Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 5 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 3 Нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.01.2020 № 3 Нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.06.2018 № 13 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);

      2) "Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 18 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1, 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):

      тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша "қылмыстарды", "қылмыстар", "қылмыс" деген сөздер тиісінше "қылмыстық құқық бұзушылықтарды", "қылмыстық құқық бұзушылықтар", "қылмыстық құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "190" деген цифрлар "214" деген цифрлармен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және кәсіпкерлік қызметті реттейтін өзге де заңнамалық актілерде көрсетілген тәртіппен" деген сөздер ", оралмандардың, мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалардың (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің), мемлекеттік кәсіпорындардың (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілерінің) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және кәсіпкерлік қызметті реттейтін өзге де заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "Тұлғаның тиісті органдарда алдын ала тіркелуі не осы қызметпен айналысуға рұқсат ететін өзге арнайы рұқсатының (лицензиясының) болуы" деген сөздер "Кәсіпкерлік қызмет субъектісін мемлекеттік тіркеу, қажет болған жағдайларда қызмет түрімен айналысуға арналған арнайы рұқсаттың (лицензияның) болуы және рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманың сақталуы";

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      ""Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 177-бабына және 180-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық агенті болып табылмайтын адамдарға жалға беруден тапқан мүліктік табысы жеке кәсіпкердің табысына жатпайтыны назарға алына отырып, осындай адамның жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болмауы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚК) 214-бабының құрамын құрамайды. Егер аталған адам мүліктік табыстан салықтарды және (немесе) басқа міндетті төлемдерді төлеуден жалтарса, онда бұған негіздер болған кезде оның әрекеттері ҚК-нің 244-бабы бойынша саралауға жатады.";

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      6-тармақта:

      "басқа қылмыс" деген сөздер "өзге де қоғамдық қатынастарға қол сұғатын басқа қылмыстық құқық бұзушылық (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және тағы басқа)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі - ҚК) бабының" деген сөздер "ҚК-нің баптарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта:

      бірінші абзацта "алынған пайда" деген сөздер "алынған таза табысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ірі және аса ірі залалды, ірі және аса ірі табыс мөлшерін, елеулі зиянның айтарлықтай залалын және айтарлықтай мөлшерін анықтау кезінде соттар ҚК-нің 3-бабында келтірілген осы ұғымдардың түсіндірмесін басшылыққа алуға тиіс.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ҚК-нің 218-бабында көзделген ақшаны немесе өзге де қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру (жылыстату) деп мүліктің криминалдық пайда болу фактісін жасыру мақсатында, конверсия (қайта құру) түрінде мәмілелер мен өзге де формальды заңды әрекеттер жасау жолымен қылмыстық құқық бұзушылықпен табылған кірістерді заңды айналымға қосуды түсінген жөн.

      Көрінеу заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті бір мезгілде иемденген және заңдастырған жағдайда, кінәлі адам қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша – ҚК-нің 218-бабы және осы қаражатты немесе мүлікті заңсыз иемденгені үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заңның тиісті нормасы бойынша қылмыстық жауаптылықты көтеруге тиіс.

      ҚК-нің 218-бабының мағынасы бойынша, азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға, тап солай азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындау немесе көшу көрінісін туғызуға бағытталған мәмілелер конверсиялық мәмілелерге жатады. Осы ретте қаржылық операциялар мен мәмілелер заңдастырылатын мүліктің негізгі қылмыстық құқық бұзушылықпен байланысын кінәлі адам үшін көрінеу жасырады, мұны мүлікті қылмыстық жолмен иемдену фактісін жасыруға және оның ашық айналымын қамтамасыз етуге бағытталған осы әрекеттердің сипаты көрсетеді.

      Жасалған әрекетті ҚК-нің 218-бабы бойынша саралау үшін кінәлі адамның заңдастырылатын мүліктің қылмыстық жолмен шығу тегі туралы көрінеу білгені қажет. Осы ретте адамның негізгі қылмыстық құқық бұзушылықтың нақтылы мән-жайлары туралы білуі міндетті емес.";

      11-тармақта "194" деген цифрлар "219" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      13-тармақта "206", "177" деген цифрлар тиісінше "231", "190" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      14-тармақта "189-бабына жасалған ескертпеде" деген сөздер "3-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-1-тармақта "220" деген цифрлар "243" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      16-тармақта "224" деген цифрлар "247" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      18-тармақта:

      бірінші сөйлемде "41" деген цифрлар "50" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемде "41-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздер "50-бабының екінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19-тармақта "7" деген цифр "8" деген цифрмен ауыстырылсын;

      20-тармақта:

      бірінші абзацта "121" деген цифрлар "118" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта "206" деген цифрлар "231" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 29.06.2018 № 13 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ.МӘМИ

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Қ.ШАУХАРОВ


О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан

Нормативное постановление Верховного суда Республики Казахстан от 7 июля 2016 года № 5. Утратило силу нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан от 24 января 2020 года № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      Сноска. Утратило силу нормативным постановлением Верховного Суда РК от 24.01.2020 № 3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      1. Внести изменения и дополнения в следующие нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан:

      1) Утратил силу нормативным постановлением Верховного Суда РК от 29.06.2018 № 13 (вводится в действие со дня первого официального опубликования.);

      2) "О некоторых вопросах квалификации преступлений в сфере экономической деятельности" от 18 июня 2004 года № 2 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 1, от 4 апреля 2014 года № 1):

      в заголовке и пунктах 1, 20 слова "О преступлениях" заменить словами "об уголовных правонарушениях" далее по всему тексту слова "преступлений", "преступлениях", "преступление", "преступлении", "преступления" заменить соответственно словами "уголовных правонарушений", "уголовных правонарушениях", "уголовное правонарушение", "уголовном правонарушении", "уголовного правонарушения";

      по всему тексту цифры "190" заменить цифрами "214";

      в пункте 2:

      в абзаце первом слова "и юридических лиц, осуществляемую в порядке, предусмотренном Гражданским кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О частном предпринимательстве" и иными законодательными актами, регулирующими предпринимательскую деятельность." заменить словами ", оралманов, негосударственных коммерческих юридических лиц (субъектов частного предпринимательства), государственных предприятий (субъектов государственного предпринимательства), осуществляемую в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Предпринимательским кодексом Республики Казахстан и иными законодательными актами, регулирующими предпринимательскую деятельность.";

      в абзаце втором слова "регистрация лица в соответствующих органах либо наличие иного специального разрешения (лицензии) на занятие этой деятельностью." заменить словами "государственная регистрация субъекта предпринимательской деятельности, в необходимых случаях наличие специального разрешения (лицензии) на занятие видом деятельности и соблюдение законодательства о разрешениях и уведомлениях.";

      дополнить абзацем третьим следующего содержания:

      "Принимая во внимание, что согласно статье 177 и подпункту 3) пункта 1 статьи 180 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), имущественный доход физического лица от сдачи имущества в аренду лицам, не являющимся налоговыми агентами, не относится к доходу индивидуального предпринимателя, отсутствие регистрации такого лица в качестве индивидуального предпринимателя не образует состав статьи 214 Уголовного кодекса Республики Казахстан (далее – УК). Если указанное лицо уклоняется от уплаты налогов и (или) других обязательных платежей с имущественного дохода, то при наличии к тому оснований его действия подлежат квалификации по статье 244 УК.";

      пункты 3 и 4 исключить;

      в пункте 6:

      слова "другого преступления," заменить словами "другого уголовного правонарушения, посягающего на иные общественные отношения (организация незаконного игорного бизнеса, незаконная медицинская и фармацевтическая деятельность и так далее),";

      слова "статье Уголовного кодекса (далее – УК)" заменить словами "статьей УК";

      в пункте 9:

      в абзаце первом слова "прибыли, полученной" заменить словами "чистого дохода, полученного";

      абзац третий изложить в следующей редакции:

      "При определении крупного и особо крупного ущерба, крупного и особо крупного размера дохода, значительного ущерба и значительного размера, существенного вреда суды должны руководствоваться разъяснением этих понятий, приведенных в статье 3 УК.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Под предусмотренной в статье 218 УК легализацией (отмыванием) денег или иного преступно нажитого имущества следует понимать вовлечение в законный оборот доходов от уголовных правонарушений, совершения сделок в виде конверсии (преобразования) и иных формально правомерных действий с целью сокрытия факта криминального происхождения имущества.

      В случае одновременного приобретения и легализации денежных средств или иного имущества, полученных заведомо незаконным путем, виновное лицо должно нести уголовную ответственность по совокупности уголовных правонарушений – по статье 218 УК и соответствующей норме уголовного закона, предусматривающей ответственность за незаконное приобретение этих средств или имущества.

      По смыслу статьи 218 УК, к конверсионным относятся сделки, направленные на установление, изменение или прекращение гражданских прав и обязанностей, а равно на создание видимости возникновения или перехода гражданских прав и обязанностей. При этом финансовые операции и сделки заведомо для виновного маскируют связь легализуемого имущества с основным уголовным правонарушением, на что указывает характер этих действий, направленный на сокрытие факта преступного приобретения имущества и обеспечение его открытого оборота.

      Для квалификации содеянного по статье 218 УК необходимо, чтобы виновное лицо заведомо знало о преступном происхождении легализуемого имущества. При этом лицо не обязательно должно быть осведомлено о конкретных обстоятельствах основного уголовного правонарушения.";

      в пункте 11 цифры "194" заменить цифрами "219";

      в пункте 13:

      цифры "206" заменить цифрами "231";

      слова "статей 177 УК" заменить словами "статей 190";

      в пункте 14 слова "примечании к статье 189" заменить словами "статье 3";

      в пункте 14-1 цифры "220" заменить цифрами "243";

      в пункте 16 цифры "224" заменить цифрами "247";

      в пункте 18:

      в первом предложении цифры "41" заменить цифрами "50";

      во втором предложении слова "части третьей статьи 41" заменить словами "части второй статьи 50";

      в пункте 19 цифру "7" заменить цифрой "8";

      в пункте 20:

      в абзаце первом цифры "121" заменить цифрами "118";

      в абзаце третьем цифры "206" заменить цифрами "231".

      2. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, является общеобязательным и вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Председатель


Верховного Суда


Республики Казахстан


Судья Верховного Суда


Республики Казахстан,


секретарь пленарного заседания

К. МАМИ