Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 559 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 306-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Уәкiлеттi орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілері иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстарын қарау және талдау үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мамандары, сондай-ақ уәкілетті органда, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс органдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар қатарынан комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттары:
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің "электрондық үкiмет" ақпараттандыру объектісінің тұрақты жұмыс iстеуiн және жұмыс істеуінің ішінара немесе толық бұзылуы (тоқтатылуы) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайға әкелуі мүмкін өзге ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз етуге әсері.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |