Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 559 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 559 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары;

      2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 529 қаулысымен
бекітілген

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 849 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, серверлік үй-жайлар (деректерді өңдеу орталықтары), телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті және техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүйелері;

      3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қолжетімділікті ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;

      4) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері (бұдан әрі – АКИАМО) – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, "электрондық үкімет" инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 09.04.2018 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 1047 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.01.2021 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.10.2022 № 849 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу тәртібі

      3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттарының (бұдан әрі – өлшемшарттар) кемінде біреуіне сәйкес келген кезде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері аса маңыздыларға жатқызылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілуі тиіс.

      4. Уәкiлеттi орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің иелеріне (иеленушілеріне) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей өлшемшарттардың кемінде біреуіне сәйкес келетін бар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері бойынша сұрату (бұдан әрі – сұрату) жолдайды.

      5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің иелері (иеленушілері) сұрату негізінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін тізбеге енгізу үшін ұсыныстарды осындай сәйкестікті негіздейтін мәліметтер мен құжаттарды қоса бере отырып, жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органның қарауына енгізеді.

      5-1. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдар және ұлттық қауіпсіздік органдары өз бастамаларымен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін тізбеге енгізу және (немесе) одан шығару үшін осындай сәйкестікті негіздейтін құжаттар мен өзге де материалдарды қоса бере отырып, ұсыныстарды осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде уәкілетті органның қарауына енгізеді.

      Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 26.12.2018 № 892 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Уәкiлеттi орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілері иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстарын қарау және талдау үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мамандары, сондай-ақ уәкілетті органда, ұлттық қауіпсіздік, азаматтық қорғау және қорғаныс органдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар қатарынан комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.12.2018 № 892 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Комиссия ұсынылған ұсыныстарды, құжаттар мен материалдарды қарап, мынадай:

      1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы;

      2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы өтінімді қабылдамау туралы;

      3) осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым тізбесінен алып тастау туралы ұсыным шығарады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.01.2021 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Комиссияның ұсынымы мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс хаттамамен ресімделеді:

      1) отырыстың өткізілген күні мен орны;

      2) комиссияның құрамы;

      3) қаралған өтінімдердің саны;

      4) белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі не сәйкессіздігі негізделген әрбір ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі бойынша комиссияның ұсынымы.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.01.2021 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы өтініш кері қайтарылған жағдайда уәкілетті орган шешім қабылданған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің иесіне (иеленушісіне) бас тарту себебін көрсетіп, хабарлама жолдайды.

      10. Уәкілетті орган комиссия хаттамасының негізінде мына үш шешімнің бірін қабылдайды:

      1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы;

      2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін тізбеге енгізу туралы өтінімді қабылдамау туралы;

      3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым тізбесінен алып тастау туралы.

      Уәкілетті орган тізбені қалыптастырады және жыл сайын, 1 шілдеден кешіктірмей заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді. Тізбеге комиссияның хаттамасы және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері иелерінің (иеленушілерінің) өтінімдері қоса беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.01.2021 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Тізбені өзектілендіруді ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектісін өндірістік пайдаланудың тоқтатылуына немесе өлшемшарттарға сәйкессіздіктің немесе өлшемшарттардың кемінде біреуіне сәйкес келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жаңа объектісінің анықталуына алып келген ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектісінің функционалдық мақсатының өзгеруіне байланысты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілері иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстары негізінде жыл сайын уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Уәкiлеттi орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстарын осы Қағидалардың 6-10-тармақтарында көзделген тәртіппен қарайды.

      12. Тізбеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар қажет болған жағдайда осы Қағидаларда және заңнамада белгіленген тәртіппен енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 529 қаулысымен
бекітілген

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттары

      1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің аса маңызды мемлекеттік объектінің үздіксіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде аса маңызды мемлекеттік объектінің қызметі тоқтатылатын болады.

      2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің стратегиялық объектілердің үздіксіз және қауіпсіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде стратегиялық объектінің қызметі тоқтатылатын болады не техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі туындайды.

      3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің үздіксіз және қауіпсіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектісінің қызметі тоқтатылатын болады не техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі туындайды.

      4. Жұмыс істеуінің ішінара немесе толық бұзылуы (тоқтауы) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайға алып келуі мүмкін "электрондық үкiмет" ақпараттандыру объектісінің және өзге де ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің әсері.

      Ескерту. Өшемшарттары 4-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 09.04.2018 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 849 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

On approval of the Rules and criteria for classifying objects of information and communication infrastructure to critical facilities information and communication infrastructure

Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated September 8, 2016 No. 529. Abolished by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated July 13, 2023 No. 559

      Unofficial translation

      Footnote. Abolished by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated July 13, 2023 No. 559 (effective from the date of its first official publication).

      In accordance with subparagraph 4) of article 6 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated November 24, 2015 "On informatization" the Government of the Republic of Kazakhstan HEREBY DECREES:

      1. to approve the attached:

      1) Rules for classifying objects of information and communication infrastructure to critical facilities information and communication infrastructure;

      2) Criteria for classifying objects of information and communication infrastructure to critical facilities information and communication infrastructure.

      2. This decree shall come into force upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication.

      Prime Minister
      of the Republic of Kazakhstan К. Massimov

  Approved by the decreeof the Government of the
  Republic of Kazakhstan
dated September 8, 2016 no. 529

Rules for classifying objects of information and communication infrastructure to critical facilities information and communication infrastructure 1. General provisions

      1. These Rules for classifying information and communication infrastructure facilities as critical information and communication infrastructure facilities (hereinafter referred to as the Rules) have been developed in accordance with Article 6, paragraph 4, of the Law of the Republic of Kazakhstan "On informatization" and shall determine the procedure for classifying Information and communication infrastructure facilities as critical information and communication infrastructure facilities.

      Footnote. Paragraph 1 - as amended by the resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 26.10.2022 No. 849 (shall enter into force upon expiry of ten calendar days after the day of its first official publication).

      2. The following main definitions shall be used in these Rules:

      1) authorized body in the field of information security (hereinafter referred to as the authorized body) - the central executive body that carries out management and intersectoral coordination in the field of information security;

      2) information and communication infrastructure - information systems, technological platforms, hardware and software complexes, server rooms (data centres), telecommunication networks, as well as systems ensuring information security and uninterrupted operation of technical devices;

      3) information and communication infrastructure – a set of the objects of information and communication infrastructure intended to ensure the functioning of the technological environment in order to generate electronic information resources and provide access to them;

      4) critical information and communication infrastructure facilities (hereinafter referred to as CICIF) - information and communication infrastructure facilities, violation or termination of the functioning of which shall lead to illegal collection and processing of personal data of limited access and other information containing secret protected by the Law, social and (or) technogenic nature or significant negative consequences for defense, security, international relations, economy, individual spheres of economy or life of the population living in the relevant territory, including infrastructure: heat supply, power supply, gas supply, water supply, industry, healthcare, communications, banking, transport, hydraulic structures, law enforcement, "electronic government".

      Footnote. Paragraph 2 as amended by the decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 09.04.2018 № 179 (shall enter into force upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication); No. 1047 of 31.12.2019 (shall be enacted ten calendar days after the date of its first official publication); No. 12 of 18.01.2021 (shall be put into effect ten calendar days after the date of its first official publication); dated 26.10.2022 No. 849 (shall enter into force upon expiry of ten calendar days after the day of its first official publication).

2. Порядок for classifying objects of information and communication infrastructure to critical facilities information and communication infrastructure

      3. Objects of information and communication infrastructure shall be classified as critically when meeting at least one of criteria of classifying the objects of information and communication infrastructure to critical objects of information and communication infrastructure (hereinafter referred to as the criteria) and shall be subject to introduction to the list of critical objects of information and communication infrastructure, approved by the Government of the Republic of Kazakhstan , (hereinafter referred to as the list).

      4. The authorized body annually, no later than February 1, shall send to the central state and local executive bodies, holders (owners) of strategic objects, critical state objects , objects of economy sectors, which have strategic significance, request on existing objects of information and communication infrastructure corresponding to at least one of criteria (hereinafter referred to as the request).

      5. Central state and local executive bodies, holders (owners) of strategic objects, critical state objects, objects of economy sectors, which have strategic significance, annually, no later than March 1, on the basis of a request, shall submit proposals to the authorized body for consideration to include objects of information and communication infrastructure in the list with documents and other materials justifying such compliance.

      5-1. In order to ensure the country's security, the authorized bodies in the field of defense, civil protection and national security bodies, on their own initiative, shall submit proposals to the authorized body for inclusion of information and communication infrastructure objects in the list and (or) exceptions from it, with the application of documents and other materials substantiating such compliance, within the time periods established by paragraph 5 of these Rules.

      Footnote. The Rules have been added with paragraph 5-1 in accordance with the decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 26.12.2018 № 892 (shall enter into force upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

      6. The authorized body for the consideration and analysis of proposals of central state and local executive bodies, holders (owners) of strategic objects, critical state objects, objects of economic sectors, which have strategic significance, shall form a commission from among specialists of public associations in the field of information security, as well as officials responsible for ensuring information security in an authorized body, national security bodies, civil defense and defense (hereinafter referred to as the commission).

      Footnote. Paragraph 6 as amended by the decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 26.12.2018 № 892 (shall enter into force upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

      7. The Commission shall examine the proposals, documents and materials submitted and make a recommendation:

      1) on the inclusion of an information and communication infrastructure object in the list;

      2) on rejection of the application for inclusion of an information and communication infrastructure object in the list;

      3) on removal of the information and communication infrastructure object from the list of essential information and communication infrastructure as per paragraph 11 hereof.

      Footnote. Paragraph 7 - as reworded by Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan № 12 of 18.01.2021 (shall be put into effect ten calendar days after the date of its first official publication).

      8. The recommendation of the commission shall be recorded in a protocol, containing the following information:

      1) date and venue of the meeting

      2) committee structure;

      3) number of applications reviewed;

      4) the commission's recommendation for each ICT infrastructure object, justifying whether it meets or does not meet the established criteria.

      Footnote. Paragraph 8 - as reworded by Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan No. 12 of 18.01.2021 (shall be enacted ten calendar days after the date of its first official publication).

      9. In case of rejection of the application for inclusion of the object of information and communication infrastructure in the list, the authorized body no later than ten working days from the date of the decision shall send a notification indicating the reasons for the refusal to the appropriate central state and local executive body, the holder (owner) of strategic objects, especially important state objects , objects of industries of strategic importance.

      10. The competent authority shall take one of three decisions based on the minutes of the commission:

      1) on the inclusion of an information and communication infrastructure object in the list;

      2) on rejection of the application for inclusion of an information and communication infrastructure object in the list;

      3) on removal of an information and communication infrastructure object from the list of critical information and communication infrastructure.

      The competent authority shall compile the list and submit it to the Government of the Republic of Kazakhstan for approval no later than 1 July of each year under the procedure established by law. The list shall be accompanied by the minutes of the commission and applications of central state and local executive bodies, owners (possessors) of strategic facilities, particularly important state facilities, facilities of strategic importance to the economy sectors.

      Footnote. Paragraph 10 - as reworded by Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan No. 12 of 18.01.2021 (shall come into force ten calendar days after the date of its first official publication).

      11. The list shall be updated annually by the authorized body on the basis of proposals from central state and local executive bodies, holders (owners) of strategic facilities, critical government facilities, facilities of economic sectors of strategic importance in connection with the cessation of industrial operation of a critical facility of information and communication infrastructure or a change in the functionality of the critical information and communication facility infrastructure that entailed the loss of compliance with the criteria or the identification of a new object of information and communication infrastructure that meets at least one of the criteria.

      The authorized body shall consider proposals of central state and local executive bodies, owners (owners) of strategic objects, especially important state objects, objects of industries of strategic importance, in accordance with the procedure provided for by paragraphs 6-10 of these Rules.

      12. Amendments and (or) additions to the list shall be made when necessary according to the procedure established by these Rules and legislation.

  Approved by the decree
of the Government
of the Republic of Kazakhstan
dated September 8, 2016 no. 529

Criteria for classifying objects of information and communication infrastructure to critical facilities information and communication infrastructure

      1. Influence of the object of information and communication infrastructure on the continuous operation of critical state facilities, in the event of a malfunction of which the activities of critical state objects will be stopped.

      2. Influence of the object of information and communication infrastructure on the continuous and safe operation of strategic objects, in case of disruption of which the activity of strategic objects will be stopped or a threat of an emergency of man-made character will arise.

      3. Influence of the object of information and communication infrastructure on the continuous and safe operation of objects of economic sectors of strategic importance, if its functioning is disrupted, the activities of objects of economic sectors of strategic importance will be stopped, or a man-made emergency will occur.

      4. The impact of the information and communication infrastructure facility on ensuring the sustainable functioning of the electronic government informatization facility and other information and communication services, the partial or complete violation (termination) of the functioning of which may lead to the illegal collection and processing of personal data of limited access and other information containing secret protected by the Law, an emergency of a social nature.

      Footnote. The criteria are added with paragraph 4 in accordance with the decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 09.04.2018 № 179 (shall enter into force upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication); as amended by the resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 26.10.2022 No. 849 (shall enter into force upon expiry of ten calendar days after the day of its first official publication).