Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.01.2020 № 3 Нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етті:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 5-тармақ алып тасталсын;
2) 6-тармақта "Қылмыстық кодекстің" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – ҚК)" деген сөздермен толықтырылсын
3) 13-тармақта төртінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Шын ақша купюралары мен бағалы қағаздардан өзгерістері анық байқалатын жалған банкноттар мен бағалы қағаздар арқылы бөтеннің мүлкін иеленген адамның әрекеті де алаяқтық ретінде саралануға жатады";
4) мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. ҚК-нің 220-бабы бойынша банк қызметкері, оның әрекетінде ұрлау белгілері болмаған кезде жауапкершілік көтереді. Егер осы баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттерді банк қызметкері банктің ақша қаражаттарын өзінің меншігіне немесе басқа адамдардың меншігіне өтеусіз айналдыру ниетімен жасаса, онда оның әрекеттері ҚК-нің 220-бабы бойынша қосымша сараланбай, ұрлағаны үшін тиісті баптар бойынша жауапкершілікке тартуға жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Қ.МӘМИ |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Қ.ШАУХАРОВ |