Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе
беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5
шілдедегі № 648 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мына жоғары оқу орындарына:»;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев