Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 464 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11117 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 № 325 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.01.2016 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидалары бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.01.2016 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержановқа):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _________________ В. Школьник

      2015 жылғы 17 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 464 бұйрығымен бекітілген

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың
шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде жұмыстардағы (көрсетілетін
қызметтердегі) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.01.2016 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ереже

      1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 19-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзiрленген және жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) ең аз жергілікті қамтымды есептеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдалы қазбалар тобы деп қатты пайдалы қазбалар, көмiрсутек шикiзаты және кең таралған пайдалы қазбалар ұғынылады.

2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу тәртібі

      3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткiзу кезiнде құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.

      4. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу үшiн пайдалы қазбалар топтары бойынша бөлiнген жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткiзілетін жылдың алдындағы жылға жұмыс iстеп тұрған жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстарындағы (көрсетілетін қызметтерiндегi) жергілікті қамтымның нақты үлесi бойынша деректердi пайдаланады.

      5. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды мынадай формула бойынша есептейдi:


ni=1(Жi х ЖҚi)

      ЖҚmin= —--—--—--—--—-,


ni=1Жі

      ЖҚmin - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзілетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтым (бірақ 50%-дан артық емес);

      Жi - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткiзiлетiн жыл алдындағы i-шi жер қойнауын пайдаланушының жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерiн) сатып алу көлемi, мың теңге;

      ЖҚi - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткiзiлетiн жыл алдындағы i-шi жер қойнауын пайдаланушының жұмысындағы (көрсетілетін қызметiндегi) жергілікті қамтымның нақты үлесi;

      n - есептеуде пайдаланылатын жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны.

      6. Жергiлiктi атқарушы орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды мынадай формула бойынша есептейдi:



      мұндағы:

      ЖҚmin- жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзілетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамту (бірақ 50%-дан артық емес);

      Жtotal - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерін) сатып алуың жалпы көлемi мың теңге;

      Kжқ – жергілікті қамту коэффициенті (0,5 артық емес).

      7. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткізу жөнiндегi комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс Заңның 53-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда өтпедi деп таныған кезде Заңның 47-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген талаптарға барлық ұсынылған конкурстық ұсынымдардың сәйкес келмеу себебi бойынша құзыреттi орган немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы Заңның 54-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртiпте осы Қағидаларда көзделген тәртiпте есептелген жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтым мөлшерін жиырма бес пайызға азайту бөлiгiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзе алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады