Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары мен ұйымдары заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Іс-шаралар жоспарының орындалуын;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiне жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 13 қарашадағы
№ 909 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру үшін қажетті шаралар/шешімдер |
Орындау мерзімі |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (ТСБК) ІІІ бабына сәйкес заңнаманы жетілдіру, оған сәйкес тауарларды ішкі сатуды, сатып алуды, тасымалдауды, бөлуді немесе пайдалануды қозғайтын ішкі салықтар мен алымдар импорттық немесе отандық тауарларға отандық өндіріс үшін қорғайтын жағдай жасайтындай қолданылмауға тиіс |
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы |
2016 жылғы 4-тоқсан |
ВАК хаттамасы |
ҰЭМ, АШМ |
2. |
Ауыл шаруашылығы бойынша қабылданған міндеттемеге сәйкес заңнаманы жетілдіру, оған сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау кезінде көлік шығыстарына арналған шығындар құнын арзандату Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезден бастап жойылуға тиіс |
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәселені қарау |
2015 жылғы 4-тоқсан |
ВАК хаттамасы |
АШМ, ҰЭМ |
3. |
Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметтер бойынша ерекше міндеттемелері тізбесінде белгіленген телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес келтіру мақсатында байланыс қызметтері нарығын реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру |
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәселені қарау |
2016 жылғы қаңтар |
ВАК хаттамасы |
ҰҚК (келісім бойынша), ҰЭМ, ИДМ |
4. |
Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы: |
«Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2016 жылғы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИДМ, ЭМ |
мыналарға: |
2016 жылғы |
ИДМ бұйрықтары |
ИДМ, ЭМ |
||
5. |
Көрсетілетін қызметтер нарығына қолжетімділік бойынша Қазақстан Республикасының ерекше міндеттемелері тізбесінде бекітілген Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес көрсетілетін қызметтердегі (жұмыстардағы) және білікті кадрлардағы жергілікті қамту бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін 50 %-ға дейін азайту бөлігінде 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттаманы Қазақстан Республикасы ратификациялаған күнге дейінгі кезеңде қол қойылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қайта қарау |
жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау |
2021 жылғы 1 қаңтарға дейін |
қосымша келісімдер |
ИДМ, ЭМ |
6. |
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелерін жою бөлігінде |
жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау |
2016 жылғы 3-тоқсан |
қосымша келісімдер |
ИДМ, ЭМ |
7. |
1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (ТСБК) III бабы 4-тармағының ережелеріне, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімінің ХVII бабына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуын реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру |
«Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер енгізу |
2016 жылғы қаңтар |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 26 мамырдағы шешімінен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізу |
2016 жылғы қаңтар |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, |
||
8. |
Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімінің (1994) III:8 (a) бабына және Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімінің (ҚСБК) XIII:1 бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіру |
«Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 қаулысына өзгерістер енгізу |
2016 жылғы қаңтар |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИДМ, Қаржымині |
мыналарға: |
2016 жылғы қаңтар |
Қаржыминінің бұйрықтары |
Қаржымині |
||
9. |
Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуі саласындағы заңнаманы жетілдіру |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 10711 болып тіркелген «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2016 жылғы қаңтар |
ИДМ бұйрығы |
ИДМ, ЭМ |
10. |
Көрсетілетін қызметтер нарығына қолжетімділік бойынша Қазақстан Республикасының ерекше міндеттемелері тізбесінде бекітілген ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде шетелдік жеке тұлғалардың кіруі және уақытша болуы жөніндегі Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес халықты жұмыспен қамту және көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру |
«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы |
2016 жылғы қаңтар |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСӘДМ |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ҰКК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
«Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;
ВАК – Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия.