"Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 892 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 559 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 559 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 306-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдар және ұлттық қауіпсіздік органдары өз бастамаларымен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін тізбеге енгізу және (немесе) одан шығару үшін осындай сәйкестікті негіздейтін құжаттар мен өзге де материалдарды қоса бере отырып, ұсыныстарды осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде уәкілетті органның қарауына енгізеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкiлеттi орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілері иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстарын қарау және талдау үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мамандары, сондай-ақ уәкілетті органда, ұлттық қауіпсіздік, азаматтық қорғау және қорғаныс органдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар қатарынан комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады