Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 961 қаулысы.

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 қарашадағы
№ 961 қаулысымен
бекітілген

Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (бұдан әрі – Конституциялық заң) 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды алушы – Конституциялық заңның 35-бабының 1, 1-1 және 2-1-тармақтарына сәйкес отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен және сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш берген судья;

      3) өмір бойғы ай сайынғы қамтылым – Конституциялық заңның 35-бабының 2-1-тармағында көзделген тәртіппен отставкадағы судьяға төленетін ақшалай төлемдер;

      4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері бар жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау

      3. Отставкадағы судья (бұдан әрі – өтініш беруші) соңғы лауазымында істеген жұмыс орны бойынша уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау (қалпына келтіру) туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 21.04.2016 № 239 қаулысымен.

      4. Өтінішті Конституциялық заңда көзделген ай сайынғы өмір бойғы қамтылым алуға құқық туындаған кезде өтініш беруші уәкілетті органға береді.

      Өтініш беру қандай да бір мерзіммен шектелмейді.

      5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

      2) ағымдағы банктік шоттың мәліметтері;

      3) судьяның еңбек қызметін растайтын құжат не оның нотариат куәландырған көшірмесі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау (қалпына келтіру) туралы өтінішті уәкілетті орган осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша судьяның отставкаға шығуы, судьяның отставкасын тоқтату, тоқтата тұру және қалпына келтіру туралы мәліметтерді тіркеу және есепке алу журналында қағаз және электрондық тасығыштарда тіркейді.

      7. Уәкілетті орган ай сайынғы өмір бойғы қамтылым тағайындауға (қалпына келтіруге) үміткер әрбір өтініш берушіге мынадай құжаттардан іс қалыптастырады:

      1) ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау туралы өтініш;

      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) ағымдағы банктік шот туралы мәліметтер;

      4) уәкілетті органның кадр қызметі ұсынатын, судьяның отставкаға шыққанын растайтын құжат;

      5) уәкілетті органның кадр қызметі ұсынатын, судьяның қажетті жұмыс өтілінің бар екенін растайтын құжат;

      6) уәкілетті органның қаржы қызметі ұсынатын соңғы атқарған қызметі бойынша лауазымдық еңбекақы мөлшері туралы құжат;

      7) уәкілетті органның қаржы қызметі ұсынатын судьяға есептелетін өмір бойғы қамтылымының есеп-қисабы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Уәкілетті орган өтініш берушінің өтініші келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымның өтініш берілген күнгі мөлшерін көрсете отырып, ай сайынғы өмір бойғы қамтылым тағайындау (тоқтата тұру, қалпына келтіру) не тағайындаудан бас тарту туралы қорытынды шығарады.

      Өтініш берушіге ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындаудан (қалпына келтіруден) бас тарту туралы қорытынды Конституциялық заңның 35-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша шығарылады.

      9. Қорытынды ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту туралы бұйрық дайындау үшін жазбаша нысанда үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның басшысына беріледі.

      Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындаудан бас тартылған жағдайда уәкілетті орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша нысанда бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды.

      10. Уәкілетті орган отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тоқтату үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 21.04.2016 № 239 қаулысымен.

      11. Тегі, аты немесе әкесінің аты, ағымдағы банктік шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды алушы көрсетілген өзгерістер орын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға іс материалдарына қосып тіркеу үшін растайтын құжаттармен бірге өтініш береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Отставкадағы судья өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін бір мезгілде ала алмайды.

      13. Отставкадағы судьяның өз жеке зейнетақы шотында қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін алуы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Еңбек өтілін анықтау және өмір бойғы ай сайынғы
қамтылымның мөлшерін есептеу

      14. Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымның мөлшері көрсетілген қамтылымды төлеуге өтініш берілген күні қолданыстағы судьялар үшін еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес соңғы атқарған лауазымына төленетін еңбекақы бойынша есептеледі.

      15. Отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының мөлшерін есептеу Конституциялық заңның 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымын тағайындау үшін еңбек өтіліне судьяның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалған күнінен бастап және өкілеттігін нақты тоқтатқан күніне дейінгі оның жұмыс кезеңі есептеледі.

      17. Судьялық жұмыс өтілі үзілген жағдайда жалпы судьялық өтіл судья лауазымындағы жұмыстың барлық кезеңі үшін болған үзіліске қарамастан жиынтықта есептеледі.

      18. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен судьяларға еңбекақы ақы төлеу мөлшері ұлғайған кезде уәкілетті орган отставкадағы судьяға төленетін ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды қайта есептеуді жүргізеді.

4. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеуді жүзеге асыру

      19. 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеу ол уәкілетті органға ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау туралы өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.

      Зейнетақы төлемдерін алушы тұлғалар үшін ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеуді мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 21.04.2016 № 239 қаулысымен.

      20. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылым мөлшері тағайындалған және өзгерген кезде тиынмен есептелген барлық сома тиын сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады.

      21. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеуді уәкілетті орган ай сайынғы өмір бойғы қамтылым тағайындау туралы бұйрықтың негізінде өтініш берушінің ағымдағы банктік шотына жүзеге асырады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеуді тоқтата тұру,
тоқтату және қалпына келтіру

      22. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу:

      1) Конституциялық заңның 35-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша судьяның отставкасы тоқтатыла тұрған жағдайда;

      2) отставкадағы судья Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымды атқарған жағдайда тоқтатыла тұрады.

      Республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымды атқаруы тоқтатылған жағдайда, судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеу қайта басталады.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларда өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеуді тоқтату, қалпына келтіру өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеуді тоқтата тұру (қалпына келтіру) туралы бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 21.04.2016 № 239 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу Конституциялық заңның 35-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша судьяның отставкасы тоқтатылған жағдайда тоқтатылады.

      Отставкадағы судья қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу қайтыс болған ай қоса есептеліп жүзеге асырылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.05.2019 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеуді тоқтату, тоқтата тұру және қалпына келтіру бойынша шешімді уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-9-тармақтарында көзделген тәртіппен қабылдайды.

      25. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу тоқтатып қойылған, тоқтатылған немесе қалпына келтірілген жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеудің тоқтатып қойылғаны, тоқтатылғаны немесе қалпына келтірілгені туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6. Отставкадағы судьяларға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым
төлеу туралы мәліметтердің есебін жүргізу

      26. Уәкілетті орган судьялардың отставкасы, судьялардың отставканы тоқтатуы, судьяның отставканы тоқтата тұруы және қалпына келтіруі туралы, сондай-ақ уәкілетті орган қабылдаған шешімдер туралы мәліметтердің есебін қағаз және электрондық тасығыштарда есепке алу журналында жүргізеді.

  Отставкадағы судьяға өмір
бойғы ай сайынғы
қамтылым төлеу
қағидаларына
1-қосымша

      Отставкадағы судьяға өмір

      бойғы ай сайынғы

      қамтылым төлеу жөніндегі

      уәкілетті органға

      кімнен _________________

      Т.А.Ә. (егер бар болса)

      ________________________

      ________________________

      мекенжайы:

      ________________________

ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 21.04.2016 № 239 қаулысымен.

      Отставкадағы судья ретінде маған өмір бойғы ай сайынғы қамтылым тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.

      Судья ретінде жұмыс өтілімім_______________________ құрайды.

      ___________________________________________________________сотының

      судьясы (төрағасы, алқа төрағасы) лауазымындағы соңғы жұмыс орным

      __________________________________________________________________.

      Көрсетілген лауазымнан:

      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының "___" _________ № _________________ қаулысының;

      Қазақстан Республикасы Президентінің ______ жылғы "___"__________№ __________________ Жарлығының негізінде босатылдым.

      (керектісін толтырыңыз)

      Өтінішке қоса беремін:

      1. _________________________________________________________________

      2. _________________________________________________________________

      3. _________________________________________________________________

      4. _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Өзім ұсынған құжаттардың дұрыстығы үшін құқықтық жауапкершілік аламын.

      Барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығу), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгергені туралы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндеттенемін.

      Бұрын басқа ведомстводан зейнетақы төлемдері тағайындалғанын/тағайындалмағанын хабарлаймын.

      (керектісінің астын сызыңыз)

      Менің жеке деректерімді өңдеуге келісім беремін.

      Өтініш берушінің қолы ___________ 20 ___ ж. _______ "__" _______

  Отставкадағы судьяға өмір
бойғы ай сайынғы
қамтылым төлеу
қағидаларына
2-қосымша

Судьяның отставкаға шығуы, судьяның отставкасын тоқтату,
судьяның отставкасын тоқтата тұру және қалпына келтіру туралы
мәліметтерді тіркеу және есепке алу журналы

      ____жылғы "___" ___ аяқталды ____жылғы "___"________басталды

р/с №

Жүгінген күні

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Өтініш берушінің туған күні

ЖСН

Тұрғылықты жері

Сайланған немесе тағайындалған күні

Отставкадағы күні

Отставкасы тоқтатылған тоқтатыла тұрған, және қалпына келтірілген күні

Уәкілетті органның шешімді қабылданған күні және ай сайынғы төлемдердің мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Журналда _______________________ парақ нөмірленді және тігілді.

      (санмен және жазбаша)

      М.О. Басшы ________________ ___________________

      Т.А.Ә.

  Отставкадағы судьяға өмір
бойғы ай сайынғы қамтылым
төлеу қағидаларына
3-қосымша

Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау (тоқтата тұру, қайта бастау) не тағайындаудан бас тарту туралы қорытынды

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20____ жылғы "__" ____________ № _________

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы"

      Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      1. 20 ____ жылғы "____" ____________ бастап отставкадағы судьяға өмір бойғы ай

      сайынғы қамтылым _______________________ теңге мөлшерінде тағайындалсын.

      2. Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындаудан

      __________________________________________ бас тартылсын.

      (бас тартудың негізі)

      3. Отставкадағы судьяға _____________________________ _____________

      (тоқтата тұрудың негізі)

      теңге мөлшерінде өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу 20 ____ жылғы "____"

      ____________ бастап тоқтатыла тұрсын.

      4. 20 ______ жылғы "____" ___________ бастап ______________________________

      (қайта бастаудың негізі)

      _______________ теңге мөлшерінде отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы

      қамтылымды төлеу қайта басталсын.

      Кадр қызметінің басшысы (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Қаржы қызметінің басшысы (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

  Отставкадағы судьяға өмір
бойғы ай сайынғы қамтылым
төлеу қағидаларына
4-қосымша

Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау (тоқтата тұру немесе қалпына келтіру) туралы
ХАБАРЛАМА

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Тегі ___________________________________________________________

      Аты ___________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) __________________________________________

      Тұрғылықты (нақты) мекенжайы ___________________________________

      _______________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: № ______________________________

      "____"____________ ______ ж. берген. ЖСН _______________________

      20____ жылғы "__" ______ бастап отставкадағы судья ретінде ай сайынғы өмір

      бойығы қамтылым тағайындалды (тоқтатып қойылды немесе қалпына келтірілді).

      Банк деректемелері және алушының ағымдағы банктік шот нөмірі

      ______________________________________________________________

      Банк БСН___________________________________

      Мемлекеттік негізгі зейнетақы төлемдерін және (немесе) жасына байланысты

      зейнетақы төлемдерін және (немесе) жұмыс атқарған жылдарына зейнетақы

      төлемдерін тоқтату үшін немесе тағайындау үшін негіз болып табылады.

      М.О. Басшы ____________ _____________________
қолы (Т.А.Ә. (бар болса)

     

Об утверждении Правил выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2015 года № 961.

      Вводится в действие с 1 января 2016 года.

      В соответствии с пунктом 2-1 статьи 35 Конституционного закона Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула – в редакции постановления Правительства РК от 20.03.2024 № 209.

      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. Масимов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 28 ноября 2015 года № 961

Правила выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке (далее – Правила), разработаны в соответствии с пунктом 2-1 статьи 35 Конституционного закона Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан" (далее – Конституционный закон) и определяют порядок выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления Правительства РК от 20.03.2024 № 209.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) получатель ежемесячного пожизненного содержания – судья, пребывающий в отставке, в том числе вышедший в отставку до 1 января 2016 года в соответствии с пунктами 1, 1-1 и 2-1 статьи 35 Конституционного закона, достигший пенсионного возраста, установленного законодательством Республики Казахстан о социальной защите, и подавший заявление в уполномоченный государственный орган в сфере судебного администрирования, его территориальные подразделения в областях, столице и городах республиканского значения (далее – уполномоченный орган);

      3) ежемесячное пожизненное содержание – денежные выплаты судье, пребывающему в отставке, в порядке, предусмотренном пунктом 2-1 статьи 35 Конституционного закона;

      4) уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий организационно-правовое, информационно-аналитическое и материально-техническое обеспечение деятельности Верховного Суда Республики Казахстан, местных и других судов, с территориальными подразделениями в областях, столице и городах республиканского значения.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции постановления Правительства РК от 20.03.2024 № 209.

2. Назначение ежемесячного пожизненного содержания

      3. Судья, пребывающий в отставке (далее – заявитель), подает в уполномоченный орган по месту последней занимаемой должности заявление о назначении (возобновлении) ежемесячного пожизненного содержания (далее – заявление) по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам, с приложением документов, указанных в пункте 5 настоящих Правил.

      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Правительства РК от 21.04.2016 № 239.

      4. Заявление подается уполномоченному органу заявителем при возникновении права, предусмотренного Конституционным законом, на получение ежемесячного пожизненного содержания.

      Подача заявления сроком не ограничивается.

      5. К заявлению прилагаются следующие документы:

      1) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;

      2) сведения текущего банковского счета;

      3) документ, подтверждающий трудовую деятельность судьи, либо нотариально засвидетельствованная его копия.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции постановления Правительства РК от 25.07.2024 № 604 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Заявление о назначении (возобновлении) ежемесячного пожизненного содержания регистрируется уполномоченным органом в журнале регистрации и учета сведений о выходе судьи в отставку, прекращении отставки судьи, приостановлении и возобновлении отставки судьи (далее – журнал учета) на бумажном и электронном носителях по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      7. Уполномоченный орган формирует дело на каждого заявителя, претендующего на назначение (возобновление) ежемесячного пожизненного содержания, из следующих документов:

      1) заявления о назначении ежемесячного пожизненного содержания;

      2) копии документа, удостоверяющего личность заявителя;

      3) сведений о текущем банковском счете;

      4) документа, подтверждающего отставку судьи, предоставляемого кадровой службой уполномоченного органа;

      5) документа, подтверждающего наличие необходимого стажа работы судьи, предоставляемого кадровой службой уполномоченного органа;

      6) документа о размере должностного оклада по последней занимаемой должности, предоставляемого финансовой службой уполномоченного органа;

      7) расчета начисляемого пожизненного содержания судьи, предоставляемого финансовой службой уполномоченного органа.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции постановления Правительства РК от 25.07.2024 № 604 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Уполномоченный орган в течение десяти рабочих дней со дня поступления заявления заявителя выносит заключение о назначении (приостановлении, возобновлении) с указанием размера ежемесячного пожизненного содержания на день подачи заявления либо отказе в назначении ежемесячного пожизненного содержания по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      Заключения об отказе в назначении (возобновлении) ежемесячного пожизненного содержания заявителю выносятся по основаниям, предусмотренным пунктом 3 статьи 35 Конституционного закона.

      9. Заключение в письменной форме в течение трех рабочих дней передается руководителю уполномоченного органа для подготовки приказа о назначении ежемесячного пожизненного содержания либо отказе в его назначении.

      В случае отказа в назначении ежемесячного пожизненного содержания, заявителю сообщается об этом в письменной форме в течение трех рабочих дней со дня подписания приказа уполномоченного органа.

      10. Уполномоченный орган в течение трех рабочих дней со дня подписания приказа о назначении ежемесячного пожизненного содержания направляет уведомление в Государственную корпорацию о назначении ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке (далее – уведомление), для прекращения государственной базовой пенсионной выплаты и (или) пенсионных выплат по возрасту, и (или) пенсионных выплат за выслугу лет по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 10 в редакции постановления Правительства РК от 21.04.2016 № 239.

      11. В случаях изменения фамилии, имени или отчества, номера текущего банковского счета, места жительства получателем ежемесячного пожизненного содержания в течение десяти рабочих дней со дня указанных изменений подается заявление с подтверждающими документами в уполномоченный орган для приобщения к материалам дела.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции постановления Правительства РК от 25.07.2024 № 604 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Ежемесячное пожизненное содержание судье, пребывающему в отставке, исключает одновременное получение государственной базовой пенсионной выплаты и (или) пенсионных выплат по возрасту, и (или) пенсионных выплат за выслугу лет.

      13. Получение пенсионных выплат за счет пенсионных накоплений, сформированных на его индивидуальном пенсионном счете, судье, пребывающему в отставке, осуществляется в порядке, определяемом законодательством Республики Казахстан о социальной защите.

      Сноска. Пункт 13 – в редакции постановления Правительства РК от 20.03.2024 № 209.

3. Определение стажа работы и исчисление размера ежемесячного пожизненного содержания

      14. Размер ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке, исчисляется по последней занимаемой должности судьи, согласно системе оплаты труда для судей, действующей на дату обращения за выплатой указанного содержания.

      15. Исчисление размера ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке, осуществляется в соответствии с пунктом 2-1 статьи 35 Конституционного закона.

      16. В стаж работы для назначения ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке, засчитывается период работы судьей со дня его назначения в соответствии с Конституционным законом по день фактического прекращения полномочий.

      17. В случае прерывания стажа судейской работы, общий судейский стаж исчисляется суммарно, независимо от перерывов, за весь период работы на должности судьи.

      18. При повышении в установленном законодательными актами Республики Казахстан порядке размера оплаты труда судей уполномоченным органом производится перерасчет ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке.

4. Осуществление выплаты ежемесячного пожизненного содержания

      19. Выплата ежемесячного пожизненного содержания судье, вышедшему в отставку после 1 января 2016 года, осуществляется со дня подачи им заявления о назначении ежемесячного пожизненного содержания в уполномоченный орган.

      Выплата ежемесячного пожизненного содержания для лиц, являющихся получателями пенсионных выплат, осуществляется уполномоченным органом с первого числа месяца, следующего за месяцем прекращения государственной базовой пенсионной выплаты и (или) пенсионных выплат по возрасту, и (или) пенсионных выплат за выслугу лет.

      Информация о прекращении государственной базовой пенсионной выплаты и (или) пенсионных выплат по возрасту, и (или) пенсионных выплат за выслугу лет представляется Государственной корпорацией в течение пяти рабочих дней со дня поступления уведомления.

      Сноска. Пункт 19 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 21.04.2016 № 239.

      20. При назначении и изменении размера ежемесячного пожизненного содержания все суммы, исчисленные в тиынах, подлежат округлению до одного тенге независимо от суммы тиынов.

      21. Выплата ежемесячного пожизненного содержания осуществляется уполномоченным органом на основании приказа о назначении ежемесячного пожизненного содержания на текущий банковский счет заявителя.

      Сноска. Пункт 21 - в редакции постановления Правительства РК от 25.07.2024 № 604 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

5. Приостановление, прекращение и возобновление выплаты ежемесячного пожизненного содержания

      22. Выплата ежемесячного пожизненного содержания приостанавливается в случаях:

      1) приостановления отставки судьи по основаниям, предусмотренным пунктом 3 статьи 35 Конституционного закона;

      2) занятия судьей, пребывающим в отставке, в установленном законодательством Республики Казахстан порядке оплачиваемой из республиканского или местного бюджета либо из средств Национального Банка Республики Казахстан должности.

      В случае прекращения занятия должности, оплачиваемой из республиканского или местного бюджета либо из средств Национального Банка Республики Казахстан, выплата ежемесячного пожизненного содержания судьи возобновляется.

      Приостановление, возобновление выплаты ежемесячного пожизненного содержания в случае, предусмотренном подпунктом 2) настоящего пункта, осуществляются на основании приказа о приостановлении (возобновлении) выплаты ежемесячного пожизненного содержания.

      Сноска. Пункт 22 - в редакции постановления Правительства РК от 21.04.2016 № 239; с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 20.03.2024 № 209.

      23. Выплата ежемесячного пожизненного содержания прекращается в случае прекращения отставки судьи по основаниям, предусмотренным пунктом 3 статьи 35 Конституционного закона.

      В случаях смерти или вступления в законную силу решения суда об объявлении судьи, пребывающего в отставке, умершим, выплата ежемесячного пожизненного содержания осуществляется по месяц смерти включительно.

      Сноска. Пункт 23 в редакции постановления Правительства РК от 27.05.2019 № 322 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      24. Решение о прекращении, приостановлении и возобновлении выплаты ежемесячного пожизненного содержания принимается уполномоченным органом в порядке, предусмотренном пунктами 39 настоящих Правил.

      25. В случаях приостановления, прекращения или возобновления выплаты ежемесячного пожизненного содержания уполномоченный орган в течение трех рабочих дней направляет уведомление в Государственную корпорацию о приостановлении, прекращении или возобновлении выплаты ежемесячного пожизненного содержания по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 25 - в редакции постановления Правительства РК от 25.07.2024 № 604 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

6. Ведение учета сведений о выплатах ежемесячного пожизненного
содержания судьям, пребывающим в отставке

      26. Уполномоченный орган ведет учет сведений о выходе судьи в отставку, прекращении отставки судьи, приостановлении и возобновлении отставки судьи, а также о решениях, принятых уполномоченным органом в журнале учета на бумажном и электронном носителях.

  Приложение 1
к Правилам выплаты
ежемесячного пожизненного
содержания судье,
пребывающему в отставке

      Сноска. Приложение 1 в редакции постановления Правительства РК от 21.04.2016 № 239.

      Уполномоченному органу по выплате

      ежемесячного пожизненного содержания

      ____________________________________

      от Ф. И. О (при наличии)

      проживающего: ______________________

      ____________________________________

ЗАЯВЛЕНИЕ

      Прошу назначить (возобновить) мне как судье, пребывающему в отставке, ежемесячное пожизненное содержание.

      Стаж судебной работы составляет _______________________________

      Последнее место работы в должности судьи (судья, председатель, председатель коллегии) ______________________________________________

      _______________________________________________________________ суда.

      Освобожден с указанной должности на основании: постановления Сената Парламента Республики Казахстан от "__" г. № __;

      Указа Президента Республики Казахстан от "__" _________ г. № ___

      (нужное заполнить)

      К заявлению прилагаю:

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      4. ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Несу правовую ответственность за достоверность представленных мною документов.

      Обо всех изменениях, а также изменении местожительства (в т. ч. выезд за пределы Республики Казахстан), анкетных данных, банковских реквизитов, обязуюсь сообщить в уполномоченный орган в течение десяти рабочих дней.

      Сообщаю, что пенсионные выплаты ранее от другого ведомства назначались/не назначались.

      (нужное подчеркнуть)

      Даю согласие на обработку моих персональных данных.

      Подпись заявителя "__" __________ 20__ г.

  Приложение 2
к Правилам выплаты ежемесячного
пожизненного содержания судье,
пребывающему в отставке

Журнал
регистрации и учета сведений о выходе судьи в отставку,
прекращении отставки судьи, приостановлении и возобновлении
отставки судьи

      Начат "_____" ____________ Окончен "______" ___________ года

№ п/п

Дата обращения

Ф.И.О. заявителя

Дата рождения заявителя

ИИН

Место жительства

Дата избрания или назначения

Дата выхода в отставку

Дата прекращения, приостановления и возобновления отставки

Дата принятия решения уполномоченным органом и размер ежемесячной выплаты

Примечание

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













      В журнале пронумеровано и прошнуровано

      ___________________________________________________________ листов

      (цифрами и прописью)

      М.Ш. Руководитель ____________________________________

      (Ф.И.О.)

  Приложение 3
к Правилам выплаты
ежемесячного пожизненного
содержания судье,
пребывающему в отставке

Заключение о назначении (приостановлении, возобновлении) либо отказе в назначении ежемесячного пожизненного содержания

      Сноска. Приложение 3 – в редакции постановления Правительства РК от 20.03.2024 № 209.

      "__" ____________ 20____ г. № _________

      В соответствии с пунктом 2-1 статьи 35 Конституционного закона Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан"

      ____________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      1. Назначить ежемесячное пожизненное содержание судье, пребывающему в отставке, в размере __________________________ тенге с "____" ___________ 20____ года.

      2. Отказать в назначении ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке,

      ___________________________________________________________________________
(основания отказа)

      3. Приостановить выплату ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке,

      _______________________________________________________________________
(основания приостановления)
в размере ________________ тенге с "____" ___________ 20____ года.

      4. Возобновить выплату ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке,

      _____________________________________________________________________________
(основания возобновления)
в размере _________________ тенге с "____" ___________ 20____ года.

      Руководитель кадровой службы (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

      Руководитель финансовой службы (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)


  Приложение 4
к Правилам
выплаты ежемесячного
пожизненного содержания
судье, пребывающему в отставке

Уведомление
о назначении (прекращении или возобновлении)
ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке

      Сноска. Приложение 4 - в редакции постановления Правительства РК от 25.07.2024 № 604 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Фамилия _______________________________________________________

      Имя ___________________________________________________________

      Отчество (при его наличии) _______________________________________

      Адрес места жительства (фактический) _____________________________

      _______________________________________________________________

      Документ, удостоверяющий личность: № ___________________________

      Когда и кем выдан "_____" __________ ______ г.

      ИИН _______________________________

      Приказ уполномоченного органа от "____" _______ 20___ г. № ____
назначено (прекращено или возобновлено) ежемесячное пожизненное содержание судье,
пребывающему в отставке, с "____" _______ 20____ г.

      Реквизиты банка и номер текущего банковского счета получателя
_______________________________________________________________

      БИН банка ______________________________________________________

      Является основанием для прекращения или назначения государственной базовой
пенсионной выплаты и (или) пенсионных выплат по возрасту, и (или) пенсионных выплат за выслугу лет.

М.П.

Руководитель

____________ подпись

_____________________________
(Ф.И.О. (при его наличии)

      _____________________