"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 827 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Сауранбаев
Нұрлан Ермекұлы

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, тең төраға

Құнанбаев
Нұрбек Сейітқамзаұлы


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, тең төрағаның орынбасары

Айтақов
Ержан Төлеуханұлы

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаменті бастығының орынбасары әскери-техникалық ынтымақтастық басқармасының бастығы, жауапты хатшы

      көрсетілген құрамнан Талғат Жеңісұлы Жанжүменов, Бауыржан Нұрланұлы Сәрсенов және Әлнұр Аманжолұлы Сыздықов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады