейіннен әкету үшін арналған жағдайда олар мүшенің кеден аумағына әкелінуі, импорт баждары мен салықтардан толықтай немесе ішінара шартты түрде босатылуы немесе бажды қайтаруға құқылы болуы мүмкін кедендік рәсімді білдіреді.
      (c) Осы бап мақсаттары үшін «әкетуді өңдеу» термині мүшенің кеден аумағында еркін айналыстағы тауарлар шетелде өндіру, өңдеу немесе жөндеу үшін уақытша экспортталып, кейіннен қайта импортталуы мүмкін кедендік рәсімді білдіреді.
______________________
11 Осы тармақта ештеңе мүшенің бақыланатын немесе реттелетін тауарларды әкелуге талап ретінде сертификаттар, рұқсаттар немесе лицензиялар сияқты құжаттарды талап ету құқығынан айырады.
12 Бұл тармақ Жөнелту алдындағы инспекциялау жөніндегі келісіммен қамтылған жөнелту алдындағы тексерулеріне жатады және санитариялық және фитосанитариялық мақсаттарда жөнелту алдындағы инспекциясын жоққа шығармайды.

11-БАП: ТРАНЗИТ ЕРКІНДІГІ

      1. Мүшелер енгізген кез келген қағидалар немесе транзиттік тасымалдаумен байланысты формальдылықтар:
      (а) егер олардың қабылдауын шарттаған мән-жайлар және мақсаттар болмаса немесе егер сауданы шамалы шектейтін өзгерген мән-жайлар немесе мақсаттар қолжетімді жолмен қарастырыла алса, сақталмауы тиіс;
      (b) транзиттік тасымалдауды жасырын шектеуді көрсететін жолмен қолданылмауы тиіс.
      2. Транзитке байланысты көтерілген әкімшілік шығындарға немесе ұсынылған қызметтердің құнымен шамалас тасымалдау үшін алымдар және төлемді қоспағанда, транзитке қатысты бекітілген кез келген алымдар немесе төлемдерді жинаумен транзиттік тасымалдар негізделе алмайды.
      3. Мүшелер транзиттік тасымалдаулар бойынша кез келген ерікті шектеулерді немесе кез келген басқа ұқсас шараларды іздеуі, қабылдауы немесе қолдауы тиіс емес. Осы көлікті реттеуге қатысты әрекеттегі және болашақ ұлттық ережелер, екіжақты және көпжақты келісімдер үшін зиянсыз болып ДСҰ ережелеріне сәйкес келеді.
      4. Әрбір мүше кез келген басқа мүшенің аумағы бойынша транзиттегі өнімдерге, осындай басқа мүшенің аумағынан өтпей шығарылған жерінен белгіленген жерге тасымалданса, осындай өнімдерге режимнен қолайсыздау болмайтын режим береді.
      5. Мүшелерге, мүмкін болған жерде, транзиттік тасымалдау үшін нақты жеке инфрақұрылыммен (жолақтар, айлақтар және т.б) қамтамасыз ету ұсынылады.
      6. Транзиттік тасымалдарға байланысты құжаттамаларға және кедендік бақылауға қойылатын формальдылықтар, талаптар мыналар:
      (a) тауарларды анықтау; және
      (b) транзиттік талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қажеттіден гөрі ауыртпалықты болмауға тиіс.
      7. Тауарлар транзит рәсіміне орналастырылғаннан кейін және шығарылған жерінің нүктесінен мүше аумағына апаруға рұқсат берілгеннен кейін оларға мүше аумағындағы белгіленген орында өз транзитін аяқтағанға дейін кедендік төлемдерге салықтар немесе қажетсіз кідіртулерге немесе шектеулерге ұшырамайды.
      8. Мүшелер Саудадағы техникалық кедергілер бойынша келісімнің мағынасына сәйкес жолдағы тауарларға техникалық регламенттерді және бағалау рәсімдерін қолданбауға тиіс.
      9. Мүшелер тауарлар келгенге дейін транзиттік құжаттар мен деректердің алдын ала берілуі мен өңделуіне рұқсат береді және қамтамасыз етеді.
      10. Егер транзиттік талаптар орындалса, мүше аумағының шегінен тыс шыққан жерде транзит кеденге жеткеннен кейін мекеме транзит операциясын дереу тоқтатуға тиіс.
      11.1 Мүше кепілгерлік, депозит немесе транзиттік тасымалдау үшін ақшалай немесе ақшалай емес13 басқа да тиісті құрал түрінде кепілдікті талап етсе, мұндай кепілдіктер осындай жолдағы транзиттен туындайтын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін шектелуге тиіс.
      11.2 Мүше өзінің транзитке қоятын талаптарының қанағаттандырылғанын белгілегеннен кейін кепілдік кідіріссіз босатылуға тиіс.
      11.3 Әрбір мүше өзінің заңдары мен қағидаларына сәйкес дәл сол операторлар үшін бірнеше операцияны немесе келесі партиялар үшін кепілдіктерді қайтармай жаңартып отыруды қамтитын тегіс қамти алатын кепілдіктерге рұқсат береді.
      11.4 Әрбір мүше кепілдікті белгілеу үшін өзі қолданатын, оның ішінде жалпы транзакция туралы тиісті ақпаратты және бұл қолданылатын жерде көп дүркін мәміленің кепілдігін жария етуге тиіс.
      11.5 Әрбір мүше қаупі жоғары жағдайларда ғана немесе кедендік заңнама мен қағидаларды сақтауды кепілдіктерін пайдалану арқылы қамтамасыз ету мүмкін болмайтын жағдайларда транзиттік тасымалдау үшін кедендік сүйемелдеуді немесе кедендік экспортты пайдалануды талап ете алады. Кедендік сүйемелдеуге немесе кедендік экспортқа қолданылатын жалпы қағидалар 1-бапқа сәйкес жариялануға тиіс.
      12. Транзиттің еркіндігін ұлғайту мақсатында мүшелер бір-бірімен ынтымақтастыққа және үйлестіруге ұмтылады. Мұндай ынтымақтастық және үйлестіру:
      (a) алымдар;
      (b) формальдылықтар мен құқықтық талаптар; және
      (c) транзиттік режимдердің іс жүзінде жұмыс істеуі бойынша өзара түсіністікті қамтуы, бірақ онымен шектелмеуі мүмкін.
      13. Әрбір мүше транзиттік операциялардың жақсы жұмыс істеуіне қатысты басқа мүшелердің барлық сұраныстары мен ұсыныстары жіберілетін ұлттық транзиттік үйлестірушіні тағайындауға ұмтылады.
____________________
13 Осы ережедегі ештеңе мүшенің көлік құралдары транзиттік тасымалдаудың кепілдігі ретінде қолданылуы мүмкін қолданыстағы рәсімдерді қолдау мүмкіндігін жоққа шығармауға тиіс.

12-БАП: КЕДЕНДІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

      1. Сақтауға жәрдемдесу және ынтымақтастық шаралары
      1.1 Импорттаушыларға тиісті мән-жайларда қателіктерді айыппұл қолданбай түзетуге мүмкіндік беру және оларды сақтамайтын сатушыларға барынша қатаң шаралар қолдануға бастамашылық жасау үшін сақтау шараларын қолдану үшін мүшелер сауда субьектілерінің сақтау ерікті түрде сақтауды көтермелеу жөніндегі өз міндеттемелері туралы білуін мүшелер сауда субъектілерінің сақтау қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы уағдаласады14.
      1.2 Мүшелерге кедендік талаптарға сәйкестікті басқарудағы озық практика туралы, оның ішінде Комитет арқылы ақпарат алмасу ұсынылады. Мүшелерге техникалық басшылықта немесе сақтау және олардың тиімділігін арттыру шараларын қолдану мақсатында әлеуетті ұлғайту үшін көмек пен қолдауда ынтымақтасу ұсынылады.
      2. Ақпарат алмасу
      2.1 Сұрау бойынша және осы баптың ережелеріне сәйкес мүшелер декларацияның ашықтығына немесе нақтылығына күмәндануға жеткілікті негіз болған белгілі бір жағдайларда импорттық және экспорттық декларацияларды тексеру мақсатында 6.1 (b) және/немесе (c) тармақшасында мазмұндалған ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.
      2.2 Әрбір мүше осындай ақпаратпен алмасу үшін өзінің байланыс пунктінің егжей-тегжейлері туралы Комитетке хабарлауға тиіс.
      3. Тексеру
      Мүше импорттың немесе экспорттың декларациясының тиісті тексеру рәсімдері жүргізілгеннен кейін және бар тиісті құжаттама тексерілгеннен кейін ғана ақпаратты сұратуы тиіс.
      4. Сұрау салу
      4.1 Сұрау салушы мүше сұрау салынатын мүшеге өзара келісілген ДСҰ тілінде немесе өзара келісілген басқа тілде қағаз немесе электрондық құралдар көмегімен мынадай жазбаша сұрау салуды ұсынады:
      (а) бұл орынды және қолжетімді тиісті импорттық декларацияға сәйкес экспорттық декларацияның сериялық нөмірін қоса алғанда, проблеманың мазмұны;
      (b) сұрау салушы мүше осы ақпаратқа немесе құжаттарға, сондай-ақ егер олар мәлім болса, сұрау салуға қатысы бар адамдардың аттары мен олардың байланыс деректерімен бірге, мақсаты;
      (с) мұны сұрау салушы мүше талап еткенде, тиісті жағдайларда түпнұсқалықтың растамасы15;
      (d) нақты ақпарат немесе сұралатын құжаттар;
      (е) сұрау салатын бастамашылық кеңсенің тұлғасы;
      (f) құпия ақпаратты және жеке деректерді жинау, қорғау, пайдалану, ашу, сақтау және жою құқығын реттейтін сұрау салынатын мүшенің ұлттық заңнамасын және құқықтық жүйесінің ережелеріне сілтемелер.
      4.2 Егер сұрау салушы мүше 4.1-тармақшаның талаптарының біреуін орындай алмайтын жағдайда болса, ол мұны өзінің сұрауында көрсетуі тиіс.
      5. Қорғау және құпиялылық
      5.1 5.2-тармаққа сәйкес сұрау салушы мүше:
      (a) сұрау салынатын мүше ұсынған барлық ақпараттар мен құжаттардың қатаң құпиялылығын сақтауы және 6.1 (b) немесе
6.1 (c)-тармақтарына сәйкес кем дегенде сұрау салынатын мүшенің ішкі заңнамасымен құқықтық жүйесіне сәйкес көзделген қорғау және құпиялылықтың сондай деңгейін ұсынуға;
      (b) осы мәселемен тікелей айналысатын кеден органдарына ғана ақпарат пен құжаттарды беру және егер сұралып отырған мүше қайтадан жазбаша нысанда келіспесе, сұрау салуда көрсетілген мақсаттар үшін ғана ақпарат пен құжаттарды пайдалануы;
      (с) сұрау салынатын мүшенің тікелей жазбаша рұқсатынсыз ақпаратты немесе құжаттарды жариялауға;
      (d) кез келген осы мән-жайлардағы күдіктерді шешу үшін шешуші фактор ретінде сұрау салынатын мүшеден кез келген тексерілмеген ақпаратты немесе құжаттарды пайдаланбауы;
      (e) құпия ақпараттың және жеке деректердің сақталуына және басқарылуына қатысты сұрау салған мүшеге жеткізілген әрбір жеке нақты жағдайда кез келген шарттарды сақтауы;
      және
      (f) сұрау салу бойынша, ұсынылған ақпарат және құжаттар нәтижесі ретінде осы іс бойынша алдын ала қабылданған кез келген шешімдер мен іс-қимылдар туралы сұрау салынатын мүшені хабардар етуі тиіс.
      5.2 Сұрау салушы мүше ішкі заңнамасына сәйкес және құқықтық жүйесіне 5.1-тармағының кез келген тармақшасын сақтау жағдайында болмауы мүмкін. Егер солай болса, сұрау салушы мүше өз сұрауында оны көрсетуі тиіс.
      5.3 Сұрау салушы 4-тармаққа сәйкес алынған кез келген сұрауға және ақпаратты тексеруге, кем дегенде, өзінің ұқсас ақпаратына сияқты сұрау салған мүшемен келісілген қорғау және құпиялылықтың деңгейінде қарастыру тиіс.
      6. Ақпаратты ұсыну
      6.1 Осы баптың ережелеріне сәйкес сұрау салынатын мүше кідіртпей:
      (a) қағаз немесе электрондық құралдар арқылы жазбаша нысанда жауап беруі;
      (b) сұрау салушы мүшеден талап етілетін қорғау және құпиялылық деңгейін сипаттамасымен тең осы қандай дәрежеде болуы мүмкін декларацияда немесе импорттық немесе экспорттық декларацияда айтылғандай нақты ақпаратты ұсынуы;
      (c) егер келесі құжаттардағы ақпаратты немесе ол қолжетімді деңгейде импорттық немесе экспорттық декларацияны қолдауға берілген құжаттар талап етілсе: сұрау салушы мүшеден талап етілген қорғау және құпиялылық деңгейін сипаттамасымен бірге баспа немесе электрондық берілген түрде коммерциялық шот-фактура, орам қағаздары, шығу тегі сертификаты және коносамент ұсынуы;
      (d) ұсынылған құжаттар шынайы көшірмелер болып табылатынын растауы;
      (e) сұрауды салуға алған күннен бастап 90 күннің ішінде мүмкіндігіне қарай, ақпаратты ұсынуы немесе қандай да бір жолмен сұрау салуға жауап беруі тиіс.
      6.2 Сұрау салынатын мүше өзінің ішкі заңнамасы мен құқықтық жүйесіне сәйкес, ақпаратты ұсынуға дейін нақты ақпарат сұрау салынатын мүшенің арнайы жазбаша рұқсатынсыз қылмыстық тергеуде, сот ісін өндіруде немесе кедендік сот өндірісінде дәлелдер ретінде қолданыла алмайтынына кепілдікті талап етуі мүмкін. Егер сұрау салынушы мүше осы талапты орындай алмаса, ол осыны сұрау салынатын мүшеге көрсетуі тиіс.
      7. Мерзімін кешіктіру немесе сұрау салудан бас тарту
      7.1 Сұрау салынатын мүше ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды кейінге қалдыруы немесе толық немесе ішінара бас тартуы мүмкін және оның себептері туралы сұрау салушы мүшеге келесі жағдайларда хабарлау тиіс:
      (a) бұл сұрау салынатын мүшенің ішкі заңнамасында және құқықтық жүйесінде көрсетілген қоғамдық мүдделерге қарама-қайшы болғанда;
      (b) оның ішкі заңнамасы және құқықтық жүйесі ақпараттың босатылуына жол бермейтін болғанда. Осындай жағдайда ол сұрау салынатын мүшені тиісті ерекше сілтеменің көшірмесімен қамтамасыз етуі тиіс;
      (c) ақпаратты ұсыну заңдардың сақталуын қамтамасыз етуге кедергі жасаған немесе өзгеше жолмен жалғасқан әкімшілік немесе сот тергеуіне, қылмыстық қудалау немесе сот өндірісіне кедергі жасаған жағдайда;
      (d) импорттаушының немесе экспорттаушының келісімі құпия ақпаратты немесе дербес деректерді жинауды, қорғауды, пайдалануды, жариялауды, ұстауды немесе жоюды реттейтін оның ішкі заңнамасы және құқықтық жүйесі бойынша талап етілген және келісім берілмеген жағдайда; немесе
      (e) құжаттарды сақтау бойынша сұрау салынатын мүшенің заңды талабының мерзімі аяқталған кейін алынған ақпаратқа сұрау салынған жағдайда.
      7.2. 4.2, 5.2, немесе 6.2 тармақтардың шарттарымен осындай сұрау салудың орындалуы сұрау салынатын мүшенің қалауы бойынша болуы тиіс.
      8. Өзара келісім
      Егер сұрау салушы мүше осындай сұрау салуды орындай алмайтын жағдайдамын деп есептесе, егер оны сұрау салынатын мүше жасаған болса немесе егер ол осы бапты әлі іске асырмаса, ол өз сұрау салуында осы фактіні көрсетуі тиіс. Осындай сұрау салу оны берген мүшенің қарауы бойынша орындалуы тиіс.
      9. Әкімшілік ауыртпалық
      9.1 Сұрау салушы мүше ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуларға берген жауаптар бойынша сұрау салынатын мүше үшін байланысты ресурстар мен қаржы салдарларын назарға алуы тиіс. Сұрау салушы мүше сұрау салуға жауап бергенде оның қаржы мүдделері және ақпаратты ұсынған кезде сұрау салушы мүшеге қажетті күштер арасындағы тепе-теңдікті қарастыруы тиіс.
      9.2 Егер сұрау салушы мүше бір немесе бірнеше сұрау салынатын мүше(лер)ден ақпарат ұсыну туралы сұратуларының басқарылмайтын санын немесе өңдеуге қиын берілетін көлемде ақпарат алуға сұрау алса және белгілі бір уақыт ішінде мұндай сұратуларды қанағаттандыруға қабілетті болмаса, ол бір немесе бірнеше сұрау салынатын мүше(лер)ден өзінің ресурстық шектеулері шегінде практикалық шекті келісу мақсатында басымдықтарды анықтауды сұрауы мүмкін. Өзара келісілген тәсіл болмаған кезде осындай сұраулар өзінің басымдықтарының нәтижелері бойынша сұрау салынатын мүшенің қарастыруы бойынша болуы тиіс.
      10. Шектеулер
      Сұрау салушы мүше:
      a) өзінің импорттық немесе экспорттық декларациялар форматын және рәсімдерді өзгертуге;
      b) 6.1(с)-тармақта көрсетілгендей, импорттық немесе экспорттық декларацияда ұсынылғаннан, басқа құжаттарды ұсынуға;
      c) ақпаратты алуға арналған сұрау салуларға бастамашылық етуге;
      d) осындай ақпаратты сақтау мерзімін өзгертуге;
      e) электрондық формат енгізілген кезде қағаз құжаттаманы енгізуге;
      f) ақпаратты аударуға;
      g) ақпараттың растығын тексеруге; немесе
      h) жеке, мемлекеттік немесе жеке меншік кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпаратты ұсынуға міндетті емес.
      11. Санкция берілмеген пайдалану немесе жариялау
      11.1 Осы бапқа сәйкес алмасатын ақпаратты пайдалану немесе ашудың қандай да бір шарттары бұзылған жағдайда, ақпаратты алған сұрау салушы мүше ақпаратты ұсынған сұрау салушы мүшеге осындай санкция берілмеген қолданудың немесе ашудың егжей-тегжейлігін дереу мәлімдеуі тиіс және:
      (a) бұзушылықты түзету үшін қажетті шараларды қабылдауы;
      (b) болашақ бұзушылықтарды болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауы; және
      (c) сұрау салынатын мүшеге (а) және (b) тармақшаларына сәйкес қабылданатын шаралар туралы хабарлауы тиіс.
      11.2 сұрау салушы мүше 11.1 тармақта баяндалған шаралар қабылдағанға дейін бапқа сәйкес сұрау салушы мүше алдында өз міндеттемелерін тоқтата алады.
      12. Екі жақты және өңірлік келісімдер
      12.1 Осы бапта ештеңе мүшеге қауіпсіз және жылдам негізде қоса алғанда, мысалы, автоматты негізде немесе жүк келер алдында алдын ала кеден ақпараты мен деректерін бірлескен пайдалану немесе алмасу бойынша екі жақты, көп жақты немесе өңірлік келісімдерге қосылуына немесе оларды сақтауға кедергі келтірмейді.
      12.2 Осы бапта ештеңе осындай екі жақты, көп жақты немесе өңірлік келісімдер бойынша мүшенің құқықтарына немесе міндеттемелеріне ықпал ету немесе оны өзгерту ретінде немесе осындай басқа келісімдер бойынша кеден ақпаратымен және деректерімен алмасуды реттеу ретінде түсіндірілмеуі тиіс.
_____________________
14 Осындай қызметте сақтамаудың жиілігін төмендету бойынша және сондықтан жүзеге асыру мақсаты үшін ақпаратпен айырбас қажеттіліктерін төмендету жалпы мақсаты бар.
15 Бұл 3-тармаққа сәйкес жүргізілген түпнұсқаны тексеру бойынша тиісті ақпаратты қамтуы мүмкін. Осындай ақпарат тексерісті жүргізетін мүше анықтаған қорғау және құпиялылық деңгейінің мәні болуы тиіс. 

13-БАП: ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МЕХАНИЗМДЕР

      1. Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі комитет
      1.1 Осымен Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі комитет құрылады.
      1.2 Комитет барлық мүшелердің қатысуына ашық болуы және өзінің Төрағасын сайлауға тиіс. Комитет қажеттілігіне қарай және осы Келісімнің тиісті ережелерін ескеріп, алайда мүшелерге осы Келісімнің атқаратын жұмысына байланысты кез келген мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігін ұсыну немесе оның мақсаттарын іске асыру мақсатында бір жылда кемінде бір рет жиналуға тиіс. Комитет осы Келісімге сәйкес немесе мүшелердің оған жүктеген осындай міндеттерін жүзеге асыруға тиіс.
      1.3 Комитет қажет болған жағдайда қосалқы органдарды құра алады. Барлық осы органдар Комитет алдында есепті.
      1.4 Комитет мүшелердің тиісті ақпаратпен және тиісті жағдайларда озық тәжірибемен алмасуы үшін рәсімдерді әзірлейді.
      1.5 Комитет осы Келісімді іске асыру мен жүзеге асыру үшін ең үздік бар кеңестерді қамтамасыз ету мақсатында және күштердің қажетсіз қайталануын болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында, ДКО секілді сауда рәсімдерін жеңілдету саласында басқа халықаралық ұйымдармен тығыз байланысты ұстану тиіс. Ол үшін Комитет осындай ұйымдардың өкілдерін немесе олардың қосалқы органдарын:
      (a) Комитет отырыстарына қатысуға; және
      (b) осы Келісімді жүзеге асыруға байланысты нақты мәселелерді талқылауға шақырта алады.
      1.6 Комитет осы Келісім күшіне енген сәтінен бастап және содан кейін мерзімді түрде оның қолданысы мен жүзеге асырылуын қарастырады.
      1.7 Мүшелерге Комитет алдына осы Келісімді іске асыру мен қолдану туралы мәселелерге байланысты сұрақтарды қою ұсынылады.
      1.8 Комитет қысқа мерзімде өзара қанағаттанарлық шешімге қол жеткізу мақсатында осы Келісімге сәйкес белгілі проблемалар бойынша мүшелер арасында әрбір жеке жағдайда пікір сайыстарды қолдауы және ықпал етуі тиіс.
      2. Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі ұлттық комитет
      Әрбір мүше сауда рәсімдерін жеңілдету жөнінде ұлттық комитеттің жұмысын құрады және/немесе қамтамасыз етеді немесе отандық үйлестіруді жеңілдету үшін және осы Келісім ережелерін орындау үшін қолданыстағы тетікті тағайындайды.

II БӨЛІМ
ДАМУШЫ МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ЕҢ ТӨМЕН ДАМЫҒАН МҮШЕ
МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ АРНАЛҒАН АЙРЫҚША ЖӘНЕ САРАЛАНҒАН РЕЖИМ ҚАҒИДАЛАРЫ 1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАР

      1.1 Осы Келісімнің 1-бабынан бастап 12-бабында құралған қағидаларды дамушы және ең төмен дамыған мүше мемлекеттер 2004 жылғы шілдедегі Шекті келісімнің (WT/L/579) D Қосымшасында және 33-тармақта және Гонконгтың министрлер декларациясының Е-қосымшасында (WT/MIN(05)/DEC) келісілген жағдайларға негізделген.
      1.2 Әлеуеттің16 қалыптасуын нығайту үшін көмек пен қолдау дамушы және ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге олардың сипаты мен ауқымына сәйкес осы Келісімнің ережелерін іске асыру үшін көмектесу үшін беріледі. Осы Келісімнің ережелерін іске асыру ауқымы мен мерзімі дамушы және ең төмен дамыған қатысушы елдің әлеуеті іске асыруға байланысты болуы тиіс. Егер дамушы немесе ең төмен дамыған мүше мемлекет қажетті әлеуетке ие болмауды жалғастырады, осы ережені (лерді) іске асыру әлеуеті іске асырылмағанына дейін талап етілмейді.
      1.3 Ең төмен дамыған елдерге олардың жеке дамуына, қаржы және сауда қажеттіліктеріне немесе олардың әкімшілік және институционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес көлемде өздеріне міндеттемелерді алу талап етіледі.
      1.4 Осы қағидалар ІІ бөлімде көрсетілген ережелердің негізінде қолданылуы тиіс.
___________________
16 Осы Келісімнің мақсаты үшін «Әлеуеттің қалыптасуын нығайту үшін көмек пен қолдау» техникалық, қаржылық нысанды немесе көмектің кез келген басқа өзара келісілген нысанын қабылдауы мүмкін.

2. НОРМАЛАРДЫҢ САНАТТАРЫ

      (2.1 Нормалардың үш санаты бар:
      (a) А санаты дамушы елдің немесе ең төмен дамыған елдің осы Келісім күшіне енгеннен кейін немесе 15-бапта көзделгендей, күшіне енгеннен кейін бір жылдың ішінде ең төмен дамыған мүше мемлекеттің жағдайында іске асыру үшін белгілейтін ережелерді қамтиды.
      (b) В санаты дамыған мүше мемлекеттің немесе ең төмен дамыған мүше мемлекеттер 16-бапта көзделгендей, осы Келісімің күшіне енуінен кейін ауыспалы уақыт мерзімінен кейінгі күнге іске асыру үшін белгілейтін ережелерді қамтиды.
      (c) С санаты дамыған мүше мемлекеттің немесе ең төмен дамыған мүше мемлекеттің осы Келісімнің күшіне енуінен кейін ауыспалы уақыт кезеңінен кезеңінен кейін іске асыру үшін және 16-бапта көзделгендей, әлеуетін өсіру үшін әлеуетті өсіруге қолдау мен көмекті ұсыну арқылы іске асыру үшін әлеуетін алуды талап ететін ережелерді қамтиды.
      2.2 Әрбір дамушы ел және ең төмен дамыған мүше мемлекеттер А, В және С санаттарының әрқайсысының шеңберінде қамтылатын ережелерді жеке негізде өздері айқындайды.

3. ХАБАРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ А САНАТЫН ҚОЛДАНУ

      3.1 Осы келісім күшіне енгеннен кейін әрбір дамушы мүше мемлекет А санаты бойынша өз міндеттемелерін орындау тиіс. А санатында белгіленген осы міндеттемелер осылайша осы келісімнің ажырамас бөлігі болады.
      3.2 Ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке осы келісім күшіне енгеннен кейін бір жылға дейінгі мерзімге А санатында белгілеген қағидалар туралы хабарлауы мүмкін. А санатында белгіленген, әрбір ең төмен дамыған мүше мемлекеттің міндеттемелері осылайша осы келісімнің ажырамас бөлігі болады.

4. В САНАТЫ МЕН С САНАТЫН ҚОЛДАНУ ҮШІН СОҢҒЫ КҮНДЕРДІ ХАБАРЛАУ

      4.1 Дамушы мүше мемлекет А санатында белгілемеген ережелерге қатысты, мүше осы бапта баяндалған рәсімге сәйкес іске асыруды кейінге қалдыруы мүмкін.
      В санатының дамушы мүше мемлекеті
      (a) осы келісім күшіне енгеннен кейін, әрбір дамушы мүше мемлекет Комитетке оның В санатында белгілеген ережелер және олардың тиісті бағдарлы жүзеге асыру мерзімдері туралы хабарлайды17.
      (b) осы келісім күшіне енгеннен кейін, бір жылдан кешіктірмей, әрбір дамушы мүше мемлекет Комитетке оның В санатында белгілеген ережелерін іске асырудың соңғы күні туралы хабарлайды. Егер дамушы мүше мемлекет осы мерзімге дейін, өзінің соңғы күндері туралы хабарлау үшін қосымша уақыт талап етілетінін есептесе, мүше оның күндері туралы хабарлау үшін жеткілікті мерзімді Комитеттен сұрауы мүмкін.
      С санатының дамушы мүше мемлекеті
      (c) осы келісім күшіне енгеннен кейін, әрбір дамушы мүше мемлекет Комитетке оның С санатында белгілейтін ережелер және тиісті бағдарлы жүзеге асыру мерзімдері туралы хабарлайды. Ашықтық мақсаты үшін ұсынылған хабарландырулар мүшеге қолдану мақсатында18 талап етілетін әлеуетін күшейтуге көмек беру мен қолдау туралы ақпаратты қамтиды.
      (d) осы Келісім күшіне енгеннен кейін бір жылдың ішінде дамушы мүше мемлекет және мүшенің тиісті доноры қазіргі кез келген тетіктерді, 10.1тармағына сәйкес хабарландыруларды және жоғарыдағы (с) тармақшаға сәйкес ұсынылған ақпаратты назарға ала отыра, Комитетке сақталған немесе күшіне енген, солар бойынша С19 санатын енгізуді қамтамасыз ету үшін әлеуетті туғызуға көмек пен қолдау көрсету қажет болатын уағдаластықтар бойынша ақпаратты ұсынуы тиіс. Дамушы мүше мемлекет кідірмей осындай уағдаластықтар туралы Комитетке хабарлау тиіс. Комитет, сондай-ақ, мүше емес донорларға әрекеттегі немесе жасалған келісімдер туралы ақпаратты ұсынады.
      (е) 4.1(d)-тармақта көзделген ақпаратты ұсынған күннен бастап 18 ай ішінде мүше доноры және тиісті дамушы мүше мемлекет Комитетке әлеуетін нығайтуда көмек көрсету мен қолдауда қол жеткізген прогресі туралы хабарлау тиіс. Әрбір дамушы мүше мемлекет сол уақытта іске асырудың соңғы мерзімдерінің өз тізімі туралы хабарлау тиіс.
      4.2 Солар бойынша ең төмен дамыған мүше мемлекет А санатына анықтамаған ережелерге қатысты ең төмен дамыған мүше мемлекет осы бапта аталған үрдіске сәйкес іске асыруды кейінге қалдыра алады.
      В санатының ең төмен дамыған мүше мемлекеті
      (a) осы келісім күшіне енгеннен кейін бір жылдан кешіктірмей, ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке В санатының ережелері туралы хабарлайды және ең төмен дамыған мүше мемлекеттер үшін ең үлкен икемділігін назарға ала отыра, осы ережелерді іске асыру үшін тиісті болжамды күндерді хабарлай алады.
      (b) жоғарыда (а) тармақшасына сәйкес көрсетілген хабарландыру күнінен кейін екі күннен кешіктірмей, әрбір ең төмен дамыған мүше мемлекет ережелердің белгілерін растау және оларды іске асыру күндері туралы хабарлау үшін Комитетке хабарлайды. Егер ең төмен дамыған мүше мемлекет осы мерзімге дейін өзінің соңғы күндері туралы хабарлау үшін қосымша уақыт талап етілетінін есептесе, мүше Комитеттен оның күндері туралы хабарлауға жеткілікті мерзімін ұзартуды сұратуы мүмкін.
      С санатының ең төмен дамыған мүше мемлекеті
      (c) осы келісім күшіне енгеннен кейін бір жылдан кейін донорлармен келісімнің анықтығын және жеңілдету мақсаттары үшін әрбір ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке ең төмен дамыған мүше мемлекеттер үшін ең үлкен икемділігін ескеріп, оның С санатында белгілеген ережелер туралы хабарлайды.
      (d) жоғарыда (с) тармақшада көрсетілген күннен кейін бір жылдың ішінде ең төмен дамыған мүше мемлекет қолдану мақсатында20 мүшеге талап етілген әлеуетті қолдау мен көмек беру туралы хабарлайды.
      (e) жоғарыда (d) тармақшаға сәйкес хабарландырудан кейін екі жылдан кешіктірмей, ең төменгі дамыған мүше мемлекет және мүшенің тиісті доноры Комитетке С21 санатын енгізуді қамтамасыз ету үшін әлеуетін туғызуға көмек пен қолдау көрсету қажет болатын, сақталған немесе жасалған уағдаластықтар туралы ескерту тиіс. Қатысатын ең төмен дамыған мемлекет Комитетке осындай уағдаластықтар туралы дереу хабарлау тиіс. Ең төмен дамыған мүше мемлекет сол уақытта көмек пен қолдау туралы уағдаластықтармен өтелген, С санатының тиісті міндеттемелерін іске асырудың бағдарлы мерзімдері турлы ескертуі тиіс. Комитет сондай-ақ қатыспайтын донорларға қазіргі немесе жасалған келісімдер туралы ақпаратты беруді ұсынады.
      (f) 4.2(е) тармақта көзделген ақпаратты ұсынған күннен бастап 18 айдан кешіктірмей, мүшенің тиісті доноры мен тиісті ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке әлеуетін қалыптастыру үшін көмек пен қолдау көрсетуде қол жеткізген прогресі туралы мәлімдеуі тиіс. Әрбір ең төмен дамыған мүше мемлекет сол уақытта Комитетке іске асырудың соңғы күндерінің өз тізімі туралы ескертуі тиіс.
      4.3 Донорлық қолдаудың болмауынан немесе әлеуетін күшейтуде көмек пен қолдау көрсетудегі прогрестің болмауынан, 4.1 және
4.2-тармақтарда белгіленген мерзімдер шеңберінде іске асырудың соңғы күндерін ұсынуда қиындықтарды кешірген дамушы мүше мемлекет және ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке осы мерзімдер аяқталғанға дейін неғұрлым ерте ескертуі тиіс. Мүшелер тартылған мүшелердің алдында тұрған айрықша жағдайлар мен ерекше проблемаларды назарға ала отыра, осындай қиындықтарды шешуге көмектесу үшін ынтымақтасуға келіседі. Комитет тиісті жағдайларда қиындықтарды жою бойынша шараларды, соның ішінде қажет кезде, өзінің соңғы күндері туралы тиісті мүшеге хабарлау бойынша мерзімдерін кеңейту жолымен қабылдайды.
      4.4 4.1 (b) немесе 4.1(е) тармақшаларда көзделген мерзім аяқталғанға дейін үш ай бойы немесе 4.2 (b) не болмаса 4.2(f) тармақшаларда ең төменгі дамыған мүше мемлекет жағдайында Хатшылық егер мүше ережелерді іске асырудың соңғы күні туралы ескертпесе, онда ол В немесе С санатында белгіленгендігі туралы еске салады. Егер мүше 3-тармаққа сүйенбесе немесе дамушы мүше мемлекет 4.1 (b) тармақшада немесе 4.2 (b) тармақшада ең төмен дамыған мүше мемлекет мерзімін ұзарту үшін және осы уақытқа дейін іске асырудың нақты күнін мәлімдемеген жағдайда, мүше 4.1 (b) не 4.(е) тармақшаларда көзделген мерзімнен кейін бір жыл ішінде немесе 4.2 (b) не 4.2(f) тармақшада ең төмен дамыған ел жағдайында ережелерді іске асырады немесе 4.3-тармаққа сәйкес мерзімі ұзартылады.
      4.5. 4.1, 4.2 немесе 4.3 тармақтарға сәйкес В санаты мен С санатының ережелерін іске асырудың соңғы мерзімдері туралы ескерткен күннен кейін 60 күннен кешіктірмей, Комитет 4.4-тармаққа сәйкес белгіленген кез келген мерзімін қоса алғанда, В санаты мен С санатының ережелерін іске асыру үшін әрбір мүшенің соңғы күндерінен құралған қосымшаларды назарға алады және осылайша осы қосымшаларды осы келісімнің ажырамас бөлігі етеді.
________________
17 Ұсынылған хабарлаулар өзіне мүше лайықты деп есептеген осындай қосымша ақпараттан тұрады. мүшелерге жүзеге асыруға жауапты ішкі мекеме немесе тұлға туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ұсынылады.
18 Мүшелер сонымен қатар ұлттық сауда рәсімдерін жеңілдетуді іске асыру бойынша жоспарлар мен жобалар туралы, ішкі орган немесе іске асыруға жауапты орган туралы, солармен мүше көмек көрсету үшін уағдаластықтар жасай алатын донорлар бойынша ақпараттарды қосуы мүмкін.
19 Осындай уағдаластықтар 9.3-тармаққа сәйкес екі жақты негізде немесе тиісті халықаралық ұйымдар арқылы жасалатын өзара келісілген жағдайларда болады.
20 Мүшелер сонымен қатар ұлттық сауда рәсімдерін жеңілдетуді іске асыру бойынша жоспарлар мен жобалар туралы, ішкі орган немесе іске асыруға жауапты орган туралы, солармен мүше көмек көрсету үшін уағдаластықтар жасай алатын донорлар бойынша ақпараттарды қосуы мүмкін.
21 Осындай уағдаластықтар 9.3-тармаққа сәйкес екі жақты негізде немесе тиісті халықаралық ұйымдар арқылы жасалатын өзара келісілген жағдайларда болады.

5. ЕРТЕ ЕСКЕРТУ ТЕТІГІ:
В ЖӘНЕ С САНАТТАРЫНДА ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ КҮНДЕРІН КЕҢЕЙТУ

      5.1
      (a) 4.2 (b) немесе 4.2 (f) тармақтарымен ең төмен дамыған мүше мемлекет жағдайында немесе 4.1 (b) немесе 4.1 (е) тармақтарына сәйкес белгіленген соңғы күнімен, оның В санатында немесе С санатында белгілеген ережелерді іске асыруда өзін қиындықтарды кешіретін деп есептейтін дамушы мүше мемлекет немесе ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке хабарлауы тиіс. Дамушы мүше мемлекет Комитетке іске асыру күні аяқталғанға дейін 120 күннен кешіктірмей хабарлайды. Ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке осы күнге дейін 90 күннен кешіктірмей хабарлайды.
      (b) Комитетке хабарлау жаңа мерзімді қамтиды, оған дамушы мүше мемлекет немесе ең төмен дамыған мүше мемлекет аталған ережелерді жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болуды күтеді. Хабарландыру, сондай-ақ, іске асыруда күтілетін кешіктіру себептерін көрсету тиіс. Осындай себептер күтілетіннен ерте емес әлеуетін күшейтуде көмек пен қолдау қажеттілігінен немесе әлеуетін құруға көмектесу үшін қосымша көмек пен қолдаудан құралуы мүмкін.
      5.2 Егер дамушы мүше мемлекеттің іске асыруға арналған қосымша уақытқа сұрауы 18 айдан аспаса немесе ең төмен дамыған ел қосымша уақыт үшін мүшенің сұрауымен 3 жылдан аспаса, сұратушы мүше Комитеттің ешбір кейінгі әрекетсіз қосымша уақытқа құқылы болады.
      5.3 Егер дамушы мүше мемлекет немесе ең төмен дамыған мүше мемлекет оған 5.2-тармақта көзделгенге қарағанда, ұзағырақ мерзімге бірінші ұзарту немесе екінші немесе кез келген кейінгі ұзарту қажет деп есептесе, онда ол Комитетке дамушы мүше мемлекеттерге қатысты 120 күннен кешіктірмей және ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге қатысты 90 күннен кешіктірмей іске асырудың бастапқы соңғы күні немесе ұзарту салдарынан өзге сәтінің аяқталуына дейін 5.1 (b) тармағында сипатталған ақпаратты қамтыған ұзартуға өтінімді ұсыну тиіс.
      5.4 Комитет сұрауды беретін мүшенің нақты жағдайларын назарға ала отыра, ұзартуға сұрауларды беруге тілектестікпен қарауы тиіс. Осы жағдайлар әлеуетін құруда көмек пен қолдауды алудағы қиындық пен кешіктірулерін қамтуы мүмкін.

6. В САНАТЫ МЕН С САНАТЫН ІСКЕ АСЫРУ

      6.1 1.2-тармағына сәйкес, егер дамушы мүше мемлекет немесе ең төмен дамыған мүше мемлекет 4.1 және 4.2- тармақтарында көзделген рәсімдерді орындағаннан кейін, ал сұралған кеңейту ұсынылмаса немесе егер дамушы мүше мемлекет немесе ең төмен дамыған мүше мемлекет қандай да бір түрде 5-тармақ бойынша берілген кеңейтуге кедергі келтіретін, болжанбаған жағдайларды бастан кешірсе, С санатына сәйкес оның ережені іске асыру қабілеттілігінің жетіспеушілігі жалғасатынын өзі бағаласа, осындай мүше Комитетке тиісті ережені жүзеге асыруға қабілетсіз екендігі туралы хабарлау тиіс.
      6.2 Комитет дереу сарапшылар тобын және кез келген жағдайда Комитеттің тиісті дамушы мүше мемлекеттен немесе ең төмен дамыған мүше мемлекеттен хабарландыруды алғаннан кейін 60 күннен кешіктірмей құруы тиіс. Сарапшылар тобы осы мәселені зерделейді және ол құрылған күннен бастап 120 күн ішінде Комитет үшін ұсынымдарды жасайды.
      6.3 Сарапшылар тобы сауда рәсімдерін жеңілдету және әлеуетті құруға көмек пен қолдау беру саласындағы жоғары білікті бес тәуелсіз адамнан тұрады. Сарапшылар тобының құрамы дамушы және дамыған мүше мемлекеттердің азаматтары арасында теңгерімді қамтамасыз етуі тиіс. Егер ең төмен дамыған мүше мемлекет тартылса, Сарапшылар тобы ең төмен дамыған мүше мемлекеттен ең кемінде бір азаматтан құралуы тиіс. Егер Комитет оны құрған күннен бастап 20 күн ішінде Сарапшылар тобының құрамы туралы келісе алмаса, Бас директор Комитет төрағасымен кеңес болған кезде осы тармақтың ережелеріне сәйкес Сарапшылар тобының құрамын айқындайды.
      6.4 Сарапшылар тобы әлеуеті болмаған жағдайда мүшенің жеке бағалауын қарап және Комитетке ұсыным беруі тиіс. Ең төмен дамыған елге қатысты Сарапшылар тобының ұсынымдарын қарастырған кезде Комитет тиісті жағдайларда, іске асыру үшін тұрақты әлеуетін алуға ықпалын тигізетін шараларды қабылдайды.
      6,5 Сарапшылар тобының ұсынымдарын алғаннан кейін Комитеттің бірінші отырысына дейін егер дамушы мүше мемлекет Комитетке өзінің тиісті ережелерді жүзеге асыруға қабілетсіздігі туралы хабарлаған кездегі сәттен бастап, мүше осы мәселе бойынша Дауларды шешу туралы уағдаластық шегінде істі қарауға жатпайды. Осы кездесуде Комитет Сарапшылар тобының ұсынымын қарастыру тиіс. Ең төмен дамыған мүше мемлекеттер үшін дауларды шешу туралы уағдаластықтар шеңберінде істі қарау Комитет ережелерді орындау туралы өзінің қабілетсіздігі жөнінде ескерткен күннен бастап Комитет осы мәселе бойынша шешім қабылдаған кездегі сәтке дейін немесе жоғарыда аталған Комитеттің бірінші отырысының күнінен кейін 24 айдың ішінде ненің ерте болғанына байланысты тиісті қамтамасыз етуге қолданылмауы тиіс.
      6.6 Егер ең төмен дамыған мүше мемлекет С санатының міндеттемесін іске асыру қабілеттілігін жоғалтатын болса, ол Комитетке хабарлай алады және 6-тармақта баяндалған нұсқауларды сақтай алады.

7. В ЖӘНЕ С САНАТТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛМАСУ

      1. В және С санаттары бойынша ережелер туралы ескерткен, дамушы мүше мемлекет және ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке хабарландыруды ұсыну арқылы осы санаттар арасындағы ережелерде орын алмасуы мүмкін. Егер мүше В санатынан С санатына ережелерді ауыстыруды ұсынса, мүше әлеуетті жасауға қажетті көмек пен қолдау туралы ақпаратты ұсынады.
      2. Егер В санатынан С санатына алмасқан ережені іске асыру үшін қосымша уақыт қажет болса, мүше:
      (a) автоматты ұзарту мүмкіндігін қоса алғанда, 5-тармақтың ережелерін пайдалануы; немесе
      (b) мүшенің ережені іске асыру үшін және қажет кезде, 6-тармақ бойынша Сарапшылар тобының ұсынымдары мен қарастыру мүмкіндігін қоса алғанда әлеуетін қалыптастыруға көмек пен қолдау үшін қосымша уақытқа арналған өтінішін Комитеттің зерттеуіне сұрау беруі; немесе
      (c) ең төмен дамыған мүше мемлекеттің жағдайында В санатына сәйкес көрсетілген бастапқы күннен кейін төрт жылдан астам іске асырудың кез келген жаңа күні Комитеттің мақұлдауын талап етеді. Бұдан басқа, ең төмен дамыған мүше мемлекет 5-тармаққа сүйенуі тиіс. Әлеуетті құру бойынша көмек пен қолдау алмасатын ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге қажет екендігі түсінікті.

8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІ РЕТТЕЙТІН ЕРЕЖЕЛЕР МЕН РӘСІМДЕР ТУРАЛЫ
УАҒДАЛАСТЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІК КЕЗЕҢ

      8.1 Осы келісім күшіне енгеннен кейін екі жыл кезең ағымында дауларды шешуді реттейтін ережелер мен рәсімдер туралы Уағдаластықпен әзірленген және қолданылатын, 1994 жылғы ГАТТ келісімінің XXII мен XXIII баптарының ережелері мүшенің А санатында белгілеген кез келген ережеге қатысты дамушы мүше мемлекетке қарсы дауларды реттеуге қолданылмауы тиіс.
      8.2 Осы келісім күшіне енгеннен кейін екі жыл ішінде дауларды шешуді реттейтін ережелер мен рәсімдер туралы Уағдаластықпен әзірленген және қолданылатын, 1994 жылғы ГАТТ келісімінің XXII мен XXIII баптарының ережелері мүшенің А санатында белгілеген кез келген ережеге қатысты ең төмен дамыған елге қарсы дауларды реттеуге қолданылмауы тиіс.
      8.3 Ең төмен дамыған мемлекет В немесе С санаттары бойынша ережелерді қолданғаннан кейін сегіз жыл ішінде Дауларды шешуді реттейтін ережелер мен рәсімдер туралы уағдаластықпен әзірленген және қолданылатын, 1994 жылғы ГАТТ келісімінің XXII мен XXIII баптарының ережелері осы ережеге қатысты ең төмен дамыған мүше мемлекетке қарсы дауларды реттеуге қолданылмайды.
      8.4 Дауларды шешуді реттейтін ережелер мен рәсімдер туралы уағдаластықты қолдану бойынша жеңілдік кезеңіне қарамастан, 1994 жылғы ГАТТ Келісімінің XXII немесе XXIII баптарына сәйкес консультация жүргізуге сұрау салу алдында, мүше ең төмен дамыған мүше мемлекеттің ерекше жағдайына айрықша назар аудару тиіс. Осыған байланысты, мүшелер ең төмен дамыған мүше мемлекетке байланысты Дауларды шешуді реттейтін ережелер мен рәсімдер туралы уағдаластық шегінде мәселелерді бастамашылық етуде тиісті ұстамдылықты білдіреді.
      8.5 Әрбір мүше сұрау бойынша, осы бапқа сәйкес көзделген жеңілдік мерзімі ішінде осы келісімді жүзеге асыруға байланысты кез келген мәселеге қатысты талқылау үшін басқа мүшелерге бара-бар мүмкіндікті қамтамасыз етуі тиіс.

9. ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТУДЕ КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

      9.1 Донор мүшелер өзара келісілген жағдайда немесе екі жақты негізде немесе тиісті халықаралық ұйымдар арқылы дамушы елдер мен ең төмен дамыған мүше мемлекеттер үшін әлеуетті құруда көмек пен қолдауды ұсынуды жеңілдетуге келіседі. Мақсаты – осы Келісімнің І бөлімінің ережелерін іске асыру үшін дамушы және ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге көмек беру.
      9.2 Ең төмен дамыған мүше мемлекеттердің ерекше қажеттіліктерін ескеріп, атаулы көмек пен қолдау оларға өз міндеттемелерін жүзеге асыруға тұрақты әлеуетін жасауда көмек беру үшін ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге ұсынылуы тиіс. Даму мақсатында ынтымақтастықтың тиісті тетіктері арқылы және 9.3-тармақта көрсетілген әлеуетті жасауға техникалық көмек пен қолдаудың қағидаттарына сәйкес, даму бойынша әріптестер қазіргі даму басымдықтарының беделін түсірмеу үшін осы салада әлеуетті жасауға көмек пен қолдауды қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс.
      9.3 Мүшелер осы келісімді жүзеге асыруға байланысты әлеуетін құруда көмек пен қолдау көрсетудің мынадай қағидаттарын қолдануға ұмтылады
      (a) бұл орынды және мақсатты болған кезде алушы елдердің және өңірлердің жалпы даму тұжырымдамасын, жалғасатын реформалар мен техникалық жәрдем беру бағдарламаларын ескеру;
      (b) бұл орынды және мақсатты болған кезде өңірлік және қосалқы өңірлік проблемаларды шешу бойынша шараларды қамтуға және өңірлік және қосалқы өңірлік интеграцияны дамытуға ықпалын тигізу;
      (c) жеке сектордың сауда рәсімін жеңілдету реформасы бойынша ағымдағы қызметтің көмек көрсету жөніндегі шараларда ескерілуін қамтамасыз ету;
      (d) ең үлкен тиімділікті және осы көмектен алынған нәтижені қамтамасыз ету үшін өңірлік экономикалық қоғамдастықтарды қоса алғанда, мүшелер арасында және мүшелер мен басқа тиісті мекемелер арасында үйлестіруге жәрдемдесу. Осы мақсатта:
      (i) бірінші кезекте елде немесе өңірде үйлестіру, онда әріптес мүше мен донор арасында және екі жақты және көп жақты донорлар арасында көмек берілуі тиіс, техникалық көмекті тығыз үйлестіру мен әлеуетті күшейту бойынша араласу арқылы реформалау бойынша көмек беру мен сәйкессіздік бағдарламаларында параллелизм мен қайталауды болдырмауға тырысу тиіс;
      (ii) ең төмен дамыған мүше мемлекеттер үшін, ең төмен дамыған елдердің саудасына байланысты көмек үшін Кеңейтілген кешенді шекті бағдарлама үйлестірудің осы үрдісінің бөлігі болуы тиіс; және
      (iii) Мүшелер елордаларда және Женевада сауда мен дамыту бойынша олардың лауазымды тұлғалары арасында ішкі үйлестіруге және осы келісімді іске асыру мен техникалық көмек беруді жәрдемдеседі.
      (e) енгізу бойынша әрекетті үйлестіру және мониторингі үшін дөңгелек үстелдер мен консультативтік топтар секілді елдегі қолданыстағы және өңірлік үйлестіру құрылымдарын пайдалануды көтермелеу; және
      (f) дамушы мүше мемлекеттерді басқа дамушы және ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге әлеуетін өсіруді жүзеге асыруға көтермелеу және мүмкін болған жерде осындай шараларды қолдау туралы мәселені қарастыру.
      9.4 Комитет:
      (a) ережелерді іске асыруға қатысты немесе осы келісімнің ережелерінің қосалқы бөлімдеріне қатысты кез келген проблеманы талқылау;
      (b) әлеуетін құруда сайма-сай көмекті және қолдауды алмайтын кез келген дамушы немесе ең төмен дамыған мүше мемлекетті қоса алғанда, келісімді жүзеге асыруды қолдау үшін әлеуетін жасауға көмек пен қолдау көрсету прогресіне шолу жасау;
      (c) проблемалар мен табыстарды қоса алғанда, әлеуетін нығайтуда және бағдарламаларды іске асыруда ағымдағы көмек пен қолдау туралы тәжірибемен және ақпаратпен алмасу;
      (d) 10-тармақта аталған донорлардың хабарландыруларын қарастыру; және
      (е) 9.2-тармақтың жұмысын қарастыру үшін кем дегенде жылына бір арнайы сессияны өткізуі тиіс.

10. КОМИТЕТТІҢ ҚАРАУЫНА ҰСЫНУ ҮШІН ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН
КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

      10.1 І Бөлімді іске асыру үшін әлеуетін нығайтуда көмек пен қолдау көрсеткен кезде дамушы мүше мемлекеттің және ең төмен дамыған мүше мемлекеттердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін дамушы мүше мемлекетке және ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге көмек көрсететін әрбір мүше доноры осы келісімді іске асырып, осы келісімнің күшіне енуі бойынша және жыл сайын осыдан кейін алдағы 12 ай ішінде көрсетілген, әлеуетін нығайтуда өзінің көмегі мен қолдауы туралы мынадай ақпаратты және мүмкін болған жерде келесі 12 айда22 ненің көрсетілетіні туралы Комитетке ұсынады:
      (a) әлеуетін күшейтуде көмек пен қолдауды сипаттау;
      (b) көзделген/ бөлінген жағдайы мен көлемі;
      (c) көмек пен қолдау көрсету рәсімдері;
      (d) бенефициар мүше немесе қажет кезде, өңір; және
      (e) көмек пен қолдауды көрсететін, мүшенің енгізу агенттігі.
      Ақпарат 1-Қосымшада көрсетілген нысанда берілуі тиіс. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүшелерінің жағдайында (бұдан әрі осы келісімде – «ЭЫДҰ»), берілген ақпарат ЭЫДҰ кредиторларының есептілік жүйесінен алынған тиісті ақпаратқа сүйенуі мүмкін. Өздерін әлеуетті құруда көмек пен қолдауды қамтамасыз ету жағдайында екенін жариялаған, дамушы мүше мемлекеттерге жоғарыдағы ақпаратты беру ұсынылады.
      10.2 Дамушы мүше мемлекеттерге және ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге көмек көрсететін мүше мемлекеттер Комитетке мынаны ұсыну тиіс:
      (a) мүмкін болған жерде, қолдау мен көмек көрсетілетін елдің немесе өңірдің ішінде осындай байланыс нүктелері туралы ақпаратты қоса алғанда, осы келісімнің І бөлімін жүзеге асыруға байланысты әлеуетін құру үшін көмек пен қолдау көрсетуге жауапты олардың органдарының байланыс пунктері; және
      (b) әлеуетті өсіру үшін көмек пен қолдау туралы сұраумен бірге процесс пен тетіктер туралы ақпарат.
      Өздерін көмек пен қолдау көрсету жағдайында деп жариялаған, дамушы мүше мемлекеттерге жоғарыдағы ақпаратты беру ұсынылады.
      10.3 Сауда рәсімдерін жеңілдету және әлеуетін дамыту үшін қолдау бойынша көмекті пайдалануға ниет білдірген дамушы мүше мемлекеттер мен ең төмен дамыған мүше мемлекеттер Комитетке осындай көмек пен қолдау басымдықтарын үйлестіруге және белгілеуге жауапты кеңсенің (лердің) байланыс нүктесі (лері) туралы ақпаратты ұсынады.
      10.4 Мүшелер интернет сілтеме арқылы 10.2 және 10.3-тармақтарда көрсетілген ақпаратты ұсына алады және қажет болған кезде ақпаратты жаңарту тиіс. Хатшылық барлық осындай ақпаратты көпшілікке қолжетімді етуі тиіс.
      10.5 Комитет тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдарға (мысалы, Халықаралық валюта қоры, ЭЫДҰ, Сауда және даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Конференциясы, Дүниежүзілік кеден ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Өңірлік комиссиясы, Бүкіл әлемдік банк, немесе олардың қосалқы органдары және өңірлік даму банктері) және басқа ынтымақтастық мекемелеріне 10.1, 10.2 және 10.4-тармақтарда көрсетілген ақпаратты ұсынуы тиіс.
________________________
22 Ұсынылатын ақпарат әлеуетін күшейтуде сұраныспен басқарылатын көмек пен қолдау көрсету сипатын көрсетеді.

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін «мүше» термині осы мүшенің құзыретті органын қамтиды.
      2. Осы Келісімнің барлық ережелері барлық мүшелер үшін міндетті болып табылады.
      3. Мүшелер осы келісім күшіне енген күнінен бастап іске асыруға тиіс. 2-бөлімнің ережелерін пайдалануды шешетін дамушы мүше мемлекеттер және ең төмен дамыған мүше мемлекеттер ІІ-бөлімге сәйкес осы келісімді іске асыратын болады.
      4. Осы келісім күшіне енгеннен кейін қабылдайтын мүше осы келісім күшіне енген күннен бастап тиісті кезеңді есептеп қойып, В және С санаттарындағы міндеттемелерді іске асыратын болады.
      5. Кеден одағының немесе өңірлік экономикалық бірлестіктің мүшелері осы келісімге сәйкес олардың міндеттемелерін іске асыруға жәрдемдесу үшін, оның ішінде өңірлік органдарды құру және пайдалану арқылы өңірлік тәсілдемелерді қабылдауы мүмкін.
      6. 1А қосымшаға Түсіндірме ескертпенің әрекетіне қарамастан, қайсысы осы Келісімде 1994 ГАТТ бойынша мүшелердің төмендетуші міндеті ретінде түсіндірілмеуі мүмкін. Одан басқа, осы келісімде ешбірі саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім бойынша және санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі келісім бойынша мүшелердің төмендетуші құқықтары мен міндеттері ретінде түсіндірілмеуі мүмкін.
      7. 1994 жылғы ГАТТ келісіміне сәйкес барлық ерекшеліктер мен алулар23 осы келісімнің ережелеріне қолданылуы тиіс. 1994 жылғы ГАТТ-қа қолданылатын алып тастаулар немесе ДСҰ құру туралы Марракеш Келісімінің IX:3 және X:4 баптарына сәйкес ұсынылатын оның кез келген бөлігі және осы келісім күшіне енген күндегі оған кез келген өзгерістер осы келісімнің ережелеріне қолданылуы тиіс.
      8. 1994 жылғы ГАТТ келісімінің XXII және XXIII баптарының ережелері олар Дауларды шешу туралы уағдаластықта қалай әзірленгені және қолданылатыны осы келісімде арнайы қарастырылған жағдайларды қоспағанда, осы келісім шеңберінде консультацияларға және дауларды реттеуге қолданылады.
      9. Ескертулер қалған мүшелердің келісімінсіз осы келісімнің кез келген ережелеріне қатысты енгізілмеуі мүмкін.
      10. Дамушы елдер мен ең аз дамыған елдердің ІІ-бөлімнің 3.1 және 3.2-тармақтарына сәйкес осы келісімге қосымшадағы А санатындағы міндеттемелері осы келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.
      11. Дамушы және ең аз дамыған елдердің ІІ-бөлімнің 4.5 тармағына сәйкес Комитет назарға алған және осы келісімге қосымшадағы В және С санаттарының міндеттемелері 2-бөлімнің 4.5-тармағына сәйкес осы келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.
___________________
23 Бұл 1994 жылғы ГАТТ Келісімінің V:7 және X:1 баптарынан және 1994 жылғы ГАТТ Келісімінің VIII бабының қосымша жазбасынан құралады

1-ҚОСЫМША: 10.1-ТАРМАҚҚА СӘЙКЕС ХАБАРЛАНДЫРУ НЫСАНЫ

      Донор мүше:
      Хабарландырумен өтелетін кезең:




Әлеуетін күшейту жөніндегі ресурстардың, техникалық және қаржылық көмектің сипаттамасы

Жағдайы мен көлемі міндеттеме/ игерілген ретінде қабылданған

Бенефициар ел/ Өңір (қажеттігіне қарай)

Көмек беруші мүшенің атқарушы органы

Көмекті төлеуге арналған рәсімдер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады