Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Сауранбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, тең төраға |
Құнанбаев |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, тең төрағаның орынбасары |
|
Айтақов |
- |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаменті бастығының орынбасары әскери-техникалық ынтымақтастық басқармасының бастығы, жауапты хатшы |
көрсетілген құрамнан Талғат Жеңісұлы Жанжүменов, Бауыржан Нұрланұлы Сәрсенов және Әлнұр Аманжолұлы Сыздықов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов