Ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 909 қаулысы

      Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде Қазақстан Республикасы қабылдаған  міндеттемелерге сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары мен ұйымдары заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Іс-шаралар жоспарының орындалуын;
      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрлiгiне жүктелсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 13 қарашадағы
№ 909 қаулысымен     
бекітілген       

Ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы


Іске асыру үшін қажетті шаралар/шешімдер

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

1.

1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (ТСБК) ІІІ бабына сәйкес заңнаманы жетілдіру, оған сәйкес тауарларды ішкі сатуды, сатып алуды, тасымалдауды, бөлуді немесе пайдалануды қозғайтын ішкі салықтар мен алымдар импорттық немесе отандық тауарларға отандық өндіріс үшін қорғайтын жағдай жасайтындай қолданылмауға тиіс

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы
10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәселені қарау

2016 жылғы 4-тоқсан

ВАК хаттамасы

ҰЭМ, АШМ

2.

Ауыл шаруашылығы бойынша қабылданған міндеттемеге сәйкес заңнаманы жетілдіру, оған сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау кезінде көлік шығыстарына арналған шығындар құнын арзандату Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезден бастап жойылуға тиіс

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәселені қарау

2015 жылғы 4-тоқсан

ВАК хаттамасы

АШМ, ҰЭМ

3.

Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметтер бойынша ерекше міндеттемелері тізбесінде белгіленген телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес келтіру мақсатында байланыс қызметтері нарығын реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәселені қарау

2016 жылғы қаңтар

ВАК хаттамасы

ҰҚК (келісім бойынша), ҰЭМ, ИДМ

4.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы:
1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (ТСБК) ІІІ бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының Саудамен байланысты инвестициялық шаралар жөніндегі келісімінің ІІ бабы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту туралы талапты жою;
Дүниежүзілік сауда ұйымының Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімінің XVII бабы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес көрсетілетін қызметтердегі (жұмыстардағы) және білікті кадрлардағы жергілікті қамту мөлшерін 50 %-дан аспайтын деңгейде белгілеу бөлігінде жетілдіру

«Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2016 жылғы
қаңтар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ, ЭМ

мыналарға:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 мамырда № 11167 болып тіркелген «Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің  2015 жылғы 31 наурыздағы № 412 бұйрығына;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 мамырда № 11123 болып тіркелген «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 96 бұйрығына;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 мамырда № 11117 болып тіркелген «Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
17 сәуірдегі № 464 бұйрығына;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы
8 мамырда № 11000 болып тіркелген «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы
27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 241 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2016 жылғы
қаңтар

ИДМ бұйрықтары

ИДМ, ЭМ

5.

Көрсетілетін қызметтер нарығына қолжетімділік бойынша Қазақстан Республикасының ерекше міндеттемелері тізбесінде бекітілген Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес көрсетілетін қызметтердегі (жұмыстардағы) және білікті кадрлардағы жергілікті қамту бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін 50 %-ға дейін азайту бөлігінде 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттаманы Қазақстан Республикасы ратификациялаған күнге дейінгі кезеңде қол қойылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қайта қарау

жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау

2021 жылғы 1 қаңтарға дейін

қосымша келісімдер

ИДМ, ЭМ

6.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелерін жою бөлігінде
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттаманы Қазақстан Республикасы ратификациялаған күнге дейінгі кезеңде қол қойылған жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттарды қайта қарау

жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау

2016 жылғы 3-тоқсан

қосымша келісімдер

ИДМ, ЭМ

7.

1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (ТСБК) III бабы 4-тармағының ережелеріне, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімінің ХVII бабына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуын реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру
 

«Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер енгізу

2016 жылғы қаңтар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы  26 мамырдағы шешімінен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізу

2016 жылғы қаңтар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ,
Қаржымині

8.

Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімінің (1994) III:8 (a) бабына және Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімінің (ҚСБК) XIII:1 бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіру
 

«Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 қаулысына өзгерістер енгізу

2016 жылғы қаңтар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ, Қаржымині

мыналарға:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 11734 болып тіркелген «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378 Қаржы министрінің бұйрығына, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 маусымда № 11733 болып тіркелген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2016 жылғы қаңтар

Қаржыминінің бұйрықтары

Қаржымині

9.

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуі саласындағы заңнаманы жетілдіру
 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 10711 болып тіркелген «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің  2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу

2016 жылғы қаңтар

ИДМ бұйрығы

ИДМ, ЭМ
 

10.

Көрсетілетін қызметтер нарығына қолжетімділік бойынша Қазақстан Республикасының ерекше міндеттемелері тізбесінде бекітілген ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде шетелдік жеке тұлғалардың кіруі және уақытша болуы жөніндегі Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес халықты жұмыспен қамту және көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру

«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2016 жылғы қаңтар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
      ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
      ҰКК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
      «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;
      ВАК – Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады