"Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 196 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

«Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе
беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5
шілдедегі № 648 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы»;
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мына жоғары оқу орындарына:»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады